Latin Common Turkic

Майталман шебер мен маргарита - 11

Total number of words is 4101
Total number of unique words is 2204
32.5 of words are in the 2000 most common words
47.8 of words are in the 5000 most common words
55.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
ұштыққа жармасқан Римский. - Бұның бəрі нені білдіреді?
Кешір, өтінемін, - деді барлығыңқы дауыспен ішке кірген кісі
есікті жауып жатып, - мен сен баяғыда кетіп қалған екен деп
ойлағанмын.
Сосын Варенуха кепкесін шешпей орынтаққа қарай өтіп, үстелдің
екінші жағынан барып отырды.
Айта кету керек, Варенуханың жауабынан бір оқшау сарын
байқалды, жеңіл болғанмен ол сезімталдығы жөнінен əлемнің
таңдаулы кез келген стансасының сейсмографымен таласа алатын
финдиректордың жүрегін түйреп өтті. Бұл қалай болған, өзі? Иесін
жоқ деп болжай тұра, финдиректордың кабинетіне келуі қалай?
Оның өз кабинеті бар емес пе? Бұл - бір. Ал екіншісі: Варенуха
ғимаратқа қай есіктен кірсе де, бəрінде кезекші тұрған жоқ па, оның
үстіне оларға Григорий Данилович біраз уақыт өз кабинетінде
бөгеледі деп ескертіп қойылған.
Алайда бұл оғаш жайт жөнінде финдиректор ұзақ толғанып жатпады.
Оған уақыт та жоқ еді.
Не себепті сен телефон шалмадың? Ялтаға байланысты
қуыршақ ойындарының мəнісі не?
Мен де соны айтамын ғой, - деп ауру тісі мазасын алғандай
ауызын сылп еткізді əкім. - Оны Пушкинодағы театрдан тауыпты.
Пушкиносы қалай? Ол Мəскеу түбінде емес пе? Ал жеделхаттар
Ялтадан?!
Ялтасы құрып кетсін, ол емес Пушкиноның телеграфисін ішкізіп,
екеуі ойындағысын істеп, жеделхаттарды, “Ялта” деген белгі соғып
жіберіп отырған да.
Аһа... аһа... Ал жарайды, жарайды... - деп Римский жай айтпай,
əндете жөнелгендей болды. Жанары оның жалқын жалынмен
жарқылдады. Басында Степаны масқаралап орнынан алудың
салтанатты көрінісі қалыптасты. Құтылу! Лиходеев ұсқынындағы
қырсықтан финдиректордың көп күткен құтылуы. Бəлкім, Степан
Богданович қызметтен босатудан да артық жаза алар. - Бүге-шігесіне
дейін білу керек! - деді Римский сиясорғышпен үстелді тықылдатып.
Варенуха енді бақайшақтап айтуға кірісті. Финдиректор жіберген
жерге барысымен-ақ бұны бірден қабылдап, мейлінше мұқият
тыңдайды. Əрине, Степа қас пен көздің арасында Ялтада болады
деген ой ешкімнің түсіне де кірмеген. Бəрі де табанда Варенуханың
болжамына ден қойып, Лиходеев, əрине, Пушкино-ның “Ялтасында”
дегенге келісті.
Əйткенмен, қазір ол қайда? - деп əкімнің сөзін бөлді қобалжыған
финдиректор.
Ал, ол қайда болушы еді, - деді миығынан күліп əкім, - кəдімгі
айықтырғышта.
-
О, уо! Ай, рақмет!
Варенуха болса, əңгімесін жалғастыра берді. Ол қаншалық ұзақ
баяндаған сайын финдиректордың көз алдынан Лиходеев
арсыздығы мен оспадарлығының ұзақ-сонар тізбесі айқын созылды.
Оның Пушкино телеграфының алдындағы саздауытта лəйліп жүрген
бір сырнайшыға қосылып, мас телеграфистпен билегенінің өзі не
тұрады! Қорыққанынан шыбын жаны шырқырап тұра қашқан
азаматшаны қыр соңынан қалмай қуғаны тағы бар. “Ялтаның”
өзіндегі буфетшімен төбелесуге дейін барғаны ше! Сол “Ялтаның”
еденіне, көк жуаны айнала шашқаны қай ақылға сыяды! “Ай-Даниля”
жұмсақ шарабының сегіз шөлмегін сындырды емес пе. Аямай
Степаға машинасын тосқан такси шоферінің есеп машинасын
сындырғанын қайда жасырарсың! Степаның бейбастақтығын тыюға
тырысқандарды тұтқындатамын деп қорқытқанын қайтерсің. Бір
сөзбен айтқанда, сұмдық сойқан!
Степа Мəскеудің театр тобына жақсы таныс, оның құдайға қараған
адам емесін бəрі біледі. Алайда əкім дəптеткендердің бəрі қалай
дегенмен де Степа үшін тым артық əрі ересен. Иə, тым артық. Тіпті
ересен.
Римскийдің уытты көзі үстел арқылы əкімнің жүзіне қадалды, оның
əңгімесі созылған сайын оның көзі түнере түсті. Əкім жиіркенішті
хикаясын өміршеңдендіріп, əрлендіре түскен сайын оған
финдиректер илана бастаған еді. Ал Варенуха Степаның жүгенқұрық алып дəсіп кеткені сондай, тіпті Мəскеуге алып кету үшін əдейі
келген кісілерге де бағынбай, қарсылық көрсетуге тырысты дегенде,
финдиректор түн ортасында оралған əкімнің бұған айтқанының бəрі
бастан-аяқ өтірік екенін анық білді. Алғашқы сөзінен бастап
ақырғысына дейін шылғи өтірік.
Варенуха Пушникоға барған жоқ, Пушкинода Степаның өзі де болған
жоқ. Мас телеграфист те, трактирдің сынған əйнегі де болған жоқ.
Степаны ешкім бұғалық тастап ұстамаған... - Бұның бірде-бірі болған
жоқ.
Əкім өзіне өтірік айтып тұр деген ойға беркігенде ғана финдиректордың тұла бойын басынан қара бақайшағына дейін үрей
кеуледі, оған тағы да безгектің сасық дымқыл иісі еденде жорғалап
бара жатқандай сезілді. Мамықтақта біртүрлі бүрісіп, үстелүсті
шамының көгілдір жарығының көлеңкесінен шыққысы келмей, бөгет
боп отырған шам жарығынан газетпен ғажайып көлегейлен-ген
əкімнен бір сəт те көз тайдырмаған финдиректорда бұның бəрінде не
мəніс бар деген бір ғана ой болды. Мынау қақырап бос қалған, ыңшыңсыз ғимаратқа тым кеш оралған əкім ұялмай мұнша неге өтірік
айтады? Сондықтан беймəлім, қатерлі қауіпті сезіну финдиректорды
торықтырып, өзегін өртеді. Əкімнің айла-шарғысы мен
көзбояушылығын байқамағандай сыңай танытып, өтірігін енді
тыңдамай, финдиректор оның бетіне үңілді. Пушкинодағы ойдан
шығарылған оқиғалар жөніндегі жала əңгімеден басқа да бірдеңелер
тіптен түсініксіз болды, əкімнің сырт кескіні мен жүріс-тұрысындағы
өзгерістер ненің салдары екен?
Кепкесінің үйрек тұмсығындай күнқағарын ол бетіне көлеңке түсіргелі
көзіне кисе де, газетті қалай бұлғаса да финдиректор оның сол жақ
бетіндегі мұрнына дейін жайылып көгеріп кеткен соққы ізін көріп
қалды. Оның үстіне қаны бетіне теуіп тұратын əкімнің өңі ауру
адамдай бозарып, мынандай қапырық түнде мойнын көнетоз ала
мойынорамалмен орап алыпты. Егер бұған əкімнің жоқ боп кеткен
кезде тауып алған ернін сорып, сылпылдатып отыру дағдысын,
даусының кілт өзгеріп, қатқыл тартып дөрекіленуін жəне көзіндегі
қорқақтықты қоссаңыз, Иван Савельевич Варенуха адам танырлық
емес деп айтуға əбден болады.
Қабынған миын қанша жегіп, Варенухаға қанша тесілгенмен өз
жанын не өртеп бара жатқанын финдиректор түсінбей-ақ қойды. Бірақ нəрсеге көзі қазір кəміл жетіп отыр, ол əкімнің жақсы таныс
орынтағымен қауышуында көзге көрінбейтін жасанды бірдеңе бар
екені.
- Əйтеуір, ақыры ұстап босатпай машинаға артып та жібердік, - деп
гүжілдеді Варенуха газеттің сыртынан қарап, көгерген бетін
алақанымен жауып.
Римский кенет қолын созып, саусақтарын ойнатқандай болып
алақанымен электр қоңыраудың түймесін басып қап, сілейіп отыра
қалды.
Қаңыраған ғимаратта шар еткен дабыл сөз жоқ бірден естілген болар
еді. Бірақ бұл дабыл болмады, түймеше үстелге жабысқан қалпы
жансыз қалды да қойды. Қоңырау бұзылып қапты.
Финдиректордың қулығы Варенухадан қағас қалған жоқ. Ол өрекпіп,
көзінен ашу оты ұшқындап, себебін сұрады.
-
Не үшін қоңыраулатып жатырсың?
Əшейін байқамай қолым тиіп кетті, - қолын тартып алып қатқыл
жауап қатты финдиректор жəне өз кезегінде батымсыздау үнмен: Сенің бетіңе не болған, неден көгерген? - деп сұрады.
Машинамыз тайғанақтап, есіктің тұтқасына соғып алдым, -деп
жауап қатқан Варенуха көзін бұрып əкетті.
“Өтірік айтып тұр!” деді ойша финдиректор. Кенет көзі шарасынан
шығып, мүлдем ойсызданып, мамықтақтың арқасына қадалды да
қалды.
Мамықтақтың артында айқасқан екі көлеңке еденге түсті, бірі
қоюырақ қап-қара да, екіншісі əлсіздеу сұрғылт. Еденде мамықтақтың көлеңкелі арқасы мен оның үшкір аяқтары айқын көрінді,
алайда одан арқаның үстінен Варенуханың көлеңкелі басы көрінбеді,
сол сияқты оның аяғы да тақ астынан көзге түспеді.
“Ол көлеңкесін де түсірмейді!” - деп ойша өкініп, іштей айғайлады
Римский, денесі қалшылдап кетті.
Римскийдің ойсыз назарына еріп, Варенуха мамықтақтың арқасына
мойнын бұрып ұрлана қарады да, оның ашық екенін түсінді.
Ол орнынан тұрды (финдиректор да соны тосады), сосын үстелден
бір қадам шегінді, қолында қысып ұстаған портфель.
Біліп қалды, қарғыс атқыр! Қашанда сұңғыла еді, - деді Варенуха
финдиректордың бетіне тура қарап ызалана мырс етіп, сосын
мамықтақтан есікке атқып барып, ағылшын құлпының түймесінен
шапшаң төмен қарай бұрады. Финдиректор басқа жақтағы терезеге
қарай шегініп, өкіне жалт қарады. Ай сəулесі құйылып тұрған
терезеден ол əйнекке жабысқан жалаңаш қыздың жүзін көрді, жалаң
қолын желдеткішке тығып төменгі ысырманы ашқалы жатыр екен.
Жоғарғысын ашып та үлгеріпті.
Римскийге үстел шамы сөніп, үстелдің өзі қисайып бара жатқан-дай
көрінді. Римскийді мұзтолқын соғып өткендей болды, бақытына қарай
ол өзін ұстай біліп, құламай қалды. Оның қалған күші айғайламай:
- Жəрдемдесіңдер... - деп сыбырлауға ғана жетті.
Варенуха есікті аңдып, соның маңында секіріп, ауаға ілініп, ұзақ
теңселіп тұрды. Айқасқан саусақтарын Римский жаққа сілтеп,
ысылдап, пысылдап, терезедегі бикешке ым қақты.
Қыз аласұрып, жирен басын желдеткішке сұғып, қолын жеткенінше
созып, тырнағымен төменгі тиегін тырналап, раманы шайқалта
бастады. Қолы резеңке сияқты барған сайын ұзарып өліктей жасыл
тартты. Ақыры жасыл саусақтар тиектің басына тістей қабысып,
бұрап жіберіп еді, рама ашылуға айналды. Римский əлсіз дауыстап,
қабырғаға жабысып, қалқан құсатып, портфелін алдына ұстады.
Ажалы жеткенін түсінді.
Рама айқара ашылды, алайда түнгі салқындық пен жұпардың орнына
бөлмеге жертөле иісі лап қойды. Өлік əйел терезенің тақтайшасына
шықты. Римский оның кеудесінен жиду дақтарын айқын көрді.
Сол мезетте бақтан, тирдің аржағындағы бағдарламаға қатыса-тын
құстар бағылатын аласа қорада қораздың күтпеген шат айғайы жетті.
Үйретілген бақырауық қораз Мəскеуге шығыстан таң сырғып келе
жатқанын хабарлап, жар салды.
Қыздың жүзін долданған ашу-ыза тыржитып, қырылдаған дауыспен
балағаттап-ақ берді. Есікте шырылдап тұрған Варенуха əуеден жерге
сылқ ете қалды.
Қораздың айғайы қайталанып, бикеш тісін шықырлатып, жирен
шашы түгел тікірейіп кетті. Қораздың үшінші айқайымен ол жалт
бұрылып, аулаққа ұшты да жөнелді. Оның ізімен секіріп, ауада
көлбеу көсіліп тұрды да, ұшып жүретін купидонды еске түсіріп, жазу
үстелі арқылы Варенуха да баяу қалықтап терезеден шықты.
Қардай аппақ, бір тал қара шашы қалмаған, таяуда ғана Римский
болып жүрген шал есікке жүгіріп келіп, түймешесін ысырып ашты да,
қараңғы дəлізбен жүгіре жөнелді. Баспалдаққа бұрылар жерде ол
қорқыныштан қалтырап, сипалай жүріп шамсөндіргішті тапты, басып
қалып еді, басқышқа жарық түсті. Сол арада шал дірілдеп,
қалшылдап құлай кетті, өйткені оған жоғарыдан Варенуха үстіне
құлап келе жатқандай көрінді.
Төменге жүгіріп түсіп Римский вестибюльде кассаның алдын-дағы
үстелге қисайып ұйықтап отырған кезекшіні көрді. Оның жанынан
аяғының ұшымен басып білдірмей есікке қарай өтті. Көшеде бойы
недəуір сергіп қалды. Ол өзіне-өзі соншалық келіп, басын ұстай
алды, өйткені ойына қалпағының кабинетте қалып қойғаны түсті.
Қалпағы үшін оның қайта оралмағаны өз-өзінен түсінікті, алқына
ырсылдап ол кең көшені көктей өтіп қарсы беттегі кинотеатр тұрған
бұрыштан көрінген көмескі қызғылт отқа қарай жүгірді. Араға минөт
салып ол сонда болды да. Əйтеуір машинаны ешкім алып кетіп
үлгермеген екен.
Ленинградтың курьер пойызына жеткіз, шайлығыңды беремін, деді əрең дем алып, жүрегін ұстаған шал.
Гаражға бара жатырмын, - деп ытырына жауап қатқан шофер
бұрылып кетті.
Болмаған соң Римский портфелін ашып, одан елу сомдықты суырып
ашық терезе арқылы оны шоферға ұсынды.
Бірер сəттен кейін салдырлаған машина құйындай ұйтқып, Садовая
айналма жолымен заулады. Жолаушыны отырғышта да, шофердің
алдына ілінген айнаның сынығында да селкілдетті. Римский одан
қуанышты шофер мен өзінің ойсыз көзін көрді.
Вокзал ғимараты алдында машинадан секіріп түсіп Римский көзіне
бірінші түскен ақ алжапқышты, айылбас белгілі кісіге айғай салды:
Бірінші категориялы, біреу, отыз беремін, - деп асығыс-үсігіс
портфелінен шеруондарды суыра бастады, - бірінші болмаса,
екіншісі, ол да болмаса, қаттысы да жарайды.
Айылбас белгілі адам жарықты сағатқа бұрыла қарап, Римский-дің
қолындағы ақшаны қақшып алды.
Араға бес минөт салып, вокзалдың əйнек мұнарасы астынан курьер
пойызы аттанып, қараңғылыққа сүңгіп ғайып болды. Сонымен бірге
Римский де жоқ боп кетті.
Он бесінші тарау
НИКАНОР ИВАНОВИЧТІҢ ТҮСІ
Клиникадағы №119 бөлмеге орналастырған беті торсықтай қызыл
жуантық Никанор Иванович Босой екенін болжап білу қиын болмас.
Алайда ол профессор Стравинскийге бірден түскен жоқ, алдын ала
басқа жерде болып шықты.
Əлгі басқа жерден Никанор Ивановичтің есінде қалғаны шамалы.
Есіндегісі жазу үстелі мен шам жəне диван.
Онда қан құйылып көз алды тұмантқан, əрі қатты толқып алабұртқан
Никанор Ивановичпен əңгімеге кірісті, бірақ əңгіме біртүрлі оғаштау
шығып, бытысып кетті мүлдем еш нəтиже болмады.
Никанор Ивановичке берілген алғашқы сауал мынадай:
Сіз Никанор Иванович Босой, Садовая көшесіндегі нөмірі үш жүз
екі-бис үйкомының төрағасысыз ғой?
Бұған Никанор Иванович қатерлі күлкімен қарқылдап, тура былай
деп жауап қатты:
Мен - Никанор, əрине, Иванович! Бірақ мені төраға деу қай
мазақ?
Сонда қалай? - деп сұрайды Никанор Ивановичтен көзін
сығырайтып.
Онда былай, - дейді ол, - əгəрки мен төраға болсам, онда оның
сайтан, тылсым күш екенін бірден анықтау керек. Ал бұны не деуге
болады, өзі? Пенснесі сынық, кигені шоқпыт. Қалайша ол шетелдіктің
аудармашысы бола алады?
-
Кім туралы айтып тұрсыз? - деп сұрайды Никанор Иванович-тан.
Коровьевті айтамын, - деп айғай салды Никанор Иванович, Біздің елуінші пəтерге баса-көктеп кіріп алды. Жазыңыз: Коровьев!
Оны дереу ұстау керек. Жазыңыз: алтыншы көше жақтағы есік, ол
сонда.
Валютаны қайдан алдың? - деп ойлана сұрады Никанор
Ивановичтен.
Құдай бар ғой, құдіреті күшті жаратқан, - деп сөз бастады
Никанор Иванович, - сол бəрін көріп тұр, менің де жолым солай
қарай. Қолыма ешқашан ұстамаған, көзім көрмеген ол қандай
валюта. Жалған айтсам жазалар. - ЬІнты-шынтымен осылай сөзін
жалғап Иванович бірде жейдесінің түймесін ағытып, бірде қайта
салып, бірде шоқынды, - алдым! Бірақ өзіміздің кеңес ақшасымен
алдым. Болар іс болды, таласпаймын, ақша үшін қол қойдым. Біздің
хатшы Пролежнев те жақсы! Турасын айтайық, бүкіл ұрылар үй
басқармасында. Бірақ мен валюта алғаным жоқ!
Ақмақсынбай валютаның желдеткішке қалай түскенін айт деген
өтінішке Никанор Иванович тізерлеп отыра қап, əрлі-берлі теңселіп,
паркетті де жұтып жіберердей боп аузын арандай ашты.
Қаласаңыздар, алмадым деп топырақты да асайын, - деп өкірді
ол. - Бəрін істеп жүрген Коровьев - сайтан.
Шыдамның да шегі бар, үстел басындағылар енді дауыс көтере
бастады, Никанор Ивановичке адамша сөйлейтін уақыт жетті
дегендей белгі де берді.
Осы арада сол баяғы диваны бар бөлмені тізерлеген жерінен атып
тұрған Никанор Ивановичтің долдана бақырған даусы басына
көтерді.
Ол əне! Əне шкəптің сыртында тұр. Мазақтап мысқылдауын
қарашы! Пенснесі де соның өзінікі... Ұстаңдар оны! Аластаңдар
бөлмені!
Никанор Ивановичтің бар қаны бетіне шапшыды, дірілдеп,
қалшылдап ол ауаны қармады, есікпен екі ортада ерсілі-қарсылы
сендетілді, ыңылдап бір дұға оқыды, ақыры, аузына келгенін
мыжыды.
Ешқандай əңгімеге Никанор Ивановичтің жарамайтыны əбден айқын
болды. Оны шығарып, бөлек бөлмеге орналастырды, онда біраз
басылып, тек ғибадат қып, өксіп жылай берді.
Əрине, Садовая көшесіне баратын адамдар барды, №50 пəтерде де
болды. Алайда одан ешқандай Коровьевті таппады, үйдегілер оны
көрмеген де білмеген. Марқұм Берлиоз бек Ялтаға кеткен Лиходеев
тұрған пəтер мүлдем қаңырап бос тұр, кабинетте шкəптарға ілінген
сорғышты мөр ешкім тиіспей дін аман тұр. Келгендер Садоваядан
соны көріп кетіп қалды, олармен бірге еңсесі түсіп апалақтаған үй
басқармасының хатшысы Пролежнев те кетті.
Кешкісін Никанор Иванович Стравинскийдің клиникасына жеткізілді.
Онда оның өзін мазасыз ұстағаны сондай, рецепт бойынша бірдеңе
бүркуге тура келді, тек түн ортасынан ауғанда ғана 119-шы бөлмеде
əрең ұйықтады, ауық-ауық ауыр күрсініп, ыңырсып жатты.
Алайда уақыт өткен сайын оның ұйқысы да тынышталайын деді. Ол
дөңбекшіп, аһылап-уһілеуін қойды, біркелкі жеңіл тыныстай бастады
да, оны жалғыз қалдырды.
Енді Никанор Иванович түс көре бастады, түсінің арнасы, сөз жоқ,
бүгінгі бастан кешкендері. Никанор Ивановичті бəз-бір адамдар
қолдарына алтын керней ұстап салтанатты жағдайда жалтыраған бір
есіктерге əкеле жатыр екен дейді. Есік алдында серіктері Никанор
Ивановичтің құрметіне құттықтау күйін тартатын секілді, сосын
аспаннан бір зор дауыс шаттана айқайлап:
-
Хош келдіңіз, Никанор Иванович! Валютаны тапсырыңыз! -дейді.
Кереметтей қайран қап Никанор Иванович тап төбесінен қазандай
қара дауыскүшейткішті көрді.
Сосын ол, неге екені белгісіз, театр залынан бір-ақ шықты,
алтындаған күмбезінде хрусталь люстралар жарқырап, қабырғалары толы ою-өрнек. Барлығы да аса бай театрларда болатындай
дəу де көлемді. Шие түстес қанқызыл, бетіне жұлдызшалар себілген
барқыт шымылдық көз тартады, суфлер будкасы, тіпті көрермендер
де бар сияқты.
Никанор Ивановичті таңғалдырғаны көрермендердің бəрі бір
жынысты - кілең еркектер болғаны жəне неге екені белгісіз бəрі де
сақалды. Тағы бір қайран қалдырғаны - театр залында бірде-бір
орындықтың болмауы, көрермендердің бəрі айнадай жалты-ратып
сүртілген еденде отыруы.
Жаңа да үлкен қауымда қысылып Никанор Иванович біраз уақыт
бүгіжіктеп тұрды да, жалпы үрдіске еріп, паркетке түрік-терше
малдасын құрып отырды жəне алпамсадай сары сақалды мен қуқыл
тартқан сақал-мұрты өсіп кеткен бір азаматтың арасына сұғынды.
Отырғандардың ешқайсысы да жаңадан келген көрер-менге назар
аударған жоқ.
Сол сəт қоңыраудың майда сыңғыры естіліп, жарық сөнді де,
шымылдық ашылды, жарқырап мамықтағы, үстінде қоңырауы тұрған
үстелі бар, қара барқытпен көмкерілген сахна көрінді.
Сахнаның сыртынан үстінде жібекпен сейсептелген бешпенті бар,
мұнтаздай қырынған, шашын екі қайырып тараған бет бейнесі өте
сүйкімді жас əртіс шықты. Залдағы көпшілік қозғалып, сахнаға
бұрылды. Əртіс будкаға келіп қолын сүртті.
Отырсыздар ма? - деп сұрады майда барқыт үнмен залға жымия
күліп.
Отырмыз, отырмыз, - деп алуан үнмен жамырай жауап берді
залдан.
Ім... - деп ойланып қалды əртіс. - Сіздерді қалай зеріктір-мейтінін
түсінбеймін. Жұрттың бəрі адам құсап қазір көшеде жүр, олар көктем
шуағына рақаттанып жүргенде сіздердің осында қапырық залда
қамалып отырғандарыңыз қызық! Соншалық бағдарлама тым қызық
па? Айтқандай, кімге не ұнайды деген бар ғой, - деп ол сөзін
пəлсапамен аяқтады.
Сосын ол даусының ырғағы мен мақамын ауыстырып, көтеріңкі
көңілмен мынаны жариялады.
Сонымен, біздің бағдарламаның келесі нөмірінде - үй комитетінің
төрағасы əрі диетикалық асхананың меңгерушісі Никанор Иванович
Босой. Кəнекей Никанор Ивановичті сұрайық!
Ду қолшапалақтау артиске берілген жауап болды. Таңырқаған
Никанор Ивановичтің көзі аташтай болды, ол конферансье рампаның
жарығынан бетін көлегейлеп, көзімен іздеп оны отырғандардың
арасынан тауып алып, саусағымен еліктіріп сахнаға шақырды. Сөйтіп
Никанор Иванович қалай келгенін де білмей, сахнадан бір-ақ шықты.
Оның көзін төменнен де, алдан да түрлі түсті шамдардың жарығы
қарықтырып, зал көрермендерімен бірге қараңғылыққа сүңгіп
кеткендей болды.
Ал енді, Никанор Иванович, бізге үлгі көрсетіңіз, - деп
сырласындай сөйледі жас əртіс, - сөйтіп валютаны тапсырыңыз.
Үнсіздік орнады. Никанор Иванович алқынын басып баяу үн қатты:
-
Құдай атымен ант етемін, менде...
Алайда ол айтарын айтып үлгермей, бүкіл залды наразылық айқайы
жаңғырықтырып жіберді. Никанор Иванович абдырап, үндей алмай
қалды.
Сіздің қаншалықты түсінсем, - деді бағдарлама жүргізуші, -менде
валюта жоқ деп құдай атымен ант бергіңіз келді-ау деймін.
-
Осыны айтып ол Никанор Ивановичке аяушылықпен қарады.
-
Дəл солай, жоқ, - деп жауап қатты Никанор Иванович.
Солай деңіз, - деп үн қатты əртіс. - Əбестігім болса кешіріңіз,
пəтеріңіздің əжетханасынан табылған төрт жүз доллар қайдан келді,
ол пəтерде əйеліңіз екеуіңізден басқа ешкім тұрмайды емес пе?
Сиқырлы ақшалар шығар! - деп қараңғы залдан біреу айқын
келемеждеді.
Дəл солай сиқырлы, - деп батымсыздау жауап қатты Никанор
Иванович аты-жөні жоқ біреулерге арнағаны əлде əртіске арнағаны
белгісіз, бəлкім қараңғы залға айтқан шығар, сосын анықтай түсіп: тылсым күш, əлгі алабажақ аудармашы тастады оны, - деді.
Зал қайтадан наразылық білдіріп дүрлігіп өкіре жөнелді. Ол
тыншығанда барып əртіс сөйледі.
Маған Лафонтеннің міне қандай мысалын тыңдауыма тура
келеді. Біреу төрт жүз доллар тастаған екен делік! Сонда осында
отырған бəріңіз валюташы болғандарыңыз ғой. Сіздерге мамандар
ретінде айтып отырмын - осы ақылға сыя ма? Ойға келер іс пе, өзі?
Біз валюташы емеспіз, - деп ренжіген жеке дауыстар естілді
залдан. - Ал бұл ақылға қонбайтын, ойға келмейтін іс.
-
Пікірлеріңізге бастан-аяқ қосыламын, - деп нық айтты əртіс.
-
Сізден тағы да сұраймын: не тастап кетуі мүмкін?
-
Баланы тастап кетеді! - деп айғайлады залдан.
Тіптен дұрыс айтасыз, - деп растады оны бағдарлама жүргізу-ші.
- Баланы, домалақ хатты, прокламацияны, тозақ машинасын, солар
сияқты тағы бірдеңелерді тастап кетуі мүмкін, ал төрт жүз долларды
ешкім тастай қоймас, өйткені ондай нақұрыс бұл жалғанда жоқ. Сосын Никанор Ивановичке қарап əртіс мұңая тұрып кінəлай
сөйледі: - Мені қатты қапаландырдыңыз, Никанор Иванович. Мен
болсам сізге сенген едім. Сонымен, нөміріміз шықпады.
Залда Никанор Ивановичке арналған ысқырық естілді.
Валюташы ол! - деп айғайлады залдан, - осындайлар үшін
жазықсыз біз жапа шегеміз.
Оған ұрыспаңдар! - деді жұмасақ сөйлеп конферансье, - ол
өкініп тұр. - Сосын Никанор Ивановичке жасқа толы көгілдір көзін
аударып: - Жарайды, орныңызға бара қойыңыз, Никанор Иванович, деді.
Осыдан кейін қоңырау қағып əртіс:
-
Антракт, оңбағандар! - деп дауыстады.
Өзі үшін күтілмеген театр бағдарламасының қатысушысы болып
зықысы шыққан Никанор Иванович қайтадан едендегі өз орнынан
бір-ақ шықты. Осы жерде оның түсіне залдың қараңғы түнекке
оранып, қабырғаларынан қып-қызыл отпен жазылған: “Валютаны
тапсырыңыз!” деген жазу шыққаны кірді. Сосын шымылдық қайта
ашылып, конферансье:
Сергей Герардович Дунчильдің сахнаға шығуын өтінеміз! -деп
шақырды.
Дунчиль былайша келбетті, бірақ күтінбейтін, алқам-салқам жүретін
елулердегі кісі екен.
Сергей Герардович, - деді оған конферансье, - міне, сіз осы
арада бір жарым ай отырсыз, өзіңізде қалған валютаны қасарысып
өткізбейсіз, ал ел болса ақшаға зəру, сізге ол қаржының еш қажеті
жоқ қой, ал сіз табандап айтқанға бақпайсыз. Сіз ғой, зиялы адамсыз,
бəрін де тамаша түсінесіз, бірақ айтқаныма илігіп, көнбей-ақ
қойдыңыз.
Өкінішке қарай, ештеңе істей алмаймын, өйткені менде валюта
деген жоқ, - деп сабырмен жауап қатты,
Ол болмаса тым-құрыса жауһарларыңыз жоқ па? - деп сұрады
əртіс.
-
Жауһар да жоқ.
Əртіс басын салбыратып ойланып қалды да, сосын алақанын
шапалақтады. Сахнаның сыртынан сəнмен киінген, үстінде жағасыз
пəлтесі, басында титімдей қалпағы бар орта жастардағы əйел
шықты. Жүзінде үрей бар, үрпиіп тұр, Дунчиль оған қас қақпай
қарады.
-
Бұл əйел кім? - деп сұрады Дунчильден бағдарлама жүргізуші.
Бұл менің əйелім, - деп мардымси жауап қатты Дунчиль, сосын
əйелінің сорайған ұзын мойнына жиіркене қарады.
Біз сізді, мадам Дунчиль міне, мынадай мəселемен мазалап
отырмыз, - деді əйелге конферансье, - жұбайыңызда тағы да қалған
валюта бар ма деп сұрамақшы едік.
Анада ол барлығын тапсырған, - деп толқи жауап берді Дунчиль
мадам.
Демек, олай болса не амал бер, - деді əртіс. - Егер барлығын
тапсырған болса, лаж қанша, Сергей Герардовичпен қоштасуға тура
келеді. Қаласаңыз, Сергей Герардович театрдан кете беруіңізге
болады, - деп əртіс патшалық қылық жасады.
Дунчиль байсалды ғана паңдана бұрылып, сахнаның сыртына қарай
беттеді.
Бір минөтке тұра тұрыңызшы! - деп тоқтатты оны əртіс. Қоштасарда сізге бағдарламамыздан тағы бір нөмір көрсетуге мұрсат
етіңіз, - деп алақанын қайта шапалақтады ол.
Артқы қара шымылдық ысырылып, сахнаға үстінде балға киетін
төгілген көйлегі бар жас ару шықты, қолында алтын табақша, онда
кəмпит лентасымен буылған қалың бір пəшке ақша мен жауһар алқа,
алқадан жан-жаққа қызыл, сары көгілдір оттар шашырайды.
Дунчиль бір қадам шегініп кетті, жүзі аппақ қудай. Зал сілтідей
тынды.
Он сегіз мың доллар жəне қырық мың алтын тұратын алқа, -деп
салтанатпен хабарлады əртіс. - Харьков қаласында Сергей
Герардович ашынасы Ида Геркулановна Ворстың үйінде осынша
байлық жасырған. Кəдеге аспай жатқан осынау баға жетпес
қазынаны табуға көмектескен сол ару, міне, алдарыңызда тұр. Ида
Геркулановна, сізге зор рақмет!
Ару тісін жарқыратып жымиды да, ұзын кірпіктері дір ете қалды.
Ал сіздің мардымсыған маңғаз пішініңіздің астарында таңданарлық түксиген бүйі мен тасемен ұры жатыр жасырынып. Осы
біржарым айдың ішінде қасарма топастығыңызбен жұрттың бəрін
титықтатып, зықысын шығардыңыз. Жарайды, үйіңізге тайып
тұрыңыз, сіздің жазаңыз барған соң зайыбыңыз жасайтын тозақ
болсын.
Дунчиль теңселіп кетті, шамасы құлай кеткісі келген болу керек, бірақ
біреудің жылдам қолы демеп қалды. Сол сəт алдыңғы шымылдық
сылқ ете түсіп, сахнада болғандардың барлығын көзден таса қылды.
Құтырынған қолшапалақтар залды тітірентіп, Никанор Ивановичке
төбедегі люстралардан от шашырап жатқандай көрінді. Ал, алдыңғы
қара шымылдық жоғары көтерілгенде сахнада жалғыз əртісен басқа
ешкім болмады. Ол қолшапалақтаудың екінші дүркінін тоқтатып,
басын иіп, сөз бастады:
Əлгі Дунчиль болып сіздердің алдыңызда біздің бағдарла-маның
кəдімгі есегі шықты. Əйтпесе мен кеше ғана валютаны құпия сақтау
келеңсіздік те ойсыздық деп айттым емес пе. Оны қандай жағдайда
да ешкім пайдалана алмайтынына кепілдік беремін. Мысалға мынау
Дунчилді-ақ алайықшы. Ол тамаша жалақы алып жүрген, ештеңеден
жоқтық көрмеген жан. Оның ғажап пəтері, əйелі жəне ару ашынасы
бар. Соны місе тұтып тып-тыныш бейқам өмір сүрудің орнына,
валюта мен тастарды тапсырып, алаңсыз жүрудің орнына бұл
даңққұмар топас жұрттың алдында масқара боп əшкереленіп
отбасылық үлкен іріңгезекке душар болды. Сонымен, тағы кім
тапсырады? Тілек білдірушілер жоқ па? Олай болса,
бағдарламамыздың келесі нөмірімен сахнаға белгілі драмалық
дарын, арнайы шақырылған əртіс Куролесов Савва Потапович
шығып ақын Пушкиннің “Сараң серісінен” үзінді оқиды.
Уəде еткен Куролесовы көп күттірмей сахнаға да шықты, ақ галстук
тағып фрак киген ұзын бойлы, етженді еркек екен.
Ешқандай кіріспесіз-ақ қабарған жүзін ашып, бір қабағын қозғап
қойып, алтын қоңырауға жанасып жасанды үнмен сөйледі:
Жас мондыбас кездесуді күтеді, қу бикешпен қыздай құлын
мүшелі...
Сосын Куролесов өзі туралы талай-талай əбес сөздер айтты.
Никанор Иванович Куролесовтың өз алдында бір бейбақ жесірдің
жаңбырлы күні тізерлеп тұрғанын, бірақ оған əртіс жүрегі жібімегенін
мойындады. Никанор Иванович түс көргенге дейін ақын Пушкиннің
шығармаларын мүлдем білмеуші еді, бірақ “Пушкин пəтер ақысын
төлер ме екен?” немесе “Баспалдақтағы шамды Пушкин бұрап алған
шығар”, “Демек, жермайды Пушкин сатып алуы керек” деген тəрізді
тіркестерді ерні жыбырлап əлденеше қайталады.
Енді оның бір шығармасымен танысып, Никанор Иванович əбден
шатасты, уайымға батты көз алдына жаңбырлы күні жылап, тізерлеп
тұрған үйінде жетімдері бар бейбақ жесірді аяп, “дегенмен мына
Куролесовың сүмелек екен” деп ойлады.
Ол болса, даусын көтере түсіп, өкінішін одан сайын үдетіп, Никанор
Ивановичті тіптен шатастырды, өйткені əртіс кенет сахнада жоқ бəзбіреуге сөз арнап, сол жоқ адамның орнына біресе “патша”, біресе
“барон”, біресе “əкем”, біресе “ұлым” деп, бірде “сізге”, біресе “сенге”
көшіп, өзі ғана сөйледі.
Сосынғы Никанор Ивановичтің түсінгені əртісің: “Кілт, кілттерім
менің!” деп айқайлап, еденге сылқ ете түсіп, қырылдап, галстуғын
абайлай ағытып, жаман өліммен жан тапсырғаны.
Кенет өліп жатқан Куролесов атып тұрып шалбарының шаңын қағып,
көрермендерге тағзым етіп, жасанды күлкімен жымиып, сирек қол
шапалақтаумен сахнадан кетті. Ал конферансье былай деді:
-
Біз сіздермен Савва Потаповичтің тамаша орындауында “Сараң
серіні” тыңдадық. Бұл сері дүлдүл нимфалар өзіне жүгіріп келіп
қаумалап алады да, сол сияқты тағы да таңғажайып бірдеңелер
болады деп ойлаған. Бірақ, көріп отырғандарыңыздай ештеңе ондай
болған жоқ, нимфалар да жүгіріп келген жоқ, музыкасы да оған даңқ
əперген жоқ, салтанатты сарай да сала алған жоқ, керісінше өмірін
жаман аяқтады, валюта мен асыл тастар салынған сандығының
үстінде соққыдан өлді. Ескертіп қояйын, валютала-рыңызды
тапсырмасаңыздар, сіздер де осындай күйге ұшырай-сыздар, бəлкім
халдеріңіз бұдан да жаман болар.
Пушкиннің поэзиясы ма, əлде конферансьенің қара сөзі ме əсер
еткен, кенет залдан ұяң бір дауыс естілді.
-
Мен тапсырамын валютамды.
Мархабат етіп сахнаға өтіңіз! - деп сыпайы ғана сахнаға
шақырған конферансье қараңғы залға тесіле қарады.
Сөйтіп сахнаға аласа бойлы ақсары азамат шықты, түріне қарағанда
қырынбағанына үш аптадай болған.
-
Кешіріңіздер, фамилияңыз қалай? - деп сұрады конферансье.
-
Канавкин Николай, - деп қысыла жауап қатты.
-
Ə, өте жақсы, азамат Канавкин, сонымен?
-
Тапсырамын.
-
Қанша?
-
Мың доллар жəне жиырма алтын ондық.
-
Браво! Бары осы ма?
Бағдарлама жүргізуші Канавкиннің көзіне тура тесіле қарады,
Никанор Ивановичке осынау көздерден шұғыла шашырайтындай
көрінді, ол Канавкинді рентген жарығындай көктей өтіп тұрған тəрізді.
Зал демін ішінен алып тына қалды.
Сенемін! - деп ақыры əртіс назарын аударып əкетті. -Сенемін!
Мына көздер алдамайды, Сіздерге мен қанша мəрте айтып келемін,
адам көзін жете бағаламайсыздар деп. Түсінсеңіздерші, тіл деген
ақиқатты жасыруы мүмкін, ал көз ешқашан өйте алмайды! Сізге
кенеттен сауал қойып қалды дейік, оған тіпті дір етпейсіз де, бір
сəтте-ақ өзіңізді-өзіңіз билеп, не айтуды саралай қоясыз, ақиқатты
қалай жасыруды білесіз де, сендіре сөйлей аласыз, бетіңіздегі бір
қатпар да бүлк етпейді, алайда сұрақ алаңдатқан шындық жүректің
тереңінен ытқып замат көзге шығады, сонымен шаруа бітеді. Ақиқат
сыртқа шығады да, ұсталасыз!
Осынау иландырар сөзді зор жалынмен айтқан əртіс Канавкин-нен
көз алмай сұрады:
-
Қайда жасырылған еді?
Тəтемнің үйінде, Пречистенке көшесінде Пороховникованыкінде.
-
Ə! Ол... тоқтай тұрыңыз... Клавдья Илиничнаның үйінде ме?
-
Иə.
Аһ, иə, есіме енді түсті. Кішкентай жекежай ғой. Қарсысында
шағын саябақ бар. Қалай білмейін, білемін, білемін. Ал оны сіз қайда
тығып едіңіз?
-
Погребке, Эйнемнің босаған корапшасына...
Əртіс қолын соқты.
Бұл тектес бірдеңені сіздер көріп пе едіңіздер? - деп қапалана
айғай салды ол. - Онда ол ақшалар дымқыл тартып, көгеріп кетеді
ғой. Ал осындай адамдарға валюта сеніп тапсыруға бола ма? Ə!
Құдай-ау, тура сəби бала сияқты!
Канавкин шынын айтам деп шырғалаңға түскенін өзі де түсініп,
құлпылы басы салбырап кетті.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Майталман шебер мен маргарита - 12
  • Parts
  • Майталман шебер мен маргарита - 01
    Total number of words is 4188
    Total number of unique words is 2185
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 02
    Total number of words is 4307
    Total number of unique words is 2150
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 03
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2321
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 04
    Total number of words is 4091
    Total number of unique words is 2369
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 05
    Total number of words is 4231
    Total number of unique words is 2275
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 06
    Total number of words is 4275
    Total number of unique words is 2183
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 07
    Total number of words is 4179
    Total number of unique words is 2056
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 08
    Total number of words is 4162
    Total number of unique words is 2288
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 09
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2258
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 10
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2360
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 11
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2204
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 12
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2334
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 13
    Total number of words is 4076
    Total number of unique words is 2131
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 14
    Total number of words is 4303
    Total number of unique words is 2195
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 15
    Total number of words is 4283
    Total number of unique words is 2173
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 16
    Total number of words is 4122
    Total number of unique words is 2215
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 17
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2274
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 18
    Total number of words is 4328
    Total number of unique words is 2150
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 19
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2195
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 20
    Total number of words is 4323
    Total number of unique words is 2138
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 21
    Total number of words is 4279
    Total number of unique words is 2228
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 22
    Total number of words is 4275
    Total number of unique words is 2177
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 23
    Total number of words is 4051
    Total number of unique words is 2294
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 24
    Total number of words is 4132
    Total number of unique words is 2321
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 25
    Total number of words is 4367
    Total number of unique words is 2146
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 26
    Total number of words is 4184
    Total number of unique words is 2326
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 27
    Total number of words is 2124
    Total number of unique words is 1367
    38.1 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.