Latin Common Turkic

Майталман шебер мен маргарита - 27

Total number of words is 2124
Total number of unique words is 1367
38.1 of words are in the 2000 most common words
52.0 of words are in the 5000 most common words
58.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Ивановичтің жосықсыз, шым-шытырық жауаптарын негізге ала
отырып, Маргарита Николаевнаның мыстан болғалы кетіп барамын
деп күйеуіне жазған хатын назарда ұстап, киім-кешегін түгел орнында
қалдырып Наташаның жоғалып кеткенін ескеріп, тергеу қожайым мен
күтушісі көптеген басқа адамдар сияқты сиқырмен арбалып, сондай
қалпында банданың уысына түскен деген тұжырым жасады.
Қылмыскерлерді зайыры екі əйелдің де сұлулығы қызықтырған
шығар деген дəлелді пікір жəне туды.
Тергеу үшін мүлдем түсініксіз болып қалғаны өзін кемел шебермін
деп атайтын есі ауысқан ауру адамды психатриялық клиникадан
ұрлап алып шығуға шайканы нендей ниет итермелегені. Ұрланған
аурудың фамилиясы сияқты осыны анықтаудың да реті келді.
Осылайша ол “Нөмірі бірінші корпустағы жүз он сегізінші!” - деген өлі
атақпен мəңгі шіріді.
Сонымен бəрі де баяндалды. Тергеу де аяқталды, жалпы бардың
бəрі де бітеді ғой.
Арада бірнеше жыл өтті, азаматтар Воландты да, Коровьевты да,
басқаларды да ұмыта бастады. Воландтан жəне оның
жандайшаптарынан жапа шеккендердің өмірінде көптеген өзгерістер
болды, бұл өзгерістер қаншалықты ұсақ, елеусіз болса да, оларды
атап өткен абзал
Мəселен Жорж Бенгальский емханада үш ай жатып жазылып шықты,
бірақ Варьетедегі қызметін ең бір қызу шақта, қара магия мен оның
əшкереленуі ел есінен əлі өшпей билет іздеп көпшіліктің сеңдей
соғылысып жүрген кезінде тастап кетуге тура келді. Бенгальскийдің
Варьетеден кеткен себебі - құдайдың құтты кешінде екі мың адамның
алдына шығып, танитын жұрттың бассыз жақсы ма екен, əлде
баспен жақсы ма екен? - дейтін мазақ сұрағын есту тым ауыр да
азапты болатын болды.
Иə, конферансье оған қоса өзінің жайдары көңілділігінің біразынан
айырылып қалды, ал бұл дегенің оның кəсібінде сондай қажет қасиет
еді. Онда көктем сайын толған ай туғанда үрейлі жағдайға душар
болып, кенеттен мойнын ұстап, жан-жағына алақтай қарап, жылап
жіберетін рабайсыз əрі азапты əдет пайда болды. Ұстамалы аурудан
айығып та қалды, алайда оның нышандары тұрғанда бұрынғы
кəсіппен айналысуға болмайтын болды да, конферансье
тыныштыққа шығып, жиған-тергенімен күн көре бастады, өзінің
қарапайым есебіне қарағанда, ол қаржы он бес жылға жетуі керек.
Ол сол кеткеннен жаппай сүйіспеншілікке ие болып, тіпті театр
əкімдері арасында ақылға сыя қоймайтын ілтипаттылығымен һəм
сыпайылығымен аты шыққан Варьетемен қайтып қауышқан жоқ.
Театрдың əкіміне контрамаркашылар қашанда қайырымды əке
санайтын, одан басқаша атауды лайық көрмейтін. Қай мезгілде кім
телефон шалса да Варьетеге, трубкадан ылғи “мен сізді тыңдап
тұрмын” деген жұмсақ, бірақ мұңлы дауыс естілер еді, ал
Варенуханы шақырып жіберіңізші деген өтінішке сол дауыс “Сіздің
қызметіңізге əзірмін” деп биязы жауап қатар еді. Оның есесіне Иван
Савельевич өзінің осы сыпайылығы үшін таяқ жеді емес пе.
Степа Лиходеевке Варьетеде қайтып телефонмен сөйлесуге
мүмкіндік болмады. Емханада сегіз күн жатып шыққан Степаны
дереу Ростовқа аттандырды, онда ол үлкен гастрономиялық дүкеннің
меңгерушісі болып тағайындалды. Ол портвейн ішуді мүлдем
тоқтатып, қарақаттан ағызылған таза араққа көшіпті, содан керемет
толып кетіпті деген сыбыс бар. Айтуға қарағанда, онша көп үндемей,
əйелдерден қашқақтап жүретін көрінеді.
Варьетеден Степан Богдановичті аластау Римскийге бірнеше жыл
бойы ынтыға армандаған қуанышын əкеле қойған жоқ. Емхана мен
Кисловодскіден кейін қартайып қаусаған, басы қалтылдайтын
финдиректор Варьетеден кететіні жөнінде өзі өтініш берді. Бір
қызығы, бұл өтінішті Варьетеге Римскийдің зайыбы əкелді. Григорий
Даниловичтің өзі терезесінің ай сəулесі төгілген сынық əйнегінен
сұғылған ұзын қолдың төменгі ысырмаға барып қалғанын өз көзімен
көрген ғимаратқа тіпті күндіз баруға да дəті шыдамады.
Варьетеден босанып финдиректор Замоскворечьедегі балалар
қуыршақ театрына тұрды. Бұл театрда оған акустика істері жөніндегі
қадірменді Аркадий Аполлоновичпен істес болуға жазбады. Оны екі
сөзге келтірмей Брянскіден бір-ақ шығарып, саңырауқұлақ
дайындайтын пункттің меңгеру-шісі етіп тағайындады. Мəскеуліктер
енді тұздалған, сүрленген ақ, сары қозықұйрықтарды жеп, бұл
тағайындауға айрықша қуанды. Өткен іс қой, енді айтуға болады,
Аркадий Аполлоновичтің акустика жөніндегі жұмысының қиюы
қашып, қанша жөндеймін деп жан салғанмен өрге бір баспай қойған.
Театрдан қол үзген адамдардың қатарына Аркадий Аполлоновичтен
басқа тегін билетке құмарлығынан өзге театрмен түк байланысы жоқ
Никанор Иванович Босойды да қосуға болады. Никонор Ивановичтің
ақылы да, тегін де театрға бармайтыны былай тұрсын, театр жөнінде
қозғалған кез келген сөзден теріс айналып кетеді ғой. Театрға қоса
одан артық болмаса, титтей де кем емес дəрежеде ақын Пушкин мен
талантты əртіс Савва Потапович Куролесовты жек көретін. Жек
көретіні сондай, былтыр газеттен Савва Потапович күш-қуаты кемел
шағында жүрек ауруынан қайтыс болды деген қаралы
хабарландыруды көргенде: “Өзіне де сол керек!” деп өкірген ғой. Оны
айтасыз, əйгілі əртісің көңіл босатар қыруар естеліктері ортаға түскен
асында Садовая көшесін жарқыратқан айлы кешті жиналғандардың
ішінде өлердей тоя ішкен жалғыз осы Никанор Иванович болды.
Əрбір рөмке сайын оның алдындағы жек көретін тұлғалардың тізбегі
ұзара түсті, сол тізбектің ішінде Дунчиль Сергей Герардович пен Ида
Геркуловна да, əлгі тентек қаздардың шикілсары иесі де, жайдақтау
Канавкин Николай да болды.
Ал олардың жағдайы не болды дейсіз ғой? Мархабат етіңіз! Оларға
ештеңе де болған жоқ, болуы да мүмкін емес еді. Өйткені олар
сымбатты конферансье əртіс сияқты, театрдың өзі секілді,
Пороховниковадағы сараң, кəдімгі валютаны жертөледе шірітетін
кəрі тəтей тəрізді өмірде болмаған, жалпы жоқ жандар. Əрине, алтын
керней мен арсыз аспаздар да болмаған. Бұлардың бəрі қасекі
Коровьевтің ықпалынан Никанор Ивановичтің тек түсіне ғана
енгендер. Бұл түске жаны бардан кіріп жүрген жалғыз Савва
Потапович қана. Бұл да радиодан жиі сөйлейтін əртіс болғандықтан
Никанор Иванович-тің есінде қалыпты. Өмірде болғаны сол ғана,
қалғандары жалпы жоқ.
Бəлкім, осылайша Алоизий Могарыч та болмаған шығар? О, жоқ. Ол
болғаны былай тұрсын, қазір де сау-сəламат. Римский бас тартқан
Варьетенің финдиректоры лауазымында қызмет істеп жатыр.
Воландта болғаннан кейін бір тəуліктен соң есі кірген Алоизий
Вятканың тұсында пойызда келе жатып есі кіресілі-шығасылы күйде
Мəскеуден аттанғанда шалбар киюді ұмытып кеткенін бір-ақ білді,
оның орнына ештеңеге қажеті жоқ үйшінің үй кітабын ала шығыпты.
Жолсерікке қыруар ақша беріп, көнетоз терсіңді екі шалбарды əрең
сатып алды да, Вяткадан кері қайтты. Алайда өкініштісі үйшінің
шағын үйін ол таба алмайды. Тозығы жеткен үйшікті өрт тілі түгел
жалап қойыпты, Алоизий мейлінше пысық адам болатын, араға апта
салып Брюсов көшесінен тамаша бір бөлме тауып алды, одан бірер
ай өткенде шалқайып Римскийдің кабинетінде отырды. Степа үшін
азап шеккен бұрынғы Римский сияқты енді Алоизий үшін Варенуха
қиналатын болды. Қазір Иван Савельевичтің жалғыз-ақ арманы бар,
ол Алоизийді көзден таса бір жаққа жіберіп, одан жалпы құтылу.
Себебі көңілдес ортада өзі сыбырлап айтып қоятынындай, Варенуха
“Алоизий сияқ-ты оңбағанды өмірінде көрмепті, бұдан бəрін де күтуге
болатын” көрінеді.
Бəлкім, бұл əкімнің сөзге əуестігі де шығар əзір Алоизийдің ешқандай
жаман ісі байқалған жоқ, тек буфетші Саковтың орнына басқа біреуді
тағайындағаны болмаса, басқадай кінə таға алмайсың. Андрей
Фокич болса, Мəскеуде Воланд болып кеткеннен кейін тоғыз ай
өткенде Бірінші МГУ-дің емханасында бауыр рагынан дүние салды.
Иə, біраз жылдар өтті, бұл кітапта бейнеленген оқиғалардың ізі
басылып, зердеден өшті. Бірақ жұрттың бəрі бірден ұмытқан жоқ
шығар.
Жыл сайын толған айдың көктемгі мерекесі келгенде ғана кешқұрым
Патриарх тоғанының жөке ағашының саясында жасы отыздар
шамасындағы бір адам пайда болады. Қарапайым киінетін жалқын
сары, көзі жасыл кісі. Бұл - Тарих жəне философия институтының
қызметкері Иван Николаевич Понырев.
Жөке ағашының саясына келіп ол қашанда сол кеште бүгінде
жұрттың бəрі ұмытқан Берлиоз өмірінде ақтық рет отырып
пəршаланған айға қарай-тын ұзынтаққа отыратын.
Енді сол ай тұтасып, кештің алдында əуелі аппақ болып, сосын
алтынға малынып бетіндегі аждаһа атымен бұрынғы ақын Иван
Николаевичтің төбесінде қалықтайды, бірақ өз биігінде бір орыннан
тапжылмайды.
Иван Николаевичке бəрі мəлім, ол бəрін де біледі əрі түсінеді. Ол
жас кезінде гипнозшы қылмыскерлердің құрбаны болып, одан кейін
емделгенін, содан құлан таза жазылып шыққанын біледі. Сол секілді
ол кей жағдайда сабыр сақтап өзі-өзін ұстай алмай қалатынын да
біледі. Мынау көктемгі толған ай тұсында дегбір қашып, өзіне-өзі ие
бола алмай қалады. Ол жақындап, толыса түсіп, бағзыда бір қос
бесшырақтың үстінде жарқыраған жарық дүниенің алтынымен
апталғанда Иван Николаевич мазасыздана бастайды,
күйгелектенеді, ұйқыдан, күлкіден, астан қалады, қашан ай пісіп
жетілгенше жаны жай таппайды. Ал ай толған кезде Иван
Николаевичті үйде ештеңе де ұстап тұра алмайды. Кешқұрым шығып
ол Патриарх тоғанына тартады.
Ұзынтақта отырып Иван Николаевич өзімен-өзі енді ашық сөйлесе
береді, шылым шегеді, айға көзін сүзеді, кейде есінде жақсы
сақталған турникентке қарайды.
Осылай Иван Николаевич бір-екі сағат отырады. Сосын орнынан
тұрып ұдайы бір бағытпен Спиридоновка арқылы көзі ештеңе көрмей
Арбат көшелеріне жөнеледі.
Ол жермай сататын дүкеннің жанынан өтеді, ұрлана басып
тортемірге келеді де, əлі желегін толық жамылып болмаған мəуелі
баққа қарайды, ал бақтың ішінде бүйірінен ай нұрымен боялған,
терезесі үш жармалы, бір жағы қараңғы готикалық мəнерде салынған
жекежай бар.
Профессор өзін осы тортемірге не жетелейтінін, анау жекежайда кім
тұратынын білмейді, білетіні бірақ ай толысқанда өзімен-өзі күресіп
жеңе алмайтыны. Оның үстіне тортемірдің аржағынан баяғы бір
көргенін тағы да көретінін біледі.
Ол ұзынтақта отырған егде, сақалды, пенсне киген бет əлпетінің бір
жері торайды еске түсіретін тұлғалы ірі адамды көреді. Иван
Николаевич жекежай-дың осынау тұрғынын дəйім баяғы бір қиялшыл
кейіпте, жанарын айға қадаған қалпында табады. Айды тамашалап
отырған кісінің көзін сөзсіз шам жанып тұрған терезеге аударып,
қазір-ақ ол ашылып, төменгі жақтауынан ғаламат бірдеңе шыға
келуін күтетіні Николаевичке белгілі.
Одан арғысын Иван Николаевич жатқа біледі. Бұл арада тортемірде
жақсы-лап жасырынып қалу керек, өйткені қазір отырған кісі
беймазаланып басын шайқайды, алақтаған көзімен ауадан
бірдеңелерді қармайды, масаттанып сөзсіз жымиып күледі, сосын
тəтті сағынышпен кенет қолын соғады, одан əрі жай ғана даусын сəл
көтере күбірлейді:
-
Венера! Венера! Еһ, мен ақымақпын!
Құдая, құдайлар-ай! - деп тортемірдің аржағында тығылып
тұрған Иван Николаевич сыбырлай бастайды да, жарқылдап жанған
жанарын жұмбақ бейтанысқа қадай түседі. - Айдың жəне бір құрбаны
осы кісі, - дейді.
Ал отырған адам сөзін жалғастыра береді:
Еһ, мен ақымақпын. Неге, неге ғана онымен бірге ұшып
кетпедім? Неден қорықтым екен мен кəрі есек?! Қағазды түзедім.
Енді шыда, қарт кеңкелес! Еһ!
Осы мылжың жекежайдың қараңғы жағынан терезе қағылып, одан
ағараңдаған бірдеңе көрініп, сүйкімсіздеу əйел даусы шыққанша
жалғасады.
Николай Иванович, сіз қайдасыз? Бұл не бітпейтін қиял? Безгек
ауруын жұқтырып алайын деп пе едіңіз? Шайға келіңіз.
Осы арада отырған кісі, əрине, оянады да алдамшы үнмен жауап
қатады:
-
Ауа, ауа жұта тұрғым келеді, жаным. Ауа тым жақсы екен!
Содан соң орнынан тұрып, төменде жабылған терезеге жұдырығын
түйіп, үйге қарай аяңдайды.
Өтірік айтады ол, өтірік! О, құдая, қалай ғана өтірік айтады! - деп
міңгірледі Иван Николаевич тортемірден шегініп бара жатып. Жалпы оны баққа таза ауа тартпайды, ол көктемнің осынау толған
айында айдан, бақтан, биіктіктен бірдеңе көреді. Шіркін, оның
құпиясына бойлап, қандай Венераны уысынан шығарып алып, оны
ұстаймын деп қолымен ауаны неге қармалап жүргенін білсем, не
сұраса соны берер едім.
Сөйтіп, профессор үйіне мүлдем ауру болып оралды. Əйелі оның
көңіл күйін байқамағансып, жатып ұйықта деп асықтырады. Ал оның
өзі ұйықтауға жатпай, шамның алдында кітаппен отырып, аянышты
көзбен ұйықтап жатқан еріне қарайды. Ол күн шығар алдында Иван
Николаевичтің азапты айқаймен оянатынан, сендетіліп жылайтынын
біледі. Сондықтан да оның алдындағы дастарқанда шамның түбінде
алдын ала əзірленген спирттегі шприц пен қою шайдың түсіндей
сұйық құйылған ампула жатыр.
Ауыр науқаспен қосылған бейшара əйел енді еркін, еш қауіпсіз
ұйықтауына болады. Иван Николаевич те таң атқанша жүзі бал-бұл
жанып ұйықтап, жарына белгісіз мəре-сəре бақытты түстер көреді.
Оқымыстыны түн ішінде ояту оны аянышты айқайға жеткізумен барабар. Толған ай түні ол жаратылыстан тыс пұшық жендеттің секіріп
келіп дар ағашына таңылған, есінен адасқан Гестастың жүрегіне
пышақ сұққанын түсінде көреді. Жендеттің сұмпайылығынан гөрі
түстегі бəз-бір бұлттан шыққандай бозамық жарықтың өзі
жаратылысқа қайшы секілді. Əлгі бұлттардай қайнап шығып жерге
төгіліп жатқан жалын бүкіл əлемдік апаттың жаңғырығы секілді.
Уколдан кейін ұйқыдағы кісінің алдындағының бəрі өзгеріп сала
береді. Төсектен терезеге дейін қайдағы бір айлы жол тартылады.
Сол жолмен қызыл астарлы ақ плащ киген кісі көтеріліп, айға қарай
қадам басады. Онымен бірге жыртық хитон киген, бет-аузы жаражара жас жігіт кетіп бара жатады. Кетіп бара жатқандар қызу əңгімеге
кірісіп, айтысып-тартысып, бірдеңе жайында келісімге келгісі келеді.
Құдайлар-ау, құдайлар! - дейді плащ киген кісі серігіне
тəкаппарлана қарап, - қандай тұрпайы жазалау! Алайда сен маған
айтшы, өтінемін, -дегенде оның жүзіндегі паңдық жалыныштылықпен
алмасты, - жазалап өлтіру жалпы болған жоқ қой. Жалынамын,
болған жоқ деп айтшы!
Жарайды, əрине, болған жоқ, - деп жауап қатты серігі қарлығып
қырылдаған дауыспен, - саған ол солай елестеген ғой.
-
Сен осыған ант бересің бе? - деп түбірлей сұрады плащты кісі.
Ант етемін, - дейді серігі, бірақ неге екені белгісіз көзі күле
береді.
Маған осыдан басқа ештеңенің керегі жоқ! - деп жарықшақ
дауыспен айғайлап жіберді плащты адам, сосын серігін соңынан
еліктіре ертіп, айға қарай биіктей береді, биіктей береді. Олардың
соңынан салмақпен басып құлағын тікірейген дəу қара ит кетіп бара
жатады.
Сол сəт айлы жол бұрқ-сарқ қайнап, одан айлы өзен тасқындап, жанжаққа жайылады. Ай əмір жүргізіп, ойнайды, билейді, еркелейді.
Оның тасқынынан теңдесі жоқ сұлу əйел жаратылып, ол қолынан
жетелеп жан-жағына үрейлене қараған, сақалы өсіп кеткен кісіні
Иванға алып келеді. Бұл -əлгі жүз он сегізінші нөмір, оның түнгі
қонағы. Иван Николаевич түсінде оған қол созып, аптыға былай деп
сұрайды:
-
Солай, демек, осымен біткен екен ғой бəрі?
Осылай бəрі тəмам, шəкіртім, - деп жауап береді жүз он сегізінші
нөмір, ал əйел Иванға таяп кеп:
Əрине, осымен аяқталды, - дейді. - Барлығы да бітті, барлығы да
бітеді ғой... Жəне мен сізді маңдайыңыздан сүйейін, сізде де
барлығы ойлағаны-ңыздай болады.
Ол еңкейіп Иванның маңдайынан сүйді, Иван да оған ұмтылып көзіне
тесіле қарады, бірақ келіншек бірақ шегініп, шегініп барып өз
серігімен бірге айға тартып отырды.
Сол сəт ай буырқана құтырып, жарық тасқындарын тура Иванның
төбе-сіне төкті, ол сəулесін жан-жаққа шашыратып, бөлмеде ай
топаны басталды, жарық шайқатылып, биіктей берді, төсекті қарық
қып басып қалды. Міне, сонда Иван Николаевич жүзі балбұл жанып,
бақытқа бөленіп ұйықтады.
Ертеңгілік ол үнсіз оянды, бірақ сап-сау, сабырлы, салмақты-ақ.
Оның шабақталып, шиыршық атқан зердесі сабасына түсіп,
профессорды енді келесі толған айға дейін ешкім алаңдатпайтын
болады. Гестастың қаныпезер пұшық жендеті де, Иудеяның қатыгез
бесінші прокураторы Понтийлық Пилат та мазалай алмайды.
1929-1940.

You have read 1 text from Kazakh literature.
  • Parts
  • Майталман шебер мен маргарита - 01
    Total number of words is 4188
    Total number of unique words is 2185
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 02
    Total number of words is 4307
    Total number of unique words is 2150
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 03
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2321
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 04
    Total number of words is 4091
    Total number of unique words is 2369
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 05
    Total number of words is 4231
    Total number of unique words is 2275
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 06
    Total number of words is 4275
    Total number of unique words is 2183
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 07
    Total number of words is 4179
    Total number of unique words is 2056
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 08
    Total number of words is 4162
    Total number of unique words is 2288
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 09
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2258
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 10
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2360
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 11
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2204
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 12
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2334
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 13
    Total number of words is 4076
    Total number of unique words is 2131
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 14
    Total number of words is 4303
    Total number of unique words is 2195
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 15
    Total number of words is 4283
    Total number of unique words is 2173
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 16
    Total number of words is 4122
    Total number of unique words is 2215
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 17
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2274
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 18
    Total number of words is 4328
    Total number of unique words is 2150
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 19
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2195
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 20
    Total number of words is 4323
    Total number of unique words is 2138
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 21
    Total number of words is 4279
    Total number of unique words is 2228
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 22
    Total number of words is 4275
    Total number of unique words is 2177
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 23
    Total number of words is 4051
    Total number of unique words is 2294
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 24
    Total number of words is 4132
    Total number of unique words is 2321
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 25
    Total number of words is 4367
    Total number of unique words is 2146
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 26
    Total number of words is 4184
    Total number of unique words is 2326
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 27
    Total number of words is 2124
    Total number of unique words is 1367
    38.1 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.