Latin Common Turkic

Майталман шебер мен маргарита - 03

Total number of words is 4145
Total number of unique words is 2321
32.0 of words are in the 2000 most common words
46.8 of words are in the 5000 most common words
53.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
ұқсаймын ба? Мен бала дейсің бе, Каифа? Не айтатынымды, қайда
айтатынымды білемін. Бақ қоршалған, сарай қоршалған, бəрінде шеп
тұр, демек ешбір тесіктен тышқан да кіре алмайды. Иə тышқан
тұрсын, əлгі Кириафтан шыққаның кім еді, ол да өте алмас.
Айтқандай, ондай адамды білесің бе, бас имам? Зəуде ондай біреу
бұнда кіріп кетсе, келгеніне өкінер еді, бұл мəселеде маған сенерсің.
Сондықтан осыдан бастап саған маза болмайтынын біліп қой, бас
имам! Саған да, халқыңа да маза жоқ, - деп Пилат оңға қарай биікте
шіркеу басы алаулап тұрған жақты нұсқады. - Мұны айтып тұрған
мына мен - Алтын Сүңгі шабандозы - Пилат Понтийский.
Білемін, білемін! - деп жанары жарқылдап тайлықпай жауап
берді қара сақал Каифа. Сосын қолын аспанға көтеріп, сөзін
сабақтады: - Иудей халқы сенің оны ит етінен жек көретініңді біледі,
сен бірақ қанша азапқа салсаң да оны жалпы жойып жібере
алмайсың. Үнімізді құдай естиді, құдіреті күшті кесарь естиді, бізді
қырып-жоюшы Пилаттан қорғайды.
О жоқ! - деп дауыстап жіберді Пилат, əр сөз сайын бойы
жеңілдеп, серги түсті, қайтып қиямпұрыстанудың да, сөй саралаудың да қажеті болмай қалды. - Менің үстімнен кесарьға сен тым көп
шағымдандың, енді менің де сағатым соқты, Каифа. Енді менен
хабар Антиохиядағы əкім мен Римге емес, тікелей Капреяға
император ағзамның өзіне аттанады, сендердің Ершалимдегі атшулы
бүлікшілерді өлімнен қорғап отырғандарыңды жеткіземін. Сендердің
пайдаларыңды ойлағанымдай Соломон тоғанының суымен емес,
күллі Ершалимды қарық қыламын. Жоқ, сумен суармаймын! Есіңе
түсірші, сендердің қырсығыңнан қабырғадан императордың аты-жөні
зерленген қалқанды сыпырып, əскерлерді сапырылыстырып, мұнда
не былықтырып жатқандарыңды көзбен көруге қалай келгенімді.
Менің сөзімді есіңе ал, бас имам. Жоқ, Ершалимге жалғыз ғана
когорта келмейтінін көресің əлі! Қала қабырғасына Фульминат
легионы толығымен келеді, араб шабандоздары қаптайды зар еңіреу
мен уһілеудің көкесін сонда естисің. Сонда құтқарылған Варравванды еске түсіріп, бейбіт уағызбен жүрген философты өлімге
қиғаныңа өзің опынасың.
Бас имамның бетін секпіл басып, көзі жайнап кетті. Прокуратор құсап
жымиып, тісін қайрап:
Қазір айтып тұрғаныңа сен өзің сенесің бе, прокуратор? -деді. Халықты азғырушының Ершалимге тыныштық, иə тыныш-тық
əкелмегенін мына сен жақсы білесің, шабандоз. Сен оны кейін
халықты бұзып, дініңді қорлап, еліңді рим қылышының астына төсеу
үшін босатқың келеді. Ал мен, иудейдің бас имамы, кеудемде жаным
тұрғанда дінімді қорлауға бермеймін, халқымды қорғаймын. Естіп
тұрсың ба, Пилат? - Осы арада Каифа қаһарланып қолын көтерді де:
- Осыған құлақ ас, тыңда Прокуратор! - деді.
Каифа тоқтады да, прокуратор Үлы Ирод бағының қабырғала-рына
дейін толқып келетін теңіздің шуын қайта естіді. Бұл шуыл төменнен
аяқтың астына дейін жетіп, прокуратордың бетіне шашы-рады. Ал
оның ту сыртында сарай қақпаларының ар жағынан беймаза керней
дабылы естіліп, жүздеген аяқтардың сықыры, темірлердің шықылы
құлаққа келгенде, прокуратор өз бұйрығымен
рим жаяу əскері шығып қарақшылар мен бүлікшілер үшін қатерлі
ажал алдындағы парадқа асыққанын түсінді.
Естіп тұрсың ба, прокуратор, осының бəрін бишара Вар-равван
жасап жатыр деп қалайша маған айтасың, - деп бас имам екі қолын
аспанға көтергенде басынан қара жалбағайы сырғып түсті.
Прокуратор саусағының сыртымен дымқыл, суық маңдайын сүртіп,
жерге қарады, көзін сығырайтып аспанға тастап, қып-қызыл боп
балқыған отты шардың тап төбесінде тұрғанын, Каифаның көлеңкесі
арыстанның құйрығында қушиып қалғанын көріп, баяу, немқұрайды
ғана сөйледі:
Күн түске жармасып қалыпты ғой. Біз əңгімеге елігіп байқамаппыз, сонда да жалғастыру керек.
Сыпайы жорға тілмен бас имамнан кешірім сұрап, прокуратор
магнолияның саясындағы орындыққа жайғасып, басқа кісілерді
шақырып əкелгенше тоса тұруын өтініп, сосын жазаның орындалуына орай тағы бір нұсқау беретінін айтты.
Каифа сыпайы ғана қолын кеудесіне қойып басын иді де бақта
қалды, ал Пилат балконға оралды. Күтіп отырған хатшыға бақтың
келесі төменгі террасасында фонтанды дөңгелете қойылған орында
шақыру тосып отырған легион легатын, жасақ жаршысын, сондай-ақ
Синедрионның екі мүшесі мен шіркеу күзетінің бастығын алдыруға
əмір берді. Оған қоса өзі табанда келетінін айтып, сарайға кіріп кетті.
Хатшы жұртты жиналысқа жинағанша прокуратор қара пердемен
қараңғыланған бөлмеде ішке күн сəулесі түсіп тұрмаса да бетін
жалбағаймен бүркемелеген бір адаммен кездесті. Кездесу мейлінше
қысқа болды. Прокуратор оған бірер ғана сөз айтты да, ол тайып
тұрды, ал Пилат колоннада арқылы баққа өтті.
Көргісі келетіндерінің барлығының қатысуымен прокуратор
салтанатты түрде қасаң тілмен Иешуа Га-Ноцариға кесілген өлім
жазасын бекітіп, Синедрион мүшелерінен қылмыскерлердің ішінен
кімді тірі қалдыруға болатынын ресми сұрап білді, оның Вар-равван
екені туралы жауап алған соң:
Өте жақсы, - деп хатшыға замат мұны хаттамаға түсіруді
тапсырып, оның құмнан көтеріп алып берген айылбасты қолына
қысып, салтанатты түрде: “Уақыт болды!” деді.
Сол-ақ екен, қатысушылардың бəрі кең мəрмəр баспалдақпен хош
иісімен есті алатын раушан гүлдерінің қапталында сарай
қабырғасына қарай жалтырата сыпырылған үлкен алаңға шығатын
дарбазаны бетке алып төмен қарай құлдилай берді, құлдилай берді,
аржағынан Ершалим алаңының бағандары мен тас мүсіндері көрінді.
Бақтан шыға топ алаңдағы асқақтаған тас тұғырға көтерілді. Пилат
көзін сығырайтып сүзе шолып қана жағдайды зерделеді.
Қазір ғана жүріп өткен сарай қабырғасынан тас тұғырға дейінгі
кеңістік бос жатыр еді, оның есесіне Пилат алдындағы алаңды тобыр
топырлап басып қалғанын көрді. Тобыр тастұғырдың өзі мен
тазартылған кеңістікті де таптап, қаптап кетер еді, Пилаттың сол қол
жағынан үш қатар тізілген себастиялық солдаттар мен оң жақтан
қосалқы когортаның сарбаздары жібермей, ұстап тұрды.
Сонымен, Пилат жұдырығында түкке қажетсіз айылбасты қысып
тастұғырға көтеріліп, көзін сығырайтты. Сығырая қарағаны көзін күн
сəулесі қарықтырғаннан емес. Неге екені белгісіз қазір өзінен кейін
осы тұғырға шығарылатынын жақсы білетін сотталғандар тобын
көргісі келмеді.
Адам теңізінің шетіндегі биік жартаста қанқызыл астарлы ақ плащ
қана пайда болды да, көрсоқыр Пилаттың құлағына “Га-галаған”
дауыстың толқыны ұрды. Ол гипподромнан əлдеқайда алыста
басталып, сосын күндей күркіреп бірнеше секөнт тұрды да, бəсеңси
бастады. “Мені көрген ғой” деп ойлады прокуратор. Толқын төменгі
нүктесіне жетпей, кенет күтпеген жерде қайта үдей бастады,
буырқанып бұрқылдап бірінші, екінші толқын өтті, теңіз төрінде көкке
атылған көбіктей қайнап тепсінген, ысқырған дауыстар арасынан
айыруға болатындай əйелдердің өксік зары естілді. “Бұл оларды
тұғырға қарай алып шықты деген сөз, - деп ойлады, - ал желдердің
өксігі мен ыңқылы бірнешеуінің тапталып тобырдың аяғы астында
қалғанының белгісі.
Тобырды қашан ішіндегісін ақтарып, айтарын айтып болғанша
ешқандай күш баса алмайтынын, оның өздігінен тоқтамайтынын біле
тұрып ол сəл-пəл күтті.
ЬІзың-шу саябырлаған сəтте прокуратор оң қолын жоғарыға сілтеді
де, тобырдың соңғы шуы сап болды.
Сонда ғана Пилат ыстық ауаны кеудесін кере қарбып айғай салды,
оның барлыққан жарықшақ даусы мыңдаған жанның төбесінде
барқырады.
-
Кесарь императордың атымен!
Осы арада оның құлағы жасақтардың арасынан естілген темірдей
шыңылдаған айқай күңгірлетіп, найзаларын көкке безеп,
төсбелгілерін лақтырған солдаттардың үні жарды:
-
Кесарь жасасын!
Пилат мойнын созып, басын тура күнге сүңгітті, қабағының астынан
жасыл от ұшқындады, содан миы қайнап, тобырдың төбесінде
қырылдаған арамей сөздері қалықтады:
Кісі өлтіргені, жұртты бүлікке шақырып арандатқаны жəне заңдар
мен дінді қорлағаны үшін Ершалимде тұтқындалған төрт қылмыскер
масқара жазаға - дарға асуға кесілді. Бұл жаза қазір Қасқа Тауда
жүзеге асады. Қылмыскерлердің есімдері - Дисмас, Гестас, Варравван жəне Га-Ноцари. Міне, олар алдарыңда тұр.
Пилат ешқандай қылмыскерді көрмей-ақ қолын оңға сілтеді, олардың
тұруға тиіс жерге əкелінгенін онсыз да біледі.
Тобыр оған таңданғандай немесе сергігендей көрініп ұзақ ызы-шумен
жауап қатты. Дабыра-ду басылғанда Пилат сөзін жалғас-тырды.
Алайда олардың үшеуі ғана өлтіріледі, өйткені заң мен ғұрыпқа
сəйкес біреуіне жаны ізгі мəртебелі кесарь Кіші Синерионның шешімі,
рим өкіметінің бекітуі бойынша сұмпайы өмірін қайтып береді.
Пилат айтарын айғайлап айта тұра ызы-шуды алмастырып, керемет
тыныштық орнағанын байқады. Енді аһылау да, үһілеу де, у да, шу
да жоқ, бірауық Пилатқа айналадағының бəрі ғайып болғандай
көрінді. Ол жеккөретін қала өліп, шашыраған сəулелерге өртеніп,
маңдайымен аспанды тіреп жалғыз өзі қалғандай сезінді. Пилат
тыныштықты уысында сəл-пəл ұстап тұрды, сосын тағы да айғайлай
бастады:
-
Қазір өздеріңнің көзіңше босатып жіберетіннің аты...
Барлығын да айттым ба деп тексергендей ол тағы да бір кідіріс
жасады, өйткені аты аталған соң өлі қала қайтадан тіріліп,
құтқарылған бақыттының есімінен өзге сөз одан əрі естілмейтін
болады.
“Бəрі айтылады ма? - деді үнсіз өзіне-өзі сыбырлаған Пилат. -Бəрі
айтылып аты ғана қалды ма?”
Сосын үнсіз қаланың үстінен “р” дыбысын домалатқандай бар
даусымен айғайлады:
-
Вар-равван!
Осы арада оған сыңғырап күн жарылып, отымен кеп оның құлағына
құйылғандай көрінді. Осы отта буырқанған айғай-шу, уһілеген
күрсініс, қарқылдаған күлкі, ышқынған ысқырық қосыла
тасқындайтын тəрізденді.
Пилат бұрылды да тұғырды бойлап баспалдақтарға қарай кері жүрді,
еденнің түрлі-түсті табақшаларынан басқа ештеңеге қарамай, қайтсе
сүрініп кетпеуді ойлады. Енді оның ту сыртында тұғырға қола
теңгелер мен құрма сүйектері жауатынын, өрше-ленген тобырдың
адамдары бірін- бірі басып жаншып, иықтарына шығып, ажалдың
шеңгелінен көз алдында кісі қалай сытылып шыққанын көруге
анталайтынын ол біліп келеді. Тергеу кезінде ұрып сындырған қолын
қатты ауыртып, легионерлер байлаған жіпті шешкенде жаны шығып
кете жаздағанына қарамастан тыжырынып аһылай тұрып
бейшараның ессіз есірік күлкіге бой алдырғанын қайтерсің.
Прокуратор дəл сол сəтте айдауылдардың бүйірдегі баспал-дақпен
батысқа қарай қаланың сыртындағы жолмен Қасқа Тауға апаратын
жолға шығарғанын білді. Тұғырдың сыртындағы тасаға шыққанда
ғана енді қауіпсіз екенін сезіп Пилат көзін ашты, бірақ
сотталғандарды енді көре алмады.
Тобырдың тыныштала бастаған ызы-шуына жаршылардың айғайы
келіп қосылады, олардың бірі арамей, екіншісі грек тілінде кеңірдегін
жыртып, тұғырда прокуратор айтқанның бəрін қайталап жатты. Оған
қоса оның құлағына тық-тық, тақ-тақ етіп жақындап қалған ат дүбірі
мен керней үні, қысқа қайырып бірдеңе деп айғайлаған дауыс келді.
Бұл үндерге үйлердің шатырына шығып алып ысқырған балалардың,
көшеден, базардан келген кісілердің гипподром алаңындағы дабырадуы қосылды, біреулер “сақтан” деп те айғай салды.
Алаңның тазартылған кеңістігінде қолында төсбелгісі бар солдат
тыпырши қолын сілтеп еді, прокуратор да, легион легаты да, хатшы
мен қарауыл да тоқтай қалды.
Желдірте жайылған атты əскер жасағы жиналған халыққа соқпай,
жиектей өткелі алаңға лап қойып, жүзім ағаштары жайылып жатқан
тас қабырғаның іргесімен ең қысқа жолды таңдап Қасқа Тауға тартты.
Атын желдірте ұшыратқан бала сияқты кішкентай, мулат секілді қапқара сириялық ала командир Пилатпен қатарласа беріп қысқа
қайырып дауыстап бірдеңе айтты да, қынабынан қылышын суырды.
Бусанып терлеген адуын қара ат шалт бұрылып, арындап аспанға
шапшыды. Қылышын қынабына салып командир қамшымен атын
мойнынан тартып қалды да қысқа көшеге қарай шаба жөнелді. Оның
соңынан үш қатар болып шудаланған шаңды аспанға көтеріп
шабандоздар тұра шапты, найзаларының бамбук сабы шошаңшошаң етеді. Прокуратордың жанынан шауып өткен олардың ақ
сəлде астындағы жүзі қарш-қарш қайралған аппақ тістермен
айшықталып тіптен күреңіте түседі екен.
Шаңды аспанға көтеріп атты жасақ қысқа көшеге түсті, Пилаттың
қасынан соңғы шауып өткен солдаттың күнге шағылып жалтылдаған
кернейі бар екен.
Қолымен шаңнан қорғанып бетін тыржитқан Пилат одан əрі жүріп,
сарай дарбазасына бет алды да, соңынан легат пен хатшы жəне
қарауыл қозғалды.
Уақыт сағат ондар шамасы еді.
Үшінші тарау
ЖЕТІНШІДƏЛЕЛ
Иə, таңертеңгі сағат ондар шамасы, жеткілікті уақыт, Иван
Николаевич, - деді профессор.
Ақын ұйқыдан жаңа оянған адамдай қолымен бетін сипап
Патриархыңда кеш болып қалғанын көрді.
Тоғандағы су қарайып бетінде кішкентай қайық жылжып жүр, ескектің
сусылы естіліп, қайықта бір азамат отыр. Аллеядағы орындықтарда
қара-құра жұрт көрінеді, бірақ олар біздің сұхбат-тастар отырған
төрткүлдің өзге үш жағына орналасқан.
Мəскеу аспаны оңып кеткен сияқты, шырқау биікте толған ай айқын
көрінеді, бірақ ол алтындай емес, бозғылт. Тыныс алу əлдеқайда
жеңілдеп, жөке ағашының саясында кешкіліктегідей дауыстар
жұмсақ, биязы.
“Оның тұтас бір əңгіме өріп үлгергенін қалай мен байқамай қалдым
екен? - деп қайран қалды Бездомный. - Кеш болып та қалыпты ғой.
Əлде əңгімені ол айтпай, мен ұйықтап қалып əлгінің бəрі түсіме енген
шығар?”
Əйткенмен əңгімені профессор айтқан екен деп топшылау керек,
əйтпесе əлгілер Берлиоздың да түсіне кірді деп ойлауға болады ғой,
өйткені ол шетелдіктің бетіне шұқия отырып:
Інжіл хикаяларымен мүлдем қабыспаса да, əңгімеңіз мейлінше
қызықты екен, профессор, - деген жоқ па.
Мархабат етіңіз, - деп бір мырс етіп ілтипатпен үн қатты
профессор, - інжілде жазылғандардың шын мəнінде болған оқиғамен
үш қайнаса сорпасы қосылмайтынын, өзге-өзге, тап сіз білуге
тиістісіз, егер біз інжілге тарихи дереккөз деп қарайтын болсақ... - деп
тағы да бір мырс етті де, Берлиозды үндетпей тастады. Ал оның
іркілген себебі Бронная көшесімен Патриарх тоғанына келе жатып
дəл осындай əңгімені Бездомныйға айнытпай өзі айтқан-ды.
Солайы солай, - деп күбіжіктейді Берлиоз, - алайда сіздің
айтқаныңызды өмірде шын болған деп ешкім де дəлелдей алмайды
ғой.
О, жоқ! Бұны растайтындар бар! - деп тілін сындыра бастап
төтенше сеніммен жауап қатты профессор, сосын құпиялап екі
сұхбаттасын да ыммен өзіне жақындатты.
Екеуі де екі жағынан еңкейіп келгенде, акцентінің қайда кеткенін
сайтаның білсін, ол еш мүлтіксіз сөйледі:
Мəселе мынада... - деп профессор жан-жағына үрейлене қарап
сыбырға көшті: - сол оқиғаға мен өзім тікелей қатыстым. Понтий
Пилаттың балконында да болдым, ол Каифамен əңгімелескенде
бақта тұрдым, тастұғырға да шықтым, бірақ көзге көрінбей
тылсымданып жүрдім, сіздерден бір тілегім - ешкімге тіс
жармаңыздар, бастан-аяқ құпия сақталсын... Тсс!
Үнсіздік басталып, Берлиоз бозарып кетті.
Сіз... сіз осы қанша уақыттан бері Мəскеудесіз? - деп сұрады
даусы дірілдеп.
Мəскеуге осы келген бетім, - деп абдырай жауап қатты
профессор, тек осы арада ғана оның көзіне дұрыстап қарау түсті
достардың есіне, бақса, оның сол көзі жасыл, еш ойсыз, есіріктеу де,
оң көзі қап-қара құр қуыс, жансыз секілді.
“Міне енді бəрі де түсінікті болды! - деп ойлады еңсесі түскен
Берлиоз. - Келген есуас бір жынды неміс, болмаса осы Патриарх-тың
өзінде оның есі ауысып кеткен. Мұндай да оқиға болады екен-ау”.
Шынында да оның марқұм болған философ Кантпен түстік ішуі
күнбағыс майы мен Аннушка туралы əңгімесі, басың кесіледі деп
сəуегейсуі сау адамның ісі емес, демек профессор есі ауысқан
жынды.
Не істеу керегін Берлиоз табан аузында тапты. Орындықтың
арқасына шалқая беріп профессордың сыртынан Бездомныйға оған
қарсыласпа деп көзін қысты, бірақ абдыраған ақын бұл ымға
түсінбеді.
Жалғыз, жалғыз, мен қашанда жалғызбын, - қинала жауап қатты
профессор.
Иə, иə, иə... - деп өрекпи сөйледі Берлиоз, - айтқандай, мұның
бəрі мүмкін! Тіпті Понтий Пилатың да, балконың да, сол сияқты
басқалар да болуы ықтимал. Ал өзіңіз жалғыз келдіңіз бе əлде
жаныңызда зайыбыңыз бар ма?
Ал заттарыңыз қайда, профессор? - деп ұрлана сұрады Берлиоз
- “Метропольда” ма? Қайда тоқтап едіңіз?
Мен бе? Ешқайда тоқтағаным жоқ, - деп жасыл көзін Патриарх
тоғанына жүгірте отырып мұңая жауап қатты жарымес неміс.
-
Қалайша? Онда... қайда тұратын боласыз?
Сіздің пəтеріңізде, - деп кенет зілсіз жауап қайтарып есуас көзін
қысты.
Менің бе... мен оған өте-мөте қуаныштымын, - деп міңгірледі
Берлиоз, - бірақ біздікінде өзіңізге қолайсыз болып жүрмесе...
“Метропольда” ғажайып нөмірлер бар, ол бірінші сыныпты
мейманхана ғой.
Ал дəуперілер де жоқ па екен? - деп ауру кенет көңілдене Иван
Николаевичтен сұрады.
-
Дəуперілер де жоқ...
-
Тайталаспа! - деп ернін жыбыр еткізген Берлиоз профес-сордың
сыртынан бетін тыржитты.
Ешқандай да дəупері жоқ, - деп үндемеудің орнына айғайлап
жіберді Иван Николаевич, - зайыбы мынау сайқымазақтан мезі болса
керек!
-
Мынау бір бəле болды ғой! Жындана бермей, қойсаңызшы!
Есуастың осы тұста қатты қарқылдап күлгені сондай, жөке ағашының
басында отырған торғай да шошып, ұша жөнелді.
Жарайды, мұныңыз қызық болды өзі! - деп күлкіден селкіл-деген
профессор: - Сіздің осы не нəрсеге жармассаңыз да, зым-зия жоқ
боп кететіп несі? - деді. Сосын күлкісін ойда жоқта тыйып, жүйке
ауруларына толық тəн қылықпен шамдана қалып қаһарлана айғай
салды: - Сонымен солай дегенде, сөйтіп жоқ десеңші!
Тынышталыңыз, сабыр, сабыр, профессор, - деп аурудың
көңіліне қаяу түсіріп алам ба деп қорыққан Берлиоз күбіжіктеп қалды.
- Сіз бір минөт Бездомный жолдаспен отыра тұрыңыз, мен мынау
бұрышқа жүгіріп барып телефон шалып келейін, сосын сізді қайда
барғыңыз келсе, сонда шығарып саламыз. Өйткені сіз қаланы
білмейді емессіз бе...
Берлиоздың жоспарын дұрыс деп мойындаған абзал: ол жақын
телефон-автоматқа жүгіріп барып, шетелдіктер бюросына шеттен
келген бір консультант Патриарх тоғанының басында отыр,
денсаулығы онша емес деп хабарламақ болатын. Сондықтан бір
шарасын қолдану керек, əйтпегенде іс насырға шабуы мүмкін.
Телефондаймын дейсіз бе? Несі бар, телефондаңыз, - деп ауру
мұқият келісті де, ізінше жалынып-жалбарынып өтініш айтты: Қоштасарда сіздерден өтініп сұрайтыным - жын-перінің де,
дəуперінің де барына сеніңіздер. Сіздерден одан артық ештеңе де
сұрамаймын. Естеріңізде болсын бұл үшін ең сенімді жетінші дəлел
бар. Жəне ол сіздерге дəл қазір ұсынылады.
Жақсы, жақсы, - деп өтірік алдарқата сөйлеп Берлиоз ашуланып
отырған ақынға көзін қысып қойды. Ақын есі ауысқан немісті
қарауылдау ойынан жалпы аулақ-ты, оның есіл-дерті Бронная мен
Ермолов көлденең көшесінің бұрышындағы Патриархтан шығатын
есікке жету болатын.
Профессор болса замат сауығып, жарқылдап кетті.
-
Михаил Александрович! - деп айғайлады Берлиоздың артынан.
Ол дір ете қалып, ойша жұбатып, өзінің аты-жөні профессорға бəзбір газет арқылы таныс шығар деп топшылады. Профессор қолын
аузына дөңгелете ұстап:
Қазір Киевтегі нағашыңызға жеделхат жібер деп əмір етпейсіз
бе? - деп айғайлады.
Тағы да Берлиоздың жанды жеріне тиді. Мынау есуас мұның Киевтегі
нағашысын қайдан біледі? Ол туралы əлбетте ешбір газетте
жазылмаған болар. Еһе, Бездомныйдың айтқаны шынға шығып
жүрмесін? Ал сонда көрсеткен құжаттары жалған болғаны ма?
Апырмай, қандай жұмбақ тұлға мұның өзі? Қазір-ақ телефондау
керек. Оны лезде айқындап береді!
Енді артық ештеңені де тыңдамай, Берлиоз ілгері жүгірді.
Тап осы арада, тура Бронная көшесіне шыға берістен орын-дықтан
əлгі əзірде аптап ыстықтан сомдалып күн сəулесімен елесі бұлдырап
көрінген жұмбақ пенде орындықтан көтеріліп редакторға қарсы жүрді.
Қазір ол ғайыптан пайда болған елес емес, кəдімгі ет пен теріден
жаралған адам. Қас қарая бастаған қара көлеңкеде Берлиоз оның
тауықтың қауырсынындай мұртын айқын көрді, көзі кішірек келеке
үйіріп тасырайып тұр, керегекөз шалбарын таңқитып көтеріп алғаны
сондай, кір шұлығы көрініп жүр.
Михаил Александрович кібіртіктеп кідіріп қалды да, бұл бір болмашы
ұқсастық шығар, қазір оны бақайшақтап жататын уақыт жоқ деп
жұбатты өзін.
Турникетті іздеп жүрсіз бе, азамат? - деп жарықшақ үнмен тіл
қатты əлгі алабажақ пенде.. Бері жүріңіз. Тура діттеген жеріңізге
шығасыз. Сізден жол нұсқағаным үшін ширек литр... Бұрынғы
регентке жарап жатыр... - деп бəлсінген пендесымақ өзінің шабандоз
күнқағарын сыпырды.
Берлиоз қайыршы мен регент бəлсінгішін тыңдап жатқан жоқ, жүгіріп
қолымен турникеттен ұстады. Оны бұрап, рельске аттай беремін
дегенде бетіне қызыл жəне ақ сəуле шашырады: темір жəшіктегі:
“Трамвайдан сақтан!” деген жазу жанды.
Сол сəт Ермолаевтан Броннаяға бұрылатын жаңа тартылған желімен
трамвай да келіп қалды. Бұрылып кеп тіке жолға шыққан ол іште
жанған жарығымен жарқырап, бір өкіріп қойып, үдете жөнелді.
Қауіпсіз тұрса да аса сақ Берлиоз керме ағашқа оралуға бел буып,
қолын айналмаға ауыстырып бір адым кері шегінді. Сол замат қолы
тайып шығып кетті де, мұзда тайғанақтағандай аяғы ырқына көнбей
рельстің астына баурайлай төселген малта тастармен сырғанып,
Берлиозды рельске ұшырып түсірді.
Жан дəрмен қарманып бір нəрседен ұстағанша ол шалқасынан қайта
құлап, қатты болмаса да қарақұсымен жұмыр тастарға құлап, көзі
солдан да, оңнан да бұлдыраған алтын айды ғана шолып,
аржағында не болғанын білмейді. Тек бір бүйіріне жалт бұрылып, бар
пəрменімен аяғын бауырына жиып алып, көзін ашқанда көргені адам
айтқысыз екпінмен өзіне төніп келе жатқан үрейден аппақ шөлмектей
болған трамвай айдаушы əйелдің жүзі мен қызыл желеңі ғана.
Берлиоз айғайлай алмады, оның есесіне төңіректегі қышқырған,
ышқынған əйелдің шарылдаған үні көшені басына көтерді. Жүргізуші
əйел электр тежегішті жұлқып қалғанда вагон тұмсығымен жерге
тірелді тарс-тұрс салдыр-күлдір етіп терезе-лердің əйнегі жан жаққа
ұшты. Сол сəт Берлиоздың миында біреу ышқына: “Қалайша?.. Шын
ба?” деп айғай салғандай болды. Ал тағы бір мəрте жəне соңғы рет
жарық жарқ етті де, бөлшек-бөлшек боп ұшып, сосын қараңғылық
түсті.
Трамвай Берлиозды басып қалып, Патриарх аллеясының
тортемірлерінің түбіне малта тасты құламаға домалақ қара бір затты
атып жіберді. Құлама баурайдан домалап барып ол Бронная
көшесінде шоршып, секіріп жатты.
Бұл Берлиоздың кесілген басы болатын.
Төртінші тарау
ІЗГЕ ТҮСУ
Əйелдердің жан дауысы шығып шырылдаған айқайы саябырлап,
милицияның ысқырығы да басылды, санитарлық екі машина келіп,
бірі басы жұлынған дене мен кесілген басты мəйітханаға, екіншісі
шашыраған əйнек сынықтарынан жараланған жүргізуші аруды
ауруханаға алып кетті де, ақ алжапқышты аула сыпырушылар
əйнектерді сыпырып, көлкіп қалған қанның үстіне құм септі, ал Иван
Николаевич турникетке жете алмай орындыққа құлап, сол құлаған
қалпында қалды.
Əлденеше рет тұруға талпынса да, аяғы бағынбай қойды,
Бездомныйға сал сияқты бірдеңе жабысты.
Ақын алғаш шар ете ғап жылаған дауысты естігенде-ақ бастың жол
жиегіне қалай домалап бара жатқанын бірден көрген. Содан ол есі
ауып, орындыққа құлағанда қолын қанын шығара тістеп те алды.
Нақұрыс немісті ол ұмытып та кетті, есіл-дерті тап қазір ғана
əңгімелесіп отырған Берлиоздың араға минөт салмай басының ұшып
кетуін неге жорып, қалай түсінуі...
Апалақтаған адамдар аллеямен ақынның жанынан бірдеңе айтып
жүгіріп өтіп жатыр, бірақ олардың сөзі Иван Николаевичтің миына
кірген жоқ.
Алайда оның қасынан өте беріп екі əйел қақтығысып қалды, олардың
істік мұрын жалбыр шашы біреуі ақын құлағының түбінен екіншісіне
айғайлап жатты.
Аннушка, біздің Аннушка! Садоваяда тұратын. Бұл соның ісі.
Бакалеядан күнбағыс майын алып, литрлік шынысын айналмаға
соғып ап сындырған сол сорлы баж-бұж етіп ұрсысқанын қайтейін,
анау бейшара соған тайғанап жығылып, тура рельстің үстіне түсті
ғой.
Əйелдің шырылдап айтқанынан Иван Николаевичтің миына бір сөз
қона қалды, ол - “Аннушка!..
Аннушка... Аннушка дейді?.. - деп міңгірледі ақын апалақтай
бақырайып, - мархабат етіңіз... тоқтай тұрыңызшы.
“Аннушка” деген сөзге енді келіп “күнбағыс майы”, сосын Понтий
Пилат қосылды. Пилатты ақын жекіріп тастады да, “Аннушкадан”
алып ойша өрнек құра бастады. Өрнек тез-ақ тоқылып, замат жынды
профессорға алып барды.
Кінə менен! Ол ғой, мəжіліс болмайды, өйткені Аннушка май төгіп
алды деді. Сондықтан кешіріңіздер, мəжіліс болмайды. Ол аз десеңіз
Берлиоздың басын əйел кеседі деген жоқ па? Ал трамвайдың
жолбасшысы əйел. Сонда не болғаны бұл? Ə?
Демек, Берлиоздың сұмдық ажалын құпия консультанттың алдын ала
білгеніне титтей де күмəн жоқ. Осы арада ақынның миын екі пікір
осып өтті. Біріншісі: “Ол əсте де жынды емес. Оны есі ауысқан деу
далбаса!” десе, екіншісі “Осының бəрін соның өзі жасап жүрген жоқ
па екен?” дегенге саяды.
Ендеше “оны қалай жасады?” деген сауал тумай ма?!
-
О, жоқ! Оны біз білетін боламыз!
Зордың күшімен өзін-өзі қинап орындықтан əрең тұрды да, Иван
Николаевич кері, профессормен əңгімелескен жерге қарай ұмтылды.
Сəтін салғанда, ол кеткен жоқ екен.
Бронная көшесінің шамдары жанып, Патриарх тоғанын алтын ай
жарқыратты. Айдың алдауыш жарығында ол Иван Николаевичке
қолтығына таяқ емес, семсер қысып тұрғандай көрінді.
Отставкадағы жылпос регент əлгінде ғана Иван Николаевичтің өзі
отырған жерде отыр. Енді регент мұрнының үстіне бір көзі мүлдем
жоқ, екіншісі шытынаған мүлдем қажеті жоқ пенсне жапсырып
алыпты. Сонысымен алабажақ пенде Берлиозға рельсті
нұсқағанынан да сұмпайы болып көрінді.
Иван суынған жүрекпен профессордың бетіне қарады да, оның
жүзінен есі ауысқандықтың ешқандай да нышанын таппады.
-
Мойындаңыз, сіз кімсіз, өзі? - деп сұрады қатаң үнмен Иван.
-
Мен түсінбес... орысша білмеймін...
Ол түсінбейді, - деп сөзге араласты орындықта отырған регент,
ал одан шетелдіктің сөзін түсіндіріп бер деп ешкім сұраған жоқ-ты.
Аярланбаңдар! - деп сұстана сөйлеген Иван жауырынының
астынан бір суық сезді. - Əлгінде ғана орысша əп-əдемі сөйлеген. Сіз
неміс те, профессор да емессіз. Сіз - кісі өлтіруші əрі шпионсыз. Кəне
құжаттарыңызды бер! - деп ызалана айқай салды Иван.
Жұмбақ профессор жиренішті сыңаймен бетін тыжырайтып, онсыз да
қисық аузын ырбаңдатып, иығын қиқаң еткізді.
Азамат! - деп сөзге қайта қыстырылды жексұрын регент. -Сіздің
шетелдік туристі жазғырып тұрғаныңыз не? Бұл үшін сізден қатаң
жауап талап етіледі! - Күдікті профессор болса, тəкаппар кейіпке
түсіп бұрылды да, Иваннан аулақ кетті.
Иван дал болып, абыржиын деді. Алқына сөйлеп ол регентке
қарады:
Ей, азамат, қылмыскерді ұстауға көмектесіңіз. Сіз көмектесуге
міндеттісіз.
Регент дүр сілкінгендей орнынан атып тұрып, айғай салды:
Қайсы қылмыскер? Қайда ол? Қылмыскерің шетелдік пе? -деп
регенттің қуанғаннан көзі жайнап кетті. - Мынау ма? Егер ол
қылмыскер болса алдымен “Ұстаңыздар!” деп айғай салу керек.
Əйтпесе ол құтылып кетеді. Ал кəне, бірге айқайлайық! Кəне! -деп
регент арандай ғып аузын ашты.
Абдыраған Иван қылжақбасты сөзіне еріп “ұстаңдар!” деп айғай
салды да, регент оны алдап, үн шығармады да.
Иванның қырылдаған жалқы үні еш нəтиже берген жоқ. Қайта бір-екі
қыз “мас қой” деп шошынып, одан аулақ қашты.
Ə, сен де сонымен бір екенсің ғой? - деп ашуға мінген Иван тағы
да айғайға басты. - Сен не, мені мазақ қып тұрсың ба? Кəне, жіберші!
Иван оңға ұмтылды, регент те солай жалтарды, Иван солға ұмтылып
еді, əлгі жексұрын да солай жалтарды.
Сен аяққа əдейі қасақана оратылып жүрсің! - деп құтырына
айғайлады Иван. - Мен сенің өзіңді милицияның қолына беремін.
Иван оңбағанды жеңінен ұстағалы ұмтылып еді қолы тайып кетіп
ештеңе қармай алмай қалды. Регент болса жер жұтқандай ізім-қайым
жоқ боп кетті.
Аһ ұрып Иван алысқа көз тастап еді анандайдан жексұрын
бейтанысты көрді. Ол тіпті Патриарх көлденең көшесіне шығатын
қақпаға барып қапты жəне жалғыз емес. Күмəндіден де бетер регент
алабажақ киінгенге қосылып та үлгеріпті. Бірақ бұл екеуі ғана емес,
олардың тобында қайдан шыққаны белгісіз шошқадай дөңкиген алып
мысық жүр, өзі күйедей қап-қара, мұрты шабан-доздың мұртындай
ұп-ұзын сапарлы. Үшеуі Патриарх көшесіне қарай тартып барады
жəне мысық артқы екі аяғымен найқала басады.
Иван сұмпайылардың ізіне түсіп, тұра қуды, алайда оларды қуып
жету қиын екеніне бірден-ақ көзі жетті.
Үштік қас қаққанша көлденең көшені кесіп өтіп, Спиридонов-кадан
бір-ақ шықты. Иван жебей адымдап қанша аршындағанмен арадағы
қашықтық қысқарар түрі жоқ. Тып-тыныш Спиридонов-кадан кейін
Никитин дарбазасынан бір-ақ шыққанда Иван өзіне-өзі келіп те
үлгірмеген еді, мұнда жағдай қиындай түсті. Байқамай өтіп бара
жатқан біреулерге қақтығып сөз де естіді. Зұлымдар тобыры бұл
арада бандиттердің жақсы көретін тəсілін қолдануға бел буып
шашырап бөлек-бөлек кетті.
Регент керемет ептілікпен Арбат алаңына қарай зулап бара жатқан
автобусқа жабысып, көзден ғайып болды. Ізіне түскен-дердің
біреуінен айырылып қалған Иван назарын енді мысыққа аударды да
осынау қызық мақұлықтың “А” маторлы вагонының үзеңгісіне
аялдамада тұрғанда шырылдатып бір əйелді итере тастап ілінді де,
тұтқадан ұстай алып, қапырық болған соң ашып қойған терезеден
кондукторға тіпті ақша да ұсынып үлгерді.
Мысықтың жүріс-тұрысы Иванды қайран қалдырғаны сондай,
бұрыштағы бакалея дүкенінің алдында аңырып қатты да қалды.
Бəрінен бұрын оны кондуктордың қарекеті таңдандырды. Трамвайға
кіріп келе жатқан мысықты көріп ол ыза боп айқай салды, тіпті
қалшылдап та кетті.
- Мысықтарға болмайды! Мысық алып жүруге де болмайды! Піріс!
Түс кəне, түспесең милиция шақырамын!
Кондуктор келіншекті де, жолаушыларды да істің мəні таңдан-дырған
жоқ, əйтпесе ең қызығы мысықтың трамвайға таласа кіруі де емес,
оның жолақысын төлеуге ұмтылғаны ғой.
Мысық ақы төлеуге қабілетті ғана емес, сонымен бірге тəртіпті де
хайуан болып шықты. Кондуктордың алғашқы айғайынан соң-ақ
қарсыласпай ол табалдырықтан түсіп қалып, аялдамаға жай-ғасты
да əлгі кондукторға ұсынған он тиындығымен мұртын сүртті.
Кондуктордың арқанды жұлқып қалуы-ақ мұң екен, трамвай зулай
жөнелді, көліктен қуып шығарылған кез келген пендедей мысық түсіп
қалды, бірақ қайткенмен кету керек қой. Қарсы алдынан үш вагонды
жіберіп, мысық соңғысының артқы доғасына қарғып мініп,
қабырғадан шығып тұрған ішек сияқты бірдеңені қармап, тайып
берді, сөйтіп он тиындығы жанында қалды.
Сұмпайы мысықпен болып жүріп, Иван үшеудің ең бастысы профессордан көз жазып қала жаздады. Алайда бақытына қарай, ол
бой тасалап үлгірмеді. Иван оның басындағы сұр беретін үлкен
Никитинкадан, яғни Герцен көшесінен көріп қалды. Қас қағымда
Иванның өзі де сол тұстан табылды. Алайда істің сəті түспеді. Ақын
адымын да жеделдетті, желіп жүгіріп те көрді, өткен-кеткенді
итермелеп қанша ентелегенімен профессорға бір сантиметр де
жақындай алмады.
Қанша опынғанымен Иван ізге түсіп қуғандағы шапшаңдыққа
таңданбай қала алмады. Никитин қақпасынан кейін Иван Николаевич
оттары жарқыраған Арбат алаңына жиырма секөнтта-ақ жетті. Тағы
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Майталман шебер мен маргарита - 04
  • Parts
  • Майталман шебер мен маргарита - 01
    Total number of words is 4188
    Total number of unique words is 2185
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 02
    Total number of words is 4307
    Total number of unique words is 2150
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 03
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2321
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 04
    Total number of words is 4091
    Total number of unique words is 2369
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 05
    Total number of words is 4231
    Total number of unique words is 2275
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 06
    Total number of words is 4275
    Total number of unique words is 2183
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 07
    Total number of words is 4179
    Total number of unique words is 2056
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 08
    Total number of words is 4162
    Total number of unique words is 2288
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 09
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2258
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 10
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2360
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 11
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2204
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 12
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2334
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 13
    Total number of words is 4076
    Total number of unique words is 2131
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 14
    Total number of words is 4303
    Total number of unique words is 2195
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 15
    Total number of words is 4283
    Total number of unique words is 2173
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 16
    Total number of words is 4122
    Total number of unique words is 2215
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 17
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2274
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 18
    Total number of words is 4328
    Total number of unique words is 2150
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 19
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2195
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 20
    Total number of words is 4323
    Total number of unique words is 2138
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 21
    Total number of words is 4279
    Total number of unique words is 2228
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 22
    Total number of words is 4275
    Total number of unique words is 2177
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 23
    Total number of words is 4051
    Total number of unique words is 2294
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 24
    Total number of words is 4132
    Total number of unique words is 2321
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 25
    Total number of words is 4367
    Total number of unique words is 2146
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 26
    Total number of words is 4184
    Total number of unique words is 2326
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 27
    Total number of words is 2124
    Total number of unique words is 1367
    38.1 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.