Latin Common Turkic

Қазақ солдаты - 06

Total number of words is 4147
Total number of unique words is 2201
37.4 of words are in the 2000 most common words
52.7 of words are in the 5000 most common words
61.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
шықты. Е! Шөбі қайда, адам қайда, айтпа деймін! —деп дауласып отырған
біреу бардай, қолын сілтейді.
Газеттен көрген бір сөздер еске түсіп:
— Жылқы тұқымын асылдандырам десеңіз, ағылшын-дон буданы,
Буденный жылқысынан алмаған екенсіз... Ақалтеке тұқымы сидаланып,
қурап бара жатқан тұқым дейді. Сізге шаруақол тұқым керек қой, — дедім.
«Қайрақтының» басқармасымын деген адамның көзі алақандай болды.
Түрікпен ағайдың намысына тиіп кетті білем, кесесін алдына қоя салып:
— Сен бала, не айтып тұрсың? — деді.
Мен жаңағы сөзімді жайыңқырап, аяқ жағын Буденныйдың пікіріне
апарып сүйедім, əйтпесе өз ойым деп айтсам, жанжалға ілегіп қалатын
ыңғай байқалып қалып еді.
— Бауырым, сен қызбашы. Босқа оқытып жүрміз бе, біз білмегенді
бұлар білуге тиісті. Қане, балам, отыршы өзің, түгел айтшы, — деп
«Қайрақтының» басқармасы мені қасына шақырды.
Осы кісінің түсінде таныс бір белгілер бар сияқтанады. Қияқты қара
мұрт, қалың қара сақал, ақ кіре бастаған бурыл самай, бұрын бір көрген
адамымның түсін жасырып тұрған секілді. Өзгесін былай қойғанда шаш
ала білетін өнерім бар ғой, көңіліммен сақалды түгел сыпырып тастап,
мұрттың орта кезін ғана қалдырып ем, баяғы өзімді балалар үйіне ұстап
апаратын милиционер ағайдың бар бейнесі орнына түсе қалды. Орнымнан
ұшып тұрып:
— Ассалаумағаликүм, Жəнібек аға! — деп екі қолымды қатар ұсындым,
азырақ еңкейе беріп.
Ағай аң-таң боп қолымды алып жатып:
— Қарағым-ау, қай бауырым едің? — деді, көзін қадап.
Мен сол еңкейген бойым: «Сіздің бауырыңыз аз болушы ма еді» деп
бастап, барлық баяғыны айтып, есіне салып жатырмын, ағай естіген сайын
қолымды қыса түсіп, мені өзіне қарай тартып əкетіп барады. Мен де айтып
болдым, Жəнібек ағай бетіме бетін тақап, жас парлаған көзімен қымызға
малынған мұртымен бет-аузымды түгел бір сулап шықты... Мен бетімді
сыртқа бұрып, сылқ етіп қасына отыра кеттім.
— Өй, ақмақ бала... Сүйте ме екен... — деп Жəнібек ағай өз көзін сүртіп
жатып, — көрдің бе, енді қандай адам болғаныңды? Айтпап па ем, оқысаң
адам боласың деп! Шешең əлі Гурьевте. Теңбіл көктің біріне мінгізіп өзім
алып барам. Қазір түсеміз, — деді.
— Асығыс едім, ағай! Ертең келейін, — деп уəде бердім. Қат-қабат
толқындарды жағаға қарай ысырып кеп, кеме де тоқтады. Тақтайды
дүрсілдете басып теңбіл көктер түсіп барады. Биік өркештерімен қақпаға
тіреліп қап, тақтай көпірге жүрексіне басып, нарлар шығып барады. Бірі
түсуге, бірі мінуге асығып, қарама-қарсы тұрған екі топ, кезек күтіп, қақпа
аузына тіреліп:
— Кейін! Кейін! —деген жүк көтерушілердің даусынан ғана іркіліп тұр.
Қарбаласқан у-шудың ортасында, шəлісін шалқайта жамылған, қолында
көтерген баласы бар жас келіншекке көзім бір ғана түсіп кеткенде, тұла
бойым дір ете қалды. Қасында қара-көк кепке киген жадау бір еркек бар
екен. Дəл қақпаға келдім де, себепсіз бөгеліп тұрып қалдым. Əлдекімді
күткендей, қозғалар емеспін. Жүк көтергендер кейде соғып кетіп, кейде
зекіп қалып, өтіп барады. Кемеге мінетіндер бірін-бірі шамаданымен
ығыстырып, бала көтерген жас əйелді де шыр көбелек айналдырып қақпаға
алып келді. Судың бір иіріміне кез келіп қалғандай, баласын жоғары
көтеріп алып, əйел бірде бетімен бірде сыртымен айналып, маған таянды.
— Баланы өлтіріп алма, əй! — деп алыста қалған еркегі дауыстап
қояды.
Үлкен бір тең көтеріп келе жатқан адам əйелді де, баланы да қабырғаға
қысып, маған да «кейін!» деп қалып, кимелеп келеді. Мен тең көтерген
адамның өзін кеңірек жаққа қарай ысырып қойып, жас əйелдің қолындағы
баласын алдым. Əйелдің өзі де қыспақтан құтылып, кең коридорға шықты.
Əйел енді ғана маған көзін тоқтатып:
— Бетім-ау, Қайрошпысың? — деді. Менің «Бота!» дегенім өзіме де
естілген жоқ.
Қыспаққа түсіп, азырақ қызарыңқы тартқан Ақбота өте бір сүйкімді
əйел болған екен. Балғын жас денесі жұмырланып, əр мүше өзінің табиғи
көркемдігін тауып, үзіліп тұрған кезі екен.
— Қайрошты өлді деп естіп пе ең? — дедім, «неге күтпедің?» деген
өкпемді бүркей алмай.
Келіншек те түсіне қалып, алыстан көрінген күйеуіне қарай беріп:
— Сені Костя болып кетіпті... Енді елге келмейтін болыпты деп қойған
жоқ па?! — деді. Көздері «осыны таратқан анау!» деп, күйеуіне қырын бір
қарап қалды.
— Сені еркелетіп Бота демейтін бе еді ауылда... Соған қарап, сен түйе
болып кетерсің деп ешкім ойламаған шығар.
— Жоқ, Қайрош... Шешесін біржола тастап кетіпті... Көрмегенім ауыл
болсын деп айтады дейді. Москваға кетіп қалыпты деп бүкіл ауыл
шулайды, — деді.
Көзі тағы да жақындап келе жатқан күйеуіне түсті. «Осыны айтқан сен
ғой!» деп, мен күйеуіне тесіле қарап ем, ол күнəлі адамдай төмен қарады.
Аласа маңдайына кепкасын бастыра киген сіріңке қара жігіт маған бірден
ұнамады. Жас баланың өкшесіндей тайпиған ғана кішкене иек, сояудай
тістерін əрең жасырып, құлағына дейін созылған қалың ерінді, бақа
ауыздау жігіт екен. Мойны қылқиған, айыр желке, ала көздеу... Желке мен
төбесінің арасы төрт-ақ елі, қушық жаурын, қалақша жігіт, өте бір
сүйкімсіз жан көрінді.
Ақбота əдемі ақ келіншек болыпты. Жасында дөңгелек жүзді жұмсақ
мұрындылау, арықтау, аласалау еді, қазір ашаң жүзді, қыр мұрынды,
бойшаң болуға бет алыпты. Балғын дене иіліп-бүгіліп, дөңгеленіп тұр.
Толқындап келіп, оң иығынан алдына түскен қолаң шаш аппақ жұмыр
мойны мен мінсіз тізілген тістеріне ерекше бір ашық ажар береді. Əйел
дегенге бірінші рет қадала қарағандығымнан ба, əлде бірінші рет қадала
қарап тұрғаным Ақбота болғандығынан ба, əйтеуір, əйелге тəн сұлулық
сипатын көріп тұрғаным осы. Əйел дегеннің көзі қандай, аузы қандай,
қолдары қандай еді деп ойым шарқ ұрып кезіп барады.
— Кіп-кішкене, қуыршақтай едің-ау! — дедім. Бота дегенді қоса алмай.
— Қуыршақ болса, тозбай ма екен! — деп, еркек менің қолымдағы
баланы алып, шешесіне берді. — Қуыршақ кейде дал-дал боп, қирап
қалатын шырағым! —деді маған бұрылып. Содан кейін, жерге қойған
шамаданы мен қоржынын қолына алып, жоғарғы қабатқа қарай кетті:
— Қатын-ай, кеттік..,
— Жоғалып кетер деймісің, бара бер! — деді Ақбота. Күйеуіне кете бер
десе, маған «тұра тұр» дегендей естілді.
— Апаңның дені сау, үй арасы жақын. Араласып тұрамыз,— деді
Ақбота, əңгіменің бетін аударғысы келіп. Мен үндемедім. Кеменің екінші
қабатынан:
— Қатын-ай! — деген жексұрын үн тағы естілді. Ақботаға да біреу
«қатын-ай!» деп айтады екен-ау деп, мен аң-таң болып тұра бердім. Көзіме
де, құлағыма да, өзіме де сенгім келмейді.
Менің басқа əңгімеге елікпей, мұңайып тұрған түрімді танып, Ақбота
көзін көзіме қадап тұрып:
— Обал-жазығым сенің мойныңда! Осы тұрған Оралдан тым болмаса
бір хат жазсаң етті! — деді.
Əйел алдында кінəсіз болсаң да, кінəны мойныңа еріксіз алатын бір жай
барын мен осы арада түсіндім. Кінəлы адам тағы да үндей алмады.
— Қатын-ай!.. Қадалып қалдың ба? — деген дауыс үшінші рет келді.
Ақбота жоғары қарай көзін бір жарқ еткізді де, үнсіз ғана менімен
қоштасып, күйеуінің соңынан кетті. Мен сол жерде ұзақ тұрып қалдым.
«Ақбота жиырмаға менен бұрын жеткен екен! — деген ой келеді. —
Бірақ бақытты бола алмапты...»
Мен төрт орынды бөлмеде келе жатыр ем. Күйеуі мен Ақбота да сол
бөлмеге кез келіпті. Ашық тұрған есіктен көзім бір түсіп кетті де, қайтып
онда кірген жоқпын. Мұндай қызық халге де кездесіп тұрғаным осы. Дəл
қазір көргім келер, сөйлескім келер адамым жалғыз Ақбота ғана, бірақ
қашып жоламаймын. Кеменің бір жағынан жылаған баланың даусы шықса,
мен жылжып екінші жаққа кетем. Инеліктей имиген, қушық жаурынды
еркек көзіме түссе, одан əрі жылжи берем. Ойымда жалғыз Ақботаның аты
ғана. Өзі де жақында, бірақ қасына бара алмаймын, қарай алмаймын.
Өйткені, Ақботаны көрсем, онымен бірге күйеуін де көрермін деп қорқам.
«Қуыршақ кейде дал-дал болып қирап қалатын!» деген жаман сөз
құлағымнан кетер емес. Ақботаның дауысында əлі қыры сынбағандық бар.
Бірақ ол қаншаға шыдар! Күнделіктің мүжуі мен баланың жөргегі-ақ
қажытады ғой бір кезде. Сонда Ақбота сынады, тағы сынады, тағы сынады!
Жібек тарқатылып жүн болады. Өзіне-өзі өгей жандай, енжар бір күнге
кездеседі.
«Шүкір...» — дегенін əрең еститін боласың... Мен осыдан қорықтым...
«Келіп қалдым, қақпаңды аш!» — деп кеме Гурьев қаласына соңғы
айғайын салғанда да, мен алыста жүр едім...
10
Бұл жаста да теруіңнен көруің көп. Көп көресің де бəрін башайлап
ұғына бермейсің. Балаң ой көрінгенге айналақтап тұрып қалғанда, көзіңе
тағы бір жаңалық ілігеді. Оған көңіліңді аудара бергенше, көзің қыдырып
жүріп тағы бірдемені тауып алады. Көзіңнің əлі көрмегені көп, көңіліңнің
əлі тоқымағаны көп. Көзің мен көңілің бірдей асығады. Əсер алмас,
айналып өтпес қимылың жоқ.
Кемеге мінерде бар ойым шешеммен кездесудің айналасында еді.
Кемеге мінгеннен кейін ойымды басқа нəрселер аударып əкетті. Көз алдыма
Қазақстан келді, балалар үйі келді, Ақбота кездесті... Ойым шарлап дүние
кезіп Шегеннің көргендерін іздеп кетті. Ата-бабалардың олақтығы мен
дəрменсіздігін біраз тексерді. Бірақ жат елдерді тапқан боп, топырағына аяқ
салсам, енді аттауға дəрменім жоқ екен. Алдымда «білмейсің!» деген жазу
тұрады. Жүзе білмейтін адам жағадан кете алмайтыны сияқты, менің ойым
да таныс дүниеден басқадан қорқақтай берді. Кең дүниенің қақпасын ғана
көріп қайта берем. Талпынам да, ұмтылам да, бірақ алдым тұйықтала
береді.
Бұл жаста ойың жалығуды білмейді. Əрбір əсер бірін-бірі толқындай
айдап, сені де еріксіз ертіп əкетеді. «Қазір апамды көрем!» деген қуанышты
оймен кемеден түсіп ем, көзім оны ұмыттырып жіберді. Бұрынғы, аяқ
бассаң солқылдап, машина өтсе қалтылдап тұратын ағаш көпірдің орнына,
кең Жайықты жалғыз-ақ аттап темір көпір түсіпті. Көк сырлы, шілтерлі
көпір көзіме де түсті, басқа дүниені де ұмыттым.
Еңсесі биік көпір үстінен Жайықтың екі беті кеңірек көзге түсті.
Бұрынғы қоңырқай қаланың кеудесі көтеріліп, Жайықтың екі бетіне де
зəулім үйлер орнап қалыпты. Терезелері күнге шағылысқан қабат-қабат
биік үйлер қаланың еңсесін көтеріп, тынысын кеңейткен сияқтанады.
Бұрын қала тұнжырай қарайтын еді, енді кеудесіне ірілік кіргендей,
құнтимай-жұнтимай, өзіне-өзі сеніммен қарайды. Қала биіктегендіктен
Жайық кемері төмен түскен асау толқындары жуасыған сияқты көрінеді.
Көпір арқылы үздіксіз етіп жатқан машина үні əлдеқайда үздіксіз
ызыңдаған электр арасының үніне қосылады. Қаршылдасқан темір үні,
адам үніне араласып, қала үстінде белгілі еңбек əні гүжілдеп тұр. Қала
халқы бұрын сұрғылттау киінуші еді, енді ақтылы-көктілі киініп, ақ
жарқынға айналыпты.
Алыста, тынық теңіздің керілген көгілдір төсінде, түтіні будақтаған
кемелер көрінеді. Ақ желкендер бүйірін бұлтитып алып, су бетін сызып,
керуендей көшіп барады. Əр жерде ақырын шұлғып балықшы кемелері тұр.
Күн бойы қырдағы Қазақстанды көріп келсем, енді міне теңіздегі
Қазақстанды көріп тұрмын. Қыр теңізі мен су теңізі жалғасып, жеріміз бен
елімізді еске түсіреді.
Апамды үш қабат етіп салынып жатқан жаңа завод құрылысынан
таптым. Айдаш жоғарыда кірпіш қалап тұр да, апам айналмалы лентаға
кірпіш салып тұр.
— Апа! — дедім, бар сағынышымды сол бір ауыз сөзбен ғана айта
алатындай.
Мені көруден бұрын, дауысымнан танып, апам қолындағы кірпішін
түсіріп жіберіп, айнала қарай бастады. Кірпіш кірпішке соғылып, жарылып
қалды. Шешем қатты құшақтап алып кеудесіне қысқанда ғана шеше
байғұстың жайын сирек ойлайтыным есіме түсті. Мен үшін не көрмеді,
неше қайғырмады. Жазған шешенің мені есіне алмай ұйқыға кеткен күні
бар ма? Айдаш деудің орнына күніне неше рет Қайрош деп қалды екен! Өңі
түгіл түсінде бір көрініп кетсем, қандай қуанып қалды екен! Сол шеше
үшін мен не істедім? Түк те істеген жоқпын. Барлық өкініш ойыма енді
ғана түсіп тұр.
Мен əзір шешенің бақыты неменеде екенін білмеймін. «Шеше
баласының бағын тілейді» дейді. Мен шеше алдындағы баланың парызқарызын да жете ойлаған емеспін. Енді міне, жайған құшақ жабылып
ашылғанша, шешем үшін өңі түгіл түсінде көрмеген бір жұмақ жасап
бергім келіп кетті. Жұмақ деген немене, мен оны да білмеймін ғой.
Сондықтан осы салынып жатқан зəулім сарай менің, шешемдікі болуын
тіледім. Кейін, жылдар өткен соң ғана түсіндім, ол расында да біздікі екен!
Кірпіш жеген қолдар қанша қатқыл болса да, арқама жұмсақ тиіп
барады. Əжім сызықтары көбейе түскен қартаң жүз айнадай айқын. Кірпікқастарына, иір-иір əжім сызықтарына тұрып қалған шаң-топырақ сағынған
шешенің бір тамырының қылп еткенін жасыра алмай тұр. Мен «апа!»
десем, апам «Қайрошым!» дейді, əзірге неше жылдан бері сақталған
ойымызды айтысуға осы екі-ақ сөз жетіп жатыр...
Апам мені қайта-қайта құшақтап, қайта-қайта сүйеді. Денім сау, иығым
қақпақтай. Бар бойымнан əлі шығын көрмеген жас күш тырс-тырс шертіп
тұр. Үстің шаң дегем жоқ, шаң құшағына кіріп кеттім, шеше қуанышы сол
да. Бала антын шеше құшағында беретін болу керек. Мен шешемді
құшақтап тұрып:
«Сен үшін бұл дүниеде бардын, бəрін істеймін!» — дедім ішімнен. Бəрі
деген немене, аз ба, көп пе, қашан орнатам, қалай орнатам, ол ойыма да
кіріп шыққан жоқ. Баланың анты адалдығында болу керек, адал ант еттім,
қашан орындайсың деп, анам осы күнге дейін сұраған емес. Мен əлі күнге
дейін сол антыма берікпін.
— Құлыным, қозым, кішкентайым! — дейді апам, мені кеудесіне қыса
беріп, «Кішкентайы» еңкейіп, иіліп, əрең құшағына сыйып тұрғанында
жұмысы да жоқ. Ана үшін бала — қашан да бала. Қашан да ана өзін үлкен
санайды. Кірпіш жеген ақ алақан менің басымды қозыны сипағандай
сипайды.
Қолына жұқа тері биялай, басына жеңіл жалбағай киген, құлағының іші
мен танауының сайларына шаң тұрып қалған Айдаш қасыма келді.
— Мына жаманның жігіт боп қалғанын қарай гөр! — деп, əуелі
иығымнан бір итеріп қалды да, арқама қақты. Айдаштың қуанғаны менің
жігіт болып қалғаным сияқты.
— Бəлем, оқуыңды орап қойып, кірпішке салып алайын сені! — деді,
маған ағалығын көрсетіп.
Апам бір бөлмеде ғана тұрады екен. Есік алдында екі-үш пəтерге ортақ
террас бар. Ар жағы кең аула. Үй ішінің бəрі де ескі күйінде секілді. Бірақ
бəрінде де белгісіз бір жаңалықтың белгісі бар. Ауыл салты қалаға дейін
ере келіпті де, ақырын-ақырын əлсірей бастапты. Төр жақты айна, орамал,
темір төсек, орындық, патефон сияқты қала салты алыпты да, леген құман
дөңгелек стол сияқты ауыл салтанаты босаға жақта тұр.
Апама «қуанышың қайырлы болсын» айтуға бірталай əйелдер келді.
Біразы орындыққа келіп отырады, енді біразы əлі жерге отыра кетуді
ыңғайлы көретін сияқты. Бірақ «қайырлы болсыннан» кейінгі сөздері от
басы, ошақ қасына жолаңқырамайды. Ауыл əйелдері өз өмірінің ермегі —
отын-су, құрт-ірімшік маңынан көп ұзамаушы еді, жұмыстағы əйелдер:
— Біздің заводқа бүгін тағы он шақты əйел алынды...
— Біздің клубта бүгін «Чапай» картинасын көрсетеді... Барайық...
— Сіздің завод үш «еменге» көшкені рас па? — деп сөйлеседі.
Алғаш көріскенде азырақ қалжақ қылған Айдаш та енді басқаша
көрінеді. Мінезі салқындау, ойында жұмысы ғана жүретін адам болыпты.
— Осы онкүндікте сүйретіліп-ақ шығатын жайым бар... цемент екі күн
кешігіп келді. Жарық берілмей қалып, «кəнбейір» алты сағат қарап тұрды.
Оның аты бір «смен» простой ғой... — дейді. Орысша сөздерді қата
айтқанмен дұрыс ұғынатын сияқты. Баяғы мен арман ететін электр
жарығын Айдаш өз қолымен жұмысқа жегіп жүр екен.
Үйренген қолмен тырс еткізіп, апам шамды жағып жіберді. Менің ауыл
балаларына мақтанып айтармын деген электр шамым тоғыз жыл ішінде
қарт шешемнің тұрмысына да кіріп алыпты.
Мен келді деп жиналған жұрт, мені қоршап ортаға алып, не көріп, не
білгенімді естігілері келеді. Оқудың қандай қырына шықтым, қандай
қызмет істеп жүрмін, «адам болғандығымның» қандай белгілері бар,
көргілері келеді. Мен бұл жұртқа не айта алармын? Өзіме-өзім дардай
көрініп, кітап жаттап келген сияқты ем, қолма-қол істегі адамдар да қарап
отырмапты. Рас, электр жарығының неден туатынын мен жақсы білем,
бірақ бұлар оны шам қылып жағып, арба қылып жегіп, ат қылып айдап
жүр. Шаш алғыш болғанымды қалай айтармын? Оны айту түгіл, қайшы,
тарақ, ұстара деген сөздер аузыма түсіп кетсе, қысылып қалам.
— Оралдағы оқуымды бітірдім... Енді соғыстық оқуға кеткелі
жатырмын. Əлі бір бес жыл оқығым келеді, — дедім де қойдым.
Үлкен бір соғыс басталғалы келеді деген əңгіме елге де, қалаға да қатты
тараған кезі еді, өз еркіммен əскер қатарына алынғанымды апама айта
алмадым. Апам онсыз да қобалжи бастап еді, Айдаш бірдеме білетін
кісіше:
— Əлі қайда... Қайрош оқуын бітіріп шыққанша... — деп бір қойды да,
одан əрі бара алмай, — бізге ешкім тиісе алмайды! — дей салды. Əлде
біреуден естіген сөзі ме, əлде өзінің шын ойы ма ол жағын мен де
қазбаламадым.
Апам темір төсегін маған беріп, өзі жақын ғана еденге жатты Айдаш
«түнгі сменді» көріп келуге кетті. Есік ашық тұр. Апам екеуміздің
əңгімеміз жылжып ауыл-ағайынға көшті. Мен бүгін «Қайрақтының»
басқармасын көргенімді айттым. Айғырлары мен түйелерін мақтадым.
Апам маған арнап алып қойған көкқасқа құнанын айтты. Біздің ауыл
жайын əңгімелесіп жатқанымызды білгендей, ашық есіктен безектеп
жылаған бала даусы келеді. Ауылды еске алған соң, жүрегімді қырық
мысықтай тырналап жатқан Ақботаның аты аталар ма екен деп, мен күтіп
жатырмын. Апам бір əңгімесін айтып келе жатады да, жылаған баланың
даусы тым шырқырап кеткенде, əңгімесін бөліп:
— Байғұс бала неткен зар жақ еді! Əкеңе тартпай кеткір, жылаудан
көзін ашпайтын, жылауық əкесіне тартқан ғой! — дейді.
Осы үйлердің алдыңғы жағында жалғыз ғана қазақ үйі тұр еді, бала
даусы сол үйден келеді.
— Өзі ұйқысы ашылмаған баланы көк жұлын қылып өлтіретін болдыау! — деп, апам тұрып киіне бастады.
— Қайда барасың, апа? — дедім.
— Соқыр əжең үйіндегі Тана дейтін қыз баланы білуші ме ең? Ауыл
оны Ақбота деп кетіп еді ғой. «Нашар бала» деп текке айтады деймісің,
соны жуырда бұрын апасын алған жездесі алып келіпті...— деді апам.
— Жуырда дегеніңіз қалай, бала құшақтап жүр ғой! — дедім, өз
сырымды өзім ашып бере жаздап.
— Бала апасынан қалған. Жазғытұры қайтыс болды. Ақботаның, əкешешесі жоқ, кемпірдің қолында өсіп еді ғой. Кемпір қазір қартайды.
Құдайдан безген жездесі, сүліктей жабысып жүріп, алып келгелі бір жеті
болды, — деді.
Апам ұзақ сүре бір əңгімені айтып кетті. Қалалық ақша бөлімінің бір
налог жинаушысы алғашқы əйелі өлген соң, дімкар кемпір мен балдызы
Ақботаға ұсақ-ұлан жəрдем көрсетіп жүріп, қолына қондырып алыпты.
Оқи алмай қалған Ақбота, өз болашағын қайдан болжай алсын, құр жылау,
құр көнбеумен қолға түсіпті...
— Жасы он алтыда-ақ, сені сотқа тартқызам деп, біздің басқарма
соңына түсіп жүр. Ондай-мұндайды білетін адам еді, кім білсін қолынан не
келерін... Ал енді, мынау бір кескілеп өлтірсең обалы жоқ адам! Бір бие
алып соны саудырып, киіз үй тігіп отыр. Өкпе құрт болса керек. Ақботаның
апасын да ауруын жұқтырып өлтірген екен, бұл сорлыны да сор əкелді де.
Түнде тұрғызып бие саудырады екен! —деп, апам қатты назаланып сөйледі.
— Ал, өзің, неге барасың онда?
— Ана зар жақ баланы біраз ала тұрайын да... Ақбота байғұс азырақ
ұйқтап тұрсын... — деп, апам маған жалынғандай қарады. Мен үндемедім,
бала əлі шырқырап жатыр. Күңк-күңк ұрысқан еркек даусы да келгендей
болады. Апам шығып кетті. Тезірек барып баланы алса екен деп, мен
апамның аяқ басқанын санап жатқандаймын.
Шешемнің ақкөңіл, жаны мырза адам екені, бүкіл елге белгілі болатын.
Ал енді, өзі ауыр жұмыста жүріп, түнде біреуді демалғызуға кеткені мені де
таң қалдырды. Ақботаға кетпесе, мен жібермейтін де едім.
Елге неге келгенім енді анықталып жатыр. Шешенің жөні өз алдына,
оған таластырар ешкімім жоқ. Бірақ Ақботаны да қатты сағынып келген
екемін. Оның тағдыры бір шытырманға оралып қалғанын көрген соң, енді
тезірек қайтқым келіп жатыр. Əрі ойлап, бері ойлап, Ақботаға өз
тағдырымды да жанастыра алмаймын. Қазір əскерге алындым... Оқуға
жіберетін болды.
— Жоқ, жігіт болсаң қош дей біл! — деп, өзімді-өзім қайрай бастадым.
Бала шырылы тоқтап, айналаны ұйқы мен түн басқандай. Қала өмірінің,
түнгі дем алысы алыстан ғана ызыңдайды. Ақбота да басын жастыққа енді
ғана салған шығар, мен де басымды жастыққа салып көзімді жұмдым...
Мүмкін, екеуміз бір-ақ түс көрерміз...
Үлкен кеште бала адасады, құлын адасады. Көш ілгері кете береді.
Біреу оған мəз, біреу бұған мəз, енді біреулер адасып қолға түскен құлынға
мəз. Ол жалпы көштен қалмайды да, басқаларша тура көшпейді де, бар
жұрттың қапысын аңдиды. Оған арқа сүйер болатын тозған заң əлі тірі.
Қапы кетсең болғаны, аузын аямай салады. Ындыны құрыған обыр ауыз
қауып-қауып қалады. Сол ауызға енді Ақбота түсіп кетіпті.
Баланың безектеп жылай беретіні, Ақботаның түн бойы ұйқы
көрмейтіні, өз қолымнан түк келмейтіні, мені үйге сыйғызбады. Тезірек
кетуге асықтым.
Мен түнгі кемемен кетпекші едім, апам қой сойып, тоқым қағар жасап,
бірталай үлкендерді шақырыпты. Еңкейіп, сығырайып кемпірлер,
күркілдеп, түкірініп шалдар келіп қалды. Қорыққандай, көзін тас қып
жұмып ап, құлақтарына дейін дірілдеп, үлкендердің алдына бас бара
жатыр.
Мен апаммен бірге оңаша отыр едім, ашық тұрған есіктен созылған ақ
білек үйдің ішіндегі əлдекімге қызыл-шұбар кесе ұсынып тұр екен. Кесенің
кімге ұсынылып тұрғанын да сезгендеймін. Білекті де танығандаймын.
Бірақ орнымнан оңай қозғала алмадым.
— Саған əкеп тұр, Қайрош, саған, — деді апам.
Сол сөз сүйемел болғандай, орнымнан ұшып тұрып, сүрініңкіреп кетіп,
есікке жеттім. Есіктің ар жағы қараңғы, кім ұсынып тұрғанын көрмесем де
тану қиын болсын ба, бірден таныдым. Жұмсақ, жұмыр ақ саусақтарды
сипай кетіп, кесені алдым. Кесені сол қолыма алып, кесе ұсынған ыстық
қолды оң қолыммен азғана ұстап тұрып босаттым. Жас жүректің лыпылдап
соққанын да есіткендей болдым.
— Уə, қайда кеттің! — деген киіз үйден еркек даусы да шықты, біздің
қолымыз да айрылысып кетті. Қымызды жұта салып, кесені қайырып
бергенімде, қолыма тұмаршалап бүктеген қағаз ілікті... Ақбота
табалдырықтың ар жағында, мен бер жағында, бір ауыз сөзге жарай алмай,
үнсіз қоштастық. Ыстық қол қайтып созылған жоқ, шыққан дыбыс та жоқ,
қараңғы түн жұтып жібергендей, Ақбота да жоқ болды. Кең ауланың арғы
түкпірінен кісінеген құлын даусы келді...
Қалтамда сол тұмарша, аузымда сол қымыздың дəмі, құлағымда құлын
даусы, басқа дабырдың бірі құлағыма кірмей, бірталай адаммен кемеге
келіп міндім. Көзім кемеге мініп жатқан жұрттың ішінен əлдекімді
іздегендей айнала қарайды. Таба алмайды. Қасында сол кепкесін бастыра
киген сіріңкі қарасы жүрсе де көзіме тағы бір көрінсең-ау деймін. Енді
көрсем, тіл қатуға да жарағандаймын. Хатыңдағы үш ауыз сөзіңе, үш
құшақ жауап берер ем деймін. Бірақ Ақбота көзге түскен жоқ...
Гурьев еңбек қаласы. Күндіз теңіз беті көшкен керуендей, көк
толқындарды көлденең тіліп жөңкілген кемелер. Көшпелі ел түйесін
біржола шөктіріп, осы ойпатқа біржола орнап, іргесін берік жайған. Сағат
санап өкірген завод айғайында «Өткен сағаттың есебін бер!» деген əмір де
бар. Лықсып кеп құйған Жайық пен шалқып жатқан көкжал Каспий
сағасына орнаған қаланың құлы да, қожасы да. Жаудай алысады, жаттай
сынасады, жеңілсе құшағын ашады. Қазір, кешегі тəулік өтті, міне жаңа
күн басталды десіп, заводтар үн қоса хабарласып жатыр.
— Кешегі күннің есебін жібер!..
Теңіз демін кең алады. Теңіздей шалқып, толқындай ұзын құлаш
сермеуге үйретеді. Кең бол, — жайдары, кекті бол, — түнерген, терең бол
— мендей, деп жатады.
Батыр біткеннің бəріне тапсырып, бетімнен үш қайтара сүйді де апам:
— Ал, күнім, жолың болсын! —деді.
Айдаш ағалық істеп, ақыл айтып:
— Əскер тəртібі қатты болады дейді... Тым болмаса, колхоздың тəртібін
де көрген жоқ ең... Аяғыңды байқап бас, бала. Тентектікті қойып па ең? —
деді.
Жақсы тілек тілеп жатқан шеше сөзі жаныңды жылытқандай, майда
тиеді. Көзіңе жас əкеледі. Жүрегіңді алау-жалау етіп бара жатқан тағы бір
нəрсе бар. Ол Ақботаның берген тұмаршасы. Сия қарындашты жалап
жіберіп: Ұмытпаймын, сен де ұмытпа!» — деп жазыпты. Екеуміз
ұмытпайтын неміз болып еді, оны екеуміз де білмейміз. Мүмкін, оны
жүрегіміз ғана білетін шығар. Бірақ көз бен құлақ куə боларлық еш нəрсені
білген емеспіз. Сол білмеген бойым жүріп те кеттім...
ЕКІНШІ БӨЛІМ
Шекараға Николай Шуруп екеуміз бір күнде келіп едік. Содан бері екі
жыл өтті. Бөлмеміз қашанда бірге, төсегіміз қатар, біріміздің етігіміз
бірімізге қарап тұрады. Шекараның бұл бөлімінде екеумізден асқан дос та
жоқ. Күзет жұмысындағы əскерлік қатал тəртіп, ара-тұра айқасу болып
қалғанда, жолдасың қаны мен жанын бірге ала жүгіріп, тізе қосатыны
достық дегенге ерекше бір мəн береді. Дос жүректері қосыла соғып, ойтілегің бірге өріліп кетеді. Ар-ұят, намыс-кек, бəрі ортақ болған соң, əскер
достығы терең бір мағына табады. Оның үстіне мінез үйлесе кетіп, ой өрісі
бір болса, ондай екі жауынгердің арасынан қыл өтпейді. Бірге қуанып, бірге
ұялады, бірге қынжылады.
Николай екеуміздің осындай жайымызды аңдап, шекара күзетінің
бастығы, бізді ылғи бірыңғай, ылғи бір уақытта жіберетін болды. Кейде
күзетке келе жатқанда үзілген əңгімеміз, күзеттен қайтқанда дəл манағы
жерінен қайта жалғанып кетеді. Айтыспаған сырымыз да жоқ,
ақылдаспаған арманымыз да жоқ. Екі жылдың ішінде Коляның бар
қырындысын мен ақтарып болдым, менің бар сырымды ол жатқа білетін
болды. Əдемі бір ақ қайың көрсе, Николай:
— Тап сенің Ақботаңдай екен! — деп те қояды.
Екеуміздің достығымызды ұлғайта түсетін тағы бір əулекілігіміз бар:
екеуміз де «бокс» ойынында жұдырықтасуға бірге түсеміз. Салмағымыз да
бірдей, өнеріміз де бірдей. Кейде ол қапы кетеді, кейде мен қапы кетем.
Сонда ғана бірімізді-біріміз бірер жұдырық ағалап шығамыз. Шекарада
екеумізді тізе айырмайтын «аяқси» деп атап кетіпті. Кəрі грек заманынан
қалған ат болса да, оған екеуміз де қысылмаймыз.
Коля ертең кеткелі жатыр. Сондықтан жаңа ғана екеуміз
жұдырықтарымызды қоштастырып қайттық.. Менің сол жақ қабағыма
қаттырақ тиіп кеткен жұдырық орнын сылап жатып, Николай:
— Сенің оң қолың темірдей! — деп қояды. Бірақ менің қабағымды
сойып кеткен оның оң қолы. Жатаған, кесек денелі, жаурынды, ыңғайлы
жігіт. Əшейінде күлімдеп тұратын көзі жұдырыққа түскенде жолбарыстың
көзіндей шатынап кетеді. Кішкене ғана қырлы мұрын қусырылып, танауы
жыбыр-жыбыр етіп жүреді. Шекара қыздары оны «Коля-жолбарыс» десе,
тілінде украин ықпалы басым болғандықтан жігіттер оны «Мыкола» дейді.
— Бірі Мыкола, бірі Хайрол-Вали... Құдайдың бізге
«аяксиларын» қарасаңшы! — деп, екеумізді қоса мазақтап жүреді.
берген
Біз бір шығыспен шектес жерде тұрамыз. Сондықтан елдің тіліне
еліктеп, мені жолдастарым Хайрол-Вали деп те атайды.
Ертеңгі кезекке бір барып қайтқан соң, Николай жүріп кетпек. Əуелі
дивизия штабына барады, одан арғысы өзіне де белгісіз. Ұзаққа кете ме, тез
орала ма, қандай жұмысқа барады, оны ешкім білмейді. Бастықтардан
сұрауға жағалатып көріп едік:
— Ол үшін уайым жемеңдер... Адаспайсың. Қолыңа берген пакет өзі
бастап алып барады! — деді.
Комсомол жұмысын басқаратын қазақ жігіті Ералин,
аңғартқысы келгендей, онда да алыстан орап келіп:
əлденені
— Оқыған қашан да жақсы ғой... Оқымаған етекте, оқыған биікте! —
деді.
Соны естігеннен кейін, Николай «оқуға барады екем», деп қортынды
шығарды. Ай оқи ма, жыл оқи ма, қайтып тағы кездесеміз бе, оны білер
жай жоқ, екеуміз кешеден бері қоштасып жүрміз...
Ертең мен де демалысқа шығам. Осыдан он күн бұрын мен бір-екі
жолбасар ұстап əкеліп едім. Үн шығармай, ақырын ғана ұстадым. Шу
шығартпай, тіл қаттырмай ұстадым. Ар жақтағы қожалары ол екеуін аман
өтті деп қалса керек, алыстан аңдалатын сезікті белгілер болған жоқ. Біреуі
əшейін бізді сынауға жіберілген «жолды-аяқ» болғанмен екіншісі сұр
қасқаның өзі екен. Содан бері шекараның осы тұсын осал көріп, əр түрлі
қарақұстар түңіліп жүргенін байқаймыз. Осы екі жолбасар үшін маған бір
ай демалыс берді. Əуелі Қара теңіз жағасына барып дем аласын, деп еді,
аяғында үйіме барып қайтуға рұқсат етілді.
Кеше кешке қайда кететінім анықталып, қазір Коля екеуміз екі ағаш
шамаданымызды ашып қойып, азды-көпті дүниемізді жинастырып
жатырмыз. Қай нəрсемізді қайда саларымыздың ретін таба алмай
отырғандай, үш-төрт қол орамал мен азғана ұйық-шұлғауларымызды
аударыстырып, ойланып қалыппыз. Əрине, əрқайсымыздың өз себебіміз
бар... Əркім өз ойымен отыр...
Əр жауынгер əскерге алынғанда, артта қалған туған елдің бір исін ала
келеді. Онысы кейде алдағы арман сияқты, кейде орындалған арман сияқты
болады. Не көңілің жай, не көңіліңде тыныштық жоқ. Өлі балықтан
басқаның бəрінде де осындай бірдеме бар. Жауынгер өзін отанына беріп,
жеке арманын жанында сақтайды. Оны ортаға сала алмайды.
Менің осы екі жыл бойы шеше алмай жүрген бір-ақ жұмбағым бар.
Ойланып қарасам — арманым да сол. Екі жылдан бері Ақботаның қайда
ұшып кеткенін білмеймін!
Бұл жұмбақ əуелі маған қатты бір ызғар, қайтпайтын кəрмен келді.
Армияға алынғаннан он бес күннен соң біздің рота ұзақ жорықтан қайтып
келе жатты. Бүйендей қылып орап алған шинеліміз арқада. Тер өткен, шаң
тұрған сыртқы көйлек салтақ-салтақ. Əркімнің екі жаурынының ортасынан
су құйып жібергендей. Орал қаласының көшесін солқылдатқандай, гүрсгүрс басып, өлеңдетіп келеміз. Жатаққа жақындай бергенде, қабырғаға
жабысып тұрған қара киімдіге көзім түскенмен көңілім тұрақтамай,
қақпадан өтіп кеттім. Мылтығымды орнына қойып, енді жуынуға жүре
беріп едім, күзетші мені шақырып алып:
— Қақпа алдында сізді бір туысқаныңыз күтіп тұр. Таңертең келіп еді,
əлі тұр, — деді.
Мен қақпадан шыға сала, қара көлеңкеде тұрған адамды танымай
тұрып-ақ қолымды шекеме апарып, əскерше амандық айттым. Туысқаным
жауап та қайтарған жоқ, орнынан қозғалған да жоқ. Таң қалып, жақындай
беріп, Ақботаның күйеуі екенін таныдым. Таныс қара костюм, қапсыра
киген көк кепке, таныс қушық кеуде... Мені бас салып, шайнап
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Қазақ солдаты - 07
  • Parts
  • Қазақ солдаты - 01
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2163
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 02
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2108
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 03
    Total number of words is 4133
    Total number of unique words is 2092
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 04
    Total number of words is 4064
    Total number of unique words is 2142
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 05
    Total number of words is 4112
    Total number of unique words is 2242
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 06
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2201
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 07
    Total number of words is 4110
    Total number of unique words is 2267
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 08
    Total number of words is 4062
    Total number of unique words is 2201
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 09
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 2058
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 10
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2113
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 11
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 2030
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 12
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2154
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 13
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2144
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 14
    Total number of words is 4063
    Total number of unique words is 2149
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 15
    Total number of words is 4032
    Total number of unique words is 2124
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 16
    Total number of words is 4067
    Total number of unique words is 2018
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 17
    Total number of words is 4089
    Total number of unique words is 2187
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 18
    Total number of words is 4047
    Total number of unique words is 2190
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 19
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2162
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 20
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2182
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 21
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2106
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 22
    Total number of words is 3985
    Total number of unique words is 2066
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 23
    Total number of words is 3821
    Total number of unique words is 2014
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 24
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2066
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 25
    Total number of words is 1652
    Total number of unique words is 1004
    41.0 of words are in the 2000 most common words
    55.3 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.