Latin Common Turkic

Қазақ солдаты - 03

Total number of words is 4133
Total number of unique words is 2092
37.8 of words are in the 2000 most common words
52.7 of words are in the 5000 most common words
60.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Шегеннің қызығына қарап тұрып, мен де өз қайғымды ұмытып кетіппін.
Қуғыншылардың ысқырық белгілері бір алыстап, бір жақындап, бір оң
жақтан, бір сол жақтан шығып, қашқан мен қуғанның мəн-жайларын
білдіріп қояды. Кейде «міне!» дегендей, кейде «əттең!», «қап!» дегендей
өкініш ысқырығы естіледі. Қуғыншылар ұзап бір кеткенде, мен Борашқа:
— Жөнел дедім. Аяғын əрең сүйретіп, Бораш та ұзай берді.
Жанталас ысқырық үсті-үстіне шығып, тапыр-тұпыр жүгіріс тағы да
жақындай беріп еді, əлдеқайдан ағып келе жатқан бұраңдап бара жатқан
Борашты қағып əкетті де, жоқ болды.
— Құтқарам, қорықпа! — деген Шеген даусы алыстан екі рет
қайталанды.
Тақтайдың үшкір басы байқаусызда артқы етектің астынан кіріп,
жаурын ортадан тесіп шыққан сияқты. Қалың қомша былқ еткізер емес.
Ентіге жөтеліп, аптыға сөйлесіп, қуғыншылар менің, қасыма келді.
Дауыстарында бірін-бірі кінəлау да бар. Екеуі де қазақ екен.
— Мен қалай қарай жүгірсем, сен де солай қарай жүгіргенің не? — деп,
жасы үлкені кінəласа:
— Əлгі бір жерде сізден болды... — деп, жастауы ақталып келеді.
— Шортаны құтылып кетті... Шабақ... əшейін шабағы қолға түсті... деп,
маған жастауының көңілі де толмай тұр.
— Тоқтай тұр сең шортан! Сені қармағыма бір іліндірмесем бе! — деп
ең көп қуып, көп азаптанған, мұрнының алдында ғана екі елі қара мұрты
бар, жасы үлкені жер тарпиды.
— Анау атамандарың, ғой? — деді ол маған.
— Жоқ. Шеген— дедім.
— Нешева подобного! Атаман! — деді ол.
Мені баптап, ілінген жерімнен түсіріп алып, мұртты милиционер атыжөнімді сұрады. Мен бар дұрысымды айттым.
— Қарағым-ау, өзің оқу іздеп келіп, қайдағы бəлеге қайдан кез бола
кеттің, ə? Көшеде мені бір көрмедің бе? Аға, оқу іздеп келіп ем десең ғой,
мен сені тұп-тура детдомға апарып тапсырам. Өй, ақмақ бала!.. Шешеңе де
хабар берем... Оқуға да кіргізем, — деп, біресе ұрсып, біресе қамқор сөздер
айтып қояды.
Жас милиционер маған темекі ұсынып еді, мен алдым да ортасынан бір
сындырып лақтырып жібердім. Мұртты милиционер:
— Адам болады екенсің, айналайын, — деп арқамнан қақты. Қолы
жұмсақ, айналайын дегені жылы тиді жүрегіме.
Мені машинаға мінгізіп алып, сол түні қаланың шетіндегі балалар үйіне
тапсырды. Бар баланың азық-түлігін жалғыз жеп семіргендей жуан əйел,
отырған орындығын ойбайлата сықырлатып, маған қарай əрең бұрылып:
— Атың кім? — деді.
— Костя.
— Я, сендер бəрің де Костясыңдар... Əкең аты ше?
— Сарталі.
Оқтаудай жуан қаламды қазандай үлкен қара сауыттағы сияға малғысы
келіп, қолын соза түсті де, менің атымды жазғысы келмей кеткендей, қолын
қайта тартты. Сауытқа сүйей берген қалам əуелі бір жағына қисайып
құлады да, содан кейін бір-екі аунап түсіп, əйелдің алдына таман барып
жатты.
Бұл түнді мен бөлек бір бөлмеде өткіздім. Əуелі мені көбігімді
бұрқыратып жуындырып алды, таза киім берді. Əлгіде мені ынтасыз қарсы
алған əйел, енді менің момын екендігіме, анау-мынау бұраң жолым
болмағандығына көзі жеткен соң тарта, шүйіркелесе сөйлесіп, балалар
үйінің жайын таныстырып отыр. Аздап қазақша біледі екен:
— Мен жақсы шеше... Балаларым көп. Ойнайсың... Оқисың, — дейді əр
сөзді икемдеп, қазақша сөйлеп...
— Неше балаңыз бар? — дедім.
— Қазір елу.
Мен шын-ақ шошып кеттім. Бір адамның елу баласы болады дегенді
естімеген едім.
— Сентябрьде сексен болады...— деді əйел. Мен:
«Бір айдың ішінде отыз бала табасыз ба?» — деп сұрай жаздап барып
қалдым. Кескінімде айран-асыр таң қалғандық болу керек, əйел күліп
жіберіп:
— Бəрі де өзіңдей. Жетім балалар, — деді. Жетім балалар үйінде
отырғаным енді ғана есіме түсіп, ұялып қалдым.
Аппақ таза бөлме. Сырланған көк керует. Асты-үстімде таза ақ төсеніш.
Бұл менің өмірімде бірінші рет кездесіп отырған нəрселерім. Кез келген
бұрышқа аунай кетіп үйренген басым, мына тазалыққа қалай
жақындасудың ретін таба алмай, қатты қысылдым. Мені жуындырған
əйелдер, ұялғаныма қарамай үсті-басымды көпіртіп жатып:
— Енді таза боласың, ақылды боласың, жақсы боласың, – дескен.
Сол таза, ақылды болатын балаңыз тазалыққа аяғын салуға бата алмай,
кереуетінің шетінде ғана отыр. Мұндайдың жайын Шеген білер еді, ол
қасында жоқ...
— Ал айналайын жат, юкта! — деп толық əйел де шығып кетті. Мана ол
маған өрескел жуан көрінсе, енді толық қана көрініп қалды.
Бөлмеден барлық балалар үйінде болатын дəрі-дəрмек иісі келеді.
Төбеде шатынай жарқырап электр шамы тұр. Бұл күнге дейін қала оттарын
алыстан ғана көрсем, енді, міне, қасында отырмын. Біздің ауылға алыстан
қол бұлғап, жымың қағып, шақырып тұратын қала жарығын енді, міне,
жақыннан көріп отырмын. Мүмкін, мен ауылдан қашқанда осы шамның
жарығы жетелеп əкеткен болар. Несі бар, бұл да мүмкін...
Менің ендігі бақылап отырғаным, осы шам таң атқанша жанып
таусылар ма екен деп ойлаймын. Бірақ жанған сайын жарығы күшейе
түскендей болады. Мен орнымнан тұрып, төбеде тұрған шамды айнала бір
қарап шықтым. Үрлеген қозықуықтай ғана шыны екен. Тоқыма бауды
маңдайшадан өткізіп алып төбеге шегелеп, бір ұшын салбырата қойсаң
болғаны... Содан соң қозықуықты іле сал... Ауылда тоқыма бау аз ба,
қаланың қай жері болса сол жерінде шашылып жатқан шыны аз ба!..
«Е, мұның өзі онша қиын емес екен... Əй, қарамұрт-ай, қалаға келіп
жүргенде тым болмаса осының бірін ала келсе ғой, ауыл əлдеқашан
жарқырап кетер еді!» — деген ой келеді.
Кейін ауылға қайтқанда ең алдымен тап осындай сөнбейтін, жанған
сайын күшейе беретін шам ала қайтуға серт еттім. Қалада жанған от ауылда
жанбайтын несі бар? Апам бау ширатып береді, мен қаладан бір арба
қылып шыны алып қайтам...
Үйдің қабырғасында, төңкеріп қойған кішкене шашкеге ұқсап, тағы
бірдеме жабысып тұр. Шам жарығына күмістей жарқырайды. Бұл не екен?
Дəл ортасында кішкене ғана мүйізі бар... Шашкеге қолымды апарып, сипап
қарап ем, еш нəрсе де болған жоқ. Шіркін, осындай ойыншығың болып,
қалтаңа салып жүрер ме едің!.. Балалар жиналып ойнағанда, біреуі сақасын
көрсетіп, біреуі бір ескі сағаттың дөңгелегін көрсетіп мақтанғанда, сен
қалтаңнан мынаны суырып алсаң!..
— Бұл не, əй, бұл не, əй! — дейді ғой, балалар жабырлап.
— Мұны əкең де көрген жоқ! — дейсің де, қайтадан қалтаңа тығасың.
Содан кейін сенімен тамыр болмайтын бір бала қалар ма? Ақбота
қандай қызығар еді! Ақбота қызығып сұрай қалса, берер ме ем, бермес пе
ем? Қиналып-ақ берер ем..
Бір қызығы, мен қала жарығын ауылға апарып орнатқанда да тек қана
өзім теңдес балалар алдында мақтану үшін орнататын сияқтымын.
— Қашып кетті деп күлуші едіңдер, не алып келгенімді көресіңдер ме?
— демекшімін. Əрине, бəрі де жым болады.
Осы ойлармен тұрғанда, қолым қабырғадағы ойыншықтың қай жеріне
тиіп кеткенін білмеймін, лып етіп, шам сөніп қалды. Əлдене тырс еткендей
болды. Əуелі шам сөніп, содан кейін тырс етті ме, болмаса, əуелі тырс етіп
қалды ма, ол арасын аңғара алмай қалдым.
Есік сыртынан:
— Неге сөндірдің? — деген еркек даусы келді. Содан кейін бөлмеге
біреу кірді де, тырс еткізіп қалып еді, шам жанды. Ол балалар үйінің
күзетшісі, сары сақалына ақ кіргендіктен, бет-аузын балдыр басып
кеткендей қарт адам екен.
— Ата, жаңа жарық қайда қашып кетті? —дедім.
— Қайда қашушы еді? Сен сөндірдің. Немене, мені алдағың келе ме! —
деді азғана ызғар көрсетіп.
— Жоқ, ата, мен көрмей де қалдым... — дедім, нені көрмей қалғанымды
өзім де айқын түсінбей. Шал сенер-сенбес шығып кетті.
Алыстан арсылдаған теңіз дем алысы менің тереземе соғып қайтып
жатқандай болады. Басқа бір дыбыс жоқ. Тыныш түнде теңіз ғана
əлденеменені əнмен айтып, əлдеқайда шақыратын сияқтанады.
Тағы біраздан соң, қырдағы үнсіз қараңғы түннің қала шетіндегі көп
көзділігі, көп үнділігі есіме түсті. Шамы сөнбейді, үні тоқталмайды.
Темірді темір қажап, түн бойы жұмыс істеліп жатады. Ауыл олай емес, ə?
Төрт түлікті төрт ақ адам бағады. Өзге жұрт не істейді? Мал қайтты, сиыр
сауылды, содан былайғы түн көбінесе ұйқы төсегі сияқтанады.
«Осы ойларың дұрыс!» дегендей алыстан балықшы кемелері айғайлап
қояды. Үлкен бір жарықтар теңіз бетін қыдырта сүзіп, кейде менің
тереземді де жанап түседі. Ақшыл толқындар домалай жүйткіп, қырға
шығып кетердей көрінеді. Мен шегініп төсегіме келем.
Қолға түсіп қалғанымның қорлығы енді бойыма тараған секілді. Көз
алдыма манағы əн салып тұрған əйел келеді. Сол əйелдің де баласы бар ма
екен деп ойлаймын. Қой, жоқ шығар!.. Сірə, мен ол əйелді барлық еркек
атаулыдан қызғанған қызғанғандаймын. Сиыр сауып, баланың жөргегін
жуып, басқалардай ас ішіп, біреуге ұрсып, біреуге ренжу ол əйелде болмау
керек сияқты. Ол дүниеде тек қана əн салудан басқаны білмеуі керек...
Бірдемеге жақындатсам-ақ, сонша таза, сонша нəзік адамға кір жұғып
қалатындай, еш нəрсеге жолатқым келмейді. Енді бір кезде Шегеннің
«өнер» дегені есіме түсіп кетіп, екі аяғымды жоғары көтеріп, қабырғаға
сүйедім де, екі қолыммен жүре бастадым. Үйренуге болады екен. Аяғыңды
қабырғаға сүйеп тұрсаң, тегіс еденде екі қолыңмен жортақтап кетеді
екенсің...
Таң атты... Төбедегі шам көзін қыса бергендей көрініп еді, сөнгелі тұр
екен. Шеген мен Бораш қой «салқын сарайда» керіліп жатыр. Мен мынау,
темір керуетте аунақшимын. Талдыра толғап «Зəурешті» айтып отырған
Бораш көз алдыма келеді. Ішімнен мен де қосылып жатырмын. Бұл жолы
екеуміздің даусымыз бірге өрілгендей шығады.
— Өй ақымақ бала... Маған неге айтпадың? — деген милиционермен
қосарланып,— оқисың, ойнайсың, ақылды боласың, — деп, балалар үйінің
хозяйкесі күліп тұрғандай болады...
— Өй, қасқаның жатысын! —деген дауыстан оянып кетсем, қасымда
Шеген тұр екен.
Күн көтеріліп қалыпты. Бесті шыбындар терезені тепкілеп, қиратып
барады екен. Шегенді көріп, «салқын сарайда» екенбіз деп, қуанып кетіп
ем, сыланған ақ қабырғалар мен биік терезелер өткен түнді түгел еске
салды.
— Біз де келдік, — деді Шегең менің төсегіме отыра беpіп. — Сен қолға
түсіп қалдың, Бораштың аяғы тағы бүлініп қалды. Қыс та жақындап келеді.
Бəріміз бір жерде болайық деп, Борашты алып, мен де келдім. Енді адам
болуымыз керек.
Мен басымды жастықтан жұлып алып, Шегеннің тізесіне салдым.
— Бораш қайда?
— Доктор қарап жатыр. Немене, сағынып қалдың ба?
Мен еркелеп, арсалаңдап, Шегенге қарай тығыла беріп, санын қыршып
тістеп алдым. Шеген мені бүктей құшақтап алды да тырп еткізбеді.
— Мені босатып алуға келген екенсің десем!.. — деп, мен кіналап
Шегеннің бетіне қарадым.
— Бізді босату керек емес, бұғаулау керек!—деді Шеген.
Түс ауа, қораның, ішінде таза ауада тамақ ішіп жатыр едік, аңырапбоздап апам келіп қалыпты. Таразының бір басында «Қайрошым,
Қайыржаным» деп еркелететін шешем, екінші басында Шеген мен Бораш,
екі ортада көзі жаутаңдап мен қалдым. Əлдеқайдан жел айдап əкеп қосса
да, жан-тəніміз бірігіп үлгірген екі досым, салмақтаса келгенде шешемді
басып кете жаздаған бір кезі де болды. Бірақ əңгімені балалар үйінің
хозяйкесі шешті-ау деймін.
Кеше маған ұнаңқырай қоймаған Мария апай шынында да елу баланың
анасы болып кеткен екен. Денесінің толықтығына қарамай, балалардың
арасында ұршықтай иіріліп жүреді. Толықтығында анаға лайық бір
жылылық, мейрімділік бар екен. Бар бала Мария апай, деп бір айтпаса, асы
тамағынан өтпейтіндей əлсін-əлсін бірдеме сұрап, мазасын алады. Ол оған
ерінбейді де, жəбірленбейді де, əр баланың қасына барып еркелетіп кетеді.
Детдомның бұрынғы балалары Бораш екеумізге менсінбей қарап, Шегенге
қулығы аралас қауіп көзімен қарап отырғандарын Мария апай аңдап қалған
екен. Қақпадан апам даусы келіп жеткенде Мария апай:
— Шашыңды қалай əдемі алған... — деп, менің басымды сипап тұр еді.
Апам даусын анық айырмай тұрып-ақ, жүрегім дүрсілдеп қоя берді.
Қасық қолдан түсіп кетті, Шегеннің тізесіне сорпа да шашыратып алдым.
Басында біздің жақтың үлкен жаулығы, көк шұбар кең көйлегі делең қағып,
апасы екпіндей басып келді. Бір қалыптан шыққандай көп баланың ішінен
мені бірден айыра алмай, сол екпінімен ортамызға келіп кірді. Киімдері
бірдей, шаштарын да бірдей етіп алдырған балаларды сыдырта сүзген көзі
маған таянып келеді. Шешесін көрген бала отыра ала ма:
— Апа! — деп, орнымнан атып тұрдым. Апам ұзын столдың ар
жағынан қолын созып, мені көтеріп алды. Исі таныс ыстық құшаққа кіріп
кеттім. Ұя басар ана қыран балапанын іліп алды да, баурына басты.
Балапан жүрегі дір ете қақты.
— Құлыным, Қайрошым, қайда жоғалып кеттің... — деген əлсіз ғана
шыққан даусы естіледі. Осы төрт-бес сөз өзің ес білгелі ана дегенді
танытатын қандай мейірім, қандай сезім болса, соның бəрін бір-ақ көшіріп
əкеп, ып-ыстық етіп жүрегіме құйып жібергендей болды. Мені көтеріп
алуға столдың ар жағынан қол созғанда бір баланың ішіп отырған
сорпасын шайқап жібергенінде апамның жұмысы да жоқ... Шешесіз
балалардың маған қарап, көздері мөлтілдей бастағанында менің де
жұмысым жоқ. Дала исін, шеше исін аңсағалы айлар өткендей, шешем
кеудесін тұншыға иіскелеп, жұтып жатырмын.
Стол басында шусыз отырмайтын көп бала да тына қалды. Бұлардың
көбінің шешелері жоқ жетім балалар. Əрқайсысы да өз шешесін сағынып,
сарқыла білмес мейірім аңсап, мұңая қалыпты. Туған анасын көрмесе де,
шешесін сағынбайтын бала жүрегі болмайды.
Құлағыма дүрс-дүрс етіп, шеше жүрегінің соққаны естіледі. «Қарға
баласын аппағым» деп сүйеді дегендей, анам мені «күнім!» деп, иіскелеп
аймалап, сүйіп жатыр. Кейде желкеме, кейде шекеме ыстық жасы да
тамып-тамып кетеді. Сол құшақтан шығармаған бойы, құлағымды сол
жүрек дүрсілінен айырмаған бойы, апам қақпадан шығып жүре берсе, мен
де айрылмай кете беретін едім.
Мені ешкім ертіп əкетпегенін, өзім қашып кеткенімді апам жақсы
білетін болса керек. Сондықтан балаларға соқтыққан жоқ. Көз жасын
жаулығымен сүртіп жатып, əрқайсысына мейірім көзімен бір қарады да,
үндеген жоқ. Манадан кезін күтіп тұрған Мария апай тамақ алдырып
үлгірген екен, апама көптен бергі танысындай жымия қарап:
— Отырыңыз, тамақ ішіңіз, — деді.
Əлі де өксігі басыла қоймаған апам, отыруын отырса да, алдына қойған
тамақты ілгері ысырып қойды:
— Қаталап келдім. Тамақ ішпеймін. Рахмет, шырағым.
— Ендеше, шай ішіңіз, — деп, Мария апай шай алғызды.
Апам стаканды əрі итеріп қояды, Мария апай стаканды қайтадан
ұсынып, қылқылдап тұр:
— Сіз анасыз ғой. Мен де анамын. Сізде көп болса, он бала бар шығар...
Менің елу балам бар... Балаңызды алып қайтам десеңіз, қазір қайтарам, өз
балаларым да жетеді... Ол жағынан қауіп етпеңіз, сеніңіз... Бірақ ана бола
тұрып, балалардың дəмінен татпасаңыз, балалар өкпелейді, — деп Мария
апай əр түрлі тəттілер мен күрең шайды апамның, алдына қарай жақындата
түседі.
— Ішіңіз, ана...
Шай деген біздің жақтың өте бір құмар нəрсесі. Əлде сол құмарлық па,
əлде Мария апайдың сөзі жылы тиді ме, апам стаканды қолына алды. Өмір
бойғы еңбектен буылтықтанып кеткен саусақтарының бірінде жалпақ күміс
сақинасы жарқырайды. Күнге күйіп қарайған ашаң жүзіне енді ажар кіре
бастады. Апам сирек ұрттап, шай ішіп отыр да, Мария апай шайдан гөрі де
дəмдірек сөздерді құлағына құйып жатыр. Таңертеңнен бері Бораш
екеумізге менсінбей қараған балалар алдында менің беделім де көтеріліп
қалған сияқты. Бірі бауыр тартып, жымиып қойса, енді бірі менің алдыма
қарай нанды жылжытып қояды. Еркелетіп, арқамнан қағар, аймалап сүйер
шешем барлығы бір сəттің ішінде мені өзгелерден едəуір жоғары көтеріп
тастапты.
Бораш пен Шеген «осы кезеңді өткізіп алма!» дегендей, кезек-кезек
бүйірімнен түртіп қояды. Қою күрең шай да босқа кетіп жатқан жоқ.
— Апа, мен ауылға қайтпаймын... Осында қалып оқу оқимын...
Қарамұрт мені сарайға қамап қояды. Он жыл отырмаймын сарайда! —
дедім, апамның білегін басыммен сүзгілеп, қыңқылдап, еркелей сөйлеп.
Апам мырс етіп қалды.
Мария апайдан басқаның бəрі де мырс етіп, күліп жіберді.
— Көресіз бе, балаңыз қандай ақылды! Оқу оқығысы келеді, — деп,
Мария апай да мені жақтай кетті. Мен ішімнен алғыс айтып, жаутаңдай
бердім.
Ауылда оқу деген əр үйдің дəстүріне түгел кіріп болмаған кез ғой. Апам
мені оқу іздеп кетті деп ойламаса керек, мен жаңағыны айтқанда
сасыңқырап, аңырып қалды. Мен басымды қолтығының астына тығып
жіберіп, тағы да жүрегіне апарып құлағымды сүйкелеп:
— Оқимын, апа, оқимын... — дедім. Апам қолтығын ашып, көзіме
қарады да:
— Қарғадай басыңнан қалай оқисың, құлыным-ау... Тым болмаса, əкең
де жоқ. Мен қаражатты қайдан табады дейсің... Ақыл бар ма өзіңде, жоқ
па? — деді. Мұнысы ризалығын бергені де еді.
Кешке жақын кең қорада біразымыз доп қуалап, енді біразымыз
асылғышта асылып ойнап жүргенде апам мен Мария апай терезеден қарап
отырғанын көрдім. Шеген асылғыш турникке қолтығын асылып, зыр
айналып тұр еді, апам менің қасыма келіп:
— Өнерлі бала екен... — деді. Мен онысын «үйрен!» дегендей ұқтым.
Менің ойымды апам да ұқты білем, маған қадала бір қарады да үндемеді.
Балалар үйінің күзетшісі арықтау қаракер атты арбаға жегіп болып,
балдыр басқан бетін сипап қойып, апамды күтіп тұр. Толып жатқан қағаз
қалталарға кəмпит, қант, шай салып алып, Мария апай да келе жатыр. Апам
менің оң көзімнен бір ғана сүйді де:
— Оқимын десең, оқи ғой, күнім. Əкеңнің де бір арманы оқу боп өтіп
еді. Тентек болма, жақсы оқы! — деп арбаға мінді.
Қаракер ат қайыстай созылып барып, арбаны бір қозғап алды да,
санына сарт ете түскен делбеден ығыса бере жортып кетті. Апамның көзіне
жас алмағаны маған көңлі қалғандай көрініп, мен жылап жібердім. Шеген
мені, басымды орай құшақтап алды да қораға кіргізді.
Алыстай берген арбаның тырс-тырс дыбысы жүрегіме тық-тық тиеді.
Шын-ақ тізесінен айрылып кеткенім бе? Жоқ, апа, қайда жүрсем де,
қасыңда болармын. Жоқ, апа, мен сені ұмытпаймын. Əр күн басымды
жастыққа салғанда сені ойлап жатып ұйықтап кетермін. Сондықтан түсімде
де сені көрермін...
5
Ақ Жайық жүзі сұрланып, қамыс арасының сылдыры молайып кетіп
еді, күз болып қалған екен. Күн қабағын жиі-жиі түйіп, теңіз дем алысы
салқындап кетті. Көк орай ойпаңдар қоңыр тартып, адыр төбелер
арықтаған түйедей, жалаңаш, құбақай тартып, жансыз сұлап жатқандай
көрінеді. Шөккен түйенің өркешіне ұқсаған құбақай-қоңыр төбе
бастарында өлімтік басына қонғандай, айналасына тұнжырай қарап,
жалғыз-жалғыз қара құстар отыр. Даланы билеп алған жалғыз үн, күн
сайын қатая түскен күзгі желдің уілі ғана.
Сұрғылт аспан астары жыртылып, кір мақталары салбырап кеткен
көрпеге де ұқсап кетеді. Жалба-жұлба сұрша бұлттар төмен жүр. Жазғы,
айқын көк түсінен айрылған аспан кейде үсті-басын қар басып қалған тауға
да ұқсап кетеді. Теңіз бетін буалдыр бір тұман басып, теңіз суы қарақошқыл тартып, қорғасындай ауыр сезіледі.
Жарқын жазбен амалсыз қоштасқан жұрт, енді күзге орайлас сұр киініп,
адам реңдері де қуаң тарта бастады. Мария апай да жазғы балпаң басудан
айрылып, теңіз жаққа иығын тосып, жүзін ыққа қарай бұрып аяқтарын тезтез басады.
Үлкен бөлменің сынған бір-екі көзінен күздің суық үні соғып тұр.
Азынаған суық желдер ауылда қасқырды еске салушы еді, балалар үйінде
ашық-тесікті тез қымтап, пешке жағатын отынды ойла деп тұрғандай.
Ересек балалар жұмысқа кеткен. Үйде қалған ұсақ балалар қатар тұрған
төсектердің үстіне үйме-жүйме боп отырып алып, ойға келгенді айтып,
таласып жатырмыз:
— Қасқа адамның ақылы көп бола ма, сақалы ұзын адамның ақылы көп
бола ма?
Адамның ақылы шашына жау болатындай-ақ біразымыз:
— Ақылы көп адам қасқа болады, оған таласпа! — дейміз.
— Жоқ... Анау сақалы беліне түсіп отырған Толстой деген кісі... Олай
болса, сақалды адамның ақылы көп болады! — деп қарсы жағымыз бой
бермейді.
Өзіміз білетін адамдарды сүзіп шықсақ, ақылды қасқа да, ақылсыз қасқа
да бар екен. Сақалдылар да солай. Бірақ дəлелге бала тұрақтай ма, əркім өзі
сөйлеп, өзі тыңдап, мəз-мейрам шуылдасып жатырмыз.
— Балада неге сақал болмайды?
— Ақыл жоқтықтан болмайды.
— Ендеше, жеңілдің!
— Жоқ, жеңілгем жоқ! Бала неге қасқа болмайды?
— О да ақыл жоқтықтан.
— Ендеше сен жеңілдің...
— Ха, ха, ха...
Қашаннан бері адам баласының бойына сіңген əдет бойынша əңгіме
аты жоқ адамдардан, алыстан басталып, таныс адамдарға көшеді. Таныс
адамдардың кінəсін тауып қылжақтауға балалар да құштар.
— Балалар үйінің бастығы дырау ма, бухгалтер дырау ма? — деген
сұрау қояды бір бала.
Балалар үйінің бастығы Құдайберді Қозыбағаров балалар үшін достықдұшпандық дегендердің екеуінен де аулақ адам. Мұнда бір жазасын
тартқызуға жіберілген адамдай, жақсылық жамандықтың бəріне де енжар
жүреді. Кейде ол абайсызда ақырын ғана кіріп келеді де:
— Мынау орындықты кім құлатқан? — деп сұрайды.
Балалар əрине кім құлатқанын білмей шығады...
— Өзі құлаған шығар... — дейді, өжетірек біреуі. Орындықтың өзіненөзі құламайтынын біле тұрсақ та, ол жауаптан ешқайсымыз қысыла
қоймаймыз. Одан арғыны Қозыбағаров та қазбаламайды. Көңілсіз кірді,
көңілсіз сұрады, қайтарылған жауапқа тағы көңіл қойған жоқ. Тəртіп
бұзғанға ұрыспаса, бұзылған тəртіпті қайта түзегенге айтар алғысы да
болған емес. Құлаған орындық, əрине, тұра келеді. Қалай ақырын кірсе,
солай ақырын шығып, Қозыбағаров кетеді. Жаз көремісің, қыс көремісің,
күндіз көремісің, түнде көремісің бастығымыз сол бір қалпынан
айырылмайды.
Құдайберді Қозбағаров сияқты кісінің аттары бұрмалауға да келе
береді.
— Бізге құдайдың өзі берген ғой...
— Біз қозы, ол бағушы.
— Қозыға қалай ұрыссын? — деп, бастығымызды тағы талай жерге
апарып тастаймыз. Бірақ осы атын бұрмалау сияқты күнəсыз қалжақтан
басқа обал да жасамаймыз.
Бухгалтерді біз сирек көреміз. Жұмасына бірер сағатқа екі-үш рет қана
көрінеді де, басқа күндерде ол бұл маңайға жоламайды. Келгенде қақпадан
кіре бере сөйлеп, ылғи асығыс, жанталас жүреді. Үйге кіретін жұмысы
жоқтай, бастықпен ылғи қорада кеңесіп тұрады...
— Əнеугі он бес кубометр ағаштан айрылдық... Кірпішті төртінші
тоқсанда беретін болды... Ақша болатын болса, комбинаттың біраз
қаңылтырын қағып кетуге болар еді. Тағы бір отыз балаға ақша сұрасақ
қайтер? — деп, бір келгенде бір жылдық жұмыс ала келеді де, енді
айналғаныңша асыға басып қақпадан шығып бара жатады.
Осындай елеулі-ақ кемшілігі бола тұрса да бухгалтер темекі тартуға
шебер... Темекі түтінін екі ұртын ішіне сора тартып, жұтып жібергендей
болады. Содан кейін, тұнық бір дауыспен:
— Менің бұл жетіде тағы да қолым босамайды... — дегенде, алдында
тұрған бастықтың бет-аузына лып-лып еткізіп түтін атып тұрғандай
болады. Балалар үйінің «быт-быт-быт» деп тұратын кішкене ғана электр
станциясы бар. Бухгалтер Лазарь Моисеевичтің аузынан шыққан темекі
түтіні соған ұқсайтындықтан біз оны «станция» деп атап кеттік.
Бала кезіңде əрбір ерекше мінезге еліктегіш келесің. Бір күні үш бала
темекі тауып алып, «станция» болып отыр едік, жұмыстан Шеген келіп
қалыпты. Шеген шаңымызды қағып, «станцияның» быт-шытын шығарды.
Содан бері біз бухгалтерге біржола өш болып алдық. Ол келсе-ақ,
айнала тұрып, аңдып жүреміз. Бірақ, бастығымыздың оған қарсы түк айта
алмай, мойындай беретінін көріп, бастықтан гөрі бухгалтер дырау болар
дейміз.
Балалар үйінің бас хозяйкесі Мария Викторовна ақ көңіл, салдырсалақтау, бейғам адам. Бір баланың жүзін жыртпайды. Біз ол кісіні жақсы
көргендіктен Мария апай деп кеттік. Мұнымызға өзі де ырза сияқты. Түнде
біраз уақыт ортамызға келіп отырып, əр түрлі ертегі айтып береді. Жалғыз
айыбы біздің жақтың Күсепқали, Сағынғали, Темірғали деген аттарына тілі
келе бермейді де, бəрімізді Костя, Саша, Тимур етіп жіберді.
Қазір Мария апай шолақ ақ тон киіп алып, шашы дудырап, қораның
ішінде жүр. Түсінде бір кірбіңі бар. Бала деген қандай жағымпаз келеді,
бірдемеге шамасы келмей жүрген шығар деп, мен жүгіріп қасына келдім.
— Мария апай, неге ренжідіңіз... Жұмыс болса, мен... — дей
бергенімде, ол кісі менің сөзімді бөліп:
— Ренжімей қайтейін? Жаз бойы мұрнымнан жетелеп жүріп, ақыры
бухгалтер қайнатты сорымды, — деді.
Мен орысша айтылған «мұрнымнан жетелеп» дегенді сол мағынасында
түсініп:
— Е, мұрныңыздан неге ұстатасыз оған? — дедім. Ақ көңіл, мейірімді
адамды қатты аяп кеттім. Алғашқы суықтан мұрны қызарыңқырап та тұр
екен. Осындағы дырау өзі болған соң, бухгалтер Мария апайды мұрнынан
сүйрелеп, жазалаған екен деп қалдым. Мария апай күліп жіберіп:
— Менің мұрным болса, оқасы жоқ қой. Жай одан жаман болып тұр, —
деді.
Мария апайды бірінен бірі қызғанатын балалар жамырап далаға шығып:
— Отын жарайық па?
— Шөп əкелейік пе?
— Су əкелейік пе? — деп қоршап алды.
— Е, оның бəрі де түк емес қой, балалар... Əңгіме одан жаман болып
тұр, — деп, Мария апай қайғылы пішінмен бізге мұңын шақты.
— Қозыбағаров əлі Қызылордада. Оқу комиссариаты күнде бір сөгіс
беріп, қайтармай жатыр. Бүгін балаларды Оралдың деткоммунасына көшір
деген бұйрық алдым, — деді.
Бұған қайғыратын не барын балалар, əрине, түсінген жоқ. Өзіңе
тапсырылған жұмысты басқа біреуге алып беру — астыңнан атыңды
аударып алудан да жаман екенін ұқпайтын кезіміз ғой деймін. Жаңа бір
қалаға баратын болғанымызды біліп, біз қуанып та кетсек керек.
Мүмкін, ондағы бастығымыздың аты-жөні де басқа болар.
— Қане, Оралдағы бастығымыздың аты кім? Кім таба алады?
— Бір Қаламұш бəйге тіктім... Кім тапса, соған берем, Оралға барған
соң! — деп, балалар шуласып кетті.
— Еркек пе, əйел ме?
— Əйел боп шықса, мен бес қаламұш берем...
— Бірақ Мария апайды ала кетейік...
Босқа таласып, шуласып отырғанда, жұмыстан Шеген бастаған ересек
балалар қайтып келді. Шеген балаларға айтқанын істететін, бос қалжаққа
əрдайым тыйым салып жүретін, мақтаулы мінездің баласы болып кеткен.
Бəріміз соған еліктейтін болғамыз. Мария апай бізге айтқанын ересек
балаларға да айтқан. Халдың қайғылы жағын баса суреттеп, шағым зарын
молайтыңқырап айтты:
— Қолымыз босаған күні бар ма еді?! Жұмысымызда мін бар ма еді! Əр
кезде күн демей, түн демей, осы бір ұяның, көркейе беруін ойлайтын едік...
Енді мынау, мұндағы балалар үйін жауып, сендерді Оралға көшіретін
болыпты, — деп, жыламсырап барып тоқтады.
Шеген əуелі Мария апайдың мұңына қосылатындай, мүлгіп тыңдап тұр
еді. Бір кезде, күтпеген жерден қатал бір сөздер айтып тастады.
— Жұмысты жаман істеген əрине, жаман. Бірақ жұмысты жаман істеп
жүріп, жақсы істеп жүрмін деу одан да жаман! Жұмысты жаман істегенін
өзі де біле отырып, құлағына қол апартпаса, оның аты қылмыс! — деп,
қызыңқырап барып бір тоқтады да:
— Не мініміз бар еді, күні-түні осы бір ұяны көркейте беруді ойлайтын
едік, дейсіз! Осыныңыз дұрыс па, өзіңіз ойлаңызшы. Не үшін бізді Оралға
көшіріп жатыр! Оқу жабдығы əлі əзір емес. Бес мұғаліміңіз жетпейді. Мен
сізді кіналамаймын. Бірақ басқалардың енжарлығына бекер араша түсесіз...
Оқу басталатын уақыт өтіп барады, бұған не айтасыз? — деді.
Ұямыздың хəлі олпы-солпы екенін ересектер түгіл, жас балалар да
түсінетінбіз. Бірақ бір жағынан Шегеннің өжеттігіне қызыға қарап тұрсақ,
екінші жағынан Мария апайды да аяп кеттік. Мария апай Шегенге
қайтарарлық дəл жауап таба алмай:
— Енді қайтуге болады? Қыс мынау, келіп қалды... Бухгалтер анау,
қайда жүретіні белгісіз... Құдай ұрғыр төрт жерде қызмет істейді, — деді.
— Олай болғанда, туған жермен қоштасатын боламыз да? — деді
Шеген.
— Солай болғаны да... Таңертең үш машина келеді. Жүресіңдер...
Бораш жиналу жабдығымен үйде қалды да, Шеген екеуміз таныс
жерлермен қоштасып қайтуға қалаға кеттік. Шегенге еріп, жүгіре-жүгіре
мен де сайтанның отын ала қашатын қазды аяқ болып алғамын. Екеуміз
дем алмай жүгіріп, базарға келдік. Біресе жаңбыр себелейді, біресе қар
ұшқындайды. Суық жаңбырлы лайсаң күні базарда жан жоқ екен. Баяғы
«салқын сарайымызға» бардық.
Үңгірімізді су алып кетіпті. Құрақ төсеген төрімізде тізеден лайсаң
көкала су жатыр. Күзгі жаңбырмен ернеуін керіп кеткен өзен толқыны
үңгірдің аузын етегімен сипап кетіп жатыр. Етігімізді шешіп үңгірге кірдік.
Бұрышта қалған қара шайнегіміз де суға толып тұр. Шеген балағын түріп,
суды тізесінен кешіп, түкпірге барды да, жып-жылтыр қара коробка суырып
алды. Мен оны бір кезде темекі тартқан екен ғой деп қалдым. Шеген қара
сырлы коробканы ашты да, ішіндегісін көрсетті: ақ матадан төсек төсеп,
затындай жалтылдаған қынасары қоңыз салып қойған екен.
— Мұның аты түйеқоңыз, — деді Шеген. — Түйеқоңыз өзімнің қойған
атым... Бірақ дұрысы да осы шығар... Мұғалімнен сұрап алармын деп жүр
едім... Мə, сен ал, саған бердім. Мұндай қоңыз сенен басқа ешкімде
болмайды!
Əдемі коробка жылт етіп, қойныма кіріп кетті. Бұл енді балалардың
ынтасын құртып барып көрсететін нəрсе.
— Мен мұны үш жыл сақтап келдім. Аптекада дəріге салып берді. Енді
сен де айрылып қалма! Мұның қызығын көресің əлі! — деді Шегең өте бір
үлкен жауаптылықты тапсырып жатқандай.
Бұл — Шегеннің алдыр-бұлдыр балалық шақпен қоштасып, енді естияр
ересек қалпына көшкені сияқты еді. Сондықтан қимас қымбатын сыйлап
тұр. Сонымен бірге, бұдан былай ойынымыз да бөлінеді дегенді айтып
тұрғандай еді. Жүрегім төмен тартып, ауырлап кеткендей болды,
үндемедім. Бұл жайын өзі де ойлана қалғандай, Шеген де үндеген жоқ.
Сол үнсіз қалыппен базар қасынан өттік. Əлі де қала ішінде
қоштасатын жерлеріміз көп сияқты еді, ол баяғы басқа күндеріміздің елесі
екен енді еш нəрсеге мойнымыз бұрылар емес. Əшейіндегі шат қалпына
көше алмай Шеген де қысылып келе жатыр. Оның өсіп, үлкейіп кеткеніне
өкпелегендей менде де үн жоқ.
Қар енді жапалақтай бастады. Батыс жаққа қалың шөккен қара
бұлттардың арасынан батар күн бір рет қана қызғылт белгі берді де, жоқ
болды. Қақпасы қисайған бір қорадан бір еркек, бір əйел шыға беріп еді,
Шеген мені түртіп қалып:
— Сол! — деді.
— Кім? — дедім, Шегеннің көзіне қарап.
— Үндеме!.. Сол... — деді Шеген маған қарамастан. Көздері күлімдеп,
таныс бір ұшқындар жылтылдап тұр екен. Манадан үндеспей
қалғанымызға өкініп келе жатқан басым, Шеген балалық мінезін қайта
тапқанына қуанып та кеттім.
Енді абайласам, өзі алдында, бала көтерген əйелі артында, баяғы мені
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Қазақ солдаты - 04
  • Parts
  • Қазақ солдаты - 01
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2163
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 02
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2108
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 03
    Total number of words is 4133
    Total number of unique words is 2092
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 04
    Total number of words is 4064
    Total number of unique words is 2142
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 05
    Total number of words is 4112
    Total number of unique words is 2242
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 06
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2201
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 07
    Total number of words is 4110
    Total number of unique words is 2267
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 08
    Total number of words is 4062
    Total number of unique words is 2201
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 09
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 2058
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 10
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2113
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 11
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 2030
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 12
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2154
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 13
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2144
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 14
    Total number of words is 4063
    Total number of unique words is 2149
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 15
    Total number of words is 4032
    Total number of unique words is 2124
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 16
    Total number of words is 4067
    Total number of unique words is 2018
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 17
    Total number of words is 4089
    Total number of unique words is 2187
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 18
    Total number of words is 4047
    Total number of unique words is 2190
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 19
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2162
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 20
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2182
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 21
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2106
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 22
    Total number of words is 3985
    Total number of unique words is 2066
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 23
    Total number of words is 3821
    Total number of unique words is 2014
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 24
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2066
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 25
    Total number of words is 1652
    Total number of unique words is 1004
    41.0 of words are in the 2000 most common words
    55.3 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.