Latin Common Turkic

Қазақ солдаты - 09

Total number of words is 4108
Total number of unique words is 2058
36.5 of words are in the 2000 most common words
50.5 of words are in the 5000 most common words
57.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Алғашқы атып жіберер оғыңның өзін жау кеудесіне дəл тигізердей боп,
жер тарпып тұрмыз. Таңертеңгі бейбіт ойлардың бəрі де жым болыпты.
Тез-тез, ықшам жиналып, жүруге əзірленіп жатырмыз. Əлдеқайдан тез
жөңкіліп келіп қалған жүк машиналары жолдың екі бетіне жарыла тізіліп
қалыпты:
— Асықпаңдар, тез жиналыңдар! — деп, Петр қалжыңдап қояды.
— Барлық сүйіспеншілік хаттарды, Костя, сіздің колхозға жіберейік. Ең
берік орын сол жақ болар. Түбінде біреуміз тауып алып орынды-орнына
жіберерміз, — деп, тағы біреулер қалжыңдап жатыр.
Бір сағаттан кейін жүк машиналары жөңкіліп жүріп кетті. Сығылыса
тиелген жауынгерлер... Əрбір машина екі жаққа қараған найза ұштарынан
кірпідей тікірейіп көрінеді. Айқыш-ұйқыш құйып тастаған тас жол
жыландай иіріледі. Таң ата, кім үшін əзірленген болсақ, соның қарамағына
келдік...
3
Жар қабаққа тақай салынған тас көпір осы бір күндерде майданның бір
тар қылтаңына айналып кетіпті. Батыстан шығысқа қарай ағылған əскерге
аралас көп жұрт көпір аузында қарбалас жасап, тығындап тастаған екен.
Бір ғана бөлімше деп саналатын тоғыз жауынгер алты сағат алысып, əрең
дегенде тəртіпке қол жетіп, міне екі күн бойы шегінген əскер бөлімдері мен
жосыған жұртты өткізіп тұрмыз.
Полковник Озимин біздің көңілімізді көтергісі келіп.
— Бұл бес күннің ішінде майданның ең ауыр жерінің бірі сол елеусіз
көпір болады. Соғысқа кірмедім деп ренжімеңдер... Соғысты сол жерден-ақ
жақсы көрерсіңдер, — деп еді, айтқаны қате кеткен жоқ...
Айналамыз астан-кестен. Жер бетіне қорасан шыққандай. Дүниедегі
бар үн біздің үстімізге жиналғандай: гүрсілдейді, өкіреді, ұлиды. Аспан
біресе жарылғандай, біресе жыртылып кеткендей, енді бір кезде салдыргүлдір құлап келе жатқандай болады. Осы маңда секіріп түспеген бір тас
қалмаған сияқты. Көпірдің қай жерде екенін дəл белгілеп алған жау
самолеттері түн ішінде де келіп, дүркін-дүркін бомбалап кетеді.
Гүжілдеген мотор, өңеші қызарғанша өкірген машиналар, шуласқан,
керілдескен босқын жұрт көпір басындағы айғай-сүреңді қоздыра түседі.
Əркімге де тезірек өту керек. Əркім де өзіне жол берсең ғана тəртіп бар деп
таниды. Көпір біреу де, өтем деушілер мыңдар...
Курстан келген жігіттер, бізді бірден-ақ майданға салар, майдан шегіне
жеткен соң-ақ жаумен бетпе-бет келерміз, кім қандай екенін сонда көрерміз
деп ойлап едік. Келген күні, келген сағаттан бастап, өмір мен өлімнің
шекарасында болармыз деп едік, онымыз болмай шықты. Жау əлі
шабуылмен келеді. Күн санап мардамсып, ілгерілеген сайын кеудем-соққа
салып, ар-намысты таптап, ел есінен кетпестей қорлық-зорлығымен келеді.
Мас өгіздей, нас шошқадай, басы жеткен жерін артымен ластап келеді.
Біз əлі сырт жұмыстамыз. Азов теңізіне құлайтын елеусіз бір өзеннің,
елеусіз бір көпірінде тəртіп орнатып тұрмыз. Соғыс қасында тұрып,
соғысқа кіре алмағанымызға, антпен байлаған ерлігімізді көрсете
алмағанымызға қынжыламыз да. Əзірге бар істеп тұрғанымыз, əрбір
тəртіпті қалада қалай жүру, қалай тұруды басқаратын милиционердің ісі.
Ұрсатынымыз да, ұрсу еститініміз де өзіміздің адамдар. Мұның қай
жерінде ерлік болмақ, қай ісімен жауынгер сыналмақ!
Қалада бейбіт шақта тəртіп үшін жанжалдасып жатқан адамды сирек
көруші едік. Енді, көпір басында мыңдаған адамның барлығы — тəртіп,
тəртіп! — деп айғай салады. Тар ғана көпірмен мыңдаған адам өтсе,
мыңдаған адам тағы тіреліп тұр. Дау-жанжал қыза түспесе, бəсеңдер емес.
Өйткені, осы жосыған жұрттың, артын тірей жау қолдары келе жатыр.
Алдына босқын жұртты тосып, оқ қағар етіп келеді. Жау жақындаған
сайын көпір тынысы да тарыла түседі.
Елеусіз көпір елеулі істің тиегі екендігіне əлгіде ғана тағы бір дəлел
келді.
— Сіздің қарамағыңызға жіберілген пулемет бөлімшесінің командирі
Баранов! — деп, жас сержант маған рапорт берді.
— Неше пулемет?
Сержант санын айтты.
Келген пулеметтер онша көп болмағанмен бəрі де жоғары ататын
пулеметтер екен. Маған ол зеңбірек дивизиясы келіп қосылғандай күш
берді. Пулеметтерімді жау самолетінің күнде келіп жүрген кəнігі жолдарын
тоса орналастырдым да өз ойым жеткен жерге дейін тапсырмалар бердім.
Осы арпалыста екі күн, екі түніміз өтіп барады. Тарсыл-гүрсіл мен удашуға құлағымның үйреніп кеткені сонша, көпірден жүз метр ғана
былайырақ шығып ем, тып-тыныш сияқтана қалды. Тау өзенінің күбіркүбір күңкілдеп ағып жатқаны да естілді. Тау кəдуілгі бейбіт шақтай, таң
жақындағанын білдіріп, өзеннің ар жағында қораз айғай салады. Оған
жосыған жұрттың арбасының бірінен тағы бір қораз жауап қайырды.
Тамағын көріп, даусын кергітіп тұрып жауап берді. Көпір үстіндегі қара
боран шаңнан шыққан соң, таң қараңғысында қатты жарқырап кететін
оңтүстіктің үлкен-үлкен жұлдыздары да айқын көрініп тұр. Қазылған окоп
қопарылып, ойылып қалған апандарға құлай-сүрініп, мен ағаш арасына
апарып жатқызып қойған екі жаралы жолдастарымды іздеп келе жатырмын.
Құлаған, сынған ағаштар аяқтан шалып, жүргізбей келеді. Ауыр бомбалар
қопарып кеткен терең шұңқырға екі жаралыны өзім жатқызып кетіп ем,
қазір таба алмай жүрмін. Шұңқыр саны да көбейіп кеткен белгілеген
ағаштарым да жоқ.
Кеше кештен бастап көпір арқылы жұртты өткізудің бастығы мен болып
қалдым. Əуелі бастығымыз барлау взводының командирі лейтенант
Алексей Горькин еді. Менің бөлімшем соның қарамағына берілген.
Күндізгі толассыз бомбалаулардан аман келген лейтенант дəл кешке
жараланды. Күн батып, қызылы сөніп, енді бомбалау тоқталар деп,
сығылысып, қаңтарылып тұрған жұртты тағы да өткізе бастап едік,
əлдеқайдан сап ете түскен үш ауыр самолет төмен төніп кеп, қара құстай
айналып жүріп, көпір маңайын бомбалай бастады.
Шығысқа қарай көшірілген өндіріс орындарының жүздеген
машиналары мен əскер құралдары, босқын жұрттың ат-арбалары лап беріп
көпірге ұмтылғанда, біріне-бірі соқтығысып, көпір алдын тағы тығындап
тастады. У-шу жұртқа жөн сілтеп, əмір беріп тұрып, өзеннің жағасына,
көпірге жақын бір бомба түскенде Горькин жатып үлгіре алмай қалып еді.
Бомба гүрс етті де, күш екпінімен Горькинді лақтырып жіберіп, көпірдің
жақтауына апарып соқты.
Горькин қатты бір ышқынып қалды да, үрейленіп, кимелеп бара жатқан
біреуге:
— Кейін! — деді. Даусы ышқынып, ащырақ шығып кетті.
Қауіп-қатер өткеннен кейін сұрасатын əдетіміз бойынша:
— Жолдас лейтенант, жараланған жоқсыз ба? — деп сұрадым.
Горькин қолын бір сілтеді де, азғана жарықшақтана қалған дауыспен
əмір беріп, өз жұмысын басқара берді. Горькиннің кеше қарлыққан даусы
түн ортасына дейін онша əлсіремей үздіксіз шығып тұрды. Бір кезде даусы
кенет үзіліп, бастаған бір сөзді аяғына жеткізе алмағанын аңдап қалдым.
Булығып, шашалып қалғандай болды. Жалт қарасам Горькин өте берген бір
жүк машинасының қанатына асыла құлап барады екен. Мен құшақтап
сүйей бергенде, көйлегінен өтіп кеткен желімдей жабысқақ, жылы қан
қолыма білінді. Арқа жағын қан жауып кеткен екен. Горькин ауыр бір
ыңыранып қалды да:
— Команданы сен ал, сержант Сарталиев! —деді. Мен көтеріп алып,
жағадағы ең жақын шұңқырға əкеп, сырт көйлегін шешіндіргенше Горькин
ессіз де болып қалған екен. Жараларын таңып, есін жидырған соң, мен оны
кез келген машинамен кейін қайтарайын деп ем, көнбеді.
Арқасында толып жатқан бомба жарықшағы тиген жара бар, сол жақ
иықтың үстіңгі еті көлденең жыртылып кетіпті. Түнде біз ондаған
жаралыны ілгері жөнелттік. Горькин көпір басынан кеткісі келмеді. Андасанда есінен жаңылысып кетеді. Есі жиналса-ақ:
— Шамаң келетін бе? Көпірдің алдын ашық ұста... Əскер бөлімдерін
алдымен өткіз!.. Таңертең басымды көтеруге де жарармын, — деп ылғи
үміттеніп жатты.
Бүгін кешке қарай Горькин қатты əлсіреп кетті. Түсі өліктей көгеріп,
қолын да қозғай алмай қалды. Жөнелтуге сонда ғана ризалық білдірді.
Шегінген əскер бөлімдерінің ішінде аурулар мен жаралыларды таситын
жабық машиналар да бар екен дəрігер де бар екен. Басында дөңгелек ақ
қалпақ, үстінде ақ халат, көзілдірік киген қартаң дəрігер екі рет келіп,
Горькиннің жараларын қайта байлап беріп, машинаға алып кетпек еді,
Горькин көнбей қойды:
— Машинада тұншығып өлем ғой. Салқындау ағаш ішінде жата
тұрайын. Қазір бəрібір кетпейсіңдер. Дəл жүрерде алдырыңыз, — деді.
Дəрігер машинасы өткен түнде ғана көпірге жақындай алды да,
Горькинді де түнде ғана жөнелттім. Өзім көтеріп апарып салдым.
Қазір мен кейінірек жараланған екі жолдасымды іздеп келе жатырмын.
Оларды да ілгері жөнелтуге бір жауынгерімді жіберіп ем, таба алмай
қайтты. Енді міне, өзім де таба алмай жүрмін. Күндіз талай көріп жүрген
белгілі жер көшіп кетіп, оның орнына балшық алған көп шұңқыр келіп
қонған сияқты. Кеше ғана көлеңкелі көк орман өртке шалынғандай
селдіреп қалыпты. Күйген темір мен шүберек исі келеді.
Міне, белгілі шұңқырды да таптым. Бірақ жолдастарымды таба
алмадым... Тани сала қуанып кетіп, шұңқырға түсе қалып ем, тереңдігі екі
есе болып кеткен екен. Бұрынғы соғыстарда оқ бір түскен жеріне қайта
түспейді деуші еді, бұл соғыста бұрынғы заңдардың күл-талқаны шығатын
сияқты. Шұңқырға құдыққа құлағандай құлап, қайта тырмысып шыға беріп
ем, үйіліп қалған балшық етегінен үзіліп қалған адам аяғы қолыма ілекті.
Етік, етік ішінде үзіліп кеткен аяқ, үзіліп кеткен адам аяғы. Қорқып кетіп,
тез лақтырып жібердім. Жаралы жолдастарымнан біржола айрылғанымды
да білдім. Осы екеуі менің бөлімшемнің бірінші құрбандары болды. Əрбір
құрбан айқас үстінде болар деп арман етуші едік, өмір өзі осылай
ұйғарыпты. Бұл екеуі мыңдаған адамдарды көпірден аман өткізіп, өздері
құрбан болды. Горькин анау, ауыр халде госпитальға жөнелтілді.
Енді міне, көпір басындағы тəртіп бастығы болып қалдым. Штабқа халжайды айтып жіберген рапортыма бастық деп қол қоюға тура келді. Азырақ
қысылғандаймын, бастық болмасқа амалың да жоқ. Көзің азғана тайып
кетсе-ақ шоферлар жанталасып, кимелеп келіп қалады. Соқтығысып,
ілегісіп қалу дегендер ұят саналудан шығып қалыпты. Машинаның
доңғалағын жарты айналдырып ілгері басса, шын-ақ біраз жер ілгері барып
қалғандай көрінетін сияқты. Ешкім орнында тыныш тұра алмайды.
Əсіресе, жай халықтың ішінде тынышсыздары көп.
— Сіз менің кезегімді он рет əскер бөлімдеріне алып бердіңіз.
— Мені өткізбегенің үшін жауап бересің əлі, — деген айғайлар алыстан
айбар шегіп, бір бəсеңдемейді.
Кейде аға командирлердің өзі де тəртіп бетін жауып қойып, үзіліпсозылып өтіп кете алмай тұрған өз бөлімдерін шығарып əкетуге жанын
салады. Солдаттың қатты қипақтайтыны өзінен үлкен командирлер
болғасын, артығырақ қысып жібереді.
Қабағын қатты түйіп алған, зеңбірек бөлімінің бір майоры, сол иығында
плащ-палаткасы, оң қолын біресе сермей сөйлеп, біресе тапанша асынған
бүйіріне апарып қалып, маған қатты зекіп тұр:
— Сен, сержант бала, шегінуді дұрыс ұйымдастырудың не екеніне
түсінемісің, жоқ па? — дейді. — Болашақ шабуылға немене кепіл?
Алдымен соғыс техникасын аман сақтап қалуымыз керек! Менің
бөлімдерімді кезексіз өткізіп жіберуге бұйырамын! — дейді.
Бұл жерде бір ғана тілекті орындатқысы келген бұйрық беруден гөрі,
сол бұйрықты орындай қою қиын. Жол үстінде сығылысып тұрған қалың
жұртқа көлденең келіп киліккен майор менің қолымнан келместі бұйырып
тұр. Майордың ұзыннан-ұзақ шұбатылған зеңбіректер мен кішкене
танкілері, оқ артқан машиналары мен тракторлары шұбатылып, қыр асып
жатыр. Көпір аузында да машина мен тракторлар, жүк көліктері мен
кішкене танкілер, шимай-шытырман араласып кетіп, сығылысып тұр.
Ешкімді орнынан қозғай алмайсың. Қатты ағыс айдап əкеп үйіп кеткен тас
сияқты, алдыңғы бір тасты суырып алсаң, арт жағы тұтас бір ілгері басып
қояды. Бізге берілген бұйрық осы көпірді шегендетіп тастамай, неғұрлым
көп жұртты өткізіп алу.
Мен қолымды шекеме апарып, уставымыз бойынша майорға сəлем
бердім де:
— Жолдас майор, бұйрығыңызды орындай алмаймын! Жолдан
былайырақ тұрыңыз. Шегініңіз, — дедім, қаталдау дауыспен. Аға
командирдің алдында сақталатын əдепті бұзбасам да, көлденең беріп
тұрған əмірін орындай алмайтынымды аңғарттым. Майор үнсіз шегініп
кетті...
Майордың үнсіз шегініп кеткені жұрт алдында менің беделімді де бір
көтеріп тастады. Кезегі келген машиналар, жаралыларды əкеле жатқан атарбалар еппен ғана жылжып, кідіріс көрмей өтіп жатыр. Ашу қанша
қысқанмен дұрыстық мен жақта екенін мойындаған майор шетірек барып,
жаратпаған көзін біресе маған, біресе көпірге тастап қойып, добалдай
қылып темекі бұрап тұр. Əрине, майордың, зеңбіректерін тез өткізу керек.
Көпірден өткен əскер бөлімдерінің шегініп барып, жайлы жерден бекініс
жасап жатқандарын да білем. Бірақ бүйірден келіп, өзге бөлімдерге
көлденең тұрып қалған майордың көшін алға шығарам десем-ақ көпір
аузында «Орынбордың жəрмеңкесі» болғалы тұр. Мен əскер бөлімдерінің
барлық машиналарын бірден өткізіп жіберер едім. Ол түгіл, екі күннен бері
арбасы орнынан қозғала алмай, жарқабақтың, астында тұрған ана бір
кемпірді де қуана-қуана өткізіп жіберер ем. Майданға келгендегі өз
арманым да көпір басының тəртібін түзету емес, бірақ амалым қайсы?!
Екі көгілдір-құбақан өгіз жеккен кемпір, биік арбасының үстінен андасанда маған қарай қолын бір сермеп қойып, екі күн бойы сол орнында тұр.
Көзі мен мүйіздері қап-қара, өзге денесі меңсіз құбақан атан өгіздер, кейбір
елдердің тəңірі деп табынуына тұратын. Биіктеу жарқабақта тұрғандықтан
жүк машиналарының үстінен көрініп тұрады. Қазір таң атып келе жатқан
ала-көлеңде баяғы өз орнында ақ шатырдай ағараңдаған, əрине, сол екі өгіз.
Қаз-қатар тіресе, құйрық тістесе келе жатқан машиналар мен соғыс
құралдары кемпір байғұсты жолға жақындатпай қойды. Қайта, бір адым
болса да жарқабақтың астына қарай, əрірек шегіндірген сияқты. Керексіз
шаң-шұң тоқталып, мына жұрт күнбе-күнгі өміріндегі əдептілігі мен
тəртібін бұзбаса, көпірден өтуі де оңайлана түсер еді. Жаралыларға
арналған, қазір көпірден үнсіз ғана өтіп бара жатқан машиналар сияқты
болса бəрі де бұдан он рет тез өтер еді. Майордың соғыс тəңірлері де кезек
күтіп қалмас еді.
Жабық машиналарда тұншығардай болып, ашық машиналарда күнсіп,
қаталап келе жатқан көп жаралылар бар. Шегініп барып, бекініс жасап
алып, жауға қарсы тұруға тиісті əскер бөлімдері күтіп тұр. Мүмкін, дивизия
командирі полктарыңды үш сағаттың ішінде бекініске сал деген бұйрық
алып жатқан шығар. Оның орындалуы мына тар көпірдің аузында, не
болғаны сержант Сарталиевтің қолында тұр. Оны мен ғана білем, басқалар
өз қамын ойлап шуласады.
Менің бөлімшемнің жауынгерлері бұл күнге дейін əдеп салтына
үйретілген арам сөздерге бармайтын жігіттер еді. Үш күннің ішінде
қабаттай боратып, қатты сөздер айтуға үйреніп алыпты. Əсіресе, Петр
аспанды жаңғыртады. Боқтық айта бастағандардың қасынан үндемей ғана
тұрып кететін Владимир Толстов та енді ешкімнен қалысар емес... Көпір
алдымдағы азғана ашық жердің сол жақ шетін қорып тұрған Петр, кимелей
берген шоферларға тəртіп сақтауды түсіндіру үшін, аюдай ақырып қалады.
Жалғыз-ақ, үндемей жапырып, жұртты өзінің алып денесімен
ығыстырып тұрған ұзын бойлы, алып денелі, Сталинград жұмыскері Семен
Зонин.
Көпір аузының тығыны алынып, алдыңғы машиналар тез сырғып кетіп
еді, биік қырқаның аржағында келе жатқан қалың жұрт, сеңдей сығылысып
көпірге келіп тірелді. Көпір алдындағы ашық жеріміз бітеліп қалды.
Машинаға жетектерімен соғылып, ауыздарын арандай ашып, қарғыған
аттар, жеңіл машиналарды бір жағына қарай ығыстыра қозғалған ауыр
машиналар, еш нəрсені естімеген түсінбеген боп, жауынгерлерімді де
басып өтердей, кеуделеп келеді. Жігіттерім де шегіне бастапты. Алыста
тұрған кемпір де ұзын шыбықпен жатқан өгіздерін үсті-үстіне ұрып,
тұрғызып жатыр.
Таганрог қаласына қарай өтіп алып, қорғаныс шебін құрғалы бара
жатқан əскер бөлімдері мен зеңбірек, танкілерді алдымен өткізу керектігін
мен де білем. Бірақ əскер бөлімдері босқын жұрттың ат-арбаларымен
араласып алыпты да, басын сұққан жерден өздері де қозғала алмай тұр.
Сондықтан бөгесін болып, алға тұрып қалған арбалар мен жаяуларды тез
өткізіп жіберу керек. Жұрттың алдыңғы жағы тоқтаусыз шұбап өте бастаса,
қабақта көлденеңдеп тұрып қалған машиналар, арбалар барлығы
байқалады. Ол жақтағы жұрт кезек дегенді өз бетімен көбінесе күшпен
құрып жатыр.
— Сол бір топ қинағалы тұрсын-ау... — деп, солай қарап ем, биік
жардан ойға қарай артымен сырғып барып, енді тырп ете алмайтындай
болып тоқтаған жүк машинасының үстіндегі бір топ қызға көзім түсті.
Дұрысында, көзім түскен жоқ, сол машинадан шыға қалған таныс əнді
құлағым шалып қап бастап кетті-ау деймін. Осынша үйме-жүйме жат
дыбыстардың ішінен əн естілуінің өзі де жат еді. Көзім соны тексеру үшін
түскен сияқты. Үш күннен бері ұйқы көрмеген адам, əн емес, түс көріп
тұрғандай да болып кетем. Құлағыма сене алмаймын. Көпір аузындағы
мына халді қандай күтпесем, əн естілуін де сондай күтпеген екемін.
Бірақ бірден жылынып кеткен жұрттың жүзі, түгел солай қарай
бұрылып қалған мойындар маған да естіп тұрғаның əн дегендей болады.
Көптен таныс əдемі əн барлық у-шуды, гүрсіл-гүжілді басып, баяғы бейбіт
күйіндегідей ерке, ойнақы, еркін шығады.
— Өлең өмір сүрудің қолқанаты,
Өлең досың бірге өлер, бірге аттанып...—
дейді.
Əн
шыққаннан
кейін
темір
біткеннің
қаршылдаған
үні
де,
машиналардың гүжілі де, жұрттың айғай-шуы да басыла бастаған сияқты.
Көпірмен өтіп бара жатқан қызыл əскерлер ыржия күлісіп, əн жаққа қарай
қолдарын сілтейді. Саусақтарын еріндеріне апарып, қыздарға сүю
ишаратын жасайды.
— Қазір біреу əн салады. Азырақ тыншыға тұрыңыздар! — десең, мына
жұрт сені құтырған шығар, дер еді. Əн өз бетімен келіп, еріксіз килігіп еді,
жұрт құлағын соған түріпті. Бар адам солай қарап, бір-бір езу тартып
қалады.
Əн шыққан машинаның, үстінде бір топ қара көз, қолаң шашты Украина
қыздары отыр. Сыртқы түрлері оқушылар сияқты. Бірінің үстіне бірін
қойған шамадан, корзинкаларының үстіне қызыл патефонды қойып,
ойнатып отыр екен. Жұрттың көңілін бөліп, жүздерін жадыратқанға өздері
де қуанып кеткендей, жарқылдай күлісіп, мəз болып отыр.
Менің де əлгі бір кездегі ашуым тарап, қатты қысып ұстаған наганның
салмағын енді сезіп, қабына салдым. Машинасының қанатына шығып,
мойнын соза тыңдап тұрған манағы майорға көзім түсті.
— Аузың ашылып қапты, ана қабақтағыны көремісің? — деді майор
маған, қолын қабаққа қарай сермеп.. Жұрттың біразы əнге қарай
аңтарылғанын көріп, кейбіреулер машинасы мен арбаларын сына сияр жер
болса, қыстырып қалайын деп жанталасып қалған екен.
— Жолдас майор, жəрдем беруіңізді сұраймын! — дедім, манағы
мінезіме кешірім сұрағандай жылы дауыспен. Майор маған бір жалт етті
де, бері қарай жүрді. Жеңілген ұстаз, жеңген шəкіртіне қалай қараса,
майордың көзқарасы да сондай еді. Азырақ ұялу да бар, бірақ дұрыстыққа
мойындап, енді шəкіртін жақтамақ, адал жақтамақ. Əлгіде ғана қарсыласып
қалған майор, енді менімен одақтасып қасыма келіп қатар тұрды. Көпір
тəртібі екі есе күшейгендей болды. Жұрт та кеуделеуді қойып, тез-тез өте
бастады.
— Менің жауынгерлерім қарап отыр, — деді майор. — Жолдас сержант,
мақұл көрсең, қабақтың алдынан тағы бір белдеу жасасақ қайтед?
Мен майорға рахмет айттым. Майор орап жатқан темекісін менің
аузыма тыға салды да, тез тұтатып беріп, өз бөліміне жүгіріп кетті. Ұзамай,
майордың жауынгерлері де жұрттың алдын құлай беріс қабақтан орап
алып, енді сығылысуға ырық бермей қойды. Көпір арқылы, əрі тез, əрі
еркін қозғалыс басталды.
— Шаршадың ба?— деді майор, менің қасыма қайта келіп.
— Шаршаған жоқпын, ұйықтап жүргендеймін... Күн батып бара ма, таң
атып келе ме?
— Бар, суға басыңды тығып-тығып ал. Шомылып шықсаң тіпті жақсы
болады. Орныңды маған сеніп қалдыра тұр.
Салқын судың ағынына бірер сүңгіп алып ем, көзім шырадай ашылып,
əр нəрсе өзінің орнына түсті. Ағарып қалған таң, ұзамай жаудың барлаушы
самолеттері келеді, жұртты тез өткіз, арт жағын, сығылысып қалмасын,
ескертіп қой дейді.
Өзен беті сұрланып, отқа салынған темірдей күңгірт көгере бастапты.
Таңертеңгі жаяу жел əдеттегідей таза емес, өрт исін ала келіпті. Күйген
көң, шөп-шалам исінен гөрі көңірсіген темір исі басымырақ. Бұл кезде
жұқа жібектей көгілдірленіп жеңіл сезінетін ауа, бүгін буалдырланып
кетіпті, əрі қою, əрі салмақты сезіледі. Бұлыңғыр дүниені етегінен түре
өртеп, нарттай жанған қып-қызыл күн шығып келеді. Тау қырқалары, бұлт
етектері тұтана бастағандай қызара бастады.
Тізе қосып, жапыра қимылдап кеткен майордың отыз шақты
жауынгерлері əскер бөлімдері мен былайғы жұрттың жігін ашып, көпірден
өтуді едəуір жеңілдетіп тастаған екен. Əскер бөлімдері лек-легімен тез өтіп
жатыр. Екі қатар болып ағылған машина, құралдардың арасымен жаяу
жұрт та қалың өтіп барады. Арт жақтағы жұрт босқа сығылыспай, жау
самолеттері келіп қалса, ағашқа қарай тез жылжып кетуге əзір тұр.
— Əскер бөлімдері түгел өте алмаса, тағы да келер түнге қалады-ау... —
деді майор. Мұнысы жалпы кезекке көлденең келіп килігіп қалған өз
бөлімін өткізіп əкетуге рұқсат сұрағаны да еді. Екеуміз де бірімізді-біріміз
түсініп, бір ғана қарасып қойдық.
— Кешіріңіз, майор, əскер бөлімдерін өткізіп үлгіруіміз керек. Жоғары
ататын пулеметтерім құрулы тұр. Енді кемшілік бола бермес. Əр минут
ауырлай түскелі келе жатыр ғой, — дедім.
Майор бұл ойыма ризалық білдіргендей болды.
— Аспан! Аспан! — десіп қалды əр жерден.
Əріректегі биік қырқадан сырғып қана түсіп келе жатқандай, төмен
ұшып неміс самолеттері жақындап келеді. Əдіс алып қалған жұрт жолдан
тез бұрылып, сай-жыраларға қарай, ағашқа қарай кетіп барады. Майор
маған бір қарады да, өз бөліміне қолын сілтеді. Мен де қарсылық
білдіргенім жоқ.
Майордың зеңбірек полкы бар моторларымен бір-ақ гүр ете түсіп,
баяғының ұзын айдаһарындай шұбатылып, көпірден өте бастады. Əрі
ықшам, əрі саспай қозғалып барады. Майор бөлімінің алды жақын белестен
асып түскенде, арт жағы көпірден де өтіп болып еді. Кішкене сұр
машинасын құнандай ойнақтатып кеп, жас лейтенант көпірден өте беріп,
майорға машинаның есігін ашты, майор машинасына мініп алып, маған бір
жымиды да:
— Көріскенше қош бол, сержант! Кез боп қалсаң, алдыңа бір
келтірермін, — деді.
6
Манағы «Аспан! Аспан!» дегенде тақалып қалған жаудың жеңіл
самолеттері еді. Күндегісіндей, қаннен-қаперсіз төмен келе жатқанда тосып
тұрған пулеметтерім дүрсе қоя берді. Сенің соғысқа қатынасуың, кейде
осылай да басталып кетеді екен. Өзің көпір үстінде тəртіп сақтап тұрсың,
сенің қарамағыңа жіберілген пулеметтер аспанмен соғысып жатыр...
«Осы, енді менің де соғысқа кіргенім шығар», — деген ой келеді.
Соғысқа кірген жерден оңай олжа таба қоярмын деген ой жоқ еді менде.
Алыстан жайқап, денесіне қол тигізбей келе жатқан, болат жамылған,
техникалы жау, тетігін таппасаң оңай алдырмайтыны жабайы солдат —
маған да айқын болып қалған. Енді міне, өз көзіме өзім сене алмай тұрмын.
Жау самолетінің біреуі пулемет оғынан екі жағына кезек теңселіп, лықсып
төмен түсіп, жер бауырлай ұшып, өзенге құлардай төніп келеді. Бірақ
құлаған жоқ. Жаралы тырнадай, жағада əрең-əрең соғылмай аяқтары
салбырап, арғы қабақтан асып кетті.
— Құлады, құлады! — деді Володя. Көзімен емес мұрнымен көріп
тұрғандай, екі танауы желпілдеп кетіпті.
Жоқ, самолет құлаған жоқ. Біздің жаққа қарай сұғынып барып,
қайқайып солтүстікке қарай орап барады. Əлі төмен əлі жанталасып ұшып
барады.
— Бəрібір құлайды! — деген Петрдің ойына бəріміз де қосылып
тұрмыз.
Екінші бір самолет жау жақ беттегі қырқадан аса берді де, көпірден елу
метр жерге шаншыла түсті. Кеуде жағынан қара түтін бұрқ ете түскенін біз
аңдап үлгіргенше, самолет құлап та түсті. Енді сол қара түтін күрең
қошқыл жалынға араласып, шаншылып аспанға шығып барады. Самолеттің
жасыл сырын жалай жүгіріп, жалақтап жүрген сарала жалын, қаптап кеткен
сасықкүзенге де ұқсап кетеді. Секіріп атқып, тез жүйткіп жүр.
— Құлаған деген міне, осы! — дейді Петр Володяға қарап. Володяның
көзі жасаурап кеткен шұңқырдың жар қабағынан басын қылтитып, ерні
күбір-күбір етеді. Əрине, пулеметчиктерге рахмет айтып тұр.
Басқа үш самолет оққа ілікпей жоғары көтеріліп кетті. Құлаған самолет
гүрс-гүрс жарылды да, жантайып құлап, енді көлбей жанып жатыр.
— Жолдас сержант, көріп келейін, рұқсат етіңіз! — дейді Володя.
— Тыныш отыр!
Жеңіл самолеттер бомбаларын бытырата тастап, онша зиян ете алмай,
кейін бұрылды. Түсіп келе жатқан бомбалар тамып келе жатқан қан
тамшысындай сезіледі. Жеңіл бомбалар онсыз да ойылып қалған жер бетін
анда-санда бір бұрқ еткізіп, ешбір зиянсыз өтті. Мыналар барып орнына
қонған соң ауыр самолеттер келеді. Оған дейін тағы біраз жұртты өткізіп
алу керек. Бүгін жау өте жоғарыдан бомбалауға тиісті. Жоғары ататын ауыр
пулеметтер орнап қалғанын білген жау төмендей алмайды. Темір мен от
күшіне сеніп алған неміс əскері, адам қолынан келетін өжет қимылға
барғанын естіген емеспіз. Сондықтан көпір үсті бүгін толасырақ болар деп,
жұртты жіңішкелеп өткізе бастадым.
— Аспан! — дегенде бұрын қимылдап, лезде жым-жылас жоқ болып
кететін босқын жұрт, аспан тыныштала қалса, тағы да тез жиналып қалады.
Қазіргі өтіп жатқандардың көбі солар. Енді тəртіпке де үйреніп қалған.
Əскер бөлімдері келіп қалса, оңай ығысып жол береді.
— Əй, əй!.. Бұрыл, жол бер! Бұлар соғысуға кетіп барады ғой! Сен бір
басыңа бір пана табарсың! — десіп қояды бір-біріне.
Құр кимелеудің зардабын тартқан жұрт, енді еппен өтіп жатыр. Көпір
арқылы күндіз қалай өткізудің əдісін де тауып алған сияқтымын. Түнге
қарай жауынгерлерімді көпірдің алдына қойсам, күндіз жол бойын өрлей,
əр сайдың, қабағына қоям. Жаяу жұрт болса-болмаса да тұс-тұсымыздан өзі
ағылып жатады да, машиналар мен арбалылар кезегін сол сайларда түзеп
алып көпір алдына жанжалсыз келеді.
— Аспан! Аспан! — деген у-шу тағы басталды.
Көпір хабарын біліп алып ұшқандары белгілі, ауыр самолеттер
аспандап, жоғары келе жатыр. Шап етіп, шаңқылдасып қалған пулеметтер
бұл жолы ешбір қайран қыла алмады. Төмендеуге қорқып, жоғарыдан
тасталған бомбалар да айнала түсіп, əзір мардымды зиян келтіре алған жоқ.
Сонша биіктен қылдырықтай ғана боп көрінетін көпірге дəл түсіру де оңай
емес. Оны екі-үш күннен бері байқап қалған жұрт жіңішкелеп келіп,
дүркін-дүркін өтіп кетіп жатыр.
Жасырынып жарқабақтың астында отырғанымызда Петр өзінің бір
байқауын айтты:
— Байқаймысың, Костя, немістер осы көпірді бұзғылары келмейді.
Қайта, өздері өткенше аман тұруын тілейді, — деді.
Расында да көпір қасына жүз қадамдай жақын бомба түспеген екен.
Адам мен машина, қару-құрал топтанып қалған жерді қайта-қайта қопарып,
астан-кестеңін шығарып жүрген немістер, көпірге онша түйілмепті.
Петрдің ойына бəріміз де қосылдық.
Əлдеқайдан біздің екі көк қырғи жарқ етіп көрінді. Төбемізден аумай
қойған жаудың жиырмаға тарта «қоңыр аласына» жоғарыдан ала, көлденең
бір килікті де, қайтып оралмай кетіп қалды. Бұлтсыз аспан көгілдір жібек
шатырдай жыртылып бір қалды да, қайта тынды. Жау самолеттері ағашты
жерлерді, сай мен жыра бойларын сүзе бомбалап жүр. Əр сайдан шашы
дудырап шыға келген əйелдер аспанға қарап жұдырығын түйіп, қарғыс
оқиды. Əлдекімдер баласынан, əлдекімдер ата-анасынан айрылып жатыр.
Біреулер көпірден өтіп үлгіріп, өлім шегінен ұзап барады. Біреулер сол
шекарадан аса алмай қалды.
Арбаның алдыңғы екі доңғалағын зыр қақтырып ұшырып, қыр басында
жалғыз жетекпен жегілген екі торы ат шапқылап жүр. Арбаның арт жағы
жоқ. Шұбатылып кеткен қос делбе кейде доңғалақтың астына түсіп қалып,
қатты екпіннен жыландай оршып, жоғары көтеріліп барып, қайта жерге
сүйретіледі. Шошынған жарау аттар енді қақ жолға түсіп алып, көпірге
қарай ағып келеді. Қақ жолға түскен соң доңғалақтар да жерге бір тиіп, бір
тимей кетіп барады. Бар пəрменімен келе жатқан аттар қазір көпірге
соғылады да, өзенге құлап түседі. Тас-талқан боп қирап, бірінің үстіне бірі
құлап, кең танауларына су құйылып тұншығып кетеді.
Жоқ, құлаштай сермеген күйі аттар тас көпірді бір-ақ гүрс еткізіп өте
шықты. Енді əне, өзеннің аржағында, бомба түсіп жанып жатқан жалғыз
үйдің қасына барып, аң-таң боп тұра қалды. Мүмкін, ол осы аттардың
талай тоқтаған, талай жем жеген үйі болар.
— Мұны неге өртеген? Енді біз қайда кіреміз? — дегендей, екі торы ат
ұзақ таңырқап тұрып қалды. Үлкен ақ қораз ордаңдай басып, аттардың
алдына келіп тұр. Таң ата айғайлаған да сол болуы мүмкін.
Сұрғылт сулықтың жалбағайы желкесін сабалап, қолында шыбыртқысы
бар ұзын бір адам жүгіре басып қыр басына шықты да, алыстан аттарын
танығандай, жар астына ентелей түсіп келеді. «Қазалы қайда да өледі»
дейтін болу керек, аспанға анда-санда бір қарап қойып, аттарына қарай
ұшып барады...
Төбеде жүрген жау самолеттері сирей бастады. Бөшке, тауықтың
күркесі, баланың, бесігі, самауыр, шелек сияқты болмашы бірдемелерді
артқан ағаш арбалар жарқабақтың астында əлі тұр екен. Екі құбақан өгіз,
дүние жүзінде ешбір дүрбіліс болмағандай, еш нəрседе жұмысы жоқ,
тыныш қана күйіс қайтарып жатыр. Кемпірдің өзі жоқ арбаның үстінде.
Қазір міне, көпірден өтіп жүре беруіне болар еді, өгіздерін тастап, жұртпен
бірге бойтаса жасауға кетіп қалса керек.
Сай-саладан жұрт тағы шыға бастады. Ұзын жолдың бойында ұбақ-
шұбақ, шұбалаңдаған шаң көрінеді. Мен көпірге қарай беттедім.
— Орындарыңа барыңдар! — дедім, əр жерге бұққан жолдастарыма
айғай салып.
Артымда Толстов Володя келе жатыр екен:
— Мə, тісте! — деді, өзі шайнап келе жатқан семіз шұжықтың бір
жағын менің аузыма тыға беріп. Қолы қап-қара болған екен.
— Өзен қасыңда жатыр. Қолыңды жуып алсаңшы! — деп, шұжықтан
қапсыра тістеп, өз қолыма қарасам, менің қолым да қарамай жағып
алғандай екен. Екеуміз де мырс етіп күліп жібердік.
Біздің тамақ жеуге қолымыз босайтын уақыт — жау самолеттері
бомбаның астына алып, окопқа апарып еріксіз жатқызған кезі болады. Бірақ
жер мен көк қосыла жарылып, асты-үстің дүңкілдеп тұрғанда тамағыңнан
ас өтпейді. Əбден ашығып қалыппыз. Мен шұжықты тістеп жатқанда
Володя нанды екі ұртына бүктеп жатады, ол шұжыққа ауыз салғанда нан
бүктеліп менің аузыма кіреді. Күліп те келе жатырмыз...
— Майор бір арба тамақ қалдырып кетті! — дейді Володя,— бəрі бар!..
Əр жерден тұра келіп, маған жақындай берген жолдастарымның бəрі де
бірдемені шайнап келе жатыр. Бойы дəл екі метр Семен Зонин үлкен бір
шарадай ақ бөлкені жалғыз опырып келеді.
Біздің тыныс алар кезіміз де осындай алаң-бұлаңның арасы ғана. Жұрт
жанжалсыз өтіп жатса, о да демалыс. Бірақ ондай сəтті кезең де сирек қана
кездеседі.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Қазақ солдаты - 10
  • Parts
  • Қазақ солдаты - 01
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2163
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 02
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2108
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 03
    Total number of words is 4133
    Total number of unique words is 2092
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 04
    Total number of words is 4064
    Total number of unique words is 2142
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 05
    Total number of words is 4112
    Total number of unique words is 2242
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 06
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2201
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 07
    Total number of words is 4110
    Total number of unique words is 2267
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 08
    Total number of words is 4062
    Total number of unique words is 2201
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 09
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 2058
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 10
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2113
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 11
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 2030
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 12
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2154
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 13
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2144
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 14
    Total number of words is 4063
    Total number of unique words is 2149
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 15
    Total number of words is 4032
    Total number of unique words is 2124
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 16
    Total number of words is 4067
    Total number of unique words is 2018
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 17
    Total number of words is 4089
    Total number of unique words is 2187
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 18
    Total number of words is 4047
    Total number of unique words is 2190
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 19
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2162
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 20
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2182
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 21
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2106
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 22
    Total number of words is 3985
    Total number of unique words is 2066
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 23
    Total number of words is 3821
    Total number of unique words is 2014
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 24
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2066
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 25
    Total number of words is 1652
    Total number of unique words is 1004
    41.0 of words are in the 2000 most common words
    55.3 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.