Latin Common Turkic

Қазақ солдаты - 05

Total number of words is 4112
Total number of unique words is 2242
35.2 of words are in the 2000 most common words
49.8 of words are in the 5000 most common words
57.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
орындаған Сарталиевке берілетін бəйге... — деп, ақ костюм, елу сом ақша,
жалтыр қара ботенкені ұсынғанда, басқалармен бірге байсалды басып
барып, мен де алдым. Басқа шеберлерше маңызданып тұрып, мен де жауап
қайтардым. Сөзімнің аяғында, басқалардың ыңғайымен — жасасын планын
артығымен орындап, бəйге алған шаш алғыштар! —деген сөз аузымнан
шығып кеткенде, қайда кірерімді біле алмадым. Екі бетім жанып бара
жатқандай, екі құлағым дуылдап кетті.
Шынында да басқа бірдеме айту керек еді. «Жасасын шаш алғыштар!»
деген əрі ерсі, əрі есердің ғана аузына түсетін сөз. Бірін-бірі көзінше
мақтап, сыртынан ішін кептіре жамандап жүретін шаш алғыштардың
алақан соққаны маған не керек еді! Осы бəйгенің қақпан-тұзақ емес екеніне
кезім жете ме?
Алған бəйгемді буулы күйі үйдің бұрышына тастай бердім де, жылжып
шығып кеттім. Буып келген ызадан темір білекке біраз айналған соң ғана
арыла бастап ем, үйге кіре бергенде қайта бас салды.
Қисық бір көшелерге Пушкин, Лермонтов аттары қойылғанын
көргенде, Шеген қатты назаланушы еді. Болмаса, кім болары белгісіз жаңа
туған балаға үш-төрт көсеміміздің атын қосақтап бір-ақ қойғанын естісе,
күйіп-пісіп, ыза болып қалатын.
— Ұлы сезімді ұсаққа айырбастау, ұлы адамдарға өзімізді теңеу
надандық белгісі! Қасиет қадірін кетірмеу керек! — дейтін.
Енді міне, Шеген болдым деп жүрген жігітіңіз «жасасын!» деген ұлы
сөзді шаш алғыштарға арнап айтты. Мұнымды естісе Шеген маған:
— Пішту, пішту! — дер еді, ең ұнатпағандағы мазағын айтып.
Бөлмемізге кірсем, Бораш жүруге əзірленіп жатыр екен. Қып-қызыл бір
шамадан əкеліпті... Стол үстінде көмірі қызарып өтек тұр. Бары-жоғын
сылап-сипап, баппен өтектеп шамаданға салып жатыр. Орамалдары аппақ,
ұйықтары тап-таза...
— Ақыры артист болуға бел байладың ба? — дедім, қызыл
шамаданның түсінен танып. Бораш келіп, мені құшақтай алды да:
— Даусыңнан басқа өнерін, жоқ болса, амал не, Костя? Мен бір
жарымжан адаммын ғой, — деді. Бораш та он алтыға шығып, енді ересек
тілімен сөйлейтін болғаны осы арада есіме түсті.
— Күздігүні мен де Москваға келем. Тағы да бірге барармыз, — дедім,
Борашқа емес, өзіме-өзім сүйемел жасап.
Əлі бір түн бірге болып, таңертең Борашты вокзалға салатыным
көңіліме едəуір жеңілдік бергендей, ойнап-күліп отырғанда манағы сөзім де
ұмытылар деп ойлаймын. Бірақ түйнек түйіліпті де тас болып, шиеленісіп
қалыпты. Кейде осы күнге дейін есіме түсіп кеткенде түн бойы аунақшып
шығам.
Ертеңіне Бораш Москва консерваториясына жүріп кетті де, мен баяғы
«шаштаразға» келдім. Бас маман:
— Бəйгеңді ұмытып кетіпсің ғой, Костя! Ақшаңды біреу алып қойса
қайтер ең? Мен кассаға салдырып қойдым. Бүгін ұмытпа, ал! — деп, кешегі
буылған нəрселерді менің алдыма əкеліп қойды. Жарамның аузы
алынғандай, я болмаса, біреу басыма теуіп қалғандай болды. Кешке дейін
əрең шыдап шықтым.
Бұл күнге дейін əр адамның басынан бір қасиет тауып қалатын едім.
Бүгін ол қасиетті іздеген де жоқпын, байқаған да жоқпын. Істейтін ісің
үлкен болсын, кіші болсын, ішің жылынып, жаның риза болатын бір
қасиеті көз алдыңнан кетпеуі керек. Одан айрылған күні, ол жұмыстан сен
де без!
Енді өзімді тексеріп қарасам, бес минутта бір бастың, шашын сыдырып
тастап:
— Келесі кезек кімдікі! Отыр! — деуге салынып барады екем.
Тағы бір басты сыдыртып жатып, есептесем, осында алты жүз алпыс
күнім өтіпті! Мағынасыз өткен бос өткен өмір осындай-ақ болат та!
«Он жетіге келдің, не бітірдің? — деймін өзіме-өзім. — Жақсы-ақ, жеті
жылдықты бітіріпсің. Өте жақсы! Бірақ «Өте жақсыны» маңдайыңа
жапсырып жүремісің? Одан арғың не болмақ?»
Адам бұл жасында да өзімшіл болса керек. Өзімді-өзім жұбатып:
«Өмірді адам күнбе-күн, жылма-жыл санайтын ба еді... Оқуға түскен
жылым... Мектепті бітірген жылым... Москваға барған жылым...
Комсомолға кірген жылым деп, өмірінің əр жеріне бір-ақ ат байлап
есептейді», — деймін. Бұл өмірінің оңай есебі, жайлы есеп екенін біле
тұра, ойым осылай қарай қыңыратқи береді. Лаға беруден тізгін тартар
жерге жетіп қалған екем! Осы күнге дейін ешкім ескермесе, өзіңе-өзің
ұнамай бастасаң, ісіңнен жиренсең, дүниеде не бітіргенің? Есепсіз өткен
көп күндердің бір сұрауы болатын шығар! Ойым осыған тоқтады да,
əлденеге бел байлап ертеңіне «шаштаразға» келмей қалдым.
«Шаштараз» деген немене өзі? Бұ да өнер ме? Тым болмаса, дені дұрыс
аты да жоқ! Қазақта «тараз» деген сөз де жоқ. «Таразы» болса, бірдемені
өлшейтін, таразыға тартатын жер. «Тараз» болсаң да аулақ, тағы бірдеме
болсаң да аулақ! — деп, біржола қош айтыстым. Ораулы күйінде бəйгем де
қалды.
Қараңғы бөлмеде жалғыз жатып ойлансам, Шегенмен арамызға да бір
қақ тұрып қалғандай көрінді. Шегеннің Борашқа жазған хаттары жылырақ,
жаны ашыған, жақынырақ жанның жазғанына ұқсайды. Маған жазғаны
жалпылау көрінеді. Борашқа «дауысыңды сақта, консерватория не депті,
аяғың қалай?» деп, баурына тарта жазғандай көрінеді де, мені арқадан ғана
қаққандай көрінеді.
Шеген менің ең жақсы көретін адамым. Оған теңдесер, оның орнын
басар жолдасты əлі таба алғаным жоқ. Əрі аға, əрі дос, əрі асқан
тəуекелшіл, əр кезде ой сала жүретін жолдас. Қолыңнан келеді, істей
аласың, деп алға сүйрейтін бір адам болады да, істей алмайсың деп,
ерегістіру, қайрау арқылы сүйрейтін бір адам болады. Бұл екі түрлі мінез,
екі түрлі адам, бірақ тілектері бір. Бірі жаныңа жайлы тиеді, бірі қатал
тиеді. Шегенде осы мінездің екеуі де бар еді. Кейде қарқылдай күліп,
аяусыз мысқылдап, намысқа тиіп алға сүйрейді, кейде ақжарқын, желдей
есіп, жігеріңе қанат беріп жібереді. Сол Шеген аздап салқын тартқандай,
маған үстіртірек қарай бастағаны байқалады.
Шеген менің «шаштаразға» ілегіп қалғанымды білетін. Мен онымды
мақтанып жазған жоқпын, қалай ілегіп қалған қайғымды шерте жазғанмын.
Оның қайтарған жауабы:
«Балапан торға жем іздеп түскен екен. Енді амалдап өзің құтылып
көресің де!» — болған.
«Жем іздеп» деген шындыққа жақын болғандықтан жаныма қаттырақ
тиіп кетіп еді, салқындау содан басталды білем. Ойыма осы бір болмашы
түсе қалып еді, құрыққа сырық жалғанып, аржағы тарақандай балалап
кетті. Менің оған еліктейтінім де, басқалардан қызғана қарайтыным да
ұнамайтын болып шықты. Бораш жүріп кеткен соң, енді Шеген хатты да
сирек жазар деген ой келді. Екеумізге жазған хаттарын бір конвертке
салып, кейде менің атыма, кейде Бораштың атына жіберуші еді, енді ойлап
жатсам, менен гөрі Бораштың атына көбірек жіберген екен...
«Осының бəрінің себебі — менің шаш алғыш болғанымда ғой. Өнерсіз
болып шықты ғой деп, Шеген де салқындай бастады. Жоқ, өзім түскен
торды өзім бұзып шығармын!» — дедім де «шаштаразға апаратын
көшелердің аттарын да ұмытуға тырысып, көзімді жұмдым...
8
Ұйқысыз бір кезең басталған сияқты... Көзің жайнап тұрғанмен көңілің
ұйқыда болған көзіңді де аңғарып қалыпсың. Енді міне, көзіңді қанша
жұмғанмен көңіл ояу, шарқ ұрып қыдырып, əлдеқайдан ірілі-ұсақты
ойларды сүйрей қайтады. Алыстан елес бергенмен қолың жетпес, қисыны
жоқ армандар қоршай бастапты. Енді меңгеріп оқи бастаған кітаптарың
əралуан елдерді, ғажайып уақиғаларды, даналық иелерін, ерлерді
танытады. Спартак, Капитан Нэмо, Чапаев, Данко, Щорс, Аманкелді
сияқты ер кеуделі батырлардың істеріне қызықтырады. Əзір бірінен-бірін
айыруың да оңай емес, араласып, қолдасып, қосақтасып жүр.
Балаң ой қызыққаны болмаса, бұл маңайға бойлап тұрақтай да
алмайды. Бір кезде бəрін бір-ақ ұмытып, таныс аулы «Қайрақтыға»
тартады. Мұнда бір соғып кетсе болғаны, бұрын көргеннің бəріне алақтап,
аралап жүріп алады, шыға алмай қалады. Ауылдың барлық қарала-сарала
иттері мен сары жағал, көк жағал лақтарына дейін аралайды. Үйге
үйездеген жауыр-жадау жылқыларын да сағынып қалған... Баяғы дос
балаларымен де ойнап кетеді.
Жатқан ботаның мойнынан құшақтап, көзінен сүйем деп, Ақбота
əуреленіп жатыр. Енді əне, мені көріп, ышқырын бір көтеріп қойып,
жылмия қарап тұр. Қазір мен қасына барам, кел, ботаны жүгіртіп ойнайық
дейім.
— Aha! — дейді Ақбота. — Ботамның қарны ашып жатыр...
Ойнамайды!..
Мен ботаға жақындай берем... Ақбота мені тастай жұдырығымен
кеудеден итеріп қалады.
Неге екені белгісіз, Ақбота баяғы жеті жасындағы қалпында елестейді.
Сол домаланып, безектеп жүрген қалпы, өзім он жетіге шыққаным есімде
жоқ. Ақботаны сол бала қалпында қалдыра берем. Қазір мен Ақботаны
ішім елжірей сағынатын сияқтымын... Бірақ сол бала күйінде сағынам!
Араға жылдар түсіп алыстатқан сайын, Ақботаның ойымда қалған бар
бейнесі ажарлана түсіпті. Бар қылығы сүйкімді, бұрын тентектік көрінген
мінездері, кейде менен төмпеш көрген мінездері, енді əдемі еркелік
сияқтанады. Өз дөрекілігіме өкініп, енді кездессем, қол көтермеске,
маңдайынан шертпеске ант ішердей болам. Əттең, енді кездесерміз бе, жоқ
па!..
Кейде Ақботаның қаншаға келгені есіме түседі. Біз көріспегелі арада
өткен тоғыз жылды қоссам, қос бұрымында шолпысы, құлағында сырғасы
сылдырлап, сылаң қаққан қыз бола қалады. Бірақ бұл түрін қанша іздесем
де, көз алдыма айқын келтіре алмаймын. Балалық шағы баса береді. Ойым
сол шақты іздейді. Ақбота мені кеудеден түйіп қалса, мен шап беріп,
білегінен ұстай алсам... Сонда мен қайтер едім, я, қайтер едім, деймін...
Қайтетінім тағы екі түрде елестейді. Жас та болсам, мал əрекетін күнде
көріп жүрген балалық шағымда еш нəрседен іркілмейтін сияқтанам. Ал,
қазір, он жетіге шыққан қала баласы, бойжетіп қалған Ақботаны көз
алдына əкелгенде еш нəрсенің орайын таба алмай тартына береді, қысыла
береді. Батырлығымның жетер жері-ақ: «Сəламатсыз ба, Ақбота
қарындас!» — сияқтанады. Мұның өзі де талай толғанып ойлағанда ғана
табылған сөз...
Бүгін маған енді не істеуім керек деген ой келді. Баяғыдан бері əр
күніме есеп беріп жүргендей, сол бір күн үшін қатты қиналған екемін.
Шеген анау, «менің самолетім», «мен соңғы бір ұшқан жолымда» деп
жазады. Бораш Москвада оқып жүр: «Оралда оқып жүргенде дауысын күту
дегенді білмеген екем, əрең түзеп алдым» деп жазады. Екеуі де өз жөнін
тауып алды. Мен болсам, бəйге алған шаш алғышпын! He болғаны, сол
шаш алғыш! Өзге өмір өз бетімен, мен өз бетіммен...
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар, қалан! —
дегенді менен басқалар үшін айтқан ғой, сірə?
Жоқ, Сарталиев жолдас, дүниеге балалар үйінің терезесінен ғана қарап
отыратын уақытың өтіп кетіпті. Қоңырау əлдеқашан қағылыпты, сен
кешігіпсің! Енді жүгіруге тура келеді.
Арызымды жазып, жеті жылдықты жақсы бітірген қағазымды алып,
баяғы оқу бөліміне келдім. Бұдан бірнеше жыл бұрын менің тағдырымды
қайшы мен ұстараға апарып қосақтай салған ағай əлі орнында екен.
Арызымды айттым:
— Міне жеті жылдығыңыз, саңылауы жоқ беспен бітірдім. Енді
Москваға барып оқығым келеді, — дедім.
Ағай біраз ақ шаштанғанмен, баяғы баяу қалпында екен онша қуанып,
елпілдей қойған жоқ. Қағаздарымды баурына қарай бір тартып қойды да:
— Сен осы шаштаразды неге тастап кеттің? — деді.
Сен өзіңше үлкен бір оймен келдім деп тұрғанда, үлкен адам еріксіз
сүйреп сені болмашыға қарай бұрмалай бастаса, не айта аласың, мен
«оқуыма бөгет болды» дегеннен басқа еш нəрсе қайырған жоқпын.
— Жұмыс істегің келмеді ғой, ə? Қарын тоқ, көйлек көк, еңбекке мойын
жар бермейді ғой? — деді, сөйлем аяғын ылғи бір «ғой-ғой» мен бітіріп.
— Жоқ, неге олай болсын. Мен коммунада ылғи...— дей беріп ем, ағай
менің сөзімді киіп кетіп:
— Неге олай болғанын өзің де білесің... Мен де білем. Айтпай-ақ қой,
белгілі ғой! — деді.
Мен кеудемсоққа салмай тұрып қалдым. Мен жалаң аяқ келіп, бір
аяғымды бір аяғыммен қасып тұрған жоқпын, жұпыны болғанмен таза
киініп келдім. Екі қолымды артыма ұстап, əлденелердің бейнесін жасап та
тұрғаным жоқ. Екі көзім айнала қыдырып, көрінгенге алақтап та тұрғаным
жоқ. Сондықтан ұрсудан, кіналаудан бастауын орынсыз үлкендік көрдім.
— Қандай оқуға барғың келеді? — деп сұрады біраздан кейін.
— Соғыс мектептерінің біріне, — дедім.
— Соғыс мектебіне?.. Əйтеуір ауыр еңбектен алыстай бергің келеді
ғой?
— Соғыс ғылымы оңай еңбекпен қолға түседі деп естіген жоқпын.
— Біраз оқып, комиссар болғың келеді ғой... Солай ма?
— Қайда жіберсе, сонда барам да. Комиссар бол десе, комиссар
болармын!
Бастық теріске тартқан соң екеуміздің əңгімеміз де оң жөнін таба алмай,
шəлкем-шалыс бірдемелердің айналасынан ұзай алмады. Аяғында ол кісі:
— Қанша жыл халықтың қаражатын шығарып оқыттық. Енді сол
халыққа қызмет етесің! — дегенге дейін барды.
— Соғыс мектебін бітіріп шықсам, онда халқыма қызмет істемеймін бе?
— деп, мен де қарысып тұрмын.
Сағатқа жақын сөйлескен сөзімізден мен бір-ақ нəрсені аңғардым. Бұл
кісі бір облыстың оқу бөлімін басқарады. Мұғалімдер жетпей жатыр. Əрі
кетсе Бүкіл Одақтың, бері қалса Қазақстанның қамын ойлау бұл кісінің
міндеті емес. Əсіресе, өмір мен өнердің өзге жағында бұл кісінің жұмысы
жоқ, өз облысына кететін мұғалім əзірлеп алуы керек. Бұл түбінде тап осы
кісінің өзінен сұралатын жұмыс...
Мұндай адамды өз жұмысына жанын салады, жақсы көреді деп,
мақтауға да болады, өмірдің өзге тілектерінде жұмысы жоқ деп, кінəлауға
да болады. Өз жұмысына не жаны ашымайтын, тапсырылған жұмыстың
болашағы мұрынына да кірмейтін, бірақ білген боп, сүйген боп отыра
беретін адамдардан бұл кісі көш ілгері. Дегенмен таяздықтан да қолы құр
емес, сыңар езулігі тағы бар. Басқа жағынан қарағанда, бұл кісі бұдан төрт
жыл бұрын көрген ағайдың қысқартылған вариантына ұқсап, ықшамдалып,
жинақыланып, шымырланып қалыпты.
— Мен сені осындағы мұғалімдер əзірлейтін институттан басқа
ешқайда жібере алмаймын, — деп, ағай менің арызыма «қиғаштама» сала
бастады.
— Ағай-ау... Мен сізден... — деп, қолымды ұсына бергенде, бар қағазым
столдың тартпасына сүп беріп кіріп те кетті.
— Болмаса, ауылға мұғалім болып барасың! Мұғалім болып, халыққа
қызмет етесің...
Əлі кім болатынымды мен өзім де біле білмейтінмін. Əйтеуір оқып
шықсам бірдемеге жарармын деген шала-бұдыр ойым болатын. Бірақ бұл
күнге дейін болашақ жайын ойланғанда, өз басымның мəртабасын баса
ойлап, халық үшін деген жағым тұмандау екені осы арада есіме түсіп тұр.
Бұл жағынан ұтылған сияқтанам. Бұл жөнінде қайтарған жауабым өзіме де
ұнап тұрған жоқ. Ағайдың зорлығы да əділет көрінбейді. Менің
күрмелгенімді пайдаланып, ар жағын тізеге салып жіберді. Ол ие білмеді,
мен сынып кеттім.
— Комсомолда барсың ғой? — деді ағай, мені біржола ноқталағысы
келіп, мен үндемей, басымды изедім. Оным, бəрібір көнбеймін дегенім еді.
Салым суға кеткендей, жабырқау тартып үйге келсем, жастығымның
үстінде Шегеннен келген хат жатыр екен. Үлкен көзілдірігін маңдайына
ысырып қойған ұшқыш суретін салған таныс марка... Көгілдір конвертте
Шегеннің таныс қолы. Ол ешбір қарпын иректемей, тура жазатын. Ашу
қысып, қатал келіп ем, хатты көргенде, тартқан жапа-зəбірімді шағатын
əке-шешеме бірдей кездескендей, босап кеттім.
Хатты олай оқып, бұлай оқып басынан аяғына дейін бір дұрыс оқып
шыға алмай қойдым. Ойым əрбір жеке сөздің маңында айналақтап қалады
да, көзім жүйткіп, ілгері кетеді. Ұшқыш болғалы қызуына қызу қосқандай,
Шеген хатты желдірте жазыпты. Біресе, байтақ елімізді жазып кетеді,
біресе, ұшқыр ойлы, ұшқыш жігіт, биік армандарға тартады. «Биік» деген
сөз жол сайын кездеседі. Ылғи бір лапылдап тұрған сөздер өлеңдей
шалқып, нағыз мағынасына өрем жетпей қойды. Ол кезде мен шалқыған
оттай лапылдап, өрттей будақтаған, толқындай шапшыған, я болмаса,
шапқан аттай шаңдатқан сөздерді жақсы көруші ем. Шеген соны əдейі
жазғандай. Бүгін бір өз ойларыма жауап іздеген күні, оңай түсінерлік ой
ұстатпай отыр.
Хатты алып, Жайық жағасына барып, үн жоқ оңашада əрең түгел оқып
шықтым. Сол хат ендігі бетімнің жөнін сілтейтін жөнеу қағазым да болды.
— Аманбысың, көкжалым! — деп бастапты Шеген... Оның аржағында
екі жол бойы маған өзі қойып алған ат йен атақтарын тізіпті: «Жүйрік» те
тұр соның ішінде, «желаяқ» та тұр соның ішінде, «надан» да жүр,
«философ» та жүр. Бұдан үш жыл бұрын, бір ретте «бокс» сияқты
жұдырық өнерінен көзім көгеріп қайтқанда Шеген мені бір жыл бойы
«боксер» деп жүріп еді, атақтардың аяқ жағында о да тұр.
Шегеннің бұдан арғы жазғаны «Сұңқар жырынан» алынған үзінділер
сияқты. «Найзағайдай ағып, жыландай ысылдап» деп келеді. «Нөсер əкеле
жатқан бұлт мұхитына кездесіп қалғанда, көк қаршығама «һал!» деп қалып
ем»... деп бір кетеді де:
— Жүйткіп аққан қыранға найзағай да жанаса алмайды. Ой қорқақтап
төмен тартса, сезім күліп жоғары өрлейді, биікке ұмтылады. Қыран биігі
шексіз. Адам биігі одан да жоғары! Сол биіктен жер қандай əдемі көрінеді.
Көкжиек шалқайып алысқа кетеді! — деп биіктің өзін ұзақ дəріптейді.
Шеген «Дауылпаз» бен «Сұңқар жырын» орысша-қазақша жатқа
білетін. Күн бату мен жарық берілердің арасындағы қоңыр кештерде:
— Жүріңдер, кітапханаға барайық! — деп, балаларды өз төсегіне жинап
алып, көп нəрселерді жатқа айтып беретін. Мен кейін аңғардым, сонау
алақан жаймай-ақ тамақ табудың өзінде де əр кітаптан əр жазушыдан
үйренген əдеттер бар екен. Шеген қазір ұшқыш болғаннан кейін өзін де сол
сұңқарға ұқсататын сияқты. Мүмкін, асқақ жыр тəуекелдің тар кезеңінде
демеу болатын шығар. Əйтеуір осы екі жырдан сүйегіне сіңіп кеткен сөздер
көп.
— «Қолы жетпегендер мұны жалған дүние депті! Бұдан артық дүниені
өлгеннен кейін ғана тауып бермекші. Дəрменсіз ой солай демек! Жоқ,
Костя, біз дəрмен қуат елінің баласы. Ойың, биіктеген сайын дүние сырына
да молығасың. Өзім ұшқыш болған соң, биік деп жалғыз ғана аспанға
өрлеуді айтады екен деме. Мен ұшып аспанда жүрсем, адам ойы одан да
жоғары жүреді. Жоғары көтерілген сайын, көкжиек шалқайып, көз
шаларың көбейе береді десем, ол адам ойының алдақашан орап кеткен
жері. Мен жалғыз-ақ жыланша жорғалап, баурын көтермеуді ұнатпаймын.
Біз екпінмен өрлеу заманының баласымыз. Ой мен жүрек алға қарап өседі,
биікке шарықтайды. Мен саған соны ғана айтқым келеді. Мен он күн
ұшқан ұзақ сапардан кеше ғана келдім. Менің сол он күнде көрген елдерім
мен жерлерімді ата-бабам өмір бойы іздесе де жете алмас еді. Бəрі де
сондай. Мен сенен бес-ақ жас үлкенмін, қазір жиырма жас үлкен
сияқтымын. Сен Жайық бойының арқандай ғана бойын көрдің, менің
көргенімде есеп жоқ. Қазір адамның, үйде отырып ойлағаны аспанға
шығып белгі береді. Ойлаған мақсаты жақындаған сайын, белгісі алыстан
сезіледі. Қазір дүние сырын білудің қарқыны ұшумен тең. Біздің атабабаларымыздың білген тар дүниесі қазір жеті жылдық баланың қалтасын
да толтыра алмайды. Сен үшін ол ашаршылық болар еді. Мұнымды сұлу
сөзге санаймын десең өзің біл, мен өмірді əр күнде бір тиыннан
жинағаннан гөрі, əрбір минутында толық өмір сүргім келеді. Сұңқар ең
соңғы ұшқан сəтінде де жылдар бойы жасаған жыланнан анағұрлым артық
өмір сүрді. Мен оны бала күнімнен-ақ жақсы көруші ем, қазір болат
қанатпен аспанға көтерілгенде тереңірек түсіне бастадым.
Сен жылан тұқымы емессің. Сен ұша аласың, əзір тек қанатың жоқ. Бұл
сырыңды соңғы хатыңнан аңғардым. Бірақ нені арман ететініңді
жазбапсың. «Болмашы бір кəсібім де бар» депсің. Атын неге атағың
келмейді? Аты жоқ кəсіп пе, болмаса, атынан ұялатын кəсіп пе? Ұшар ойға
дүние кең. Тек, таңдай біл, Костя! Біздің өмір — күрес майданы деп өлең
айтамыз ғой. Күрес — аспанда да, жерде де, суда да күрес. Есептеспей
ерлік істер жан «жаумен санасып соғыспайды!» депті...
Түн бойы Шеген хатының əрбір сөзің ауыр-жеңіл салмағын ежелеумен
болдым. Қайда шақырады, қайда айдайды? Ұялам да, қызығам да. Əрі
қайтпас жігер, əрі талмас қанат бергендей болады. Толқын тербеткендей,
қиял теңізінде жүзіп барам. Дүниеде екі əдемі өнер бар екен оны екі
жолдасым алып қойыпты: əн дүниесін Бораш алды, аспан биігін Шеген
алды. Бірақ, ұшар ойға дүние кең... Таңдай білу керек. Өнерден өнерді
таңдап жатып, оралып өз ойыма тоқталдым.
Таңертең облыстық соғыс бөліміне келдім. Өз еркіммен əскер қатарына
алуды тіледім:
— Қағаздарым оқу бөлімінде, əскерлік оқудың қай түріне болса да
жіберулеріңді өтінем, — дедім.
Менің қолымнан оңай шығып кеткен қағаздарым соғыс бөліміне де
оңай келіп қалды. Оқу бөліміндегі ағай бойына бітпеген тездікпен
жөнелтіпті.
— Он күнде оралып кел. Пакетіңді қолыңа береміз. Біржола жүруге
əзірленіп кел, — деді соғыс бөлімі.
Ертеңіне кеменің бірінші ұзақ айғайын ести сала, ағаш шамаданымды
қолыма ала Жайыққа қарай жөнелдім. Апама барып қайтпақпын. Ақботаны
да көргім келеді... Таң бозарып атып келеді. Жапырақ қыбыр етпейтін
мүлгіген тыныш таң, қаланы көгілдір жібекке орап алған. Аспанда жалғыз
жарқырап, əр ғашыққа бір жымың етіп қалып, таң Шолпаны ғана тұр. Өзге
жұлдыздар мұның мінезінен ұялып, беттерін басқандай, бірте-бірте сөніп
барады. Түн бойғы ыржақтан сілесі қатқан жарым ай, еш нəрсеге нұр бере
алмай, кескен қарбыздай қызарып, етекке шөгіп барады.
Енді аңдадым, қаланың шет жағы ерініп қана көңілсіз үрген көп иттің
даусынан бүлк-бүлк еткендей болады. Ұзаған сайын ит үнін көлбақа
бүлкілі жеңіп, алысқа созылып кете беретін сияқтанады.
Жайық бетіне ұзын-ұзын жарығын төгіп, өз жүрегінің соғуынан өзі
дірілдеп, «Қазақстан» деген кеме тұр. Келіп міндім де, ең жоғарғы үшінші
қабатына көтерілдім.
9
Ұзындығы көшедей, үш қабат көгілдір кеме. Жайықтың арнасын
толтыра, езуін көпірте, еркін есіп, жайқап келеді. Кеменің құйрығынан екі
жаққа қарай төңкеріле жөнелген толқындар жағаға соғылып, көбігін тастап,
кейін шегінеді. Жайқалып келіп жағаға тірелген көк майсаны майда жел
ақырын ғана тербетіп, теңселтіп қояды. Кеме ұзын қара шудасын бір оң
жағынан, бір сол жағынан шұбатып, үзбей будақтатып келеді. Түтін кейде
өзен жағасынан жөнеле берген түйелі керуенге де ұқсап кетеді. Кейде түтін
арасынан аю, қаблан, арыстан, жолбарыс, адам, маймыл көрініп кеткендей
болады.
Кеменің «Қазақстан» деген аты маған көп ой салып келе жатыр.
Жайықтай кең арнамен жүзіп отырып, Каспийдей теңізге апаратын кеме
Қазақстанның, өз бейнесін елестеткендей болады. Еркін есіп, кідіріс жоқ
алға басып бара жатқан кеме, еркін өрлеп келе жатқан еліміз сияқтанады.
«Қазақстан!» — деймін ішімнен əрбір қарпына көңіл құлағын тосып.
Əрбір қарпы əндей естіледі. «Қайрақтыдан» басқа жерді өз жерім деп
көрмеген басым, енді елімнің атын тұтас атап, байтақ бір республиканы
тұтас елім дей алғаныма масаттанып та келем. Кеудемді əлдене керіп бара
жатқандай, өзімді-өзім үлкен сезінем.
Кеменің ең үстіңгі қабатынан қарағанмен бүкіл Қазақстан көзіңе
көрінбейді, əрине. Бірақ осы көрінгеннің өзі де мен қазіргі Қазақстанмын
деп тұр. Алды шұбап өзенге құлап, арты арғы қырқаларда қыбырлап
көрінген көп мал үзбей кездесіп келеді.
Орал кəдуілгі үлкен қала, оның үстіне көркем де қала. Енді міне, орыс
қалалары, қазақ ауылдары жиі-жиі кездесе бастады. Орыс қалалары жыпжинақ, өзенге қарай еңкейе салынса, қазақ ауылдары өзеннен қыраңға
қарай тырап, оның ар жағы жазғы ауылға айналып, шашырап кетіпті. Орыс
қалаларының өзен жақ беті кестелеп тастағандай бау-бақша болса, қазақ
ауылдарының өзен жақ бетінде қыбырлаған мал жатыр. Əр белде бүкіл
дүниеге таңдана қарап тұрғандай, түйелер тұр.
Кейде оңға бұрылып, кейде солға бұрылып темір жолдар кетіп жатыр.
Бұрын бақташы отыратын бұлақ бастарында үлкен-үлкен үйлер салынып,
ұзын-ұзын завод мойындары көрінеді. Ұзын мойын машиналар шырқ
айналып, жерді қапсыра бір тістеп алып, айнала беріп, əлдеқайда лақтырып
жібереді. Сол жақ бүйірімізде үлкен бір құрылыс қалып барады. Жаңа
салынып жатқан биік үйлердің айналасында мыңдаған адам, жүздеген
машиналар құмырсқадай қайнайды.
«Иə, атаң үшін де, бабаң үшін де...» — деген ой келеді. Ол баяғы
милиционер жолдастың айтқаны екені есіме де кіріп шықпайды. Өзім
айтқандай болып келем.
Ақ Жайық ел өмірінің өзегі сияқтанып, далада шашылып отырған қазақ
ауылдарын да, жаңа салынып жатқан өндіріс орындарын да өз бойына
тартып, жақындата бастаған. Екі жағың шалғын көк майса, біресе биік
белдерге жалғасып кетеді де, біресе керілген кең жазыққа айналып, көз
жеткісіз алысқа тартады.
Кеменің алдыңғы тұмсығында маңдайымды ескек желге тосып, мен
тұрмын. Кеменің маңдайындағы қызыл жалау менің төбемде ғана желбіреп,
тырс-тырс етеді. Кеме аты «Қазақстан» болса, жүргізіп келе жатқан өзім
сияқтанып та кетем. Дүние кең, өмір шалқар теңіз, сен еркін жүзе бергің
келеді.
Кеме үш қабат. Астыңғы қабатында əр түрлі машиналар, үйілген астық,
тиелген жүк, мал бар. Екі теңбіл көк ақалтеке, екі қызыл нар бура да келе
жатыр. Бұйра нарлар үйдей биік екен, мана кеменің қақпасынан əрең өткен.
Еріккен айғырлар анда-санда азынап қояды. Күңгірлеген жылқы даусы
құлағыңа жылы естіліп, еріксіз қасына келесің.
Кемедегі қазақ біткен көбінесе осы төртеуінің қасында.
— Пай-пай, Əзірет Əлінің дүлдүліндей-ақ бар екен! Көсілтер ме едім!
— дейді біреуі.
— Шіркін, дүниені шыр айналып келуге жарайды ғой бұл! — деп, тағы
біреуі тамсанып тұр.
— Дүниені дейсің. Оралдан əрі асып шыққаның бар ма еді өзіңнің?
Оралға бір барып қайтсам, Мекеге бармадым деп арман етпес ем дейтін
сенің атаң емес пе еді? — деп жолдасы мазақтайды оны.
— Е, Мекені біз қайтейік, аулыңның əр үйінде бір Ғали бар, сендер-ақ
барыңдар! — деп бұл да бір қиынды нұсқап тұр.
— Жоқ-ау, мыналарды айтсаңдаршы! Қырық күн шөлге шыдайтын
осылар ғой! Бір тал шөп тістемесе түгі кетпейді ғой! — деп, енді біраз адам
екі нардан көздерін ала алмай тұр.
— Бұл ілуде біреуге-ақ бітетін еді. Колхозға енді оңай алынатын болды
деседі. Иесі кім өзінің? Алдыру жөнін сұрап алайықшы, — деп, бір қазақ
айнала қарап еді, көлеңкелеу жақтан жалбыр, ақ бөрікті түрікпен ағаңның
бір баласы жақындай беріп:
— Біздікі!— деді. Кеудесін қаға, мақтаныңқырай айтты.
— Қалайша сіздікі? — деп, қара барқыт қамзол киген қара сақалды бір
қазақ түрікпенге қарады.
— Біздікі...
— Қалайша сіздікі болады? «Қайрақты» колхозының басқармасы мен
болсам, бұл түйелер біздікі болатын шығар!
— Біздің түрікпен тұқымы деймін... Мұндай мал түрікпен жерінде ғана
туады. Мен туған жерін айтам, — деді түрікпен.
— А... Туған жерін айтамысың... Туған жерді айтсаң, өзің де біздің
Бозатаның маңында туа салған шығарсың... Дегенмен түрікпен көрінесің
ғой. Түрікпендіктен басқаны байқай алмай тұрмын-ау! — деп қазақ белгілі
қалжыңға тартты.
— А, сен өзің ше? Біздің Қырыққұдықтың маңында тумадың ба екен?
Сенің қазақтықтан басқаңды мен де көріп тұрғаным жоқ... — деп, түрікпен
де сол ыңғайға көшті.
— Сен Қырыққұдықта туғанымды қайдан білесің?
— Менің Бозатада туғанымды сен қайдан білесің?
Енді екеуі іргелес екі елдің бірге жайлайтын жерінде туғандықтарын
білісіп алған соң, мəз болысып, күлісіп қалды. Біріне бірі қолдарын берісіп
— туған, бауыр, — десіп шүйіркелесіп жатыр.
«Қайрақты» колхозының атын естіген соң, мен де осы арадан кете
алмай жүрмін. Бір реті келсе, мəн-жайды сұрастырғым келеді. Оның үстіне,
екі ауыздан бірдей, бір мағынада шыққан «түрікпендіктен басқаңды»,
«қазақтықтан басқаңды» деген сөздердің неден айтылғанын білгім келеді.
Қазақтық пен түрікпендікті менсінбей айта ма, болмаса, басқа мəні бар ма,
соны білгім келеді.
Қол алыстың аяғы қоржын шешуге əкелді. Коридордың кең түкпіріне
таман барып, екеуі де малдасын құрып алып, қоржындарын шешіп,
қапшыққа сап аузын байлап алған қымыздарын шайқай бастады:
— Іш, іш, бауырым түрікпен!
— Же, же, қазақ туысқаным!..
Мен бұл екеуін бұдан жиырма жыл бұрын, сонау «Үстірттің» бір
мемлекет сиятын кең қырқасында кездессе қайтер еді деп ойлаймын. Екеуі
де салт, не бір құдыққа, не бір бұлаққа жақындай берсе... Сол бұлақтың
суы, ұрыспай-таласпай, аттарын суарып алып, жөндеріне жүре беруге
жетер ме еді? Жоқ, жетпес еді. Сол кең дала екеуінің соқтығыспай өте
беруіне де тар болар еді. Əлде қай байдың намысын жыртып, əлде қай
бидің кегі еске түсіп, шартпа-шұрт болып қалысар еді. Араларына араздық
ғасырлары тұра қап, шеке тамырлары қызарысып, əуелі сөзбен шайқасып,
аяғы не қамшымен не сойылмен тарқар еді. Қазір міне, жаңа ғана танысқан
екі адам, əлі аттарын да сұрасқан жоқ, отыра қалып, қашаннан бергі
достарша күлісіп отыр. Екеуі де ескілік дегенді жанап өтіп, ылғи баяғыға
күледі.
Ескі кектер енді із қалдырмай өшкен болса, бұл екеуі «қазақ қана»,
«түрікпен ғана» деп нені айтады екен? Екеуі алыстан қалжыңдасып,
орағыта сөйлесіп отырып, менің ойымдағы сұрауға да бір соғып өтті. Тек
қана қазақ болып қалу, я болмаса, тек қана түрікпен болып қалу — атабабадан аса алмай, ескі салттың құлы болып, «бұйырғаны болар» деп
отыра беру екен. Бұлар ағылшын да, неміс те болуды аңсамайды. Бірақ атабабаның қораш дүниесіне сия алар да емес.
— Мына тиеліп келе жатқандарды көремісің? — дейді қазақ, қасындағы
жолаушыға, — толып жатқан машина, сайман... Ал, бұл неткен машина, не
істейді, оны екеуміз де білмейміз. Мүмкін, бір-біреуі жүз кісінің істегенін
істейтін шығар! Оны екеуміз білеміз бе? Жоқ. Біз баяғы мал бағуды ғана
білеміз!
— Дұрыс айтасың, туған! — деп, түрікпен басын изейді. — Көзің
жаудырап тұр, көресің, ойын, түгіне түсінбейді. Даланың құмы мен
топырағы құйыла-құйыла, ойдың көзін бітеп тастаған сияқты. Сең міне,
кемемен келе жатырсың. Он екі сом ақша төлеп, билет алдың. Ал, бұл кеме
ненің күшімен келе жатыр? Ол күш саған қалай бағынады, оны сен
білмейсің. Əлгі бір жүгіріп өткен қара күйе бала біледі оны! Солай емес пе?
— Солай, — дейді қазақ, күрсініп қойып. — Білмейміз. Тіпті мал
бағудың өзін білмейміз. Əлі күнге ата-бабаның жолымен айдап келеді
екеміз. Ай бойы үйреткенде, жүз литрден сүт беретін жүз сиырдан, мың
литрден сүт беретін он сиыр артық екенін əрең түсіндім. Сен, мынаны
қарашы өзің! Ап-ашық емес пе?.. Біз əйтеуір жүз сиыр деп басын
санаймыз, бақсақ, құдайдың құдіретін қой-ау бұл, он сиыр артық болып
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Қазақ солдаты - 06
  • Parts
  • Қазақ солдаты - 01
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2163
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 02
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2108
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 03
    Total number of words is 4133
    Total number of unique words is 2092
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 04
    Total number of words is 4064
    Total number of unique words is 2142
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 05
    Total number of words is 4112
    Total number of unique words is 2242
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 06
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2201
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 07
    Total number of words is 4110
    Total number of unique words is 2267
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 08
    Total number of words is 4062
    Total number of unique words is 2201
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 09
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 2058
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 10
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2113
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 11
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 2030
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 12
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2154
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 13
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2144
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 14
    Total number of words is 4063
    Total number of unique words is 2149
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 15
    Total number of words is 4032
    Total number of unique words is 2124
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 16
    Total number of words is 4067
    Total number of unique words is 2018
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 17
    Total number of words is 4089
    Total number of unique words is 2187
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 18
    Total number of words is 4047
    Total number of unique words is 2190
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 19
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2162
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 20
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2182
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 21
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2106
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 22
    Total number of words is 3985
    Total number of unique words is 2066
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 23
    Total number of words is 3821
    Total number of unique words is 2014
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 24
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2066
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 25
    Total number of words is 1652
    Total number of unique words is 1004
    41.0 of words are in the 2000 most common words
    55.3 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.