Latin Common Turkic

Майталман шебер мен маргарита - 17

Total number of words is 4222
Total number of unique words is 2274
34.0 of words are in the 2000 most common words
48.8 of words are in the 5000 most common words
55.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
өтті. Ұзамай Маргарита оны да көрді. Ол шегіртке құсап аспанға
ұшқын шашып баяу жылжып барады екен. Маргарита оны да қуып
жетіп, тағы да бір айна айдыннан өтті, оның төсінде екінші бір ай
қалқып жүр, келіншек тағы да төмендеп, аяғы алып қарағайдың
басына тиіп кете жаздады.
Арт жақтан көбесі сөгілген ауаның ауыр шуы естіліп, Маргаританы
қуып келе жатқан секілденді. Оқтай зулап ұшқан сол шуға бірте-бірте
талай шақырым жерден шыққан əйел күлкісі қосылды. Маргарита
бұрылып қарап, өзін бір қара күрделі зат қуып келе жатқанын көрді.
Маргаританы қуып жетіп əлгі зат бұрынғыдан да айқындала түсті,
одан біреудің салт мініп ұшып келе жатқаны көрінді. Ақыры, ол əбден
айқындалды. Маргаританы қуып жеткен Наташа болып шықты.
Шашы желмен жалбырап мүлдем тыржалаңаш ол майқанынан
жарылған азбан доңызға аттай мініп ұшып келеді екен, азбанның
алдыңғы тұяқтарына іліп алған портфелі бар, ал артқысымен ауаны
есіп келеді. Ара-тұра ай сəулесіне шағылып жарқ ете қалып, сосын
сөніп, мұрнының үстінен сырғып, тек бауға ғана іліккен пенсне
азбанмен қатар ұшып келеді, қалпақ болса доңыздың көзіне түсе
береді. Тесіле қараған Маргарита азбан доңызы Николай Иванович
екенін таныды. Сондағы оның сақылдаған күлкісі Наташының
сықылығына қосылып орманды жаңғырықтырды.
Наташка! - деп шырылдай айқайлады Маргарита. - Сен де
креммен сыладың ба денеңді?
Жаным-ау, өзімді сылағаным өз алдына, - деп айғайлады
Наташа қысқы ұйқыдан енді оянған орманды дүр сілкінтіп. - Ол
кремді мынаның қасқа басына да жақтым ғой, менің француз
патшайымым.
Ханшайым! - деп жыларман боп өкірді азбан шабандоз əйелді
желе жортып əкеле жатып.
Жаным, Маргарита Николаевна! - деп шырылдады Маргаритамен қатар ұшып келе жатқан Наташа, - кремді сұраусыз алғанымды
мойындаймын. Біздің де өмір сүріп, ұшып жүргіміз келеді емес пе.
Мені кешіріңіз, əміршім, енді мен оралмаймын, ақы берсе де
оралмаймын. Ай, қандай тамаша, Маргарита Николаевна! Маған бұл
сөз салып, ұсыныс жасады. - деп Наташа саусағымен қысылып,
ырсылдап келе жатқан азбанның мойнынан нұқыды. - Сөз салды ғой,
сөз. Сонда сен мені қалай атап едің, ə? - деп айқайлады ол еңкейіп
азбанның құлағына.
Тəңірім дегенмін, - деп дүңк етті доңыз, - тек қыспашы, мен
шапшаң ұша алмаймын ғой! Мынау маңызды қағаздарды шашып
алуым мүмкін, Наталья Прокофьевна, мен мұныңа қарсымын.
Қағаз-мағазыңмен құры, басымды қатырма, - деп айқайлаған
Наташа бұрынғыдан бетер сақылдап күлді.
О, не дегеніңіз, Наталья Прокофьевна! Біреу-міреу естіп қап
жүрер.
Маргарита Николаевнамен желдірте қатар ұшып келе жатып Наташа
қарқылдай күліп, өзі қақпа арқылы ұшып кеткеннен кейін жекежайда
не болып, не қойғанын дəптетті дерсің.
Наташа сыйға алған заттарының ешқайсысына жоламай, өз
киімдерін шешіп тастап кремге бас салып, дереу оны бет-аузы мен
бүкіл денесіне жағады. Əудем болмай ол да қожайымына ұқсап шыға
келеді. Наташа қуаныштан сақылдап күліп, айна алдында өзінің
сиқырлы сипатына таңырқап тұрғанында есік ашылып, бикештің
қарсы алдынан Николай Иванович шыға келеді. Ол толқулы екен,
қолында Маргарита Николаевнаның жейдесі мен өзінің қалпағы жəне
портфелі бар. Наташаны көріп Николай Иванович сілейіп тұрып
қалды. Шаяндай қып-қызыл болып кеткен ол өзіне-өзі сəл келген соң
жейдені жерден көтеріп, оны өзі алып келуді борыш санағанын
мəлімдеді...
Не айтты дейсің ғой жексұрын! - деп шиқылдап сілесі қата күлді
Наташа! - Не айтып, қалай қызықтырмақ болғанын қайтер-сің-ау!
Қанша ақша тықпалады десеңші. Клавдия Петровна ештеңе
білмейтін болады, дейді. Не, өтірік айтып келді дегің бар ма? -деп
дігірледі Наташа азбанға, ол болса ұялғансып бетін бұра береді.
Жатынжайда алысып-жұлысып жүріп Наташа Николай Ивановичке
кремді бірер сүйкеп жіберіп еді, таңданғаннан өзінің де үні шықпай
сілейіп тұрып қалды. Қадірменді төменгі тұрғынның беті бес тиындық
бақырдай дөңгеленіп шыға келді, ал қолдары мен аяқтары табанда
тұяққа айналды. Айнадан өзін көрген Николай Иванович иттей ыза
боп, қасқырша ұлыды, бірақ енді бəрі де кеш еді. Бірнеше секөнттан
кейін ерттеп мінілген ол уайым-қайғыдан өкіріп жылап, Мəскеуден
беті ауған жаққа қарай ұша жөнелді.
Менің қалыпты бейнемнің қайтарылуын талап етемін! - деп не
ызаланғаны, не жалынғаны белгісіз, азбан доңыз қырылдай
қорсылдады. - Заңсыз жиынға ұшып барар жайым жоқ! Маргарита
Николаевна, үй қызметшіңізді тəртіпке шақырып, тыюыңыз керек.
Аһ, енді мен саған үй қызметшісі болдым ба? Үй қызметшісі
дейсің бе? - деп шаптыққан Наташа азбанның құлағын шымшыды. Бүгін ғана тəңірің болғаным қайда? Сен мені қалай атап едің?
Шолпан деп! - деп жыларман боп жауап берген азбан тастардың
арасымен буырқанып ағып жатқан жылғаның үстінен ұшып бара
жатып, жағадағы жаңғақ шоғының бұталарын тұяғымен судыр еткізді.
Шолпан! Шолпан деймісің! - деп жеңісіне масайраған Наташа бір
қолымен бүйірін тіреп, бір қолын айға жайды. - Маргарита!
Патшайым! Мені осы мыстан қалпымда қалдырсын деп сұраңызшы.
Билік берілген жансыз, сізге бəрін де жасайды.
Маргарита бірден үн қатты:
-
Жарайды, жақсы! Уəде етейін!
Рақмет! - деп саңқ еткен Наташа кенет қаттырақ айқайлап,
қапалы үнмен жөнеледі: - Ой-гөй-гөй! Тезірек деймін, тезірек! Кəне
шапшаңдат, жылдамырақ ұш! - деді ол ессіз шабыста біраз етінен
айырылған азбанның бүйіріне өкшесін қадай түсіп, лажсыз доңыз
қайта жұлқынып, ауаның көбесін сөге-мөге ілгері ұмтылады, қас
қаққанша болмай Наташа адақтап алға шығып, ұзамай қара нүктеге
айналып, енді біраздан соң мүлдем көрінбей кетті, оның самғаған
шуы да кеңістікке сіңіп, естілмей қалды.
Маргарита бұрынғысынша баяу ұшып елсіз-күнсіз жерде жеке-жеке
алып қарағайлардың арасында қойтастары шашыраған жоталардың
үстімен келеді. Ұшып келе жатып ол шамасы Мəскеу-ден тым алыста
шығармын деп ойлады. Шөтке қарағайлардың басында емес, бір
жағы ай нұрымен күмістей жылтыраған діңдердің арасымен ұша
бастады. Ұшқан келіншектің жердегі жеңіл көлеңкесі алдына түсіп, ай
енді Маргаританың арқасын сəулелен-дірді.
Маргарита судың жақын екенін сезіп, мақсатына таяу қалғанын
шамалады. Қарағайлар да ыдырап, Маргарита ауамен ақырындап
аппақ борлы жарға да жетті. Жардың басына тұман ілініп, төменде
көлеңке жамылып өзен жатыр. Тек жардағы бұлттарға қонақтаған
тұманның арасынан қарсы жағалаудың біртегіс жазық екені
аңғарылды. Ондағы дəу мəуелі ағаштардың саясында жалғыз-жарым
топ құрғандар жаққан алаудың оттары ұшқындап, қозғалып жүрген
бір сұлбалар көрінеді. Маргаритаға со жақтан бір дуылдаған көңілді
əуен ескендей көрінді. Одан əрі көз жетер жерде күмістей
жылтыраған жазықтан не елді мекеннің, не пенде баласының белгісі
білінбеді.
Маргарита жардан төмен қарғып, лезде судан бір-ақ шықты. Əуедегі
үрдіс жүрістен кейін су оны арбады да тұрды. Шөткені лақтырып
тастап салқын суға қойып кетті басымен. Оның жеңіл денесі суға
жебедей сүңгіп, шашыраған су тік шаншылып, айға қарай атылды. Ет
үйренген су моншадағыдай жып-жылы боп кетті, түпсіз тереңнен
сүңгіп шығып, Маргарита түн жамылып, жападан-жалғыз осынау
өзенде құмардан шыққанша малтады.
Маргаританың қасында ешкім болмайтын, бірақ аздан соң
бұталардың аржағынан сыбдыр шығып, пысқырған, түшкірген дыбыс
естілді, зады онда да біреу суға түсіп жүрген болды.
Маргарита жағаға жүгіріп шықты. Шомылудан кейін денесі дуылдап
жанып барады. Ешқандай шаршау-шалдығуды сезінбей, дымқыл
шөптің үстінде билей жөнелді. Кенет биді кілт үзіп, сақтана қалды.
Пысқырған дыбыс жақындап, қызыл шіліктің сыртынан артқы етегі
желкеге түсіп майысқан қара жібек цилиндр қалпақ киген, қара
бəтеңкелі шомылушы мəнзелдес жалаңаш жуан біреу шыға келді.
Оның ырсылдап, ықылық атуына қарағанда, біраз сілтеген сияқты,
оны судан ескен коньяк иісі де дəлелдеп тұрғандай.
Маргаританы көріп жуан тесіле қарап, сосын қуанышы қойнына
сыймай айқайлап жіберді.
-
Бұл не? Оның өзін көріп тұрмын ба? Клодина, бұл сенбісің, қабақ
шытуды білмейтін қайран жесір? Сен де осындамысың? -деп ол
амандасқалы ұмтылды.
Маргарита шегініп кетіп, лайықты жауап қатты:
Кетші əрі, сайтанның сапалағына! Мен саған қайдағы Клодина?
Кіммен сөйлесіп тұрғаныңды көрмейсің ба?! - Сəл ойланып, ол өз
сөзіне ұбақ-шұбақ боқтықты қосып, сыбап берді. Осының бəрі
жеңілтек жуанға айықтырарлық əсер етті.
Ой, - баяу ықынып қалған ол дірілдеп кетті, - кешіріңіз кең
пейілмен, жарқын жүзді королева Марго! Мен жаңылысып кетіппін.
Оған кінəлі қарғыс атқыр коньяк. - Жуан бір тізерлеп отырып,
цилиндрін бұлғап, тағзым етіп, орыс сөздерін французшамен
бытыстырып, түкке тұрғысыз бір той, жақын досы Париждегі
Гессардың үйленуі туралы, коньяктың қырсығынан жіберген
қателігіне қапалы екені туралы біраз мылжыңдап берді.
Сен ең құрығанда шалбарыңды кисең етті, иттің баласы, -деді
сəл жұмсарып Маргарита.
Жуан Маргаританың ашуы басылғанын байқап қуана елпілдеп, дəл
қазір шалбар кимей жүрген себебі алаңғасарлықтан оны осының
алдында ғана шомылған Енисей өзенінде ұмытып қалдыр-ғанын,
сырық сілтем жер ғой қазір-ақ ұшып барып алып келетінін кешірімі
мен ілтипатынан үміт етіп, артымен шегініп, барып-барып суға
шалқасынан күмп етті. Алайда құлап жатып та ол бакенбард
көмкерген бетіндегі таңданыс пен адалдық күлкісінен айырылған жоқ.
Маргарита қатты бір ысқырып жіберіп, жетіп келген шөткесіне ерттеп
мініп, өзеннің үстімен қарсы бетке ұшып барды, бір таудың көлеңкесі
мұнда жетпей, жағалаудың бəрі ай сəулесіне малынып тұр екен.
Дымқыл шөпке Маргаританың табаны тиюі мұң екен, шалқыған
сазды əуен одан сайын үдеп, алау оттың ұшқыны молырақ шашырап
лапылдай түсті. Сырға сынды дөңгелек түкті бүршіктері айға
шағылған дарақ бұтақтарының саясында екі қатар тізіліп жуанбас
құрбақалар алқымын жел кеулеп əдеттегі табиғат маршына басып
отыр. Жарық шағыратын сасық қоңыз шалшық сазгерлерінің
алдындағы сəмбі талда олардың нотасына жарық түсіріп тұрған
тəрізді, ал бақалар шынында алау оттың жарығымен ойнап жүр.
Марш Маргаританың құрметіне ойналды. Оған арналған қабылдау
барынша салтанатты болды. Мөлдіреген сусұлулар өзен үстіндегі
қосыла айтқан əнін қоя салып, балдыр бұлғап Маргарита-ға қошемет
көрсетіп, бос жатқан жасыл жағада олардың құттық-тауы ұзақ
уақытқа дейін естіліп жатты. Жалаңаш мыстандар дарақтың
сыртынан жүгіріп шығып, бір қатар сап түзеп, иіліп-бүгіліп, сарай
салтанатымен тағзым етті. Ешкісирақ біреу ұшып келіп, оның қолына
бетін төсеп, патшайымның қалай шомылғанын сұрап, сəл қисайып,
демалуды ұсынып, шөптің үстіне жібек мата тастады.
Маргарита солай жасады да Ешкісирақ оған бір бокал шампан
əкеліп, келіншек оны ішіп салды, жүрегі де бірден жылып қоя берді.
Наташаның қайда екенін сұрап, оның шомылып алып азбан
доңызымен алға, Мəскеуге қарай ұшып кеткенін, ондағы мақсаты
Маргаританың ұзамай келетінін ескертіп, оған сəнді киім-кешек
əзірлеуіне көмек көрсету екенін білді.
Маргаританың қызыл талдардың саясында аз уақыт болуы бір
көрініспен есте қалды. Ауада ысқырық естілді, бір қара дене
діттегенінен мүлт кеткендей, суға келіп құлады. Əудем болмай
Маргаританың алдынан анау жағалауды ыңғайсыздау кездескен
бакенбардты жуан шыға келді. Зайыры ол Енисейге барып та келген
болуы керек, шалбар түгел фрак та киіп келіпті, бірақ үсті-басы
малмандай су. Коньяк оны тағы да ұятқа қалдырды, суға түсіріп
жіберді. Алайда осындай қайғылы жағдайда да ол жылмиып күлуінен
жазған жоқ, сондықтан күлкіге көмілген Маргарита оған қолын сүюге
рұқсат етті.
Сосын барлығы жинала бастады. Сусұлулары ай жарығымен соңғы
биін билеп, көзден ғайып болды. Ешкісирақ Маргаритадан өзенге
немен келгенін тағзым ете сұрап, шөткені ерттеп мініп келгенін
естігенде былай деді:
- О, оныңыз не, қолайсыз ғой ол, - деп қас қаққанша болмай, екі
бұтақтан күмəнділеу телефон жасақтап, біреуге қоңырау шалып,
табан аузында машина жіберуін талап етті, талабы бір минөттің
ішінде орындалды да. Аралға үсті ашық буырыл машина келіп тоқтай
қалды, тек жүргізушінің орнында əдеттегі шофер емес ала фуражка
киген, жеңді білектей қолқабы бар ұзын тұмсық алып қара құзғын
отыр. Арал бос қалды. Айдың алауында мыстандардың бəрі ұштыкүйді жоғалды. Алау от жанып болып, шоғы күлгін сұр күлге айналды.
Бакенбардалы мен ешкісирақ Маргаританы қолтықтап артқы кең
отырғышқа жайғастырды. Машина гүр етіп, қарғып кетті де, лезде
айдың өзіне дейін көтерілді, арал да, өзен де жоқ болды, Маргарита
Мəскеуге тартты.
Жиырма екінші тарау
ШЫРАҒДАН ЖАРЫҒЫ
Жер бетінен биік ұшып бара жатқан машинаның біркелкі гуілі
Маргаританы əлдилеп, ай жарығы жанына жағып бойын жылытты.
Көзін жұмып, бетін желге беріп ол бəз-бір мұңмен артта қалған
беймəлім жағалауды ойлап, оны енді қайтып көрмейтінін сезінді.
Бүгінгі кештің сиқырлығы мен ғажаптығының бəр-бəрін көргеннен
кейін оны енді қонаққа апара жатқанын сезді, бірақ одан тайсақтап
қорыққан жоқ ол. Онда өз бақытын қайтарып алуға қол жеткізем
деген үміті оны жаужүрек өжет етті. Əйткенмен, машинада бұндай
бақыт туралы ұзақ армандауға мүмкіндік болған жоқ. Құзғын өз ісін
жақсы білгендіктен бе, əлде машина жақсы болғандықтан ба,
Маргарита əне-міне көзін ашса, төменде түнерген ну орман емес,
Мəскеу оттарының толқындаған дариясы жатыр. Қара құс-шофер
ұшып келе жатып алдыңғы доңғалақты бұрап ағытып, машинаны
Дорогомиров ауданындағы иесіз бір зиратқа қондырды. Ештеңе
жайлы сұрамаған Маргаританы бір құлпытастың қасына түсіріп,
шөткені қолына ұстатып, құзғын машинаның моланың сыртындағы
жарға бағыттап қоя берді де, өзі ілтипатпен қолын шекесіне қойып,
доңғалаққа мінді де, ұшып жүре берді.
Сол сəт ескерткіштердің бірінің сыртынан қара плащ көрінді. Азуы
айға шағылған Маргарита Азазеллоны таныды. Ол ыммен
Маргаританы шөткеге мінуге шақырды, өзі сайыс қылышқа ырғып
мініп, екеуі де ешкімнің көзіне түспей заулап, Садовая көшесіндегі
№302-бис үйдің қасына кеп қонды.
Қолтығының астына шөтке мен қылышты қысып жолсеріктер
қақпаның астынан өтті, Маргаританың көзі қақпа алдында шамасы
біреуді күткен сияқты биік өкше етік киген кепкелі кісіні шалып қалды.
Азазелло мен Маргаританың адымы қанша майда болғанмен жалғыз
адам оны сезіп қалды, бірақ дүсірдің қайдан шыққанын біле алмай
басы қатты.
Осыған таңғажайып ұқсас екінші кісіні олар алтыншы подъездің
аузында ұшыратты. Тағы да əлгіндегі уақиға қайталанды. Адымдар... əлгі кісі мазасызданып жалт бұрылды да, тұнжырап қабағын
түйеді. Есік ашылып, жабылған кезде көзге көрінбей кіріп бара
жатқандардың ізімен жүгіріп барып подъезді қарайды, қарағанмен де,
əрине, ештеңе таба да, көре де алмайды.
Осы екіншіге, демек біріншіге ұқсас, айнымайтын көршілесі сияқты
үшінші кісі үшінші қабаттың алаңқайында кезекші боп отырды. Ол бір
ащы темекі тартып отыр екен, қасынан өте бере түтінге қақалып
Маргарита жөтеліп қалды. Шылымшы біреу шымшып алғандай
отырған орындығынан атып тұрып, жан-жағына алақтай қарап,
баспалдақтың қалдайын ұстап, төменге үңілді. Бұл кезде Маргарита
өзін алқалаушымен бірге №50 пəтердің есігі алдында тұрған-ды.
Қоңырау шалған жоқ, Азазелло өз кілтімен есікті шулатпай ашты.
Əуелі Маргаританы қайран қалдырғаны өзі тап болған қараңғы түнек
болды. Зындандағыдай қараңғылықта ештеңе көрінбейді, сондықтан
сүрініп кетпес үшін Маргарита Азазеллоның плащынан ұстады.
Алайда осы арада алыстан жоғарғы жақта бəз-бір шамның оты
жылтырап, жақындай түсті. Азазелло жүріп келе жатып
Маргаританың қолтығына қысқан шөткесін тартып қалып еді, ол ізімғайым жоқ болды. Енді олар бір екі кең сатымен көтеріліп келе
жатты, Маргаритаға оның шеті, шегі жоқ сияқты көрінді. Оны таң
қалдырғаны əдеттегі Мəскеу пəтерінің алдыңғы бөлмесінде көзге
көрінбейтін, бірақ жақсы түйсілінетін шеті-шегі жоқ баспалдақтың
кездесуі. Міне, енді өрлеу тəмамдалып, Маргарита бір алаңда
тұрғанын түсінді. Жарық тіптен таяп келіп, Маргарита қолына
шамдал ұстаған ұзын бойлы, қара кісінің жарық түскен жүзін көрді.
Бұл күндері оның жолында тап болған кез келген бейбақ тіпті шабдал
тілінің əлсіз жарығының өзінде де оны бірден таныр еді. Бұл
Коровьев һəм Фагот болатын.
Рас, Коровьевтің сырт пішіні тіптен өзгеріп кеткен. Қалтылдаған
жарық шытынаған пенснеге шағылған жоқ, оны баяғыда жуындышайындыға лақтырып тастау керек еді. Жарық монокльге шағылысты, бірақ бұл да сынық болатын-ды. Жексұрын бетін сұсты етіп
тұрған мұрты тікірейіп, майлап алынған, ал Коровьевтің қара боп
көріну сыры оп-оңай, ол қара фрак киген. Сондықтан оның тек
кеудесі ғана ағараңдайды.
Сиқыршы, регент, əзəзіл, аудармашы, былайынша нақты кім екенін
тірі пенде білмейтін, бір сөзбен айтқанда, Коровьевтің өзі тағзым
етіп, шамдалды ауада бұлғалаңдатып Маргаританы соңынан еруге
шақырды. Азазелло ізім-қайым.
“Біртүрлі таңданарлық кеш, - деп ойлады Маргарита. - Мен барлығын
күткен едім, бірақ бұндайды күткен емен. Немене, бұлардың электр
жарығы сөніп қалған ба? Ең қайран қаларлығы -мынау үйдің көлемі.
Осылардың бəрі бір ғана Мəскеу пəтеріне қалай сығылысып, сыйып
тұр? Қайтсе де сыймайды ғой, сыймайды.
Коровьев шамдалының жарығы əлсіз көрінетін себебі ол бағандары
бар дағарадай, тіпті алғаш көргенге шеті жоқ, қараңғы шексіз бірдеңе
сияқты əсер ететін атшаптырым залда тұрғанынан екенін Маргарита
түсінді. Бəз-бір диванның қасына келіп Коровьев аялдады да,
шамдалын тұғыр жəшіктің үстіне қойып, Маргаритаға отыр деп ым
қақты, өзі келіп тұғыр жəшікті шынтақтай оның жанына келіп
жайғасты.
Өзімді таныстыра кетуіме рұқсат етіңіз, - деп сызылды ол, Коровьев деген мен боламын. Сізді жарықтың жоқтығы таң қалдырып
отыр ма? Үнемдеген түрлері шығар деп ойлаған болар-сыз, əрине.
Олай болса, бүгін келіп тізеңізді құшақтай жығылатын жендеттердің
кез келген бірі ана тұғырға қойып менің басымды шапсын. Мессир
тек электр жарығын ұнатпайды, сондықтан біз жарықты соңғы сəтте
ғана береміз. Онда жарықтан кемдік көрмейтіндігіңізге кəміл сеніңіз.
Жалпы оның азырақ болғаны да жаман болмас еді.
Коровьев Маргаритаға ұнады, оның көке мылжыңы жұбанар-лықтай
əсер етті.
Жоқ, деймін-ау, - деді Маргарита, - мені таңғалдырып отырғаны
мынадай атшаптырым залдың қай жерге сыйып тұрғаны. - Ол
қолымен мегзеп залдың дағарадай екенін атап көрсетті.
Коровьев жылы жымиып қойды, содан мұрнының үстіндегі
қатпарларының көлеңкесі де қозғалып кетті.
Дүниедегі ең оңай нəрсе осы! - деді ол. - Бесінші өлшеммен
жақсы таныстарға үйді қалаған шекке дейін көбейту түкке де
тұрмайды. Одан да артығын айтайын, қадірмен ханым, ол шекті
қанша созарыңды кім білсін. Айтқандай, бесінші өлшем туралы,
жалпы өлшем деген жайында түк түсінігі жоқ адамдарды да
білетінмін, - деп мылжыңын одан əрі қаузады Коровьев. - Тұрған
жайды ұлғайту былай тұрсын, ғажайыптар жасаудың не екенін
білмейтін де пенделер аз емес. Мəселен, маған біреудің мынадай
уақиғаны айтқаны бар: бір азамат Земляной валдан үш бөлмелі
пəтер алып, ешқандай бесінші өлшемсіз-ақ оны төрт бөлмеге
айналдырып алыпты, сондағы жасағаны біреуінің ортасына қоршау
қойып, екі бөлген.
Сосын оны ол Мəскеудің əр ауданындағы бөлек екі пəтерге
айырбастаған, біреуі - екі, біреуі жəне үш бөлмелік. Сөйтіп, бес
бөлме жасаған, келісесіз ғой осыған. Онымен де қоймай үш
бөлмелігін екі екі бөлмелік жеке пəтерге жəне айырбастайды.
Сонымен ол, өзіңіз көріп отырғандай алты бөлменің иесі болып шыға
келеді. Рас, олары Мəскеудің əр түкпірінде шашырап жатыр. Ол енді
өзінің ең соңғы керемет айналымына аяқ басыпты, газет-терге
Мəскеудің əр ауданындағы екі бөлмелік үш пəтерімді Земляной
валдан бесбөлмелі бір пəтерге айырбастаймын деп хабарландыру
беріпті. Алайда оның қызметі өзіне қатыссыз себептермен
тоқтатылыпты. Бəлкім, ол қазір де бəз-бір бөлмеде тұратын болуы
керек, бірақ Мəскеуде емес екеніне сізді сендіре аламын. Міне,
осындай да пысықайлар болады, ал сіз бесінші өлшемнің не екенін
білмей, дал боп отырсыз.
Маргарита бесінші өлшемді ойлап бас қатырмай, Коровьевтің кім
екенін миға салып, ой таразысына тартып отырған-ды, пəтер
пысықайы туралы хикаяны тыңдап көңілдене күліп жіберді. Коровьев
əңгімесін жаңадан жалғастырды:
Енді іске көшейік, іске, Маргарита Николаевна. Сіз өте-мөте
ақылды əйелсіз, əрине, біздің қожайынымыздің кім екенін аңдаған
боларсыз.
Маргаританың жүрегі дүрсілдеп басын изеді.
Міне, міне, бəсе! - деді Коровьев. - Біз кез келген бүкпе мен
құпияның дұшпанымыз. Жыл сайын мессир бір мəрте бал беріп, кеш
ұйымдастырады. Ол көктемгі толған айдың балы немесе жүз
корольдің тойы аталады. Ал халық деген! - Осы арада Коровьев тісі
ауырғандай жағын басты. - Айтқандай, оған өзіңіздің де көзіңіз
жетеді. Сонымен, былай мессир бойдақ, əрине, оны өзіңіз де іштей
сезіп жүрген шығарсыз. Оған қожайым керек, - деп Коровьев қолын
жайды, - ал қожайымсыз күннің қараң екеніне келісесіз ғой...
Маргарита Коровьевті бір сөзін де шашау шығармай тыңдауға
тырысты, жүрегінің түбі салқын тартып, бақытқа деген үміт басын
айналдырды.
-
Қалыптасқан бір дəстүр бар, - деді одан əрі Коровьев, -балдың
қожайыны сөзсіз Маргарита есімді болуы керек, - бұл бір, екіншіден,
ол жергілікті жердің тұрғыны болуға тиіс. Ал біз, өзіңіз көріп
отырғандай, саяхаттап келіп қазір Мəскеуде тұрып жатыр-мыз.
Мəскеуден біз жүз жиырма бір Маргарита таптық. Сенесіз бе,
сенбейсіз бе, талғамымызға солардың бірі сай келмеді, - деп
Коровьев өкінішпен санын соқты. - Міне, ақыры бақытты тағдырталғамыңыз...
Коровьев еңсесін еңкейтіп мəз болды да, Маргаританың жүрегі тағы
да мұздап қоя берді.
Қысқартып айтқанда, осы міндетті мойныңызға алудан бас
тартпайсыз ғой? - деп сұрады Коровьев.
-
Бас тартпаймын, - деп нық жауап берді Маргарита.
Əрине! - деп шамдалды көтерген Коровьев, - Онда соңыма
еріңіз, - деді.
Олар бағандардың арасымен жүріп отырып ақыры басқа бір залға
шықты, неге екені белгісіз, мұнда лимон иісі аңқиды, əлде бір сыбдыр
естіліп, бірдеңе Маргаританың басына тиіп кетті. Ол дір ете қалды.
Шошымаңыз, - деп жылы ғана жұбатқан Коровьев Маргарита-ны
қолтығынан ұстады. - Бегемоттың бал алдындағы айла-шарғысынан
басқа ештеңе емес бұл. Жалпы сізге батылым барып айтар болсам,
ешқашан ештеңеден қорықпаңыз, Маргарита Николаевна. Қорқу
деген ақылға қонбайды. Бал салтанатты болып дүркіреп өтуге тиіс,
оны сізден жасырып қайтемін. Талайлардың бет-жүзін, бір кезде
мейлінше ұлық болған биліктің ауқымын көреміз. Алайда олардың
мүмкіндігі мен нөкері болып табылатын тұлғаның мүмкіндіктерімен
салыстырғанда титімдей жоқ екенін ойлағанда күлкің келеді, тіпті
мұңға батасың. Иə, оның үстіне қаныңыз король тұқымынан ғой.
-
Қалайша қаным король тұқымынан болады? - деп үрейлене
сыбырлады Маргарита.
Аһ, королева, - деп ойнақылана зыпылдады Коровьев, - қан
мəселесі əлемдегі ең қиын күрделі мəселе. Əгарки ұлы əжелердің
кейбірінен, əсіресе момынсуымен аты шыққандарынан сұрай
қалсаңыз, талай құпияның беті ашылады, Маргарита Николаевна.
Бұл жайында айтқанда, карталарды көз алдап ғажайып ауыстырудың тəсілдерін еске түсірсем, күнəлі болмаспын, сірə. Тектік
кедергілер де, мемлекеттер арасындағы шекаралар да іске аспай
қалатын бір нəрселер болады. Тағы бір тұспал: француздардың он
алтыншы ғасырда өмір сүрген бір королевасы оның айдай ару
немене қызын мен қисапсыз көп жылдар өткен соң Мəскеудің
думанды залдарында қолтықтап жүреді деп біреу айтса, айран-асыр,
таң-тамаша қалар еді. Ал біз келдік!
Осы арада Коровьев шамдалды үрлеп қалып еді, ол қолынан ғайып
боп кетті де, Маргарита еденнен бəз-бір қара есіктің астынан шыққан
бір жолақ жарықты көрді. Коровьев сол есікті қақты. Маргаританың
толқығаны соншалық, тісі тісіне дейін сақылдап, арқасын аяз қарып
өткендей болды. Есік ашылды. Бөлме шағын ғана екен. Маргарита
үстінде умаждалған кір ақжапқыш пен жастық жатқан кең емен
кереуетті көрді. Кереуеттің алдында сирақтары өрнекті емен үстел
тұр, оған тырнақты құс табандары мəнзелдес ұя бар шырағдан
қойылған. Сол жеті алтын табанда қомақты балауыз шырақ жанып
тұр. Одан өзге үстел үстінде керемет талғаммен жасалған
фигуралары көз тартқан үлкен шахмат тақтасы бар. Сүртілген
кішкентай кілемшенің үстінде аласа орындық көзге түседі. Тағы бір
алтын тостаған мен бұтақтары жыланға ұқсатып жасалған басқа
шырағдан тұрған үстел бар екен. Бөлмеден күкірт пен қарамай иісі
шығады, шырағдандардың көлеңкесі айқасып еденге түскен.
Бөлмедегілердің ортасынан енді фрак киіп кереуеттің бас жағында
отырған Азазеллоны Маргарита бірден таныды. Əсем киінген
Азазелло Александр бағында Маргаритаға қарақшы ұсқынында
келген жанға əсте ұқсамайды, келіншекке ол сырбаз сыпайылықпен
тағзым етті.
Варьетенің құрметті буфетшісін қатты қысылтқан, бақытқа орай
сеанс күні түнде қораз керемет шошытқан жалаңаш мыстан, кəдімгі
Гелла едендегі кілемшеде отырып алып кəстрөлде бірдеңені бұлғап,
күкірт иісі содан шығып жатыр.
Олардан басқа бөлмеде биік тəбіреткеде шахмат үстелінің алдында
дəу қара мысық алдыңғы аяғымен шахмат атын ұстап отыр.
Гелла сəл көтеріліп Маргаритаға тағзым етті. Тəбіреткеден секіріп
түсіп мысық та соның жасағанын жасады, артқы сол аяғымен
тырпылдап жүріп қолындағы атын түсіріп алып, оны іздеп кереуеттің
астына кіріп кетті.
Үрейден сілейіп тұрып қалған Маргарита осының бəр-бəрін
шырақтан түскен қаскөй көлеңкеден əрең көрді. Маргаританың
назарын кереует аударды, онда Патриархта таяуда ғана бейшара
Иван ешқандай жын-пері жоқ деп сендірмек болғанның өзі отыр еді.
Отырған сол жоқтың нақ өзі.
Екі көз Маргаритаға тура қадалды. Оң көздің түбіндегі алтын ұшқын
кез келгеннің жанын үңгіп кететіндей, сол көз тұнжыр қара, иненің
көзіндей қысық, кез келген түнек пен көлеңкенің түпсіз құдығына жол
табатын тəрізді. Воландтың беті бір жағына қарай қисық екен, оң езуі
төмен тартылған, қасқиған биік маңдайында қиық қастарымен
жарыса созылған терең əжім сызықтары бар. Воландтың беттері
мəңгілікке тотыққан тəрізді.
Воланд төсекте кең көсіліп жатыр екен, үстінде ұзын түнгі кір көйлек,
оның да сол жақ иығы жамаулы. Бір жалаңаш аяғын астына басқан,
екіншісін орындықтың үстіне салған. Сол аяғының тізесін Гелла
түтіндеген бір маймен сылап отыр.
Воландтың түксіз кеудесінен Маргарита тағы да алтын бауға
тағылған бір қоңыр тастан тамаша ойып жасалған қоңызды, ал
арқасынан əлде бір жазуларды көрді. Воланд төсегінің қатарында тас
тұғырда біртүрлі жанды сияқты бір бетіне жарық түскен керемет
глобус тұр.
Үнсіздік бірнеше секөнтқа созылды. “Ол мені зер сап зерттеп отыр”, деп ойлады Маргарита жəне күш-жігер арқылы аяғының дірілін
байқатпауға тырысты.
Ақыры Воланд жымия күліп сөз бастады да, ұшқынды көзі жалын
атып қоя берді.
-
Хош келдіңіз, королева, үй киімім үшін кешірім етуіңізді өтінемін.
Воландтың даусы сондай нəзік екен, кейбір сөздерді сызыңқырай
айтқанда үніне қырыл араласатын сияқты.
Төсегінен Воланд ұзын семсер алып, еңкейіп онымен кереует астын
жайғап:
-
Шық! Партия кейінге қалдырылды, - деді. - Қонақ келді!
Ешқандай жағдайда да, - деп Маргарита бастай беріп еді,
Коровьев:
-
Мессир... - деп дем берді.
Ешқандай жағдайда да, мессир, - деп өзін билеген Маргарита
айқын жауап қатты да, бір жымиып алып: - Партияны үзбеуіңізді
жалынып сұраймын, - деп қосты. - Бұл партияларыңызда
жариялайтын мүмкіндік болса, шахмат журналдары тəп-тəуір ақша
төлер еді деп топшылаймын.
Азазелло баяу мақұлдап, разы боп қалды, Воланд болса,
Маргаритаға назар аудара қарап, ішкі пікірін іштей түйді.
Иə, Коровьевтің айтқаны дұрыс. Картаны көз алдап шапшаң
ауыстырған қандай шіркін. Ал қан ше!
Қолын созып Маргаританы ол өзіне шақырды. Жалаң аяғының
астындағы еденді сезбей қасына келді. Воланд тастай ауыр,
сонымен бірге оттай ыстық қолын Маргаританың иығына сап тартып
қалып оны кереуетке өзімен қатар отырғызды.
-
Жарайды, жанбаурардай осыншалық сүйкімді болсаңыз, одан
артық ештеңені өзім де күткен жоқпын да, ендеше ешқандай бəлсіну
болмасын, - деп ол кереуеттің астына қайта үңіліп айғай салды; Кереует астындағы ойын-сауық ұзаққа созыла ма? Шық кəне,
антұрған ганс!
Атты таба алмай жүрмін, - деді ізгі де жалған үнмен кереует
астынан мысық, - қайда ғана шауып кеткенін білмеймін, оның орнына
қайдағы бір бақа түседі қолыма.
Сен өзі жəрмеңке алаңында жүргендей көруден қалайсың өзіңді?
- деп қасақана ашулана сұрады Воланд. - Кереуеттің астында
ешқандай бақа жоқ еді ғой. Бұл арзан сиқырыңды Варьете үшін
қалдыр. Егер сен қазір көрінбей қалсаң, сатылғанға санаймыз,
қарғыс атқан қашқын.
Атай көрмеңіз, мессир! - деп бажылдаған мысық сол сəтте-ақ
табанына атты қысып кереует астынан атып шықты.
Саған ұсынарым... - деп бастаған Воланд өзін-өзі үзіп, былай
деді: - Мынау жұртқа мазақ болған қуды көргім келмейді. Жоқ деймінау, кереует астында өзін кім ғып жіберген саппас.
Артқы аяғымен тұрған, үсті-басы шаң-тозаң мысық соған қарамастан
Маргаританың алдында тағзым етіп жатыр. Енді оның мойнында
фракпен киетін бантикті ақ галстук, ал кеудесінде əйелдердің баулы
ақық дүрбісі. Оның үстіне мысықтың мұрты алтындай жылтырайды.
Ей, мынауың не? - деп дауыстады Воланд, - мұртыңды алтындап
алғаның не? Шалбарың болмаса, саған галстук не пəлеме керек?
Мысыққа шалбар киюге болмайды ғой, мессир, - деп кісімси
жауап қатты мысық, - сіз маған əлі етік ки деп те бұйрық берерсіз.
Етік киген мысық тек ертегілерде ғана болады. Алайда балда
галстуксыз жүрген жанды көргеніңіз бар ма? Мен сайқымазақ
жағдайға тап болып, біреудің жиыннан желкелеп шығарып жібергенін
қаламаймын. Əркім өзін қолынан келгенімен əшекейлейді.
Айтқаныңыздың дүрбіге де қатысы бар деп санайсыз ба, мессир!
-
Ал енді мұртың?..
Түк түсінсем бұйырмасын, - деп қарсыласты мысық, -Азазелло
мен Коровьев бүгін ғана мұрттарын бастырып, ақ далаппен опалаған
жоқ па, ал ақтың алтыннан несі артық? Мен мұртымды ғана
опаладым, бар болғаны осы. Егер мұртымды қырсам, əңгіме басқа!
Қырынған мұртсыз мысық барып тұрған бейбастақ, оны мың мəрте
мойындаймын. Жалпы, - деп мысықтың даусы өкпелегеннен дірілдей
шықты, - байқауымша маған бəз-бір кінə артып, алдыма балда болу,
болмауым жөнінде мəселе қоярдай сыңай бар. Бұл жөнінде маған не
айтасыз, мессир?
Өкпелегеннен мысық үрлеп қойғандай кеуіп, енді болмағанда
жарылып кетуге шақ тұрды.
Аһ, алаяқ, алаяқ, - деп басын шайқады Воланд, - партиясы
үмітсіз жағдайға тірелген сайын көпірдің үстіндегі ақырғы шарлатан
сияқты байбаламдайтының бар. Дереу отыр да, был-жырақ сөзіңді
доғар.
Отыруын отырамын ғой, - деді отырып жатып мысық, - бірақ
соңғы сөзіңізге дауым бар. Менің сөзім, келіншектің алдында сіз
шімірікпей айтқандай, былапыт былжырақ емес, берік құндақ-талған
силлогизмдердің тізбесі, оны тек Секст Эмпирик, Марциан Капелла
сияқты білгірлер, əрі барса Аристотельдің өзі ғана лайықты бағалай
алар еді.
-
Корольге - шах дедің бе! - деді Воланд.
Тілеуіңіз болсын, қалағаныңыз білсін, - деп үн қатқан мысық
дүрбімен тақтаға қарады.
Сонымен, - деп Воланд Маргаритаға қарады. - сізге енді, донна,
өз нөкерлерімді таныстырайын. Мынау айнала аунап жүрген есер Бегемот мысық. Азазелло жəне Коровьевпен сіз таныссыз. Енді
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Майталман шебер мен маргарита - 18
  • Parts
  • Майталман шебер мен маргарита - 01
    Total number of words is 4188
    Total number of unique words is 2185
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 02
    Total number of words is 4307
    Total number of unique words is 2150
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 03
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2321
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 04
    Total number of words is 4091
    Total number of unique words is 2369
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 05
    Total number of words is 4231
    Total number of unique words is 2275
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 06
    Total number of words is 4275
    Total number of unique words is 2183
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 07
    Total number of words is 4179
    Total number of unique words is 2056
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 08
    Total number of words is 4162
    Total number of unique words is 2288
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 09
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2258
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 10
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2360
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 11
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2204
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 12
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2334
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 13
    Total number of words is 4076
    Total number of unique words is 2131
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 14
    Total number of words is 4303
    Total number of unique words is 2195
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 15
    Total number of words is 4283
    Total number of unique words is 2173
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 16
    Total number of words is 4122
    Total number of unique words is 2215
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 17
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2274
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 18
    Total number of words is 4328
    Total number of unique words is 2150
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 19
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2195
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 20
    Total number of words is 4323
    Total number of unique words is 2138
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 21
    Total number of words is 4279
    Total number of unique words is 2228
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 22
    Total number of words is 4275
    Total number of unique words is 2177
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 23
    Total number of words is 4051
    Total number of unique words is 2294
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 24
    Total number of words is 4132
    Total number of unique words is 2321
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 25
    Total number of words is 4367
    Total number of unique words is 2146
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 26
    Total number of words is 4184
    Total number of unique words is 2326
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 27
    Total number of words is 2124
    Total number of unique words is 1367
    38.1 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.