Latin Common Turkic

Майталман шебер мен маргарита - 18

Total number of words is 4328
Total number of unique words is 2150
33.9 of words are in the 2000 most common words
49.7 of words are in the 5000 most common words
56.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
қызметшім Гелланы таныстырайын. Пысық та ұғымтал, ол көрсете
алмайтын қызмет түрі жоқ десе де болады.
Гелла сұлу жымия күліп, Маргаритаға жасыл көзін аударды, қолы
майды саусағымен іліп алып тізе сылаудан босар емес. - Ал міне,
бəрі осы, - деп сөзін бітірді Воланд жəне Гелла тізесін сылағанда
қолы батыңқырап кетсе қабағын шытып, - көріп отырғаныңыздай,
онша үлкен қауым емес, күлкілі, аңқау топ. -Ол үнсіз қалып,
алдындағы глобусын дөңгелете бастады, шынында да бұл өте ғажап
жасалған зат екен, оның бетіндегі мұхиттар шын мəнінде қозғалып
толқып жатқандай, ал полюстің бөркі нағыз мұзды да қарлы болып
көрінеді екен.
Дəл осы кезде тақтада дүрбелең басталды. Əбден абыржыған ақ
қапталды король шаршыда тебініп, ызадан қолын көтереді. Үш ақ
ландскнет пешкалар семсерін сілтеп алды нұсқаған офицерге
ақтарыла қарады, алда ақ жəне қара шаршыларда Воландтың
тұяғымен жер тарпыған екі аттағы шабандоздары көрінді.
Маргаританы шахмат фигураларының жанды болғаны қайран
қалдырып, мейлінше қызықтырды.
Көзінен дүрбісін алып тастап, мысық өз королін байқатпай арқасынан
түртіп қалып еді, ол ыза боп қолымен бетін басты.
Шаруаңыз шатқаяқтапты, қымбаты Бегемот, - деді баяу ғана
Коровьев улы үнмен.
Жағдай күрделі, бірақ əсте де үмітсіз емес, - деп үн қатты
Бегемот, - оның үстіне ақыры жеңіс біздің жақтыкі болатынына кəміл
сенемін. Тек жағдайды жақсылап ой елегінен өткізу керек.
Ой елегінен өткізуді ол біртүрлі оғаш əдіспен атқарды атап айтқанда,
басқа біреудің бет пішініне салып, өз короліне көзін қысты.
-
Ештеңе де көмектеспейді, - деп қалды Коровьев.
-
Ай! - деп Бегемоттың жан даусы шықты. - Жапалақтар,
көріпкелдікпен айтқанымдай, ұшып кетті.
Шынында да, əлде бір шалғайдан қисапсыз көп қанаттардың суылы
естілді. Коровьев пен Азазелло тайып тұрды.
Ал, балдарыңмен бастарың қатсын сендердің! - деп бұрқ етті
глобустан көзін алмай Воланд.
Коровьев пен Азазеллоның көзден таюы мұң екен, Бегемоттың көз
қысуы үдеп кетті. Ақ король ақыры түсінді, не керегін, кенет қапталын
шешіп, шаршыға тастады да, тақтадан қашып кетті. Офицер король
тастаған қапталды киіп ап, оның орнына қонжиды. Коровьев пен
Азазелло да оралды.
Əдеттегідей, өтірік сөз, - деп бұрқылдады Азазелло Бегемотқа
алая қарап.
-
Маған солай естілді ғой, - деді мысық.
Ал не, бұл өзі ұзаққа созыла ма? - деп сұрады Воланд, -Корольге
- шах.
Шамасы, мен жаңсақ естідім-ау деймін, менің мэтрім, - деп
жауап қатты мысық, - корольге шах жоқ, болуға да тиіс емес.
-
Қайталап айтам корольге - шах!
Мессир, - деді абыржыған жасанды үнмен мысық, - сіз
қалжырағансыз ба, корольге шах жоқ қой.
-
Корольге екі шаршыда, - деді Воланд тақтаға қарамай.
Мессир, мен қорқайын дедім, - деп ырылдады мысық бет
сиқынан үрей ұшқындатқан болып. - Ол шаршыда король жоқ қой.
Бұл не? - деп таңғалған Воланд тақтаға қараса, король тұрған
шаршыда теріс қарап бетін қолымен көлегейлеген офицер тұр.
-
Аһ оңбаған! - деді ойланып қалған Воланд.
Мессир! Мен тағы да логикаға жүгінемін, - деп бастады аяғын
кеудесіне басқан мысық. - Егер ойыншы корольге шах жарияласа,
бұл кезде тақтада шал бағзыдан жоқ болса, шах заңсыз деп
танылмай ма?!
Сен берілесің бе, жоқ па? - деп үрейлі үнмен айғай салды
Воланд.
Ойлануға мұрсат беріңіз, - деп монтанси жауап қатқан мысық
шынтағын үстелге тіреп құлағын табанының арасына тығып ойға
шомды. Ол ұзақ ойланып ақыры: - Берілдім! - деді.
-
Тоңмойын малғұнды өлтіру керек, - деді Азазелло.
Иə, берілемін, - деді мысық, - ал берілетін себебім - айнала
қоршаған күншілдердің, қастандығы жағдайында ойнай алмаймын. Ол орнынан көтерілді де шахмат фигуралары жəшікке кірді.
Гелла, уақыт болды, - деді Воланд, - Гелла бөлмеден тайып
тұрды. - Аяғым ауырып жүр, оған мына бал келіп қосылды, - деді
Воланд кейіп.
-
Маған рұқсат етіңізші, - деп өтінді ақырын ғана Маргарита.
Воланд оған көз алмай тесіле қарап, тізесін алдына қарай
жақындатты.
Лавадай ыстық сұйық май қолын күйдірсе де Маргарита тыржи-май,
ауыртып алмауға тырысып, оның тізесін сонымен ысты.
Жақын-жуықтар мұны ревматизм деп болмайды, - деді Воланд
Маргаритадан көзін айырмай, - Алайда оған менің күмəнім күшті,
өйткені бұл ауру маған бір таңғажайып мыстаннан қалған. Онымен
мен мың бес жүз жетпіс бірінші жылы Брокен тауларында Сайтан
мінберінде жақын танысқан едім.
-
Аһ, солай да бола ма екен? - деді Маргарита.
Былшыл! Шамасы үш жүз жылдан соң айығады. Маған көптеген
дəрі-дəрмек ұсынды, бірақ ежелгі дəстүрмен əжелердің емін
қолданамын. Менің əжем, жексұрын кемпір маған мұра етіп ғажайып
шөптер қалдырған. Айтқандай, сіздің ешқандай сырқатыңыз жоқ па?
Бəлкім жаныңызды жегідей жейтін шер-мұң сияқты бəз-бір қайғыңыз
бар шығар?
Жоқ, мессир, ондай ештеңем жоқ, - деп жауап қатты ақылды
Маргарита. - Ал қазір сіздің қолыңызда өзімді тіптен жақсы сезінемін.
Қан дегенің - керемет қазына, - деді не үшін көңілденгені белгісіз
Воланд. - Байқаймын, сізді менің глобусым қызықтыратын сияқты, деді тағы да.
-
О иə, мұндай затты өмірімде көрмеппін ғой.
Жақсы зат екені жақсы. Өз басым, ашығын айтқанда, радио-дан
соңғы хабарлар тыңдауды ұнатпаймын. Олар жайында жер аттарын
жүрдім-бардым, шала-шарпы айтатын ұдайы бір қыздар хабарлайды.
Оған қоса қасақана іріктейтіндей олардың үштен бірінің тілі қасаң.
Оқиғаларды нақты біліп отыруым үшін мына глобус өте қолайлы.
Міне, мəселен, бүйірін мұхит шайып жатқан жердің мына бөлегін
көріп тұрсыз ба? Қараңызшы, оны от орап алған ғой. Демек, онда
соғыс басталған. Егер көзіңізді жақындата қарасаңыз, оның егжейтегжейін де көресіз.
Маргарита глобусқа еңкейіп, жер шаршысының ұлан-ғайыр, түрлі
түспен айшықталып, жазық картаға айналғанын көрді. Содан соң
өзен таспасын, соған таяу бəзбір елді мекенді көрді. Көлемі
бұршақтай ғана үй үлкейіп, сіріңке қорабындай болды. Төтеннен əлгі
үйдің шатыры түк дыбыссыз шудаланған қара түтінмен аспанға
ұшып, қабырғалары құлады, сөйтіп екі қабатты қорап-шадан түтіні
бұрқырап жатқан бөстектен басқа ештеңе қалмады. Көзін тағы да
тақай түсіп Маргарита жерде жатқан əйел сұлбасын көрді, оның
қасында қолдарын жайған кішкентай баланың көлкіген қаны.
Міне, бəрі осы, - деді жымиып Воланд, - ол күнəға батып
үлгерген жоқ. Абадоннаның жұмысы қылаусыз.
Мен мынау Абадонна қарсы болған жақта болуды қаламас едім,
- деді Маргарита. - Ол өзі кімнің жағында?
Сізбен одан əрі сөйлескен сайын өте-мөте ақылды жан екеніңізге
көзім жете түседі, - деп ілтипатты пікір білдірді Воланд.
Көңіліңізді орнына түсірейін. Ол сирек кездесетін бейтарап жан,
айқасып жатқандардың екі жағына да жаны ашиды. Соның
салдарынан нəтиже екі жақ үшін де əрдайым бірдей болады.
Абадонна, - деп ақырын ғана шақырды Воланд, заматта қабырғаның
арғы жағынан қара көзілдірік киген бір арық адамның тұлғасы көрінді.
Оның көзілдірігінің Маргаритаға күшті əсер еткені сондай, ол шар ете
қап, бетін Воландтың аяғына басты. - Жə, тоқтаңыз енді, - деп айғай
салды Воланд. - Осы заманғы адамдар неткен күйрек осы. - Ол
құлаштап тұрып Маргаританың арқасынан тартып кеп жіберіп еді,
оның өн бойынан ыңқыл жүгіріп өткендей болды. - Көріп тұрсыз ғой
оның көзілдірікті екенін. Оның үстіне Абадоннаның бəз-біреудің
алдында мерзімінен бұрын шығуы ешқашан болған емес. Иə, ақыры
мен де осындамын. Сіз менің қонағымсыз. Мен сізге жай ғана
көрсетейін деп едім.
Абадонна қозғалмай тұр.
Бір секундқа оның көзілдірігін шешуіне болар ма екен? - деп
сұрады Маргарита Воландқа жабыса түсіп, бұл жолы ол əуестіктен
діріл қақты.
Ал енді бүйтуге болмайды, - деп байсалды жауап берген Воланд
Абадоннаға қолын сілтеп қалып еді, ол табанда жоқ болды.
-
Сенің не айтқың келеді, Азазелло?
Мессир, - деді Азазелло, - маған сөйлеуге рұқсат етіңізші. Сізде
екі бөгде кісі отыр: біреуі ханымның қасында қалдыруды сұрап
қыңқылдап жалынып жүрген ару да, кешіріңіз, екіншісі оның азбан
доңызы.
-
Сұлулар өздерін біртүрлі қызық ұстайды, - деп қалды Воланд.
-
Бұл Наташа ғой, Наташа, - деп дауыстады Маргарита.
Олай болса аруды ханымның қасында қалдыру керек, ал
доңызды аспаздарға жіберіңдер.
Союға ма? - деп шошып кетті Маргарита. - Аяй көріңіз, мессир,
бұл Николай Иванович төмендегі тұрғынымыз. Бұл арада бір
жаңсақтық бар, байқайсыз ба, Наташа оны креммен сылаған...
Аяй көріңіз дейсіз бе? - деді Воланд. - Оны кім сояды?
Аспаздармен де отырып көрсін, бар болғаны осы. Өзіңіз де
келісерсіз, мен оны бал залына жібере алмаймын.
Əлбетте... - деп қостаған Азазелло баян етті: - Түн ортасы
жақындап қалды, мессир.
А, жақсы, - деп Воланд Маргаритаға қарады. - Сонымен сізден
өтінемін! Алдын ала алғысымды айтамын. Асып-саспаңыз һəм
ештеңеден қорықпаңыз. Судан басқа ештеңе ішпеңіз, əйтпесе
болбырап қаласыз да, өзіңізге қиын болады. Уақыт болды!
Маргарита кілемшеден көтерілгенде есік аузында Коровьев пайда
болды.
Жиырма ушінші тарау
ШАЙТАНДАҒЫ ¥ЛЫ ДУМАН
Түн ортасы таяп қап, асығу қажет болды. Маргаританың
көргендерінің бəрі көмескі. Шырақтар мен жарқырауық бассейн ғана
есінде. Маргарита сол бассейннің түбінде тұрғанда Гелла мен оған
көмектесіп жүрген Наташа оны бір ыстық, қою əрі қызыл сұйықпен
шомылдырды. Ернінен кермек бір дəм сезіп, өзін қанмен
жуындырғанын түсінді ол. Қанды қаптал басқа қою, мөлдір, қызғылт
сұйықпен алмастырылып, қызғылт майдан Маргаританың басы
айналды. Сосын оны хрусталь төсекке салып, бəз-бір жалпақ жасыл
жапырақтармен денесін жарқырағанша ыса бастады. Осы арада
мысық кіріп келіп, көмектесті. Ол жүресінен аяқ жаққа шоқиып отыра
қап Маргаританың табанын етік тазалағандай ысқылады кеп,
Маргарита ақсиып қызғылт раушан жапырақ-тарынан кім кебіс тігіп
кигізгенін жəне оны алтын айылбаспен бекітіп қойғанын білмейді.
Бəз-бір күш сілкіп тұрғызып оны айнаның алдына алып келді, қараса
басында королева киетін алмас тəж тұр жарқылдап. Бір жақтан
Коровьев келіп, Маргаританың омырауына дөңгелек рамаға
салынған қара бұйра иттің бейнесін ілді. Мынау əшекей королеваға
онша оңтайлы болмады. Шынжыр бау мойнын қажады. Ауыр алқа
еңкеюге мəжбүр етті. Алайда ыңғайсыздық туғызған шынжыр бау мен
қара бұйра ит үшін бəз-бір сый-құрмет те болды. Бұл Коровьев пен
Бегемот тарапынан оған көрсетілген ілтипат еді.
Ештеңе етпейді, ештеңе етпейді, ештеңе! - деп міңгірледі
бассейнді бөлменің есігі аузында тұрып Коровьев, - енді ештеңе
істей алмайсың, осылай жасау қажет жəне қажет болғанда қандай.
Сізге соңғы ақыл-кеңес беруге мұрсат етіңіз, королева. Меймандардың арасында əр алуан адамдар болады, оһ, қандай түрлі-түрлі
кісілер десейші, королева Марго, бірақ ешқайсысына да ешқандай
артықшылық берілмейді. Егер біреу-міреу ұнамай қалса... меніңше
сіз, əрине, оны жүзіңізден білдіріп алмайсыз... Жо-жоқ, бұл жайында
тіпті ойлаудың да қажеті жоқ! Сол сəтінде-ақ аңғару керек оны,
аңғару керек. Оны сүю, сүю қажет, королева. Ол үшін бал қожайымы
еселеп сыйланатын болады. Тағы да бір ескерер жайт: ешкімді
назардан тыс қалдырмаған абзал. Сөйлеуге уақытыңыз болмаса, ең
құрығанда күлкіңізді сыйлаңыз, басыңызды сəл бұрсаңыз да жетіп
жатыр. Барлығын, барлығын да жасауға болады, тек назардан тыс
қалмасын. Тыс қалса, азып-тозып кетеді...
Маргарита Коровьев пен Бегемоттың демеуімен бассейннен көзге
түртсе көргісіз қараңғылыққа қарай қадам басты.
-
Мен, мына мен белгі беремін, - деп сыбырлады мысық.
-
Кəне, бер! - деді қараңғылықта Коровьев.
Бал! - деп сыздықтата шырылдады мысық, сол сəт Маргарита
шыңғырып жіберіп бірнеше секөнт көзін жұмды. Бал оған жарық боп
төбеден түскендей көрінді, жарықпен дыбыс пен иіс қоса келді.
Коровьев қолтықтап алған Маргарита өзін тропикалық орманнан
көрді. Қызыл омырау, жасыл құйрық тотылар шырмауықтың бірінен
біріне секіріп құлақты жарып жібере жаздап: “Мен қайранмын” деп
қосыла айғайлады. Бірақ орман тез тұйықталды да, оның моншадай
қапырығы ұшқын шашқан сары тастан қашалған бағандары бар бал
залының салқынымен алмасты. Орман сияқты бұл зал да мүлдем
иесіз боп көрінді, тек бағандардың түбінде басында күміс сəлдесі бар
жалаңаш негрлер тұр. Залға өз нөкерлерімен Маргарита кіріп
келгенде толқығаннан негрлердің жүзі сатпақ-күрең тартты. Қайдан
келгенін кім білсін, осы арада Азазелло да нөкерлерге қосылады.
Сол сəт Коровьев Маргаританың қолын жіберіп:
-
Тура қызғалдақтарға тарт! - деп сыбырлады.
Маргаританың алдынан ақ лаланың аласа биік емес бір желісі
өсіп шыққандай болды, оның аржағында самаладай самсаған оттар,
олардың алдында бешпентшілердің ақ омырауы мен керме иықтары
көрінді. Маргарита бал сарынының қайдан шыққанын сонда ғана
білді. Оған керней дабылы лап берді де, оның саясындағы
скрипканың сызылған үні қан сияқты келіншектің тамыр-тамырына
жүгірді. Жүз елу адамнан тұратын оркестр полонезді ойнады.
Оркестрдің алдында асқақ тұрған фракты адам Маргаританы көріп
бозарып кетті де, жымиып кенет қолын бір сілтеп, бүкіл оркестрді
көтерді. Сазды əуенін бір сəтке де үзбей, оркестр түрегеп тұрып
Маргаританы күймен қошеметтеді. Оркестр басқарған адам бері
бұрылып, қолын бос тастап, иіліп тағзым етті де, Маргарита жымиып,
оған қолын бұлғады.
Жоқ, əлі аз, аз, - деп күбірледі Коровьев, - ол түні бойы
ұйықтамайтын болады. Оған: “Сəлем сізге, вальс королі!” деп
айғайлаңыз.
Маргарита сол сөзді айтып айғайлап еді, оның даусы қоңырау-дай
сыңғырлап, оркестрдің үнін басып кеткеніне өзі де таңғалды. Əлгі
адам бақыттан дірілдеп-қалшылдап, сол қолымен кеудесін басып, оң
қолымен ақ таяқшаны оркестрге сермеді.
Аз, əлі де аз, - деді Коровьев, - сол жаққа қарап, бірінші
скрипкадағыларға бас изеді, сіз əрқайсысын жеке-жеке біледі екен
деп ойласын. Мұнда тек əлемнің кілең атақтылары. Міне, мынаған
қарашы, бірінші пульттегі - Вьетан. Осылай, өте жақсы. Одан əрі...
-
Дирижер кім? - деп сұрады жүріп бара жатып Маргарита.
Иоганн Штраус, - деп айғайлады мысық, - мейлі мен тропикалық
бақта лианға аса берсін, егер бəз-бір бақта, бəз-бір уақытта дəл
осындай оркестр ойнаған болса. Мұны мен шақыр-дым. Жəне бірдебірі ауырмағанын, бірде-бірі бас тартпағанын есте ұстаңдар.
Келесі залда бағандар болған жоқ, олардың орнына қабырғалай
өскен қызыл, қызғылт, сүттей ақ раушан гүлдер бір жағынан, екінші
жағында сонда қабырға құраған жапон камелиялары тұр. Осы
қабырғалардың арасында ысқырып фонтандар атқылайды, ал үш
бассейнде көпіршіп шампан қайнап жатыр, бассейннің біреуі -мөлдіркүлгін, екіншісі - рубин, үшіншісі - хрусталь. Олардың төңірегінде
бастарын алқызыл матамен таңып алған негрлер жүгіріп жүр. Олар
күміс шөмішпен бассейннен қарпып алып, қолдарын-дағы жайпақ
тостағандарын толтырады. Қызғылт қабырғада ойық бар екен,
ондағы эстрадада қарлығаш құйрықты қызыл фрак киген бір кісі
күйіп-пісіп жүр. Оның алдында құлақ жара күркіреп джаз арқырайды.
Дирижер Маргаританы көре сала қолы еденге тигенше иіліп, содан
соң тіктелді де ащы айғайға басты:
-
Аллилуйя!
Ол өз тізесін бір салды да, сосын қолын айқастырып екіншісін соқты,
шеткі музыканттың қолынан тəрелкесін жұлып ап бағанды
соққылады.
Маргарита жүгіріп кетіп бара жатып дəулескер джазшының
Маргаританың ту сыртынан дүрілдеген полонезбен айқасып,
тəрелкесімен өз джазшыларын бастан соғып, олардың күлкілі
жағдайда отыра қалысқанын аңғарды.
Ақыры жүгіріп алаңға да шықты, Маргарита мұның қараңғы түнекте
қолына шамдал ұстап Коровьев өзін қарсы алған жер екенін түсінді.
Енді бұл алаңдағы хрусталь жүзім шоқтарынан құйылған жарық көз
қарықтырады. Маргаританы өз орнына орналастырды, оның сол
қолының астында аласа аметист баған тұр.
Қиын боп бара жатса, қолыңды бағанға қоюыңа болады, -деп
күбірледі Коровьев.
Бəз-бір қара Маргаританың аяғы астына бетіне бұйра ит алтынмен
кестеленген жастық тастады, біреудің қолына ыңғай-ланып келіншек
тізесін бүгіп оған оң аяғын салды. Маргарита жан-жағына көз тастап
көрді. Қасында салтанатпен сəндене киінген Коровьев пен Азазелло
тұр екен. Азазелломен қатар тағы да үш жігіт тұр, олар көмескілеу
болса да бəз-бір түр-сипатымен Абадоннаны еске түсірді. Арқасынан
салқын соқты, бұрылып қараған Маргарита артындағы мəрмəр
қабырғадан шымырлап шығып жатқан шараптың бассейнге барып
құйылғанын көрді. Сол аяғының астынан ол жылы, түкті бірдеңе
сезді. Бұл Бегемот еді.
Маргарита биікте тұрды, оның аяғының астынан төмен қарай
кілеммен қапталған үлкен баспалдақ кетеді. Төменде ту алыстан
Маргарита дүрбіні теріс қарата қарап құшақ жетпес жалпақ пеші бар,
бес тонналық жүк машинасы еркін сыйып кететін алып швейцарлық
аран көрді. Баспалдағы да швейцарлық, жарығы көз ауыртатын ол
аран бос тұр. Маргаритаға шалғайдан керней үні естілді. Осылай ол
бір минуттей тұрып қалды.
-
Қонақтар қайда? - деп сұрады Маргарита Коровьевтен.
Келеді, королева, қонақтар қазір болады. Олардың келуінен
кемшілік бола қоймас. Шынымды айтсам, оларды осы алаңда қарсы
алғаннан гөрі отын жарғаным əлдеқайда жақсы болар еді.
Отын жарғанда не тұр, - деді сөзге үйір мысық. - Мен болсам
трамвайда кондуктор боп қызмет етер едім, бұл жалғанда одан
жаман жұмыс жоқ.
Барлығы алдын ала əзір болуы керек, королева, - деп түсіндіре
бастады Коровьев шытынаған монокольдың аржағынан көзі жалтжұлт етіп. - Алғаш келген мейманның не істерге білмей күбіжіктеп
қалғанынан жаманы жоқ, өйткені заңды мекері жұрттан бұрын не
үшін келдік деп миын жейді ғой. Ондай балды жуындыға лақтыру
керек королева.
-
Ондайдың нақты орны да сол, - деп растады мысық.
Түн ортасына дейін он секөнттан артық қалған жоқ, - деп сөз
қосты Коровьев, - қазір ағылады енді.
Осынау он секөнт Маргаритаға сондай ұзақ көрінді. Зайыры, ол
секундтар өте шыққан секілді, бірақ ештеңе болған жоқ. Алайда
кенет төмендегі алып пеш күркіреп, одан жартылай іріген мəйіт
салбыраған дарағашы атып шықты. Арқан үзіліп, əлгі мəйіт еденге
сылқ ете түсті де, одан аяғында жылтыраған кебісі бар, фрак киген
қара шашты бір сұлу жігіт шыға келді. Пештен енді жартылай шіріген
табыт атқып шығып, оның беті ашылып кетті де, одан басқа мəйіт
құлап түсті. Сұлу жігіт жүгіріп келіп, оған қолын орай тосып еді, екінші
мəйіт қара кебісті ұшқалақ əйелге айналып, екеуі -еркек пен əйел
қолтықтасып, баспалдақпен жоғары қарай асыға тартты.
Алғашқылары! - деді даусын көтере Коровьев. Зайыбымен Жак
мырза келді. Сізге таныстыра кетейін, королева, ең бір қызық
еркектердің бірі! Жалған ақша жасаудан жалықпайтын жан,
мемлекеттік опасыз, тəп-тəуір алхимик. Корольдің ашынасын
уландырумен аты шыққан, - деп сыбырлады Маргаританың
құлағына. - Мұндай шаруа əркімнің қолынан келе бермейді ғой.
Өңі бозарып кеткен Маргарита аузы ашылып, төмен қарағанда
бүйірдегі есіктен дарағашы мен табыттың қалай ғайып болғанын
көрді.
Мен таң-тамашамын, - деп мысық баспалдақпен көтеріліп келе
жатқан Жактың бетіне тура айғай салды.
Осы кезде төмендегі пештен басы жоқ, қолы жұлынған адам сүйегі
шықты да жерге тарс ете түсіп, фрак киген еркекке айналды.
Жактың зайыбы Маргариттаның алдына кеп бір тізерлеп тұрып,
толқығаннан өңі өзгеріп келіншектің тізесін сүйе бастаған еді.
-
Королева, - деп міңгірледі Жактың зайыбы.
-
Королева қайран қап тұр, - деп айғайлады Коровьев.
-
Королева, - деді ақырын ғана Жак мырза.
-
Біз таң-тамашамыз, - деп мияулады мысық.
Азазеллоның серіктері жас жігіттер жансыз күлкімен жымиып
Жак мырзаны зайыбымен негрлер қолына шарап толы тостаған
ұстап тұрған жаққа ысырды. Баспалдақпен жоғары қарай бешпентті
жалғыз кісі жүгіріп шықты.
Граф Роберт, - деп сыбырлады Маргаританың құлағына
Коровьев, -бұрынғысындай көз тартарлық. Оның күлкілі жайына
назар аударыңыз, королева, ол королеваның ашынасы болып, өз
əйелін улап өлтірген.
Граф, келгеніңізге қуаныштымыз, - деп дауыстап жіберді
Бегемот.
Пештен бірінен соң бірі жарылып, сынып бірден үш табыт шықты,
сосын қара қаптал киген біреу көрініп еді, қара араннан жүгіре
шыққан келесі біреу оның арқасына пышақ ұрды. Төменде булыққан
айғай естілді. Пештен мүлдем іріп-шіріген адам мəйіті жүгіріп шықты.
Маргарита көзін жұмды, сол сəт біреудің қолы оның мұрнына ақ тұз
салынған құтыны тоса қойды. Маргаритаға ол Наташаның қолы құсап
көрінді. Баспалдақ лықа толуға айналды. Енді əр басқышта алыстан
қарағанда бір-бірінен айнымайтын фрактылар мен бір-бір жалаңаш
əйелдер тұрды, оларды басындағы қауырсындары мен
аяқтарындағы кебістерінен ғана айыруға болатын еді.
Маргаритаға сол аяғына ағаш етік киген, сопыларша көзін төмен
салған, басын неге екені белгісіз үлкен жасыл матамен таңған арық
та момын бір əйел ақсаңдап жақындады.
-
Қандай жасыл? - деп сұрап қалды Маргарита лезде.
Таңқаларлық аса байсалды бикеш, - деп сыбырлады Коровьев. Танысыңыз: Тофана ханым, таңқаларлық неополитан қыздары мен
Палермоның əсіресе ерлерінен ығыр болған əйелдері арасында
кереметтей əйгілі болған. Күйеуі мезі ғып бездіріп жіберетіндер
болады емес пе, королева?!
Болады, - деп қаттырақ айтты, сөйте тұрып қолы мен тізесін кеп
сүйіп жатқан екі фрактыға жымиып та үлгерді.
Міне солай, - деп Маргаритаға сыбырлаған Коровьев біреулерге
айғайлап та берді: - Герцог, бір бокал шампан əкел! Мен қайранмын!
Иə, дəл солай, Тофа ханым əлгі бейшара əйелдердің кейпіне еніп,
пөзирекпен бəз-бір су сатыпты. Əйелі ол суды күйеуінің сорпасына
құйған екен, ол оны ішіп, жарына мейірбандығы үшін алғыс айтып,
өзін керемет сезініпті дейді. Бірақ бірнеше сағаттан соң ол қатты
шөлдейді, сосын төсегіне жатады, бір күннен кейін күйеуін сорпаға
тойғызған таңғажайып неопалитан келіншегі көктемгі желдей еркін
есіп шыға келеді.
Анау аяғындағы не? - деп сұрады Маргарита меймандарға
қолын ұсынудан танбай жəне қонақтар ақсаңдаған Тофана ханымды
айналып келіп тағзым етеді. - Ал мойнындағы анау жасылдың не
қажеті бар? Əлде мойыны əжім-əжім бе?
Мен қайран қап тұрмын, кнəз! - деп айғайлап жіберген Коровьев
табанда Маргаритаға күбір етті: - Мойыны ғажап болушы еді, оған
түрмеде бірдеңе болған сияқты. Ал аяғындағысы испан етігінің бір
түрі, енді мойнындағы лентасына келетін болсақ, абақтыдағылар
осының қырсығынан Неаполь мен Палермоның бес жүзге тарта
еркегі сəтсіз таңдалған күйеу қатарына қосылғанын естіп, Тофана
ханымды қылқындырған ғой.
Мұншалық биік мəртебеге жеткен мен қандай бақыттымын, - деп
тізерлеп отыруға тырысып сопыларша сыбырлады Тофана ханым.
Отыруына испан етігі бөгет болды. Оның көтерілуіне Коровьев пен
Бегомот көмек берді.
Мен де қуаныштымын, - деді Маргарита сонымен бірге қолын
басқаларға ұсынып тұрып.
Енді төменнен баспалдақпен тұтас тасқын көтерілді. Маргарита
швейцар бөлмесінде не болып, не қойып жатқанын көруден қалды.
Қолын көтеріп, түсіруі мен жымиып күлуі үйреншікті əдетке айналды.
Алаңның аспанында Маргарита тастап шыққан бал залының гуілі
мен сазды əуеннің теңіздей толқыны тұрды.
Ал мынау, - көңілсіз əйел, - деді даусын көтере сөйлеп Коровьев
мынандай дабыр-дыбырда сыбыр түгіл, айғайдың өзін есту қиын
екенін сезіп, - балды өлердей жақсы көреді, өзінің орамалына өкпе
артуды армандайды.
Маргарита көтеріліп келе жатқандардың арасынан жанарымен
Коровьев нұсқаған əйелді тауып алды. Бұл жиырмалар шамасындағы айрықша сымбатты сұлу əйел екен, бірақ көзі ойнақшып бір
орында тұрмайды.
-
Ол не орамал? - деп сұрады Маргарита.
Оған күтуші ғып малай əйел қойылған емес пе, - деп түсіндіруге
кірісті Коровьев. - Міне, ол отыз жыл бойы түнде оның үстеліне қол
орамал қойып қояды. Ол оянғанда алдынан орамал шыға келеді. Ол
оларды пешке де жақты, таптап өзенге де тастады, бірақ ол пəледен
құтыла алмады.
Ол қандай орамал? - деп сыбырлады Маргарита қолын көтеріп,
түсіріп.
Көк жиекті орамал. Мəселе мынада, ол кафеде қызмет етіп
жүргенде, қожайыны бірде оны қоймаға шақырмай ма, сонда тоғыз
айдан соң ұл туады, нəрестені ол орманға апарып, аузына орамал
тығады да, жерге көміп тастайды. Сотта ол асырауға шамам
келмейтін болған соң осыған бардым депті.
-
Ал əлгі кафенің қожайыны қайда? - деп сұрады Маргарита.
Королева, - деп төменнен шаңқ етті кенет мысық сізге бір сұрақ
қоюға рұқсат етіңізші: - бұл арада қожайынның не жазығы бар?
Сəбиді орманда тұншықтырып өлтірген ол емес қой.
Маргарита жымию мен оң қолын сілтеуден жазбай, сол қолының
өткір тырнағын Бегемоттың құлағына қадап күбір етті:
Егер сен, оңбаған, əңгімеге тағы да тұмсығыңды тығатын болсаң,
менен жақсылық күтпе.
Бегемот балдағыдай бір қыңсылап, қырылдай сөйледі:
Королева, құлағым ісіп кетеді ғой... Іскен құлақпен балдың сəнін
кетірудің керегі қанша?.. Мен заң... заң тұрғысынан ғана айттым...
Енді үндемейін, үндемейін... Мені мысық емес, балық деп санаңыз
да, құлағымды қоя беріңіз.
Маргарита құлақты қоя бергенде, алдынан ойнақшып бір жерде
тұрмайтын жанар шыға келді.
Королева-қожайымым, толған айдың ұлы думанына шақырылғаным үшін бақыттымын мен.
Ал мен сізді көргеніме қуаныштымын, - деп жауап қатты оған
Маргарита. - Өте қуаныштымын. Сіз шампанды жақсы көресіз бе?
Сіз не істегелі тұрсыз, королева?! - деп торыға, бірақ дауыс
шығармай Коровьев Маргаританың құлағына сыбырлады: - Іркіліс
болып қалды.
Жақсы көремін, - деп мүлəйімси сөйлеген əйел кенет өз-өзінен
тоқтай алмай: - Фрида, Фрида, Фрида! - деп қайталай берді, - О
королева, менің атым - Фрида!
Бүгін осылай мас болғанша ішіңіз, Фрида, ештеңе де ойламаңыз,
- деді Маргарита.
Фрида Маргаритаға екі қолын бірдей созды, дəл осы кезде Коровьев
пен Бегемот асқан ептілікпен оны қолтығынан алып, топқа сүңгітіп
жіберді.
Енді халық Маргарита тұрған алаңды шабуылмен алғысы келгендей
төменнен нөпірлей ағылды. Жалаңаш əйел тəндері фракты еркектер
арасында бірге көтерілді. Маргаритаға олардың аппақ қардай,
жердей қоңыр, кофе дəніндей күрең, тіпті қап-қара денелері
тасқындай ағылды. Олардың жирен, қара, қоңыр, зығыр-дай сары
шаштарында түрлі түсті асыл тастардан жарқылдаған ұшқыны жанжаққа шашырап, билеп толқып бара жатты. Бəз-біреу шабуылға
шыққан ерлер сапына жарық нұрын себездеп жауһар зəпөнкелердің
жарқылы шашырады. Енді Маргарита тізесіне тиген еріндерді секунд
сайын сезіп тұрды.
Мен масаттанамын, - деп əндетті бір сарынмен Коровьев, масаттанамыз бəріміз, королева да масаттанулы.
Королева масаттанулы, - деп мысқылдады арқа тұстан
Азазелло.
-
Мен де мəз-мейраммын, - деді мысық.
Маркиза, - деп міңгірледі Коровьев, - мұра үшін əкесін, екі
бауырын жəне екі сіңлісін улап өлтірген. Королева қайран боп тұр.
Минкина ханым, аһ қандай тамаша десейші! Сəл күйгелектігі бар. Үй
күтушінің бетін шаш бұйралайтын сыммен күйдірудің қажеті қанша
еді! Əрине, мұндай жағдайда бауыздап та тастайды. Королева
қайран боп тұр. Королева, сəл сабыр, император Рудольф, сиқыршы
һəм алхимик. Тағы бір алхимик асылып қалған. Аһ, міне бикештің өзі
де келді. Аһ, оның Страсбургтегі лəззат-ханасы қандай ғажап еді! Біз
соған қайранбыз. Мəскеудің ісмер бикесі, сарқылмас қиялы үшін оны
бəріміз сүйеміз, аталье ұстап, сұмдық күлкілі жайт ойлап тапты:
қабырғадан дөңгелек екі тесік ойды...
-
Ал əйелдер білген жоқ па? - деп сұрады Маргарита.
Бірі қалмай бəрі де білген, королева, - деп жауап қатты
Коровьев, - мен қайранмын. Мынау жиырма жасар бозбала қарша-
дайынан ғаламат қиялымен дараланушы еді, қиялшыл болғанда да
қызық. Оны бір қыз сүймей ме, ол оны алып, лəззатханаға сатып
жібереді.
Төменде өзен ағып жатыр. Ол өзеннің сарқылар түрі жоқ. Оның
қайнар көзі - алып пеш іркіліссіз қоректендіріп тұр. Осылай бір сағат
өтті, екінші сағат өтті. Енді Маргарита шынжыр баудың бұрынғыдай
емес, ауырлай бастағанын сезейін деді. Оның қолына да бірдеңе
болған сияқты. Қолын көтерер алдында Маргарита тыржиятынды
шығарды. Коровьевтің қызықты ескертпелеріне құлақ асудан қалды.
Қиық көз монғол беттері, ақ жəне қара жүздер бір-бірімен
сапырылысып, ажырағысыз болып кетті, олардың арасындағы ауа
да, неге екені белгісіз дірілдейтін сияқты көрінді. Кенет ине шаншып
алғандай Маргаританың оң қолы шағып шаншып ауырып, тісін
шықырлатты да, шынтағын ол тұғырға қойды. Қанаттың қабырғаға
ұрылғанындай бəз-бір сыбыр залдың арт жағынан шығып,
меймандардың қисапсыз көп жасағы билеп жүргені белгілі болды,
Маргаритаға қалың мəрмəр, түрлі түсті, хрусталь еденнің өзі мынау
алапат залдағы ырғақпен дүрс-дүрс соғып тұрғандай көрінді.
Гай Кесарь Калигула да, Мессалина да Маргаританы енді король,
герцог, сардар, өзін-өзі өлтіруші, уландырушы, дарға асылушы,
жалдап, тұтқын, түрмегер, карташы, жендет, арызқой, опасыз, есуас,
жансыз, азғынның ешқайсы да назарын аудара алмағаны сияқты,
ештеңе қызықтырар емес. Барлығының есімі басында бытысып,
барлығының жүзі тұтасып жалпақ бір жайма нанға айналып
кеткендей. Тек бір ғана бейне - Малюта Скуратовтың оттай қызыл
сақалымен көмкерілген жүзі жанын азапқа салып жадында қалып
қойды. Маргаританың аяғы бүгіліп, сəт сайын жылап жіберуге шақ
қалды. Əсіресе көп сүйілген оң жақ тізесі жанын азапқа салды.
Наташаның қолы əлденеше тиіп, губкамен сүртіп, хош иісті
бірдеңемен сылағанына қарамастан тізесі ісіп, терісі көгеріп кетті.
Үшінші сағаттың соңында Маргарита мүлдем үмітсіз көзбен төмен
қарап, қуаныштан дір ете қалды: қонақтар тасқыны сирепті.
-
Бал жиынының заңы бірдей, королева, - деп күбір етті Коровьев,
- енді толқын тартыла бастайды. Соңғы минөттерді өткеріп
жатқанымызға ант етемін. Əне брокен сауықшылдарының бір тобы.
Ол қаңғыбастар қашанда ең соңында келеді. Иə, дəл солардың өзі.
Мынау екі мас қансорғыш... бары осы ма? Аһ, жоқ, міне тағы біреуі.
Жо-жоқ, екеу екен.
Баспалдақпен екі ақырғы қонақ көтерілді.
Ал мына біреуі жаңа, - деді Коровьев əйнектен көзін сығырайта
қарап, - аһ, иə, иə. Бірде оған Азазеллоның барғаны бар, коньяк іше
отырып əшкерелеуден өте-мөте қауіптенетін бір адамнан қалай
құтылудың жолы туралы ақыл-кеңес те берген. Ал ол өзіне тəнті бір
танысына əлгі адамның кабинетінің қабырға-ларына у сеп деп əмір
берген.
-
Оның аты кім? - деп сұрады Маргарита.
Шынымды айтсам, мен өзім де əлі білмеймін, - деп жауап қатты
Коровьев. - Азазеллодан сұрау керек.
-
Ал онымен бірге келген кім?
Ол əлгі айтқанын айна-қатесіз орындайтын құлақ кесті
бағыныштысы ғой. Мен қайранмын! - деп ақырғы екеуге дауыс-тады
Коровьев.
Баспалдақ босады. Сақтық үшін тағы да аз-кем күтті. Алайда пештен
қайтып ешкім шыққан жоқ.
Қас қаққанша болмай, қалай келгенін өзі де білмейді Маргарита
бассейні бар бөлмеден бір-ақ шықты. Қолы мен аяғының қатты
ауырғанынан бірден жылап жіберді де, еденге қисая кетті. Алайда
Гелла мен Наташа жұбатып, оны қанды душтың астына қайта
апарып, денесін езгілеп қайта ысқылады. Маргарита қайта жайнап
шыға келді.
- Тағы да, тағы да, королева Марго, - деп сыбырлады қасынан
көрінген Коровьев. - Залдарды құстай ұшып тағы бір шолып шығу
керек, қадірмен қонақтар елеусіз қалдырып кетті деп жүрмес үшін.
Маргарита бассейні бар бөлмеден қайта ұшып шықты.
Қызғалдақтырдың сыртындағы эстрада да вальс королі оркестрінің
орнында маймылдар джазы дүбірлетіп жатыр. Қалың бакенбарды
бар алып горилла қолына керней ұстап, билей жүріп, дирижерлік етіп
тұр. Орангутандар бір қатарға тізіліп, жарқыраған кернейлерді үрлеп
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Майталман шебер мен маргарита - 19
  • Parts
  • Майталман шебер мен маргарита - 01
    Total number of words is 4188
    Total number of unique words is 2185
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 02
    Total number of words is 4307
    Total number of unique words is 2150
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 03
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2321
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 04
    Total number of words is 4091
    Total number of unique words is 2369
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 05
    Total number of words is 4231
    Total number of unique words is 2275
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 06
    Total number of words is 4275
    Total number of unique words is 2183
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 07
    Total number of words is 4179
    Total number of unique words is 2056
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 08
    Total number of words is 4162
    Total number of unique words is 2288
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 09
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2258
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 10
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2360
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 11
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2204
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 12
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2334
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 13
    Total number of words is 4076
    Total number of unique words is 2131
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 14
    Total number of words is 4303
    Total number of unique words is 2195
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 15
    Total number of words is 4283
    Total number of unique words is 2173
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 16
    Total number of words is 4122
    Total number of unique words is 2215
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 17
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2274
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 18
    Total number of words is 4328
    Total number of unique words is 2150
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 19
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2195
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 20
    Total number of words is 4323
    Total number of unique words is 2138
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 21
    Total number of words is 4279
    Total number of unique words is 2228
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 22
    Total number of words is 4275
    Total number of unique words is 2177
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 23
    Total number of words is 4051
    Total number of unique words is 2294
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 24
    Total number of words is 4132
    Total number of unique words is 2321
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 25
    Total number of words is 4367
    Total number of unique words is 2146
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 26
    Total number of words is 4184
    Total number of unique words is 2326
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 27
    Total number of words is 2124
    Total number of unique words is 1367
    38.1 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.