Latin Common Turkic

Майталман шебер мен маргарита - 24

Total number of words is 4132
Total number of unique words is 2321
32.6 of words are in the 2000 most common words
45.3 of words are in the 5000 most common words
53.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Мен тіптен түк түсінбеймін, - деді ол жоғарыдан, - маған бұлайша
қатал келудің себебі не?..
Дəл осы арада оның сөзін бастап қайдан шыққаны белгісіз бір зілді
жуан дауыс бұзды.
Пəтерде не болып жатыр, өзі? Менің жұмысыма кедергі келтірді
ғой.
Екінші сүйкімсіз, мыңқылдаған бір дауыс үн қатты:
-
Əрине бұл, жын соққыр Бегемоттың ісі де!
Үшінші жарықшақ дауыс былай деді:
-
Мессир! Сенбі. Күн еңкейіп барады. Кетер уақыт болды.
Кешіріңіздер, одан əрі əңгімелесе алмаймын, - деді айнадан
мысық, - уақытымыз болды. - Ол браунингті лақтырып терезенің
əйнегін сындырды. Сосын төменге бензин бүркіп еді, ол өзінен-өзі
тұтанып, жалыны төбеге бір-ақ жетті.
Жанғанда да əдеттегі бензиндей емес айрықша шапшаң үдеп, күшті
жанды. Тұсқағаздар бірден түтіндеп, жұлынып еденге түскен гардин
жанды, сынған терезенің жақтаулары оттан қопси бастады. Мысық
шиыршық ата бүктетіліп, мияулап, айнадан терезенің астыңғы
жақтауына секіріп түсіп, одан примусымен бірге ғайып болды.
Сырттан мылтық даусы шықты. Өртте қолданылатын темір басқышта
зергер əйелі терезесінің деңгейінде отырған адам мысық бір
жақтаудан екіншісіне қарғып, үйдің бұрыштағы суағар тұрбасына
ұмтылғанда оны қайта-қайта атты. Сол тұрбамен мысық ақыры
шатырға шығып кетті.
Онда оны түтін шығар мұржаны күзетіп отырған сақшы да атты,
бірақ, өкінішке қарай, одан да еш нəтиже шықпады, мысық болса,
батар күннің қаланы ораған жалқынына сүңгіп ізім-ғайым болды.
Пəтерде бұл кезде келгендердің аяғы астындағы паркет лап етіп,
оттың ішінде, əлгінде ғана көз алдап мысық жатқан жерден барған
сайын күреңітіп, көзі əйнектеніп, иегі көкке шаншылып бұрынғы
барон Майгелдің мүрдесі жатты. Оны алып шығудың еш мүмкіндігі
болмады. Жанып жатқан паркеттің үстімен секіріп, от шалған
иықтары мен кеуделерін қолымен соққылап қонақжайда тұрғандар
кабинет пен алдыңғы бөлмеге шегінді. Ас үй мен жатынжайда
болғандар дəліз арқылы жүгіріп шықты. Бəз-біреу жүгіріп жүріп өрт
сөндіру бөліміне телефон шалып, трубкаға:
-
Садовая, үш жүз екі-бис! - деп айқайлады.
Артық бөгелуге болмайды. Жалын алдыңғы бөлмеге лап қойды. Дем
алудың өзі қиындап барады.
Сиқырланған пəтердің сынған терезелерінен түтіннің алғашқы
шудалары будақтағанда, аулада жан даусы шыққан адамдардың
айғайы естілді.
-
Өрт, өрт, өртеніп барамыз!
Үйдің əралуан пəтерлерінде жұрт байбалам салып телефонмен
айғайлап жатты:
-
Садовая! Садовая, үш жүз екі-бис!
Садовая көшесінде қаланың барлық бөлегінен шапшаң жүйткіген
ұзын қызыл машиналардағы жүректі ұшырып қоңырау дабылы
естілген кезде аулада жанталасып əрлі-берлі жүгіріп жүрген адамдар
бесінші қабаттың терезесінен түтінмен бірге ұшып шыққан үш қара
сұлбаны көрді, шамасы үшеуі де еркек болуы керек, сосын жалаңаш
бір əйелдің сұлбасы көзге шалынды.
Жиырма сегізінші тарау
КОРОВЬЕВ ПЕН БЕГЕМОТТЫҢ СОҢҒЫ
ЖОРЫҚТАРЫ
Бұл сұлбалар шынымен болды ма екен, əлде Садовая көшесіндегі
қырсық шалған үйдің зəресі ұшқан тұрғындарына тек елестеді ме
екен, əрине, оны нақты айтуға болмайды. Егер олар болғанда да,
тікелей қайда аттанып кеткенін де ешкім білмейді. Олардың қайда
бөлінгенін де біз біле алмаймыз. Алайда біздің білетініміз - Садовая
көшесінде өрт шыққаннан кейін ширек сағат өткенде Смоленск
базарындағы Торгсиннің айналы есігіне торкөзді кəстөм киген бір
ұзынтұра азамат пен оған еріп ірі қара мысық келгені ғана.
Өткен-кеткеннің арасынан ептілікпен өткен азамат келіп дүкеннің
сыртқы есігін ашты. Алайда осы арада тəпелтек, сүйекті, соншалық
сүйкімсіз швейцар оның жолын кес-кестеп, шамдана сөйледі:
-
Мысықпен кіруге болмайды.
Мен кешірім өтінемін, - деп дыбырлады ұзынтұра, сосын
тарамысты қолын саңырау сияқты құлағына апарды, - сол
мысықтармен сөйлесіп тұрған жоқсыз ба? Сіз мысықты қайдан көріп
тұрсыз?
Швейцардың көзі бажырайып кетті, бажыраятын да реті бар,
азаматтың аяғы астында ешқандай мысық болмай шықты, оның
орнына иығының ту сыртынан жыртық кепке киген жуан мойнын
созып дүкенге ентелей берді, шынында да оның жүзінде мысыққа
ұқсас бір нышандар бар еді. Жуанның қолында жəне примус жүр.
Бұл екі келермен қайткенмен де кісікиік-швейцарға ұнаған жоқ.
Бізде тек валютаға ғана сатады, - деп қырылдады ол қара күйе
жегендей сирек түте-түте буырыл қасының астынан шамдана қарап.
Қымбаттым менің, - деп дыбдырлады ұзынтұра сынық
пенснесінен көзі жалт-жұлт етіп, - менде валютаның жоқ екені сізге
қайдан мəлім? Сіз киімге қарап топшылайсыз ба? Ешқашан да олай
жасамаңыз, алтыннан ардақты сақшы! Қателесуіңіз, жəне қатты
қателесуіңіз мүмкін. Атақты халиф һарун-əл-Рашидтың тарихын тым
құрыса тағы да бір оқып шығыңыз. Алайда қазіргі жағдайда тарихты
былай ысыра тұрып, мен сізге мынаны айтар едім, қазір сіздің
үстіңізден меңгерушіге шағым түсіремін жəне арызданғанда сіз
туралы сондай нəрселерді айтамын да, мынау айналы есіктердің
арасындағы жылы орныңызбен қош айтысуы-ңызға тура келеді.
Менде мүмкін мына примус толы валюта бар шығар, - деп
əңгімеге қызбалықпен мысық мəнзелдес жуан қыстырылды дүкенге
өңмеңдей түсіп. Аржағынан ентелеген көпшілік ашу шақыра бастады.
Өшпенділікпен екеуіне де күмəндана қараған швейцар бір жағына
қарай ысырылып жол ашты да, таныстарымыз Коровьев пен Бегемот
дүкеннен бір-ақ шықты.
Ең алдымен мұнда олар барлығын қарап аралап шығып, сосын
дүкеннің барлық бұрышынан түгел жетердей үнді дауыспен Коровьев
өз ойын жариялады:
-
Ғажайып дүкен! Өте-мөте жақсы дүкен!
Сауда сөрелерінің алдында тұрған көпшілік дүкен мақтауға əбден
татитын болса да, неге екені белгісіз, сөйлеушіге таңдана қарады.
Алуан түсті жүздеген дана сиса сөре ұяларынан көз тартады.
Олардың аржағында шожым мен шифон, бешпенттік шұға үйіліп тұр.
Келешекте киетін аяқ киімдердің қорабы да иін тіреседі, бірнеше
əйел азамат аласа орындықтарға жайғасып, оң аяқтарында ескі
кебістері сол аяғымен біз тұмсық жаңа туфлилерді өлшеп, кілемшеге
басып көріп жатыр. Бұрыштың аржағында қуыста патефон ойнап тұр.
Осылардың бəрін шолып өтіп Коровьев пен Бегемот азық-түлік пен
тəттілер бөлімдерінің түйіскен жеріне тура тартты. Бұл ара өте кең,
сиса бөлімдеріндегідей орамал тартып, берет киген азаматшалар
сауда үстеліне ентелеп, жан-жағыңнан қыспайды.
Тəпелтек, тіптен төрткүл, бет-аузы көгергенше қырынған, мүйіз
көзілдірікті, лентасы умаждалмаған жаңа қалпағы бар, күлгін түсті
пəлте киген, жалқын сары қолғапты адам сауда үстелінің аржағында
əмірлі үнмен бірдеңелерді айтып тұр. Оған ақ халатты, көк-тақиялы
сатушы қызмет етіп жүр. Левий Матвей ұрлаған пышақтай өткір
пышақпен ол күмістей жылтыраған жылан терісіне ұқсас қызғылт
семіз арқан балықты бөлшектеп жатыр.
Бұл бөлімше ғажап екен, - деп салтанатпен мойындады
Коровьев, - шетелдігің де сымбатты, - деп ол ілтипат көрсете күлген
пəлтеліны саусағымен нұсқады.
Жоқ, Фагот, жоқ, - деді ойлана қалған Бегемот, - достым, сен
қателесесің. Күлгін джентльменнің бетінде бірдеңе жетіспейді,
меніңше.
Күлгін арқа дір ете қалды, бірақ онысы кездейсоқ болуы керек,
өйткені орысша сөйлеп тұрған Коровьевтің не айтқанын шетелдік
қайдан түсінсін.
-
Джакси ма? - деп қатқыл үнмен сұрады күлгін түсті аларман.
Теңдесі жоқ, - деп жауап қатты сатушы өткір пышақпен балықтың
терісін шұқылап.
Джакси суйеди, ал джаман - жоқ, - деді шетелдік ызбарлана
сөйлеп.
-
О не дегеніңіз, əрине, - деп көтермелей жауап қатты сатушы.
Осы арада біздің таныстар шетелдікті тастап, кондитерлік сөрелердің
шет жағына қарай тартты.
Бүгін ыстық екен, - деді Коровьев жап-жас, қып-қызыл нарттай
сатушыға. Бірақ одан ешқандай жауап ала алмады, сосын ол: Мандарин қанша тұрады? - деп сұрады одан.
-
Килосы отыз тиын, - деп жауап берді сатушы.
Бағаларыңның бəрі тістеп тұр ғой, - деп күрсінді Коровьев, сосын
сəл ойланып тұрып өз серігін шақырды да: - Еһ, же енді, Бегемот, деді.
Жуан примусын қолтығына қысып, пирамидалап үйілген мандариннің
ең басындағысын алып қабық-мабығымен күйседі де, екіншісіне қол
салды.
Сатушы қыздың өлердей үрейі ұшты.
Сіз есіңізден адасқансыз ба? - деп шыңғырып жіберді ол бетінің
қызылы ізім-ғайым боп, - чектеріңізді əкеліңіз! Чек! - деп абдырап
тұрып қолындағы кəмпит қысқышын да түсіріп алды.
Жаным айналайын, аруым! - деп мəймөңкеледі Коровьев
сатушы қызға көз қысып, - бүгін біз валюта алып шыққан жоқ едік...
жоққа жүйрік жете ме. Алайда, ант етейін, дүйсенбіден қалдырмай,
барлығын сылдыратып қолыңызға саламын. Біз осында алыс емес,
əлгі өрт болған Садовая көшесінде тұрамыз.
Бегемот үшінші мандаринді де қылғытып шоколад плиткалар-дан
жасаған əсем жасауға қол созды, тəттінің астыңғы біреуін тартып
қалғанда, үстіңгі жағы құлап түсті, бұл болса, түк көрмегендей алтын
тысты кəмпитті орауымен аузына салып, жұтып жіберді.
Балық бөлімінің сатушылары қолдарында пышағы бар, тас боп қатты
да қалды, күлгін киімді шетелдік тонаушыларға бұ-рылды, сол сəт
Бегемоттың айтқаны дұрыс емес екені анықталды: оның бетінде
жетпей тұрған ештеңе жоқ, қайта артығы көп сияқты: ұрты салбырап?
Көзі бір орнында тұрмайды екен.
Өң жоқ, түс жоқ сарғайып, сатушы қыз жан даусы шығып, бүкіл
дүкенді басына көтерді.
-
Полосич! Полосич!
Сиса бөліміндегі көпшілік осы айғайға қарай қопарылды, ал Бегемот
тəттінің арбауынан құтылып, қолын “Керчьтің сұрып-талған
майшабағы” деген жазуы бар кеспекке салды, одан екі майшабақ
алып, ауызға тықты да, құйрықтарын түкіріп тастады.
Полосич! - деген жандауыс кондитер бөлімінен қайта
қайталанды, ал балық саудасы сөресінен гүждиген сатушы жігіт гүр
ете қалды:
-
Сен не істеп жатсың, сұржылан?
Павел Иосифович оқиға болған жерге асығып жетті. Бұл өзі ақ халат
киген хирургке ұқсас сымбатты еркек болатын, қалтасынан
қарындашы көрініп тұрды. Шамасы ол тəжірибелі адам болса керек.
Бегемоттың аузынан үшінші майшабақтың құйрығын көріп, жағдайды
қас қағымда бағалап, бейбастақтармен бажылдасып жатпай, қолды
бір сілтеді де;
-
Ысқыр! - деп бұйрық берді.
Айналы есіктерден Смоленскінің бұрышына ұшып барған швейцар
барын салып ысқырды кеп. Көпшілік жексұрындарды қоршай
бастады, сонда барып іске Коровьев араласты:
Азаматтар! - Дірілдеген жіңішке дауыспен айғай салды ол; -бұл
не болып жатыр, өзі? Бұл туралы алдымен өздеріңізден сұрауға
мəулет беріңіздер. Бейшара пенде, - деп Коровьев даусына діріл
қосып, замат бет-аузын жыламсыраған адамның кейпіне келтіре
қойған Бегемотты нұсқады, - сорлы жан күні бойы бір примусты
жөндей алмай, əуреге түсіп нəр татқан жоқ, валютаны ол қайдан
алсын?
Əдетте ұстамды, əрі байсалды Павел Иосифович оған ызғарлана
айқай салды:
Сен оныңды қой! - деп қолын шыдамсызданып алысқа сілтеді.
Есіктегі шиқыл да күшейіп, қаңғыр-гүңгір үдей түсті.
Бірақ Павел Иосифовичтің айқайынан қыңатын Коровьев жоқ, сөзін
одан əрі жалғастырды:
Мұншама қатыгездік қайдан шыққан? - деп мен баршаңызға бірақ сауал қоямын. Ол аштық пен шөлден əбден өліп барады. Ыстыққа
жəне шыдай алар емес. Ал, жеп көрейін деп бейшара мандарин
алған екен. Ол мандариннің құны бар болғаны үш-ақ тиын. Міне енді
ысқырып жатыр, кəдімгі көктемде орманды жаңғыртатын бұлбұл
сияқты, милициялардың мазасын алып, оларды жұмысынан
қалдырады. Ал оған бəрі болады, ə? - деп ол осы арада күлгін
пəлтелі жуантықты нұсқады, мұны естіген оның жүзінен күшті үрей
білінді. - Бұл кім өзі? Ə? Қайдан келген? Не үшін келген? Онсыз
немене күн көре алмай, көңіл көтере алмай жүр ме едік? Немене,
оны арнайы шақырыппыз ба? Əрине, - осы арада аузын кекесінмен
қисайтып бар даусымен айғай салды. Бұрынғы регент, - ол болса,
салтанат сəнімен күлгін бешпент киеді, арқан балықты ғана жеп
тұлыптай ісініп, семіріп алған, қойны-қоншы толған валюта, ал бізде
ше, біздің бейбақта ше? Мен, міне, осыған ашынамын! Өкінішті-ақ!
Өте өкінішті! - деп Коровьев ұзату тойындағы бағзы қыз
жолдасындай гөйгөйледі.
Осынау есуас, бейəдеп, тіпті саяси тұрғыдан зиянды сөз Павел
Иосифовичті ызамен қалшылдауға мəжбүр етсе, қанша оғаш
болғанымен де, топырлаған көпшіліктің көзінен көп адамның оған іш
тартып қалғаны байқалды. Көзі жауынгерлік жалынмен жарқылдап,
жүзі нарттай қызарып, тəтті нан салынған қағаз қапшықты еденге
атып ұрып:
Шындық қой! - деп баланың жіңішке даусымен айғайлады.
Сосын подносты ала сап, оған Бегемот құлатқан шоколадтан
қаланған эйфель мұнарасының қалдығын салып, сол қолымен
шетелдіктің қалпағын жұлып алып, оң қолындағы подноспен оның
жалтыр басына құлаштап тұрып періп жіберді. Жүк машинасынан
табақ темір түсіргендегідей шыңылдаған үн шықты. Жуантық құп-қу
болып шалқасынан түсіп, керчь майбалығы салынған кеспекке отыра
қап, балық тұздаған суды арасандай атқызды. Осы арада тағы бір
ғажайып болды. Кеспекке құлаған күлгін киім таза орыс тілінде
ешқандай акцентсіз:
Өлтіріп жатыр! Милицияны шақыр! Мені бандиттер өлтіргелі
жатыр! - деп айғайлады, зайыры қатты қорқудың салдарынан бұрын
беймəлім тілді меңгеріп алса керек.
Швейцардың ысқырығы аяқталғанда толқыған алармандар
тобырының арасынан жақындап келе жатқан екі милиционердің
шлемі көрінді. Алайда қаскөй Бегемот моншада жаумен орындыққа
су шашатыны сияқты примустан кондитер сөрелеріне бензин
шашып, олар өз-өзінен лап етті. Жалын жоғары шапшып, сөрелерді
бойлай өрлеп, жеміс-жидек салынған себеттердің əдемі қағаз
ленталарын жалмады. Сатушы қыздар шыңғырып, сауда сөрелерінен қаша бастады, олардың өз орнынан қарғып шығуы мұң екен,
терезелердің қалың перделеріне от тиіп, еденге төгілген бензин
жануға айналды. Көпшілік бірден улап-шулап, кондитер бөлімінен
кері лықсып, жолында енді қажетсіз боп қалған Павел Иосифовичті
тапап кетті, балық жақтан қолында қайраулы пышақтары бар
сатушылар шұбырып жабық жақтағы есікке ұмтылды. Кеспектен əрең
тұрып күлгін түсті азамат семга сөресі арқылы шығып, солардың
соңынан тартты. Қашып құтылуға тырысқан тобырдың дүмпуімен
шығар ауыздағы айналы есіктердің əйнектері быт-шыт болды, ал екі
жексұрын Коровьев пен мешкей Бегемот тайып тұрыпты, қайда
кеткенін жəне түсініп болмайды. Содан кейін ғана Смоленскідегі
Торгсинде болған өрттің басына қатысушылар екі бұзық жоғарыға
ұшып, төбе тақтайдың астына жабысып тұрып, сонда балалардың
ауа шарындай жарылып кетті деп соқты. Əрине, істің бұлай біткені
күмəнді, бірақ білмейтін нəрселерімізді белмеймін деу керек қой.
Алайда осы оқиғадан бірер минөт өткенде Смоленскідегі Бегемот
пен Коровьев дəл Грибоедов əпкесінің үйі маңындағы бульвардың
табанжолында жүргенін жақсы білеміз. Коровьев тортемірдің алдына
тоқтап тіл қатты:
Пəлі! Мынау жазушылар үйі ғой. Білсең бар ғой, Бегемот, мен
осы үй туралы көп жақсы һəм мақтау сөздер естідім. Достым менің,
осы үйге назар аудар! Осынау шаңырақтың астында түпсіз таланттар
түлеп, қанаттанып, шыңдалып ұшады деп ойлаудың өзі бір ғанибет!
Жабық бақтағы ананас құсап жатып пісіп, жайлап өседі десейші!
- деп Бегемот бағалы сарғыш үйді жақсырақ тамашалау үшін
тортемірдің бетон іргетасына шықты.
Айтқаның айна-қатесіз, - деп келісті өзінің ажырамас серігінің
сөзімен Коровьев, - осы үйде жаңа “Дон Кихоттың” болашақ авторы
түлеп, пісіп келеді. Деген тəтті бір үрей сезімі жүректі шымырлатады,
бəлкім, болашақ “Фаустың”, “Өлі жандардың” авторлары да
солардың арасында шығар.
-
Төбе шашың тік тұрады оны ойлағанда; - деп растады Бегемот.
Иə, - деп сөзін əрі сабақтады Коровьев, - бұл үйдің
көшетханасынан таңғажайып нəрселерді күтуге болады, ол өз
шаңырағы астында өмірін Мельтомена Полигимнияға жəне Талияға
қалтқысыз қызмет етуге арнап, белді бекем буған сан мың
жанкештілерді ұйыстырып отырған жоқ па! Олардың бəз-біреуі
бастап көру үшін оқырман көпшілікке “Ревизорды” немесе ең
құрығанда “Евгений Онегинді” ұсынса, қандай шу шығатынын сен
ойлап көрдің бе?
-
Ол деген оңай ғой, - деп Бегемот тағы да қоштады.
Иə, - деп жалғастырған Коровьев қам жегенсіп сұқ саусағын
көтерді, - бірақ! Бірақ деймін де, сол бірақты қайталаймын. Егер əлгі
жылы жерде өскен өскіндерге бəз-бір микрорганизм тап болып,
тамырынан қырқып жүрмесе не өз-өзінен шіріп кетпесе. Ал бұл індет
ананастарды жиі ұрады. Ой-ой, ой, қалай ұрады десеңші!
Айтқандай, аналар айбанда не бітіріп отыр? - деп сұрады
тортемірдің тесігінен домалақ басын сұққан Бегемот.
Ауқат жасап жатыр, - деп түсіндірді Коровьев. - Оған қоса
айтарым, мұндағы мейрамхана тəп-тəуір əрі тамағы арзан,
қымбаттым. Ал өз басым ашығын айтсам, одан арғы саяхат алдындағы əрбір турист сияқты жүрек жалғап шағын саптыаяқ суық сыра
ішкім келеді.
Мен де солай, - деп тіркесе кетті Бегемот, сөйтіп екі жексұрын
жөке ағаштарының түбіндегі асфальт соқпақпен кесапатты сезбеген
мейрамхананың айбанына қарай қарыштай жөнелді.
Ақ шұлықты, құйрықты ақ берет киген аппақ қудай зеріккен азаматша
айбанға кіреберіс ауызда бұрышқа таман вена орындығында отыр
екен, ту сыртында жасыл желекпен көмкерілген айнаның қасында
кірер саңылау жəне бар. Əйелдің алдында қарапайым асүй үстелінің
үстінде кеңсенікі тəрізді қалың кітап жатыр, соған əлгі азаматша,
қандай мақсатпен екені белгісіз, мейрамханаға кірген кісілерді тіркеп
отыратын көрінеді. Атап айтқанда, Коровьев пен Бегемотты да
тоқтатқан сол азаматша.
Сіздердің куəліктеріңіз? - деп ол Коровьевтің пенснесіне, сондайақ Бегемоттың примусы мен жырым-жырым шынтағына таңырқай
қарады.
Сізден мың да бір кешірім өтінемін, куəлігіңіз не? - деп сұрады
таңданған Коровьев.
-
Сіздер жазушысыздар ма? - деп сұрады өз кезегінде азаматша.
-
Оған дау бар ма! - деп мардымси жауап қатты Коровьев.
-
Онда куəліктеріңізді көрейік, - деп қайталады əйел.
-
Сүйіктім менің, - деп аялай бастады Коровьев.
-
Мен сүйікті емеспін, - деп тыйып тастады əйел.
О, қандай өкінішті, - деді опына сөйлеп Коровьев. - Олай болса
не, сізге сүйікті болу ұнамаса, сүйкімді болуға тырыссаңыз тіптен
сүйсінерлік шаруа болар еді. Мəселе мынада, Достоевскийдің
жазушы екеніне көз жеткізу үшін одан міндетті түрде куəлік талап ету
керек пе. Одан да оның кез келген романының бес бетін алып
оқысаңыз, ешқандай куəліксіз-ақ жазушымен істес болып
отырғаныңызға көзіңіз кəміл жетеді. Менің топшылауымша, онда
куəлік дегенің атымен болмаған. Сен қалай ойлайсың? - деп
Коровьев Бегемотқа қарады.
Болмағанына бəс тігемін, - деп жауап қатты ол примусын үстел
үстіне кітаппен қатар қойып, қолымен тұзданған маңдайы-ның терін
сүртіп.
Сіз Достоевский емессіз, - деді Коровьев есін шығарған
азаматша.
-
Кім білсін, кім білсін, - деп дабдырлады ол.
Достаевский өлген, - деді азаматша, бірақ өз сөзіне сенімі жоғы
білініп қалды.
Бұған мен қарсымын! - деп қызбалана дауыстап жіберді Бегемот.
- Достоевский мəңгі жасайды.
-
Азаматтар, кəне куəліктеріңіз, - деді азаматша.
Мархабат етіңіз, түптеп келгенде мұныңыз күлкілі, - деп Коровьев
те берісер емес. - Жалпы жазушы куəлігімен емес, жазғанымен
айқындалады. Менің басымда қандай ой-жоспарлар быжынап
жатқанын қайдан білесіз. Немесе мына баста? - деп ол Бегемоттың
басын нұсқады, дəл сол тұста ол азаматша дұрысырақ қарап алсын
дегендей кепкісін шешкен еді.
-
Өткізіп жіберіңіздер, азаматтар, - деді шамдана бастаған əйел.
Коровьев пен Бегемот ысырылып, сұр кəстөмді бір жазушыны өткізді,
ол галстук салмай, жазғы ақ жейдесінің жағасын пенжегінің жағасына
жайып жіберіпті, қолтығында газеті жүр. Жазушы азамат-шаға
ілтипатпен бас изеп, кетіп бара жатып алдына тартылған кітапқа
шимайлап қолын қойып, айбанға кіріп кетті.
Əттеген-ай, бізге емес, оған бұйыратын болды-ау саптаяқтағы
мұздай суық сыра, - деп мұңая сөйледі Коровьев. - Бейшара
қаңғымалар біз ғой соны армандаған, жағдайымыз бапты болмай
қиындап тұр-ау, не істеу керек екенін білмеймін.
Бегемот ашына қолын жайып, домалақ басына кепкесін киді, мысық
түгіне ұқсас қалың шашы оған да сыймай жалбырап тұрды. Сол
сəтте онша қатты емес, бірақ əмірлі дауыс азаматшаның тап
төбесінен шықты:
-
Жіберіңіз, Софья Павловна!
Кітапты азаматша таңғалды; айнаның жасыл желеңінен фракты,
теңіз қарақшысыныкіндей сына сияқты сүйір мұртты шыға келді. Ол
күмəнді екі шоқпыттыға жылы ұшырай қарады, тіпті оларға шақыру
ишаратын да жасады. Өзі басқаратын мейрамханада Арчибальд
Арчибальдовичтің беделі аса елеулі болатын, сондық-тан Софья
Павловна бірден жуасып Коровьевтен:
-
Фамилияңыз кім? - деп сұрады.
Панаев, - деп сыпайы ғана жауап берді ол. Азаматша оны
кітапқа жазып алып, сұраулы көзін Бегемотқа аударды.
Скабичевский, - деп шиқылдады ол, неге екені белгісіз,
примусын нұсқап. Софья Павловна оны да жазып, кітапты қол
қоюлары үшін келермендерге ұсынды. Коровьев “Панаев” деген
фамилиясының қарсысына “Скабичевский” деп жазды да, Бегемот
Скабичевскийдің қарсысына “Панаев” деп жазды. Софья Павловна-
ны əбден таңдандырып Арчибальд Арчибальдович қонақтарды
айбанның қарсы беттегі ең тəуір үстеліне жымия жүріп орналастырды. Ол жанында айна желегінің саңылауынан түскен сəуле ойнап
тұратын көлеңкедегі үстел болатын. Софья Павловна таңданғаннан
көзін жыпылықтатып, күтпеген келермендердің кітапқа қалдырған
жазуларын біртүрлі ұзақ зерттеді.
Арчибальд Арчибальдович даяшыларды Софья Павловнадан кем
таңдандырған жоқ. Ол Коровьевті шақыра тұрып, орындығын
үстелден өзі қозғап отырғызды, біреуіне бастық көзін қысып, біреуіне
сыбырлаған соң екі даяшы жаңа меймандардың айналасында
əбігерге түсіп бəйек болды да қалды. Меймандардың бірі қолындағы
примусын қажалған бəтеңкесінің жанына еденге қойғанына да
таңданған жоқ. Сары дағы бар ескі дастарқан үстелден дереу
алынып, ауаға ұшты, крахмалымен сықырлап аппақ жаңасы
бəдəуидің иық жабарындай желкілдеп үстелге жайылды, ал
Арчибальд Арчибальдович енді сыбырға көшіп, мəнерлей сөйлеп
Коровьевтің құлағына аузын тақап, күбір етті:
Сіздерді немен сыйласам екен? Айрықша дəмді балық бар...
архитекторлар съезінен жырып алып қалғанмын...
Сіз... жалпы тіске басар бірдеңе беріңіз... бізге... е, - деп
мекіренді орындыққа шалқая түсіп Коровьев.
Түсінемін, - деді сөзіне мəн бере жауап қатқан Арчибальд
Арчибальдович көзін жұмып.
Мейрамхана басшысының аса күмəнді қонақтарға қалай құрақ ұшып
жүргенін көрген даяшылар күдік дегенді былай ысырып тастап, іске
шындап ден қойды. Біреуі қалтасынан темекісінің тұқылын алып
аузына салған Бегемотқа сіріңке əкеп берді, екіншісі жасыл шыныны
шылдырлатып зыр жүгіріп жүріп, шанышқы қасықтардың қасына
рөмкелер мен бокалдар қойды, шіркін жаппаның астында бұл
ыдыстармен нарзан суы қалай сыңғытылады десеңізші... оны мəңгі
есте қалатын грибоедов үйінің айбанында ішкен қандай!
Шілдің санымен сыйлауыма болады, - деді əуендете міңгірлеп
Арчибальд Арчибальдович. Сынық пенснелі мейман ұсынысты толық
мақұлдап, бригада командиріне пайдасыз əйнектен жылы шырайлы
қарады.
Көрші үстелде ауқаттанып, шошқаның сүбесін жеп таусуға тақаған
жанында зайыбы бар беллетрист Петраков-Суховей жазушыға тəн
байқампаздықпен Арчибальд Арчибальдовичтің бəйек болып, безек
қағып жүргенін аңдап, өте-мөте таңырқады. Ал оның зайыбы, аса
қадірменді ханым тіпті пиратты Коровьевтен қызғанып, бұл бізге
бөгет болып отыр дегендей қасығымен үстелді тықылдатып,
балмұздақ əкелетін уақыт болды, кешіктіріп жатқандарың не? - деді.
Алайда Петраковаға алдарқата жымиып қойып Арчибальд
Арчибальдович қымбатты қонақтарының қасынан айналшақтап
шықпай, оған даяшыны жіберді. Шіркін, Арчибальд Арчибаль-дович
ақылды ғой. Байқампаз аңғарғыштығы да жазушылары-ңыздан еш
кем емес. Арчибальд Арчибальдович Варьетедегі сеансты да, бұл
күндердегі көптеген оқиғаларды естіп, білген, бірақ басқалардай
емес “алабажақ”, “мысық” деген сөздерді құлағынан ағызып
жібермей, жадында сақтап қалған. Арчибальд Арчибальдович
келермендерінің кім екенін де алғаш көргеннен-ақ аңғарған. Бірден
аңғарып, олармен ұрсысып абырой алмасын біле қойды. Ал анау
Софья Павловна да қызық! Оларды айбанға енгізбей, жолдарына
кесе көлденең тұрып ап, не хақысы бар екен! Əй, айтқандай, одан не
талап етіп мағдұр табасың!
Қасығымен қасақана ашыған қаймақты балмұздағын тықылдата
отырып Петракова бейразы көзбен сайқымазақтардай алба-жұлба
киінген екеудің үстелі сиқырлап қойғандай тəтті-дəмді атаулымен
қалай толып қалғанына қарады. Жалтырата жуылған салат
жапырақтары жаңа уылдырықпен бірге вазада жатыр... енді бір сəтте
жылжымалы бөлек үстелшемен сырты тершіген күміс топа-тай
келді...
Барлығы абыроймен атқарылып, даяшылардың қолында ішінде
бірдеңе шыжылдап жатқан жабық жаулау жеткенде ғана Арчибальд
Арчибальдовичтің жаны жай тауып, екі жұмбақ келерменді тастап
кетуге дəті барып, сыбырлап оларға жайын айтты:
Кешіріңіздер! Бір минөтке барып келейін. Шіл санының қалай
піскенін тікелей өзім бақылаймын.
Үстелден жүгіре басып жөнелген ол мейрамхананың ішкі есігіне
барып көзден таса болды. Егер бəз-бір бақылаушы Арчибальд
Арчибальдовичтің одан арғы қарекет-қимылын қадағаласа, олар сөз
жоқ недəуір қиын жұмбақ болып көрінер еді.
Бастық шіл санының қалай піскенін бақылау үшін əсте де ас үйге
кірген жоқ, мейрамхананың қоймасына барды. Оны өз кілтімен ашып,
ішінен жапты да, мұзжəшіктен салмағы əжептəуір екі балықты алды
да, манжетін былғамас үшін оларды газет қағазына орап, сыртынан
буды да, бір жаққа қойды. Сосын көрші бөлмедегі астары жібек
пəлтесі мен қалпағының орнында тұрған, тұрмағанын тексеріп, тек
содан кейін ғана меймандарға өзі уəде еткен шіл санын бір аспаз
боршалап жатқан ас үйге кірді.
Атап айтқан абзал, Арчибальд Арчибальдовичтің барлық ісқимылында оғаш та жұмбақ ештеңе жоқ, оның əрекеті тек атүсті
бақылайтындарға ғана оғаштау көрінуі мүмкін. Арчибальд
Арчибальдовичтің əрекеті түптеп келгенде өткен оқиғалардан бастау
алып жатқаны логикалық тұрғыдан əбден түсінікті. Соңғы оқиғаларды
бек білуі, ең бастысы оның керемет сұңғылалығы Грибоедов
мейрамханасының бастығы Арчибальд Арчибальдович екі
келерменнің қонақасысы аста-төк болғанымен ұзаққа
созылмайтынын алдын ала білдірді. Шынында да теңіз қарақшысын
ешқашан ұятқа қалдырмаған сұңғылалығы оны бұл жолы да алдаған
жоқ.
Коровьев пен Бегемот екі мəрте тазартылған мəскеудің тамаша суық
арағы толы рөмкелерін екінші рет қағыстырып жатқан кезде айбанға
қара терге түсіп толқыған хроникер, Мəскеуде бəрін шапшаң біліп
көрсете қоюымен танымал Боба Кандалуповский келіп, табанда
Петраковтардың қасына кеп отырды. Тырсиған портфелін орындыққа
қоя салып Боба дереу аузын Петраковтың құлағына тығып жіберіп,
оған өте-мөте қызығарлық бірдеңелер сыбырлады. Мадам Петракова
да əуестіктен өле жаздап құлағын Бобаның майлы ерніне төседі.
Анау болса ұрлана жан-жаққа қарап қойып сыбырлап жатыр,
сыбырлап жатыр. Сыбырдың мына сықылды жеке сөздерін естуге де
болатын еді:
Арыммен ант етемін! Садовая бар ғой, сол Садовая көшесінде, деп Боба даусын одан əрі төмендетті, - оларды оқ алмайды дейді.
Оқ, оқтар... бензин, өрт, оқтар...
Міне, сол сұмдық өсектер таратып жүрген суайттарды
жалғанның жарығына шығарса ғой, - деп Бобаға қарағанда қаттырақ
таңданып қоңыр даусымен мадам Петракова гулеп берді.
Жарайды, əзір осылай-ақ болсын, əйтеуір оларды да бір тəртіпке
шақырар! Қандай зарарлы өтірік десейші!
Өтірік дегеніңіз не, Антонида Прокопьевна! - деп даусы шығып
кетті жазушы зайыбының сенбегегіне шамданған Бобаның.
Сізге айтып тұрмын ғой оқ алмайды деп... Ал өрт шыққанда...
олар қалықтап ауада жүреді, ауада. - Əңгіме қып отырған жандары
шалжиып тап жанында отырғаны қаперінде жоқ Боба шыж-быж
болды, ал олар бұның былшылына мəз боп рақаттанады. Дегенмен,
рақаттану ұзамай сап боп тыйылды. Мейрамхананың ішкі есігінен
белдерін қынай буған, қолдарында биялайдың білезігі мен тапанша
бар үш еркек кіріп келді. Алдыңғысы бұйыра дауыстап, айғай салды:
Орындарыңнан тырп етпеңдер! - Табан аузында үшеуі де
Коровьев пен Бегемоттың басын нысанаға алып, айбанда атыс
бастады. Нысанаға алынған екеуі де ауаға сіңіп жоқ боп кетті.
Примустан лап етіп атылған от тура тентке тиді. Айналасы қап-қара
үңірейген өрт араны жан-жаққа жайылды. Аран арқылы атқыған оқ
грибоедов үйінің шатырына дейін көтерілді. Екінші қабаттың
терезесінде жатқан редакцияның қағаз салынған папкалары бұрқ етіп
жанып, от сыр тұрған пердеге тиді, сол арада біреу əдейі үрлегендей
гуілдеп ол тəтей үйінің ішіне лап берді.
Бірнеше секөнттан кейін бульвардың шойын тортеміріне апаратын
асфальт соқпақпен тамағын ішіп тауыспаған жазушылар, даяшылар,
Софья, Павловна, Боба, Петракова, Петраков безіп бара жатты. Осы
соқпақпен сəрсенбі күні кешкісін жағдайын ешкімге айтып түсіндіре
алмаған, бақытсыздықтың бірінші жаршысы Иванушка жүгіріп келген
еді.
Бүйірдегі есік арқылы алдын ала шығып, ешқайда қашпай, ешқайда
асықпай, өртке оранған бригтен ең ақырғы боп кететін капитанға
ұқсап, жібек астарлы жазғы пəлтемен қолтығында екі кесек балықтың
жон еті бар байсалды Арчибальд Арчибальдович міз бақпай тұрды.
Жиырма тогызыншы тарау
КЕМЕЛ МЕН КЕЛІНШЕКТІҢ ТАҒДЫРЫ
АЙҚЫНДАЛДЫ
Күн батарда Мəскеудегі бұдан жүз елу жыл бұрын салынған ең əдемі
ғимараттың қаладан көп биік тас террасасында Воланд пен Азазелло
екеуі тұрды. Олар төменнен де, көшеден де көзге түспейді, өйткені
оларды қажетсіз назардан гипс вазалары мен гипс гүлдері бар əсем
бағаналы қалдайлар көлегейлейді.
Воланд жиналмалы тəбіреткеде өзінің қара қапталын киіп отырған.
Оның ұзын да жалпақ семсері жерге тік шаншылып, террасаның
түйіскен екі кірпішінің арасында күн сағат сияқтанды. Семсердің
көлеңкесі біртіндеп баяу ұзарып, шайтанның қара кебісіне қарай
жылжыды. Сүйір иегін жұдырығына сүйеп, бір аяғын астына тығып
бүгілген Воланд көзін айырмай сарайлар мен алып үйлердің,
кішкентай, құлағалы тұрған лашықтардың жиынтығына қарады.
Азазеллоның өзі осы заманғы сəнді киімінен, яғни бешпенті мен
қалпағынан, жалтыраған лак кебісінен ажырап, Воланд құсап қара
киіп, өз əміршісінен онша алыстамай, қаладан көз алмай қимылсыз
тұрған.
Воланд сөз бастады:
-
Қандай қызық қала, рас қой?
Азазелло қозғалақтап ілтипатпен жауап қатты:
-
Маған Рим көбірек ұнайды, мессир:
-
Иə, бұл талғамның жемісі, - деді Воланд.
Бірқауым уақыттан кейін оның үні қайта шықты.
-
Бульвардағы анау түтін неден болды екен?
-
Ол жанып жатқан Грибоедов, - деп жауап қатты Азазелло.
Əлгі ажыраспайтын жұп: Коровьев пен Бегемот сонда болды
деген сөз ғой бұл.
-
Оған ешқандай күмəн жоқ, мессир.
Үнсіздік қайта туды, террасада тұрғандардың екеуі де батысқа
бұрылған терезелерде, алып үйлердің жоғарғы қабаттарында көз
қарықтырар күн сынықтары қалай жарқылдап жанып жатқанына
қарап тұрды. Батар күнге ту сыртын беріп тұрса да, Воландтың көзі
де сол терезелердің бірі құсап жанып, ұшқын шашты.
Алайда осы арада бірдеңе Воландты қаладан теріс айналып, ту
сыртында тұрған шатырдың үстіндегі дөңгелек мұнарға назар
аударуға мəжбүр етті. Мұнара қабырғасынан алба-жұлба, сазға құлап
үстін былғаған, аяғында жасанды сандалы бар қара сақалды, хитон
киген жабырқау кісі шықты.
Пəлі! - деп дауыстап жіберді Воланд кірген кісіге мысқылдай
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Майталман шебер мен маргарита - 25
  • Parts
  • Майталман шебер мен маргарита - 01
    Total number of words is 4188
    Total number of unique words is 2185
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 02
    Total number of words is 4307
    Total number of unique words is 2150
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 03
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2321
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 04
    Total number of words is 4091
    Total number of unique words is 2369
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 05
    Total number of words is 4231
    Total number of unique words is 2275
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 06
    Total number of words is 4275
    Total number of unique words is 2183
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 07
    Total number of words is 4179
    Total number of unique words is 2056
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 08
    Total number of words is 4162
    Total number of unique words is 2288
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 09
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2258
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 10
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2360
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 11
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2204
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 12
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2334
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 13
    Total number of words is 4076
    Total number of unique words is 2131
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 14
    Total number of words is 4303
    Total number of unique words is 2195
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 15
    Total number of words is 4283
    Total number of unique words is 2173
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 16
    Total number of words is 4122
    Total number of unique words is 2215
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 17
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2274
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 18
    Total number of words is 4328
    Total number of unique words is 2150
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 19
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2195
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 20
    Total number of words is 4323
    Total number of unique words is 2138
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 21
    Total number of words is 4279
    Total number of unique words is 2228
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 22
    Total number of words is 4275
    Total number of unique words is 2177
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 23
    Total number of words is 4051
    Total number of unique words is 2294
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 24
    Total number of words is 4132
    Total number of unique words is 2321
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 25
    Total number of words is 4367
    Total number of unique words is 2146
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 26
    Total number of words is 4184
    Total number of unique words is 2326
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 27
    Total number of words is 2124
    Total number of unique words is 1367
    38.1 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.