Latin Common Turkic

Қазақ солдаты - 04

Total number of words is 4064
Total number of unique words is 2142
36.3 of words are in the 2000 most common words
51.9 of words are in the 5000 most common words
60.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
ұстап алған милиционер кетіп барады екен. Белгілі қара шекпен, таныс
қалпақ...
— Менің қайда екенімді білмейді əлі... Құдай біледі, əлі іздеп жүр...
Көзіне бір көрінейін, қайтер екен — деп, Шеген шалбардан басқаның бəрін
сыпырып, менің иығыма асып берді.
— Детдомға тарта бер. Қақпаның аузында күт... — деп, Шеген
сықылықтап күліп тұр. Бес саусақпен бір ғана салалап жіберіп еді, шашы
дудырап бір жақ көзіне түсіп, Шеген баяғы қалпына түсе қалды.
Қар түсіп қалған суық жерді жалаң аяғымен тапжылмай басып,
үймелеген ақ шыбынға ұсап иықтарына тұрып қалған қарды да елемейді.
Мен Шегеннің ойы əлде неменеге ауытқып, оқыс бірдемеге соғып жүре
ме деп қорқып та кеттім. Бірақ Шеген оған барған жоқ:
— Қой, балалық болар... — деді де, қайта киініп алды. — Жоқ, рахмет
айтуымыз керек... — деді аздан кейін. Жаңа ғана көзіне шыға келген бұланталан бір ұшқындары да сөне қалды. Бұл Шегеннің балалықпен біржола
қоштасқандығы еді...
Біз милиционер ағайды қуып жетіп келіп, сəлем бердік. Ағай азғана
таңдана қарап қалды да:
— Сен Шегенбісің? — деді.
— Ие, Шегенмін...
— Шіркін балалық қор етпесең жарар еді деуші ем... — дегенде
милиционер ағайдың даусы қалтырай шықты...
— Ағатай, кешіріңіз... Сол шіркініңіз детдомға өзі келіп кірген... — деді
Шеген. — Былтыр мен балалар үйін өзім іздеп келе жатқанда, сіз мені қуа
жөнелдіңіз ғой... Содан кейін мен сізді көрсем-ақ қашатын болып едім...
— Өзім де солай істедім бе деп жүруші ем, дұрысқа шықты ғой! Амал
қайсы, мен кінəлы екем, — деп, милиционер Шегенді өзіне қарай тартты.
Қолынан ұстап тұрып:
— Рахмет, бауырым, бақытты бол! Мен оқымаған адаммын. Ерте туып,
кеш қалдым. Оқымаған кісі қай алысқа барады дейсің. Сендер оқысын деп
тілеймін, — деп, милиционер екеумізді де құшақтап алып, біраз үндемей
жүріп келді. Көзі не айтып келеді, жүзінде қандай белгі бар, оны бізге түн
қараңғылығы да көрсетпей жіберді, ол жүзге өзімізде де қарай алар жай
жоқ еді.
— Оқыңдар, қарақтарым, оқыңдар, — деді ағай біраздан кейін. —
Қазақтың оқуда кеткен еншісі көп! Атаң үшін де оқы, əкең үшін де оқы,
өзің үшін де оқы!
Сол екпінмен «шешең үшін де оқы!» деп айтар ма екен деп дəмеленіп
ем, ағай оны айтқан жоқ. Онысы əйелдерден оқуды қызғану емес, ауыз
байғұстың айтып əдеттенбегендігінен еді.
Ертеңіне үш жүк машинасына тиеліп Орал қаласына жүріп кеттік. Бала
деген орын ауыстырып, үйден үйге, қаладан қалаға көше беруді дүниедегі
бір қызық көреді. Ұзақ сапар дегеннің бейнеті баланың есіне де кіріп
шықпайды. Поезға мінем, машинаға мінем, атқа мінем деген бірнеше
минуттың қызығы оның ар жағында қандай бейнет жатса да, оған көңілін
бұрғызбайды. Бала қашан да бері ойлайды да, əрі аса алмайды, берірек
ашық көрініп тұрған қызықты еш нəрсеге айырбастай алмайды.
Жүру қарбаласына қарбалас қосып, қолымнан келгенше əбігерлік
жасап, мен де шуласып жүрмін. Көрген жерде — қуаныш, кездескен
жерінде қайғың қалатын кез ғой, бүгін менің ойымда жалғыз ғана
машинаға міну қызығы бар. Онсыз жүк артылмайтындай, онсыз машина
орнынан қозғала алмайтындай, бала біткен азан-қазан. Жылап жүрген
жалғыз Мария апай ғана. Машинаның үстіне жабылған қалың брезентке
жаңбыр бұршақтай жауып, тырс-тырс етеді. Біз тезірек, сол «тырстырстың» астына кіріп отыруға асығып жүрміз.
Машиналар балалар үйін солқылдата гүжілдеп, орнынан қозғалды.
Жапа-жалғыз қораның ортасында жылап тұрған Мария апайды көріп, бір
мұңайысып қалып ек, қақпадан шыға бере о да ұмытылды білем, шуласып
əн салып кеттік. Машина шайқап, сілкіп қояды. Əр бала өз даусының қалай
құбылғанын көбірек тыңдайды-ау деймін, қосылған дауыстардың қалай
шығып жатқанында жұмысы жоқ, барлық шеке қызарып алыпты. Бірі
жоғары, бірі төмен алып, шырылдаған дауыстар қосыла алмай келеді.
Оның үстіне, бір машинадағы балалар төрт-бес топқа бөлініп, бірнеше əнді
қатар салып келеді. Еш қайсысына қосылмай, үн шығармай, бұйығып қана
мұңайып отырған тек Бораш.
Машина біздің ауылдың деңгейінен өтіп барады. Оқу басталар кезде
келіп кетермін деген апам, келе алмаған. Содан бір көрінген жалғыз
ағаштың бауры — талай ойнаған жерім. Қасында өзінен басқа бір ағаш
болмағандықтан оны біздің ауыл «қысыр ағаш» деп атап кеткен. «Қысыр»
қалғанына ағаш кінəлы ма, ауыл кінəлы ма, оны мен білмеймін. Қазір
ойыма түсе қалған нəрсе — соның арғы түбінде біздің ауыл қалып барады,
ауылда апам қалып барады.
Біреудің аяғын баса, енді біреудің үстіне құлай жаздап, мен машинаның
арт жағына қарай ұмтылдым. Енді бір бел ассақ «қысыр ағаш» та көрінбей
кететін. Атпен жүргенде күн бойы көрініп тұратын таныс қырқалар машина
екпінінен тез-тез жылжып, тез-тез кейін қалып барады. Биік адырлар
дөңгелене сырғып, орнынан қозғалып, кейін қарай шегіне бергендей
сезіледі. Машинаның артына ұмтылғандағы ойым — тым болмаса, «қысыр
ағашты» көз алдымнан жібермеу еді.
Биік бір қырқа бүйірімен дөңгеленіп, жалғыз ағашқа қарай жақындап
барады. Енді міне, жалғыз ағаштың төменгі жағын етегімен жауып та
жіберді. Бөріктей ғана боп төбесі көрінеді. Машина тағы бір бұрылды,
жалғыз ағаштың төбесі де көрінбей кетті...
Сұлай шалқайысып, ойпаңда етектерімен ғана жалғасып күзгі сары
белдер жатыр. Жоғалған жіп арқанға ұсап, əр қырқаның қабағында түйелі
көштің жіңішке жолдары қалып барады. Електен сорғалағандай жиі
жаңбыр аздан кейін сары белдер алдына да көк жібек шымылдық құрып,
енді айқын көрінетін нəрсе — Оралға апаратын жол ғана болып қалды.
Қашан ұйқтап, қанша ұйықтағанымды білмеймін. Екі қолтығымнан
қыса құшақтап бір əйел машинадан көтеріп алғанда ояндым. Азғана ағашы
бар, кең қораға келіппіз. Жаңбыр тоқтаған, жер құрғақ. Таңертеңгі
салқында меруерттей жылтылдап, бұтақтарға бозқырау қоныпты. Бұл —
Оралдың «балалар коммунасының» қорасы екен...
6
Өмір ұрланып өте беріпті, біз алаңсыз өсе беріппіз... Шеген тоғыз
жылдық мектепті бітіріп, əскерге алынған күні, мен де он беске келіп
қалғанымды есіме алдым. Шеген мұнда келгенде, үзіп-жұлып жүріп біраз
оқып қалған ересек бала еді. Қазір ол əскерге алынып ұшқыштар
мектебінде, Орынбор маңында оқып жатыр.
Байқаймын, балалар арасындағы ендігі Шеген мен сияқтымын. Мен
қарғымаған биік, мен ойнамаған «ағаш ат» қалған жоқ. Денем темірдей.
Бұлшық еттерім жыландай жиырылып, шиыршық атады. Кеудем көріктей
көтеріледі. Іші-бауырым қаншырдай, бəйге атындай жарау, сып-сидамын.
Былтырдан бері «бокс» сияқты жұдырықтасуға да түсіп жүремін. Апам бір
келгенде жұдырықтасып жатқан үстімнен шығып:
— Құлыным-ау, мұрныңнан не қалады? — деп еді, мен бөсіңкіреп кетіп:
— Мұрын ұлтандай боп алды ғой! Енді ол мұрынды оқ да тесіп өте
алмайтын болды, — дедім.
Басымда қоңыр бұйра шашым бар, олай қайырсам да əдемі, былай
қайырсам да əдемі... Байқаймын, бақша жаққа да көзім жиі түсе бастапты.
«Баланың ісі шала» дегендей, бала өлшейтін метр қысқарақ, баланың
килограмм жеңілірек келеді. Бес жылда алған азғана білім кеудемді кернеп
бара жатқандай, мен енді іс, мен енді қимыл іздей бастадым. Бір кезде
Шеген балалық дəуірінен шыққанын білдіріп, маған түйеқоңызын берсе,
енді мен де балалар тобынан шығып, үлкендер тобын іздей бастадым.
— Осы күнге дейін бағында жүретін қашанғы бала бола бересің? —
деп, өзімді-өзім күнəлап қоямын.
— Оқыған азамат еліне қызмет ету керек! — деп, əлден айдан құлаққа
шалынған сөзді əлгі ойыма арқа сүйеу етемін. «Оғап молда оқымаса да
жаназа шығара алатын» дейтін мақал болатын, Оғапшылап болса да бір
тізгінге жармасқым келеді.
Оқу басталуға əлі төрт ай бар. Жаз бойы доп қуалап, турникке асылып
жүрем бе? Жоқ, балалық, сенімен қоштасар кезім жетіпті!..
Ашық терезеден қала бақшасының жаңғырыққан күлкісі келеді.
Қытықтайды, мазалайды, көңілге алаң кіргізеді. Ие, балалық шақ өткен
сияқты... Сырттағы қуанышы көп, күлкісі көп, əзір маған жат өмір
тереземнен қол бұлғап, шақырып тұрғандай сезіледі. Сыртынан
шырамытып танығанмен əлі дəмін татпаған сыртқы дүние көлең қағып,
сағымдай құлпырады. Асығар күнге жетіп қалыппын басылар шақтан əлі
хабарым жоқ...
Бақша жаққа кезім түсіп кетсе, қызылды-жасылды шұбартқан
көйлектерге қарап қалғанымды байқаймын. Бақшадағы шат-шадыман
сайранның ажары кіре түсү үшін, менің үнім қосылу керек сияқтанады.
Жас ұлғаюға ұмтылса, ұлғайып кеткендер жасаруға тырысатын белгілі əдет
бар ғой, мен соның, алғашқы тобындамын. Кейде киініп, таранып, бақшаға
тартуға əзірленем де, əлде не құр-құрлап, тоқтау салады. Терезеден көзімді
аударып артыма бұрылам, артымда аңдып тұрған айнаға кездесіп қалам...
Биылғы жаз басталғалы мен айна алдында көбірек тұрып қалатын
болдым. Күнге күйіп, күреңденіп алған денем, теңіз арыстанының,
терісіндей жылтылдайды. Онша мүсінсіз де емес сияқтымын. Шегендей
болмағанмен өзге баладан гөрі өркештірек, сұңғағырақпын. Рас, мынау
жалпақ бетке бұдан гөрі үлкенірек көз де сыяр еді. Бетін, бұдан гөрі азғана
сопағырақ болса, анау бір томпақ сүйек онша одыраймай-ақ, азғана
басыңқы болса, танауыңның екі етегі делдимей-ақ, қыр мұрындырақ
болсаң, көзің бұдан гөрі қарарақ болса деген сияқты, айнаның айтар сыны
да бар... Бірақ мұның бəрі де ұсақ кемшіліктер. Анау толқынданған қара
шаш тұрған жерде ондай ұсақтар түк емес.
Жастық пен жазғытұрғы шақ үйлес жаралған нəрселер. Бұл екеуін
көрмей өткен жан көзім бар деп бекер айтады, тіпті өтірік айтуы да
мүмкін... Айнаға қарап отырып, мен бұл шақтың тағы бір қызығына
кездестім. Өзіме-өзім қарап отырсам, аумаған Шеген болған екем.
Кескінімде ойлану іздері бар, екі қабақтың ортасынан жіңішке бір сызық
басталыпты.
— Ау, Шеген аға! — дедім айнадағы өз суретіме.
— Ие, мен Шегенмін... — деді суретім.
Енді айнаны қарсы алдыма қойып, өзіме таныс ниеттерімнің жауабын
алғым келді.
— Шеген аға, мен бүгін бақшаға барсам қайтер еді?
— Жоқ, Костя, бармайсың. Оған уақыт табылады əлі.
Біразға дейін «Шегеннің» жауабы басымырақ болып, ылғи тойтарып
тастап отырды. Басқаға аша алмайтын, қағазға жаза алмайтын, əр түрлі
сырымды айнадағы «Шегенге» ашып байқасам, ылғи бетімді қайтарып
тастайды. Енді бір кез қулық жасап, өз сұрауымды тереңірек, «Шегеннің»
жауабын əлсізірек шығарып біраз отырдым. Бірақ мұным айқын қиянат
көрініп кетті. Шеген менен сөзден ұтылып көрген емес. Сондықтан енді
шын-ақ қиналып жауап қайтарарсың деген ақтық сұрауымды қойдым:
— Шеген аға, біздің шығыста кəрілік деген онсыз да ұзақ жасап келген
емес пе, жастық жолын бөгей беріп не керек? — дедім. Бар ойым бір-ақ
қазықты айналып жүргенінде жұмысым жоқ, осы жолы ұтқан шығармын
деп ойладым. «Біздің шығыста кəрілік ұзақ жасайды!» дегенім ауызға опоңай түсе қоймайтын, терең ой сияқты көрініп кетті. Бірақ, «Шеген»
онымнан қысылған жоқ:
— Балалықты қойсайшы, Костя. Біздің шығыста дегенің немене өзі?
Тым болмаса, бұрынғы шығыста, ескі шығыста десеңші! Жə, жастық
жолын бөгеме дейсің ғой? Жастық шағыңда ұлғайған жанның ісін істесең,
ұлғайғанда қайтпексің? Күнəсыз балғын жастықтың өз қызығы аз ба екен?
Одан да бақшаға барғым келіп отыр десеңші! — деп ұрсып тастады.
— Шеген аға, менің ойымда да күнə жоқ,— деп əрең айттым.
Дегенмен əлі шығын көрмеген жас жігер, орнын тауып жұмсауды керек
етеді. Күзге дейін мұғалім бітін көре алмаймыз. Шеген күнде есіме түсіп,
осылай тізгіндеп отыра бере ме, тізгінмен жүргеннің несі жақсы?..
Бəріміздің бағынышымыз ғой, бір жөнімді сілтер деп, облыстық оқу
бөліміне келдім.
Мол пішіп, нобайын келтіріп, долбарлай салған жуан адам, əлсін-əлсін
есінеп, басын төмен қарай тұқыртып қойып отыр екен. Жүзінде
ойланғандықтың да, қиналғандықтың да белгісі жоқ: жай əшейін бейжай
кескін, ұйқы келгендікті ғана көрсетеді.
— Ассалаумағалаликүм, — дедім, кіріп келіп. Ол кісінің ерні де қыбыр
еткен жоқ.
«Өзенге барып, суға неге түсіп келмейді екен» — деп ойладым.
Салбыраған ауызына қоңқайған мұрны төніңкіреп келіпті де шөгіпті. Əрі
тар, əрі қалың маңдайын баса біткен қалың шашына аздап қана ақ кірген.
Көп еңбектен шаршаған адам сияқты емес, еңбек етпей еріншек, есінегіш
адам болған сияқты. Мен кіріп келгенде қызыл қарындаштың ұшы бір
қағазға тіреліп тұр еді, əлі сол күйін өзгерткен жоқ. Мен санап тұрдым,
бастық үш рет есінеді.
— Ағай... — дедім, қарсы алдына келіп... Əуелі мекреніңкіреп, тамағын
бір қырып алды да, əлі де маған қарамастан:
— Ие? — деді, сол төмен қарап отырған бойы.
— Бесіншіні бітіріп ем... Жаз бойы қолым бос еді. Жеңілдеу қызмет
болмас па екен?..— дедім барынша əдепті даусыммен.
— Қайдан келдің? — деді, сол жақ қабағының құйрығын ғана қозғап.
— Осындағы балалар коммунасынан.
— Імм... Жасың нешеде?
— Он алтыда... — дедім, олқы көрінбес үшін бір жасты қосыңқырап
жіберіп...
— Бұрын кім болып ең?
— Бала болдым... — дедім, сұраудың дəл мағынасына түсініңкірей
алмай.
Менің, соңғы жауабым оқыстау шықты білем, бастық басын көтеріп
алып, маған қадала қарады да:
— Коммуналарыңда тəртіп қалай? — деді. Көзі күліңкірей бастағанына
қуанып кеттім.
— Тəртіп жағынан екі жыл қатарынан бəйгі алдық. Қаланың барлық
мектептері тентек балаларын бізге қосып түзетіп алады, — дедім.
Бұл кісінің өз баласы да талай мектептің босағасын аттап, аяғында
биыл қыс біздің мектепке кірген. Əуелі бастықтың баласы болғасын
даңдайси келіп еді, Шегеннің қолынан бір-екі өткізіп алған соң, шолжыңды
қойып, дұрыстап оқи бастаған. Əлі де қырып бара жатқан еш нəрсесі
болмағанмен бұрынғысымен салыстырғанда қыр асып қалып еді. Мен
алыстан орағытып, соны да аңғарта кеткім келді.
Бастық менің ойымды түсінгендей «та-а-ак...» — деді, даусын созып,
мен қысқа ғана «солай» дедім.
— Өзің аздап тентек болған да бала шығарсың? — деді, қолы алдында
тұрған қоңырауға бара беріп. Мен сұраудың астарын аңдап қалдым да:
— Үш-ақ күн болдым, — дедім.
Қағылған қоңырауға кірген хатшысына:
— Қаймақ бар ма бүгін?—деді бастық. Менің жауабым құлағына да
кірген жоқ.
— Бар...
Хатшы шығып кетті де, есікті бір ғана қағып орта жасты бір əйел кірді:
— Рахим Теміралиевич... — деп, əйел əуелі бастыққа қарап, одан кейін
мені көріп, азғана кідіріп қалды да, «бала ғой» деп ойлағандай, менен
ығыспай, келген жұмысын айта бастады. Бірақ, бастықтың сол жағынан
жақындап барып, қолындағы папкасын ашып алдына жайып, ақырын ғана
айтты:
— Он жетінші жыл мен он тоғызыншы жылдың арасында қайда
болғаныңызды жазбаған екенсіз... Соны ашып жазып беріңіз... Бюро солай
ұйғарды, — деді.
Бастықтың түсі өзгеріңкіреп кетті де, орысша жауап қайтарғанда бір-екі
сөздің аяқ жағын қата қайырды. Сосын бір-екі сөздің аяқ жағын қата
қайырды. Бір жағынан соны ұстап қалсам, екінші жағынан, құлақта бар
күдікті жылдардың бұл кісіге қолайсыз тигенін аңғардым.
Əйел шығып кетті.
Бастық азырақ ширағандай, жинақ сөйлеп:
— Қазір əр түрлі маман дайындап жатырмыз. Біріне жіберейін...
Милиция курсына барамысың? —деді.
— Жоқ, ағай. Мен оқуымды тастағым келмейді. Қосалқы жұмыс болса
екен...
— Хатшылық курсына қалай қарайсың?
— Барғым келмейді.
— Бабыңды табу қиын-ақ екен! — деп, бастық қынжылғандай
болғанмен манағы паңдыққа енді қайтып бара алмайды. Үлкен столдың
орта тартпасын ашып, ұзақ іздеп, бір қағазды тауып алып:
— Хатшылық... Кітапхана курсы... Токарь... Слесарь... Əріп теруші...
Милиция курсы... Парикмахерлік... — деп, əр түрлі мамандықтың ұзақ
тізімін оқыды. Біріне мен басымды шайқаймын, біріне ол басын шайқайды.
Аяғында қызыл қарындашты ұшы бір мамандықтың астын қайта-қайта
сызып, сол арадан қозғалмай қойды. Күн бойы бір ауыз сөз жазбаған
қарындаштың ұшы мұқалып бара жатқанын да көріп тұрмын.
— Күніне үш сағат үйренетін боласың... Екі айдан кейін айына он үш
сом еңбекақы аласың. Бұл қалай? — деді.
— Осы дəл келеді екен! — дедім, қандай жұмыс екенін сұрамай-ақ.
— Болашағың алда... Əзірге қандай жұмыс деп талғамай, еңбекке
үйрене беру керек. «Есектің артын жусаң да мал тап!» дегенді білемісің?..
— деді бастық.
Мақалы сонша жексұрын көрінсе де, енді қайталамасын деп:
— Білем,— дедім.
— Бұл қазақ арасына жайылмаған, келешекте керекті мамандық,— деді
бастығым.
— Аты не, ағай? — дедім, қызыға бастап.
— Шаш алатын парикмахерлық...
Өмірден бір рет көңілім суыған уақытым болса, олда-білде, осы жолыақ шығар.
— Екінші бөлмеге барып, жолдау қағаз ал, бар, — деді бастық.
Маған шын-ақ осы қызмет лайық болғаны ма, болмаса, əлгі бір
сөздерімді кектеп қалды ма екен деп, мен ол кісіге қараймын. Қаражат
көзін тауып бергеніне «рахмет» күткендей, ол кісі маған қарайды. Ақыры
«рахметті» айтып, үндемей шығып кеттім. Бірақ, не үшін маған осы
жұмысты лайық көргенін сол жерде де түсінген жоқ едім, күні бүгінге
дейін түсіне алған жоқпын.
— Он жетінші жылдан он жеті күн аспағыр! — деп, ішімнен сілеп,
интернатқа қайттым. Мана ойым қандай биікте болса, енді бойым сондай
шөгіп қалғандай көрінеді. Жайнаған жазғытұрғы шақтың да бояуы солып
кетті, жастықтың да қызығы қалмады. Қайда барсам, соңыма жолдау қағаз,
шақыру қағаздар түсіп, бір күні еріксіз айдап «шаштаразға» əкелді.
Шеген анау, өз жолын тауып алды. Одан бұрын осы «Коммунада»
болғандардың талайы жоғарғы дəрежелі мектеп бітіріп, əралуан істе жүр.
Олар ылғи хат жазып тұрады. Біреуі — терең теңіздерді кешіп, солтүстікте
жүр. Біреуі — жер байлығын, біреуі — су байлығын зерттейді. Əр түрлі
құрал тетігін тауып, Ленин орденін алғандар да бар. Тянь-Шань, Алатау,
Ұлытау, Қаратаулардан дүниелік қор тапқандардың екеуі осы
«Коммунадан» шыққандар. Солтүстік Мұхиттан күнде хабар беріп
отыратын радист та бар. Олардан хат алып тұратын балалар қуанышын
бүкіл балалар арасына жаяды.
Əрі дімкар, əрі жасқаншақ Бораш та өз жолын тауып, түскелі жүр. Жеті
жылдыққа қоса, ол Оралдың музыка мектебінде оқиды. «Коммуна»
балалары ойын қойса, концерт берсе, Бораш қатынаспай қалған емес. Оның
əні қазір бүкіл қаланың құлағына ілініп, Бораш жұрттың сағынып күтетін
«əнші баласы» атанып бара жатыр. Бораштың даусы əлі бір қалыпқа түсіп
бекіген жоқ. Кейде еркек даусына, кейде əйел даусына ұқсап кетеді. Бірақ
жұрт оның талықсып, талмаусыратып салған əнін қатты сүйсініп
тыңдайды. Əсіресе, жұртты жылатарлық мұңды əндерді нақышына келтіре
айтады. Көзі жаудырап, өзі де балқып əнге айналып кеткендей болады.
Қазақ əндері адам сезімінің, əр түрлі толқынын ажарлы ырғақтармен
көкейіне терең құйып кетеді. Қайғы мен өкініш, уайым мен мұң, үміт пен
қуаныш сияқты сезім толқындары түптен толғанады. Əсіресе, əр əннің түп
ізі ел əлі кетпегендіктен тыңдаушыға түсінікті болып, əркім ішінен
қосылып отырады. Елдің құлағына əбден сіңіп қалған ер жігіттері мен
аяулы қыздары көз алдына келеді. Уақиғасымен қоса өрілген əн мен күй
тыңдаушының көкейіне дəл тиеді, «көкей кесті» атанады. Бораш əн
салғанда сол уақиғаларды өзі де көріп тұрғандай, қайғырып, мұңайып,
қуанып, үміттеніп, сеніп айтады. Жұртты да өзіне ертіп əкете алады. Жұрт
онымен бірге қуанып, қайта-қайта сахнаға шақырғанда Бораштың жүзі
нұрланып, өзін-өзі аңғармағандай, көңілі біржола жай тапқандай, басқа еш
нəрсені ұға алмай қалады. Борашпен əн жайында ғана ұғыныса аласың.
Басқа айтары жоқ, барлық жанға дос, əлсін-əлсін құшақтаса береді.
Бораш қазірдің өзінде-ақ Москва консерваториясына барып түсуге
əзірленіп жүр. Ол төрт аяғы түгел тағаланған əнші болмақ. Ал, мен ше?..
Мен əзір шашты қалай алуды үйренуге қызыл крест «шаштаразына»
келдім. Өнер емес, өлім сияқты көрінеді!
— Əуелі мына шүберектерді сілкіп əкеліңіз, — болды бас шебердің
маған алғашқы айтқан сөзі. — Содан кейін еденді сыпырып тастау керек...
Артынан қолыңды жуарсың...
Əуелі əдейі жасалатын əдеппен «сіз» деп бастап еді, жасанды əдеп
қаншаға барсын, сөз аяғын «сен» -мен бітірді.
Мені біреуі аяй сөйлесе, мен бұл жерде бір күн тұрмайтын едім. Мені
бұлар қорлай сөйлеген соң, мен де табан аудармауға бел байладым.
— Əзір айта тұр! Екі айдың ішінде-ақ еселеп қайтарармын! — деп, ақ
шапанды киіп алдым да:
— Менің орным қайсы болады? Көрсетіңіз, — дедім.
Шаш алғыштар біріне-бірі қарасты да, үндескен жоқ. Мінезім кіді, өзім
ұнамсыз көріндім білем.
Талай шашты бүлдіріп, талай басты кескілемей тұрып, шаш алуға да
үйрене алмайсың. Өнер біткеннің оңбағаны осы болса, бұл да еңбектенуді
керек етеді. Бастар кезектесіп өтіп жатады, сен бүлдіріп, кесіп жатасың.
Ышқынған қабақтар шытынап қалып, алара қараған көздер өңменіңнен
өтердей жарқ етіп қалады. Тым болмаса, кешірім сұрауыңды күтеді.
— Қозғалам деп, кестіріп алдыңыз... — деп, кінəны бастың өзіне
аударасың.
Шекесі шығыңқы домалақ бастар, бүйірі солыңқы ұзын бастар, қуық
шеке сопақ бастар, қыжыр-қыжыр қыртысты бастар, кере қарыс ойлы
маңдайлар, тайқия біткен сорлы маңдайлар, өнерге біткен ашық маңдайлар,
өнерсіз, етті, қалың маңдайлар екі жыл бойы алдымнан кеткен жоқ. Бас
адамның бас мүшесі. Өміріңде бірінші рет көріп отырған адамыңның
басына қарап, өзін де байқап қаласың. Ой аңғары неменеге бейім, бойында
қандай қасиет бар, ақыл қандай, ашу қанша, аңғарып қалғандай боласың.
Көзі бар, маңдайы бар бас сырын да жасыра алмайды.
Бас адамның бас мүшесі. Сол бас мүшені құрметтегің келеді. Қолыңнан
келгенше ажарлағың келеді. Сол бас мүшенің іші-сырты бірдей көркем
болса екен дейсің. Бас түгіл, аяқтың да əдемі болғаны жақсы. Тізеден
төменгі жағы талтаймай, табаны жалпаймай, балтыр майыспай, шұлық
бұралмай тұрғанын қай көз жек көреді! Ал, бастың орны тіпті басқа. Мен
осыған көзім жетіп болғанда маманданып та болсам керек, еңбекақы да ала
бастадым.
Ол əлі ескі əдеттердің арылып болмаған кезі ғой, біздің «шаштараз»
айдың бас жағында жекеменшіктің шаруасына ұқсайды да, айдың аяқ
күндерінде мемлекет меншігіне айналады. Ол екі арадағы күндер бас
маманның қай қалтасына ақша көбірек кіріп кетсе, солай қарай ауып, ылғи
бір тең-тартта жүреді. Бəріміздің үстімізде де қос қалталы ақ халат бар.
Бірақ бас маманның оң қалтасына түскен ақша даусыз-дамайсыз өзінікі де,
сол қалтасына түскен ақшаға мемлекет те ортақ.
Екі қалтаның біріне жаңа үйреніп жүрген жастардың еңбекақыларынан
да қосылып кететін күндер болады. Қай жолмен алды, қандай штрабымыз
болды, оны бас маманымыз ғана біледі. Ай сайын еңбекақымыздың
құйрық-жалы сүзіліп шығатынын біз де білеміз.
— Қайшың екі рет қайралды ма? Қайралды. Халатың үш рет жуылды
ма? Жуылды... Осыларға кеткен ақшаны мен жанымнан төлей алмаймын.
О! Бұған нағыз маман болып шыққанда түсінесіңдер!..
Біздің, алатын жауабымыз ылғи осы.
Шаруамыздың мемлекет меншігіне ұқсайтын жағын қолына алатын
кассиршамыз Катюша айдың аяқ кезінде ғана соғып кетіп жүреді. Онда да
қызмет аяғында ғана келіп он-он бес күннің чегін бір-ақ сыдыртып жазып
шығады. Бас маманның сол қалтасынан қанша ақша шықса, жиырма
тиыннан алты жүз адамның шашы алынған болады. «Жұмыстағы адамнан
гөрі қолы бос адамның уақыты аз болады» дегендей, Катюшаның істелген
жұмысты түр-түріне бөлуге де уақыты жоқ. Онсыз да берекесі кетіп,
құлдырап кеп тиген ақшаны қалай есептеу оңайырақ тұрса — солай
есептей салады. Кейде он күн бойы ылғи ғана шаш алған, кейде он күн
бойы сақал алған болып шығамыз.
— Осы қылықтарын менің байқап қалғанымды біліп, бір күні бас
маман:
— Костя! Сен енді нағыз шебер болуға жақын қалдың. Тегі
еңбекақыңды түгел алатын боларсың... — деді. Мен салқын ғана:
— Өткен айларға да түгел алам ба деп ойлаймын, — дедім.
Бас маман абыржыңқырап қалды.
— Жəбірленеді екесің ғой?.. Орайын келтірермін өзім... Тəңір
жарылғасын, жəбірленбе... — деп жымыңдап қасыма келіп, арқама
қаққысы келіп еді, мен кейін шегініп кеттім. Бас маман бұрынғысынан да
жымия түсіп:
— Бүгін неше сақал қырдың?.. Жұрт сені мақтай бастады, Костя! —
деді.
— Мен бұл жетіде тіпті сақал қырғаным жоқ, — дедім.
— Қалай қырмадың? Жаңа ғана бір адам сақалын алғызып, рахмет
айтып, кетіп бара жатыр еді ғой?
— Нанбасаңыз, шетке қараңыз... Бұл жетіде сіз де сақал қырған
жоқсыз... Касса арқылы тексеріп көріңіз...— дедім.
— А... а... — деді бас маман. — Қу бала, түсініп тұрып... Ол оқа емес.
Бір жетіде шаш алсаң, келер жетіде сақал аларсың. Мемлекетке жалпы
есебі дұрыс шықса болғаны емес пе? Қағазда тұрған не бар... Оны кім оқып
жатыр... Кел, мұндай сөзді қоятын болайық, — деді. Мен оған:
— Мемлекет есебі дұрыс шығып жүр деп ойлайсыз ба? — дедім.
— Костя, осындай сөз не керек?.. Сен алатын ақыңды біл. Əдемілеп
тұрып мінездеме жазып берем. Енді бір жылда өзіңнің «шаштаразыңды»
ашуыңа болады. Ана бір, бақша мен театрдың арасындағы бұрыш бар ғой,
сол саған өте қолайлы болады... — деді. Мен оған ызғарлы қабақ көрсеттім.
Осы күннен бастап, бас маманның оң жақ қалтасы солыңқырап, жеке
меншіктің бұлағы суалыңқырай бастады. Əлі де есебін табады, əлі де қағаз
деген «формализмге» жаны қарсы. Бізге де жазып жатуды кеңес етпейді.
Бірдемеге қолымыз бұлғанса екен деп, еппен ғана солай қарай итермелейді.
Біз ыңғайына жүрмейміз. Əр кезде мұрнына шертіп қалғандай, шың еткізіп
жауап береміз.
Катюша енді күнде келетін болды. Қабағы түюлі, баяғы жалаң-жұлаң
жүздің опасын сүртіп тастағандай, өңі де солғын тартып кетіпті. Бірақ
əрқайсымыздың не істегенімізді оңаша есептемеске шарасы да жоқ. Уəделі
он үш сом да қалтамызға түгел түсе бастады. Бөліп-жарып, апама ақша
жіберіп тұра алатын да болдым.
— Қайрошым-ау, Айдаштың еңбекақысы да жетіп жатыр. Колхоз бір
жылға босатып, өзім де жұмысқа кірдім. Саған арнап көк қасқа құнан алып
қойдық, — деген хат келді апамнан.
Менің күндеу аралас қызыға қарайтын адамым — екінші шебер, Саша
Мухин. Ол маған нағыз шебер көрінеді. Қайшысы сақ-сақ етіп, ойнақ сап
жүреді. Айта кетейін, маған жұмысын нақысына келтіріп істейтін адамның
бəріне де осылай қарайтын бір мінез пайда болды. Күндеуім көп пе,
қызығуым көп пе, ол арасын айқын айта алмаймын, əйтеуір өзім де сондай
болғым келеді. Əншіге де қызығам, мұғалімге де қызығам, айта берсең,
цирктің балуанына да қызығам... Күндеген күнə болады дегенді естігенім
де бар. Бірақ бұдан көп жыл кейін, өмірлік кəсібіміз тіпті үйлеспейтін бір
адам маған:
«Күндеу мен бəсеке апалы-сіңлілі нəрсе. Олай болса жақсы қасиетке
жатады», — деді.
Бұдан жүз жыл бұрын айтылған пікір болса да, мен осыны дұрыс
көрдім. Оны Александр Пушкин айтып кеткен екен.
Саша Мухин, əлем байланғандай, ақты-қызылды араластыра киінетін
адам.
— Ең соңғы мода осы екен. Париж журналынан көрдім! — деп, сарғыш
түсті шалбар киіп, көк көйлекке қызыл галстук тағып келеді. Қолы босап
кетсе, айнаның алдына отыра қалып, шашын қырық түрге салады.
Сондықтан кейде еркекке, кейде əйелге де ұқсап қалады. Сағатын оң,
білегіне байлап, сол білегіне жіңішке алтын білезік салады. Анда-санда
күрсініп қойып:
— Түбінде мен осы Катюшаға үйленіп жүрем бе деп қорқамын,—
дейді.
— Мен де содан қорқам, шаһизадам... Сақ болайық, — деп, Катюша
кекетіп жауап береді.
Менің қызығатыным Сашаның бұл қасиеттері емес, басқа жағы. Ол
адамның шашын алып жатқанда, аузы сөзден құрғамайды. Қайшысын үстіүстіне қайшылатып, басқа жаққа қарап тұрып-ақ, шашыңызды ала береді.
Соған қарап, мен оны нағыз шебер екен деп ойлаймын. Күндеймін де,
қызығамын да...
Алдында отырған адамның бет-аузын сабындап жатып, Мухин:
— Катюша, сен Настяны көрдің бе осы? — дейді.
— Иə, көрдім. Кеше ғана кіріп шықтым, — дейді Катюша.
— Иə, кім бар екен үйінде?
— Саша Мухин бар екен...
— Е, ол не қылып отыр екен?
— Настяға үйленетін түрі бар...
— Настяға ма?
— Иə, Настяға.
— Қой, өтірік шығар...
Бет-ауызды сабындайтын қыл-шоқ сақалын алдырып отырған адамның
мұрнына барып тіреліп, əлдеқашан қалғанын Мухин сезбейді де. Ол түгіл,
Саша Мухин екенін де қапелімде аңғара алмай қояды. Сақал алдырып
отырған адамның қабақ шыта бастағанын Катюша бұрын байқап қалыр:
— Ойнап айтам, көзіңе қара, — дейді.
Мухиннің күні осындай болымсыз əңгімемен өтеді. Ол бұл əдетті өзінің
асқан шеберлігін көрсету үшін бастаған болу керек. Бара-бара көк
мылжыңға айналып кеткенін өзі де сезбей қалған. Бас маман жоқ кезде ол
бізге бұрылып:
— Менің кім бола алатынымды сендер білемісіңдер? — дейді.
— Иə, кім бола алар едің?
— Нағыздың өзі бола алар ем! Бірақ маған оның керегі жоқ...
«Құс баласы аспанға қарайды, мал баласы жерге қарайды» дегендей,
мұның «нағыздың өзі!» дейтіні өзіміздің бас маман ғана... Күнделік құлы,
күйкі ой содан аса алмайды.
Мен мұнда күндізгі сағат үштен тоғызға дейін істеймін. Басқа уақытым
балалар коммунасының егін жұмысында өтеді. «Коммуна» деген жалғыз
сөз жаңа дүниенің атындай естіледі! Күні кешегі көшпенді елдің баласы
бүгін ұшып аспанда жүрсе, өнерлі техниканың ішінде өскен баладан оның
тəкаппарлығы да жоғары, қуанышы да жоғары. Күні кешегі батырақ
баласы, бүгін коммуна дүниесін құрысып жатса, оның тəкаппарлығына
тағар сын қайсы! Ойым өзінен-өзі жоғары өрлеп, басым оңай иілгісі
келмейді! Мен неміс пен француз, Ағылшын мен Америка сияқты
мəдениетті елдерден адам баласының ең тұнық ойына бұрын түсініп, өз
қолымен жаңа дүние жасап жатқан елдің баласымын. Арғы атам Ешкібай,
Итбай болса қайтейін, мен өзім жаңа дүниенің солдатымын. Шыным сол,
басым оңай иілмейді, тізем оңай бүгілмейді.
Осындай жоғары ойлармен коммуна жұмысынан келіп, қолыма қайшы
ала бергенде, ойым сылқ етіп төмен түсіп кетеді. Торға түскен қырандай
болам. Бас маман шым-шымдап жемге үйретіп, жуасытып келе жатқандай
сезінем. Сезінем де шегіне түсем.
Бұл енеріммен ат құйрығын кесіп айрылысуым бірінші май
мейрамының қарсаңында болды. Ең қызығы, еңбегім бағаланып, бəйге
алған күні болды. Мейрамға қарсы:
— Біздің жақсы мамандарымыздың бірі, жылдық жоспарын төрт айда
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Қазақ солдаты - 05
  • Parts
  • Қазақ солдаты - 01
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2163
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 02
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2108
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 03
    Total number of words is 4133
    Total number of unique words is 2092
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 04
    Total number of words is 4064
    Total number of unique words is 2142
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 05
    Total number of words is 4112
    Total number of unique words is 2242
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 06
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2201
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 07
    Total number of words is 4110
    Total number of unique words is 2267
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 08
    Total number of words is 4062
    Total number of unique words is 2201
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 09
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 2058
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 10
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2113
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 11
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 2030
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 12
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2154
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 13
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2144
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 14
    Total number of words is 4063
    Total number of unique words is 2149
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 15
    Total number of words is 4032
    Total number of unique words is 2124
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 16
    Total number of words is 4067
    Total number of unique words is 2018
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 17
    Total number of words is 4089
    Total number of unique words is 2187
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 18
    Total number of words is 4047
    Total number of unique words is 2190
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 19
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2162
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 20
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2182
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 21
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2106
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 22
    Total number of words is 3985
    Total number of unique words is 2066
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 23
    Total number of words is 3821
    Total number of unique words is 2014
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 24
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2066
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 25
    Total number of words is 1652
    Total number of unique words is 1004
    41.0 of words are in the 2000 most common words
    55.3 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.