Latin Common Turkic

Майталман шебер мен маргарита - 02

Total number of words is 4307
Total number of unique words is 2150
32.9 of words are in the 2000 most common words
47.6 of words are in the 5000 most common words
54.9 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Прокураторға орнынан көтеріліп, иегін аққан суға тосып, қата қалсам
ба екен деген ой келді. Алайда оның да еш көмегі болмайтынын білді
ол.
Тұтқынды бақтағы бағандардың астынан алып шығып Крысобой
легионердің қолындағы қамшыны алып жай ғана сілтеп иықтан
тартып жіберді. Кентурионның қимылы ебедейсіз жеңілдеу көрініп
еді, бірақ байлаулы жазған бір соққанан-ақ мұрттай ұшып жер қапты,
баудай түскен бейшара ауа қауып, өңі қашып, көзі жансызданып
кетті. Құлап жатқан жазғанды Марк сол қолымен бос қапшықтай
жеңіл ғана көтеріп алып əуеде сілкіп-сілкіп жіберді де арамей
сөздерін бұзып-жарып зіркілдей сөйледі:
Рим прокураторын игемон деп атау керек. Басқа сөз ауызға
алмау шарт. Тікиіп тік тұр. Сен мені түсіндің бе, əлде тағы да соғайын
ба?
Тұтқын өзіне-өзі кеп бойын жия алмай шайқалақтап, демін əрең
алып, қырылдай сөйледі:
-
Сені түсіндім. Енді ұрмашы мені.
Бір минөттен кейін ол прокуратордың алдында қайта тұрды.
Басыңқы сырқаулы үн қайта шықты:
-
Есімің кім?
- Менің бе? - деп ашу шақыртпас үшін байыпты жауап беруге əзірлігін
білдіріп ол апалақтап қалды.
Прокуратор айғайламай сөйледі:
Менің есімім өзіме аян. Бұдан бетер ақымақсып алдама. Сенің
есіміңді сұрап тұрмын.
-
Иешуа, - деп аптыға жауап қатты тұтқын...
-
Лақап атың бар ма?
-
Га-Ноцри.
-
Қайдан шыққан жансың? Туған жерің?
Гамала қаласынанмын, - деп жауап берген тұтқын басымен
нұсқап, оңға бұрып терістікте түу алыста Гамала деген қала барын
білдірді.
-
Қай қаннан тарайсың?
Оны нақты білмеймін, - деп ширақ жауап қатты тұтқын, -атааналарым есімде жоқ. Əкең сириялық деп айтқан болатын.
-
Тұрақты қайда тұрасың?
Менде тұрақты тұрғынжай жоқ, - деп қысыла жауап берді тұтқын.
- Бір қаладан бір қалаға саяхаттап жүремін.
Былайынша, бұны бір сөзбен қаңғыбас, кезбе дейді, - деді
прокуратор: - Ал Отаның бар ма? - деп сұрады.
-
Ешкімім жоқ. Жалғандағы жалғанат.
-
Хат танисың ба?
-
Танимын.
-
Арамей тілінен басқа тіл білесің бе?
Ісіңкі қабағы көтеріліп, уайыммен бұлдыраған көзін ол тұтқынға
салды. Екінші көзі сол жұмулы қалпында қалды.
Пилат сөзді енді грекше бастады:
Демек, сен үлкен шіркеудің ғимаратын қиратуға əзірленіп,
халықты соған үндегенсің ғой.
Осы арада тұтқын ширап, көзінен үрей қашып грекше сөйледі.
Мен бе, қа... - дей берген тұтқынның көзінен тағы да жаза
бастым ба деген үрей жалт ете қап аузын жиып ала қойды. - Мен бе,
игемон, шіркеу ғимаратын талқандау өмірі ойыма келген емес,
бұндай ессіз қылыққа ешкімді де үндегенім жоқ.
Айғақтаманы жазып үстелге еңкейіп күжірейіп отырған хатшының
жүзінен таңданыс білінді. Ол басын көтеріп алып, қағазға қайта
шұқиды.
Бұл қалаға мейрам күндері əралуан жұрт ағылып көп келеді.
Олардың арасында сиқыршылар, жұлдызшылар, көріпкелдер мен
кісі өлтірушілер де болады, - деді бір сарыннан аумаған прокуратор. Сондай-ақ суайттар да кездеседі. Шамасы, сен суайтсың. Шіркеуді
талқандауға əзірленгенің айқын жазылған. Жұрт сондай куəлік айтып
отыр.
Бұл қайырымды кісілер, - деп бастай берген тұтқын іле “игемон”
деген сөзді қосып - ештеңе де үйренбеген, менің айтқанымның бəрін
шатастырған. Жалпы мен бұл былықпа тым ұзаққа созыла ма деп
қауіптенейін дедім. Барлығы да оның менің айтқаныма еріп дұрыс
жазып отырмағанынан шыққан.
Сəл тыныштық орнады. Енді тұтқынға оның екі ауру көзі де сұстана
қарады.
Ақырғы рет қайталап айтамын саған, есі ауысқан жынды боп
көрінуіңді доғар, қарақшы, - деді Пилат бір сарынды баяғы жұмсақ
үнімен. - Сенің сыртыңнан жазылған көп емес, бірақ дарға асуға
соның өзі жетіп жатыр.
Жо-жоқ, игемон, - деді тұтқын иландыруға барын салып, -бəзбіреу серке терісін ұстап ұдайы жазады да жүреді. Бірде сол
пергаментке қарап төбе шашым тік тұрды. Онда жазылғандай
ештеңені тіпті де айтқан емеспін. Құдай үшін пергаментіңді өрте деп
те жалындым. Алайда ол қолымнан оны жұлып алды да тұра қашты.
Оның кім? - деп Пилат тыжырына сұрады да, қолымен самайын
уқалады.
Левий Матвей, - деп жып етті тұтқын, - ол салық жинаушы
болатын, ал мен онымен алғаш Виффагиге барар жолда кездестім,
інжір бағына шығар бұрышта сөйлескенмін. Əуелі ол маған жаратпай
қарады, тіпті қорлап итке де теңеді, - деп бір мырс етті ол, - ал өз
басым, оған бола ренжитіндей ол хайуаннан ешбір жамандық
көрмеймін...
Хатшы жазуын қоя салып, білдіртпей ғана оған емес прокураторға
таңданған көзбен қарады.
... əйткенмен, ол мені тыңдап, райынан қайта бастады, - деп
сөзін жалғады Иешуа, - ақыры, ақшасын жолға шашып тастап,
менімен бірге саяхаттайтынын айтты.
Пилат сап-сары тісін шықырлатып, бір езуімен мырс етті де, бүкіл
денесімен бұрылып хатшыға былай деді:
О, Ершалим қаласы! Ол туралы естімейтінің жоқ. Естіп отырсың
ба, салық жинаушы ақшасын жолға шашып кеткен!
Не дерін білмеген хатшы Пилаттың жымиысын қайталауды ғана жөн
көрді.
Иешуа Левий Матвейдің оғаш қарекетін баяндап:
Бүгіннен бастап маған ақшадан жиіркенішті нəрсе жоқ деді.
Сөйтіп сол сəттен бері менің серігім болып келеді, - деді сөзін
нақтылап.
Тісін қайрауын тоқтатпай прокуратор əуелі тұтқынға, сосын түу
төменде оң жақта жатқан ипподромның ат мүсіндерінің үстінен
көтеріліп бара жатқан күнге қарады да жан азабын тарта отырып, ең
оңайы осынау əпенді қарақшыға: “Дарға асылсын!” деген екі-ақ сөз
айтып балконнан қуып шығу ғой, деп ойлады. Айдауылды да қуып
жіберіп, бағандар астынан іштегі сарайға өтіп, терезелерді
қараңғылатып, төсекке құлай кетіп, суық су сұратып, жалынышты
үнмен иті Бангоны шақырып алып, сынып бара жатқан басын айтып
мұңын шақса ғой, шіркін. Онымен қоймай ауру басына у туралы бір
ой қылаң берді.
Кілегейленген көзімен тұтқынға қарап ол бірауық үнсіз қалды да,
азаптана отырып, Ершалимнің сəскедегі аяусыз өртенген күні
астында ұрып-соғуда бет-аузы быт-шыт болған мынау бейбақ не
үшін тұрғанын, оған тағы тірі пендеге қажеті жоқ сауалдар қоюға тура
келетінін есіне алды.
Левий Матвей дейсің бе? - деп сұрады ауру қырылдаған
дауыспен, сосын көзін жұмды.
-
Иə, Левий Матвей, - деген азапқа салар өктем үн құлағына жетті.
Дегенмен де сен базардағы тобырдың ішінде шіркеу туралы
айттың ғой?
Жауап қатушының үні Пилатқа оның шекесін шағатындай көрініп, ол
дауыс естілді де:
Игемон, мен ескі діннің храмы құлап, ақиқаттың жаңа шіркеуі
жасалатынын айтқанмын. Айтқанда да ұғынықты ғып жеткізгенмін
ойымды.
Өзіңнің түсінігің жоқ ақиқат туралы айтып, базардағы халықты
дүрліктіргенің не, қаңғыбас? Ақиқат деген не, өзі?
Сол сəт прокуратор: “О, құдайым-ай! Мен сотта керегі жоқ
бірдеңелерді сұраймын-ау, тегі... Ақыл-ойым қайтып маған қызмет
етпейтін болғаны ма...” деп ойға батты. Оған тағы да қара сұйық
бірдеңе құйылған тостақ елестеді: “Маған у беріңдер, у!”
Оның құлағына əлгі үн қайтадан келді:
Ақиқат деген ең алдымен мынада, міне, сенің басың ауырып
отыр, қатты ауырғаны сондай, ажалды ойлап үрейің ұшады. Менімен
сөйлесуің былай тұрсын, маған қараудың өзі қиын саған. Тап қазір
мені қинайтыны еріксіз сенің жендетің болып тұрғаным. Ештеңе
жайында ойлауға да шамаң жоқ. Бар арманың өзің тəнті болған
жалғыз жан иесі - итіңнің келуі ғана. Алайда қазір азабың басылып,
басың айығады.
Хатшы тұтқынға бажырая қарап, сөзін жаза да алмай қалды.
Пилат назалы көзін тұтқынға тастап, күннің ипподромнан биіктеп
əжептəуір көтеріліп қалғанын, оның сəулесі колоннаданы көктей өтіп
Иешуаның мыжырайған сандалына қарай жылжыға-нын, оның
күннен жалтарғанын байқады.
Сол сəт прокуратор мамықтағынан көтеріліп қолымен басын қысты,
кенет оның мұнтаздай қырылған сарғыш өңінде үрей пайда болды.
Үрейін ерік күшімен басып, мамықтаққа қайта отырды.
Оған қарамастан тұтқын сөзін жалғастыра берді, хатшы одан əрі
жазуды доғарды да, ата қаздай мойнын созып, бір сөзін де жібермей
оны тыңдауға тырысты.
Міне, енді бəрі де бітті, - деді тұтқын Пилатқа жылы ұшырай
қарап, - бұған мен мейлінше қуаныштымын. Саған мынандай ақыл
берер едім, игемон. Уақытша сарайды тастай тұрып осы төңіректе,
тым болмаса Елеон тауларындағы бақтарда жаяу қыдырсаңыз. Сосын тұтқын бұрылып, күнге көзін сүзіп: - Кейін кешке қарай жай
ойнап, жауын басталады, - деді. - Ал саған серуен көп пайда келтірер
еді, қаласаң, мен ықыласпен ертіп жүрер едім. Менің басыма бəз-бір
соны ойлар келді, саған олардың ұнайтынына сенімдімін, өте
ақылды адам ретінде əсер қалдырғаныңнан да соларды өзіңмен
құлшына бөлісер едім.
Хатшы өлердей бозарып, қолындағы түйіншегін түсіріп те алды.
Сорың мынада, - деп ешкім тоқтатпаған қолы байлаулы кісі сөзін
əрі жалғастырды, - сен тым томаға тұйықсың, сондықтан адамдарға
деген сеніміңді жоғалтып алғансың. Əйткенмен, бар жан-тəнің иттің
үстінде ғана болуы дұрыс емес қой. Өмірің тым жұтаң, игемон, - деп
осы арада сөйлермен сəл жымиды.
Енді хатшы бір-ақ нəрсені - өз құлағына сенер, сенбесін ғана ойлады.
Сенуге тура келді. Сондығынан ол тұтқынның мынандай көз көріп,
құлақ естімеген тентектігінен кейін шамшыл прокура-тордың ашуазасы қандай арнаға құятынын көз алдына келтіре алмай əуреге
түсті. Прокураторды қаншалық жақсы білсе де бұған ойы жетер емес.
Осы арада прокуратордың жарықшақ қырылдаңқы даусы шықты
жəне латынша сөйледі.
-
Оның қолын шешіңдер.
Айдауыл легионерлердің бірі найзасын тықылдатып басқасына белгі
беріп еді, ол келіп тұтқынның қолын шешті. Хатшы түйін-шегін көтеріп
алып, əзір ештеңе жазбасқа, ештеңеге таңданбасқа бел буды.
Мойында, сен ұлы тəуіпсің ғой? - деп грекше баяу ғана сұрады
Пилат.
Жоқ, прокуратор, тəуіп емеспін, - деп жауап қатты қанталап ісіп
кеткен саусақтарын рақаттана сипай тұрып тұтқын.
Пилат дереу қабағының астынан тұтқынға тесіле қарады, бұл көзде
енді кілегей жоқ, жұрттың бəріне таныс ұшқын бар еді.
Сенен сұрамаппын ғой, - деді Пилат, - бəлкім латын тілін білетін
шығарсың?
-
Иə, білемін, - деп жауап берді тұтқын.
Пилаттың сарғыш жүзіне қан ойнап шыға келді де, латынша сұрақ
қойды.
-
Менің итті шақырмақ болғанымды қалай білдің?
Ол оп-оңай, - деп жауап қайтарды тұтқын, - сен ауада қолыңды
ербеңдеттің. - ол Пилаттың қимылын қайталады. - Демек, итті
сипағың келді, ернің де жыбырлап кетті...
-
Рас, - деді Пилат.
Аз-кем үнсіз қалып, Пилат сосын грекше сұрақ қойды.
-
Сонымен, сен дəрігерсің ғой?
Жоқ, жоқ, - деп азарда-безер болды тұтқын. - Иланыңыз, мен
дəрігер де, тəуіп те емеспін.
Жарайды, жақсы. Оныңды жасырып құпия ұстаймын десең ұста.
Іске бұның тікелей қатысы жоқ. Сонымен сен храмды қира-туға...
болмаса өртеуге, əйтеуір бəз-бір тəсілмен талқандауға жұртты
шақырған жоқсың, ə?
Мен бар ғой, игемон, ондай еренсіз қимылға ешкімді де
шақырған жоқпын. Қайталап айтайын, шақырған жоқпын. Əлде мен
ақылсыз дейсіз бе?
О, иə, сен ақылы азға əсте де ұқсамайсың, - деп баяу жауап
қатқан прокуратор сондай бір қатерлі раймен жымиып: - Ондай
болған жоқ деп ант-су ішіп қарғаншы.
Ант-су ішіп, немен қарған дейсің сен? - деп ексімдей сұрады
байлаудан босанған.
Айталық, ең тегі өз өміріңмен қарғансаң, - деп жауап қатты
прокуратор. - Оны бəске тігудің нағыз кезеңі, онсыз да өзі қыл үстінде
тұр, бұны біліп қой.
Оны қылға іліп қойған сен өзің деп ойлайсың ба, игемон? -деп
сұрады тұтқын. - Олай болса, қатты қателесесің.
-
Ол қылды қиып та жібере аламын.
Бұл арада да қателесесің, - деді жарқылдай күліп, күнді қолымен
көлегейлеген тұтқын. - Қылды тек ілген адам ғана қия алатынына
келісесің ғой?
Солай, солай, - деді жымиып Пилат, - Ершалимдегі аңқау
тобырдың аузын ашып қыр соңыңнан қалмай неге еріп жүретініне
енді күмəнданбаймын. Тіліңді созып кім ұстартқанын білмеймін, бірақ
ұзындығы біраз бар. Айтқандай, Сузск қақпасы арқылы есек мініп
Ершалимге келгенде шуылдақ қара тобыр сені бəз-бір пайғамбардай
құттықтап қарсы алыпты деген рас па? - деп прокуратор пергамент
түйіншегін нұсқады.
Тұтқын прокураторға таңырқай қарады.
Менде ешқандай да есек болған емес, игемон, - деді ол.
Ершалимге Сузск қақпасы арқылы кіргенім анық, бірақ жаяу келдім,
жанымда жалғыз Левий Матвей ғана болды, ешкім ештеңе айтып
қарсы алған жоқ, өйткені онда Ершалимде ешбір жан мені білмейтін.
Бəз-бір Дисмас, екінші - Гестас, үшіншісі - Вар-равван дегендерді
білмейсің бе? - деп тұтқыннан көзін айырмай Пилат сауалын үдете
түсті.
Ол қайырымды адамдарыңызды білмеймін, - деп жауап қайырды
тұтқын.
-
Рас па?
-
Рас.
Енді мынаны айтшы, сенің ұдайы “қайырымды кісілер” деген
сөзді қолданатының себебі не? Сен не, жұрттың бəрін солай атайсың
ба?
Бəрін де, - деп жауап қатты тұтқын. - Жарық дүниеде жаман
адам жоқ.
Бұндайды бірінші рет естіп отырмын, - деді Пилат келемеждей, бəлкім өмірді азырақ білетін шығармын мен! Одан арғысын
жазбауыңызға болады, - деп жазып та жарытып отырма-ған хатшыға
қарады да, сөзін, одан назарын тұтқынға аударды: -Бұл турасында
бəз-бір грек кітаптарынан оқып па едің?
-
Жоқ, бұған өз ақылыммен жеттім.
-
Жəне сен осыны уағыздайсың ғой?
-
Иə.
Ал, мəселен, кентурион Маркті алайық, оны Крысобой, яғни
егеуқұрық қырушы деп мазақтайды, сол қайырымды, жақсы кісі ме?
Иə, - деп жауап қатты тұтқын, - Бірақ ол бақытсыз адам,
қайырымды деген кісілер оның бет-аузын бұзып бүлдіргеннен кейін
ол қатыгез, қаскөй болып кетті. Бетінің быт-шытын кім бұлай
шығарғанын білген жөн болар еді?
Оны айтуыма əбден болады, - деп келісе кетті Пилат, - өйткені
оның куəсі өзім болғанмын. Қайырымды адамдарың оған аюды
талаған иттердей лап қойды. Германдықтардың біреуі оның мойнына жармасты, біреуі қолын, біреуі аяғын ұстады. Жаяу əскер басшысы осылай ауға түсті, егер мен басқаратын атты əскер жасағы бір
бүйірден кеп киіп кетпесе, сен, философ, Крысобойды көріп,
əңгімелеспеген болар едің. Ол оқиға Идиставизо маңында, Перизат
жазығында болған.
Егер мен онымен сөйлесер болсам, күрт өзгеретініне кəміл
сенемін, - деді кенет қиялға шомған тұтқын.
Меніңше, офицерлері мен солдаттарының біреуімен сөйлеуге
бейіл білдірсең, легион легатының кəріне ұшырайтыныңа күмəнім
жоқ, - деді Пилат. - Айтқандай, бақытымызға қарай ол ойыңның
жүзеге аспайтынына алдымен мен кепіл, онымен шұғылданатын да
мына менің өзім.
Сол тұста колоннадаға зулай ұшып бір қарлығаш кірді де алтын
күмбезді бір айналып өтті де құлдилай беріп, үшкір қанатымен
салтқыдағы мүсінді жанай жаздап, жоғарылай барып жоқ болды.
Бəлкім, бейшара ұя салмақ ойда болды ма екен.
Қарлығаш қалықтап жүрген кезде прокуратордың айыққан басына бір
ой келді. Оның мəні мынандай: игемон лақап аты Га-Ноцри, қаңғыбас
философ Иешуаның ісін мұқият қарап, одан қылмыс құрамын
таппады. Атап айтқанда, Иешуаның іс-қимылы мен Ершалимде
таяуда болған бейбастықтықтың арасынан титтей де байланыс
тапқан жоқ. Кезбе философ есі ауысқан жан боп шықты. Сол себепті
Кіші Синедрион Га-Ноцриға кескен өлім жазасын прокуратор
бекітпейді. Алайда Го-Ноцридің ессіз қияли сөздері Ершалимдегі
толқулардың себебі болғандықтан прокуратор Иешуаны аластап,
Жерорта теңізіндегі Страновой Кесария-сына қамауға жіберуді
ұйғарды. Яғни ол прокуратордың резиден-циясы тұрған жер.
Ендігі қалғаны осыны хатшыға жазғызу.
Қарлығаштың қанаты тұп-тура прокуратордың төбесінен су етті де,
киелі құс фонтанның табақшасын жанап сыртқа ұшып кетті.
Прокуратор көзін тұтқынға тастағанда, оның төңірегінен бұрқы-раған
шаң көрді.
Ол жайында барлығын жазып біттің бе? - деп сұрады Пилат
хатшыдан.
Өкінішке қарай, үлгергенім жоқ, - деп күтпеген жауап қайтарған
хатшы Пилатқа пергаменттің басқа будасын ұсынды.
-
Бұл не тағы? - деп сұраған Пилат қабағын түйді.
Ұсынғанды оқып, оның өңі бұзылып, бұрынғыдан да өзгеріп кетті.
Қою қара қан шапшып мойны мен жүзіне шыға келді ме, əлде басқа
бірдеңе болды ма, сарғыш өңі құбылып, өзге түске еніп, көзі ішіне
түсіп кетті.
Дегенмен шынтуайттап келгенде, шекеге шаншып, дүрс-дүрс соққан
қан кінəлі шығар, бірақ бір ғажабы ол прокуратордың жанарына əсер
етеді. Мəселен, оның көзіне тұтқынның басы əлдеқайда ұшып кетіп,
орнына басқасы орнай қалғандай елестеді.
Ал бұл тақыр баста алтын тісті тəж тұрған сияқты, ал маңдайында
терісін мүжіп жатқан, май жағылған жара; тіссіз аузы ішіне кіріп кетіп,
қырсық төменгі ерін салпиып тұр. Пилатқа балконның қызғылт
бағандары ғайып болып, төменде бақтың сыртында Ершалимның
шатырлары Капри бағының қалың жасыл желегіне сүңгіп бара
жатқандай көрінді. Құлағына да оғаш бірдеңе тап келгендей алыстан
кернейдің бəсең болса да кəрлі үні естіліп, мұрыннан шығатын бір үн
“Ұлылықты қорлау туралы заң” деп мыңқылдайтын тəрізденді.
Сосын əдеттен тыс байланыссыз келте пікірлер: “Құрыды!” жəне
“Опат болды олар!..” деп сампылдады. Онымен де қоймай арасынан
көңілге қонбайтын біреуі; белгісіз бір лауазым иесінің əйтеуір
өлмейтіні туралы сандырақтап, оның мəңгілігінің өзі төзгісіз қайғымұң туғызды.
Пилат ширығып елесті серпіп тастап, жанарымен балконға оралып
еді, қарсы алдында қайтадан тұтқынның жаудыраған көзі тұрды.
Құлақ сал, Га-Ноцри, - деп Иешуаға оғаш қарап сөз бастады
прокуратор, өңі сұсты, бірақ көзі үрейлі, - бəз-бірде сен ұлы кесаро
император жөнінде бірдеңе айтып па едің? Жауап бер! Айтып па
едің? Əлде... айтпап па едің? - Пилат “айтпап па едің?” деген сөзді
біраз созыңқырап, көз қарасымен-ақ Иешауға ой тастап, тұтқыннан
оны ұғынуын тілегендей.
-
Шындықты айту оңай əрі ғанибет! - деді тұтқын.
Шындықты айту саған ғанибет пе, ғанибет емес пе - маған оны
білудің қажеті жоқ, - деді қарлығыңқы ызалы үнмен Пилат. -Бірақ
саған шындықты айту керек. Əйткенмен, сөзсіз, əрі азапты өлім
тілемесең, сөйлегенде де əр сөзіңді саралай біл.
Иудея прокураторына не болғанын ешкім білмейді, бірақ ол күн
нұрынан қорғанғандай, қолын қалқан құсатып көтеріп, тұтқынға ым
қағатындай назар аударудан тайлыққан жоқ.
Сонымен, сен Кириафтан шыққан Иуданы білесің бе? - деді ол. Білсең оған дəл кесарь туралы не айттың, жауап бер.
-
Мəселе былай болған, - деп елпілдеп тұтқын əңгімеге кірісті.
Бұрнағы күні шіркеудің қасында бір жас жігітпен таныстым, ол
өзін Кариафтан келген Иудамын деді. Мені Төменгі қаладағы үйіне
шақырып, қонақ қылды...
Қайырымды кісі ме екен? - деп сұраған Пилаттың жанарында
тереңнен бір от жылт етті.
-
Өте жақсы, білмекке құмар кісі, - деп растады тұтқын. - Мені
қуана қарсы алып, ой-пікіріме керемет ықылас білдірді.
Шырағдан да жаққан шығар... - деп қалды сыздана түскен Пилат
жанары жалт-жұлт етіп.
Иə, жақты, - деді Иешуа прокуратордың хабардарлығына
таңданып, - менің мемлекеттік билікке деген көзқарасымды айтып
беруімді өтінді. Бұл мəселе оны өте-мөте қызықтырады екен.
Ал сен не айттың? - деп сұрады Пилат. - Əлде айтқанымды
ұмытып қалдым дейсің бе? - Пилаттың мақамынан үмітсіздік əлденақ менмұндалап тұрды.
Басқалардың арасында атап айтқаным мынау, - деді тұтқын, кез келген билік жұртқа жасалатын зорлық, күш көрсету, билік
болмайтын да күн туады, ол тұста кесарьлар да, ешқандай өктемдік
те болмайды, дедім. Адамзат ешбір билік жалпы керек болмайтын
ақиқат пен əділет патшалығына өтеді.
-
Одан əрі?
Одан əрі ештеңе болған жоқ, - деді тұтқын. - Сол арада біреулер
жүгіріп келіп, мені байлап-матап, түрмеге апарды.
Хатшы бір сөзді де қағас жібермеуге тырысып, пергаментіне
шимайлап жатты.
Бұл дүниеде адамдар үшін император Тиверийдің билігінен
артық билік болған емес жəне ешқашан болмақ емес, - деген
Пилаттың қарлығыңқы һəм сырқаулы даусы гүж етті.
Неге екені белгісіз, прокуратор хатшы мен айдауылға жаратпай алая
қарады.
Оны талқылау сенің шаруаң емес, есуас қылмыскер! - Сол замат
Пилат айғайлап жіберді. - Қарауылды балконнан шығарыңдар! Ізінше хатшыға бұрылды: - Мені қылмыскермен оңаша қалдырыңыз,
мұндағы - мемлекеттік мəселе, - деп қосты.
Айдауыл найзасын көтеріп, темір тақасын біркелкі тықылдатып,
балконнан баққа шықты, оның соңынан хатшы да тартты.
Балкондағы үнсіздікті біраз уақыт фонтандағы судың сылдыры ғана
бұзды. Пилат тұрбадан шыққан су тегештің қалай кеуіп көтіріле беріп,
жан-жағы сынып түсіп, жылап ағып жатқанын көрді.
Бірінші болып тұтқын сөз бастады:
Менің Кириафтан келген бозбаламен əңгімелескенім үшін бір
қырсықтың болатынын көріп тұрмын. Ол бір бақытсыздыққа
ұрынады-ау деген менде бір секем-сезік бар, олай болса өте өкінішті.
Ал меніңше бұл дүниеде саған аянышты көрініп Кириафтан
шыққан Иудадан да артық өкіндіретін нəрсе бар, - деп қызық бір
мырс етті прокуратор. - Оған ұрынған адамға Иудадан да қиын
болады. - Прокуратор Иешуаның дал-дұлы шыққан бетін нұсқап:
- Уағыздарың үшін сені өлімші ғып ұрған суық қанды кəнігі жендет
Крысобой Марк, итаршыларымен қосылып төрт солдатты өлтірген
Дисмас пен Гестас қарақшылар, ақыр соңында опасы пасық Иуда солардың бəрі қайырымды жақсы жандар ма?
-
Иə, - деп жауап қатты тұтқын.
-
Жəне ақиқат патшалығы орнайды дейсің ғой?
-
Орнайды, игемон, - деп сеніммен айтты Иешуа.
Ол ешқашан орнамайды, - деп кенет үрейлі үнмен Пилаттың
айғай салғаны сондай, Иешуа селк ете қалды. Пилат бұдан көп жыл
бұрын Перизат жазығында “Шабыңдар! Қырыңдар оларды! Крысобой
дəу қоршауда қалды деп дəл осылай айғайлаған еді. Бұйырықпен
барқылдаған даусын одан да көтеріп ол баққа да естілсін дегендей:
“Қылмыскер! Қылмыскер! Қылмыскер!” деп қатты-қатты айқайлады.
Сосын үнін бəсеңдетіп:
Иешуа Га-Ноцри, сен бəз-бір құдайларға сенесің бе? - деп
сұрады.
-
Құдай біреу, - деп жауап қатты Иешуа, - мен соған сенемін.
Ендеше соған табын! Көбірек жалбарын! Бірақ ол да
көмектеспейді, - деді даусы пəс тартып Пилат. - Əйелің бар ма еді? деп неліктен екені мұңая сұрады ол, мұнша не болғанын өзі де
түсінген жоқ.
-
Жоқ, жалғызбын.
Жексұрын қала, - деп өз-өзінен міңгірлеген прокуратор жаурап
бара жатқандай иығын қозғап, қолын уқалады. - Егер сені Кириафтан
келген Иудамен кездеспей тұрғанда өлтірсе жақсы болатын еді.
Ал сен мені босатар ма едің, игемон? - деп өтінді тұтқын, үнінде
үрей бар. - Байқаймын мені өлтірмек қой.
Пилаттың бет-аузы жыбырлап, өңі бұзылып кетті, ағы қанталаған
ауру көзін Иешуаға аударды.
Сен бейбақ өзіңдей ойына келгенін айтатын адамды рим
прокураторы босатып жібереді деп ойлайсың ба! О құдай, құдай-лар!
Əлде мен сенің орныңды алуға əзірленіп отыр дейсің бе? Сенің
пікірлеріңді мен бөліспеймін де құптамаймын. Енді мені тыңда. Егер
осы сəттен бастап аузыңнан бір сөз шықса, бəз-біреумен сөйлесер
болсаң, мына менен сақтан! Қайталап айтамын: сақтан!
-
Игемон...
Өшір үніңді! - деп айқайлаған Пилат құтырған көзбен балконға
қайта кірген қарлығашты ұзатып салды да: - келіңдер маған! - деп
дауыстады.
Хатшы мен айдауыл өз орындарына оралғанда Пилат қылмыс-кер
Иешуа Га-Ноцриға Кіші Синедрион жиналысы кескен өлім жазасын
бекітетінін жариялады да, хатшы оның аузынан шыққанның бəрін
жазып алды.
Арада бір минөт өткенде прокуратордың алдында Марк Крысобой
тұрды. Оған прокуратор қылмыскерді құпия қызмет бастығына
тапсырды жəне Иешуа Га-Ноцриды басқа қылмыс-керден бөлек
ұстау жөніндегі прокуратордың өкімін жеткізуді бұйырды, сондай-ақ
жазасының ауырлығымен қорқытып Иешуамен ештеңе жайында
сөйлеспеуді, оның сұрағына жауап қайтармауды құпия қызмет
командасына қатты ескертті.
Марктің белгі беруімен Иешуаны қарауылдар алқа-қотан қор-шап
алып, балконнан алып шықты.
Сосын прокуратордың алдына төсінде жарқыраған арыстан басының
белгісі, дулығасының ұшында қыран қанатының қауыр-сыны бар,
қылыш асқан белбеуінің алтын салпыншақтары көз тартқан, ұлтаны
қалың баулы етігі тізесіне дейін жеткен сары сақалды сымбатты жігіт
тұрды. Бұл легион басқаратын легат болатын. Одан прокуратор
себастиялық жасақтың қазір қайда тұратынын сұрады. Легат
себастиялықтардың халыққа қылмыс-керлерге шығарылған үкім
жарияланатын гипподром алдындағы алаңда шеп құрып тұрғанын
айтты.
Прокуратор легатқа рим когортасынан екі шағын жасақ бөлуге нұсқау
берді. Олардың бірі Крысобойдың қарауына беріліп,
қылмыскерлерді, жазалау құрал-саймандары тиелген көліктер мен
жендеттерді Қасқа Тауға жөнелткенде қарауылдайтын болады.
Екіншісі қазірден бастап Қасқа Тауға аттандырылып, дереу қорғау
шебін құруы керек. Бұл мақсат үшін, яғни тауды күзету үшін
прокуратор легаттың қосымша атты əскер полкын, атап айтқанда,
сириялық аланы жіберуін өтінді.
Легат балконнан шығысымен прокуратор хатшыға Синедрион
президентін, жиналыстың екі мүшесін, Ершалимнің храм күзеті
бастығын сарайға шақыр деп бұйрық берді жəне аталмыш
адамдармен мəжіліс басталғанша президентпен ертерек оңаша
сөйлесуіме жағдай жаса деп ескертті.
Прокуратордың бұйрығы шапшаң əрі нақпа-нақ орындалды. Бұл
мезгілде Ершалимді аяусыз күйдіріп өртеніп тұратын күн шырқау
биігіне көтерілмей тұрып бақтың жоғарғы террасасында баспалдақты
күзетіп тұратын екі ақ мəрмар арыстанның қасында прокуратор
Синедрион президентінің міндетін атқарушы иудейлік бас имам
Иосиф Каифамен кездесті.
Бақ тып-тыныш еді, колоннада астынан бақтың күн түсіп тұрған
жоғарғы алаңына, ғажайып піл аяқты құрмалар сыңсып тұрған тұсқа,
көз алдынан жексұрын бүкіл Ершалим аспалы көпірлерімен,
қамалдарымен, ең бастысы ешбір бейнеге жатпайтын шатыр орнына
алтын аждаһаның қыр арқасындай кесек мəрмəрлар төселген
Ершалим храмы алақандағыдай көрінетін алаңға шыға бере
прокуратор түу төменнен сарай бағын жас қабырға бөліп тұрған
қалалық алаңнан шырылдаған əлде өксік, əлде жанайқай сияқты
əлсіз де нəзік бір дауыстар естіді.
Прокуратор алаңға Ершалимдегі соңғы бейберекеттікке байла-нысты
толқып қобалжыған тұрғындардың қисынсыз тобыры жиналғанын, ал
олардың үкім шығарылуын тыпырши күткенін, арасында беймаза су
сатушылар да айғайлап жүргенін түсінді.
Бас имам Каифаны прокуратор балконға шақырды, ондағы ойы
аптап тұрған ыстықтан қорғану еді, бірақ сыпайы ғана ғафу өтініп,
олай жасай алмайтынын айтты. Пилат қасқая бастаған басына
жалбағай киіп, əңгіме бастады. Əңгіме грекше өрбіді.
Пилат Иешуа Га-Ноцридің ісін анықтай қарап өлім жазасын бекіткенін
айтты.
Сөйтіп, бүгін бірнеше өлім жазасы жүзеге асырылуы керек, оған үш
қарақшы Дисмас, Вар-равван жəне Гестас, сосын мынау Иешуа ГаНоцри кесілген. Дисмас пен Гестас халықты кесарьға қарсы бүлікке
көтермек болғаны үшін рим өкіметі айқаспен қолға түсірді, демек,
олар туралы бұл арада сөз болмақ емес. Ал Вар-равван мен ГаНоцриді жергілікті өкімет ұстап, Синедрион соттады. Заңға сəйкес,
əдет-ғұрыпқа орай соңғы екеуінің біреуін бүгінгі ұлы мейрам пасханың құрметіне бостандық беру керек.
Демек, прокуратордың енді білгісі келетіні Синедрионның екеуінің
қайсысын босатуға бейімді екені. Вар-раванды ма, əлде Га-Ноцриды
ма? Каифа мəселе өзіне айқын екенін білдіріп басын иді де, шешімін
айтты:
-
Синедрион Вар-равванды босатуды сұрайды.
Прокуратор бас имамның дəл осылай жауап беретінін білген, бірақ
оның міндеті бұл жауаптың өзін таңдандыратынын дінбасыға аңдату
болатын.
Пилат оны үлкен шеберлікпен жасады. Тəкаппар жүзін өзгертіп,
қасын керіп бас имамға таңданғандай тесіле қарады.
Бұл жауабыңыздың мені таңдандырғанын, тіпті қайран
қалдырғанын мойындаймын, - деп баяулата сөз бастады прокуратор,
- бұл арада бір түсінбестік жоқ па екен деп қорқамын.
Пилат түсіндіруге кірісті. Рим өкіметі жергілікті рухани биліктің
құқығына əсте де көз алартпайды, бас имамға бұл жақсы мəлім,
алайда аталмыш жағдайда бір қателік кеткені аян. Оны түзетуге, рим
өкіметі, əрине, мүдделі.
Шын мəнінде Вар-равван мен Га-Ноцридың қылмыстарын бір-бірімен
мүлдем салыстыруға келмейді. Егер екіншісі есі ауысқан адам болса,
Ершалим мен басқа да жерлерде желпіне асқақ сөз сөйлеп, халықты
дүрліктіргеніне кінəлі, ал біріншісінің қылмысы əлдеқайда ауыр. Оны
азсынсаңыз, елді ол тікелей ереуілге үндеген ғой, оның үстіне
ұстағалы келгенде күзетшіні өлтірген.
Осы айыпталғандардың бəрін ескере келіп прокуратор бас имамның
шешімді қайта қарап, сотталған екеудің зияны азырағын бостандыққа
шығаруын сұрайды, дау жоқ, ондай адам Га-Ноцри. Демек?
Каифа Пилаттың көзіне тура қарап, баяу, бірақ сенімді үнмен
Синедрионның іспен мұқият танысып, Вар-равванды босатуға
ықтияр болғанын екінші қайтара хабарлады.
Қалайша? Тіпті менің ізденіп сұрау салуымнан кейін де осылай
шеше ме? Өз өкілі мен арқылы Рим өкіметі салып отырған іздеуден
кейін де осылай бола ма? Бас имам, кəне, үшінші мəрте қайталашы.
Үшінші рет те Вар-равванды босататынымызды қайта
хабарлаймын, - деді баяу ғана.
Барлығы да бітті, одан əрі айта берудің қажеті жоқ. Га-Ноцри мəңгуге
кетті, прокуратордың қатерлі, сұмдық сырқатын енді ешкім емдей
алмайды, оған өлуден өзге дəрі болмақ емес. Бірақ Пилатты дəл
қазір бұл ой баураған жоқ-ты. Балконда басталған сол баяғы бір
түсініксіз торығу тұла бойын алып бара жатты. Оны сол арада-ақ
түсіндіргісі келді оның, бірақ түсіндірмесі оғаштау көрінді өзіне:
прокуратор сотталғанмен жеріне жеткізіп сөйлес-пеген, неге екені
белгісіз, оның сөзін аяғына дейін тыңдамаған тəрізді.
Пилат бұл ойды да серпіп тастап, қалай келгеніндей, солай ұшырып
жіберді басынан. Ой ғайып болды да, уайым беймəлім боп қалды,
өйткені жай отындай жалт етіп жоқ ой оны зерделеуге мұршасын
келтірмей, “Мəңгілік... өлмейтін ғұмыр келді” деген келте пікір жылт
етті. Кімнің өлмейтін өмірі келді? Прокуратор осыны түсіне алмады,
алайда осынау жұмбақ мəңгілік туралы пікір оны қайнап тұрған
күнде-ақ қалтыратып, жауратып жіберді.
-
Жақсы, солай-ақ болсын, - деді Пилат.
Сол сəт ол жан-жағына бұрылып, көз жетер дүниені шолып еді,
болған өзгерістерге қайран қалды. Раушан гүлімен қайысып тұрған
шоқ зым-зия, жоғарғы террасаны көмкеріп тұрған кипаристер де,
анар ағаштары да, ақ жасыл желекке бөленген ақ мүсін де құрып
кетіпті. Олардың орында қан қызыл бір қою зат қалқып барады,
солармен бұлғақтаған балдырлар да қозғалып, Пилат та кетіп бара
жатқандай. Оны алып бара жатқан енді жаналқымнан қысып, өзегін
өртеген сұмдық ашу-ыза, дəрменсіздіктің ашу-ызасы.
-
Дүниенің тарын-ай! - деп күрсінді Пилат. - Сыймай барамын.
Дымқыл суық қолымен плащ жағасының бауын жұлқып қалды да, ол
жерге түсті.
Бүгін сондай қапырық, шамасы əлдеқайда жай ойнап, жаңбыр
жауып тұрған шығар, - деп Каифа прокуратордың нарттай қызарған
бетіне қарап, алда тартар азабын аңдап сөзге араласты: “Апырай,
биылғы жылғы нисан қандай сұмдық ай болды!”
Жоқ, бұл күннің қапырық болғанынан емес, - деді Пилат, -маған
дүние сенімен тарлық етіп тұр, Каифа. - Сосын Пилат жымиып
қойып, көзін сүзе оған: - Өзіңді сақта, бас имам, - деді.
Бас имамның қара көзі прокуратордан кем жарқылдамай көгіл-дір
жүзінде таңданыс білінді.
Мен не естіп тұрмын, прокуратор? - деп маңғаздана сабырмен
жауап қатты Каифа. - Шығарылғаннан кейін сен өзің бекіткен үкіммен
қорқытпақсың ба мені. Рим прокураторы бірдеңе айтпас бұрын сөзді
таңдап, тауып сөйлейтініне үйренген жанбыз біз. Сөзімізді біреулер
естіп қалмаса игі еді, игемон.
Пилат жансыз көзімен бас имамға қарап, тісін бір шықырлатып
жымиған сыңай танытты.
О не дегенің, бас имам? Бізді бұл арада кім тыңдап тұр дейсің?
Əлде мен бүгін жазалап өлтірілуге тиіс қаңғыбас кезбелерге
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Майталман шебер мен маргарита - 03
  • Parts
  • Майталман шебер мен маргарита - 01
    Total number of words is 4188
    Total number of unique words is 2185
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 02
    Total number of words is 4307
    Total number of unique words is 2150
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 03
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2321
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 04
    Total number of words is 4091
    Total number of unique words is 2369
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 05
    Total number of words is 4231
    Total number of unique words is 2275
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 06
    Total number of words is 4275
    Total number of unique words is 2183
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 07
    Total number of words is 4179
    Total number of unique words is 2056
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 08
    Total number of words is 4162
    Total number of unique words is 2288
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 09
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2258
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 10
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2360
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 11
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2204
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 12
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2334
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 13
    Total number of words is 4076
    Total number of unique words is 2131
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 14
    Total number of words is 4303
    Total number of unique words is 2195
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 15
    Total number of words is 4283
    Total number of unique words is 2173
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 16
    Total number of words is 4122
    Total number of unique words is 2215
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 17
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2274
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 18
    Total number of words is 4328
    Total number of unique words is 2150
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 19
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2195
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 20
    Total number of words is 4323
    Total number of unique words is 2138
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 21
    Total number of words is 4279
    Total number of unique words is 2228
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 22
    Total number of words is 4275
    Total number of unique words is 2177
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 23
    Total number of words is 4051
    Total number of unique words is 2294
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 24
    Total number of words is 4132
    Total number of unique words is 2321
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 25
    Total number of words is 4367
    Total number of unique words is 2146
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 26
    Total number of words is 4184
    Total number of unique words is 2326
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 27
    Total number of words is 2124
    Total number of unique words is 1367
    38.1 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.