Latin Common Turkic

Қазақ солдаты - 23

Total number of words is 3821
Total number of unique words is 2014
34.1 of words are in the 2000 most common words
48.4 of words are in the 5000 most common words
55.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
— Теңіз бетінде бір қайық жоқ... — деді Петр, төбеде тұрып қарап.
Осы қорғандардан теңізге дейін алма бағы болғандығы байқалады.
Немістер оны кестіріп, өртетіп жіберген. Отырған қара қарғадай ғана
болып, алма ағаштарының сирек-сирек түбірлері көрінеді. Сұрғылттанып
жатқан топырақтың бетіне дүние жаралғалы бір қылтанақ шықпағандай
жап-жалаңаш.
— Жау жайлағандай деген осы, а? — деп, Самед бір күрсініп қалды.
Солтүстік жағымызда күңгірт жарқырап бір тұзды көл жатыр.
Шығыс жағымызда көк түтінге оранып бұлдырап Керчь қаласы
көрінеді. Бар дүние жансыз да ажарсыз. Күнгей беттерге тебендей бастаған,
мысықтың мұртындай сирек, тықыр көгалдар көзіңді еріксіз өзіне тартады.
Гитлер біздің жерді түгел бір өлі далаға айналдырам дегенмен тақыр
көгалдар жаз шыға келе көк майсаға айналам деп жымың қаққандай
болады.
Лезде біздің қорғанды жау солдаттары қоршап алды. Қорғанның тұстұсына топ-топ жаяу əскерлер келді де, бізде жұмысы жоқтай-ақ, ойнауға
кірісті.
— Майдан үстінде, жауының иек астында отырып, əскерін ойнатып
жүргендерін! — деп Егор таңданып отыр.
Айналаны дүрбімен бақылап тұрған Мирошник:
— Сендер бізге қауіп емессіңдер дегілері келеді, — деді. — Түндегі көп
«батальондарыңның» сыры ашылды, бізді көр де, өзіңе қара демек қой...
Петр үн-түн жоқ пулеметінің аузын жау жаққа бұрып, сығалап-сығалап
қояды. Жаудың осынша жақындағанын көріп отырып, оны ата бастамау
біздің əдетімізде болған емес-ті. Сондықтан бекіністің атыс саңлауларына
қатарласа тұра қалып, барлық жауынгер: «от!» деген əмірді күтіп тұр.
Мирошник көзін дүрбіден алмастан ақырын ғана:
— Отставить! Олар əуелі біз оқ шығарып, қарасын көрсетсін деп тұр.
Шама келгенше қанша екендігімізді аңғартпауымыз керек. Түсінікті ме? —
деді.
Қорғаннан екі жүз метрдей жерден айнала жасалған окоптар басталады
екен. Бір емес, екі қатар. Қазір сол окоптарға жау əскерлері үймелесіп
орнап жатыр. Біз болсақ оқ шығармауымыз керек...
Капитан айналаны бақылап тұрып, басын шайқап қалды. Дүрбінің көзге
дəлдейтін винті бір ілгері, бір кейін тым тез айнала бастады.
— Бұл не? Бұл немене? — деп, дүрбісін қорғаннан қорғанға жүгірте
тұрып: — Ана қорғандардың төбесіне қарашы! — деді Мирошник.
Біздің екі жағымыздағы алты төбенің басына да қызыл тулар
орнатылып қалған екен!.. Əуелі жүрегім жылынып кеткендей болды.
Түндегі дүрбелеңде бізден басқа да бірнеше бөлімдер жағаға аман шығып,
бекініп алған екен деп қалдым.
— Андрей Денисович, барлық төбе біздің қолда екен! — дедім.
— Əрине, солай болу керек! — десіп жауынгерлердің бəрі де саңлау
біткенге қайта ұмтылды. Енді «ура!» деп қалуға жақын тұрмыз...
Капитан үндеген жоқ. Етсіз, ұзын саусақтары дүрбінің винтін қатты
қысып алып, бұрап тұрғандықтан тырнақтары қызарып кетіпті.
— Алдау! — деді капитан бір кезде. — Мына төбелердің бəрі біздің
қолда болса, жау əскерінің мінезі осындай болатын ба еді! Алдау!..
— Онда қызыл туды жау əскерінің өзі көтерген бола ма? — дедім мен,
əлі де өз ойлағанымнан айрыла алмай.
— Өздері, əрине... Арт жақтан келер ауыр қол біздің қай төбеде
екенімізді айыра алмасын дегені.
— Мүмкін, қызыл туға көзіміз үйрене берсін дейтін шығар... Хожа
Насреддин айтқан, — бұл туға қай халықтың көзі ертерек үйренген болса,
солғұрлым өзіне жақсы болар деген.. — деп, Самед көңілімізді көтергісі
келеді.
— Бақылай беріңдер, бəрін де бақылаңдар!..
Күн найза бойы көтеріле бергенде жау жағында бір дүбіліс басталды...
Біздің «күміс қаршыға» — барлаушы самолет келе жатыр екен.
Аспандағыны ататын зеңбіректер бүкіл Керчьті дір сілкіндіріп, жалғыз
самолетті атқылай бастады.
— Біздің «күміс қаршыға!» Ер қаршыға! Сұңқар! — деседі біздің
жауынгерлер қуанып.
Түтілген ақ мақтадай құшақ-құшақ ақ түтіндер аспанды жауып кетті.
Кейде ақ мақта тұтанып кеткендей болады. «Көк қаршыға» құлдырап ағып,
құлдилап төмен түсіп, əр төбенің басына бір төніп, теңізге қарай сып ете
түсті. Енді жоғары көтерілмей, жер бауырлай зытып барады.
— Қырық үш — он екі! — деді Вася Гришин, самолеттің номерін танып
қалып. Көптен көрмеген танысына кездескендей аузын ашқан бойы əлі тұр.
Жауынгерлердің бəрі де жау ортасында жалғыз қалмағандарын тағы бір
сезініп, қуанып кетті.
Самолет қайта оралып, барлық қорғандардың үстімен тағы бір өтті.
— Қайдасыңдар? — деген айғайын естігендей боласың.
— Қорғанның ұшар биік төбесіне бір белгі салыңдар! — деді
Мирошник.
Барлық қорғанның төбесінде де қызыл ту тұрған соң, барлаушы біздің
қай төбеде екенімізді айыра алмай жүр. Бірақ сол қызыл тулардың жайданжай көтерілмегенін ұққан да сияқты. Анықтап алмай кетпейтіндей, əлсінəлсін айналып соғады.
Володя мен Петя барлық ақ шүберектен құрастырып, қорғанның ұшар
басына біздің дивизияның номерін салып келді. Немістер оны істей
алмайтын еді, əрине. «Көк қаршыға» тағы бір оралғанда «ұқтым!» дегендей
қанатын бір ғана қалт еткізіп қалып, шығысқа қарай жөнеп берді.
— Көрдім деді!..
— Амансыңдар ма деді!..
— Қорықпаңдар деді! — десіп, қанатының бір ғана қалт етіп
қалғанынан мың түрлі мағына тауып біз қалдық...
Самолет, əрине, біз ойлағанның бəрін де айтты... Керек болса, біздің
ойдан əрірек жатқан талайды айтқысы келуі де мүмкін. Оны сөзбен айтып
жеткізуге болмайды да. Оны түгел түсіну үшін жаудың ашса алақанында,
жұмса жұдырығында тұрғандай хал керек. Біз дəл сол халде едік...
— Енді орнымыз анықталды. Байланыс жалғанды! — деді капитан
Мирошник.
Түске тармаса, түп ізі қала жақтан шығып бізге қарай бір танк келе
жатты. Төбесінде «ақ ниеттің» белгісі — ақ жалау бар.
— «Жолбарыс!» — деді Володя.— Атақтылары!..
— Жолбарыс емес, біздің отыз төрттің көшірмесі, ұрлап алған. Көрдік
қой кездесіп, түк те жолбарыс емес! — деп, Петр ызалы жауап қайырды
оған.
Фашист қауымының «ақ ниет» дегені не болып шығатынын біздің
естігеніміз болмаса, көріп тұрғанымыз осы еді.
— Елшілікке келе жатыр ғой... Амал қайсы, қабылдаймыз да... — деді
Мирошник. — Гришин, əзірлен!
Вася жағасын түзеп, сұр көйлектің арт жағын басып қойып, белбеуін
сірестіре тартып қойды. Аман қалған жалғыз бас киім Володянікі екен
соны киіп алып, айнаға қарап, иегін сипайды. Жирен сақалы тебендеп
қалыпты.
— Кеше қырынып алмаған екенсің... Елшілікке жүретін адамдардың
сорты қандай болатынын əлі біле алмай жүрмісің!.. — деп, Володя
қалжыңдап тұр.
«Жолбарыс» жақындап қалғанда, капитан Мирошник қасына Васяны
алып, бекіністен бес метр төменірек салынған окопқа түсті. Өзгеміз
əрнеден сақтанып, қару-құралдарымызды əзірлеп, тасада қалдық. Танкі
етекке тіреле көлденеңдеп тоқтады.
— Гранаталарды əзірле!— дедім мен.
— Мен осы «елшінің» өзін қарауылға қондырып ұстаймын, — деді
Володя.
Танкінің темір қақпағы ашылып, қара шұбар жыланның басындай
жарқырай шұбартып фашист офицерінің басы көрінді. Мен əуелі Ростовта
өзімді атып қалатын офицердің басы екен деп қалып ем. Жоқ, ол емес, бұл
басқа жылан екен. Жылан кəдуілгідей жымиып, бізді құрметпен
құттықтағысы келген ишараттар көрсетеді.
Аласа бойлы, бұғағы салбыраған семіз офицер Керчьте көптен бері
жаны тыныш отырған адам сияқты. Денесі қозғалып қалса-ақ болғаны, о
жер, бұ жерінен бұлтиып, білеуленіп біліне қалған семіздік, көптен бері
тегін бір шүйгінде жүргенін көрсетеді. Май басқан денесі босаң, қимылқозғалыстары жұмсақ қана...
— Үш жыл бойы қазына қаймағының басында тұрған қатындай екен!
— деді Петр, күтпеген жерден дəл теңеп.
— Неміс командованиесімен сөйлеске шақырады,— деді «елшінің»
сөзін капитанымызға жеткізіп.
Өзінің не айтқанын біз де түгел естісін деген ашық үнмен капитан
Сережаға:
— Жолдас сержант, біздің үкімет фашист Германиямен бітім жайын
сөйлесуді бізге тапсырған жоқ деңіз... — деді.
Мирошниктің сөзі ұнап-ақ кеткендей, неміс офицері алақан
шапалақтағандай ишарат жасап, — орыс офицері, ерлігіңе болайын! —
дегендей бірдеме айтып жатыр. Əлденені ұзақ сөйлеп, дəмдеп жеткізгісі
келетіні байқалады:
— Достарым-ау, дəм айдап келе қалған екенсіңдер, құшағымыз ашық...
Төрге шығыңдар!.. — деп тұрған сияқты...
Вася оның айтқанының бəрін үш ауыз сөзбен қысқа ғана аударып:
— Тұтқынға түсуге кеңес етеді, ит! — деді. — Бəрібір тұтқынсыңдар,
соны түсінгендерің дұрыс қой дейді...
— Берлин деп немене айтып тұр?
— Берлинге самолетпен апарамыз... Құрметті қонақ боласыңдар дейді...
— Берлинге өзіміз де келеміз... Көп күттірмеспіз деп айтады де!
Вася капитанның соңғы айтқанын ерекше бір өр кеуделікпен аударды.
Сірə, өзінен де бірдемелер қосты білем, шұбалтыңқырап кетті. Енді фашист
офицерінің жүзі өзгеріп барады. Жымиюдың орнына өкініш белгілері
біліне бастапты... Біз оның сый-құрметін аяққа басып тұрған сияқтанамыз...
— Біз сіздерге бұл дүниедегі ең қымбатты ұсынамыз!.. — дейді «елші»,
— ол адамның өмірі ғой! Өмірі!.. Өмірлеріңіз аман қалады. Сіздерге ол
қымбат емес пе? Қымбат!..
Елшілік енді əзілге айналып бара жатқандай, Вася «елшінің» кейбір
сөзін қалжақ араластыра аударып тұр.
— Өмір қымбат болғандықтан да біз тұтқынға түсе алмаймыз, — деді
капитан, — ұзамай біз Германияға өзіміз келеміз... Өмірдің қандай қымбат
екенін сонда бізден түсінетін боласыңдар!.. Сталинградта болмағансыз ғой,
сірə...
«Елшінің» өңі қуаң тартып, даусына кіре қалған кекті дірілге əрең ие
болып тұр. Білегіндегі сағатын көзіне жақындатып, əлде құдіретін
аңғартқысы келіп:
— Əлі де бір сағат уақыт беріледі. Бір сағат ойланыңыздар! — деді.
— Біз мұнда бір сағатқа келгеніміз жоқ! — деп, капитан Мирошник
ызаланып, кеудесін окоптан тым жоғары көтеріп алды. — Бұл жердің иесі
біз боламыз! Төбесіне туымыз тігілген биік қорған мəңгі-бақи босатылды
сендерден. Ұзамай совет жері түгел босайды! Басқа сөз жоқ бізде! — деп
айғайлап та жіберді.
Жау офицері темір апанына түсе беріп, əлдеқайда қолын бір сілтеп
қалғанын бəріміз де аңдап қалдық. Аңдамаған жалғыз капитан Мирошник
сияқтанады. Танкінің қақпағы да жабылды, бірнеше автоматтан қатар
төгілген оқ капитан Мирошник тұрған жерге бұршақтай үймелеп, борап
кетті.
Капитан теңселіп барып құлап түсті...
— От!.. — дедім жауынгерлерге.
Петр танкіге гранатасын ұрып жіберді. Толстовтың оғы танкінің
жабылып кеткен қақпағына қадалып жатыр. Қарсы алдымыздағы
окоптармен еріксіз атысқа кірісіп кеттік...
— Танкіні құртыңдар!.. — дедім, ешкімге туралап айтылмаған əмір
беріп. Ендігі əмір ететін адам мен болып қалғанымды да түсіндім. Мұным
бір қуаныш та емес, құмарлық та емес, еріксіз алуға тура келген
жауаптылық еді.
Менің соңғы əміріммен жауынгерлердің бəрі де танкіге қарай ұмтылды.
Траншеялармен еңкейе жүгіріп, төмен қарай кетіп барады.
— Отставить!.. Бəріңе не бар? — дедім, əмір шеңберінен шығыңқырап
кетіп.
— Мен! Мен барайын! — деді Петр.
— Бар.
Күйінішті Петр жыралармен жүгірген жоқ, жоғарғы окоптан қарғып
кетіп, қорғанның етегіндегі ескі орға барып түсті. Тайыздап қалған ескі
орда бойтаса жасарлық сирек-сирек шыралжың қарауытқан бірер түп
қурай, селдір шыққан «кəріқыз» ғана бар. Танкі күжілдеп жөнелгелі тұр.
Жабық танкіге қылар айласы болмай, бергі бүйірінде ғана булығып,
долданып Петр жүр. Ар жағынан атқандардан Петрді танкінің өзі қорғап
тұр. Бірақ, қазір лақтыра қалса, өз гранатасының жарықшақ-жаңқаларынан
Петрді сақтап қалар түк қорғаныш жоқ.
— Күте тұр! — дедім жоғарыдан.
Танкінің темір табаны жыбыр-жыбыр етіп қозғала бергенде, бір байлам
гранатасын қарш еткізіп соғып жіберді де, Петр ескі орға құлай кетті. Танкі
бір алға, бір артқа арындап барып тоқтап қалды. Бірақ, өртенген жоқ. Петр
ызамен атып тұрып, танкіні жұдырығымен төмпештеп жатыр:
— Шық, шық, фашист! Бəрібір сені аман жібермеймін!.. — дейді.
— Петя, жат! — дедім жоғарыдан.
Қанша ызалы болса да соғыстық əмірді екі айтқызбайтын Петр
қурайдың арасына етпетінен құлай кетті. Арқасы бүлкілдеп, ашудан жылап
жіберген сияқтанады.
Танкінің темір қақпағы көтеріле бастаса-ақ, саңлау байқалған жеріне оқ
төгіп, Володя қақпақты əлі аштырмай отыр. Басқа жауынгерлер арғы
окоптармен атысып жатыр...
Капитан Мирошникті ортадағы бекініске əкеліп салып едік. Қазір
қиналып дем алып, ауырлай бастады. Дəл кеудесінен көлденең кесе тиген
бірнеше оқ, үміт етер ешнəрсе қалдырмаған сияқты. Тек жүрегі аман
қалғандықтан ғана арпалысып жатыр. Дем алысына сырыл кіре бастады.
— Капитан!.. Андрей Денисович! — дедім, қасына келіп.
Одан арғы сөздерім айтылар емес, көмейіме көлденең тұрып қалғандай
кептеліп тұр.
Капитан үлкен қара көздерін əрең деп бұрып əкеп маған бір қарады да,
еш нəрсе айта алған жоқ. Көзі еріксіз жұмылып кетті де, қабағын бір ғана
шытынып, тынып қалды. Бұдан былай, аса бір үлкен жүректі, бар
болашағы əлі алда тұрған өжет командирдің артынан, біржола жабылған
қақпадай, ең ауыр сөз — «марқұм» қосылатын болды...
— Келе жатыр... — деді Самед ақырын ғана. Өлік үстінде қатты
сөйлемейін деп барынша ақырын айтқанмен көзқарасы айғай салып
тұрғандай.
Тұс-тұсынан оқ төгіп, қорғанға қарай жау автоматшылары жақындап
келеді. Алақаныңдай алдыңда ғана жүгіріп келе жатқан əскердің
бірталайын-ақ қырып тастауға болатын. Бірақ біз барлық күшіміздің қанша
екенін аңдатып алмауымыз керек. Жаудың он үш мыңын қырғанша,
өзіміздің он үш жауынгерді аман сақтап, арттан келер мол күшті тосуым
керек. Оның үстіне, əрі де, бері де кете алмай, танкінің тасасында Петр
жатыр. Шабуыл беті кейін бұрылғанша, ол басын көтере алмайды.
Үш қол пулеметіміздің аузын қарсы алдымызға қараттым да,
жақындағанша атпаңдар деп бұйырдым. Əшейінде айтылатын «бір оқ
босқа кетпесін» — дейтініміз біздің қазіргі жағдайымызда ысыраппен
бірдей десең де болатын. Енді одан гөрі де қысаңырақ шек қойылуға тиісті
сияқтанады. Адам да аз, оқ та аз...
Бекіністің бақылауға арналған саңлауларынан сығалап тұрып, əрбір
жауынгерім жау қолының, жақындап қалғанын айтады:
— Батыс жағымыздан шабуыл жақындап қалды!..
— Көріп отырмын...
— Солтүстіктен таянып қалды...
— Көріп отырмын.
— Шығыстан келіп қалды!
— Көріп отырмын!
Мен көріп отырсам болатындай-ақ, одан арғы қауіпті ешкім айтпай
тоқталады... Самед пен Володя қозғала алмай қалған танкінің алдыңғы
жағынан отыз метр жерді қарауылға алып отыр. Менің өз қолымда да
пулемет. Ұяларында құрулы қалған жаудың екі пулеметі де түнеріп төмен
қарап тұр.
Оң жақтан...
— Көріп отырмын. Қозғалма!
— Сол жақтан...
— Көріп отырмын. Орныңда бол!
Көріп отырмынды айтқан сайын аяғына таяқтай-таяқтай леп белгісін
қойып айта бастаппын... Таяқтарым бірінен-бірі үлкең енді өз көзіме де
елестей бастаған сияқты.
Көріп отырмын дерлік мен кіммін? Қандай майданды басқарып келіп
ем!.. Бір топ ержүрек жастардың өмірін босқа бермеуге əл-дерменім жетер
ме, жоқ па?.. Төбесінде туымыз тұрған биік қорғанды неше күн ұстап тұра
алармыз...
Көз алдыңа буырқанып-бұрсанып жатқан теңіздің ортасындағы биік
жартас келеді. Ұлы теңеу бар бейнесімен елестейді. Ойың өзіміздің
қорғанды да сол биікке теңейді. Қорғарың да сол биік жартас сияқтанады.
Бағымыз емес пе, біз сол тəкаппар қияны қорғап тұрмыз.
Капитан Мирошник жау офицеріне бұл қорғанды біз біржола босаттық,
енді үміт етпеңдер деген еді. Капитаным айтқан сөзге мен мұрагер болып
қалдым. Орындай біл, шыдай біл, Сарталиев жолдас!..
Буырқанған долы теңіз езуінен қанды көбігін атып, жарасты сабалағалы
келеді. Жау автоматшылары оқ боратып, тым таяу келіп қалыпты...
— От!.. От-т-т!..
Дыбыссыз «т» əрпінің өзі бір көш жерге созылғандай шықты.
Пулеметтерім аздығына қарамай, өжет өршеленіп, көсіп-көсіп алды. Қарсы
алдына нысанаға тіккендей етіп қойып атқандықтан жау қолының
қырылысы да көп, беті де тез қайта қалды. Көп боп көрінейік деп, бес
пулеметті бір бетке ғана салып ем, оным дұрыс болып шыққан сияқты. Жау
ортасы ойылып, оңай абыржып қалды.
— От!.. Қарауылға дəл қондыр! Қыр, иттің күшіктерін!..
Дүниеде бұл сияқты команда жоғын жақсы білсем де, ара-тұра ондайлар
да қосылып кетіп жатыр. Текке де кетіп жатқан жоқ, бірдемеге жарап кетіп
жатыр...
Жау автоматшыларының ең алғаш беті бұрылып қалған бір шақта Петр
жүгіріп өзімізге қосылды.
— Мұндай қалаған жерің өмірде бір-ақ кездесер, Костя!.. Жау ойланып
қалды! Інге кіріп кетті!.. Ұр! — дейді Петр.
Бақылауға пулеметтерді ғана қалдырып, өзге жауынгерлерді Керчьте
болған екінші «соғыс кеңесіне» шақырдым.
— Автоматтар жалғыз-жалғыз оқпен ғана ататын болсын. Көздемей ату
қойылсын! — деген бірінші ұсынысты Володя жасады.
Біз мұнда көп оқ əкеле алған жоқпыз да. Осы күнгі пулемет, автомат
дегендер оқты бұршақтай төгеді. Ондайға шыдар оқ қоры бізде жоқ.
Қорғанды алғанда қолға түскен жаудың екі пулеметінде де оқ қоры шамалы
еді. Ең мол нəрсе — ракета ғана... Ол торғайды қорқытудан басқаға
жарамайды. Сондықтан Володяның ұсынысы даусыз қабылданды.
— Пулеметтер жау кеудесіне тұмсығын тіреп отырып, иек артпадан
ғана атсын. Қасына келіп қалды деп қауыптенер емеспіз. Бекініс мықты.
Хожа Насреддиннің өзі салып кеткен бекінісіндей... — деп Самед отыр.
— Солтүстік жақтан жауды граната лақтыратын жерге дейін
жақындатуға болады. Қорғанның ол жағы тіктеу, траншеялар жабық. Сол
бетті маған бер! — деп, Петр солтүстік майданға сұранды...
Екінші «соғыс кеңесінің» негізгі қабылдағандары да осылар еді. Он үшақ жауынгер болсақ та, мұнда да «майданды» əр түрлі «бағытқа» бөлдік:
солтүстік, оңтүстік, батыс жəне шығыс... Əрбір «бағытта» үш-төрт қана
жауынгер бар. Орталықтағы үлкен бекіністе, əр майданның тізгінін түгел
бір қолға ұстап мен отырмақшымын... Бір қолым телефонда, бір қолым
пулеметте болмақ. Бекініс — төбенің барлық түкпірін байланыстырып
қойған неміс телефоны, «орталықты» станциясыз-ақ сақылдатып тұр. Сырт
жақтың жалпы бақылауы екінші бөлімнің командирі Зориннің қолында,..
Алғашқы бір шошынып тайқып түскеннен кейін, жаудың əскері қайта
қыса бастады. Шығыны қанша көп болса да, бізді құртпай тынатын емес.
Азғана күшімізді еріксіз төртке бөлдіріп, қысып келеді.
— Маңдайдан аққан терің бақайыңнан тамшылап тұрмаса, онда сен əлі
қызбағаның деген Хожа Насреддин... — дейді Самед. — Терлемей істеген
іс — іс емес!..
Солтүстік жақтан жау қорғанға өрмелей бастады. Жалаңаш арқаңда
қоңыз өрмелеп келе жатқандай сезілді. Терең траншеяның түбінде жатып
Петр маған телефон арқылы:
— Шыдай тұрыңыз, жолдас командир, саспаңыз... Қазір, қазір...
Гранатам біреуінің маңдайына соғылып жарылатын кезде лақтырам. Бұл
бетке мен жауаптымын! — дейді.
Жауынгерлердің бəрі де қысылшаңда туатын нар тəуекелге бел байлап,
қауіп дегенді ұмытып кеткендей. Қайта, орталық бекіністе отырған маған
дем бере сөйлейді. Мен əр автоматтан артығырақ кеткен оқты санап
отырмын... Басқаңмен бірге сараң да бола білу керек болып қалды.
«Шығыс бағыттағы» Володя телефонмен айғайлап жіберді:
— Келіп қалды, келіп қалды, жолдас командир! — деп екі қайырып, —
біздің самолеттер! —дегенді артынан қосты. Маған «келіп қалды» мен
«біздің самолеттер» дегеннің арасында бір шошынып, бір қуанып үлгіретін
көп уақыт өткендей көрінді.
Əуелі аспан ақырын шымырлап қайнай бастағандай болып, лезде құйын
келе жатқандай гуілдеп кетті. Жарқылдап аққан найзагер ұшқыр
самолеттердің ортасында бір тізбек ауыр самолеттер келе жатыр. Жерден
тырнадай өре көтеріліп, жау самолеттері де қарсы ұмтылып барады. Екі
жақтың ұшқыр самолеттері шығыс жағымызда кездесіп қалып, атысқа
кірісті. Кейде «қап!..» деп қаласың да, кейде қуанып айғайың да шығып
кетеді.
Бұл кезде дəл Керчьте немістің баяғы күші болмаса керек. Аспандағы
айқас əуелі солтүстікке қарай ойысып еді, ұзамай батысқа қарай ауып кетті.
— Есіңде ме, Костя? Қырық бірінші жылы жаудың «қоқыр аласы»
қандай өжет түйілуші еді! Енді жөндеп айқасуға да шыдамауға айналыпты!
— дейді Володя көзін аспаннан алмай.
Біздің ауыр самолеттер еңкейіп келіп, төбенің айналасын төмпештей
бастады. Окоптар аударылып қалып, аяқ-қолы сереңдеп ұшқан денелер
көрінеді. Бомба гүрсіліне үн қоса Петр да гранаталарын қыза лақтырып
жатыр. «Сəлем!» дегенді айтқым келіп, аспанға қызылды-жасылды ракета
атқыздым. Бізге шұғыл төніп қалған қауіп-қатер де біржола ауып
кеткендей, айналамыз жым болыпты...
Ауыр самолеттер төбемізге қайта айналып келіп «жау қайдалап!»
жүрген сияқтанады. Біз өзіміз байқаған қоймаларды нұсқап, қызылдыжасылды оқтармен сезікті жерлерді түртіп көрсеттік. Жақын майданды
ракеталарымызбен ымдадық...
— Жылан ініне барып кірді! — деседі тұс-тұсымнан.
— Көріп отырмын. Демалыңдар...
Осы қысылыста да Шеген бізбен бірге айқасып жүр-ау деген ой келеді.
Əрбір оқыс қимылдар, өжет түйілген самолеттер Шегендікі сияқтанып
кетеді. Сен аспанда, мен жерде, бірге айқасып, қатар алысып жатырмыз деп
айғайлағым келеді.
Менің ойымды Шеген де сезінетіндей, айналамыздағы қауіпті жерлерді
қазбалай соғып, аударып кетіп жүр. Қорықпа, бауырым, қорғаның берік,
сені ешкімге бермейміз дегендей болады.
Бізде бекініс алатын күш жоқтығын сезген жау бейғам отырған күйін
өзгерте алмай қалған сияқты. Аспандағыны ататын зеңбіректері дүркіретіпақ атып жатқанмен құлатқан самолеттері көп бола алмады.
— Аспан қырандары, қасымызда бұғып тұрған танкіні төңкере
кетіңдер... Анау окоптарда жау бұғып қалды. Қазір бізге қайта ұмтылады...
Қыра кетіңдер! — деп айғай салғың келеді.
Самолеттер кетіп қалды. Қия жартастың жалғыз қорғаушысы болып
тағы да өзіміз ғана қалдық.
Кешке дейін жау бізді талай торлап келсе де, ала алған жоқ. Бекінісіміз
əлсіз жеріне оқ дарымайтын етіп жасалыпты. Кейде өзіміз құтыламыз;
кейде əлдеқайдан жарқ ете түскен ұшқыр самолеттер құтқарып кетеді.
— Мұндай қорғанда тұрып, өлу деген ұят болар! — дейді Самед.
Асықпай, саспай, қызара бөртіп күн батып барады. Соңғы шабуыл
тойтарылып, енді түннің не əкелерін ойлап отырмын. Қарның ашқаны еш
нəрсе еместей, таңдайың кеуіп барады. Жауынгерлердің көздері үңірейіп,
бет терілері сүйегіне жабысып, қарақошқыл тартып кетіпті.
— Жел қатайып кетті... Теңіз тағы да алай-түлей долданатын болар, —
дейді Володя. Мұнысы бүгін түнде қайық өте алмайды, жəрдем күтпелік
дегені сияқты.
— Ие, бүгін түнде жəрдем күтпеспіз...
— Бірінші Керчь майданының командирі, бүгінгі түніміз қалай өтер
екен? — деді Самед, жұрт көңілінде байқалған қаяуды қалжыңмен
ұшықтағысы келіп. Мен оған өз қалжыңына орай жауап бердім:
— Желкеңнен сыздауық шықса, қандай мазаң кетеді. Біз желкеден
қадалған найзадай шығармыз, жау тыныш ұйықтай алмас, ұйқы да бермес...
— дедім.
— Дұшман жерінде ұйқы да дұшман деген Хожа Насреддин жолдас...
Ұйқы отменяется! — дей берді де, көзі əлденені шалып қалғандай, Самед
ақырып қалды. Төбені солқ еткізіп, батыс жақ бүйірінен бірінші снаряд та
келіп қадалды.
— Осыны айтайын деп едім... — деді Самед.
Жау снарядтары төбені гүрс-гүрс ұрып, жүйке тамырыңды бөріктіріп
барады... Əлдеқайда тұрған зеңбіректер мойындарын бізге қарай бұрып
алып, боратып кетті. Төбе дір қағады. Қадалмай кеткен бір снаряд жоқ
сияқты. Биік төбені орнымен жұлып тастағылары келгендей, бүйірінен
түйгіштеп, іргесінен көтере ұрады. Топыраққа тұншықтырғысы келгендей,
таныс қара боран бұрқырап, жоғары өрлеп келеді. Қорғанның ұшар
басындағы немістердің өздері құйып тастаған тас қалпақ бекіністі оңай
берер емес, зілдей басып, табандап жатыр. Құлағың тұнып барады... Тағы
да дыбысты аузыңмен есітіп, дүмпуін табаныңмен сезіне бастадың...
— Бұл төбе бетке шыққан сүйел емес, ешкім аударып тастай алмайды.
Гүрсілді тыңдап тұрудың түк қызығы жоқ. Төменге түсіңдер! — дедім
жолдастарыма.
Күзет пен бақылаушылардан басқалары төмен түсіп кетті де, Самед
орнынан қозғалмады.
— Жаяу əскер енді жақындай алмайды. Құлағыңнан айрыласың, төмен
түс!..
— Мен қала тұрайын, — деді Самед.
Сонша гүрсілдің астында тұрсақ та, менің құлағыма бірдемені
сыбырлап қана айтқысы келетін сияқтанады.
— Немене? Неге қаласың?
— Танкінің қақпағы қозғалып қалды... Мына боранда қашып
құтылғылары келеді.
Белінен шойырлып қозғала алмай қалса да, өртенбей қалған танкі əлі
манағы орнында тұрған. Зеңбірек шабуылы басталған соң, «елші» офицер
енді жаяу қашуды арман ететіні де даусыз. Екі жақтың, оғынан бірдей
қорқып, оңай шыға жөнеле алмайтыны да анық. Мен Самедке соны
айттым, көп күтіп қаларсың дедім.
— Хожа Насреддин жалғыз тауығын қонағына асып беріп, жұмыртқаны
өзі басып шығарған... — деді Самед. — Мен де шыдап көрермін...
— Жақсы...
Бізді екі сағат апар-топар төмпештесе де, бекінісімізге бір дақ түскен
жоқ. Зорин əлсін-əлсін ракета атқызып, айналаны бақылап тұр. Төрт
жағымнан да тыныштық хабары келе бастады:
— Тоқталды...
— Басылып келеді... тынды...
Бірақ біздің халдегі тыныштық қас қаққанның арасындағыдай ғана еді.
— Жаяу əскер шабуылға қайта тұрды...
— Теңіз жақ беттен жақындап қалды...
— Жүгірді... — деген хабарлар біріне-бірі ілесе келіп жатыр.
Іргемізден ғана екі рет граната жарылғаны естілді.
— Самед қой... — деп айтқанша болмай, Самед төменге келді.
— Хожа Насреддин балапан басып шығарған!.. Готово деген! — деді
Самед. — Қараңғы болған соң, мені көрмес деп ойлады білем... Бір адам
шықты, қозғалмадым. Екі адам шықты, қозғалмадым... Үшінші шыққанда
— иə, Хожа Насреддин дедім!..
Оның аржағы айтпаса да түсінікті еді...
Жан-жаққа атқан ракеталарымыз танкінің қасында серейіп жатқан үш
өлікті де көрсетеді, қабындап келе жатқан шабуылды да көрсетеді.
Жүздеген көлеңке бір ұзарып, бір қысқарып қалып, шұбартып бері
жақындап келеді... Төбеге өрмелеп шығып, желкемізден басқылары келеді.
Аюдай күркіреп, Петр жалғыз қимылдап жүр... Пулеметтеріміз қызып
барады.
— Батыс жақтан...
— Шығыс жақтан...
Енді көріп отырмын деуге болмай қалыпты...
— Қозғалма орныңнан! — дейтін белеске шығыппыз.
— Оқ таусылып барады...
— Қазір жеткіздірем. Қозғалма орныңнан!
— Қарсы алдымнан жүзден артығы келе жатыр, — дейді Володя
телефон арқылы.
— Оғың жеткілікті ме?
— Əзір бар...
— Қозғалма!..
— Біз қолма-қолға келдік... — деп, үзіліп кеткен дауыс кімдікі екенін
аңғара алмай қалдым. Дауысты тани алмағаныма қарағанда бұл Зориннің
жауынгері болу керек.
Жабық, траншеямен жоғары қарай жүгіріп келе жатсам:
— Иə, ханнан! — деген Самедтің айғайы жиі шығып жүр...
Іргелес отырған Петр мен Самед, қастарында тағы алты жауынгер бар,
бір қолдарымен граната лақтырып, енді бір қолдарына автоматтарын
шоқпардай оңтайлап ұстап алыпты... Шабуыл жасаған жау əскерінің
оқтары отқа салған істіктей жылт-жылт етіп, қолдың саласындай тізіліп,
жоғары кетіп жатыр... Қолма-қолға жақындап қалған осы тұс екен.
— Қозғалма орныңнан! Таймасын табаның!
— Сталинград батальоны!.. Қырым үшін!.. Отан үшін!..
— Шегінді, шегінді!..
Не болып жатқанын сөзден емес, дауыстан ғана аңғарғандай едің!..
10
Алғашқы күннің арпалысынан едəуір ойсырап шықтық. Ішіміздегі
жалғыз тəжірибелі офицер капитан Мирошниктің орнын біріміз де дəл баса
алар емеспіз. Талай тақым бұрау — тар қыспақты көрген өжет жауынгерміз
дей алсақ та, ол орынға олқы соғып тұрмыз. Оның үстіне тағы да бес адам
шығынымыз бар. Енді қалғанымыз тоғыз-ақ... Ең соңғы айқаста екінші
бөлімнің командирі аға сержант Зорин оққа ұшты. Оның бөлімін Петр
Ушаковқа беруге тура келді.
Ең ауыры, құрылғанына тəулік толмаған əр түрлі «бағыттағы»
майдандарымызда екі-ақ жауынгерден қалды. «Қазақ батальоны!» деген
айғайыңа енді бала да сене алар емес.
— Бір бағытты қысқартайық, — деді Петр. — Сонда əр майданымызда
тым болмаса үш жауынгерден болады. Қорғанның төбесіне үш сала болып
келетін терең траншеялар бар. Үшеуі қорғанның үш бүйірінен көтеріліп,
төбесінде түйіседі. Бірімен-бірі селбесіп отыру үшін, немістер əдейі солай
қазған. Жоғарылаған сайын бірімен-бірі жақындасып, қанаттаса береді.
Сондықтан Петрдің ұсынысын екі айтқызбай қабылдадым.
Оқ құрғыр тіпті құлдырап қапты. Енді бірер сағат үртіс айқас бола
қалса, оның аржағында оқты санап беретіндей халге жетіппіз. Енді
немістер бүгінгідей қырғынға да түсе бермес, тартына шабуылдар,
талдырып жығуға байлар деп, өзімізге-өзіміз демеу береміз. Оқтың азайып
қалғанын көре отырып, енді екі күнге жетер деп ұйғардық... Жетпейтінін
біле тұрсақ та, бірімізге-біріміз қарадық та, сөзді доғардық.
Гранаталарымыз таусылуға таянған. Петрдің бір күнгі лақтыруынан
қалғаны санауға тұрар емес... Бұл жөнінде үнсіз келісіп, ақтық сағатқа
сақтайтынымызды іштей түсіністік те, граната жайын ауызға да алған
жоқпыз... Кім біледі, бір кезде траншеяларды да тастап, үркердей болып
төбеге жиналып қалармыз... Сондағы соңғы керек нəрсе сол азғана
гранаталар болып қалады. Ондай халдегі бір сағат өте көп уақыт қой, қаруқұралды да көп керек етеді...
Немістерден қалған екі снайпер мылтығын екі бөлімге бір-бірден
бөлдік. Сенің бөліміңде мұны дұрыс пайдалана алатын кімің бар дегенге
дейін барысып, зеңбірек бөліскендей болыстық... Енді қармансақ, бөлетін
де, қару-құралға есептейтін де ешнəрсеміз қалмапты... Үйіліп ракеталар
ғана жатыр.
Вася Гришин сағатына қарады да, ұйықтап жатқан Самедті оятты. Бұл
екеуі күзет кезегіне кеткелі жатыр. Айқас тоқталғаннан кейін, күзетке
кезекпен жіберіп, екі сағаттан ұйықтап тұруға сөз байлағамыз.
— Жайлы төсекке көптен бері жатқаным осы болар... — дейді Самед,
тас еденнен тұрып жатып. —Хожа Насреддин жолдас «ұйқың қанса,
жұмысың да озық болар» деген екен... Курорттан келгендей боппын...
Түн əзір тыныш... Самед тағы бір-екі қалжыңын айтып, Васямен бірге
күзетке кетті. Өзгеміз ояу отырып түс көргендей, мең-зең халде болсақ та,
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Қазақ солдаты - 24
  • Parts
  • Қазақ солдаты - 01
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2163
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 02
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2108
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 03
    Total number of words is 4133
    Total number of unique words is 2092
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 04
    Total number of words is 4064
    Total number of unique words is 2142
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 05
    Total number of words is 4112
    Total number of unique words is 2242
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 06
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2201
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 07
    Total number of words is 4110
    Total number of unique words is 2267
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 08
    Total number of words is 4062
    Total number of unique words is 2201
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 09
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 2058
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 10
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2113
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 11
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 2030
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 12
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2154
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 13
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2144
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 14
    Total number of words is 4063
    Total number of unique words is 2149
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 15
    Total number of words is 4032
    Total number of unique words is 2124
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 16
    Total number of words is 4067
    Total number of unique words is 2018
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 17
    Total number of words is 4089
    Total number of unique words is 2187
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 18
    Total number of words is 4047
    Total number of unique words is 2190
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 19
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2162
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 20
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2182
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 21
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2106
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 22
    Total number of words is 3985
    Total number of unique words is 2066
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 23
    Total number of words is 3821
    Total number of unique words is 2014
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 24
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2066
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 25
    Total number of words is 1652
    Total number of unique words is 1004
    41.0 of words are in the 2000 most common words
    55.3 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.