Latin Common Turkic

Майталман шебер мен маргарита - 25

Total number of words is 4367
Total number of unique words is 2146
34.9 of words are in the 2000 most common words
51.1 of words are in the 5000 most common words
58.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
қарап, - бұл жерден өзгені күтсем де тап сені күткен жоқ едім. Не
шаруамен келдің, күтпеген, бірақ болжаған қонақ.
Мен саған келдім, зұлымдық рухы, көлеңкелер əмірі; - деп жауап
қатты Воландқа қабағының астынан наразылықпен қараған келуші.
Егер маған келсең, менімен неге амандаспадың бұрынғы салық
жинаушы алымгер? - деп Воланд қатаң сөйледі зілденіп.
Өйткені мен сенің аман-сау жасай беруіңді қаламаймын, - деп
шəлкес жауап қатты кірген кісі.
Алайда мұнымен келісіп, сенің көнуіңе тура келеді, - деп
қарсылық білдірген Воландтың мырс еткен мысқыл аузын қисайт-ты.
- Шатырға түсіп үлгермей, ақымақтығыңды бірден əйгіледің,
ағаттығыңның неде екенін айтайын ба, ол - сенің мақамыңда. Сен
көлеңкелерді, сондай-ақ зұлымдықты мойындамайтындай сөздер
айттың. Осы мəселенің мəніне үңіліп, мағынасын саралап көрсең
кенде болмас едің: сенің жақсылығың жамандық болмаса, не істей
алар еді, ал көлеңке болмаса жер қандай боп көрінер еді. Көлеңке
дегеніңнің өзі заттардан, адамдардан шықпай ма! Міне, менің
семсерімнің көлеңкесі. Ағаштардың, жанды заттардың да көлеңкесі
болады. Бүкіл ағашын, барлық жанды атаулыны аулақ ысырып, күллі
жер шарын жалаңаш қалдырып, айтақырға айналдырғың келе ме?
Сенің құнсыз қиялыңнан жалаңаш жарықпен ғана лəззаттануы-мыз
керек екен ғой? Сен бар ғой, ақымақсың!
Мен сенімен айтыспаймын да, таласпаймын да, кəрі қырт
софист, - деп жауап қатты Левий Матвей.
Сен менімен айтыса алмайсың, өйткені оның себебін əлгінде
айттым - ақымақ топассың, - деп Воланд оған мынадай сұрақ қойды:
- Ал, мені жалықтырмай, қысқаша айтшы, не үшін келдің?
-
Мені ол жіберді.
-
Не сəлем айт деді ол саған, құл?
Мен құл емеспін, - деді барған сайын ызалана түсіп Левий
Матвей, - мен оның шəкіртімін.
Біз сенімен əдеттегідей əр тілде сөйлесіп тұрмыз, - деп үн қатты
Воланд. - Алайда одан біз айтып отырған нəрселер өзгермейді.
Сонымен...
Ол кемел шебердің шығармасын оқыпты, - деп сөз бастады
Левий Матвей. - Сондықтан шеберді өзіңмен бірге алып кетіп,
тыныштық сыйлауыңды сұрайды. Саған осыны жасау соншалық
қиын ба, зұлымдықтың рухы?
Істесем маған ештеңе де қиын емес, - деп жауап берді Воланд, ол жағы саған жақсы таныс. - Сосын сəл үнсіз қалып: - Ал оны
сендер неге өздеріңе алып, жарыққа шығармайсыңдар? - деді.
Ол əлі жарыққа лайық емес, тыныштыққа лайық, - деді қайғылы
үнмен Левий.
Айта бар, тілегі орындалатын болады, - деп жауап қатқан
Воланд көзі ұшқын шашып оған: - Енді мені дереу тастап жүре бер, деді.
Ол анау оны қалтқысыз сүйіп, қисапсыз азап шеккен ұрғашыны
да өзіңізбен бірге ала кетуіңізді өтінді, - деп Левий алғаш рет
Воландқа жалынышты кейіппен қарады.
-
Сен айтпасаң ол туралы есімізге еш келмес еді. Енді кет.
Осыдан кейін Левий Матвей ғайып болды, ал Воланд өзіне
Азазеллоны шақырып алып бұйрық берді.
-
¥ш, соларға, бар да бəрін жайғастыр!
Азазелло террасадан тайып тұрды да, Воланд жалғыз қалды.
Алайда оның жалғыздығы ұзаққа созылған жоқ. Терраса табанында
аяқ түсірі мен даурыққан дауыстар естіліп, Воландтың алдына
Коровьев пен Бегемот келді. Торсыққарынның енді примусы жоқ
екен, оның орнына басқа бір заттар ұстап жүр. Мəселен, оның
қолтығының астында алтын рамалы шағын табиғат суреті жүр,
иығында жартылай күйген аспаз халаты, бір қолында қабығы
аршылмаған семга құйрығымен тұр. Коровьев пен Бегемоттан күйік
иісі шығады, жуанның бет-аузы күйе-күйе, кепкесі жартылай күйген.
Салют мессир! - деп айғайлады беймаза екеу, Бегемот жəне
қолындағы семганы бұлғап жатыр.
-
Тым кереметсіңдер, - деді Воланд.
Мессир, ойлап қараңызшы, - деді көңілді де қуанышты Бегемот, мені бір тонаушы деп қабылдады ғой!
Алып келген заттарыңа қарағанда тонаушының нақ өзісің, -деп
жауап қатты табиғат суретінен көз алмай қадалған Воланд.
Сенесіз бе, мессир... - деп шын көңілден бірдеңе айтқысы келіп
еді Бегемот.
-
Жоқ, сенбеймін, - деп Воланд бір-ақ қайтарды,
Мессир, ант етемін, барлығын құтқарып қалу үшін ерлікті
жасаудай-ақ жасадым, содан бар аман қалғаны осы болды.
Сен одан да Грибоедов неден өртенгенін айтшы? - деп өтінді
Воланд.
Коровьев пен Бегемот екеуі де қолдарын жайды, көздерін аспанға
қадады, бір сəт жуан айғайлап жіберді:
Осыларға миым жетпейді! Тып-тыныш тамақ ішіп, жайбарақат
отырғанбыз...
Кенет сатырлатып атсын кеп! - деп іліп əкетті Коровьев. -Кəдімгі
атыс! Қорыққаннан есіміз шығып Бегемот екеуміз буль-варға қарай
қаштық, қуғыншылар қыр соңымыздан қалар емес, содан
Тимирязовке тарттық.
Алайда борыш сезімі жібермей, ұятты үрейді жеңіп біз қайта
оралдық, - деді Бегемот.
Аһ, сендер ғимарат түгі қалмай өртеніп күлге айналғанда келген
екенсіңдер ғой, əрине, - деді Воланд.
Күлге айналғанда! - деп кейіген кейіп білдірді Коровьев. -Шыны
да сол, сіз тап басып тауып айтып тұрсыз, мессир. Қалқиған бастар
ғана қалды.
Мен бейбақ мəжіліс залына ұмтылуын ұмтылдым-ау бағалы
бірдеңелерін алып шығайын деп, - деп гөйтті Бегемот. - Əлгі бағанды
залды білесіз ғой, мессир. Егер менің əйелім болса, бір мəрте емес,
жиырма рет жесір қалатындай қауіп төнді. Жан ұшырдым ғой, жан
ұшырдым. Бақытыма қарай, бойдақ болғаным қандай жақсы болды,
мессир. Аһ, мессир, бойдақ еркіндікті ауыр қамытқа айырбастауға
бола ма!
-
Бəз-бір езбелік қайта басталды ма, - деп қалды Воланд.
Тыңдай отырып сөзімді жалғайын, - деді мысық, - иə, мынау
кішкентай ғана табиғат көрінісі. Басқа ештеңені алып шығуға
болмады, жалын тура бетіме ұрды. Қоймаға жүгіріп барып мынау
семга балығын құтқарып қалдым. Ас үйден халатты алып шықтым.
Өз басым қолымнан келгеннің бəрін жасадым деп санаймын, мессир,
бірақ жүзіңіздегі сенбеушілікті қалай түсінсем екен деп дал боп
тұрмын.
Сен тонаушылыққа кіріскенде Коровьев не істеді? - деп сұрады
Воланд.
Мен өрт сөндірушілерге көмектестім, мессир, - деп өзі жауап
берген Коровьев жыртылған шалбарын көрсетті.
-
Аһ, егер бəрі солай болса, жаңа ғимарат салу керек.
Ғимарат салынады, мессир, - деп үн қатты Коровьев, - бұған
сізді сендіремін.
Олай болса не, ол бұрынғысынан жақсырақ болсын деген тілек
қана айтамыз, - деп ескертті Воланд.
-
Солай болады да, - деді Коровьев.
Сіз енді маған сеніңіз, - деп қыстырылды мысық, - мен деген
нағыз пайғамбармын ғой.
-
Қалай болғанмен де біз келдік қой, мессир, - деп баян етті
Коровьев, - енді өзіңіздің нұсқауыңызды күтеміз.
Воланд тəбіреткесінен көтеріліп, бағанды қалдайға келіп өз
нөкерлеріне арқасын бере тұрып, қиянға көз тастады. Сосын
шатырдың жиегінен шегініп, тəбіреткесіне қайта отырып сөйлеп кетті:
Ешқандай нұсқау болмайды, сендер қолдан келгеннің бəрін
жасадыңдар, əзір қызметтеріңді қажетсінбеймін. Тынығып
демалуларыңа болады. Нажағайлы нөсер келеді, ақтық нажағай,
барлығын сол тындырады, бітірер шаруаны сол жайғайды да, біз
сапарға шығамыз.
- Өте жақсы, мессир, - деп жауап қатты екі малайдың екеуі де, сосын
террасаның ортасында тұрған орталық дөңгелек мұнараны айналып
қарасын батырды.
Воланд айтқан нажағайлы бұлт көкжиекке қаптай бастады. Батыстан
қара бұлт көтеріліп, күннің жартысын кесіп, сосын оны тұтас
тұмшалап тастады. Терраса тазарып жаңарғандай болды. Аз-кем
уақыттан соң қараңғылық түсті.
Батыстан келген бұл түнек байтақ қаланы басып кетті. Көпірлер мен
сарайлар ғайып болды. Бұрын-соңды жарық дүниеде болмағандай
бəрі де жоғалды. Аспан бойлап ұзыннан-ұзақ отты жіп жүгіріп өтті.
Сосын қаланы қатты соққы шайқалтты. Соққы қайталанып,
нажағайлы нөсер басталды. Соның мұнарында Воланд та көрінуін
қойды.
Отызыншы тарау
УАҚЫТ БОЛДЫ, УАҚЫТ!
Сен білесің бе, - деді Маргарита, - кеше түнде ұйықтап
жатқаныңда мен Жерорта теңізінен төнген түнекті оқыдым... əлгі
пұттарды айтамын-ау, алтын пұт алтын адамдар. Неге екенін қайдам,
олар əрдайым маған маза бермейді. Маған қазір де жауын
болатындай көрінеді. Айнала қалай саф тартып бара жатқанын
байқайсың ба?
Бұның бəрі де жақсы жəне жанға жағымды, - деп жауап қайырды
шебер, шылым шегіп, түтінін қолымен жайғап, - əлгі пұттарыңды
тəңір жарылқасын, бірақ бұдан былай не болмақ, ол жағы мүлдем
бұлдыр.
Бұл əңгіме күн батарда, дəл Воландқа Левий Матвей келер кезде
болған-ды. Подвалдың терезесі ашық тұрған, одан бəз-біреу қарай
қалса əңгіме-дүкен құрушылардың отырған түріне қарап таң қалар
еді. Маргаританың жалаңаш денесіне қара плащ желең жабылған,
шебер болса аурухана халатымен отыр. Бұлай болу себебі
Маргаритада киетін ештеңе жоқ, өйткені бар заты жекежайда қалған.
Əрине, жекежай онша алыс болмағанымен, оған барып заттарын алу
тұрсын, ол туралы айтудың өзі ақылға сыймайтын секілді. Ал
кəстөмдерінің бəрі шкəпта тұрған шебер жалпы қайта киінгісі келді,
ол Маргаритаға айтқан ойларын одан əрі дамытып əне-міне түкке
тұрғысыз бірдеңе болады деп күткен сыңайлы. Рас, ол сонау күзгі
түннен санағанда алғаш рет қырынды (ауруханада оның сақалын
машинкамен алған болатын).
Сондай-ақ бөлменің де сұрқы бөлек, мынау қуыста бірдеңені
бажайлап біле қою да қиын. Кілемнің үстінде қолжазбалар жатыр,
олар диванда да жатыр. Дөңгелек үстелге түскі астың дастарқаны
жайылған екен, тағамдардың ортасында бірнеше шөлмек тұр.
Мұншалық тəтті-дəмді тағамдар мен сусындардың қайдан келгені
кемелге де, Маргаритаға да мəлімсіз. Бұның бəрін олар ұйықтап
оянғанда үстел үстінен көрді.
Сенбінің ымыртына дейін ұйықтап шебер де, оның нақ сүйері де
өздерін əбден əлденгендей сезінді, тек кешегі оқиғаларды бір-ақ
нəрсе еске түсірді. Екеуінің де сол жақ самайы сыздады. Мінез-құлық
жағынан да екеуінде өте зор өзгерістер бар, оны подвалдағы пəтерде
болған əңгімені тыңдаған кез келген кісі аңғарып еді. Бірақ олардың
сөзін тыңдайтын бұл алапатта адам жоқ. Бұл албардың бір
жақсылығы ұдайы бос тұратындығында. Күн асқан сайын жасыл
желегі қоюланып келе жатқан жөке ағашы мен сары тал терезенің
сыртынан көктем иісін себездеп, майда самал оны подвалға кіргізді.
Тіфу сайтан! - деп күтпеген жерден дауыстап жіберді шебер
темекінің тұқылын шылымсалғышқа сөндіріп, басын сығымдады, бұл өзі былай ғой, ойлап қарасаңшы, сен ақылды адамсың, мен
сияқты жынды да болған жоқсың. Сен шынымен сенесің бе, кеше біз
ібілісте болдық деп?
-
Сенгенде қандай! - деп жауап қатты Маргарита.
Əрине, əрине, - деді кемел келекелеп, - енді бір жындының
орнында екі жынды болғаны айдан анық. Ері де, əйелі де есінен
адасқан. - Ол қолын аспанға көтеріп айқай салды. - Жоқ, бұның не
екенін сайтаның білсін, сайтаның, сайтаның...
Жауап орнына Маргарита диванға сылқ түсіп, сықылықтап күліп,
жалаң аяғын əрлі-берлі қайшылап сосын ғана шар ете қалды.
Ой, болмайды-ау, болмайды! Ой, енді қайтермін! Сен тек өзіңе
қарашы, кімге ұқсайтыныңды көрші!
Шебер аурухана дамбалын қымсына жұлқылап жатқанда мейлі
білгенше қарқылдаған Маргарита сəтте салмақты бола қалды.
Сен жаңа шындықты еріксіз айтып қалдың, - деп бастады
келіншек, - не екенін сайтаның білсін дейсің, сол сайтан, маған
сенсің, барлығын да орнына келтірер! - Кенет оның көзі оттай жанып,
орнынан атып тұрды да айғайлай бастады: - Онымен келісімге келген
мен қандай бақыттымын, бақыттымын, бақыттымын мен. О, жынпері,
жынпері! Саған, сүйіктім, мыстанмен өмір сүруге тура келеді. Осыдан кейін келіншек кемелге ұмтылып, мойнынан тас қып
құшақтап алып, оның ернінен, мұрнынан, бетінен шөпілдетіп сүйе
бастады. Жатқыза таралған қара шаштың құйыны шебердің үстінде
ойнап, сүюден беті мен маңдайы дуылдап жанды.
-
Сен шынында да мыстанға ұқсайтын болыпсың.
Мұны мен жоққа шығармаймын, - деп жауап қатты Маргарита. Мен мыстанмын, соған өте-мөте разымын.
Ал, жақсы, мыстан болсаң мыстан-ақ бол. Даңққа бөленіп, бай
тұрасың. Демек, мені емханадан ұрлап əкелген екен ғой. Жарайды,
ол да жақсы. Айталық, осында қайтып əкелді. Тіпті бізді ешкім енді
ұстамайды делік, сен енді маған əлемдегі бар əулие-əмбие үшін
мынаны айтшы, біз немен, қалай күн көреміз. Мұны айтқанда мен
сенің қамыңды жеп отырмын.
Сол мезетте терезеден жалпақ тұмсық бəтеңке мен жолақ
шалбардың балағы көрінді. Содан шалбар тізе тұсынан бүктеліп,
күндізгі жарық біреудің қомақты дүмін көлегейледі.
Алоизий, сен үйдесің бе? - деп сұрады терезенің сыртында
шалбардай жоғары тұрған біреу.
-
Осылай басталды енді, - деді шебер.
Алоизий дейді? - деп таңырқады Маргарита терезеге жақынырақ
кеп, - оны кешкісін тұтқынға алған. Оны сұрап тұрған кім екен? Сіздің
фамилияңыз қандай?
Сол сəт тізе де, бөксе де ғайып болды да, сыртқы есіктің сарт етіп
жабылғаны естілді, сосын бəрі де қалпына келді. Маргарита диванға
құлай кетіп, көзінен жас аққанша қарқылдап кеп күлді. Ол күліп
басылғанда бет бейнесі керемет өзгеріп шыға келді, тым салмақты
сөйлеп, диваннан сырғанай түсіп, сырғып кеп шебердің тізесінен
құшып, оның көзіне көзін қадап, басынан сипады.
Қалай жапа шегіп, қандай азап көрдің, бейбақыт байғұсым менің!
Оны бір мен ғана білемін. Қарашы, шашыңа ақ жіптер сабақталып,
ерніңе мəңгі əжім түскен. Менің жан дегендегі жалғыз жарым, ең
сүйіктім, ештеңе ойламашы. Сенің тым көп ойлауыңа тура келді ғой,
енді сен үшін мен ойлайтын болам! Барлығы да қарағанда көз
тоятындай тамаша болатынына мен кепілдік беремін, мына мен.
Мен ештеңеден қорықпаймын, Марго, - деп тіл қатты кенет
шебер, сосын басын көтерді, сол сəт келіншекке ол өзі ешқашан
көрмеген, бірақ болғанын жақсы білетін жайттарды жазу үстіндегі
шабытты шағын елестетті, - қорықпайтын себебім, барлығын да
бастан кешіріп үлгердім. Тек мен сені аяймын, Марго, сиқыр-лықтың
да, қиқарлықтың да бар сыры, міне, осында, бір нəрсені қайта-қайта
айтып қоймауымның себебі де содан. Ақылға кел, есіңді жи! Ауру,
қайыршы адаммен өміріңді өксітудің саған не қажеті бар! Өзіңе-өзің
орал! Сені аяғандықтан айтып отырмын мұны.
Əй, сені-ай, сені-ай, - деп дудыраған басын шайқап сыбырлады
Маргарита, - қайтейін сені, күмəні көп, сенімі аз, бейбақ жан! Сен
үшін кеше түн бойы тыржалаңаш қалтырап, өз табиғатымнан
айырылып, жаңа кейіпке түсіп, əлденеше ай қа-раңғы қапас үйшікте
отырып, тек бір-ақ нəрсе туралы - Ершалим-нің басына төнген
нажағайлы бұлт туралы ойлап, жылай-жылай көзімнің жасын
сарықтым. Ал енді төбеден бақыт түскенде, сен мені неге қуасың?
Олар сенің көңіліңді құлазытып, жаныңды қаңыратып тастапты ғой.
Шебердің жүрегінен кермек те нəзік бір мейірім бас көтеріп, неге
екені белгісіз, Маргаританың шашына тұмсығын тығып, ағыл-тегіл
жылады. Келіншек те жылай отырып, саусақтары шебердің
самайында ойнап, оған былай сыбырлады:
-
Иə, ақ жіп, жіптер, көз алдымда басыңды аппақ қар жауып
барады, қайтермін сені, көп азап шеккен қайран бас. Көзіңе бір
қарашы өзің! Құлазыған қу шөлейт... Ал иықтарың, екеуі де
ауыртпалықтан əбден жаншылған... Жарымжан ғып құртыпты ғой,
құртыпты. - Маргаританың сөзінде байланыс болмай, жылаудан ол
қалшылдап кетті.
Сонда шебер көзін сүртіп, тізерлеп отырған Маргаританы көтеріп, өзі
де орнынан тұрып нық сөйледі:
Жетті енді! Сен мені ұялтып тастадың. Бұдан былай үрей олпұлға əсте жол бермей, бұл мəселеге қайтып оралмаймын, ол үшін
алаң болма. Екеуміздің де жан ауруының құрбаны екенімізді білемін,
бəлкім жүйке дерті саған менен ауған шығар... Енді не, екеулеп
жүріп, бірге көтереміз.
Маргарита ернін кемелдің құлағына жақындатып күбір етті:
Саған өз өміріңмен ант етемін, жұлдызшы ұлының тапқыр
шешімімен ант етемін, бəрі де ойдағыдай болады.
Ал енді жарайды, жарайды, - деп үн қатқан шебер жымия күліп
былай деді: - Əрине, адам əбден тоналып біткен кезде екеуміз
сияқты ғайыптан келер күштен медет іздейді. Олай болса құтылудың
жолын о дүниеден де іздеп көрейік.
Міне енді, міне енді сен бұрынғы қалпыңа түсіп күліп тұрсың, деді Маргарита, - маған осы да жетеді, ал əлгі оқымыстылық
сөздеріңнің мен үшін құны бес тиын. О дүниелік пе, бұ дүниелік пе бəрі бір емес пе. Менің ас ішкім келіп отыр.
Ол қолынан жетектеп шеберді үстелге алып келді.
Мен осы астың жер астына түсіп кетпесіне, не терезеден ұшып
кетпесіне сенбеймін, - деді əбден тынышталғанның өзінде.
-
Ешқайда ұшпайды.
Дəл осы кезде терезеден жаңа бір дауыс естілді.
-
Тыныштық тілеймін сіздерге!
Шебер дір ете қалды, кездейсоқтыққа еті өліп кеткен Маргарита
айғайлап жіберді:
Ау, мынау Азазелло ғой! Бұның қандай жақсы болды жəне
қандай сүйінішті! - деп, сосын шеберге сыбырлады: - Міне, көрдің
ғой, бізді назардан тыс қалдырмайды, - деп есік ашуға ұмтылды.
Сен тым құрыса қымтансаңшы, - деді оның соңынан айғайлап
шебер.
Оған пысқырғаным бар, - деп жауап қатты дəлізге барып қалған
Маргарита.
Азазелло міне шеберге тағзым етіп амандасып, қисық көзін жалт
еткізді, ал Маргарита болса бəйек боп жатыр:
Келгеніңізге сондай қуаныштымын! Өмірімде дəл осылай қуанып
көрген жоқ шығармын! Алайда, Азазелло, кешір, мен жалаңашпын
ғой.
Азазелло оның мазасызданбауын өтініп, өзінің жалаңаш тұрмақ,
бүкіл терісі сыдырылған əйелдерді де көргенін айтып, үстел басына
ықыласпен кеп отырды, алдын ала пештің қуысына қара торқаға
оралған бір түйіншек қойды.
Маргарита Азазеллоға коньяктан құйып, оны ол қағып салды. Шебер
одан көз айырмай, ара-тұра үстел астының өзінің сол қолының
саусақтарын шымшып қойып отырды. Бірақ шымшудан нəтиже
шыққан жоқ. Азазелло ауаға сіңіп кетпеді, шынын айт-қанда, оның
қажеті де жоқ еді. Аласа бойлы жалқын сары кішкентай кісіде көзінің
ағы болмаса, жан шошырлық та ештеңе жоқ, сиқырсыз-ақ ондайлар
бола бермей ме, киім киісі де кəдім-гідей - үстінде бешпент немесе
плащ, олар екінің бірінде бар. Коньякты да ол барша жақсы адамдар
сияқты əдемі ішеді екен, артынан тағам да алмайды. Ал мынау
коньягыңнан шебердің басы дыңғи бастады.
“Жоқ, Маргаританың айтқаны дұрыс екен, - деп ойлады ол. -Əрине,
менің алдымда жын-перінің жаушысы отыр. Бұрнағы күні түнде
Иванға өзім дəлелдеген жоқ па едім оның Патриарх тоғанында нақ
ібілістің өзімен кездескенін, енді сол ойымнан шошынғаным не,
гипнотизерлік, галлюционациялық бірдеңелерді көкіп
былшылдағаным не?! Бұл арада қандай гипнозитерлық, қандай
сиқыршылық бар.
Ол Азазеллоны сынай қараумен болды, оның көзінде бір
мəжбүрліктің нышаны, кезеңі келгенше ашылмайтын сыр пердесі бар
сияқты. “Бұныкі жай сыйлай-ұрқым соғып кету үшін емес, арнайы
тапсырмамен келді”, - деп түйді шебер.
Байқампаздығы əзір өзгере қойған жоқ оның.
Азазелло үшінші стопка коньякты қағып салса да бір қалпынан таяр
емес, сөзді ол былай бастады:
Подвалдарың ұядай ғана жайлы екен! Бір-ақ қана сауал туады,
бұл құрқылтайдың ұясында не жасауға болады?
-
Соны мен де айтып отырмын, - деп күлді кемел.
Сіз мені неге алаңдата бересіз, Азазелло, о ғып, бұ ғып бірдеңе
жасармыз, - деді Маргарита.
О не дегеніңіз, о не дегеніңіз, - деп Азазеллоның даусы шығып
кетті, - сізді алаңдатып, мазаңызды алу тіпті қаперімде жоқ. Мен де
бірдеңе ғып лаждарсыздар деп отырмын ғой. Иə! Енді болма-ғанда
ұмытып кете жаздаппын ғой, айтқандай, мессир сіздерге сəлем
жолдап, өзімен бірге шағын серуен жасап қайтуға қалай
қарайтындарыңызды біліп қайт деп еді, əрине, ондайды қаласаңыздар ғана. Ал сіздер бұған қалай қарайсыздар?
Маргарита үстел астынан шебердің аяғын итерді.
Зор разылықпен қабылдаймыз тілегін, - деді шебер Азазеллоны
əлі де сынай отырып, ал ол сөзін одан əрі жалғастырды:
Маргарита Николаевнаның да бұдан бас тартпайтынына біз
сенеміз.
Мен бе, əлбетте бұдан бас тартпаспын, - деді аяғы шебердің
аяғын қайта шалып Маргарита.
Ең ғажап іс болды, - деп қалды Азазелло, - осындайды өте
жақсы көремін. Бір-екі дедік те келісе қойдық. Анау жолғы Александр
бағындағыдай тəжікелесіп отырған жоқпыз.
Аһ, оны менің есіме салмаңызшы, Азазелло! Онда мен ақымақ
болыппын, ол үшін мені кінəлаудың да орны жоқ, өйткені адам
тылсым күшпен күнде кездесе бермейді ғой.
Əрине, - деп растады Азазелло, - əгарки күн сайын кездессе,
жақсы болар еді ғой.
Шапшаңдық менің өзіме де ұнайды, - деді Маргарита
танауратып, - шапшаңдық пен жалаңаштық ұнайды. Маузерден бірақ басқан сияқты. Ой, бұл қалай атады десейші. Жетілік жас-тықтың
астында жатады, бұл сол жетеудің кез келген межелен-геніне
тигізеді... - Маргарита масаңдана бастады, содан көзі жайнап кетті.
Əйткенмен, тағы да ұмытып барамын, əбден титықтадым, -деп
Азазелло өз маңдайына салып қалды. - Мессир сіздерге сыйлық
жіберген екен ғой, - деп ол шеберге тікелей бұрылып бір шөлмек
шарап ұсынды. - Есіңізде болсын, бұл баяғы Иудеяның прокураторы
ішкен шарап Фалерн шарабы.
Бұндай сирек сыйлықтың Маргарита мен шебердің зор ынтасын
туғызғаны əбден заңды. Азазелло табыттың қара торқа-сының бір
шаршысынан көк шалған көзені шығарды. Шарапты иіскеп көріп,
стақандарға құйып, терезенің нөсер алдында сөніп бара жатқан
жарығына ұстады. Барлығы шараптың қанға боялғандай екенін көрді.
-
Воландтың денсаулығы үшін! - деді стақанын көтеріп Маргарита.
Үшеуі де стақанды аузына апарып, лықылдата бір жұтты. Шебердің
көз алдында нөсер алдындағы жарық замат сөне бастады, оның
тынысы тарылды, өлген жерім осы екен деп ойлады. Ол өңі өліктей
бозарып кеткен Маргаританың өзіне қарай қолын дəрменсіз жайып,
басын үстелге сылқ еткізіп, сосын сырғып еденге түскенін көріп
үлгерді.
Улаушы! - деп айғайлап та үлгерді шебер, Азазеллоға салу үшін
үстелден пышақ алуға ұмсынды, алайда əлсіздіктен қолы
дастарқаннан тайып кетті. Подвалда айналасындағының бəрі қара
түске боялып, ақыры барлығының да қарасы өшті. Ол шалқасынан
түсті, құлап бара жатып жазу үстелінің бұрышына соғып, самайын
жаралап алды.
Уланғандар тынышталған соң Азазелло қимылға кірісті. Ең алдымен
ол терезеге қойып кетіп, əудем болмай Маргарита Николаевна
тұратын жекежайға жетті. Қашанда дəл əрі мұқият Азазелло барлығы
айтқандай боп орындалған, орындалмағанын тексергісі келді.
Барлығы да орын-орнында, тап-тұйнақтай екен. Азазелло күйеуінің
оралуын ұзақ күткен қабағы қатыңқы əйелдің өз жатын-жайынан
қалай шыққанын көрді, кенеттен ол өңі бозарып, жүрегін ұстап,
дəрменсіз:
Наташа! Біреу-міреу болса... маған! - деп айғайлап, қонақжайдың
еденіне кабинетке жетпей құлап түсті.
-
Барлығы қаз-қалпында, - деді Азазелло. Көзді ашып-жұмғандай
болмай, ол сұлап жатқан ашыналардың қасында болды. Маргарита
бетін кілемшеге төсеп жатыр екен. Темірдей əлеуетті қолымен оны
қуыршақтай аударып, жүзін жоғары, өзіне қаратып, оған тесіле үңілді.
Уланғанның жүзі оның көз алдында өзгеріп сала берді. Тіпті нөсер
алдындағы қаракөлеңкеде оның уақытша мыстандық
шапыраштылығы мен қаталдығы, долылығы ізім-қайым болды.
Марқұмның жүзі жылып жарқынданды, тістенуінің өзі жыртқыштай
сұсты болмай, азап тартқан əйелдің тістенгеніне ұқсады. Сонда
Азазелло оның аппақ тістерін ашып, аузына өзін улаған шараптан
бірнеше тамшы тамызды. Маргарита кең тыныс алып, Азазеллоның
жəрдемінсіз-ақ орнынан тұрып, отырды да əлсіз ғана:
Не үшін, Азазелло, саған не жаздым. Маған не жасап қойдыңыз? - деп сұрады.
Ол ұзыннан түсіп жатқан шеберді көріп түршігіп кетіп күбір етті:
-
Мұны мен күткен жоқ едім... Қанішер!
Ой, жоқ дедім ғой, жоқ, - деді Азазелло, - Қазір ол да түрегелді.
Аһ, сіздер неге осыншама күйгелексіздер!
Маргарита оған бірден сенді, өйткені жирен əзəзілдің даусы
соншалық сенімді шықты. Маргарита жігерленіп орнынан атып тұрып
шеберді шараппен суаруға көмектесті. Көзін ашып, тұнжырай қарап,
ол соңғы сөзін өшпенділікпен қайталады:
-
Улаушы...
Ай! Балағат жақсы жұмысқа деген əдеттегі марапат қой, -деп
жауап берді оған Азазелло. - Сіздер осы қалайша соқыр-сыздар?
Көздеріңізді тезірек ашыңыздаршы.
Сол сəт шебер орнынан көтеріліп, жан-жағын жанды, жарқын
жанармен шолып:
-
Бұл жаңалық нені білдіреді? - деп сұрады.
Бұл сіздің уақытыңыз болды дегенді білдіреді, - деді Азазелло. Əне күн күркіреді, естідіңіздер ме? Қас қарайды. Аттар жер тарпып,
шағын бақ шайқатылып тұр. Подвалдарыңызбен қоштасыңыздар,
тезірек қоштасыңыздар.
Ə, түсініп тұрмын, - деді көзі ашылған шебер, - сіз бізді өлтірдіңіз,
біз өлікпіз. Ой, бұларың табылған ақыл! Жəне дер уағында
атқарылған. Мен енді бəрін де түсіндім.
Олай болса, мархабат етіңіз, мен сізді тыңдап тұрмын-ау деймін
сірə, - деді Азазелло. - Сүйіктіңіз сізді кемел шебер деп атайды, ал
ойшылдар қалайша өлік болмақ? Əлде өзін тірі санау үшін сөзсіз
подвалда отыру керек пе екен аурухана жейдесі мен дамбалын киіп?
Ол күлкілі ғой!
Сіздің не айтқаныңыздың бəрін түсіндім, оны жалғастырмай-ақ
қойыңыз, - деді шебер. - Сіздің айтқаныңыз мың да бір мəрте дұрыс.
¥лы Воланд! - деп оған қосарлана кетті Маргарита, - ұлы Воланд!
Ол менен əлдеқайда жақсы ойластырған. Тек қана роман, романды
ұмытпа, - деп ескертті ол шеберге. - Қайда ұшып бара жатсаң да,
романды өзіңмен бірге ала жүр.
Қажеті жоқ, - деп қарсылық білдірді шебер, - мен оны жатқа
білемін.
Алайда сен оның бір де сөзін... бір де сөзін ұмытпайсың ғой, ə? деп сұрады Маргарита ғашығының бауырына кіріп, оның жара түскен
самайының қанын сүрте отырып.
Оған алаң болма! Мен енді ештеңені, ешқашан да ұмытпаймын,
- деп жауап қатты кемел.
Онда от қойдық! - деп айғайлады Азазелло. От дегеніңнен
барлығы басталады, отпен біз бəрін де бітіреміз.
От! - деп сұмдық шыңғырды Маргарита. Подвалдың терезесі
сарт етті де, жел пердені бір жағына қарай түрді. Аспан ауыр
күркіреп, нажағай жалт етті. Азазелло тырнақты қолын пешке тығып
жіберіп, түтіні бұрқыраған шаланы алып шығып, үстелге жапқан
дастарқанға от қойды. Сосын диванда жатқан бір буда ескі газеттерді
жақты, содан кейін қолжазба мен терезенің пердесін өртеді. Болашақ
бəйгеге масайған майталман шебер сөреде бəз бір кітапты
лақтырып, оның беттері жайылып, жанып жатқан дастарқанға түсті
де, от лаулай жөнелді.
-
Өртен, жан, өткен өмір!
-
Өртен, жан, кешкен қайғы! - деп айғайлады Маргарита.
Бөлме қызыл күрең отқа оранып лапылдап жанып жатқанда,
оның түтінімен араласып есік арқылы шыққан үшеу тас
баспалдақпен жоғары көтеріліп, аулаға жетті. Одан олардың алғаш
көргені үйшінің жерде отырған ас пісірушісі болды, оның
айналасында шашылған картоп пен бір байлам пияз жатыр. Аспаз
əйелдің жағдайы түсінікті еді. Үш қара ат сарайдың қасында
пысқырып, дірілдеп, тұяғымен топырақты фонтанша атады.
Маргарита атқа бірінші қарғып мінді, одан кейін Азазелло, ең
соңында шебер қонды атқа. Ас пісіруші аһылап-уһілеп шоқынғалы
қолын көтере беріп еді, Азазелло ат үстінен қаһарлана айғай салды:
Қолыңды қырқамын! - деп. Сосын ысқырып қалып еді, аттар жөке
ағашының бұтақтарын сындыра-мындыра құйғып, жер бауырлаған
қара бұлтқа сүңгіді де кетті. Сол сəт подвалдың терезесінен түтін
будақтады. Төменнен аспаз əйелдің əлсіз, аянышты айғайы құлаққа
жетті:
-
Өртеніп барамыз... Күйдік...
Аттар бұл кезде Мəскеу шатырларынан жоғары жүйткіп бара жатқан-
ды.
Менің қаламен қоштасқым келеді, - деп айғайлады шебер алда
шауып бара жатқан Азазеллоға. Нажағай сөзінің соңын жұтып қойды.
Азазелло басын изеп, атын желіске түсірді. Жүйткігендерге бұлт
қарсы ұшты, бірақ жаңбыр əлі сіркіреген жоқ.
Олар бульвардың үстімен ұшып, адамдардың сұлбасы жаңбыр-дан
тасаланып қалай жүгіріп жүргенін көрді. Алғашқы тамшылар жерге
түсті. Олар Грибоедов үйінен қалған түтіннің үстімен ұшты. Олар
қараңғылық құшағына кірген қаланың үстімен жүйткіді. Төбелерінен
нажағай жалт етті. Сосын шатырларды жасыл желек алмастырды.
Жаңбыр сонда ғана сабалап, ұшып бара жатқандарды үлкен үш
көбікке айналдырды.
Маргаритаға самғау сезімі таныс болатын, ал шебер одан мақұрым,
сонда да ол көздеген жерге қалай тез жеткендеріне таңданды. Ол
жерде оның қоштасатын адамдары бар еді. Басқа қоштасар пенде
онда жоқ. Жаңбыр шымылдығының арасынан ол Стравинский
клиникасының ғимаратын бірден таныды, өзен де, оның арғы
жағасындағы өзі əбден зерттеген орман да көзіне оттай басылды.
Олар клиникаға тақау шоқтың алаңқайына жетіп төмен түсті.
Мен сіздерді осында күтемін, - деп айғайлады Азазелло қолын
қалқанша қойып, жүзіне нажағай біресе жарық түсіреді, біресе
сұрғылт жамылғымен көрсетпей тастайды, - қоштасыңыздар да,
тезірек оралыңыздар!
Шебер мен Маргарита ерден қарғып түсіп, тұра ұшты, аурухана бағы
арқылы су көлеңкесі сияқтанып анда-санда жерден бір жылтырайды.
Енді бір сəтте шебер үйреншікті қолымен №117-бөлмедегі
балконның тортемірін ысырды, Маргарита оның соңынан ерді. Олар
күннің күркірі мен нажағайдың шатыр-шұтыры кезінде ешкімнің көзіне
түспей, ешкімге көрінбей Иванушканың бөлмесіне кірді. Шебер
кереуеттің қасына тоқтады.
Ə, бұл сізсіз бе? Ал мен болсам, сізді сарғая күтудемін. Міне,
енді сіз де келдіңіз, сыйлас көршім.
Бұған кемел былай жауап берді:
Мен əзір осындамын. Бірақ, өкінішке орай, ендігі жерде сіздің
көршіңіз бола алмаймын. Мен мəңгілікке ұшып барамын, мұнда
сізбен қоштасып кеткелі арнайы келдім.
Мен мұны білген едім, өзім де осылай топшылағанмын, - деді
ақыры сөйлеп Иван, сосын: - Сіз оны кездестірдіңіз бе? - деп сұрады.
Иə, кездестірдім, - деді шебер. - Мен сізбен қоштасып кеткелі
ғана келдім, өйткені соңғы кезде сөйлесіп сырласқан жалғыз ғана
адамым өзіңіз болатынсыз.
Иванушка жарқылдап, қуанып қалды.
Сіздің мұнда ұшып кеп əдейі тоқтағаныңыз жақсы болды, -деді
ол. - Мен өз сөзімде тұрамын, қайтып өлең жазбаймын. Мені енді
басқа шаруа қызықтырып жүр. - Иванушка жымия күліп, ессіз
жанарымен шеберге соқпай əлде бір жерге қарады. - Басқа бірдеңелер жазбақ ойым бар. Білсеңіз бар ғой, осында жатқалы өте көп
нəрсе түсіндім.
Шебер бұл сөздерден терең тебіреніп, Иванушканың төсегінің шетіне
отырып сөйледі:
-
Ал, міне бұл жақсы, өте жақсы. Сіз ол туралы жалғасын жазасыз.
Иванушканың көзі ұшқын атты.
Ал сіз өзіңіз немене, жазбайсыз ба? - Осы арада оның басы
төмен түсіп, ойлана былай деді: - Аһ иə, айтқандай, мен несіне сұрап
отырмын? - Иванушка еденге тесіліп, үрейлене қарады.
Иə, - деді шебер, оның даусы Иванға бейтаныс əрі қатқыл боп
естілді, - мен енді қайтып ол туралы жазбаймын. Басқа шаруамен
шұғылданамын.
Нөсер шуы алыстағы ысқырықты көміп кетті.
-
Сіз естіп тұрсыз ба? - деп сұрады шебер.
-
Жаңбыр шуы ғой...
Жоқ, бұл мені шақырып жатқаны, кететін уақытым болды, -деп
баяндап, шебер төсектен тұрды.
Тоқтай тұрыңызшы! Тағы бір сөзім бар, - деп өтінді Иван. -Ал сіз
оны таптыңыз ба? Ол сізге сол адал қалпында қалды ма?
Ол міне, - деп жауап қатқан шебер қабырғаны нұсқады. Ақ
қабырғадан қара Маргарита бөлініп, төсекке тақау келді. Келіншек
жатқан жігітке қарады, жанарынан қайғы оқылды.
Бейшара, бейшара, - деп үнсіз егілді Маргарита төсекке еңкейе
түсіп.
Қандай сұлусыз, - деді Иван қызғанышсыз мұңая қарап, үнсіз
аялап, - қараңызшы, сіздерде барлығы оңғарылып, жақсы боп шықты
емес пе! Ал менде олай емес, - осы арада ол ойланып қап: Əйткенмен бəлкім, солай да шығар... - деді қиялданып.
Солай, солай, - деп сыбырлаған Маргарита жатқан жігітке
мүлдем еңкейіп, - міне, мен сізді маңдайыңыздан сүйейін, сонда
сізде барлығы да ойлағаныңыздай болады... Бұл жөнінен енді маған
сеніңіз, мен бəрін де көріп үлгердім, бəрін де білемін.
Жатқан жігіт оны мойнынан қос қолдап құшақтай алып, келіншек
оның маңдайынан сүйді.
Қош бол, шəкірт! - деді шебер естілер-естілмес етіп, сосын ауаға
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Майталман шебер мен маргарита - 26
  • Parts
  • Майталман шебер мен маргарита - 01
    Total number of words is 4188
    Total number of unique words is 2185
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 02
    Total number of words is 4307
    Total number of unique words is 2150
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 03
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2321
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 04
    Total number of words is 4091
    Total number of unique words is 2369
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 05
    Total number of words is 4231
    Total number of unique words is 2275
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 06
    Total number of words is 4275
    Total number of unique words is 2183
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 07
    Total number of words is 4179
    Total number of unique words is 2056
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 08
    Total number of words is 4162
    Total number of unique words is 2288
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 09
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2258
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 10
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2360
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 11
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2204
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 12
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2334
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 13
    Total number of words is 4076
    Total number of unique words is 2131
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 14
    Total number of words is 4303
    Total number of unique words is 2195
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 15
    Total number of words is 4283
    Total number of unique words is 2173
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 16
    Total number of words is 4122
    Total number of unique words is 2215
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 17
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2274
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 18
    Total number of words is 4328
    Total number of unique words is 2150
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 19
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2195
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 20
    Total number of words is 4323
    Total number of unique words is 2138
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 21
    Total number of words is 4279
    Total number of unique words is 2228
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 22
    Total number of words is 4275
    Total number of unique words is 2177
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 23
    Total number of words is 4051
    Total number of unique words is 2294
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 24
    Total number of words is 4132
    Total number of unique words is 2321
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 25
    Total number of words is 4367
    Total number of unique words is 2146
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 26
    Total number of words is 4184
    Total number of unique words is 2326
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 27
    Total number of words is 2124
    Total number of unique words is 1367
    38.1 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.