Latin Common Turkic

Майталман шебер мен маргарита - 09

Total number of words is 4284
Total number of unique words is 2258
33.1 of words are in the 2000 most common words
46.5 of words are in the 5000 most common words
52.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
тікірейіп, төбе құйқаны шымырлата мияулады кеп. Сосын бір уыс боп
жиырылды да, Бенгальскийдің кеудесіне ілбісінше бір-ақ атылды,
одан қарғып басына шықты. ЬІрылдап жеңді білектей толық
аяқтарымен конферансьенің сирек шашына жармасып, шарылдай
шаптығып, екі бұрап əлгі басты жуан мойыннан жұлып алды.
Театрдағы екі жарым мың адам бір кісідей шыңғырып жіберді. Үзілген
күре тамырлардан фонтанша атқылаған қан жоғары шапшып,
көкірекше мен бешпентті жуып кетті. Бассыз дене аяғымен ебедейсіз
ербеңдеп барып еденге отыра кетті. Залдан əйелдердің ышқына
шыңғырған даусы құлақ тұндырады. Мысық басты Фаготқа беріп, ол
оны шашынан көтеріп, көпшілікке көрсетті, ал бас болса бүкіл
театрды жаңғырықтырып, жан дəрмен айқайға басып:
-
Доктор шақырыңдар! - деп қырылдады.
Сен бұдан былай да ойыңа келгенді шатып, малтаңды езбей,
тыныш жүресің бе? - деп қаһарлана сұрады жылап тұрған бастан
Фагот.
-
Тыныш жүремін, - деп қырылдады бас.
Құдай ақына, енді азаптамаңдаршы оны! - деп кенет у-шуды
баса- көктеп ложадан бір əйел даусы шықты да, сиқыршы сол жаққа
бетін бұрды.
Онда қалай, азаматтар, мұны кешіреміз бе, ə? - деп сұрады
Фагот залға қарап.
Кешіру керек! Кешіру керек! - деген жеке-жеке əсіресе
əйелдердің даусы естіліп, ізінше оларға ерлер қосылып, тұтас бір
хорға ұласты.
Не бұйырасыз, мессир? - деп сұрады Фагот бетін бүркеп
отырғаннан.
Олай болса не лаж, олар да адам сияқты адамдар, - деп ойлана
тіл қатты ол. - Ақшаны бəрі жақсы көреді, бұл атамзаманнан
қалыптасқан дағды. Адамзат қашаннан да ақшаны сүйеді, мейлі ол
теріден, мейлі қағаздан жасалсын, мейлі қоладан, мейлі алтыннан
құйылсын - оған бəрі бір. Жарайды, жеңілтек-ақ болсын, оған не
лаж... кейде оның кеудесін мейірбандық дүрсілдететін шығар...
əдеттегі қалыпты кісілер... жалпы бұрынғыларды еске түсіреді...
оларды тек пəтер мəселесі бұзған... - дей келіп дауыстап бұйырық
берді: - Кигізіңдер басын!
Мысық мұқият көздеп басты мойынға жапсырып кеп жіберіп еді, ол
тура өз орнына түсе қалып, ешқашан ажыраспағандай болды. Ең
бастысы, мойында ешқандай тыртық қалған жоқ. Мысық табанымен
Бенгальскийдің фрагын сипап жіберіп еді, қаннан із де қалмады.
Фагот отырған Бенгальскийді аяғынан тік тұрғызды да, қалтасына бір
пəшке қызыл құйрықты сүңгітіп жіберіп, сахнадан былай деп
шығарып салды:
-
Қараңды батыр бұл жерден! Сенсіз көңілдірек.
Ойсыз-мұңсыз жалтақтап сендетілген конферансье өрт күзетіне əрең
жетті, сол арада оның халі нашарлап қалды. Бебеу қаға айқайлап:
-
Басым менің, басым! - деп зар иледі.
Басқалармен бірге оған Римский де тұра ұмтылды. Конферансье зар
жылап, ауадан қолымен əлде нені қармап:
Менің басымды беріңдер! Беріңдер басымды, пəтерімді де
алыңдар, суреттерімді де алыңдар, тек қана басымды қайтарыңдар! деп міңгірледі.
Курьер жүгіріп дəрігер шақыруға кетті. Бенгальскийді киім
ауыстырғыштағы диванға жайғастырмақ болып еді, қарсыласып ол
құтырып кетті. Көлік шақыртуға тура келді. Бақытсыз конферан-сьені
алып кеткен соң Римский сахнаға қайта жүгіріп, онда жаңа бір
ғажайыптар болып жатқанын көрді. Иə, айтқандай, осы мезетте ме,
əлде сəл бұрын ба, сиқыршы өзінің өңіп кеткен мамықтағымен
сахнадан ғайып болды. Атап өтер бір қызығы, оны Фаготтың сахнадағы төтенше көзбояушылығымен əуейленіп отырған көпшілік
байқамай да қалды.
Жапа шеккен конферансьені шығарып сап Фагот көрермендерге
былай хабарлады:
Беймаза мұндардың қарасын өшіргеннен кейінгі жерде, кəне,
əйелдер дүкенін ашайық!
Сахна едені заматта парсы кілемдерімен жайнап, шарайналар пайда
болды, олардың бүйірінен жасыл тұрбалардан жарық түсті,
айналардың арасына көрме əйнектер қойылып, олардан көрермендер таңдана тамсанып əралуан гүлдер мен париж əйелдері көйлегінің үлгілерін көрді. Бір көрме осылай болса, екіншісінде қауырсын
тағылған, ызба белдеулі жүздеген əйел қалпақтары, енді бірінде - ақ,
қара, сары былғары, атлас, күдері кебістер көз тарта-ды, кейбірі тас
орнатылған айылбасты. Кебістердің ара-арасында құтылар тұр,
олардың əйнегінен хрусталь шынылардың қыры жарқырап көрінеді.
Ақбөкен терісінен, күдеріден, жібектен жасалған сөмкелер тау-төбе,
олардың арасында да алтынмен апталған ұзынша құтылар тұр,
əдетте оларда ерін бояулары болады.
Қайдан шыққанын сайтан біле ме, кешкі қара көйлек киген,
мойнындағы айшықты таңбасы көз тартып жұрттың бəріне ұнаған
ақсары бикеш көрмеəйнектің алдында қожайымша күліп тұрды.
Фагот мəз бола ыржиып, фирманың көне əйел көйлегі мен
аяқкиімдерін париж үлгілері мен аяқкиімдеріне тегіннен-тегін
айырбастап беретінен хабарлады. Сондай айырбас сөмкелер мен
əтірлерге жəне басқаларға қатысты да болатынан қоса жариялады.
Мысық артқы аяғымен балпаңдай басып, алдыңғы аяғымен
швейцарларға тəн есік ашардағыдай қимыл жасады.
Бикеш сəл қырылдаған үнмен тамылжыта əн салды, сөзі түсініксіздеу
болғанмен, партерде отырған əйелдердің жүзіне қарағанда өлеңі
əсерлі сияқты.
Горлэн, Шанель бесінші нөмір, Мицуко, Нарсис, Нуар, кешкі
көйлек, коктейль көйлек... - деген дауыстар шықты.
Фагот иретіліп, мысық иіліп, бикеш көрме-əйнекті ашты.
Өтінемін, кел алыңдар, - деп даңғырлады Фагот, - ешқандай
қысылу-қымтырлу, ұялу деген болмасын!
Көпшілік толқи бастады, бірақ сахнаға шығуға əзір ешкім батпады.
Ақыры, партердің оныншы қатарынан бір қараторы бикеш көтеріліп,
маған екі дүние бірдей, бəріне пысқырғаным бар дегендей, жымия
күліп бүйірдегі баспалдақпен сахнаға шықты.
-
Браво! - деп айқайлады Фагот, - бірінші келушіні құттық-таймын!
Бегемот, мамықтақ бер! Əуелі аяқкиімнен бастайық, мадам.
Қараторың мамықтаққа отырды да, Фагот оның алдындағы кілемге
кебістердің түр-түрін лезде үйіп тастады.
Бикеш оң жақ аяқкиімін шешіп, көкшіл кебісті киіп, кілемге басып,
өкшесін байқап көрді.
-
Бұл өзі қыспас па екен? - деп сұрады ол ойланып.
-
О не дегеніңіз, о не дегеніңіз! - мысық ренжігендей мияулады.
Мен осы жұпты алайын, мосье, - деді қараторы бикеш кебістің
екінші сыңарын киіп жатып кісімсіп.
Қараторының көне кебісі шымылдықтың аржағына лақтырылды,
оның өзі де сары қыз бен иығына бірнеше жұп сəнді көйлектер іліп
алған Фаготтың жетегімен солай қарай сүңгіп кетті. Мысық əбігерге
түсіп көмектескен болып жүр, маңғазданып иығына сантиметрлікті
сала салған.
Бір минөттен кейін шымылдық сыртынан үстінде партердегі-лердің
бəрін аһ ұрғызған аса сəнді көйлегі бар қараторы бикеш шыға келді.
Ғажайып құлпырып кеткен батыл əйел айнаның алдына тоқтап,
жалаңаш иығын қозғап қойып, желке шашын сипап, арқа тұсын
көргелі мойнын артқа бұрып иілді.
Фирма бұны ескерткіш ретінде алуыңызды өтінеді сізден, -деп
Фагот оған ішінде иіссу шынысы бар ашық құтыны ұсынды.
Мерси, - деп тəкаппарси жауап қатқан қараторы бикеш
басқышпен партерге беттеді. Өрекпіген жалпы ыбыр-сыбыр, күлкі
мен күрсініс арасынан: “Мен саған рұқсат етпеймін!” деген еркек
даусы мен “Тасжүрек, тоғышар, бұрама қолымды!” деген əйел даусы
естілді. Əйелдер шымылдықтың аржағына сүңгіп кетіп, өз
көйлектерін тастап, жаңасын киіп шығып жатты. Орындықтарда
алтындаған аяқтарын қозғап қойып əйелдер тұтас бір сап түзеген.
Фагот тізерлеп отыра қап, оларға мүйіз кебіскигіш үлестіріп жатыр,
келіншектер болса жаңа кебістерін сынап, кілемге қайта-қайта
басады. Мысық арқасына тау-төбе сөмкелер мен кебістерді артып
алып, көрмеəйнек пен орындықтар арасында мықшыңдар жүр.
Мойнында айшықты таңбасы бар бикеш бір келіп, бір кетіп жүріп,
ақыры бастан-аяқ французша сыпылдауға көшті, бір ғажабы, оны
əйелдердің бəрі, тіпті бірде-бір француз сөзін білмейтіндердің өзі
ернінің емеурінінен түсінді.
Жұрттың бəрін таңдандырған сахнаға сығылысып бір еркектің шығуы
болды. Ол өз зайыбының тұмауратып жатқанын, сондықтан күйеуі
арқылы бірдеңе беріп жіберуін өтінгенін айтты. Соның дəлелі ретінде
шын мəнінде үйленген адам екенін айғақтау үшін төлқұжатын
көрсетуге əзір екенін білдірді. Қамқор күйеудің мəлімдемесі ду
күлкімен қарсы алынды, Фагот оған төлқұжатсыз-ақ өзіндей сенетінін
айғайлай айтып, екі жұп жібек шұлық сыйлады, мысық оған ерін
бояуы бар бір құты қосты.
Кешігіп қалған əйелдер сахнаға лап қойып, қолы жеткен бақыттылар
одан балға киетін көйлектерге малынып, аждаһаның бейнесі бар
пижам алып, қабылдауға киер кəстөмдермен, бір шекесіне қисайтып
қондырған қалпақтармен ағылып шығып жатты.
Сол кезде Фагот уақыт кешкіріп қалғандықтан тура бір минөт-тен
кейін дүкен ертең кешке дейін жабылатынын хабарлағанда сахнада
сұмдық əбігер басталды. Əйелдер жалма-жан бас салып, кебістерді
өлшеусіз-ақ талап алды. Біреуі құйындай ұйтқып, шымылдық
сыртына қойып кетті де, өз кəстөмін сыпырып тастап, қолына алғаш
түскенін тарпа бас салып еді, онысы үлкен гүл-дестесі бар жібек
халат боп шықты, оған қоса екі құты əтірді тағы да қақшып түсті.
Тура бір минөттен кейін тапанша гүрс ете қалды да, айналар ғайып
болды, көрме-əйнектер де, орындықтар да ізім-ғайым, кілемдер
жалпы төселмеген сияқты, барлығы да шымылдық сияқты ауаға сіңіп
жоқ болды, Ең соңында тау-төбе үйіліп қалған ескі көйлектер мен
аяқкиімдер жойылып, сахна жалаңаштанып, қаңырап бос қалды.
Міне, дəл осы мезетте іске жаңа бір ойыншы кеп араласты.
Сүйкімді де үнді, өте өктем баритон №2 ложадан естілді.
Дегенмен, əртіс азамат, сіз көрермендер алдында көзбояушылығыңыздың тетігін, əсіресе ақшаға байланысты сиқырыңызды
тезірек əшкерелеп бергеніңіз жөн болар еді. Сондай-ақ конферансьенің сахнаға қайта оралу сырын ашып берсеңіз. Оның тағдыры
көрермендерді алаңдатып отыр.
Саңқылдаған бұл дауыс анау-мынау емес, Мəскеу театрла-рының
акустикалық комиссияның төрағасы, бүгінгі кештің құрметті қонағы
Аркадий Апполонович Семплеяровтікі еді.
Пардон! - деп үн қатты Фагот. - Мен кешірім өтінемін, мұнда
əшкерелейтіндей түк те жоқ, бəрі айқын, түсінікті.
Жоқ, кінəлі болсам да, əшкерелеудің мейлінше қажет екенін
айтпай тұра алмаймын. Онсыз таңғажайып нөмірлеріңіздің өзі
зілмауыр əсер қалдырды. Көрермен көпшілік түсінік беруді талап
етеді.
Көрермен көпшілік ешқандай өтініш білдірген жоқ сияқты еді ғой,
- деп жексұрын жылпос Семпеляровтың сөзін бөлді. -Əйткенмен
сіздің аса ардақты тілегіңізді ескере отырып, амал не, Аркадий
Апполонович, əшкерелеп те көрейін. Бірақ бұл үшін болмашы бір
нөмірге рұқсат етіңіз.
Рұқсат етпегенде ше, - деп жақтай жауап қатты Аркадий
Апполонович, - тек ол сөзсіз əшкерелеу болсын!
Құп болады, құп. Сонымен. Сізге бір сұрақ қоюға рұқсат етіңіз,
кеше кешкісін қайда болып едіңіз, Аркадий Апполонович?
Мынау орынсыз, тіпті сорақы сауалды естігенде Аркадий
Апполоновичтің түрі өзгеріп, мүлдем өзгеріп кетті.
-
Аркадий Апполонович кеше кешкісін акустикалық комиссия-ның
отырысында болған, - деп ексімдей жауап берді ерінің орнына
Аркадий Апполоновичтің зайыбы, - бірақ бұның сиқыршылыққа
қандай қатысы бар?
Уай, мадам, анығын айтқанда, сіз түкке түсінбейсіз, - деді
нығарлап Фагот. - Отырыс жөнінде сіз бастан-аяқ адасып жүрсіз.
Аталмыш мəжіліс, атап айтқанда, кешегі күнге жалпы белгілен-беген
болатын. Аркадий Апполонович мəжіліске кеттім деп акустикалық
комиссияның ғимаратында шоферін қоя беріп, өзі автобусқа отырып
Елохов көшесіндегі жылжымалы аудандық театрдің артисі Милица
Андреевна Покобатькоға қонаққа кетті, онда ол төрт сағатқа тарта
болды.
Ой! - деп біреудің көкірегі қарс айырылды тыныштық қаймағын
бұзып.
Аркадий Апполоновичтің туысқаны бір жас əйел сықылықтай бастап,
сұмдық қатты күлді.
Бəрі де түсінікті! - деді ол даусын шығарып, - өзім де осы туралы
көптен сезіктеніп жүруші едім. Енді түсінікті болды, дарынсыз
неменің Луизаның рөлін қалай алып жүргенін жаңа білдім ғой.
Соны айтып, қысқа да жуан қызғылт түсті қолшатырын сілтеп қап ол
Аркадий Апполоновичті бастан бір салды.
Арамы Фагот, Коровьевтің өзі қайта айғайлады:
Міне, қадірменді азаматтар, Аркадий Апполонович, табандап
отырып сұрап алған əшкерелеуінің бір түрі осындай.
Сен жексұрынның Аркадий Апполоновичке қол жұмсауға
батылың қалай барды? - деп қаһарлана сұрады алып денесімен
ложада бойын тіктеген Аркадий Апполоновичтің зайыбы.
Жекжат жас əйелді сайтан күлкінің екінші толқыны буды.
Өзге-өзге, дəл менің қол тигізуге хақым бар, батылым да барады, - деп сықылықтаған оның қолшатыры Аркадий Апполонович-тің
басынан тарс етіп, тағы да атқып кетті.
Милиция! Мынаны ұста! - деп жандауысы шыққан Семплеяров
зайыбының сұмдық үнінен біраз жанның жүрегі мұздап кетті.
Ол аз болғандай. Сол сəт мысық рампаға атып шығып адам
даусымен бүткіл театрға шаңқылдап қоя берді:
-
Сеанс аяқталды! Маэстро! Маршыңызды қысқарт!!!
Есеңгіреп қалған дирижер не істеп, не қойғанына есеп бермей,
таяқшасын сілтеп қалды да, оркестр даңғырлап ойнамай, белгілі
сарынға түспей, сұмпайы мысықтың айтқанындай, албаты бір сазға
түсіп, беталды дүмпілдете жөнелді.
Бір сəт бағзыдағы түстік жұлдыздарының аясында кафехана-ларда
естілетін ұғынылуы қиын, жартылай соқыр, жарымжан мазасыз
марштың сөздері еске түсті:
Оның биік мəртебесі Үй құстарын қорғайтын Аруларға əлденеше
Қамқор болып қолдайтып
Бəлкім, бұндай сөздер болмаған да шығар, болса мынау сазға
келетін бұдан да сорақы тіркестер түзілуі ықтимал. Маңыздысы бұл
емес, ең маңыздысы осылардың бəрінен кейін Варьете вавилон
мұнарасындай жұрт көп топырлайтын жерге айналды. Семплеяровтың ложасына қарай милиция жүгірді, əуесқойлар барьерге шығып
кетіп қарқылдаған күлкі, құлақ тұндырған айғай-шу оркестр
табақшаларының даңғаза даңғырына ұласты.
Ақыры, сахнаның кенеттен қаңырап бос қалғаны байқалды, көз
алдап жүрген Фагот та, жексұрын мысық Бегемот та ауаға сіңіп
кеткендей, көрнеу көне мамықтағымен бірге бұрынырақ ғайып болған
сиқыршыдай ізім-ғайым жоқ болды.
Он үшінші тарау
ҚАҺАРМАННЫҢ КЕЛУІ
Сонымен беймəлім кісі Иванға саусағымен сес көрсетіп, “тсс” деп
сыбырлады.
Иван аяғын төсектен салбыратып, солай қарай тесіле қарады.
Балконнан бөлмеге қырынған, шашы сирек, істік мұрын, бір шөкім
шашы маңдайына түскен, жасы қырықтар шамасындағы бір адам
абайлай көз жүгіртті.
Иванның жалғыз екеніне көзі жетіп, жан-жағына құлақ түріп, жұмбақ
келермен бөлмеге кірді. Иван келген кісінің үстіндегісі аурухана киімі
екенін көрді. Үстінде ішкиімдері, жалаң аяғына кебіс сұға салған ол
иығына қоңыр халат жамылыпты.
Келген кісі Иванға көзін қысып, бір буда кілтті қалтасына салып
жатып. “Отыруға бола ма?” деп сұрады да, мақұлдаған иекқағысты
көріп, мамықтаққа кеп жайғасты.
Сіз мұнда қалай келдіңіз? - деп сұрады сес көрсеткен сұқ
саусаққа бағынған Иван. - Балконның тортемірлері құлыптаулы емес
пе?
Тортемірлер құлыптаулы ғой, - деп растады қонақ алайда,
айналайын Прасковья Ивановна өте-мөте ұмытшақ кісі. Бұдан бір ай
бұрын одан бір буда кілтті байқатпай алып кеткенмін, сөйтіп, ортақ
балконға шығып жүруге мүмкіндік алдым, Бұл өзі бүкіл осы қабатқа
созылып жатыр, сондықтан ара-тұра көршілерге соғып тұруға
болады.
Балконға шыға алатын болған соң қашып кетуіңізге де болмай
ма? Əлде биік дейсіз бе? - деп сұрады Иван.
Жоқ, - деп нығырақ жауап қатты қонақ, - мен биіктен қорқып
қашпай жүрген жоқпын, қашқанда барып паналар жерім жоқ. -Сəл
кідірістен кейін: - Сөйтіп, отырмыз ғой, - деді.
Отырмыз, - деді ойға шомған Иван келерменнің байызда-майтын
мазаң қара көзіне қарамай.
Иə... - кенет қонақ мазасыздана қалды. - Бірақ сіз бойбермес
елірме емес қой деп ойлаймын. Əйтпесе бар ғой мен у-шуға, ырдудырдуға, зорлық-зомбылыққа, сол сияқты келеңсіздіктердің біріне де
төзе алмаймын. Əсіресе, адамның айғайын, мейлі ол ашыну болар,
мейлі ашу болар, жеккөремін. Елірме емеспін деп мені
жұбатыңызшы.
Кеше мейрамханада мен біреудің жағынан от шығардым, -деп
еркекше мойындады қайта түлеген ақын.
-
Оған не себеп? - деп қатаң сұрады қонақ.
-
Мойындар болсам, ешбір себеп жоқ, - деп кібіртіктеді Иван.
Тəртіпсіздік, - деп Иванды сөкті қонақ. - Ал оның үстіне жағынан
от шығардым деуіңіз қалай? Адамның жағы, бет-аузы, жүзі деген не
білдіретіні тағы да беймəлім. Əлбетте бет-жүздің аты бет-жүз. Демек
оған жұдырық жұмсау деген... Жоқ, ондайдан, əмісе аулақ болыңыз.
Иванды осылай біраз жерге апарып қонақ:
-
Мамандығыңыз не? - деп сұрады.
-
Ақын, - деді неге екені немқұрайды мойындап Иван.
Келермен күйгелектеп қалды:
Оһ, менің-ақ жолым болмайды, осы! - деп дауыстап жіберді де,
əбестігін табанда сезіп, кешірім өтініп, тағы да сұрады: - Ал
фамилияңыз қалай?
-
Бездомный.
-
Еһ, еһ... - деді қонақ тыжырынып.
Ал сізге менің өлеңдерім ұнамай ма? - деп қазбалай сұрады
Иван.
-
Сұмдық ұнамайды.
-
Қайсысын оқып едіңіз?
Өлеңдеріңіздің ешқайсысын да оқығаным жоқ, - деп
күйгелектене дауыстады келермен.
-
Онда қалай ұнамады дейсіз?
Ал онда тұрған не бар, - деп жауап қатты қонақ? - мен
басқаларды оқымағандай сөйлейсің ғой. Айтқандай, онда ғажап
қалатын не тұр? Жақсы, мен сөзіңізге сенейін. Өзіңіз айтыңызшы,
өлеңдеріңіз жақсы ма шын?
-
Сұмдық жаман! - деп кенет батыл əрі ашық айтты Иван.
Онда қайтып өлең жазбаңыз! - деп келермен жалынғандай
өтінді.
-
Уəде берем əрі ант етем! - деді салтанатты түрде Иван.
Антты қол алысумен беркітті, сол сəт дəлізден баяу басқан аяқ
дыбысы мен əлде бір дауыстар естілді.
Тсс! - деп сыбырлаған қонақ балконға атып шығып, артынан
тортемірді құлыптады.
Прасковья Федоровна бас сұғып Иваннан өзін қалай сезінетінін
сұрады, қараңғыда əлде жарықта ұйықтауды қалайтын ежіктеді. Иван
жарықты сөндірмеуін өтінді. Ауруға тынышты түн тілеп Прасковья
Ивановна да кетті. Сосын барлығы тынышталған соң, қонақ қайта
оралды.
Ол Иванға сыбырлап, 119-бөлмеге жаңа біреуді жүзі нарттай жуантық
кісіні əкелгенін, оның қайдағы бір желдеткішке жасырылған валютаны
айтып, олардың Садовая көшесін жын-шайтан иектеп, орнығып
алғанына ант-су ішіп, жақ жаппайтынын хабарлады.
-
Пушкинді жер-көктегі бар пəлені жауып балағаттайды да,
“Куролесов, бис, бис!” деп мадақтайды, - деді қонақ апшысы қуырыла
мазасызданып. Сосын тынышталған соң отырып, Иванмен əңгімесін
жалғастырып, былай деді: - Мейлі, құдайға тапсырдық оларды. Ал
өзің не үшін мұнда түсіп жүрсің?
-
Понтий Пилат үшін! - деп жауап қатып Иван еденге қарады.
Қалайша?! - деп сақтықты ұмытып айғай сап жіберген қонақ өз
аузын өзі қолымен басты. - Елең еткізіп жан түршігерлік ұқсастық
екен! Тарқата айтыңызшы, жалынамын.
Əлбетте беймəлім адамға сенім артып, əуелі күбіжіктеп, қысылып,
сосын батылданып, кешегі Патриарх тоғанында болған оқиғаны айта
бастады. Асылы, кілт ұрлаушы жұмбақ жаннан Иван Николаевич
ілтипатты тыңдаушы тапты. Қонақ Иванды есуасқа жатқызбай, оның
айтқандарына керемет ынта-ықылас қойып, əңгіменің өрбуіне
атсалыса отырып, ақыры оған қайран қалды. Ол тек Иванның сөзін
таңырқап, таңданумен ғана бөліп отырды.
Ал, ал енді! Əрі қарай, одан əрі айта түсіңізші, өтінемін. Тек қана
əулие-тұтарлардың бəрі үшін ештеңесін қалдырмай айты-ңызшы! деген сияқты сөздер онысы.
Иван да ештеңесін қалдырған жоқ, оның өзіне де осылай əңгі-мелеп
беру жеңіл еді, сөйтіп бірте-бірте қан қызыл астарлы ақ қаптал киген
Понтий Пилаттың балконға қалай шыққан сəтіне де жетті.
Сол тұста қонақ қолдарын дұға оқығандай айқастырып:
О, қалай мен болжап білгенмін! Қалай бəрін де оймен болжап
тапқанмын! - деп күбірледі.
Берлиоздың жан түршігерлік өлімінің сипаттамасын тыңдарман
жұмбақ бір ескертпелермен жетелеп, көзінде ашу-ыза оты жалт-жұлт
етті.
Бір ғана өкінішім - əлгі Берлиоздың орнында сыншы
Латунскийдің немесе əдебиетші Мстислав Лавровичтың болмағаны! деп торыға, үнсіз аһұрды да: - Одан əрі, - деді.
Жолсерікке жолақы төлеген мысық қонақты көңілдендіріп-ақ тастады,
əңгімесінің табыстылығына толқыған Иван мысықты бейнелеп
жүресінен отыра қалып ақырын секіргенде ол күлкіге булығып,
тұншығып қала жаздады.
Міне, осылай, - деп Грибоедовта болған оқиғаны баяндап болып
мұңға батып тұнжырай қалған Иван сөзін: - осы жерден бір-ақ
шықтым, - деп тəмамдады.
Қонақ бейшара ақынды аяп, қолын оның иығына салып былай деді:
Бақытсыз ақын! Бірақ бəріне, бауырым, өзің кінəлісің. Оны-мен
тым ашылып сөйлеспей, айбат та шекпей, өзіңді өзің абайлап
ұстауың керек еді. Енді жайдақтығың мен ұтамсыздығың үшін жапа
шегіп отырсың. Қайта құдайға рақмет айт, бұның бəрі саған біршама
арзанға түсіп отыр.
Жалпы ол түптеп келгенде, кім өзі? - деді Иван ексімдей
жұдырығын безеп.
Қонақ Иванның көзіне тесіліп, сұрақпен жауап қатты.
Ал сіз беймазалыққа ерік беріп алмайсыз ба? Бұндағы бəріміз де
сенімсіз жандармыз ғой... Дəрігер шақырып, укол салдырып дегендей
ырың-жырың болмай ма?
-
Жо-жоқ! - деп дауыстап жіберді Иван, - Айтыңызшы, ол кім өзі?
Ал жақсы, - деді де қонақ саралай салмақты сөйледі: - Кеше
Патриарх тоғанында сіздер ібіліс сайтанмен кездестіңіздер.
Иван уəде еткеніндей, беймазаланған жоқ, алайда керемет аңырып,
абдырап қалды.
-
Олай болуы мүмкін емес. Сайтан деген жоқ қой.
Кешірерсіз! Өзге-өзге оны сіз айтуыңыз керек. Былайша
айтқанда, сайтаннан жапа шеккен алғашқылардың бірі өзіңіз емессіз
бе! Сол үшін жүйке аурулары емханасында жатқаныңызды түсінесіз
ғой, сонда да сайтан жоқ деп өзеуреп болмайсыз. Рас, бұл масқара!
Ақылынан жаңылған Иван үндей алмай қалды.
Сіз оны сипаттай бастағанда-ақ кеше кіммен əңгімелескендеріңізді мен бірден болжап білгенмін. Шынында мен Берлиозға
таңғаламын. Сіз, əрине, əлі бетіңіз ашылмаған қыз мінезді жігітсіз, деп қонақ осы арада тағы бір кешірім сұрап, əңгімесін əрі қарай
сабақтады: - Ал ол қанша айтқанмен бірдеңелер оқыған, біраз жайды
білуге тиіс адам ғой. Əлгі профессордың алғашқы сөздері-ақ күмəнкүдігімізді су сепкендей басты. Оны бірден танып білмеуге
болмайды, достым! Айтқандай, сіз... мені қайткенмен де кешіріңіз,
əгарки мен қателеспесем, сіз надан адамсыз!
-
Оған дау жоқ, - деп келісті танымастай өзгеріп Иван.
Ал енді... сіз сипаттап отырған бет əлпеті, көздері мен
қастарының əтрүрлі болуы! Кешіріңіз, бəлкім сіз “Фауст” операсын да
тыңдамаған боларсыз.
Иван, неге екені белгісіз, сұмдық ұялып, беті оттай алаулап, Ялтаға
санаторийге барған сапары туралы бірдеңелерді міңгірлеген болды...
Ал енді, міне... ғажап емес мұның! Берлиоз болса мені таңтамаша қалдырды. Ол тек көп оқыған ғана емес, өте айлакер адам
болатын. Оны ақтау үшін, əрине, мен Воландың кісіні алдап, көзіне
қар шашуда одан қулау екенін атап айтуым керек.
-
Қалайша? - деп өз кезегінде айқайлап қалды Иван.
-
Тыныш, тыныш!
Иван құлаштап кеп алақанымен маңдайына бір тартты да,
қарлығыңқы үнмен:
Түсінемін. Түсінемін, - деді. - Оның таныснамасында “В” əрпі
болатын. Ай-ай-ай, осындай да қызық болады екен-ау! - Ол бірқауым
уақыт еңсесі түсіп, үнсіз отырды да тортемірдің аржа-ғында қалықтап
жүрген айға қарап қайта сөйледі: - Демек, ол шын мəнінде де Понтий
Пилатта болуы мүмкін ғой зады. Сонда ол сол тұста туған бола ма?
Ал мені есі ауысқан жынды атайды! - деп назаланған Иван есікті
нұсқады.
Қонақтың ернінде мысқыл үйірілді.
Ақиқаттың көзіне тура қарайықшы, - деп қонақ өз жүзін
бұлттарды көктей өтіп жүзіп бара жатқан түн шырағы - ай жаққа
бұрды. - Қасарысып қайтеміз, сіз де, мен де жындымыз. Байқайсыз
ба, ол қайран қалдырып, сіздің сілікпеңізді шығарды, естен
тандырды, демек, ол үшін өзіңізде қолайлы негіз бұрыннан болған.
Ал сіздің айтып отырғаныңыз да шын мəнінде болған оқиға. Алайда
мұның ақылға сыймайтындай əдеттен тыс екені сондай кемеңгер
психиатор Стравинскийдің өзі, əрине, сізге сенген жоқ. Ол сізді қарап
па еді? (Иван басын изеді). Сіздің сұхбаттасыңыз Пилатта болған
Кантпен бірге ораза ашқан, қазір енді Мəскеуді аралап жүр.
Ал оның бұнда не бүлдіріп жүргенін кім біледі?! Қайткенмен де
оны қармаққа түсіру керек, - деп онша сенімді болмаса да жаңа
Иванда əлі əбден жаншылып болмаған бұрынғы Иван бас көтерді.
Солай əрекет жасап көрдіңіз ғой, сізге сол да жетеді, - деп
мысқылдай үн қатты қонақ. - Ал мен өзгелерге солай істе деп ақыл
бермес едім. Олар бірдеңе бүлдіріп тастай ма деп алаң бола-мыз.
Еһ, шіркін! Маған ең бір өкініштісі - олармен сіз емес, менің
көздеспегенім. Барлығы да өртеніп, орнында күлі қалса да, сол
кездесуге мен мына бір буда кілтімді де қияр едім, Прасковья
Ивановнадан жымқырып кеткен осы темірлерден басқа не бар
менде?! Қайыршымын ғой.
-
Сізге оның не қажеті бар?
Қонақ мұңайып ұзақ отырды, ытырынып та қалды, ақыры сөзін қайта
жалғастырды.
Қандай оғаш оқиға екенін байқайсыз ба, мен де осында сіз құсап
тура сол Понтий Пилат үшін отырмын ғой. - Осы арада қонақ
үрейлене жан-жағына қарап алды. - Мəселе мынада, осыдан бір жыл
бұрын мен Пилат жөнінде роман жазғанмын.
-
Сіз жазушысыз ба? - деп жаныға сұрады ақын.
Қонақтың жүзі қабарып кетіп, Иванға жұдырығын көрсетті.
Мен шебермін, жəне де кемелмін, - деп ол түсін суытып,
халатының қалтасынан тердің тұзы сыртына шығып кеткен тоқыма
тақияны суырды, оның маңдайында сары жібек жіппен “Ш” қарпы
кестеленген екен. Ол тақияны кигенде Иван оған қырынан да,
алдынан да қарап, көз алдына шынымен-ақ шеберді келтірді. Сүйкімді саусақтары майысып, ол мұны өз қолымен кестелеп еді, деп бір күрсініп қойды қонақ.
-
Ал фамилияңыз кім?
Менде енді фамилия жоқ, - деп жиіркенгендей түнере жауап
қатты жұмбақ қонақ. - Өмірде бардың бəрін тəрік еткенімдей, мен
одан бас тарттым. Оны енді ұмыталық.
Олай болса, тым құрыса роман туралы айтыңыз, - деп сұрады
Иван сыпайы ғана.
Қаласаңыз айтайын. Менің тарихым расында да əдеттегідей
емес, - деп бастады қонақ.
...Білімі бойынша тарихшы, оның үстіне екі жыл бойы Мəскеу
мұражайларының бірінде қызмет істеген ол оған қоса аудармамен де
айналысыпты.
-
Қай тілден аудардыңыз? - деп қызыға сұрады Иван.
Ана тілінен басқа бес тіл білемін, - деп жауап берді қонақ. Ағылшын, француз, неміс, латын жəне грек тілдеріне жетікпін. Оның
үстіне ептеп итальянша да оқи аламын.
-
Қарай гөр! - деп қызғанышпен күбір етті Иван.
Еш жерде туған-туысқаны жоқ, Мəскеуде тіпті танысы да шамалы
тарихшы жападан-жалғыз тұрыпты. Мынаны қарасаңызшы, бірде ол
жүз мың сом ұтып алыпты.
Менің таңданысыма ой жүгіртіп көріңізші, - деп сыбырлады қара
тақиялы қонақ. - Кір киімдер салынған себетке қол сұғып көрсем,
онда жатқан облигацияның нөмірі тұп-тура газеттегідей. Оны маған
мұражайда жалақымен бірге берген.
Жүз мыңды ұтып алып Иванның жұмбақ қонағы былай жасапты:
кітаптар сатып ап, Мясницкая көшесіндегі пəтерінен көшіпті.
Уйу, қарғыс атқан қиырдан құтылдым-ау, - деп ызалана күрсініп
қойды қонақ.
... Сөйтіп Арбатқа жақын көлденең көшеден үй салған біреуден жаңа
пəтер жалдапты.
Үйші дегеннің не екенін сіз білесіз бе? - деп қонақ Иваннан
сұрады да, табан аузында оны өзі түсіндіре бастады. - Бұл дегенің
белгісіз бір жолдармен аман қалған Мəскеудегі саны онша көп емес
алаяқ жүліктердің бір тобы.
Үй салушының шағын бақтағы кішкентай үйінің подвалынан екі
бөлмені жалға алыпты. Мұражайдағы қызметін тастап, Понтий Пилат
жөнінде роман жазып шығуға кіріседі.
Еһ, шіркін, ол бір алтын ғасыр болған ғой, - деп күбірледі
əңгімеші көзі жайнап. - Мүлдем бөлек оңаша пəтер, суы бар
қолжуғыш тұратын алдыңғы бөлмесі өз алдына, - деп неге екені
белгісіз мақтанышпен атап айтты ол. - Сыртқы есіктен тура шыға-тын
табан жолдың түбіндегі кішкентай терезелерін айтсайшы. Қарсыда
тура төрт қадам жерде дуалдың түбінде серігүл, жөке, үйеңкі
ағаштары тұратын. Айһай, шіркін! Қыста мен терезеден бəзбіреулердің қара аяғын сирек көретінмін де, табан астындағы қар
сықырын жиі еститінмін. Пешімде от ұдайы маздап жататын. Алайда
төтеннен көктем туды да, күңгірт терезелерден əуелі жалаңаш, сосын
жасыл желек киген серігүл бұталарын көрдім. Дəл сол тұста, өткен
көктемде жүз мың теңгеден де таңданарлық оқиға болды. Ал жүз
мыңның ересен көп ақша екенін білесіз ғой.
-
Ол рас, - деп келісті ден қоя тыңдап отырған Иван.
Мен терезені ашып тастап екінші аядай ғана бөлмеде
отырғанмын, - деп қонақ қолымен өлшеп көрсетті. - Былайынша
алсақ, міне диван, ал қарсысында екінші диван, арасында шағын
үстел, оның үстінде түнгі шырағдан шам, терезеге таяу кітаптар, ал
мынау арада кішкентай жазу үстелі, бірінші дағарадай он төрт
шаршы метрлік бөлме толған кітап пен пеш қана. Аһ, жағдайым
қандай еді, шіркін!
Серігүлдің жұпар иісі, айрықша болатын. Шаршап шалдығудан
басым сергіп, Пилат аяқ жағына жақындап қалған-ды...
-
Қанқызыл астарлы ақ қаптал. Түсінемін! - деп қалды.
Тап солай! Пилат аяқ жаққа қарай ұшты, аяқ жаққа қарай... мен
сонда-ақ романның қандай сөздермен аяқталатынын білген
болатынмын. ...Иудеяның бесінші прокураторы, шабандоз Понтий
Пилат” деп тəмамдалмақ еді ғой. Ал менің серуендеуге шығатыным
да табиғи. Жүз мың - ұлан-асыр қаржы, тамаша сұр кəстөмім
болатын. Түстік ішуге арзан мейрамханалардың біріне баратыным
жəне белгілі. Арбатта ғажайып мейрамхана болатын, қазір оның баржоғын білмеймін.
Осы арада қонақтың көзі кең ашылып, ол тесіліп айға қарап, күбірлей
берді:
Ол қолына ұдайы үрейлі, жексұрын бір сары гүлдер ұстап жүрді.
Атын кім білсін, ол гүл Мəскеуде кейінгі кезде ғана пайда болды.
Жəне ол гүлдер оның көктемде киетін қара пəлтесінан ерекше
дараланып тұратын. Ол сары гүл ұстап жүрді. Нашар түс. Ол Тверь
көшесінен көлденең көшеге бұрылып, сол арада қайта бұрылды.
Тверь көшесімен мыңдаған адам жүріп жатады, солардың ішінде
оның көзіне бір ғана мен түскеніме кепілдік беремін. Ол тек бір ғана
мені көріп толқып қана қоймай, дертке шалдыққанға ұқсады. Мені
оның сұлулығы ғана емес, көзінен бұрын ешкім байқамаған
жалғыздық сезімі қайран қалдырды.
Сол сары түске елігіп мен де көлденең көшеге бұрылып, оның
соңынан тарттым. Қисық, көңілсіз көшемен үн-түнсіз келе жатыр-мыз,
бір қапталда ол да, екіншісінде мен. Көз алдына келтіріңізші, көшеде
екеумізден өзге тірі жан жоқ. Өз басым қиналып-ақ келемін, өйткені
онымен қайткенде де тілдесуім қажет сияқты, аузыма сөз түспей
қала ма деп қорқып келемін, ал ол қазір кетіп қалса, қайтып оны
ешқашан көре алмайтыным хақ.
Мына қызыққа қара, ойламаған жерде сөзді ол бастады:
-
Менің мына гүлдерім сізге ұнай ма?
Əлі дəл қазіргідей есімде, даусы недəуір нəзік сияқты, сызыла үздіксоздық сөйлей ме қалай, ерсі болса да айтайын, көшедегі жаңғырық
сары лас қабырғаларға соғылып жатқандай көрінді. Жалма-жан
жедел сол жаққа шығып, қасына таяу кеп жауабын бердім:
-
Жоқ, - деп.
Ол маған таңдана қарады, ал мен кенет мүлдем күтпеген жерде
ғұмыр бойы тек осы əйелді ғана сүйетінімді сезіндім. Міне, осындай
да қызық болады, ə? Сіз, əрине, есуас дейсіз ғой мені.
Мен ештеңе де айтпаймын, - деді Иван дауыстап, сосын: Өтінемін, əрі қарай айтыңызшы, - деп жалынды.
Қонақ сөзін одан əрі жалғады:
-
Иə, ол маған ғажап бір бейілмен қарады, қарады да:
-
Сіз жалпы гүлді сүймейсіз бе? - деп сұрақ қойды.
Маған оның дауысында бір дұшпандық бардай көрінді. Мен онымен
аяғымды бірдей алуға тырысып қатар жүрдім. Бір таңқалғаным,
онымен жүргенде өзімді табиғи сезіне алмадым.
-
Жоқ, неге сүймейін гүлді, тек мынандайды ұнатпаймын, -дедім.
-
Ал, қандайын ұнатасыз?
-
Мен раушан гүлін сүйемін.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Майталман шебер мен маргарита - 10
  • Parts
  • Майталман шебер мен маргарита - 01
    Total number of words is 4188
    Total number of unique words is 2185
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 02
    Total number of words is 4307
    Total number of unique words is 2150
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 03
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2321
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 04
    Total number of words is 4091
    Total number of unique words is 2369
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 05
    Total number of words is 4231
    Total number of unique words is 2275
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 06
    Total number of words is 4275
    Total number of unique words is 2183
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 07
    Total number of words is 4179
    Total number of unique words is 2056
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 08
    Total number of words is 4162
    Total number of unique words is 2288
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 09
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2258
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 10
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2360
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 11
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2204
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 12
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2334
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 13
    Total number of words is 4076
    Total number of unique words is 2131
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 14
    Total number of words is 4303
    Total number of unique words is 2195
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 15
    Total number of words is 4283
    Total number of unique words is 2173
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 16
    Total number of words is 4122
    Total number of unique words is 2215
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 17
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2274
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 18
    Total number of words is 4328
    Total number of unique words is 2150
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 19
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2195
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 20
    Total number of words is 4323
    Total number of unique words is 2138
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 21
    Total number of words is 4279
    Total number of unique words is 2228
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 22
    Total number of words is 4275
    Total number of unique words is 2177
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 23
    Total number of words is 4051
    Total number of unique words is 2294
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 24
    Total number of words is 4132
    Total number of unique words is 2321
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 25
    Total number of words is 4367
    Total number of unique words is 2146
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 26
    Total number of words is 4184
    Total number of unique words is 2326
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 27
    Total number of words is 2124
    Total number of unique words is 1367
    38.1 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.