Latin Common Turkic

Майталман шебер мен маргарита - 14

Total number of words is 4303
Total number of unique words is 2195
34.2 of words are in the 2000 most common words
47.7 of words are in the 5000 most common words
54.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
неге жеткізетінін, міне, осының өзі-ақ көрсетпей ме? Зайыры, одан
əрі өзін-өзі ұстай алмайтынын сезген-діктен болса керек, Коровьев
тұмсығымен қабырғаға барып тірелді де, қасындағы айнадан еңіреп
жылағаннан оның қалай селкілдегені көрініп тұрды.
Берлиоздың нағашысы бейтаныстың қылығына қайран қалды. Біздің
ғасырда жүрегі ізгі жан болмайды деген бекер екен ғой -деп ойлады
ол өз көзі де сыр бере бастағанын байқап. Алайда дəл сол мезетте
оның жан-жүрегіне ұнамсыз бір бұлт қонақтағандай болды, заматта
жыландай жылжып бір сумаң ой сап ете түсті: мынау ақкөңіл ізгі кісі
осының пəтеріне тіркеліп қойған жоқ па екен, өзі?
-
деп. Өйткені өмірде ондай мысалдар көп қой.
-
Кешіріңіз, сіз менің марқұм Мишамның досы болып па едіңіз?
деп сұрады ол жеңімен сол жақ құрғақ көзін сүртіп, ал оң көзімен
қайғыдан күйреген Коровьевті бақты. Ал анау өксіп-өксіп, бірдеңе
былдырлап жылағанда “сарт етіп қақ жарылды” дегеннен өзге
ештеңе ұғып болмады. Өкіріп жылап өксігі басылған соң Коровьев
ақыры қабырғадан ажырап тілге келді:
Жоқ, бұдан əрі шыдай алар емеспін. Барып үш жүз тамшы эфир
валерьянкасын қабылдамасам болмас! - деп жас жуған бетінен
Повлавскийге бұрылып - міне, трамвайлары, - деді
Мен кешірім өтінемін, жеделхатты маған сіз жібердіңіз бе? -деп
сұрады Максимилиан Андреевич қанша қиналғанмен де мынау
ғажайып жылауықтың кім екенін білгісі келіп.
-
Анау, - деді Коровьев саусағын мысыққа шошайтып.
Жаңсақ естідім бе дегендей, Поплавскийдің көзі бажырайып кетті.
Жоқ, не күш, не хал жоқ, - деп мұрнын тартып, сөзін жалғады
Коровьев, - аяқты қырқып кеткен доңғалақты көргенде дымым
құриды да қалады, əрқайсысы кемінде он пұттан ғой. Солар жүріп
өткенде сарт етпей, қақ жарылмай қайтеді. Барып төсекке жатайын,
бəлкім, ұйықтасам бəрін ұмытармын. - Осыны айтып ол ғайып
болды.
Мысық қозғалып, орындықтан секіріп түсіп, артқы аяғымен қақшиып
тұра қалды, сосын бүйірін таянып, аранын ашып, үн қатты:
-
Ал, жеделхатты мен жібердім. Онда тұрған не бар екен!
Максимилиан Андреевичтің бірден басы айналып, аяқ-қолы
тартылып қалды, шамаданын түсіріп алып, мысықтың алдындағы
орындыққа сылқ ете түсті.
Тегі, мен орыс тілінде сұрап тұрған шығармын, одан əрі не
болды? - деп ызбарлана сөйледі мысық.
Бірақ Поплавский ешқандай жауап қайтарған жоқ.
Төлқұжатыңызды əкел! - деп мысық тырсиған толық табанын
созды.
Екі ұшқыннан өзге ештеңе көрмей, ештеңе бағамдай алмады, əлгі
мысық көздердің ұшқыны ештеңе ойлатар емес. Поплавский
төлқұжатын қалтасынан қанжардай етіп суырды. Мысық айна
астындағы үстелден қалың қара жиекті көзілдірігін алып мұртының
үстіне қондырып, бұрынғыдан бетер сұстанып, Поплавскийдің
дірілдеген қолынан төлқұжатын жұлып алды.
Міне қызық: Есім ауып құлап түсер ме екем, əлде жоқ па? -деп
ойлады Поплавский. Алыстан Коровьевтің өксіп жылағаны естілді,
алдыңғы бөлме эфирдің, валерьянның иісіне толып, басқа да қолқа
қабар сасық иіс мүңкіп кетті.
Құжатты қай бөлімше берген? - деп сұрады мысық оның
парақтарына үңіліп. Жауап жуық шамада қайтарыла қоймады.
Төрт жүз он екінші бөлімше екен, - деді мысық өзіне-өзі сөйлеп,
басын аяғына шығарып ұстап тұрған төлқұжатты табаны-мен бір
сипап өтті де: - Ал иə, əрине! Маған бұл бөлімше белгілі! Онда
төлқұжатты талғамай кім көрінгенге бере береді. Мен, мəсе-лен, сіз
сияқтыларға бермес едім, əсте де бермес едім. Бетіңізге бір қарап
жіберіп, бас тартқан болар едім, - деп мысықтың терісіне сыймай
ашуланғаны сондай, төлқұжатты еденге лақтырып жіберді. - Сіздің
жерлеуге қатысуыңызға рұқсат етілмейді, - деді мысық ресми үнмен,
- туған жеріңізге кетуге қамданыңыз. - Сосын есікке қарап шаңқ ет: Азазелло!
Оның шақыруы бойынша алдыңгы үйге аласа бойлы, сылтып
басатын, денесін трикомен тартып тастаган, былгары белдігіне
пышақ қыстырып алган, сол көзінде агы бар, сап-сары күрек тістері
жиіркенішті бір адам кіріп келді.
Поплавский ауа жетпейтіндей сезініп, орындықтан көтерілді де,
жүрегін ұстап тəлтіректеп əрең тұрды.
Азазелло. Шыгарып сал! - деп бұйрық берді де, мысық алдыңгы
бөлмеден шыгып кетті.
Поплавский, барлыгы да түсінікті болды-ау деп ойлаймын, -деді
жаңа кірген пенде.
Поплавский басын изеді.
Дереу Киевке қайт та, судан тымық, шөптен аласа боп дымыңды шыгармай отыр сонда, - деп ныгарлады Азазелло. Мəскеудегі пəтер жайында армандама да, түсінікті гой!
Поплавскийді сойдиган азу тістерімен өлердей қорқытқан, беліндегі
пышагы мен қисық көзі үрейін одан əрі ұшырган осынау тапалдың
бойы экономистің иыгынан гана келгенмен, жігерлі үйлесімді де
ұқыпты қимылдайды ол.
Ең алдымен еденнен төлқұжатты көтеріп, Максимилиан Андреевичке
берді, ол оны жансыз өлі қолымен қабылдады. Содан соң Азазелло
бір қолымен шамаданды көтеріп, екіншісімен есікті ашып,
Берлиоздың нагашысын қолынан жетелеп баспалдақ алаңына
шыгарды. Поплавский қабыргага сүйенді. Ешқандай кілтсіз Азазелло
шамаданды ашып одан бір аягы жоқ қуырылып, майсіңді газетке
оралган тауықты алып шықты да, оны алаңга қойды. Сосын екі жұп
ішкиім мен ұстара жанитын белбеу қайысты, бəз-бір кітапшасы мен
қорапшаны алып, бəрін аягымен баспалдақтың жақтау қалдайына
қарай ысырды да, жалгыз тауықты гана алып қалды. Қалдайга қарай
бос қалган шамадан да лақтырылды.
Сосын сары қарақшы тауықты сирагынан ұстап, сонымен құлаштап
тұрып Поплавскийді бар пəрменімен желкеден согып кеп жіберді.
Соққының қаттылыгынан тауықтың денесі ұшып кетіп, сирагы
Азазеллоның қолында қалды. Мұндайды атақты жазушы Лев
Толстой, Оболонскийлердің босагасында барлыгы да бытысып кетті
деп əділ бейнелеген гой. Поплавскийдің көзінде де барлыгы
бытысып, сапырылысып кетті. Оның көз алдынан салақұлаш ұшқын
жалт ете қалып, бəз-бір қарала жыланмен алмасты да, мамыр күнін
өшіргендей болды, Поплавскийдің өзі де қолына төлқұжатын ұстап
баспалдақпен төмен ұшты. Бұрылысқа дейін ұшып барып, келесі
алаңда аяғы тиіп кетіп, терезенің əйнегін қиратты да, басқышта
отыра қалды. Онымен бірге аяқсыз тауық та домалап, баспалдақ
қалдайына барып құлады. Жоғарыда қалған Азазелло қолындағы
сирақты əп-сəтте бұтарлап мүжіп, сүйегін трикосының қалтасына
салып алды да, пəтерге оралып, сарт еткізіп есігін жапты. Сол тұста
төменнен орнынан тұрған адамның абайлай басқан адымы білінді.
Баспалдақпен тағы да бір бой жүгіріп Поплавский алаңдағы ағаш
диванға отырып, ентігін басты.
Көзі əдеттен тыс мұңлы, үстінде ескі үлгідегі шешунша беш-пенті,
басында жасыл ленталы қатырған ши қалпағы бар бəзбір кішкентай
ғана егде адам баспалдақпен жоғары көтеріліп бара жатып,
Поплавскийдің қасына кеп аялдады.
Сұрақ беруге мұрсат етіңіз, азамат, - деді шешуншадағы кісі, нөмірі елуінші пəтер қайда?
-
Жоғарыда, - деп деміге жауап қатты Поплавский.
Қалтқысыз рақмет айтамын сізге, азамат, - деді кішкентай кісі,
сосын жоғары өрледі, Поплавский де орнынан көтеріліп, төмен
тартты.
Осы арада бір сұрақ туады: Максимилиан Андреевич тападай тал
түсте күш көрсетіп қорлаған қарақшылардың үстінен арыз айтып,
милицияға кеткен жоқ па екен, өзі? Жоқ, əсте де олай емес, деп
сеніммен айтуға болады. Милицияға кіріп, мына біреулер, атап
айтқанда, көзілдірік киген мысық төлқұжатымды оқыды, сосын трико
киген кісі тауықпен соқты деп шағымдана ма? Жоқ, азаматтар,
Максимилиан Андреевич шынында да ақылды адам болатын,
ондайларға ешқашан бармайды.
Ол төменге түсіп-ақ қалған еді, шығар есіктің өзінен бір үйшікке
апаратын тағы бір есік көрді. Ол есіктің əйнегі сынып қалыпты.
Поплавский төлқұжатын қалтасына тығып, лақтырылған заттарын
көрмек ниетпен жан-жағына қарады. Алайда олардың ұшығы мен
пұшығы да жоқ. Оған оншалық өкінбегеніне Поплавскийдің өзі де
таңғалды. Оның басқа бір қызық та əзəзіл ойы бар болатын, ол əлгі
кішкентай кісі арқылы қарғыс атқан пəтерді тағы да тексеріп көру.
Шынында да, ол оның қайда екенін сұраған соң, оған алғаш рет бара
жатыр емес пе! Демек, ол тікелей №50 пəтерде ұйлыққан сол айтулы
топтың тырнағына аттанып барады. Поплавскийге іш пікірі əлгі кісі ол
пəтерден лезде шығады дейтін тəрізді. Енді Максимилиан Андреевич
жиенінің ешқандай жерлеуіне, əрине, барғысы жоқ, ал Киевке барар
пойыздың жүруіне əлі біраз уақыт бар. Экономист жан-жағына қарап
алды да, үйшікке жып берді. Осы кезде алыстан жоғарыда есік
қағылды. “Бұл кірген сол болды!” деп ойлады Поплавский. Үйшік
салқын екен, тышқан мен шуаш иісі қолқаны қабады. Максимилиан
Андреевич бір ағаш кесіндісіне жайғасып, неде болса күтуге бекінді.
Бағдар өте қолайлы үйшіктен алтыншы подъездің шығар есігі тікелей
көрініп тұр.
Алайда киевтіктің шамалауынан көбірек күтуге тура келді. Баспалдақ
ұдайы бос тұрады. Естілуі жақсы-ақ, ақыры бесінші қабатта есік
сартылдады. Поплавский демін ішінен ап тына қалды. Иə, соның
қадамы. Төмен түсіп келеді. Бір қабат төмен есік ашылды. Мұңлы
адамның дауысы, иə, бұл соның үні “Құдай ақына, қалдыр” деген
сияқты бірдеңе айтылды. Поплавскийдің құлағы сынған əйнектен
салпаңдайды. Жүріс басылды. Əйел даусы шықты. Салпаң құлақ
оның күлкісін де қағып алды. Төмен қарай тықылдаған екпінді, жедел
қадам, міне, əйелдің жонарқасы қылаң берді. Қолында жасыл
клеенка сөмкесі бар əлгі əйел подъезден аулаға шықты. Бағанағы
кісінің де жүрісі жаңғырды. Ғажап, ол кейін қайтып пəтерге бара
жатыр. Міне, жоғарыда есік қайта ашылды. Амал не, тоса тұруға тура
келді.
Бұл жолы ұзақ күттірген жоқ. Есіктегі дауыс. Топылдаған қадам.
Жүріс тағы тоқтады. Жандаусы шыққан айғай. Мысықтың мияу-лауы.
Топ-топ еткен шапшаң қадамдар төмен түсіп келеді.
Поплавский күткенін көрді де. Бірдеңелерді шоқына міңгірлеп мұңлы
адам өң-жоқ түс жоқ қалпақсыз, қасқа басы тырналған, шалбары
малмандай су болып жүгіріп түсті. Шығар есіктің тұтқасын қалай
бұраса ашыларын білмей жұлқылап, ақыры тетігін тауып аулаға,
жарық дүниеге атып шықты.
Пəтер тексеріліп бітті, марқұм болған жиенін де, бос қалған пəтерін
ойламай, қандай қатерге бас тіккенін еске түсіріп, тұла бойы
түршіккен Максимилиан Андреевич: “Барлығы түсінікті. Бəрі де
түсінікті!” деген екі сөзді ғана күбірлей қайталап, аулаға атып шықты.
Енді бірер минөттен кейін троллейбус жоспарлаушы экономисті Киев
вокзалы бағытына алып бара жатты.
Экономист төмендегі үйшікте отырғанда кішкентай кісімен аса
ыңғайсыз уақиға болды. Ол кісі Варьетенің буфетшісі болатын, атыжөні Андрей Фокич Сонов. Варьетеде тергеу жүріп жатқанда Андрей
Фокич бар оқиғадан сырт жүрді, бір-ақ байқалғаны өзі де көңілсіз
жүретін ол бұрынғыдан бетер мұңайып, еңсесі түсіп кетті, курьер
Карповтан сұрағаны тек келімсек сиқыршының қайда тоқтағаны ғана.
Сонымен алаңда экономиспен қоштасқан буфетші бесінші қабатқа
көтеріліп №50 пəтердің қоңырауын қақты.
Оған есік дереу ашылып, буфетші дір ете қалып күйбіжіктеп ішке
бірден кірген жоқ. Онысы түсінікті де еді. Есікті үстінде лыпасы жоқ
бір бикеш ашты, киім дегенде дүниенің төрт бұрышы түгел көрініп
тұратын өрнектен тоқылған алжапқыш пен басындағы ақ түйреуіш
қана. Əйткенмен аяғында алтындатқан кебіс бар. Сымбат жөнінен
қызда қылау жоқ, бойындағы бар міні мойнындағы қызғылт дақ қана.
Не тұрыс, қоңырау шалған соң кіріңіз! - деді бикеш буфетшіге
ойнақшыған жасыл көзін төңкеріп.
Андрей Фокич аһылап, көзі жыпықтап алдыңғы бөлмеге аттап кіріп,
қалпағын шешті. Осы кезде бөлмеде телефон шырылдады. Ұятсыз
үй күтуші бір аяғын орындыққа қойып, телефон тұтқасын көтеріп:
-
Алло! - деді.
Буфетші көзін қайда қоярға білмей, салмағын бір аяғынан екіншісіне
ауыстырып: “Үй күтушісі мынадай болса шетелдікке дауа жоқ шығар.
Тьфу, қандай бетімен кеткен бейбастық!” Сол ұятсыздықты көрмес
үшін ол көзін жан-жағына аударады.
Дағарадай алакөлеңке алдыңғы бөлме əдеттен тыс заттармен жəне
киімдермен ыбырсып жатыр. Орындықтың арқасына қызыл-мен
сейсептелген қаралы плащ лақтыра салынған, айна астындағы
үстелдің астында сабы алтын ұзын семсер жатыр. Сондай сабы
күміс үш семсер қолшатыр не таяқ сияқты бұрышқа сүйей салынған.
Бұғы мүйізінде қыран қауырсынды береттер ілулі тұр.
Иə, - деді үй күтуші телефонға, - сонда қалай? Барон Майгель
ме? Тыңдап тұрмын. Иə! Əртіс мырза бүгін үйде. Иə, сізді көрсе
қуанып қалар еді. Иə, қонақтар... Фрак па, əлде қара бешпент пе? Не
дейсіз. Түнгі он екі ме? - Əңгімесін тəмамдап үй күтуші телефонды
орнына қойып:
-
Сізге не керек? - деді.
-
Маған азамат əртісті көру қажет.
-
Қалайша. Тұп-тура өзін көргіңіз келе ме?
-
Өзін, - деп жауап қатты буфетші қамығып.
Сұрап көрейін, - деді толқыңқырап үй күтуші, сосын марқұм
Берлиоздың кабинетінің есігін сəл ғана ашып баян етті: - Сері, мұнда
бір кішкентай кісі келіп тұр, мессирді көруім керек дейді.
Мейлі, кірсін онда, - деген Коровьевтің жарықшақ даусы шықты
кабинеттен.
Қонақжайға өтіңіз, - деді адамша киінбей ашық-шашық жүргегіне
шімірікпестен, ол қонақ жайдың есігін ашты да, алдыңғы бөлмеден
тайып тұрды.
Шақырған жерге кіріп, бөлменің жиһаздап жиналуына аузын ашып,
көзін жұмып буфетші келген шаруасын да ұмытып кетті. Үлкен
терезелердің түрлі түсті əйнегінен (ізсіз-түзсіз кеткен зергер
зайыбының қиял туындысы) шіркеудікіне ұқсас жарық төгіліп тұр.
Ежелгі үлкен төрпеште көктемнің ыстық күніне қарамастан маздап
отын жанып жатыр. Соған қарамастан бөлме тіптен де ыстық емес,
қайта кірген адамды қайдағы бір парет дымқылдығы қармайды.
Төрпештің алдында отқа рақаттана көз сүзіп жолбарыс терісінің
үстінде алып қара мысық жатыр. Үстел бар екен, оны көргенде
құдайдан қорқатын буфетші дір ете қалды, үстелге шіркеудің
жалтылдақ торқасы жабылыпты. Торқа дастарқанның үсті толған
шөлмек, бүйірлісі де, бүйірсізі де, көк шалып, шаң басқандары да
бар. Шөлмектердің арасынан табақ жалтырайды, оның таза
алтыннан жасалғаны бірден-ақ көрініп тұр. Төрпеште кішкентай
шикілсары белдігіне пышақ қыстырып алып, ұзын семсерге шаншып
ет қуырып жатыр, оның сөлі отқа тамып түтіндеп, түтіні мұржаға кетіп
жатыр. Қуырылған еттің ғана емес, керемет əтірдің хош иісті
қарамайдың да иісі шығады. Берлиоздың өлімі, оның тұратын жері
туралы газеттен алдын ала білген буфетші марқұмға шіркеулік,
жерлеу рəсімі жасалды ма екен деген бір секем ой келді де осыдан,
бірақ ондай орайсыз ойды табанда қуып тастады.
Сасқалақтаған буфетшіні күтпеген жерде гүж ете қалған дауыс селт
еткізді:
-
Ал енді, сізге менің қандай пайдам тиюі керек?
Сол сəт буфетші көлеңкеден өзіне керек адамын тапты.
Қара сиқыршы бəз-бір далиған диванда шашылған көпшік-тердің
ортасында шəниіп жатыр. Буфетшіге ол қара ішкиіммен, бізтұмсық
қара кебіспен ғана жүргендей боп көрінді.
Мен Варьете таетрының буфет меңгерушісімін, - деді кермек
үнмен буфетші.
Əртіс қолын созды, саусақтарында жарқ-жұрқ еткен асылтас-тармен
буфетшінің аузын көлегейлегендей, екілене сөйлеп кетті.
Жо-жо-жоқ, жоқ! Артық-ауыс бір сөз болмасын! Ешқашан,
ешқандай жағдайда да, түсінікті ме?! Сіздің буфеттен аузыма нəр
алмаймын. Құрметтім, мен кеше үлдірек үстеліңнің қасынан өткенмін,
бекіреңді де, брынзаңды да осы уақытқа дейін ұмыта алар емеспін.
Қымбаттым менің! Брынзаның түсі жасыл болмайды, сізді біреу
алдап кеткен. Ол ақ болуы керек. Ал шайыңа келсек, шай емес,
жуынды. Бəз-бір салдыр-салақ қыздың біздің үлкен самауырға
қайнамаған суды құйып жатқанын мен өз көзіммен көрдім, шайды
жəне содан құйып жатты. Жоқ, айналайын, бұлай бола беруі мүмкін
емес.
Мен кешірім өтінемін, - деді тұтқиылдан тарпа бас салғаннан
сасып қалған Андрей Фокич. - Мен бұл мəселемен келгенім жоқ, бұл
арада бекіренің де қатысы шамалы.
-
Қалайша бекіренің қатысы жоқ, ол бүлініп кеткен боп отыр ғой.
-
Бекіренің екінші жаңасын жіберіпті, - деп хабарлады буфетші.
-
Шырағым-ау, бұның қисынсыз сандырақ қой!
-
Несі сандырақ?
Екінші жақсы дегенің барып тұрған сандырақ. Жаңа дегенің
жалғыз ғана болады, оның біріншісі бар да, соңғысы жоқ. Ал егер
бекірең екінші жақсы болса, ол шіріп иістеніп кеткен деген сөз!
Мен кешірім өтінемін,.. - деп кінəмшіл əртістен қалай құтыларын
білмей сөзін қайта бастай беріп еді.
-
Кешіре алмаймын, - деп кесіп тастады анау.
Мен бұл шаруамен келген жоқ едім! - деді əбден абдыраған
буфетші.
Бұл шаруамен емес дейді? - деп таң-тамаша болды шетелдік
сиқыршы. - Ал онда сізді маған қандай шаруа əкелуі мүмкін? Егер
жадым шатастырып, жаңылмасам, сізге кəсібі жөнінен жақын
адамдардан мен бір маркитанканы білуші едім, бұл сіз əлі жарық
дүниеге келмей тұрғандағы таныстық. Дегенмен, келгеніңізге
қуаныштымын. Азазелло! Буфет меңгерушісі мырзаға тəбіретке бер.
Ет қуырып жатқан жалт бұрылғанда оның сояудай азу тістері
буфетшінің зəресін ұшырды, заматта ол аласа, қоңыр, емен
тəбіреткелердің бірін жылп етіп əкеп бере қойды. Басқа бос орындық
бөлмеде жоқ екен.
Буфетші разылық білдіріп тіл қатты.
Бас иіп алғыс айтамын! - деп орындыққа отырды. Отырғаны сол
еді, орындықтың артқы сирағы сарт етіп сынып кетті де, буфетші аһ
деп еденге отыра кетті, құйымшағы қатты ауырды. Құлап бара жатып
ол аяғымен алдында тұрған басқа орындықты қағып кетіп, онда шыпшып толған кеседегі қызыл шарапты шалбарына төңкере салды.
Əртіс дауыстап жіберді:
-
Ай! Бір жеріңіз ауырып қалған жоқ па!
Азазелло буфетшінің көтерілуіне көмектесіп, басқа орындық əкеп
берді. Қапалы үнмен қайғылы буфетші қожайынның шалбарыңды
шешіп, отқа жайып кептіріп ал деген ұсынысынан бас тартып,
дымқыл ішкиімнен керемет қолайсыздық сезсе де сыр бермей
абайлап екінші орындыққа жайғасты.
Мен төменірек отыруды ұнатамын, - деді əртіс. - Төменнен құлау
онша қатерлі емес. Сонымен, біз бекіреге тоқталып едік қой. Көкешім
менің! Жаңасы, жаңасы, тағы да жаңасы! - кез келген буфетшінің
ұраны осы болуға тиіс. Міне, сондай тағамның дəмін көруге болады.
Сол сəт жалқын түспен пештен шыққан семсер буфетшінің алдынан
жарқ етті де, Азазелло алтын табаққа салып шыжғырған бір кесек ет
əкелді де, оған лимон шырынын құйып, мейманға екі тісті шанышқы
ұстатты.
-
Кешіріңіздер... мен...
-
Жо-жоқ, дəмін татып көріңіз.
Буфетші сыпайылықтан бір түйірін аузына салып көріп еді, шынында
да өте жаңа, ең бастысы айырықша дəмді ет жеп отырғанын бірден
түсінді. Алайда хош иісті, дəмді етті шайнай отырып буфетші сəл
ғана қақалмай қалды, бірақ орындықтан екінші рет құлап қала
жаздады. Көрші бөлмеден бір үлкен қара құс ұшып келіп, қанатының
қияғымен буфетшінің қасқа басын баяу ғана жанап өтті. Төрпеш
сөресіне сағаттың жанына кеп қонғанда оның жапалақ екені
айқындалды. “Құдіретті құдайым-ау! - деп ойлады буфетшілердің
барлығы сияқты күйгелек Андрей Фокич, - мұндай да пəтер болады
екен ғой!”
Бір тостаған шарапқа қалайсыз? Ағынан ба, қызылынан ба?
Күннің осы мезгілінде қай елдің шарабын артық көресіз?
-
Құзыретіңізге құлдық... мен ішпеуші едім...
Бекер! Онда бір мəрте асық ойнап жіберсек қайтеді? Əлде сіз
басқа ойындарды жақсы көресіз бе? Домино, карта деген сияқты.
Ойнамаймын, - деп шаршаңқы тіл қатты буфетші өзіңізде, бірақ
еркектерде бір нашар нəрселер жасырынып жататын боп жүр,
əсіресе арақ-шараптан, ойын-сауықтан, сұлу əйелдердің ортасынан
дастарқан басындағы əңгімеден қашатын ерлерде ол жиі
ұшырасады. Ондай адамдар не ауыр науқас, не айналадағы-ларды
жасырын жек көреді. Рас, бəрі бірдей ондай да болмас. Менімен
мейрамдап бір дастарқанның басында отырғандардың арасынан да
талай таңғажайып оңбағандар кездесті. Сонымен, енді сіздің
шаруаңызды тыңдайын.
-
Кеше сіз көзбояушылық жасап, фокус көрсеттіңіз емес пе...
Мына мен бе? - деп сиқыршының даусы шығып кетті, -құдайға
қарасаңызшы көзбояушылық деген маған жүрмейтін өнер.
Айыптымын, - деді асып-сасып қалған буфетші, - қара магияның
сеансы болған соң айтып жатқаным ғой.
Аһ, əлбетте, əрине, əрине! Қымбаттым менің! Саған құпиямды
ашайын: жалпы мен əртіс емеспін, əншейін мəскеуліктерді бас қосып
жиналғанда бір көргім келді, оған қолайлы орын театр емес пе. Міне,
сондықтан да менің нөкерлерім, - деп мысық жаққа иегін қақты, - осы
сеансты ұйымдастырды, мен болсам, жай ғана отырып
мəскеуліктерге қарап, ой түйдім. Тек түсіңіз оған бола өзгермесін, ал
айтыңызшы енді, сол сеансқа байланысты не мəселе сізді маған
əкелген?
Былайша алып көріңізші, өзге де ойындардың арасында төбеден
қағаз жауды ғой, - деп буфетші даусын сəл бəсеңдетіп, қысыла
жалтақтады. - Ал жұрт жапа-тармағай сол қағаздарға бас салды.
Содан маған буфетке бір жігіт келіп, қызылқұйрық шеруон-ның өзін
ұсынбай ма, мен оған сегіз жарым сом қайтардым... Сосын басқасы
тағы да келді.
-
Ол да жас жігіт пе?
Жоқ, егде адам. Үшінші, төртінші, не керек, қаптады да кетті. Мен
бейбақ бəрінің шеруонына ақша қайтардым. Ал бүгін кассамды
тексеріп көрсем, масқара, ақшаның орнында дестелеп қиған
қағаздар. Сөйтіп буфетті жүз тоғыз сомға отырғызып кетті.
Ал-əй-ай! - деп қалды əртіс, - сонда олар қалайша ол қағазды
нағыз ақша деп ойлады екен? Өз басым, оны олар саналы түрде
жасады дей алмаймын.
Буфетші біртүрлі қисая отырып, жан-жағына қамыға жалтақтап, лəммим деп тіл қатпады.
Сонда алаяқтар болғаны ма? - деп сұрады қонағынан
қобалжыған боп сиқыршы. - Мəскеуліктердің арасында да алаяқтар
бар ма?
Жауап қайтарудың орнына буфетші мырс етіп жымиды, сол арқылы
мəскеуліктердің арасында да алаяқтар баршылық екеніне еш күдік
қалдырмады.
Бұл енді кəззаптық! - деп ыза болды Воланд, - сіз кедей
адамсыз, сіз кедей адам емессіз бе, ə?
Буфетші кедей адам екенім көрінсін дегендей мойнын ішіне тығып,
басын иығына салды.
-
Сіздің қанша жинақ ақшаңыз бар?
Бұл сұрақ жаны ашығандай пейілмен қойылса да, онша əдепті сауал
қатарына жатқызуға болмайтын еді. Буфетші күйбіжіктеп қалды.
-
Екі жүз қырық тоғыз мың сомы бес жинақ кассасында жатыр,
деп үн қатты көрші бөлмеден жарықшақ дауыс. - Үйде еденнің
астында екі жүз алтын ондық тағы да бар.
Буфетші орындығына біте қайнап жабысып қалғандай болды.
-
Иə, əрине, бұл көп сома емес, - деді қамқорси сөйлеген Воланд
өз қонағына, - дегенмен сол ақшаның да сізге еш қажеті жоқ қой. Сіз
қашан өлмекшісіз, өзі?
Осы арада буфетші де шамданайын деді.
Менің өлуім əлі ешкімге де мəлім емес, жəне оның ешкімге де
қатысы жоқ, - деп жауап қатты ол.
Əрине, мəлім емес, - деген əлгі жарықшақ дауыс кабинеттен
қайта естілді, - тапқан екен, Ньютон биномын! Ол тоғыз айдан кейін,
келер жылдың ақпанында Бірінші МГУ-дің клиникасындағы төртінші
палатада бауыр рагынан өледі.
Буфетшінің беті сарғайып кетті.
Тоғыз ай, - деп санады ойланған боп Воланд, - екі жүз қырық
тоғыз мың... Дөңгелек есеппен алғанда бұл айына жиырма жеті мың
деген сөз ғой Аздау. Бірақ қарапайым тірлікке жетіп қалар. Оның
үстіне əлгі ондықтар жəне бар.
Ондықтарды өткізуге мүмкіндігі болмайды, - деп сөзге əлгі
жарықшақ дауыс араласып, буфетшінің жүрегін мұздатып жіберді,
Андрей Фокич өлгеннен кейін үйді жедел қиратып, ондықтарды
Мембанкке аттандырады.
Ал мен сізге клиникаға жат деп ақыл бермес едім, - деп сөзін
жалғастырды əртіс. - Дауасыз аурулардың аһ ұрған айғайы мен
ыңқыл-сыңқылы арасында өлгеннің не мағынасы бар. Одан да
жиырма жеті мыңға ұлан-асыр той жасап, сосын у ішіп, шала бурыл
арулар мен сен тұр, мен атайын жігіттердің сазды əуенімен о дүниеге
аттанып кеткен əлдеқайда жақсы емес пе?!
Буфетші былқ етпей отырып, мүлдем қартайып кетті. Көзінің
айналасын қара шеңберлер құрсаулап, беті салбырап, төменгі жағы
суалып қалды.
-
Дегенмен, сіз қиялға батып, шаруаны ойлап кеттіңіз-ау деймін,
-
деді дауыстап қожайын. - Кесілген қағаздарыңызды көрсетіңізші.
Буфетші толқыңқырап қалтасынан пəшкені суырып ашты да, сілейіп
тұрып қалды. Газеттің кесіндісінде кілең қызыл құйрық шеруондар
жатыр.
Қымбаттым-ау, сіз шынында да сырқатсыз ғой, - деді Воланд
иығын қозғап қойып.
Буфетші ессіз жымиып, орындықтан тұрды.
-
А-а, егер бұлар тағы да анау... - деп кекештеніп əрең сөйледі.
Імм... - деп ойланып қалды əртіс, - олай болса тағы да бізге
келіңіз. Мархабатыңызға құлдық! Сізбен танысқанымызға
қуаныштымыз.
Сол сəт кабинеттен Коровьев атып шығып, Андрей Фокичтің қолын
қайта-қайта сілкіп, баршаға сəлем айт деп өтінді. Ештеңеге ой
жүгіртуге шамасы жоқ буфетші алдыңғы бөлмеге қарай қозғалды.
-
Гелла, шығарып сал! - деп айғайлады Коровьев.
Əлгі жалаңаш сары қыз тағы да алдыңғы бөлмеде тұр. Буфетші
есікке қыстырылып “жолыққанша” деп шиқ етті де, мас адамдай
сендетіліп шығып кетті. Сəл төмен түсіп, бір басқышқа отырып,
пакетін тексеріп еді - шеруондары орнында екен.
Ізінше есігі осы алаңға шығатын бір пəтерден жасыл сөмкелі əйел
шықты. Басқышта меңірейіп шеруондарға қарап отырған кісіні көріп
жымия күліп, ойлана сөйледі:
Апырау, біздің бұл неткен үй боп кетті, өзі! Анау біреуі таң атпай
удай мас. Баспалдақтағы əйнекті тағы да сындырып кеткен! Буфетшіге мұқият назар аударып: - Азамат-ау, шеруонда-рыңызда
тіпті қисап жоқ қой. Тым құрығанда менімен бөлісіңізші. Қалай?
Құдай үшін, мазамды алмаңызшы, - деп шошып кеткен буфетші,
ақшасын табанда тыға қойды. Əйел ептілігіне таңданып, күліп
жіберді.
Əй, сені қойшы, сайтан соққыр, тас сараң! Қылжақтап жатқаным
ғой, - деп төмен түсіп кетті ол.
Буфетші орнынан баяу тұрып, қалпағын түзегелі қолын көтеріп еді,
басында киім болмай шықты. Кейін қайтқысы соншалық келмеп еді,
бірақ қалпағын қимады. Сəл-пəл толқып тұрып, дегенмен кері
оралып, қоңырау қақты.
Сізге тағы да не керек? - деп ұнатпай қалды қарғыс атқыр Г
елла.
Қалпағымды ұмытып кетіппін, - деді буфетші саусағымен қасқа
басын нұқып сыбырлай сөйлеп. Гелла жалт бұрылды, буфетші ойша
оған бір түкіріп көзін жұмды. Көзін ашқанда оған Гелла қалпағы мен
сабы қара семсер ұсынды.
Мынау менікі емес, - деді буфетші семсерді ысырып тастап,
қалпағын шапшаң киіп.
-
Сіз семсерсіз келіп пе едіңіз? - деп таңданды Гелла.
Буфетші бірдеңе деп бұрқылдады да, жебей басып төменге
тартты. Басынан ол бір қолайсыздық байқады, қалпағы тым жылы
көрінді. Қолында қыран қауырсынын таққан барқыт берет тұр.
Буфетші шоқынып алды. Сол сəт береттің мияуламасы бар ма, замат
ол қара бала мысыққа айналып, Андрей Фокичтың басына секіріп
шығып, қасқасын аямай кеп тырналайды. Шошығаннан жан даусы
шығып, төмен қарай жүгіре тартты, ал бала мысық болса, бастан
домалай түсіп баспалдақпен жоғары секірді.
Таза ауаға əрең шығып, буфетші қақпаға қарай еңкілдей жүгіріп, жын
жайлаған №302-бис үйден бастан құлақ садаға деп мəңгуге қашты.
Оған одан əрі де не болғаны керемет аян. Қақпа табалдырығынан
аттасымен-ақ бəз-бірдеңе іздегендей жан-жағына алақтай көз
тастады. Бір минөттен соң көшенің екінші қапталындағы дəріханада
болды. “Өтінемін, айтыңызшы...” деген сөз аузынан шығар-шықпаста
сауда үстелінің аржағында тұрған əйел дауыстап жіберді.
Азамат! Басыңыз тілім-тілім боп қапты ғой. Бес минөттен кейін
буфетшінің басы дəкемен таңылып, дəріханашыдан ол бауыр
аурулары жөніндегі таңдаулы маман профессорлар Бернардский
мен Кузьмин екенін білді, ал Кузьминнің түп-тура бір ауладан кейінгі
шағын ғана ақ түсті жекежайда таяу тұратынын естігенде қуанышы
қойнына сыймай, екі минөт өтер-өтпесте сол үйде болды ол. Ғимарат
ежелгі болғанмен өте-мөте жылы ұя екен. Буфетшінің есінде қария
күтушінің қарсы алып, қалпағын шешуге ыңғайлан-ғаны мəңгі қалды,
бірақ ыңғайсыз болғаны сондай, мұның басында қалпақ болмай
шықты. Күтуші кемпір тіссіз аузын жалмаңдатып кетіп қалды.
Оның орнына бəз-бір арканың астындағы айнадан орта жастағы бір
əйел көрініп, докторға тек он екісіне ғана жазылуға болатынын, одан
ерте қабылдауға еш мүмкіндік жоғын айтты. Буфетші бұл қиындықтан
шығудың жолын бірден ойлап тапты. Өлімсіреген көзбен арканың
аржағындағы алдыңғы бөлмеде үш адам күтіп отырғанына
қарамастан:
-
Өлім ауыздағы ауру деңізші... - деп сыбыр етті.
Таңырқай қараған əйел буфетшінің таңулы басын көріп екі ойлы
болып, амалсыз:
-
Жарайды, онда... - деп буфетшіні арканың аржағына өткізді.
Сол сəт қарсы есік ашылып, одан алтын пенсне жарқ ете қап, халат
киген əйел:
-
Азаматтар, мынау кезексіз өтеді, - деді.
Буфетші бұрылып та үлгермей, əп-сəтте профессор Кузьминнің
кабинетінен бір-ақ шықты. Бұл ұзынша кабинетте үрейлі де,
салтанатты да, тіпті дəрігерлік те басы артық ештеңе жоқ еді.
Сізге не болған? - деп сұрады сүйкімді үнмен профессор
Кузьмин, сосын оның таңып тасталған басына біраз алаңдай қарады.
Қазір ғана сенімді бір адамдардан алдағы жылдың ақпанында
бауыр рагынан өлетінімді естідім, - деді əйнектің сыртындағы бір топ
адамның суретіне үрпие қарап.
Профессор Кузьмин гот үлгісіндегі былғары мамықтақта отырған
қалпы оның арқасына құлай кетті.
Кешіріңіз, сізді түсінбей тұрмын, о не, сіз дəрігерде болып па
едіңіз? Басыңызды неге таңып алғансыз?
Қайдағы дəрігер?.. Сіз ол дəрігерді көрсеңіз ғой... - Кенет ол тісі
тісіне тимей сақылдап кетті. - Басқа назар аудармаңыз, оның бұған
қатысы жоқ, басқа түкіре беріңіз, оған түк те етпейді. Бауыр рагын
тоқтатуыңызды өтінемін.
-
Мəулет етіңізші, сізге мұны айтып жүрген кім?
Оған сеніңіз, - деп жалындай тұрып жалынды буфетші, - ол
біледі.
Ештеңе түсінсем бұйырмасын, - деді иығын қиқаң еткізіп
мамықтағымен үстелден аулақтай беріп. - Сіздің қашан өлетініңізді
ол қалай біледі? Оның үстіне ол дəрігер де емес көрінеді.
-
Төртінші палатада, - деп жауап берді буфетші.
Осы арада профессор ауруға қарап, оның таңулы басын көріп,
дымқыл шалбарын байқап. “Енді жетпегені осы еді! Мынауың жынды
ғой!” деп ойлады.
-
Арақ ішесіз бе? - деп сұрады.
-
Өмірі аузыма алған емен, - деп жауап қатты буфетші.
Аздан соң ол шешіндіріліп, клеенкамен қапталған салқын кушеткаға
жатқызылып, профессор оның ішін мыжғылай бастады. Атап айту
керек, бұл арада буфетші біраз көңілденді. Профессор дəл қазір
буфетшіде рактың ешқандай да нышаны жоқ деп үзілді-кесілді кесіп
айтты. Бірақ ол қазір үрей үстінде болғандықтан, бəз-бір шарлатан
қатты қорқытқандықтан анализдің бұған барлығын жасау керек.
Профессор бір парақ қағазға қандай тексеруден өтетінін, не
тапсыруы керектігін, қайда баруы қажеттігін жазып берді. Оның үстіне
невропатолог профессор Буреге хат жазып, буфетшінің өзіне жүйкесі
қалыпты жағдайда емес екенін түсіндірді.
Сізге қанша төлеу керек, профессор? - деп дірілдеген биязы
үнмен сұрады қампиған əмиянын қалтасынан алып жатып.
Қанша қаласаңыз, - деп үздік-создық салқын ғана жауап қатты
профессор.
Буфетші отыз сом суырып, үстелге қойды да, сосын күтпеген жерде
жібіп, мысықтың табанындай майда қимылдап, шеруон-дардың
үстіне газет қиындысына ораған алтын ондықтар қойды.
-
Ал мынауыңыз не? - деп сұраған Кузьмин мұртын ширатты.
Жиіркенбеңіз, азамат профессор, - деп күбірледі буфетші,
жалынамын - ракты тоқтатыңызшы.
Мынау алтыныңызды табан аузында аулақ алыңыз, - деді
профессор өзіне-өзі разы болып. - Сіз одан да жүйкеңізге қарап,
соны сақтаңыз. Ертеңнен қалдырмай несебіңізді анализге
тапсырыңыз, шайды көп ішпеңіз, тек тұзсыз ғана тамақ жеңіз.
-
Тіпті сорпаға да тұз салмайық па? - деп сұрады буфетші.
-
Ештеңеге де тұз салмаңыздар, - деп бұйырды профессор.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Майталман шебер мен маргарита - 15
  • Parts
  • Майталман шебер мен маргарита - 01
    Total number of words is 4188
    Total number of unique words is 2185
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 02
    Total number of words is 4307
    Total number of unique words is 2150
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 03
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2321
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 04
    Total number of words is 4091
    Total number of unique words is 2369
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 05
    Total number of words is 4231
    Total number of unique words is 2275
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 06
    Total number of words is 4275
    Total number of unique words is 2183
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 07
    Total number of words is 4179
    Total number of unique words is 2056
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 08
    Total number of words is 4162
    Total number of unique words is 2288
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 09
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2258
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 10
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2360
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 11
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2204
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 12
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2334
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 13
    Total number of words is 4076
    Total number of unique words is 2131
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 14
    Total number of words is 4303
    Total number of unique words is 2195
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 15
    Total number of words is 4283
    Total number of unique words is 2173
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 16
    Total number of words is 4122
    Total number of unique words is 2215
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 17
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2274
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 18
    Total number of words is 4328
    Total number of unique words is 2150
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 19
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2195
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 20
    Total number of words is 4323
    Total number of unique words is 2138
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 21
    Total number of words is 4279
    Total number of unique words is 2228
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 22
    Total number of words is 4275
    Total number of unique words is 2177
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 23
    Total number of words is 4051
    Total number of unique words is 2294
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 24
    Total number of words is 4132
    Total number of unique words is 2321
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 25
    Total number of words is 4367
    Total number of unique words is 2146
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 26
    Total number of words is 4184
    Total number of unique words is 2326
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 27
    Total number of words is 2124
    Total number of unique words is 1367
    38.1 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.