Latin Common Turkic

Майталман шебер мен маргарита - 07

Total number of words is 4179
Total number of unique words is 2056
35.8 of words are in the 2000 most common words
48.3 of words are in the 5000 most common words
55.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Марқұмның үстелі басында керегекөз ала бешпент киген, ұзынтұра,
арық беймəлім бір азамат отыр. Басында шабандоз күнқағары,
көзінде пенсне... бір сөзбен, соның өзі.
Сіз кім боласыз, азамат? - деп үрейлене сұрады Никанор
Иванович.
Ба, Никанор Иванович, - деп дауыстады дырылдаған үнмен
күтпеген азамат, сосын орнынан атып тұрып, төрағаны қошемет-теп
күштеп қолын қысты. Қошемет Никанор Ивановичті титтей де
қуантқан жоқ.
Мен кешірім өтінемін, - деді ол күмəнін жасырмай, - сіз кім
боласыз? Сіз ресми адамсыз ба?
Еһ, Никанор Иванович! - деп іші-бауырына кіре сөйледі
бейтаныс. - Ресми адам, ресми емес деген не сөз? Мұның бəрі
нəрсеге қандай көзқарас тұрғысынан қарауға байланысты Никанор
Иванович, барлығы да шартты, тұрлаусыз. Бүгін тек ресми адаммын, ал ертең жоқ. Тіпті керісінше де болады, Никанор Иванович
жəне болғанда қандай!
Бұл пікір үй басқармасының төрағасын қай деңгейде де қанағаттандырған жоқ. Табиғатынан күдікшіл кісі болғандықтан ол алдында
сайрап отырған азамат ресми адам емес, бəлкім сандалып жүрген
желбуаз біреу болар деп түйді.
Иə, сіз кім боласыз өзі? Фамилияңыз кім? - деп барған сайын
қаталдана түсті төраға тіпті бейтанысқа тарпа бас салуға шақ қалды.
Менің фамилиям ба? - деп қаталдықпен түк те қысылмай үн
қатты азамат, - айталық, былайынша, Коровьев. Иə, бірдеңе ауыз
тимейсіз бе, Никанор Иванович? Ешбір өкпе-назсыз айтып тұрмын.
Қалай?
Мен кешірім өтінемін, - деді енді аң-таң болып Никанор
Иванович, - бірдеңе ауыз тиіңізші тағы да? (ЬІңғайсыз болса да
мойындаған абзал, Никанор Иванович табиғатынан тұрпайылау
болатын). Марқұм болған кісінің орнында отыруға рұқсат етілмейді.
Ал сіз мұнда не бітіріп отырсыз.
Сіз əуелі отырсаңызшы, Никанор Иванович! - деп ешбір
абыржымай дабдырлаған бейтаныс азамат жағымпазданып оған
мамықтақ та ұсынды.
Əбден терісіне сыймай кеткен Никанор Иванович мамықтақты
ысырып тастап айғайға басты:
-
Сіз кім боласыз, айтыңыз шапшаң.
Мені білгіңіз келсе, резиденциясы осы пəтерге орналасқан
шетелдік бір дөйдің аудармашысымын, - деп мардымсыды өзін
Коровьевпін деген азамат, жəне тазаланбаған қызыл бəтеңкесінің
өкшесін тықылдатып қойды.
Никанор Иванович аузын ашып қалды. Бұл пəтерде бəз-бір
шетелдіктің болуы жəне жанында аудармашысының болуы ол үшін
мүлдем күтпеген жаңалық еді, сондықтан түсініктеме беруін талап
етті.
Аудармашы ықыласпен баяндай бастады. Шетелдік əртіс Воланд
мырзаны Варьете директоры Степан Богданович Лиходеев
гастролінің шамамен бір аптасын өзі тұратын пəтерде өткізуге
ілтипатпен шақырыпты, ол туралы Никанор Ивановичке хат та
жазып, Лиходеевтің өзі Ялтаға барып келгенше шетелдікті уақытша
тіркей тұруды өтініпті.
-
Ол маған ештеңе де жазған жоқ қой, - деп таңданды төраға.
-
Ал сіз өзіңіздің портфеліңізді ақтарып көріңіз, Никанор Иванович,
- деп жымыңдады Коровьев.
Иығын қиқаң еткізіп Никанор Иванович портфелін ашып, одан
Лиходеевтің хатын тапты.
Бұл жайында ұмытып кеткенім қалай болды екен? - деп ашылған
конвертке одырая қарап Никанор Иванович күбір етті.
Ондай-ондай болады, болады ондай-ондай, Никанор Иванович! деп қақылдады Коровьев. - Алакөңілдік, ұмытшақ-тық,
қалжырағандық, оның үстіне қан қысымының көтеріліп кетуі бар бəр-бəрі жиналып кеп осылай опындырады, Никанор Иванович. Мен
де сұмдық алаңғасар ұмытшақпын. Бірде ішіп отырғанда өз
өмірбаянымнан осыған қатысты бірнеше оқиғаны айтып берермін,
сонда ішек-сілеңіз қатады.
-
Лиходеев Ялтаға қашан жүреді?!
Ол кетіп те қалған, жүріп кеткен, - деп тақылдады аудармашы.
Ол ма, білгіңіз келсе, серуендеп те жүр. Бірақ қайда екенін сайтаным білсін! - Осыны айтқанда аудармашы диірменнің құлағы құсатып
қолын айналдыра сермеді.
Никанор Иванович шетелдіктің өзін жүзбе-жүз көруі керектігін
мəлімдеді. Бірақ бұл ұсынысты орындаудан аудармашы бас тартты:
оған ешқандай мүмкіндік жоқ деді. Қолы бос емес. Мысықты
жаттықтырып, концертке əзірлеп жатыр.
-
Қажет десеңіз мысықты көрсетуіме болады, - деді Коровьев.
Бұдан, əрине, бас тартты Никанор Иванович, аудармашы болса
табан аузында төрағаға күтпеген, бірақ өте қызықты ұсыныс жасады.
Воланд мырза мейманханада қыстасаң да жатқысы келмейтін-діктен,
кеңдікте тұруды қалайтындықтан тұрғын үй серіктестігі Мəскеудегі
гастроль аяқталғанша бір аптаға осы пəтердің бəрін, яғни марқұмның
да бөлмелерін бере тұрмас па екен жалға, деді ол.
Марқұмға бəрі бір емес пе!? - деді қарлыға сыбырлап Коровьев. Оған енді бұл пəтердің түкке де керек емесіне өзіңіз де келісерсіз
деймін, Никанор Иванович.
Никанор Иванович біраз аңтарылып отырып, шетелдіктер
жекеменшік пəтерлерде емес, “Метропольда” тұруға тиіс деген
желеумен қарсылық білдірді.
Сізге ғана айтайын, сондай кірпияз, қыңыр өзі! - деп сыбырлады
Коровьев. - Қанша айтсаң да көнбейді, мейманханада тұрғысы
келмейді, ұнатпайды оны. Бұл шетелдік туристер дегенің міне менің
қай жерімде отырғанын көріп қойыңыз, - деп шағынған Коровьев
саусағымен шұқып желкесін көрсетті. - Сенсеңіз бар ғой, əбден
діңкемді құртып бітті. Өзі келеді... немесе жансызын жібереді иттің
ғана баласы, болмаса кінəмшіл қыңырлығымен миыңды шағып,
жүйкеңді жейді. Анау неге олай емес, мынау неге бұлай емес деп
отырсаң опақ, тұрсаң сопақ қылады. Ал сіздің серіктестікке бұл,
Никанор Иванович, керемет пайда, қисапсыз табыс. Ал ақша жөнінен
қам жемеңіз. - Коровьев жан-жағына қарап алып, сосын төрағаның
құлағына сыбырлады: - Миллионер ол!
Аудармашының ұсынысында айқын тəжірибелік мəн бар жəне анаумынау емес, міндірек нəрсе, бірақ бір ғажабы аудармашының
мəнерінде салмақтылық жоқ, қалай болса солай сөйлей береді, киім
киісі анау, əсіресе сұмпайы пенснесін айтсайшы. Соның салдарынан
түсініксіз бірдеңе төрағаның жүрегін сыздатты, алайда ол ұсынысты
қабылдауға бел буды. Мəселе жəне мынада да болып тұр,
серіктестікте қаржы тапшылығы бастан асып жатыр. Үйлерді бумен
жылыту үшін күзге қарай жанармай сатып алу керек, оны немен
аларлары жəне белгісіз. Ал шетел туристерінің ақшасын алса,
əйтеуір ол-пұл жасауға болады ғой. Алайда іскер де сақ Никанор
Иванович бұл мəселені Шетел туризмі бюросымен келісіп алып
шешетінін мəлімдеді.
Түсініп тұрмын, - деп дегбірсізденді Коровьев, - келіспей қалай
шешуге боларды, олармен міндетті түрде байланыс жасау шарт.
Міне, телефон, Никанор Иванович, жедел жалғасыңыз. Ал ақша
жөнінен қысылмаңыз, - деп сөзін сыбырмен созып төрағаны алдыңғы
бөлмедегі телефонға қарай ыңғайлады. - Ақшаны осындайдан
алмағанда басқа кімнен аласыз. Сіз оның Ниццедегі вилласы қандай
екенін көрсеңіз ғой! Келесі жазда шетелдерге баратын болсаңыз.
Соны көруге əдейі барыңызшы - аһ ұрасыз.
Шетел туризмі бюросымен мəселе таңғажайып шапшаңдықпен
шешілді, оған төрағаның өзі де қайран қалды. Бақса, ондағылар
Воланд мырзаның Лиходеевтің меншікті пəтерінде тұра тұру ниетін
біледі екен, оған жəне ешқандай қарсылықтары жоқ.
-
Міне енді ғажап! - деп дабдырлады Коровьев.
Оның дыбдырынан біраз есеңгіреп қалғандай болған төраға тұрғын
үй серіктестігі №50 пəтерді əртіс Воландқа бір аптаға жалға беруге
əзір, бағасы.., - деп мəлімдеп келе жатып Никанор Ивановичтің сəл
кідіріп барып:
-
Күні бес жүз сомнан, - деді.
Осы арада Коровьев төрағаны тіптен қайран қалдырды. Жатын-жай
жаққа ұрлана көз қысып, ол жақтан зілдей мысықтың жеп-жеңіл
секіргенін естіп қырылдаған үнмен:
-
Демек, бұл аптасына үш жарым мың, деген сөз ғой, - деді.
Никанор Иванович ол: “Тəбетіңіз тəбет-ақ екен!” деп тағы да бірдеңе
қосып айта ма деп ойлап еді, Коровьев мүлдем басқаша сөйледі.
-
Пəлі, осы да ақша болып па! Бес мың сұраңыз ол береді, -деді.
Апалақтай ыржыңдап жүріп Никанор Иванович марқұмның жазу
үстелі басына қалай келіп қалғанын өзі де сезбеді, ал онда Коровьев
керемет əбжілдікпен əрі ептілікпен екі дана етіп келісім-шартты
жасап та тастаған еді. Оны алып жатынжайға ұшып барды да, екі
данасына да айдақтатып қол қойылған келісім-шартты алып шықты.
Оған төраға да қол қойды. Коровьев табанда одан бес мың алғаны
туралы қолхат жазуын өтінді.
Қолыңызбен, өз қолыңызбен жазыңыз, Никанор Иванович... бес
мың сом... дегенді сөзбен жазыңыз, - деп дегбірсізденіп салиқалы
іске барғысы келмегендей-ақ безектеді сосын:
Эйн, цвей, дрей! - төрағаның алдына жап жаңа бес банк будасын
тастай салды.
“Ақша деген есепті ұнатады”, “өз көзің - өрен өлшемің” деген сияқты
Коровьевтің əзіл-оспақ, қалжыңдарымен араласып, ақша санау да
басталып кетті.
Ақшаны санап шығып төраға Коровьевтан уақытша тіркеу үшін
шетелдіктің паспортын алды да, оны келісім-шартпен, ақшамен қоса
портфеліне салып жатып шыдай алмай ұялшақтап контрамарка
сұрады...
Онда тұрған не бар! - деп гүрілдеді Коровьев, - қанша билет
керек, Никанор Иванович, жиырма ма, əлде он бес пе?
Абдыраған төраға контрамарканың оған екеуі ғана өзі мен зайыбы
Пелагея Антоновна үшін керек екенін түсіндірді.
Коровьев блокнотын ала салып Никанор Ивановичке екі адамға
алдыңғы қатардан екі билетті табанда жазып берді. Контромарканы
аудармашы сол қолымен Никанор Ивановичке қыстыра сап, оң
қолымен оған сытырлаған қалың пəшкені ұстатты. Оны көзімен атып
Никонор Иванович қып-қызыл боп кетіп, пəшкені кері серіпті.
-
Мұның енді орны жоқ... - деп міңгірледі ол.
Сөзіңізді тіпті де тыңдағым келмейді, - деп тура құлағының
түбінен ысылдады Коровьев. - Бізде ондайдың орны да, жөні де бар,
шетелдіктер мұндайдан ешқашан бас тартпайды. Алмасаңыз сіз оны
ренжітіп аласыз, Никанор Иванович, ал ол ыңғайсыз болады.
Еңбегіңіз бар...
Бізде ол үшін қатаң жауапқа тартылады, - деп естілерестілместей етіп сыбырлаған төраға жалтақтап жан-жағына қарады.
Ал ондай болса куəсі қайда? - деп басқа құлағына сыбырлады
Коровьев, - кəне, айтшы куə қайда? Сіздікі не, қорықпайтыннан
қорқып?
Кейін төрағаның өзі растағандай, сол арада бір ғаламат ғажайып
болады: пəшкенің өзі сырғанап оның портфеліне түседі. Сосын
төраға өзі де дел-сал болып, əл-дəрмені құрып баспалдақтан бір-ақ
шығады. Басында ой дауылы бұрқырады. Көз алдына Ниццедегі
вилла шыр айналады, жаттықтырып үйретілген мысық бұлғаңдайды.
Куəлері шын мəнінде болған жоқ, контромаркаға Пелагея Антоновна
қуанатын болды деген қат-қабат ойлар тағы қаумалайды. Соған
қарамастан көңілдің түкпіріндегі бəз-бір ине төрағаны шабақтап
қоятын тəрізді. Оның үстіне баспалдақта соққы сынды “Егер есік
пешаттаулы болса, кабинетке аудармашы қалай кірген? Осыны
неғып сұрап алмадым?” деген ой алқымнан алды. Біраз уақыт
қошқардай одырайып төраға баспалдақтың басқыштарына қарап
тұрды да, сосын барлығына бір-ақ түкіріп қайдағы-жайдағы ойлармен
басын қатырмауға бекінді.
Төрағаның пəтерден кетуі-ақ мұң екен, жатынжайдан құлағына бір
арампез үн жетті:
Маған мынау Никанор Ивановичің ұнаған жоқ. Жылпос, қу ғой
өзі. Оны қайтып келмейтіндей етуге болмай ма?
Мессир, сіз бұйрық берсеңіз болды ғой!.. - деп əлде қайдан үн
қатқан Коровьевтің даусы дарылдамай, таза да үнді боп шықты.
Сол замат қарғыс атқыр аудармашы алдыңғы бөлмеге жүгіріп келіп,
телефон нөмірін теріп, неліктен екені белгісіз, бір жыларман
дауыспен трубкаға сөйлеп жатты:
Алло! Біздің тұрғынүй серіктестігінің төрағасы Садовая
көшесіндегі нөмірі үш жүз екі-бис үйде тұратын Никанор Иванович
Босойдың валютамен сауда жасап жүргенін хабарлаймын. Дəл қазір
оның нөмірі отыз бесінші пəтерінде дəретханасының желдет-кішінде
газетке оралған төрт жүз доллар тұр. Сөйлеп тұрған атал-мыш үйдің
нөмірі онбірінші пəтерінің тұрғыны Тимофей Квасцов. Алайда менің
есімімді құпия сақтауыңызды жалына сұраймын. Жоғарыда аты
аталған төрағаның кек алуынан қорқамын.
Осыны айтып сұмырай трубканы ілді.
Одан əрі №50 пəтерде не болғаны беймəлім де, ал Никанор
Ивановичте не болғаны əбден мəлім. Дəретханасының ілгішін іштен
салып алып, портфелінен аудармашы салып жіберген пəшкіні алып,
онда төрт жүз сом ақша барына көз жеткізді. Ол пəшкіні Никанор
Иванович газеттің жыртындысына орады да желдеткіштің аузына
тықты.
Бес минөттен кейін төраға өзінің кішкентай асүйіндегі үстелдің
басында отырды. Жұбайы мұқият туралған, көк жуа мол себілген
тұздалған балықты алдына əкеп қойды. Никанор Иванович ақаңнан
құйып ап тартып жіберді оның ізімен екіншісі кетті, сосын тұздаған
балықтың үш кесегін шаншып алып, аузына апара бергенде телефон
шылдырлады, ал Пелагея Антоновна буы бұрқыраған кəстрөлді алып
кірді. Бір көргеннен-ақ онда не барын аңғаруға болғандай еді, қайнап
піскен борщтың қоюында дүниедегі ең дəмді майлы жілік жатқан-ды.
Никанор Иванович сілекейін жұтып төбеттей шаптықты.
Əй, сендерді жер жұтса игі еді! Тамақ ішуге де мəулет бермейді,
түге. Ешкімді жібермей, мені жоқ де, мен жоқпын. Пəтер жөнінде.
Пəтер жөнінде ботқасын езіп, босқа сандалмасын де. Бір аптадан
кейін отырыс болады.
Жұбайы алдыңғы бөлмеге жүгіріп кетті де, Никанор Иванович
қасықпен от шашқан көлден құмарын, кəдімгі ұзыннан жарылған
жілікті іліп алды. Дəл сол сəтте асханаға екі азамат кірді, олармен
бірге өңі қашып бозарып кеткен Пелагея Антоновна да келді.
Азаматтарға қарап Никанор Ивановичтің өңі қуарып, орнынан тұрды.
Дəретхана қайда? - деп тықырши сұрады тік жағалы ақ жейде
киген біріншісі. Үстел үстінде бірдеңе тарс ете қалды (Никанор
Иванович қасығын түсіріп алған екен).
Мында, мында, - деп жыпылдай жауап қатты Пелагея
Антоновна.
Келгендер жедел дəлізге ұмтылды.
Не шаруа соншалық? - деп сұрады келгендердің соңынан ерген
Никанор Иванович, - бізде артық ештеңе пəтерімізде болуға тиіс
емес. Бізде тек құжаттар... оған кешірім өтінемін...
Бірінші Никанор Ивановичке құжаттарын атүсті көрсетті де, екіншісі
дəретханада астына орындық қойып, қолын желдеткіштің аузына
тығып жатты. Никанор Ивановичтің көзі қарауытып кетті. Газетті
алды, бірақ пəшкеден сом емес, көк пе, жасыл ма, əйтеуір бір
белгісіз, бетінде бəз-бір шал бейнеленген ақша шықты. Айтқандай,
Никанор Иванович көз алдында əлдеқандай дақтар жүзіп, бұның
бəрін айқын көре алмады.
Желдеткіштен доллар шықты, - деп ойланып қалған бірінші кісі
Никанор Ивановичтен баяғы үнмен сыпайы ғана: - Сіздің пакет пе? деп сұрады.
Жоқ! - деп жандауысы шықты Никанор Ивановичтің, дұшпандардың тастап жүргені.
-
Ондай да болады, - деп келіскен бірінші, тағы да биязы сөйлеп:
-
Енді не бар, қалғанын да тапсыру керек, - деді.
Менде жоқ! Құдай атымен ант етемін, ондайды ешқашан қолыма
ұстап көрген емеспін! - деп ышқына айғайлап жіберді төраға.
Ол комодқа тұра ұмтылып, тарс-тұрс еткізіп жəшігін суырып, одан
портфелін алып, байланыссыз бірдеңелерді міңгірледі.
Міне келісім-шарт... əлгі аудармашы сұр жыланның тастап
жүргені ғой... Коровьев деген... пенсне киген...
Ол портфельді ашып ішіне үңілді, қолын сұғып қарады да беті
сазарып көгеріп кетті, портфелін борщқа түсіріп алды. Портфельде
ештеңе болмай шықты: Степаның хаты да, келісім-шарт та,
шетелдіктің төлқұжаты да, ақша да, контрамарка да жоқ, жалғыз ғана
жиналмалы метрлік жатыр.
-
Жолдастар! - деп шыбын жаны шырқырай айғайлады төраға,
-
Үстаңдар оларды. Біздің үйді əрекет аралап, сайтан иектеді.
Табан аузында Пелагея Антоновнаға не елестегені белгісіз, тек
қолын сілкілей сермеп, шыңғыра берді:
-
Жаздым-жаңылдым де, Иваныч. Саған кешірім болады.
Көзі қанталап Николай Иванович жұдырығын əйелінің төбесіне
төндіріп қырылдай қышқырды:
- У, қарғыс атқыр есуас.
Сол сəт ол дымы құрып орындыққа отыра кетті, зайыры болар іске
бағынса керек.
Дəл осы кезде Тимофей Кондратьевич Квасцов баспалдақ алаңында
тізерлеп отыра қап төраға пəтерінің есіктегі кілт салар тесігіне
құлағын тосып, қызыға құмартудан көзі ойнақшып өліп бара жатқанды.
Бес минөттен кейін үйдің аулада тұрған тұрғындары төрағаны екі кісі
ертіп шығып тура қақпаға қарай бет алғанын төрт көзі түгел көрді.
Айтуларына қарағанда, Никанор Ивановичте өң жоқ, түс жоқ, мас
адам сияқты теңселіп, міңгірлеп бірдеңелер айтып бара жатады.
Ал енді бір сағат өткенде, тура Тимофей Кондратьевич басқа
тұрғындарға төрағаны қалай орнынан басып ұстап əкеткенін аузынан
суы құрып дəптетіп жатқанда он бірінші пəтерге бір бейтаныс азамат
келіп, асүйдегі Квасцовты саусағымен ымдап, алдыңғы бөлмеге
шақырып алып бірдеңелер айтты да, қайда екені белгісіз, екеуі бірге
кетіп, жоқ болды.
Оныншы тарау
ЯЛТАДАН ХАБАР
Никанор Иванович бəлеге ұшыраған тұста №302-бис үйден қашық
емес, сол Садовая көшесінде Варьетенің қаржы директоры
Римскийдің кабинетінде екі адам болды: бірі Римскийдің өзі де,
екіншісі Варьетенің əкімі Варенуха.
Театрдың екінші қабатындағы Садовая көшесіне шығатын екі
терезесі бар үлкен кабинеттің жазу үстелінің басында отыратын
финдиректордың ту сыртындағы терезесінің тұсында салқын сусын
сататын буфет, тир мен ашық эстрада орналасқан Варьете бағы.
Кабинеттің жасауы жазу үстелінан басқа қабырғаға ілінген ескі
жарнамалардың будасы, кішкентай үстелдің үстінде тұрған су құятын
графин ғана, ал төрт мамықтақ пен бұрыштағы тіреудің үстінде бəзбір шолулардың шаң басқан макеттері үйіліп жатыр. Кабинетте
көлемі шағын, көп ұсталып, талай соғылған отқа күймейтін темір
касса болатыны өз-өзінен белгілі ғой, ол Римский-дің сол қол
жағында үстелдің жанында тұр.
Үстел басында отырған Римскийдің көңіл күйі таңертеңнен бері
нашар, ұнжырғасы түсіп кеткен, ал Варенуха оған керісінше жайнаң
қағып айрықша белсенді, күш-жігерін қайда жұмсарға білмей жүрген
жандай.
Варенуха финдиректордың кабинетінде қазір контрамаркашылардан қашып бой тасалап отыр, олар бұған əсіресе бағдарлама
ауысқан күндері жан алқымға алып, күн бермейді, бүгін тура дəл
сондай күн.
Телефон шырылдай бастағаны мұң екен, Варенуха трубкаға бас
салып өтірікті соғып жіберді:
-
Кім дейсіз? Варенуха ма? Ол жоқ. Театрда емес.
Кəне, сен Лиходеевке тағы да бір телефондашы, - деді
кейіңкіреп Римский.
Бəрі-бір үйінде жоқ ол. Оған Карповты жіберіп те алдым.
Пəтерінде ешкім жоқ дейді.
Сайтан білсін бұның не екенін, - деп шыжалақтады есеп
машинкасын шықылдата отырып Раевский.
Есік ашылып, капельдинер, яғни билет тексеруші қосымша басылған
жарнамалардың қалың пəшкесін алып кірді. Жасыл парақтарға ірі
қызыл əріптермен баттастырып былай жазылыпты.
Бугін жəне кун сайын Варъете театрында багдарламадан тыс:
Профессор Воланд
Қара магияның сеанстары онық толық əшкерелеуімен
Варенуха жаңадан басылып шығып, оларға макет үшін жіберілген
жарнамадан кері шегініп, оны аз-кем тамашалап тұрды да,
капельдинерге барлық даналарын дереу жапсырып ілуге жібер деп
бұйрық берді.
Жақсы, əрі мен мұндалап көзге түсетін болсын, - деп ескертті
шығып бара жатқан капельдинерге ол.
Ал маған осы əуре-сарсаңдарың тіпті де ұнамайды, - деп мүйіз
көзілдірігімен жарнамаларға ашулана қарап бұрқ етті Римский. Жалпы менің таңым бар, оларға мұны қалайша ғана рұқсат етіп жүр.
Жоқ, Григорий Данилович, мұны жымысқы қадам деп айта
көрмеңіз. Мұның барлық мəні əшкерелеуінде.
Білмеймін, білмеймін, мұнда ешқандай мəн жоқ, ол ылғи
осындай бірдеңелерді ойлап тауып жүреді! Тым болмаса ол
сиқыршысын көрсетпей ме! Сен өзің оны көрдің бе? Қайдан қазып
тауып ап жүр өзін, сайтаным білсін оны!
Варенуханың да Римский сияқты ол магты көрмегені мəлім болды.
Кеше Степа (Римскийдің айтуынша “жынды сияқты”) жүгіріп келіп,
жазылып қойған шарттың алғашқы нұсқасын əкеп, оны көшіріп
жазып, ақшасын төлеуге əмір берді. Ал сиқыршы ұшты-күйді,
Степадан өзге ешкім оны көрген жоқ.
Римский сағатын алып, оның екіден бес минөт кеткенін көрсетіп
тұрғанын көріп терісіне сыймай кетті. Шынында да бұл не! Лиходеев
шамамен сағат он бірлерде телефон шалып, жарты сағаттан кейін
келемін деді. Келмегені былай тұрсын, пəтерінен де ізім-қайым
жоғалып кетті.
Менің шаруам қарап тұр! - деп арылдады Римский қол
қойылмаған қағаздарды саусағымен шұқып.
Берлиоз құсап ол да трамвайдың астына түсіп қалған жоқ па
екен? - деді Варенуха аржағынан ұбақ-шұбақ жиі шиқылдаған
дабылдан өзге ештеңе естілмейтін трубканы құлағында ұстап.
Онда жақсы-ақ болар еді.. - деді Римский тісінің арасынан
сыздықтатып сəл ғана естірте.
Дəл осы сəтте кабинетке шенді күрте, фуражке, қара юбке мен
тəпішке киген бір əйел кірді. Беліндегі кішкентай сөмкесінен ол ақ
шаршы мен дəптер алып, сұрақ берді.
Мұндағы Варьете қайда? Сіздерге өте жедел хабар бар. Қол
қойыңыздар.
Варенуха дəптерге иректетіп бірдеңені сызды да, əйел есікті тарс
жауып заматта шығып кетісімен шаршы конвертті ашып жіберді.
Жеделхатты оқып көзін жыпылықтатты да, оны Римскийге берді ол.
Жеделхатта мынадай сөздер басылған екен: “Ялтадан Мəскеуге.
Варьете. Бүгін он бір жарымда қылмыстық іздестіруге түнгі жейдемен
шалбарлы етіксіз сары келді. Есуас өзін Лиходеевпін, Варьетенің
директорымын дейді. Директор Лиходеев отырған Ялта
милициясына молниямен хабарласыңдар”.
Армысыз, мен сіздің əпкеңізбін деген осы! - деп дауыстап жіберді
Римский. - Тағы бір күтпеген сыйлық!
-
Лжедмитрий, - деді де Варенуха телефонмен сөйлесіп кетті.
Телеграф па? Варьетенің есебі. Молниямен хабар алыңыз...
Тыңдап тұрсыз ба?.. “Ялта, милиция... Директор Лиходеев Мəскеу-
де. Финдиректор Римский.
Ялтадағы жалған директор туралы хабарға қарамай Варенуха
телефонмен Степаны іздестіруге қайта кірісті, қайдан сұраса да
ешбір жерден таппады. Бірақ Варенуха басы қатып, енді қайда
телефон шалуды ойлап трубканы қолынан тастамай тұрғанда,
əлгіндегі жедел хабарды əкелген əйел қайта келіп Варенухаға жаңа
конверт ұсынды. Варенуха оны асығыс ашып оқыды да, ысқырып
жіберді.
-
Тағы не? - деп Римскийдің апшысы қуырылды.
Варенуха оған үнсіз ғана жеделхатты ұсынды, финдиректор одан
мынандай жазуларды көрді: “Сеніңіздер деп жалынамын Воландтың
гипнозымен Ялтадан бір-ақ шықтым. Милицияға Лиходеевтің жеке
басын растап жедел хабар беріңіздер!”
Римский мен Варенуха бір-біріне басын түйістіріп жеделхатты
қайтадан оқыды, оқып болып біріне-бірі қарады.
Азаматтар-ау! - деп ашуланды кенет əлгі əйел, - мынаған қол
қойыңыздар, сосын бір-біріңді қызықтап қанша үнсіз отырса-ңыздар
еріктеріңіз.
Варенуха жеделхаттан көз алмай, дəптерге қисық айғыздай салды,
əйел де тайып тұрды.
Сен онымен сағат он екіге кеткен бетте-ақ телефон арқылы
сөйлескен жоқ па едің? - деді түкке де түсіне алмай əкім.
Оны айтудың өзі күлкі! - деп қиқылдай айғайлады Римский. Сөйлесейін, сөйлеспейін, қазір оның Ялтада болуы мүмкін емес.
-
Ол мас па еді... - деді Варенуха.
-
Кім мас? - деп Римский сұрады да, екеуі қайта бір-біріне қарады.
Ялтадан жалғанатты ма, есі ауысқан ба, əйтеуір біреудің
телеграфпен хабар бергеніне күмəн жоқ, ал бір ғажабы мынау:
Ялтаның сиқыршысы Мəскеуге кеше ғана келген Воландты қайдан
біледі? Лиходеев пен Воланд арасындағы байланысты қайдан
біледі?
“Гипнозбен...” - деп Варенуха жеделхаттың сөзін қайталады. Воланд туралы оған қалай белгілі болып жүр? - деп ол көзін
жыпықтатып кенет айқайлап жіберді. - Түкке тұрмайтын бос сөз,
сандалбай!
Сайтан алғыр Воландың қайда тоқтады екен? - деп сұрады
Римский.
Варенуха жедел шетел туризмі бюросымен байланыс жасап,
Римскийді таң-тамаша етіп, Воландтың Лиходеев пəтеріне
тоқтағанын хабарлады. Лиходеев телефон нөмірін теріп Варенуха
трубкадағы үздік-создық гуілді ұзақ тыңдады. Сол гуілдің арасынан
əлдеқандай алыстан “...жартастар менің баспанам...” деп сызылт-қан
мұңлы дауыс естіледі. Варенуха телефон желісіне əлде қайдан
радиотеатрдың даусы киіп кеткен шығар деп ойлады.
Пəтері жауап бермейді, - деді Варенуха телефон тұтқасын
орнына қойып жатып, - тағы да телефондап көрмесек...
Ол ойын аяқтап үлгермеді. Есіктен тағы да əлгі əйел көрінді де, екеуі
де: Римский мен Варенуха бірдей орындарынан көтеріліп оған қарсы
жүрді. Əйел сөмкесіне бұрынғыдай ақ емес, күңгірт парақ шығарды.
Бұл өзі қызық боп барады ғой, - деді кетіп бара жатқан əйелді
көзбен шығарып салып тісінің арасынан сыздықтай сөйлеп.
Фотографиялық қағаздың күңгірт фонында қарамен баттитып
жазылған жолдар айшықталады:
“Дəлел менің қолтаңбам, менің қолым. Растауды молния-мен
хабарлаңдар, Воландқа астыртын бақылау орнатыңдар. Лиходеев”.
Театрдағы жиырма жыл қызметі негізінде Варенуха талайды-ақ көріп
еді, ал мына жолы ақыл-ойын шел басқандай сезініп, ауызекі əрі
үйреншікті:
-
Бұлай болуы мүмкін емес! - дегеннен өзге ештеңе айта алмады.
Римский олай еткен жоқ. Ол орнынан тұрып, есікті ашып, одан
орындықта жайымен отырған курьер əйелге бұрқ етті:
Пошташыдан басқа тірі пенде жіберме! - Сосын кабинеттің
құлпын салды.
Содан соң ол жазу үстелінен қыруар қағаз алып шығып, фотогаммадағы солға қарай қисайта баттита жазылған əріптерді Степаның қарарларындағы əріптермен, бұранда тəрізді дөңгелек иректері
көп қойылған қолдармен мұқият салыстырды: Варенуха үстелге
жатып алып Римскийдің бетін ыстық демімен шарпыды.
Бұл соның жазуы, - деп ақыры нық сеніммен айтты финдиректор, Варенуха да жаңғырық құсап осыған үн қосып:
-
Соныкі! - деді.
Римскийдің бетіне қарап əкім оның жүзіндегі өзгеріске таң қалды.
Онсыз да арық финдиректор бұрынғыдан да жүдеп, тіпті қартайып
кеткен сияқты, ал мүйіз көзілдірік салған көзі өткірлігінен айырылып,
оның орнын тек үрей басқан, былайша мұң ұялаған деуге де болады.
Варенуха кісінің үлкен таңданыс үстінде жасайтынының бəрін
жасады. Кабинетте жүгіріп жүрді, дарға керіп тастағандай екі қолын
екі жағына тік көтеріп керілді, графиннің сарғыш суының бір стақанын
тартып алды да:
-
Түсінбеймін! Тү-сін-беймін! - деп дауыстап жіберді.
Римский терезеге қарап əлде не туралы күйзеле ойлап тұрды.
Финдиректордың жағдайы аса қиын еді. Тұрған орнынан тырп етпей,
əдеттен тыс құбылыстардың əдеттегі шешімін табу керек.
Көзін сүзе қарап финдиректор ойша түнгі жейдесімен, жалаңаяқ
Степаның сағат он бір жарым шамасында дыбыстан да ұшқыр
ұшаққа отырып жатқанын елестетті, сосын оның, етіксіз онбір жарым
кезінде Ялтаның əуежайында тұрғанын көз алдына келтірді... сонда
бұл сұмдық емес пе?
Бəлкім. Бүгін мұнымен өз пəтерінде телефонмен сөйлескен Степа
емес шығар. Жоқ, сөйлескен Степа болатын. Бұған оның дауысын
танымайтындай не көрініпті!? Ал бүгін сөйлескен ол болмаса, кеше
кешкісін өз кабинетінен шығып, мұның кабинетіне келіп қайдағы бір
шартты əкеп жеңілтектігімен финдиректордың жынына тиген Степа
емес пе! Театрдағыларға ештеңе айтпастан қалай кетіп қалуы я
ұшып кетуі мүмкін? Тіпті кеше кешкісін ұшып кеткеннің өзінде түске
дейін жетер ме еді, əлде жете ме?
Ялтаға дейін неше шақырым? - деп сұрады Римский. Варенуха
жүгіруін тоқтатып, ол да ойбай салды.
Ойландым, ойландым кеп! Севастопольға дейін темір жолмен
шамасы мың жарым шақырым. Ялтаға дейін аржағы сексен
шақырымдай. Ал əуемен, əрине, жақынырақ.
Ім... Əрине... Ешқандай пойыз жөнінде əңгіме болуы мүмкін емес.
Сонда қалай? Истребительмен ұшқан ба? Етіксіз Степаны
истребительге кім мінгізеді? Жəне неге мінгізеді? Бəлкім ол етігін
Ялтада шешкен шығар? Неге шешеді? Тіпті оны етікпен де
истребительге жібермейді ғой. Жə, бұл арада истребительдің еш
қатысы жоқ. Милицияға күндізгі онбір жарымда келдім деп жазған
ғой, ал Мəскеуде телефонмен сонда қай мезгілде сөйлесіп жүр... сəл
сабыр... Ойы осы тұсқа келгенде Римскийдің көзі сағатының
циферблатына түсті... Ол сағат тілі сонда қай жерде тұрғанын еске
түсірді. Сұмдық! Сағат он бірден жиырма минут кеткен кез еді ғой ол.
Сонда не болғаны? Егер Степа сөйлесе сала əуежайға ұмтылып,
оған бес минөтте жетті деп топшыласақ, ұшақ табанда көтерілгеннің
өзінде бес минөтте мың шақырымнан астам қашықтықты ала ала
ма? Онда ол сағатына он екі мың шақырымнан астам қашықтықты
алады ғой. Ол мүмкін емес. Демек, ол Ялтада жоқ.
Енді не қалды? Гипноз - сиқырлау ма? Кісіні мың шақырым жерге
лақтырып жіберетін гипноз жарық дүниеде жоқ. Демек, оған Ялтада
жүргені тек елестеген болуы мүмкін. Жарайды, оған елестесін-ақ, ал
Ялта милициясыныкі де елес деуге бола ма? Бірақ жеделхатты
содан жіберіп отыр ғой.
Финдиректор жүзі əлем-тапырық. Осы кезде есіктің тұтқасын біреу
сырттан бұрап жұлқылады, есік сыртында курьер əйелдің жандаусы
шыға айғайлағаны естілді.
Болмайды! Жібермеймін! Бауыздап тастасаң да болмайды.
Мəжіліс жүріп жатыр.
Римский хал-қадерінше өзін-өзі билеп, телефон трубкасын алып,
былай деді.
-
Ялтамен жедел сөйлесуге мүмкіндік жасаңыз.
“Мұнысы ақыл болды” деді іштей Варенуха.
-
Қас қылғандай желінің бұзыла қалғанын қарашы.
Желінің бұзылғаны оны қатты қобалжытқаны, тіпті уайым шектіргені
көрініп тұр. Аз-кем ойға батып, бір қолымен трубканы қайта алып,
екінші қолымен не айтқанын жаза бастады:
Жедел хабар қабылдаңыз. Варьете. Иə, Ялта. Милиция. Иə.
“Бүгін сағат он бір жарым шамасында Лиходеев менімен телефон
арқылы Мəскеуде сөйлесті, нүкте. Содан кейін қызметіне келген жоқ,
оны телефонмен іздеп таба алмай отырмыз. Нүкте. Аталмыш əртісі
бақылау шараларын ойластырып жатырмыз. Финдиректор Римский.
“Өте ақылды жасады” - деп ойлады Варенуха алайда осылай ойлап
үлгермей тіліне: “Бос əуре! Оның Ялтада болуы мүмкін емес” деген
сөз оралды.
Осы екі ортада Римский былай жасады: алынған жеделхаттардың
бəрін, өзі жібергендерінің көшірмесін бір пəшкіге орап, оны конвертке
салып желімдеді де, оған бірер сөз жазып Варенухаға тапсырды.
Иван Савельевич, табан аузында мынаны өзің апар. Солар
қарап, талдап шешсін, - деді.
“Ал мынасы шынында да ақылды іс болды” - деп ойлаған Варенуха
конвертті портфеліне салды. Сосын ол тағы бір байқап көрейінші деп
Степа пəтерінің телефон нөмірін бұрап, тыңдап көрді де, қуанып
кетіп жұмбақтай көзін қысып, бетін тыржитты. Римский мойнын
созды.
Əртіс Воландты шақыруға болар ма екен? - деп мипаздай
сұрады Варенуха.
Олар жұмыс істеп жатыр, - деп дыбырлаған дауыспен жауап
қатты аржақтан, - сұрап тұрған кім?
-
Варетьенің əкімі Варенуха.
-
Иван Савельевич пе? - Қуана шырылдады трубкадан, -
даусыңызды естігеніме сұмдық шатпын. Денсаулығыңыз қалай?
Мерси, - деп таңдана жауап қатты Варенуха, - ал мен кіммен
сөйлесіп тұрмын.
Көмекшісімен, оның көмекшісі əрі аудармашы Коровьев, -деп
дарылдады трубкадан, - сіздің қызметіңізге қашанда əзірмін, аса
сүйкімді Иван Савельевич! Мені қайда, қалай жұмсасаңыз да еркіңіз.
Сонымен?
Кешіріңіз, немене, Степан Богданович Лиходеев қазір үйде жоқ
па?
Əттегене-ай, жоқ! - деп шыңқылдады трубкадан. - Жоқ, жүріп
кеткен.
-
Қайда?
-
Қала сыртына машинамен сейілдеуге.
-
Қа... қалай? С... сейілдеуге дейсіз бе? Ал ол қашан оралады.
-
Таза ауамен тыныстап қайтайын деген.
Солай деңіз... - деді сасып қалған Варенуха, - мерси. Мосье
Воладқа бүгінгі ойын көрсетуі үшінші бөлімшеде өтетінін хабар-лауға
мархабат етіңіз.
Құп болады. Онсыз қалай? Сөз жоқ. Дереу. Міндетті түрде.
Айтамын, - деп тық-тық етті трубкадан.
-
Бар жақсылықты тілеймін, - деді қайран қалған Варенуха.
Менің ең игі тілегім мен ең ыстық сəлемімді қабыл алуыңызды
сұраймын, - деді трубкадан. - Табыс пен сəттілік, баянды бақыт,
тағысын тағы жақсылықтар тілеймін.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Майталман шебер мен маргарита - 08
  • Parts
  • Майталман шебер мен маргарита - 01
    Total number of words is 4188
    Total number of unique words is 2185
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 02
    Total number of words is 4307
    Total number of unique words is 2150
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 03
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2321
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 04
    Total number of words is 4091
    Total number of unique words is 2369
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 05
    Total number of words is 4231
    Total number of unique words is 2275
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 06
    Total number of words is 4275
    Total number of unique words is 2183
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 07
    Total number of words is 4179
    Total number of unique words is 2056
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 08
    Total number of words is 4162
    Total number of unique words is 2288
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 09
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2258
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 10
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2360
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 11
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2204
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 12
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2334
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 13
    Total number of words is 4076
    Total number of unique words is 2131
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 14
    Total number of words is 4303
    Total number of unique words is 2195
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 15
    Total number of words is 4283
    Total number of unique words is 2173
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 16
    Total number of words is 4122
    Total number of unique words is 2215
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 17
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2274
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 18
    Total number of words is 4328
    Total number of unique words is 2150
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 19
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2195
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 20
    Total number of words is 4323
    Total number of unique words is 2138
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 21
    Total number of words is 4279
    Total number of unique words is 2228
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 22
    Total number of words is 4275
    Total number of unique words is 2177
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 23
    Total number of words is 4051
    Total number of unique words is 2294
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 24
    Total number of words is 4132
    Total number of unique words is 2321
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 25
    Total number of words is 4367
    Total number of unique words is 2146
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 26
    Total number of words is 4184
    Total number of unique words is 2326
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 27
    Total number of words is 2124
    Total number of unique words is 1367
    38.1 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.