Latin Common Turkic

Майталман шебер мен маргарита - 08

Total number of words is 4162
Total number of unique words is 2288
32.8 of words are in the 2000 most common words
46.8 of words are in the 5000 most common words
53.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Ой, мен айтпадым ба! Əрине, ол осында! - деп өрекпи дауыстады əкім. - Ешқандай Ялта емес, қала сыртына кетіп қалыпты.
Ал, олай болса, - деді ашудан сұрланып кеткен финдиректор, олай болса онысы шынында да иттік, оған бұдан басқа атау жоқ.
Сол сəт əкім секіріп қарғып айқайлап жіберді, онысынан Римский
селк ете қалды.
Есіме енді түсті! Енді ғана! Пушкинде “Ялта” деген самсахана
ашылған. Енді бəрі түсінікті. Соған барып сілтеген ғой, содан енді
жеделхат жіберіп отыр.
Ал, бұл шектен шығу! - деді беті жыбырлап, көзінде шынайы ашу
оты жарқылдаған Римский, - Олай болса бұл серуені оған қымбатқа
түседі. - Осы арада ол мүдіріп, батымсыздана былай деді: - Сонда
қалай, қылмыстық тергеу, милиция дегені не?..
Ол сандырақ! Оның өзі ойлап тапқан далбаса, - деді өктем əкім
сөзді бөліп, сосын: - Пакетті апарайын ба? - деп сұрады.
Міндетті түрде, - деп жауап қатты Римский сөйткенше есік қайта
ашылды да, əлгіндегі əйел кірді. “Тағыі да сол ма?” деп мұңайды
Римский, екеуі де орнынан тұрып пошташыға қарсы жүрді.
Бұл жолы жеделхаттан мынадай сөздер шықты:
“Рақмет растағандарыңызға, жедел бес жүзді милицияға маған
салыңдар, ертең Мəскеуге ұшамын. Лиходеев”.
-
Мынау ақылынан адасқан шығар, - деп əлсіз үн қатты Варенуха.
Римский кілтін шылдыратып, темір касса жəшігінен ақша алып, бес
жүз сомын санап, телефон соғып, ақшаны курьерге беріп, оны
телеграфқа жіберді.
Ғафу ет, Григорий Данилович, - деді өз көзіне-өзі сенбей
Варенуха. - меніңше, ақшаны бекер жібердіңіз.
Ақша қайтып келеді - деді Римский баяу ғана, - ал ол бұл думаны
үшін жауабын оңдап тұрып береді, - Сосын ол Варенуха-ның
портфелін нұсқап, - Иван Савельевич, тарт, кешіктірме, -деді.
Портфелін алып Варенуха кабинеттен жүгіріп шықты.
Төменгі қабатқа түскенде ол кассаның алдынан ұзыннан-ұзақ кезекті
көрді, кассир əйелден сұрап еді, бір сағаттан соң аншлаг болатынын
күтіп отырғанын айтты, өйткені жұрт тасқындап келіп жатыр, əсіресе
жаңа жарнаманы көргеннен бері толас жоқ екен. Сондықтан кассир
əйелге ложа мен партерден отыз жақсы орынды сатпай, сақта деп
тапсырма беріп, кассадан атып шығып, беймаза
контрамаркашыларды киіп-жарып кепкесін алу үшін өз кабинетіне
сүңгіп кетті. Сол тұста телефон безілдеп қоя берді.
-
Иə! - деді дауыстап Варенуха.
Иван Савельевич пе? - деп сұрады трубкада ұнамсыз
мыңқылдаған үнмен біреу.
Ол театрда жоқ! - деп айғай салғысы келіп еді, трубкадан
Варенуханы табанда тыйып тастады:
Ақымақтанбасаңызшы Иван Савельевич, тыңдаңыз. Əлгі
жеделхаттарды ешқайда апармаңыз, ешкімге көрсетпеңіз.
Айтып тұрған кім өзі? - деп ақырды Варенуха - қалжы-ңыңызды
тоқтатыңыз, азамат! Сізді қазір ғана тауып алады. Нөмі-ріңіз қандай?
Варенуха, - деп үн қатты сол бір жексұрын дауыс, - сен орыс
тілін түсінесің бе, өзі? Жеделхаттарды ешқайда апарма.
Ə, сіз əлі тынышталмаған екенсіз ғой? - деп ызалана айғайлады
əкім, - онда байқа! Бұл үшін сазайыңды тартасың! - Ол тағы да
бірдеңелер айтып бақырып, бақырып, қорқытқанынан ештеңе
шықпасын біліп үнсіз қалды, өйткені аржақтан мұны тыңдап жатқан
ешкім жоқ еді.
Кенет кабинет іші өзінен-өзі қараңғылана бастады. Əлгі қаскөй
қоңырау дабылынан кейін бұзақы топтың қасекілігі екенін сезген
Варенуха кабинеттен атып шығып, есікті сарт жапты да, бүйірдегі
есіктен баққа шықты.
Өрекпіп алған əкімнің бойы күш-жігерге толы еді. Өктемси соққан
телефоннан ештеңе шықпаған соң бұзақы сойқандардың бейбастақ
істерге баратыныңа, Лиходеевтің жойылып кетуі солардың əрекеті
екеніне оның күмəні қалмады. Арамзадаларды əшкерелеу ниеті оны
алқымнан алып, бір қызығы осы ойдың өзі оған ғанибет көрінді.
Əдетте адам бəз-бір таңқаларлық хабар əкеп, жұрттың назарына
түскісі келгенде осылай болатыны бар.
Бақта жел əкімнің қарсы алдынан соғып, көзіне құм түсіп, жолын
бөгегендей, бірдеңелерді ескерткендей болды. Екінші қабаттың
терезе жақтаулары сықырлап, əйнектері ұшып түсуге шақ қалды,
шыңдардағы үйеңкі мен жөке ағаштары шулап кетті. Қараңғы
түскенмен, ауа тазарды. Əкім көзін сүртіп, Мəскеу аспанында тіпті
төмен жүзіп жүрген сары бауыр нажағайлы бұлтты көрді. Алыста
əлде не бұрқылдады.
Варенуха қанша асыққанымен, ырыққа көнбейтін бір шаруа оны бір
секөнтқа жазғы дəретханаға соғуға итермеледі, онда ол монтердің
торға электр шамын ілген-ілмегенін жолай тексермекші.
Тирдің тұсынан жүгіріп өтіп, Варенуха əжетхананың көгілдір ғимараты
тұрған қалың серігүл бұтасына тап болды. Монтер мұқият адам
болып шықты, ерлер бөлімшесінің төбесіне ілінген шамның үстіне
темір тор керіп қойыпты, алайда əкімді қара көлеңкенің өзінде көзге
ұрып тұрған қабырғадағы жазулар қатты ренжітті.
Бұл не бейбастақтық!... - деп əкім бұрқылдай бастап еді, кенет ту
сыртынан бырылдаған бір үн шықты.
-
Сізсіз бе бұл, Иван Савельевич?
Варенуха дір ете қалып жалт қарағанда сыртында тұрған аласа
бойлы бір шартықты көрді, бет пішіні мысыққа ұқсайтын сияқты.
-
Ал мен, - деп қытымырлана жауап қатты Варенуха.
Өте, өте бір ғанибет, - деп шиқылдай үн қатты мысық мəнзелді
жуан, кенет ол бұрыла беріп Варенуханы құлақ-шекеден салып
жіберіп еді, оның кепкісі ұшып кетіп, отырғыштың тесігіне түсіп ғайып
болды.
Жуанның соққысынан бүкіл əжетхана бір сəтке жарқ ете қап,
дірілдеген сəулеге толды да, аспанда нажағай шатырлады. Сосын
əжетхана тағы бір жарқ ете қалып, əкімнің қарсы алдынан екінші
тапал шыға келді, өзінің жауырыны қақпақтай, жүзі оттай қызыл, бір
көзінің, ағы бар, азуы аузына симай состиып тұр. Бұл екінші шамасы
солақай болса керек, əкімді келесі құлақ-шекеден беріп өтті. Жауап
ретінде тағы да күн күркіреді, əжетхананың ағаш шатырын нөсер
сабалай жөнелді.
Сізге не болған, жолд... - деп сыбырлады есеңгіреп қалған əкім
жəне сол замат “жолдас” деген сөздің бұндай бандиттерге
келмейтінін зерделеп, “азаам...” деп қырылдай берді де, бұл атаудың
да бұндайларға лайық емесін түсінді, сөйткенше болған жоқ екеудің
қайсы ұрғаны белгісіз үшінші соққы сарт етті, мұрнынан қан саулап,
күртесін жуып кетті.
Андағы портфеліңдегі не, малғұн? - деп ышқына айғайлады
мысық мəнзелдес, - жеделхаттар ма? Саған телефон арқылы
ескертпеп пе еді, оларды ешқайда апарма деп. Ескерткен жоқ па? деп сұрап тұрмын ғой сенен.
-
Ескерт...ке-кен... - деді деміге əрең сөйлеп əкім.
Ал соған қарамай сен тұра жүгірдің, ə? Бер кəне маған
портфеліңді, сұр жылан! - деп баяғы телефоннан естілген мыңқыл
жауыспен айқайлаған екіншісі портфельді Варенуханың қолты-ғынан
жұлып алды.
Сосын екеуі əкімді екі қолтығынан алып бақтан сүйретіп алып шығып
Садовая көшесімен тартты. Нажағайлы жаңбыр толық күшіне еніп,
құйып бір берді, су сарқырап, гуілдеп канализация тесіктеріне лап
қойды, көше көпіршіп, толқынның астында қалды, шатырдан аққан су
тұрбаға сыймай, сыртынан сорғалап, қақпаның астынан көбік атқан
тасқын бұрқ-сарқ етеді. Садоваядағы жанды атаулының бəрі
шайылып, Иван Савельевичті құтқарар тірі пенде қалмады.
Нажағаймен жарқ ете қап, лай суда секіріп жүріп бандиттер шалажансар əкімді əпсəтте №302-бис үйге сүйреп əкеп, кебісі мен
шұлықтарын қолына ұстап екі əйел жабысып тұрған қақпаның
астынан зып берді. Сосын олар алтыншы подъезге ұмтылды,
жындануға жақын Варенуханы бесінші қабатқа көтерді де, Степа
Лиходеев пəтерінің қаракөлеңке алдыңғы бөлмесінің еденіне сылқ
еткізіп тастай салды.
Ізінше екі қарақшы қарасын өшірді де, олардың орнына алдыңғы
бөлмеге мүлдем жалаңаш, оттай жанған фосфор жанарлы бір қыз
шықты.
Варенуха бəрінің ең сұмдығы осы екенін түсініп, аһ ұрып қабырғаға
қарай ыршып түсті. Бикеш болса оған тақала кеп, алақанын оның
иығына салды. Варенуханың төбе шашы тік тұрды, өйткені су сіңген
суық қалың күртесінің өзінен ол оның алақаны-ның мұздай суық
екенін сезді.
- Келші, кəне, сені сүйейін, - деді бикеш елжірей, оның көзінде
жарқыраған бір көз тағы да тұрған сияқты. Сонда барып Варенуха
есінен танып, сүюді сезбей қалды.
Он бірінші тарау
ИВАННЫҢ ЕКІҮДАЙЛАНУЫ
Өзеннің қарсы жағасындағы бір сағат бұрын ғана мамыр нұрымен
жайнап тұрған ну орман əп сəтте күңгірт тартып, берекесі кетіп,
қараңғылыққа сіңді де кетті.
Су тұтаса үдеп, терезеге ұрды да тұрды. Аспанда жіп өртеніп
жатқандай, көк қақ айырылып, аурудың бөлмесіне қалтыраған үрейлі
жарық себездейді.
Иван кереуетте отырып, қайнап тасып, көбік шашып жатқан өзеннің
лай суына қарап үнсіз жылады. Нажағайдың əрбір шартылында
аянышты даусы шығып кетіп, қолымен бетін басады. Иван жазған
парақшалар шашылып еденде жатыр, оларды жасын ойнар алдында
бөлмеге лап қойған жел ұшырған-ды.
Ақынның құбыжық консультантқа қатысты жазбақ арызынан ештеңе
шыққан жоқ. Ол Прасковья Федоровна деп аталатын толық əйелден
тек қарындаштың тұқылы мен қағаз алысымен-ақ қолын уқалап,
асығыс үстел басына отырған-ды. Бастауы недəуір ширақ болды.
“Милияцияға. МАССОЛИТ мүшесі Иван Николаевич Бездом-ныйдан.
Өтініш. Кеше кешкісін мен марқұм М.А.Берлиозбен Патриарх
тоғанына келдім...”
Ақын “марқұм” деген сөз үшін бірден шатасты. Шықпай жатып
мағынасыздыққа ұрынды - марқұмның келгені қалай. Өлген адамдар
жүре ала ма? Шынында да мұны оқыса, жындыға санайды ғой.
Осылай ойлаған Иван Николаевич жазғанын түзете бастады. Онысы
былай шықты “... кейін марқұм болған А.М.Берлиозбен бірге...” Бұл
да оны қанағаттандырмады. Үшінші редакциясын жасауға тура келді,
ол алдыңғы екеуінен де нашар болып шықты: “... трамвайдың астына
түскен Берлиозбен...” деп жазып еді, бұл арада фамилиялас белгілі
композитор келіп килікті, сондықтан “композитор емес” деп қосып
жазу қажет болды.
Осы екі Берлиозбен азапқа түсіп, Иван барлығын да сызып тастап,
оқығанның назарын бірден аударатындай етіп, күшті бірдеңеден
бастағысы келді де, трамвайға мысық отырғаннан бастап, сосын
кесілген басқа байланысты көрініске оралды. Бас пен
консультанттың алдын ала болжап айтуы Понтий Пилат туралы ойға
жетелеп əкелді. Сондықтан сенімдірек болсын деп Иван прокуратор
жөніндегі күллі əңгімені толық баяндауға бел буып, қанқызыл
астарлы ақ плащ киген оның Ирод сарайының колонна-дасына
шыққан сəтінен бастады.
Иван жанын сала жұмыс істеп, жазғандарын сызғылап, жаңа сөздер
қыстырып, тіпті Понтий Пилаттың, сосын артқы аяғымен жүретін
мысықтың суретін салуға əрекет жасады. Бірақ суреттер
көмектеспеді, ақын өтініші барған сайын шатасып, түсініксіздене
түсті.
Дəл осы кезде алыстан жиегі түтіндеген үрей ұшырар бұлт шыға
келіп, орманды тұмшылады да, қатты жел тұрды. Иван əлсірей
бастағанын сезді, енді өтінішті игере алмайтынын біліп, шашылған
қағаздарды жинамай, үнсіз ғана егіле жылады.
Мейірбан медбике Прасковья Федоровна нажағай жарқылдаған
кезде ақынның көңілін білуге келіп, оның жылап отырғанын көріп
шошып қалды, жасыл жарқылы ауруды қорқытпас үшін терезе
пердесін жауып, едендегі шашылған қағаздарды жинастырып жүгіре
басып дəрігерге кетті.
Дəрігер келіп Иванның қолына укол салып, оны қайтып жыла-майтын
боласың деп сендірді, бұдан былай бəрі өтіп, бəрі өзгеріп, бəрі ұмыт
болатынын айтты.
Оның айтқаны айнымай келді. Ұзамай өзен сыртындағы орман
бұрынғы қалпына келді. Ол бұрынғы көгілдір түсіне енген аспан
астында түлеп салып, соңғы ағашына дейін айшықтана айқын
көрінді, Иванның көңілі орнына түсті. Мұң-шерден Иван уколдан
кейін-ақ айыға бастады, ақын енді аспанға керіле қалған кемпірқосаққа қарап жайбарақат жатты.
Осындай жағдай кешке дейін созылды, ол тіпті кемпірқосақ ыдырап,
аспанның өңі қашып мұңайғанын, орманның қарауыт-қанын байқаған
да жоқ.
Ыстық сүтке тойып алып, Иван қайта жатты да, ойларының
өзгергеніне өзі де таңғалды. Зердесінде қарғыс атқан қара мысықтың өзі албастылығынан айыққан сияқты, кесілген бас қайтып
шошытпайтын болды, ол туралы ойын сілкіп тастап Иван шын
мəнінде клиникадағы істің жаман емесін, Стравинскийдің ақылды да
атақты дəрігер екенін, онымен істес болудың өзі керемет бір ғанибет
екенін ойша шолды. Оның үстіне кешкі жауыннан кейінгі ауа да тəтті
əрі таза ғой.
Қасірет үйі ұйқыға кірісті. Тып-тыныш дəліздерде көмескі ақшыл
шамдар сөндіріліп, оның орнына тəртіп бойынша жарығы əлсіз түнгі
көгілдір шамдар жағылды, есіктің сыртында медби-келердің резеңке
төсеніштегі қадамдары барған сайын сирей бастады.
Енді Иван рақаттана бұйығып бірде абажур астындағы шамға, оның
төбеден төгілген жұмсақ сəулесіне, бірде қара орманның үстінен
шығып келе жатқан айға қарап, өзімен-өзі сырласты.
Шынында да, Берлиоздың трамвай астына түскеніне сонша
толқып, сонша опынғанымен не? - деп толғанды. - Сайып келгенде,
барар жері батпақ! Шын мəнінде, мен оған кіммен, екі туып бір
қалғаным ба? Егер шынтуайттап бұл мəселені ой елегінен өткізсек,
əділін айтқанда мен марқұмды дұрыстап танып білгем де жоқ қой.
Расын айтқанда ол жайында маған мəлім не бар? Оның қасқа бас
екенінен, сұмдық шешен болғанынан басқа маған белгілі түк те жоқ.
Одан əрі, жамиғат, міне мына мəселені ұғынып алайықшы, -деп бəзбіреуге сөз арнағандай ойын əрі қарай сабақтады Иван. -Əлгі жұмбақ
консультантқа, сиқыршы мен ойсыз қара көзді профессорға не үшін
шағынып жынданып жүргенімді түсіндіріңдерші. Оларды қолыма
шырақ алып дамбалшаң қууымда не қисын бар еді, ал
мейрамханадағы сойқанның қажеті қанша десейші?!
Жо-жо-жоқ, бірақ, - деп іштей ме, əлде құлағының түбінен бе
бұрынғы Иван қазіргі Иванға қатал үн қатты. - Берлиоздың басы
кесілетіні туралы дегенмен бұл алдын ала білді емес пе? Ендеше
бұл қалай толқымайды, қалай қобалжымайды.
Əңгіме не жайында жолдастар! - деді бұрынғы азып-тозған
Иванға жаңа Иван, - бұл арада бір кілтипан бары балаға да белгілі.
Ол басынан бақайшағына дейін əдеттен тыс жұмбақ тұлға. Оның
енжар қалдырмас ең қызықтылығы да осында. Понтий Пилатпен
тікелей таныс болған адам, одан артық қызық сендерге не үшін
керек. Патриарх тоғанында ессіз шу көтергенше, бипаздап отырып
сыпайы ғана Пилат пен анау тұтқын Га-Ноцри не болды сұрамадыңдар ма?
Ал менің немен айналысқанымды сайтаным білсін! Шын мəнінде
оқиғаның маңыздысы - журнал редакторын трамвай басып кетуі ғой.
Онда не тұр, одан журнал жабылып қалмайды. Не лаж, өмір барда
өлім бар, адам ажалды, ал əділ айтылып жүргендей, ажал аяқ
астынан. Иманы жолдас болсын! Несі бар, басқа редактор келеді,
бəлкім ол бұрынғыдан да белгілі, ділмəр болар.
Сəл мызғып алып жаңа Иван жақауратып ескі Иваннан сұрады.
-
Сонда мен бұл жағдайда кім боп шығамын?
Ақымақ болып! - деді Ивандардың ешқайсысына да ұқса-майтын
гүрілдеген бір дауыс əлдеқайдан, жəне өзі консультанттың жуан
даусы іспетті.
Иван, неліктен екені “ақымақ” деген сөзге ренжіген жоқ, тіпті оған
рақаттана таңданып, мырс етті де, ұйқылы-ояу тынши қалды.
Иванды ұйқы аялап, оған піл сирақ құрма ағашы елестеп, үрейлі
емес, көңілді мысық қасынан өткендей, міне-міне ұйқы құшағына еніп
бара жатқан-ды. Кенет тортемір бір жағына қарай ысырылып,
балконнан ай жарығынан жасырынған жұмбақ бір кісі шыға келді де,
саусағымен Иванға сес көрсетті.
Иван ешқандай үрейсіз кереуеттен басын көтеріп, балконда бір ер
адам тұрғанын көрді. Сол еркек саусағын ерніне басып, сыбыр етті:
-
Тссс!
Он екінші тарау
ҚАРА МАГИЯ ЖƏНЕ ОНЫҢ ƏШКЕРЕЛЕНУІ
Басында тесік қалпақша киген, бұтында керегекөз шалбары, аяғында
лакпен жылтыратқан кебісі бар, мұрны алмұрт түстес қызғылт
кішкентай кісі Варьетенің сахнасына əдеттегі темір велосипедпен
шықты. Факстрот даусымен ол шеңбер жасап, сосын жеңісті зар
шығарғанда велосипед арындап көкке шапшыды. Бір ғана артқы
доңғалақпен ызғытып келіп тəпешің айналып түсіп, аяғын жоғары
қаратты, амалын тауып, зырылдай жүріп алдыңғы доңғалақты бұрап
алды да, сахнаның аржағына лақтырып жіберіп, педальды қолымен
бұрап одан əрі зырғыта жөнелді.
Басында ершігі бар биік металл сырықта бір доңғалақпен трико мен
юбка киген толықша ақсары əйел шықты да шеңбермен зымырай
жөнелді, үсті-басы күміс жұлдызшалар. Онымен кездесіп тəпеш
құттықтай айғайлап, аяғымен басындағы қалпақшасын шешті.
Ақыры жасы сегіздер шамасындағы кəрі өңді кішкентай бала
құйтықандай қосдөңғалақтымен ызғып келіп, ересектердің арасы-на
сүңгіп кетті. Титімдей көлігіне алып автомобильдің гудогын қойып
алыпты.
Оркестр барабанының дабылымен бірнеше ирек жасаған топ
сырғанап сахнаның жиегіне барғанда бірінші қатардың көрермендері
аһ ұрып кері серпілді, өйткені көпшілікке күллі үштік өз
машиналарымен оркестрге құлап кететіндей көрінеді.
Алайда велосипедтер алдыңғы доңғалақтары тереңге тайып кетіп,
сазгерлердің басына құлап кетер сəтте кілт тоқтады. Велосипедшілер “Ал!” деген қатты айғаймен машиналарынан түсіп, басын
иіп көрермендерге тағзым етті, ал асқары əйел көпшілікке ауамен
сүю нышанын жасап, кішкентай өз гудогымен күлкілі дабыл қақты.
Қолшапалақ ғимаратты тербелтіп, көгілдір перде екі жақтан сырғып
кеп велосипедшілерді жапты, “сахнаға шығу” деген жазуы бар жасыл
оттар сөнді, ал күмбез астындағы трапециялардың өрмек торында
күн реңдес ақ шамдар жанды. Соңғы бөлімнің алдындағы антракт
басталды.
Джуллилер жанұясынан велосипед техникасының ғажайыптары селт
еткізбеген жалғыз адам Григорий Данилович Римский болды.
Жападан- жалғыз ол өз кабинетінде түнеріп отырды да қойды, жұқа
ернін тістеп, беті жыбыр-жыбыр етеді. Лиходеевтің əдеттен тыс
жойылып кетуіне əкім Варенуханың мүлдем ойламаған жерде
жоғалуы тағы да келіп қосылды.
Римскийге оның қайда кеткені белгілі еді, ал ол кетті... бірақ қайтып
келмеді! Римский иығын қиқаң еткізіп өзіне-өзі күбірледі:
- Ал не үшін?!
Бір ғажабы, финдиректор сияқты іскер адамға бəрінен оңайы,
əлбетте Варенуха кеткен жерге телефон шалып, оған не болғанын
білу еді, соған қарамастан кешкі сағат онға дейін осыған оның мойны
жар бермей-ақ қойды.
Сағат онда өзін-өзі зорлағандай етіп Римский аппараттан трубканы
əрең көтеріп еді, телефонда тірлік нышаны болмай шықты. Курьер
ғимараттағы басқа да аппараттардың бүлінгенін хабарлады. Əрине,
бұл жақсылық емес, бірақ шектен шыққан осынау оқиға
финдиректордың апшысын əбден қуырды, сөйте тұра бір жағынан
бұған қуанды да, өйткені енді ешкімге телефон соғып əуре
болмайды.
Сол мезетте финдиректордың төбесінен қызыл шам жарқ етіп
жыпылықтай жөнелді, бұл антракт басталғанының белгісі, курьер
кіріп шетелдік əртісің келгенін хабарлады. Неге екені белгісіз,
финдиректор тыжырынып, бұлттан бетер түнеріп, сахнаның сыртына қарай тартты, өйткені гастролерді одан басқа қабылдайтын жан
жоқ.
Дабылды қоңырау дырылдап жатқан дəлізден əрнені сылтау-ратып
əуесқойлар ентелеп үлкен киімауыстырғышқа көз салады. Жылтырақ
шапан киіп сəлде салған көзбояушылар да, ақ тоқыма күрте киген
конькиші де, бетін опалап аппақ болып отырған əңгімеші мен гримші
де осында.
Келген атышулы жұрттың бəрін пішімі бөлек ұп-ұзын фрагымен жəне
қап-қара жарты маскасымен де қайран қалдырды. Бəрінен бұрын
қара магтың екі серігі таңдандырды: бірі сынық пенсне салған
алабажақ ұзынтұра да, екіншісі киімауыстырғышқа артқы аяғымен
емін-еркін кіріп, диванға қонжия кетіп, көзін сығырайта жалаң қалған
түрлі-түсті грим шамына қараған семіз қара мысық.
Римский жүзіне күлкі үйіруге тырысып еді, одан беті қабарып, ашулы
боп шықты, сонда да диванда мысықпен қатар үн-түнсіз отырған
сиқыршыға басын иіп тағзым етті. Бірақ қол алысқан жоқ. Оның
есесіне ексімдеген алабажақ “осылардың хатшысымын” деп
таныстырды өзін. Бұл жағдай финдиректорды таңғалдырды, өйткені
келісім-шартта көмекші деген атымен жоқ болатын.
Григорий Данилович əреңдеп əрі самарқау ғана бойына бəле боп
жабысқан алабажақтан əртісің аппаратурасы қайда екенін сұрады.
Аспаннан түскен алмасымыз, аса қымбатты асылымыз,
директор мырза, аппаратурамыз қашанда қасымызда. Мінекей
оныңыз! Əйн, цвей, дрей! - деп Римскийдің көз алдынан шиыршықталған саусақтарын бұлғаңдатып, ойламаған жерде мысықтың
құлағы сыртынан Римскийдің алтын сағатын алып шықты, бұған
дейін ол алтын бауы зелетінің ілгегіне қыстырылып қалтасында
кəстөмнің ішінде жатқан болатын.
Римский лажсыз ішін баса қалды, отырғандар аһ ұрды, есіктен
сығалаған гримші қолпаштап айғайлап жіберді.
Сіздің сағатыңыз ба? Алуыңызды өтінемін, - деп жырқылдай
күлген алабажақ кір алақанына салып абдырып қалған Римскийдің
меншікті затын өзіне қайырды.
Мұндайлармен бір трамвайға мінбе, - деді баяу, бірақ көңілдене
сыбырлап гримшіге əңгімеші.
Ал мысық өз өнерімен сағатпен жасалған сиқырдан да асып түсті.
Күтпеген жерде ол диваннан көтеріліп, артқы аяғымен айна
астындағы үстелге келді де, алдыңғы аяғымен графиннің тығынын
ашып, стақанға су құйып тартып жіберді де, тығынын орнына қайта
тығып, гримдейтін шүберекпен мұртын сүртті.
Бұл арада ешкім аһ ұрған жоқ, тек аузын ашып аңқиды да қалды,
гримші тағы да таңданып:
-
Ай, ғажап! - деп сыбырлады.
Сол сəт қоңырау үшінші рет безек қағып, қызықты нөмірге таңдай
қағып тамсанғандардың бəрі киімауыстырғыштан аулақ жөңки
тартты.
Бір минөттен кейін көрермендер залында шарлар сөніп,
шымылдықтың астынан жарқ етіп қызғыл түсті рампа жанып,
перденің саңылауларында жарықпен айшықталып мұнтаздай
қырынған жүзі сəбидей түксіз, үстінде умаждалған фрагы, кірлеген
киімі бар бір адам көпшіліктің алдына шыға келді. Бұл бүкіл Мəскеуге
танымал конферансье Жорж Бенгальский болатын.
Сонымен, азаматтар, - деп бастады Бенгальский сəби күлкімен
жымиып, - қазір сіздердің алдарыңызға шығады... - осы арада
Бенгельский өзін-өзі бөгеп, өзге мақамға көшті. - Байқаймын, үшінші
бөлімге қарай көрермендер саны өсе түскен секілді. Бүгін бізде
қаланың жартысы отыр! Таяу күндері кездейсоқ бір досымды
кездестіріп қалып оған: “Бізге неліктен келмей жүрсің? Кеше жарты
қала жиналды ғой” - дедім. Ол маған: “Ал мен қаланың екінші
жартысында тұрамын ғой” деп тұр. - Бенгальский осы жерде үзіліс
жасап, ду күлкі болар деп күткен еді, бірақ ешкім де күлмеді,
сондықтан сөзін əрі қарай жалғастырды. - Сонымен, сонымен
алдарыңызға атақты шетелдік əртіс мосье Воланд қара магия
сеансымен шығады. Ал, сіз бен біз ғой, - деп Бенгальский ақылманси жымиды, - дүниеде ешқандай тылсымның жоқ екенін жақсы
білеміз, маэстро Воланд болса, көзбояушылық тетігін былайынша ең
биік деңгейде жеріне жеткізіп меңгерген, онысы ең қызықты
бөлімнен, яғни сиқыр тетігін əшкерелеуден көрінеді, осы отырған
бəріміз сол əшкерелеуді қоштаймыз, сондықтан да Воланд мырзаны
сахнаға шақырамыз.
Бенгальский осылайша жоқты-барды шатып-бұтып, екі қолы-ның
алақанын қабыстырып, сəлем бергендей сермеп қалғанда сахна
пердесі ортасынан баяу сырылдап екі жаққа ысырылды.
Сиқыршының ұзынтұра көмекшісімен жəне артқы аяғымен тік жүретін
мысықтың сахнаға шығуы көрермендерге өте-мөте ұнады.
Маған мамықтақ, - деп Воландтың баяу ғана бұйрық беруі мұң
екен, қайдан түскені белгісіз, сахнаға мамықтақ орнай қалды, оған
жайғасқан сиқыршы: - Қадірменді Фагот, маған мынаны айтшы,
сеніңше мəскеу халқы елеулі түрде өзгерген бе екен? -деп сұрады
алабажақ көмекшісінен, Фагот деп атауына қарағанда, оның
“Коровьевтен” басқа да аты болса керек.
Сиқыршы əуеден түскен мамықтаққа таңданып тынши қалған
көрермендерге көз тастады.
-
Тура солай, мессир, - деп ақырын жауап қатты Фагот-Коровьев.
Сенің айтқаның дұрыс. Қалалықтар өзгеріпті, айтқандай қаланың
өзі сияқты сырттай өзгеріпті деп тұрмын ғой. Кəстөмдер туралы енді
айтудың қажеті жоқ, оның, есесіне əлгі... трамвай... атвомобиль...
дегендер пайда болыпты.
-
Автобустар да, - деп сыпайылай сөз қосты Фагот.
Көрермендер бұл əңгімені сиқырлы көзбояушылықтың кіріспесі екен
деп зейін қоя тыңдады. Сахнаның сырты əртісер мен сахна
жұмысшыларынан аузы-мұрынынан шығады, анталаған жүздердің
арасынан Римскийдің де аппақ қудай, абыржулы өңі көрінеді.
Сахнаның бір бүйірін паналаған Бенгальскийдің бет-пішінінде
таңырқай бастағаны байқалады. Ол қабағын сəл көтеріп, үнсіздікті
пайдаланып сөз бастады.
Шетелдік əртіс Мəскеудің, сондай-ақ мəскеуліктердің техникалық тұрғыдан өскеніне таң-тамаша қалатынын білдірді, - деп
Бенгальский бірде партерге, екіншіде галереяға қарап екі мəрте
жымиды.
Воланд, Фагот жəне мысық бастарын конференьсе жаққа бұрды.
Мен таңданысымды білдірдім бе, өзі? - деп сиқыршы Фаготтан
сұрады.
Жо-жоқ, мессир, сіз ешқандай таңданыс білдірген жоқсыз, -деп
жауап қатты ол.
-
Онда мынау кісі не айтып тұр?
Ол əншейін өтірікті соғып жіберді, - деп бүкіл театр еститін-дей
дауыстап айтқан алабажақ көмекші Бенгальскийге қарап: Құттықтаймын, азамат, өтірігіңмен! - деп қосты.
Галереядан сық-сық күлкі лықсыды, Бенгальский дір ете қап, көзі
бақырайып кетті.
Алайда мені, əлбетте автобус, телефон сияқтылар ғана
қызықтырмайды...
-
Аппаратура деңіз! - деп сөз қосты алабажақ.
Өте дұрыс айттың, рақмет, - деп сиқыршы гүжілдеген дауыс-пен
баяу сөйледі: - Мені одан да маңызды мəселе қызықтырады:
қалалықтардың өзі ең əуелі іштей өзгерді ме екен?
-
Иə, бұл аса маңызды мəселе, тақсыр.
Сахнаның сыртында жұрт бір-біріне қарап, иықтарын қозғап қойды,
Бенгальский қызарып, Римский қуарып тұр. Сол сəт көпшіліктің
қобалжи бастағанын сезіп сиқыршы былай деді:
Əйткенмен, Фагот, біз сөзге салынып кетіп, көрермендер
көңілсіздене бастапты. Бастама үшін қарапайым бірдеңе көрсетші.
Зал сəл сергіп, қозғалақтап қалды. Фагот пен мысық екі бөлініп,
рампаның екі жағына шықты. Фагот саусағын сытырлатып, едіреңдей
айғай салды:
Үш, төрт! - Əуеден карта калодасын қаршып алып, сапырылыстырды да лентадай созып мысыққа лақтырды. Мысық лентаны
қағып алып қайта жіберді. Атлас жылан суылдап келе жатқандай
Фагот жем іздеген балапандай аузын ашып, картаның бірінен соң
бірін қылғытып, бəрін де жұтып қойды.
Содан соң мысық басын иіп, артқы оң аяғымен жалт бұрылғанда ду
қолшапалақ дуылдады да кетті.
-
Ғажап, ғажап! - деп сахна сырты таңдана гуілдеді.
Фагот болса, саусағымен партерді нұсқап, жар салды:
Қадірлі азаматтар, əлгі колода жетінші қатарда отырған азамат
Парчевскийдің қалтасындағы үш сомдықтар мен азаматша
Зельковаға алимент төлеу жөнінде сотқа шақырылған қағаздың
арасында тұр.
Партердегілер қозғалып, кейбіреулер орнынан тұрып, ақыры нақпанақ Парчевский атанған бір азамат, таңданғанынан қып-қызыл
нарттай болып, əмиянынан колоданы шығарып, онымен не істерге
білмей, ауаны түртінектеді.
Жарайды, ол өзіңізге ескерткішке қалсын! - деп айғайлады Фагот.
- Кеше кешкі астың үстінде сіз покер болмағанда Мəскеудегі өмірім
болмайды екен деп тегін айтпаған шығарсыз.
Кəнігі қалжың ғой, - деген дауыс шықты галеркадан - əлгі
партердегі осылардың тобынан да.
Солай ойлайсыз ба? - деп барқыраған Фагот галеркаға сығырая
қарап: - олай болса, сіз де бізбен бір шайкадасыз, өйткені əлгі карта
сіздің қалтаңызда, - деді.
Галеркада сапырылыс басталып, қуанышты үн шықты:
Дұрыс! Осында екен. Осында, осында. Тоқтай қал! Əй, мынауың
қызыл құйрық ақша ғой!
Партерде отырғандар мойындарын бұрды. Галереяда апалақтаған
бір азамат өз қалтасынан банк тəсілімен хатталған, сыртында “Бір
мың сом” деген жазуы бар пəшке тауып алды.
Көршілері ентелеп оның үстіне түсті, ол болса тырнағымен пəшкені
шұқылап, шын ақша ма, əлде көз бояған сиқыр бірдеңе ме, деп
білгісі келді.
О құдая, шын ақша Қызыл құйрық шеруонның өзі! - деп қуана
айғайлады галеркадағылар.
Мынадай колодаға менімен де ойнаңызшы, - деп партердің орта
тұсынан бір жуантық көңілдене айғай салды.
Авен плезир! - деп үн қатты Фагот. - Не үшін жалғыз сізбен ғана
ойнауым керек? Ойынға барлығы да қызу қатыссын! - деп ол бұйрық
бере бастады: - Жоғары қарауларыңызды сұраймын... Бір! - Оның
қолынан тапанша шыға келді де: - Екі! - дегенде тапаншаның аузы
жоғары қарады, - Үш! - деп айғайлап қалғанда, бірдеңе жарқ етіп
бұрқылдай жөнелді де, заматта күмбез астынан трапециялар
арасымен қалықтап залға ақ қағаздар жауа бастады.
Олар шыр айналып, жан-жаққа жамырап, галереяны басып, оркестр
мен сахнаға жапалақтап жатты. Бірнеше секундтан кейін ақша
жаңбыры жиілеп, мамықтақтарға жетіп, көрермендер оларды қуалап
жүріп ұстай бастады.
Жүздеген қолдар көтеріліп, көрермендер қағаздар арасынан сахнаға
тесіле қарап, ең сенімді, ең шынайы су белгілерін көрді. Иісі де
ешқандай күмəн-күдік қалдырған жоқ: бұл ғажайыптығына ештеңе
тең келмейтін жаңа басылып шыққан ақшаның иісі болатын. Əуелі
шаттық, сосын таңданыс бүкіл театрды баурап алды. Қайда болсын
“шеруон, шеруон!” деген сөз кеу-кеулеп, “аһ, оһ!” деген айғай-шу
естілді. Кейбіреулер мамықтақтардың астын шарлап, кемемен
қалқығандай жүзіп жүрді. Көпшілігі уысқа түсе қоймайтын қыңыр
қағаздарды аулап мамықтақтарға тік көтерілді.
Милициялардың жүзінде түсінбестік байқалып, əртісер қысылыпқымтырылмай сахна сыртынан бастарын қылтитты.
Бельэтажда: “Сен неге қолыңды сумаңдатасың? Бұл менікі. Маған
ұшып келді” деген дауыстар шығып жатты. Енді бір дауыс: “Сен
итермесеңші, мен итерсем жоқтауың бір-ақ шығады” деген дөңайбат
танытты. Кенет сылп-сылп дыбыс шықты. Сол сəт екінші қабаттан
милиционердің шлемі көрінді, ол бельэтаждан біреуді алып бара
жатты.
Өрекпу өрши түсті, Фагот төтеннен ауаға үрлеп ақша жаңбырын
тоқтата қоймағанда мұның ақыры неге соғары беймəлім еді.
Екі жас жігіт астарлы да көңілді көзқарастар алмасып, орында-рынан
тұрып тура буфетке тартты. Театр іші гу-гу, көрермендердің бəрі
алабұртып, көздері жалт-жұлт етеді. Иə, Бенгальский өз бойынан
күш-қуат тауып, қозғалмағанда мұның аяғы неге апарарын кім білсін.
Өзін-өзі мығымырақ билеу үшін дағды бойынша ол қолын ысқылап,
даусын барынша екпіндетіп мынаны айтты.
Міне, азаматтар, біз бəріміз қазір ғана жаппай гипноз деген
жағдайды тамашаладық. Таза ғана ғылыми тəжірибе, ешқандай
ғажайып пен сиқыр жоқ екенін бұдан артық ешкім дəлелдей
алмайды. Олай болса маэстро Воландтың осы тəжірибесін
əшкерелеп беруін өтінейік. Азаматтар, қазір сіздер əлгі ақша деп
жүрген қағаздарыңыздың тұтқиылдан жауғанындай, тұтқиылдан
ғайып болғанын көресіздер.
Осыны айтып ол қол шапалақтады, бірақ қостаған ешкім болған жоқ,
жүзінде сенімді күлкі ойнап еді, ал көзінен ешбір сенім нышаны
білінбеді, онда үміттен гөрі жалбарыну басым болатын.
Көпшілікке Бенгальскийдің сөзі ұнаған жоқ қой. Құлаққа ұрған
танадай үнсіздік орнады, оны тек алабажақ Фагот бұзды:
Бұл барып тұрған өтіріктің тағы бір белгісі, - деп жариялады ол
барынша барқырап, - қағаздар шын қағаз, азаматтар.
Браво! - деп үздік-создық гүжілдеді қайдағы бір биіктен бас
дауыс.
Былайша айтқанда мынау мені əбден мезі қылды, - деді Фагот
Бенгальскийді нұсқап. - Жоқ жерге тұмсығын тығады, жалған
ескертпелермен сеансты бүлдірді. Бұған не істесек рауа, ə!
-
Басын жұлып тастау керек! - деді галеркадан біреу сес танытып.
Сіз қалай дедіңіз? Ась? - деп рабайсыз ұсынысқа бірден үн қатты
Фагот. - Басын жұлып тастайық па? Бұл енді идея! Бегемот,
қайдасың? - деп мысыққа айғайлады: - Іске кіріс. Эйн, цвей, дрей!!
Іле бұрын көрмеген бір сұмдық болды. Қара мысықтың түк біткені
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Майталман шебер мен маргарита - 09
  • Parts
  • Майталман шебер мен маргарита - 01
    Total number of words is 4188
    Total number of unique words is 2185
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 02
    Total number of words is 4307
    Total number of unique words is 2150
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 03
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2321
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 04
    Total number of words is 4091
    Total number of unique words is 2369
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 05
    Total number of words is 4231
    Total number of unique words is 2275
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 06
    Total number of words is 4275
    Total number of unique words is 2183
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 07
    Total number of words is 4179
    Total number of unique words is 2056
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 08
    Total number of words is 4162
    Total number of unique words is 2288
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 09
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2258
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 10
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2360
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 11
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2204
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 12
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2334
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 13
    Total number of words is 4076
    Total number of unique words is 2131
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 14
    Total number of words is 4303
    Total number of unique words is 2195
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 15
    Total number of words is 4283
    Total number of unique words is 2173
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 16
    Total number of words is 4122
    Total number of unique words is 2215
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 17
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2274
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 18
    Total number of words is 4328
    Total number of unique words is 2150
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 19
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2195
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 20
    Total number of words is 4323
    Total number of unique words is 2138
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 21
    Total number of words is 4279
    Total number of unique words is 2228
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 22
    Total number of words is 4275
    Total number of unique words is 2177
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 23
    Total number of words is 4051
    Total number of unique words is 2294
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 24
    Total number of words is 4132
    Total number of unique words is 2321
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 25
    Total number of words is 4367
    Total number of unique words is 2146
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 26
    Total number of words is 4184
    Total number of unique words is 2326
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 27
    Total number of words is 2124
    Total number of unique words is 1367
    38.1 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.