Latin Common Turkic

Майталман шебер мен маргарита - 16

Total number of words is 4122
Total number of unique words is 2215
33.8 of words are in the 2000 most common words
47.2 of words are in the 5000 most common words
54.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
- жə, тезірек жасырыңыз, əйтпесе өткен-кеткен көріп қояды. Бұл
сіздің кəдеңізге асады, Маргарита Николаевна. Соңғы жарты жылда
қайғыдан недəуір қартайып кеттіңіз. (Маргарита бұрқ ете қалды да,
тез басылып еш жауап қатпады, ал Азазелло сөзін жалғастыра
берді). Бүгін кешке, тура сағат тоғыз жарымда тыр жалаңаш шешініп
тастап мынау маймен бет-аузыңызды жəне бүкіл денеңізді сылаңыз.
Одан əрі ойыңызға келгенін жасаңыз, тек телефоннан аулақ кетпеңіз.
Сағат онда телефон соғып, не керектің бəрін айтамын. Сіздің,
ештеңеге алаңдауыңызға жол жоқ, апаратын жерге апарады өзіңізді,
мазасыздық дегенді атымен білмейсіз. Түсінікті ме?
Маргарита үндемей қалып, сосын ғана жауап қатты:
Түсінікті. Мынау зат таза алтыннан жасалған екен, салмағынанақ көрініп тұр. Олай болса, мені бір былық уақиғаға араластырғалы
аузымды алып жатқандарыңызды жақсы түсініп тұрмын, бірақ оның
сазайын соңынан мен тартамын ғой.
-
Бұл не өзі, - деп ысылдады Азазелло, - тағы бастадыңыз ба?
-
Жоқ, тұра тұрыңыз!
-
Помаданы қайтып беріңіз.
Маргарита қорапшаны қолымен қысып ұстап, сөзін жалғастырды.
Жоқ, тұра тұрыңыз... Неге бел буып бара жатқанымды мен
білемін. Бірақ бəріне де мен сол кемел үшін барамын, өйткені бұл
əлемде одан басқа үміт жоқ менде. Алайда сізге айтайын дегенім,
егер мені масқаралайтын болсаңыздар, ұяты өздеріңізге келеді.
Иə, ұят болады! Мен махаббатым үшін өліп барамын! - деп кеудесін
ұрып Маргарита күнге қарады.
Қайтарып беріңіз, - деп ызалана ысылдады Азазелло, -қайтарып
беріңіз, барлығын да жын ұрсын. Мейлі Бегемотты жіберсін.
О жоқ! - деп дауыстап жіберді Маргарита өткен-кеткенді таң
қалдырып, - бəріне де келісемін, мынау маймен сыланып сайқымазақ
жасауға да келісемін, сайтанның сапалағы болуға да келісемін.
Мынаны бермеймін.
Пəлі! - деп кенет Азазелло айғайлап жіберді де, көзі тас төбесіне
шығып бақтың тортеміріне қадалып, саусағымен бəз-бір жақты
нұсқады.
Маргарита Азазелло нұсқаған жаққа қарады, бірақ айрықша ештеңе
көре алмады. Сондықтан мұнда не сыр барын анықтау үшін
Азазеллоға қарады. Алайда “Пəлі!” деген орынсыз сөздің сырын
ашар ешкім болмады. Маргарита Николаевнаның жұмбақ сұхбаттасы
табан астында ғайып боп кетті. Маргарита қолын шапшаң соғып, əлгі
айғайдың алдында сөмкесіне тыға қойған қорапшаны іздеді, орнында
екен. Сосын ештеңе ойлап басын қатырмай Маргарита Александр
бағынан аулақ қашты.
Жиырмасыншы тарау
АЗАЗЕЛЛО БЕТМАЙЫ
Кешкі бұлтсыз аспанға ілініп қалған толған ай үйеңкі жапырақтарының арасынан сығалайды. Жөке мен мамыргүл ағаштары
бақтағы топыраққа дөңгелек дақ құсатып өрнек сызып қойған сияқты.
Фонары бар үшжармалы терезе ашық тұр, бірақ түсірілген перделері
электрдің əлемет жарығымен жарқырап тұр. Маргарита
Николаевнаның жатынжайында барлық шам жанып, ыбырсып
жатқанның бəріне жарығын түсірді. Кереует үстіндегі көрпеде жейде,
шұлық жəне іш киім жатыр, үйе салған ішкиімдер мыжыл-ған папирос
қорабының қасында жерде домалап қалған. Кебіс түнгі үстелдің
үстінде ішіліп таусылмаған бір тостаған сыра мен темекінің
сөндірілмеген тұқылы түтіндеп жатқан шылымсал-ғыштың жанында
тұр, орындықтың арқасына түнгі қара көйлек лақтыра салынған.
Бөлмеде əтір иісі аңқиды, оған қоса əлдеқандай қызған үтіктің иісі
келеді.
Маргарита Николаевна трюмоның алдында жалаңаш денесіне серпе
салатын бір ғана шомылу халатымен жəне күдері кебісімен отыр.
Алтын баулы сағаты Маргарита Николаевнаның алдында Азазелло
берген қорапшамен қатар жатыр, келіншек сағатынан көз алар емес.
Кейде оған сағаты сынып, тілі қозғалмай тұрған тəрізденеді. Алайда
ол баяу болса да жылжып жүріп тұр, ақыры сағаттың ұзын тілі
тоғыздан жиырма тоғыз минөт кеткенін көрсетті. Маргаританың
жүрегі аттай тулады, сондықтан ол қорапшаға бірден бас сала
алмады. Оған батпақты балдырдың иісі шығатындай көрінді оған.
Саусағының ұшымен Маргарита кремнен кішкентай ғана шұқып
алып, алақанына жақты, одан саздауыт жердің шөбі мен орман иісі
аңқыды. Сосын алақанымен бетмайды маңдайы мен бетіне жақты.
Бетмай оңай жұғып, лезде ұшып кететіндей көрінді Маргаритаға.
Бетмайды бетіне бірнеше рет сүйкеп, айнаға қараған Маргарита
қолындағы қорапшасын сағатының үстіне түсіріп ап, əйнегін
шытынатып алды. Маргарита көзін жұмып, сосын айнаға тағы бір
мəрте қарады да, қарқылдап күліп жіберді.
Айналасы пинцентпен қырпылған қасы қалыңдап, қара доға болып
жасылмен боялған көзінің үстіне иіліп тұра қалыпты. Сонау қазан
айында шебер ізсіз-түзсіз жоғалғанда түскен екі көздің арасындағы
жалғыз сызық əжім де ізім-қайым. Самайындағы сарғыш көлеңке де
ұшты-күйді жоқ, көзінің қиығындағы білінер-білінбес екі тор да кетіп
қалыпты. Бетінің ұшы біркелкі қызғылт түске малынып, маңдайы
аппақ, тап-таза боп, шаштараз бұйралаған шашы желкілдеп тұр.
Отыз жасар Маргаритаға айнадан шашы қара бұйра, сыңғырлап
тынымсыз күліп, тісін жарқылдата беретін жиырма жастағы ару
мөлдіреп қарайды. Маргарита бір ырғып халатын сілкіп тастады да,
жеңіл майлы кремнен көсіп алып, бүкіл денесіне жаға бастады.
Денесі əп-сəтте күреңітіп, тотығып шыға келді. Сосын миынан ине
суырып алғандай, самайының сыздауы, шекесінің шаншуы да сап
тыйылды. Александр бағындағы кездесуден кейінгі ымшық-шымшық
желге ұшқандай боп, қолы мен аяғының бұлшық еттері беркіп, сосын
Маргаританың салмағы да жеңілдеп сала берді.
Ол секіріп қап, кілемнен жоғары ауаға ілініп, қалықтап аз-кем тұрды
да, сосын біртіндеп жерге қарай тартылып, еденге түсті.
- Қарай гөр мына кремді! Бетмайды қара! - деп Маргарита
мамықтаққа сылқ ете қалды.
Маймен сылау оны сырттай ғана өзгертіп қойған жоқ. Енді оның тұла
бойында, əрбір талшығында өзі керемет сезінген қуаныш қыз-қыз
қайнап, көпіршіп жатты. Маргарита өзін азат, бəрінен ада сезінді.
Оның үстіне ол ертеңгілік өзі айтқан сезік-сенімнің айна-қатесіз
келгенін айқын сезінді, енді ол жекежайды да, бұрынғы тірлігін де
түгел тастайды мəңгілік. Алайда сол бір бұрынғы тірліктен бөлініп
шыққан бір ой бар, ол - өзін айрықша жоғары ұмсындырып, ауаға
тартатын жаңа бір құбылыстың алдында соңғы борышын өтеп кету.
Сондықтан ол жалаңаш болса да жатынжайдан күйеуінің кабинетіне
қалықтай ұшып кіріп, жарығын жағып жазу үстеліне ұмтылды.
Блокноттан жыртып алынған параққа ол қарындашпен мұқият етіп
үлкен əріптермен былай деп жазды:
“Кешір мені, мүмкін-қадерінше тезірек ұмыт. Мен сені мəңгілік тастап
барамын. Іздеме мені, бəрібір одан пайда жоқ. Мен қайғы мен қапа
шегуден мыстан болып кеттім. Өзімді-өзім алдарқатуым түбіме жетті.
Кетер уақытым болды. Қош бол. Маргарита”.
Жаны жай тауып Маргарита жатынжайына ұшып келді, оның ізімен
оған Наташа да кірді. Оның құшақтап алып барған заттары көйлектерімен иықағаш, өрнекті басорамалдар, көк жібек кебістер бəр-бəрі еденге сау етті де, Наташа босаған қолын сілікті.
Немене, жақсымын ба? - деді қарлығыңқы үнмен Маргарита
Николаевна қатты дауыстап.
Бұл қалай? - деп күбірледі Наташа шегіншектеп. - Мұны қалай
жасап жүрсіз, Маргарита Николаевна.
-
Бұл бетмай! Крем, кəдімгі крем, - деп жауап қатты Маргарита
жалт-жұлт еткен алтын қорапшаны нұсқап, айна алдында шыр
айналып.
Еденде мыж-мыж боп жатқан көйлекті ұмытып, Наташа жүгіріп келіп,
айна алдында жатқан кремнің қалдығына көзі оттай жанып сұқтана
қарады. Еріндері жыбырлап бірдеңе деп күбірлеп тұрған сыңайлы.
Ол қайтадан бұрылып Маргаритаға ілтипатпен қарап сөйледі:
Теріңіз ғой, теріңіз қалай ғажап боп кеткен! Тұла бойыңыз түгел
жарық шашып тұр, Маргарита Николаевна. - Алайда ол есін тез жиып
алып, еденге түскен көйлекті көтеріп, сілкіп жіберді.
Таста! Таста! - деп шар ете қалды Маргарита, - таста бəрін,
лақтыр! Əйткенмен, оны өзің ал, менен ескерткіш болсын. Ескерткіш
ретінде ал деп тұрмын ғой. Бөлмеде не бар, барлығын да ал.
Есі ауысқандай қалшиып Наташа біраз уақыт Маргаритадан көз
алмай қарап тұрды да, сосын оның мойнына асылып, қайта-қайта
сүйіп айғайлап жіберді.
Атлас сияқтысыз! Жалтырап тұрсыз. Тұла бойыңыз атластай
жалтырайды. Ал қасыңыз ба, қасыңыз, тіпті айтары жоқ!
Шүберек біткеннің бəрін ал, əтірлерді де қалдырма, бəрін
апарып сандығыңа сал, - деп айғайлады Маргарита, - асыл тастарға
тиме, оларды алсаң, ұрланды деп айыптап жүрер.
Наташа қолына тигеннің бəрін, көйлектерді, кебістерді, ішкиімдерді
сыпырып-сиырып құшақтап алып жатынжайдан тұра жүгірді.
Сол кезде шолақ көшенің басқа жағынан, ашық бір терезеден
дабылды вальс шалқып, қақпаның алдына кеп тоқтаған машинаның
гүрілі естілді.
Қазір Азазелло телефон соғады! - деп қалды Маргарита, көшеге
төгіліп тұрған вальс ырғағына құлақ салып, - ол телефон шалады. Ал
шетелдік қауіпті емес! Иə, мен енді оның қауіпті емес екенін білемін.
Қақпадан шегініп, машина тағы гүрілдеді. Сыртқы есік қағылды,
табан жолға төселген плиткалардан адымдаған аяқ дүбірі естілді.
“Бұл Николай Иванович қой, адымдауынан-ақ біліп отырмын, - деп
ойлады Маргарита, - қоштасарға өте қызықты əрі күлкілі бірдеңе
жасау қажет болар”.
Маргарита пердені жұлқи ашып, терезенің астыңғы жақтауына
отырып, тізесін қолымен құшақтады. Ай сəулесі оны оң бүйірден
аймалады. Маргарита басын айға көтеріп, жүзін ойлы-мұңлы етіп
көрсетті. Сырттағы адым екі мəрте топылдап, кенеттен тына қалды.
Айды тағы да тамашалап, əдеп үшін бір күрсініп қойып Маргарита
басын бақ жаққа бұрып, шынында да Николай Ивановичті көрді, ол
осы жекежайдың төменгі қабатында тұратын. Ай сəулесі Николай
Ивановичке айқын төгіліп тұр. Ол ұзынтақта отыр екен, оған ойда
жоқта тізе бүккені барлық жағынан көрініп тұрғандай. Көзіндегі
пенснесі қисайып кетіпті, бірақ қолындағы портфелін кеудесіне қыса
түседі.
Ау, Николай Иванович, сəлеметсіз бе, - деді мұңлы дауыспен
Маргарита Николаевна, - қайырлы кеш! Сіз мəжілістен қайтып
келесіз бе?
Ол қолымен самайын сипап шашын түзеп алып, ашулана сөйледі
Маргарита:
Бұныңыз дөрекілік, Николай Иванович! Қалай болғанмен де мен
əйел емеспін бе! Сізбен сөйлесіп жатқанда үн қатпауыңыз, жауап
қайтармауыңыз кісілік емес.
Ай сəулесімен киген зелетінің соңғы түймесіне дейін жалтырап,
шоқша сақалының соңғы ақ түгіне дейін көрініп тұрған Николай
Иванович сұмдық бір мысқылмен мырс-мырс күліп, қысылғаннан өзін
де ұмытқандай орнынан тұрып, қалпағын шешудің орнына портфелін
жан-жағына бұлғап, аяғын бүгіп, билей жөнелетіндей көрінді.
Аһ, қандай жабырқау жан едіңіз, Николай Иванович, - деді сөзін
жалғай түсіп Маргарита, - жалпы барлығыңыз да мені мезі етіп,
зеріктіріп біттіңіздер, оны сөзбен айтып жеткізе алар емеспін,
сондықтан да сіздермен айырылысатыным үшін сондай бақыттымын!
Өшсінші қараларың, албасты басқырлар!
Дəл осы кезде Маргаританың ту сыртынан жатынжайдағы телефон
безілдеп қоя берді. Маргарита жақтаудан секіріп түсіп, Николай
Ивановичті естен шығарып, телефонға жармасты.
-
Сөйлеп тұрған Азазелло, - деді трубкадан.
Айналайын, сүйікті Азазелло! - деп шыңғырып жіберді
Маргарита.
Уақыт болды! Ұшыңыз, - деді Азазелло трубкадан, оның даусына
қарағанда, оған Маргаританың шынайы, қуанышты шабыты ұнағаны
аңғарылды. - Қақпаның үстінен ұшып өткенде: “Көз жетпейді!” деп
айғайлаңыз. Сосын етіңізді үйрету үшін қаланың үстін бір орап ұшып,
сосын түстікке қаладан аулақ, тура өзенге қарай самға. Сізді күтіп
отыр!
Маргарита трубканы ілуі мұң екен, көрші бөлмеден ағаш бірдеңе
дүрсілдеп, есікті ұра бастады. Маргарита есікті айқара ашып еді
кəдімгі еден сыпыратын шөтке қыл басы жоғары қарап билеген бойы
жатынжайға зып берді. Сабының ұшымен едендегі жарықты тегістеп,
жер тепкілеп терезеге ұмтылды. Қуаныштан шыңғырып жіберіп
Маргарита шөткеге аттай мініп алды. Сонда ғана шабандоз
келіншекке мынау əбігер қарбаласта киініп үлгермегені ойына сап ете
қалды. Ол желдіртіп кереуетіне қайта оралды да, қолына алғаш
түскен бір көгілдір жейдеге бас салды. Соны тудай желбіретіп,
терезеден ұшып шықты. Бақ үстінде күмбірлеген вальс сазы үдей
соқты.
Терезеден Маргарита төмен сорғалап, ұзынтақта отырған Николай
Ивановичті көрді. Ол орнында қалшиып қатып, асып-сасып
жоғарыдағы тұрғындардың жатынжайынан шыққан айғай-шу мен
тарсыл-гүрсілге құлақ тосып, тапжылар емес.
Қош болыңыз, Николай Иванович! - деп айқайлады Николай
Ивановичтің алдында билей жүріп Маргарита.
Ол аһ ұрып ұзынтақтан сырғанап, қолымен қарманып жүріп,
портфелін де жерге түсіріп алды.
Мəңгілік қош болыңыз! Мен ұшып барамын, - деп айғайлады
Маргарита даусы вальсті де басып. Осы арада ол жейденің түкке де
керегі жоғына көзі жетіп, аярлана қарқылдап, оны Николай
Ивановичтің басына жаба салды. Түк көрмей қалған Николай
Иванович жерге гүрс ете қап, жолға төселген кірпіштің үстіне түсті.
Соншалық ұзақ азап шеккен жекежайды ақтық рет шолғалы қайта
оралған Маргарита лапылдаған жалыннан таңданыстан бұзылып
кеткен Наташаның өңін көрді.
- Қош бол, Наташа! - деп айғайлаған Маргарита шөткені шаужайлап,
“көз жетпейді”, көз жетпейділеп, бұрынғыдан бетер дауыстап,
жапырақтары бетін осқан үйеңкі бұтақтарының арасымен қақпадан
асып, көшеге ұшып шықты. Оның ізімен əбден естен тандырып вальс
самғады.
Жиырма бірінші тарау
САМҒАУ
Көзге көрінбеймін əрі еріктімін! Еріктімін һəм көзге көрін-беймін!
Осылай өз көшесінен ұшып өтіп, Маргарита оны тік бұрыш жасап
кесіп өтетін екіншісіне тап болды. Жамау-жасқаулы, қисық-қыңыр,
ұбақ-шұбақ бұл көлденең көшеде есігі қисайған жермай дүкені бар
екен, кəрəсінді ол күрішкелеп сататын көрінеді, шыбын-шіркей, битбүргеге қарсы қолданатын сұйықты да кіш-кентай флаконмен осыдан
алады. Маргарита бұларды қас қағымда кесіп өтіп, сонда ғана ол
қанша азат əрі көзге түспеймін дегенмен, аз-кем ақыл-парасат та
керек екенін ұқты. Бір бұрышта қисайып тұрған фонарьға соғылып,
майып болып кетуден оны бөгеп, бəз-бір ғаламат қана құтқарып
қалды. Одан жалт бұрылып жалтарып кеткен Маргарита шөткені
нығырақ ұстап, баяуырақ ұшты, электр сымдары мен табанжолдарға
көлденең ілінген жарнамаларды мұқият бақылап отырды.
Үшінші көлденең көше тура Арбатқа алып барды. Мұнда Маргарита
шөткені қалай басқаруды жете меңгеріп алды, оның қолың не аяғың
сəл тиіп кетсе, соған орай қимыл түзетінін түсінді, қаланың үстінде
ұшып жүргенде желікпей, аса мұқият, əрі ықтиятты болу керек екен.
Оның үстіне көлденең көшеде-ақ өткен-кеткеннің мұны мүлдем
көрмейтіні əбден айқын болған. Ешкім де басын шалқайтып “ананы
қара, ананы қара!” деп айқайлаған жоқ, шошып шоршып түскен жоқ,
қиқылдап-шиқылдап естен танып құлап түскен жоқ, еренсіз күліп
қарқылдаған жоқ.
Маргарита үн-түнсіз, өте баяу, онша биік те емес, екінші қабаттың
деңгейінде ғана ұшты. Соған қарамастан баяу ұшқанның өзінде көз
қарықтыра жарқыраған Арбатта ол аздап ағаттық жіберіп алды,
иығымен жебенің суреті салынған жарық түсіп тұрған бір дискіні
қағып кетті. Бұл Маргаританың ызасын келтірді. Ол құлақкесті
шөткені тежеңкіреп, екінші жаққа жалт беріп, сосын дискіге
тұтқиылдан тарпа бас салып, шөткенің сабымен соғып күл-пəршасын
шығарды. Сынықтары сатырлап ұшып, өткен-кеткен жалт бұрылып,
бəз-бір тұста ысқырып та жіберді, Маргарита болса, əбес қылыққа
бой алдырып, қарқылдап кеп күлді. “Арбатта абай болу керек екен, -
деп ойлады ол. - Бұнда барлығы бытысып, шатасып кеткен екен,
ненің не екенін біліп болмайды” Маргарита сымдардың арасымен
сүңгуге кірісті. Оның астында тролейбустар мен автобустардың,
машиналардың төбесі жүзіп бара жатты. Табанжолдарға жоғарыдан
қарағанда кепкелердің өзені тасып ағып жатқандай көрінді. Осы
өзендерден жылғалар бөлініп шығып, түнгі дүкендердің от көмейіне
сүңгіп кетеді.
“Е, мынауың бір машақат қой! - деп ыза болды Маргарита, -мұнда
бұрылуың бір қиямет!” Ол Арбатты көктей өтіп, биігірек көтерілді,
төртінші қабатқа деңгейлес ұшып, театрдың бұрыштағы ғимаратының
көз қаратпайтын жарқыраған трубаларының жаны-нан өтіп, биік
үйлер сап түзеген көлденең көшеге шықты. Олардың барлығының
терезесі ашық екен, қайда болсын радиомузыка күмбірлейді.
Əуесқойлықпен Маргарита сол терезелердің біріне үңілді. Асүйді
көрді. Екі примус плита да гүжілдеп тұр, олардың қасында
қолдарында қасық бар екі əйел бір-бірімен ұрысып тұр.
Шыққан соң артыңнан əжетхананың жарығын сөндіріп жүру
керек, сізге осыны ерекше ескертемін, Пелагея Петровна, - дейді
алдында буы бұрқырап бірдеңе пісіп жатқан кəстрөлі бар əйел, əйтпесе сізді көшіру жөнінде арыз береміз.
-
Өзің жетісіп тұрған шығарсың! - деді екіншісі.
Екеуіңіз де жетісіп тұрған жоқсыздар, - деді дауыстап асүйдің
терезе жақтауын жанай өтіп бара жатқан Маргарита. Екі əйел де
дауысқа жалт бұрылып, қасықтарын ұстаған қалпы аңырып тұрып
қалды. Маргарита қолын абайлай созып, екі примусты да сөндіріп,
асүйге аялдамай, көшеге атып шығып ұша жөнелді. Əйелдер
аһылап-үһілеп ауыздарын ашты да қалды.
Ақыр соңында оның назарын зайыры жақында ғана салынып біткен
сегіз қабатты əшекейлі алып үй аударды. Маргарита төмен құлдилап
барып жерге қонды. Үйдің алдыңғы жағы қара мəрмəрмен қапталған
екен, есіктері даладай кең, əйнектің аржағынан жиегі алтындаған
фуражка мен швейцардың жалтыраған түймелері көрінеді, есіктің
үстіңгі жағына алтынмен “Драмлит үйі” деп жазып қойылған.
Маргарита көзін сығырайтып жазуға шүйіліп, “Драмлит” деген-нің не
мағынасы барына ой жүгіртті. Сосын шөткені қолтығына қысып алып
подъезге ұзынтұра швейцарды итеріп жіберіп кірді де, лифтпен қатар
қабырғада ілулі тұрған үлкен қара тақтаны көрді, онда ақпен
пəтерлердің нөмірі жəне тұрғындардың фамилиялары жазылыпты.
“Драматургтер мен Əдебиетшілер үйінің” тізімін тəмамдап
тұрғандардың аты-жөнін оқығанда Маргарита ышқына өксіп, өкіріп
жылап жібере жаздады. Əуеге жоғарырақ көтеріліп олардың
фамилияларын құныға оқи бастады: Хустов, Двубратский, Квант,
Бескудников, Латунский...
Латунский! - деп шар ете қалды Маргарита. - Латунский! Мынау
соның дəл өзі! Хас шебердің түбіне жеткен осы!
Есіктегі швейцардың көзі атыздай боп, таңданыстан шоршып түсіп
келіншектің қара тақтадағы тізімді оқып неге шырылда-ғанына
түсінбей дал болды. Маргарита болса, бұл кезде баспалдақ-пен
жанталаса жоғары көтеріліп, рақат бір сезіммен:
Латунский - сексен төрт! Латунский - сексен төрт деп жолай
қайталай берді.
Міне, сол жақта - 82, оң жақта - 83, əлі де жоғары, сол жақта -84.
Осында. Міне, кəртішкесінде “О.Латунский” деп жазылған.
Маргарита шөткеден қарғып түсті, қыз-қыз қайнаған табанын тас
алаң жанына жағып салқындатты. Ол қоңырауды бір басты, екі
басты. Ешкім есік ашқан жоқ. Маргарита қоңырау түймесін қаттырақ
басты, қоңыраудың Латунский пəтерінде дарылдаған дыбысын
келіншектің өзі де естіді. №84 пəтердің тұрғыны жамбасы табытқа
тигенше трамвайдың астына түсіп опат болған марқұм МАССОЛИТтің төрағасы Берлиозға разы болуға тиіс. Сол кеште сол марқұмның
қаралы мəжілісіне қатысамын деп Латунский жұма күні мыстан боп
қаны қарайып кеткен Маргаритамен кездесуден аман қалды.
Шамасы сыншы бақ жұлдызы оңынан туған адам болса керек.
Ешкім есік ашқан жоқ. Сосын Маргарита қабаттарды санай отырып
бар пəрменімен төмен құлдилап, төменге түскен соң көшеге атып
шықты. Жоғары қарап, қабаттарды сыртынан тексерді, ондағысы
Латунскийдің пəтері дəл қай тұста екенін білу болатын. Сөз жоқ, ол
ғимараттың бұрышындағы бес қараңғы терезе болуы керек. Осы
тоқтамға келіп, Маргарита ауаға көтеріліп, қас қаққанша болмай
ашық терезеден қараңғы бөлмеге кірді, онда тек ай сəулесі түсіп
жіңішке кілемше ғана жалтырайды.
Сол кілемшемен жүгіріп отырып жарық жағатын түймешені тапты.
Енді бір мезетте бүкіл бөлмелер жарқырап қоя берді. Шөтке бұрышта
тұр. Үйде ешкім жоғына көз жеткізген соң Маргарита есікті ашып əлгі
кəртішке осы тұста ма екен деп тексерді. Кəртішке орнында тұр екен.
Маргарита діттеген жеріне тура түсіпті.
Иə, күні осы уақытқа дейін сыншы Латунский сол бір сұмдық кешті
еске алса, құп-қу боп бозарып кететін көрінеді, күні осы уақытқа дейін
Берлиоздың есімін ілтипатпен атайтын көрінеді. Сол кештің қандай
сұмдық қылмыспен аты шығатынын кім білсін, əйтеуір құдай сақтады
ғой, сонда асүйден шыққан Маргаританың қолында зіл қара тас ауыр
балға бар еді.
Тыр жалаңаш, тек көзге көрінбейтін ұшқыр əйел өзін-өзі тізгіндеп,
өзіне-өзі ақыл айтып, шыдамсыздықтан қолы қалтырады. Мұқият
көздеп тұрып ол рояльдың пернелерін соққанда алғашқы аянышты
ұлыған дауыс бүкіл пəтерді кернеп кетті. Еш кінəсі жоқ беккердің
кабинеттік аппараты жан даусы шығып зар қақсады. Клавиштері
ішіне кіріп кетіп, сүйек қаптары шытынап, жан-жаққа ұшты. Аспап
гуілдеп, қырылдап, безектеп, даңғыр-дүңгір етті. Атылған тапанша
даусындай гүрсілдеп, ауыр балғаның соққы-сынан аспаптың сыртқы
жылтыр қабатының быт-шыты шықты. Алқына тыныстап Маргарита
пернелерді пергілеп, балғамен мыжғылады. Ақыры, əбден қалжырап,
аздап тыныстау үшін мамықтаққа сылқ етіп отыра кетті.
Ваннадан су сұмдық сарылдап ағып жатты, ас үйде де солай.
“Шамасы, су еденге жайылған шығар” деп ойлады Маргарита, сосын
даусын шығарып:
- Алайда жайланып отырар уақыт жоқ, - деді.
Су енді асүйден дəлізге ағып жатқан-ды. Маргарита суды ас үйден
шелекпен алып, сыншының кабинетіне тасып, жазу үстелінен
жəшіктеріне құйды. Жалаңаяқ суды шалпылдатып жүріп балғамен
осы кабинеттегі шкəптің есігін қақыратып, жатынжайға ұмтылды.
Айналы шкəпті сындырып, одан сыншының кəстөмін суырып алып,
сутолы ваннаға апарып салды. Кабинеттен алған сиясауыттағы
шүпілдеген сияны жатынжайдағы екікісілік теңкиген кереуетке əкеп
төкті. Оның қиратып бүлдіргендері өзін дəн разы етіп, рақатқа бөледі,
сонда да жасағаны түкке тұрғысыз боп көрініп, нəтижесі көңілін
көншітпеді. Сондықтан ол ойына не келсе, соны істеді. Сол бөлмедегі
фикус өсіп тұрған вазаны да қиратты. Рояль тұрған əлгі бөлмедегі
ісін тындырмай, жатынжайға жүгіріп кеп, көрпелер мен
ақжапқыштарды тілгілеп, əйнекке салынған суреттердің быт-шытын
шығарды. Шаршағанын да сезген жоқ, тек тер тұла бойынан
шүмектеп ақты.
Бұл кезде Латунскийдің астындағы №82 пəтерде драматург
Кванттың үй қызметшісі жоғарғы үйден шыққан тарсыл-күрсіл,
салдыр-сұлдыр, жүгірістің не екенін түсінбей ас үйде шай ішіп отыр
еді. Басын көтеріп төбеге қараған ол аппақ төбенің табанда түсін
өзгертіп көгеріп бара жатқанын байқады. Дақ көз алдында ұлғайып,
кенет көпіршіп тамшы аға бастады. Үй қызметшісі мұндай құбылысқа
таңырқап, қашан төбеде су нөсерлеп жауып, еденге тырс-тырс
тамғанша бірер минөт аңырып отырып қалды. Содан атып тұрып,
тамшының астына леген тосты, жаңбырдай сорғалап аққан суға ол
да ештеңе болмады, төбеден жауған жауын газ плитасы мен ыдысаяқ қоятын үстелді алып кетті. Сонда ғана үй қызметшісі жан даусы
шығып шарылдап пəтерінен баспалдаққа атып шықты, сол сəт
Латунскийдің пəтеріне де қоңырау шалынды.
-
Қоңырау шалынған екен, жиналатын уақыт болды деген сөз ғой
бұл, - деді Маргарита. Шөткесіне мініп жатып есіктің құлып тесігінен
шырылдап айғайлаған əйел даусына құлақ тосты:
Ашыңызшы, ашыңыз есікті! Дуся, аш! Сіздерден су ағып жатыр
ма? Біздің үйді су алып кетті.
Маргарита бір метрдей көтеріліп, люстраны салып өтті. Екі шам күлталқан боп, əлеміш алқалары жан-жаққа ұшты. Есіктегі айқай тоқтап,
баспалдақта топыр басталды. Маргарита терезеге қойып кетіп,
аржағынан бір-ақ шықты жəне балғасын сілтеп əйнектерін сындырып
кетті. Күл-пəршасы шыққан əйнектер плитамен көмкерілген
қабырғаларды бойлап, тасқындап төмен құлады. Маргарита келесі
терезеге жетті. Ту төменде жұрт əбігерге түсіп табанжолда жүгіріп
жүр, подъезде тұрған екі машинаның бірі гүрілдеп кетіп қалды.
Латунскийдің терезелерін түгел қиратып, Маргарита көрші пəтерге
қалықтап барды. Соққы жиілеп, көше сатыр-күтір сыңғырға толып
кетті. Бірінші подъезден швейцар жүгіріп шығып, жоғарыға қарады, не
боп жатқанына бірден ой жүгірте алмай, аз-кем қобалжып тұрды да,
бір шара жасап көру керек деген кісіше ысқырғышына жармасты.
Сол ысқырықтың желімен сегізінші қабаттағы соңғы терезенің жайын
тауып, Маргарита жетінші қабатқа түсіп, оның да əйнектерін қирата
бастады.
Үзақ жұмыссыздықтан зерігіп жапа шеккен швейцар айналы
есіктерден сыртқа шыққанына мəз болды ма, ысқырғышқа жанын
салды, Маргаританы сүйемелдегендей, терезеден-терезеге көшкен
сайын ысқырығын үдетіп, əрбір соққы сайын ұртын томпайтып,
ысқырғышты жанын сала үрлеп, шырылдаған үнімен ауаны тесіп,
аспанға дейін жеткізді ысқырығын.
Оның қайраты аласұрған Маргаританың күш-жігерімен ұласып зор
нəтиже берді. Үйде үрей етек алды. Əрі сау əйнектер ашылып,
олардан адам бастары көрінді де табан аузында ғайып болды, ашық
терезелер керісінше жалма-жан жабылды. Қарсы беттегі үйлерде
терезедегі жарық аясында адамдардың күңгірт сұлбалары көрініп,
олар себепсізден-себепсіз Драмлиттің жаңа ғимаратында əйнектер
неге сынып жатқанын білгісі келгендей.
Көшедегі халық Драмлит үйіне қарай жүгірді, ал оның ішінде
ешқандай мəн-мақсатсыз сапырылысқан жұрт топырлап баспалдақтарды босатар емес: Кванттың үй қызметшісі баспалдақпен
жүгіріп бара жатқандарға пəтерді су алып кетті деп бажылдады, оған
№80 пəтерде тұратын Хустовтың үй қызметшісі қосылды, олар
Кванттың тап астында тұратын. Хустовтардың ас үйі мен
əжетханаларының төбесінен су саулап кетіпті. Ақыры, Кванттар-дың
асүйінің төбесінен сылақтың қалың бір қабаты құлап жууға қойған
ыдыстарды тас-талқан ғып, шын нөсер енді басталды, сылақты
ұстатқан торлардың арасынан лай су шелектеп атқылады. Сол тұста
бірінші подъездің баспалдағында айғай-шу басталды. Төртінші
қабаттың ақырғысының алдындағы терезені жанай ұшып бара жатып
Маргарита үрейленгенінен басына противагаз киіп алған адамды
көрді. Балғамен Маргарита оның да əйнегін бір ұрып, үрейін ұшырып,
ізінше ол бөлмесін тастай қашты.
Алапат талқандау күтпеген жерде тоқтады. Үшінші қабатқа сырғып
түсіп Маргарита жеңіл қара перде ұсталған шеткі терезеге үңілді.
Бөлмеде қалпақшаның астында əлсіз ғана шам жанып тұр. Бүйірлері
торлы кішкентай кереуетте төрт жас шамасындағы ұл бала
қорыққанынан тың тыңдап жападан-жалғыз отыр. Бөлмеде
ересектерден ешкім жоқ. Тегінде пəтерден қашып кетсе керек.
Əйнектерді сындырып жатыр, - деп былдырлаған бала
“мамалап” анасын шақырды.
Ешкім де дыбыс бермеген соң ол:
-
Мама, мен қорқамын, - деді.
Маргарита пердені ысырып тастап, терезеден ұшып кірді.
-
Мен қорқамын, - деп қайталаған бала қалтырап кетті.
-
Қорықпа, қорықпа, кішкентай! - деді Маргарита желден
қарлыққан қылмысты даусын жұмсартпақ болып, - балалар ғой əйнек
сындырып жүрген.
-
Прашпен атып жүр ме? - деп сұрады бала, қалтырауы тоқталып.
Иə, прашпен, прашпен атып, - деп растады Маргарита, - ал сен
ұйықтай ғой.
-
Ол Синтик, - деді бала, - оның прашы бар.
-
Əрине, сол, əрине.
Бала қулана əлдебір жаққа қарап, тағы да сұрақ қойды:
-
Ал, сен қайдасың, тəте?
Мен жоқпын ғой, - деп жауап қатты Маргарита. - Мен тек сенің
түсіңе кіріп жатырмын.
-
Өзім де солай ойлап едім, - деді бала.
Сен жат енді, - деді əмірші үнмен Маргарита, - қолыңды бетіңнің
астына бас, мен сенің түсіңе енейін.
Онда түсіме кір, түсіме, - деп келісті де, бала заматта қолын
бетінің астына басып жата қалды.
Мен саған ертегі айтып берейін, - деп бастаған Маргарита қызқыз қайнаған алақанын баланың шашы алынған басына басты. Дүниеде бір тəтей болыпты. Оның баласы жоқ екен, бақыт дегенді
жəне де білмепті. Ол əуелі көзінің жасын көл қылып ұзақ жылапты,
сосын ашуланшақ болыпты... - Маргарита үнсіз қалып қолын тартып
алды да, бала ұйықтап қалды.
Маргарита балғаны терезенің астыңғы жақтауына қойып, өзі ұшып
шықты. Үйдің маңы дабыра-ду, дүрбелең. Сынған əйнектер аткөпір
боп жатқан асфальтты табан жолмен жүгіріп жүрген жұрт бірдеңе деп
айқайлайды. Олардың арасынан милиционердің де төбесі көрінеді.
Тұтқиылдан қоңырау қағылып, Арбаттан көшеге баспалдақтары
сорайған өрт сөндіретін қызыл машина келіп кірді.
Одан арғысы Маргаританы қызықтырған жоқ. Бəзбір сымға тиіп
кетпес үшін бағытын барлап алып шөткені қыса ұстап əп-сəтте
пəлелі үйден жоғары самғап аулақ кетті. Төменде көше бұралаң-дап,
бір бүйіріне қисайып жерге кіріп бара жатқандай көрінді. Оның
орнына Маргаританың аяғының астынан төрт бұрышы жалтыраған
жолдармен қиылған шатырлардың жиынтығы шықты. Кенет олар да
бір жағына қарай ысырылып, от тізбектері бір-бірімен қосылып,
тұтасып кетті.
Маргарита тағы бір жұлқынып қалғанда жаңағы шатырлар жер
астына түсіп кеткендей жоқ болып кетіп, олардың орнында
қалтылдаған электр оттарының дариясы пайда болды, енді бірде
дария тік көтеріліп, сосын басына шықты, аяғының астынан ай
жарқырады. Маргарита аунап кеткенін біліп, қайта аунап қалыпты
жағдайға түскенде дарияның ізім-қайым екенін көрді, оның орнына
тек көкжиектегі қызғылт арай ғана қалыпты. Бір секөнттан соң ол да
ғайып болып, Маргарита сол жағындағы аймен қапталдасып, жалғыз
ұшып келе жатқанын түсінді. Оның шашы баяғыда-ақ дудырап
кеткен, ал ай сəулесі оның сымбатты тəнін аймалады. Төменде екі
қатар болып жағылған сирек оттар ұласып, үздіксіз екі от желісіне
айналып, олардың өзі де ізінше жоғалғанына қарап Маргарита
ғаламат шапшаңдықпен ұшып келе жатқанын ұғып, соған қарамастан
тынысы тарылмағанына таңғалды.
Арада бірнеше секөнт өткенде түу алыста төменде, қап-қараңғы қара
жерде электр жарығының жаңа дариясы шалқып, ұшқан аяққа біраз
ілесіп келді де, ұзамай ол да бұрандаша бұралып, жерге кіріп
кеткендей жоқ болды. Тағы да бірнеше секөнт өткенде əлгі көрініс,
əлгі құбылыс айнымастан қайта қайталанды.
- Қалалар! Қалалар! - деп саңқ етті Маргарита.
Осыдан кейін екі-үш мəрте төменнен қара қында жатып сұрғылт
тартқан бəз-бір қылыштар көрді, бақса олары өзендер екен.
Басын жоғары созып, солға қаратып ұшқыр бикеш үстінде жынды
адамдай зымырап Мəскеуді қайта бетке алып ай бірге келе
жатқандай сезінді, бірақ қызық қылғанда ол бір орнынан қалықтап
қозғалған жоқ. Мұның өзі келіншекке айдың бетінде не барын
бағамдап, күңгірт таңбалардың аждаһа ма, əлде басын артта қалған
қалаға бұрған бүкір ат па - əйтеуір қайсы екенін анықтап алуына
мүмкіндік туғызды.
Осы кезде Маргаритаға бір ой келді, шын мəнінде ол шөткені есінен
тандыра қатты айдап келе жатқан сыңайлы. Мұндай жыл-дамдық
ештеңе де көрсетпей, самғаудан ешбір қызық таптыр-майды. Ұшып
бара жатқан жағы бұны күте тұрады, сондықтан босқа сабылып
бұндай биіктікте мұндай шапшаңдықпен заулаудың қажеті жоқ, деген
сияқты біреу ақыл бергендей көрінді.
Маргарита шөткенің қыл басын алға еңкейтіп, құйрығы жоғары
көтерілетіндей жасап еді, ол жүрісін мейлінше баяулатып жерге
жақындай түсті. Əуе шанасындай бұлайша төмен сырғанау оған
барынша көп лəззəт əкелді. Жер оған көтерілген секілденіп, бұрынғы
өң-түссіз қара қоюлықтың ойлы түндегі құпиясы мен кереметі
ашылды. Жер оған қарай қозғалып, Маргаритаға жасыл жамылған
орманның иісі келді. Ол шық жамылған шабындықтың тұманын
ысырып, тоғанның үстімен ұшты. Дəл астында құрба-қалар дауыс
қоса əндетіп, шалғайдан, неге екені белгісіз, жүректі толқытып пойыз
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Майталман шебер мен маргарита - 17
  • Parts
  • Майталман шебер мен маргарита - 01
    Total number of words is 4188
    Total number of unique words is 2185
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 02
    Total number of words is 4307
    Total number of unique words is 2150
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 03
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2321
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 04
    Total number of words is 4091
    Total number of unique words is 2369
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 05
    Total number of words is 4231
    Total number of unique words is 2275
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 06
    Total number of words is 4275
    Total number of unique words is 2183
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 07
    Total number of words is 4179
    Total number of unique words is 2056
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 08
    Total number of words is 4162
    Total number of unique words is 2288
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 09
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2258
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 10
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2360
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 11
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2204
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 12
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2334
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 13
    Total number of words is 4076
    Total number of unique words is 2131
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 14
    Total number of words is 4303
    Total number of unique words is 2195
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 15
    Total number of words is 4283
    Total number of unique words is 2173
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 16
    Total number of words is 4122
    Total number of unique words is 2215
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 17
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2274
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 18
    Total number of words is 4328
    Total number of unique words is 2150
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 19
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2195
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 20
    Total number of words is 4323
    Total number of unique words is 2138
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 21
    Total number of words is 4279
    Total number of unique words is 2228
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 22
    Total number of words is 4275
    Total number of unique words is 2177
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 23
    Total number of words is 4051
    Total number of unique words is 2294
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 24
    Total number of words is 4132
    Total number of unique words is 2321
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 25
    Total number of words is 4367
    Total number of unique words is 2146
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 26
    Total number of words is 4184
    Total number of unique words is 2326
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 27
    Total number of words is 2124
    Total number of unique words is 1367
    38.1 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.