Latin Common Turkic

Қазақ солдаты - 08

Total number of words is 4062
Total number of unique words is 2201
34.5 of words are in the 2000 most common words
49.9 of words are in the 5000 most common words
57.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
бастап, аяғында көпке дейін есіңнен кетпес өткелектерден өткізіп алады.
Дардай жігіттер баладай қызарады.
Осындай елеусіз нəрселердің өзі-ақ дүние тынысында жедел бір өзгеріс
барын байқатқандай еді. Саясат ағымынан сабақ беретін комиссар Сомов:
— Бəлен мырза бəлен қалаға барыпты... — дегенде, көзі «оның ар
жағын ұғасыңдар ма?» дегендей қадалады. Дүние жүзіне шаруақорлық,
достық бір мінез пайда болғандай, күнде əр түрлі келісім жасалып
жатқанын көресің. Кейбір шіреншек елдер оп-оңай еңкейіп, Берлинге
барғыштап кетті. Мюнхен енді ескіріп, əр күн соғыстың жаңа белгілерін
көрсете бастады.
Бұрын биіктен аспалы парашютпен секіріп келсек, енді міне, нағыз
парашюттың өзін алуға келе жатырмыз. «Ойын алаңына» ақ матадан
жасалған, ұзындығы есік пен төрдей, үлкен «Т» əрпі салынып қалыпты.
Секіртіп үйретіп жүрген нұсқаушымыз бұл жөніндегі білім аңғарымызды
тағы біршамалап шықты. Арқасы жасыл, бауры сұрғылттау жүк самолеті
сол алаңға келіп қонды. Бүгінге дейін «ойын алаңы» болып келген жеріміз
оп-оңай самолет қонатын аэродром бола кетіпті. Қолдарына кішкенекішкене қызыл жалау ұстаған бөтен адамдар да пайда бола қалды.
Парашюттарын арқасына бекітіп алып, қаз-қатар тұрған курсанттарға:
— Жүгір! — деген команда берілді.
Жүгіріп келіп, самолетке де жеттік, кешкі тамаққа шақырған белгісі де
берілді. Бұл, пионерлердің трубасындай ғана трубамен ойналатын қысқа
бір күй. Көңілді көтергісі келгендей, жайраңдап ойналады. Орыс жолдастар
сөзсіз күйді:
Бери ложку, бери бак,
Нету ложки, беги так...
деп, сөзге айналдырып алған. Мұны əн өлшеуіне қарай қазақшаға
аударсаң:
Қасығыңды ал, наныңды ал,
Уақытынан қалмай бар!...—
дегенге жақын шығар еді.
Осы белгі берілді де, біз кейін қайттық. Өйткені, əскер арасында екі
əмір қатар берілмейді. Тамағыңды іш десе, біздің тілде о да əмір.
Кешкі тамақ үстінде бар əңгіме ертең самолеттен бірінші рет
секіретініміз жайында ғана болып кетті. Қобалжу, жүрексіну деген
бəрімізде де бар екен. Əркім-ақ басын шайқап қояды. Неше мың метрден
секіретініміз де белгісіз. Алғашқы ретте сенімсіз секірген адам, əрине,
қайта секіреді...
— Алғашқы бір үш рет секіруден аман өтсең, оның ар жағында
төсектен секіргендей-ақ болар ем! — дейді Петр Ушаков.
— Үш ретті айтасың, алғашқы ретті айтсайшы! — деп, бəріміздің
ішіміздегі ең жасымыз Владимир Толстов шын қаупін білдіріп қояды.
— Ендеше, секірмей-ақ қой...
— Қалай секірмейсің?..
— Олай болса, секіресің де!..
Бұл үшеуміз бір бөлімде болғандықтан жатағымыз да бірге, тамақ
ішкенде де қатар отырамыз. Əлі достасып кетпегенмен ортақ сырларымыз
күн санап көбейіп келеді. Қалжыңдасу түрлеріміз де бірыңғайлана бастады.
Əзір істе сынасқан жоқпыз.
— Мен бір-ақ нəрседен қорқамын, — дейді жас Владимир, — секір
дегенде-ақ жүрегім ұшып кетіп, парашюттің сақинасын күн бұрын тартып
қалып секірем бе деп қорқам...
— Онда самолеттің құйрығына ілігесің де жүресің салақтап!— деп,
Петр қатал мазақтайды. — Мə, бəкімді берейін тым болмаса, ілегіп қалған
бауды кесіп жібер де, жерге топ ете түс!..
— Неге топ ете түсем? Парашюттің тағы бір қосалқы сақинасы бар
емес пе, соны тартып қалам... Парашют амалсыз қанатын жаяды!
— Олай болса, соны істе...
Петр əуелі əңгімені əдейі қыңыр сүйреп əкетеді де, артынан келте
қайырып, ұтып отырады. Владимир ақкөңіл, ылғи ұтылып, аяғында шынын
айтып құтылады.
— Сен əуреленіп жүргенде самолеттің жерге қонатын уақыты жетіп
қалса, сені сүйрей келіп қонады... Сен жұрттан бұрын секіруге тырыс! —
дейді Петр, тағы да Владимирді қолға алып. Владимир тағы аз ойланып
қалып:
— Мен өзіміздің үйреншікті биіктен секіріп жүргенде де бір бəледен
құтыла алмай қойдым... «Бір, екі, үш» деген тек қана секір деген сөз ғой...
Мен сол бір, екі, үштің тұсында сақинаны да тартып қалуға үйреніппін.
Секіру мен сақинаны тартып қалудың арасында тағы да бір үш секунд өту
керек емес пе? — дейді.
— Қысқасы, Володя, мен саған сағатымды беріп қояйын... Соған қарап
сақинаны да тартып қаларсың...
Петр Володяны біраз бөріктіріп алып, енді байсалды қорытындысын
айтады:
— Бəрі де бос сөз. Секірмей тұрғанда солай көрінеді. Секіргенде бəрі де
өз уақытында істелетін болады. Босқа өле кету оңай емес! — дейді.
Менің қауіпім басқа жақта. «Ал, секір» дегенде жүрексініп, самолеттен
айырыла алмай, аз да болса, кідіріп қалам ба деп қауіптенем. Самолеттің
қанатынан секіре бергенде аздан соң парашюттің ашылатыны, қанатыңды
жайып кеп, жерге қалықтап кеп қонатының — бəрі көз алдымда... Бірақ сол
қас қаққандай бір сəтте жүрексіне қалуың да мүмкін. Қалайда, бұл алғашқы
секіріс қой, əркім өз басындағы қаупін айтып отыр.
— Қорқып отырған сен бе, Толстов?.. Түу! Түк те емес! — деп,
алысырақ отырған бір жауынгер өзінің қорықпайтынын білдіріп қояды.
— Құдай біледі, бəрімізден гөрі сенің қорқуың күшті! Көзің
бажырайып, қыдырып кетіпті... Тамағыңнан асың өтпей отыр! — деп, Петр
оны қайырып тастайды.
Ертеңіне бəріміз де дұрыс секірдік. Парашютті ерте ашып
қауіптенген Владимир көпке дейін парашютін ашпай жерге
қалғанда ғана ашты. Владимир өзгемізден бұрынырақ секіріп
тастай боп төмен ағып бара жатқанын бəріміз де көрдік.
инструкторымыз:
қалам деп
жақындап
еді, кесек
Біз түгіл
— Ананың парашюті бұзылған болар!— деп қалды.
Өзім де едəуір қобалжып отырғанмен əркімнің жайын байқай отыратын,
бақылай жүретін бір мінезден қазір де арыла алғаным жоқ. Самолеттегі елу
шақты жауынгердің жүзінде елу түрлі қобалжу бар сияқтанады. Петр
ерттеулі аттай, тас түйін, ықшам отыр. Оның, жүзінде өлшеп-пішіп,
есептеп қойған ойын, кезегі келгенде қыл аудармай орындап шығудың
əзірлігі ғана бар. Кешегі Толстовты мазақтап, «түк те емес!» дейтін батыр
жігіт лоқсып, құсып жіберді. Өңі бозарып кетіпті... Қашан кезегім келіп
қалар екен деп, қыпылдап отырғандар да көп. Менің көзім біреуден-біреуге
түсіп, қыдырып жүріп, ұшқыштың кең жаурынына барып айналақтап
қалды. Айналып жүрген самолетпен бірге ұшқыштың сом денесі де бірге
ойысып, бұрылыңқырап қояды. Əр қозғалысы сенімді, отырысына дейін
орнықты, абдырау жоқ, сасу жоқ, еркін сермеп, қалықтап жүрген ақ иыққа
ұқсап кетеді. Бұрын бар керемет самолетте деп келсем, дəл қазір самолет
соның дегенін істеп, қыңқ ете алмай, айдағанына көніп, ұршықтай иіріледі.
Кең алқапқа кішкене ғана көлеңкесі түсіп, кең орап айналып жүрген
самолеттің қанаттары осы ұшқыш жігіттің өз қанаты сияқтанып кетеді.
Киімнің сыртынан білеуленіп тұрған бұлшық еттері кейде арқасынан да
білініп қалады. Еркекке біткен кең жаурынға көзім əлсін-əлсін түседі.
Қызыққандай болам. Ұшқыштың бетін көргім кеп, оңды-солды бұрылып
қарасам да, жүзі көзіме түспей қойды. Екі қолымен күйсандықты ойнатып,
ойнаған күйін өзі ғана түсініп, елтіп отырғандай, өзімен-өзі болып, артына
бір бұрылған жоқ.
Енді осы бір мінез кімде бар деп, соны таба алмай отырмын. Айғайлап,
шуласып жатсаң да, құлағына кіріп шықпайтындай, оқыған кітабынан
басын алмайтын біреуді білуші ем... Не, Шеген екен ғой! Ойбай-ау, мынау
да Шеген ғой!.. Өзі ғой!
Инструктор маған əзірлен деген белгі беріп қалды. Тұра беріп мен де:
— Шеген! — деп қалдым. Гүрілдеген самолет үні естіртті ме, жоқ па,
əйтеуір Шеген де артына бір бұрылып қалды. Көзге көзіміз кездесе
бергенде, инструктор маған «секір!» — деді. Ішімнен «саған арнадым!»
деп, мен де секіріп кеттім. Манадан бергі: қобалжу-қорқыныш
дегендерімнің қайда кеткенін білмеймін. Əрі аға, əрі досыма арнап, қолдан
келген өнерімнің бəрін көрсеткім келіп барады. Көріспегелі өткен бірнеше
жылдың ішінде қандай өнер таптым, қандай биікке көтерілдім, соны
Шегеннің көзіне көрсеткім келіп, еркін бір жайқап түсу үшін, сақинаны
ертерек тартып қалдым. Ақ жібек парашют лап етіп ашылып, қол шатырдай
керіліп, төбеме тігіле қалды. Енді өзім де баяу қалқыған қыранға ұсап,
төменгі жақты түгел барлап келем. Бүгін, сөз жоқ, Шегенмен кездесіп, жеті
жылдан бергі жинаған сырды түгел ақтарам. Мың түрлі əңгіме ойыма ұмаржұмар келіп, қуанышымнан жарылып кеткендеймін. Самолет қазір жерге
қонады, мен жүгіріп қасына барам, Шегенмен құшақтаса кетем...
Өзің сүйген əйелің жақында болса, ерленіп кетесің, деген бар. Мүмкін,
дұрыс шығар. Бірақ қазір менің қолымнан келер бар ерлігім мен бар өнерім
Шегенді көргеннен қозып кетті. «Қия тастай құлай ұшқан ер сұңқарша»
деймін өзіме-өзім, баяғы Шеген айтатын «Сұңқар жыры» есіме түсіп.
Қасымда тұрған ешкім жоқ, именбей, жасқанбай айтам. Өзімді-өзім бір
ғана секірумен сол сұңқарға да теңегендеймін... Бұл күйімде аспан жақын,
жер алыс көрініп, өзімді жоғары, биікте көрем. Сұңқардай ма, қырандай ма,
елімнің əрбір жасындай ма, əйтеуір еркін қалықтап кеп жерге түстім.
Менен көп бұрын түскен Володя Толстов жүгіріп қасыма келіп:
— Тамаша! — деді. — Сонша тамаша қалықтаған не Петр, не сен
боларсың деп, көз алмай байқап тұрдым!
Парашюті шамның отындай ғана ағараңдап, жұлдыздай ағып, Петр де
келіп түсті.
— Петр осылай түседі ғой! — дейді Володя, оған өзінше бір мақтау
тауып.
Самолет жұртты тегіс түсіріп болып, төбемізден құйындай соғып өтіп,
жердің түгін желімен жапыра, таңертеңгі қонған орнына қарай ойысты.
Мен де жүгірдім солай қарай. Таудан жылжып төмен түскен қайыңды
орманның қақпадай ашылған кең қойнауына барып кірді де, бетін бері
бұрып алып самолет тоқтады.
Инструктор жиналыңдар деген белгі берді, мен де кейін бұрылдым.
Шегенге кетіп қала алмадым. Жауынгерлер қатарланып тұрып қалды.
Төменнен бəріміздің қалай секіргенімізді көріп тұрған командирлер де
жиналып қалды. Нұсқаушы секіргенімізге берілген бағаны айтты, көңіл
қалдырмаған екеміз.
Əрі əдемі, əрі дəл түстім ғой деп ойлап, мен мақтау күттім. Атым
аталғанда — Совет Одағына қызмет етем! — деген дауысымды Шеген
естісе деймін. Көзім сол Шегеннің самолетінде... Бір кезде өшірген үнін
қайта гүжілдетіп, самолет орнынан қозғалды да, аспанға көтерілді.
Дуадақтай жүгіріп барып, көтерілді. Жеңіл де, тез де көтерілді. Алаң
үстінен өткенде қанаттарын азғана шайқады да, жүзіп жүре берді.
— Шеген! Тоқта! Қайырыла кет! — деп, жүрегім айғай салып тұр. Үні
алыстап, ұзай берген Шеген оны естіген де жоқ, естер де емес. Теңіздей
көгілдір мұнартқан қалың орманның үстіне барды да, көрінбей кетті.
Шеген мені кешке таман өзі іздеп келді. Сұңғақ денелі, кең жаурынды,
қалқаң кеуделі, аспан əскеріне жолдастарымның бəрі де қызыға қарайды.
«Қызыл бұрышта» толып отырған жауынгерлердің:
— Капитан!.. Қазақ!..
— Қандай мүсінді! — десіп, сыбырласқандары естіледі.
— Капитан Ақжаров!..— деп, мен əскерше сəлем беруге ыңғайланып
тұра беріп ем, Шеген маған екі қолын бірдей созып кеп, оң қолымнан ұстай
алды. Əуелі əскерше құттықтап, артынан балаша мойыныма асыла кете ме
деп қысылды білем, оң білегімді үзіп жіберердей қатты бір сілкіп,
басқаның бəріне бір-ақ тыйым сала қойды. Мен бытырай жөнелген
ойымды жинап алып, ең алғашқы айтар сөзімді тауып алғанша, Шеген
отырғандардың бəріне ортақ амандасуын айтып, бүгін бірінші
секіргендерді құттықтап та үлгірді.
Енді міне, қызыл жамылған столдың қасында екеуміз қатар отырмыз.
Мен əлденеден қысылып, құр жымиятын сияқтымын, онымды аңдап қалған
Шеген көзін маған көп қадамай, «Айдаһар» журналының ескі бір номерін
аударыстырып, қараған болып отыр.
— Ал, сонымен... — дегенде ғана көзі мені бір сипап өтеді.
Мұндайда сөз таба алмай, құр жымия беру дегеннің үлкен олақтық
екенін мен əлдеқашаннан білетінмін. Бірақ, ойыма келген сөздің бəрі де бір
түрлі жансыз, жасық көрініп, күрмеле берем. Көптен көріспеген екі достан
қызық бір кездесу күткендей, жолдастарым да бізді бақылап отырған
сияқтанады. Мені қысатын жағдайдың бірі де сол. Жоқ, мен əлі көп
нəрседен арылмаған екемін! Өзімді-өзім «бол-болға!» алып асықтырған
сайын, бөгеле түсем.
Ойымда Шегенге сақтаған талай хикая, сұлу поэмаларым жүрген
сияқты еді, бірде-біреуінің бастамасы аузыма түспей қойды. Бірі əлдеқашан
ескірген сияқтанып кетеді, енді бірі баяғы балалық шағымызға лайық
бірдеме сияқты. Жер əскерінің аспан əскеріне айтарлық əлі түгі жоқ екен.
Таңертең Шегенді самолет үстінде көргенде оған айтар мың түрлі сырым
бар сияқты еді. Оннан бірін айта алмайтындай едім, енді соның бəрі түгіл
бірі аузыма түспей отыр. Əлде, капитан алдында барлық жауынгер осылай
бола ма, əлде Шегеннің жаңа түріне лайық жаңа бірдемелер іздеп, таба
алмай отырмын ба, əйтеуір, дəт деп тұрып қалдым.
Адам жайын аңдауға Шеген өте терең болатын. Ар жақ бер жағымды
түгел көріп отырғандай көрем.
— Шеген аға, ауылдан бəлендей хат бар... — дер едім, ол біздің ауылдан
еш нəрсе білмейді. Əскерлік жайымнан сөз бастар ем, бүгін бірінші рет
самолеттен секіріп түскенімді өзі көрді... Темекі іздеп, қалтаңа қолыңды
қайта-қайта салғанмен түк ілікпейтін бір кезің болады ғой, менің хəлім тап
сондай еді. Көзім тұрақтай алмай, қипақтап, құр жымия бергенім де
сондықтан.
— Екі жыл шекарада болдым... — деп əскерлік өмірімді айта бастап ем,
оның ішіндегі түйіні мен түйірін хат арқылы талай жазғаным есіме түсті.
Жазбағандарымды айтып қарап ем, бұдырсыз сұйықтау жағы ғана қалған
екен.
Қашанғы əдеті бойынша, мені қысылыстан алып шыққысы келіп,
Шеген азғана тамағын қырып, көзін маған тура қадады. Мен мағынасыз
жымисам, ол өз ойын жасырмай күлімдей қарап:
— Қысылма, Костя... Сенің сөз таба алмағандай болып отырғаның
екеуміздің де өсіп кеткендігімізді көрсетеді. Өскен шағымызға лайық
əңгіме қоры əлі жиналған жоқ, бұрынғы ортақ сырларымыздың бəрі де
балалық шақтікі... Сені бөгеп отырған осы емес пе? — деді.
Арамыздағы жұқа шымылдық ашылғандай мен де Шегеннің жүзіне
тура қарап:
— Тап осы, Шеген аға! Аузыма түк түспей қойды, — деп шынымды
айттым.
Шеген енді күлімдеуін де қойып:
— Бірақ сенің əскер қатарына алынғалы не істеп, не қойғаныңмен бірге,
ендігі бет алысың немене? Ойланып, өлшеп алған бетің қайсы? Адымың
қалай? Мен соның бəрін де білгім келеді. Ертең демалыс қой, кеңірек
отырып сөйлесерміз. Самолеттен бірінші секіргенің үшін ертең қалаға
барып қайтармыз. Қыдырармыз театрға барармыз. Курс командирінен
рұқсатыңды да ала келдім. Міне, — деп маған ертеңгі сағат тоғыздан түнгі
сағат он екіге дейін берілген рұқсат қағазды ұсынды.
Екеуіміз далаға шығып, қақпа алдында тұрған машинаға қарай беттедік.
Шеген сол қолын менің иығыма салып, орай құшақтап келеді. Бала кезімде
бұлай құшақтағанда жылынып кеткендей болып, өзім де тығыла түсуші ем.
Енді ұялып келе жатқандаймын. Шегенде де баяғы қыса құшақтау жоқ,
ағаның арқадан қаққаны сияқты.
— Мен сенің қалай секіргеніңді түгел бақыладым, — деді Шеген.
— Əйтеуір алғыс алғандардың ішінде жүрмін, —
мақтанышымды жасыра алмай, одан гөрі көтере айтуға да ұялып.
дедім,
— Егер жау жеріне барғанда осылай секіретін болсаң, жерге тірі түсе
алмайсың, Костя! — деді Шеген.
— Неге?
— Сен сəнденіп қалықтап жүргенде жау сені оп-оңай атып түсіреді.
Қыран қалай түсерін естіп пе ең? Құйындай суылдап, шаншыла құлау
керек! Қанатыңды жерге жақындай бергенде бір-ақ жай! — деді Шеген
арқамнан қысып қалып.
«Сəнденіп» дегені өтіп кетті ме, «қалықтап» дегені өтіп кетті ме, əлде
екеуі қосылып бірдей тиді ме, мен қызараңдап:
— Мен оны ертең баяндайын саған, — дедім, қазір қайтара қоятын
жауабым əлсіз болғандықтан.
Шеген жүріп кетті. Мен қалаға киіп баратын таза киімдерімді əзірлеп
жүріп, жан қиыспас досыммен жаңа жолымда бірінші кездесуімнің
жансыздау өткеніне қынжылдым. Көңілім наразы, жүрегім төмен
тартқандай болды. Қолды шекеге апарып жатпай-ақ, бірден Шегеннің
мойнына асыла кетуім керек еді дедім... Сонда ол «О, желаяқ!» деп қалар
еді де, əңгіме баяғы балалық шақтан басталып, оп-оңай ширатылып жүре
берер еді... Əлде онымыз өз күндерімен өткен дəуір ме екен? Адам артына
қарап ойланады, алдына қарап өседі демейтін бе еді! Нақыл жаңылыс па,
мен жаңылысам ба? Қалай да түн бойы аунақшып шықтым.
— Володя екеуіңнің балалықтарың кетіп болғанша, менің, балаларым
да сендердей болып қалар! — деп Петр біраз мазақтап алды.
Николай екеуміз болмашыдан бастап-ақ түн бойы сөйлесіп шығатын
едік. Балалық шағымыз басқа жерде өтсе де біріміздің көргеніміз бірімізге
қызықты да, түсінікті де көрініп, жырқ-жырқ күлісіп, шегіміз қататын еді.
— Мынадай бір қызық тағы болады ғой! — деп, Николай басын көтеріп
алса:
— Ол түгіл мынаны қайтесің? — деп, мен кимелеп кетуші ем.
Тегі ол екеуміз балалық дəуірді бірдей кешіп, ересек өміріне бірдей
кірген болармыз. Ересек дəуіріне көшкенмен «түйеқоңызын» тастауға
қимай, Шегеннің маған бергені сияқты, екеуміздің де балалық шақтан
тастауға қимай, ала келгеніміз болуы мүмкін. Сонымен бірге, үлкен бе, кіші
ме, шекара күзетіне бір күні келіп, қауып-қатерін бірге көрдік. Сондықтан
шегіміз араласып, сырымыз қосылып кетіп еді. Мен оған Ақботаның
жайын айтсам, ол маған өзінің Майя дейтін сүйген қызының сипатын
суреттейтін. Шегенге бұлайша ашыла алмай, тартына бердім.
Ақбота есіме түсіп кетіп еді, ол тіпті Шегеннен де арғы балалық
шақтың əсері емес пе екен деп ойлана қалдым. Жоқ, балалық емес, тұрақты
бір ойдан шықпайтын сағыныш бар. Осы ойыма тағы да еріп, сағым
теңізімен бірге толқып жатып ұйықтап кетіппін. Жайық жағасында Ақбота
тұрғандай, Шеген екеуміз бірге жақындай бергендей бір бұлдыр елес
берілгені есімде сияқты, ар жағы əлденеге айналып, қатер бір үннен оянып
кеттім.
Асықтыра, аптыға берілген қатер2 белгісімен бəріміз де атып-атып
тұрдық.
— Тым болмаса жексенбі күні тыныш өтпейді-ау, — деп, кей бір
жолдастар наразы күбірлеп, ренжи киініп жатыр. Менің бүгін қалаға
кететінім есіме түсіп, тез ғана бар таза киімдерімді киіп алып, далаға
шықтым.
Аспанда бір жапырақ бұлт жоқ, күннің көзі ұяла қарағандай, тау
өркештерінің арасынан жаңа ғана көріне бастапты. Көлеңке төгіп
маужырап тұрған жасыл дүниеге бүгін жапырағыңды күйдірмейін деп, уəде
беріп келе жатқандай тау жақтан ақырын ғана салқын леп үрлейді.
Ақтылы-көктілі көбелектер қалт-қалт етіп, екеу-екеу жарысып ойнайды.
Ыстығы жоқ, бұлты жоқ, əдемі бір күн келе жатқандай.
Демалыс күнін жауынгердің бəрі де не қалаға барып, не теңіз
жағасында өткізбек екен. Бəрі де таза киініп, қырынып алған, жұтынып
тұр. Аспан қандай ашық болса, жігіттердің жүзінде де ешбір көңілсіздік
көлеңкесі жоқ.
— Өлді демалыс күнің! — дегенді біріне бірі қалжың ретінде ғана
айтады.
«Жау жеттілеп» үсті-үстіне төмпештеп берілетін қатер белгісі, əр кезде
бола беретін. Қашанда ұйқыдан оятар белгілі сағаттан көп бұрын беріліп,
ұйқы дегенді сергітіп болған. Əсіресе, курс аяқталар кезге жақындағанда
жиіленіп кетіп еді.
Кейде көзің жаңа ұйқыға кете бергенде тұрғызып алып, бірнеше сағат
айдап əкетіп, таңертеңгі тамаққа бір-ақ əкелетін. Ондайда шын-ақ жау келіп
қалғандай, бар қаруыңды асындырып, оққа дейін толтыра салып беріп,
пулеметтерді арқалатып, қатал əмірмен айдайды.
— Темір жол станциясының маңында бір бəле бар көрінеді, — дегені
жауынгерлерге шын сеніп айтқандай көрінеді!
Екі бүйіріңде, алдыңғы жақта, күзет-қорғау күштері кетіп бара жатады.
Көпір, аэродром сияқты жерлер жау қолында қалғандай, зерттеушілер
кетеді. Кейде байланыс үзіліп, жау белгісі жақын сезіліп, əскер қатарына əр
түрлі өзгерістер де кіріп қалады. Пулеметке оқ салар кезеңге келіп қаласың.
Əлдекімдер қарауыл хабарын шала жеткізгендіктен сөгіс алып жатады.
Алғашқы кеткен зерттеушілер хабарсыз кеткендей, тағы да топ-топ
зерттеуші жіберіліп барлау, қарауыл жұмыстары айқыш-ұйқыш тартылып
қалады. Ең берісі белден келтіре окоп қазып аласың. Барлық бөлімдер
əзірлігін штабқа хабарлап, əмір күтіп əзір отырады. Мұның бəрі де
əшейіндегі əскер ойынына ұқсамай, қатал тəртіппен жүргізілгендіктен шын
бір бəле болып қалған екен деп, сеніп қалатын кезің де болады. Таң атып,
күн шыға бергенде, енді сен «от!» деген əмір күтіп отырғаныңда, жорық
бітіп, қайту күйі ойналады. Əскер күйлері «болар-болмас, болмай қоймас»
деген дүдамал тілді білмейді. Сүйер-сүймесін білмейтіндей дел-дал да
болмайды. «Жат!», «тұр!», «жау!», «бітті!» деп дəл-дəл айтады. Адам түгіл,
əскердің аттары да тез ұғып алады оны.
Командирлер өз бөлімшелерін қатарға тізіп алып, таңертеңгі салқынмен
лагерьге алып қайтады. Теңізге жақындап кетсең, өзен кездессе, таңертеңгі
мұздай суық тау суына бір шомылдырмай тағы қоймайды. Əрбір жорықтың
аяғында суық суға бір шомылу жүреді.
Əсіресе, күндізгі жорықтан жаңа қайтып тамағыңды шала-пұла ішіп
бола бергенде, əйтпесе, көзің жаңа ұйқыға кете бергенде орныңнан
тұрғызып алып, айдап жөнелу — шынықтырудың жоғарғы түрлеріне
жатады.
Біз бүгін де соны күтіп, тез киініп, тез қатарландық. Ойымызда не болса
да тез аяқтап, тезірек босанып, қалаға, теңізге қыдырып кету жүр. Бұрын
жексенбі күнімізге тимеуші еді, сондықтан бүгінгі демалысымыздың шала
бұйырғалы тұрғанына наразылығымыз да бар. Қалаға бару үшін киген таза
киімдеріміздің шаң болып қалатындығы да күйзелтіп қояды.
Əдеттегі тыныш тұр, қатарлан, кейін бас, ілгері бастан кейін, əдеттегі
түгенделіс басталды:
— Бір, екі... бір, екі...
— Бірінші... екінші... Бірінші, екінші...
Əр жерге бөлек-бөлек қатарланған кіші бөлімшелер бəрі үн қосып, кең
алап лезде түксиіп қалды. Енді ұсақ бөлімшелерді біріктіріп, үш бұрыштап
батальон ізімен құрып бəріне ортақ «тыныш тұрыңдар!» деген команда
берілді. Мейрам күндері болмаса, жүріске арналғандай лек-лек болып
қатарланбайтынбыз.
Тау жақтан орман арасынан зеңбірекшілер мен ұшқыштардың да
қатарланып жатқан үндері естіледі.
Курс командирі мен комиссар Сомов, қасында бір топ басқа
командирлер бар, жинақы адымдап, ортада турдан мінбеге шықты. Əр
жерде аэродромдардан көтерілген самолеттер лек-лек болып, үстімізден
өтіп, батысқа қарай жөнеп барады. Көбі жеңіл самолеттер. Гүжілдеп,
гүрілдеп ауыр самолеттер де өтіп барады. Мен кешегі өзіміз секірген
Шегеннің самолетін танығандаймын. Төртеу, бесеу, алтау... Төменде бал
тасыған аралар, таудың ірі инеліктері еріп жүр. Аспанда лек-лек самолеттер
өтіп барады.
Аспандағы самолет гүжілінен де басымырақ шыққан, курс
комиссарының даусы шаңқ етіп шықты. Мотор гүжілі, аспан мен жердегі
бар үн тынып қалғандай болды.
— Өткен түні Германия фашистері ұрланып келіп, батыс шекараны
бұзып өтіп, қазір еліміздің батысында қан кешкен қырғын соғыс басталды.
Жалғыз батыс емес, оңтүстік жақтағы ірі қалалар бомбаланып жатыр, —
деді.
Демалыс күнінің бар ыржаңы бітіп, жауынгер жүзі суынып кетті. Артық
бір үн, артық бір қозғалыс жоқ, қатып қалыппыз. Əр жауынгер өз жүрегінің
соғуымен бірге оң жағындағы жолдасының жүрегі қалай соғып тұрғанын
да естігендей. Əрі ауыр, əрі бір қапылысы бар хал байқалады. Əркім осы
күннің боларын біле жүріп, жете əзірленбегендей, қапы кеткендей, өкініш
те бар.
— Соғыс!
— Қанды қырғын!
— Қалалар бомбаланып жатыр.
Комиссардың əрбір сөзі өз алдына сала-сала уақиғаға айналып, бір
құшаққа сыймай барады. Үш жүз миллион халқы бар Батыс Европа қазір
жалғыз бізге қарсы аттанғандай, соғыс түбі қомақты көрінеді. Қанды
селдер қай жерге дейін ағар, қашан тоқтар. Əрбір солдат неше мың
километр жер жүріп барып, соғыстың шыққан ұясын өртер! Қанды қырғын
адам баласының естіген-білген шеңберіне сияр ма, жоқ па?
Манадан бері өтіп жатқан самолеттер енді тура соғысқа кіргелі кетіп
бара жатқандай көрінеді.
— Қош бол, Шеген аға! Сен соғысқа да менен бұрын кірдің. Жолың
болсын! Əр жолыңнан жеңіспен қайт, аман қайт!
— Қош бол, Ақбота! Енді екеуміз де кешіктік. Күте гөр дерлік те жай
жоқ. Бейбіт кезде ізіңнен айрылып ем, енді сəлемді жел арқылы айтам ба,
сағынышыңды ғана ермек етермін.
Сонша əдемі ашық күнде түскен жай таңдандырып, үрпиіп тұр.
Аспанда бір бұлт жоқ! Дəл бүгінгі демалыс күні мұндайды күтпеген екеміз.
Жоқ, аспанды бұлт торлағалы қашан! Соғыс аспанын кесек-кесек қара
бұлт торлап алғанын біз күнде көретінбіз. Фашизм тозған дүниенің соңғы
дем алысы. Іште шіріген уын сыртқа шығармасқа амалы жоқ. Өсер дүние
қанатын кең жайып, демін еркін алып, теңіздегі кемедей жайқап есе береді.
Өшер дүние жанталасады. Əл-дəрменнен айрылмай тұрғанда айбар шегіп,
азуы əлі мықты екенін көрсеткісі келеді. Мүмкін, осымен өзін арашалап
қалар, мүмкін, тіпті тынысын кеңітіп алар!.. Төсегін түзеп, жастығын
жөндеушілер көбейіп, талай пандар алдында тəжім етіп тұр ғой. Əр күнгі
оқыған сабағымыз, фашизмның қанжары қайраулы екенін құлаққа құятын.
Германияның ескі кегін ту етер ме, дүние құлағына кірерлік ұран іздер ме,
қай күнімізді қапыға санар, əңгіме тек осында сияқтанатын.
Дүние өртінің, жалыны көрінгелі көп болған. Олай шалқып, бұлай
шалқып, қурауы жеткен елдерін оп-оңай құшағына алып болып, енді міне,
біздің шекараға жетті. Батыс мемлекеттерінің басшылары үйіне өрт келіп
қалғанда оны сөндіру амалын істеудің орнына, өрттің шоғын алып,
көршісінің қорасына тастап жатты. Өзі күйсе, өзгенің де бірге күйгенін
тілеген мінез көрсетті. Ақыры, қандасқандар ымыраға келіп өрттің бетін
бізге бұрды. Дүниелік өрт орман демей, үй демей жолындағыны түгел
жалмап келеді. Адам баласының ғасырлар бойы тырнақтап жасаған
қазынасы мен қорын қурайдай өртеп, судай шашып, құтырынып алған.
Қанға сусыны қанар да емес, адам етіне тояр да емес. Соғыс бізге осындай
құтырынып алған кезінде кездесті.
Бірінші дүниежүзілік соғыста капиталистер бір солдатты өлтіруге бес
жарым-алты тонна металл төккенін Горькийдің бір есептеп шығарғаны
есіме түседі. Ол соғыста отыз миллион адам қырылып, он миллиард пұт
қорғасын, мыс, қола, қалайы, темір шашылған екен. Қираған қару, құрал
дүниелікті есепке алсаңыздар əрбір солдатты өлтіруге жұмсаған байлықта
мөлшер жоқ. Оны жеңген ел де қайырып ала алмайды, жеңілген ел де
тауып бере алмайды. Бірақ капитал дүниесі олай есептемейді. Талай елдер
тұралап жатса, капиталистер соғыстан пайда табады. Күректеп түсетін,
құйылып-үйіліп қалатын пайда соғыстан ғана түседі. Сол обырлар дүниелік
өртті тағы тұтатып жіберіп, етектерін алтынға тосып отыр!
Кеше кешке ғана соғыс демалысы жақын деп, өзара біраз айтысып алып
ек. Қарсы болған ешкім болмаса да əрқайсымыз өз болжалымызды айтып,
соғыс басталды десе таңданбайтын сияқты едік. Ол əңгімемізден кейін əлі
он екі сағат та өткен жоқ. Соғыс қақпаны бұзып, қораға кірді. Бірақ:
— Батыс шекарада соғысып жатырмыз! — дегенге ешкім сене
алмайтын секілді.
Лақылдап от түкіргенде шығатын соғыс тəңірісі — зеңбірек үні бізге əлі
естілген жоқ. Айналаңдағы маужырап, балқып тұрған жасыл дүние ешбір
бүліншілікті сездірмейді де, тілемейді де. Ойың əлі өз мүдделерінен
арылған жоқ, арт жағына қарайлай береді. Көз алдыңа үлкен бір құрылыс
сияқты елің келеді де, бүліншілікке қия алмайсың. Сонау Балтық теңізінен
басталып Ұлы мұхитқа дейін іргесін ашпайтын ұлы құрылысты соғыс
өртіне шалықтыру ойыңа сыймайды.
Алғашқы күндерде от астында қалып, ерсілі-қарсылы жосыған кемпіршал, бала-шағалар да бұл бүліншілікке сене алмағандай еді. Елеуіш,
оқтауына дейін, тауығы мен үйрегіне дейін артып алған жұрт, бүгін-ертең
үйлеріне қайтатындай, ел маңынан ұзай алмай, қарайлай беріп жүр. Ауыр
бір сандырақ түс, оянып кетсең өзінен-өзі сейілетіндей əлі үмітін үзген жоқ
еді.
Түс кезінде бар бөлімшелер мінбе қасындағы радиоға жақындап келіп
тұрдық. Елімізге түгел таныс, қоңыр дауыс сенімді жігермен жасқану жоқ,
жалынмен шықты. Жауымыз қанша күшті болғанмен жеңетін біз боламыз
деді. Ауыр айқастар барын жасырған да жоқ.
Айнала қарасам жолдастарым енді біржола сенген сияқты.
Кескіндерінен манағы аң-таңның ізі жоғалып, қабақ біткен түйіліп, енді
сыртқа ызғар шыға бастапты. Қандай айқас кездессе де, əрқайсысы да
өзіне-өзі сенімді сияқты. Барлық қабақ бірге түйіліп, барлық кек бірге
қайнап тұр. Сонымен бірге əркім-ақ, байқаусыз ғана жолдасына көз қырын
салып қояды. Жұмғанда қандай, жайғанда қандай дегендей, алаңда тұрған
барлық бөлімдерді қарап өтеді. Айқас алдына жолдасты жолдас, досты дос
тағы бір байқап, кімнің қандай əзірлігі жетіңкіремей жатыр, жəрдемін
беруге міндетті. Жалғыз өзің жау алмайсың, бірден ондар, ондардан жүздер
құралып, бəріміз қосылғанда ғана — біз боламыз!
Манадан көптің ауанын байқағандай болып тұрып, енді өз ішіме
үңілсем жұрт көзінен таныдым дегенімнің бəрі де өз ойым екен. Ойғақырға қыдыра жортып кеп, өз шамасынша əр нені түсінгісі келіп, аяғында
бір сұрауға келіп, тіреліп тұр:
Миллиондармен есептелетін ұлы Қызыл Армияның қатарында маған
тиер енші қандай екен? Қолма-қол сыналар кезеңге ойланып келдім бе
екен, əлде көптің панасына ықтаумен болдым ба екен?
Бұл əлі өткелектерден өтерде байқалатын сыр. Бірақ ешкім
қипақтамайды, құр тəуекел де емес, сенім берік, жүрек орнында сияқты.
— Ойларыңның салмағы басыңды төмен алып барады, — деді, налу
білмейтін Володя Толстов. Ол əр кезде менің орысша сөйлегенде оңай
оралымға келмейтін жайымды бақылай жүретін. Қазір де сонысын істеп,
сөйлемін əдейі ауырлатып айтып тұр. Мен оған:
— Ойыңда тек салмақ болсын, Володя, басыңды өзі-ақ көтеріп əкетер
əлі... Бас тіреуі ой ғой, — дедім.
— Философия майданға да бірге кірсе, мен оны ұнатып қалғанымды
сонда ғана айтармын, — деп, Петр қашанғы əдеті бойынша əр нəрсеге
ашық шек қойып жатыр.
Біз намазға тұрғандай сапқа тұрып, Отан алдында тағы бір рет ант
еттік. Қансырап келіп соқтыққан қанды жол жауымызды өз қанына
тұншықтырмай, тынбаймыз дедік. Анттың əр əрпін анық, əр сөзінің
мағынасын жадымызға құйып алып тұрмыз.
Ант артынан алдыңғы жеті кісінің бірі болып, командирлердің алдына
барып рапорт бердім:
— Курс аяқталуына қаратпай-ақ, еріктілер қатарында майданға
жіберіңіз, — дедім.
— Сарталиев жолдас, артыңызға қараңызшы! — деді курс командирі
жымиып.
Алғашқы бір қас қаққандай сəтте жеті жауынгер шыға келсек, енді арт
жағым ұзын құйрық кезекке айналып барады екен.
— Орындарыңа!.. — деген ұзын команда берілді. Бəріміз де орнымызға
бардық.
— Рахмет, жауынгерлер! — деді командир. — Қазіргі сағаттан бастап,
бəрің де майдандамыз деп есептеңдер өздеріңді. Бізге ұшыраспай соғыс
кете алмайды. Отан бəрімізді майданға шақырып отыр. Отан ұлы
қоңырауын қағып, аттан салды.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Қазақ солдаты - 09
  • Parts
  • Қазақ солдаты - 01
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2163
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 02
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2108
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 03
    Total number of words is 4133
    Total number of unique words is 2092
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 04
    Total number of words is 4064
    Total number of unique words is 2142
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 05
    Total number of words is 4112
    Total number of unique words is 2242
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 06
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2201
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 07
    Total number of words is 4110
    Total number of unique words is 2267
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 08
    Total number of words is 4062
    Total number of unique words is 2201
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 09
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 2058
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 10
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2113
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 11
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 2030
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 12
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2154
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 13
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2144
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 14
    Total number of words is 4063
    Total number of unique words is 2149
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 15
    Total number of words is 4032
    Total number of unique words is 2124
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 16
    Total number of words is 4067
    Total number of unique words is 2018
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 17
    Total number of words is 4089
    Total number of unique words is 2187
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 18
    Total number of words is 4047
    Total number of unique words is 2190
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 19
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2162
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 20
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2182
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 21
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2106
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 22
    Total number of words is 3985
    Total number of unique words is 2066
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 23
    Total number of words is 3821
    Total number of unique words is 2014
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 24
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2066
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 25
    Total number of words is 1652
    Total number of unique words is 1004
    41.0 of words are in the 2000 most common words
    55.3 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.