Latin Common Turkic

Майталман шебер мен маргарита - 04

Total number of words is 4091
Total number of unique words is 2369
32.7 of words are in the 2000 most common words
45.3 of words are in the 5000 most common words
52.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
бірнеше секөнтта табанжолдары опырылған қараңғы көшеге тап
болып Иван Николаевич ұшып түсіп, тізесін жаралап алды. Тағы да
жарқыраған магистраль - Кропоткин көшесі, сосын көлденең көше,
одан соң Остоженка, сосын тағы бір көлденең көше ол да жарығы
шамалы, көңілсіз, бір былық жер екен. Міне, дəл осы тұста Иван
Николаевич керегінен көз жазып қалды. Профессор ғайып болды.
Иван Николаевич қысылды, бірақ торығуы ұзаққа созылған жоқ,
өйткені ол профессор сөз жоқ №13 үйде, міндетті түрде 47-пəтерде
болуы керек деген ойға келді кенет.
Подъезге жұлқына кіріп Иван Николаевич екінші қабатқа ұшып, əлгі
пəтерді бірден тапты да, аптыға қоңырауын басты. Көп күттірген жоқ,
оған бəз-бір кішкентай, бес жастар шамасындағы қыз есік ашты да,
ештеңе сұрамастан, əлде қайда тайып тұрды.
Дағарадай, əбден күтімсіз қалған құйтықандай көмір шамымен жарық
түсірілген, төбесі кір, лас, қап-қара алғы бөлмеде қабырғаға
велосипед доңғалағы ілінген, темірмен қапталған үп-үлкен кебеже
тұр, киім ілгіштің үстіндегі сөреде қысқы баскиім тұр, оның ұзын
құлағы төмен салбыраған. Есіктердің бірінің аржағында ашулана
айқайлап өлең сияқты бірдеңе оқыған ер адамның үні естілді.
Иван Николаевич бейтаныс жағдайда ешбір абыржымай: “Ол, əрине,
ваннаға тығылды” деген оймен тура дəлізге тартты. Дəліз қараңғы
екен. Қабырғаларды сипалай жүріп Иван бір есіктің астынан əлсіз
жарық жолағын көрді, тұтқасын тауып, жай ғана жұлқып қалып еді,
ілгіші атқып кетті де ол тура ваннадан бір-ақ шығып, жолым болды
деп ойлады.
Алайда жолы ол ойлағандай сəтті бола қойған жоқ. Иванның бетін
дымқыл жылу шалды, колонкада əлсіз жанып жатқан көмірдің
жарығымен қабырғада ілулі тұрған үлкен легендерді көрді, ваннаның
өзі эмалы ұшып, беті адам көргісіз қара дақтар, баттасқан кір. Міне,
осы ваннада үсті-басы сабын қолында дене ысқышы бар тыржалаңаш əйел тұр. Баса-көктеп кіріп келген Иванға сығырая қарап,
тозақтағыдай сықсиған жарықта жаңылысты ма, баяу əрі көңілді
үнмен тіл қатты:
Кирюша! Қалжыңды қойсаңшы! Сен не, есіңнен жаңылдың ба?..
Федор Иванович қазір-ақ оралады. Бұл арадан табанда тайып тұр, деп Иванға дене ысқышты сілтеді.
Ши шығарар қателік деген осы, əрине, бұған Иван Николаевич-тің өзі
кінəлі. Дегенмен, шынтуайттап келгенде бұған ол өкінген жоқ, кінə
арта дауыстап: “Аһ, бұзылған, сайқал!...” деді де, асүйден бір-ақ
шықты. Онда ешкім жоқ екен, қара көлеңкеде плитаның үстінде
жылдар бойы сүртілмеген шаң-шаң терезеден түскен жалғыз ай
жарығымен болар-болмас қана көзге түсіп, өрмекшінің ұясы
салбыраған бұрышта ұмыт қалған икона тұр. Үлкен иконаның
астында түйреп жапсырған қағаздан жасалған кішкентайы жəне бар.
Сол сəт Иванды қандай ой меңдегенін ешкімге де мəлім емес, тек
қана ол жасырын есікке тұра жүгірер алдында үлкен иконаның
астында тұрған екі шырақданның біреуі мен қағаз иконаны ала кетті.
Аталмыш заттармен бірге беймəлім пəтерден шыққан оның ойында
ваннада бастан кешкені түсіп, əлгі оспадар Кирюша кім болды екен,
құлағы салпиған жексұрын құлақшынның иесі сол ма екен деп басы
қатты.
Қаңыраған көңілсіз көшеде қашқынды іздеп ақын жан-жағын шолды.
Бірақ іздеген адамы ешқайда болмай шықты. Сонда Иван өзін-өзі
беркіте түсіп:
-
Иə, əрине ол Мəскеу өзенінде! Тарт алға! - деді.
Иван Николаевичтен профессор неліктен басқа жерде емес,
Мəскеу өзенінде деп топшылайсыз деп сұрау керек еді. Қиындығы
сұрайтын да ешкімнің болмағанында боп тұр ғой.
Аз уақыттан соң Иван Николаевичті Мəскеу өзенінің амфи-театрында
көруге болатын.
Үстіндегі киімін шешіп, қолдан темекі орап тартып отырған аяғында
бауы ағытылған ботинкасы бар, қасында көнетоз ақ күртеше жатқан
қабасақалды адамға тапсырды. Сосын ентігін басқалы қолын
қарлығаштың қанатындай серпіп Иван суға қойды да кетті. Судың
суықтығы сондай, алғаш тұншығып кете жаздап, осыдан өзеннің
бетіне аман көтерілсем игі еді деген де ой келді. Алайда атып шығуға
шамасы жетті, үрейленгеннен көзі аташтай болып, пысқырып,
ышқынып, ол мұнай иісі аңқыған суда екі жақтан атқылаған фонтан
суылының арасымен малти жөнелді.
Су-су Иван баспалдақпен секектей секіріп, киімі қалған жерге келсе
көйлек-көншегі тұрсын, сақалдының өзі жоқ. Дəл киім-кешегі қалған
жерде ала жолақ дамбал мен жыртық күртеше, шырақ пен икона
жəне қорап сіріңке жатыр. Дəрменсіз ызамен əлдеқайдағы біреуге
жұдырығын түйіп Иван қолына тигенді киюге мəжбүр болды.
Бұл арада оны екі ой қинады: Біріншісі ол ешқашан қалтасынан
тастамайтын МАССОЛИТ-тің куəлігі жоғалды, екіншіден, мынандай
қалпымен Мəскеудің көшесінен кедергі бөгетсіз қалай жүреді.
Дегенмен, бұтында дамбалы бар ғой... Шынында да, кімнің қандай
шаруасы бар мұнда, тек біреулер байланысып, ұстап қалмаса болды
ғой.
Иван дамбалдың тобық тұсындағы түймесін қырқып алып тастады,
ондағы ойы осындай күйінде жазғы шалбардың орнына жүріп кетер
деген дəме. Қолына шырақты жəне иноканы ұстап қозғалған ол
өзіне-өзі:
- Грибоедовқа тарту керек! Ешқандай күмəнсіз ол сонда болуға
керек, - деп сендірді.
Қаланың кешкі өмірі қыз-қыз қайнайды. Шаңға оралып, доңғалағына
шынжыр орап алған жүк машиналары өтіп барады. Платформаларда
қапшық төсеніп, қарнын қампитып бəз-бір еркектер жатыр.
Терезелердің бəрі ашық. Олардың əрқайсысынан жалқын түсті
абажурлар астынан от жылтырайды, күллі терезелер мен есіктерден,
шатырлар мен шарбақтардан, аулалар мен подвалдан “Евгений
Онегин” операсындағы полонездің қырылдаған барқыры шығады.
Иван Николаевичтің қауіптенгені бастан-аяқ дұрыс боп шықты: өткенкеткен оған алая қарап, бұрылып кетеді. Соның салдарынан ол үлкен
көшелерді қойып, кінəмшіл адамдары аз қысқа көшелермен жүруге
бел байлады, онда əйтеуір үсті-үстіне сұрақ жаудырып жалаңаяқ
кісінің мазасын ала бермейді ғой, бірақ дамбалы құрғыр қайтсе де
жазғы шалбарға ұқсайтын түрі жоқ.
Иван солай жасады да, Арбат қысқа көшелерінің желісіне түсіп алып,
жан-жағына əлсін-əлі үрейлене қарап, қабырғаларды жағалай, аратұра подъездерге тығылып, бағдаршамдары бар көшелерден, елші
дербесжайларының əшекейлі есіктерінен аулақ қашып тартып берді.
Осынау қиын жолда оның жанын жеген, неге екені белгісіз, қыдырма
оркестрдің сүйемелдеуімен Татьянаға деген махаббатын жырға
қосып асқақтай түскен əн əуені болды.
Бесінші тарау
БОЛАР ІС ГРИБОЕДОВТА БОЛДЫ
Ақшыл сары түсті ескілікті екі қабатты үй табан жолдан өрнекті
шойын тортемір арқылы бөліп тасталған қурай бастаған бақтың
түкпіріне орналасқан. Үйдің алдындағы шағын алаң асфальтталған,
қыста оған күрек бойы күртік тоқтайды, ал жаз айларында желкен
тенттің астындағы жазғы мейрамхананың аса ғажап бөлімшесіне
айналады.
Ол “Грибоедов үйі” деп аталады, өйткені бір кезде оның иесі жазушы
Александр Сергеевич Грибоедовтың əпкесі болыпты. Бірақ нақты
иесі сол болған, болмағанын біз білмейміз. Тіпті Грибоедовтың үйге
иелік ететін əпкесі болмаған сияқты да көрінеді... Алайда үй осылай
аталып кеткен. Ол аз десеңіз, мəскеулік бір суайт екінші қабаттағы
бағанды дөңгелек залда атақты жазушы диванда көсіліп жатып
əпкесіне “Ақылдың азабынан” үзінділер де оқып берген деп соғады.
Əй, қойшы, оны сайтаным біліп пе, оқыса оқыған да шығар.
Ең бастысы қазір оған Патриарх тоғанында төбе көрсеткеніне дейін
бақытсыз Михаил Александрович Берлиоз басшылық еткен
МАССОЛИТ ие.
МАССОЛИТ мүшелерінің дуалы аузымен оны енді ешкім де
“Грибоедов үйі” демей, жай ғана “Грибоедов” атайды. “Кеше мен екі
сағат Грибоедовта сарсылдым. - Сонымен, не тындырдың?” -“Бір ай
Ялтада жататын болдым”. - “Жарайсың!” Болмаса “Берлиозға барсам
ба екен, бүгін ол төрттен беске дейін Грибоедовта қабылдайды”
деген сияқты сөздерді жиі естисің.
МАССОЛИТ-тің Грибоедовта жайлы орналасқаны сондай, одан тəуір
жерді ойлап таба алмайсың. Грибоедовқа кірген кез келген кісі
əралуан спорт үйірмелерінің құлақтандыруларымен жəне
ассоциация мүшелерінің жеке де, топ боп та түскен суреттерімен
еріксіз танысады. Суреттердің кейбірі екінші қабатқа көтерілетін
баспалдақтың үстіңгі жағына жағалай ілінген.
Осы жоғарғы қабаттың алғашқы бөлмесінің есігінен “Саяжай балық
секциясы” деген ірі жазу көрінеді жəне оған қармаққа ілінген табан
балықтың суреті салынған.
№2 бөлменің есігіндегі жазу тіпті де түсініксіз: “Бір күндік
шығармашылық жолдама. М.В.Подложныйға жолығыңыз” деп
жазылған.
Келесі есіктегі жазу тіпті қысқа жəне мүлдем түсініксіз, тек
“Перелыгино” деп қана тұр. Сосын Грибоедовқа кездейсоқ келу-шінің
көзі тəтейдің жаңғақ есігіндегі: “Поклевкинада қағаз кезегіне жазылу”,
“Касса”, “Скечшілердің жеке есебі” деген жазуларды оқып бұлдырай
бастайды.
Киім ілетін жерден басталатын ұзыннан-ұзақ кезекті кесіп өтіп халық
күн сайын топырлап тұратын есіктен “Пəтер мəселесі” деген жазуды
оқуға болады.
Пəтер мəселесінің аржағынан көз алдыңа əшекейлі бір плакат
ашылады, онда биік құз бейнеленіп, оның жотасына мылтық асынып,
бурка киген салт атты кетіп бара жатады. Төменде - құрма мен
балкон, балконда - қолына өзі жазатын қалам ұстап, ойлы көзін
шырқау биікке қадаған айдарлы жас жігіт. Астындағы жазуы
мынандай: “Толық көлемді шығармашылық демалыс екі аптадан
бастап (əңгіме-новелла) бір жылға (роман, трилогия) дейін Ялта,
Суық-су, Бурабай, Цихидзири, Махинджаури, Ленинград (Қысқы
сарай)”. Бұл есікте де кезек бар, бірақ шамадан тыс емес, шамамен
жүз елудей адам.
Грибоедов үйінің бап таңдайтын қалтарыс-бұрылысына, көтеріліптүсуіне бағынып одан əрі тарта берсең, “МАССОЛИТ-тің басқармасы,
“Кассалар №2,3,4,5” “Бильярд бөлмесі”, “Редакция алқасы”
сияқтыларға тап боласың, одан əрі əртүрлі қосалқы мекемелер
кетеді, ақыр аяғында алдыңнан айтулы əпкенің кемеңгер інішегінің
комедиясын құмарта тыңдаған бағанды залдың өзі шығады.
Келушінің қайсы болсын, егер ол топас болмаса, Грибоедовта
МАССОЛИТ мүшелерінің бақытты екеніне көз жеткізіп, қаншалықты
жақсы тұратынын бірден ұғынып, қызғаныштың қара иті ішін
тырналар еді. Замат ол құдайын қарғап шыр етіп туғанда əдеби
талант сыйламағаны үшін күстəналар еді, өйткені ондай дарынсыз
МАССОЛИТ-тің қымбат былғарының иісі аңқитын, алтынмен
сейсептелген, иісі Мəскеуге мəшһүр билетіне ие болуды армандай да
алмайды ғой.
Қызғанышты қорғап біреу бірдеңе айта ала ма? Бұл дегеннің түкке
тұрмайтын сезім, дегенмен келіп көрушінің де жағдайын түсіну керек.
Өйткені жоғарғы қабатта ол көргені ақыр-тақыры емес,
тамашалайтын дүниелер жетіп артылады. Тəтейдің үйінің төменгі
қабаты түгел мейрамхана, жəне қандай мейрамхана десейші. Əділін
айтқанда ол Мəскеудегі ең таңдаулы мейрамхана болып саналады.
Оның таңдаулы саналатын себебі екі күмбезді залға орналасқанында
емес, төбесі ассириялық жалын жалды жирен аттардың суретімен
əшекейленгенінде ғана емес, əр үстелдің үстіне шəлімен жабылған
шамдар қойылғанында да емес, оған көшедегі кез келген кісі кіре
алмайтынында да емес, ең бастысы оның ас-су тағамының
Мəскеудің бір деген мейрамханаларының аузын ұрып жіберетінінде
жəне ол азық-түлікті қалтаға қатты соқпайтын жөндем бағамен
босататынында ғой.
Сондықтан осынау ақиқат жолдардың авторы Грибоедовтың шойын
тортемірлерінің арасынан естіген мынау болмашы əңгімеде
таңданарлық ештеңе тұрған жоқ:
-
Бүгін кешкі асты қайдан ішесің, Амвросий?
Сондай да сұрақ бола ма, əрине, осында ауқаттанамын, ардақты Фока Арчибальд Арчибальдович бүгін құлағыма сыбырлап, нағыз
табиғи балық тағамы - сыбағалы көксеркенің өзі болады деген.
Өмір сүре білесің-ау, Амвросий! - деп тыриған арық, мойны-нан
шиқан арылмайтын Фока қызыл ерін, жалқын шашты, быртық бет дəу
Амвросий ақынға қарап бір күрсінген.
Алып бара жатқан ешқандай ептілігім жоқ, - деп қарсы дау айтты
Амвросий. - Менікі адам сияқты өмір сүруге деген кəдімгі талпыныс.
Фока, көксерке “Колизейде” де бар дегің келіп тұр-ау, тегі. Ал
“Колизейде” оның бір сыбағасы он үш сом он бес тиын тұрады ал
мында бес сом елу тиын. Оның үстіне “Колизейдің” көк-серкелері үш
күн тұрып қалған жəне Театр жағынан лап қойған жігіттердің
алғашқысы-ақ бір шоқ жүзімді шаша салмасына кім кепіл. Жоқ, мен
“Колезейге” үзілді-кесілді қарсымын, - деп Амвросий гастроном
бульварын түгел жаңғырықтырды. - Мені азғырма, Фока!
Сені азғырып тұрғаным жоқ, - деп шырылдады Фока. - Кешкі
асты үйде де ішуге болады.
Құлақкесті қызметшім, - деп гүжілдеді. Амвросий, -кəстрөлде
сенің əйеліңнің сыбағалы балық тағамын қалай əзірлейтінін білемін
ғой! Ге-ге! Иісалмас, Фока-ай! - деп əндете Амвросий тенттің
астындағы айбанға кіріп кетті.
Эһе-һе-о... Иə, болған, бəрі де болған. Атақты Грибоедов Мəскеудің
ежелгі тұрғындарының əлі де есінде. Пісірген сыбағалы көксерке
балығында не тұр? - Құнсыз дүние емес пе, айналайын Амвросий!
Ал күміс кəстрөлдегі бекіре, бекірені айтсаңызшы, шаян мойнымен
уылдырық қосып пісірген бекіреге не жетсін. Есілген қозықұйрық
қосып қуырған жұмыртқаны тегешке салып тартқан қандай десейші.
Сиыр құйрықтың қақтаған саны саған ұнамаушы ма еді? Генуэзше
қуырылған бөдене ше? Небары бес тенге күміс қана тұрушы еді ғой.
Джазын айтсайшы, сыпайы қызметін айтсайшы! Шілдеде бүкіл
отбасың саяжайда жатқанда, əдеби тығыз шаруаң боп қаладан шыға
алмай қалғанда бұйралана өрілген алтын түсті жүзімдердің саясында
мұнтаздай таза дастарқан төселіп, алдыңа бір тəрелке буы
бұрқыраған сорпа келсе, сілекейің шұбырмай ма? Есіңде ме сол,
Амвросий? Жарайды, оны сұрап қайтейік. Есіңде екені ерніңнің
емеурінінен-ақ білініп тұр. Оның қасында шіл мен көксеркең не?
Кеңсірігіңді жарып жіберетін нарзан ше? Көңіліңді алаңдатқаным
жетер енді, оқырман!
Кешкі он жарымдар шамасында Патриархта Берлиоз опат болғанда
Грибоедовтың жоғарғы қабатында бір-ақ бөлмеде жарық болып, онда
он екі əдебиетші мəжіліске жиналып, Михаил Александровичті
сарыла күтіп отырды.
Орындықтарда, үстелде, тіпті терезе алдында отырғандардың
МАССОЛИТ басқармасының бөлмесіндегі қапырықтан зардап
шеккені анық. Ашық терезелерден бір соны самал ессе ше. Мəскеу
күнұзақ асфальтта қордаланған ыстығын енді шығарып, түн жан
сергітер ештеңе əкелмеді, Тəтей үйінің подвалынан пияз иісі аңқып,
мейрамхананың асүйі жұмыс істеп тұр, жұрттың бəрі шөлдеп,
шамданып ашулануға айналды.
Момын, əсем киінетін, көзі қырағы болғанмен бір орнында тұрмайтын
беллетрист Бескудников қалтасынан сағатын алды. Сағат тілі сырғып
он бірге барып қалыпты. Ол саусағымен сағатын тықылдатып, оны
көршісі, үстелде резина ұлтанды сары кебісін ерсілі-қарсылы
қайшылап отырған ақын Двубратскийге көрсетті.
-
Алайда, - деп бұрқ етті Двубратский.
Жігіт шіркін, Клязьмадан шыға алмай жүрген шығар, - деді жуан
дауысты Настасья Лукинишна Непременова, - жазушы болып,
теңіздегі соғыс туралы əңгімелер жазып “Штурман Жорж” деп қол
қойып жүрген мəскеу көпестерінің жетім тұяғы осы.
Кешіріңіздер! - деді ексімдей танымал скечтердің авторы
Загривов. - Мына жерде пісіп отырғанша, мен де балконда шалжиып
шай ішіп жатар едім. Мəжіліс онға белгіленген жоқ па еді?
Қазір ғой Клязьмада тамаша, - деп отырғандардың қытығына тие
сөйледі Штурман Жорж, өйткені олар əдебиетшілердің саяжай
кешені Перелыгиноның Клязьмада екенін жақсы біледі, ол бəрінің де
осал жері. - Тегі, онда қазір бұлбұлдар сайрап тұрған болар. Өз
басым қала сыртында, əсіресе көктемде ұдайы жақсы жұмыс
істеймін.
Тамағынан ауыратын əйелімді сол жұмаққа жіберейін деп ақша
салғаныма үш жыл болды, бірақ толқын-толқынның арасынан оның
қарасы əлі көрінер емес, - деп ашына сөйледі новелла жазушы
Иероним Поприхин.
Ол енді кімнің қалай жолы боларына байланысты ғой, - деп
гүрілдеді терезенің алдында отырған сыншы Абабков.
Штурман Жорждің кішкентай көзінен қуаныш ұшқыны шашырап жуан
даусын жұмсартып былай деді:
Қызғанудың да, қызығудың да қажеті жоқ, жолдастар. Саяжай
бар болғаны жиырма екі ғана, тағы да жетеуі салынып жатыр, ал біз
МАССОЛИТ-те үш мыңбыз.
-
Үш мың он бір адам, - деп оны бұрыштан біреу нақтылай түсті.
Міне, көріп отырсыздар ғой, не лаж бар, - деп сөзін жалғастырды Штурман, - демек, саяжай ең дарындыларға тиген.
Генералдар десейші, - деп бір-ақ қақты сценарист Глухарев
өсек-аяңға нүкте қойғысы келгендей.
Бескудников болса қасақана есінеп бөлмеден шықты.
Перелыгинода бес бөлмеде бір өзі, - деді оның соңынан бұрқ
етіп Глухарев.
Лаврович алты бөлмеде жалғыз өзі, - деп айғайлап жіберді
Денискин, - жəне асүйі еменмен қапталған.
Е-е, мəселе қазір мұнда емес, уақыттың он бір жарым
болғанында боп тұр ғой, - деп гүжілдеді Абабков.
Шу басталып, аяғы бүлікке соғар бірдеңе таяп келе жатқандай.
Жексұрын Перелыриноға телефон соғып еді, оған емес, Лавровичке
түсті, ол да үйде жоқ екенін, өзенге кеткенін біліп, бұрынғыдан бетер
қапаланды. Аяқ астынан қосымша 930-нөмірді теріп, көркем тіл
комиссиясына телефондап еді, күткендегідей онда ешкім болмай
шықты.
Оның телефон шалып болатын еді ғой, - деп барқырады
Денискин мен Глухаров жəне Квант.
Əй, олар құр босқа айқайлайды: Михаил Александровичтің телефон
соғар халі қайдан болсын. Ол Грибоедовтан бір қиян шетте мыңдаған
шамдар самаладай жарқыратқан үш цинк үстелде үш бөлек боп
жатқан жоқ па еді.
Бірінші үстелде Михаил Александровичтің қан баттасқан, қолы
сынған, кеудесі жаншылған жалаңаш денесі, екіншісінде - алдыңғы
тістері сынған, жабылмай қалып, көзі кілегейленген басы, ал
үшіншіде - жұлым-жұлымы шыққан тау-төбе шүберек.
Басы кесілгеннің қасында сот медицинасының профессоры
потологанатом мен оның прозекторы, тергеу өкілдері мен Михаил
Александровичтің ауру əйелінің телефондауымен келген оның
орынбасары, əдебиетші Жалдыбин тұр.
Машина Жалдыбинге соқты да, тергеушілермен бірге оны түн ортасы
шамасында опат болған адамның пəтеріне алып барып, оның
қағаздарын пешеттеп, сосын ғана мəйітханаға тартты бəрі.
Міне енді марқұмның мүрдесін қоршап тұрғандар қалай жасаған
жақсы болатынын ақылдасты: кесілген басты мойынға тігіп мəйітті
Грибоедов залына қою керек пе, əлде тікпей бос тастап, иекке дейін
қара орамалмен тас қып жауып тастаған жөн бе, деп бас қатырды.
Демек, Михаил Александрович ешқандай телефон соға алмай-тын
еді, сондықтан Денискин, Глухарев, Квант пен Бескудников босқа
ашуланып шу шығарып жүр. Тұп-тура түн ортасы болғанда он екі
əдебиетші жоғарғы қабатты тастап, мейрамханаға түсті. Мұнда да
өздерінше Михаил Александровичті жазғырумен болды; айбандағы
үстелдер түп-түгел бос болмай шықты, сондықтан осынау əсем,
алайда қапырық залда қалуға тура келді.
Тура түн ортасында олардың біріншісінде бірдеңе тарс ете қап,
сыңғырлап, шашылып, шоршып жатты. Сол сəт жіңішке еркек даусы
саз əуенімен: “Аллилуйя!” деп айқай салды. Бұл атақты Грибоедов
джазының дабылы еді. Бусанып булығып отырған жүздер жадырап,
төбедегі сурет аттарға жан біткендей, шамдардың жарығы
қосылғандай болды, байлаудан босағандай екі зал бірдей билей
жөнелді, олардан айбандағылар қала ма.
Глухарев ақын қыз Тамара Полумесяцпен биледі, Квант та олардан
қалған жоқ, романшы Жуколов сары көйлекті бір актрисамен билеп
кетті. Драгунский, Чердакчи де биге басты, қолтоқпақтай Денискин
абажадай Штурман Жоржбен биледі, сұлу сəулеткер СемейкинаГалл белінен қатты қысып ұстаған ақ шетен шалбарлы бейтаныстың
құшағында жүр. Билеп жүргендердің арасында өзіміздікі де,
шақырылған қонақтар да, мəскеуліктер мен келгендер де бар, мұнда
Кронштадттан шыққан жазушы Иоганн, Ростовтан келген, шамасы
режиссер болуы керек, бүкіл бетін теміреткі басқан Витя Куфтик
деген біреу бар, МАССОЛИТ-тің поэтикалық бөлімінің аса көрнекті
өкілдері, яғни Павианов, Богохульский, Сладкий, Шпичкин мен
Адельфана Будяк та биледі, кəсібі беймəлім шашын бокс қып
қидырған, иықтарына мақтаны аямай-ақ тыққан жас жігіттер де
биледі, арасында тіпті сақалына жасыл жуаның қылтанағы жабысып
қалған егде адам да жүр, онымен билеген халы аздықтан қурап бара
жатқан жалқын түсті, умаждалған жібек көйлек киген бір кəрі қыз.
Қара терге малынып даяшылар төбесіне көтеріп сырты бусаған
күрішкемен сыра əкеле жатып айғайлап келеді: “Кінəлімін, азамат!”
деп əлдеқайдан рупордан команда берген: “Карский бір!, Зубрик екі!”
деген дауыс шығады. Жіңішке дауыс əндетудің орнына “Аллилуйя!”
деп шырылдайды. Джаздағы алтын табақшалардың тарсылы, ыдыс
жуушылардың төмен асүйге қарай еңіс тақтай-шамен сырғытқан
ыдыс-аяғының шылдырын басып кетті. Бір сөзбен айтқанда: тарстұрс тозақ.
Тозақ түсінің түн ортасы болатын. Айбанға фрак киіп қанжардай сүйір
сақалды сұлу жігіт шықты да, алдиярлық пішінмен өз иелігін шолды.
Бұл сұлудың жастық шағын жақсы білетін тылсым білгіштердің
айтуынша, кезінде ол фрак кимей белін былғары белбеумен қынай
буып, оған тапаншалардың тұтқасын қыстырып қоятын болған,
қарғаның қанатындай қара шашын алқызыл жібекпен жинап қояды
екен, Кариб теңізінде адам басы бейне-ленген қаралы қара туы бар
кемемен жүзіпті.
Жо-жоқ! Алдамшы көзбояушылар өтірік айтады, бұл дүниеде
ешқандай Кариб теңізі жоқ, онда жанынан безген жанкештілер
жүзбейді, оларды күзет кемесі қумайды, толқын бетіне зеңбірек түтіні
де жайылмайды. Ондай ештеңе жоқ, ештеңе болған да емес! Əне
қураған жөке ағашы тұр, шойын тортемірдің ар жағында бульвар
бар... Міне əйнек құтыда мұз қалқып жүр, əне көрші үстелдің басында
бəз-біреудің қанталаған бұқа көзі алаяды, сұмдық үрейлі... О
құдайым, құдайым-ау, уың қайда, уың маған!..
Кенет үстел басынан біреудің аузынан “Берлиоз!” деген сөз
шығып кетті. Кенет джаз кілт тынды.
Бəз-біреу тас төбеден жұдырықпен періп қалғандай жəне кілт
тоқтады. “Не, не дейді, не өзі?!” - “Берлиоз ба?!”. Сонымен жұрттың
бəрі дүрлігіп, шырыл мен шуыл енді басталды.
Михаил Александрович жөніндегі сұмдық хабар қайғы селін
тасқындатты да жіберді. Біреулер не істерін білмей абыржып,
байбалам салып, біреулер дəл осы арада тырп етпей отырып,
ұжымдық жеделхат əзірлеп, табан аузында жөнелту керек деп салды.
Сонда қандай жеделхат, оны қайда жіберу керек деген сұрақ туады.
Оны не үшін жібереміз? Шынында, қайда жіберу керек? Дəл қазір
түтеленген желкесін резеңке қолмен прозектор сығымдап жатқан,
мойнын профессор қисық инемен тесіп жатқан оған жеделхаттың не
қажеті бар? Қаза тапты ол, оған ешқандай жедел-хаттың керегі жоқ.
Барлығы бітті телеграфты əурелемеген жөн.
Иə, қаза тапты, опат болды... Бірақ мына біз тіріміз ғой!
Иə, қайғы селі тасқындап кетті, бірақ біраз тасып, толқындап тұрды
да басылайын деді ол, тіпті бəз-біреулер өз үстеліне де оралды,
əуелі білдірмеген болып, ақыры ашық оралды, сосын арақ ішіп,
көңілін демдеді. Шынын айтқанда, арақтан кейін жемей, тауық
котлетін далаға тастай ма? Михаил Александровичке ас ішпей, аш
жүріп көмектесеміз бе?
Əрине, рояль құлыпталып, джаз тарқады, бірнеше журналист
азанамалар жазғалы өз редакцияларына кетті. Мəйітханадан
Жалдыбинның келгені белгілі болды. Ол марқұмның жоғарыдағы
кабинетіне орналасты да, замат Берлиоздың орнын сол басады екен
деген сыбыс тарады да кетті. Жалдыбин мейрамханадан он екі
əдебиетшіні шақырып алып, Берлиоздың кабинетіндегі мəжілісте
бағанды Грибоедов залының жабдықталуы, мəйітханадан мүрдені
осы залға əкелу, онымен қоштасушыларға жол ашу сияқты жəне осы
қайғылы оқиғаларға байланысты басқа да мəселелерді талқылауға
кірісті.
Мейрамхана болса өзінің əдеттегі түнгі өмірімен дуылдап, қашан
жабылғанша сағат таңғы төртке дейін шуылдап жатыр еді, тек мынау
үш ұйықтаса ойға келмейтін оғаш оқиға оның мейман-дарын
Берлиоздың ажалы туралы хабардан кем дүрліктірмеді.
Бірінші болып Грибоедов үйінің қақпасын күзететін шабар-мандар
əбігерге түсті. Олардың бірі ағаш атқа көтеріліп:
- Түу! Сендер тек қараңдаршы, - деп айғайлады.
Оның ізінше қайдан шыққаны белгісіз шойын тортемірден болмашы
бір от жылт етіп, айбанға қарай жақындай берді. Үстел бастарында
отырғандар орнынан көтеріліп көз тастап еді, жылты-раған отпен
бірге мейрамханаға қарай аршындап келе жатқан аппақ елесті көрді.
Ол өсімдік торына таяп келгенде үстел қасын-дағылар шанышқыдағы
етін көтерген қалпы көздері атыздай болып, тастай қатып тұрды да
қалды. Сол кезде шылым шеккелі мейрамхана əкімшілігінің есігінен
сыртқа шыққан швейцар темекісін аяғымен таптап, елестің
мейрамханаға кірер жолын бөгегелі алға қозғалып еді, неге екені
белгісіз, ойын жүзеге асыра алмай тоқтап, рабайсыз жымиды.
Елес болса, өсімдік торының тесігінен еш бөгетсіз өтіп, ентелеп
айбанға кірді. Сонда барлығы бұның ешқандай елес емес, аса
танымал ақын Иван Николаевич Бездомный екенін бір-ақ көрді.
Ол жалаңаяқ, үстінде жыртық ақ күрте, омырауына ағылшын
түйреуішімен белгісіз бір əулиенің өше бастаған суреті бар қағаз
иконаны түйреп алыпты, бұтында алажолақ ақ дамбал. Иван
Николаевич жағылған неке шырағын қолында ұстап келеді. Оның оң
жақ беті жаңа ғана жыртылыпты, қаны да кеппеген. Айбанды басқан
үнсіздіктің тереңдігін өлшеудің өзі қиын. Бір даяшының бір бүйіріне
қисайып кеткен кір күртешесінен аққан сыра еденге төгіліп жатқаны
көрініп тұр.
Ақын шырақты төбесіне көтеріп, дауыстай;
Армысыңдар, достар! - деді де жақын тұрған үстелдердің бірінің
астына үңіліп: - Жоқ, ол мұнда да жоқ екен, - деді.
Екі дауыс естілді. Жуаны бетің бар, жүзің бар демей тоқ еткізді.
-
Мəшпірті бітіпті ғой. Маскүнемдіктің ауруы!
Екінші əйел даусы үрейлене шықты:
-
Мынандай қалпымен көшеден милиция қалай өткізіп жүр?
Оны Иван Николаевич естіді де мəн-жайды баяндады.
Екі рет тоқтатпақ болды. Скатертный мен осында жəне Бронная
көшесінде, албардан қарғып өтемін деп бетімді жыртып алғанымды
көрмейсіңдер ме? - Осыны айтып Иван Николаевич шырақты көтеріп
айғайлап жіберді: - Əдебиеттегі бауырлар! (Қарлыққан даусы қатайып
ышқына түсті). Барлығың маған құлақ қойыңдаршы. Оның қарасы
көрінді! Жедел ұстаңдар, əйтпесе ол бұдан да зор сұмдық жасайды.
Не? Не дейді? Не айтып тұр өзі? Кім осында келді дей ме? деген дауыстар жан-жақтан андыздады.
Консультант! - деп жауап берді Иван. - Сол консультант қазір
ғана Патриархта Миша Берлиозды өлтірді.
Ішкі залдан топырлап айбанға түскен жұрт Иванның оты төңірегіне
топырлады.
Кінəлі, кінəлі дейді, анықтап айтсайшы, - деген баяу да сыпайы
үн Иван Николаевичтің құлағының дəл түбінен шықты. -Айтыңызшы,
өлтіргені қалай? Кім өлтірді?
Шетелдік консультант, профессор һəм шпион, - деп алая қарап
жауап берді Иван.
-
Ал фамилиясы кім оның? - деп құлағына сыбырлады əлгі үн.
Мəселе сол фамилияда болып тұр ғой, - деп назалана дауыстады Иван, - сол фамилияны дұрыс білмей тұрмын ғой. Таныснама
кəртішкесіндегі фамилиясын дұрыстап көріп алмағанымды-ай... Тек
алғашқы əрпі ғана есімде “Ве” деген, фамилиясы “Ве”-ден
басталады. “Ве”-ден басталатын ол қандай фимилия еді? - деп
қолымен маңдайын сығымдай ұстаған Иван өзінен-өзі сұрап, кенет
бірдеңелерді міңгірлеген болды: - Ве, ве, ве! Ва... Во... Ванер ме?
Вагнер? Вегнер? Вайнер? Əлде Виктор ма? - Зорланғаннан
Иванның, басындағы шашы тік тұрып қозғалып кетті.
-
Вульф болар? - деп аяушылық білдіріп шырылдады бір əйел.
Иван шамданып қалды.
Ақымақ! - деп айғайлады ол шырылдағанды көзімен іздеп. -Бұл
арада Вульфтың қандай қатысы бар? Вульф ештеңеге де кінəлі
емес. Во... во... Жоқ! Сонымен, еске түсіре алмадым! Жарайды,
мəселе былай, азаматтар: табанда телефон соғыңдар милияцияға,
профессорды ұстау үшін пулеметтерімен төрт мотоциклші жіберсін.
Жəне онымен еріп тағы да бір екеу жүргенін ұмытпаңдар, біреуі
ұзынтұра, алабажақ киінген... пенснесі шытынаған... жəне семіз қара
мысық қасындағысы. Ал мен əзір Грибоедовты тінтіп қарай берейін...
Оның осында екенін сеземін!
Иван əбден мазасызданып, айналадағыларды итермелеп,
шырағданын сілтеп, балауызын үстіне төгіп, үстелдердің астын қарай
бастады. Сол сəт “Доктор шақыртыңдар!” деген сөз шықты да,
Иванның алдынан мүйіз көзілдірікті біреудің мұнтаздай қырылған
етженді, тырсиған, баяғы жүзі көрінді.
Бездомный жолдас! - деді əлгі кескін салтанатты дауыспен. Арнаңызға түсіңіз. Барлығымыз құрмет тұтатын Михаил
Александрович Берлиоздың ажалы сізді қатты қапаландырған. Оны
біз бəріміз де жақсы түсінеміз. Сізге тыныштық керек. Қазір сізді
жолдастар төсегіңізге апарып жатқызады да, бəрін ұмытасыз...
Сен, - деп тісін қайрап сөзін бөлді Иван, - сен профессорды
ұстау керек екенін түсінесің бе? Қайдағы бір ақымақтық сөздер айтып
маған тиісетінің не? Есуас!
Бездомный жолдас, мархабат етіп кешіріңіз, - деді əлгі тырсиған
жүз қызара түсіп болмас іске бекер араласқанына өкінгендей
именшектеп.
Жоқ, өзге-өзге, дəл сені кешіре алмаймын, - деді жеккөретінін
жасыра алмай Иван Николаевич.
Түршігіп тітіркенгеннен оның жүзі бұзылып, шырақты оң қолынан сол
қолына ауыстырып аямпаз бетті құлақ түбінен осып жіберді.
Иванға бас салу дəл осы тұста жұрттың есіне түсті де, бас салып
ұстай алды. Шырақ сөніп, ұшып түскен көзілдірігі табанда аяқ
астында тапталып қалды. Иван жандаусы шыға айқайлап, даусы тіпті
баршаны таңырқатып бульварға да жетті. Қорғанамын деп жан-жағын
жайпап жүргенде үстелдердің үстіндегі ыдыс-аяқ шылдырлап,
əйелдер шарылдады.
Даяшылар орамалмен ақынды байлап жатқанда қос желкенді кеме
капитаны мен швейцардың арасында əңгіме əжептəуір қызып жатты.
Сен оның дамбалмен жүргенін көрдің бе? - деп салқын ғана
сұрады пират.
Көрдім ғой Арчибалд Арчибальдович, - деп тайқақтай жауап
қатты швейцар, - ол МАССОЛИТ-тің мүшесі болған соң өткізбеске
хақым жоқ қой.
Оның дамбалмен жүргенін сен көрдің бе? - деп қайталады өз
сауалын пират.
Кешіріңіз, Арчибальд Арчибальдович, - деп қызарақтай сөйледі
швейцар, - мен енді не істей аламын. Айбанда əйелдер отырғанын
мен де түсінемін...
-
Бикештердің бұл арада еш қатысы жоқ, əйелдерге бұның бəрі
бір, - деп қазбалады жанарымен швецарды өртеп жібере жаздап, тіпті милицияға да бəрі бір. Кісі іш киіммен Мəскеу көшелерінде тек
екі жағдайда ғана жүре алады. Бірінші милиция əкетіп бара жатса,
екінші милиция бөлімшесіне қамайтын болса ғана. Ал сен швейцар
болсаң, ондай адамды көрген бойда-ақ бір секунд кешіктірмей
ысқыра бастауға тиіс едің. Естіп тұрсың ба сен?
Есі шыққан швейцар айбаннан аһыл-уһілмен сынған ыдыстардың
сылдырын əйелдердің шырылын есітті.
Ал бұл үшін саған не істеу керек? - деп сұрады пираттардың
дөйі.
Швейцардың өңі сүзектен тұрғандай бозарып, көзі жайсызданып
кетті. Оның екі айырып қайырған қара шашын оттай қызыл жібек
жапқандай елестеді. Омырауша ағы мен фрагы ұшты-күйді боп,
белдік белбеуден тапаншаның сабы көрінгендей. Швейцар өзін
кемеде асылып қалғандай сезінді. Өз көзімен өзінің салбыраған тілін,
иығына құлаған жансыз басын көргендей, тіпті борттың сыртындағы
толқынның шылпылын есіткендей болды. Швейцар-дың тізесі бүгіліп
кетті. Сол сəт дөй пират оны аяп, отты жүзін жылытып, уытты көзін
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Майталман шебер мен маргарита - 05
  • Parts
  • Майталман шебер мен маргарита - 01
    Total number of words is 4188
    Total number of unique words is 2185
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 02
    Total number of words is 4307
    Total number of unique words is 2150
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 03
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2321
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 04
    Total number of words is 4091
    Total number of unique words is 2369
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 05
    Total number of words is 4231
    Total number of unique words is 2275
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 06
    Total number of words is 4275
    Total number of unique words is 2183
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 07
    Total number of words is 4179
    Total number of unique words is 2056
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 08
    Total number of words is 4162
    Total number of unique words is 2288
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 09
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2258
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 10
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2360
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 11
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2204
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 12
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2334
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 13
    Total number of words is 4076
    Total number of unique words is 2131
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 14
    Total number of words is 4303
    Total number of unique words is 2195
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 15
    Total number of words is 4283
    Total number of unique words is 2173
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 16
    Total number of words is 4122
    Total number of unique words is 2215
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 17
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2274
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 18
    Total number of words is 4328
    Total number of unique words is 2150
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 19
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2195
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 20
    Total number of words is 4323
    Total number of unique words is 2138
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 21
    Total number of words is 4279
    Total number of unique words is 2228
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 22
    Total number of words is 4275
    Total number of unique words is 2177
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 23
    Total number of words is 4051
    Total number of unique words is 2294
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 24
    Total number of words is 4132
    Total number of unique words is 2321
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 25
    Total number of words is 4367
    Total number of unique words is 2146
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 26
    Total number of words is 4184
    Total number of unique words is 2326
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 27
    Total number of words is 2124
    Total number of unique words is 1367
    38.1 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.