Latin Common Turkic

Қазақ солдаты - 01

Total number of words is 4151
Total number of unique words is 2163
35.7 of words are in the 2000 most common words
48.3 of words are in the 5000 most common words
56.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
РОМАН
БІРІНШІ БӨЛІМ
— Əуелі келісіп алайық:
сіз еш нəрсені жасырмаңыз,
мен еш нəрсе қоспайын.
— Жоқ, сіз еш нəрсе қоспаңыз,
мен еш нəрсені жасырмайын...
Уəдеміз осы болды...
Зытып келем, зытып келем. Артыма қарай-қарай зытып. Зытып келе
жатқаным — қашып келемін, артыма қарай беретінім — қорқып келемін.
Шаңқан шілденің аяқ кезі болар деймін... Пісіп қалған ақ селеулер баяу
теңселіп, үкідей бұлғаңдап, кейде жұмсақ қана тізеден сипайды да, кейде
инесін қадап алады. Сипағанда талғамай сипаса, инесін қадарда екі
сирақтағы жара мен жарықты тауып алып қадайды.
Күннің көзі жер бетінде шаншыла қадалып, көлеңкең тəлтиіп, бауырыңа
кіріп барады. Бар ыстық менің қойныма тығылғандай, шоқпыт қомшаның
екі қолтығы қыж-қыж қайнайды.
Елегізер жел де жоқ, елең етер үн де жоқ, айналаң қапа тым-тырыс,
тыныштық. Желді күнгі толқындай жүйткіп дамылсыз құлпырған көкала
сағым ғана ойнайды. Жердің жарығы мен көде түптерінде бұғып отырып,
қызыл сирақтары сырт-сырт етіп, қоңыр шегірткелер ғана ысқырып əн
салады. Намаз оқып тұрған молдаға ұқсап, əр жерде қазықтай қадалған
бірен-саран семіз қарасұр суырлар көрінеді.
Қашуымның да, қорқуымның да балаға лайық себептері бар. Бір табын
сиырды айдалаға тастап, қалаға қашып бара жатсаңыз, екі көзіңіз
алақандай болатын сияқты. Бала да болсам бақташымын ғой, сиырларым
менен құтылған соң əр сайдың бойын өрлей салған аз ғана егінге шүйгіп
барады.
Мен қазір ондамын. «Əліпті таяқ деп білмейсің» деп, ауылдың
балалары мазақтай беретін еді, жазғытұрым қолыма сиыршының таяғы
түсті.
Енді естияр азамат болдың... Мына таяқты қолыңа ал, осы ауылдың
сиырын енді сен бағасың! — деп ағам Айдынғали таяғын маған ұстатты да,
өзі аяқ-еңбек іздеп қалаға кетті.
Содан бері мен үш рет қызыл бұрышта болған жиналысқа да
қатынастым. Еңбекші ретінде шақырылам ба, белсенді ретінде шақырылам
ба, əлде осы екеуінің мағынасы біреу-ақ па, ол кезде оны айыра алатын
шама менде жоқ еді.
Бұл ауылдың, жиі отыратын жағы «колхоз боламыз» деп, сирегірек,
шалқая отыратын жағы «болмаймыз» деп, күн ара керісетін кез. Ол
керістерден не түсінгенім өзіме де шала-бұлдыр, əйтеуір жиналыс болған
түннің ертеңіне пілдей боп шөгіп жатқан үлкен пештің қуысынан
табылатын едім. Ала болғандықтан «Алтай» дей салған өзіміздің кəрі төбет
мені сол жерден тауып алады да, қыңсылап жүріп, еріксіз оятып үйге алып
қайтады. Үйге жеткенше біресе алдымды, біресе артымды орап,
далақтаумен болады. Кейде «естияр азаматым-ау, жұрт жиналған жерде
ұйықтап қала ма екен!» деп, ұрысқандай да мінез көрсетеді.
Сол «естияр азаматыңыз» бүгін міне, алды-артына жалтақтай қарап,
Гурьевке қарай қашып келе жатыр. Ойында сиыршының таяғын əліптің,
таяғына айырбастау да бар... Одан аржағы қараңғы, бірақ бар жақсылық
қала жақтан келетінін біліп қалған сияқты.
Дəл бүгін қаша жөнелгенімнің тағы бір себебі бар: жазғытұрым, маған
ауылдың бір табын сиырын тапсырғанда, арғымақ қаракөк атпен жосылтып
келіп, «басқарма» маған мына бір сөзді мірдің оғындай қадап айтып еді:
— Бір торпақ жоғалса, он жыл сарайға қамаймын! — деген.
«Əр ауылдың өз Адырақпайы бар» деген секілді, біздің ауылдың ендігі
«Адырақпайы» осы қарамұрт басқарма еді. Астынан қаракөк арғымағы
түспесе, қолынан ырғай сапты дырау қамшысы түскен емес. Жуан-жуан ту
құйрықтан жасап жапсырғандай едірейген қара мұрты сол бір жылдарда
бүйідей түксиіп, кəр төгіп кетіп еді. Шынында қарамұрт əлі басқарма да
емес. «Бай жоқ — баранчук қайдан болсын!» дегендей, колхоз əлі құрылған
жоқ, қарамұрт қайдан басқарма болсын! Колхоз бола қалғанда, оның
басқарма болу түгіл, оп-оңай алына қоюы да екіталай. Бірақ ол
аласапыранда əлдеқайда барып қайтты да, дырау қамшыны екі бүктеп
ұстап, батыс жақты нұсқап тұрып:
— Өзім барып қайттым! Бəрі дұрыс екен! Бердім ризалығымды!
Бүгіннен бастап «Қайрақты» деген ауыл жоқ дүниеде! «Қайрақты» деген
колхоз боласыңдар!—деді. Кешкіғұрым сасық жер үйден төгіле шығып,
төбеде тұратын жұрттың не жауап қайтарғанын тыңдаған да жоқ.
Арғымағын көсілте аяңдатып, үйіне қарай тартты.
— Өзім барып қайттым деп, ортадан сайлап жібергендей-ақ оттауын
қарашы!
— Жетпей тұрған жеріміз осының ризалығы болғаны ғой, сірə! — деп,
еркектер ызадан жарылғалы тұрса:
— Осының-ақ қожалығы бітпеді-ау! — деп, əйелдер бұрқырап жүр.
Дегенмен қарамұрт өлермен адам. Қайдағы қиынға сынадай
қыстырылып, ауыл атынан араласып, ылғи көзге түсіп жүреді. Кейбіреулер
сеніп қалады, кейбіреулер ығысып қалады, сонымен ол біздің ауылдың
«Адырақпайы» болып алды. Жаңағы сапарынан кейін, əлде шыны, əлде
мазағы, əйелдер оны «басқарма» деп кетті. Менің жасымдағы балалар тілді
ең алдымен шешесінен үйренеді ғой, балалар да «басқарма» деп кеттік.
Біздің ауылда да не көп, бəлен Ғали, түген Ғалилар көп. Менің атым
Қайырғали болса, ағамның аты, анау-мынау емес тұп-тура Айдынғали
болады. Қарамұрттың, шын аты Ашығали екен, келе-келе мұртына аруақ
қонып, қарамұрт атанып кетіпті. Енді, міне «Басқарма» атанғалы келе
жатыр. Шын басқарманың маңайын көрмесе де, осы атпен дүниеден де
өтеді-ау деймін.
«Басқарма» атанғалы Адырақпайдың бар ызғары сыртына теуіп, мұрты
едірейіп, көзі алара түсіп, қабағы қыртыстанып, бет дегеніңіз тұтас түксиіп
кетті. Мен үшін сонау көз жетер көкжиектен бергі жерде бұдан күшті
құдірет те жоқ еді.
Енді артымнан сол құдірет қаракөк атқа мініп алып, көсілтіп қуып келе
жатқан сияқтанады. Жұтып қоярдай ежірейген ала көзі, егін ортасында
шүйгіп жүрген сиырларды көрмесе де, қалбақтап қашып бара жатқан мені
көріп қалғанында дау жоқ... Алтынмен араласа, іркес-тіркес біткен торы
ала тістері əкем мен шешемнің арғы-бергісін қазбалаған сөздерді
бұршақтай төгіп келеді. Құлағыма қаракөктің жер солқылдатқан дүбірімен
бірге «Он жыл сарайға қамаймын!» деген қарамұрттың қаһары да
естілгендей болады.
Кейде мен соған ішімнен риза да болып қалатын кездерім болатын еді.
Сиыр бағып жүріп жиырмаға келгенше, сарайда отырып жиырмаға
келгенім тынышырақ көрінетін. Қарамұрттың қамайтын жері өзінің сарайы
болса ол бір бала біткеннің арман ететін сарайы, іші-тысы бірдей сыланған,
қапшық-қапшық ұн дегеніңіз, қарын-қарын май дегеніңіз, сүрленген қазықарта, жал-жая дегеніңіз иін тіресіп тұрады. Оның қасында өз үйім дегенің
əшейін бірдеме.
Он жыл сонда отырып шықсам, жасым жиырмаға келеді, мөлдір қара
көзді Ақботаға сөз айтуға да жарап қаламын. Бірақ Ақбота жиырмаға менен
бұрын жетіп қалып, мен сарайда отырғанда ұзатылып кетіп жүрсе қайтем
деген ой тағы қинайды. Рас, Ақбота менен үш жас кіші. Бірақ «қызы
құрғырға сенім бар ма!» дегендей, зырылдап жүріп тез өсіп кетіп,
жиырмаға менен бұрын жетіп жүрсе, мені күтіп отырар ма үйінде! Жетіп
қалатыны да, жетіп қалса — кетіп қалатыны да даусыз сияқтана береді.
Сондықтан болу керек, əттең, дүние-ай, сол сарайға Ақбота екеуміз
бірге қамалар ма едік, деп ойлаймын. Ұятырақ болса да айта кетейін,
селтиген ғана бұрымы бар, лақтай секіріп жүретін, мөлдір қара көзді, аппақ
болғандықтан Ақбота атанып кеткен бала қызды мен жанымдай жақсы
көретін едім.
Мені Ақбота да теріс көрмейтін сияқтанатын. Кейде бір жақ ұртымнан
шымшып алады, кейде темірдей тиетін қос жұдырықпен кеудемнен түйіп
жібереді, кейде мұрнын шүйіріп, тілін көрсетеді де жалт беріп үйіне кіріп
кетеді. Балалық шақта мұның бəрі де достық белгісіндей көрінеді.
Ақботада жас ботаның ерке сипаты мен жас лақтың ойнақы мінездері бар.
Бұл екеуі қыр баласының ең жақсы көретін серіктері.
Мен тезірек жиырмаға жетіп, Ақботаны айттыруға кісі жіберсем-ау
деген де арманым бар. Оған жіберетін кісілерім де əзір... «Қызыл
бұрыштың» бастығы Ажығали мұндай жұмысқа таптырмайтын адам. Осы
өңірдің ескілі-жаңалы құда түсерінің бəрі соның қолынан өтеді. Қара елтірі
бөркімен екі тізесін оңды-солды сабалап отырып, құда болмасты құда
қылып, қосылмасты қосып шығарады. Екінші бір сенерім — кооператив
бастығы. Ол енді, Лұқман əкімдей данышпан адам... Кəрі мен жас қосылып
жатса, мұны ол адам баласының, əр кезде жастыққа, жаңара беруге
ұмтылатын ұлы тілегіне апарып тірейді. Жас жігіт мосқалырақ əйелмен
қосылса, оны ол адам баласының естиярлыққа ұмтылуына апарып тірейді.
Екі жастың теңін тауып қосылуы — ол үшін «Мың бір түн» ертегісіндей
шұбатылған бір хикаяға айналады. Соған байланыстырып, өз басынан
өткен бозбалалық əңгімелерін айтып кеткенде, талай таңға жетерлік мол
қордың барлығы сезіледі. Ол бірталай ғасыр өмір сүріп, талмай, шаршамай
ғашық бола берген үйлене берген адам сияқты. Оның əңгімелері бұл
маңайда талай айтылған, жұрт құлағын мезі қылған əңгімелер болса да,
тыңдаушы жұрт біріне-бірі қарап, жымиып қойып, тағы да тыңдай береді.
Мал далада бағында, басқа кəсіп аз, ескі мінездерге кешірімі көп жұрт
тыңдай береді.
Осы екеуі тірі тұрғанда бұл өңірдегі құда түсер, қыз айттыру сияқты
жұмыстар сенімді қолда. Көңілің кеткен жерің болса, бұл екі қол бүріп
түседі. Бұл екеуіне мен де сенулімін. Сондықтан біреуінің екі күрең қасқа
сиыры мен екі күрең қасқа торпағына, енді бірінің тарғыл ала сиыры мен
қоңыр сиырына ерекше құрметпен қараймын. Кешке қарай табынымды
ауылға айдап əкелгенде, бұл екі үйдің сиырларын қораларына да кіргізе
кетем... Менің алдымда тұрған ең қиын бел — тезірек жылжып жиырмаға
жету. Кейде мен, бір күні ұйықтап қалып, таңертең жиырмадағы жігіт
болып тұра келсем деп те арман етемін! Бұл ойым өрлей-өрлей барып,
қиын бір қамалға барып тіреледі, бір күні Ақбота сүйтіп, жиырмадағы қыз
болып тұра келсе қайтем. Онда аузымның аппақ болғаны емес пе!
Маңдайымнан тер бұрқ ете түседі. Қайдағы жаман ой қайдан келе қалып
едің деп, күні бойы қынжылам, Ақботаның ойына түсе көрме деп тілеймін.
Ақботадан мен үш жас үлкенмін. Жасы үлкендік істеп, бір-екі рет
төмпештеп алғаным да бар. Артынан екеуміз бірге жыладық. Ол жылап
үйіне кетті, мен жазадан қорқып ауылдан қашып кеттім. Ертеңіне қайта
татуластық.
— Ендігəрі тиемісің, маған, тиемісің, ə? — деп, Ақбота құлағымнан
ұстап алып, үйді бір айналдырды да, қоя берді. Сонымен татулық қайта
орнады.
Осыған қарағанда, Ақбота менен гөрі айлалырақ, тегі жиырмаға да
менен бұрын жетер-ау деп, қатты қауіптенетін едім. Қалайда, ержету жайы
еркек баладан гөрі қыз балаға оңайырақ көрінетін еді. Ол кезде «он сегізге
толсаң азаматсың» дегенді естіген емеспін. Киіз кітаптан құлаққа сіңген
нақыл — шыр етіп жерге түскеннен бастап жиырмаға толсаң, жігіт
болғаның дейтін. Сондықтан жиырма жасқа Ақботадан бұрын жетейін деп
қалаға қашып кеттім... Өмір жолы қалай бұраңдар, қайда апарар, ол жағы
қараңғы бастауын қалаға қарай бастадым...
Бұл айтқаным қалжың ғой əшейін, қалаға қашқан себебім тіпті ол емес.
Барлық балалық шағым лақтырған доптай домалап, көз ілестірмей өте
шықты да, барлық кедей баласының маңдайы тірелетін бұдырға соғып бірақ тоқтады. Доп бір-екі ыршып көтерілді де, енді қайтып секіре алған жоқ...
Менің ес білгенім де, маңдайым келіп неге тірелгенін ұғынғаным да өткен
жазғытұры алдыма ауылдың барлық сиырын салып беріп:
— Бір тайынша жоғалса, он жыл сарайға қамаймын!— дегенді естіген
күнім еді. Сол күнді əлі ұмыта алған жоқпын, тегі ұмыта алмасам керек.
Өйткені, ол жақсы ма, жаман ба, өмірге бірінші кездескен күнім сияқты.
Əдейі əр түрліден жиналғандай, тілерсегі майысқан əр түсті арық сиырлар,
ағашқа өрмелеген жүнді құртқа ұқсап, өзен бойын өрлей, шұбай жөнелді.
Қасымда дымқос жерге айқын түскен таңертеңгі ұп-ұзын көлеңкем тұр.
Көлеңкем де аумай өзіме ұқсап, өмірмен менің алғашқы кездесуіме таңдана
қарайтын сияқты. Оның үстінде де менің шоқпытым, оның басында да
жалба тымақ. Əкемнен қалған ескі шапан көлеңкеме де ұзынырақ сияқты.
Оның, қолында да қисық таяқ. Бірақ көлеңке бойы менен анағұрлым
сұңғақ, сондықтан сұлуырақ, сұлу болмағанмен ажарлырақ көрінеді.
Əкемнен қалған шапанды киіп, ағамнан қалған таяқты қолыма алып
өзенге қарай беттегенде, мен де өзіме өзім үлкейген адамдай көрініп кеттім.
Балалық шақта үлкендерге ұқсау деген о да бір кеудеңе паңдық беретін
нəрсе. Əттең, тап осындай дандайсып бара жатқан кезіме қаракөк ат пен
қарамұрт кездесе кетті де, жоғарыда келтірілген «он жылдың» жайын
айтты... Айтқанда анау-мынау емес, өмір бойы есінде жүрсін дегендей
қадағалап-шегелеп тұрып айтты. Сол-ақ мұң екен бар паңдығым сағымдай
сейіліп, көздің жасы алқымға келіп тығылды. Кесім еститін күнəм қайсы?
Еңбекке жұмсарда жақсылық емес, жамандық жағын баса ескерту керек пе
екен? Ол жағын мен білмеймін. Бірақ өксіп жəбірленгенімді білем.
«Жаман дос — көлеңке» деп əлдекім дұрыс айтқан ғой деймін. Мен
өксіп жылап келе жатсам, көлеңкем өзімді мазақтап, жеңімен көзін сүртеді.
Мүмкін, мен де соны істеген болармын...
Содан бергі бірнеше ай жап-жақсы өтіп еді.
— Айдашымның орнын Қайрошым басты. Əлі-ақ қатарға қосылармыз!
— деп, апам да əркезде қуанып, мақтанып қояды. Мен де мұрнымды бір
тартып, бұл мақтауды естіп отырғанымды сездіріп қоямын.
Бағып жүрген сиырларым күнде кешке аман-есен ауылға келеді.
Есебінен сиырлар да жаңылмайды, мен де жаңылмаймын: тарғыл аласы он
жеті, қызыл шұбары он үш, қарасы тоғыз, құбақаны бесеу деген секілді,
түр-түрімен есептеліп қойылған...
Бірақ «бақташы байымайды» деп бекер айтты деймісің, бүгін бір бəле
келіп сап ете түсті: қарамұрттың қасқа торпағы жоғалып кетті. Ұры алды
ма, бөрі алды ма білмеймін əйтеуір жоқ болды. Сиырларымды түрі мен
түсіне бөліп те санаймын, жалпы есебімен де санаймын, біреуі жетпейді.
Жетпегенде қызыл көз бəленің, торпағы жетпейді. Бұл бəле мен таяғымды
домбыра қылып, ыңылдап отырғанда кездесті ме. Ақботаны «айттыруға
кісі жіберіп» жатқанда кездесті ме, əйтеуір келістіріп кетті. Бұған дейін
қарамұрт айтқан «он жыл» əшейін бір жəбір көрінсе, енді келіп мойныма
асылып тұрғандай сезіле бастады. Басқа күні емес дəл бүгін қашып келе
жатқанымның себебі осы болуы да мүмкін...
Мүмкін менің алдымда сағым теңізіндей құлпырып, алыстан қол бұлғап
жаңа өмір жатқан шығар. Мүмкін шарасы шайқалмаған ескі ауылдың ескі
өміріне қанағат етпеген бала ойы осындай бір себепті бұрыннан іздеп
жүрген шығар... О да мүмкін, бұ да мүмкін...
Əйтеуір, қалаға қарай сызып келемін. Бақташыдан құтылған
сиырлардың біразы егінге кіріп, біразы шабынға қарай аңдап барады. Қолға
түсе қалсам, мұның арты да жақсы бола қояр ма екен деген ой келеді.
«Бақташы байымайдыны» сонда көретін болам да...
Жайық өзенінің жар қабағына шығып артыма қарасам, біраз сиыр биік
егінде жүзіп жүр екен. Жоқ, мұным жарамайды, егінді бастырмауым керек
деп ойладым. Кейін қарай қайта жүгіріп келіп, егінде жүрген сиырларды
өзенге қарай беттетіп жібердім де қалаға қарай қайта салдым.
Қалыңдығы тоқымдай, жамау үстіне жамау жапсырған шапанымды
иықтан сыпырып қолыма алып, бұ да əкемнен қалған, «галифе» шалбардың
аяғыма орала берген балақтарын ортан белінен бір жұлып тастап ем,
шабысым да үдеп сала берді. Шапаныммен жүргенде «жүні түспеген қоңыр
торпақ» деп балалар мазақтай беретін еді, енді сірə қарны қампиған
қырықпа қара серкешке ұқсап қалдым ғой деймін. Жайықты өрлей, əр
бұтаны тасаланып, алыстан ыңыранғаны естіліп жатқан Каспийге қарай
құлап келемін. Теңіз құшағына тез кіруге асыққан Ақ Жайық төтелеу
жерден жол салам деп жарын талай сабалапты да, шалқайып кейін
бұрылыпты. Бұраңдаған Жайықпен бірге бұраңдап, қалбаңдап мен де
келем, қалбалаңдап қасымнан қалмай көлеңкем де келеді.
Еңкейе бастаған ыстық күн құлақ шекеңді тесердей қадалады. Жүрегім
қабырғамды тесіп жіберердей дүрсілдейді. Кейде өзімнің өжеттігім мен
тəуекеліме масаттанып та қоям. Таныс дүниеден жат дүниеге, таныс
ауылдан таныс емес қалаға қашу үшін де едəуір ерлік керек сияқтанады.
Кейде алдымдағы қаланың, жат өмірінен қауіптеніп те қоямын. Кім біледі,
кімге кездесем, не іздеп келдім деймін?
— Мынау мұнда кетіп бара жатыр! Қашқын мұнда, мұнда! — деп
қиқуласқан сары маса да азан-қазан болып бұлттай төніп төбемде ойнап
келеді. Қашып кеткенімді ауыл білмей қалған соң, қуғынға бұлар
аттанғандай, ойбайға басып, булықтырып, буып келеді. Күн ұясына қона
берген кезде екі көздің орнында сығырайған ғана екі сызық қалғанын
сездім. Анда-санда арқама үймелеген сары масаны қағып қалсам, арқам
өгіздің жон терісіндей, қатпар-қатпар болып қалыңдап алыпты.
Кешкі күн жалқау сырғып, теңіз толқынын алау-жалау өрттей
жалтылдатып, ұясына құлап барады. Қаракөк Каспийдің бір сарынмен ғана
дем алған ауыр ыңыранысы естіле бастады. Күн де батты, теңіз үстіне
қорғасындай басқан ауыр бір қара тұман да көтерілді. Қара тұманның
ауырлығынан теңіз беті қайысып, төмен түсіп кеткендей сезіледі.
Қара тұманның əр жерінен жалғыз-жалғыз жарқыраған жұлдыздар
көрінеді. Тұман арқылы көрінгендіктен қызғылт тартқан кішкене
жұлдыздар түнде жарқырайтын қасқырдың көзін есіме салды. Мен қасқыр
дегенді күндіз де көрген емеспін, түнде де көрген емеспін. Бірақ жаңағы
бір ой сап ете түсті де, айналамның бəрі қасқыр сияқтанып, үрей антұрған
кіре бастады. Күндіз əр бұтаны тасалана қашсам, енді бұта біткеннен
ойқастап келем.
Шошынып ұшқан жапалақ жарқ ете түсті. Қанаттарының əрі
көгілдірлеу, əрі қызғылттау жарқ етіп қалғаны есіме əлдеқайдан жыншайтанды əкеп түсірді.
— Оған молда өлгелі есіз далада жын-шайтан өріп жүретін болыпты
ғой...
— Түн болса-ақ молданың моласының басына жиналып алып əн салады
екен...
— Басқарма бір күні атының мықтылығынан-ақ құтылып кетіпті! —
деп, үрейлене сөйлеп отырғандарын ауылдың кемпірлерінен талай естігем.
Мен ол моланың қай жерде екенін де білмеймін. Əйтеуір, осы кең
даланың бір жерінде болар деп жорамалдап келем. Олай болса, кездесіп
қалуым да оп-оңай ғой... Əлдене бұлаң қаққандай болды. Даланы тастай
беріп, өзенге қарай ағып келдім де биік жардан қарғып, суға түстім. Күшті
ағыс мені жаңқадай дөңгелетіп іліп ала жөнелді. Шапаным еріп артымда
қалқып келе жатыр да, құлақшыным қалқып алдымда кетіп барады. Əрең
дегенде шаруамды жинап алып, Гурьевке қарай бетімді түзедім. Жайық
ағызып қалаға апаратынын жақсы білетінмін. «Өзен бойында өзінен өзге
жол болмайды, көзіңді жұмып алсаң да, қаладан шығарады» деп, Айдаш та
талай айтқан.
Ізімнен айрылғандай сары масалар да қалды. Қасқыр мен жын-шайтан
от пен судан өлердей қорқады ғой... Енді олардың бəріне де ернімді
шығарып келем. Шапанымды арқама салып алып, құлақшынымды басыма
киіп, құлашымды жайып жіберіп, рахат бір күйде сырғи бердім.
Кəрі Каспийдің теңселіп, жардан биік толқындары теңіз жағасын
арсылдай ұрып, долданып жатқан бір кезі болу керек. Ауыр-ауыр ыңырану
естіледі. Алыстан жымың қағып, шақыра беретін қала оттарына да
жақындап келем. Теңіз біресе ауыр күрсінгендей, біресе жалқау
есінегендей болады. Мана теңіз үстінде көтерілген ауыр қара тұман енді
көрінбей кетті.
— Тегі, теңізге батып кеткен шығарсың, — деп ойладым. Өйткені,
үлкен бір қорқынышым сол ауыр сезілген қараңғылық еді.
Жалпақ өзенді белінен бастыра салған ұзын көпірге таянғанда, жылжып
жағаға жақындап, əрең деп қырға шықтым. Үлкен қала ұйқыда. Алыстан
балықшы кемесінің анда-санда салған айғайы келеді. Ауыл түн болса-ақ
түгелімен ұйықтайтын еді. Қала олай емес сияқты. Əр жерден зіркілдеген
үндер келеді. Ағаш кескен ара даусы естілгендей болады. Қала оттарының
түгел сөнбегендігі де түгел ұйықтамайтынын айтып тұрғандай.
Қалаға кіріп, қатар-қатар тізілген көп тақтай дүкендердің оңашарақ
тұрған біреуінің жанына келдім де, жып-жылы жерге құлай кеттім. Жұмсақ
құм өзінен-өзі үгітіліп, жанбасқа жайлы төсек бола кетті.
— О, қасқаңның жатысын-ай!.. — деп, тап өзіме ұқсаған екі бала мені
аяқтарымен бүйірге түртіп тұрғандарын бір аңдағандай болып ем, көзімді
ашуға дəрменім жетпеді. Аржағын білмеймін, тас болып қатып қалсам
керек...
2
— Зытып келеді екем, зытып келеді екем... Қуғыншы мені қуып келеді
екен қуып келеді екен... Менің қуғыншым сары маса ғой, буып келеді екен
буып келеді екен... «Батыр түсінде жау көреді, балықшы түсінде ау көреді»
дегендей, мен түсімде қашып келе жатқанымды көрдім. Алдымда тап өзіме
ұқсаған тағы бір бала кетіп барады. Мен оны егізімнің сыңары, бір туып,
бірге өлерім шығар деп келе жатсам, ол мені мазақтап қашып барады екен.
Бір уақытта қарсы тұра қалып:
— Қашқын, қашқын, — деді ол маған.
Мен оны бас салып ұстап алдым да, құлақшекеңнің тұсы осы болар деп,
жұдырықпен кеп қойып жібердім. О да мені қойып жібергенде кеңсірігім
жарылып кетті ме екен деп ем, аман екен əйтеуір... Түшкіріп те жібердім,
оянып та кеттім. Екі көз, құлақ-мұрныма үймелеп алып, той жасап жатқан
базардың қалың қара шыбындары екен. Бет-аузымды еркін иемденіп
алыпты да, сайрандай беріпті.
— Кет-ей! Мына бір пəлеге қайдан душар болған! — деді дүкенші,
тақтай дүкенін ашып жатып, оның не айтқанын мен сөзінен емес, жиіркене
шыққан үнінен аңғардым-ау деймін.
Жатқан жерім базар маңы болу керек, айналам балық сасиды. Күн
дүниеге ұяла қарағандай, болмаса, бүгін шекеңнен өтпеймін деп,
алдаусыратып келе жатқандай, көкжиектен жаңа ғана ажырап, енді
үйлердің төбесіне қарай иек арта бастаған екен. Жалпақ жатқан Ақ Жайық
есінегендей ғана леп береді. Жоғарғы жағы көк қорғасындай ауыр толқиды
да, теңізге құлар саға жағы күнге шағылысып, жалпақ күміс айнадай
жарқырайды. Таңертеңгі ұялшақ күн сол айнаға енді ғана қарана
бастағандай... Сары дала сағымданып, кейде терең көлге ұқсап кетіп, кейде
қырқасына көгілдір түтін будақтаған аласа-аласа төбелерді кез алдыңа
əкеледі. Күн көзінің алтын кірпіктері аласа үйлерден асып, биік үйлердің
терезелерін шам жаққандай жарқырата бастады. Таңертеңгі салқын самал
ашық алаңдардан етек-жеңін жинап алып, көлеңкелі жерлерде ғана қалып
барады.
Meн қасына келіп түнеп шыққан тақтай дүкен базар шетінде тұр екен.
Балық исі мұрныма келген соң, қарным да ашып қоя берді. Кеше зыр қағып
келген екі аяғым енді екі ағаш таяққа ұсап серейіп қалыпты, бастырар емес.
Сүйретіле басып, дүкеншінің қасына жақындап, орысша дұрыс білемін-ау
деген жалғыз ауыз сөзімді айттым:
— Іздрəсти...— дедім, ең əдепті үнмен. Ол маған:
— Пошел!— деп жауап қайтарды. Мен түсінбейтін тағы бірнеше сөз
қосты. Кескініне қараймын да, онша жақсы сөз айтып тұрған жоқсың-ау,
деп ойлаймын.
— Сен маған пошел деме! Неге пошел дейсің? Мен ит емес, адам
баласымын! — дедім қазақша.
Қазақшаны ол да едəуір біледі екен:
— Meн саған кет айтады! — деді. Ең болмаса, ұғынысып ұрысатыныма
көзім жеткесін, ерленіп кеттім білем.
— Сен маған кет деме, жолдас, өзім де кетем... Əуелі су бер содан соң
нан бер... Содан кейін жетім балалар оқитын жер қайсы, соңы көрсетіп
жібер! — дедім.
Екеуіміздің көзіміз енді ғана кездесті. Дүкенші қазақ та емес, орыс та
емес мен білмейтін бір ұлттың адамы болу керек, орысшасы да оңып
тұрған жоқ сияқты, қазақшасы да сынған доңғалақтай əрең-əрең оралымға
келеді. Көзіне қарадым да менің жалынышты сөздерімді түсінгенін де
таныдым.
— Су əне жатыр! — деді ол, жүнді саусақтарымен өзенді нұсқап.
Өзеннің қасында тұрып су сұрағаныма өзім де ұялып қалдым.
Шынында да өзеннің қасында тұрып, əлдекімнен су сұрау деген ұят болу
керек. Мен ұялғаннан ыржидым-ау деймін. Ыржисаң, бейнесі кеткен бетауыздың қандай сəні келетіні белгілі, дүкенші «тьфу!» деп, жерге бір
түкірді де:
— Құдайдың берген мордасы-ай, ə!.. Құдайдың өзі де талғау жоқ,
таңдау жоқ жарата береді екен-ау! — деді, таңдайын қағып, басын шайқап.
Орысша мен қазақшаны ортасынан сындырып, өз еркімен жалғастырып
айтқан бұл сөздерді мен де қынжыла мазақтағанда ғана шығатын үн
дыбысынан аңғардым.
Дүкеншінің өз «мордасы» да келісіп тұрған жоқ. Шын кекесінге
кетіссек, мен де біраз нəрсені тауып айта алатынмын. Шіріген картоптай
сабалақ тарғыл мұрынды, жəйін ауыз, маңдайы екі-ақ елі, екі білегі жүнжүн... Ағы мен қарасы қай жерде қосылып, қай тұстан айрылатыны
байқалмайтын шұңғыл қара көзді. Сақалының əрбір талы айғырдың
қылындай болу керек, қырған жалпақ иегі қап-қара қаракөк екен. Бетінде
осынша суреті бар адам əр түрлі теңеуге келе береді ғой. Бірақ мен бұл
жағына баспадым. Ол менің түрімді тағы да мазақтаса, менің қайтарар
жауабым да əзірленіп қалды. Əлі еш нəрсе сата қоймаған дүкенші ашулы
болу керек, енді о да мазақтаған жоқ. Менің жауабым да күні бүгінге дейін
ішімде кетіп бара жатыр...
Дүкенші артына бұрылып, ағаш шелек толы қызыл уылдырықты
көтеріп ала беріп:
— Сен, кет! —деді тағы да.
— Жоқ, сен кет деме маған. «Сырты сопы молдадан іші таза қара қазақ
артық» деген... Сен менімен жылы сөйлес... Сенің де құдайың бар шығар!
— дедім. Мұным оған ұнағандай болды. Қылқылдап тұрып нан сұрап
алдым:
— Бер енді... Байыған соң екі есе қылып қайтарам. Бер! — деп қадала
бергесін ол да шыдамады. Оның үстіне, осы күнге дейін есімнен
шықпайтын саудагер салтын айтты:
— Мен əлі түк сатқаным жоқ. Сауда басталмай садақа берілмейді. Шын
сұраншы болсаң, мұны неге білмейсің? — деп, мені бір ұялтып тастағысы
келіп еді, мен онысынан ұялғаным жоқ. Өйткені, мен оны білгім де келіп
тұрған жоқ еді.
— Одан да қалтаң бар ма өзіңнің, қалтаңа қолыңды салып, ақша алып
берген бол, тым болмаса! —деді дүкенші маған жылырақ сөйлеп. — Қалтаң
бар ма өзіңнің?
— Е, қалтам бар, — дедім, асық салатын қалтам есіме түсіп.
— Сал қолыңды қалтаңа... Сол жағыңа емес, оң жақ қалтаңа, надан!..
Дүкеншінің дəл ойы неменеге апарып соғарын онша аңғара алмасам да
айтқанын орындап, қолымды оң қалтама салдым.
— Ал ақшаңды шығар! Суыр қолыңды. Əкел бері! — деді ол.
— Ақшам жоқ... — дедім мең қолымды суырып, түк жоқ алақанымды
жайып.
— Апыр-ай, не деген кеще едің! — дегендей, үлкен бір қынжылыстан
бастады да, дүкеншім маған төніңкіреп келіп: — əдейі ақша берген бол
дедім ғой саған! Сал қолыңды қалтаңа! Ашпа алақаныңды! Бер маған жүз
сомды! — деді.
Менің қолымды қалтама да өзі салды, жұмырығымды да өзі жұмды.
Содан кейін алақанымды да өзі ашып, құлқыны құрып тұрған «жүз
теңгені» де өзі алды... Жүндес жуан саусақтары жып-жып етіп, маған
«артығын» да қайырып берген болды.
Содан кейін бір тілім нанға пышақтың ұшымен ғана бір сипап қызыл
уылдырық жағып, маған ұсынды да:
— Бүйте берсең, босқа өлесің! — деді. Мен өлгім келмейтінін айттым...
Ескі Гурьевтің кедір-бұдыр, қисық көшелерімен базар халқы ағылып
келеді. Айран, сүт, жұмыртқа, нан сататын əйелдер ұзын тақтайлардың өн
бойын ерлей тізіле қалып, қонақтайтын тауыққа ұсап, «қыт-қыттай»
бастады. Нанды шайнай жүріп, əр əйелдің, көзіне қадалып ананы-мынаны
дəме етіп едім, еш қайсысының бүйрегі бүлк ете қойған жоқ. Анда-санда
көзінің қырын маған бір тастап қойып, тақтай дүкеннің алдында манағы
дүкенші де жүр. Қара ала əтештей кердең басқанмен əлі еш нəрсе сата
қоймағандықтан оның жүзіне де əлі рең кірген жоқ. Менің жүз теңгем əлі
ырыс əкеле қойған жоқ-ау деймін. Базарда алушыдан гөрі сатушы көп
сияқты. Сондықтан еш нəрсе сата алмай тұрған əйелдердің жүздері де
жылынар емес. Оларға мен де алақанымды жайғым келмеді.
Базар қабағын ұнатпай, өзенге қарай жөнеле беріп ем:
— Ей, балам, ей, жетім бала... Бері кел! — деген дауыс естідім.
Жалт қарасам, базар шетінде айран сатып отырған қарт əйел маған
қолын бұлғап отыр екен. Мен қасына жеткенде күбі шелектің бетін ашып,
маған тостағанға айран құя бастады. Бейне өз шешемнің отырысы, бейне өз
шешемнің айран құйысы, бейне өз шешемнің аяныштығы... Есіме шешем
де түсіп кетті, үйге қайтқым келді.
— Мə, іше ғой, байғұс бала, — деді, кемпір маған айран құйған аяғын
ұсынып жатып. Бар буыным босап, аяқты əрең қолыма алдым.
— Борашты көріп жүретін шығарсың? — деді қарт əйел, ерекше бір
аналық жылы дауыспен.
— Көріп жүрем, əже... — дей бергенімде, мұрным лайықсыз бір қорс
етіп қалды да, көзім де көлдетіп жүре берді. Айранды жұтып жатырмын,
қыңсылап жылап та тұрмын. Өмірде айран ішіп тұрып жылағандағы
дауысымды естігенім осы еді, əлем-тапырық екен.
— Ей, байғұс бала-ай... Не боласыңдар бүйтіп жүріп... — деп, кемпір
маған ренжуден бастады да, — өгей шешенің аты өгей шеше де.. —
Əйтпесе, Бораш қаңғып кетер бала ма еді... — деп өзі де көзін сүртті.—
Əкеге бəрібір, қатынның аты — қатың балаға туған шешедей қайдан
болсын! — деп, онсыз да ауырып тұрған жанымды тағы бір жанап өтті.
— Аяғы жазылды ма, өзінің? — деді бір кезде.
— Жазылған,— дедім, кемпірдің ыңғайына қарай көшіп. Тап осы жерде
аяғыш кемпірдің көңілі нені қалап тұрса, соған орай бір түнге жетерлік
жақсы əңгіме тауып айтуға да əзір едім. Бораштың аяғын он бес рет
сындырып, жиырма рет есебін тауып жазып алатын ойым бар... Кім екенін
танымайтын баланың бір дерегі қолыма ілексе, көсілтейін деп тұрмын
өтірікті...
— Бүгін көрсең, екеуің тағы бір айналып соғыңдар. Қара əжең айтты
десең, біледі... Енді ұрыспаймын деп айтты де!.. — деді мейрімді кемпір,
жұмсақ қолымен басымнан сипап.
— Келейік, əже, келейік,— деп, мен де теріс айналдым. Көңіліңді
қалдырған адамның да, көңіліңді босатқан адамның да қасында ұзақ тұра
алмайды екенсің. Кемпірдің басымнан сипаған қолын ақырын ғана өзіне
қарай сырғыттым да, жүйе-жүйемді босатқан мол мейірімнен қаша
жөнелдім.
Базар шетіндегі шаштараздың қасынан өте бергенімде, есігіне
жапсырған айнасына көзім түсіп кетіп еді, бет-аузым шын-ақ астан-кестен
екен. Туғалы жуынбаған адамдай қарала, торала бетімді жұдырықпен
уқалап айғыз-айғыз етіппін. Көз деген бір қос томпақтың үстіңгі жағы маса
талағаннан көлт-көлт етіп тұр. Тыриған арық мойынның əр жеріндегі
шұңқырына қақ тұрып қалғандай. Көзімді ежірейтіңкіреп ашайын десем,
бет пернем одан жаман бұзыла түседі.
— Қайда жүріп масқара болғансың? — дегендей, айнадан бір сұмпайы
бала маған қарайды.
— Ей, сен — мен емес, өзің шығарсың, оңбаған бала! — дегендей,
өзімді-өзім əрең танып, мен де қалшиып тұрмын. Шынында айнадан көрген
өз суретіме ұқсағым келмейді.
«Бетің қисық болса, айнаға өкпелеме» дегенді білетінмін. Бірақ осы
айнаның өзі де қисық шығар дегім келді. Айнаның қасында менен басқа
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Қазақ солдаты - 02
  • Parts
  • Қазақ солдаты - 01
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2163
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 02
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2108
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 03
    Total number of words is 4133
    Total number of unique words is 2092
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 04
    Total number of words is 4064
    Total number of unique words is 2142
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 05
    Total number of words is 4112
    Total number of unique words is 2242
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 06
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2201
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 07
    Total number of words is 4110
    Total number of unique words is 2267
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 08
    Total number of words is 4062
    Total number of unique words is 2201
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 09
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 2058
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 10
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2113
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 11
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 2030
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 12
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2154
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 13
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2144
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 14
    Total number of words is 4063
    Total number of unique words is 2149
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 15
    Total number of words is 4032
    Total number of unique words is 2124
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 16
    Total number of words is 4067
    Total number of unique words is 2018
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 17
    Total number of words is 4089
    Total number of unique words is 2187
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 18
    Total number of words is 4047
    Total number of unique words is 2190
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 19
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2162
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 20
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2182
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 21
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2106
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 22
    Total number of words is 3985
    Total number of unique words is 2066
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 23
    Total number of words is 3821
    Total number of unique words is 2014
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 24
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2066
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 25
    Total number of words is 1652
    Total number of unique words is 1004
    41.0 of words are in the 2000 most common words
    55.3 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.