Latin Common Turkic

Майталман шебер мен маргарита - 15

Total number of words is 4283
Total number of unique words is 2173
35.8 of words are in the 2000 most common words
50.8 of words are in the 5000 most common words
58.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Еһ!.. - деп торыға күрсінді профессорға мүлəйімси қарап,
ондықтарын жинап жатып буфетші.
Сол күні кешке профессорда аурулар онша көп болған жоқ. Халатын
шешіп жатып профессор буфетші шеруондарын тастаған жерге көз
салды, онда ешқандай ақша жоқ, тек “Абрау-Дюрсо” шөлмектерінің
этикеткалары ғана жатыр.
Бұл не деген сұмдық! - деп бұрқылдады халатының етегін еденге
сүйрете жүріп, қағаздарды ұстап көрген Кузьмин, - ол есуас қана
емес, жүлік те боп шықты ғой! Бірақ бір түсінбейтінім - оған менен не
керек болды екен? Несептің анализіне қағаз алу ма? О! Ол
пəлтемды ұрлап əкеткен шығар?! - Ол халатымның екінші жеңін
шешпеген қалпы алдыңғы бөлмеге ұмтылды. - Ксения Никитишна! деп алдыңғы бөлменің есігінен жан даусы шыға айғай салды, қараңызшы, пəлте аман ба екен?
Пəлтелердің бəрі орнында екені анықталды. Алайда оның есесіне
профессор халатын ақыры шешіп, үстеліне оралғанда, табаны
паркетке жабысып қалғандай қақшиып тұрды да қалды. Этикеткалар
жатқан жерде, басқа бір жетімек қара мысық баласы отыр, бейшара
сүт құйған табақшаға қарап үздіге мияулайды.
Бұл не тағы да?! Бұл енді... - Ол желкесінің жел ұстағандай суып
бара жатқанын сезді.
Профессордың баяу да аянышты дауысына жүгіріп Ксения
Никитишна келді де оны жұбатып, бала мысықты аурулардың біреуі
əкеп тастауы мүмкін екенін, профессорда ондай жағдай жиі
ұшырасатынын айтып, сабасына түсірді.
Шамасы, кедей тұратын болар, - деп тігісін жатқызып жатыр
Ксения Никитишна, - ал бізде, əрине, аштан өлмейді ғой..
Сонда да мұны кім тастап кеткенін ойлап, болжам жасай бастады.
Күдік асқазан жарасымен келген кемпірге түсті.
Əрине, сол, - деді Ксения Никитишна, - мен бəрібір өлемін, ал
бала мысық аянышты халде қалады ғой, деп ойлаған ғой бейшара.
Алайда ойласаңызшы! - деп айғайлап жіберді Кузьмин, - сонда
сүт қайдан келеді? Оны да кемпір əкелген бе? Анау табақ ше?
Сүтті құтымен ала келіп, осы жерде табаққа құйған да, - деп
түсіндіріп жатыр Ксения Никитишна.
Қалай болса, олай болсын, мысық пен табақты алып кетіңіз, -деп
Кузьмин Ксения Никитишнаны есікке дейін шығарып салды. Ол
оралғанда жағдай өзгеріп қалыпты.
Халатын шегеге іліп жатып, профессор ауладан қарқылдаған күлкі
естіп, сыртқа көз тастап, қатты абыржып қалды. Ауланы көктей өтіп
қарсыдағы флигельге үстінде жалғыз жейдеден өзге лыпа жоқ бір
келіншек жүгіріп барады. Профессор тіпті оның аты-жөнін де біледі,
ол - Мария Александровна. Күліп тұрған бір бала.
-
Бұл не пəле? - деп жиіркене сөйледі Кузьмин.
Сол сəт қабырғаның аржағында, профессордың өз қызының
бөлмесінде патефон “Аллилуйя”! фокстротын ойнады, сол-ақ екен,
профессордың ту сыртынан торғайдың шырылдағаны естілді. Жалт
қараған ол өз үстелінің үстінде секіріп жүрген ірі торғайды көрді.
“Імм... тыныш, тыныш... - деді іштей профессор ол мен терезеден
бері кеткенде кірген ғой. Оқасы жоқ. Осы торғайдың қырсығынан
кабинеттің іші ыбырсып кеткеніне қарамастан профессор өзін-өзі
басып, бəрі де орынды-орнында” деп жұбатты. Оған тесіле қарап,
профессор оның əдеттегі жай торғай емес екенін бірден білді.
Пəлекет торғай сол табанына қарай құлап, аяғын сүйрете
қылымсығандай қылық көрсетіп, патефонның үнімен фокстрот билеп
жүрген үлдірік үстел жанындағы масқа ұқсап кетті. Профессорға алая
қарап, аярланып ойына келгенін істеді. Кузьмин-нің қолы телефонға
барып қалды, ондағы ойы курстасы Буреге телефондап, алпыс жасқа
келіп, кенет бас айналатын болғанда мынау тектес торғайдың көрінуі
нені білдіреді деп сұрамақшы болатын.
Торғай ол кезде сыйға тартылған сиясауытқа қонып, оған саңғырап
(қалжыңдап отырғаным жоқ), сосын жоғарыға ұшып ауада қалықтап
тұрды да, сосын екпіндей келіп тұмсығымен 94-жылы университет
бітіргендер толық бейнеленген сурет салынған əйнекке кеп соғып,
шынының быт-шытын шығарды. Профессор телефонның нөмірін
ауыстырып, Буренің орнына сүлік Бюросына телефондап, профессор
Кузьмин үйіне қазір сүлік жіберсін деп жатыр деді.
Трубканы орнына қойып үстелінен қайта бұрылғанда про-фессор аһ
ұрып жылап жіберді. Үстел басында мейіркеш желеңімен басын
тартып алған, қолында сыртына “Сүлік” деп жазылған сөмкесі бар бір
əйел отыр. Профессор оның аузына көзі түсіп бақырып жіберді. Аузы
еркектің аузы, əрі қисық бір азуы сойдиып шығып тұр. Медбикенің
көзінде жан жоқ.
- Ақшаны мен жинап алайын, - деді ол еркек даусымен, - мұнда не
үшін шашылып жатады. - Осыны айтып ол құс тырнағымен
этикеткаларды сыпырып-сиырып жинап алды да, ауаға сіңіп жоқ боп
кетті.
Оған да екі сағат өтті. Профессор Кузьмин жатынжайында кереуеттің
үстінде отыр, самайында, құлағының сыртында, мой-нында
салбырап тұрған сүліктер Кузьминнің аяқ жағында сырылған жібек
көрпеде буырыл мұртты профессор Буре Кузьминге жаны аши қарап,
бұның бəрі түкке тұрмайтын елес деп жұбатып отыр. Терезеден түн
түнереді.
Осы күні Мəскеуде тағы қандай таңқаларлық оқиға өткенін біз
білмейміз, əрине, оны іздеп те əуре болмаймыз, өйткені осынау
һақиқат хикаяттың екінші бөліміне көшер уақыт болды. Маған ер,
оқырман!

ЕКIНШI БӨЛIМ
Он сегізінші тарау
МАРГАРИТА
Маған ер, оқырман. Саған бұл дүниеді шынайы, адал, мəңгілік
махаббат жоқ деп кім айтып жүр? Ондай суайттың сумаң тілін кесу
керек!
Маған ер, соңымнан қалма, оқырман, тек менің соңымнан еріп
отырсаң, саған сондай махаббатты қапысыз көрсетемін.
Жоқ! Шебер түн ортасы ауғанда Иванушкаға ол келіншек оны
ұмытқан шығар деп айтып қателесті. Олай болуы мүмкін емес. Əрине
ол оны ұмытқан жоқ.
Бəрінен бұрын шебердің Иванушкаға айтқысы келмеген құпиясын
ашайық. Оның ғашық жарының аты-жөні Маргарита Николаевна. Ол
жайында шебердің ақынға айтқанының бəрі риясыз шындық. Ол
өзінің ғашық жарын дұрыс сипаттады. Ол сұлу да ақылды болатын.
Бұған тағы да мынаны қосуға болады -əйелдердің көбісі-ақ өмірлерін
Маргаританың өміріне айырбастау үшін дүниенің бəрін тəркі етіп,
қолда барын беруге əзір екенін сеніммен айтуға болады. Бала
көтермеген отыз жастағы Маргарита аса ірі маманның, оның үстіне
мемлекеттік маңызы бар жаңалық ашқан адамның зайыбы болатын.
Оның ері жас, келбетті, адал да мейірбан жан еді, əйелін қадір тұтып,
қатты жақсы көрді. Маргарита Николаевна күйеуі екеуі арбатқа таяу
шолақ көше-лердің біріндегі бақтың ортасындағы таңғажайып
жекежайдың жоғарғы қабатын түгел алып тұрды. Айтары жоқ,
ғажайып жер! Оған сол баққа барғысы келгендердің барлығының да
көзі кəміл жетер еді. Ондай ойы барлар именбей-ақ маған келіп,
мекен-жайын айтып, жолын нұсқауға əркез əзірмін - жекежай күні
қаласы күні осы уақытқа дейін дін аман.
Маргарита Николаевна ақшаға мұқтаж болған жоқ. Көңіліне
ұнағанның бəрін сатып ала алатын. Күйеуінің таныстары арасында
ықылас қоярлық кісілер де кездесті. Маргарита Николаевна примусқа
қол тигізген жан емес. Ортақ пəтердің өзінде де тұрмыс-тың
тақсыретін білген жоқ. Сонда... ол бақытты болды ма? Жоқ, ол өзін
бір сəтке де бақытты санаған пенде емес. Он тоғыз жаста тұрмысқа
шығып, жекежайға тап болғаннан бері бақыт дегенді білген жоқ.
Құдая, құдайым-ай! Не қажет болды сонда бұл əйелге?! Жанарында
ұдайы бір түсініксіз от ұшқын шашып тұратын бұл əйелге не қажет
болды десейші! Көктемде тұла бойын мимозамен сылап, бір көзін
ойнақшытып қиыс қарайтын бұл мыстанға не керек болды екен, өзі?
Білмеймін, маған ол жағы беймəлім. Зайыры, ол шынын айтқан
болуы керек, оған ол, майталман шебер, кемел ғана қажет болды, гот
үлгісіндегі жекежай да, жеке бақ та, көп ақша да оның жанын жұбата
алмады. Ол кемелді ғана сүйді, сондықтан ақиқатын айтты.
Бақытына орай айтылған уақытта оралмаған күйеуімен сөйлесіп
үлгірмей, келесі күні шебердің үйіне келіп, кемелдің жоқ екенін біліп
орнын сипап қалғанда Маргарита-ның басынан не кешіргенін
ойлағанымда тіпті шынайы əңгіме шертуші, бірақ бөгде адам менің
жүрегім сыздап, өзегім өртенеді.
Ол туралы бірдеңе білу үшін келіншек қолдан келгеннің бəрін
жасады, бірақ ештеңе біле алмады. Амалсыздан ол жекежайға
оралып, бұрынғы орнында отыра берді.
- Иə, иə, қандай опынарлық қате жібердім десейші сонда! -дейді
Маргарита қыстың күні пештің алдында отырып, маздаған оттан көз
алмай. - Түнде оны жалғыз тастап не үшін ғана кеттім екен? Неге, не
үшін? Бұл дегенің барып тұрған ессіздік қой! Иə, уəде еткенімдей
ертеңгі күні келдім, бірақ кеш келіппін, орнын сипап қалдым. Левий
Матвей бейбақтай оралуын оралдым-ау, бірақ тым кеш келдім!
Бұл сөздердің бəрі, əрине, жөнсіз, өйткені ол сол түні шебердің
қасында қалғанда не өзгерер еді? Келіншек оны құтқара алар ма еді?
Күлкі ғой ол дер едік, бірақ біз еңсесі түсіп торыққан əйелдің алдында
ондай əбестікке бармаймыз.
Маргарита Николаевна алты ай қыс бойы осындай азапта өмір сүріп,
көктемге жетті. Мəскеуге қара сиқыршы келіп, əралуан мəнмағынасыз ырду-дырду етек алып, Берлиоздың нағашы жездесі
Киевке қайта қуылған, бухгалтер тұтқындалып, басқа түсініксіз оғаш
оқиғалар болған күні Маргарита жекежайдың бұрышында мұнара
болып шығып тұратын жатын жайында сəске түсте ғана оянды.
Бұрын оянғанда жиі жылайтын Маргарита бүгін көзіне жас алған жоқ,
өйткені əйтеуір бірдеңе осы күні болатынын іштей сезген сияқты. Сол
сезімді жүрегінің түбінде аялап, тағы да тастап кетпесінші деп жан
жылуын беріп, жапырақ жайғызғысы келді.
- Мен сенемін! - деп масаттана күбірледі Маргарита, - сенемін мен!
Бірдеңе болуы керек. Болмауы мүмкін емес, əйтпесе мұндай мəңгілік
азапты мен өмір-бақи не үшін тартуым керек? Өтірік айтып,
алдағанымды, жұрттан жасырып құпия тұрмыс кешкенімді
мойындаймын, бірақ ол үшін осынша қатал жазалауға əсте
болмайды ғой. Əйтеуір бірдеңе сөзсіз болуға тиіс, бір нəрсенің мəңгі
созылуы мүмкін емес қой. Оның үстіне түсім де аян беріп жүр, оған
бəс тігемін.
Күн нұрына малынған қан қызыл терезе пердесіне тесіліп,
мазасыздау киініп, бұйралаған қысқа шашын үш бөлікті айнаға қарап
тараған Маргарита Николаевна осылай күбірледі.
Маргаританың бүгін түнде көрген түсі шынында да айрықша болды.
Мəселе мынада, қыс бойы азап шеккен келіншек түсінде шеберді
бірде-бір мəрте көрген жоқ. Түн баласы ол мұны мазалаған жоқ,
сондықтан келіншек күндіз ғана азап шегіп қапаланды. Ал бүгін түсіне
енді.
Түсіне Маргаританың өзіне беймəлім, ерте көктемнің бұлтты аспаны
еңсені басқан, көңілсіз һəм үмітсіз бір жер кірді. Алба-жұлба бұлттар
көшіп жүрген сұрғылт аспан, оның астында үн-түнсіз ұшып жүрген
қара таған құзғындар тобыры. Бəз-бір қисық көпір. Оның астында
ағып жатқан суы лай көктемгі өзен, жағасында шоқпыт киген
қайыршыдай жартылай жалаңаш ағаштар, мұңайып жалғыз тұрған
терек, ағаштардың арасында, бау-бақшаның аржағында бөренеден
қиылған бір үй, бəлкім бөлек асүй, немесе монша болар, не екенін
құдайың білсін. Төңірек түгел жансыз, сондай мұңлы, көңілің
құлазығаннан көпір жанындағы жалғыз терекке асылып қалғың
келеді. Үп еткен жел, былқ еткен бұлт, қыбыр еткен тірі жан жоқ.
Кеудесінде жаны бар адам үшін нағыз тозақтың өзі.
Енді көз алдына келтіріп көріңізші, сол бөрене үйдің есігі айқара
ашылып, міне, оның өзі шығып келеді. Недəуір алыс болғанмен, ол
айқын көрінеді. Тоналып қалды ма екен, біліп болмайды, киімі жұтаң.
Шашы дудырап, сақал-мұрты қырылмаған. Көзі аурудың көзіндей
алақтай береді, қолымен ымдап мұны шақырады. Жансыз ауада
қақалып-шашалып, томарлардан сүріне-қабына жүгіріп, Маргарита
оған тұра ұмтылды, дəл осы кезде оянып кетті.
“Бұл түс екінің бірін білдіруі мүмкін, - деп топшылады өзімен-өзі
болып Маргарита Николаевна, - егер ол өлі болып мені шақы-рып,
маған келіп жүрсе, ұзамай мен де өлемін. Бұл өте жақсы, менің
азапты қайғым сонымен тəмамдалады. Немесе ол тірі. Онда бұл түс
оның өзін есіме түсіріп жүргенін білдіреді! Оның біз əлі көрісеміз деп
айтқысы келетін тəрізді. Иə, біз ұзамай, таяуда ғана қауышамыз.
Сол бір қобалжыған көңіл күйде киіне жүріп Маргарита шын мəнінде
бəрі сəтті қалыптасып келеді, мұндай сəтті мезеттерді уыстан
шығарып алмай, пайдалана білу керек деп өзін сендіре бастады.
Күйеуі табаны күректей үш күнге іссапарға кеткен-ді, үш тəулік бойы
ол өзіне-өзі қожа, өзі би, өзі төс, не ойлаймын, не армандаймын, не
ұнатамын десе де, бөгет болар тірі пенде жоқ. Жекежайдың жоғарғы
қабатындағы күллі бес бөлме Мəскеудегі ондаған мың адам осындай
жайым болса ғой деп армандайтын құттыхана төрт құбыласы түгел
соның қарауында.
Алайда табаны күректей үш күнге бостандық алып Маргарита
осынау аузы-мұрнынан шаққан бай пəтерден ең жақсы орын
таңдаған жоқ. Шайға қанып алып шамадандар мен ескі-құсқы
салынған екі үлкен шкəп тұратын терезесі жоқ қараңғы бөлмеге кетті.
Жүресінен отырып ол бірінші шкəптің жəшігін ашты да үйіліп жатқан
жібек қиындыларының арасынан өміріндегі ең бағалысын алды.
Маргаританың қолына қоңыр түсті былғары альбом мен өз атына он
мың сом салынған жинақ кітапшасы түсті, біріншісінде шебердің
фотографиялық суреті де, екіншісінде папирос қағазының арасына
сап кептірген раушан гүлі болатын жəне шеті күйген, машинкаға
басылған тұтас дəптер беттері бар-тын.
Сол байлығымен жатынжайға оралып Маргарита Николаевна суретті
үш жармалы айнаның алдына қойып, соған қарап бір сағаттай
отырды, қолында оттан бүлінген дəптер. Күйгеннен кейін не басы, не
аяғы қалмаған сол жазбаны парақтап, оқи бастады... Жерорта
теңізінен келген түнек прокуратор жеккөретін шаһарды тұмшалап
тастады. Шіркеуді үрейлі Антоний мұнарасымен жалғастырып
тұратын аспалы көпірлер ғайып болды, аспаннан түпсіз қараңғылық
қаумалап гипподромның үстіндегі қанатты құдайларды аясына алды,
Хасмоней сарайы, тың оқпандары, базарлар, керуен сарайлар,
көшелер, тоғандар... соның құшағында жарық дүниеде болмағандайақ ұлы шаһар Ершалим құрып кетті...”
Маргаританың одан əрі оқығысы келіп еді, шашақталған күйеден
басқа оқитын ештеңе қалмапты.
Көз жасын сүртіп Маргарита Николаевна дəптерді жайына қалдырды
да, шынтағын айнаасты үстелге қойып, өз бейнесін айнадан көріп,
суретке қарап ұзақ отырды. Сосын көз жасы да кепті. Маргарита өз
мүлкін жинап сыртынан буды да бірер минөттен кейін жібек
қиындылардың астына қайта жасырды, қараңғы бөлменің құлыбы
шыңғырлап жабылғаны ғана естілді.
Серуендеп қайтқалы Маргарита Николаевна алдыңғы бөлмеден
пəлтесін киді. Оның үй қызметшісі Наташа сұлу түстіктің екіншісіне не
əзірлеу керек екенін сұрап, оған бəрі бір екенін білген соң өз көңілін
өзі көтергелі қожайынымен əңгіме-дүкенге кірісті. Құдайдан өзге
ешкім білмейтін қайдағы бір əңгімені гөйітті, оның айтуына
қарағанда, кеше театрда көзбояушылар сиқыр ойын көрсетіп,
жұрттың бəрі аузын ашып, көзін жұмыпты, онымен де қоймай, олар
екі құтыдан шетелдік əтір мен шұлықты əйелдерге тегін таратыпты,
ал қызығы кейін болыпты, сеанс аяқталып, бұ-рынғы киімдерін шешіп
жаңа көйлек киген көпшілік көшеге шықса, бəрі тыр жалаңаш дейді.
Маргарита Николаевна алдыңғы бөлменің айнасы астындағы
орындыққа құлай кетіп, ал күлсін кеп.
- Наташа? Сен қалай ғана ұялмайсың, - деді Маргарита Николаевна,
- Сіз ғой сауатты, ақылды қызсыз; кезекте тұрған жұрттың айтпайтын
өсек-өтірігі бар ма, ал сіз соны айнытпай қайталап отырсыз.
Наташа қызарып кетті, сонда да айтқанын растап қызбалана сөйледі,
өз жанынан ештеңе қоспағанын атап көрсетіп, бүгін өзі Арбаттағы
гастрономда бір азаматшаны ұшыратқанын, дүкенге кебіспен келіп
кассаның кезегіне тұрғанда аяқ-кимі ұшты-күйді жоқ боп кетіп, жалғыз
шұлықпен қалғанын көзімен көргенін алға тартты. Көзі шарасынан
шығып кеткен, табаны тесік екен, бақса əлгі кебісі сол сеанстан алған
сиқырлы кебіс боп шығыпты.
-
Солай жалаңаяқ кетті ме?
Солай кетті! - деп шаңқ ете қалды Наташа сөзіне сенбегеніне
шамданып барған сайын қызарақтап. - Шын айтам, Маргарита
Николаевна, кеше түнде милиция жүзге тарта адамды ұстап алып
кетіпті. Сол сеанстан шыққан азаматшалар Тверь көшесінде жалғыз
дамбалмен жүгіріп жүріпті.
Иə, əрине, мұны Дарья айтып жүр ғой, - деді Маргарита
Николаевна, - оның сұмдық суайт өсекші екенін мен баяғыдан-ақ
байқап жүрмін.
Күлкілі əңгіме Наташа үшін сыбағалы сый болып аяқталды.
Жатынжайға кеткен Маргарита Николаевна одан қолына бір жұп
шұлық пен бір құты одеколон ұстап шықты. Наташаға өзі де фокус
көрсеткісі келетінін айтып, Маргарита Николаевна оған шұлық пен
иіссу сыйлап, одан бір ғана тілегі барын - жалаң шұлықпен Тверь
көшесінде жүгірмеуін жəне Дарьяны тыңдамауын сұрады.
Тролейбустың жайлы мамықтағының жұмсақ арқасына шалқалай
түсіп Маргарита Николаевна Арбат бойлап бара жатып біресе өз
тірлігі туралы ойлады, біресе, өзінен алда отырған екі азаматтың
сөзін тыңдады.
Ал олар біреу естіп қалмады ма екен деп сезіктеніп, ара-тұра
бұрылып қойып қайдағы бір болмашы нəрсені əңгіме ғып отырды.
Жылтыраған доңыз көзді алпамсадай етжендісі терезе жақта отырып
кішкентай бəкене бойлы көршісіне сыбырлап, табытты қара
жамылғымен жабуға тура келгенін айтты...
Иə, ол мүмкін емес, - деді таңданған кішкентай күбірлеп, -бұл
бұрын естілмеген сұмдық... Сонда Жалдыбин не амал жасады?
Троллейбустың біркелкі гуілі арасына терезе түбіндегінің сөзі талып
жетті:
-
Қылмыс зерттеу... жанжал... тура бір тылсым...
Осынау үздік-создық үзіктерден Маргарита Николаевна əреңдеп
байланысы бар бірдеңе құрастырды. Бұл азаматтар өзара
сыбырласып, бүгін бір марқұмның аты-жөнін атамай, табыттан басын
ұрлап əкеткенін айтты. Сол үшін əлгі Жалдыбин қатты толқып
əбігерге түсіп жүрген тəрізді. Троллейбуста күбірлеп айтылғанның
бəрінің тоналған марқұмға бəз-бір қатысы бары сөзсіз.
Гүлге соғып үлгереміз бе? - деп мазасызданды кішкентай. Кремация сағат екіде дедің бе сен?
Ақыры Маргарита Николаевнаны табыттан ұрланған бас туралы
ыбыр-сыбыр мезі етіп, ол троллейбустан түсетін кез таянғанына
қуанды.
Бірнеше минөттен кейін Маргарита Николаевна Кремль
қабырғасының түбіндегі орындықтардың біріне жайғасты, одан
манеж жақсы көрініп тұрды.
Маргарита ашық күнге көзін сығырайтып, бүгін түндегі түсін еске
түсірді, бұдан тура бір жыл бұрын, дəл осы күні осы орын-дықта екеуі
қатар отырған еді-ау. Тап қазіргідей сонда да мынау қара сөмке осы
орындықта қасында жатқан. Бұл күні оның өзі жанында жоқ, бірақ
Маргарита Николаевна онымен ойша сөйлесіп отыр: “Егер сені жер
аударып жіберсе, неге бір хабарыңды бермейсің? Басқалар қайда
екенін, қайда жүргенін білдіріп жатады ғой. Əлде сен менен айнып
кеттің бе? Жоқ, неге екені белгісіз, мен оған сенбеймін. Демек, сен
жер аударылып, сол жақта қаза тапқансың... Олай болса маған
шындығын айтып бір хабарын бер, ақыр соңында менің де еркін өмір
сүруіме мүмкіндік жаса, дұрыс ауа жұтайын”. Бұл сауалына жауапты
да Маргарита Николаевна-ның өзі берді: “Сен азатсың... Əлде мен
сені ұстап отырмын ба?” Сосын ол өз жауабына өзі қарсы шықты:
“Жо-жоқ, бұл не жауап, өзі? Жоқ, сен менің жадымнан тай, сонда
ғана мен азат боламын!”
Маргарита Николаевнаның жанынан жұрт өтіп жатыр. Бəз-бір еркек
əсем киінген əйелге көз қиығын да салып өтті, шамасы оның
сұлулығы мен жалғыздығы назарын аударған болуы керек. Сосын ол
бір жөткіріп алып Маргарита Николаевна отырған орындықтың шет
жағына кеп тізе бүкті. Өзіне-өзі кеп жүрегін тоқтатып тіл қатты ол.
-
Айтары жоқ, бүгін ауа райы жақсы екен...
Алайда Маргарита оған тұнжырай қарады да, ол кетіп қалды.
“Міне, саған мысал керек болса, - деді ойша Маргарита өзін билеген
пендеге қарата айтып, былайша, қабағымды бермей қуып жібердім
ғой əлгі еркекті, сонда не үшін? Өзім болсам көңілсіз құлазып
отырмын, ал əлгі көрсеқызарда жиіркенердей ештеңе жоқ еді ғой, тек
айтары жоқ” деп мəймөнкелегені болмаса, жапалақ құсап қабырға
түбінде жападан-жалғыз отырғаным не? Не үшін мен өмірден шығып
қалғанмын?
Ол мүлдем қапаланып, еңсесі түсіп кетті. Бірақ кенет оның ертеңгілік
күткен үміт толқыны қайта қозып кеудесін тепкіледі. “Иə, болуға тиіс!”
Толқын оның кеудесін қайта түрткілеуде, мұның жай емес, үнді
толқын екенін ол табанда түсінді. Қала шуын көктей өтіп жақындай
қалған барабан дабылы мен сəл бұрмаланған керней үні естілді.
Бірінші болып бақ тортемірінің жанынан аяңдатып өткен аттылы
милиционер көрінді, оның соңында жаяулар. Одан əрі ілбіп келе
жатқан жүк машинасындағы музыканттар. Олардың соңында баяу
жылжыған жаңа ашық машинада бетін гүл жауып кеткен табыт, оның
төрт бұрышында төрт адам - бір əйел мен үш еркек тұр. Маргарита
əжептəуір қашықтықтың өзінен қаралы машинада тұрғандардың
жүздері біртүрлі қобалжыңқы екенін байқады. Бұл əсіресе сол
жақтағы артқы бұрышта тұрған азаматшаның өңінен айқын
аңғарылады. Ол азаматшаның тырсиған бетін іштен тағы да құпия
бірдеңе үрлеп торсита түскендей, май басқан көзінде екідей бір от
ұшқындайды. Енді сəл болса азаматша төзімі таусы-лып, шыдай
алмай, марқұмға көз қысып: “Бұған ұқсас бірдеңені көргеніңіз бар ма
еді? Тура бір тылсым ғой бұл!” дейтін тəрізді көрінеді. Шерудің
соңында жаяу келе жатқандардың жүзінде де осындай алаң абыржу
бар, ал олар аз да емес, қаралы машинаға ұзын саны үш жүздей кісі
еріп келеді.
Маргарита қаралы шеруді көзімен шығарып салып алыстан “бумс,
бумс, бумс...” деген бір дыбысты қайталаған түрік бара-банның
зарлы үні тынғанға дейін құлақ түрді де, “Жерлеу қандай
қорқынышты мынау “баумсыңның” өзі тұнып тұрған қайғы-мұң ғой.
Аһ, оның тірі, иə өлі екенін білу үшін жанымды дию-періңе де қияр
едім ғой. Мынадай таңғажайып жандармен кімді жерлегелі жатқанын
білген де қызық болар еді.
Берлиоз Михаил Александровичті, - деген недəуір мыңқыл-дай
сөйлейтін еркек даусы дəл қасынан шықты. - МАССОЛИТ-тің
төрағасы болатын.
Таң қалған Маргарита Николаевна жалт қарап өз орынды-ғының
шетінде отырған бір азаматты көрді, зайыры бұл жерден көз алмай
таңданып тұрғанда үнсіз келіп отырса керек. Келіншек те соңғы
сұрақты сол қобалжыңқырап тұрған бойда байқамай дауыстап қойып
қалған сияқты.
Иə, олардың көңіл күйі таңғажайып, - деп сөзін жалғастырды
беймəлім азамат. - Марқұмды көмуге апара жатып бəрі де оның басы
қайда кетті деп ойлайтын сыңайлы.
Қандай бас? - деп сұрады Маргарита күтпеген жерден тіксіне
қарап. Көршісі бəкене бойлы, жалқын сары, азу тісі сойдиған,
крахмалданған жейде мен қымбат алабажақ кəстөм киген, аяғында
лакталған кебіс, басында дөңгелек қалпағы бар біреу екен. Галстугы
менмұндалап тұрған айқын түсті. Бір ғажабы əдетте ерлер орамал
салатын қалташасынан өзі жазатын қаламның орнына мүжілген
тауық сирағы шығып тұр.
Иə, көрмейсіз бе мына сұмдықты, - деп түсіндірмек болды
жалқын сары, - бүгін таңертең Грибоедов залындағы табыттан
марқұмның басын ұрлап əкетіпті.
Қалай, осындай да бола ма екен? - деп еріксіз сұрады
Маргарита, оның үстіне троллейбустағы күбір-сыбыр да есіне түсіріп.
Қалай болғанын сайтаным біле ме! - деп қалай болса солай
жауап қатты сары. - Айтқандай, бұл туралы Бегемоттан сұраған
жаман болмас еді деп ойлаймын. Сұмдық ептілікпен ұрлап кеткен
ғой. Қандай дау-жанжал туғызды десейші! Ең бастысы ол бастың
кімге ғана керек бола қалғанына түсініп болмайды.
Қаншалық өзімен-өзі болғанымен де, Маргарита Николаевнаны
беймəлім азаматтың біртүрлі оғаш өтірігі қайран қалдырмай
қоймады.
Мархабат етіңіз! - деп кенет оның даусы шығып кетті: - Қай
Берлиоздың басы? Ол бүгін газетке шыққан кісінікі ме?
-
Əрине, əрине...
Демек, табыттың соңында кетіп бара жатқан кілең əдебиет-шілер
болды ғой? - деп Маргарита тісін қайрады.
-
Əрине, солардың өзі!
-
Ал сіз оларды танисыз ба?
-
Бірін қалдырмай, барлығын да білемін, - деді сары.
Айтыңызшы, - деді Маргарита даусы қаттырақ шығып, -олардың
арасында сыншы Латунский жоқ па?
Ол қалайша болмауға тиіс? - деп жауап қатты сары, - əне ол
шетте төртінші қатарда кетіп барады.
-
Анау ақсары ма? - деп сұрады көзін сүзіп Маргарита.
-
Ақсары... Көрдіңіз бе, көзін ол аспанға қадап барады.
-
Попқа ұқсас па?
-
Иə-иə.
Латунскийге қадала қарап, Маргарита қайтып ештеңе сұра-мады.
Байқауымша, сіз Латунскийді жек көретін сияқтысыз, - деді
жымия күліп сары.
Мен одан басқа да біреулерді жеккөремін, - деп тісінің арасынан
сыздықтата сөйледі Маргарита, - бірақ ол жайында айту қызық емес.
Бұл кезде шеру одан əрі қозғалып, жаяулардың артынан көбісі бос
автомобильдер сырғып бара жатты.
Əрине, енді мұнда тұрған не қызық бар дейсіз, Марина
Николаевна!
Маргарита таң-тамаша қалды:
-
Сіз мені танисыз ба?
Жауап орнына жалқын сары бас киімін шешіп, оны ұшырып
жіберердей қолына ұстады.
“Нағыз қарақшының бет пішіні ғой” - деп ойлады Маргарита көшеде
кездескен сұхбаттасына тесіліп.
-
Ал мен сізді білмеймін, - деді сырдаң сөйлеп Маргарита.
Сіз мені қайдан білмекшісіз! Мен болсам сізге бір шаруамен
жіберілген жанмын.
Маргарита бозарып кетіп, шегініп қалды.
Сөзді тура осыдан бастау керек еді, - деп үн қатты келіншек, кесілген бас туралы көр-жерді айтып миды ашытқанша. Немене, сіз
мені тұтқындағалы келдіңіз бе?
Ондай ештеңе де жоқ, - деп сарының даусы шығып кетті, - о не
дегеніңіз: сөйлессе-ақ болды, сөзсіз тұтқындау керек пе екен. Жай
ғана сізде бір шаруамыз бар.
-
Ештеңе түсініп тұрғаным жоқ. Ол қандай шаруа?
Сары жан-жағына қарап алып, құпиялап:
-
Бүгін кешке сізді қонаққа шақыру үшін жіберді мені.
-
Не сандырақтап тұрсыз, қандай қонақ?
Атақты бір шетелдікке барасыз, - деп көзін сығырайта маңғазси
сөйледі жалқын сары.
Маргарита қатты шамданып, ыза болды.
Немене көше жеңгетайының жаңа түрі пайда болған ба? -деді ол
кеткелі орнынан көтеріліп жатып.
Міне, мұндай тапсырмаға айтылар алғыстың түрі! - деп ренжіп
қалған сары даусын көтеріп, кетіп бара жатқан Маргаританың
соңынан: - Ақымақ қатын! - деп бұрқ етті.
Сұмырай! - деді келіншек бұрыла беріп, сол замат ту сыртынан
сарының даусын естіді.
Жерорта теңізінен келген түнек прокуратор жеккөретін шаһарды
тұмшалап тастады. Шіркеуді үрейлі Антоний мұнара-сымен
жалғастырып тұратын аспалы көпірлер ғайып болды, аспаннан түпсіз
қараңғылық қаумалап гипподромның үстіндегі қанатты құдайларды
аясына алды... Жарық дүниеде болмағандай-ақ ұлы шаһар Ершалим
құрып кетті... Күйген дəптеріңмен, кепкен раушаныңмен өзің де
құрысаң құры. Осы ұзынтақта қадалып жападан-жалғыз отыр да,
оған өзіңді бостан етіп, таза ауа жұтуға мұрсат ет деп жалбарына
бер!
Өңі құп-қу болып Маргарита ұзынтаққа қайта оралды. Сары оған
көзін сығырайта қарады.
Мен ештеңе түсінсем бұйырмасын, - деді Маргарита
Николаевна, - дəптер парақтары жөнінде білуге болатын шығар...
ішке еніп, сырттан шолуға болар... Наташа сатылуы да ықтимал иə,
ықтимал. Ал сіз менің ойымды қалай біле қойдыңыз? - Ол қапалана
маңдайын қырыстырып:
-
Айтпақшы, сіз кімсіз өзі? Қандай мекемеденсіз? - деп сұрады.
-
Зерігу дегенің міне осы, - деп бұрқ еткен сары даусын
шығарыңқырап: - кешіріңіз, мен ешқандай да мекемеден емеспін деп
айтқам жоқ па! Кəне, отырыңызшы, өтінемін.
Маргарита тіл қайтармай айтқанына көнді, дегенмен отырып жатып
тағы да:
-
Сіз өзі кім боласыз? - деп сұрады.
Ал жақсы, мені Азазелло деп атайды, алайда бəрібір бұл есім
сізге ештеңе ашып тұрған жоқ қой.
Маған сіз дəптер беттері туралы, менің іш пікірім жайында
қайдан, қалай білгеніңізді айтпайсыз ба?
-
Айтпаймын, - деп бір-ақ қайырды Азазелло.
Ол жайында бірдеңе білесіз бе? - деп жалына күбірледі
Маргарита.
-
Жарайды, білемін дейін.
Жалбарынамын: Жалғыз ақ білгім келетіні - тірі ме өзі? Азапқа
салмаңызшы мені.
-
Жарайды, тірі екені тірі, - деп немқұрайдылау үн қатты Азазелло.
-
Құдая!
Өтінемін, абыржу, айғай-шу болмасын тек, - деді тұнжырай түсіп
Азазелло.
Кешіріңіз, кешіріңіз, - деп міңгірледі басылып қалған Маргарита
бағынышты үнмен, - əрине, алғаш сізге қатты ашулан-дым. Алайда,
əйелді көшеде қонаққа шақырған қалай болады?.. Менде ырымжырым, наным деген жоқ, оған сендіре аламын, -деп Маргарита
көңілсіздеу мырс етті. - Бірақ мен ешқашан ешқандай шетелдікті
көрген емен, олармен аралас-құралас болуға тіпті құлқым да жоқ...
оның үстіне, менің күйеуім... Менің қасыретім сүймейтін адамыммен
тұрып жатқаным, алайда оның көңілін бұзып, өмірін былғау кісілік
емес деп санаймын. Мен одан жақсылықтан өзге ештеңе көрген
емеспін.
Азазелло көрнеу зерігумен мұны əрең-əрең тыңдап, басы да, аяғы
жоқ сөздерінен мезі болып қатулана:
-
Бір минөтке болса да үндемей тұра тұруыңызды өтінемін, -деді.
Маргарита мөлтілдеп үнін өшірді.
Мен сізді мүлдем қауіпсіз шетелдікке шақырып тұрмын. Бұл
кездесу туралы бірде-бір тірі пенде білмейтін болады. Міне, дəл осы
үшін мен сізге кепілдік беремін.
-
Ал менің оған не қажетім бар? - деп күлмей сұрады Маргарита.
-
Ол жөнінде кейінірек білесіз.
Түсінемін... Мен оған беріліп, жазылып жастық, иіліп төсек
болуым керек қой, - деді Маргарита ойланып.
Дүниедегі кез келген əйелдің оны арман ететіне сізді сендіремін.
- Азазеллоның мысқыл күлкіден өңі бұзылып кетті. -Алайда сізді
өкіндіруге тура келеді, өзіңіз ойлағандай ештеңе болмайды.
Сонда бұл қандай шетелдік?! - деп еңсесі түскен Маргарита-ның
даусы қаттырақ шығып кетіп, оған жанынан өткендер жалт қарады. Онда маған оған барудың қызығы қанша?
Азазелло оған еңкейіп, құлағына астарлы мағынамен сыбыр-лады.
Əйткенмен, қызық деген аста-төк. Жағдайды өзіңіз де пайдаланып қаласыз.
Не дейсіз? - деп Маргарита дауыстап жіберіп көзі атыздай болып
кетті. - Егер мен сізді дұрыс түсінсем, сіз онда ол туралы да мағлұмат
ала аласыз дегенді мегзеп тұрсыз ғой.
Азазелло үнсіз басын изеді.
Кеттім! - деп даусын екпіндете көтерген Маргарита Азазеллоның
қолынан шап беріп ұстай алды, - қайда болса да. кеттім!
Азазелло уһ деп еркін бір тыныстап ұзынтақтың арқасына ойып
жазылған. “Нора” деген есімді жауырынымен жауып шалқайып бір
жатты да, əзіл-шыны аралас бір сөз айтты:
“Бұл əйелдер деген қиын халық қой, - қолын қалтасына салып, аяғын
көсіле түсті. - Мəселен, мені не үшін осы шаруаға жұмсады екен?
Бегемоттың өзін жіберсе, істі тамаша тындырар еді ғой, ол қандай
жұлдызды жігіт десейші!
Маргарита миығынан күліп, аянышты үнмен:
Мені тылсымдап, қайдағы бір жұмбақтарыңызбен азаптауыңызды доғарсаңызшы... Мен бір бақытсыз жанмын, соны
пайдаланып тұрсыз-ау. Оғаш бір уақиғаға кіріп кеткелі тұрмын, тек сіз
мені ол туралы үміт оятар сөздермен алдарқатып, еліктір-геніңізден
ғана, оған ант ішемін. Мынау түсініксіз беймəлім тірліктің бəрінен
басым айналады...
Тек қасірет-қайғысыз, жылау-сықтаусыз болсын, - бет-аузын
тыржитып үн қатты Азазелло, - менің де жағдайыма қарау керек қой.
Оған қарағанда əкімді құлақ-шекеден бір перу, нағашыны үйден қуып
шығу, біреуді атып тастау, тағысын-тағылар түкке де тұрмайды, олар
менің тікелей мамандығыма қатысты қарекеттер, ал ғашық
əйелдермен əңгіме-дүкен құру қызметтің қыл көпірі екен. Мен сізді
аттай жарты сағат айналдырып көндіре алмай отырған жоқпын ба?
Сонымен. Барасыз ба?
Барамын, - деп жай ғана жауап қайтарды Маргарита
Николаевна.
Онда мынаны алыңыз, - деп Азазелло қалтасынан дөңгелек
алтын қорапшаны суырып Маргаритаға ұсынып, ескертпе де жасады:
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Майталман шебер мен маргарита - 16
  • Parts
  • Майталман шебер мен маргарита - 01
    Total number of words is 4188
    Total number of unique words is 2185
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 02
    Total number of words is 4307
    Total number of unique words is 2150
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 03
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2321
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 04
    Total number of words is 4091
    Total number of unique words is 2369
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 05
    Total number of words is 4231
    Total number of unique words is 2275
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 06
    Total number of words is 4275
    Total number of unique words is 2183
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 07
    Total number of words is 4179
    Total number of unique words is 2056
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 08
    Total number of words is 4162
    Total number of unique words is 2288
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 09
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2258
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 10
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2360
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 11
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2204
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 12
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2334
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 13
    Total number of words is 4076
    Total number of unique words is 2131
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 14
    Total number of words is 4303
    Total number of unique words is 2195
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 15
    Total number of words is 4283
    Total number of unique words is 2173
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 16
    Total number of words is 4122
    Total number of unique words is 2215
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 17
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2274
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 18
    Total number of words is 4328
    Total number of unique words is 2150
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 19
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2195
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 20
    Total number of words is 4323
    Total number of unique words is 2138
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 21
    Total number of words is 4279
    Total number of unique words is 2228
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 22
    Total number of words is 4275
    Total number of unique words is 2177
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 23
    Total number of words is 4051
    Total number of unique words is 2294
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 24
    Total number of words is 4132
    Total number of unique words is 2321
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 25
    Total number of words is 4367
    Total number of unique words is 2146
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 26
    Total number of words is 4184
    Total number of unique words is 2326
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 27
    Total number of words is 2124
    Total number of unique words is 1367
    38.1 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.