Latin Common Turkic

Майталман шебер мен маргарита - 22

Total number of words is 4275
Total number of unique words is 2177
35.3 of words are in the 2000 most common words
49.8 of words are in the 5000 most common words
57.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Алайда Иуда оны да шала-шарпы көрді, оған Ершалимнің үстінен
жалғыз жарық ай сəулесімен таласқан көзге көрінбейтін ондаған
шырағдан жанып тұрғандай елестеді. Енді Иуданың ешкіммен де
жұмысы болған жоқ, Гефсиман қақпасына асығып, қаладан тезірек
шығуға жанталасты. Ара-тұра оған өткен-кеткеннің арасынан өзін
ертіп келе жатқан жанның сұлбасы көрініп қалатындай елестеді.
Бірақ бұл өзін-өзі алдау еді, Иуда Низаның өзінен көп озып ілгері
кеткенін түсінді. Ол айырбас дүкендерінің қасынан жүгіріп өтіп, ақыры
Гефсиман қақпасынан бір-ақ шықты. Төзімсіздіктен өзегі өртенсе де
осы арада бөгелуге мəжбүр болды. Қалаға түйелер кірді, олардың
ізімен сириялық əскери патруль келді, Иуда бəріне де іштей лағынет
айтып тұр...
Алайда бəрі де бітеді ғой. Шыдамсыз Иуда қала қабырғасының
сыртына да шықты. Сол қол жағынан ол шағын зират көрді, оның
маңында діндарлардың бірнеше ала шатыры тұр. Ай сəулесі төгіліп
тұрған шаңдақ жолды кесіп өтіп, оны да көктей өту үшін кедрон
тасқынына ұмтылды. Тастан тасқа секіріп жүріп ол ақыр аяғында
гефсиман жағалауына да шығып, бақтардың үстіндегі жолдардың
мұнда бос екенін көріп қуанып кетті. Таяу тұстан зəйтүн иелігінің
жартылай қираған қақпалары көрінді.
Қапырық қаладан кейін көктем түнінің масайтарлық хош иісі Иуданы
қайран қалдырды. Бақтан қоршау арқылы мирта мен акацияның хош
иісті толқыны құйылып тұр.
Қақпаны ешкім күзетпейді екен. Онда ешкім де жоқ, бірнеше
минөттен кейін Иуда алып зəйтүн ағаштарының саясында жүгіріп
бара жатты. Жол тауға тартты, Иуда демін ауыр алып көтеріліп
келеді, ара-тұра түнекке түссе, іле ай нұрының өрнекті жарығына
шығады, ол өрнектер Низаның қызғаншақ күйеуінің дүкеніндегі
кілемдердің ою-өрнектерінен аумайды. Бірқауым уақыттан кейін
Иуданың сол қолы жағындағы жазықтан тас доңғалақты зəйтүн
қыспағы мен төңірегіндегі таутөбе кеспектер көрінді бұлдырап. Бақта
ешкім жоқ. Жұмыс күн батарда тоқтапты. Бақта тірі пенде қалмай,
енді Иуданың құлағының түбінен сайраған бұлбұлдардың хоры
тамылжып тұрып алды.
Иуданың мақсаты жақын еді. Оң жақтан қараңғыда үңгірге баяу
құлаған судың сыңғыры естілетінін ол білді. Солай болып шықты да,
сыбдыр естілді. Төңірек салқын тартты.
Сосын ол алдымен баяулатып, ақырын ғана:
- Низа! - деді.
Алайда Низаның орнына зəйтүн ағашының жуан діңінен бөлініп,
жолға еңгезердей бір еркек жүгіріп шықты, қолында жарқ-жұрқ еткен
бірдеңесі, ізінше көмескі тартты.
Иуда кері ыршып түсіп:
-
Аһ! - деп айғайлап жіберді.
Оның жолын екінші адам бөгеді.
Алдында тұрған бірінші кісі Иудадан:
Қазір қанша алдың? - деп сұрады. - Өміріңді сақтап қалғың келсе
жасырмай айт.
Отыз тетрадрахм! Отыз тетрадрахм! Өзіммен бірге алып
жүргенімнің барлығы осы. Міне, ақша! Алыңдар да, өзімді аман
қалдырыңдар!
Алда тұрған адам Иуданың қолынан əмиянын жедел жұлып алды.
Сол сəт қас қаққандай болмай, Иуданың арқасына жай оғындай жалт
етіп пышақ қадалды, ол ғашықтың тура жауыры-нының астынан
тиіпті. Саусақтары айқасқан қолымен ауа қармап Иуда алға қарай
құлай берді. Алдындағы кісі оны ұстай алып, пышағын сабына дейін
жүрегіне сүңгітті.
Не... үш... - деп өзінің асқақ таза дауысымен саңқ ете алмай,
Иуда нəзік, кінəмшіл үнмен əрең айтты да, қайтып дыбыс шығара
алмады. Денесінің жерге қатты соғылғаны сондай, жердің өзі де
гуілдеп кетті.
Шаруа біткенде жол үстіне үшінші сұлба пайда болды. Бұл үшінші
жалбағайлы плащ киген болатын.
Кешіктірмеңдер, - деп бұйырды үшіншісі. Кісі өлтірушілер үшінші
берген хатпен бірге əмиянды орап, сыртынан жіппен айқыш-ұйқыш
буып тастады. Екінші түйіншекті қойнына тықты да, екі құныкердің
екеуі де жолдан аулақ кетіп, түнек оларды зəйтүн ағаштарының
арасында жұтып жіберді. Үшінші жүресінен отыра қалып, өлгеннің
бетіне үңілді. Қараған адамға оның жүзі көлеңкеде бордай аппақ, əрі
рухы асқақ аса сұлу болып көрінді. Бірнеше секөнттан соң жолда
кеудесінде жаны бар ешкім қалған жоқ. Жансыз дене екі қолы екі
жағында қимылсыз қалды. Сол жақ аяғының басына ай сəулесі түсіп,
сандалының айылбасы айқын көрініп жатты.
Бүкіл Гефсиман бағын бұл тұста бұлбұл əні əлдилеп тұрды. Иуданы
пышақтап өлтірген екеудің қайда кеткенін ешкім білмейді, ал үшінші
жалбағайлы адамның жолы белгілі. Сүрлеуден шығып ол түстікке
тартқалы зəйтүн ағаштарының қалыңына кірді. Баққа бас қақпаға
таяу түстік бұрышында іргесінің тасы құлаған тұстан қоршау арқылы
өтті. Үзамай Кедронның да жағасында болды. Ол суға кіріп, біраз
уақыт екі ат пен оның қасындағы адамның қарасы көрінгенше, өзен
кешіп келді. Атбегі бір атқа отырды да, жалбағайлы адам екіншісіне
қарғып мінді, екеуі де тасқын кешіп баяу жүрді де, аттардың тасқа
тиген тұяғының дүсірі естіліп тұрды. Сосын салт аттылар Ершалим
жағалауына жетіп судан шықты да, қала қабырғасының түбімен
аяңдап жүрді. Осы арада атбегі бөлініп, ілгері шауып кетті де, көзден
ғайып болды, ал жалбағайлы адам атын тоқтатып, тақыр жолда одан
түсті де, өзінің плащын шешіп ішін сыртына қаратып, одан
қауырсыны жоқ тайпақ шлем алып басына киді. Енді белінде қысқа
қылышы бар əскери жейде киген кісі атқа ырғып мінді. Ол тізгін қағып
еді, ыстық қанды əскери ат шабандозын сілкілеп ала тартты. Енді
жол шалғай болмайтын. Шабандоз Ершалимнің түстік қақпасына
желдіртіп келді.
Дарбаза аркасының астында алау оттардың беймаза жалыны
лапылдап тұрды. Нажағайлы легионның екінші кентуриясынан
алынған қарауыл солдаттары тас тұғырда асық ойнап отырды. Кіріп
келе жатқан əскери адамды көрген солдаттар орындарынан атып
тұрды, əскери адам оларға қол бұлғап, қалаға кіріп кетті.
Қала мерекелік оттармен жарқырап тұр. Терезелердің бəрінде
шырағдандардың жалыны ойнайды, жан-жақтан сарқып, бір арнаға
тоғысқан əр үнді хор сөз сайысына ұласқан. Ара-тұра көшеге
шығатын терезелерге көз тастаған шабандоз мерекелік дастарқан
басына жиналған адамдарды көрер еді, олардың дастарқанында лақ
етімен қатар ащы шөптер салынған табақтардың арасында шарап
толы тостағандар да тұрды. Бір тыныш əнді ысқырып шабандоз
жайлы желіспен Төменгі Қаланың бос көшелерін көктей өтіп, Антоний
мұнарасына бет алды, ара-тұра əлемде бұрын еш жерде көзге
түспеген храм басындағы бесшыраққа, немесе одан да жоғары
тұрған айға қарайды.
Ұлы Ирод сарайы пасха түнінің салтанатына жалпы қатысқан жоқ.
Сарайдың түстік жақ беттегі рим кагортасы мен легион офицерлері
орналасқан жатын бөлмелерінің оттары жарқырап, бəз-бір қозғалыс
пен тіршілік сезілгендей, алдыңғы бөлім мен кіреберіс, былайынша,
сарайдың бірден-бір, əрі еріксіз тұрғыны - прокуратор жатқан жер өз
колоннадаларымен һəм алтын мүсіндермен айдың жарық сəулесі
астында зағип болып қалғандай. Мұнда, сарайдың ішінде тыныштық
пен түнек етек алған. Сондықтан Афронийға айтқанындай,
прокуратор ішке кетуді қаламайды. Ол төсекті күндіз түстік ішіп,
жауап алған балконға салуды бұйырды. Дайындалған ложаға
жатқанымен де прокуратордың ұйқысы келмеді. Жалаңаштанып
алған ай ашық аспанға тым биік ілініп, прокуратор одан бірнеше
сағат бойы көз алмады.
Шамамен түн ортасы ауғанда ғана ұйқы игемонды аяған болуы
керек. Қалтырай есінеп прокуратор плащының түймесін ағытып,
лақтырып тастады, жейдесін айқыш-ұйқыш белдеулеген, жалпақ
болат қанжар мен қыны бекітілген белдігін шешіп, оны ложаның
қасындағы мамықтаққа қойды, сосын сандалын тастап бір керілді.
Банга замат көтеріліп, оның төсегіне иесімен қатар, басын басына
тигізіп жатты. Ол да қолын итінің мойнына салып, ақыры көзін
жұмды. Төбет те тек сонда ғана ұйықтады.
Айдан бағандармен көлегейленген ложа қаракөлеңкеде болатын, тек
кірер есіктің сатыларынан сығалаған сəуле жолағы ғана төсекке
түсетін. Төңірегіндегі шын мəніндегі бардың бəрінен қол үзгеннен
кейін ғана прокуратор жарық берер жолмен жедел қозғалып, жоғары
тура айдың өзіне тартты. Түсінде тіпті бақытты-лығынан күліп,
жарқыраған көгілдір жолда бəрі қайталанбастай тамаша қалыптасты.
Ол Банганың алқалауымен жүрді, қасында жəне қаңғыма философ
бар екен. Олар өте күрделі əрі маңызды мəселе жөнінде таласып, бір
қызығы бірін-бірі жеңе алмады. Олар бір мəселеде де бір-бірімен
келісе алған жоқ, сондықтан да айтыстары қызықты болып,
таусылмай қойды. Бүгінгі дарға асып жазалаудың қып-қызыл қателік
екені өз-өзінен белгілі, өйткені адамдардың жаманы жоқ, бəрі де
мейірбан деген көңілге мүлдем қонбайтын қисынды ойлап тауып
жүрген философ міне қасында келеді, демек ол тірі болғаны ғой.
Əрине, мұндай адамды дарға асу былай тұрсын жазалауды
ойлаудың өзі сұмдық қой. Жазалау болған жоқ. Дарға асуды тіпті
атама. Айға сатылап саяхат жасаудың ғажайыбы да осында.
Бос уақыт деген қанша қажет болса, соншалық жетіп артылды,
нажағайлы жаңбыр кешке қарай болады, қорқақтық адам бойындағы
кеселдің ең жаманы. Иешуа Га-Ноцри осылай айтқан. Жоқ,
философ, мен саған қарсымын, мұның өзі ең сұмдық қателік.
Мысал керек болса, міне: Иудеяның қазіргі прокураторы, легиондағы
бұрынғы трибун Перизат Жазығында ызадан қаны қарайған
германдықтар Крысобой-Дəуді шайнап тастағалы тұрғанда қорқып
қашқан жоқ қой. Ал, мені аясаңшы, философ! Кесарьға қарсы
қылмыс жасаған адам үшін Иудея прокураторы өз лауазымын құрбан
қылады деген ой осы ақылыңызбен сіздің басыңызға қалайша келді
екен?
- Иə, иə, - деп ыңырсып, түсінде өксіп жатты Пилат.
Əлбетте, құрбан қылады. Ертеңгілік құрбан қылмас еді, ал кешкілік
барлығын ой таразысына тартып безбендей келгенде, құрбан қылуға
келіседі. Жазадан еш жазығы жоқ бейкүнə, бейақыл қиялшылды һəм
дəрігерді құтқару үшін ол бəріне барады.
Біз енді қашанда бірге боламыз, - деді түсінде оған алба-жұлба
қаңғыбас философ, алтын найзалы шабандоздың жолында оның
қалай тұрғаны жəне беймəлім.
Демек, біреуі осында болған соң, екіншісі де осында! Мені еске алса,
табанда сені де еске алады. Беймəлім ата-ананың баласы, тастанды
- мені де, жұлдызшы король мен диірменшінің қызы Пила сұлудың
ұлы - сені де еске алады.
Иə, сен мені есіңе ала жүр, жұлдызшының баласын ұмытпа, -деп
сұрайды түсінде Пилат. Түсінде қатар келе жатқан Эн-Саридтан
шыққан қайыршының уəдесін алып Иудеяның қатыгез прокураторы
қуаныштан жылап, күлді.
Түсінде осының бəрі жақсы-ақ еді, бірақ прокуратордың оянуы оған
керағар сұмдық болды. Банга айға қарап ырылдап, тайғанақ, май
құйғандай жылпылдақ көгілдір жол прокуратордың көз алдында үзіліп
кетті. Ол көзін ашты да, бір деп ойлағаны да, еске түсіргені де
жазаның орындалғаны болды. Прокуратордың алғашқы əрекеті
үйреншікті дағдымен Банганың қарғыбауына жармасып, сосын
атыздай көзімен айды іздеу болды. Ай əдеттегі орнынан сəл
ауытқып, күмістене бастапты. Оның жарығы көз алдында тербеліп
балконда дірілдеген сүйкімсіз, мазасыз сəулені ысырды. Кентурион
Крысобойдың қолында алау лаулап, түтіндеп тұр. Оны ұстаған жан
үрейленіп секіруге əзір жатқан қатерлі хайуанға алая қарайды.
Тиме оған, Банга! - деді прокуратор даусы ауырған адамдай
шығып əрі жөтеліп. Алаудың жалынынан қолымен қорғанып, сөзін
жалғастырды: - Түнде де, ай тұрғанда да маған маза жоқ. О
құдайлар-ау! Сендердің де лауазымдарың нашар. Марк, сен
солдаттарды жарым-жан етесің...
Марк прокураторға таң-тамаша болып қарады да, оның есі кірді.
Ұйқылы-ояу айтылған артық сөзін жуып-шаю үшін былай деді:
Ренжіме, кентурион, менің жағдайым одан да жаман. Сізге не
керек еді?
Сізге құпия күзет бастығы келіп тұр, - деп сабырмен ғана
хабарлады Марк.
Шақырыңыз, шақырыңыз, - деп даусын жөтелмен тазалап
бұйрық берген прокуратор жалаң аяғымен еденді сипалап, сандалын
іздеді. Бағандарда жалын ойнады, кентурионның өкшесі əшекейлі
еденді қашай сартылдап, ол баққа шығып кетті.
Ай туғанда да маған тыныштық жоқ, - деді прокуратор өзіне-өзі
тісін шықырлатып.
Балконға кентурионның орнына жалбағайлы адам келді.
Банга, тиме оған, - деп ақырын айтқан прокуратор төбетін
желкесінен тұқыртты.
Сөз бастамас бұрын Афраний əдетінше жан-жаққа жалтақтай қарап,
көлеңкеге барып Бангадан басқа артық ешкім жоғына көз жеткізген
соң ғана былай деді.
Мені сотқа беруіңізді сұраймын, прокуратор. Сіздің айтқаны-ңыз
дұрыс боп шықты. Кариафтан шыққан Иуданы сақтай алмадым, оны
бауыздап кетіпті. Соттан мені отставкаға жіберуін өтінемін.
Афранийға өзіне төрт көз қадалып тұрғандай көрінді, екеуі -иттікі де,
екеуі қасқырдікі.
Қапталының қалтасынан қан тиіп қатып қалған, екі мөрмен қатталған
əмиянды алды Афраний.
Кісі өлтірушілер бас имамның үйіне міне мына қапшықты
тастапты ақшасымен. Қапшықтағы қан Кириафтан келген Иуданың
қаны.
Қызық, ақшасы қанша екен? - деп сұрады Пилат қапшыққа
еңкейе қарап.
-
Отыз тетрадрахм.
Прокуратор мырс етіп:
-
Аз ғой, - деді.
Афраний үндеген жоқ.
-
Өлген кісі қайда?
Оны мен білмеймін, - деп байсалды кісілікпен жауап берді
ешқашан өзінің жалбағайынан айырылмайтын адам, - бүгін таңертең
іздестіре бастаймыз.
Прокуратор дір ете қалды, сандалының салуға келмеген айылбасын
тастай салды.
-
Бірақ сіз оның өлтірілгенін білетін шығарсыз?
Бұған прокуратор немкетті ғана жауап алды.
Прокуратор, мен Иудеяда он бес жыл жұмыс істеймін.
Қызметімді Валерий Граттың кезінде бастағанмын. Маған адамның
өлтірілгенін дəлелдеп, өлді деп айту үшін оның мəйітін көру міндетті
емес. Сондықтан да мен сізге Кириафтан келген Иуда дейтіннің
осында бірнеше сағат бұрын пышақтап өлтірілгенін баяндап тұрмын.
Кешіріңіз мені, Афраний, - деді Пилат, - бұлай айтып тұрған
себебім мен əлі дұрыстап оянған жоқпын. Ұйқым нашар ғой менің. Прокуратор мырс етіп кекесінмен күлді. - Жəне түсімде ылғи ай
жарығын көріп жүремін. Оныңыз күлкілі екен деп ойлайсыз ғой.
Қызық қылғанда мен сол сəулемен серуендеп жүремін. Сондықтан
бұл жөніндегі сіздің болжамыңызды білгім келеді. Оны қайдан
іздегелі жатырсыздар? Отырыңыз, құпия қызмет бастығы.
Афраний мамықтақты кереуетке қарай жақындатып, семсерін шың
еткізіп отыра кетті.
Мен оны Гефсиман бағындағы зəйтүн қыспағының маңынан
іздеттіргелі отырмын.
-
Солай, солай деңіз. Ал неге тап сол маңнан іздестірмексіздер?
Игемон, менің топшылауымша, Иуда Ершалимның өзінде
немесе одан əлдеқайда алыс жерде өлтірілген жоқ. Ол Ершалимның
түбінде өлтіріліп отыр.
Сізді мен өз ісінің аса көрнекті білгірі санаймын. Дегенмен
Римдегі жағдай қандай екенін білмеймін, ал отарларда сізбен үзеңгі
қағыстырар ешкім жоқ. Осының сырын түсіндіріңізші.
Иуда қала шегінде бəзбір күмəнді кісілерге еріп, беріле қойды
дегеннен мен əсте де аулақпын, - деді Афраний баяу ғана. Көшеде
көрсетпей бауыздай алмайсың. Ендеше оны еліктіріп подвалға
бірдеңеге алып баруы ықтимал. Ал қызметіміз оны Төменгі Қаладан
іздеп те көрді, мұнда болса табатын да еді. Бірақ ол қалада жоқ, оған
кепіл боламын. Егер оны қаладан шалғай бір жерде өлтірсе, мынау
пакет мұнда соншалық шапшаң жетпес еді. Ол қалаға таяу жерде
өлтірілген. Оны қаланың сыртына алдап шығарған болуы керек.
-
Миым жетпейді, мұндайды қалай істеуге болады, өзі?
Иə, мұның өзі барлық істегі ең қиын мəселе болғалы тұр,
прокуратор, тіпті мұның шешімін табу қолымнан келер, келмесін
білмеймін.
- Шынында да, жұмбақ! Мерекелі кеште дінге сенетін адам қалайша
қаланың сыртына шығып кетеді, пасханың асын тастап барып, сонда
опат болғаны қалай? Оны кім, қалай алдап шығарды. Мұны істеп
жүрген əйел емес пе екен? - деп кенет желпіне сұрады прокуратор.
Афраний салмақты да дəлелді жауап қайтарды:
Ондай болуы мүмкін емес, прокуратор. Мұндай жорамалды
жалпы естен шығару керек. Логикалық тұрғыдан топшылау абзал.
Иуданың ажалына кім мүдделі болды? Бұрын арасында ешқандай
əйел болмайтын бəзбір қаңғыбас қиялшылдар мен қайдағы-жайдағы
үйірмелер қаптап кетті ғой. Үйлену үшін ақша керек, прокуратор,
дүниеге адам əкелу де онсыз мүмкін емес, ал бəзбір əйелдің
көмегімен кісі өлтіру қыруар қаржыны қажет етеді, ал ондай ақша
қаңғыбастарға қайдан келеді. Бұл іске əйел аралас-паған,
прокуратор. Оған қоса айтарым, кісі өлтіруді бұлай талқылау тек
ізден жаңылыстырып, тергеуге кедергі келтіреді, мені де
шатастырады.
Сіздің айтқаныңыз кəміл дұрыс екенін көріп отырмын, Афраний, деді Пилат, - мен тек қана өз топшылауымды айтып жатқаным ғой.
-
Оныңыз, əлбетте, қате, прокуратор.
-
Ал онда не, қалай өзі? - деп қипақтады прокуратор Афраний-дың
бетіне сынай да сұқтана қарап.
-
Мен мұның бəрі сол баяғы ақшадан шыққан деп ойлаймын.
Тамаша пікір! Бірақ түн ішінде, қаланың сыртында кім оған не
үшін ақша ұсынады?
О жоқ, прокуратор, олай емес. Менде жалғыз ғана жорамал бар,
əгарки ол дұрыс болмаса, басқа айтар сөзім жоқ, бəлкім, бұның
шешімін таппаспын да, - деп Афраний прокураторға жақынырақ
еңкейіп, сөзін сыбырмен бітірді: - Иуда өз ақшасын өзіне ғана белгілі
таса жерге жасырған болуы керек.
Өте ұрымтал пікір. Шамасы, істің мəні солай болған да шығар.
Енді сізді түсінемін: оны алдап ертіп апарған басқа адам емес, өзінің
іш пікірі болды. Иə, иə, бұл тек солай.
Солай. Иуда жан баласына сенбейтін. Ақшасын жұрттан
сондықтан да жасырған.
Иə, сіз осы Гефсиманияда дедіңіз бе? Ал, атап айтқанда, неге
оны тап сол жерден іздемексіздер, - мойындар болсам, менің миым
соған жетпейді.
О, прокуратор, бұл оңайдың оңайы. Ақшаны ешкім де жолға,
алаң-ашық жерге тықпайды. Иуда Хевронға шығатын жолда да,
Вифанияға баратын жолда да болған жоқ. Ол қорғанышы, ағаштары
бар таса жерде болған болуы керек. Бұл қиын да емес. Ондай жер
Ершалимның түбінде Гефсиманиядан басқа жер жоқ. Ол алысқа ұзап
кете алмасқа керек.
-
Сіз менің көзімді кəміл жеткіздіңіз. Сонымен, енді не істеу керек?
Мен Иуданың ізіне қала сыртында түсіп өлтіргендерді іздестіруге
жедел кірісемін, ал оған дейін, өзіңізге баяндағанымдай, сотқа
барамын.
-
Не үшін?
Менің күзетім ол Каифа сарайынан шыққаннан кейін кешкілік
базарда жүргенде оның ізінен адасып қалды. Мұның қалай
болғанына миым жетпейді. Өмірімде ондай жағдай ешқашан болған
емес. Сізбен əңгімелескенімізден кейін ол бірден-ақ назарға алынып
еді. Алайда базар ауданында ол басқа жаққа аунап түсіп, оғаштау
тұзақ жасап, із-түзсіз кетіп отырды.
Солай деңіз. Сізге жариялап қояйын, мен сізді сотқа беруді қажет
деп таппаймын. Қолдан келгеннің бəрін жасап, əлемде ешкім атқара
алмайтын іс атқардыңыз, - деп жымиып қойды прокуратор.
Мұндайды сізден артық ешкім де жасай алмайды. Иудадан
айырылып қалған жансыздарға айып салыңыз. Алайда, ескерте
кетейін, айыбыңыз да, сөгісіңіз де шамадан тыс қатал болмасын.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек, біз ол оңбағанды
қамқорлыққа алу үшін аз шаруа жасағанымыз жоқ. Иə, мен сұрауды
ұмытып барады екенмін, - деп прокуратор маңдайының терін сүртті, қалайша олар ақшаны Каифаға тастаудың амалын тапты екен?
Былайша ғой, прокуратор... Бұл онша қиын да емес. Кекшіл-дер
Каифа сарайының іш жағынан, артқы аулаға көлденең көше тіреліп
тұрған жерден өткен ғой. Сосын албардан пакетті лақтыра салған.
-
Хатпен бірге ме?
-
Иə, тура өзіңіз топшылағандай, прокуратор. Иə, əйткенмен,
-
деп Афраний пакеттің мөрін жыртып, ішін Пилатқа көрсетті.
Құдай-ау, сіз не істеп жатсыз, Афраний, мынау мөріңіз шамасы
хроммен басылған ғой.
-
Прокураторға бұл мəселемен бас қатырудың еш қажеті жоқ,
-
деді пакетті жауып жатып Афраний.
Сізде сонда барлық мөр бар ма? - деп сұрады мөрге үңіліп
Пилат.
Əйтпесе болмайды ғой, - деп ешқандай күлкісіз қатаң жауап
қатты Афраний.
-
Каифада не болғанын шамалаймын.
Рас, прокуратор, бұл зор толғаныс қана емес, үлкен дүрбелең де
туғызды. Мені олар бірден шақыртты.
Қаракөлеңкенің өзінде де Пилаттың көзі қалай жарқылдағаны
байқалып тұрды.
-
Бұл қызық екен, қызық...
Қарсы дау айтуыма болады, прокуратор, бұл қызық болған жоқ.
Сондайлық көңілсіз əрі жалықтырарлық. Менің Каифа сарайында
бəз-біреуге ақша төленген жоқ па деген сауалыма, ондай болған жоқ
деген ғана жауап қайтты.
Ə, солай ма? Онда не, төленбеді десе, төленбегені де. Соған
сəйкес кісі өлтірушілерді табу да қиын болады.
-
Тіптен дұрыс айтасыз, прокуратор.
Иə, Афраний, менің басыма тұтқиылдан бір ой келді: ол өзіне-өзі
қол жұмсап өлген жоқ па екен?
О жоқ, прокуратор, - деді тіпті мамықтақта шалқая түсіп
Афраний, - мені кешіргейсіз, бұл мүлдем қисынсыз!
Аһ, бұл қалада бəрі де қисынға келеді, Біраз уақыттан кейін осы
жөніндегі сыбыс күллі қаланы шарлап кеткеніне мен бəс тігемін.
Осы арада Афраний прокураторға көзімен ата қарап, ойланып қалды
да жауап қатты:
-
Солай болуы да мүмкін, прокуратор.
Зайыры, прокуратор Кириафтан келген кісінің өлімі туралы ойдан
арыла алмай отырса керек, барлығы онсыз да түсінікті болғанына
қарамастан, недəуір сылбырлықпен тағы да қиялға батты:
-
Мен олардың оны қалай өлтіргенін көргім келеді.
Ол төтен бір тəсілмен өлтірілген, прокуратор, - деп жауап қатты
Афраний прокураторға келемеждей қараған кейіп танытып.
-
Оны сіз қайдан білесіз?
Қапшыққа назар аударуға мұрсат етіңіз, прокуратор, - деп жауап
қайтарды Афраний. - Иуданың қаны толқындай атылғанына, өз
басым, кепілдік бере аламын. Өз жасымда мен өлгендердің сан
талайын көрдім ғой, прокуратор!
-
Демек, ол енді, əрине, аяғынан тік тұра алмайды,
Жоқ, прокуратор, ол тұрады, - деп жауап қатты Афраний
пəлсəпалай жымиып, - осында күтіп тұрған Мессия кернейі оның
құлағына дабылдатса тұрады. Одан беріде тұрмайды ол.
Жетті, Афраний! Бұл мəселе түсінікті. Енді жерлеудің қамына
көшейік.
-
Жазалап өлтірілгендер жерленді, прокуратор,
О Афраний, сізді сотқа беру қылмыс болар еді. Сіз ең биік
марапатқа лайықсыз. Жерлеу қалай болды, өзі?
Афраний басынан бастап бəрін əңгімелеп берді, ол өзі Иуданың
ісімен айналысып жүргенде құпия күзеттің оның көмекшісі
басқаратын командасы күн кешкіргенде жотаға жетіпті. Алайда олар
жоғарыдағы қылмыскерлердің денесін таба алмапты. Мұны естігенде
Пилат дір ете қалып.
Аһ, қалайша мен мұны алдын ала болжап біле алмадым? -деді
қырылдаған дауыспен.
Оған бола алаңдауға болмайды, прокуратор, - деп Афраний
əңгімесін одан əрі жалғастырды. - Дисмас пен Гестастың көзін
жыртқыш құстар шұқып тастаған мəйітін табанда тауып, үшінші өлікті
іздеуге кірісті. Оны да көп ұзатпай іздеп тапты. Бəз-бір адам...
-
Левий Матвей, - деді Пилат сұрақтан гөрі дəлелдей сөйлеп.
-
Иə, прокуратор.
Левий Матвей Қасқа Бассүйек тауының терістік бөктеріндегі үңгірде
тығылып, қараңғылық түсуін күтіп жатқан-ды. Иешуа Га-Нацридің
жалаңаш денесі онымен бірге болатын. Алау ұстап үңгірге күзетші
кіріп келгенде ол қатты ашынып, ызаға булықты. Ешқандай қылмыс
жасамағанын, заң бойынша кез келген адамның қаласа қылмыскерді
жерлесуге қақысы барын айтып айғайлап берді. Левий Матвей бұл
денеден айырылғысы келмейтінін айтты. Өрекпіп, еренсіз айғайлап,
байланыссыз бірдеңелер айтып, біресе жалынып, біресе қорқытып
лағынет жаудырды...
-
Оны ұстауға тура келді ме? - деп түнере сұрады. Пилат.
Жоқ, прокуратор, жоқ, - деп өте-мөте жайбарақат жауап қатты
Афраний, - есуас тентекті тыныштандырып, мəйіттің жерленетіні
түсіндірілді.
Левий айтқанды ой елегінен өткізіп басылды, бірақ ешқайда
кетпейтінін, жерлеуге қатысқысы келетінін мəлімдеді. Ол тіпті өлтірсе
де кетпейтінін айтып, өлтіргілері келсе кəдеге асар деп нан кесетін
қасындағы пышағын да ұсынды.
-
Оны қуып жіберген шығар? - деп басыңқы үнмен сұрады Пилат.
Жоқ, прокуратор, жоқ. Менің көмекшім оған жерлеуге қатысуына
рұқсат беріпті.
Көмекшілеріңіздің қайсы бұл шаруаға басшылық жасады? -деп
сұрады Пилат.
Толмай, - деп жауап берген Афраний қобалжып; - бəлкім, ол
қателескен де болар? - деді.
Айта беріңіз, - деді Пилат, - қателік болған жоқ. Жалпы мен
абдыраңқырап отырмын, Афраний, зайыры ешқашан қателік
жасамайтын кісімен істес болып отырсам керек. Ол кісі мына отырған
өзіңіз.
Левий Матвейді жазалап өлтірілгендердің мəйітімен бірге арбаға
отырғызды, арада бір сағат өткенде Ершалимнің терістік жағындағы
елсіз үңгірге жетті. Сол жерде команда кезектесіп жұмыс істеп, бір
сағаттың ішінде терең шұңқыр қазып бітті де, жазалап
өлтірілгендердің үшеуін де соған жерледі.
-
Жалаңаш жерленді ме?
Жоқ, прокуратор, команда ол мақсат үшін өздерімен хитон-дар,
яғни əлгі ұзын көйлектерді алып барған. Жерленгендердің саусағына
сақиналар кигізілді. Иешуаның сақинасында бір кертпе, Димаста екеу, ал Гестаста үш кертпе бар. Шұңқыр көміліп, таспен
бастырылды. Тану белгісі Толмайға мəлім.
Еһ, егер мен алдын ала көре білсем ғой! - Маңдайын тыржитып
бір күрсініп алды Пилат. - Маған əлгі айтқан Левий Матвейді көру
керек еді ғой...
-
Ол осында, прокуратор!
Пилат көзі атыздай боп бірауық Афранийға қадалды да қалды, сосын
тілге келіп былай деді:
Бұл іске орай жасалғанның барлығы үшін сізге алғыс айтамын.
Ертең маған Толмайды жіберуіңізді сұраймын, оған менің разы
екенімді алдын ала хабарлауыңызға болады, ал сізге, Афраний,
мынау, - деп үстелдің үстінде жатқан белдігінің қалтасынан жүзік
алып құпия қызмет бастығына берді, - менен ескерткіш ретінде
қабылдауыңызды сұраймын.
Афраний басын иіп:
-
Зор құрмет, прокуратор! - деді.
Жерлеу жұмысын тындырған команданы марапаттауыңызды
өтінемін, Иудадан айырылып қалған жансыздарға сөгіс. Ал Левий
Матвейді қазір маған кіргізсін. Маған Иешуа ісінің бүге-шігесін білу
қажет.
Құп болады, прокуратор, - деп үн қатып Афраний шегіншек-теп,
бас иіп тағзым ете бастады, прокуратор болса алақанын соғып, айғай
салды.
-
Маған, мұнда келіңдер колоннадағы шырақ жағылсын!
Афраний баққа кетіп те қалған, ал Пилаттың ту сыртында
қызметшілердің қолында оттар жарқылдады. Прокуратордың
алдындағы үстелге үш шырағдан бірден қойылды да, айлы түн
Афраний өзімен бірге алып кеткендей заматта баққа көшті.
Афранийдың орнына балконға кішкентай арық кісі дəу кентурион-мен
бірге қадам басты. Бұл алып прокуратордың көзқарасын бірден
танып табан аузында баққа шегініп, зым-зия болды.
Прокуратор келген кісіні сұғанақ бірақ сəл үрейлі көзбен ішіп-жеп
зерттеуге кірісті. Əдетте бұлайша тек ол туралы бұрын көп естіген,
өзі де ол туралы көп ойлаған адамын көргенде ғана қарайды.
Келген кісі жасы қырықтар шамасындағы қара, үсті-басы алба-жұлба,
жұққан сатпақ-сазы қалған, қабағының астынан айналасына
қасқырша қарайтын адам екен. Бір сөзбен айтқанда ол өте сұрықсыз,
храм террасаларында Төменгі Қаланың шулы базарла-рында аяқ
алып жүргісіз қала қайыршыларына ұқсайды екен.
Үнсіздік ұзақ созылып, ол Пилатқа əкелінгеннің оғаш тəртібінен
бұзылды. Оның өңі бұзылып, теңселіп кетіп, кір қолымен үстелдің
жиегінен ұстай алмағанда құлап кете жаздады.
-
Саған не болды? - деп сұрады одан Пилат.
Ештеңе де, - деп жауап қатты Левий Матвей, сосын ол бірдеңені
жұтып жібергендей қимыл жасады. Арық, аш-жалаңаш, сатпақ кір
мойыны бір ісініп, бір қалпына түседі.
-
Саған не болды, жауап қат, - деп қайталады Пилат.
Қалжырадым мен, - деп жауап берген Левий тұнжырап еденге
қарады.
-
Отыр, - деп Пилат мамықтақты нұсқады.
Левий прокураторға сенімсіздеу қарап, мамықтаққа қарай жылжыды,
оның алтын тұтқасына көзінің қиығын тастап шошып кеткен ол
мамықтаққа емес, еденге отырды.
-
Түсіндірші. Мамықтаққа неге отырмадың? - деп сұрады Пилат.
-
Мен кірмін, оны ластаймын ғой, - деді Левий жерге қарап.
-
Қазір саған тамақ əкеледі.
-
Менің ештеңе ішкім келмейді, - деп жауап қатты Левий.
Өтірік айтып қажеті не? - деді Пилат ақырын. - Сен күні бойы нəр
татқан жоқсың ғой, бəлкім одан да ұзақ ештеңе ішпеген шығарсың.
Ал жақсы, ішпей-ақ қой. Менің шақырған себебім, өзіңмен алып
жүрген пышағыңды көрсетсін маған деп едім.
Солдаттар оны осында енгізерде тартып алып қалды, - деп
жауап берген Левий мынаны қоса айтты: - Сіз оны маған қайтарып
беріңіз, қожайынына қайтару қажет, өзін ұрлап алып едім.
-
Не үшін?
-
Арқандарды қию үшін, - деп жауап берді Левий.
Марк! - деп айқайлады прокуратор, кентурион замат бағанның
астына келді. - Мынаның пышағын маған беріңіз.
Кентурион беліндегі екі қапшықтың бірінен суырып кірқожалақ нан
кесетін пышақты прокураторға беріп, өзі тайып тұрды.
-
Ал пышақты кімнен алып едің?
-
Хеврон қақпасындағы нан дүкенінен алғанмын, қалаға кірген соң
бірден солға бұрылсаң болды.
Пилат пышақтың жүзіне қарады, өткір ме екен деп саусағымен
байқап көрді де, неге екені белгісіз, былай деді:
Пышақ жөнінде қам жеме, оны дүкенге қайтарады. Енді маған
екіншісі керек: өзіңмен бірге алып жүретін, Иешуаның сөздері
жазылған хартияны көрсетші.
Левий Пилатқа өшпенділікпен қарады да, кекесінмен жымиып күлді,
өңі тіпті танымастай болып бұзылып кетті.
Барлығын тартып алғыңыз келе ме? Ең соңғы барымды да
алмақсыз ба? - деп сұрады.
Мен саған бер деп тұрғаным жоқ қой, - деп жауап қатты Пилат, көрсет дедім ғой тек.
Левий қойнын ақтарып, бүктеулі пергамент алып шықты. Пилат оны
алып жазып, оттардың арасына жайып жіберіп, көзін сығы-райтып
сиямен айдақтата салған түсініктілігі шамалы белгілерді зерделей
бастады. Дегенмен, ол жазылғандардың өзара байланысы аз бəз-бір
нақылдар, кейбір атаулы күндер, шаруашылық ескерт-пелер, өлеңжырлардың үзіндісі екеніне көз жеткізді. Кейбірін Пилат оқып шықты:
“Ажал деген жоқ... Кеше біз көктемгі баккурот жедік, тəтті екен...”
Ширыққаннан тыржиып Пилат көзін сығырайтып мынаны оқыды: “Біз
өмір нəрі - судың тап-таза дариясын көреміз... Адамзат күнге мөлдір
кристалл арқылы қарайтын болады...”
Бір тұста Пилат дір ете қалды. Пергаменттің соңғы жолдарынан
“қорқақтықтан асқан кесел жоқ...” деген сөздерді ажыратты.
Пилат пергаментті шиыршықтап шалт қимылмен оны Левийге берді.
Ал, - деді де, сəл үнсіз қалып, қайта сөйледі: - Байқаймын, сен
кітаби адам сияқтысың, саған жападан-жалғыз қайыршының киімін
киіп, баспанасыз жүрудің қажеті жоқ. Менің Кесарияда үлкен
кітапханам бар, əрі аса бай адаммын, сені қызметке алғым келеді.
Сен папирустарды, яғни жəдігерлерді талдап, тəртіпке салып
сақтайтын боласың. Тамағың тоқ, көйлегің көк болады.
Левий орнынан тұрып, жауабын айтты:
-
Жоқ, ондайды қаламаймын.
Неліктен? - деп сұрады прокуратор жүзі күреңітіп. - Мен саған
сүйкімсізбін бе, менен қорқасың ба?
Əлгі бір ерсі күлкі Левийдің өңін бұзып, ол турасын айтты:
Жоқ, себебі сен менен қорқатын боласың. Сен оны өлтір-геннен
кейін менің бетіме қаймықпай қарауың оңай болмайды.
-
Өшір үніңді, - деді Пилат, - ақша ал.
Левий қарсылық білдіріп басып шайқады, ал прокуратор сөзін
жалғады:
Сен өзіңді Иешуаның шəкірті санайсың, оны мен білемін, бірақ
ол үйреткеннен ештеңе игерген жоқсың. Өйткені дұрыстап бірдеңе
үйренген болсаң, сен менен міндетті түрде бірдеңе алар едің. Есіңде
болсын, ол өлер алдында ешкімді де кінəламаймын деген. Пилат
мəн бере саусағын шошайтты, беті бүлк-бүлк етті. -Ол өзі болса
сөзсіз бірдеңе алар еді. Сен қаталсың, ал ол қатыгез болмайтын.
Қайда барасың сен?
Левий кенет үстелге жақындап, оған екі қолымен де сүйеніп,
ұшқындаған көзімен прокураторға тесіліп, оған күбір етті:
Сен, игемон, біліп ал, мен Ершалимде бір адамды бауыздаймын.
Қан əлі де төгілетінін сен біліп жүрсін деп, соны саған айтқым келді.
Қанның əлі де төгілетінін мен де білемін, - деп жауап қайтарды
Пилат, - сондықтан өз сөзіңмен мені таңдандырған жоқсың. Əрине,
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Майталман шебер мен маргарита - 23
  • Parts
  • Майталман шебер мен маргарита - 01
    Total number of words is 4188
    Total number of unique words is 2185
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 02
    Total number of words is 4307
    Total number of unique words is 2150
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 03
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2321
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 04
    Total number of words is 4091
    Total number of unique words is 2369
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 05
    Total number of words is 4231
    Total number of unique words is 2275
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 06
    Total number of words is 4275
    Total number of unique words is 2183
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 07
    Total number of words is 4179
    Total number of unique words is 2056
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 08
    Total number of words is 4162
    Total number of unique words is 2288
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 09
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2258
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 10
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2360
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 11
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2204
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 12
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2334
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 13
    Total number of words is 4076
    Total number of unique words is 2131
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 14
    Total number of words is 4303
    Total number of unique words is 2195
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 15
    Total number of words is 4283
    Total number of unique words is 2173
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 16
    Total number of words is 4122
    Total number of unique words is 2215
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 17
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2274
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 18
    Total number of words is 4328
    Total number of unique words is 2150
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 19
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2195
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 20
    Total number of words is 4323
    Total number of unique words is 2138
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 21
    Total number of words is 4279
    Total number of unique words is 2228
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 22
    Total number of words is 4275
    Total number of unique words is 2177
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 23
    Total number of words is 4051
    Total number of unique words is 2294
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 24
    Total number of words is 4132
    Total number of unique words is 2321
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 25
    Total number of words is 4367
    Total number of unique words is 2146
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 26
    Total number of words is 4184
    Total number of unique words is 2326
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 27
    Total number of words is 2124
    Total number of unique words is 1367
    38.1 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.