Latin Common Turkic

Майталман шебер мен маргарита - 21

Total number of words is 4279
Total number of unique words is 2228
35.8 of words are in the 2000 most common words
49.9 of words are in the 5000 most common words
57.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
прокуратор оған қол сілтеп, құл шығып кетті. Ал төгілген шарап
көлкіген күйінде қалып қойды.
Нажағайлы қаракөлеңкеде ложада жатқан прокуратор шарапты өзі
құйып алып, тостағаннан ұзақ толғап жұтты, ауық-ауық нанға қол
тигізіп, оны үгіп бөлшектеп аузына салды, ара-тұра устрицаны
сорып, лимон шайнап, қайта ішті.
Егер сарайдың шатырына қауіп төндіріп су сарқырап, нажағай
шатырламағанда, балконның сатыларын соққылап, бұршақ
төпелемегенде өзімен-өзі сөйлесіп, оңаша міңгірлеген прокуратордың не айтқанын естуге болғандай еді. Егер ұдайы тербеліп,
дірілдей беретін аспан оты тұтас жарыққа ұласса, бақылаған кісі
прокуратордың соңғы ұйқысыздық пен шараптан ісінген жүзінен
мазасыздықты аңдап, оның қызыл шалшыққа батқан екі ақ раушанға
қадалғанын, бетін əркез су мен құм басқан бақ жаққа бұрып, бəзбіреуді шыдамсыздана күткенінен байқар еді.
Біраз уақыт өткенде прокуратордың көз алдындағы су жамылғысы
сирей бастады. Қанша долдана соққанымен құйын да əлсіреді.
Бұтақтар сытырлап, құламайтын болды. Күннің күркірі мен
нажағайдың жарқылы сирей бастады. Ершалимнің үстінен ақ жиекті
күлгін көрпе қалықтамай, əдеттегі соңғы көштей сұр бұлт жүзді.
Найжағайды Өлі теңізге қарай алып кетті.
Енді суағарларға сыймай, күндіз прокуратор үкім жариялау үшін
көтерілген баспалдақтың сатыларымен тікелей сарқыраған судың
шуын да, жаңбырдың шуын да жеке-жеке естіп, ажыратуға болатын
еді. Ақыры бұған дейін үні басылып қалған фонтанның да атқылаған
даусы шықты. Жарық түсе бастады. Шығысқа қарай жөңкіген сұр
жамылғыдай көк терезе көрінді.
Сол сəт алыстан саябырлай бастаған жаңбыр шуының арасынан
прокуратордың құлағына кернейдің əлсіз үні мен мың сан тұяқтың
дүбірі келді. Прокуратор қозғалақтап, жүзіне қан жүгірді. Ала Қасқа
Таудан қайтып келеді, дыбысына қарағанда үкім жариялаған
алаңмен өтіп барады.
Ақыры прокуратор көп күткен аяқ дүсірін, балконның тап алдындағы
жоғарғы алаңға шығатын баспалдақтағы тарпылды да естіді.
Прокуратор мойнын созып, қуаныштан көзі жайнап кетті.
Екі мəрмəр арыстанның арасынан əуелі жалбағайлы бас көрінді де,
сосын малмандай су плащы денесіне жабысқан адамның өзі шықты.
Бұл үкім алдында қараңғыланған бөлмеде прокуратормен
сыбырласқан жəне жазаны орындау кезінде үш аяқты орындықта
шыбықпен ойнап отырған адамның өзі еді.
Шалшыққа қарамай, бақ алаңын кесіп өтіп жалбағайлы адам
əшекейлі еденге аяқ басып, қолын көтерді де сүйкімді көтеріңкі үнмен
сөйледі:
Прокуратор аман-сау болып, қуанышқа кенеле берсін! -Келген
кісі мұны латынша айтты.
Құдая! - деп дауыстап жіберді Пилат, - үстіңде су болмаған
сабақты жіп те қалмапты ғой. Қандай құйын десейші, ə! Бірден маған
кіруіңізді өтінемін. Мархабат жасап, киім ауыстырып алыңыз.
Келген кісі жалбағайын серпіп тастап, басы суға малшынып, шашы
маңдайына жабысып қалғанын көріп, мұндаздай қырынған жүзіне
жылы күлкі үйіріп, жаңбыр суының еш зияны болмайтынына сендіріп,
киім ауыстырудан бас тартты.
Сөзіңді тыңдағым да келмейді, - деп Пилат алақанын соқты. Сол
арқылы жасырынып жүрген қызметшіні шақырып, келген кісінің
қамын қарастырып, жедел ыстық ас əкелуге əмір берді. Прокураторға
келген кісінің шашын кептіріп, киімін ауыстырып, аяқ киімін жаңартып,
өзін тəртіпке келтіру үшін аз-ақ уақыт кетті, ұзамай ол құрғақ сандал,
қызыл əкери плащ киіп, шашын жатқыза тарап балконға келді.
Бұл кезде Жерорта теңізіне барып сүңгір алдында күн Ершалим-ге
қайта оралып, прокуратор жеккөретін қалаға қоштасу нұрын сепкенде
балконның сатыларын да алтындай жалтыратқан еді. Фонтанға
əбден жан бітіп, бар күшімен əндетті, көгершіндер құмға шығып
гүжілдеп, сынған бұтақтарға секіріп, дымқыл жерден бірдеңелер
шұқыды. Қызыл шалшық сүртіліп, сынықтар жиналып, үстел үстінде
буы бұрқырап ет тұрды.
- Прокуратордың əмірін тыңдаймын, - деді келімсек үстелге
жақындап.
Əзір отырып, шарап ішкенше менен ештеңе де есітпейсіз, -деп
ілтипатпен жауап қатқан Пилат оған екінші ложаны нұсқады.
Келімсек жантайып жатып, қызметші оған қою қызыл шарап құйды.
Екінші қызметші Пилаттың иығынан абайлай еңкейіп, оның
тостағанын толтырды. Мейманы ішіп жəне жеп отырғанда шараптан
татып қойып Пилат оған көзін сығырайта қарады. Пилатқа келген
адам орта жастағы, аса сүйкімді дөңгелек жүзді, мұрыны етженділеу
кісі болатын. Шашының түсі белгісіздеу сияқты еді, кебе келе ашаң
сарыға айналды. Келімсектің ұлтын анықтау қиын болды. Оның бет
пішінін айқындайтын ең негізгі қасиеті ақжарқындық сияқты, дегенмен
оны да көзі бұзып жіберетін секілді, көзі емес-ау, кісіге тесіле
қарайтын мəнері. Əдетте біреумен əңгімелескенде келімсек қысық
көздерін біртүрлі ісіңкі қабағының астында жасырып ұстайтынға
ұқсайды. Соның өзінде көзі жалт етсе, зілсіз құлық байқалып
қалатын. Сондықтан прокуратордың қонағын əзілге бейім жан деп
топшылауға болар еді. Алайда уақытына қарай жалтылдаған əзіл
нышанын жанарынан лезде сөндіріп, прокуратордың қазіргі мейманы
көзін кең ашып, тұтқиылдан сұхбаттасына тесіле қарап, оның
мұрнының үстіндегі білінер-білінбес дақты іздегендей қадалды. Бұл
қас қағымға ғана созылып, қабағы қайта жабылып, көзі жылтырап,
ақжарқындығы мен қуақылығы жарқырай бастады.
Келген кісі екінші тостақ шараптан да бас тартқан жоқ, көзге түсерлік
құмарлықпен устрицалардың талайын қылғытты, арнайы пісірілген
көкөністен татып, бір кесек ет жеді.
Тойып алып ол шарапты мақтады.
Жүзім шарабының ғажабы екен, алайда бұл - “Фалерио” емесау?
“Цекуба”, отыз жыл тұрған, - деп сыпайы ғана үн қатты
прокуратор.
Мейман қолын кеудесіне қойып, тойғанын айтып, тағы бірдеңе
жеуден бас тартты. Пилат сосын өз тостағанын толтырып, мейман да
соны жасады. Ас ішушілердің екеуі де өз ыдыстарынан ет салған
табаққа шарап құйып прокуратор тостағанын көтеріп тұрып дауыстап
былай деді:
Біз үшін, сіз үшін, кесарь, римдіктердің əкесі, адам біткеннің ең
абзалы əрі ардақтысы!
Осыдан соң олар шараптарын таусып ішіп, африкалықтар жемістер
мен көзелерді қалдырып, басқа мəзірді жинап алды. Прокуратор ым
қағып қызметшілерді қайтадан шығарып жіберіп, өз қонағымен
колоннада астында оңаша қалды.
Сонымен, - деп Пилат ақырын сөз бастады, - сіз маған осы
қаланың көңіл күйі жөнінде не айтасыз?
Өз назарын ол еріксіз террасаның аржағындағы баққа аудар-ды,
төменде колоннадалар да, соңғы сəулемен алтындай жалты-раған
жайпақ шатырлар батар күнмен бірге көмескіленіп барады.
Менің топшылауымша, Ершалимдегі көңіл күй қазір
қанағаттанарлық, прокуратор, - деп жауап қайтарды қонақ.
Демек, бейбастақтық қайтып қауіп төндірмейді деп кепілдік
беруге болады ғой?
Кепілдік беруге болады, - деп прокураторға аялай қарап жауап
қатты қонақ, - тек əлемдегі бір ғана күш - ұлы кесарьдың құдіретіне
сену керек.
Жаратқан ие тек оған ұзақ ғұмыр берсін! - деп табан аузында
қолдады оны прокуратор, - жəне жаппай тыныштық болсын. -Пилат
сəл үнсіз қап, сөзін қайта сабақтады: - Олай болса сіз əскерлерді енді
алып кете беруге болады деп ойлайсыз ғой?
Өз басым Нажағайлының жасағы кете беруіне болады деп
топшылаймын, - деп жауап берген қонақ тағы мынаны қосты:
-
Қоштасу ретінде ол жасақ сес танытып қаладан салтанатты
шерумен өтсе, жақсы болар еді.
Өте тамаша ой, - деп мақұлдады прокуратор, - бүрсікүні оларды
жіберемін де, өзім де кетемін, соны дəл бүгін істеу үшін қолдан
келгеннің бəрін жасайтыныма он екі құдайдың атымен ант етем.
Прокуратор сонда Ершалимді жақсы көрмей ме? - деп аңқылдай
сұрады қонақ.
Ізгілікпен мархабат етіңіз, - деп жымия дауыстады прокуратор, бұдан асқан сенімсіз мекен жер бетінде жоқ. Мен мұның табиғаты
жөнінде айтып тұрғаным жоқ. Мұнда соғуға тура келіп, ниет-пейілін
көрген сайын ауырып қайтамын. Бұл əлі жарым қайғы, жарты қырсық
қана. Ал анау жөн-жосықсыз мерекелер ше -сиқыршылар,
көзбояушылар, əзəзілдер не сəн, діншіл таңдау-лардан аяқ алып
жүре алмайсың... Кілең фанатиктер, көзсіз фанатиктер! Биылғы
жылы жұрттың бəрі құдайдың елшісі деп табанынан тік тұрып күткен
мессияның өзі не тұрады. Əр минөт сайын тағы қандай қантөгістің
куəсі боп қалар екем деп күтіп жүргенің. Ұдайы əскер араластырып,
арыз-шағым оқып, өсек-аяң тыңдап зықың шығады, солардың жəне
тең жарымы сенің үстіңнен жазылғандар. Мұның мезі қылатынына
келісетін шығарсыз! О, императорлық қызмет болмағанда, көресіні
сонда көрер едіңдер!..
-
Иə, мұндағы мейрамдар қиын, - деп келісті қонақ.
Солардың тезірек тəмамдалғанын шын жүректен тілеймін, -деді
жігерлене түсіп Пилат. - Ақыры сонда Кессарияға оралуға мүмкіндік
алар едім. Сенесіз бе, Ирод ғимараты сандырақ құрылыс, - деп
прокуратор қолын колоннадалардан асыра сілтеді, содан-ақ оның
сөзі сарай туралы екені айқын болды. - Былайынша ол мені
ақылымнан алжастырады. Мен онда түней алмаймын. Əлем бұдан
бетер одағай сəулет өнерін білмеген де болар. Иə, əйткенмен іске
оралайықшы. Ең алдымен əлгі қарғыс атқыр Вар-равван алаңдатпай
ма?
Бұл арада мейман өзінің айрықша назарын прокуратордың жүзіне
аударды. Ал ол мезі болған жанарын алысқа тастап, қаланың қақ
жартысын шолып шығып жиіркене тыржиып отыр екен. Шынында да,
төменде, аяғының астында кешкі ымыртқа жұтылып шаһар өшіп бара
жатқандай. Қонақтың да назары сөніп, қабағы түксиіп кетті.
Вар енді қозыдан жуас, қауіпсіз деп ойлауға əбден болады, -деді
мейман, оның дөңгелек жүзінде əжімдер пайда болды. - Оған бүлік
шығару енді ыңғайсыз.
-
Тым атышулы ма, өзі? - деп сұрады Пилат мырс етіп.
Прокуратор, қашанғысындай, мəселені егжей-тегжейіне дейін
түсінеді ғой, шіркін!
Жалпы алып қарағанда солай да болар, - деп алаңдаушылық
білдірді прокуратор, қара тасы бар жүзік салған жіңішке, ұзын
саусағы жоғары көтерілді, - солай болуы керек...
О, əзір мен Иудеяда тұрғанда Вардың түп ізіне түсіп аңдитындай
бірде-бір қадам жасалмайтынына прокуратор сенімді болуға тиіс.
Енді мен алаңсызбын, айтқандай, сіз осында тұрғанда қашанда
алаңсызбын ғой.
-
Прокуратор тым қайырымды!
Ал енді сізден жазаның қалай орындалғанын айтып беруіңізді
сұраймын, - деді прокуратор.
-
Атап айтқанда, прокураторды не қызықтырды?
Тобырдың тарапынан наразылақ білдіруге тырысушылық болған
жоқ па? Ең бастысы, əрине, осы ғой.
-
Ешқандай да, - деп жауап берді қонақ.
-
Өте жақсы. Олардың өлгеніне көз жеткіздіңіз бе?
-
Оған прокуратор сенімді болуға тиіс.
-
Оларға дарға асар алдында су берілді ме?
Иə. Алайда ол, - деп осы арада қонақ көзін жұмды, - судан бас
тартты емес пе!
-
Атап айтқанда, ол кім? - деп сұрады Пилат.
Кешіріңіз, атап айтқанда? - деп қалды қонақ. - Мен атын
айтпадым ба? Га-Ноцри.
Есуас! - деді Пилат, неге екені белгісіз, бетін тыржитып. Сол
көзінің астындағы тамыры тартып кетті. - Күннің күйдіргенінен өлейін
деген ғой. Заң бойынша ұсынылғаннан бас тартудың қажеті не еді?
Қандай күйде бас тартты ол?
Ол рақмет деді, - деп қонақ көзін қайта жұмды, - өмірін
қыршынынан қиғаны үшін кінəламайтынын айтты.
-
Кімді кінəламайды екен? - деп қаттырақ сұрады Пилат.
-
Оны ол айтқан жоқ, игемон.
Солдаттар қаумалап тұрғанда бірдеңе уағыздауға əрекет
жасаған жоқ па?
Жоқ, игемон, бұл жолы ол көп сөйлеген жоқ. Бірден-бір қадап
айтқаны адам бойындағы кінəраттардың ішінде ең бастысы деп
қорқақтықты санаймын деді.
Бұл не үшін айтылды екен? - деген жарықшақтау дауысты естіді
кенет қонақ.
Оны түсініп болмайтын еді. Ол өзін əдеттегідей қызық ұстады
біртүрлі.
-
Біртүрлі қызығы қалай?
Ол ұдайы төңірегіндегілердің біресе бірінің, біресе екіншісінің
көзіне үңіле қарауға тырысты жəне алаңғасарланып күле берді.
-
Басқа не бар? - деп сұрады қарлығыңқы дауыс.
-
Басқа айтар түк те жоқ.
Прокуратор шарап құйып тостағанын тоқылдатты, оны түбіне дейін
төңкеріп тастап, сөзге кірісті:
Мəселе мына төмендегіде: əзір біз оның табынушылары мен ізін
қуушыларды тап басып таппағанмен, олар арамызда мүлдем жоқ
деп кепілдік бере алмаймын.
Мейман басын иіп, мұқият тыңдап отыр.
Мінекей, бəз-бір кездейсоқ құбылыстан аулақ болу үшін жазалап
өлтірілген үшеуінің де денесін жер бетінен үн-түнсіз дереу сыпырып
тастауыңызды өтінемін, олардың аты да, заты да қайтып шықпас
үшін тып-тыныш құпия жерленсін, - деді прокуратор.
Құп болады, игемон. Істің күрделі де жауапты екеніне орай менің
жедел кетуіме рұқсат етіңіз, - деді орнынан тұрып жатып мейман.
Жоқ, əлі де отыра тұрыңыз, - деп Пилат қонағын ыммен
тоқтатты, - тағы да екі мəселе бар. Екінші Иудея прокураторының
жанындағы аса қиын жұмыста сіңірген ұшан-теңіз қызметіңіз маған ол
туралы Римнің өзінде хабарлауыма ғибратты мүмкіндік береді.
Сол сəт қонақтың жүзі қызарып, тағзым етіп орнынан көтеріліп:
Мен тек император қызметіндегі өз борышымды ғана орындап
жүрмін, - деді.
Дегенмен сізден тағы бір сұрайын дегенім, - деп сөзін
жалғастырды прокуратор, - егер сізді бұл жерден ауыстырып,
жоғарылатамыз деген ұсыныс жасалса, одан бас тартып, осында
қалыңыз. Сізден менің əсте де айырылғым жоқ. Мейлі сізді басқа
жолмен марапаттай берсін.
-
Сіздің басшылығыңызбен қызмет ететініме бақыттымын, игемон.
Маған да бұл ғанибет. Сонымен. Үшінші мəселе. Ол əлгі
Кариафтан шыққан Иудаға қатысты...
Осы арада қонақ прокураторға өз назарын қадап, ізінше көзін-дегі
ұшқынды жинап ала қойды.
Айтуға қарағанда, - деп даусын төмендетіп сөзін əрі жалғады
прокуратор, - ол əлгі есуас философты өзінде қабылдағаны үшін
ақша алған көрінеді.
Алады, - деп ақырын ғана Пилатты түзетті құпия қызмет
бастығы.
-
Алатын қаржысы көп пе?
-
Оны ешкім де біле алмайды, игемон.
Тіпті сіз де білмейсіз бе? - деп өз мақтауын игемон қайран
қалумен жеткізді.
Əлбетте, мен де білмеймін, - деп сабырмен үн қатты мейман, ал оның ол ақшаны бүгін кешке алатынын білемін. Оны бүгін Каифа
сарайына шақырып жатыр.
Аһ, Кириафтан шыққан сараң шал, - деп қалды жымия күлген
прокуратор, - ол өзі шал емес пе еді.
Прокуратор ешқашан қателесіп көрген жоқ еді, бұл жолы
қателесті, - деді сыпайы қағытып қонақ. Кириафтан келген кісі -жас
жігіт.
-
Айтыңызшы! Оған мінездеме бере аласыз ба? Фанатик емес пе?
-
О жоқ, прокуратор.
-
Жақсы, Тағы да не айта аласыз.
-
Өте əдемі жігіт.
-
Тағы да. Бəлкім, бəз-бірдеңеге құштарлығы бар шығар?
Мынау байтақ қалада барлығын бақайшақтап білу қиын ғой,
прокуратор...
-
О жоқ, жоқ, Афраний! Өз еңбегіңізді онша шөмите бермеңіз.
Оның бір ғана құмарлығы болатын, прокуратор. - Мейман
болмашы ғана тыныс жасады.
-
Онысы - ақшақұмарлық болатын.
-
Ол өзі немен шұғылданған?
Афраний көзін аспанға қадап, ойланып тұрып:
Аһ, тұра тұр, сонымен, солай, - деп кідірді. Прокуратор тымтырыс болып, балконда біреу-міреу жоқ па екен дегендей, жанжағына алақтады, сосын сөзін баяу бастады: - Міне, мəселе қайда
жатыр - мен бүгін оны түнде бауыздап тастайды деген мағлұмат
алып отырмын.
Осы арада қонақ прокураторға көзімен ата қарап қана қойған жоқ,
біраз тесіліп отырып барып жауап қатты:
Сіз мені тым мақтап жібердіңіз, прокуратор: Меніңше сіздің
баяндауыңызға мен лайық емеспін. Өйткені менде əлгі мағлұматтар
жоқ.
Сіз ең жоғары марапатқа лайықсыз, - деп жауап қатты
прокуратор, - бірақ ондай мəлімет бар.
-
Батылым барып сұрайыншы, бұл мағлұматты кімнен алдыңыз?
Оны əзір айтпауыма мұрсат беріңіз, оның үстіне мұның өзі
кездейсоқ, бұлыңғыр, нақты емес мəлімет. Алайда мен барлығын
көре білуім керек. Менің лауазымым өзі сондай, ең бері қойғанда
сезік-сеніміме сенуім қажет, ол мені ешқашан алдап көрген емес.
Мəліметтің мазмұны мынадай, Га-Ноцридің құпия достарының бірі
ақшақұмар əлгі қудың сұмдық сатқындығына ыза болып өз
сыбайластарымен астыртын байланыс жасап, оны бүгін түнде
өлтірмекші, ал сатқындығы үшін алған ақшасын: “Қарғыс атқан
ақшаны қайтарамын” деп бас имамның алдына тастап кетпек.
Құпия қызмет бастығы төтеннен төңкеретін назарын игемонға қайтып
тастаған жоқ, қайта оның сөзіне ықылас қойды, ал Пилат болса көзін
сүзе отырып ойын одан əрі сабақтады:
Ойлап көріңізші, мейрам түнінде бас имамға мұндай сыйлық алу
ұнай қояр ма екен?
Ұнай қоюы былай тұрсын, керемет дау-жанжал туғызуы кəдік деп
ойлаймын мен, прокуратор, - деп мейман жымия жауап берді.
Менің өзім де сондай пікірдемін. Міне, сондықтан да сіздің осы
іспен шұғылдануыңызды сұраймын, яғни Кириафтан келген Иуданы
күзетуге қолдан келген шараның бəрін қолданыңыз.
-
Игемонның бұйрығы орындалатын болады, - деді Афраний.
Алайда мен игемонды тыныштандыруға тиіспін: зұлымдардың
пиғылы жүзеге асуы өте-мөте қиын. Тек ойға салып қараңызышы,
деп мейман бері бұрылып, сөзін жалғастырды: - кісіні іздеп
тауып, бауыздау, оның үстіне қанша алғанын анықтау, ақшаны
Каифке қайтарып беру - осының бəр-бəрі бір түннің ішінде бүгін
қалай атқарыла қояды?
Оның үстіне бүгін мен оны ұстаймын ғой, - деп тікелей
қайталады Пилат. - Сізге айттым ғой, менің алдын ала сезетінім бар
деп! Ол жəне мені ешқашан алдаған емес. - Сол сəт прокура-тордың
жүзінен діріл жүгіріп өтіп, ол қолын уқалады.
Тыңдап тұрмын, - деп тəнтілікпен тіл қатты қонақ, сосын
көтеріліп бойын тіктеді де қатқыл үнмен сұрақ қойды: - Сонымен
бауыздайды ғой, игемон?
Иə, - деді Пилат, бар үміт сіздің қайран қалдырар орындаушылығыңызда ғана.
Қонақ плащының ішіндегі ауыр белдігін түзеп:
-
Ізет етіп, аман-сау болып, қуанышқа шүйгуіңізді тілеймін, -деді.
Апырай, - деді даусын сəл көтере Пилат, - мен мүлдем ұмытып
барады екем. Мен сізге қарыз екем ғой...
Қонақ қайран қалды.
Шынын айтқанда, прокуратор, сіз маған ештеңе де қарыз
емессіз.
Қалайша қарыз емеспін!? Ершалимге кірген бетімде
қайыршылар тобырына тап болғаным есіңізде ме... мен оларға ақша
лақтырайын десем, қалтамда ештеңе болмай, сізден алған жоқпын
ба?
-
Прокуратор, ол түкке тұрмайтын мардымсыз бірдеңе еді ғой.
-
Сол мардымсыздың өзін де есте ұстау керек.
Пилат бұрылып мамықтақтың артында жатқан плащын көтеріп
қалтасынан былғары дорба алып, оны қонаққа ұсынды. Оны
қабылдай тұрып басын иген ол дорбаны плащының ішіне жасырды.
Жерлеу жөніндегі баяндамаңызды күтемін, - деді Пилат, -сондайақ Кариафтан шыққан Иуданың ісі жөнінде де бүгін түнде
хабарлайсыз, естіп тұрсыз ба, Афраний, бүгін түнде. Сендер онда
барысымен-ақ күзетшіге мені ояту үшін бұйрық беріледі. Сізді
тосамын мен!
Құзырыңызға құлдық, - деп құпия қызмет бастығы бұрылып,
балконнан шығып кетті. Алаңқайдың дымқыл құмын ол қалай
сықырлатып, сосын арыстандар арасындағы мəрмəрді етігімен қалай
тықылдатып бара жатқаны естіліп тұрды. Содан соң оның аяғы, одан
əрі тұлғасы, ақыр аяғында жалбағайы жоқ болды. Прокуратор, сонда
ғана күннің батып, іңір қараңғылығы түскенін көрді.
Жиырма алтыншы тарау
ЖЕРЛЕУ
Бəлкім, осы іңір қараңғылығы прокуратордың сырт бейнесі күрт
өзгеріп кетуіне себепші болған шығар. Ол көз алдында қартайып
кеткендей көрінді, əбден еңкіш тартып, оның үстіне мүлдем мазасы
болмады. Бір мəрте жалт бұрылып, неге екені белгісіз, арқалығында
плащы жатқан бос мамықтаққа көзі түсіп тұла бойы түршігіп кетті.
Мейрам түні жақындап келеді, кешкі көлеңкелер өз ойынын ойнап,
зайыры қалжыраған прокураторға бос тұрған мамықтақта бөгде біреу
отырғандай елестесе керек. Үрейге бой алдырып, плащты қозғап
көріп тастай салды да, прокуратор балконды бойлай жүгіріп, біресе
қолын уқалады, біресе үстелге жетіп кеп тостағанға жармасты, біресе
тоқтай қалып, бетіне бəз-бір жазуларды оқығысы келгендей əшекейлі
еденге үңілді.
Бүгінгі бір күннің ішінде оны екі рет уайым басып, қатты қамықты.
Таңертеңгі сынып ауырғанынан тек сырқырап сыздаған естелік қана
қалған самайын сипап, прокуратор осыншалық жан азабының
себебін білуге күш салды. Оны тез түсінді де, бірақ өзін-өзі алдауға
тырысты. Бүгін күндіз керек бірдеңені оралмастай етіп уысынан
шығарып алғанын айқын сезді, енді сол қателігін болмашы, ұсақ
бірдеңелермен ең бастысы кешіккен іс-қимылмен түзегісі келді. Оның
өзін-өзі алдауы мынадан көрінеді, прокуратор ендігі, кешкі іс-қимылы
таңіртеңгі үкімнен маңызы жөнінен еш кем емес деп өзін-өзі
сендіруге тырысты. Бірақ ол прокуратордың қолынан онша келе
қойған жоқ.
Бір бұрылыста ол кілт тоқтап, ысқырып жіберді. Ысқырыққа жауап
ретінде қаракөлеңкеде арпылдап үрген ит дауысы жаңғы-рып, бақтан
балконға құлағы тіп-тік, мойнында алтын айылбасты қарғысы бар
тайшадай сұр ит қарғып мінді.
- Банга, Банга! - деп баяу айғайлады прокуратор.
Төбет артқы аяғымен көтеріліп, алдыңғы екі аяғын қожасының
иығына арта салып, оны еденге құлатып түсіруге шақ қалып, бетін
жалады. Прокуратор мамықтаққа отырып, Банга тілін салбыратып,
ішін соға тыныстап, қожайынының аяғына сүйкене жатты, көзіндегі
қуаныш өжет төбеттің дүниедегі бірден-бір қорқатыны - күннің күркірі
мен нөсердің төпеуі басылғанының белгісі болатын, оның үстіне ең
жақсы көретін адамының алдында жатыр, оны бұл əлемдегі барша
жұрттың əміршісі санап, соның арқасында өзінің де мəртебесі биік,
бағасы артық, айрықша жан иесі болып жүргенін сезіп, оның
құдіретіне табынып, құрмет тұтатын. Алайда аяқ астында жатып-ақ
қожайынына қарамай, қарауытқан баққа көз тастап қожайынын бір
қырсық шалғанын төбет бірден сезді. Сондықтан ол қалпын өзгертіп,
көтерілді де, бір бүйірден келіп, аяғы мен басын прокуратордың
тізесіне салып, плащының етегіне дымқыл құм жақты. Шамасы,
Банганың қимылы қожайынын тыныштандырып, бақытсыздықты
онымен бірге қарсы алуға əзір екенін білдіру болса керек. Осыны ол
иесіне қайта-қайта жалтақтаған көзімен, тікірейте түрген құлағымен
де көрсетуге тырысқандай. Сөйтіп, төбет те, төре де, яғни бірін-бірі
жақсы көретін екеу мейрам түнін балконда қарсы алды.
Бұл кезде прокуратордың қонағы қарбалас қарекет үстінде болатын.
Балконның алдындағы бақтың жоғарғы алаңқайына шығып,
баспалдақпен келесі террасаға түсіп, оңға бұрылып, сарай
аумағында орналасқан қазармаларға келді. Бұл қазармаларда
Ершалимге прокуратормен бірге мерекеге келген екі кентурия,
сондай-ақ прокуратордың қонақтың өзі басқаратын құпия күзеті
орналасқан болатын. Қонақ қазармаларда көп емес, он минөттей
уақыт өткізді, ал осы аз уақыттың ішінде қазармалардың ауласынан
бекініс құрал-саймандары мен су толы кеспектер тиелген үш арба
жолға шықты. Көліктерді сұр плащ киген он бес салт атты алқалап
жүрді. Алқалаумен олардың көліктері сарай аумағынан артқы қақпа
арқылы шығып, батысқа бағыт ұстап, қала қабырғасындағы
қақпалардан өтіп, сүрлеумен əуелі Вифлем жолына, сосын сол
арқылы терістікке беталып, Хаврон қақпаларындағы көлденең
көшеге дейін жетіп, сонда ғана күндіз дарға асуға сотталғандарды
алып өткен шеру жүрген Яффа жолымен қозғалды. Бұл тұста
қараңғылық түсіп, көкжиектен ай да көрінген еді.
Алқалаған командасымен көліктер аттанып кеткеннен кейін ұзамай
сарай аумағынан прокуратордың үстін ауыстырып, көнетоз хитон
киген қонағы да салт мініп жедел жөнелді. Қонақ қаланың сыртына
емес, ішіне бағыт алды. Бірқауым уақыттан кейін оны терістікте
тікелей ұлы храмға жақын орналасқан Антоний бекінісіне жақындаған
жерінен көруге болатын еді. Бекіністе де қонақ көп болған жоқ, сосын
оның ізі Төменгі қалада, оның бытысқан қисық көшелерінен
табылады. Бұған қонақ салт мініп қашырмен келді.
Қаланы жақсы білетін қонақ өзіне қажет көшесін оп-оңай тауып алды.
Оның аты Грек көшесі болатын, өйткені оған бірнеше грек дүкендері
орналасқан-ды, олардың бірі жəне кілеммен сауда жасайтын. Қонақ
дəл осы дүкеннің қасына қашырын тоқтатып, түсті де, оны қақпаның
шығыршығына байлады. Дүкен жабылып қалған екен. Қонақ дүкенге
кіреберіспен қатар тұрған сыртқы есіктен кіріп шағын төрткүл аулаға
тап болды, жан-жағы тізілген сарай-қоймалар. Ауланың бұрышынан
жалт бұрылып, мейман тұрғын үйдің тас террасынан бір-ақ шықты,
пүлішпен көмкерілген қабырғаларға қарады. Үй де, сарайлар да
қараңғы, əлі шам жағыл-мапты. Мейман баяу ғана:
-
Низа! - деп шақырды.
Бұл дауысқа есік сықырлап, кешкі қаракөлеңкеде террасаға басында
желеңі жоқ жас əйел шықты. Ол террасаның қалдайынан еңкейіп, кім
келгенін білу үшін алаңдай қарады. Келген кісіні танып, ол қуана
жымиып, басын изеп, қолын сілтеді.
-
Сен жалғызсың ба? - деп грекше баяу сұрады Афраний.
Жалғызбын, - деп сыбырлады террасадағы əйел. - Күйеуім
таңертең Кессарияға кеткен. - Осы арада əйел есік жаққа алақтап
сыбыр етті: - Үйде қызметші əйел бар. - Сосын ол “кіріңіз” дегенді
білдіретін тұспал жасады. Афраний жалтақтай қарап, аяғын тас
сатыларға басты. Содан кейін əйел де, ол да үйдің ішіне жасырынды.
Бұл əйелде Афраний онша ұзақ болған жоқ, көп болса бес минөттей
ғана бөгелді. Содан соң ол үйді де, террасаны да тастап,
жалбағайын көзіне дейін түсіріп көшеге шықты. Үйлерде бұл уақытта
шырағдандар жанып, мереке алдындағы қарбалас тым күшті
болатын, Афраний да қашырына мініп, өткен-кеткендер мен
шабандоздардың опыр-топыр тасқынына сүңгіп жоқ боп кетті. Одан
арғы оның жолы ешкімге де белгілі емес еді.
Афраний Низа атаған əйел жалғыз қалып, асығыс-үсігіс киіне
бастады. Қараңғыда оған қажет заттарын таба қою қандай қиын
болды десейші, шырағданды ол жаққан жоқ, қызметшіні де
шақырмады. Тек сақадай сай болып, басына қара желеңін жамылған
соң ғана үйден оның даусы естілді.
Егер мені біреу-міреу сұрай қалса, Энантаға қонаққа кеткен дей
сал.
Энантаға дейді? Оһ, осы Энанта ма!? Күйеуің оған баруға тыйым
салған жоқ па еді!
Жеңгетай жалдапты өзі - сенің Энантаң! Көр де тұр, күйеуіңе
айтамын...
Қой, қой, қой, өшір үніңді, - деп зекіген Низа көлеңке құсап үйден
сырғып шығып кетті. Низаның сандалы ауланың тас плиталарына
тық-тық тиіп кетіп бара жатты. Қызметші бажылдап жүріп террасаның
есігін жапты. Низа өз үйінен кетті.
Дəл осы уақытты Төменгі қаланың басқа бір шолақ, сынық
басқыштары еңіске қарай құлдилап, қала тоғандарының біріне барып
тірелетін көшеден, соқыр жағы көшеге, ал терезелері аулаға
қарайтын сиықсыздау үйдің сыртқы есігінен сақалын əдемілеп
қырыққан, басына етегі иығына түскен аппақ кефи киген, су жаңа
мерекелік таллифі бар, аяғындағы жаңа сандалы сықырлаған жас
жігіт шықты. Үлы мерекеге деп арнайы əсем киінген қошқар тұмсық
сұлу жігіт терезелердің бірінен кейін бірі қалай жанғанына қарап азкем тұрды. Сосын храм жотасының етегіне салынған Каифа бас
имамның сарайына базарды жанай өтіп апаратын жолға бағыт
ұстады.
Біраз уақыттан кейін оның Каифа ауласының қақпасынан кіріп бара
жатқанын көруге болатын еді. Ал енді біраз уақыт өткенде ол сол
ауладан шығып бара жатты.
Шырағдандар мен алаулар жарқырап, мерекелік қарбалас үдеген
кезде сарайға кіріп шыққан жас жігіт бұрынғысынан да көңілденіп,
қуанышы қойнына сыймай Төменгі Қалаға қайта тартты. Көше базар
алаңына ұласар бұрышта, апыр-топыр, алас-күлестің қайна-ған
жерінде оны басында көзіне дейін түскен қара желеңі бар билей
басқан бір əйел қуып жетті. Жас жігітке жетісімен ол желеңін бір сəт
жоғары көтеріп қалды да, жебей басқан адымын бəсеңдетпей, қуып
жеткен адамынан қашқандай сыңай танытып жүгіре басып жөней
берді.
Жас жігіт бұл əйелді байқап қана қалмай, жазбай танып, денесі дір
етіп тоқтай қалды да, аңырып сыртынан қарап сəл тұрды да, тұра
қуды. Қолында көзесі бар біреуді құлатып кете жаздап, əйелді қуып
жеткен жігіт толғаныстан алқына сөйлеп:
-
Низа! - деп оның атын атады.
Əйел бұрылып, көзін сығырайтты, жүзінен салқын таңданыс білінді,
сосын грекше немқұрайды жауап қатты:
Аһ, бұл сенбісің, Иуда? Сені мен ал дегенде танымай қалдым
ғой. Əйткенмен, мұның өзі жақсы. Бізде бір ырым бар: танымай
қалған адамың бай болады дейтін.
Қара желеңнің астында жүрегі тайдай тулап, шоршып секіріп, қатты
тебіренген Иуда өткен-кеткендер естіп қалмасын деп үздік-создық
сыбырлап:
-
Қайда бара жатырсың, Низа? - деп сұрады.
Оны саған білудің қажеті қанша? - деп жауап қатқан Низа жүрісін
бəсеңдетпей Иудаға алая қарады.
Иуданың дауысында сол сəт сəбилік бір мақам пайда болып
өкпелегендей абдырып сыбырлай сөйледі:
Сонда қалай?.. Біз келісіп едік қой. Мен саған кіріп шықпақ
болғанмын. Сен бүкіл кеш бойы үйде боламын деп едің ғой?
Ой, жоқ, жоқ, - деп безектеген Низа кіділеніп, төменгі ернін
көрсетті, сонысымен Иудаға оның бетінен ажарлы бет бұл əлемде
жоқтай боп көрінді, өмірде көрген сұлулардың бəрінен бұл артық
секілденді. - Көңілім құлазып кетті. Сендерде мереке мейрам, сонда
маған не істе дейсің сен? Сенің террасада аһылап-уһілеп
күрсінгеніңді тыңдап отыруым керек пе еді? Оның үстіне қызметші
əйел оны байыма айтып қояды деп дірілдеп-қылшылдап отыруым
керек екен ғой. Жо-жоқ, қаланың сыртына шығып, бұлбұл үнін
тыңдап қайтқым келді.
-
Қала сыртына дейді? - деп абдырай сұрады Иуда, - Жалғыз ба?
-
Əрине, жалғыз, - деп жауап қатты Низа.
Маған еріп жүруге мұрсат ет, - деп алқына өтінді Иуда. Ойлары
мүлдем батысып кетті, жалынышты жанармен қазір қарақаттай қапқара көрінген Низаның көзіне телмірді.
Низа еш жауап қайтармай, жүрісін жебеді.
Сен неге үндемейсің, Низа? - деп жалына сұрады Иуда онымен
қадамын қатарластырып.
Ал маған сенімен көңілсіз болмай ма? - деп сұрады Низа кенет
тоқтай қалып. Осы арада Иуданың ойлары мүлдем бытысып кетті.
-
Жарайды, жақсы онда, кеттік, - деп ақыры Низа жұмсарды.
-
Ал қайда, қайда барамыз?
Тоқта... мынау аулаға кіріп ақылдасып алайық, əйтпесе
таныстардың біреуі көріп қалып ашынасымен көшеде жүр екен деп
өсек қылар.
Низа мен Иуданың қарасы базардан заматта өшті. Олар бір ауланың
қақпасы түбінде сыбырласып тұрды.
Зəйтун иелігіне бар, - деп сыбырлады Низа қақпадан шелекпен
шыққан бір адамнан теріс айналып, желеңімен бетін бүркеп,
Кедронның аржағындағы Гефсиманияға тарт, түсіндің бе?
-
Иə, иə, түсіндім.
Мен алда жүрейін, - деді Низа, - ал сен мені өкшелемей, сəл
кейінірек жүр. Мен алға кетемін... Тасқыннан асқанда, үңгірдің қайда
екенін білесің ғой?
-
Білем, білем...
Зəйтун қыспағының қасынан өтіп жоғары өрлеп, үңгірге
бұрыласың. Мен сонда боламын. Тек қана қазір маған ілесе жөнелмей шыда, осында тоса тұр... Осыны айтып Иудамен тіпті сөйлеспеген кісі құсап, Низа қақпаның сыртынан шықты.
Иуда бытырап кеткен ойларын жинақтап алғалы біраз уақыт
жападан-жалғыз тұрды. Ол ойларының ішінде туысқандарының
мерекелік думанына өзінің неге қатыса алмағанын қалай түсіндіремін деген пікір болатын. Иуда əлдеқалай бір өтірік ойлап таппақ
еді, бірақ толқу үстінде ештеңе əзірлей алмады, ал аяғы еркінен тыс
оны қақпаның сыртынан аулақ сырғытты.
Енді ол өз бағытын өзгертіп, Төменгі Қалаға асықпай, кері бұрылып
Каифа сарайына қарай тартты. Енді Иуда айналасын-дағыларды да
дұрыс көре алмады. Мейрам қалаға дендеп кірген еді. Иуданың
айналасындағы терезелер жарқырап қана қоймай, олардан гу-гу
сөздер де естіліп жатты. Мерекеге кешіккендер өшін есектерінен
алып, қамшылап, айғайлап зықысын шығарды. Иуданы аяғының өзі-
ақ дедектетіп барады, ол жанынан Антонийдің мүк басқан сұрықсыз
мұнаралары ағып өткендей, қалай артта қалғанын аңғармады,
қамалдағы өгіздей өңіреген керней үнін де есітпеді, жолын
қалтыраған сəулесімен жарық еткен алаулар ұстап жүрген римнің
атты патруліне де назар аударған жоқ. Мұнарадан өтіп бұрылғанда
ол храмның басындағы керемет биіктен екі алып бесшырақты көрді.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Майталман шебер мен маргарита - 22
  • Parts
  • Майталман шебер мен маргарита - 01
    Total number of words is 4188
    Total number of unique words is 2185
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 02
    Total number of words is 4307
    Total number of unique words is 2150
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 03
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2321
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 04
    Total number of words is 4091
    Total number of unique words is 2369
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 05
    Total number of words is 4231
    Total number of unique words is 2275
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 06
    Total number of words is 4275
    Total number of unique words is 2183
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 07
    Total number of words is 4179
    Total number of unique words is 2056
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 08
    Total number of words is 4162
    Total number of unique words is 2288
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 09
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2258
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 10
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2360
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 11
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2204
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 12
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2334
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 13
    Total number of words is 4076
    Total number of unique words is 2131
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 14
    Total number of words is 4303
    Total number of unique words is 2195
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 15
    Total number of words is 4283
    Total number of unique words is 2173
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 16
    Total number of words is 4122
    Total number of unique words is 2215
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 17
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2274
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 18
    Total number of words is 4328
    Total number of unique words is 2150
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 19
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2195
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 20
    Total number of words is 4323
    Total number of unique words is 2138
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 21
    Total number of words is 4279
    Total number of unique words is 2228
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 22
    Total number of words is 4275
    Total number of unique words is 2177
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 23
    Total number of words is 4051
    Total number of unique words is 2294
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 24
    Total number of words is 4132
    Total number of unique words is 2321
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 25
    Total number of words is 4367
    Total number of unique words is 2146
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 26
    Total number of words is 4184
    Total number of unique words is 2326
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 27
    Total number of words is 2124
    Total number of unique words is 1367
    38.1 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.