Latin Common Turkic

Қазақ солдаты - 20

Total number of words is 4061
Total number of unique words is 2182
33.5 of words are in the 2000 most common words
48.0 of words are in the 5000 most common words
55.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
арналған «əйеліміз үшін!» деп те ұғуға болатын еді. Мен де сол Самед
айғайлаған күйін өзгертпей оң жағыма қарай асырып салдым... Бұ да
көпшіліктің, жүрегіне дəл тиген екен алыстаған сайын өсе түсіп, күркірей
түсіп, оң қанатқа жеткенше қомақтанып алды.
— Дұрыс, дұрыс! — деген сүйемелдер де айтылып жатыр.
Айқастың, қандай қарбалас кезінде де бір жақ шеттен салынған кейбір
ұрандар ұзын шепті он орап қайтса да өзгермей келеді. Көп ауыз
қайталаған сайын қасиетті мағынасы көкірегіңе нығыздала түсіп, алға
қарай жетелей береді.
Менің, оң жағымда бір даусы əлсіз жауынгер келе жатыр. Даусы
қарлықпаған да, қорқып та келе жатқан жоқ, болымы сол-ақ... Денесі де
қораш. Өзгемізден гөрі аяғын тезірек басқанмен адымы қысқа болу керек,
басы бұлғаңдап, кейінірек келеді. Жау окобына кездесіп қалғанымызда
менің алдымнан екі ұзынтұра қаша жөнелді. Оның алдында үш автоматшы
бұғып отыр екен. Біздің жауынгер етпетінен түсті. Автомат оқтары қырқып
түсірді. Мен өз алдымнан тұра жөнелгендерді оқпен түйреп үлгіргенше,
таныс, əлсіз дауыстың — «Отан үшін!» — деп қалғанын естідім. Аздан соң
жарқ етіп гранатасы да жарылды.
Зеңбірек оқтары тағы бір ілгері жылжып кеткенше, біз сол окопқа бұға
тұрдық. Жаңағы əлсіз дауыс құлағымнан кетпей, кім екенін, не күйде
екенін білгім келді. Өзі де өліпті, бірінің, үстіне бірі құлап, қаны-жыны
араласып үш автоматшы да серейіп жатыр.
— Сен бұл жауынгерді абайлап па ең, Костя? Даусы тіпті болымсыз
еді... Өзі ауру ма деп қалып ем... Гранатасын өзі өліп болған соң,
лақтырғандай көрініп кетті! Heмене жауды жастана құлағанын білген де
жоқ... Мен ерлік деп осындай өлімді айтар ем! — деді Петя, менің қасыма
келіп. Көзіңнен жас шығып кету, жылау емес, əрине. Ішіміздегі ең қатал
мінезді жауынгеріміз Петя көзінен ыршып неткен ыстық тамшыға ие бола
алмай қалды.
Манадан бір жалғанып, бір үзіліп, дамп алмаған үлкен ура енді жауар
бұлттай түгел торлап, қараңғы түнді кернеп келеді.
— У-р-р-ра!!!
— У-р-р-ра!!!
Дыбыссыз əрпіне дейін күркіретіп созуға келетін жалғыз сөз, ендігі
бөгесінге қарама, қалаға кір дегендей əмір етеді. Əрбір жауынгер манадан
іркіп келе жатқан жігерінің екпінімен зымырап жөнелді. Бұл біздің үш
тəулік күткен сəтті кезеңіміз. Бар солдатта бір-ақ ой бар. Ол —
қатарындағы жауынгерден бір адым болса да озық отыру. Ерсілі-қарсылы
соққан «ура!» толқыны аяғыңа күш түсірер емес, өзі көтеріп əкеле жатыр.
Сонымен бірге, сен өзім дегенді ұмытып, алға ұмтылған көп қолды бір-ақ
адамдай, тұтас сезінесің. Үдете соққан «ура!» теңіз толқынындай лықсып,
қаланың үстін басып бара жатқандай, жоғары шығып алған.
Біз теңізшілер клубының маңайына жеткенде, от ішінде шайтандай
секіріп, зытып бара жатқан жау əскерлерін көрдік. Солдат бойындағы
қаруына дейін тастай қашса, оның ар жағында дəл бүгінгі жеңілістен гөрі
де ауырырақ бір сүргін жатады.
Өрт сəулесінде үйдей көрінген матрос, екі бүктетіліп, шойнаңдап барып
қашқан жаудың арт жағынан екі рет граната лақтырды. Содан кейін, бізге
қарай ақсаңдап басып бір-екі аттады да, тұрып қалды, Енді денесі екі
жағына кезек толқып кетіп, əрең-əрең құлап кетпей тұр. Басын байлап
алған ақ шүберектен қаны сорғалап, сол жақ бетін түгел жуып кетіпті.
Автомат ұстаған оң қолын менімен құшақтасқысы келген түрде оңтайлай
берді. Өрт сəулесіне жарқырай шағылысып, жалғыз оң көзі ғана көрінеді.
Құшақтаса кетуге мен де құшағымды аштым. Матрос бар денесімен
лоқсып қап, кеудеме келіп тірелді де, ұйықтап кеткендей, қимылсыз тұрып
қалды. Мен құшақтай алып:
— Тірімісіңдер, бауырлар... — дедім. Ол маған:
— Қолыңды тартшы, достым... Арқамда сау жер жоқ, — деді. Арқасы
да ышқынып, майысып кетті. Қолымды тез тартып алып ем, алақаныма қан
жұққан екен.
Əшейінде қатты қалжыңдасатын жаяу əскерлер мен матростар қазір
жаппай құшақтасып жатыр:
— Құтқардыңдар, достар!..
— Шыдап та бақтыңдар, ерлер! — деседі. Ыршып кеткен көз жастары
да жалт-жұлт етеді. Ұзақ құшақтасуға да уақыт жоқ.
— Алға! Алға! — деген Мирошниктің даусы танылады.
— Бері қарай! Бері қарай! — деген Ревякиннің даусы алдыңғы жақтан
шығады.
— Петя, Самед, Володя, Костя! — десіп, əр бөлімнің жауынгерлері əрі
түгендесіп, əрі қайта табысып барады.
— Қашты, қашты!.. Ұр, соқ, тапа! — деген дауыстар шабуылдың қолтөмпеш кезеңіне кіріп қалғанымызды аңғартады.
Матрос бар салмағын маған салып, əлі сүйеніп тұр. Əл-дəрмені біткен,
көрініп тұрған жалғыз көзден қуаныш жасы бұршақтай домалайды.
Матросты бір құлап жатқан тас аққудың үстіне отырғыза беріп:
— Сен енді дем ал, жолдас... Қазір санитарлар да келер... — дедім,
ілгері қарай жүгіре жөнелуге ыңғайланып. Матрос иығыма аюдай асыла
құшақтай алып тұра келді де:
— Дем ал!.. Алға деген əмір жалғыз саған ғана айтылған ба екен? —
деп, жұлқынып алға қарай ұмтылды. Сылти адымдап, қиралаңдай секіріп,
біраз ғана жер менімен қатарласып отырды да, кейіндей берді. Толып
жатқан жарасын елегісі келмей, қарлығып қалған даусымен «Ұр! Тапа
жыланды»! деп, кек күшімен ғана жүгіріп келе жатқан адамның азабына
мен шыдай алмай, озып кеттім.
— Алға!.. — деп қырылдаған дауыс қала барды.
Орыс ұлдарының əрнеге де шыдамдылығында шек жоқ сияқты. Қырық
жерден қаны сорғалап жатса да қыңқ ету дегенді білмейді олар. Түнде
кездескен жаралы солдат та, мына матрос та сол шыдамды орыс ұлдары
еді. Бірі айқасты тағы бір көргісі келіп, басымды жоғары көтеріп
отырғызып кетіңдер деп еді, бірі, міне, — əл-дəрменнің бар-жоғына
қарамай, айқасқа тағы бір кіргісі келеді. Мүмкін, бұл — өмірмен оңай
қоштаса алмаудың бір белгісі болар, мүмкін, бұл — «Сұңқар жырының»
əсері болар. Мүмкін... Горький жырлаған сұңқары осылар болар...
Таң ата жау қолы жығыла-сүрініп, құлай қиратылып қаладан шықты.
Бұл шегіну емес, апалаң-топалаң, қашу еді. Қашу деген əскер өміріндегі ең
бір абыройсыз, ашылған шашылғаныңа қаратпайтын хал. Осынша үркіп,
осынша апатқа ұшырап бара жатқан жау қолы тағы да есін жиып, тағы да
қарсыласар-ау деп ойлай алмайтындайсың!.. «Ақ табан шұбырынды» деген
сияқты, сай-сала, жіңішке соқпақтармен шұбырған босқын «Алқакөл
сұламасына» қарай өтіп бара жатыр. Таланып қалған бұралқы иттей,
артына бұрылып арс етуге де шамасы жоқ, əр тасадан бір қылт етіп қалады.
Арса-арса боп сүйегі ғана қалған үлкен қала əлі түтіндетіп жатыр.
Қаланың кейбір жерлері құлап та болған, жанып та болған; ескі моладай
опырылып, түтін де жоқ, үн де жоқ, сарала күлге айналып, үйіліп қалған.
Бұл маңайда ит те үрмейді, мысық та жолыңды кесіп өтпейді. Денесіндегі
жараларын күнге тосып, қала дəрменсіз талықсып жатқандай сезіледі.
Осы үйілген күлдерге, опырыла құлаған үйлерге тіреліп, тоқтап қалған
көп машиналар тұр. Алдыңғы жағын қирата жол салып барып, ақырында
кептеліп қалған танкылар көп көшелерді тығындап тастапты. Орта
көшелердің көбі осындай сығылысып, соқтығысып, шайнасып қалған көк
темір, жаяу адамды да өткізбейді.
Біз қашанғы əдетіміз бойынша, қалаға бұрын кіріп, соң шығамыз...
Қазір жарым-жарты сау қалған үйлердің астына түсіп, төбесіне шығып,
бұғып қалғандарды тұтқынға алып жүрміз. Бет-ауыздары қарала, торала,
тізелері күстен жылтырап тұрған екі жүздей адамды Сережа мен Самед
соңымыздан айдап келеді.
— Сендердің қаруларың қайда? — дейді Вася Гришин, əрқайсысына бір
төніп. Тұтқындар көшеде шашылып жатқан автоматтарды нұсқайды:
— Əне жатыр ғой!.. Аз көріп тұрмысың? —дегендей, Васяға ренжіп
қарасады.
Екі көшенің бұрышында шойын бағанға соғылып тұрып қалған жеңіл
машинаның есігін ашып, Петр қатал жекіріп тұр:
— Шық бері, екі иттен жаралған үшінші ит! — дейді кіжініп...
Машинадан тоңқайып шыға берген біреудің арты көрінеді. Өзі күйіппісіп тұрған Петя ондай қорлықты көтере алсын ба, шегіне беріп ауыр
өкшемен теуіп жіберді. Енді сарт етіп машинаның, арғы бүйіріндегі есігі
ашылып кетті де, шаш кендірдей ұйпалақтанған сары шашы дудырап, ұзын
бір офицер етпетінен құлай жерге түсті:
— Плен плен! — деді офицер. Осы сөзді көптен жаттап жүргендей,
құлап жатса да өте дұрыс айтып жатыр.
Қара шұбар киінген офицерге Петяның жаны қас. Біз «тоқта!» деп
қалғанша болмай, Петя офицерді автоматымен осып-осып қалды. Əлі де
«плен» дегісі келіп, қыбырлап жатқан офицер ернінен енді бұрқырап қызыл
көбік көріне бастады...
Бұл қылығын ұната қоймағанымызды танып, Петр офицердің
қалтасынан қағаздарын тез суырып алып, маған ұсынды. Мұнысы
«атқаным фашист офицері, обал да емес, күнə да емес» деп ақталған
дағысы еді.
Офицердің, жаны қысылғанда да жан қалтасынан суырып тастауға қия
алмаған бір коробканы суырып алып, Петр Володяға ұстата салды:
— Жақсы темекіге жаның құмар ғой сенің... Мə! Өзіміздің темекі!..
Коробка өзімізге таныс, кəдуілгі «Золотое руно»... Володя оны темекі
деп қалып, саусағының ұшымен ғана ала бергенде, салмақты коробка жерге
түсіп кетті. Қақпағы ашылып, екі алтын сағат, асыл тасты алтын білезіктер,
сырғалар көрініп қалды.
— Осындай бандитті офицер деуге бола ма? — деді Петя, енді біржола
ақталған үнмен...
Қала əлі жанып жатыр. Кейбір дақ түспей сау қалған үйлерді көргенде
таң қаласың. Ондаған көшелерді аралап шықсақ та қала халқынан бір адам
кездестірген жоқпыз. Көбі ертерек басқа жаққа кеткен қалғандарын жау
қолы қырып тастаған. Қара теңіздің шығысындағы ең үлкен бекініске
айналдырған қалада совет адамын қалдырмаған. Өрттен кейін қара
жамылғандай қап-қара болып жатқан үлкен қала, тұнжырап, түнеріп тұрған
үлкен үйлер бəрі де «кегімді əпер!» деп қатал бұйырып тұр. Қаланың оң
жақ шетіне таман, құлаған моладай опырылып жатқан тас үйдің тұсынан
өте бергенімізде Володя маған бір қарап қалды. Еш нəрсе демесе де,
жолдасымның осы қарасынан жүрегім лоқсып қалғандай болды. Ескі, бір
қабат қызыл кірпіш үй...
— Кіре кетейік, Костя... — деді Володя. Оның дір етіп қалған даусынан
сенің тұлабойын, дір етіп қалғандай еді. Бұл күнге дейін аузымызға алуға
жасқанып келген жайдың үстінен түсіп тұрғанымызды мен де сезіне
қалдым. Əрине, мынау опырылып жатқан үй осы Володяның үйі. Əкешеше, туған-туысқанның қайда кеткенін Володя біле алмай қойған. Талай
жазған хатына жауап қайтармаған қызыл кірпіш үй, міне, моладай құлап
жатыр... Үйінен кеткелі үш жылға айналған жас жігіт туып-өскен ұясына
кездесіп қалып, күл-талқан болған үстінен шығып тұр. Ата-анасынан соғыс
басталғалы хабарсыз. Ата-анасы болса, баласынан олар да хабарсыз... Бала
міне, ойран болған ұясын көріп:
— Кіре кетейік, Костя... — дейді. Ол біздің үйге кіре кетейік деп тұрған
жоқ па? Бірақ кіре кететін еш нəрсе жоқ. Үйдің төр бөлмесінде бір қабырға
сау қалыпты. Құлаған кірпішке белшесінен батып, қара сырмен боялған
дөңгелек пеш те орнында тұр.
— Осы үйде тұратын едік... — деді Володя жолдасын молаға əкеліп
тұрғанынан ұялған адамша қысыла сөйлеп. — Мен де осында туып өстім...
Танечканың төсегі мына жерде тұратын...
Володяның жымиғаны жүрегіңді біреу пышақтап жатқандай тиеді.
Володя үйдің əр бұрышына бір барып, ұмыт қалдырған бірдемесін іздеп
жүргендей, үйіліп жатқан кірпіштерді аяғымен ысырып-ысырып қояды. Бір
кезде бөлменің орта деңгейіне тұра қалып, кірпіш сынықтары мен шаңтопырақты көсіп-көсіп жіберді де, содан кейін алақанымен сыпырып күрең
сырлы еденге жетті. Енді бірдемеге қуанып кеткендей, жасаураған көзі
күлімдеп те кетті. Еденнің шаң-топырағын ерсілі-қарсылы сыпырып
жіберіп:
— Костя, көремісің? — деді.
— Көремін, Володя... Төгілген сия ғой, — дедім. Еденге баланың
алақанындай ғана болып қызғылт-көк сия төгілген екен.
— Кішкентай қарындасым Танечка осы араға менің сиямды төгіп алып,
қашан кеуіп болғанша алақанымен басып отыра беріпті... — деді Володя,
қайғы-мұңын ұмыта қалғандай күлімдеп сөйлеп. — Мен, əрине, онша
батырмай шапалақтап алдым... Бесте ғана болса да жазуға құмар еді... Осы
күні бекер шапалақтаған екенмін-ау деп өкінем... ылғи есіме түседі...
Володя енді өзін-өзі қамшылағандай тезірек сөйлеп кетті:
— Ана пешке айырдың ұшымен тырнап жазған «П» əрпін көремісің?
Ол папа дегені!.. «М» — мама дегені... Анау бет-аузын шимайлап тастаған
«В» менің атым... Əлгі шапалақтан кейін өкпелеп менің атымды өшіріп
тастағандағысы... Майданға аттанарда ғана татуласып едік Танечка
екеуміз... — деп, Володя қатты мұңайып, маңдайын пешке сүйеп тұрып
қалды. Туған-туысқанын есіне алуға бөгет жасамай, мен де үнсіз тұра
бердім. Ағасының сиясын төгіп алып, алақанымен басып отыра қалған
кішкене бір сары қыз көз алдыңа келеді... Қазір қайда екен десеңші...
Мұндай бүліншіліктен алыста жатқан өз үйіңді мұңайып есіңе алуың, əрі
салсаң — күнə, бері салсаң — күйректік сияқтанады.
Володя басын пештен тез жұлып алып, пештің үсті-басын тағы да
тексере бастады. Тағы да бірдемеге кездеспей, бұл арадан қозғала
алмайтындай, бөгеліп тұр.
— Костя, Костя! — дегенге жалт қарасам, Володя пешті жеңімен сүртіп
жүріп, «В» əрпін тауып алған екен. Қатарынан үш рет жазылыпты. Біріненбірін сұлуырақ жазғысы келгендей, ағасын сағынған нəресте қара сырдың
ең бір тегіс жеріне «В» əрпін қаз-қатар тізіп қойыпты.
— Қайта-қайта жазыпты... Сағынған ғой Танечкам... — деп Володя
жылап жіберді. Екі жылдан артық бірге өткен өмірімізде Володяның
босағанын көргенім де осы еді. Егіліп жылады.
Қираған қаласының, қайғысы шерлі-шемен кекке айналса, жас
бауырының сағынышы жауынгер жүрегінің басқа бір пернелерін басыпбасып қалғандай еді...
Осыдан бірер сағаттан кейін Тамань мүйісіне қарай қашқан жауды қуып
жүріп кетіп едік. Қара теңіздің шығыс жағындағы Кубань түбегіне қадаған
қазығын біржола суырып, жау қолы сол Таманьға құлап барады. Одан бері
тұрақтар пана жоқ. Басқа уақытта айлар бойы алысатын кеп жерден бір-ақ
көшіп, тоқтар жері Тамань екенін жаудың өзі де білдіріп барады.
Ауыр машина кедергісіз жүйткіп, жау қарасын үздірмей, артқы шаңына
аралас келе жатырмыз. Володя бұрынғысындай ақ жарқын, бұрынғысындай
қалжыңдасып отыр. Бірақ түтіні бұрқырап, ауыр ыңыранып жатқан
қаласына қарай алған жоқ. Түнгі айқасты ұмытқымыз келгендей, бəріміз де
алға қарап отыр екеміз...
7
Тамань мүйісі дүниедегі бір сұлу да жер емес, жайлы да жер емес. Аяқ
бассаң сортаң суы шып-шып шығып, шыпылдап жатады. Құрғағы көп пе,
батпағы көп пе, оны айыру да қиын. Еңбектесең, бауырың малшынады,
жүріп кетсең — қызыл асықтан батып отырасың. Қары еріп, жаңбыры
дамылсыз жауып тұратын март айларында тіпті жер емес...
Батпақты, сазды жерді əуелі жау танкылары тілгілеп кеткен екен, енді
біздің танкылар езіп жүр. Машина іздері жыландай шұбатылып, батпақ
жердің беті айғыз-айғыз. Шалшық суға белуарынан батып, солдат
молалары ғана қараяды. Күнгей беттері құрғағырақ жататын осындай
молалар ғана. Окоп дегендеріміз шомылуға жасалған ойдым-ойдым ұра
сияқты. Батып қалған, жанып кеткен жау танкылері күн сайын аласарып,
батпақ жерге бата түседі.
Өлгем түйенің сүйегіндей сорайып, құлаған самолеттердің сүйегі
жатыр. Бəрі де мойның астына ала құлағандай, қалқайған сыңар қанаттары
мен ырсиған қабырғалары ғана көрінеді. Ойылып қалған машина іздері мен
жазғытұрғы лай су жалқау ғана ағады. Бір жаққа емес, жан-жаққа ағады.
Ертелі-кеш борсыған тұман жер бетінен бір көтерілмейді. Асқар сұлуы
Кавказ бен шымайт Кубань даласынан кейін, Тамань мүйісі тіпті көңілге
қона алмайды... Кавказдың батыс жақ қақпасының алдына төсей салған бір
ескі сырмақ сияқты көрінеді.
Осындай лайсаң жерге үймелеп қалғанымыз — қарсы алдымызда
Қырымның шығыс жақ етегі Керчь жатыр. Арамызда Керчь бұғазы ғана. Ол
жайды əлі жарияламағанмен енді бір секірсек Қырымға барып түсетін
сияқтымыз. Өйткені, Қара теңіздің бұл жағындағы құрғақ жерді түгел
тазалап болып, қазір екі ай бойы осы Тамань сазын езіп жүрміз. Ендігі
бетіміз, əрине, батыс жақ... Қырым...
Бұл арада үйреніп жүрген өнеріміз де басқаша... Катер қайық бір топ
жауынгерді мінгізіп алып, теңіздің бетін жосылта тіліп келе жатады да,
жағаға жақындай беріп жалт бұрылады. Сол кезде сен де қайықтан қарғып
түсіп, жағаға қарай жүзе жөнелуің керек. Жағаға тез шығып, тезірек ата
бастауың керек... Үйреніп жүрген жаңа өнеріміз осы ғана. Суға батып
кетуге, жағаға шыға алмай қалуға рұқсат жоқ!..
Март айының мұздай суық суына қарағың да келмейді. Қаракөк
толқындар жұтардай ұмтылып кеп, суық құшағын ашады. Киіміңе шапшып
қалған бірінші тамшыдай-ақ денең шіміркеніп қалады. Катер қайық биік
толқындарды көлденең кесіп, теңіздің ортасына қарай барады да, жағаға
қарай қатты ағызып кетеді. Толқынның бір қырқасынан екінші қырқасына
атып шығып, енді тұмсығымен тереңді сүзе, сүңгуірдей ағады. Қайық
қырқадан қырқаға атқанда түбі бір тас жолға тигендей ұрып отырғызбай
кетеді. Біріңнен-бірің ұстап, əрең-əрең ұшып кетпей отырасың.
Бір қызық нəрсе, мұздай суға күн бойы малшынып, түн бойы кебіне
алмай жүрсек те, бірде-бірімізге суық өтіп, тұмау тиген емес. Теңіздің
жарым-жарты суын етегіңмен сүйрете қырға шығасың да, сауыттағы
арақтан қылқ еткізіп бір жұтып, күмп беріп қайта теңізге кіресің. Алдыңда
жүйткіп, орғып қайығың жүреді. Етегіңнен алды түскен суды тағы да
сүйрей қайыққа асыласың... Мүмкін, дүниедегі ауру-сырқаудың қақ
жарғысы аурудан сонша қорқатынымыздан болу керек деген ой келеді...
Өзгемізден гөрі Петр Ушаковтың бейнеті ауыр. Ол бір-екі дөңгелегімен
бірге қол пулеметті арқалап жүреді. Гранаталары тағы бар. Қайда болса да
қиынға қарай ұмтылатын жауынгер еш нəрседен тайынбайды да,
ауырламайды да.
Катер қайық көкжал толқындарды бұрқырата шашып, жағаға жақындап
келеді. Самед көзін жұмып, бет-аузын тыржитып, секіруге əзірленіп отыр.
Қазір секіріп түсер суына қарағысы келмейді. Қайық жағаға елу метрдей
қалғанда суды жайқай есіп, бұрыла берді. Автоматымызды жоғары көтеріп
алып, сыңар иықтай құлап жүзіп кеттік. Суға малшынған киімдерің мен
асынған қару-жарағың кейін тартып жүргізбей келеді.
Жағаға бəрімізден бұрын Володя мен Петр шықты. Володя
Новороссийск қаласында туған, жасынан теңіз жағасында өскен жүзімпаз
жігіт. Петр өзінен ешкімді оздырғысы келмейтін мінезі бойынша, қазір
Володямен тайталас шығып жүр. Өзгеміз қырға шығып болғанша ол екеуі
киімдерін шешіп алып, бұрай бастады. Қазір суға қайта түсетін болсаң да
киімдеріңді бұрап, сығып «құрғатып» алуың да міндет...
Турасынан он километрден аспайтын Керчь мүйісінен қаңғырған бір
ауыр снаряд келе жатыр. Батпақ жер ышқынбай, шіміркенбей, бедірейіп
қана бейжай қарсы алатын сияқты. Батпақты сүзе снаряд та түсті, біз де
тұрған-тұрған жерімізге құлай кеттік. Бұрқырап атылған қою батпақ шолпшолп етіп теңізге түсіп жатқаны естіледі.
Бəріміз де қою батпаққа былғанып қара бауырланып тұрдық... Əсіресе,
Петр май батпаққа аунап тұрғандай болыпты. Сылап-сипап, қадірлеп
ұстайтын түксиген мұртын саусақтарымен сыпырып жатып:
— Мұндай иттікті көрген жоқ едім! — деді. Мұртынан еріндеріне келіп
жиналып қалған батпақты былш-былш түкіріп жатып, ұрсып жүр...
Айқас кезінде снаряд, бомба сияқты нəрселерге солдаттың бойы
үйреніп алады да, құлай кетер жерін «тауып» құлайды. Əрбір снаряд
ысылдап, суылдап, тұп-тура саған келе жатқандай болса да солдат бір
жағына қарай бұрылып үлгіреді. Ал, мынадай қаңғырма снарядтан аман
қалғанын солдат ерекше бір тапқырлығым деп санайды. Снаряд жарылды
да, жарықшақтары жан-жаққа қарай бытырап, ұша жөнелген топ бөденеге
ұсап сыр-сыр етіп жоқ болды.
— Петр Афанасьевич, егер жаңағыңызға лайық жауапты кіші лейтенант
Константин, қазақша Қайырғали Capталиевич жолдасша қайтарар болсақ,
ондай ит жауды арт жағынан сіздің тебіспен теуіп, əуелі Қырымнан айдап
шығып, одан кейін тағы бір теуіп, əрине, дəлдеп теуіп, Берлиннің, өзінен
айдап шығаруымыз керек болар, — дейді Володя.
Менің шұбалаң сөйлейтінімді де жанай кетіп, Петрді ыза қылу үшін
əдейі қабаттастырып қалжыңдайды. Петр үндемейді.
— Əрине, сонша қадірлі мұртты осынша былғап алғаныңызды өз
оңтайсыздығыңыздан деуге де болады... Су қанша суық болғанмен
батпақтың жөні өзіне басқа ғой... — деп, Володя əлі Петрді əурелеп тұр.
Петрдің кідірек мінезін танып қалған Самед, жолдастары босқа ілегісіп
қалмасын дегендей, басалқа айтар үнмен:
— Су ештеңе емес-ау... суықтығын қайтерсің,!.. Біздің өзбек халқы өмір
бойы су ішінде жүреді. Ол бір рақат қой!.. Мынадай суық су мен суық
батпақты мен де жан-тəніммен жек көрем! — дейді, əңгіме бетін өзіне
аударғысы келіп.
— Оқа емес, Самед... Суық судан шыға келіп, қызу айқасқа киліксең,
табан аузында жылынып кетесің! — дейді Володя.
Суық суға малшынып жүргеніміз қызу айқас үшін екендігін енді ғана
ұғынып тұрғандай, бəріміз де сол жайды сөйлесіп кеттік. Қашан болар екен
қалай болар екен?.. Өзі суға балықтай жүзетін, кеудесінен жоғарғы жағына
су тигізбейтін Володя бəрімізді де мазақтап қояды.
— Құрметті геолог, осы батпақтың астында да бірдеме болу керек қой,
сіз құлағанда мұрныңызды батырыңқырай түссеңізші, — дейді Васяға.
Қалжыңға олақ Вася, жауапты оңай таба алмай қалып:
— Əрине, бірдеме бар... Тексерілген де шығар, — дей салады.
— Сен Таманьды суретке түсіргенде, Петяны осы күйінде түсіріп
жүрме... Өзіңнің тістерің сақылдап тұрғаны да көрінбесін... Сені біреу
судан жаурап шыққан арық теке екен деп қалар, — деп, Володя енді
Сергейді айналдырып тұр. Су азабы өзгемізден гөрі қаттырақ батқан
жұқалау жігіт Сергей, тырс-тырс етіп тұрған тістерін қанша қатты
басқанмен тырсылдағың қойдыра алар емес. Жақсы қалжыңға ыржия
бергенде-ақ тістері бой бермей кетеді.
Орал тауынан келіп қосылған ұзын бойлы, Семен Зониннан аз-ақ аласа,
Егор дейтін қартаңдау жауынгерім бар еді. Оны бəріміз де үлкен тұтып,
құрметтеп жүреміз. Қатарға тұра қалғанда, оң жағымызда ылғи Егор одан
кейін Самед тұрады. Володя өзгемізді түйрей қалжыңдап, аяғында Егорды
да сипай жанап қойып тұр:
— Сіз, Самед ағай екеуіңіз қандай теңізге кездессеңіздер де батып
кетеміз деп қорықпаңыздар... Бұл маңда сіздің бойыңыздан асар терең, су
жоқ... — дейді.
Ақкөңіл Егор бұған сене қоймаса да бойының ұзындығына сенетіндей
кеңкілдей күліп:
— Біраз жерге дейін аяқтап-ақ, көрерміз... — дейді.
— Ие, ие!.. Аяқтарың түбіне тимесе де, бастарың судан жоғары жүрсе
болғаны, батпайсыңдар...
Володяның қалжыңы ешкімге де жəбір емес, бəріміз де күлісіп
жатырмыз. Жалғыз-ақ Петр теріс қарап тұрған бойы, бірдемені жаратпай
күңкілдеп жүр.
Петя қазір қойын дəптерін батпақтан тазалап жатыр. Дəптерінің əр
тарағын үрлеп қана ашып, ішкі көйлегінің арт жағын тартып алдына əкеліп,
таза жерімен сүртеді. Петр дəптерін пилоткасының қайырмасына
қыстырып, суға тигізбей ұстайтын. Снаряд түсерде өзі жерге алып қойған
пилоткасының үстіне қулап, батпаққа батырып алыпты. Енді соны тазалап
жатыр.
Петрдің дəптерінде соғыс басталғалы өз қолынан өлтірген жаудың есебі
бар. Неше солдат, неше офицер өлтірді, неше танкы, неше машинаны
өртеді, бəрінің есебі айырым-айырым жазулы тұр. Əрбір айқастан кейін,
Петр өз қолынан құртқан жау күштерін бəрімізге бір анықтатып алады да
дəптеріне жазады. Оның өлтірген «адам» күштері əлдеқашан екі жүзден
асып кетті. Ростов, Новороссийск сияқты үлкен қалаларда болған айқастан
Петр өз атына жаудың бір солдатын да қоспады. Ол түгіл, машинадан өзі
теуіп түсіріп, өзі атып тастаған офицерді де қосқан жоқ. Ол «ортақ» офицер
дейді.
Үлкен айқастарда, əсіресе, түнгі айқастарда жауынгер өз қолынан
құртқан жауын көре де алмайды. Ал, бүкіл бір қаланы өз есебіне қосу,
əрине,
ыңғайсыз...
Босатылған
қалалар
қолбасыларымыз
бен
генералдарымыздың есебінде болады дейді Петр.
Петрдің есебін қалжыңға араластырсаң, ол оның бір жанды жері.
Володя оны ойын-қалжыңдарға еріксіз тартқысы келіп:
— Немене, Петя, есеп-қисабың былғанып қалған ба! — деп еді, Петр
оған:
— Жоқ, жолдас... Мен есебімді таза ұстайтын адаммын. Есебім
былғанған да жоқ, былғанбайды да! — деп дəптерден гөрі əріректі
аңғартатын жауап қайырды.
Менің ойымша, Петр соғыстан өте бір қатал мінез алып қайтатын
сияқты. Бос қалжың, еңбексіз, есепсіз уақыт өткізу Петрде болмасқа керек.
Біздің ішіміздегі шын соғыс адамы да осы Петр. Бұл өзгеге қандай қатал
тілек қойса, өзіне де соны қоятын адам. Оның хат алысып тұратын əйел
нəсілі де жоқ, əйел əңгімесіне араласпайды да...
— Соғыстан кейін қандай жұмыста болсаң да, сенің бригадаңда тəртіп
те болып бағар! — дейді оған Сережа.
— Сенің бригадаңда ше? Болмай ма? Жоқ, айналайын, соғыста қандай
еңбектеніп жүрсең, бейбіт шақта да солай қимылдайтын боласың! Сен
немене, келер соғысқа дейін демалысқа шықпақшы ма едің?
Біздің бөлімде Петрмен өзара ыңғайлас жүретін осы Сережа. Бірі толып
жатқан кек пен қайрат, бірі қыздай биязы, əлде қай мінездерімен біріне-бірі
ұнаған да, реті келсе, тізе айырмай жүреді. Сондықтан Петрдің Сережаға
қайтарған жауабында шанышқы да болмайды. Қайта, өзгеге сирек айтар
қалжыңын Петр ылғи Сережа үшін сақтайтын сияқты.
Петр жаңағы жауабының өзі Сережаға тігірек тиіп кетті ме дегендей:
— Костя, мынаған шешеңнен келген хатты тағы бір оқып берші... Кəрі
кемпір үш еркектің жұмысын істеп жүргенін көкейіне құйып алсын... —
деді жылы жүзбен.
Əшейінде тұйықтау болғанмен əңгіме еңбек жағына ауса, Петр қазбалап
сөйлеп кетеді. Күні ертең трактор бригадасын бастап егіске шығатындай
төндіреді.
— Көрсетер едім сендерге!.. — деп құшырланғанда, қара жерді
жосылта тіліп бара жатқан трактор көз алдына келетін сияқтанады.
— Бұ Геленджик деген нəма?.. Онда да су бар ма екен? — деп, Самед
Володяға қадалып тұр. Əуелі əдейі өз тілінде сұрайды да, артынан орысша
айтады.
— Суы бұдан гөрі тереңірек, жағасы бес есе биігірек болады, — дейді
Володя.
— Батпағы жоқ па, əйтеуір?
— Жоқ, батпағы жоқ. Мұрты бар жігіттерге қауіп емес..
Таманьның жайдақы жағасынан бізді Геленджек деген бір жерге
көшірер білем деген хабар тарағалы екі күн болып қалды. Геленджек кейін
қалған бір қойнау, жау көзінен тасарақ жерге барып əзірленетін болсақ,
оның арты бірдемеге соқпай қалмас дегенді əр солдат та ойлайды. Тамань
жағасындай тайыз да, тайпақ та емес, бір жер көз алдыңа келеді. Солдат еш
нəрсені күн бұрын тəптештемейтін əдетімен бұл жайды көп сөз қылмасақ
та, іштей бір биік жағаға, тереңірек теңізге кездесуге əзір де едік...
Терең теңіз бен жат жағадан мен де қорықпаймын. Бірақ осы батпақты
қия алмайтын да бір себебім бар. Осында келгелі Ақботаның хаты келер
күні-ақ келіп қалатын болып тұр. Айғай салсаң даусың жететін жерде
сияқтанады. Анау бір алыстан қызарып көрінетін аласа төбелердің бірінің
маңында Ақбота да бар сияқтанады. Соғыс аяғына жақындаған сайын
барлық майдан тұс-тұстан толқындап кеп бір арнаға құйылмақ. Сол кезде
Ақбота екеуміздің жолымыз да тоғысады. Осыны ойлап алдағы күнге
сеніммен қарасам да, қазір Ақботаны бір көруге зармын...
Мен кейде өлең де айтып қоям... Əдейі өзіміздің жақтың əндерін салам.
Таныс құлаққа шалынса-ақ тұра қалатындай етіп, аянбай шырқаймын...
— Көрінген сонадайдан Гурьевім...
— Бұл не, жазғытұрымның келіп қалғаны ма? — деп, Самед
қалжыңдайды да, Володя:
— Бəрібір, жаппада отырып салған əнді жарың естімейді... Одан да
төбеге шығып алып сал əніңді... — дейді.
— Бəрің де айғырдай азынағалы тұрсыңдар? — деп, шорт кесіп, Петр
шығып кетеді.
Шынында, əнді далаға шығып алып кергітіп салғым келетіні де рас.
Бірақ, оған рұқсат жоқ. Бір жұмыспен өтіп бара жатып, бір жаппадан
шыққан таныс əнді естіп, Ақбота кіріп келсе таңданатын да емеспін. Одан
ар жағы əзір бұлдыр елестейді...
— Жолдас лейтенант, тіл қатуға рұқсат етіңіз! — деп, қолын шекесіне
апарып, алдыңа əйелің келіп тұрса, сен не демексің сонда? Құшақтай
аласың ба, əлде — рұқсат, деймісің?
Етігі тізесіне дейін батпақ, сұр шинельдің етегінен лай тамшылап,
басына сұр құлақшын киіп, иығына автомат асып алған келіншек бір түрлі
ыңғайсыз көрінеді...
Оның үстіне, ол келіншек сенен гөрі үлкенірек офицер болып шығып,
өзің атып тұрып, қолыңды шекеңе бұрын апарып қалсаң қалай болар?
Əйеліммен кездесудің бұл түрі онша ұнамайды да, ішімнен «отставить!»
деп, басқа бір түрін ойлап қараймын.
Мысалы, мен шұлғауымды бүйірі қызарып тұрған темір пешке кептіріп
отырып, «Сəулем-айға» неге баспаймын, оны Ақбота неге естімейді?..
«Сəулем-ай» мен егіз туғандай «Қалқам-ай» да бар ғой. Ақбота неге сыртта
тұрып соған салып жібермейді?.. Нағыз «опера» болып шыға келмей ме
сонда?.. Бірақ соғыс опера емес, кездесудің бұл түрі де ертегі сияқтанып,
ізсіз өшіп, тез жоғалып кетеді.
Соғыс миллиондаған адамды туған-туысқанынан айырып жіберді. Қазір
біздің үйде де жалғыз кəрі шешем қалды. Қанша қайрат шеккенмен оған да
оңай болып қалған жоқ. Соғыс толқыны қазір бетін батысқа бұрды, сол жақ
қанатында мен кетіп барам, оң жақ қанатында — Айдаш... Əлдеқай жерде
Ақбота жүр... Əлдеқайда емес, осы маңда екенін сезінсең де, кездесер кезің
əлі жетпеген сияқты. Ақбота майданда болмай, елде болса, мүмкін бұдан
гөрі жақынырақ, анығырақ сезілер еді.
— Көрінген Гурьевім...— дегенде, Ақботаны да көргендей болар едім...
— Құрметті командиріміз, сіздің жүзіңіздің не себептен мұңайып
кеткендігін білуге болар ма екен?.. Қарауыңыздағы адамдарыңызға бұл
мұңның қуаныш еместігін ескертсек, ызғарлы қабақтың кəріне кездесіп
қалмас па екеміз?.. — дейді Володя. Жаурап шыққан жұртты жылытам деп
ол əлі қалжыңдап жүр.
— Шын жауынгер қайғы-мұң қапасына да түсе қоймас, достым.
Жазғытұрым шақ қой, көшпелі бұлт əлі-ақ сейілер... — деймін, қалжыңға
қалжың жауап қайтарып...
— Жау қапасына күшпен апара алмас батыр, жүрек торына өзі барып
түсер... Советский солдат, содан сақ болыңдар деген Хожа Насреддин... —
деп, жартысын орысша, жартысын өзбекше сөйлеп, Самед ағай да мені
қытықтап қояды.
Хожа Насреддин жайында Самедтің аузы қыбыр етіп қалса болғаны,
бəріміз оны қоршап ала қоямыз:
— Тағы бір əңгімесін айтшы!
— Айды қалай аспанға шығарғанын айтшы!..
— Жоқ... — дейді Самед айтқысы келмесе. — Қайық қазір айналып
келіп қалады...
— Үлгіресің, Самед... Ана топ судан жаңа шығып келе жатыр... Айт...
Айтқысы келсе, Самед орнығып отырып алады да, қайғылы бір əңгіме
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Қазақ солдаты - 21
  • Parts
  • Қазақ солдаты - 01
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2163
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 02
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2108
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 03
    Total number of words is 4133
    Total number of unique words is 2092
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 04
    Total number of words is 4064
    Total number of unique words is 2142
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 05
    Total number of words is 4112
    Total number of unique words is 2242
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 06
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2201
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 07
    Total number of words is 4110
    Total number of unique words is 2267
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 08
    Total number of words is 4062
    Total number of unique words is 2201
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 09
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 2058
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 10
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2113
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 11
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 2030
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 12
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2154
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 13
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2144
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 14
    Total number of words is 4063
    Total number of unique words is 2149
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 15
    Total number of words is 4032
    Total number of unique words is 2124
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 16
    Total number of words is 4067
    Total number of unique words is 2018
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 17
    Total number of words is 4089
    Total number of unique words is 2187
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 18
    Total number of words is 4047
    Total number of unique words is 2190
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 19
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2162
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 20
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2182
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 21
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2106
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 22
    Total number of words is 3985
    Total number of unique words is 2066
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 23
    Total number of words is 3821
    Total number of unique words is 2014
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 24
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2066
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 25
    Total number of words is 1652
    Total number of unique words is 1004
    41.0 of words are in the 2000 most common words
    55.3 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.