Latin Common Turkic

Майталман шебер мен маргарита - 05

Total number of words is 4231
Total number of unique words is 2275
33.0 of words are in the 2000 most common words
47.4 of words are in the 5000 most common words
53.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
жұмсартты.
Байқа, Николай! Бұл ақырғы рет болсын. Мейрамханаға мұндай
швейцар текке берсе де керегі жоқ. Сен одан да шіркеуге күзетші
болып кір, - деп командир бұйрығын нақпа-нақ, айқын да шапшаң
берді: - Буфеттегі Пантелейді шақыр. Милиционер келсін. Хаттама
жасалсын. Машинаны келтіріп жындыханаға апарыңдар. Ысқыр енді!
- деп бітірді.
Ширек сағаттан кейін айран-асыр, таң-тамаша қалған мейрамханадағы терезелері оның бағына қарайтын үйлердегі, тіпті бульвардың өзіндегі көпшілік Грибоедовтың қақпасынан Пантелей,
швейцар, милиционер, даяшы жəне ақын Рюхинның қуыршақтай
құндақтап тастаған жас жігітті алып шыққанын көрді, бейшара көз
жасы көл боп, тура Рюхинге тигізгелі түкірініп, жасқа булығып оған:
-
Оңбаған! - деп айқайлады.
Жүк машинасының түксиген шофері моторға от алдырды қатарында
шабарман атын екпіндетіп, сауырынан делбемен соғып дауыстады.
-
Кəне жарысайық! Жындыханаға мен де апарғам.
Құлақ естіп, көз көрмеген оқиғаны талқылап тобыр көпшілік гуілдеді
де кетті, əзəзіл, жиіркенішті жексұрын иттік жанжал да шықты. Ол
жанжал Иван Николаевич бейбақты, милиционерді, Пантелей мен
Рюхинді жүк машинасы қорабына салып алып, Грибоедов
қақпасынан шыққанда ғана басылды.
Алтыншы тарау
АЙТҚАНДАЙ-АҚ ЕСІ АУЫСҚАН
Мəскеу түбіндегі бір өзеннің жағасына жақында салынған атақты
психатриялық емхананың қабылдау бөлмесіне ақ халат киген сүйір
мұртты кісі келіп кіргенде түнгі сағат бір жарым еді. Үш санитар
диванда отырған Иван Николаевичтен көз айырар емес. Əбден
абыржыған ақын Рюхин де осында отыр. Иван Николаевичті байлапматаған орамалдар да тау-төбе болып диванда жатыр, Иван
Николаевичтің қолы да, аяғы да бос.
Кірген кісіні көріп Рюхин қуарып бозарып, түшкірініп күмілжи тіл
қатты:
-
Сəлеметсіз бе, доктор.
Доктор оған бас иді, бірақ бас ие тұрып ол оған емес, Иван
Николаевичке қарады.
Ол болса, қасын ғана қозғап тырп етпей отыр, жүзі сұсты, тіпті
дəрігер кіргенде де былқ еткен жоқ.
Міне, доктор, - деп, неге екені белгісіз, Рюхин құпиялай
сыбырлап сөйледі, - айтулы ақын Иван Бездомный... біздің қаупіміз...
арекеңнің ауруы емес пе екен...
-
Қатты ішуші ме еді? - деп сыздықтата сұрады доктор.
-
Жоқ, ішуін ішетін, бірақ дəл мұндайы болған емес...
Тарақан, егеуқұйрық, сайтан дегендерді ұстап, сумаңдап жүрген
иттерді қумаушы ма еді?
Жоқ, - деп дір ете қалды Рюмин, - мен мұны кеше жəне бүгін
таңертең көргем, сап-сау болатын...
-
Ал неге дамбалшаң жүр? Төсектен əкелдіңдер ме?
-
Ол мейрамханаға осы қалпымен келді, доктор.
Аһа, аһа, - деді өте-мөте қанағаттанғандай доктор, - ал, анау
бетіндегі жарасы не? Біреумен төбелескен бе?
Албар қоршауынан құлапты, сосын мейрамханада біреуді ұрып,
тағы біреулерді соқты...
Солай, солай, солай де, - деді де доктор Иванға бұрылып: Сəлеметсіз бе? - деді.
Кереметпін, зиянкес, - деп ызалана қатты дауыстап жауап қатты
Иван.
Рюхиннің қысылғаны сондай, сыпайы докторға қарауға беті
шыдамады. Бірақ доктор түк те ренжіген жоқ, дағдылы, епті
қимылмен көзілдірігін шешіп, халатының етегін көтеріп оны
шалбарының артқы қалтасына жасырып, Иваннан:
-
Жасыңыз қаншада? - деп сұрады.
Басымды қатырмай, аулақ кетіңдерші менен, шыны сол! -деп
долдана айғай салған Иван бұрылып кетті.
Сіз неге ашуланасыз? Мен сіздің көңіліңізге келердей бірдеңе
айттым ба, өзі?
Жасым жиырма үште, - деп сөзді өрекпи бастады Иван, - бар
ғой, мен бəріңнің үстіңнен арыз түсіремін. Ал саған, сілімтік,
айрықша! - деп ел Рюхинге бөлек шұқшиды.
-
Сонда не үшін арызданбақсыз?
Сап-сау адам мені бас салып ай-шəй жоқ жындылар үйіне
күштеп əкеп салғандары үшін, - деп ызалана жауап қатты Иван.
Сол сəт Рюхин Иванға тесіле қарап мұздап сала берді, өйткені оның
көзінде есуастықтың ешқандай нышаны жоқ еді. Грибоедов-та
кілегейленіп тұрған көзі қазір бұрынғысындай ап-айқын.
“Əкем-ау, бұл өзі шынында да сау ма? - деп үрейлене ойланып
қалды Рюхин. - Мынау бір қызық болды ғой! Шынында да, оны не
үшін мұнда алып келдік. Сау, сап-сау, тек беті тырналған.
Сіз жындылар үйінде емес, клиникадасыз, - деді сирағы
жалтыраған аппақ орындыққа отырып жатып байыппен ғана дəрігер.
- Мұнда қажеттілігі болмаса ешкім ұстамайды сізді.
Иван Николаевич сеніңкіремей көзінің қиығымен қарап, сонда да
бұрқ етті:
Құдайға тəубе! Кілең нақұрыстардың арасынан бір есті адам
табылған екен. Нақұрыстардың басы анау дарынсыз кеще. - Сашка.
-
Ол дарынсыз топас Сашкаң кім?
Əне отыр ғой - Рюхин! - деп Иван кір-кір саусағын Рюхин жаққа
шошайтты.
Ол ызадан булығып, зығырданы қайнады.
“Оның маған рақметтің орнына тартқан сыйы осы ғой, - деп ашына
ойланды ол. - Осыған не үшін ғана араластым. Шынында да түкке
тұрмайтын кеңкелеспін ғой”.
Ой-санасымен екшесең, барып тұрған кулактың өзі, - деді Иван
Николаевич шамасы Рюхинді жеріне жеткізе əшкерелегісі келгендей,
- кулак болғанда да пролетарлардың тонын жамылып, ізін білдірмей
жүрген қу. Оның жабырқаңқы жүдеу жүзіне қарап, бірінші күнге арнап
шығарған дабылды жырымен салыстырып көріңізші! Хе-хе-хе... “Тула
тулар, жай қанат!” деп келеді, ал сіз оның ішіне үңіліп, шынымен не
ойлайтынын шолып көріңізші... аһ ұрасыз! - Осыны айтып Иван
аярлана күлді.
Тынысы ауырлап, қызарып кеткен Рюхин кеудеме жылан басын сап,
жылытқан екенмін, шынтуайттап сынай келгенде қас дұшпаным
болып шықты-ау, деп ойға батты. Жəне ең бастысы ешбір лаж
жасауға болмайды: жүйке ауруы бар адаммен қалай ұрсысарсың?!.
Расында да, сізді не үшін бізге əкеп жүр? - деді Бездомныйдың
əшкерелеуін зейін қоя тыңдаған дəрігер.
Тəйірі алғыр мынау топастардың істеп жүргені ғой. Ұстап алды
да, қолға түскен шүберекпен байлап матап, сүйрелеп жүк
машинасына салды да жіберді.
Сізден мынаны сұрауға рұқсат етіңіз, неліктен мейрамханаға
ішкиіммен келдіңіз.
Мұнда тұрған ештеңе жоқ таңданарлық, - деп жауап қатты Иван.
- Мəскеу өзеніне шомылуға барғанмын, киімімді ұрлап əкетіп, орнына
мына шоқпытын тастап кетіпті. Мəскеу көшесінде жалаңаш жүрейін
бе? Барын кидім де, Грибоедовтағы мейрам-ханаға жетуге асықтым.
Дəрігер сұраулы кейіппен Рюхинге қарап еді, он түнере міңгірледі:
Аһа, ал неге соншалық асықтыңыз? - деді дəрігер. - Бəз-бір
іскерлік кездесу бар ма еді?
Консультантты ұстағалы жүгіргенмін, - деп жауап қатқан Иван
Николаевич жан-жағына алақтай қарады.
-
Қандай консультантты?
Сіз Берлиозды білесіз бе? - деді Иван Николаевич сұрағына көп
мəн беріп.
-
Əлгі композитор ма?
Тағы да қандай композитор? Аһ иə, жо-жоқ. Композиторыңыз
Миша Берлиоздың аттасы.
Рюхиннің ештеңе айтқысы жоқ еді, бірақ түсіндіруге тура келді.
МАССОЛИТ-тің хатшысы Берлиозды бүгін кешке Патриархта
трамвай басып кетті.
Білмейтініңді шатпақтап, өтірік айтпа сен! - деп шүйілді Рюхинге
Иван.- Онда сен емес, мына мен болғанмын. Ол қасақана оны
трамвайдың астына түсірді.
-
Итеріп жіберді ме?
“Итеріп жіберудің” не қатысы бар бұл арада?! - деп бəрінің
зейінсіздігіне ашуланған Иван дауыстап жіберді. - Оған итерудің де
қажеті жоқ. Оның жасағанын көрсең, тек өзіңе ие бол Ол Берлиоздың
трамвайдың астына түсетінін алдын ала білді.
-
Ол консультантты сізден басқа көрген біреу-міреу бар ма?
Сорымыздың өзі сонда болып тұр ғой, оны көрген Берлиоз
екеуміз ғана.
-
Солай-ақ болсын. Ол қанішерді ұстау үшін қандай шара
қолдандыңыз? - Осы арада дəрігер бұрылып, үстел басында
аулақтаңқырап отырған ақ халатты əйелге көз тастады. Ол бір
парақты шығарып, графаның бос жерін толтыра бастады.
-
Шара былай болды. Мен асүйден шырағдан алып шықтым...
Мынаны ма? - деді дəрігер əйелдің алдындағы үстелде
иконамен қатар жатқан майысып сынған шырақшаны көрсетіп.
-
Дəл осыны жəне...
-
Иконаның не қажеті болды?
Иə рас, иконка... - деп қызарақтап қалды Иван, - осы иконка ғой
бəрінен бетер шошытып жүрген, - деп ол тағы да Рюмин жатқы
саусағымен түртті. - Ал мəселе оның консультант екенінде... жыншайтанмен сыбайлас, былайша оны ұстай алмайсың.
Неліктен екені белгісіз, санитарлар қолдарын жанына сап жым
болып, көздерін Иваннан алмайды.
Иə-ə, - деп сөзін жалғады Иван, - төтен күшпен əмпай. Оған
бұлтартпас дəлел толық. Ол өзі тікелей Понтий Пилатпен сөйлесті.
Маған бұлай күмəндана қараудың қажеті жоқ. Рас айтам. Бəр-бəрін
балконды да, құрмаларды да көрген. Қысқартып айтқанда,
Понтий Пилатта болған, оған кепілдік бере аламын.
-
Ал енді, анау...
Мынау ма, демек, бұл иконканы əшейін омырауыма түйреп, тұра
жүгіргенім ғой.
Осы арада кенет сағат тілі екі рет қағылды.
-
Еһе-е! - деп дауыстап Иван орнынан, яғни диваннан көтерілді.
Сағат екі, ал мен болсам сіздермен босқа уақыт өткізіп отырмын.
Ғафу өтінемін, телефон қайда?
-
Телефонға жіберіңдер! - деп бұйырды дəрігер санитарларға.
Иван телефон құлағына жармасты да, əйел осы сəтті пайдаланып
Рюминге сұрақ қойды.
-
Үйленген бе өзі?
-
Бойдақ, - деп шошына жауап қатты Рюхин.
-
Кəсіподақ мүшесі ме?
-
Иə.
Милиция ма? - деп айқайлады Иван трубкаға. - Милиция ма?
Кезекші жолдас, шетелдік консультантты ұстау үшін пулеметімен бес
мотоциклисті жіберуге жарлық беріңізші. Не дейсіз? Маған
соғыңыздар, сіздермен бірге барамын мен... Жындылар үйінен
сөйлеп тұрған ақын Бездомный... Мекен-жайларыңыз қандай? -деп
Бездомный трубканы алақанымен жауып тұрып доктордан сыбырлап
сұрады да, сосын телефонмен қайта айғайлады. - Сіз тыңдап тұрсыз
ба? Алло!.. Тəртіпсіз! - Кенет Иван ышқына қышқырып трубканы
қабырғаға атып ұрды. Сосын ол дəрігерге бұрылып қолын ұсынды да,
немқұрайды ғана “жолыққанша” деп кетуге жиналды.
Ғафу етіңіз, қайда кеткіңіз кеп тұр сіздің? - деді дəрігер Иванның
көзіне тесіле қарап. - Жеті қараңғы түнде ішкиіммен қайда барасыз.
Көңіл күйіңіз нашар, сондықтан бізде қала тұрыңыз.
Жіберіңіздер, кəне! - деді Иван есік аузында тізіле қалған
санитарларға. - Жібересіңдер ме, əлде жоқ па? - деп сосын үрейлі
үнмен айғай салды ақын.
Рюхин дір ете қап, əйел үстелшенің түймесін басты да, онан əйнек
бетіне жарқыраған қорапша мен дəнекерленген ампула атқып
шықты.
- Аһ, солай ма?! - деп торға түскендей жан-жағына одырая қараған
Иван: - онда жарайды! Қош болыңдар... - деп басымен терезенің
пердесіне қойды да кетті. Тарс ете қалған дыбыс шықты, бірақ
сынбайтын əйнек ол соққыға төтеп беріп, енді бір əзірде Иван
санитарлардың қолында бұлқынып жатты. Ол қылқына қырылдап,
тістемек боп бақырды:
Өздеріңе міне қандай əйнек орнатқансыңдар!... Жібер! Босат
деймін!
Дəрігердің қолында шприц жалт ете қалды, əйел бір-ақ жұлқып
күртешенің тозығы жетіп тұрган жеңін дар айырып ұрғашыға тəн емес
күшпен қолға жабысып, былқ еткізбеді. Эфир иісі шықты, төрт кісінің
қолында Иваннан күш кете бастады, соны пайдаланған епті дəрігер
ақынның білегіне инені сұқты да жіберді. Иванды тағы да бірнеше
секунд ұстап тұрды да, диванға сылқ еткізді.
Бандиттер! - деп бақырған Иван диваннан атып тұрып еді,
алайда орнына қайта жайғастырылды. Сосын сəл ғана босатып еді,
ол қайта атып тұрып, бірақ бұл жолы өзі отырды. Жан-жағына
алақтай қарады да ол үнсіз қалды, сосын күтпеген жерден есінеп,
ызалана күлді.
Ақыры қамадыңдар-ау əйтеуір, - деді де ол тағы да есінеп,
ойламаған жерде қисайып, басын жастыққа салып, сəбилерше
жұдырығын бетіне төсеп, енді ұйқылы дауыспен еш ашусыз
міңгірледі: - Жарайды, тіпті жақсы болды... Барлығы үшін өздерің
жауап бересіңдер. Ескертуін ескерттім, аржағын не қылсаңдар о
қылыңдар! Мені қазір бəрінен бұрын Понтий Пилат қызықтырады...
Пилат... - деп ол көзін жұмды.
Ванна, жүз он жетіншіге жеке жəне оған күзет қойылсын, -деп
көзілдірігін киіп жатып нұсқау берді дəрігер. Сол сəт Рюхин тағы да
дір ете қалды: ақ есік шусыз ашылып, аржағынан дəліз көрінді.
Көгілдір түнгі шамдардың жарығы түсіп тұр. Дəлізден резеңке
доңғалақты кушетка шығып, оған тыншыған Иван салынып, дəлізге
қайта қайтты да, есіктер тарс жабылды.
Доктор, - деді күйзелген Рюхин сыбырлай сұрап, - демек, ол
шынымен ауру ма?
-
Ой, несін сұрайсыз, - деді дəрігер.
-
Сонда оған не болған? - деп күмілжи сұрады Рюхин.
Қалжыраған дəрігер Рюхинге қарап сылбыр жауап қатты:
Қимылдық һəм тілдік өрекпу... сандырақ интерпретациялар...
шамасы күрделі жағдай... Шизофрения, яғни есі ауысқан деп ойлауға
болады. Оның үстіне алкоголизм келіп қосылған...
Рюхин дəрігердің сөзінен Иван Николаевичтің жағдайы нашарлау
дегеннен өзге ештеңе түсінбей, бір күрсініп қойып, тағы сұрады:
-
Ал оның үнемі бəз-бір консультант туралы айта беретіні не?
Зайыры, өзінің алабұртқан ой-қиялына қатты əсер еткен
біреуді көрген болуы керек.
Мүмкін тіпті галлюцинациялап та тастаған шығар...
Бірнеше минөттен кейін жүк машинасы Рюхинді Мəскеуге алып
тартты. Жап-жарық, тас жол бойындағы сөндірілмеген шамдардың
жарығы қажетсіз болып, ерсі көрінеді. Шофер түннің тез өткеніне
ызаланып, машинаны бар күшімен айдап, бұрылыстарда жолдан
тайып кете де жаздайды.
Міне, үзіліп артта орман да қалды, өзен да бір жаққа бұрылып,
əлдеқайда кетіп барады, жүк машинасының алдынан əралуан
көріністер шашырайды, қарауыл будкасы бар бəз-бір дуалдар мен
үйілген отын қатарлары, биік бағандар мен əлдеқалай діңгектер,
діңгек бастарынан бір орам сымдар салбырап тұр, тау-төбе қиыршық
тас, каналдарға пайдаланылған құм-топырақ, - бір сөзбен айтқанда,
əне-міне Мəскеуге де жететіндері сезіліп қалды, əне бұрылыс, қала
қазір-ақ құшағына алады.
Рюхинді сілкілеп, əрлі-берлі лақтырады, үстіне отыра қалған бөлен
астынан сырғып тақырға отырғызып кетердей бір орында тұрмайды.
Милиционер мен Пантелей бағана троллейбуспен кетерде лақтыра
салған мейрамхананың орамалдары бүкіл қорапқа шашылып,
жылжып жүр. Рюхин алғаш оларды жинастырғысы келіп еді, артынан
ызалана: “Қойшы тəйірі алғырларды! Менікі не осы есуас құсап
айналақтай беретінім?..” деп бір ысылдап алып, аяғымен ысырып
тастады да, қайтып шүберектерге қараған жоқ.
Көңіл күйі оның сұмдық еді. Қайғы үйінде болуы жүрегінде аса ауыр
із қалдырғаны айқындала бастады. Жанын жегідей жеп жатқанның
не екенін Рюхиннің түсінгісі келді. Жадына көгілдір шамдары бар
дəліз жабысты да қалды. Бұл дүниеде есіңнен адасудан асқан
бақытсыздық жоқ, деген ой-ау, шамасы, жанын мүжіген. Иə, иə,
əрине, сол. Бірақ бұл əшейін ғана ой ғой. Ал осы тектес тағы да
бірдеңе бар сияқты. Ол - зəбір көру. Иə, иə, зəбірлеуші сөз, оны
Бездомный былш еткізіп тура бетіне айтқан жоқ па. Өкініш оның
жəбіршіде де, көңіл қалдырарлығында ғана емес, негізінде шындық
жатқанында боп тұр ғой.
Ақын енді жан-жағына қарамай, лас еденге ғана тесіліп, өзін-өзі
мүжіп, кейіп, бірдеңе деп міңгірлей бастады.
Иə, өлең демекші... Жасы қазір жиырма үште. Шынында да одан əрі
не болмақ? - Одан əрі де жылына бірнеше өлең шығарар. Қартайғанша жаза бермек пе? - Иə, қартайғанша! - Ол жырлары
бұған не əкеледі? Даңқ па? “Қандай дəме десеңізші! Тым құры-ғанда
өзіңді-өзің алдамасаң игі еді. Жаман өлең жазатындарға ешқашан
атақ-даңқ келмейді. Ол жырлар неге нашар? Шындықты, тек
шындықты айтқаннан ба!?” деп нали келіп Рюхин енді өзін-өзі аямай
ақиқатына көшті: - Жазғандарымның қазір ешқайсысына да
сенбеймін.
Тозған жүйкенің жарылысынан уланған ақын шайқала теңселіп, аяқ
астындағы еден сілкуін тыйды. Рюхин басын көтергенде баяғыда-ақ
Мəскеуге кіргенін аңдады. Мəскеу аспанына күн шы-ғып, бұлт жиегін
алтынмен аптап тастапты, жүк машинасы бульварға бұрылатын
бұрышқа жиналып қалған басқа көліктерден өте алмай тоқтап тұр
екен, одан қол созым жерде басын сəл иіп, бульварға немқұрайды
ғана қарап тұғырда темір адам тұр.
Сырқаттанған ақынның басына оғаш бір ойлар лап қойды “Шынайы
сəттілік дегеннің нағыз мысалы міне тұр... - Сол сəт Рюхин жүк
машинасының платформасына бар бойымен еңселене тұрып,
неліктен екенін кім білсін, ешкім соқтықпайтын шойын адамға тиісіп
қолын көтерді. - Ол ғой қандай қадам жасаса да, өмірде қандай
жағдайға тап болса да - бəр-бəрі тек пайдаға ғана шешіліп, барлығы
атақ-даңққа айналды. Ал ол сондайлық не жасады? Менің миым
жетпейді... “Долы дауыл қарды үйіріп...” деген сөзде алып кетіп бара
жатқан айрықша не бар? Түсінбеймін. Əйтеуір айы оңынан туып
жолы болған да! - деп Рюхин ойын ашына қорытып үлгергенде,
астындағы жүк машинасының қозғалғанын сезді. - Бұл ақгвардияшы
неме мұны əлсін-əлі атып, жамбасын қаусатты да, өлмес өмірін
қамтамасыз етті...”
Колонна қозғалды. Мүлдем сырқат жəне тіпті қартайып кеткен ақын
екі минөттен аспай Грибоедов айбанына кірді. Ол босап та қалыпты.
Бұрыштағы бір топ алдарындағысын ішіп болып та қалыпты,
олардың ортасында тебетейлі таныс конферансье дедек қағып жүр,
қолында “Абрау” бокалы.
Орамалдар артынған Рюхинді Арчибальд Арчибальдович жылы
шыраймен қарсы алып, оны табан аузында қарғыс атқыр шүберектерден арылтты. Клиника мен жүк машинасында əлгіндей азап
шекпегенде Рюхин емханада көргендерін, егжей-текжейлеп ойдан
қосып əдемілеп-ақ əңгімелеп беретін еді. Ал қазір оған еш зауқы жоқ,
оның үстіне байқампаздығы бір басына жетіп артылатын Рюхин жүк
машинасындағы азаптан кейін пиратқа алғаш рет тесіле сынай
қарап, ол Бездомный жайын сұрап, тіпті “ай-ай-əй” деп аяушылық
білдіргенсіген болса да, оның ақын тағдырына немқұ-райды
қарайтынын, оны ешбір аямайтынын түсінді. “Жарайсың! Осының
дұрыс!” деп аярланып өзегін өртеген өшпенділікпен ойға шомған
Рюхин шизофрения жөніндегі əңгімені шорт кесті де, өтініш білдірді.
-
Арчибальд Арчибальдович, маған арақ болса...
Пират жүзін жаны ашығандай құбылтып күбір етті.
-
Түсінем... заматта əкеледі, - деп даяшыға қол бұлғады.
Ширек сағаттан соң Рюхин жапа-жалғыз қалып, бүкшиіп балық жеп,
рөмкеден кейін рөмке босатып, ойға батып отырды, өміріндегі
ештеңені де енді өзгертуге болмайды, тек оны ұмытуға тырысу
керек, деп түйді.
Басқалар думандатып тойлап жатқанда ақын жазған бүкіл түнін
босқа жібереді, енді оны қайтып оралта алмайды. Енді тек шамнан
басты көтеріп, түннің қайта оралмастай ғайып болғанын түсіну үшін
жоғарыға аспанға қарау керек. Даяшылар асығыс-үсігіс үстелдердің
дастарқанын сыпырып жатыр. Айбан маңындағы мысықтар таңғы
түрге еніпті. Ақынның мойнына толассыз тағы бір күн мінді.
Жетінші тарау
ҚАТСЫЗ ПƏТЕР
Егер келесі күні ертеңгілік Степа Лиходеевке былай десе: “Степа!
Егер табан аузында тұрмасаңыз сені атады”. - Степа оған
қалжыраңқы, естілер-естілмес үнмен: “Атыңдар, қолдан келгендеріңді істеңдер, ал мен тұрмаймын” деп жауап берер еді.
Тұрмақ былай тұрсын, көзін де аша алмайтындай көреді ол, өйткені
айтқанды істесе, нажағай жарқ ете қап, басын жұлып ап бөлшекбөлшек етіп тастайтын сияқты. Бұл баста зілмауыр қоңырау
дүңгірлеп, екі көздің алмасы мен жабулы қабақтардың арасында
жасыл жалын шеңберлер жүзіп, ол аз дегендей, лоқсытып зықысын
шығарды. Лоқсудың өзін бəз-бір беймаза патефонның үніне
байланыстыдай көрді.
Степа бірдеңелерді еске түсіргісі келеді, бірақ еске түскені жалғыз
ғана - кеше қайда екені белгісіз қолына сүлгі ұстап тұрып ол бір
келіншекті сүймек болғаны жəне оған келесі күні тура түс əлетінде
қонаққа келемін деп уəде бергені. Келіншек одан бас тартып: “Жоқ,
жоқ, ертең мен үйде болмаймын” деп сылтауратты, Степа болса
айтқанынан қайтпай: “Ал мен айттым - болды, келемін” деп қасарды.
Ол қандай келіншек, қазір уақыт қанша, бүгін қай күн, қай ай екенін
Степа жалпы білмейді, ең жаманы қайда жатқанынан да хабары жоқ.
Тым құрығанда қайда жатқанын ажырату үшін сол көзінің
желімдегендей жабысып қалған қабағын ашты. Қара-көлеңкеде
жарық сияқты көмескі бірдеңе бұлдырады. Ақыры, Степа трюмоны
таныды да, шалқасынан түсіп өз кереуетінде, яғни бұрынғы зергер
бикенің кереуетінде, соның жатын бөлмесінде жатқанын түсінді. Сол
сəт басына бір ой сарт ете қалды да, көзін жұмып, ыңырси бастады.
Мəн-жайды баяндар болсақ, Варьете театрының директоры Степа
Лиходеев таңертең өз пəтерінде оянды. Ол Садовая көшесінде
тыныш жерге орналасқан алты қабат үлкен үйдегі марқұм Берлиоз
екеуі тең бөліп тұрып жатқан пəтер болатын.
Атап айтқан абзал, №50 бұл пəтердің көптен бері жаман
болмағанымен, оғаштау аты шығып кеткен. Бұдан екі жыл бұрын
оның иесі зергер де Фужеренің жесірі болатын. Елу жастағы
қадірімен һəм іскер əйел Анна Францевна де Фужере бес бөлменің
үшеуін жалға беретін: тұрғындарының біреуінің фамилиясы шамасы
Беломут болуы керек, екіншісі аты-жөнін жоғалтып алған.
Екі жыл бұрын бұл пəтерде түсініксіз бір оқиғалар басталды, одан
кісілер із-түзсіз жоғалып кететін болды.
Бірде демалыс күні пəтерге милиционер келіп, алғы бөлмеге екінші
тұрғынды (əлгі фамилиясынан айырылған) бірер минөтке милиция
бөліміне кіріп, бірдеңеге қол қоясың деп шақырады. Тұрғын Аннан
Францевнаның көптегі адал үй қызметшісі Анфисаға біреу-міреу
телефондаса он минөтте оралады деп айтарсың деп, ақ қолғапты
əдепті милиционерге еріп кетеді. Бірақ ол он минутты былай қойып,
жалпы оралмай қалады. Бəрінен де таңқаларлығы онымен бірге
милиционер де жойылып кетеді.
Құдайшыл, ашығырақ айтқанда, ырымшыл Анфиса қатты
қобалжыған Анна Францевнаға турасын айтып, бұл дегенің
сиқыршылық, тұрғын мен милиционердің екеуін бірдей дуалап алып
кеткеннің кім екенін білемін, бірақ түн жамылып отырып оны айтуға
болмайды, деді. Ал сиқыршылықтың басталуы мұң, сосын оны
ештеңемен тоқтатуға болмайтыны аян. Екінші тұрғынның дүйсенбіде
жоғалып кеткені есте, ал Беломут сəрсенбіде жерге сіңіп кеткендей
ұшты-күйді жоқ болды, рас, ол басқа жағдайда жоғалды. Ертеңгілік
əдеттегідей оған машина келіп, қызметіне алып кетті, бірақ ешкімді
де кері қайтарып əкелген жоқ, машинаның өзі де оралмады.
Беломут ханымның қайғысы мен үрейін бейнелеп болмайды.
Əйткенмен қайғы да, үрей де көпке созылған жоқ. Сол түні Анфиса
екеуі, неліктен екені белгісіз Анна Францевна асығыс аттанған
саяжайдан оралғанда олар азаматша Беломутты пəтерінен таба
алмады. Табылмағаны аз болғандай, ерлі-зайыпты Беломуттар
тұратын бөлменің есігін пешаттап тастапты.
Екі күн əрең-əрең өтті. Осы мерзімде ұйқысыздықтан жапа шеккен
Анна Францевна қайтадан асығыс-үсігіс саяжайға кетті... Содан оның
оралмағанын айтудың қажеті бола қоймас.
Жалғыз қалған Анфиса мауқы басылғанша жылап, сағат түнгі бірден
кеткенде ұйықтауға жатты. Оған одан əрі не болғаны белгісіз, алайда
басқа пəтерлердің тұрғындары №50-де түні бойы бəз-бір тарсыл
естіліп, электр жарығы терезелерінен таң атқанша сөнбегенін айтып
жүрді. Ертесіне Анфиканың жоқ болғаны айқындалды.
Бұл үйдегілер ғайып болғандар мен қарғыс атқан құтсыз пəтер
хақында əралуан аңыз əңгімелерді ұзақ айтып жүрді... Мəселен, олар
мына іспетті. Əлгі қурап қалған құдайшыл Анфиса семіп солып
қалған омырауында бойтұмар тəрізді күдері қалташада Анна
Францевнаға тиесілі ірі-ірі бес гауһар тас пен патша құймасындағы
алтын теңгелерді сақтапты-мыс. Басқалары да осы тектес.
Білмегенімізге кепілдік бере алмаймыз.
Қалай болғанмен де пəтер пешатталып бір апта ғана бос тұрды да,
сосын оған зайыбымен марқұм Берлиоз жəне əлгі Степа, ол да
жұбайымен кеп қоныстанды. Лағынет жауғыр сол пəтерге көшісіменақ оларды да бір бəлекет шыр айналдыруы əбден табиғи сияқты.
Атап айтқанда, бір айдың ішінде екеуінің де зайыптары ғайып болды.
Бірақ олар із-түзсіз кеткен жоқ. Айтуға қарағанда, Берлиоздың
жұбайын біреулер Харьковтан бір балетмейстермен жүргенінен
көріпті, ал Степаның зайыбын Божедомкадан тауыпты. Сумаң
сөздерге қарағанда, варьете директоры тамыр-таныстарын
пайдаланып, Садовая көшесінде қайтып қараңды көрсетпе деген
шартпен əйеліне одан бөлек бөлме алып беріпті.
Сонымен, Степа ыңырсып жатыр. Үйкүтуші Груняны шақырып,
пиромидон сұрамақшы еді, бірақ ол ойынан тез тайды. Одан дəрі
сұрау ақымақтық. Груняда пиромидон, əрине, жоқ болар деп шешті.
Көмекке Берлиозды шақырмақ боп, “Миша... Миша...” деп екі рет
қыңқылдады, бірақ, өздерің де неліктен екенін білесіңдер, жауап ала
алмады. Пəтерді құлаққа ұрған танадай тыныштық басты.
Аяғының башпайларын қозғап, Степа шұлығымен жатқанына көз
жеткізді, шалбармен жатқан, жатпағанын анықтау үшін дірілдеген
қолымен мықынын сипап көріп еді, анықтай алмады.
Ақыры, өзінің ешкімге керек болмай жалғыз қалғанын көріп, ешкімнен
көмек жоғын сезіп ол қанша адами күш-жігер жұмсау керектігіне
қарамастан көтерілуге бел буды.
Степа жабылып қалған қабағын күшпен ашып, трюмоға қарағанда,
шашы қобырап, бет-аузы іскен, аузы-басын қап-қара тікірейген түк
басқан, көзінің алды күлтеленген, галстук таққан жағалы жейдесі
кірлеген, шұлығын шешпеген дамбалшаң пенденің бейнесін көрді.
Өзін ол трюмодан осылай көрді, ал қатарындағы айнадан қара киген
қара беретті белгісіз бейтаныс адамға көзі түсті.
Степа кереуетке отыра қап қанталаған көзін белгісіз жанға
бажырайтты.
Үнсіздікті əлгі белгісіз кісі бұзды, баяу да зілді үнмен шетелдік
мақамын жасырмай былай деді:
-
Қайырлы күн, асқан əдемі Степан Богданович!
Тағы да үнсіздік орнап, сосын өзін зорлап керемет күш жұмсап Степа
тілге келді:
Сізге не керек? - деп ол өз даусын өзі танымай қайран қалды.
“Сізге! дегенде сызылта шығарып, “не” дегенді гүж еткізген ол “керек”
дегенді дұрыстап айта алмады.
Бейтаныс жылы шыраймен мырс етті де, қақпағында үшкіл жауһары
үлкен алтын сағатын алып, он бір мəрте сыңғырлатып, сөзге кірісті:
Он бір! Сіздің оянуыңызды тұп-тура бір сағат күтіп отырмын,
əлде маған сағат онда бол деп уақытты өзіңіз белгілеген жоқ па
едіңіз? Міне, мен келдім.
Степа жанындағы орындықты сипалап шалбарын іздеп күбір етті.
Кешіріңіз... - Шалбарын киіп боп, қырылдаңқы дауыспен: Мархабат етіңіз фамилияңызды айтыңызшы, - деп өтінді.
Оған сөйлеу қиын еді. Əрбір сөз сайын біреу миына ине сұғып
алғандай, басы қияметтей қатты ауырады:
Қалайша? Сіз менің фамилиямды да ұмытып қалғансыз ба? -деп
жымиды бейтаныс.
Ғафу етіңіз... деп қырылдаған Степа ішудің, ақыры жаңа кеселге
соқтырғанын сезді: оған кереуеттің алдындағы еден əлде қайда
сырғып, оның өзі басымен төмен қарай ұшып, құдай ұрып о дүниеден
бір-ақ шығатындай сезілді.
Қымбатты Степан Богданович, - деп сөз бастады қонақ қулана
жымиып, - ешқандай пиромидон сізге көмектеспейді. Одан да ежелгі
дана ережеге бағыныңыз - қардың басын қар алады, зəрдің басын
зəр алады. Сізді өмірге қайта оралтатын екі стопка арақ пен ыстық
тамақ.
Қанша ауырып тұрғанымен Степа айлакер адам болатын, өзін енді
мынадай күйде көрген соң, барлығын да мойындау керек деп
ойлады.
-
Ашығын айтқанда, - деді ол тілін əрең қозғап, - кешкісін ептеп...
Енді аржағын айтпаңыз! - деп келермен астындағы
мамықтағымен аулақ сырғыды.
Степа көзі атыздай болып, кішкентай үстелден жасақтап əкелген
подносты көрді, онда не жоқ дейсің - туралған ақ нан, вазаға салынған қара уылдырық, тəрелкедегі маринадталған ақ қозықұйрық,
кəстрөл де бос емес, ең бастысы зергер бикенің графиніне толтырылған арақ бар. Степаны айрықша таңғалдырғаны - графиннің
суықтан тершіп тұрғаны. Айтқандай, о жағы түсінікті, ол мұз
толтырылған шайқама ыдысқа салынған екен ғой. Бір сөзбен
айтқанда, дастарқан тап-тұйнақтай болып білгірлікпен жасалған.
Бейтаныс Степаның таңданысын сырқат деңгейіне жеткізіп
өрістетпес үшін, оған асқан ептілікпен жарты стопка арақты ұстата
қойды.
-
Ал сіз ше? - деп шиқылдады Степа.
-
Ықыласпен!
Секектеген қолымен Степа стопканы аузына апарғанша, бейтаныс өз
стопкасындағыны бір деммен тартып салды. Уылды-рықтың бір
кесегін шайнап отырып Степа əреңдеп тіл қатты:
-
Ал, сіз неге ас алмай отырсыз?
Айтқаныңызға құлдық, ішкеннен кейін бірден жей қою менің
салтымда жоқ, - деп жауап қатқан бейтаныс екінші қайтара құйды.
Кəстрөлді ашса ішінде қызанақ сап пісірген шұжық бар екен.
Міне енді көздің алдындағы жасыл жалын сейіліп, ауыздан сөз де
шыға бастады жəне ең бастысы Степаның есінде бірдеңелер
қалыпты. Атап айтқанда, кешегі шаруа - скетчтер авторы Хустов-тың
саяжайы Сходнада болыпты. Степаны оған Хустов таксомо-тормен
апарған. Тіпті таксомоторды “Метрополь” маңынан жал-дағандары да
есінде қалыпты, сонда актер ме, актер емес пе, қол шабаданына
патефон салған біреу болып еді. Иə, иə, бұл саяжайда болған жайт.
Жəне бір есте қалғаны - əлгі патефонды қосқанда иттердің ұлығаны.
Тек анықталмай қалғаны Степаның сүйем деп ұмтылған келіншегі, ол
кім екенін сайтаным біле ме... шамасы радиода қызмет етсе керек,
бəлкім онда істемейтін де болар.
Сөйтіп, кешегі күн аз-аздап айқындалды, ал Степаны қазір бүгінгі күн
əлдеқайда көбірек қызықтыратындай, əсіресе жатын-жайға беймəлім
кісінің кіруі, жай да келмей арағы мен тамағын ала келуі бір жұмбақ.
Міне, осыны анықтап алса жаман болмас еді.
-
Ал, енді не, менің фамилиям есіңізге түскен шығар деп сенемін.
Степа болса қысыла жымиып, қолын жайды.
Əйтсе де сіздің арақтан кейін портвейн ішкеніңізді сезіп
отырмын. Айналайын-ау, олай жасауға бола ма екен!
Осының бəрі екеуміздің ғана арамызда қалсын деп сізден
өтінгелі отырмын, - деп сұрана қарады Степа.
О, əрине, əрине! Алайда Хустов үшін жауап бере алмайтыным
өз-өзінен түсінікті ғой.
-
Ал сіз Хустовты да білуші не едіңіз?
Кеше сіздің кабинетіңізде ол дарабозыңды шала-шарпы ғана
көріп қалдым, бірақ адамның оңбаған, өсекші, жандайшап, жағымпаз
екенін білу үшін бір-ақ рет көз жүгіртудің өзі жетіп жатыр ғой.
“Айтқаны айна-қатесіз!” деп ойлады Хустовқа берген мінезде-менің
дұрыстығы мен дəлелдігіне қайран қалған Степа.
Рас, кешегі күн бөлшектерден құралады, бірақ варьете директоры
алаңдаудан арылған жоқ. Мəселе кешегі күнде далиған қара тесіктің
үңірейіп тұрғанында. Қалай дегенмен мынау берет киген бейтанысты
кеше Степа өз кабинетінде көрген жоқ.
Қара магияның профессоры Воланд, - деп Степаның қиналып
тұрғанын көрген келермен тіке айтты да, бəрін рет-ретімен
баяндады.
Кеше күндіз ол шетелден Мəскеу түсіпті де, бірден Степанға келіп,
варьетеге өз гастролін ұсыныпты. Степа Мəскеу облыстық
көрермендер комиссиясына телефондап, бұл мəселені келісіпті
(Степа бозарып кетіп, көзін жыпылықтатты), жəне профессор
Воландпен жеті көрсетілімге келісім-шартқа қол қойыпты (Степаның
аузы аңқиып қапты), кейбір жайттарды нақтылай түсу үшін ол сағат
онда келетін боп келісіпті... Воланд міне сол үшін келіп тұр.
Келгенде оны үйкүтуші Груня қарсы алып өзінің де жаңа келіп
тұрғанын, келіп істейтін қызметші екенін, Берлиоздың үйде жоқтығын,
егер келермен Степан Богдановичті көргісі келсе, жатын жайға өзі
кіруін айтыпты. Степан Богданович қатты ұйықтап жат-қандықтан
оятуға батпайтынын баяндапты. Степан Богданович-тің қандай
жағдайда екенін көрген соң əртіс Груняны таяудағы гастрономға арақ
пен тамақ, ал дəріханаға мұз, тағы басқа бірдеңелер əкелуге
жіберіпті.
Сізбен есеп айырысуға рұқсат етіңіз, - деп тірі өлік болып
отырған Степа тістеніп, əмиянын іздей бастады.
О, қандай əурешілік! - деп дауыстаған гастролер, қайтып ештеңе
тыңдағысы келмеді.
Сонымен, арақ пен тамақ түсінікті болды. Сонда да Степаға қарау
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Майталман шебер мен маргарита - 06
  • Parts
  • Майталман шебер мен маргарита - 01
    Total number of words is 4188
    Total number of unique words is 2185
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 02
    Total number of words is 4307
    Total number of unique words is 2150
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 03
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2321
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 04
    Total number of words is 4091
    Total number of unique words is 2369
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 05
    Total number of words is 4231
    Total number of unique words is 2275
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 06
    Total number of words is 4275
    Total number of unique words is 2183
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 07
    Total number of words is 4179
    Total number of unique words is 2056
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 08
    Total number of words is 4162
    Total number of unique words is 2288
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 09
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2258
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 10
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2360
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 11
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2204
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 12
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2334
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 13
    Total number of words is 4076
    Total number of unique words is 2131
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 14
    Total number of words is 4303
    Total number of unique words is 2195
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 15
    Total number of words is 4283
    Total number of unique words is 2173
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 16
    Total number of words is 4122
    Total number of unique words is 2215
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 17
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2274
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 18
    Total number of words is 4328
    Total number of unique words is 2150
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 19
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2195
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 20
    Total number of words is 4323
    Total number of unique words is 2138
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 21
    Total number of words is 4279
    Total number of unique words is 2228
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 22
    Total number of words is 4275
    Total number of unique words is 2177
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 23
    Total number of words is 4051
    Total number of unique words is 2294
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 24
    Total number of words is 4132
    Total number of unique words is 2321
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 25
    Total number of words is 4367
    Total number of unique words is 2146
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 26
    Total number of words is 4184
    Total number of unique words is 2326
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 27
    Total number of words is 2124
    Total number of unique words is 1367
    38.1 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.