Latin Common Turkic

Майталман шебер мен маргарита - 13

Total number of words is 4076
Total number of unique words is 2131
32.7 of words are in the 2000 most common words
46.7 of words are in the 5000 most common words
54.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
таңғажайыптар жайындағы өсек-аяңды тыңдай отырып көзін
жыпылықтатудан өзге ештеңе бітіргені жоқ, өйткені бұған қандай
шара қолдануды білмейді. Ал Варьетенің күллі командасынан енді
қалған ең үлкені болғандықтан оған бір қарекет жасау керек еді.
Билетке құмартқандардың кезегі таңертеңгі сағат онға таман
төңіректі түгел кернеп кеткені сондай, ол туралы сыбыс милицияға
да жетіп, жаяуы бар, аттысы бар нарядтар таңғажайып шапшаңдықпен жетіп келіп, кезекті біршама тəртіпке салды. Алайда
жыландай ирелеңдеген кезек жұртты əзəзілдей арбап, Садовая
көшесіндегі азаматтарды қайран қалдырды.
Жұрт сыртта осылай топырласа, Варьетенің өз ішіндегі жағдай да
оңып тұрған жоқ еді. Таңертеңнен бастап-ақ Лиходеевтің
кабинетінде, Римскийдің кабинетінде, бухгалтарияда, касса мен
Варенуханың кабинетінде шыңғырлай бастаған телефон безілдеді де
тұрды. Оған Василий Степанович бірдеңе деп жауап берген болды,
кассир келіншек те үнсіз қалған жоқ. Билет тексеруші
капельдинерлер де телефонға бірдеңені міңгірлеп жатты, сосын
жалпы жауап қатуды тоқтатты, өйткені Лиходеев, Римский, Варенуха
қайда дегендерге қайтарар жауап жоқ. Алғаш “Лиходеев пəтерінде
болар” деп құтылып көріп еді, қаладан пəтеріне телефон соқсақ,
“Лиходеев Варьетеде” деп жауап береді ғой деген сенімсіздік шаң
берді.
Сағат оннан кеткенде Варьетеге мадам Римская баса-көктеп кірді.
Еңірегенде етегі толып, көкірегі қарс айырылды. Василий Степанович
əбден асып-сасып, оған нендей ақыл берерін білмеді. Ал сағат он
жарымда милиция келді. Оның алғашқы һəм орынды сұрағы:
- Сіздерде өзі не болып жатыр, азаматтар? Не мəселе? - болды.
Алға абыржыған бейшара Василий Степановичті тартып, команда
шегінді. Əр нəрсені өз атымен атап, əкімшілік-директоры,
финдиректоры жəне əкім бар - түгел ғайып боп кеткенін мойындауға
тура келді, олардың қайда екенін жəне ешкім білмейді, ал
конферансье кешегі сеанстан кейін жындыханаға түсті. Қысқартып
айтқанда, кешегі сеанс бəлелі сеанс болды.
Еңіреген мадам Римскаяны мүмкін-қадерінше жұбатып, үйіне
жөнелткен болды, ал жұртты одан бетер ынтықтырған
финдиректордың кабинеті қандай күйде қалғаны жөніндегі үй
сыпырушының əңгімесі еді. Қызметшілерді орын-орнына барып, өз
шаруасымен шұғылдануға жіберіп жатқан шақта көп ұзамай Варьете
ғимаратына шылым күлі түстес, тік құлақ, бұлшық етті, көзі тым ойлы
ит ертіп тергеу келді. Варьете қызметкерлерінің арасында ит анаумынау емес, атақты Тузбубеннің өзі екен деген ыбыр-сыбыр тарады.
Шынында да, ит соның өзі еді. Оның жүріс-тұрысы жұрттың бəрін
таңдандырды. Тузбубен финдиректордың кабинетіне жүгіріп кірген
бойда-ақ сарғыш азуларын сақылдатып ырылдап қоя берді, сосын
етбауырлап жатып, əлденеге ренжіген кейіп танытып, əрі көзінен ыза
ұшқындап сынған терезеге қарай жорғалады. Өзінің үрейін басып
кенет ол терезенің астынғы жақтауына секіріп шығып үшкір тұмсығын
көкке көтеріп ызалана ұлыды кеп. Оның терезеден кеткісі келмеді,
ырылдап, қалшылдап төмен қарғымақ болды.
Төбетті кабинеттен шығарып, вестибюльге жіберіп еді, одан ол үлкен
есік арқылы көшеге шығып, соңынан ергендерді таксомотор
аялдамасына алып келді. Сол арада ол діттеп келе жатқан ізінен
айырылып қалды. Содан соң Тузбубенді алып кетті.
Тергеушілер Варенуханың кабинетіне орналасып, кешегі сеанс
кезінде болған оқиғалардың куəсі ретінде оны көрген Варьете
қызметкерлерінің бір-бірлеп шақырып жауап ала бастады. Тергеудің
адым сайын күтпеген қиындықтарды жеңе білуіне тура келгенін атап
айтқан абзал. Дəлел жібі қолға тиер-тиместе үзіліп кете берді.
Жарнамалар болды ғой? Болды. Əр түн сайын оларды жаңартып іліп
отырды, қазір өлтірсең де солардың бірі жоқ. Мынау сиқыршының өзі
қайдан шыққан? Ал оны білетін кім бар. Онымен шарт жасалған емес
пе!
Солай болуы керек, - деп жауап берді абыржыған Василий
Степанович.
-
Егер жасалса ол бухгалтерия арқылы өтуі керек емес пе?
-
Оған дау бар ма! - деп жауап қатты Василий Степанович.
-
Ендеше қайда ол шарт?
Жоқ, - деп жауап берді барған сайын бозарып қолын жайған
бухгалтер. Шынында да, бухгалтерия папкаларында да, финдиректорда да, Лиходеев пен Варенухада да шарттың ұшығы да жоқ.
Ол сиқыршының фамилиясы кім, өзі? Василий Степанович білмейді,
өйткені ол кешегі сеанста болмаған. Билет тексерушілер білмейді,
кассир келіншек маңдайын қырыстырып, ойлап, ойлап ақыры:
-
Во... Шамасы. Воланд болуы керек, - деді.
Ал Воланд болмай шығуы да мүмкін ғой. Бəлкім Воланд емес шығар.
Фаланд болуы да мүмкін.
Шетелдіктер бюросында ешқандай Воланд, сондай-ақ Фаланд,
сиқыршы деген туралы атымен естілмегені анықталды.
Курьер Карпов ол сиқыршының Лиходеев пəтеріне орналас-қаны
жөнінде бірдеңе естігенін хабарлады. Аталған пəтерде сол сəтте-ақ
болып қайтты. Бірақ онда ешқандай сиқыршы болмай шықты.
Лиходеевтің тіпті өзі де жоқ. Үйкүтуші Груняның да қайда кеткенін
ешкім білмейді. Басқарма төрағасы Никанор Иванович те, тіпті
Полежаев те жоқ.
Тіптен де түкке тұрғысыз бірдеңелер кілең: əкімшіліктің бүкіл басы
жоғалып кеткен, кеше бəлелі бір сеанс өткен, оны жасап жүрген кім,
кімнің айтуымен өткізілген - оны ешкім де білмейді.
Кассаның ашылатын уақыты болып, күн түске тармасып қалды.
Əрине, оны ашу жөнінде əзір сөз болуға да тиіс емес. Варьетенің
есігіне жаялықтай қатырғы қағазға: “Бүгінгі спектакль кейінге
қалдырылды” деген жазу іліп те қойылды. Кезекте бас жақтан бастап
жұрт толқиын деді, алайда біраз даурығып барып, жиналғандардың
шеті сөгіле бастады, шамамен енді бір сағат өткенде Садовая
көшесіндегі көпірден із де қалған жоқ. Тергеу де өз жұмысын басқа
жерде жалғастыру үшін кетіп қалды, қызметшілерді қоя беріп, кезекші
ғана қалдырып, Варьетенің есігін түгел бекітті.
Бухгалтер Василий Степановичке дереу екі шаруа тындыруға тура
келді. Ең алдымен кешегі оқиғалар жөнінде баянхат əзірлеп, Ойынсауық жəне көңіл көтеру комиссиясына барып-қайту керек, екіншіден,
21711 сом кешегі кассаны тапсыру үшін ойын-сауық-қаржы
секторында болу қажет.
Ұқыпты да орындағыш Василий Степанович ақшаны газет қағазымен
орап, мықты жіппен айқыш-ұйқыш байлап, пакетті портфеліне салды
да, нұсқауды жақсы білетін ол автобус немесе трамвайға бармай,
тура таксомотор аялдамасына тартты.
Үш машинаның шоферлары тырсиған портфелі бар жолаушы-ның
аялдамаға асығыс бүкеңдеп келе жатқанын көрісімен, оны
көздерімен бір атып ешкімді мінгізбей бостан-бос тайып тұрды.
Бұған қайран қалған бухгалтер бұның нендей сыры барын ойлап
қалшиып тұрды да қалды.
Үш минөттен кейін бір бос машина келіп тоқтады, жолаушыны
көрісімен оның шоферінің өңі бұзылып кетті.
Машина бос па? - деп сұрады Василий Степанович біртүрлі
жөткірініп.
Ақшаңызды көрсетіңіз, - деді шамданған шофер жолаушыға
қарамастан.
Бухгалтер барынша таңырқап, алтыннан қымбат портфелін
қолтығына қыса түсіп, əмиянынан алып шоферға шеруон көрсетті.
-
Бармаймын, - деп қысқа қайырды ол.
Кешірім өтінемін... - деп бухгалтер міңгірлей бастап еді, шофер
сөзін бөліп.
-
Үш сомдығың бар ма? - деп сұрады.
Əбден есі шыққан бухгалтер əмиянынан екі үш сомдықты суырып.
Шоферға көрсетті.
Отырыңыз, - деп зекіріп қалған шофер есептегіштің дабылшасын
қосып жіберіп, сындыра жаздады да: - Кеттік! - деді.
-
Бірдеңе қайырмаушы ма едің? - деді бухгалтер қысыла.
Қалтам толы ұсақ ақша, - деп барқырады шофер, айнадан оның
ашудан қанталаған көзі көрінді. - Бүгін маған осындай үшінші оқиға
ұшырасты. Басқалармен де осындай болған. Бəз-бір иттің баласы
шеруон береді, мен оған төрт сом елу тиын қайтар-маймын ба...
түсті, оңбаған. Енді бес минөттен соң қарасам: шеруонның орнына
нарзан шынысының қағазы. - Осы арада шофер біреулерді оңдап
тұрып сыбап алды. - Екіншісі -Зубовскаяның аржағында болды.
Шеруон ұсынады. Үш сом қайтардым. Кетті! Əмияныма қол салсам,
ара шыға кеп, саусағыма жабысқаны ғой. Аһ, сұм!... - Шофер тағы да
айтуға ауыз бармайтын сөздерді лақ еткізді. - Əлгі шеруон жоқ. Кеше мынау варьетеде (бір сыбап алды) бір сұр жылан көзбояушы
шеруон-дармен сеанс беріпті (тағы да боқтық).
Бухгалтер үрпиіп сілейді де қалды, “Варьете” деген сөздің өзін алғаш
естіп тұрғандай сыңай танытты, ал іштей: “Апырай, ə!...” дей берді.
Айтулы жерге келіп, төлейтінін аман-есен төлеп, бухгалтер
ғимаратқа кіріп, дəлізбен меңгерушінің кабинетіне қарай тартты,
бірақ дұрыс уақытында келмегенін жолай түсінді. Ойын-сауық
комиссиясының кеңсесінде де бір дүрбелең. Бухгалтердің жанынан
басорамалы мойнына түскен, көзі бажырайып кеткен курьер əйел
жүгіріп өтті.
Жоқ. Жоқ деймін, айналайындар! - деп шырылдады ол сөзін
кімге арнағаны белгісіз, - бешпенті мен шалбары осында,
бешпентінде түк те жоқ.
Ол бəз-бір есікке сүңгіп кетті де, ол барған жерде сынған ыдысаяқтың сылдыры естілді. Хатшы бөлмесінен комиссияның бухгалтерге таныс бірінші секторының меңгерушісі атып шықты, көңіл
күйінің алақұйын екені соншалық, ол бухгалтерді де танымай,
жүгірген бойы із-түзсіз кетті.
Осының бəріне қайран қалған бухгалтер комиссия төрағасы
кабинетінің ауызүйі саналатын хатшы бөлмесіне келгенде тіпті
айран-асыр болды.
Жабық есіктің аржағынан комиссия төрағасы Прохор Петрович-тың
қаһарлы даусы естілді. “Сірə, біреуді қуырып жатыр-ау!” деп ойлады
үн-жырғасы түскен бухгалтер. Бірақ есіктен сығалап, басқа көрініске
тап болды: былғары мамықтақтың арқасына басын шалқайта салып,
қолында дымқыл орамалы, аяғын хатшы орынды-ғына көсіле салып,
өксіп-өксіп жылап Прохор Петровичтің дербес хатшысы Анна
Ричардовна сұлу жатыр.
Анна Ричардовнаның күллі иегі ерін бояуымен салтақталыпты, өрік
жүзіне қасының ашыған қара бояуы сорғалап тұр.
Біреу-міреу кіргенін көрген Анна Ричардовна орнынан атып тұрып,
бухгалтерға тарпа бас салды, бешпентінің жағасынан алып сілкіледі
де, айғайға басты.
Құдайға тəубе! Əйтеуір бір батыл жан табылды. Жүріңіз, жүріңіз
оған мен не істерге білмеймін! - Еңіреп жылауын доғармай
бухгалтерді ол кабинетке сүйрелеп алып кірді.
Кабинетке кірген бетте бухгалтердің портфелі қолынан түсіп кетті,
басындағы барлық ақыл-ойы күл-талқан болды. Олай болатын да
реті бар еді.
Үлкен үстелдің басында ауыр сиясауыттың аржағында отырған иесіз
кəстөм сияға матырылмаған құрғақ қаламмен қағазға жазып жатыр.
Кəстөмнің жəне галстугы да бар, қалтасынан өздігінен жазатын
қаламы да шығып тұр. Бірақ жағадан не мойын, не бас көрінбейді,
сондай-ақ жеңінен шығып тұрған қол да жоқ. Кəстөм айналадағы
ырду-дырдуды елең қылмай жұмысқа шүйілген.
Біреудің кірген дыбысын естіген кəстөм мамықтаққа шалқайып жата
кетті де, жағаның жоғарғы жағынан бухгалтерге таныс Прохор
Петровичтің даусы шықты:
Бұл не, өзі? Менің қабылдамайтыным туралы есіктің сыртында
жазулы тұрған жоқ па?
Сұлу хатшы шырылдап өзегі өртеніп шаңқ-шаңқ етеді:
Көрдіңіз ғой сіз? Көріп тұрсыз?! Ол өзі жоқ! Жоқ деймін.
Қайтарыңдар оны, қайтарыңдар!
Сол сəт кабинетке біреу бас сұғып, ойбайлап тұра қашты. Бухгалтер
тізесінің дірілдегенін сезді де, орындықтың шетіне құйрық басты,
алайда портфелін көтеруді ұмытқан жоқ. Анна Ричардовна
бухгалтердің айналасында безек қағып, бешпентін жұлмалап
шырылдап жүр.
Мен ылғи, ылғи да ақсайтаны ұстағанда басып тоқтатып
отырушы едім. Міне енді сайтан болды да кетті. - Сұлу жазу үсте-ліне
жүгіріп барып, сазды əуендей нəзік үнмен, бірақ жылағаннан сəл
мыңқыл араласқан дауыспен:
-
Проша! Сіз қайдасыз? - деді.
Сізге мұндағы “Проша” кім? - деп сұрады кəстөм мамықтаққа
шалқая түсіп.
Танымайды! Мына мені танымайды! Сіз осыған түсінесіз бе? деп еңіреді хатшы.
Кабинетте жыламауыңызды сұраймын! - деп енді ызалана
бастады шамшыл кəстөм, сөйтті де жеңімен қағаздың бір жаңа
пəшкесін өзіне тартты, мақсаты оған өз қолын қою екені ап-айқын.
Жоқ, мұндайды көргім келмейді, жоқ, көргім жоқ, - деп
шарылдады Анна Ричардовна бухгалтердің жеңіне қайта жармасып.
Ойлап қараңызшы, отырсам мысық кіріп келеді, - деп бастады
абыржығаннан қалшылдаған Анна Ричардовна бухгалтердің жеңіне
қайта жармасып. - Бегемоттай зор, қара мысық. Əрине, əдетімше
“Піріс” деп айқайламаймын ба?! Ол атып шықты да, оның орнына сол
сияқты мысық бас бір жуан кіріп: “Ой не, азаматша, келген кісіге
“піріс!” деп айғайлайсыз?” Ай-түй жоқ ол тура Прохор Петровичке
тартсын, “Деніңіз сау ма, өзі?” деп соңынан айғайлайын. Ол болса,
айғайға пысқырмай, жексұрын тура барып Прохор Петровичтің
қарсысындағы мамықтаққа қонжиды. Ал ол жүрегі ізгі, бірақ күйгелек
жан... шырт ете қалды. Дауласпаймын, күйгелек жан, жұмысты
өгіздей өрге сүйрейді. Шырт етіп ашулана қап ол: “Сіз баяндаусыз
неге баса-көктеп кіресіз?” демей ме?! Ал анау озбыр болса,
мамықтаққа шалжиып жатып: “Мен сізбен бір шаруа жайында
ақылдасқалы келдім” деп күледі. Прохор Петрович тағы да
шамданып. “Мен бос емеспін!” деді. Ал ол болса, айылын да
жимастан: “Ештеңемен де шұғылданып отырған жоқсыз! -дейді,
көрдіңіз ғой қалай-қалай сөйлейтінін. Міне, осы жерде Прохор
Петровичтің де шыдамы шарт сынды. Мынауың не пəле өзі? Аулақ
қуып, шығарып жіберіңдер, сайтаны болса мені соқсын!” деп
айқайлап берді ол. Қараңызшы, анау болса, жайбарақат күліп:
“Сайтан мені соқсын дейсіз бе? Несі бар, оны да жасауға болады”
деді. Кенет сарт еткізді де, мен айғайлап үлгермей, мысық бас ғайып
болып, кə-кəстөм отыр... бастықтың орнында... Огөгой! - деп аузы
ырбиып Анна Ричардовна аңырай жөнелді.
Еңірегенін əрең басып, өзіне-өзі келген ол енді қайдағы-жайдағы
бірдеңелерді айта бастады:
Жазып жатыр, жазып жатыр! Ақылдан алжасарсың, тегі! Қайтақайта телефонмен сөйлеседі. Бəрін жасап жүрген бір кəстөм!
Барлығы қашып кетті, қорқақ қояндар.
Бухгалтер тұрған бойы қалшылдай берді. Алайда тағдыр оны
құтқарып қалды. Хатшы бөлмесіне іскерлік кейіппен милицияның екі
адамы келіп кірді. Оларды көріп сұлу бұрынғыдан бетер еңіреп,
қолымен кабинетті нұсқады.
Кəне, жылауды доғарайық, азаматша, - деді келгендердің
біріншісі байсалды үнмен, ал өзінің артық екенін сезген бухгалтер
бөлмеден атып шығып, əп-сəтте таза ауада болды. Оның басында
гуілдеп тұрбадан үргендей бір жел бар, сол гуілдің арасынан билет
тексерушінің кешегі сеансқа қатысқан мысық туралы əңгімесі
естілгендей. “Еһе-һе! Сол біздің мысық боп жүрмесін бұл?”
Комиссиядан ешбір мəн шығара алмаған соң ұқыпты да адал
Василий Степанович оның филиалына барып көрмек болды, ол
Ваганьков шолақ көшесінде болатын. Өзін-өзі сабасына түсіру үшін
ол екі ортаға жаяу тартты.
Қалалық ойын-сауық филиалы уақыт табымен жұлмаланған ауланың
түкпіріндегі жекежайға орналасқан-ды, ал ол үйдің атағы профирлі
бағандармен жəне вестибюлімен шыққан болатын.
Бірақ бұл күні ол келушілерді бағандарымен емес, филиал
шаңырағы астында болып жатқан оқиғаларымен таңғалдырды.
Бірнеше келуші сілейіп, шағын үстелде жылап отырған бикешке
қарап тұр, үстел үстінде шашылып оның сататын ойын-сауық
əдебиеттері жатыр. Дəл қазір бикеш ол əдебиеттерден ешкімге
ештеңе ұсанар емес, іш тарта сұрағандарға тек қолын сілтейді, Сол
тұста жоғарыдан да, төменнен де, бүйірден де, филиалдың бүкіл
бөлімдерінен телефон соғылып, бері қойғанда жиырма шақты
аппарат безілдеп кеп берді.
Жылап отырған бикеш дір ете қап, шыңғырып жіберді.
- Міне, тағы қайталанды! - деп дірілдеген даусымен аяқ астынан
əндетіп қоя берді:
Даңқты теңіз, киелі Байқал...
Баспалдақтан көрінген курьер бəз-біреуге жұдырығын түйіп, бикешке
қосылып, күмбірі аз көмескілеу үнмен:
Даңқты кеме, толқындар шайқар!... - деп барылдады.
Курьердің үніне алыстағы дауыстар қосылып, хор үдей келе əн
ақыры филиалдың төрт бұрышында түгел күмбірледі. Есеп-тексеру
бөлімі орналасқан жақынырақ №6 бөлмеде біреудің қуатты сəл
қырылдаған даусы əсіресе айқын дараланды. Хорды күшейіп кеткен
телефон аппараттарының безілдеуі де сүйемел-дегендей.
Гей, Баргузин... валыңды шайқалт... -деп барқырады курьер.
Бикештің көзінен жас ағып, тісін қайрауға тырысып еді, бірақ аузы өз-
өзінен ашылып, даусы курьерді басып тағы да əндетті:
Жігіттер жақын біздерді байқар!
Филиалдың үн-түнсіз тұрған келушілерін хоршылардың əр тұста
жамырап жүріп-ақ көзге көрінбейтін бір дирижерге қадалып, бүкіл хор
бір жерде тұрғандай үйлесімді шырқауы қайран қалдырды.
Ваганковта өтіп бара жатқандар тортемір алдына тоқтай қалып,
филиалдағы шат-шадыман қызыққа таңырқасты.
Бастапқы шумақ аяқталуы мұң екен, дирижердің ишаратымен
тынғандай əн де сап тыйылды. Курьер естілер-естілмес дауыспен
боқтап, жоқ боп кетті. Сол сəт үлкен есіктер ашылып, одан жазғы
пəлте киген, ішінде ақ халаты бар бір азамат пен милиционер көрінді.
Шара қолданыңызшы, доктор, өтінемін, - деп жалбарына
шырылдады бикеш.
Баспалдаққа филиалдың хатшысы жүгіріп шығып, ұяттан өртеніп
тұрған болуы керек, тұтығып:
Көрдіңіз ғой, доктор, бізде бір жаппай бір сиқырмен дуалаған
жағдай боп тұр... Сондықтан, қажеті... - деп ол сөйлемін аяқтай
алмай, сөзге қақалып, кенет əндетіп қоя берді.
Шилка мен Нерчинскі...
Ақымақ! - деп айғайлап үлгерді бикеш, бірақ кімге ұрсып
жатқанын білдірмеді, бірақ оның орнына зордың күшімен бір өнер
шығарып, Шилка мен Нерчинскі туралы өзі шырқап кетті.
Өзіңізге өзіңіз ие болыңыз! Əн салуды доғарыңыз! - деді доктор
хатшыға.
Хатшы əндетуін тоқтатып берген кісіге қолындағысын аяйын деп
тұрмағаны бар қимылынан көрініп-ақ тұр, бірақ əнді доғара алмады.
Өткен-кеткендердің құлағына хормен бірге көше қойнауында оған
тажал хайуан тиіспей, мергендердің оғы жет-пепті, деген сыбыс қоса
келді.
Өлең шумағы тəмамдалысымен бикеш дəрігерден валериананы
бірінші болып алды, сосын доктор хатшы мен басқаларға да жүгіріп,
бəріне дəрі ішкізді.
Кешіріңіз, азаматша, - деді кенет бикешке Василий Степанович, сіздерге қара мысық кірген жоқ па?
Қайдағы мысық? - деп шар ете қалды ызақор бикеш. - Біздің
филиалда есек отыр, есек! - Оған тағы мынаны қосып қойды. Естісе
ести берсін! Мен барлығын да айтамын. - Шынында да не болып, не
қойғанын түгел айтып берді.
Ақыры, “жеңіл-желпі көңіл көтерудің түбіне жеткен” (бикештің
айтуынша) қалалық филиалдың меңгерушісі əралуан үйірмелер
ұйымдастырумен əуестенетін адам болып шықты.
-
Басшылықтың көзін бояды, - деп қышқырды бикеш.
Бір жылдың бағдарында меңгеруші Лермонтовты оқып-үйрену,
шахмат-дойбы, пинг-понг жəне салт атпен жүру үйірмелерін
ұйымдастырып үлгерген. Жазға қарай тұщы суда ескек есуді жəне
альпинистер үйірмелерін ұйымдастырам деп шошытты.
Міне, бүгін түскі үзіліс кезінде меңгеруші кіреді.
Қолтығынан алып бір иттің баласын ертіп келді, - деді бикеш. Қайдан шыққаны белгісіз біреу, үстінде алабажақ бешпент, шалбары
да торкөз ала, көзінде сынық пенсне, сиқы адам көргісіз.
Бикештің əңгімесіне қарағанда, сол арада, асханада түстік ішіп
жатқандардың бəріне хор үйірмелерін ұйымдастыру жөніндегі
көрнекті маман ретінде таныстырады оны.
Болашақ альпинистердің жүзі тұнжырап кетеді, алайда меңгеруші
оларды табанда сергектікке шақырып, маман болса қалжыңдап, əзілоспақ айтып, əн-күйдің уақытты аз алатынын, ал оның пайдасы бір
вагонға жүк болатынын ескертті.
Əрине, бірінші болып белсеніп Фанов пен Косарчук шықты,
филиалдың айтулы жағымпаздары олар жазыламыз деп салды, деп
хабарлады бикеш. Қалған қызметшілер де əн-күйсіз адым аттауға
болмайтынын біліп, үйірмеге жазылуға мəжбүр болды. Əн шырқауды
түскі үзіліс кезіне белгіледі, өйткені қалған уақыт Лермонтов пен
дойбыдан бос болмайтын. Үлгі беру үшін меңгеруші даусының тенор
екенін жариялады, одан əрі барлығы үрейлі түстегідей өрбіді.
Алабажақ маман-хормейстер:
- До-ми-соль-до! - деп бақырып, əн салудан қашып шкəптің артына
тығылғандарды алып шықты, Косарчук саз қабылдау қабілетінің
керемет екенін айтып ызыңдап, қарт регент-əншіні жұрттың
құрметтеуін өтініп, камертонды саусағымен дыңғыр-латып “Даңқты
теңізді” дабылдатуын жалына сұрады.
Дабылдатты да. Жəне күндей күркіретіп жақсы дабылдатты.
Алабажақ шынында да өз ісін біледі екен. Бірінші шумақты айтып
шықты. Осы арада регент кешірім сұрап, “бір минөтке” деп шығып
кетті де, содан ізім-қайым болды. Шынында да ол бір минөттен соң
оралады деп ойлаған жұрт. Алайда он минөт өтті - ол жоқ қашып
кетті деп филиалдықтардың қуанышы қойнына сыймады.
Кенет келесі шумақ өз-өзінен айтылды, бұл жолы жұртты Косарчук
ертті, оның саз қабылдау қабілеті керемет болмағанымен, тəп-тəуір
сүйкімді тенор даусы бар-тын. Айтып шықты. Регент жоқ. Орындыорындарына қозғалып еді жұрт, отырып үлгермей еркінен тыс бəрі де
əндетіп қоя берді. Тоқталудың өзі қиямет-қайым болды. Үш минөттей
үнсіз қалады да, дабылдата жөнеледі. Үнсіз тұрады, тұрады да,
самбырлай жөнеледі. Ақыры бір бəленің болғанын білді.
Меңгеруші масқара болып, өз кабинетіне қамалып шықпай қойды.
Осы араға кеп бикеш əңгімесі үзілді. Валерьянка еш көмек бере
алмады.
Ширек сағаттан кейін Ваганьковтағы тортемірге үш жүк маши-насы
келді де, оларға меңгерушіден бастап, филиалдың бүкіл құрамы
тиелді.
Қақпадан шайқатылып алғашқы жүк машинасының көшеге шығуы
мұң екен, платформада тұрған қызметшілер, бірін-бірі иықтарына
ұстай ауыз ашып еді, шолақ көше көп тараған айтулы əнмен
күңіренді де кетті. Оны екінші машинадағылар жаңғыртып, одан əрі
үшінші машинадағылар жалғастырды. Осылай əндетіп кете барды.
Өз шаруасымен жүгіріп жүрген өткен-кеткендер жүк машиналарына
жай ғана көз тастап, оларды қала сыртына экскур-сияға шығып бара
жатқандар болар деп, онша таңдана қойған жоқ. Шынында да, олар
қала сыртына шығып барады, бірақ экскурсияға емес, доктор
Стравинскийдің клиникасына бара жатыр.
Жарты сағаттан кейін басы əбден дал болған бухгалтер ақыры
қазына ақшасынан құтылармын-ау деген үмітпен қаржы-ойынсауық
секторына жетті. Алдағыдан сабақ алып зəрезап болған ол алдымен
абайлап ұзынша залға, ондағы аттары алдын-дағы көмескі
əйнектерге алтынмен жазылған қызметшілерге қарады. Ешқандай
алдаушылық пен тəртіпсіздіктің нышанын бухгалтер байқаған жоқ.
Əдеттегі əдепті мекемелердегідей тып-тыныш.
Василий Степанович “Сомалар қабылдау” деген терезеге басын
сұғып, бейтаныс бір қызметшімен сəлемдесіп, кіріс ордерін сұрады
сыпайылап.
-
Сізге оның не қажеті бар? - деп сұрады терезедегі қызметші.
Бухгалтер қайран қалды.
-
Сома тапсырайын деп едім. Мен Варьетеденмін.
Бір минөт тоса тұрыңыз, - деп қызметші замат терезедегі тесікті
тормен жаба қойды.
“Қызық қой!” - деп ойлады бухгелтер. Оның таңдануы табиғи да
болатын. Мұндай жағдаймен ол өмірінде алғаш рет ұшырасып отыр.
Ақшаны алу қандай қиын екені жұрттың бəріне белгілі, оған кедергі
дегендер əрқашан да табылады. Алайда бухгалтердің отыз жылдық
тəжірибесінде заңды тұлға немесе жеке тұлға болсын ақша
қабылдауды қиынсынған ешкімді кездестірген емес.
Əйтеуір ақыры тор ысырылып, бухгалтер терезеге қайта үңілді.
-
Ал ақшаңыз көп пе? - деп сұрады қызметші.
-
Жиырма бір мың жеті жүз он бір сом.
Оһо! - деп неге екені белгісіз кекесінді жауап қатқан қызметші
бухгалтерге жасыл парақша ұсынды.
Форманы жақсы білетін бухгалтер оны əп-сəтте толтырып, пакеттің
жібін шеше бастады. Əкелген дүниесін ашқанда, оның көзі бұлдырап,
əлденені ауру адамдай шыңқылдады.
Оның көз алдынан шетелдік ақшалар бірінен соң бірі бұлдырап өтіп
жатты. Мұнда не жоқ дейсің, канада долларларының, ағыл-шын
фунттарының, голланд гульдендерінің латыш ладтарының, эстон
крондарының пəшкелері бар болып шықты.
Варьетеден шыққан алаяқ қулардың бірі, міне, мынау! - деген
зəрлі дауыс шықты тіл-аузы байланғандай сілейіп тұрып қалған
бухгалтердің дəл төбесінен.
Сөйтіп Василий Степанович сол жерде табан аузында тұтқындалды.
Он сегізінші тарау ЖОЛЫ БОЛМАҒАН КЕЛЕРМЕНДЕР
Ыждаһатты бухгалтер таксомотормен ызғытып, өзі жазатын кəстөмге
тап болып жүрген мезгілде Мəскеуге келген №9 Киев пойызының
плацкарт жұмсақ вагонына көптің бірі болып, қолында шағын фибра
шамаданы бар шырттай киінген тəп-тəуір жолаушы түсті. Бұл
жолаушы анау-мынау емес, марқұм Берлиоздың наға-шысы, Киевте
бұрынғы институт көшесінде тұратын жоспар-лаушы экономист
Максимилиан Андреевич Поплавский болатын. Максимилиан
Андреевичтің Мəскеуге келу себебі бұрнағы күні кешкісін жеделхат
алған-ды. Оның мазмұны мынандай:
“Мені жаңа ғана Патриархта трамвай басып кетті. Жерлеу жұма күні
күндізгі сағат үште, кел. Берлиоз”.
Максимилиан Андреевич Киевтегі аса ақылды адамдардың бірі
саналатын, ол бағаға жəне лайық та болатын. Алайда ең ақылды
адамның өзін мынандай жеделхат тығырыққа тіремей қоя ма! Кісі
телеграфпен трамвай басып кетті деп өзі хабарлап отырса, өлмегені
ғой. Ал онда жерлеу дегені не сөз? Əлде оның халі өте нашар болған
соң өлетінін біліп отыр ма екен? Ол да мүмкін, бірақ қашан, қай күні,
қай сағатта жерленетінін айтуы тіптен оғаш, əрі түсініксіз. Өзін жұма
күні, күндізгі сағат үште жерлейтінін ол қайдан біледі? Таңғажайып
жедел хат!
Алайда ақылды адамдар алмағайып бытысқан шаруаны дұрыс
шеше білуімен де ақылды емес пе! Шешімі оп-оңай. Қате кеткен,
хатты бұрмалап жөнелткен. “Мені” деген сөз дау жоқ басқа
жеделхаттан түсіп жүр, “Берлиоздан” деген сөздің жалғауы түсіп
қалып “Берлиоз” болып жеделхаттың соңына тіркелген. Осындай
түзетумен оқыса, жеделхаттың мазмұны айқын болады, дегенмен де
қайғылы.
Максимилиан Андреевичтің зайыбына қатты тиген қайғы тасқыны
толастағанда, ол бірден Мəскеуге жинала бастады.
Əйткенмен, Максимилиан Андреевичтің бір құпиясын аша кеткен
абзал. Əрине, қабілет-қарымы, күш-қуаты дер шағында опат болған
жиенінің, анығарақ айтқанда жұбайының жиенінің өлімі өкінішті де
аянышты.
Алайда ол іскер адам ретінде өзінің жерлеуге қатысуының онша
қажеті де жоқ екенін білді. Соған қарамастан Максимилиан
Андреевич Мəскеуге мейлінше асықты. Оның не сыры бар. Барлық
гəп пəтерде боп тұр. Мəскеудегі пəтер деген елеулі мəселе. Неге
екені мəлімсіз, Максимилиан Андреевичке Киев ұнамай жүр,
Мəскеуге көшу ниеті кейінгі кезде жанын жегідей жеп, дұрыс ұйықтай
алмай да қойды. Оны Днепрдің аласа жағалаудағы жердің бəрін
қарық қып көктемде қанатын кең жаятын тасқыны тіпті де қуантпай
жүр. Оны Владимир кінəздің ескерткіші етегінен жарқ етіп ашылатын
таңғажайып сұлулық та қуантпайды. Владимир жотасына шығатын
баспалдақты жолдың кірпіштеріне түсіп, көктемде жарқ-жұрқ етіп
жалтылдап жататын күн шұғыласы да оның көңілін селт еткізбейтін
болған. Олардың бірін де қаламайды, жалғыз-ақ қалауы - Мəскеуге
көшу.
Киевтің Институт көшесіндегі үйді Мəскеуге көлемі шағындау үйге
айырбастау жөнінде берген хабарландыруынан ешқандай нəтиже
шыққан жоқ. Тілек білдірушілер табылмады, табылса да олардың
ұсынысы көңілге қонбады.
Жеделхат Максимилиан Андреевичті дүр сілкінтті. Бұл бір уыстан
шығарып алмайтын сəт. Іскер кісілер мұндай сəттің қайталанбайтынын да жақсы біледі.
Бір сөзбен айтқанда, ешқандай қиындықтан қаймықпай, жиенінің
Садовая көшесіндегі пəтерін мұрагер ретінде алып қалу керек. Иə,
бұл қиын, өте қиын, бірақ қиындықты қайткенмен де жеңіп шығу
шарт. Əккі Максимилиан Андреевич бұл үшін алғашқы əрі міндетті
қадам мынадай болуы керек деп біледі: қайткенмен де, тіпті уақытша
болса да жиенінің пəтеріне тіркеліп алу керек, көлемі көтереді,
табаны күректей үш бөлме.
Жұма күні күндіз Максимилиан Андреевич Мəскеудің Садовая
көшесіндегі №302-бис үйдің үй басқармасының есігінен кірді.
Қабырғасында өзенде суға кеткендердің жанын кіргізудің тəсілдері
бейнеленген плакат ілінген сопақша бөлмеде ағаш үстелдің басында
жападан жалғыз орта жастардағы көзі алақ-жұлақ еткен қырынбаған
бір адам отыр.
Басқарма бастығын көре алармын ба екен? - деп сыпайы ғана
сұрады жоспарлаушы экономист, қалпағын шешіп, қолындағы
шамаданын бос орындыққа қойып жатып.
Неге екені белгісіз, осы бір қарапайым сауал отырған адамның
көңілін бұзып, тіпті оның түсі де өзгеріп кетті. Абыржығаннан көзін
ақшитып түсініксіз бірдеңелерді міңгірледі.
Ол өзінің пəтерінде ме, менің тығыз шаруам бар еді? - деп
сұрады Поплавский.
Отырған адам тағы да түсініксіздеу жауап қатты. Алайда төрағаның
пəтерінде жоқ екенін аңғаруға болатын еді.
-
Ал енді қашан болады ол?
Отырған адам оған ешқандай жауап қайтармай, мұңая терезеге
қарады.
“Аһа!” - деді өзіне-өзі ақылды Поплавский, сосын хатшы туралы
сұрады.
Үстел басындағы жұмбақтау жан қыстыққаннан қызарып кетіп, тағы
да түсініксіз біреулерді шатпақтады, не керек, хатшы да жоқ боп
шықты... қашан келетіні жəне белгісіз... ақыр аяғында хатшы ауру
болып шықты.
“Аһа!” - деді өзіне-өзі Поплавский, - алайда басқармада біреу-міреу
бар ма, өзі?
-
Мен, - деп əлсіз ғана үн қатты отырған адам.
Көріп отырсыз ғой, - деп зердеге жетер сөз бастады Поплавский,
- мен марқұм Берлиоздың бірден-бір мұрагері болып табыламын.
Өзіңізге аян, ол Патриархта қаза тапты ғой, сондықтан мен заңға
сəйкес оның нөмірі елуінші пəтеріне мұрагер ретінде ие болуым
керек.
Одан менің мағлұматым жоқ, жолдас, - деп сөзін бөлді қамығып
отырған кісі.
Алайда, мархабат етіңіз, - деді үнді дауыспен Поплавский, -сіз
басқарма мүшесі болғандықтан міндеттісіз...
Сол сəт бөлмеге бəз-бір азамат кірді. Келген кісіні көргенде отырған
адам бозарып кетті.
Басқарма мүшесі Пятнажко сіз бе? - деп сұрады отырғаннан
келген адам.
-
Мен, - деді ол естілер-естілмес етіп.
Келген кісі отырғанға бірдеңе сыбырлап еді, əбден ашуға булыққан
ол орындықтан атып тұрды, енді бірер минөтте Поплавский бос
бөлмеде шошайып жалғыз қалды.
“Еһ, жиналғанда айтқан орынды болатын еді, ə?..” - деп опына
ойлады Поплавский №50 пəтерге асығып асфальт ауласын кесіп өтіп
бара жатып.
Жоспарлаушы-экономист қоңырау шалысымен есік ашылып,
Максимилиан Андреевич алакөлеңке алдыңғы бөлмеге кірді. Оны
жағдай біраз таңырқатты, оған кімнің есік ашқаны да беймəлім, ауыз
үйде ешкім жоқ, орындықта тек үп-үлкен қара мысық отыр.
Максимилиан Андреевич жөткірініп, аяғын топылдатты, сонда ғана
кабинеттің есігі ашылып, алдыңғы бөлмеге Коровьев шықты.
Максимилиан Андреевич оған сыпайы тағзым етіп, өзін лайықты
ұстап таныстырды.
Менің фамилиям - Поплавский. Мен оның нағашысы болып
табыламын...
Ол сөзін айтып болмай жатып, Коровьев қалтасынан орамалын
жұлып алып, кір екеніне қарамай тұмсығын тықты да, жылап жіберді.
-
... марқұм Берлиоздың ба...
Өйтпейінше қалай, қалай! - деп Коровьев оны сөйлетпей бетінен
орамалын алды. - Өзіңізге көзім түскеннен-ақ сіз екеніңізді жазбай
таныдым. - Ол көз жасын тыя алмай селкілдеп, байбайға басты. Қандай қайғы десейші! Бұл не өзі, не болып барады бұл дүние? Ə?
Трамвай жаншып кетті дей ме? - деп сыбырлай сұрады
Поплавский.
Тура солай, - деп ышқынған Коровьевтің пенснесінің ар жағынан
көз жасы селдеп ақты, - таза турап кетті ғой! Өзім куəсі болдым.
Сенесіз бе - бірден кетті! Басы анадай ұшты. Оң аяғы сарт етіп, қақ
бөлінді! Сол аяғы сарт етіп, тағы да қақ бөлінді. Трамвай дегеніңнің
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Майталман шебер мен маргарита - 14
  • Parts
  • Майталман шебер мен маргарита - 01
    Total number of words is 4188
    Total number of unique words is 2185
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 02
    Total number of words is 4307
    Total number of unique words is 2150
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 03
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2321
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 04
    Total number of words is 4091
    Total number of unique words is 2369
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 05
    Total number of words is 4231
    Total number of unique words is 2275
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 06
    Total number of words is 4275
    Total number of unique words is 2183
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 07
    Total number of words is 4179
    Total number of unique words is 2056
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 08
    Total number of words is 4162
    Total number of unique words is 2288
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 09
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2258
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 10
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2360
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 11
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2204
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 12
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2334
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 13
    Total number of words is 4076
    Total number of unique words is 2131
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 14
    Total number of words is 4303
    Total number of unique words is 2195
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 15
    Total number of words is 4283
    Total number of unique words is 2173
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 16
    Total number of words is 4122
    Total number of unique words is 2215
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 17
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2274
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 18
    Total number of words is 4328
    Total number of unique words is 2150
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 19
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2195
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 20
    Total number of words is 4323
    Total number of unique words is 2138
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 21
    Total number of words is 4279
    Total number of unique words is 2228
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 22
    Total number of words is 4275
    Total number of unique words is 2177
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 23
    Total number of words is 4051
    Total number of unique words is 2294
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 24
    Total number of words is 4132
    Total number of unique words is 2321
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 25
    Total number of words is 4367
    Total number of unique words is 2146
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 26
    Total number of words is 4184
    Total number of unique words is 2326
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 27
    Total number of words is 2124
    Total number of unique words is 1367
    38.1 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.