Latin Common Turkic

Майталман шебер мен маргарита - 01

Total number of words is 4188
Total number of unique words is 2185
33.1 of words are in the 2000 most common words
46.3 of words are in the 5000 most common words
53.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
БIРIНШI БӨЛIМ
I тарау
Екінші тарау
Үшінші тарау
Төртінші тарау
Бесінші тарау
Алтыншы тарау
Жетінші тарау
Сегізінші тарау
Тогызыншы тарау
Оныншы тарау
Он бірінші тарау
Он екінші тарау
Он үшінші тарау
Он төртінші тарау
Он бесінші тарау
Он алтыншы тарау
Он жетінші тарау
ЕКIНШI БӨЛIМ
Он сегізінші тарау
Жиырмасыншы тарау
Жиырма бірінші тарау
Жиырма екінші тарау
Жиырма ушінші тарау
Жиырма төртінші тарау
Жиырма бесінші тарау
Жиырма алтыншы тарау
Жиырма жетінші тарау
Жиырма сегізінші тарау
Жиырма тогызыншы тарау
Отызыншы тарау
Отыз бірінші тарау
Отыз екінші тарау
эпилог
Михаил Булгаков
Майталман шебер мен маргарита
БIРIНШI БӨЛIМ
... сонымен, ақыр
аяғында кім боп шықтың сен?
- Мен бе,
ұдайы зұлымдық жасағым келіп,
ұдайы
жақсы-лық істейтін бəзбір күштің
болмашы бөлшегімін.
Гете. “Фауст”.
I тарау
БЕЙТАНЫСПЕН ЕШҚАШАН ƏҢГІМЕЛЕСПЕҢДЕР
Бірде көктемнің күн байыр алдында бола бермейтін аптап
ыстығында Мəскеудің Патриарх тоғанында екі азаматтың қарасы
көрінді. Олардың алғашқысы жазғы сұр бешпентін киген, аласа
бойлы, тығыршықтай қасқа бас тəп-тəуір қалпағын қолына бүктей
ұстапты, мұнтаздай ғып қырынған бетін қара мүйіз жиекті
шаңырақтай көзілдірігі ересен үлкейтіп көрсетеді. Екіншісі - кең
иықты, жирен сары желөкпе жас жігіт, алабажақ кепкасы мыжырайып
желкесіне түсіп, қысқа кеудеше жейде мен қырқылған ақ шалбар
жəне қара тəпішке киген.
Алғашқысы анау-мынау емес, ең ірі Мəскеу əдебиетшілері
ассоциацияшыларының бірі, қысқартып айтқанда МАССОЛИТ
басқармасының төрағасы һəм қалың көркем-əдеби журналдың
редакторы Михаил Александрович Берлиоз да, ал оның жас серігі Бездомный деген лақап атпен жазатын ақын Иван Николаевич
Понырев.
Жасыл тартқан жөке ағашының, саясына табаны тиісімен
жазушылар ай-түйге қарамай “Сыра мен сулар” деген жазуы бар
алабажақтап сырланған дүңгіршекке лап қойды.
Иə, осынау үрейлі мамыр кешінің алғашқы оғаштығын атап айтпай
болмас. Жалғыз дүңгіршекте ғана емес, Кіші Бронная көшесіне
қапталдас дүйім аллеяда бірде-бір тірі пенде кездессе ше. Мəскеуді
күйдіріп-жандырып аптап мұнарға оранған күн Бақ айналмасынан əрі
барып құлағанша тыныс алуға шама келмей титықтыған шақта жөке
ағашының саясына ешкім келмей, орындықтарға да ешкім отырмай,
аллея қаңырап бос тұрды.
-
Нарзан беріңізші, - деп өтінді Берлиоз.
Нарзан жоқ, - деп жауап берді дүңгіршектегі əйел жəне неге
екенін кім білсін, өз-өзінен тұрып кейіді.
-
Сыра бар ма? - деп сұрады қарлығыңқы үнмен Берлиоз.
-
Сыраны кешке қарай əкеледі, - деді əйел.
-
Ал, не бар өзі? - деп сұрады Берлиоз.
-
Өрік сусыны бар, тек жылырақ, - деді əйел.
-
Жарайды, берсеңіз беріңіз, соны беріңіз...
Өрік сусыны көпіршіп, көбігі бұрқырап кетті де ауадан шаштараз иісі
аңқығандай болды. Əдебиетшілер шөлін қандырып, бірден ықылық
ата бастады, ақысын дереу төлеп, сосын бетін тоғанға, арқасын
көшеге беріп орындыққа кеп отырды.
Осы арада Берлиоздың өзіне ғана қатысты тағы бір оғаш қылық төбе
көрсетті. Оның ықылығы сап тыйылып, жүрегі қағып, замат төмен
тартты, сосын қайта орнына келіп, бірақ ине шабақтағандай шанша
бастады. Оның үстіне Берлиоздың өзін орынсыз үрей билеп, алдыартына қарамай, мынау Патриархыңнан тұра қашқысы келді. Өңі құпқу болып, орамалымен маңдайын сүртіп: “Маған не болған? Мұндай
ешқашан байқалмап еді ғой, жүрек сыр бере бастағаны ма...
шаршағанмын-ау, шамасы. Құрысын, барлығын тастап,
Кисловодскіге тартып отыру керек...”
Сол сəт алдынан аптап ауа андағайлап, арасынан түр-түсі өте оғаш
мөлдіреген бір пенде шыға келді. Шақша басында шабан-доздық
күнқағары бар, үстінде тылтиған керегекөз бешпентше, бойы бір
сажын, иығы қушық, тыриған арық, бет əлпеті кекесінді, есте тұтар
болсаңыздар, сайқымазақтау.
Берлиоздың өмірі оқшау оқиғаларға үйірсек болмай қалыптасқан-ды.
Ол бұрынғыдан да бетер бозарып, апалақтап, көзі бажырайып:
“Бұлай болуы мүмкін емес!..” деп ойлады.
Алайда аржақтан сырықтай боп көрінген əлгі пенде аяғы жерге тимей
қарсы алдында оңды-солды теңселді де тұрды.
Енді зəре-құты тіпті де қалмаған Берлиоз көзін тарс жұмып алды. Ал
көзін қайта ашқанда ол барлығы бітіп, мұнар тарап, керегекөз
бешпентті ұшты-күйді жоқ болғанын көрді, сонымен бірге жүрегіне
қадалған мұқыл ине де ытқып шығып кеткен секілденді.
- Түу, шайтан-ай! - деп дауыстап жіберді редактор. - Сен білесің бе,
Иван мені мына аптап ыстық ұрып кете жаздады ғой! Тіпті бəзбірдеңелер елестеп, естен тандырды, - деп мырс етіп, күлмек болды,
бірақ көзінен үрей ұшқындап, қолы дірілдеді.
Бірақ бірте-бірте өзіне-өзі келіп, орамалын желпіп, əжептəуір
көңілденіп “Ал, иə сонымен...” - деп өрік сусынынан соң үзілген сөзін
қайта жалғастырды.
Бұл əңгіме, кейін білгеніміздей, Иса пайғамбар, яғни Иисус Христ
жөнінде екен. Мəселе мынандай, редактор журналдың кезекті
кітапшасы үшін ақынға дінге қарсы үлкен дастан жаз деп тапсырма
беріпті. Бұл поэманы Иван Николаевич көп созбай тым-ақ қысқа
мерзімде жазып берген екен, өкінішке қарай, шығармасы редакторды
тіпті де қанағаттандырмапты. Бездомный басты кейіпкерді, яғни Иса
пайғамбарды қара бояуды баттастыра жазып-ақ сипаттапты, соған
қарамастан, редактордың пікіріне орай дастанды қайта жазып шығуға
тура келді. Енді міне, редактор ақынның негізгі қатесін атап көрсету
үшін Иисус туралы лекция іспетті бірдеңе оқып отырған тəрізді. Иван
Николаевичті сəтсіз-дікке ұшыратқан талант қуатының кемшілдігі ме,
əлде жазып отырған мəселесін жете білмегендігі ме - о жағын анық
айту қиын, алайда Иисус оның бейнелеуінде тартымды кейіпкер
болмағанмен, шынайы жанды пенде боп шықты. Берлиоз болса
ақынға мəселе Иисустың жаман, жақсы екенінде емес, жалпы оның
тұлға ретінде бұл жарық дүниеде ешқашан болмағанын, ол туралы
əңгімелердің ойдан шығарылған, əдеттегі аңыз-ертегі екенін
дəлелдеп бергісі келді.
Редактордың оқығаны, тоқығаны мол кісі екенін атап айтқан абзал, өз
сөзінде ол ежелгі тарихшыларға байыпты сілтеме жасап, əсіресе
Филон Александрийскийдің, ғаламат білімдар Иосиф Флавийдің
Иисустың өмір сүргені жайында еш жерде, ешқашан, ештеңе
айтпағанын алға тартты. Михаил Александрович білімінің ұшан-теңіз
екенін аңдата отырып сөз арасында ақынға əйгілі Тациттер
“Анналдарының” он бесінші кітабының, 44-тарауында Иисусті
азаптап өлтіру жөнінде бірдеңелердің барын, бірақ олардың кейін
қосылған жасанды нəрселер екенін хабарлады.
Редактордың айтқандарының бəрі өзі үшін үлкен жаңалық болған
ақын уытты жасыл көзін айырмай, Михаил Александровичті зейін қоя
тыңдап, тек ара-арасында өрік суын іштей сыбап, ықылық атып қана
отырды.
- Шығыста бейкүнə беті ашылмаған қыз өмірге құдай əкел-мейтін
бірде-бір дін жоқ, - деді Берлиоз. - Сондықтан христиандар да жаңа
ештеңе ойлап таба алмай, шын мəнінде ешқашан жан иесі боп тірі
жүрмеген өз Иисусын жасап алды. Міне, тура осы дерекке арқа
сүйеген лəзім.
Берлиоздың шиқылдап шығатын шымыр үні қақыраған бос аллеяны
жаңғырықтырып, Михаил Александрович тек асқан білімдар адам
ғана мойным үзіледі деп қаймықпай періп кететін қалыңға бойлай
берді - ақын болса, көптеген қызықты да пайдалы жайттарды, Аспан
мен Жердің киелі құдайы һəм перзенті Мысырдың Озирисі, финикий
құдайы Фаммуза, Мардук туралы, танымалдығы олардан артық
болмаса кем емес қаһарлы, əсіресе Мексиканың естектері бағзыда
аса қастер тұтқан қаһарлы құдай Вицлипуцли туралы білгеннің үстіне
біле түсті.
Михаил Александровичтің ақынға естектердің Вицлипуцлидің мүсінін
қамырдан илеп жасағанын айтуы мұң екен, дəл сол сəтте аллеяда
алғашқы адам көрінді.
Кейінірек, ашығын айтқанда, кеш болса да, əралуан мекемелер сол
адамның сипаты жөніндегі өз мəліметтерін ұсынды. Соларды
салыстырып қарағанда, қайран қалмасқа болмайды. Мəселен,
олардың алғашқысында əлгі кісі аласа бойлы, алтын тісті болған, оң
аяғынан сылти басқан дейді. Екіншісінде ол алапат бойшаң, тісінің
қабы платина, сол аяғынан сылтитын болып шығады. Үшінші мəлімет
қысқа қайырып, айрықша белгісі жоқ адам, деп тұжырады.
Аталмыш мəліметтердің ешқайсы да ештеңеге жарамайтынын
мойындауға тура келеді.
Бəрінен бұрын сипатталып отырған пенде еш аяғынан да
сылтымаған, бойы қысқа да емес, ұзын да емес, əшейін еңселі ғана
болған. Тісіне келетін болсақ, сол жағындағылар платинамен
қапталған да, оң жағындағылары - алтын. Шетелдік қымбат сұр
кəстөм киген, сəнді кебісінің түсі де бешпентінікіндей. Сұр береті
құлағына түсіп тұр, қолтығына қысқан таяғының тұтқасы бұйра қара
иттің басына ұқсайды. Түріне қарағанда, жасы қырықтардан асқан.
Аузы қисық сияқты. Мұнтаздай боп қырынған. Қараторы. Оң көзі
қара, сол көзі жасыл тəрізді. Қасы қара, бірақ бір қабағынан екіншісі
биік. Бір сөзбен айтқанда - шетелдік.
Редактор мен ақын отырған орындықтың қасынан өтіп, шетел-дік
оларға көзінің қиығымен қарап, көрші орындыққа, əлгілерден екі
адым жерге барып жайғасты.
“Неміс-ау”, - деп ойлады Берлиоз.
“Ағылшын шығар , - деп ойлады Бездомный, - қарашы өзін,
қолғаппен де ыстықтымай жүр!”
Шетелдік болса, биік үйлерді, төрткүлдеп көмкерілген тоғанды көзбен
шолып отыр, сонысынан-ақ, бұл арада оның алғаш болғаны,
сондықтан өзін бəр-бəрі қызықтыратыны аңғарылып тұр.
Ол назарын Михаил Александровичте көз қарықтырып мəңгілік кетіп
бара жатқан күннің нұры сынып, əйнектеріне шашыраған жоғарғы
қабаттарға аударып, сосын іңір қараңғысына шомылып қарауыта
бастаған төменгі жаққа аударып, бəз-бірдеңеге астамсып мырс етті
де, көзін сүзіп, шынтағын таяғының тұтқасына тіреп, қолын иегіне
төседі.
Иван, сен Иисустың тууын сатиралық тұрғыдан құдайдың ұлы
деп өте жақсы бейнелегенсің, - деді Берлиоз, - бірақ гəп мынада:
оған дейін де қаптаған құдай балалары өмірге келген емес пе,
мəселен фригиялық Аттис сияқты; қысқарта айтқанда олардың,
ішінде Иисус та бар, бірде-бірі туған емес, сондықтан сен, айталық,
дүниеге келудің орнына көзбояушы бақсылардың қаптап кетуі секілді
қайдағы көңілге қонбайтын өсек-аяңды сипаттағансың. Ал сенің
баяндауың бойынша ол шынында да адам сияқты туылған боп
шыққан...
Осы арада Бездомный əлекке салған ықылықты тоқтату үшін
тынысын тыйып еді, ықылығы одан сайын азапқа сап, үдей түсті де,
сол сəт Берлиоз əңгімесін үзді, өйткені шетелдік кенет орнынан
көтеріліп, жазушыларға қарай беттеп келе жатқан болатын.
Бұлар оған таңдана қарады.
Мені кешіре көріңіздер, өтінемін, - деп сөз бастады ол шетелдік
мақаммен, бірақ бір сөзді де бұзған жоқ, - таныс болмасам да,
əңгімелеріңізге араласқаным үшін ғафу етіңіздер... Ғылыми
сұхбаттарыңыздың пəні де, мəні қызық екен, сондықтан...
“Жоқ, бұл француз боп шықты!” - деп ойлады Берлиоз.
“Поляк қой!” - деп ойлады Бездомный.
Шетелдіктің ақынға алғашқы сөзімен-ақ теріс əсер туғызғанын, ал
Берлиозға керісінше ұнап қалғанын, былайша айтқанда, тіпті
ықыласын аудартқанын қоса кеткен əсте артық болмас.
Жандарыңызға жайғасуға рұқсат етсеңіздер, - деп сыпайы ғана өтінді
шетелдік достар амалсыз жылжып, бейтаныс екеуінің арасына
отырып, бірден əңгімеге араласып кетті.
Егер қағыс естімесем, ол Иисус бұл жалғанда жалпы болған жоқ,
дедіңіз-ау деймін? - деп шетелдік сол жақ жасыл көзімен Берлиозға
қарады.
Жоқ, қағыс естіген жоқсыз, - деп ілтипатпен жауап қатты
Берлиоз, - мен тұп-тура солай дедім.
-
Апырай, қандай қызық! - деп дауыстап жіберді шетелдік.
“Ал бұған ол не сайтаныма керек болды екен? - деп ойлаған
Бездомный қабағын шытты.
Сіз сұхбаттасыңызбен келістіңіз бе? - деп сыр тартты оң жағына
Бездомныйға бұрылып бейтаныс.
Жəне жүз пайыз келісемін, - деді айшықтап əшекейлей сөйлеуді
сүйетін ол бірден қолдап.
Ғажап екен! - деп таңырқады шақырылмаған сұхбаттас, сөйте
тұрып, неге екені белгісіз, ұрлана бір шолып өтіп, даусын баяулатып
сөйлеп кетті: - Киліккенім үшін кешіріңіздер, менің түсінігім бойынша,
сіз басқалардың бəрін былай қойғанда, құдайға да сенбейсіз ғой? -
Сосын көзін үрейлене ашып; - Ант етейін, ешкімге айтпаймын, - деп
қосты.
Иə, біз құдайға сенбейміз, - деп шетелдіктің үрейленгендігіне сəл
жымиып жауап қатты Берлиоз, - ал ол туралы жасқанып жалтақтамай
еркін айтуға болады.
Шетелдік орындықтың арқасына шалқайып ынтыққаннан даусы
шиқылдай шығып:
-
Сіздер атеистерсіздер ме? - деп сұрады.
Иə, біз атеиспіз, - деп жымия жауап қайырды Берлиоз, ал
Бездомный шамданып: “Мына шетелдік қоқиқаздың жабысқақтай
жабысуын-ай!” деп ойлады.
Оһ, қандай тамаша! - деп дауыстап жіберді таңырқаған шетелдік,
сосын басын шайқап, əдебиетшілерге алма-кезек қарады.
Біздің елде атеизм ешкімді де таңдандырмайды, - деді сыпайы
мəмлегерлікпен Берлиоз, - халқымыздың көпшілігі саналы түрде
құдай туралы ертегілерге сенуді баяғыда-ақ доғарған.
Сол замат шетелдік мынадай бір өнер шығарды: орнынан атып
тұрып қайран қалған редактордың қолын қысып:
-
Шын жүректен құттықтауыма рұқсат етіңіз! - деді.
Оған не үшін алғыс айтып тұрсыз? - деп сұрады көзін
жыпылықтатып Бездомный.
Саяхатшы ретінде маған өте маңызды, мейлінше қызық
мағлұмат бергені үшін! - деп астарлы мəнмен саусағын шошайтып,
түсінік берді шетелдік жарымес.
Зайыры маңызды дерек саяхатшыға шынында да қатты əсер етсе
керек, өйткені ол əрбір терезеден бір-бір атеист шыға келер ме екен
деп қауіптенгендей, айналадағы үйлерді үрейлене бір шолып өтті.
“Жоқ, бұл ағылшын емес...” - деп ойлады Берлиоз, ал Бездомный:
“Қайда жүріп орысша еркін сөйлеуді үйренді екен, қызығы міне,
осында жатыр” деп бас қатырды.
Əйткенмен, сізден сұрауға болар ма екен? - деді алмағайып
ойдан əрең арылғандай шетелдік мейман. - Сонда құдайы тірліктің
дəлелдерін қайтеміз, оның өзі табаны күректей бесеу ғой.
Əттеген-ай! - деді өкініш білдіргендей Берлиоз. - Ол дəлелдердің
бірде-бірі түкке тұрмады, адамзат оларды баяғына-ақ мұрағатқа
өткізіп жіберген. Ақыл-ой саласында құдайдың бар екені жөнінде
ешқандай дəлелдің болуы мүмкін емесіне келісерсіз деп ойлаймын.
Пəлі! - деп айқайлап жіберді шетелдік. - Жарайсың, жаса! Сіз
беймаза Иммануил қарияның осы жөнінде айтқанын толығымен
қайталап отырсыз. Алайда кілтипан мынада: ол бес дəлелдің бесеуін
де тас-талқан етіп, сосын оған өзі келеке қылғандай, алтыншы төл
дəлелін жасақтаған жоқ па!
Канттың дəлелі де сондайлық сендірмейді, - деп жымиды білімді
редактор. - Əлбетте, Шиллер бұл мəселе жөніндегі Кант
топшылаулары тек құлдарды ғана қанағаттандыруы мүмкін деген, ал
Штраус ол дəлелді келеке еткен.
Берлиоз сөйлей отырып: “Дегенмен, осының өзі кім болды екен?
Орысша осыншалық жақсы сөйлеуі қалай?” деп толғанды.
Ондай дəлелі үшін ол Кантыңды желкеден сығып Соловкиге үш
жыл қамап тастау керек қой, - деп ойламаған жерде бұрқ етті Иван
Николаевич.
-
Иван! - деп сыбырлады ыңғайсызданып қалған Берлиоз.
Алайда Кантты Соловкиге айдап жіберу жөніндегі ұсыныс шетелдікті
қайран қалдырудың орнына қайта қуантып тастады.
Дəл солай, дəл солай, - деп айғайлап жіберген оның Берлиозға
қараған жасыл көзі жайнап кетті, - оның орны тура сол жер. Мен ғой
сонда-ақ оған ертеңгілік астың үстінде айтқанмын: “Ерік өзіңізде ғой,
профессор, бірақ сіз ойға қонбайтын бірдеңе ойлап тапқансыз.
Оныңыз бəлкім ойлы шығар, бірақ тым түсініксіз. Сізді келеке ғып
күлетін болады” дегенмін.
Берлиоздың көзі шарасынан шығып кете жаздады. “Ертеңгілік астың
үстінде... Кантқа айттым дей ме?.. Бұл өзі не сандалып отыр? - деп
ойлады ол.
Алайда оны Соловкиге жер аудару мүмкін емес, - деп сөзін
жалғады жатжерлік Берлиоздың таңданысына шімірікпей, ақынға
қарай бейіл білдіріп. - Себебі ол жүз жылдан астам уақыт бойы
Соловкиден əлдеқайда алыс жерде жазасын өтеп жатыр, одан оны
қайтсең де алып шыға алмайсың, оған сеніңіз.
-
Өкінішті-ақ! - деді даукес тентек ақын.
Мен үшін де өкінішті! - деп нығарлады бейтаныс көзін жалт
еткізіп, сосын сөзін əрі сабақтады. - Мені, міне, мынандай мəселе
мазалап жүр: егер құдай болмаса, адамзат өмірін, жалпы жер
бетіндегі тəртіпті кім басқарып, реттеп жүр деген сауал туады.
Адамның өзі басқарады да, - деп шамдана шапшаң жауап қатты
түсініксіз мəселе болса да ойланып жатпай Бездомный.
Айыптымын, - деді үнін жұмсартып бейтаныс. - Ал басқару үшін
қалай дегенмен де белгілі бір мерзімгі нақты жоспар керек емес пе.
Осы арада сізге тағы да сұрақ қояйын, болмашы ғана қысқа мерзімге
жоспар құру мүмкіндігі жоқ кісі қалай басқарады, жүз, мың жылды
былай қойып, өзінің ертеңгі күніне адам кепілдік бере алмайды емес
пе! Шынында да, ой жүгіртіп көріңізші, өзіңіз, - деп бейтаныс
Берлиозға бұрылды, - мəселен, сіз басшылықты қолға алып, өзіңізге
де, өзгеге де билік жүргізе бастадыңыз дейік, басқарудың не екенін
енді біліп, қыр-сырына қаныға бастағаны-ңызда кенет ауруға
шалдығып, кхе-кхе... өкпеңізді қатерлі ісік кеулесін, кəдімгі саркома
дейік, - деп шетелдік өкпе ауруына қуанғандай рақаттана бір күліп
алды да, көзін мысықтай сығырайтып: - иə, саркома, сонымен, сіздің
басшылығыңыз тəмам-далды! Бұдан былай өз тағдырыңыздан басқа
ештеңе толғандыр-майды, - деді. - Туысқандарыңыз өтірік жаны
ашығансып, жұбатып, өтірік айта бастайды, оқымысты дəрігерлерге
көрінесіз, сосын бақсы-балгерлерге барасыз, бал ашатындарға да
жүгінесіз. Біріншісі сияқты екіншіден де, үшіншіден де күдер үзіп, бəрі
де бос əуре, құрғақ дəме екенін түсінесіз. Ақыр соңы қасіретпен
бітетіні жəне аян. Күні кеше ел басқардым деп жүргендердің бəрі
кенет ағаш жəшікке түскенін бір-ақ біледі, одан енді қайран жоғына
көз жеткізген төңірегіндегілер оны пешке салып өртейді. Тіпті
мынадай да келеңсіздік кездесуі кəдік: мəселен, бəз-біреу
Кисловодскіге барып-қайтуға жиналып жатыр дейік, - деп шетелдік
Берлиозға сығырая қарады, - былайынша, болмашы ғана шаруа ғой,
алайда ол сапарының сəті түспеуі мүмкін. Өйткені неге екені белгісіз,
кенет ол аяғы тайып кетіп, трамвайдың астына түсіп опат болады.
Қалайша сіз ол өзін-өзі осылай басқарды дей аласыз.
Дұрысы, оны басқа, мүлдем басқа күш биледі деп ойламайсыз ба?
Осыны айтқанда бейтаныс кереметтей қатты күлді.
Саркома мен трамвай туралы жосықсыз əңгімені Берлиоз зейін
қойып, мұқият тыңдады жəне іштей бір үрейлі ойлар жанын жеді. Бұл
шетелдік емес. Шетелдік емес ол, - деп ойлады, - өзі бір айрықша
оқшау тұлға... ал кім болғаны сонда бұл?”
Байқауымша, шылым шеккіңіз келіп отыр-ау деймін, - деді кенет
Бездомныйға қарап бейтаныс, - темекінің қайсысын артық көруші
едіңіз?
Не сізде түрлі түрлісі бар ма еді? - деп папиросы таусылған ақын
түнере тіл қатты.
-
Қайсысын артық көресіз? - деп қайталады бейтаныс.
Ал, “Біздің марканы” делік, - деп ызалана жауап қатты
Бездомный.
-
“Біздің марка” дейсіз бе?
Редакторды да, ақынды да оның шылым салғышынан “Біздің
марканың” табылғаны емес, портсигарының өзі таңғалдырды. Оның
көлемі үлкендігі былай тұрсын, тағы саф алтыннан жасалғаны,
ашқанда қақпағынан көкшіл ақ жарқыл шығарып үшкіл жауһардың
көрінгені қайран қалмауға қоймады.
Бұл арада əдебиетшілердің ойы əр саққа кетті. Берлиоз: “Жоқ, бұл
шетелдік!” деп ойлады, Бездомный болса “Мынау тəйір алғырың кім
өзі?” деп дегбірсізденді.
Ақын мен портсигардың иесі шылым шекті де, темекі тартпайтын
Берлиоз бас тартты.
Оған “адам деген өлмекші, мұның ешқандай дау-таласы жоқ” деп
қарсы пікір айту керек, - деп шешті Берлиоз. - Бірақ мəселе мынада
ғой.
Алайда оның бұл ойын айтуға үлгертпей, шетелдік сөйлеп қоя берді.
Иə, адам өлмекке жаралған, бірақ өлгенде тұрған артық ештеңе
жоқ. Ең жаманы сол ажал аяқ астынан, кенеттен тап келеді, қиыны
міне осы. Жалпы, кісі бүгін кешке не істеп, не қоятынын анықтап айта
алмайды.
“Мəселенің қойылысы көңілге қонбайды екен”, - деп ойлаған Берлиоз
қарсы пікір білдірді.
Жарайды, бұл арада да асыра сілтеу бар. Бүгінгі кеш артық-кемі
бар өзіме айқын, Тек Бронная көшесінен өткенде төбеме ғайыптан
кірпіш құлап түспесе болды...
Кірпіш жайдан-жай ешқашан ешкімнің басына түспейді, -деп
бейтаныс сендіре сөйлеп сөзін бөлді. - Атап айтқанда, мына сізге
ондай қатердің жоқтығына иманым таяқтай. Сіз өзге ажалдан өлесіз.
Бəлкім, ол қандай ажал екенін сіз білетін де шығарсыз? - деп
əбден табиғи əзілмен қағытты шын-ақ рабайсыз əңгімеге еріксіз
араласқан Берлиоз. - Білсеңіз маған айтарсыз.
Əлбетте, - деп тіл қатты бейтаныс. Сосын бəз-бір кəстөм тігуге
дайындалған кісідей Берлиозды көзбен өлшеп, тісінің арасынан
сыздықтатып, əлденелерді сыбырлап айтқандай болды: “Бір, екі...
Екінші қабаттағы Меркурий... ай кетті... алты - кесапат... кешкісін жеті...” деп, шаттана айғайлап: - Сіздің басыңызды қырқады! - деді.
Бездомный терісіне сыймай бетімен лаққан бейтанысқа ызалана
көзін алайтты, ал Берлиоз:
Атап айтқанда, басымды алатын кім өзі? Жаулар ма?
Басқыншылар ма? - деп мырс етті.
Жоқ, - деді сұхбаттас, - басыңызды кесетін орыс əйелі,
комсомолка.
І-ім... - деп міңгірледі бейтаныстың еренсіз əзіліңе шамданған
Берлиоз, - бірақ бұныңыз шындыққа жанаса қоймайды, ретсіздеу
екен.
Мені кешіруіңізді өтінемін, əйткенмен солай болары анық, -деп
жауап қатты шетелдік. - Иə, сізден тағы да мынаны сұрайын деп
едім: құпия болмаса, бүгін кешкісін не істемек ойыңыз бар?
Құпиясы жоқ, қазір өзіміздің Садоваяға барамын, сосын кешкісін
сағат онда МАССОЛИТ-те мəжіліс болушы еді, соған төрағалық
етемін.
Жоқ, олай болуы еш мүмкін емес, - деп батыл қарсылық білдірді
шетелдік.
-
Неліктен мүмкін емес?
Өйткені Аннушка күнбағыс майын сатып алып, оны төгіп те
үлгерді, - деп шетелдік көзін сығырайта сүзіп салқын түсерін сезген
құстар шимайлаған аспанға қарады. - Демек, мəжілісіңіз болмайды.
Мұндайда үнсіздіктен өзге жөке ағашының саясында не орын алмақ.
Ғафу етіңіз, - деп үнсіздіктен кейін сөз бастаған Берлиоз жоқтыбарды шатып малтасын езіп отырған шетелдікке қарады, -бұл арада
күнбағыс майының қажеті не... Аннушкаңыз кім?
Күнбағыс майының бұл арада қажеті мынада, - деп зайыры
шақырылмаған сұхбаттасқа соғыс жарияламақ сыңаймен кенет сөзге
Бездомный араласты, - азамат, сіздің осы бəз-бірде жүйке
ауруларының емханасында болғаныңыз бар ма?
-
Иван!.. - деп баяу ғана күбір етті Михаил Александрович.
Алайда шетелдік оның сөзіне титтей де ренжіген жоқ, қайта
рақаттана күлді.
Болғам, болғанмын, бір емес, бірнеше рет! - деп айғайлап
жіберді күлімдеген көзін ақыннан айырмай, - Мен қайда болмады
дейсің! Бір өкініштісі профессордан шизофренияның, яғни есі
ауысудың не екенін сұрай алмағаным. Демек, оның не екенін өзінен
білерсіз, Иван Николаевич.
-
Менің аты-жөнім қандай екенін қайдан білесіз?
-
Мархабат етіңіз, Иван Николаевич, сізді білмейтін кім бар?!
Замат шетелдік қалтасынан “Литературная газетаның” кешегі
санын суырып алды, одан Иван Николаевич бірінші беттен өзінің
бейнесін көрді, астында өлеңдері тұр. Даңқтың дəлелі ретінде кеше
ғана қуанышын қойнына сыйғызбап еді, бұл жолы сол атағы ақынды
селт еткізуге жарамады.
Кешірім өтінемін, бірер минөт тоса тұрмас па екенсіз? - деді ол
сұхбаттасына өңі сұрланып, - Жолдасқа айтар бірер сөзім бар еді.
О, сөзіңізге құлдық! - деп қойды бейтаныс. - Мынау жөке
ағашының саясы жақсы екен, ешқандай асығып отырғаным жоқ.
Мəселе былай, Миша,- деп сыбырлады ақын Берлиозды
шығарып алып, - мынауың ешқандай шетелдік турист емес,
шпионның өзі. Арамызға өтіп кеткен орыс эмигранты бұл. Онан
құжаттарын сұра, əйтпесе тайып тұрады.
Сен солай ойлайсың ба? - деп мазасыздана сыбырлаған
Берлиоз іштей “осының сөзінде жан бар” деп ойлады.
-
Өзге-өзге, маған сен, - деп сыбырлады оның құлағына ақын,
бірдеңелерді біліп алу үшін қасақана кеңкелестеніп тұр. Оның
орысша қалай сөйлейтінін естідің ғой. - Ақын сөйлей тұрып бейтаныс
қашып кетпесін деп көзінің қиығын айырмайды. - Жүр, ұстайық,
əйтпесе кетіп қалады.
Ақын Берлиозды қолынан ап орындыққа тартты.
Бейтаныс орындыққа отырмай, қолына күрең тысты бір кітапша мен
қалың қағаздан жасалаған конверт жəне таныснама кəртішкесін
ұстап орындықтың қасында тұрған-ды.
Кешіріңіздер, айтысымыздың жетегінде сіздерге өзімді
таныстыруды да ұмытып кетіппін ғой. Мынау менің таныснамам мен
төлқұжатым жəне Мəскеуге консультация үшін шақыру қағаз,
деді əдебиетшілерге тесіле қараған, əр сөзін бұлтартпастай
нықтап айтқан бейтаныс.
Олар абыржыңқырап қалды. “Шайтан, барлығын тыңдап тұр екен
ғой” - деп ойлаған Берлиоз, сыпайы ыммен құжаттарды көрсетудің
онша қажеті жоқ еді дегенді аңғартты. Шетелдік құжаттарын
редакторға ұстатып жатқанда, ақын оның танысна-масынан
“профессор” деп шетел қарпімен жазылған сөзді жəне
фамилиясының “В”-ден басталатынын оқып үлгерді.
Өте жақсы, - деп міңгірледі абдыраудан əлі айыға алмай тұрған
редактор, сонысы мұң екен шетелдік құжаттарын сып етіп қалта-сына
сүңгітті.
Қарым-қатынас осымен қалпына келіп, үшеуі де орындыққа қайта
жайғасты.
Консультант есебінде сіз бізге шақырылдыңыз ғой, профес-сор?
- деп сұрады Берлиоз.
-
Иə, консультант есебінде келдім.
-
Сіз неміссіз бе? - деп сұрады Бездомный.
Мен бе? - деп қайта сұраған профессор кенет күбіжіктеп: -Иə,
неміс деуге де болар, - деді.
-
Орысша керемет сөйлейсіз, - деп қалды Бездомный.
О, мен жалпы полиглотпын, өте көп, сан-сапалақ тілдерді
білемін, - деп жауап қатты профессор.
-
Ал сіздің мамандығыңыз қандай? - деп сауал берді Берлиоз.
-
Менің мамандығым - сиқыршылық, қара магияның мама-нымын.
“Мəс-саған!..” деген бір сөз Михаил Александровичтың басында
қылаң берді.
Ə... сізді жəне осы мамандық бойынша бізге шақыртып жүр ме? деді ол кекештеніп.
Иə, осы мамандық бойынша шақырды, - деп растаған
профессор енді оның мəнін түсіндіре бастады. - Осында мемлекеттік
кітапханадан оныншы ғасырдағы қара кітапшы Герберт Аврилакский
қолжазбасының түпнұсқасы табылыпты. Міне, соны мен қарап
ажыратып беруім керек. Ол жөнінде мен əлемдегі жалғыз ғана
маманмын.
Ə-ə! Сіз тарихшысыз ба? - деп иығынан бір жүк түскендей
құрметтеп сұрады Берлиоз.
Мен - тарихшымын, - деп растады оқымысты жəне тисе терекке,
тимесе бұтаққа дегендей: - Бүгін кешке Патриарх тоғанында қызық
оқиға болады, - деді.
Редактор да, ақын да қайтадан таң-тамаша қалды, ал профессор
екеуін де өзіне шақырып, олар еңкейе бергенде:
Естеріңізден шығармаңыздар, Иисус өмірде болған, - деп
сыбырлады.
Былай ғой, профессор, - деді еріксіз жылжып Берлиоз, - біз сіздің
зор біліміңізді құрметтейміз, бірақ өзіміз бұл мəселе бойынша басқа
көзқарас ұстанамыз.
Ешқандай көзқарастың керегі жоқ, - деді қыңыр профессор, былайша ол болған, басқаңыз қажет емес.
-
Алайда бəз-бір дəлел керек қой... - деді Берлиоз.
Ешқандай де дəлелдің қажеті жоқ, - деп түйіп тастаған
профессор баяу ғана сөйлеп: - Барлығы де əдеттегідей: ақ желеңді
ақ плащ...
Екінші тарау
ПОНТИЙ ПИЛАТ
Көктемгі нисан айының он төртінші жұлдызында таңертең ертемен
Ұлы Ирод сарайының екі қанаты арасымен қан қызыл астарлы ақ
плащ киген Иудея прокураторы Понтий Пилат атты əскерше тарптарп басып жабық бағандар тізбегіне шықты.
Бұл жалғанда прокуратордың жеккөретіні қызғылт майдың иісі
болатын, енді міне жақсы күн болмайтынынан хабар бергендей күн
шыққаннан-ақ əлгі иіс оның қыр соңынан қалмай қойды.
Прокураторға күлгін иіс бақтағы кипаристер мен құрмалардың сөлін
сорып, қарғыс атқыр күлімсі ағын тер мен теріге сіңіп мидай
араласып кеткендей көрінеді. Сарайдың түкпіріндегі прокуратор-мен
Ершалимнен ере келген Он екінші Нажағайлы легионның алғашқы
легі орналасқан қосалқы үйлерден бақтың жоғарғы алаңқайы арқылы
буалдыр түтін бағандар тізбесіне лап қойды. Аспаздардың ас үйде
ботқа пісіріп, ас əзірлеп жатқанын куəлан-дырғандай ащы түтін келіп
тағы да əлгі қою күлгін иіске араласты. О тəңірі, тəңірі-ау, не үшін
мені осынша жазаламақсың!?
“Иə, еш күмəн жоқ! Тағы да əлгі айықпас қатерлі ауру - басың қақ
жарылып тұратын кəдімгі гемикрания, бұдан құтылар жол жəне жоқ.
Басымды қозғалтпай бір көрейінші.
Фонтанның жанындағы əшекейлі еденге мамықтақ əкеліп
қойылыпты, прокуратор болса ешкімге де қарамай, соған кеп
жайғасып, бір жағына қолын созды.
Хатшы тағзым ете кеп созылған қолға бір буда пергамент салды.
Аурудан ытырынып тыржиғанын жасыра алмай прокуратор көзінің
қиығымен шолып шықты да пергаментті хатшыға қайтарып, əреңдеп
тіл қатты:
Галилейден тергеуде жүрген бар еді ғой, ісін тетрархқа
жібердіңдер ме?
-
Иə, жібердік, прокуратор.
-
Ол не деді?
Аталмыш іс бойынша тұтқынға алудан бас тартты жəне
Синодронның өлім жазасын сіздің бекітуіңізге жіберді, - деп
баяндады хатшы.
Прокуратор езуін жиырып, баяу ғана:
-
Айыпкерді алып келіңдер, - деді.
Сол замат екі легионер балконға шығатын бағанның астындағы бақ
алаңынан жасы жиырма жетілер шамасындағы бір адамды алып
шығып, прокуратордың мамықтағы алдына əкеп қойды. Бұл кісінің
кигені ескі, алба-жұлба көк хитон екен. Басында маңдайын
айналдыра қайыспен аңқып қойған ақ шүберек, қолдарын артына
қайырып байлап қойған. Оң көзінің асты алақандай боп көгеріп
кеткен, жара түскен езуіне қан қатып қалған. Əкелінген адам
прокураторға шұқшия үрейлене қарады.
Ол болса үн қатпай, сосын ғана арамейше бояу:
Демек, Ершалимнің үлкен шіркеуін талқандауға халықты үндеп
жүрген сенсің ғой, - деді.
Осыны айтқанда прокуратор тастай қатып қақиып, тек ерні ғана
жыбырлады. Оның тастай қатып отыруы тозақ отындай лып-лып етіп
жанып бара жатқан басын шайқалтпау еді.
Қолы артына байланған адам алға сəл ентелей беріп сөз бастады.
-
Қайырымды кісі! Маған сеніңіз...
Алайда прокуратор бұрынғысынша мізбақпай, даусын да көтермей,
оны табанда тыйып тастады.
Мені қайырымды кісі деп атап отырған мына сенсің бе? Онда
қателесесің. Ершалимде мені мейірімсіз, қатыгез кісі деген сыпсың
сөз көп, олары бастан-аяқ дұрыс, - деп, сəл сылбыр үнімен əмір етті:
- Крысобой кентурионды маған шақыр.
Ерекше кентурияның командирі Крысобой атанған кентурион Марк
көзге көрінгенде балконға қараңғылық түскен сияқтанды баршаға, ол
да қақшиып прокуратордың алдына тұра қалды.
Крысобой легионының ең бойшаң солдатынан бір бас биік болатын,
жауырыны қақпақтай, кең иықтылығы сондай, сұлбасымен ол əлі
көтеріле қоймаған күнді көлегейлеп тұрғандай еді.
Прокуратор кентурионға латынша сөйледі:
Қылмыскер мені “қайырымды кісі” деп атады. Оны осы арадан
бір минөтке алып кетіп, менімен қалай сөйлесу керек екенін
түсіндірші. Бірақ кемтар ғып тастама.
Тұтқынға қолын сілтеп соңымнан ер деген белгі берген Крысобойды
қимылсыз прокуратордан басқаның бəрі көзбен шығарып салды.
Крысобойды көзге түскен жерде жұрттың бəрі осылай шығарып
салатын тағы бір себебі бар: кентурионның бет пішіні əбден бүлінген,
мұрнын герман күрзісі бұзып, жапырып жіберген.
Марктің ауыр етігі əшекей еденде тарпылдап, тұтқын оның соңынан
үн-түнсіз еріп жүре берді, колоннада жым-жырт, көгер-шіндердің
алаңдағы гүжілі балконнан естіліп тұр, оның үстіне фонтан суы да
сырлы бір əуенге басқандай.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Майталман шебер мен маргарита - 02
  • Parts
  • Майталман шебер мен маргарита - 01
    Total number of words is 4188
    Total number of unique words is 2185
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 02
    Total number of words is 4307
    Total number of unique words is 2150
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 03
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2321
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 04
    Total number of words is 4091
    Total number of unique words is 2369
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 05
    Total number of words is 4231
    Total number of unique words is 2275
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 06
    Total number of words is 4275
    Total number of unique words is 2183
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 07
    Total number of words is 4179
    Total number of unique words is 2056
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 08
    Total number of words is 4162
    Total number of unique words is 2288
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 09
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2258
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 10
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2360
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 11
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2204
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 12
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2334
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 13
    Total number of words is 4076
    Total number of unique words is 2131
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 14
    Total number of words is 4303
    Total number of unique words is 2195
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 15
    Total number of words is 4283
    Total number of unique words is 2173
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 16
    Total number of words is 4122
    Total number of unique words is 2215
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 17
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2274
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 18
    Total number of words is 4328
    Total number of unique words is 2150
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 19
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2195
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 20
    Total number of words is 4323
    Total number of unique words is 2138
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 21
    Total number of words is 4279
    Total number of unique words is 2228
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 22
    Total number of words is 4275
    Total number of unique words is 2177
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 23
    Total number of words is 4051
    Total number of unique words is 2294
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 24
    Total number of words is 4132
    Total number of unique words is 2321
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 25
    Total number of words is 4367
    Total number of unique words is 2146
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 26
    Total number of words is 4184
    Total number of unique words is 2326
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 27
    Total number of words is 2124
    Total number of unique words is 1367
    38.1 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.