Latin Common Turkic

Қазақ солдаты - 07

Total number of words is 4110
Total number of unique words is 2267
35.3 of words are in the 2000 most common words
50.8 of words are in the 5000 most common words
57.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
тастайтындай тістері ақсиып, көздері алара қарайды.
— Қатын қайда? — деді маған туысқаным...
— Қайдағы қатын?
— Менің қатыным... Ақбота! — деді. — Сен алып қашып кеткен қатын!
— Қатыныңызды өзіңіз білетін шығарсыз. Мен қайдан білейін? —
дедім, енді амалсыз күлкім келіп.
— Қалжақтама, əкел қатынымды! Сен үшін алған қатын емес! — деді,
даусы ысылдай шығып. Екі қолы артында, бірдемемен періп жібергелі
тұрғандай...
Біреу естісе күлер деп ұялып, мен оған ақырын ғана қызыл əскер қатын
алып қашпайтынын айттым. Əскер заңы былай тұрсын жауынгер қатынды
қалтасына салып жүре ме? Түйе қорадай кең бөлмеде елу-алпыс солдат
жатады, оның ішінде əйел ұстауға болмайды дедім.
— Мен сенен қайда жатқызып жүрсің деп сұрап тұрғаным жоқ.
Қатынымды əкел деп тұрмын! — деді, бір аттап жақындап қойып.
— Ағай, сіз ақмақ болмаңыз өйтіп. Бұл қалжақтың жеpi емес. Бері
қалғанда өзіңізге ұят болады. Қойыңыз, басқа жақтан іздеңіз, — дедім.
Мен оған «сіз» деп сөйлесем, ол мені «сен» деп мұқатып тұр.
Ақботаның қашып кеткені айқын. Ішімнен соған қуанып тұрғандықтан
кейбір сөзім мазақтағандай, мысқыл аралас шығады-ау деймін.
«Туысқаным» кіжініп:
— Мен ақмақ емес, əскерде жүріп қатын алып қашқан сен ақмақ! —
деді.
— Отағасы, сізбен қалжақтасып тұруға менің уақытым жоқ. Бұл əскер
жатағы. Сенсеңіз, бұл күнəдан қолым таза. Сенбесеңіз, өзіңіз білесіз, —
деп, бұрыла беріп ем, «туысқаным» жағама жармаса түсті. Оң қолы
шолтаңдап, шекемді іздеп жүр. Маған оның тыриған арық қолы жүк
болсын ба, қолын қайырып орнына апарып, көйлегінің жағасын түзеңкіреп
беріп ем, «туысқаным» қайтып қолын көтере алған жоқ. Бірақ өлердей
ызақор екен:
— Ендеше, мен осы қақпаның қасында өлем! — деп, шалқасынан түсіп,
жата кетті. Жаңағы күш көрсеткеннен гөрі мынасынан зəрем кетті.
— Ана бір қазақ нағып жатыр! — деп, командирдің біреуі сұрай қалса,
кезекте тұрған күзетші:
— Жауынгер Сарталиевтің, тауысқаны, командир жолдас! — дейді.
Оның ар жағында не мені, не мына «туысқанымды» шақыртып алып
сұрастыра қалса, ол ұятты көргенше өлген жақсы да!
«Туысқаныңның болғаны жақсы ғой, мынадай туысқанды, құдай, сенен
қашан сұрап ем!» — деп, қатты қысылдым. Өмірімде бірінші рет ұялғаннан
маңдайым терлеп кетті. Енді қалжақтау қайда, жалына бастадым:
— Ағатай, өйтпеңіз... Екеумізге де ұят болады. Мен шынымды айттым
сізге. Маған əуреленем деп жүріп, шын айрылып қаласыз... — деймін.
— Олда! деп айт, — дейді.
— Олда! — деймін.
— Білде! деп айт, — дейді.
— Білде! — деймін.
— Жоқ. Бəрібір сенбеймін! — деп, қабырғаға жабыса түседі.. — Өлем
осы арада...
Ағатай да айтылып жатыр, əкетай да айтылып жатыр, біреуі құлағына
кірмейді. Сонша жек көрген адамыңа, сол айуанның өз ұятын сақтаймын
деп, жалынып-жалбарынған деген бір қиын екен... Аяғында, өкпесін
қысыңқырай, бір қолыммен кеуде тұсынан көтеріп алдым да, жатақхананың
қасынан алып кеттім. Аяғы жерге жақындап кетсе-ақ, тірей қояды. Жоғары
көтеріп алсам, екі өкшесімен тіземе тепкілейді. Амал жоқ, орап-бүктеп,
балаша көтеріп алдым да, Жайықтың жағасына əкелдім. Бірінші рет сен
деп сөйлестім:
— Сен ұятсыз, айтқанға нанбайсың, ақылға көнбейсің! Не істейін
саған? Өзенге тастап жіберейін бе! — дедім. — Алқымыңнан бір сықсам,
не боларыңды байқадың ғой, өзің?
Енді ол маған жалына бастады. «Жоламайын маңайыңа, қатынды да
бердім, босат» деді.
— Жоламайсың ғой?
— Жоламайын.
— Олда деп айт!
— Олда!
— Білде деп айт!
— Білде!
Олда-білденің немене екеніне түсінбесем де, уəде бекітер бір сөз екенін
алдында ғана өзінен естігем, соны енді өзіне айтқыздым да қоя бердім.
Сол күні шешемнен де хат келген екен. Дəптер қағазының төрт бетіне
жазылған хатқа елу екі-ақ сөз сыйыпты. Айдаштың күсті қолдары қаламға
қайдан үйір болсын, əрбір əрпі көлбей-көсіліп, əрбір сөзі түйе керуендей
созылып, бір жолға əрең сыйып тұр. Жол шетіне жақындап қалғанда сөздің
соңғы бір əрпін келер жолға шығара салатын əдеті тағы бар екен. Ноқат
кездессе — шоқпардай, дөңгелек əріптер шаңырақтай. Бірақ бұдан артық
хатты өмірімде де алып көрмеген шығармын...
Шешем сөз арасында, «Ақбота да сен кеткен түні жоқ болды, тегі
колхозға барып, Жəнібекке паналаған шығар дейміз» деп жазыпты. Əлі де
ұшқарылықтан арылмаған екемін деп ойладым. Оқымаған қазақ қызы сол
босағада шіриді ғой деп ойлап ем, енді қорлыққа көнбей, күреске
шыққанын көріп отырмын.
«Сол жолы неге ғана бір тілдеспедім?» — деп қынжылдым.
Мен кемеде келе жатқан түні тереземнің алдынан əйел өткендей бір
елес беріп еді. Басындағы ақ жібек шəлісін де көріп қалғандай болып ем.
Жүгіріп тысқа да шыққамын. Жұрт жатып, жарық азайған, қараңғы еді.
Ешкімді көре алмап едім, сонда да кеменің үстін бір орап шығып:
«Ақбота соңыңнан қуып келе жатыр деп ойлаймысың!» — деп өзімдіөзім мазақтап, қайтып келіп ем.
Енді міне, Ақбота да мен кеткен түні жоқ болып шығыпты. Мүмкін
күйеуін мен үшін тастап, мен кеткен кемемен о да кеткен шығар!
Əрине! Əлгі, айналып кетейін «туысқаным» да соны айтып тұрған жоқ
па!
Шешемнен хат алғаннан кейін бірталай күн қуанышым қойныма
сыймай жүрді. Аяғымды билей басып, арқадағы жүктің ауырлығын да
сезбей кеттім. Ауыздан шықпағанмен белгілі ойды Ақбота өзі түсініп, мен
айтарды өзі айтар, бір күні келіп те қалар деп, ылғи күтетін болдым. Күнде
жүрістен қайтқанда кезекте тұрған күзетшіге тесіле қараймын.
«Сізді бір туысқан қарындасыңыз күтіп жүр!» — деп айтар деймін.
Бүгін айтпаса, ертең айтар деп күтем. Тəуекелшіл, ер қыз өзі тауып алар
деп сенем.
Кейде Ақбота келіп қалса, қайда жатқызам, қай қалтама сияды деген
қорқақ ой да келіп қалады. Мылтық емес мойныма асып алатын, оқ емес
беліме байлап алатын. Оның үстіне, осынша қыршын жастардың ішіне
əйелін əкеп қойған əскердің халіне қызыға да алмаймын. Бұл ойым кең
жайылымға шығып алып, əлденеменелерге апарып соғады...
Амал қайсы, айлар бойы күтсем де «қарындасың келіп тұр» деп ешкім
айтқан жоқ... Ақбота біржола хабарсыз кетті. Менің ойымда кетіп бара
жатқан жұмбақ та осы.
Қазір мен тұрған жерден алыс бір шекараның күзетіндемін. Анда-санда
апам мен Айдаш хат жазып тұрады. Ақбота туралы бір ауыз сөз жазбайды.
Бір-екі рет өзім де сұрап жазып едім, «хабарсызбыз, қарағым» дегеннен
басқа еш нəрсенің ізіне кездесе алмадым. Сонымен Ақбота бір жұмбақ
болды да қала берді.
Апам қазір пенсия алып, колхозда тұрады. Айдаш əлі Гурьевте. Кейде
апамның хатын қолы əдемі бір оқушы қыз жазады. «Қарындасың Н. деп,
сəлем айтып, қол қояды. Маржандай тізілген қарыптарына қарай сөздері де
жатық, колхоз өміріндегі əрбір жаңалықты құр өткізбей жазады. Шешеме
хат жазғанда сол «Н» қарындастың өзінен де Ақбота туралы сұрап жазып
ем, қарындас маған — мен ол кісіні білмеймін деп жауап қайтарды.
Шешусіз жұмбақ мазалауын қояр емес. Мен əлі сүю-күю дегенді көрген
емеспін. Ақботаның ойымнан шықпайтыны да балалық шақтың əсері
болуы мүмкін. Кітаптан көрген «шын махаббаттар» «Қайрақтының»
қазағының қолынан келе де бермейтін сияқтанады. Бірақ «Қайда кетті
екен?» деген сұрау есімнен де кетпейді, жанымды қинауын да қоймайды.
Араға түскен екі жыл ұмыттырса да керек еді, жоқ ұмыттыра алған жоқ.
Қайта, жұмбақтың шешуі қиындаған сайын, менің ойлануым да көбейіп
барады. Араға айлар түсіп алыстатқан сайын, көк шəлісін шалқайта
жамылған келіншектің бейнесі күн санап ажарлана түседі. Көздері көз
алдымнан кетпей, қызыға түсем. Тұмаршадағы үш ауыз сөзден əлі үміт
етем. Жалғыз-ақ хабарсыздық қажытып барады.
Алдыңғы күні таңертең күзеттен қайтып келе жатқанымда ақтылықызылды бұлттар арасынан сол жұмбақтың шешуі де жарқ ете түскендей
болды. Н. қарпі сияқты бір бұлт құбылып барып Ақботаға ұқсап кетті.
Ойыма жұмбақтың жаңа бір шешуі түсе қалды.
«Н. деп қол қоятын сол Ақботаның өзі болар!» — деп ұйғардым.
Қайтып келіп Н. деп қол қойылған хаттардың бəрін төсегімнің үстіне
қаз-қатар жайып, тексеруге салдым.
Біреуінде:
«Апаң Ақботаны сұрай беріп қайтеді, сол жақта да сұлу қыздар бар
шығар — дейді. Ақбота қанша дегенмен есік көрді ғой деп айтады» —
деген күрсініс бар екен. Енді бірінде: «Ылғи сұрай бересіз, мен жауап таба
алмай қысылам... Егер шын-ақ үлкен жұмысыңыз болса, жөнін айтыңыз,
мен де қосыла іздесейін», — деп Н. өз атынан жазыпты. Енді абайласам əр
хаттың ішінде де менен сыр тартқан бір ауыз ойнақы сөз жазылмай
қалмаған екен. Мен оның бəрін де менің сұрауыма қарай қайтарылған
жауап деп, кезінде байқамаған екемін. Күнəсіз болғанмен кейбір ойнақы
сөздерді Ақбота ғана жазуға мүмкін.
— Əрине, Ақбота осы Н! Н. сол Ақбота!..
Осы шешу табылғаннан кейін, мен күзет бөлімінің командиріне
бардым:
— Қырымға деген демалысты өзгертсеңіз екен. Мен шешемді көріп
қайтқым келеді. Денім сау, курорттың маған керегі не? — дедім.
Əрине, тап осылай емес, əскерлік тəртіптің əр ноқатын өз орнына дəл
қойып айттым. Командир алғашқы бұйрығын өзгертіп елге баруыма рұқсат
етті. Қайтып келіп Мыколаға:
— Шешеме барып қайтатын болдым! — дедім, басқа жолдастарға да
соны айттым.
Қазір міне, шамаданымды ашып қойып, Ақбота мен шешеме не ала
барсам екен деп соны таба алмай отырмын. Жоқ, жұмбақтың шешуі тағы
шиеленісіп кетті. Tөc қалтамда жүрген тұмаршам мен хат жазған қолды
салыстырып қарасам, бір харпы ұқсамайды! Біреуі бұрынғы латынша,
біреуі қазіргі жаңаша жазылғанмен харып қоюда бір ұқсастық болуға тиісті
еді, ол ұқсастық табылмады. Көңіл тағы дағдарып қалды. Əлдеқандай бір
қызға сен Ақботасын деп тап беріп хат жазуым да қиын, іздеп барғанда ол
Ақбота болмай шықса, о да оңай емес. Əлі шынықпаған көңілім Ақботадан
біржола күдер үзіп қала ма деп жүрексінем.
«Жоқ, сол Ақбота! Жөнел, тарт «Қайрақтыға!» — деп, жүрегім айғай
салғандай. — «Тарттым!» — деп, мен де белді байлап, шамаданның
қақпағын жаптым. Еш нəрсе апара алмасам, оқасы не, өзімді алып барам.
Коля сағатына қарап:
— Уақыт болып қалыпты, — деді. Екеуміз ең соңғы рет бірге, ең соңғы
кезекке кеттік...
2
Дəл бүгін шекара шегінде ешбір уақиғаның кездеспей-ақ қоюын тілеп
келіп ем, елге барам дегелі көңілім қатты бұралған домбырадай, əр
қимылға бір ызың етіп қалып, онсыз да тынышым жоқ. Бір сағат қана бөгеу
болар бірдеме кездесіп қала ма деп қыпылдап келдім. Көрші елдің бізге не
тілеп жатқанын өзі біледі, мен ол елге бейбітшілік, амандық тілеп келдім.
Берік қадалған қашанғы орнында ала баған тұр. Сенімді күзетшіге ұсап,
бар айбарын сыртымен ғана аңдатып, үнсіз тұр. Бұл ала бағанға сансыз
жұрттың кезі қадалады. Біреулер ұнатпай жек көріп қарайды, енді біреулер
үмітпен қарайды. Кекпен қарасын, үмітпен қарасын, əйтеуір көрші елдің
көзі ала бағанда екенін біз күнде көреміз. Ала бағанды кеміріп тастағысы
келетін тістер ақсиып та қояды. Бірақ алдында біз тұрмыз. Ала баған аттап
кетейін деп те тұрған жоқ, аттатпайды да!.. Шекара күзетінде өткен екі
жылдың ішінде, мен көзім өткір, көңілім сергек болуға үйрендім. Ала
бағанға жақындай бергенде-ақ, ойыңда келе жатқанның бəрін бір-ақ
сыпырып тастап, көзің мен ойыңды шекараға ғана қадайсың. Əрине, бұдан
кейін өз арманыңа қайтып оралмай, біржола ұмытып кетпейсің, күзетіңді
өткізіп бөлмеңе қайтқанша, басқа ойлардың бетін жауып, ысырып қоясың.
Біржола ұмыту қандай қиын болса, аз уақытқа ысырып қоя тұру одан да
қиын.
Қасымда асқан сақ ит Рекс бар. Қарайтын жағын ол да жақсы біледі.
Көзі мен құлағын бірдей тігіп, ала бағанның ар жағына қарайды. Алысқа
тіккен көздерінде ит ойының елесіндей, кішкене-кішкене ұшқын жылтжылт етеді. Рекс ойлай ала ма, жоқ па, ол өз жұмысы, бірақ үйге бөтен
адамды кіргізуге болмайтынын ол ешкімнен сұрамайды да. Кірпігін андасанда бір-ақ қағып, тұмсығының үстіндегі тамырлары бүлк-бүлк соғып, бар
денесі ширақ, ата жөнелуге əзір отырады. Басқа уақытта еркелеп, кейде
басыңа да қарғып қойса, ала бағанға жақындаған соң-ақ қыңқ етпейді. Үру,
қыңсылау дегенді біржола ұмытқан. Ол бірдемені айтқысы келгенде ғана
үреді.
Ала бағанды көргенде маған ылғи бір-ақ ой келеді. Сенің адаммын,
азаматпын деуің, елім бар, жұртым бар деуің, əлденені арман етуің, туғантуысқаныңа бақыт тілеуің, бірдемені істеймін деуің, бəрі де осы ала
бағанның бер жағында ғана мүмкін сияқты, Көңіліңді қанша қамшыласаң
да ала бағанның ар жағынан мұндай еш нəрсе таба алмайсың. Бөтен ел деп,
босқа жамандағың келмейді, бірақ көзге ілінер жақсылық таппайсың.
Ала баған екі елдің ғана шекара белгісі емес, екі түрлі дүние танудың,
болған мен болашақтың шегін айырып тұрған сияқтанады. Күзетші емес,
белгі сияқтанып кетеді.
Кейде ойымды еріксіз сүйрелеп ала бағанның ар жағына алып шығам.
Жат ел демей, жақсылығын көргім келді. Қараңғы бір түн ішінде белуардан
батпаққа батқандай болам. Бар ойыңнан бір-ақ айрылып, адам үшін арман
деген немене, өз еліңде салтыңа кіріп болған қандай қимасың бар еді,
бəрінен жұрдай болғандай селк етіп қалам.
Көз алдыма алыста қалған, ізі жоғалған ата-бабаның заманы келеді.
Ақырын жылжыған ғасырлар керуені, атам заманғы ескі-ұсқыны артып ап,
əлдене көріп, құлап-жығылып əлі келе жатқандай көрінеді. Біздің арқадан
алдақашан түскен жүк елестейді. Жауыр болған арқалар, суалған жаңғар,
үңірейген кездер көрем. Бір кезде біздің ел де осындай еді. Азияның
діңкеңді қатырған ауыр ғасырлары əрең жылжып, ұзақ өтіп жатты. Өліктей
сұлап, қозғалу жоқ, қимыл жоқ, дала жатты. Жақ пен найза, кетпен мен
көнек заманында туған ой мəңгіге кетер даналықтай жасай бергісі келді. Ой
орнына — тақпақ, өлең орнына — жоқтау берді де, құлшылық күтті.
Жапырақ көгермей солды, жастық гүлденбей өлді. Жалғыз-жалғыз зар
қаққан домбыра үні əлсіз сарнады.
Ала бағанның ар жағындағы ел көз алдыңа осындай бір қайғылы
заманды əкеледі. Замана заңы ескірген сайын қадірлі бола беретіндей, əлі
баяғы ескі жұртында, алдақашан өлген өліктің өлімтігін күзетіп отыр.
Əріректе, қыр басында бəленшекең дерлік біреудің моласы тұр. Кірпіші
құлап, тозығы жеткен соң, енді əулие атанған сияқты. Əр жұмада басына
жұрт жиналады. Бір күн бұрын, бастары қақшаңдап, таяқтарымен жер
түрткілеген біріне-бірі ұқсас соқыр қайыршылар келе бастайды. Ертеңіне
біреуі отырған бойы сырғанап, біреуі төрт аяқтап тарбиған, енді біразы
қолтығына тіреп алған жалғыз таяқпен ақсаңдап жарымжан мүгедектер
жетеді. Бəрі де қара киінген. Бұлар топ-топ боп, бірінен-бірі озып кете
алмай, бір көрінген жерінен оңай ұзай алмай, ұзақ жылжиды. Кейде
жұрттың алды қайта бастағанда, бұлардың арт жағы жаңа жақындап келе
жатады. Мүгедектердің қасынан желдей есіп өтіп, тоқтаусыз зарлап,
«аллаһулаған» диуаналар келеді бір кезде. Диуаналар жортып жүріп,
моланы бір айналып шығып, ақырында əрқайсысы өзіне ұнаған жерді
таңдап алып, садақа бұлағының бір ағатын жері осы болар деп отырып
қалады. Анда-санда екі қолды бірдей алдына қарай созып бір қойып, бар
денесімен шұлғып бір тастап отырады. Бұлар ақ сəлделі, ақ киінген аса
таяқ ұстаған, аттай желгіш, сиқыршыдай ойнақы бəле келеді. Басқалар
садақаны мүгедектігімен алса, бұлар өздерінің ептілігімен дұрысын
айтқанда, жүліктігімен алады. Сірə, бір жиында түсетін садақа қорының
дені осылардың қолына түсетін болу керек. «Алла» дегенге ешбір мəн
бермей, автоматтан атқандай үсті-үстіне төпілдетулеріне қарағанда, бұл
қулар құдайыңның өзіне де сене бермейтін сияқты.
Айналасы қоршаған нөкер, ала киінген алшаң басқан бай-батшалар,
біріне-бірі сүйенген кемпір-шалдар келеді. Ұзамай мола басы құмырсқадай
құжынаған жұртқа толады. Бүкіл бір ел тілекті өліктен тілеп, үмітін
моладан күткендей, мүлгіп қалады. Күрсініп, көзіңді артыңа бұрасың.
Тау етегін қашай-қашай, шатқалды жарып жол салып алған көкшіл өзен
көбік атып, тастан тасқа секіріп, жұлқынып ағады. Əлдеқайда асыққандай
шумен жанжалмен атылып барады. Дұрысында екі елдің шекара шегі осы
өзен. Өзеннің екі бетін өрлей, қия жарқабақтардан ойға қарай төне жалғызжалғыз мықыр ағаштар еседі. Жапырақтары қалың, сыртына балауыз
жағып қойғандай күн көзіне күмістей шағылысады. Өзім бақылайтын
жерде ол ағаштардың нешеу екенін де білем. Бұл маңдағы ойпатжыралардың қыжыр-қыртыстарын да түгендеп қойғамын. Қалтарыс қайда,
қауіп қандай жермен келе алады, бəрі де қолымда. Бағанның біз жағында
түп-түп боп өскен жантақ, тікендер, сен үшін берік бойтаса көрінсе,
батанның ар жағында өскендері бүйірдей үрпиіп, əр кезде көзің тайып
кетуін аңдып тұрғандай көрінеді. Рекстің көзі де əр уақытта соларға түсіп,
ылғи санап жатқан сияқтанады. Күнде көріп жүргеннен бір түп жантақ
асып кетсе, Рекстің көзі соны тауып алып қадалады. Кейбір түндерде жаңа
бір түп тікенек өсіп қалып, таңертең кірпідей күжірейіп тұратыны да
болады...
Өзеннің арғы бетінде көрші елдің күзетшілері жүреді, бергі бетінде —
біз. Көрші елдің сыртқы ызғары онша пəлен болмағанмен мылтық ұстаған
жастары күн сайын дарақыланып, есерленіп барады. Соған қарағанда, бұл
күнге дейін тату отырған көршінің көңіліне бір сайтан кіре бастаған
сияқтанады. Əсіресе, соңғы үш айдың ішінде көрші елдің күзетшілері
сүйегіне бітпеген ожарлық көрсете бастады.
Əрбір жұма күні таңертең, əдемі-əдемі арабы ақбоз атқа мініп, əсем
бастырған офицерлері келеді. Ер-тұрмандарын күмістеген тас жаптырған
болу керек, күн кезінде жарқ-жұрқ етеді. Сол жақ бүйірлерінде қиғаш
салбырап, бабаң заманының қисық қылыштары жүреді. Араб жылқысының
əсем басқаны, ер-тұрмандардың жарқ-жұрқ еткені мас қылады білем,
күзетшілері бізге айғай салып, ананы-мынаны айтып, кеудесін қағатын
болды. Бабасынан қалған қисық қылыштарын жарқ-жұрқ еткізіп, орай-орай
сілтеп, бізге айбат шегеді. Түбіңе жетіп, тұқымыңды құртамыз дегендей
етеді.
Əрі сонша көп жұртты, əрі анағұрлым құдіретті елді қисық қылышпен
ғана құрта салу оларға баланың ойыншығындай көрінетін сияқты.
Ишараттары өте айқын. Елі анау, үміт тілекті құлаған моладан тілеп
отырғанында жұмыстары да жоқ. Əлде сол өлімтік аруағына жастары да
сене ме екен? Мүмкін... Удай ащы, оқтай өткір жауаптар аузыңа келеді де,
алқымнан аса алмай қайта береді.
Төменде жұлқына жөңкіліп, өкіріп жатқан долы өзен көрші елдің
күзетшілері немене айтып жатқандарын естіртпей, əлдеқайда алып кетеді.
— Неңмен қоқаңдайсың? Өзіңдікі өзіңе бұйыра берсе, аз ба! — дегің
келіп, сен де қызасың. Бірақ халықаралық қатынастарға жауынгер басқаша
қатынасатынын еске алып, үндемейсің.
«Ашулы адам айғайласа — күлкі болады, үндемесе — ызғарлы
болады», — деген Абайдың бір даналығы тағы есіңе түседі. Мен оларға
осы сөздің өзін де айғайлап қалар ем, жел аударып босқа кете ме деп, оны
да істемеймін.
Кенеттен қоқиланып кеткен көршіміздің елін мен жақсы білемін.
Мектептен алған үстірт білімнің үстіне, көрші елдің жай-жапсарын
тереңірек пайымдайтын бірталай кітап оқыдық. Шекара күзетінің
басшылары көрші елдің жайын жақсы білетін болыңдар деп ылғи
қадағалап қояды. Əсіресе, жат елдің əдет-ғұрпына тиіп кетіп, əдепсіз
көрінем бе деп, өзің де қыл үстінде жүресің. Кітапханамыз да кедей емес.
Жақын арада, бір саяси сабақта мен көрші еліміздің жай-күйі туралы
баяндама жасап ем. Барлық мəліметтерді тексере келе, көп нəрселерге таң
қалдым. Өзгесін былай қойғанда, халық шаруасы дейтін үлкен қордың
өзінде береке жоқ екен. Он адамның екеуі қайыршы, мың кедейге бір бай!
Барлық шаруасы тігісінен сөгіліп тұр екен.
Мен ес білгелі көрші елдің шаруасына не жаңалық қосылғанын да
білем. Бірінші дүние жүзі соғысында бұл тақыр мұзға отырып қалған
елдердің бірі еді. Қазір орта қолды ғана тоқыма фабрикалары бар. Оны да
өзі жасай алған жоқ, көршілері жəрдем етті... Рас, баяғыда бас киімдері
қоқырайып тұрады екен, оны қазір тастапты. Бірақ бастың өзі жаңарған
жоқ, көздері əлі баяғысындай бақырайып тұр. Жанжалы көп болғанмен
ұтысы жоқ, ұтылысы көп тарихына атақ қосар еш нəрсе əлі қосылған жоқ.
Бірақ жақын арада Гитлерден бір жаңа «фон» келіп еді, соның қызуымен
құтыра бастағаны байқалады. Жаңа «фонның» ескі атағы өрт салғыш, от
тастағыш болушы еді, сірə, соры қайнаған ел, соған арқаланып кетті білем.
Сол келгеннен бері мылтық асынған жастары бұзақылықты өжеттік, ерлік
деп санай бастауға айналды. Жаңа «фонның» тозығы жеткен ескі елге не
алып келгені біздің күзеттің қатардағы жауынгерлеріне де айқын көріне
бастады. Соңғы кезде шекарадан өтем деп, қақпанға түсіп қалушылардың
көбейгені соның айғағы еді. Қолға түсушілердің ішінде тыңшы да бар, өрт
салғыштар да бар. Əлі тілге келмеген «сақаулар» да, «саңыраулар» да бар.
«Жаһаннам дүниесінен» қашып, біздің елге өткісі «келгендер» де бар.
Біздің міндет — шекара қақпасын берік ұстау болғасын, амал жоқ, қолға
түсіп қалады.
Мана ала бағанға қандай оймен келсем, сол тілегім қабыл болғандай,
бұл түн ешбір уақиғасыз өтті. Біздің жақтан қызара бөртіп таң атып келе
жатыр. Тау ауасы көгілдір тартып, таң белестеген сайын, аспан да тазара
бастады. Таңертеңгі тау салқыны айналасына ақырын ғана леп береді.
Аспан ашық көкке боялып, əр жерінде түтілген мақтадай, жеңіл ақ бұлттар
ғана қалды. Күн белгісі берілгенде жеңіл ақ бұлттар қызғылт тартып,
жымия бастағандай. Таңертеңгі мүлгіген тыныштық, түнеріп тұратын тау
жоталарына да жұмсақ рең беріп, жүзін жылытқандай сезіледі. Түнгі
салқыннан дір қағып, қалтылдап шыққан жер түгі жылынып, бой түзесіп,
мойындарын шығып келе жатқан күн шұғыласына бұрып, кішкене-кішкене
қызыл, көгалжім, сары гүлдерін аша бастады.
Мен күзет кезегін бітіріп, кейін қайттым. Бір жотаның астында қалған
өзен гуілі алыстап, домбыра ызыңындай ғана естіледі. Жадыраған дүние
сені де тербетіп, өз ойларың оралып келе жатқанын сезесің. Қай тұста
үзілсе, сол тұсынан қайта басталып, толқындай жылжытып əкетіп барады.
Бірер сағаттан кейін жүріп кетем... Бір ай елде болам... Əрине, бұл жолы
бар жұмбақ шешіледі... Орал мен Гурьев түгіл бүкіл Қазақстанды аралап
қайтуға уақытым жетеді.
Осы ойлармен келе жатқанымда Рекс ақырын ғана қыңқ етіп қалды.
Тыныш дүниені тіліп жібергендей шаңқ етіп мылтық атылды, Рекс екеуміз
жалт бұрылып, кейін жүгірдік. Рекс жұлынып, жібер деп келеді. Жырадан
жыраны, ағаштан ағашты тасалана жүгіріп, ала бағанға жақындағанша,
мылтық даусы тағы бірнеше рет шығып қалды. Əуелі «кетті, кетті!»
дегендей асығыс бытырлап, артынан «төкте-төк!» дегендей төгіле атылып
жатыр. Əлденеден атылған оқтардың екі түрлі үнін байқап қалдым. Бір
жүйе оқтар тау жоталарын жаңғыртып, жоғары кетіп жатыр, енді бір
жүйесі төмен атылғандай, құмыққан үн береді. Кейбір тасқа соғып, екінші
жаққа серпіліп кеткен оқтар шыжылдап, шегірткедей ысқырып қалған
сияқты естіледі.
Мен сияқты жолдан оралып, бірақ уақиға маңайына менен бұрын
жеткен Николай ағашты тасаланып, күбірлеп, балағат айтып тұр екен. Мен
де өзеннің арғы бетіне қарадым. Бүлік шыққан жер енді көз алдында
болғасын Рекс те тырп етпей, тына қалды. Көбік атып, бұрқырап жатқан
өзеннен қолында баласы бар əйел өтіп келе жатыр. Тастан тасқа оңай
секіргенмен ағыны қатты көкжал толқын іліп əкете жаздайды. Арғы бетте
салт офицерлер күзетшілерін ортаға алып, қылыштарын жарқылдатып,
шауып тастардай кіжініп, айғайлағандары естіледі. Қолдарын сахнада
тұрғандай сəнмен сермеп біздің жақты нұсқайды. Əдейі жинағандай,
күзетші саны да көбейіп қалыпты. Күнде ондай көп күзетші байқалмайтын.
Анда-санда əйелдің, «аллалаған» даусы естіледі. Бір топ жаяу əскер бір
тізелеп отыра қап, қашып келе жатқан əйелді көздеп-ақ атқан сияқтанады,
дарыта алмайды. Екі ақбоз атты жарқылдақ офицер тік бір қарғытып алып,
суға күмп беріп еді, біздің күзетшінің, сарт еткен мылтығынан кейін
бұрылды. Ол екі арада бала көтерген əйел де бергі жағаға шығып үлгірді.
Үлкен қара көздерінде зəресі ұшқан үрей белгісі, киімі жыртылған, бір жақ
жұмыр саны жарқылдап келеді. Су болған жұқа көйлек денесіне
жабысып,жас əйелдің сұлу сымбатын түгел əкеп көзіңе соққандай. Тас
жырған тізесінен жылап қана қан ағып келеді. Əйел көре сала бізге қарай
ұмтылды:
— Алла... Алла... Атам һам анам... Азербайжан... — деген сөздерін ғана
аңдауға болады. Булығып, тез-тез шыққан өзге сездері аңдалмайды.
Əйел алдымызға келді де, өкси жылап, құлай кетті. Аяғы тырбия,
шалқасынан құлап қасында баласы бақырып жатыр. Əйел құлағанда да
əдемі денесін көзге тоса құлаған сияқтанады.
— Тұрыңыз! — дедім, қатқылдау шыққан дауыспен. Əйел басын
көтеріп, жылап жатқан баласын алдына алды. Бірақ бір жасар бала басын
шешесінің кеудесіне қарай апармай, сыртқа қарай бұратын сияқты. Өзен
жақты нұсқап, əлденелерді тез-тез айта беріп əйел баланың, басын өзіне
қарай бұрыңқырап қояды. Бала қырындай береді. Екі көзінің арасы тым
талтақ, шешесіне бір мүшесі тартпаған қара бала ана мейірімін басқа
жақтан іздейтін сияқты. Жылауы да ертеден кешке дейін бір-ақ үнмен
шығатын жетім баланың бейжай, үмітсіз жылауына ұқсайды.
Өзеннің арғы бетінде көрші елдің бір топ əскери адамдары əлі тұр.
Айғайлап, шулап, айбар шегеді.
— Тауфиқ-бей! Тауфиқ-бей! — деген айғайлары айқын естіледі.
Ол елде Тауфиқ-бей деген атақты мемлекет адамы да, атақты қолбасы
да жоқ. Бірақ жергілікті бір аймақтың Тауфиқ-бей деген серкеші болуы да
мүмкін. Өсер ел ормандай қалың көбін көтерсе, өсірмес ой «Тауфиқ-бей»,
«Жаутік-бей» деген сияқты болмашыны ағаш — жағалтай қылумен күні
өтетіні белгілі ғой, бұлар бізге сонысын істеп тұр. Біз «Тауфиқ-бей!»
дегенді бұл күнге дейін де талай есітсек те, оның қандай құдіреті барын
көре алған емеспіз.
Қасымызға біздің бөлімшенің командирі лейтенант Березкин келді.
— Не болды?
Біз əйелмен бірге арғы жақты нұсқадық.
— Сарталиев, əйелді штабқа апарып тапсыр! — деді лейтенант.
Манадан ағаштың бір бұтағына алдыңғы аяғын салып, басын жоғары
көтеріп, өзен бойынан көзін аудармай тұрған Рекс қыңқ етігі қалып, төмен
қарай жұлқынды. Березкин үнсіз ғана иек көтеріп қалды. Мен иттің
қайысын ағытып, қоя бердім. Ит өзеннің төменгі жағына қарай тартып
кетті. Лейтенант Николайға «жүгір!» деп, ым қақты, Николай да жүгіре
жөнелді.
Əйел көзі арт жағына қарай бір қылт етіп қалғандай болады. Қабағын
қанша жиырып, басын қанша шайқағанмен жүзіне шын қайғының белгілері
шықпаған сияқты.
Ар жақтағы шу əлі бəсеңдеген жоқ. Николайдан да біраз уақытқа дейін
белгі болмады. Рекс даусы да естілмейді.
— Сен де баршы! — деді маған Березкин.
Əр жапырақтың сыбдырына құлағымды түре мен де жүгіріп келем. Бір
кезде алдымнан ғана қол мылтық екі атылды, Рекс арс етіп қалды. Зəресі
кеткен адамның қатты бақырып қалғаны естілді.
Құрметті көрші елдің бишікештері бұдан бұрын да талай рет оңай айла
жасағандары бар еді, бұл жолы да содан аса алмағанын түсіне қалдым.
Біздің көзімізді сұлу келіншекпен алдандырып, қақ қасымыздан керекті
адамын өткізіп жібере қоймақ. Анау қырқадағы «əулие» басына
жиналғандар, жағада тұрған көп күзетшілер, айғай-шу, анау-мынаудың бəрі
де соның қамы.
— Қозғалма! — деген Николайдың даусы шықты.
Екі түп боп өскен тікеннің ортасында етпетінен түсіп, бір бөтен адам
жатыр. Рекс бір аяғын жатқан адамның желкесіне салып қойып, оң қолын
қапсыра тістеп алыпты. Көздері қанталап, «ал!» десең бет-ауыздан
бассалуға əзірленіп, дір-дір етеді. Желке жүні дүрдиіп кетіпті. Наганын сол
қолына алып, оң иығынан екі жерден көйлектің сыртына қан шыққан
Николай тұр.
— Жараланып қалғанбысың?
Николай басын изеді. Жан-жақтан басқа күзетшілер де келіп қалды.
Сарғылт-күрең сақалы бар, аяғында брезент етік, тырнақтарының асты кір,
əлі қайыруға келмеген сирек шашты, бойшаң бір сарыны тұрғызып алдық.
Шамасы келгенше қарапайым адамға ұқсаймын дегенмен, кекті көз қарасы
басқаны айтып тұр. Николайды атқан тапаншасы Рекстің астынан табылды.
Басы тыныштықпен, аяғы осындай бір болмашы уақиғамен өткен ең
соңғы күзетке баруым, менің бұдан былайғы тағдырымды түгел өзгертіп
жіберді. Николай емделуге қолма-қол госпитальға жіберілді. Оның орнына,
белім командирі дивизия штабына мені жіберді. Қойнымда бес жерінен мөр
басылған жасырын пакет, қайда апарары белгісіз, үш сағаттан кейін мен де
жүріп кеттім. Енді ауыл қарасынан алыстап бара жатқанымды сезгендей
болам. Ақботамен кездесуден жүрегім де үміт үзе бастағандай, анда-санда
күрсініп қояды... Екі жыл бойы шешілмеген жұмбақ тағы да шешусіз
қалды...
3
Бір пакетті беріп, екінші бір пакетті алып, поезбен екі күн жүріп
жеткенде ғана қайда келгенімді білдім. Ерекше бір əзірлік курсына келген
екемін. Келген жерім қала біткеннен аулақ, темір жолға машинамен ғана
қатынасады. Бір жағымыз орман жамылған орта таулар, бір жағымызда
теңіз, шығыс жағымыз көз жеткісіз кең жазық. Өңкей бір дене
шынықтырудың неше түрін өткен жас жігіттер жиналыппыз. Тұрған
орнымызды лагерь демейді, «курорт» деп атайды.
Мен де ұршықтай иірілудің неше түрін білем деп жүруші ем, оным
ойыншық болып қалды. Бəрін де басынан бастауға тура келді. Ең арғысы
қарнына дейін білеуленіп тұратын темір денелерді осында көрдім. Əр түрлі
қызық оқулар да бар. Алгебра болмағанмен толып жатқан теңеулер,
тінтулер арқылы əрең табылатын жасырын қоймалардан аяқ алып жүргісіз.
Сұм дүниенің ортасында отырсаң, оның сұмдығын да білуің керек.
Айналаңа шимай шытырман зұлымдық торы құрылып жатса, оны
білмесең, сен кімсің? Соны білудің қамы бəрі де.
Сары аяңмен талай жер жүргізіп келіп, курорт докторы жүрегіміздің
қалай соғатынын тексеріп қояды. Қырық километр жүріп кеп, қалған бес
километрді жүгірумен алуға жараймыз. Алғашқы күндерде денең сал-сал
болушы еді, қазір оны ұмыта бастады. Таңертең арқаңның біраз құрыстауы
иығыңды екі толғап жіберуден қалмайтын бола бастады.
Соңғы кезде оқуымыздың кітаптық жағы қысқарыңқыpaп, қолма-қол
жағы басыңқырап барады. Бұрынғы «ойын» түріндегі дене шынықтырулар
енді қатал тəртіппен өткізілетін əскерлік іске айналып кетті.
— Жауынгер Сарталиев! Бір, екі, үш! — дегенде парашютпен секіретін
биіктен құстай ұшпасаң, айыпқа ілігетін болдың. Ол аз болса, ертеңгі сабақ
үстінде, полк командирі жүзін суытып, өзіңді қақшитып тұрғызып қояды
да:
— Парашютпен секіру ғылымы сізден мынаны талап етеді! — деп
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Қазақ солдаты - 08
  • Parts
  • Қазақ солдаты - 01
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2163
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 02
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2108
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 03
    Total number of words is 4133
    Total number of unique words is 2092
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 04
    Total number of words is 4064
    Total number of unique words is 2142
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 05
    Total number of words is 4112
    Total number of unique words is 2242
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 06
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2201
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 07
    Total number of words is 4110
    Total number of unique words is 2267
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 08
    Total number of words is 4062
    Total number of unique words is 2201
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 09
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 2058
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 10
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2113
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 11
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 2030
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 12
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2154
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 13
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2144
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 14
    Total number of words is 4063
    Total number of unique words is 2149
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 15
    Total number of words is 4032
    Total number of unique words is 2124
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 16
    Total number of words is 4067
    Total number of unique words is 2018
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 17
    Total number of words is 4089
    Total number of unique words is 2187
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 18
    Total number of words is 4047
    Total number of unique words is 2190
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 19
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2162
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 20
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2182
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 21
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2106
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 22
    Total number of words is 3985
    Total number of unique words is 2066
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 23
    Total number of words is 3821
    Total number of unique words is 2014
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 24
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2066
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 25
    Total number of words is 1652
    Total number of unique words is 1004
    41.0 of words are in the 2000 most common words
    55.3 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.