Latin Common Turkic

Майталман шебер мен маргарита - 26

Total number of words is 4184
Total number of unique words is 2326
33.3 of words are in the 2000 most common words
47.5 of words are in the 5000 most common words
54.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
сіңіп жүре берді. Онымен бірге Маргарита да ғайып болды.
Балконның тортемірі де жабылды.
Иванушка беймазалана бастады. Төсегіне отырып, жан-жағына
алақтай қарады, қатты күрсініп, өзімен-өзі сөйлесіп, тұрып кетті.
Нажағайлы нөсер барған сайын күшейіп үдей түсті, зайыры сол да
көңілді қобалжытса керек. Тұрақты тыныштыққа үйренген оған есіктің
сыртындағы дауыстар мен дамылсыз жүріс-тұрыс та əсер етіп,
мазаласа керек.
Прасковья Федоровна! - деп шақырды ол күйгелектене
қалшылдап.
Прасковья Федоровна бұл кезде бөлмеге еніп, Иванушкаға сұраулы
кейіппен үрейлене қарап тұрған-ды.
Не? Не болып қалды? - деп сұрады ол, - нажағай мазалап жатыр
ма? Онда оқа емес, оқа емес... Қазір сізге көмектесеміз. Қазір
докторды шақырамын.
Жо-жоқ, Прасковья Федоровна докторды шақырудың керегі жоқ,
- деді Иванушка Прасковья Федоровнаға емес, қабырғаға
мазасыздана қарап, - менде алып-жұлып бара жатқан ерекше
ештеңе жоқ. Енді өзіме-өзім келемін ғой, оған бола қорықпаңыз. Сіз
одан да маған мынаны айтыңызшы, - деп жалына өтінді Иван,
-
мынау қатар тұрған он сегізінші бөлмеде тап қазір не болды?
Он сегізінші дейсің бе? - деп қайта сұраған Прасковья
Федоровнаның көзі бір орнында тұрмай қыдырып кетті, - онда
ештеңе де болған жоқ. - Бірақ оның даусы жасанды еді, соны
табанда аңғарған Иван былай деді:
-
Е, Прасковья Федоровна! Сіз сондай шыншыл адам едіңіз.
Немене, мен құтырып кетеді деп ойлайсыз ба? Жоқ, Прасковья
Федоровна, ондай болмайды. Сіз одан да турасын айтыңыз. Мен
қабырғаның аржағындағыны түгел сезіп жатырмын ғой.
Сіздің көршіңіз қазір ғана қайтыс болды, - деп күбір етті
Прасковья Федоровна өзінің шыншылдығы мен қайырымды-лығынан
аса алмай ақиқатын айтып, сосын нажағай жарығына оранып
Иванушкаға үрейлене қарады. Алайда Иванушкада айта қалардай
оғаш ештеңе болған жоқ. Ол өзіндік мағына беріп саусағын
шошайтты да былай деді:
Соны өзім де біліп едім! Прасковья Ивановна, қалада қазір тағы
да бір адам қайтыс болды. Тіпті мен оның кім екенін де білемін,
-
деп Иванушка жұмбақтай жымиып күлді. - Ол əйел адам.
Отыз бірінші тарау
ВОРОБЬЕВ ТАУЛАРЫНДА
Нажағай із-түзсіз ғайып болып, бүкіл Мəскеудің үстінен садақ-тай
иіліп аспанда түрлі түсті кемпірқосақ керіліп кеп Мəскеу өзенінен су
ішті. Тауда екі шоқ орманның арасындағы биікте үш күңгірт сұлба
көрінді. Ерттелген үш қара аттың үстінде өзеннің аржағына қанатын
кең жайған қалаға, күн сынықтарын шағылыстырып батысқа қарап
тұрған мың сан терезелерге, Қыздар монастырінің сарғыш
мұнараларына көз алмай тесіліп Воланд, Коровьев жəне Бегемот
отырды.
Ауада шу естіліп, қара плащының етегінен ұстағандай шебер мен
Маргарита бірге ұшып келген Азазелло күтіп тұрған топтың қасына
кеп түсті.
Сіздерді мазалауға тура келді, Маргарита Николаевна жəне
шебер, - деп сөз бастады сəл-пəл үнсіздіктен кейін Воланд, -алайда
маған кінə артпайтын шығырсыздар. Бұл жөнінде өкінеді деп жəне
ойламаймын. Олай болса, қаламен қоштасыңыз, - деп ол бір ғана
шеберге қарады. - Біздің уақытымыз болды. - Воланд аузы кең қара
қолғап киген қолын өзеннің аржағындағы қисапсыз күн сынықтарын
балқытып жатқан терезелерге, сол күншелердің үстіндегі қаланы
күнұзақ қайнатқан бу мен түтін, тұманға нұсқады.
Шебер ерден домалай түсіп, тұрғандарды тастай беріп, жотаның
жарына қарай жүгірді. Қара плащты жер сүйретіп өзімен бірге бара
жатты. Шебер таңырқап қаланы шола бастады. Алғашқы бетте
жүректі сыздататын бір мұң пайда болды, алайда ол тез тарап, тəтті
бір үреймен, қаңғыма сыған толғанысымен алмасты.
Мəңгіге! Мұны ой елегінде екшеу керек! - деп сыбырлады шебер,
сосын жарылып кеткен, кебу ернін жалады. Ол тың тыңда-ғандай
болып, замат көңілінде не бұрқанып жатқанын байқағысы келді.
Өзіне білінгеніндей, оның тебіренісі терең де кекті өкпе-ренішке
ұласқан секілденді. Бірақ ол сезім де тұрақты болмай, неге екені
белгісіз, өркөкірек немқұрайдылықпен алмасты, ал ол тұрақты
тыныштық болжамымен ауысты.
Шабандоздар тобы шеберді үн-түнсіз күтті. Олар жар басындағы
ұзын қара сұлбаның ыммен қимылдап, бүкіл қаланы жанарына
сыйғызғысы келгендей, шеті-шегін түгел қамтуға тырысқандай басын
қақшита көтеріп, кенет аяғының астындағы қураған шөпті
зерттегендей төмен түскеніне кірпік қақпай қарап тұрды.
Үнсіздікті зерігіп кеткен Бегемот бұзды:
Маған рұқсат беріңізші, мэтр, қоштасу рəсімі ретінде бəйге
алдында бір ысқырайын!
Сен бикені шошытып алуың мүмкін, - деп жауап қатты Воланд, оның үстіне бүгін жасаған бейбастықтығыңның біткенін ұмытпа.
-
Ой, жоқ, жоқ, мессир, - деп үн қатты амазонка құсап бір бүйірлеп,
көйлегінің артқы етегі жер сүзіп ерде отырған Маргарита, - рұқсат
етіңіз, ысқырсын. Алыс жолдың алдында мені мұң меңдеуге
айналды. Мұндайда мұң басуы заңды ғой, рас емес пе, мессир, тіпті
ұзын жолдың ақырында бақыт күтіп тұрса да адам алаңдайды ғой.
Ол бізді бір күлдірсінші, əйтпесе бұл көз жасымен аяқталып, жолға
шығар алдында бəрі бүлініп кетер.
Воланд Бегемотқа иек қақты да, ол жаны кіріп, ерден қарғып түсіп,
саусағын аузына салып, ұртын томпайтып, ысқырып кеп берді.
Маргаританың құлағы күмбірлеп кетті. Аты аспанға шапшып, шоқтағы
ағаштардың қу бұтақтары құлап, қарғалар мен торғайлардың тұтас
үйірі ұшып шықты, тозаңнан құйын тұрып, өзенге қарай ұйтқыды,
айлақтың жанынан жанай өтіп бара жатқан өзен трамвайындағы
жолаушылардың бірнеше кепкесі ұшып суға түсті. ЬІсқырықтан
шебер де дір ете қалды, бірақ бұрылған жоқ, бұрынғыдан да жұлқына
қимылдап, мазасызданып қолын аспанға көтерді, бейне бір қаланы
қорқытқан саңайлы. Бегемот жан-жағына масаттана қарады.
Ысқыруын ысқырдың, оған дауым жоқ, - деп ілтипатпен атап өтті
Коровьев кішіпейілділік танытып, - шынында да ысқырып бердің,
бірақ əділіне көшсек, ысқырығың орташа ғана болды.
Мен өйткені регент емеспін ғой, - деп өрлене əрі өкпелей жауап
қатқан Бегемот ойламаған жерде Маргаритаға көз қысып қалды.
Кəне, ескі əдет бойынша мен де бір ысқырып көрейінші, -деп
Коровьев қолын сүртіп, саусақтарын үрледі.
Ал сен байқа, байқап ысқыр, - деген Воландтың қатқыл үні
естілді, - бір мүшеңді бүлдіріп алып жүрме.
Мессир, сеніңіз, - деп үн қатқан Коровьев қолын жүрегіне қойды.
- Қылжақтаған соң қылжақты да жеріне жеткізу керек қой. - Ол кенет
жоғары созылды, бейне бір резеңке сияқты, оң қолының
саусақтарынан жұмбақ бір бейнелер жасады, сосын бұранда құсап
бұратылды, кенет шыр айналып ысқырып кеп жіберді.
Бұл ысқырықты Маргарита естіген жоқ, бірақ оның асау атымен қоса
оны саржандай жерге аулақ атып жібергенін көрді. Оның жанында
емен ағашы түп-тамырымен қопарылып, өзенге дейінгі жер түгел
опырылып қалыпты. Жағаның бір бөлігі айлағымен,
мейрамханасымен өзеннің ортасына барып ошарылған. Өзеннің суы
қайнап тасып, аспанға шапшып жатыр, ал қарсыдағы жасыл, ойпаң
жаға жолаушыларының бəрі сау-сəламат өзен трамвайын жай ғана
шайқайды. Маргаританың осқырынған атының аяғы астында
Фаготтың ысқырығынан жүрегі ұшып өлген ұзақ қарға жатыр. Бұл
ысқырық шеберді де шошытты. Ол басын ұстай алып, өзін күткен
серіктерінің тобына қарай қайта жүгірді.
Ал енді не? - деді оған ат үстінде биік тұрған Воланд, - барлық
есеп төленді ме? Қоштасып болған шығарсыз?
- Иə, қоштастым, - деп жауап қатқан шебер тынышталып, Воландтың
жүзіне батыл əрі тура қарады.
Сол сəт тауларды керней үніндей күшті Воландтың даусы
жаңғырықтырды.
-
Уақыт болды!!
Оған Бегемоттың қатты ысқырығы мен қарқылдаған күлкісі қосылды.
Аттар жұлқи жөнелді де, жоғары көтеріліп, жүйтки тартты, Маргарита
құтырған атының ауыздық орнына мундуштук тістеп, сорып келе
жатқанын сезді. Воландтың плащы жайылып, салт аттылардың
басын түгел бүркеп, екі кештің арасында күллі аспанды жаба
бастады. Қара жамылған бір сəт бір жағына ауғанда Маргарита
құйғытып шауып бара жатып артына бұрылып қарағанда, түрлі түсті
мұнараларды, оларды айналып ұшып жүрген аэропланды былай
қойып, қаланың өзі болмай шықты, ол жер астына түсіп кетіп,
артында тек тұман ғана қалған тəрізді.
Отыз екінші тарау
МАРХАБАТ ЖƏНЕ МƏҢГІ МЕКЕН
Құдая, құдайлар, құдайлар! Кешкісін жер қандай жабырқау! Мибатпақтың үстіне түскен тұман қандай тылсым! Бұл тұманның
арасында кім көп қаңғыды екен, ажал алдында кім көп қиналды екен,
мойнына шамадан тыс жүк артып, бұл жұмыр жердің үстімен кім көп
ұшты екен, міне, сол ғана бəрін білсе керек. Мұны жəне шаршапшалдыққан біледі. Міне, сол ғана бұл жердің тұманын, ми-батпағын,
өзен-көлін өкінішсіз тастап, өлімнің құшағына зілсіз жүрекпен, қамсыз
көңілмен беріледі, əлбетте, тек сол ғана “оны тыныштандырады”.
Сиқырлы қара аттар, олар да танауратып, шабандоздарын баяу
тартып келеді, болмай қоймайтын түн оларды қуып жетуге таяу.
Соны ту сыртымен сезген жақ жаппас Бегемот та тырнағымен ерге
жабысып, құйрығын күдірейтіп, салмақтымсып үнсіз ұшып келеді. Түн
қара желеңімен ормандар мен шабандоздарды бүркеп, түу алыс
төменде қажетсіз оттарды жақты, олар енді Маргаритаға да, шеберге
де қажетсіз, қызықсыз əрі жат, бөтен оттар. Түн салт аттылар легін
қуып жетіп, оларға төбеден төнді, мұңайған аспанның бірде ана,
бірде мына жеріне жұлдыздырдың ақ дағын септі.
Түн қоюланып, үзеңгілесе құйғытып, шауып келе жатқандардың
шапанына жармасып, иықтарынан жұлып алып, айласын
əшкереледі. Салқын жел желпіген Маргарита көзін ашқанда,
мақсатына қарай ұшып бара жатқандардың бəрінің бейнесі қалай
өзгеретінін көрді. Қарсы алдынан орманның шетінен толған ай
қызарып шыққанда, барлық қулық-сұмдық алдау-арбау ғайып болды,
тұрақсыз сиқырлы киім ми-батпаққа батып, тұманға сіңді.
Воландпен қатар шебердің сүйіктісінің оң қолы жағында ұшып келе
жатқан кешегі ешқандай аудармашыны қажет етпейтін құпия
консультанттың жанындағы аудармашымын деп жұртты алдап
жүрген Коровьев-Фаготты дəл қазір тану екі талай. Воробьев
тауларынан цирктің жамау-жасқау киімімен Коровьев-Фагот деген
есіммен аттанған кісі қазір тізгінінің алтын шынжыры баяу шылдырап,
қара-күлгін киім киген, ешқашан жымимайтын қабағы қарс жабылған
сері болып самғап келеді. Иегін кеудесіне тіреп алған ол айға да
қараған жоқ, астында жатқан жерге де қараған жоқ, өз ойымен өзі
болып, Воландпен қатар келе жатыр.
Ол неге бұлай өзгеріп кетті? - деп сұрады Маргарита желдің гуілі
астында баяу сөйлеп Воландтан.
Бұл серің баяғыда бір сəтсіз қылжақтаған-ды, - деп жауап берді
бетін Маргаритаға бұрып көзі баяу алаулаған Воланд. - Оның терісшалыс шығармалары жарық пен түнек туралы онша жақсы түсінік
бермеді. Сондықтан бұл сабазға өзі ойлағаннан да көбірек
қалжыңдап, сайқымазағын үдете түсуге тура келді. Ал бүгін сол есеп
айырысатын түн ғой. Сері бүгін өз есебін түгел төлеп, жауып келе
жатыр.
Түн Бегемоттың да түгі қалың құйрығы мен үстіндегі жүнін жұлып, мибатпаққа лақтырып тастады. Мысық боп, түнек кінəздарының көңілін
тауып жүрген күлдіргің жүдеубас бозбала, əлемде бұрын-соңды
теңдесі болмаған атышулы жас пері-сайқымазақтың өзі екен. Енді ол
тынышталып, жас өңін ай нұрына жуып келе жатыр.
Бір бүйірден сауыт-сайманы болаттай жарқылдап Азазелло ұшып
келеді. Ай оның да бет пішінін өзгерткен. Ақсиған сұмпайы азуы ізтүзсіз жоғалыпты, көзінің шапырашы да жасанды болып шықты.
Азазеллоның екі көзі де бірдей қара қылаусыз, жүзі аққұба, салқын,
сұсты екен. Енді ол елсіз-күнсіз шөлдің дəуперісі, қаныпезер
қарақшысы боп ұшып келеді.
Маргарита өзін көре алмады, бірақ шебердің қалай өзгергенін
байқады. Оның шашы ай жарығымен ағарып, артқы жағы бұрым боп
өріліп, желмен желпілдеп келеді. Жел шебердің аяғынан плащын
үрлеп түсіргенде оның саптама етік киіп, шпоры жұлдыздай бірде
сөніп, бірде жанып жарқ-жұрқ етіп келе жатқанын көрді. Ол жас періге
ұқсап, жақсы танитын сүйіктісіндей айдан көз алмай жымиып, №118бөлмедегі əдетінше өзімен-өзі сөйлесіп, күбірлеп келеді.
Ақыр аяғында Воланд та өзінің шын кейпіне түсіп самғай бастады.
Маргарита оның ұстаған тізгіні неден жасалғанын айта алмас еді, ай
нұрынан өрілген шынжыр болар деп ойлады, ал атының өзі түнектің
бір бөлегі сияқты жалы шудаланған бұлт та, шабандоздың шпоры
жұлдыздардың ақ дағы іспетті.
Осылай олар төмендегі жер бедерінің өзі өзгергенше үнсіз ұзақ
ұшты. Мұңлы ормандар жердегі қараңғылыққа жұтылып, өзендердің
күңгірт бұрымын өзімен бірге ала кетті. Төменде көне заманнан
қалған дəу тастар жалтырады, олардың арасындағы қуыстар
қарауытты, оларға жарық түспейтіні бесенеден белгілі.
Воландтың құлазыған биік құздың жайпақ тастақты жеріне əкеп
тоқтатты, одан əрі шабандоздар атын аяңға түсіріп, тұяқтардың тақта
тастарды тағасымен қалай қашап дүрсілеткені естіліп тұрды.
Алаңқайға ай ашық жасыл сəулесін төгіп, Маргарита тақыр жерде
тұрған орынтақты, онда отырған адамның ақ сұлбасын көрді. Оған
отырған кісі керең немесе терең ойға шомған адамдай көрінді. Ол
аттардың тастақ жерді қалай дүбірлеткенін есітпеген кейіп танытты,
шабандоздар да оны мазаламай, тек жақындай түсті.
Ай Маргаритаға жақсы көмектесіп, ең тəуір электр шамынан артық
жарық түсірді. Маргарита отырған адамның қолын уқалап зағип көзін
айдың табағына қадап отырғанын байқады. Енді Маргарита ауыр тас
орынтақтың қасында айдың иесі құсап маза-сызданып көз алмай
тайшадай, құлағы тікірейген дəу қара иттің жатқанын анық көрді.
Отырғанның аяғы астында сынған көзінің сынықтары, кеппейтін
қаракүрең бірдеңе көлкіп жатыр.
Шабандоздар аттарын тоқтатты.
- Сіздің романыңыз оқылды, - деді Воланд сөзін шеберге арнап, - тек
бір ауыз ғана сөз айтты, өкінішке орай, шығармаңыз аяқталмапты.
Міне, сондықтан да өзіңізге қаһарманыңызды көрсетсек деп едік. Ол
осынау алаңқайда екі мың жылға жуық ұйықтап отыр, алайда толған
ай келгенде, өзің көргендей оны ұйқысыздық азапқа түсіреді.
Ұйқысыздық оның өзін ғана емес, адал сақшысы - итін де азаптайды,
Егер дұрыс айтылса, қорқақтық - ең ауыр кесел, бұл жөнінен иттің еш
кінəсі жоқ. Төбеттің жалғыз-ақ қорқатыны осы нажағай. Ал олай
болса, кім кімді сүйсе де, əрине, шын сүйсе, соның тағдырын да
бөлісуі керек.
Ол не айтып тұр? - деп сұрады Маргарита, оның мейлінше
байсалды жүзінен қайғыға ортақтасудың буалдыр түтіні білінді.
Ол былай дейді, - деген Воландтың даусы шықты, - ай туғанда
тынышым қашады дейді, лауазымым нашар дейді - айтатыны осы
ғана. Осы сөздерді ол бағзыдан бері ұйықтай алмағанда айтады, ал
ұйықтағанда тек айлы жолды ғана көреді, сол жолмен тартып
отырып, тұтқын Га-Ноцримен əңгімелескісі келеді, өйткені оның
көктемгі нисан айының он сегізінші жұлдызында айта алмай қалған
сөзі бар көрінеді. Əйткенмен сол жолға шығудың бір сəті түспей-ақ
қойса керек, өйткені оған келер, көмек берер ешкім жоқ. Сондықтан,
амал қанша, өзіңмен-өзің сөйлесуіңе тура келеді. Айтқандай, ненің
болсын түрленуі, алуандануы керек қой, ол өзінің ай туралы сөзіне
дүниедегі ең жеккөретіні өлмей мəңгі жасау мен құлақ естіп, көз
көрмеген даңқ екенін қосып қояды. Тіпті өз тағдырын алба-жұлба
қаңғыбас Левий Матвеймен құлшына айырбастағысы келетінін
нығарлай түседі.
Бір айға бола он екі мың айды құрбан қылу деген тым аса
кеткендік емес пе? - деп қалды Маргарита.
Фриданың уақиғасы қайталанып отыр, - деді Воланд, - бірақ,
Маргарита, өзіңізді-өзіңіз қобалжытпаңыз. Барлығы да дұрыс
болады, əлемнің өзі осыған негізделген.
-
Босатыңыз оны, - деп кенет Маргаританың ышқына айқайлағаны
сондай, мыстан болған кезіндегідей сол ащы айқайдан таудың
тастары домалап, текшелер арқылы жер-көкті жаңғы-рықтырып
түпсіз терең шыңырауға құлады. Алайда Маргарита таудағы бұл
күркіреудің тастардың құлағанынан болғанын, əлде ібілістің
күлкісінен туғанын тап басып айта алмады. Қалай болғанмен
Маргаритаға қарап қойып, Воланд күліп тұр еді.
Тауда айғайлауға болмайды, - деді ол, - тастардың құлауына ол
бəрібір үйренген, бұл оны алаңдата алмайды. Сізге оны босат деп
сұраудың керегі жоқ, өйткені ондай өтінішті ол өзі əңгімелесуге
соншалық құлшынған жан да айтқан, Маргарита, -Осы арада Воланд
кемелге қайта бұрылып былай деді: - Ал енді сіз романыңызды бір-ақ
сөйлеммен бітіруіңізге болады.
Шебер отырған прокураторға қарап қимылсыз тұрып осыны көптен
күткендей еді. Ол екі алақанын аузына қалай ұстап елсіз-күнсізорман-нусыз тауларды жаңғырықтырып бар даусымен айғай салды:
-
Азатсың! Азатсың! Ол сені күтіп тұр!
Таулар шебердің айғайын жаңғырық емес, күннің күркіріне
айналдырып, сол сатыр-сұтырдан таулардың өзі талқан болды.
Қарғыс атқан жақпар тасты қабырғалар құлап түсті. Алаңқайда
жалғыз-ақ тас орынтақ қана қалды. Тас қабырғалар сырғып түскен
түпсіз шыңырауда сан мың айлар бойы мəуелеп өскен бақтағы жарқжұрқ еткен алтын адамдары бар ұлан-ғайыр қала өртенді.
Прокуратордың көз майын таусып көп күткен айлы жолы тура əлгі
бақтан тартылмаушы ма еді, оны бойлап бірінші боп жүгіруге
ұмтылған құлағы тікірейген төбет еді ғой. Қызыл астарлы ақ плащ
киген адам орынтақтан көтеріліп, қырылдаған дауыспен бірдеңе деп
айқайлады. Оның жылап тұрғанын немесе күліп тұрғанын жəне не
айғайлағанын айыру қиын еді. Ізінше сенімді сақшысының соңынан
сол айлы жолмен прокуратордың да еңкілдеп жүгіріп бара жатқаны
ғана көзге шалынды.
- Мен де соның соңынан кетейін бе? - деп сұрады беймаза шебер,
тізгінін қағып.
-
Жоқ, - деді Воланд, - біткен адамның ізін қуып қажеті қанша?
Демек, ол ана жаққа аттанды ғой? - деп сұрады артқа бұрылып
кейінгі жақты, əлгі əзірде өздері тастап шыққан сарғыш мұнарлы
монастырьлері, күн сынықтарын жалтыратқан əйнектері бар алыс
қалған қаланы нұсқап.
Жоқ, ол да емес, - деп жауап қатты Воланд, оның дауысы
гүрілдеп, жартастарды жаңғырықтырды, - қиялшыл хас шебер! Өзіңіз
ойлап тапқан жəне жаңа ғана өзіңіз босатып жіберген қаһарман
көруге соншалық құлшынған жан сіздің романыңызды оқып шықты. Осы арада Воланд Маргаритаға бұрылды. -Маргарита Николаевна!
Сіздің шебер үшін ойлап тапқан ең əйбат болашағыңызға сенбеуге
əсте болмайды, бірақ та Иешуаның өтінішімен сіздерге мен
ұсынатын болашақ одан да жақсы, оларды енді тастаңдар, - деді
Воланд өз ернінен шебердің ерніне еңкейіп, кетіп қалған
прокуратордың соңынан иек қағып, - оларға бөгет болмайық. Бəлкім
олар бірі болмаса біріне келісіп те қалар, - деп Воланд Ершалим
жаққа қолын сілтеп еді, қала сөніп қалды.
Анау жақ та солай сөнді, - деп Воланд артқы жақты нұсқады, подвалда сіздер істейтін не бар! - Сол сəт əйнектердегі күннің
сынықтары да жалп етіп сөнді. - Қажеті не? - деп Воланд сөзін
майдалап, сендіре жалғады. - О, қиялшылдың қиялшылы, романтик
шебер, сіздің жаңа гүлдеп келе жатқан шие ағашының саясында
сүйгеніңізбен қалайша күндіз серуендеп, кешкісін Шуберттің
музыкасын тыңдағыңыз келмейді? Шырағдан жағып, қаздың
қауырсынымен жазу қалайша сізді сүйсіндірмейді? Фауст құсап
сұйық зат құйылған ұзын мойын ыдысқа үңіліп, жасанды жаңа адам
жасап шығарсам деп қалай армандамайсыз? Солай қарай, солай
қарай тарту керек. Онда сіздерді самаладай үй мен қарт қызметші
күтіп тұр, шырақтары жанған, ұзамай сөнеді олар, өйткені сіздер
дереу күннің шыққанын қарсы аласыздар. Шебер, міне мынау
жолмен, мынау жолмен жүріңіздер. Қош болыңыздар! Менің уақытым
болды.
Қош болыңыз! - деп бір дауыспен айғайлап жауап қайтарды
Маргарита мен шебер Воландқа. Қара Воланд алды-артына
қарамай, жол да талғамай қараңғыға қойды да кетті, оның ізімен
улап-шулап нөкерлері тартты. Айналада алаңқай да, жартастар да,
айлы жол да, Ершалим де жоқ. Қара аттар да ғайып болды. Шебер
мен Маргарита уəде етілген күннің шығысын көрді. Күн тікелей түн
ортасындағы айдан кейін іле-ақ шықты. Шебер өз сүйіктісімен таңғы
шапақтың алғашқы жалқынында қыналы тас көпірмен келе жатты.
Одан да асты. Жылғаны артқа сап адал ғашықтар тастақ жолмен
келеді.
Жым-жырттыққа құлақ түр, - деді Маргарита шеберге, оның
жалаң аяғының астынан тек құм сусылы ғана естілді, құлақ түріп
тыңда да, өзіңе өмір бойы бұйырмаған тыныштықтан лəззат ал,
рақаттан. Əне қарашы алдыңда саған сыйлық ретінде берілген
мəңгілік үйің тұр. Мен оның венециялық терезесін де көріп тұрмын,
бұйраланған жүзім шоқтары шатырға дейін бойлап барады. Міне,
сенің үйің, сенің мəңгілік үйің. Кешкісін саған өзің жақсы көретін, өзің
ынта қоятын, өзіңді мазаламайтын кісілер келеді. Олар саған əн
салып, күй тартып береді, шырағдандардың бəрі жанғанда үйдің
қалай жарқырап кеткенін көресің. Сен өзіңнің тер сіңген мəңгі
тақияңды киіп жатасың, ерніңе күлкі үйіріп ұйықтайсың. Ұйқы саған əл
беріп, сен даналарша ойлайтын боласың. Ал мені енді қуып жібере
алмайсың. Сенің ұйқыңды мен сақтап, мен қорғайтын боламын.
Шебермен бірге өздерінің мəңгілік үйін бетке алып келе жатып
Маргарита осылай деді, кемелге келіншегінің сөзі жаңа ғана артта
қалған жылғада сарқырап ағып жатқан бұлақ суындай сылдырап,
толассыз ағытылғандай боп көрінді. Шебердің тұрмыс инесі
шабақтап маза бермеген беймаза зерде-жады сөне бастады. Əлгінде
ғана өзі жасаған қаһарманын өзі босатып жібергендей, бұны да біреу
бостандыққа шығарғандай көрінді шеберге. Оның қаһарманы,
жексенбіге қараған түні кешірім жасалған жұлдызшы-корольдің ұлы,
Иудеяның қатыгез бесінші прокураторы, шабандоз Понтий Пилат
қайтып оралмайтындай болып шеті-шегі жоқ ғайыпқа кетті.
эпилог
Əйткенмен де, сенбінің кешінде күн батар алдында Воланд
нөкерлерімен бірге Воробьев тауларында астананы тастай қашып,
ғайып болғаннан кейін Мəскеуде одан əрі не болды?
¥зақ уақыт бойы күллі астанада адам айтса нанғысыз өсек-аяңның
құлақ сарсытар гуілі бір толастамай, олардың шалғай шеттегі
провинцияның меңіреу түкпірлеріне дейін тез тарағаны туралы
айтудың қажеті де болмас, ол сыбыстарды қайталаудың өзі жүрек
айнытады.
Осынау ақиқат жолдарды жазушының өзі Феодосияға бара жатып,
Мəскеуде екі мың адам театрдан сөздің дəл мағынасында
тыржалаңаш шығып, үйді үйіне такси жалдап сол күйінде барғаны
туралы əңгімені өз құлағымен естіді.
“Тылсым күш...” деген сыбыр сүтке тұрған кезектерде, трамвайларда,
дүкендер мен пəтерлерде, асүйлер мен пойыздарда, саяжайлар мен
алыс сапарларда, стансалар мен бекеттерде, тіпті жағажайларда да
естіліп жатты.
Ой-өрісі кең, барынша мəдениетті адамдар астанаға келіп естіген
тылсым күш туралы алып-қашты əңгімелерге əсте қатыспағаны,
қайта оған күліп, сыбысқа сенушілерді ақылға шақырғаны сөзсіз.
Алайда болған істің бояуы сіңбей қоя ма, мəнісін түсіндіріп бермей
одан құтыла алмайсың: біреулердің астанаға келіп-кеткені анық
болса керек. Оған Грибоедов үйінің күйген орны, басқа да бүлінген
көптеген заттар айқын айғақ.
Мəдениетті адамдар зерттеудің көзқарасын қолдап, мұны өз өнерін
жетік білетін гипнозшылар мен көзбояушылардың жұмысы деп
бағалады.
Əрине, оларды ұстау жөніндегі жедел де батыл шаралар Мəскеуде
де, оның сырты мен шалғай шетте жүргізілудей жүргізілді, алайда
өкінішке орай еш нəтиже бермеді. Өзін Воланд атаған жан бүкіл
шашбаушылармен бірге ғайып болды, қайтып Мəскеуге жоламады,
ешқайда қарасын көрсеткен жоқ, бар-жоғын мүлдем білдірмей кетті.
Содан кейін ол шетелге қашып кетті деген болжамдардың болуы да
заңды ғой, бірақ ешқайдан оның ізі қайтып білінбеді.
Оның ісі жөніндегі тергеу ұзақ жалғасып, көпке созылды. Қалай
дегенмен де бұл іс сұмдық жан түршігерлік болды ғой. Өртеніп кеткен
төрт үй мен есінен адасқан жүздеген жандарды айтпағанда, төрт
адам өлді ғой. Олардың екеуі жөнінде нақты айтуға болады: Біріншісі
Берлиоз да, екіншісі əлгі Мəскеудің əсем жерлерін шетелдіктерге
таныстыру жөніндегі бюроның бей-бақыт қызметкері барон Майгель.
Олар енді өлтірілді ғой. Екіншісінің күйген сүйектері Садовая
көшесіндегі №50 пəтерде шыққан өртті сөндіру кезінде табылды. Иə,
құрбандар болды ғой, бірақ олар əлі де тергеуді талап етеді.
Алайда Воланд астанадан кеткеннен кейін де құрбандар болды,
астана-дағы ол құрбандыққа, айтуға да ұят, кілең қара мысықтар
ілікті.
Шамамен, адамға адал, ешкімге қиянаты жоқ осынау хайуандардың
жүз шақтысы əр жерде атылып, басқа да жолдармен құртылды. Он
беске тарта мысық адам қарағысыз күйге келтіріліп, əр қаланың
милиция бөлімдеріне əкеп тасталды. Мəселен, Армавирде ешқандай
кінəсі жоқ хайуандардың біреуін бір азамат милицияға алдыңғы екі
аяғын байлап-матап алып келген.
Əлгі азамат бұл мысықты түйе жапыраққа ұрлана қарап тұрған
жерінен ұстап алыпты (мысық байғұстардың түрі осындай болса,
лажың қанша. Бұл олардың кеселді қырсықтығынан емес, өздерінен
күштілерден, яғни адамдар мен иттерден қорыққанынан туған дағды.
Басқалардан залал көріп, таяқ жеп қалмас үшін жан-жағына ұрлана
қарап сақтық жасамаса болмайды. Бұл арада мысықтың еш кінəсі
жоқ).
Мысықтың үстіне құлай кетіп, аяғын буу үшін мойнынан галстугын
шешіп жатып ызалана бұрқ етіп:
Иə, демек, сиқыршы мырза Армавирге де келіп қалған екен ғой.
Ал мұнда сендерден ешкім қорықпайды. Сондықтан сақау болып
алдамаңдар. Сендердің қандай құс екендеріңді білетін болдық, - деді
білгішсінген азамат.
Бейшара хайуанды жасыл галстукпен буылған алдыңғы аяғынан
ұстап милицияға сүйреп əкеле жатқан азамат оны артқы аяғыңмен
жүгіріп отыр деп теуіп те қалды.
Сендер əдейі ақымақтануды доғарыңдар, - деп айғайлады
алқалап ысқырып жүрген балалардың арасында əлгі азамат, қулығыңа енді жол жоқ. Басқалар қалай жүрсе, сен де солай жүр.
Қара мысық тек мұңлы көзін жыпықтатады. Табиғаты сөзден
мақұрым қалдырған бейшара хайуанда ақталар тіл жоқ. Байғұстың
бірінші құтқару-шысы - милиция, содан кейін иесі, біраз жасқа келіп
қалған қадірменді жесір кемпір болды. Мысық бөлімшеге
əкелінісімен, ондағылар азаматтың аузынан арақ иісі мүңкіп
тұрғанын байқап, оның айғақ куəлігіне күмəндана қарады. Бұл кезде
көршілерінен мысығын біреу ұстап алып кеткенін естіген кемпір
милицияға тұра жүгіріп, əйтеуір уақытында үлгереді. Ол мысығына
мақтауды үйіп-төгеді дерсің, он бес жыл бойы білетінін, соқырынан
алып өсіргенін, оған өзіндей сенетінін, ешқандай жағымсыз қылығы
болмағанын, өмірі Мəскеу дегеніңе бармағанын баяндады. Қалай
туды, солай Армавирде өсті, тышқан аулауды да осында үйренді.
Мысық маталған аяғы шешіліп, қожайынына қайтарылды, рас,
қайғының дəмін біраз татып, қателік пен қысастықтың іс жүзінде не
екенін көріп қайтты.
Жалғыз мысықтар ғана емес, азын-аулақ ыңғайсыздықтар кейбір
кісілердің де басын шалды. Бірнеше адам тұтқындалды да. Аз
уақыттың ішінде ұсталғандардың арасында: Ленинградтан - Вольман
мен Вольпер деген азаматтар, Саратов, Киев жəне Харьковтан - үш
Володин, Қазаннан -Волох, ал Пензадан, неге екені белгісіз, - химия
ғылымдарының кандидаты Ветчикевич... болды. Рас, оның бойы
ересен ұзын, өзі қараторы, қара қас болатын.
Олардан тыс əр жерде тоғыз Коровиндер, төрт Коровкиндер жəне екі
Караваевтар қолға түсті.
Бəз-бір азаматты Белград стансасында Севастополь пойызынан
қолын байлап түсіріп алады. Ол азамат келе жатқан жолаушыларға
карта ойынынан фокус көрсетіп көңіл ауламақ болады.
Ярославльда дəл түскі астың кезінде мейрамханаға жөндетуге
берген примусын қолына ұстап бір азамат кіреді. Оны көруі-ақ мұң
екен, екі швейцар киімілгіштегі күзет орнын тастап тұра қашады,
олардың соңынан дүркіреп мейрамхананың бүкіл келермендері мен
қызметшілері жүгіреді. Сол дүрбелеңде кассир келіншектің күллі
табысы жоғалып кетеді.
Қайсыбірі есіңде тұрсын, мұндай-мұндайлар аз кездескен жоқ. Талай
бастар қатып, талай милар ашыды.
Тағы, тағы да тергеуге əділдігін беру лəзім. Қңілмыскерлерді ұстау
үшін ғана емес, олардың не бүлдіргенін түсіндіру үшін де қолдан
келгеннің бəрі жасалады. Барлығы да баяндап түсіндірілді жəне бұл
баяндауларды байсалды да бұлтартпайтын болды деп
мойындамасқа əддің жоқ.
Тергеу өкілдері мен тəжірибелі психиаторлар мынаны анықтады:
қылмысты топтың мүшелері немесе, бəлкім солардың біреуі (бұл
арада басым күдік көбіне Коровьевке түседі) əулеті сұмдық күшті
гипнозшы болып, өзін нақты тұрған орнынан емес, жаңылыстыратын
алдамыш бағдарлардан бəрін өргізіп, тұрғызып отырған. Оған қоса
олар өзіне жанаасқандарды бəз-бір заттар мен адамдар шын
мəнінде тұрған жерінде жоқ деп сендіріп, олардың назарын ұдайы
басқа жаққа аударып жібереді екен.
Мұндай баяндаудың аясында бəрі де əбден түсінікті болады, тіпті
№50 пəтерге тұтқиылдан басып кіріп тұтқындамақ болғанда мысықты
неліктен оқ алмағаны енді айқын.
Шындығында люстрада ешқандай мысық болған жоқ, ешкім де
атысуды ойластырмаған, атқанда да нақты біреуді емес, бос жерді
атқан, жұртты мысық люстрада отыр деп сендіріп, Коровьевтің
біреудің ту сыртында ат-ат деп ұтылап тұруы əбден мүмкін, ұтылап
қана қоймай өзінің керемет əзəзід арбаушылық, алдаушылық
қасиетіне разы болып, рақаттанып тұруы да ғажап емес. Əрине,
бензин құйып, пəтерді өртеген сол.
Əлбетте, Степа Лиходеев ешқандай Ялтаға ұшқан жоқ (бұлай жасау
Коровьевтің де шамасынан келмес еді), одан жеделхат та жіберген
жоқ. Зəргер əйелінің пəтерінде Коровьевтің сүрлеген қозықұйрықты
шанышқы-мен алып жеп отырған мысықты көрсететін фокусынан
кейін есінен танып құлап түскен ол қашан Коровьев мазақ қып
басына киіз қалпақ кигізгенше жатты. Оны ол Мəскеу əуежайына да
жіберген жоқ, қылмыс зерттеу өкілдерін алдын ала арбап, оларға
Степаны Севастопольдан ұшып келген аэропланнан түсіп жатқан ғып
көрсетті.
Рас, Ялтаның қылмыс зерттеу бөлімі жалаңаяқ Степаны
қабылдағанын, ол туралы Мəскеуге жеделхаттар жөнелткенін
мойындайды, бірақ істе ол хаттардың бірде-бірінің көшірмесі жоқ.
Осыдан-ақ гипнозшылар банда-сының жеке адамдарды, тіпті
олардың тұтас топтарын ұлан-ғайыр қашық-тықтан арбап бағындыра
алатын қабілеті бар деген қайғылы, бірақ бұлжымас қорытынды
жасауға болады. Мұндай жағдайларда қылмыскерлер психикалық
əулеті ең берік кісілердің өзін жындандырып жіберуі мүмкін.
Оның қасында ойын картаның бір колодасын партерде отырғанның
қалтасынан шығару, əйелдердің көйлегін жоғалтып жіберу немесе
мияу-лайтын берет, басқа да осы тектес кəкір-шүкірлер айтуға да
татымайды. Мұндай ұсақ-түйекті орта деңгейдегі кез келген кəсіби
гипнозшы кез келген сахнада жасай береді, тіпті олар
конферансьенің басын жұлып алу сияқты дүниелерді де жасай беруі
сөзсіз. Ал сөйлейтін мысық дегенің түкке тұрғысыз нəрсе. Жұртқа
мұндай мысықты көрсету үшін іштен күмбірлеп сөйлеудің кейбір
нышандарын меңгерсең жетіп жатыр. Ал Коровьевтің қабілеті бұл
негіздерден əлдеқайда алыс мегзейтініне ешкімнің де күмəн-күдігі
болмаса керек.
Иə, бұл арада мəселе ойын картында емес, Никанор Ивановичтің
портфе-ліндегі жалған хатта да емес. Бұлар түкке тұрмайтын ұсақтүйек. Берлиозды трамвайдың астына түсіріп, кəміл ажалға айдап
салған əлгі Коровьев. Бейшара ақын жігіт Иван Бездомныйды
жындандырып, азапты түсінде ежелгі Ершалимді, күн күйдірген
сусыз, нусыз Қасқа Тауды, дарға асылған үш азаматты қоса көруге
мəжбүр етіп жүрген де сол. Маргарита Николаевна мен оның үй
қызметшісі Наташаны Мəскеуден ғайып болуға мəжбүрлеп жүрген де
сол жəне соның шайкасы. Айтқандай-ақ, бұл іспен тергеу айы-рықша
мұқият шұғылданды. Ол əйелдерді кісі өлтірушілер мен өрт
салушылардың тобы ұрлағанын немесе қылмысты басбұзарлармен
олардың өздері қашқанын нақты айқындау талап етілді. Николай
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Майталман шебер мен маргарита - 27
  • Parts
  • Майталман шебер мен маргарита - 01
    Total number of words is 4188
    Total number of unique words is 2185
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 02
    Total number of words is 4307
    Total number of unique words is 2150
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 03
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2321
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 04
    Total number of words is 4091
    Total number of unique words is 2369
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 05
    Total number of words is 4231
    Total number of unique words is 2275
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 06
    Total number of words is 4275
    Total number of unique words is 2183
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 07
    Total number of words is 4179
    Total number of unique words is 2056
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 08
    Total number of words is 4162
    Total number of unique words is 2288
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 09
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2258
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 10
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2360
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 11
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2204
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 12
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2334
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 13
    Total number of words is 4076
    Total number of unique words is 2131
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 14
    Total number of words is 4303
    Total number of unique words is 2195
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 15
    Total number of words is 4283
    Total number of unique words is 2173
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 16
    Total number of words is 4122
    Total number of unique words is 2215
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 17
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2274
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 18
    Total number of words is 4328
    Total number of unique words is 2150
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 19
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2195
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 20
    Total number of words is 4323
    Total number of unique words is 2138
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 21
    Total number of words is 4279
    Total number of unique words is 2228
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 22
    Total number of words is 4275
    Total number of unique words is 2177
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 23
    Total number of words is 4051
    Total number of unique words is 2294
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 24
    Total number of words is 4132
    Total number of unique words is 2321
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 25
    Total number of words is 4367
    Total number of unique words is 2146
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 26
    Total number of words is 4184
    Total number of unique words is 2326
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 27
    Total number of words is 2124
    Total number of unique words is 1367
    38.1 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.