Latin Common Turkic

Майталман шебер мен маргарита - 20

Total number of words is 4323
Total number of unique words is 2138
34.2 of words are in the 2000 most common words
48.9 of words are in the 5000 most common words
56.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Бақытқа болсын! Бақытқа болар! - деп сыбырлады Маргаритаға
Коровьев. - Қараңдаршы, ол өзіне-өзі келуге таяу.
Шынында да аурудың жанарында бұрынғыдай үріккен үрей жоқ.
Онша мазасыз да емес.
-
Ал бұл сенбісің, Марго! - деп сұрады ай қонағы.
-
Оған күмəнданба, бұл менмін, - деп жауап қатты Маргарита.
-
Тағы да! - деп бұйырды Воланд.
Шебер екінші стақанды босатқаннан кейін көзі жанданып, ойлы бола
бастады.
Ал енді мəселе басқа, - деді Воланд көзін сығырайтып, - енді
сөйлеуге болады. Сіз кімсіз, өзі?
Мен қазір ешкім де емеспін, - деп жауап берді шебер, жымиуы
оның бетін қисайтып жіберді.
-
Қазір қайдан келдіңіз?
-
Қайғы үйінен келдім. Мен жүйкеден ауыратын адаммын, -деп
жауап берді келімсек.
Мынау сөзді Маргарита көтере алмай, қайта жылады. Сосын көзінің
жасын сүртіп, айғайлап жіберді.
Сұмдық сөз ғой! Сұмдық үрейлі сөз бұл! Ол хас шебер, мессир,
мұны сізге əдейі ескертіп тұрмын. Мұны емдеп жазып шығарыңызшы,
сол еңбегіңізге татиды бұл.
Сіз қазір кіммен сөйлесіп отырғаныңызды білесіз бе? - деп
сұрады Воланд келген кісіден. - Кімнің алдында отырсыз?
Білемін, - деп жауап берді кемел. - Жындыханада менің көршім
əлгі бала, Иван Бездомный болған. Сіз туралы маған айтқан сол.
Қалайша, қалайша, - деп қалды Воланд, - ол жас жігітпен біз
Патриарх тоғанында кездескен едік қой. Ол менің өзімді жалпы жоқ
деп есімнен тандыра жаздаған. Ал сіз ғой менің шын мəнінде мен
екеніме сенесіз.
Сенуге тура келеді, - деді келімсек, - əрине, сізді елестердің
жемісі деп ойлаған əлдеқайда тыныш болар еді. Ол үшін мені
кешіріңіз, - деді шебер соңғы сөзді əдейі қосып.
Оның несі бар, солай тыныш болатын болса, солай-ақ санай
беріңіз, - деді Воланд сыпайы ғана.
Жо-жоқ, - деп Маргарита үрейлене шебердің иығынан
жұлмалады, - есіңді жи. Сенің алдыңда оның өзі отыр.
Мысық осы арада да сөзге араласты:
Ал мен шын мəнінде елеске ұқсаймын. Ай жарығындағы менің
қырымнан тұрған кескініме назар аударыңыздаршы, - деп мысық ай
жарығының жолағына аяқ басып тағы бірдеңе айтпақшы болып еді,
үндемеуін өтінген соң ол: - Жақсы, жақсы. Онда жағымды
қарыстыруға əзірмін. Енді үндемейтін елес болайын, - деп үнін
өшірді.
Айтыңызшы, Маргарита неге сізді шебер деп атайды? - деп
сұрады Воланд.
Ол мырс етіп күлді де, былай деді:
Бұл енді кешіруге болатын осалдық. Ол менің жазған романым
жайында жоғарғы пікірде.
-
Не туралы роман?
-
Понтий Пилат жөніндегі роман.
Сол сəтте шырақтардың от тілі қайта теңселіп лапылдай бастады да,
үстел үстіндегі ыдыстар шылдырады. Воланд күндей күркіреп күлді,
бірақ бұл күлкісімен ешкімді шошыта да, таңдандара да алған жоқ.
Əйтеуір Бегемот қана қол соқты.
Не туралы, не туралы дейсіз? Кім жайында өзі? - деді Воланд
күлкісін тыйып. Бұл енді ғаламат! Сонда сіз басқа тақырып таппадыңыз ба? Беріңізші, көрейін. - Воланд қолын созып, алақанын
жайды.
Өкінішке орай, айтқаныңызды орындай алмаймын, - деп жауап
қатты шебер, - өйткені оны пешке сап жағып жібергенмін.
Кешіріңіз, оныңызға сенбеймін, - деді Воланд. - Олай болуы
мүмкін емес. Қолжазбалар күймейді. - Ол бұрылып Бегемотқа қарады
да: - Кəне, Бегемот романды бері əкел, - деді.
Мысық орындықтан заматта атып тұрды, барлығы да оның
қолжазбалардың қалың пəшкесі үстінде отырғанын көрді. Жоғарғы
жақтағы данасын мысық тағзым етіп, Воландқа берді. Маргарита
дірілдеп, қалшылдап, шырылдап, тебіренгеннен көз жасына қайта
ерік берді:
-
Міне, қолжазбаңыз осы. Міне, ол!
Ол Воландқа ұмтылып, қайран қалғаннан:
Құдірет! Құдіретті күш! - деп айнанып-толғанды. Воланд
ұсынылған дананы қолына алып, айналдырып қарады да бір жағына
қойып, үн-түнсіз шеберге тесіле қарады. Алайда ол неден екені
белгісіз мұңға шомып, мазасызданып орнынан тұрды да, қолын
ербеңдетіп, алыстағы айға қарап, қалшылдап, бірдеңе деп міңгірлей
бастады:
Түнде де ай туғанда маған маза жоқ, мені неге тебіренттіңдер? О
құдая, құдая...
Маргарита оның аурухана халатына жармасып, оған жабысып алып,
сағыныштың көз жасын бұлап, өзі де бірдеңелер айта бастады.
-
Құдая, саған дəрі-дəрмек неғып жəрдемдеспейді?
Ештеңе, ештеңе, ештеңе де, - деп күбірледі Коровьев шебердің
төңірегінде айналшықтап, - ештеңе, ештеңе етпейді... Тағы да бір
стақан тартып жіберіңіз, мен де сізбен қауымдасайын.
Стақан ай жарығында жарқылдап жетіп келді де, шынында да
жəрдемдесті. Шеберді орнына жайғастырды, оның жүзі сабырлы
реңк алды.
Ал енді барлығы да түсінікті, əрі айқын, - деді Воланд ұзын
саусағымен қолжазбаны тықылдатып.
Əбден айқын, - деп растады үнсіз елеске айналамын деген
уəдесін ұмытып кеткен мысық, - енді бұл туындының басты желісі
бірден түсінікті. Сен не айтасың бұған, Азазелло? - деп ол үндемей
отырған Азазеллоға қарады.
Мен айтсам, сені баяғыда-ақ суға батырып жіберу керек еді, деп мыңқылдады Азазелло.
Мейірімдірек болсаңызшы, - деді оған мысық, - жəне менің
əміршімді ондай ойға жетелеме, Азазелло. Сен маған сенгейсің, түн
сайын мен саған мынау шебер құсап ай жамылып келіп, басымды
изеп шақырып, сол бейшара сияқты ертіп кетер болсам, күнің не
болатынын білесің бе, байғұс Азазелло!?
Жарайды, Маргарита, енді өзіңізге не қажет соның бəрін
айтыңыз, - деп əңгімеге Воланд қайта кірісті.
Маргаританың көзі жалт ете қалып, ол жалынғандай Воландқа қарап:
-
Мұнымен ақылдасып алуға мұрсат етіңізші, - деді.
Воланд басын изеді де, Маргарита шебердің құлағына жабысып,
бірдеңе сыбырлады. Оның оған қалай деп жауап бергені естіліп
тұрды:
Жоқ, енді кеш. Бұл өмірден қайтып ештеңе де қаламаймын. Сені
көруден басқа еш қалауым жоқ. Алайда саған тағы да айтар ақылым
- мені таста, ұмыт. Менімен жүріп сен де құрисың.
Жо-жоқ, тастамаймын, - деп жауап қатқан Маргарита Воландқа
қарап: - Бізді қайтадан Арбаттағы шолақ көшедегі подвалға
қайтаруыңызды сұраймын, тек шамы жанып, барлығы бұрынғы қазқалпына түссін.
Осы арада кемел күліп жіберіп, Маргаританың шашы көптен
желкілдеп жүрген бұйра басын құшақтай алып, былай деді:
Аһ, бейшара əйелді тыңдамаңыз, мессир. Ол подвалда
баяғыдан бері басқа адам тұрып жатыр, жалпы барлығы бұрынғы
қаз-қалпына ешқашан келмейді, ондай өмірде де болмайды. - Ол
бетін сүйгенінің басына салып, Маргаританы құшақтап: “Бейшара,
байғұсым менің...” деп міңгірледі.
Ондай болмайды дедіңіз бе? - деді Воланд. - Оның, рас. Бірақ біз
байқап көрейік, - деп ол: - Азазелло! - деп айғайлады.
Табан аузында төбе опырылып, еденге абдыраған, есінен айырылуға
жақын бір азамат іш киіммен топ ете қалды, неге екені белгісіз,
қолында -шамаданы, басында кепкесі бар. Қорыққанынан ол қалшқалш етіп отыра кетті.
Могарыч сіз бе? - деп сұрады Азазелло аспаннан салбырап
түскеннен.
-
Алоизий Могарыч, - деп жауап берді ол қайырып.
Латунскийдің мына кісінің романы жайындағы мақаласын оқи
сала, ол үйінде жасырын əдебиет сақтайды деп арыз жазған да сізсіз
ғой? - ежіктеді Азазелло.
Жаңадан келген азамат көгеріп-сазарып, өкініштің көз жасын көл ғып
төкті.
Оның бөлмесіне көшіп кіргіңіз келді ме сіздің? - деп мүмкінқадерінше жылы шырай танытқысы келді Азазеллоның.
Бөлмеде ызаланып аласұрған мысықтың ырылы естіліп, Маргарита
шарылдап келіп:
Мыстанды біліп жүр, есіңде жүрсін! - деп аюдай тырнақтарын
Алоизий Могарычтың бетіне салды.
Алас-күлес, алыс-жұлыс болды да қалды.
Сен не істеп жатырсың? - деп шебердің жан дауысы шықты. Марго, өзіңді масқаралама.
Оныңа қарсымын, бұл масқара емес, - деді мысық. Маргаританы
Коровьев ажыратты.
Мен ванна жасап едім, - деді тісі тісіне тимей сақылдап қан-жоса
болған Могарыч, үрейі ұшқанынан аузына келгенін сандырақтады:
-
Бір ғана ақтаудың өзі... тотыяйын...
Жарайды, ванна жасағаның жақсы болған, - деп мақұлдады
Азазелло. - Оның ванна алуы керек. - Сосын ол айғай салып: -Кет
аулақ! - деді.
Сол-ақ екен, Могарычтың аяғы көктен келіп Воландтың ашық
терезесінен далаға ытты.
Кемелдің көзі атыздай болып күбір етті.
Алайда бұл Иванның айтқанынан да бетер екен! - Əбден есі
шыққан ол жан-жағына қарап, ақыры мысыққа: - Ал кешіріңіз, əлгі сен
бе... жоқ, сіз бе... - деді оған “сен” дерін де, “сіз” дерін де білмей. Əлгі трамвайға отыратын мысық сіз емес пе?
Мен, - деп мақұлдады “сіз” дегенге мəз болған мысық. - Сіздің
мысықпен сыпайы сөйлескеніңізді естудің өзі бір ғанибет. Неге екені
белгісіз, мысықпен əдетте “сен” деп сөйлеседі ғой, тіпті бірде-бір
мысықтың ешкіммен арақ қағыстырып ішпегеніне қарамастан.
Неге екенін білмеймін, маған сіз нағыз мысық сияқты емессіз, деп батымсыздау жауап қатты шебер, сосын Воландқа қарап: -менен
ауруханада бəрі-бір айырылмайды, - деді.
Ал, олардың сізде айырылмайтын несі бар! - деп жұбатты
Коровьев жəне оның қолында бəз-бір қағаздар мен кітаптар жүр
екен. - Міне, ауруыңыздың тарихы осы ма?
-
Осы.
Коровьев ауру тарихын пешке лақтырды.
Құжат жоқ, демек, кісі де жоқ, - деді қанағат сезіммен Коровьев,
ал мынау - сіздің үй салушыңыздың үй кітапшасы.
-
Солай ма?
Мұнда кім тіркелген? Алоизий Могарыч па? - Коровьев үй
кітапшасының парағын үрлеп еді - ол жоқ болды. - Жоқ екенін
белгілеп қойыңыз. Əгəрки үй салушы таңдаса, оған Алоизий түсіңізге
кірген ғой деңіз. Могарыч па? Могарыч дегенің кім? Ешқандай
Могарыч болған емес. Сол сəт баумен ұстастырылған кітапша
Коровьевтің қолынан буға айналып ұшып кетті. - Міне, енді ол үй
салушының үстелінде жатыр.
Сіз дұрыс айттыңыз, - деді шебер Коровьев жұмысының
тазалығына таңғалып, - құжаты жоқ екен, демек, адамы да жоқ. Міне,
мына тұрған мен де жоқпын, өйткені еш құжатым жоқ.
Мен кешірім өтінемін, - деп дауыстап жіберді Коровьев, мұныңыз енді барып тұрған голлюцинация, сіздің құжатыңыз мінекей.
- Сосын Коровьев шеберге құжатын ұсынды. Одан əрі көзін
Маргаритаға аударып, оған тəтті бір сөз сыбырлағандай болды: - Ал
мынау сіздің мүлкіңіз, Маргарита Николаевна, - деп оған жиегі күйген
дəптер мен кептірілген раушан, фотосурет пен аса мұқият сақталған
жинақ кітапшасын берді, - өзіңіз салып қой деген он мың сомыңыз
осында, Маргарита Николаевна, бізге басқаныкі қажет емес.
Басқаныкіне қол сұққанша, аяғым қырқылып қалмай ма?! -деді
дүрдиіп мысық, өзі жəне қырсық шалған романды таптау үшін
шабаданның үстінде секіріп билеп жүр.
Сондай-ақ сіздің құжатыңыз да мінеки, - деді Коровьев
Маргаритаға құжатын тапсырып жатып, сосын Воландқа қарап,
ілтипатпен баян етті: - Барлығы бітті, мессир!
Жоқ, барлығы емес, - деді Воланд глобустан бері бұрылып. -Өз
нөкерлеріңізді қайтпексіз, қымбатты доннам? Жеке өзіме олардың
қажеті жоқ.
Сол сəт ашық есіктен тыр жалаңаш қалпы қолын сілтеп Наташа
жүгіріп кірді де Маргаритаға ұмтылды:
Бақытты болыңыз, Маргарита Николаевна! - Шеберге ол басын
изеп, Маргаритаға қайта қарады. - Сіздің қайда барып жүретініңізді
білетінмін.
Үй қызметшілері бəрін біледі, - деп қағытты мысық аяғын мəн
бергенси көтеріп, - оларды соқыр деп ойлау асқан қателік.
Сен не қалайсың, Наташа? - деп сұрады Маргарита, -жекежайға
оралсаңшы.
Айналайын жаным, Маргарита Николаевна, - деп бастады сөзін
жалынышты үнмен Наташа, сосын тізерлеп отыра қалып: -олардан
өтініп сұраңызшы, - деп Воландқа көз қиығын тастады, -мені
өздерінде мыстан етіп қалдырсын. Жекежайға қайтып барғым
келмейді. Инженеріңізге де, технигіңізге де барғым жоқ. Кеше Жак
мырза маған сөз айтты. - Наташа алақанын ашып бəз-бір алтын
теңгелер көрсетті.
Маргарита Воландқа сұраулы көзбен қарады. Ол басын изеді. Соны
көрген Наташа Маргаританың мойнына асылып, оны шөпілдетіп
сүйіп алды, сосын алақайлай айғайлап терезеден ұшып шығып кетті.
Наташаның орнында Николай Иванович тұрды. Ол өзінің бұрынғы
адам кейпіне түсіпті, бірақ керемет тұнжырап кеткен, тіпті сіркесі су
көтерер түрі жоқ.
Міне, мына кісіні айрықша ілтипатпен қоя беремін, - деді Воланд
Николай Ивановичке жеккөріп жиіркене қарап. - Мұнда оның өтемөте басы артық.
Маған куəлік берулеріңізді өте сұраймын, - деді жан-жағына
одырая қараған Николай Иванович айрықша бір табандылық
танытып, - өткен түнді қайда өткізгенім туралы куəлік керек.
-
Ол не затқа керек? - деп ызбарлана сұрады мысық.
Милиция мен əйеліме көрсету үшін, - деп айтқанынан қайтар
емес Николай Иванович.
Əдетте біз куəлік бермейміз, - деп жауап қатты мұрнын бір
тартып қойып мысық, - алайда сізге жеңілдік жасайық, айтқаныңыз
болсын.
Николай Иванович есін жинап үлгермей, жалаңаш Гелла машинкаға
отырып, мысық оған куəліктін мəтінін айта бастады:
Осымен куəландырамыз, бұл анықтаманы ұсынушы Николай
Иванович еске алынып отырған түнде тасымал құралы ретінде
жұмысқа тартылып, шайтанның балында өткізді... Гелла, жақша қой!
Жақшаның ішіне “азбан доңыз” деп жаз. Қол - Бегемот.
-
Ал күні қайда? - деп қыңқылдады Николай Иванович.
Күнін, айын қоймаймыз, күнін қойса қағаз заңсыз болып шығады,
- деді мысық қағазды бұлғап, əлде қайдан бір мөр тауып əкеп, оны
демімен үрлеп дымдап, қағазға “төленді” деген сөзді басты да,
Николай Ивановичке берді. Осыдан кейін Николай Иванович із-түзсіз
жойылды да, оның орнына күтпеген жаңа адам келді.
Бұл кім тағы да? - деп тыжырына сұрады бетін шырағданның
жарығынан қолымен көлегейлеген Воланд.
Варенуха басын салбыратып күрсінді де, баяу ғана:
Қайта қоя беріңіздерші, - деді. Қанішер бола алмаймын. Ана
жолы Римский Гелламен өлім аузынан қайтты. Ал мен қанқұмар
емеспін. Жіберіңіздерші.
Тағы да не сандырақ бұл? - деп сұрады бетін тыржитып Воланд.
- Римский дегені қайсы? Онысы тағы не пəле?
Алаңдамай-ақ қойыңыз, мессир, - деп үн қатты да Азазелло
Варенухаға қарады: - Телефон арқылы ауызға келгенді оттауға
болмайды. Телефонмен өтірікті сықпыртуға жəне жол жоқ. Түсіндіңіз
бе? Қайтып мұндаймен шұғылданбайсыз ғой?
Қуаныштан Варенуханың басындағының бəрі бытықы-шытықы
болып, жүзі жайнап, не айтып тұрғанын өзі де білмей, əлде нелерді
міңгірледі.
Шынайы... яғни мен сіздің ұлы мəртебеңіз... деп айтпақ едім,
қазір осы түстіктен кейін... - Веренуха қолын кеудесіне қысып,
Азазеллоға жалбарынып қарады. - Жарайды, тай үйіңе, - деді ол,
Варенуха ғайып болды.
Енді мені бұлармен оңаша қалдырыңыздар, - деп бұйырды
Воланд Маргарита мен шеберді нұсқап.
Воландтың əмірі табан аузында орындалды. Біраз үнсіздіктен кейін
Воланд шеберге тіл қатты:
Иə, демек, Арбат подвалына бармақсыздар ғой. Ал сонда кім
жазады? Арман, шабыт деген қайда?
Енді менде ешқандай арман жоқ, шабыт деген жəне жоқ, -деп
жауап қатты кемел, - төңірегімде мені мынадан өзге ештеңе
қызықтырмайды, - деп қолын қайтадан Маргаританың басына қойды,
- мені құртты ғой, көңілім көтерілмейді, тек подвалға барғым келеді
де тұрады.
-
Ал романыңыз, Пилат ше?
Ол романды енді жеккөремін, - деп жауап берді шебер, - сол
үшін бастан кешпегенім жоқ.
Жалынып жалбарынамын саған, олай айтпашы, - деп қиыла
өтінді Маргарита. - Мені не үшін сонша қинайсың? Күллі өмірімді
сенің осы жұмысыңа сарп еткенімді білесің ғой. - Маргарита амалы
таусылып Воландқа: - Оның сөзін қаперге алмаңыз, мессир, ол көп
азап шеккен адам ғой, - деді.
Дегенмен, бəз-бірдеңені бейнелеу керек қой, - деді Воланд. -Егер
сіз əлгі прокураторды жазып тауыссаңыз, ең құрығанда анау
мондыбас Алоизийді бейнелеуге кірісіңіз.
Шебер жылмиып күлді.
Ол Лапшенниковты баспайды ғой, оның үстіне оны бейнелеу
қызықты да емес.
-
Сонда сіз немен күн көресіз? Қайыршыланып кетуге болады ғой.
Қалағаным да сол, - деп шебер Маргаританы өзіне тартып,
иығынан қапсыра құшақтап: - Бұл ақылға түседі, менен кетеді... деді.
Олай ойламаймын, - деді тісінің арасынан сыздықтата сөйлеп
Воланд. - Сонымен, Понтий Пилаттың тарихын жазып жүрген адам
подвалға барып, шамның алдында отырып, қайыршылық күн кешпек
қой?
Маргарита шебердің құшағынан шығып қызына сөйледі:
Мен қолымнан келгеннің бəрін жасадым, тіпті құлағына
сыбырлап еліктіретін жайларды да айттым. Ал ол одан бас тартты.
Оған не сыбырлағаныңызды білемін, - деді Воланд, - ең
еліктіретін нəрсе ол емес. Ал сізге айтарым, - деп ол хас шеберге
қарады, - Бұл романыңыз сізге əлі талай қызық əкеледі.
-
Ол енді өте өкінішті, - деді шебер.
Жо-жоқ, ол өкінішті де, қайғылы да емес, - деді Воланд, -енді
қорқатындай ештеңе болмайды. Ал енді, Маргарита Николаевна,
барлығы да жасалады. Сіздің маған қояр кінəңіз бар ма?
-
О не дегеніңіз, не дегеніңіз ол, мессир!
-
Онда мынаны алыңыз, менен ескерткіш болсын, - деп Воланд
жастығының астынан бетіне жағалай алмас себілген шағын алтын
таға шығарды.
-
Жо-жоқ, жоқ, бұл ненің ақысы!
Сіз менімен дауласқыңыз келе ме? - деп сұрады Воланд
жымиып тұрып.
Плащында қалта болмағандықтан Маргарита оны асорамалға орап
күрмеп буды. Сол сəт оны бірдеңе қайран қалдырды. Ай сəулесін
төгіп тұрған терезеге бұрылып қарап:
Ал мен мынаны түсінбей-ақ қойдым... Түн ортасынан бір
аумайтыны несі, меніңше таң баяғыда-ақ атуға тиіс емес пе еді?
Мерекелі түнді ортасынан аудырмай ұстап тұрудың өзі бір
ғанибет емес пе! - деп жауап қатты Воланд. - Ал енді сіздерге бақыт
тілеймін!
Маргарита ғибадат қылғандай екі қолын бірдей созды да, бірақ оған
жақындамай дауыстады:
-
Қош болыңыз! Қош болыңыз!
-
Жолыққанша, - деді Воланд.
Сөйтіп қара плащ киген Маргарита, үстінде аурухана халаты бар
шебер зергер əйелі пəтерінің шырақ жанып, Воландтың нөкерлері
күтіп тұрған дəлізге шықты. Дəлізден шыққанда Гелла роман мен
Маргаританың азын-аулақ мүлкі салынған шамаданды ұстап, оған
мысық көмектесті. Пəтер есігінің аузында Коровьев басын иіп
қоштасты да, қарасын батырды, ал қалғандары шығарып салғалы
баспалдақ бойлап еріп жүрді. Баспалдақ бос екен. Үшінші қабаттың
алаңынан аса бергенде бірдеңе тырс ете қалғандай болды, бірақ
оған ешкім назар аударған жоқ. Алтыншы подъездің шығар есігінің
алдында Азазелло жоғарыға қарады, əлі ай батпаған аулаға
шыққанда олар кірер ауызды екі аяғы көктен келіп, түк сезбей
ұйықтап жатқан басында кепкісі бар етікті адамды көрді, сондай-ақ
подъездге сұғынып тоқтаған шамы өшірулі үлкен қара машинаның
тұрғанын байқады. Алдыңғы əйнегінен қара құзғын-ның сұлбасы
көмескі көрінеді.
Машинаға мінгелі жатқан Маргарита өкінішпен даусын баяу ғана
шығарып:
-
Құдая, мен тағаны жоғалтып алдым, - деді.
Машинаға отыра беріңдер, - деді Азазелло, - мені күте тұрыңдар.
Мен қазір ғана ораламын, тек мəселенің неден болғанын біліп
қайтамын. - Осыны айтып ол көше жақтағы бас подъезге кетті.
Мəселе былай болған еді: Маргарита мен шебер жəне оларды
шығарып салушылар шығардан біраз бұрын зергер əйелі пəтерінің
астындағы №48 пəтерден қолында бидоны мен сөмкесі бар арық
қатпа əйел шықты. Сенбі күні Берлиоздың сорына айналмада
күнбағыс майын төгіп алып жүрген Аннушканың өзі осы еді.
Бұл əйелдің Мəскеуде немен шұғылданатынын, қандай қаржыға күн
көріп жатқанын тірі пенде білген емес, ешқашан білмейтін де шығар.
Əйтеуір ол туралы жұрттың білетіні, оны қолына бірде бидон, бірде
сөмке ұстап безек қағып жүргенін құдайдың құтты күні көретіні ғана.
Қейде ол сөмкесі мен бидонын қатар ұстап, базарға, жермай сататын
дүкенге барады, не қақпаның түбінде, не баспалдақта тұрады,
көбінесе бұл Анна өзі тұратын №48 пəтердің ас үйінде күйбеңдеп
жүргені. Оның үстіне, бəрінен бұрын белгілісі - ол қайда бармасын,
қайда жүрмесін - болған жерінде заматта дау-жанжал шығады,
сондықтан да оның “Оба” деген лақап аты тағы бар.
Анна-Оба бүгін неге екені белгісіз, ерекше ерте оянды, жарықтан да,
таңнан да жылт жоқ сағат бірлердің шамасында тұрып алды. Есіктің
кілті бұралды да, одан Аннушканың мұрны қылтиды, сосын оның өзі
тұтас шықты, артынан есік тарс жабылып, қалай қарай қозғаларын
білмей аңырып тұрғанда жоғарғы алаң-қайдағы есік дүрс етті де,
баспалдақпен біреу төмен қарай ұшып келе жатып Аннушкаға
соғылып, оны аулақ лақтырып тастағаны сондай, ол қарақұсымен
қабырғаға тарс етті.
Сені дамбалшаң қай сайтан қуып барады, - деп шаңқылдады
Аннушка желкесін ұстап. Қолында шамаданы, басында кепкісі бар
жалғыз ғана ішкікиіммен көзін жұмып алып жүрген адам Аннушкаға
ұйқылы оғаш үнмен:
Коланка! Тотыяйын! Кішкентай ғана жеңістің өзі неге тұрады! деп жылап жіберіп: - Жоғал! - деп барқ етті де, баспалдақпен төмен
түсудің орнына жоғарыға қарай, экономистің аяғы тиіп əйнегі сынған
жаққа қарай жүгірді, сол сынған терезеден аяғы аспаннан келіп,
аулаға ұшып түсті. Анна ауырған қарақұсын да ұмытып кетіп,
аһылап-уһілеп өзі терезеге ұмтылды. Алаңға етпетінен жата қап
терезеден басын аулаға шығарып, аула фонарымен жарық боп
тұрған асфальттан құлап өлген шамаданды адамды көрмек болды.
Бірақ асфальтта да, аулада да түк те болмаған сияқты.
Ұйқылы оқшау тұлға үйден құстай ұшып шығып, із де қалдырмай
ғайып боп кетті деп тек топшылау ғана қалды. Анна бір шоқынып
алып ойға батты: “Иə, бұл шынында да нөмірі елуінші пəтер!
Жұрттың жын-шайтан үйелеген пəтер деп айтып жүргені тіпті де тегін
емес! Мұндай да болады екен-ау! Пəтер болғаныңа болайын!”
Осыны ойлап болғанша жоғарыдағы есік қайта сарт етті де, екінші
біреу төмен қарай жүгірді. Аннушка қабырғаға жабыса қалды да, бəзбір əжептəуір сақалды, бірақ беті торайдай тырси-ған бір азаматтың
жанынан жылт етіп өтіп, алғашқы адам сияқты асфальтқа құлап
жоқтауым бір-ақ асады демей, терезеден қойып кеткенін көрді.
Аннушка енді шыққан саяхатының мақсатын да ұмытып, өзімен-өзі
сөйлесіп, табалдырықта тұрып аһылап-үһілеп шоқынды.
Үшінші дөңгелек жүзді, қырынған, сақалсызы тағы да жүгіре шығып
алғашқылардай терезеден ұшты.
Аннаның абыройына қарай ол бəрін де білуге құмар кісі болатын,
сондықтан тағы да бір əлгіндей ғажайыптар болмас па екен деп
ақырына дейін тосты. Жоғарыдағы есік қайта ашылды, бұл жолы
одан тұтас қауым төмен ағыла бастады, бірақ жүгірмей, əдеттегі
адамдардай біркелкі түсіп келеді. Аннушка терезеден аулағырақ
кетіп, төмен өз есігіне түсіп, шапшаң ашты да, оның сыртына тығыла
қалды, ал əдейі қалдырған саңылауға оның көзі қашан талғанша
тесілді.
Əлде ауру, əлде сау бір түрлі құп-қу, сақал-мұрты өсіп кеткен,
басында қара тақиясы, үстінде халаты бар біреу төмен қарай ілбіп
басып əрең түсіп барады. Оны аялап, абайлай сүйеп бəз-бір келіншек келеді, қараңғыда Аннушкаға оның үстіндегі кешкі киім
секілденді. Келіншек не жалаңаяқ, не жылтыраған шетелдік шұрқшұрқ тесік кебіс киіп алған секілді. Тіфу, кебіс кигеніңді қайтейін,
келіншек жалпы жалаңаш екен ғой! Үстіндегі желең жалаңаш денеге
жаба салынған. “Пəтер болғаныңа болайын да!” Аннушканың көңілі
ертең көршілеріне дəптетіп айтар жаңалыққа шып-шып толып, қызқыз қайнады.
Оқшау киінген келіншектен кейін қолына шамадан ұстаған тағы бір
тыржалаңаш əйел келеді, шамаданның маңында құнжыңдап бір
мысық жүр. Көзін сүртіп тұрып Аннушка дауыстап бірдеңе айтып
жіберуге шақ қалды.
Шеруді сылти басатын аласа бойлы, көзі қисық, үстіне бешпенті жоқ,
фрактың зелетін киген галстукты шетелдік тұйықтапты. Осы топ түгел
Аннушканың қасынан төмен түсіп барады. Сол сəт алаңқайға бірдеңе
тырс ете түсті. Аяқ дүсірі басылғанын естіп, Аннушка жыландай
жорғалап, есіктің сыртынан шықты. Бидонды қабырғаға сүйей салып,
етбауырлап жатып, алаңды қолымен сипалай бастады. Қолына
оралған салмақты бірдеңе бар асорамал ілікті. Оны ашып қалғанда
Аннушканың көзі тас төбесіне шықты. Аннушка аса қымбат затты
жанарына тіпті тақап көрді де, көзі қасқырдың көзіндей жарқырап
оттай жанып кетті. Ал басында бір құйын ойнап, боран бұрқады.
Көзім көрген жоқ! Қолым ұстаған жоқ... Жиенге жөнелту керек мұны...
Не аралап, бөлшектеп тастаған абзал... Тастарын шұқып алуға да
болады ғой... Сосын оларды бір-бірлеп сатқан жөн, біреуін
Петровкаға, біреуін Смоленский базарына апарған жөн. Ештеңе де
көргенім жоқ, ештеңе де білгенім жоқ!”
Аннушка олжасын қойнына тықты да, бидонын алып пəтеріне қайта
кіріп кетіп, қалаға саяхатын қоя тұрмақшы болып қозғалғанда, қарсы
алдынан дию-перідей болып біреу шыға келді, оны ол таниды,
бешпентсіз зелет киген, омырауы аппақ жоғарыдағы тұрғын.
-
Таға мен асорамалды əкел бері, - деп күбір етті ол.
Тағасы несі, орамалы несі тағы да? - деп сұрана сөйлеген
Аннушка тəлімсудің тəсілін шебер қолданды, - асорамал түгіл,
басорамалыңды да білмеймін. Немене, массыз ба өзіңіз, азамат.
Ақомырау автобустың тұтқасындай қатты, əрі суық саусақта-рымен
Аннушканың алқымынан сығып жібергенде, əрі қарай түк ауа бармай
тұншыққан оның қолынан бидоны түсіп кетіп, өзі еденге сылқ ете
қалды. Сəл-пəл тұншықтырып, бешпентсіз шетелдік саусағын
жазғанда, ауаны құныға жұтқан Аннушка күліп жіберді.
Аһ, əлгі таға ма, - деді ол, - қазір, қазір. Демек, сіздің тағаңыз
екен ғой? Қарасам, асорамал да жатыр жай... Мен басқа біреу алып
кетпесін деп əдейі көтердім, əйтпесе ұшты-күйді кетеді ғой жоғалып.
Таға мен орамалды алып шетелдік Аннаның алдында иіліп-бүгіліп,
қолын қысып, қызу алғыс айтып шетелдің мақамымен оның мақтауын
жеткізді.
Мен сізге мейлінше ризамын, мадам. Маған бұл таға естелік
ретінде өте қымбат дүние. Оны аман сақтағаныңыз үшін екі жүз сом
тапсыруға рұқсат етіңіз. - Сөйтіп ол зелетінің қалтасынан заматта
ақша суырып, Аннушкаға берді.
Ол мəз болып күліп, тек айғайлай берді:
-
Аһ, сізге құлдық ұрып алғыс айтам! Мерси! Мерси!
Жомарт шетелдік бір қарғудан-ақ баспалдақтың бірнеше сатысынан
сырғып өтіп, төменге түсіп ақыры кетер алдында жоғарыға қарап еш
акцентсіз айғай салды:
Сен, кəрі мыстан, қашан болсын біреудің затын тауып
алғаныңда, қойныңа тықпай, милицияға тапсыр!
Баспалдақтағы барлық алас-күлес дүрбелеңнен басы зыңғыған
Аннушка əсер ырқынан ұзақ ажыраса алмай, үйреншікті əдетпен:
Мерси! Мерси! Мерси! - деп айғайлай берді, ал шетелдік болса,
баяғыда жоқ-ты.
Аулада машина да жоқ еді. Маргаритаға Воландтың тартуын
қайтарып əкеп, онымен қоштасты да, отырған орныңыз жайлы ма
деп сұрап кетіп қалды, ал Гелла Маргаритамен қайта-қайта сүйісіп,
мысық оның қолына ернін тигізді, шығарып салушылар жансыз
кісідей қимылсыз отырғыштың бұрышына тығылған шеберге
қолдарын бұлғады, құзғынды да ұмытпай қоштаса сала бəрі ауаға
сіңді де кетті, зайыры баспалдақпен өрмелеп өздеріне күш түсіргісі
келмесе керек. Грач фарды жағып, өліктей сілейіп ұйықтап жатқан
адамның жанынан машинамен өте шықты. Сөйтіп қара машинаның
оттары ұйқысыз да шулы Садовая көшесіндегі басқа оттардың
арасына сіңіп, жоқ болды.
Бір сағаттан соң, Арбат көшелерінің біріндегі кішкентай үйдің
подвалында өткен жылғы күздегі үрейлі түнге дейінгі қалпына қайта
түскен бірінші бөлмеде барқыт дастарқан жабылған үстелдің
басында, жанында қынжыгүл салынған ваза тұрған абажурлы
шамның алдында бастан кешкен тебіріністері мен бақытын еске
алып Маргарита баяу ғана жылап отырды. От ұйпалаған дəптер
оның алдында жатыр, оның қасында қаймағы бұзылмаған дəптерлер тау-төбе. Үйшік үнсіз. Кішкентай көрші бөлмеде аурухана
халатын жамылып, қалың ұйқыда шебер жатыр. Оның біркелкі
тынысы дыбыссыз.
Жылап мауқын басқан Маргарита қозғалмаған дəптерлерді қарап,
Кремль қабырғасының түбінде Азазелломен кездесер алдында қайта
оқып шыққан тұсын тауып алды. Қолжазбаны ол жақсы көретін
мысығын аялағандай сипалап, қолында əрлі-берлі аударыстырып,
бар жағынан қарап, бірде титул бетіне тоқталып, бірде соңын ашты.
Кенет оны сұмдық бір үрейлі ой баурап алды: осының бəрі аяқ
астынан көзбояушылық сиқыр болып шықса ше, дəптерлердің бəрі
көзден ғайып болып, келіншектің өзі жекежайдағы жатынжайында
жатса ше, онда ояна салып суға кетіп өлу үшін өзенге тартуға тура
келеді ғой. Алайда бұл ең соңғы үрейлі ой, бастан ұзақ кешкен
уайым-қайғы мен көрген азаттық жаңғырығы болды. Ештеңе де
ғайып болған жоқ, құдіретті Воландтың шын мəнінде де құдіреті күшті
болды, сондықтан Маргарита мейілі білгенше, ең бері қойғанда күн
шыққанша дəптер беттерін сусылдата парақтап, тесіле қарап, кей
тұстарын сүйіп алып, мына сөздерді қайта-қайта оқуға мүмкіндік
алды.
- Жерорта теңізінен төнген түнек прокуратор жеккөретін шаһарды
тұмшалап алды... Иə, түнек...
Жиырма бесінші тарау
ПРОКУРАТОР КАРИАФТАН ИУДАНЫ ҚАЛАЙ
ҚУТҚАРУҒА ТЫРЫСТЫ
Жерорта теңізінен төнген түнек прокуратор жеккөретін шаһарды
тұмшалап тастады. Храмды қорқынышты Антоний мұнарасымен
ұштастырып тұратын аспалы көпірлер ғайып болып, аспаннан шексіз
қараңғылық қаптап, гипподрамның үстінде асқақтаған қанатты
құдайларды көміп жіберді, Хасмоней сарайы оқатарларымен,
базарлар, керуен сарайлар, көшелер мен тоғандар... жұтылып кетті.
Ұлы қала - Ершалим жарық дүниеде жалпы болмағандай тып-типыл.
Ершалимдегі жанды атаулының бəрін оның төңірегіндегілермен қоса
түнек қылғытып қойды. Теңіз жақтан көктемгі нисан айының он
төртінші жаңасында күн батарға қарай бір күш оғаштау бір бұлтты
алып келді.
Ол бұлт бір бүйірлеп Қасқа Бассүйекке, тура жендеттер жазаға
тартылғандарды найзаға шаншып жатқан жерге соғылды, сосын ол
Ершалимге лап қойып, шудаланған тасқынымен таулардан сырғанап
кеп Төменгі Қаланы қарық қылды. Терезелерге құйылып, жұртты
қисық көшелерден үйіне қуып тықты. Ол өзінің ылғалын беруге
асықпай, тек жарық қана берді. Тек алау от түтіндеген қара ыссы
сұйықты қайнатып, буын бұрқыратып жатқанда ғана тұмшалаған
түнектен шіркеудің жалт-жұлт еткен қабыршақты алып сұлбасы
асқақтап шырқауға бір-ақ шықты. Алайда ол да қас қағымда сөніп,
храм түпсіз қараңғылыққа сүңгіп кетті. Əлденеше рет қараңғылықтан
ол секіріп шығып, қайта сүңгіп кетеді, əр сүңгіген сайын апат
гүрсілімен шығарып салынып отырды.
Басқа бір дүрілдеген жылтырақ оттар қараңғылық қойнауынан
жотаның батыс беткейінде храмға қарсы орналасқан Ұлы Ирод
сарайын шақырып, үрейлі бассыз мүсіндер қолын жайып қара
аспанға самғады. Алайда аспан оты қайта жасырынып, нажағайдың
ауыр соққылары адам табынар алтын пұттарды түнекке қайтадан
қуып тықты.
Күтпеген жерде нөсер құйды да, нажағайлы жаңбыр құйынға
айналды. Бақтағы мəрмəр ұзынтаққа таяу түс əлетінде прокуратор
мен бас имам əңгімелесіп отырған жерде зеңбіректен атылғандай
гүрсілмен таяққа ұқсап кипарис ортасынан сынып түсті. Су
құйынымен бұршақпен бірге балконға сабағынан үзілген раушан
гүлдері, магнолия жапырақтары құммен лап қойды. Құйын бақтың
түте-түтесін шығарды.
Бұл кезде бағандардың түбінде бір-ақ адам бар еді, ол кісі
прокуратор болатын.
Енді ол мамықтақта отырмай, үсті дəмді тағамдармен сықалып,
көзеге құйып шарап қойылған аласа үстелдің жанындағы жұмсақ
ложада жатқан-ды. Басқа бос ложа үстелдің екінші жағында тұр.
Прокуратордың аяқ жағында сүртіп алынбаған қан сияқты қып-қызыл
бірдеңе көлкіп, сынған көзенің сынықтары шашылып жатыр.
Нажағайлы нөсердің алдында прокуратор үшін дастарқан жайған
қызметші, неге екені белгісіз абдырап, бірдеңем жақпай қалды ма
деп қатты қобалжыды, соған ашуланған прокуратор көзені əшекейлі
еденге бір-ақ ұрып сындырып:
- Бетке сен не үшін тура қарамайсың ас бергенде? Əлде бірдеңе
ұрлап жүзің күйіп жүр ме? - деп дігерледі.
Африкалықтың қара жүзі сұрланып, көзіне өлердей үрей пайда
болды, дірілдеп-қалшылдап екінші көзені де сындырып ала жаздады,
алайда прокуратордың ашуы қалай тез келсе, солай тез қайтты.
Африкалық сынықтарды жинап, еденді сүртуге ыңғай-ланып еді,
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Майталман шебер мен маргарита - 21
  • Parts
  • Майталман шебер мен маргарита - 01
    Total number of words is 4188
    Total number of unique words is 2185
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 02
    Total number of words is 4307
    Total number of unique words is 2150
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 03
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2321
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 04
    Total number of words is 4091
    Total number of unique words is 2369
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 05
    Total number of words is 4231
    Total number of unique words is 2275
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 06
    Total number of words is 4275
    Total number of unique words is 2183
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 07
    Total number of words is 4179
    Total number of unique words is 2056
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 08
    Total number of words is 4162
    Total number of unique words is 2288
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 09
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2258
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 10
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2360
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 11
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2204
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 12
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2334
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 13
    Total number of words is 4076
    Total number of unique words is 2131
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 14
    Total number of words is 4303
    Total number of unique words is 2195
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 15
    Total number of words is 4283
    Total number of unique words is 2173
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 16
    Total number of words is 4122
    Total number of unique words is 2215
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 17
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2274
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 18
    Total number of words is 4328
    Total number of unique words is 2150
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 19
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2195
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 20
    Total number of words is 4323
    Total number of unique words is 2138
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 21
    Total number of words is 4279
    Total number of unique words is 2228
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 22
    Total number of words is 4275
    Total number of unique words is 2177
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 23
    Total number of words is 4051
    Total number of unique words is 2294
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 24
    Total number of words is 4132
    Total number of unique words is 2321
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 25
    Total number of words is 4367
    Total number of unique words is 2146
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 26
    Total number of words is 4184
    Total number of unique words is 2326
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 27
    Total number of words is 2124
    Total number of unique words is 1367
    38.1 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.