Latin Common Turkic

Қазақ солдаты - 13

Total number of words is 4068
Total number of unique words is 2144
33.1 of words are in the 2000 most common words
48.8 of words are in the 5000 most common words
55.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
— Əрине, табылады. Біз таппағанда кім табады оны! Тек аты-жөнін
дұрыстап жазып алайық! — деп, жолдастарым Нинаның аты-жөнін, бар
белгісін жазып алып жатыр. Семен сияқты атақты адамның əйелі жоғалып
кету деген ойға сыя алмай, бəріміз де шын іздеуге кіріскендейміз. Ең
болмағанда, немістердің қолына түсуден аман деген хабарын алсақ та,
Семеннің көңілі бір тынып қалатын сияқтанады. Əуелі ойын-күлкімен
басталған сəтті күніміз, осындай бір күрсініске ұрынды да, қалжыңымыз
тоқтап қалды.
Штабқа кеткен Владимир Толстов қайтып келді. Оның бүгін күн бойы
айта алмай, жасырып əуреленетін бір сыры да бар. Қашан Ревякин келіп
жариялағанша, өзі ұрлықтан ұсталғандай қысылады да жүреді. Оның сыры
бəрімізге де мəлім. Володяның анау күнгі танкыны қалай жойғаны күнбекүнгі соғыс хабарларымен бірге орталық газеттерге басылып шығыпты.
Володя қазір сол газетті алып келіп отыр. Бізге келген хаттарды қолдықолға тапсырды да, газет туралы еш нəрсе айтқан жоқ.
— Володя, қырынбаймысың? — дейді Петр. Володя иегін сипап:
— Жоқ, Петя... Мен тамақ əзірлесем қайтеді? — дейді.
— Немене, су əкеліп шай қоямысың, ет асамысың?
— Əкелсем, əкелейін...
Петр қатал қалжыңдасатын жігіт. Володяны қысып отырып, енді
кішкенеден кейін бар сырын өзіне айтқызады. Мен Володяның қыздай
қызарып, қысылғанын көрмейін деп, Айдаштан келген хатты оқуға
кірістім.
Айдаш Ленинградтың белуардан су окоптарында жатқалы айға
жақындаған. Маған ағалық қамқорлығын істеп, əр кезде сүйемел боларлық
хат жазуға тырысады. Сондықтан кейбір сөздері тым жоғары алынып
кететіні де бар. Айдаш оңтүстік жақта да алтын күз жапырағын төгіп, енді
суық түскенін ескермесе керек. Əнеугі бір хатында жатқан окобыма
саңырауқұлақ шығып кетті, бір жерден табан аудармай қанша
жатқанымызды содан білерсің деп жазып еді. Ленинградты қорғауда
қалғандардың табан тірескен ерліктерінен біздің де хабарымыз бар. Бірақ,
ай бойы окоп ауыстырмай жатырмын дегені артығырақ кеткен... Бұл жолғы
хатында тізеден келген мұзды суға үйреніп алдық. Астың мұз, үстіңнен ақ
жаңбыр арылмайды деп жазады. Танкымен алысқан бірнеше уақиғаларды
да жеңіл ғана, оңай істей суреттейді.
«Сенің бірінші жауың — үрей» деп жазыпты... Соған қарағанда,
батырдың, өзі де қорқу дегеннен əлі арылмаған сияқты. Жауынгер қорқу
деген сезіммен күнде кездеседі. Өле кету ерлік емес, өзің өлмей, жауыңды
өлтіру — ерлік болат та. Айдаш бұл жағын аттаңқырап кетіп əйтеуір маған
қорықпа дегенді айтады.
Айдаш өзі жақсы соғысып жүрген сияқты. Хаттың ортасына ғана
жапсырып жіберген суретіне қарасам, сирек мұрты едірейіп, қабағын түйіп
түсіпті. Екі медаль, бір ордені бар. Өзің көрерсің дегендей бұл жағынан бір
ауыз сөз жазбаған...
Ойым хат сөздерінен Володяға, одан қайта Айдашқа көшеді. Біреуі
азырақ мақтаныңқырап кеткен біреуі міне, баладай ұялып, қысылып отыр.
Қатар алысқан өзге жолдастарынан бұрын орталық газеттерге іліккеннен
қысылып біреуі отырса, біреуі мені тезірек орталық газеттерге бассын деп
тұрғандай...
Газет тілшісі келіп сөйлескенде Толстов көпір басындағы уақиғалардың
бəрін айтып, өз істегенін айтпай келіп еді. Ол жайды мен баяндап бергемін.
Бөлімнің бірге істеген үлкен ісін үстірт сұрап, жалғыз танкыны айналдыра
берді, мен айтпадым деп ренжіп келген. Енді, міне, Петрден қорқатындай
ығыса береді.
Неміс командирінің төсегіне шалқасынан жата кетіп, Петр:
— Володя, бері кел! — деді.— Темекі орайтын газетің бар ма?
— Мен темекі тартпаймын ғой, — деп Володя Петрдің қасына барды.
— Ендеше, қойныңдағы газетті маған бер! Саған оның керегі жоқ...
Ұялған, қысылғанға қарамай, Петр Володяның қойнынан «Правда»
газетін суырып алды да, оқи бастады:
«Оңтүстік майданында Н дивизиясының өжет жауынгері комсомолец
Владимир Толстов жалғыз алысып, жаудың ауыр танкысын жойған...»
Біз шуласып, Володяны құттықтап жатқанда, алыстан ататын зеңбірек
даусы гүмп ете түсті. Ойын-күлкілерің тыйылсын дегендей, жақыннан ғана
миномет арс етіп қалды. Бізді Ревякинге шақырған бір жауынгер де кіріп
келді...
Біздің бөлім түгел жиналған екен. Ревякин орнынан тұрды да, төбемізге
ең ауыр бомба тастағандай етіп:
— Москваға қатер төнді! — деді.
Біз солдатпыз. Солдат əр кезде от ішінде. Жанып жатқан от-түтіннің
қалай қарай ұшып жатқанын көрмейді де, білмейді де. Бірақ, от ішінде
жүрген солдат отын емес. Отты өзі тұтатады, отты өзі қоздырады, өзі
жанбай шығады. Солдат көзі соғысатын жердің картасында болады. Бірақ
ол Отан картасын да ұмытып кете алмайды. Соғыс бұлты қай жерге
төнгенің соғыс өрті қай жерде жанып жатқанын жауынгер жақсы білуге
тиісті. Бүкіл Отан қатер үстінде екенін бəріміз де жақсы білетінбіз. Бірақ
мына қатерді күтпеген екеміз, сенгіміз келмеді.
Сыртта екі жақтың зеңбіректері де қарама-қарсы атысқан үлкен бір
айқас басталып кетті. Аспанның жыртылып жердің дір қалтырағаны терең
қазылған жаппа астында да айқын естіледі. Сыртқа көзің түсіп кетсе,
көтерілген шаң-топырақтан еш нəрсе көрінбей кетіпті. Бірақ мұның бірі де
əсер етер емес, бəрі де үйреншікті істер сияқтанып, ешкім қобалжыр емес.
Барлық үнді, барлық қауіп-қатерді Ревякин айтқан үш ауыз сөздің салмағы
басып кетті:
— Москваға қауіп төнді!
Ревякин бізбен қызбай ғана, ақырын сөйлесіп отыр. Азғана түйіліңкіреп
қас-қабақтары, ұйқысыз түндер мен шаң бораған желден қызарыңқыраған
көздері атой беріп, айғайлап, қадалып та бара жатқан жоқ. Қайта, оның
көздеріне біз қадалып бара жатырмыз. Астанаға төнген қатер салмағын
білуге бола ма, сұрана қалсақ — Москваны қорғасуға жіберер ме еді деген
сияқты, орынды-орынсыз сұрауларымызға жауап күтіп қадаламыз.
— Москваға қатер төнді! — деп аспан күркірейді.
— Москваға қатер төнді! — деп жер тітіреніп жауап береді.
Əрбір үнде бүгін осы мағына ғана қалыпты, басқасы естілмейді де,
сезілмейді де. Өте айқын мағыналы үш сөздің тым болмаса біреуі басқа
болмай тұрғаны-ай деп, біреуін болса да өзгерткің келеді. Құлағыңнан
кіріп, жүрегіңе барып оқтай қадалған үш айқын сөз орнынан да қозғалар
емес. Тым болмаса біреуін жеңілдетсеңші деп, Ревякинге қадалатынымыз
да сол.
Политрук Ревякин біздің ойымызды танығандай, Москваны қорғау
бекіністерінің қай жермен өтіп, қалай құрылып жатқанын айтты. Бекіністер
Москваның өз айналасында да иін тіресіп тұр екен. Бекіністер қазір жау
қолында қалған Украинаның кең даласы мен Белорус халқының мүкті,
батпақты ормандары арқылы да өтіп жатыр. Совет елінің бұрышбұрышында Москва бекінісі салынбаған жер жоқ екен. Қарағандының
көмірі арқылы да, Алтай мен Балқаштың мысы мен қорғасыны арқылы да
өтіп жатыр. Көмір мен темір, қорғасын мен мыс, бидай мен мақта, мал мен
мұнай, менің ұққан ең мықты бекіністерім осылар болды.
Ой сүйрелеп, туған еліңе əкетеді. Майданда бұршақтай құйылып тұрған
оқты беріп жатқан Қоңырат пен Балқаш, Жезқазған мен Шымкент, Алтай
көз алдыңа келеді, уақытша жау қолына түскен Донбастың орнына тұра
қалған алып Қарағандыны көресің. Құлағың политрук Ревякиннің сөзін
есітіп отырса, көз алдыңа осындай берік бекіністер, алдырмас қамалдар
келеді. Ауыр снарядтар аспанға атқан қарабұйра шаң-топырақтан Доссор
мен Мақаттың, аспанға атқан мұнайын көргендей боласың. Сыртта
бытырлаған мылтық пен пулемет емес, шауып өтіп бара жатқан көп
жылқының дүбірі сияқтанып, майдан үстіндегі қалың шаң, сол көп тұяқтан
көтерілгендей болып кетеді.
— Москва бекіністерінің бұл мыңнан бірі! — дейді Ревякин. — Москва
бекіністері екі жүз миллион
халқымыздың
жүрегі арқылы,
ақындарымыздың жалынды жырлары арқылы өтеді. Əр жазушымыздың
қаламынан тамған сия сол бекіністердің құрыш-болат қоршауы болады.
Қауіп-қатер кесек төніп тұр, бірақ бекіністер де сенімді! — деді Ревякин.
Сыртта атылып жатқан зеңбірек оқтары енді:
— Москва үшін!
— Москва үшін! — деп кетіп бара жатқандай естіледі. Түйдек-түйдек
төмпештеп, үлкен бір сүреңмен атып жатыр. Сол үлкен сүрең манағы ойынқалжыңдарымызды құйын айдаған жапырақтай айдап əкетті. Қабағы қарсы
түйілген көзбен бірге жауынгер жүзі де салқын тартып кетті.
Ревякин бүгін таңертең ғана Москвада болған парадта сөйленген сөздің
біраз жерін жазып алған екен содан үзінділер оқыды. Төніп, тепсініп жау
тұрғанда, тебіреніп, кейіп ел тұрғанда, берік сенімді, орнықты қоңыр
дауыс:
— Біз жеңеміз! Əділет біздің жақта! Жеңетін де біз боламыз, — депті.
Ревякин сағатына қарады да орнынан тұрды.
— Барлаушы самолеттер жаудың танкылы лектері таянып қалғанын
байқап келіпті. Ауыр қол, үлкен мақсат көздеп келе жатқан сияқты. Бүгін
жау өте ызалы ғой, қарсы алуға тура келеді, — деді.
Мен тұра келіп, əзір екендігімізді айттым. Командир мен жауынгер
арасында айтпай түсінісетін бір сəттер болып қалады. Кейде қадағалап,
қайталап айтатын ауыр жайлардың өзін бір ғана көзқарастан ұғынысып
қалғанда, командирі кім, жауынгері қандай екендігі де қатар көрініп
қалады. Бүгін барлық командирлеріміз бен барлық жауынгерлеріміз сондай
бір сергек халде еді. Қазір танкыларымызды қаптатамыз дегенді жау
зеңбіректерінің өздері-ақ айтып тұр еді. Төпей төгіп, ес жидырмайын деген
ойы анық.
— Ол сырыңыз мəлім. Аттатпаймыз! — деп, біздің зеңбіректер де қаршқарш ұрып жатыр.
— Əділет біздің жақта! Біз жеңеміз! — деп, ерсілі-қарсылы айқаса
ұшқан мыңдаған снарядтың астымен біз де жүріп кеттік.
— Əшейін емес-ау... — дейді Семен Зонин.
— Немене əшейін емес?
— Зеңбіректердің төпеп кеткенін айтам... Үлгірсек жарар еді...
— Неге үлгірмейміз?
— Алдымыз келе жатқан шабуыл сияқты ғой.
— Аспанның асты қуыс... Біз сыйып өтерлік бір қалтарыс қалар..
Зеңбірек оқтары жиі түсе бастады. Екі аттап, бір жата қалып, əрең
жүріп келеміз. «Жүгір!» деген əмірге «жат!» деген əмір жалғаса шығып
қалады. Жатуға — уақыт жоқ, жүгіруге — аяқ басар бос жер жоқ, бірақ
соның екеуін де істеп, əйтеуір алға қарай кетіп бара жатырмыз.
Ревякин бүгінгі халдың қысаңшылығын айтып отырғанда, мен манағы
ойын-қалжыңдарымыздан ұялып отыр едім, қазір абайласам, оным дұрыс
та емес екен. Сол біраз қалжыңмен талай күнгі азап ауырлығын жуып
тастағандай, жауынгерлерім жеңіл жүріп келеді. Ойын мен күлкі ой мен
бойды көтеріп тастапты. Бұдан бұрынғы, айлар бойы созылған соғыс
бейнеті ұмытылып, бүгін майданға жаңа кіргелі келе жатқандаймыз.
Мүмкін, бүгін соғыстың жаңа бір күні басталғалы келе жатқанын сезетін
шығармыз. Əйтеуір бой сергек, ой ояу келеміз.
— Танкы! — деді Володя алға қарап.
Оқ боранынан көтерілген қалың шаңның ішінең қаз-қатар жорғалап
келе жатқан қара қоңыздай танкылар көріне бастады. Ревякин айтқандай
бүгін бұлар өте ызалы, қарсы алуға тура келеді.
Күн күркіреп тұрғанда шегіртке де шырылдамайтын еді. Жер-көк
қосыла күркіреп, қосыла шайқалып тұрғанда, жалпақ жайлауды тұтас
жаңғырықтыратын шегіртке шырылындай дамылсыз, тоқтаусыз автомат
оғы жауа бастады. Жаудың танкыға мінген жаяу əскері айқас шегіне жеткен
соң, түсе қалып, оқ төгіліп келеді.
Ыңғайсыз жерде кездесіп қалсақ та, жағдай талғар жай жоқ, ескі бір
окопқа түсе қалып, əрбір адым жердің қорғаушысы барын көрсетуге
əзірлендік...
11
Қат-қабат тарсыл-гүрсілдің астында қалған Ростов қаласы ауыр дем
алады. Тау қырқаларындай жота-жота болып көрінетін биік үйлі, тас
құйылған кең көшелі, кең тынысты көркем қаланың қазіргі бейнесін будақбудақ, өрт түтіні мен əр терезесінен жалын атып, балқығандай ойысып,
құлап бара жатқан үйлер арқылы ғана беруге болады. Бұрын шаң
тұрғызбай, əлсін-əлі жуып, айнадай жарқыратып ұстайтын көшелерде қазір
үйіліп, бұрқырап кірпіштер, майысып-бұралып əлдене түрлі темірлер
жатыр.
Қала кегі от болып жанып, оқ болып атыла бастағалы екі жетіге
айналып барады. Əрбір ақ терек, əрбір алма ағаштары атып та жатыр,
атылып та жатыр. Оңтүстікке арнап жинаған мол қорын жау қазір осы
қаланың үстіне төгіп, дем алғызбай тұр. Жаудың атқан əрбір оғы ауыржеңіл жара салып, күн демей, түн демей, қаланың денесіне дариды. Біздің
оқтар амалсыз сай-саланы сүзіп, жол бойларын кезеді. Бейбіт шақта
қаланың қан тамырындай тармақталып өмір қорегін жеткізіп тұратын
жолдармен қазір жаудың темір лектері келе жатыр. Дон өзенін екі жақтап
салған бау-бақшаларда дүниеге келген жаңа бір қоңыздар жүргендей
сезінесің. Қала үстіндегі əрі ащы, əрі қою қара түтін еш нəрсені көрсетпей
тұншықтырып барады.
Қарауытып, қараңдап алған аспанда анда-санда шымыр-шымыр
қайнаған бозғыл түсті бұйра бір түтіндер көрініп кетеді. Аспан борс-борс
жарылып, құлап бара жатқандай, қара бурыл түтіндер кейде солқ етіп
төмен түсіп, кейде күржиіп көтеріліп, жоғары серпеді. Жер мен көкте
бірдей зіркілдеген мотор гүріліне жарылған снаряд пен бомба гүрсілдері
тоғысып, басқа дыбыстарды естіртпейді де. Құлағың естімейді — ауырады,
көзің көрмейді — суырады, шеке тамырларың солқ-солқ етіп, қара
құсыңнан ине қадалғандай шаншады. Айғаймен, ыммен, тұспалмен ғана
сөйлесеміз. Айғайлап тұрған үн жолы өңешің емес, көздерің мен қолдарың,
бет-аузың сияқтанып кетеді.
Соғысты біз өз көзімізбен көріп, өз қолымызбен алысып жүргелі көп
уақыт болды. Бірақ барлық қатер-ызғарымен бүгін бірінші рет көріп
тұрғандаймыз. Оқ ойнақ сап қасымызда жүр, от сумаңдап орап алыпты.
Алып бір иық жібергендей, үлкен үйлердің өзі-ақ кейде бұрышынан, кейде
тіпті ортан белінен опырыла кетеді. Дүниеде өз күшіне мақтанбайтын,
қуанбайтын, қайғырмайтын, өкінбейтін, аямайтын, аяу да тілемейтін үлкен
бір алып бар. Ол — сонау домалақ тас пен қара шоқпардан басталып, осы
күнгі белдерден асыра ататын зеңбіректерге жеткен соғыс құралдары.
Бүгінгі сөз соларға берілген еді.
Бүгін біздің жүрегімізді қашап, ойымызды кеміріп жүрген жалғыз
Ростов қаласының да жайы емес. Москваға қарай төніп бара жатқан түнек
бұлты қазір өзіміздің үстімізде тұрғандай сезіледі. Иығымызға түскен ауыр
салмақтың ішінде Ленинград уайымы да бар. Əр жердегі ауыр халдер
солдат жүрегіне мұз болып қатып, аяздай батады. Жүрегіңнің əрбір
соққаны — «Москваға қауіп төнді!» деп тұрғандай болады. Окоптағы аяз
ызғары, адам жүзіндегі ала-құла бір реңсіздік, бозғыл тартқан бұлыңғыр
аспан, біріне-бірі үн қосып, бəрі жиналып осы бір қауіп салмағын есіңе
түсіре береді. Волоколам, Клин, Тула, Калинин майдандарының хабарлары
да əзір еңсеңді көтермейді.
Біздің бөлім əр кезде соғыстың бір тынысы тар, қыспақ жерінде жүреді.
Қай жағынан қауіп-қатер қатар келе жатса, бізді сол маңнан табасыз...
Сонша кең дүниені жайлап келе жатқан соғыстың біз тағы да бір тар
көпіріне кездестік. Көпір біткен соғыс тұмсығының қатты қадалатын жері.
Елеусіз ғана бір көпірдің айналасына бір күннің ішінде төгілген қорғасын
мен мысты бір айда əзірлеп бере алу үшін аса үлкен завод керек болар еді.
Ал, Дон арқылы салынған үлкен көпірдің айналасына шашылып жатқан
снаряд пен бомбаларда есеп жоқ. Өйткені, бұл көпір ғана емес, Қара теңізді
жағалап келе жатқан жау үшін Кавказ қақпасы еді.
Біздің əскер қаладан соғыспен шығып, осы көпірмен өтіп бара жатыр
да, немістер соғыспен қалаға кіріп келе жатыр. Айғай аралас, қол іргелес
қаланы жауып кеткен қара түтінде екі жақтың да тең еншісі бар.
— Көпір біздің еншімізге берілді... Неше күн ұстап тұра алсақ, сонша
күн біз иеміз... Окоп пен траншеяларды тереңдете түсіңдер! — деді,
командиріміз лейтенант Мирошник.
Тоң болып қатып қалған тасты жерді терең қазып, астына түсіп
барамыз. Жырасына дəл түспесе, снаряд тұмсығы тие алмайтындай етіп
өнерлеп жатырмыз. Əр бір окопта магазиндегі ішімдік бөтелкелеріндей
тізіліп гранаталар, шөлмектер, автомат дөңгелектері қатарлана бастады.
Бұл жолы біздің бөлім жалғыз да емес. Көпір мен қаланың, арасындағы
далаңқының тұлабойы толы əскер. Зеңбіректер де, пулеметтер де көпірдің
екі бетіне қаз-қатар орналасып жатыр. Айқыш-ұйқыш атқан пулемет
оқтары електің көзіндей тоқылып, шыбын өткізбеуге тиісті. Əрбір ойпат,
жыраларда иін тіресе минометтер орналасып жатыр.
Қала мен көпірдің екі арасы картобын қазып алған жердей шұқыршұқыр. Бұл жерді снаряд та, бомба да, солдаттың күрекшесі де қазғылап
жатыр. Окоп қазылмаған, ойылып қалмаған, ұзын жыра — ұңғы жол
салынбаған алақандай сау жер жоқ. Көпір маңындағы үйлердің орнында
күлдері ғана бұрқырап жатыр. Өзен жар қабағының асты жыпыр-жыпыр
жаппалар. Қазір біз үлкен жолдың екі бетіндегі окоптар біріне-бірі жолдың
астымен қатынаса алатын етіп, екі жерден терең ұңғы, жаңа траншеялар
жасап жатырмыз.
Дон өзені шұрқ-шұрқ тесіліп, қайта тасып кетті. Өзенге түскен ауыр
снарядтардан аспанға атқан су биік көпірдің үстіне шапшып қалады. Жұқа
көкше мұз сынған айнадай жалт-жалт етіп, сумен бірге атылып, сыңғырап
келіп жағаға түсіп жатыр. Өзеннің екі беті шыны заводының қоймасындай
үйіліп жатқан көкше мұз...
Көпірмен өтіп жатқан біздің əскерлердің арт жағы сұйыла бастағанда
көпірді атқылау да тоқтала бастады.
— Енді осы тоқтатқаны. Қалаға бекініп алған соң жау осы көпірмен
Кавказға қарай өтпек, — деді Мирошник. Енді ол бұрынғыдай бұқпай,
траншеядан қарғып шықты да, полк штабына қарай жүріп кетті.
— Онда көпірді өзіміз неге қиратып тастамаймыз? — дейді, ақ көңіл
Семен Зонин.
— Біз оралып келмейміз бе екен? Сен немене, ылғи шегіне бермек пе
едің? — деп, мен оған командирлік жауап қайырам.
— Ие, көпір екі жаққа да керек. Енді көпірді екі жағымыз да қорғаймыз.
Əңгіме көпірді қиратуда емес, көпірге ие бола білуде.
Күрекшемді қасыма қоя салып, маңдай терімді жеңіммен сүйкей тастап,
мен темекі орай бастап едім, Алматы газеттерінің бірінен қырқып алып,
көптен бері сақтап жүрген кішкене ғана газет қиығы жерге түсіп кетті. Ол
Гурьев мұнайшыларының өнімді еңбектері жайындағы хабар еді. Майданға
кеткен ерінің орнына тұра қалған мұнайшы бір жас əйелдің еңбегін ерекше
айтқан. Темекі ораған сайын сол қиық əрдайым көзіме бір түспей
қоймайды. Əрдайым туған жердің жеңіске қосып жатқан еңбек үлесін
ескертіп тұрады. Көзіме түскен сайын мен де бірнеше жолын тағы бір
оқымай қоя алмаймын. Кейісім болса — тарап, тоңсам, жылынып сала
берем. Туған ел, өскен жерінің осындай əрбір хабарын сағынышпен күтіп,
қуанышпен қарсы алу — əр солдаттың басында бар. Мен тез еңкейіп, жерге
түсіп кеткен газет қиығын алып, орнына салдым. Онымды Семен де байқап
қалып, жымия қойды.
— Неге жымиясың? — деп сұрауға басымды көтере бергенде, көпірге
жақындай беріп, дəл біздің тұсымызға тұра қалған жабық машинаның
терезесінен құрметті маршал Семен Михайлович Буденныйды көрдім.
Қыран көзді, қаһарлы қара мұртты атақты қолбасшыны бірден
таныдым. Бірінші атты əскер Армиясы туралы əрбір совет жастары не
білсе, соның бəрі құйындай қопарылып, алай-түлей боратып көз алдыма
келді. Маршал машинасын кілт тоқтатып, біздің не істеп жатқанымызды
шолып тұр. Темекім сып етіп жерге түсіп кетті де, өзім сымдай тартылып
тұра қалдым. Тұлабойым дуылдап, қызарып бара жатқанымды да сездім...
Не істеу керек?.. Жүгіріп алдына барып баяндау керек пе, қалшиып қатып
тұрып қалғаным дұрыс па? Не болғаны аға сержант, маршалдың алдына
барып баяндама жасаймын деуге бола ма екен сірə? Қой, болмайтын
шығар!.. Осы бір қас қаққандай уақыттың ішіндегі қысылшаңнан аман-есен
өте алармын ба, жоқ па?..
Тегі, біз көпірді бұзу əрекетін жасап жатпағанымызды аңдаған соң,
маршал шоферіне иек қақты да, машина ілгері жүріп кетті.
Сонау бір жылдары, сонау Батай қаласынан шығып қылышын
жарқылдата шапқан бойы құрметті қолбасы осы Ростовтан немістерді
құйындай қуып шығарған екен. Қазір сол Ростовтан сол Батайға қарай өтіп
барады. Көз қарасындағы болмашы бір жабырқау реңіне қарағанда, əлде өз
ойына да сол түсіп кетті ме екен деген ой келеді. Ардақты қолбасым,
Ростов қаласына қайта оралғанда тағы да баяғыдай, қанатыңнан жеңіс желі
есіп, қырандай шүйілуіңді тілеймін!
Мен қайтадан темекі орай бастадым. Қасыма Зонин келді. Жүзінде
ерекше бір жылылық бар. Ол бəрімізді де жақсы көреді. Сөзге сараң Семен
жақсы мінездерге бай, керекті жерде жолдас достығын жұрттың бəрінен
бұрын көрсетуге тырысады. Нина əңгімесінен кейін оны өзіміз де ерекше
жақсы көріп кеттік. Семен өзі айтқан əңгімесінің бас кейіпкеріндей болып,
сол қуыршақтай Нинасымен бір бейне сияқтанып та кететін болды. Мен
оған темекі ұсындым. Семен темекі орап жатқанда манағы газеттен қырқып
алған қиық тағы да түсіп кетті.
— Əлі сақтап жүр екенсіз... — деді Семен түсіп кеткен қағазды еңкейіп
ала беріп.
Менің болмашы бір жасырынымды жолдастарым аңдамаған шығар
деуші ем. Əсіресе, сұңғылалықпен жұмысы жоқ Семен аңдамаса керек еді.
Бірақ үлкен Семен онымды аңдап қойған екен.
— Осы күні менің ойымда да ылғи Сталинград жүреді. Не халде екен?
— деп күрсініп қойып,— Сталинград танкылері келсе керек еді, əлі көре
алмай жүрмін, — деді.
— Келеді əлі! Қазіргі үлкен қауіп Москва жайы ғой. Сонда жіберіліп
жатқан шығар, — дедім мен.
— Əрине, түсінем ғой. Бізге қай жерде жасалған танкіні жіберсе де бəрі
бір ғой. Тек танкы болсын. Бірақ əлде не үшін Сталинград танкыларын
көргім келеді, — деп жымиды да, — туысқаным келердей күтемін, — деп
аяқтады.
Семенның ойына мен де түсіне қалдым. Сталинград танкысын көрсе, ол
өзінің қаласын көргендей болар еді. Туып өскен қаланың таныс заводтары
мең таныс үйлері, таныс адамдары көз алдына келер еді. Мүмкін, соның
арасында Нинасы да көрініп кетер еді... Туған жер, өскен ел, жақын
жандарыңды сағынғанда, əр кезде жақсы жағдайда көргің келеді. Семен де
Сталинград қаласын лек-легімен танкы шығарып жатқан жағдайда
сағынады.
Алдыңғы күні барлаудан қайтып келіп, Семен маған былай деді:
— Санитар машинасымен кетіп бара жатқанда бір қазақ қызын көрдім.
Құдай біледі, сол сенің Ақботаң, — деді. — Мұндай ұқсамас! — деп,
қызып бастады да, артығырақ кетіп бара жатқанын өзі де аңдап қалып,
тоқтай қойды.
Семен қанша ажарлап айтқанмен көрген қызының сырт пішіндерінің
бірі де Ақботаға ұқсамайды. Менің көңілімді аулағысы келіп, Семен өзі
сүйетін көркем пішіннің апарып сол қызға жапсырып жатыр. Мөлдір қара
көз, əдемі қыр мұрын, маржандай тізілген ақ тістер... Үлбіреп тұрған
балғын жас... Қалтаңа сала қойғандай кішкене дене...
Семеннің айтқан қызы Ақботаға ұқсамай тұрса да — майданда кездесіп
қалуымыз мүмкін ғой деген ой келеді. Неге мүмкін емес!.. Соғыстың
тоқсан торап жолдарының бірімен бір машина неге өтіп бара жатпайды?..
Ол машинада Ақбота неге болмайды?.. Мені танып қалып, Ақбота неге
«Қайрош!» демейді маған?.. Машина, əрине, тоқтай алмайды, ұзай береді...
Бірақ мен сол бір ғана естіп қалған үнге риза емеспін бе?..
Солдат қиялы шек бар екен деп бөгелмейді. Кейде тіпті қисынсыз
нəрселерді қиыстыра бересің. Қазір менің ойым Ақбота мен Нинаны бір
машинаға мінгізіп, осы үлкен жол мен осы үлкен көпірге қарай ағызып
алып келе жатыр. Əне, машина жолдың ойылып қалған бір жерін айналып
өтіп, тас жолға қайта түсті. Жолдың жотасына машина қиялап шыға
бергенде Нина мен Ақбота біріне-бірі соғылып, бірін-бірі құшақтай алып,
күлісіп қалды... Əрине, олар да əлдеқашан сырласып болған. Біз оларды
қандай əңгіме қылсақ, олар да бізді сондай əңгіме қылады. Машина міне,
біздің, тұсымызға келіп қалды да, Нина мен Ақбота Семен екеумізді танып
қалып:
— Сема!
— Қайрош! — деп қалысты айғайлап. Мен шыныммен-ақ жол жаққа
қарадым...
Жолмен өтіп жатқан машиналар əлі аз емес. Бірақ ешбірінің үстінде
Ақбота да жоқ, Нина да жоқ... Біздің атымызды атап, айқайлаған да ешкім
жоқ...
Кешке таман көпірді қорғау біздің взводтың екінші бөліміне тиді де, біз
жер жаппамызға келдік. Қашанғы əдеті бойынша майдан хабарларын алып,
Ревякин келді. Тағы да Москва қауіпі, əлі де сол ауыр халдер... Ревякин
ешнəрсені жасырған жоқ:
— Москва əлі қауіпте тұр. Жау қолы бұрынғысынан гөрі де Москваға
жақынырақ төніп қалды, — деді Ревякин. — Барлық майдандарда сұрапыл
айқас жүріп жатыр, соның бəрі де Москва үшін!
— Волоколам Москвадан қанша жерде?
— Клин қанша жерде? — деген сұраулар қайта-қайта беріліп, қайтақайта анықталып жатыр.
— Москва халі қауіпте. Немістер тағы да шабуылға көшіпті.
— Бұл өте айқын қайталап сұрауды керек етпейтін сөздер. Мағынасы
сонша ауыр болғандықтан қайталап сұрағың келмейді.
Ревякин Оңтүстіктегі бірінші жақсы хабарды да айтты. Ростовтың батыс
жағында фашист генералы Клейстің армиясы үш күннен бері қатты қырғын
тауып жатыр. Бұрынғысымен салыстырғанда қай майданда болса да
немістің танкылары мен самолет шығыны едəуір ұлғайған. Бұрынғы бірлер
орнына ондар, ондар орнына жүздерге айналған. Мыңдаған танкы мен
самолетінен айрылып жатса, қурайдан жасап шығара бере алмас деген ой
келеді.
— Біз əр адым жерімізді оңай бермеуіміз керек. Жау күші сарқылады,
алғашқы аптық басыла бастады. Шабуыл кезегі ұзамай-ақ бізге тиеді! —
дейді Ревякин. — Қазір əрбір окоп Москва қорғаны. Бүгін біздің арқамызда
Москваға тіреліп тұр. Москваны жауға бермеуіміз керек!
— Бермейміз, жолдас политрук! Өлерміз — бермеспіз!
Темір пешке жылынғаннан кейін көзге ұйқы келе бастаған секілді еді,
қазір жұрт қайта сергіп кетіпті. Сұр көйлектің арт жағын жұлқа басып,
қалың белбеуді сықыр еткізіп, қатты тартып қойып жатыр.
— Өлудің керегі жоқ, — дейді Ревякин, — өлгеннен кейін Отаныңа
қорған бола алмайсың. Жеңу үшін — өлмеу керек!
Аңдамай айтыла беретін «өлуге əзірмін» деген сөзіміздің қате екені еске
түседі. Жауың өлмей сен өлсең, Отаныңды кім қорғағаны?
Ревякин басқа бөлімдерге кетті. Мені взвод командирі шақыртыпты.
Барлық бөлімдердің командирлері түгел жиналған екен.
— Көпірді қорғау бізге тапсырылды, жолдастар, — деді Мирошник. —
Мүмкін, күні ертең-ақ, мүмкін, бір айдан кейін, осы көпірмен біздің əскер
қалаға қайта кіреді. Бір солдатың қалғанша, көпірді қолдан шығармауымыз
керек. Бұйрық біреу-ақ: əркім тұрған орнынан жылжымайтын болсын!
Екінші бұйрықты сол орында күтсін!
Іңір қараңғысына дейін біздің əскер Ростовтан түгел кетіп болды. Қара
боран атыс та тоқталды. Айсыз қараңғы түннің ауыр үнсіздігі орнай қалды.
Қалада от жоқ. Соғыс белгісі — арылмаған ащы түтінде, мылтығын
құшақтап, үнсіз түнеріп тұрған солдатта ғана қалған сияқты. Əлдеқайда,
қала шетінде иесін жоқтаған иттер ұлиды. Əр үнге салып, біресе сыңсып
жылағандай, біресе қарғыс оқығандай ұлиды.
Жау табанына түсіп қалған үлкен қаланың қаралы халы жаныңды
тырналайды. Қаралы қала үнсіз мүлгіп, кекке шақырады. Қала ішінде андасанда бір гүрс етіп қалған бомбы үнінен түн селк еткендей болады.
— Біздің қалалар оңай тізе бүкпейді ғой! — дейді Володя Толстов. —
Есітемісің, əлденемелерді қиратып, жау қолына түсірмей жатыр!..
Сол қараңғы түнде, сол ауыр үнсіздікте, алыстан Москва үнін
естігендей боласың:
«Аттан, аттан түгел, совет халықтары!» — деген үнді естисің.
Оны Москва айтып жатыр ма, əлде өзіңнің жүрегің айғайлап тұр ма,
оны айыру қиын. Бірақ солдат ойы толы осы үн еді!
12
Жаяу борасын шиыршық қарды жылжытып айдап, жер бетінің шұқыршұқанақтарын қайта тегістей бастапты. Есті бір қол жер денесіне түскен
əлем тапырықты ақырын-ақырын өшіріп жатқан сияқтанады.
Қиыршық қар бетіңе тікендей қадалса да, көбірек жылжып кеп жер
жарасын тезірек жауып таптаса екен деп тілегендейсің. Аласұрған айқас
үстінде талай аттап өткен іздерді тыныштық кезде тағы бір көріп тұруға
құмарта да алмайсың.
Мен командирлер мəжілісінен оралып жаппамызға келсем, темір пештің
үстінде жыламсырап төгіліп шайнек қайнап тұр да, жолдастарым ұядағы
балапандардай бір жерге ұйлығып алып, Москва жайын кеңесіп отыр екен.
Түн əзір тыныш болғанмен ешкім ұйықтамапты. Володя Толстовтың
комсомолдар съезіне Москваға барғаны бар еді, сонда көргендерін
қайталап айтып отыр.
— Кремльде болдың ғой? Болдың ғой Кремльде? Соны айтшы.
— Ие, соны айт, — деп жауынгерлер оны қоршап алыпты. Володя
əрқайсысына бір жауап беріп, əңгімесін амалсыз үзіп-үзіп айтады.
Жауынгерлердің көңіл күйін байқау үшін болу керек, политрук Ревякин
келді. Мүмкін, мана Москва жайын тым тұнжыратып айттым ба деп келген
болар.
— Сен неге енжарлау отырсың? — деді Ревякин, үндемей отырған
Зонинға.
— Ғашығына шығарған өлеңі есіне түсіп отыр білем, — деді, əр кезде
қатал əзілдесетін Петя Ушаков.
Зониннің көздері азғана жасаурағандай, əлденені ежіктеп есіне
түсіргендей, жүзінде де өзгеше бір шырай бар еді.
— Өлең деймісің? Оны қайдан білдің? — деп, Зонин біраз кідіріп барып
жауап қайырды.
— Немене, дəл таптым ба, ойыңды? — деп, Петя тағы қадалды.
Əңгіме тағы да Нинаға көшіп кетер ме екен деп, бəріміз де Петяға
ұнатпай бір қарап қойдық. Жолдасыңның жүрегінде жүрген күрсініс күйін
мазаққа айналдыру — ол біздің жауынгерлердің жақтырмайтын бір мінезі.
— Ие, таптың, достым, — деді де Зонин қызара бастаған темір пешке
көзін қадап алып, Лермонтовтың атақты бір өлеңін бастап кетті:
Скажи-ка, дядя, ведь не даром
Москва, спаленная пожаром.
Французу отдана...
Семен ақырын-ақырын пештен алыстай беріп, ақырында тура келді,
ақырындап дауысы да қатайып барады. Алып денесі аласа жаппаға сыймай,
гүждей иықтары төбеге барып тірелді. Басын амалсыз төмен алғандықтан
көздері аларып, сүзердей бір бейнеде тұр. Аласа жаппаға енді даусы да
сыймай барады. Төбедегі қарағай бөрененің бірге гуілдей бастағаны да
сезіледі.
Орыс ұлында өтірік ұялшақтық сирек кездесетін мінез. Өлең мен əнге
жуықтығы жоқ шығар деп жүрген Семенымыз кезі келіп қалғанда ұялған
да жоқ, қысылған да жоқ, отаншыл ақынның жалынды жырын кергітіп
тұрып айтып берді.
«Сен де ұғын, сен де ұғын!» — дегендей, Семен көзін əрқайсымызға бір
қадап қояды. Бұл енді өзіміз білетін Семен емес, жаңа бір адам, бəрімізден
жоғары адам сияқтанып барады. Əрі таңқалғандай, əрі қызыққандай,
бəріміз де аузына қарап қалыппыз. Ойыңдағы кейістерің мен
уайымдарыңды сыпырып айдап тастап, енді ойыңа Отанның құдіретті үні
орнап жатыр. Ескі жырдың жаңа мағынасы билеп əкетіп барады.
... И молвил он, сверкнув очами:
— Ребята, не Москва ль за нами?
Умремте ж под Москвой...
Ешкім ешбір белгі бермесе де, бұл сөздердің тұсында бəріміз де
орнымыздан атып тұрдық. Əркімнің алқымына да əлдене келіп тіреле
қалғаны байқалады.
— Ие артымызда Москва! — деп қалды Володя. Көздері жасаурап, жүзі
қып-қызыл болып кетіпті.
— Умремте ж под Москвой,
Как наши братья умирали!
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Қазақ солдаты - 14
  • Parts
  • Қазақ солдаты - 01
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2163
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 02
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2108
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 03
    Total number of words is 4133
    Total number of unique words is 2092
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 04
    Total number of words is 4064
    Total number of unique words is 2142
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 05
    Total number of words is 4112
    Total number of unique words is 2242
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 06
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2201
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 07
    Total number of words is 4110
    Total number of unique words is 2267
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 08
    Total number of words is 4062
    Total number of unique words is 2201
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 09
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 2058
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 10
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2113
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 11
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 2030
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 12
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2154
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 13
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2144
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 14
    Total number of words is 4063
    Total number of unique words is 2149
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 15
    Total number of words is 4032
    Total number of unique words is 2124
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 16
    Total number of words is 4067
    Total number of unique words is 2018
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 17
    Total number of words is 4089
    Total number of unique words is 2187
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 18
    Total number of words is 4047
    Total number of unique words is 2190
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 19
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2162
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 20
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2182
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 21
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2106
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 22
    Total number of words is 3985
    Total number of unique words is 2066
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 23
    Total number of words is 3821
    Total number of unique words is 2014
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 24
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2066
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 25
    Total number of words is 1652
    Total number of unique words is 1004
    41.0 of words are in the 2000 most common words
    55.3 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.