Latin Common Turkic

Қазақ солдаты - 14

Total number of words is 4063
Total number of unique words is 2149
34.0 of words are in the 2000 most common words
49.8 of words are in the 5000 most common words
56.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Жанға тиер, ойға қонар шындық сөзін шаңқылдатпай-ақ алау-жалаусызақ ойлы түрде айтқанда да бар мағынасымен жүрегіңе ұялай қалатынын
мен бірінші рет Семеннан естіп тұрғандаймын. Семен кідіріс жасап еді, біз
де дем алмай тынып қалдық. Демалыс — тынысымызға дейін бірге қосып,
Семенның, аузынан шыққан əр сөзді ішімізден бірге айтып тұр екеміз.
И умереть мы обещали,
И клятву верности сдержали
Мы в Бородинский бой.
Семенның алып денесіне қарап, Бородинода ант бергендер де осы
сияқты орыс батырлары-ау дейсің ішіңнен. Семен өлеңді оқып болды да,
енді тағынан түсіп қалғандай, баяғы жұпыны қалпына көшіп, үнсіз ғана
орнына барып отырды. Енді ол, байқамай бірдеме айтып қалған баладай
маңдайы тершіп, жүзі қызарып, өзінен-өзі абыржи бастады.
— Қане таппағаным ойыңды! Алып Семен, алтын Семен! — деп, Петр
оны құшақтап, мойнына асылып жатыр. Алқымына келіп тірелген
түйнектен əлі босана алмаған Ревякин үндемей далаға шығып кетті де, мені
шақырды.
— Қалай керемет! Мұндай шығар деп кім ойлаған...
қалғандаймын. Əрең-əрең жылап жібермедім, — деді Ревякин.
Елтіп
— Менімше, бəріміз де жыладық қой деймін, — дедім мен, шынымды
жасыра алмай.
— Жаңа келген жастарға да оқып берсінші. Бері шақыршы өзін.
Семен сыртқа шыққан соң, Ревякин оған:
— Қазір ерекше бір тапсырманы орындауға жүресің, əзірлен! — деді.
Ерекше тапсырманы орындауға жалғыз жүрмейтін əдетіміз бойынша,
ақкөңіл Семен таңданып қалып:
— Жалғыз барам ба? — деп сұрады.
— Жоқ, менімен бірге барасың...
Ревякин мен Зонин толықтыру ретінде кеше ғана келген жастарды
аралап қайтуға кетті. Біз оларды өткен түні сыртынан ғана көріп қуанысып
қалғамыз. Қандай өнерлері бар, əзірліктері қандай, ол жағымен əзір таныса
алғанымыз жоқ. Бірақ бөлімдеріміз едəуір шағындап, орталанып қалғанда
келген жастарға қатты қуанған едік...
Октябрь мейрамынан кейін, бізге толықтыру ретінде келген жалғыз
жастар ғана емес, орыс халқының, барлық дана-данышпан алыптары келіп
қосылғандай сезіледі.
Орыс ойының ғасырлардан асып тұрған ұлы штабы қазір қасымызға
келіп орнағандай, Белинский, Чернышевский, Плеханов, Ленин, Пушкин,
Толстой, Глинка, Чайковский, Горький, Суворов, Кутузов, əр солдаттың
қимылына сын көзімен қарап, сенімді үміт, қажыр-қайрат беріп тұрғандай
болады.
Мен ұлы Пушкинмен ең əуелі Абай арқылы танысқан қазақ
жастарының бірімін. Сондықтан болу керек, Пушкин аты аталғанда, қол
ұстасып келе жатқан Абайды да көргендей боламын. Оларға ілесе, ақ
сақалынан жеңіс желін ұйтқыта соқтырып келе жатқан қарт ақын Жамбыл
көрінеді. Ойың осылай өрлей береді де, бар елдердің ұлы адамдарын бізге
əкеліп қосады. Өйткені, өз заманының айуандығымен алысып өткен ұлы
жандар, бұл заманда да əділет жағында болуға тиісті. Ол былай тұрсын,
қанымыз неміс еді деп, Гейне мен Гете де бүгінгі Гитлер Германиясын
жақтамайтын сияқтанады.
Еңбек пен ерлікке, əділет пен теңдікке бізді кім баулып өсірсе, бүгін
біздің аузымызда сол есім. Отаным дегенде, ең алдымен ойыңа Москва
түссе, Москва дегенде, ең алдымен ойыңа сол есім түседі. Қимасың мен
бермесің, қорғаның мен қамалың бəрі сол есіммен аталатын сияқтанады.
Мен осы сияқты үзік-үзік ойларымның ұшығына шыға алмай,
балқығандай болып қана жатыр ем, сыртта кенет ожар бір атыс басталып
кетті. Миномет, пулеметтер дүркірей арсылдасып, жаппамыздың төбесін
дүбірлете бастады.
— Үшінші взвод қауіп астында қалды. Шегініп қалған жайы бар.
Еріңдер соңыма! — деді Ревякин, Семенмен бірге біздің жаппамызға қайта
келіп.
Түн қараңғы. Жаяу борасын күшейіп, ызғырық айдамаға айналыпты.
Қала мен көпірдің арасындағы бір алаң жерге ақ-құла бұршақ жауып
жатқандай, оқ үйме-жүйме төгіліп жатқаны байқалады. Неміс пулеметтері
қызылды-жасылды оқтармен атып, қай жерге түйіліп жатқандарын көрсетіп
те тұр. Миномет гүрсілдері де сол бір тұста қою естіледі.
Түндегі соғыс күндізгіден гөрі басымырақ көрінетін əдеті бар. Əр нəрсе
қос елестеп, қауіп-қатер жағын күшейте түседі. Жарқырап аққан оқтар,
жарқ-жұрқ жарылған миналар, ереуілдеп көрініп қалатын адам
көлеңкелері, бəрі де үйреншікті қалпынан алыс, ерепейсіз көрінеді. Топтобымен ұшқан сайгел жарқылдап ағып, тура сенің бетіңе соққалы келе
жатқандай сезіледі.
Бірақ айқас алдындағы абыржу ұзаққа созылмайды да, өзің шығарған
бірінші оқ сайгел тобын жайқап жібергендей болады.
Жата қалып еңбектеп, бұршақ жауып жатқан алаңға қарай кеттік.
Қираған машиналар, арбалар кездесіп қалады. Ондай кезде тұра келіп біраз
жер жүгіріп те аласың. Таса-тасамен бөденедей бұғып, құнтия жүгіріп, өлім
алаңының дəл іргесіндегі ескі бір окоптарға да жеттік. Біреу-міреу дайын
окопқа қызығып кетпесін дегендей:
— Алға! — Ревякиннің командасы ащырақ шықты.
Жарқырап аққан оқтар қарсы алдыңда ғана қарды түрткілеп жатқанын
көріп тұрып, соған қарай жақындай беру оңай да емес. Ол немістің өзі
болса, оңай-ақ бас салар едің, оқты бас салуға болмайды... Күндіз оқ бұдан
сирек жаумайды деп, өзіңе-өзің қайрат бересің. Жарқырайтын оқпен түнде
ату — адамның сезіміне үрей əсерін күшейтудің қамы, сен үрпимей бақ...
Фашистер «əсерлі» бір мінездерінен айрылды: енді олар шабуыл
жасағанда, автоматтан оқ боратып, тура келген бойы жүріп келе жатпайды.
Қорқыныш деген не екенін олар да жақсы біледі енді. Кейде ербелеңдеп
қаша жөнелуге де үйренді. Паң Европаны түгел ұйпап шыққанда, мұны
олар білмейтін еді, біз үйреттік. Алдағы күнде əлі де талай сабақ
үйретерміз деген сенім, дəл қазіргідей от топанының астында қалғанда да,
біздің жауынгерлердің ойынан кеткен емес. Берік сеніммен соғысқан əскер
қашан да өзін күшті сезінетін сияқты.
Ревякиннің командасынан кейін окоптан шыға-шыға келгенімізде қалың
оқтың дəл астына кездестік-ау деп қалып ем. Олай емес, қалың оқ жоғары
кетіп жатыр екен.
— Бұғыңдар! — деген Ревякиннің келесі командасы естілгенде,
жарқыраған оқтар қолмен сепкен тұқымдай, орай шашылып, ілгерілеп келе
жатқанын көрдім. Кейін окопқа шегініңдер деген команда берілер деп
күткендейсің. Оқтар жақындап, есепсіз көп уақыт өтіп жатқан
сияқтанады... Бірақ бүгін бізге шегінуге болмайды — артымызда Москва!
— Алға! Жүгір! — деген команда берді Ревякин.
Кім қалай тұрды орнынан, қалай бұғып жүгіре жөнеліп, оқтан озды,
оны есептеу қиын еді, бірақ оқ арт жағымызға себіліп қалды. Көлденең
кесіп өтіп кетіппіз.
Енді алдымызда миналар жарыла бастады. Мана алыстан абайлағанда,
алақандай жерге аралас түсіп жатқандай көрінген оқ пен миналардың
арасында едəуір бос алаң бар екен қазір біз сол алаңға шығып қалдық.
Алдымызға түскен миналар бір дүркін жарылып болған соң, Ревякин бізді
тағы да жүгіртіп, ілгері əкетті. Миналар тағы да арт жағымызда жарыла
бастады. Ревякиннің əскери адам, шын айқас офицері екенін мен алғашқы
рет осы жолы көрдім.
Арт жағымызда жараланған адамның үні естіледі. Əлдекім, абайсыз
жүгірем деп, оққа соқтығып қалды ма екен? Кім екен? Əрі шетірек, əрі
кейінірек келе жатқан кім еді! Семен Зонин болып жүрмесе жарар еді...
Семен еңбектей алмайтын еді, əрі басқамыздан анағұрлым биік... Еңбектеу
— оның, бір істей алмайтын ісі.
Жау оғының қатты қадалған жеріне енді ғана жетіппіз. Кейін шегініп,
ескі окоптарға паналаған біздің жауынгерлердің, қарсы алдына, өте жақын
келіп жау автоматшылары орнап алыпты. Елу шақты автомат бізді де
шабынып қарсы алды. Орыс «урасы», «орыс штыгі» дегендер немістер
əскерінің қашаннан бері қаны сүймейтін нəрсесі. Бұрын орыс халқымен
соғысып көрген елдердің, ішінде мұны сүйетіні болмаса керек... Сондықтан
автоматшылар бізге бас көтертпеу үшін арпалысып жатыр. Шегініп қалған
бөлімге жəрдем келгенін олар да аңдып қалды.
Екі жақтың қазіргі таласы елу метрдей жер үшін еді. Біздің кеше кешкі
окоптарымызда қазір неміс автоматшылары отыр да, біздің жауынгерлер
елу метрдей кейін шегініп, ескі окоптарға орналасыпты.
Таң, белгісі біліне бастады. Оң жақ қанаты опырылып қалған ескі бір
окопқа біз де түстік. Жауынгерлерім түгел екен. Окопқа белуарлап түсіп
қалған қарды мақтадай жанша, Семен де менің қасыма жетті. Менің ең
үлкен қуанышым осы Семеннің амандығы болды. Алысқа сермеп граната
лақтыруға келгенде онымен тайталасар ешкім жоқ. Оның үстіне, біздің
бөлімнің басы артық оқ-құралы Семеннің арқасында жүреді...
— Лақтырамын ғой? — деді Семен, бақандай саусақтарымен беліндегі
гранатасын салмақтап тұрып.
— Лақтырасың! Үсті-үстіне лақтырасың!
Семен бұйрық шамасын толық аңдап алды да, асықпай-саспай
мылтығын окоптың қабырғасына сүйеп, шинелін шешіп тастап, шалқая
беріп, бірінші гранатасын лақтырып еді, мөлшерлей алмаған екен, берірек
жарылды. Салқын қанды, дəл мөлшердің жауынгері Петрдің лақтырған
гранатасы жау окобына дəл түсіп, бір топ автомат шашалып қалды. Семен
бұған намыстанып кеткендей, көбірек шалқайып барып лақтырып еді, о да
дəл түсірді. Енді ол қызыңқырап алыпты.
— Əкел бері, əкел! — дейді. Əшейіндегі «жолдас аға сержант» дегенді
ұмытып кеткен сияқты. Алысқа ататын зеңбірегіміз осы Семен болғандайақ, гранаталарды соның қасына қарай жиып жатырмыз.
Бір кезде екі гранатаны құшақтай көтеріп алып, Семен қарғып сыртқа
шықты. Мен оған «төмен түс!» деп қалғанша, бораған оқтың астында
тұрып екі гранатасын лақтырып-лақтырып жіберіп, артымен сырғып
окопқа түсті. Не жараланды, не болмаса, тіпті өліп түсті ме деп қалып ем,
сау екен. Гранаталары дəл-дəл түсіп жарылып жатыр.
Неміс автоматшылары абыржып қалды. Оқтары жан-жақты кезіп,
жоғары кетіп жатыр. Тағы да бір-екі граната болар ма еді... Ол бізде қазір
жоқ екен.
Жау окобынан екі қызыл ракета атылып, бізді нұсқағандай, аспанға
шықты. Бұл бір қауіпті халдің хабары еді... Зіркілдеген танкы дыбысы
жақындап келеді. Бізді осы бір тайпиыңқырап қалған ескі окопта танкы
тапай бастаса, шығынсыз қала алмаймыз, əрине. Шегінген бөлімге берген
жəрдеміміз де түкке тұрмайтын болады.
— Семен танкы!.. Граната! — дедім, онша байсалды шықпаған ащырақ
дауыспен. Мұным шынында, қатар окопқа бекінген Ревякин естісін деген
белгім сияқты еді.
— Алға! Жау окобына! — деп жауап қайырды Ревякин.
— Алға! Жау окобына! — деп, мен де атып шықтым, «комсомолдар,
алға!» деп Володя Толстов та айғай салды. Жауынгерлерім əмірді екі
айтқызған жоқ, қарғып-қарғып шыға келді. Қатар ұмтылған Ревякин
бастаған бөлім де жүгіріп келеді екен.
Мұндай кезеңдерде кім өжет қимылдаса, сол күшті. Айғай-қиқумен
келе жатқан ерлік екпініне қарсы мылтық ату да оңай болмайды. Таңертеңгі
ала-гөлеңде боранмен бірге боратып жау окобына секіріп-секіріп түстік.
Қоңыр көлеңке тар окопта бірме-бір жекпе-жек басталып кетті. Оларда
қысқа-қысқа автомат, бізде күрзідей тиетін бесатар. Сырттағы танкы
дыбысы да, əлдекімнің мылтық атып жатқаны да ешкімнің ойына келер
емес. Əркім өзі алысар жауын тауып алып, айқасып жатыр. Өлмеу үшін —
өлтіру керек, жеңу керек. Керек болса — жеңу үшін ғана өлу керек. Əркім
ойында жүрген ыза-кегін осындай кездесте бір төгіп, бойын босатады.
Алысқан жауың көзін біржола жұмып, бұл дүниемен біржола қоштасты,
бірақ сен оны тағы бір теуіп қалмасаң, жаңа ғана оққа ұшқан
жолдастарыңның кегі қайтпайтын сияқтанады.
Мұндай шарт-шұрт қимылдар ұзаққа созылмайды да. Аз уақыттың
ішінде əркімнің көптен бері кернеп жүрген ызасы бұрқ етіп бұзып шығады
да, қорытындысы қолма-қол, алдында жатады. Мұндай шартта-шұртта
командир де жауынгер, о да команда беріп қалтиып тұра алмайды...
Автомат бытырлағы лезде тоқтап, енді ырс-ырс еткен алыспен аптыққан
адамдардың дыбыстары ғана қалыпты. Анда-санда жарқ етіп қалған ракета
сəулесі — бейнесі бұзылған беттерді, ағараңдаған тістерді, шатынаған
көздері бір көрсетіп қалады. Ысылдасып, ыңқылдасып, құшақтаса қулап,
аударып үстіне шығып жатқан сұр шинельдер... Біресе шолақ найзаның
үнсіз ғана біреудің кеудесіне сып етіп кеткенін аңдап қалсаң, енді бірде,
біреудің маңдайына мылтықтың дүмі сақ еткенін естисің. Əлденемене
бытырлап сынып жатыр. Ашынған, ауырсынған, қалтыраған үндер кезеккезек естіледі.
Қой арасына кіріп кеткен аюдай, Зонинның алып денесі ерекше көзге
түсіп қалады. Оған жармасып, қарсылық еткен бір жан жоқ сияқты. Екі
қолы бос, еркін жайқап жүр. Анда-санда ракета жарқ етіп қалғанда,
Семенның жүзінен өзің шошынғандайсың.. Семен Толстовпен айқасып
қалған біреудің төбесінен мылтығының дүмімен бір нұқып қалды да, одан
арғы бір темір қалпақты сақ еткізіп төбеден ұрып жіберді. Алысқанын
астына ала Толстов та құлап барады, көзінің қарасы жоғалып, қыпылықтап
ағы ғана қалған, темір қалпақ та шалқалап құлап барады. Алдын бөгеген
біреулерді шаншып алып сыртқа лақтырып, Семен окоптың екінші басына
қарай ұмтылды. Əлдекімнің əлі келмей жатқанын аңдап қалуы керек, оқыс
қимылдап, тез барып жетті.
Дəл төбемізде ракета тағы бір жарқ етіп қалды, зіркілдеп келе жатқан
танкының сорайған жалғыз мүйізі де көзіме түсті. Жалпақ табандары
шақыр-шұқыр етіп, танкы окоптың сол қанатынан бастап тапап келеді.
— Жатыңдар! — дедім, бар даусыммен. Неге екенін осы күнге дейін
білмеймін, шолақ найзаны кеудесінен сұғып алып окоптың қабырғасына
жаныштап жатқан соңғы немісімді сол күйінде қалдырмай, оны да окоптың
түбіне қарай сұлата салып, өзім үстіне құладым.
— Жатыңдар!..
Ұзын бір ақ кірпікті алқымынан алған бойы астына сала Семен де
құлады. Окоптың жиектерін опыра, үстімізге балшық пен қарды үйе-мүйе
танкы табаны бір етіп кетті. Қолыңды азғана созсаң тиіп қалардай жақын
өтті. Саршаянның бауырындай бауыр жағы шым-шытырық жеркеніш екен.
Енді артымен шегініп, окоптың, бір ернеуін қырынан жаншып, кейін өтті.
Белуарымыздан басқан балшықтың салмағы ауырлап барады. Бəріміз де үн
шығармай, бұғып жатырмыз. Танк сияқты үлкен нəрсе бір орында көп тұра
да алмайды. Осы жолғысынан аман қалсақ, гранатасы сақталып қалған
біреу сілтеп қалуы да мүмкін. Танкының осал жері де арт жағында болады.
Астыма ала құлаған немісім қырқырап, жеркеніш бір үн шығарып
жатыр. Жылжып басқа жаққа кетейін десем, сол жағым балшық үйіліп
тұйықталып қалыпты. Оң жағымда Семенның астына түскен ұзын немістің
шегелі өкшесі таяу жатыр. Қозғалып кетсе-ақ Семеннің жалпақ табаны да
шекемнен соғып, окоптың іргесіне жапсыра салатын. Дəл кəзір танкының
табанынан гөрі Семенның табаны қауіптірек секілді.
Танкы бізді тастап екінші окопқа қарай жылжыды. Атып тұрып:
— Граната! — дедім. Əлдекім сарт еткізіп соғып та жіберді. Арт жағына
бір құшақ отты жапсырып алып, танкы кейін бұрылды. Енді ол арт
жағынан оқ тиген қасқырдай ышқынып, зытып кетіп барады. Бірақ,
көлденең соғып жіберген Ревякин бөлімінің гранатасынан бір ғана лоқсып
қап, танкы тұрып қалды. Қазір қалың қара түтінге оранып лап береді.
Мен «граната» дегенде жауынгерлерім үстеріне үйіліп қалған балшық
пен қарды əрең аударып тастап, тура бастап еді, бырс-бырс етіп екі рет
атылған тапанша даусы да естілді. Ауыр ыңырсып, аунап түсе берген
Семенге көзім түсті. Басқалар тұра келді де, алып Семен шалқасынан
түскен бойы қозғалған жоқ. Əлгіде ғана астында қимылсыз жатқан ақ
кірпік немістің қыбырлағаны сезілді. Шолақ найзамен немісті дəл
кеудесінен пісіп-пісіп жібердім. Тапанша ұстаған оң қолы көтеріле берді де,
сылқ түсіп кетті.
Семенды бəріміз жабылып көтеріп алып, сүйеп отырғызып көріп ек,
ауырсынғаннан басқа белгі бере алмады. Астына ала құлаған неміс офицері
бір есін жинағанда тапаншамен өкпе тұсынан екі атып қалыпты.
— Сема, Сема! — дейміз жан-жағынан. Алыпта үн жоқ... Қара қошқыл
жалынға оранып жаңа жөнелген танкы жау жақ бетімізге қорған да болып
қалды. Майданның, шегініп қалған жерін қайтадан кешегі сызатына
апарып түзеп жібердік, өлген немістерді ашу үстінде аяқ-қолынан ұстап
алып, жауынгерлерім сыртқа лақтырып жатыр. Шегінген үшінші взводтың
жауынгерлері ұялғандай үнсіз ғана келіп, окоптарына қайта орналасты.
Таңертеңгі боранды буалдыр тарамай тұрып, біз кейін оралдық. Алты жігіт
əрең көтеріп, Семенды өзен жарының астына алып келдік. Бұл арадан бізді
ешкім көре алмайды да, оқ та тие алмайды. Əрқайсымыздың арқамызда
тық-тық соқтығысып, бестеген-ондаған неміс автоматтары да келе жатыр.
Семен əрең деп көзін ашып, есін жия бастады.
— Ақырын, жолдастар... — деді бір кезде. Жаппамызға əрең алып
кірдік.
— Сема, осының бəрі сен қырған немістердің автоматы... Сенікі, — деп,
Толстов арқасындағы он шақты автоматын Семеннің қасына əкеліп сүйеп
жатыр. Шынында, Семен ауыр жараланып қатардан шығып қалар-ау деп
ешқайсымыздың да ойлағымыз келмейді. Берлинге жетер бір алып болса —
ол осы Семен болар деп сенгендейміз де! Семен ақырын ғана көзін ашып,
əлсіреген қырыл араласқан дауыспен:
— Керегі жоқ маған... Қолма-қолда түкке тұрмайды. Жеңіл...
Қызығатын дəнемесі жоқ, — деді. — Одан да су беріңдер... — Қатардан
шығып қалатынына Семеннің өзі де сенбей жатыр. Бірнеше жауынгер су
сауытын жұлып алып, Семенге ұсынды. Семен бəрімізге де риза көзімен
бір қарап, ең жақынырақ ұсынылған Петяның құтысына қолын созды.
Үлкен саусақтары азғана салмағы бар құты алуға көп күш жинап, əрең
икемделіп келе жатыр. Ақыры ала алмады... Алып күштің ең соңғы көтере
алмаған нəрсесі осы қалайы құты болды. Үлкен дене бір ышқынып қалды
да, танауын қусырып, көзін жоғары тартып əкетті.
— Сема, Сема, бауырым! Досым! — деген дауыстарға жауап қайтқан
жоқ...
Ревиякин кіріп келгенде, бəріміз де жалаң бас, Семенді қоршап тұр
едік...
Семеннен басқа үш жауынгер өліпті де, бесеуі ауыр жараланыпты. Оқ
тиіп құлаған бір жолдасымызды өлі күйінде танкы таптап езіп, мылжалап
кетіпті. Қаза тапқан ер жолдастарымызды қатар салып, үстеріне қызыл
жалау жауып, жар астынан соңғы рет қоштасып, қастарына қарауыл
қойдық. Осыдан кейін бауырмал Семенды, алып Семенды көре алғаным
жоқ. Маған күні бүгінге дейін сол жалаудың астында жатқан күйінде ғана
елестейді. Өңімде де сол, түсімде де сол!.. Мен оны Москваны қорғаған
құрбандардың тізіміне қосамын...
13
Оңтүстіктегі біз көрген алғашқы жеңіс Ростов қаласы үшін болған
айқастарда туды. Оңы мен солынан, оның үстіне қарсы алдынан қатар
басталып, тұтасып кеткен шабуылдан Гитлер армиясының бірінші рет
дүркірей қашқанын көрдік.
Оңтүстік майдандарындағы ұлан-байтақ соғыстың мөлшерін біз
күнделікті хабарлар арқылы да жақсы шамалайтын едік. Соңғы күндерде
түн болса-ақ, аспан етегіне өрт қойылғандай, алыс, айналаңның бəрі қызара
бөртіп, алау-жалау болып шыға келетін болды. Күні кеше жаңа ғана
тұтанғандай əлсіз өрттер бүгін көкжиекті балқытып бара жатқандай
күреңденіп көрінеді. Қараңғы түнде тұнжырап тұрған Ростов қаласының
биік қырқаларында сау қалған терезелер алыстағы өрттермен ымдасып, көз
қысысып тұрғандай болады.
Қазір біздің майданның үні де өзгеріп кетті. Дүркіреген бір жаңа үн
келіп қосылды да, майдан сарынын өзгертіп жіберді. Оны кейбіреулер
соғыс тəңірісінің туған қарындасы — «Катюшаның» əні деседі. Өзім əлі
көрген жоқпын.
Бүгінгі түн жеңіс əкеле жатқанын əрбір солдат сезінгендей, жүрістұрыстары ықшам, əміріңді айтқызбай ұғатын сергек бір халде. Сенің
солдатың сергек, көңілді болса, жау солдаты марғау, көңілсіз деген сөз.
Соғыста екі жақтың, да көңіл күйін бірдей бұрап қоятын жағдай сирек
кездеседі. Айқас алдында əрбір командирдің бұ да бір ескеретін нəрсесі.
Жарыста екі аттың біреуі-ақ озады, айқаста екі жақтың біреуі-ақ жеңеді.
Жеңіс лебі солдат бойын сергіте келеді.
Шабуыл күрт көтеріліп, апар-топарға лезде-ақ кірісіп қалдық. Біздің
жақтың зеңбірек топаны оңы мен солынан, шығыс жақ қарсы алдынан
қатар соғып, алғашқы жарты сағаттың ішінде-ақ жау ойын сандалтып
тастады. Шын шабуыл қай жақтан келе жатыр, алдастыру жағы қайсы, оны
неміс штабы болжай алмай қалған сияқты. Қаладан атылған жау
зеңбіректері əр жерден бір үймелесіп, тұрақтай алмай жан-жақты түгел
атқылап, аяғында дəл шабуылға қарсы от қорғанын жасай алған жоқ. Оны
жабайы солдат біз де байқап қалдық.
Жұқа мұздың опырылғанына қарамай, біздің атты-жаяу əскерлер Дон
өзенінің əр тұсынан өтіп жатыр. Жаяу əскерлер өзеннен өте сала уралап,
күркіреген күндей күңіреніп, бірден шабуылға көшті. Біздің танкы
лектерінің алды көпірге жеткенде, жалаң қылыштары жарқ-жұрқ етіп, атты
əскер де лап берді. Ракета жарығына шағылысқан жалаң қылыштар біресе
тұтанып, біресе сөніп, жылт-жылт ағып бара жатқан көп оққа да ұқсап
кетеді.
Бұл күнді біз бес ай күттік. Бес айдан бергі ыза мен кек бүгін тасыған
өзендей қопарылып, алдынан кездескен жау шебін кедергі көрмей жұлып
əкетіп, шабуыл қитықсыз ілгері басып барады. Ұзақ созылып өткен бес
айдың ауыр азаптары бір сəтте ұмытылып, солдат та аяғын қаздаң-қаздаң
басады. Көз — ілеккенін, қол — сермегенін құтқарар емес. Шегіну кейісін
бес ай тартып, бүгінгі түннің бір минутын көре алмай қаза тапқан ер
жолдастар еске түседі. Əсіресе Семен Зонин.
Жау қолы сол жақтан тиген соққыдан оң жаққа қарай толқиды.
Алдынан шыға келген араннан жапырыла шалқып, кейін бұрылады. Көшекөшені бойлай өтіп өзді-өзі сеңдей соғылысып қалып жүр. Күздің қараңғы
түнінде найзағай оғынан үркіп бір жөнелген жылқы біріне-бірі соқтығып,
өзін-өзі айдап, апат болар құзға келіп тірелгенде де, ес жиярға шама жоқ,
апар-топар жардан құлар еді. Бүгінгі жау əскерінде де осыған ұқсас бір жай
бар. Аязды қысты осы жылы қалада өткізерміз деп жайласа бастаған əскер,
кенет соққан дауылдан ес жия алмай қалыпты.
Шабуыл кезінде алда, шегіну кезінде артта болатын əдеті бойынша,
біздің взвод та алғашқы айқаймен араласа қалаға кірген. Қазір біз қаланың
оң жақ көшелерін сүзіп келеміз. Қараңғы түкпірлерден биік үйлердің ең
астыңғы қабаттарынан кейде шортан кейде шабақтар ілегіп қалады..
Дүниелік тиеген машиналар əр көшеден кездесіп келеді. Кейбір көшелерде
ондаған машиналар соқтығысып, бірін-бірі тас үйлердің қабырғасына
апарып жастап, аяғында мүйізінен айқасып қалған арқарға ұқсап, сіресіп
қатып тұрып қалыпты. Ондай көшелерден жаяу солдат та өте алар емес.
Бірлі-жарымды болмаса, шоферлары да кетіп қалған.
Қала халқы да бұл түнді ұйқысыз өткізіп, əр терезеден бас көтеріп,
өздері көрген бірдеменің жайын айтып қалып жатыр:
— Анау үйде штабтары болған!..
— Анау қызойнақ жасаған үйлері...
— Танкы дивизиясы анау заводтың қорасында болды...
Биік бір үйдің төбесінде үлкен бір жалау желкілдеп тұр. Жалаудың қақ
ортасында аяқтарын тарбайтқан бүйіге ұқсаған бірдеме көрінеді.
Алаңдардағы дарлар, қатар-қатар асылған адамдар сол бүйінің ісі. Ататын
жауың аздық қылмаса да, алдымен сол бүйіні атқың келеді. Үйдің төбесіне
бізден бұрын шыққан əлдекім жау жалауын жұлып алып, біздің алдымызға
қарай лақтырып жіберді. Жауынгерлерім жүгіріп бара жатып, əдейі
бұрылып, бүйіні бір-бір таптап өтіп барады.
Атыс-айқас қаланың батыс жақ шетіне ауды. Таңертеңгі алакөлеңкеде
тізбек-тізбегімен келген ауыр самолеттер қалаға айналмай батысқа қарай
өтіп жатыр. Самолеттің баурына тізіп алған бомбалары да көрініп
қаларлықтай төмен ұшып барады. Анда-санда бір естіліп қалатын
гүмпілдерге қарағанда, біздің самолеттер немістер қашқан жолдарға
түйіліп жүр, қала айқасына қатынасқан да жоқ.
Күн шыға қалалық мекемелердің төбесіне қызыл тулар қайта орнап
қалды. Шығып келе жатқан күннен емес, сол қызыл тулардан жарық
молайып бара жатқандай көрінеді. Шығыстан соққан қатты желмен бірге
толқынданған қызыл тулар солдат жолының бетін батысқа қарай сілтеп
тұрғандай болады.
Енді қалаға шабуылдың артқы қорлары кіре бастады. Танкы лектері
түнде көргенімізден енді көбейіп бара жатқан сияқтанады. Атақты
Сталинград танкыларын көргенде Семен еске түседі.
Көлденең бір көшемен қалың киінгендіктен төртбақ көрініп, аласа
бойлы бала жүгіріп келе жатыр. Екі қолын ербеңдетіп, асығып келеді.
Аяғында өзінікі деуге келмейтін үлкен қара пима. Кейде басындағы бөркін
жұлып алып бұлғайды. Керемет бірдемені хабарлағалы келе жатқаны
даусыз-ақ. Бірдемеге жарап кеткеніне қуанғаны да айқын. Артына қарап
қойып, бізге қарай ұшып келеді.
— Біздің заводқа жүріңдер... Завод сарайында толып отыр. Көп-ақ! —
деді бала, менің алдыма тұра қалып. Əрине, бала үшін өз көзімен
көргеннен артық жақсылық та жоқ, жамандық та жоқ.
— Кім, кімдер толып отыр? — дедім, аптығын баса алмай тұрған
балаға.
— Немістер, аға, немістер! Əкем күзетіп қалды. Мен сіздерге жүгірдім...
— Əкең күзетіп қалса, айрылмас... — дейді Володя, баланың көңілін
жұбатып.
— Тез, тез жүріңдер! — деді бала, Володяға жəбірленген көзбен бір
қарап қойып.
Бала томпалаңдап қасымызда келе жатыр, біз едəуір қираған заводқа
қарай бұрылдық. Терезе біткеннен түгел айрылып, əр жерінен опырылған
завод үйлері тұнжырап тұр. Түтіні жоқ ұзын мойны жараспай, босқа
сораяды. Завод маңындағы құлағың үйренген көп дыбыстың жоқтығына
таң қалғандайсың. Еңбек оты сөніп, еңбек үні тынған.
— Мына бір жерден өте беруге болады, — деп, бала ойылып қалған бір
қабырғадан ішке қарай өтіп кетті. Оның артынан Петя Ушаков өтіп, ішкі
жақты бір шолып алып, бізге қолын бұлғады. Біз де өттік. Завод қорасы
аударылып, құлап жатқан кішкене-кішкене темір вагондар, үйіліп жатқан
темір жаңқалары, ораулы жатқан темір сымдар, жəшікке салып жөнелтуге
əзірлеген жүктер... Қираған терезелер мен опырылған қабырғалар арқылы
заводтың ішіне атжал-атжал қар үйіліп қалыпты. Əр жерде жеңді білектей
жыланға ұқсап резеңке өңештер жатыр. Əр машина орнынан бір қозғалып,
бір жағына қарай қыңыратқи бастаған.
Бала бізге «дыбыс шығармаңдар» деген белгі берді. Бұл сақтық əкесін
көрген соң есіне түскені де айқын. Өйткені, манадан бері өзі сөйлеп келе
жатқан. Сұрғылт тас бағананың қасында тұрған қартаң жұмыскерді көрдік.
Бетіне білеуленіп түскен ажымдар да, киінген түрі де, бурыл мұрты да
оның ескі жұмыскер екенін танытып тұр. Оң қолындағы гранатасымен қарт
жұмыскер аржақтағы бір тас сарайды нұсқады. Əр бағананың, түбінен
қолдарына мылтық, граната, автомат ұстаған тағы төрт адам шықты.
— Ана сарайда жиырма шақтысы отыр... Бəрі де қара шұбар жыландай
киініпті... Қоршаудан шыға алмай қалған болу керек. Осында келіп
тығылды. Біз соларды күзетіп тұрмыз, — деді қарт жұмыскер.
— Сіздер оларды қайдан көріп қалдыңыздар?
— Біз завод партизандарынан құрылған отрядтың адамдарымыз.
Түндегі күзетті завод шарбағының төбесінде өткізіп едік, — деп, орта
жасты жұмыскер алғарақ шықты. Содан соң даусын бəсеңдетіп, — əс-əс
штабын қиратуды партком бізге тапсырып еді. Бүгін кешке тағайындап,
əзірленіп те болып едік, — деді.
Менің қасымда алты-ақ жауынгерім бар, жұмыскерлер төртеу, баламен
бесеу... Мен гранатамды қолыма алдым да жауынгерлеріме де сол белгіні
бердім. Жауынгерлерім де соны істеді. Бала көзін маған қадап, о да қару
сұрап тұр. Мылтығымды балаға құшақтата салдым да: —
— Қашқаны болса, атарсың... Əкеңнің қасында бол! — дедім.
Бала қуанып кетті. Өзінен ұзын мылтықты қып-қызыл болып тоңған
саусақтарымен қапсыра ұстап, бағанның түбіне қалшиып тұра қалды. Қарт
жұмыскер баланың əкесі болу керек, маған алғыс көзімен жымиып қарады.
Сазды шалшықтан аттағандай, кең-кең аттап, дыбыссыз ғана, немістер
жасырынған тас сарайға жақындадық. Ауыр темір қақпасы жабық тұр. Не
істеу керек?.. Қарт жұмыскер сарайдың, шарбағына шығатын баспалдақты
нұсқап, ернін жыбырлатады.
Басқаларды қақпа жақта қалдырып, Толстов екеуміз сарайдың төбесіне
шықтық. Сарайдың төбесіне іштен қатынасатын баспалдақ алынып
қойылған, үңірейіп орны ғана тұр. Көз үйренген соң абайласақ, сарайдың
шарбағында да көп мүлік жатыр. Ауыр жүктерді көтеріп түсіретін жуан
темір арқандар екі жерден сарайдың ішіне түседі екен. Ол жерлерде қақпақ
жоқ, құдықтай үңірейеді. Сырттағы баспалдақтың қақпасына қайта келіп,
тыстағы жолдастарға ыммен сөйлеп, қалай қимылдайтынымызды
түсіндірдім:
— Қазір біз ішке граната тастаймыз, сол кезде сендер де ұмтылыңдар!
Біздің төбеге шыққанымызды немістер де сезіп қалған екен. Мен
сырттағылармен ымдасып тұрғанда іштен бірнеше автомат дүрсе қоя берді.
Əлгі тесіктердің бірінен Володяны атып түсірді ме деп, мен де тез кейін
бұрылдым. Сүйткенше болған жоқ, төбеден тасталған екі граната ішке
түсіп, гүрс-гүрс қатар жарылды.
— Володя! Бармысың? — дедім.
— Гранатаңды əкел!—деді ол.
Мен де бір тесіктен екі гранатаны тастап жібердім, қақпа жақтан да
жарылған граната даусы естілді. Автомат үні тына қалып, буалдыр көк
түтінге аралас ыңырсыған адам үні естілді. Сыртқы қақпа ашылып,
сарайдың ішіне жарық түсті.
— Көтер қолдарыңды! — деген дауыстар біріне-бірі жалғаса шығады.
Сарайдың тас еденінде бес-алты неміс қозғалмастан қалыпты. Бір
қолын қысып алған, бетін басқан, бүйірін басқан бірнешеуі сенделіп ортада
жүр. Автоматтарын тастай беріп, екі қолдарын қатар көтерген он шақты
фашист қақпаға қарай барып қалыпты.
Ең құнсыз адам — қолға түскен жау. Онда ұят-ар дегеннен ешбір белгі
қалмайды. Ол сенің айт деріңнің аржағынан түсіп, ең қымбаттым дегенін
аузына алады. Сондықтан да ете жеркеніш көрінеді.
— Капут! Гитлер капут! — деп, қолға түскендер бір ауыздан зар қағып
тұр.
«Капут» күні əлі алыс екенін жақсы біледі. Бірақ жаны құрғырын
сақтап қалу үшін ұсынып тұрған «қымбаты» сол.
Толстов екеуміз төбедегі тесіктерден арқанмен саумалап сарайдың ішіне
түстік. Жараланған да, оққа ұшқан да бір адамым жоқ екен.
— Ушаков, айдап алып шық! — дедім, Петяға. Петя мылтығының
аузымен нұсқап, немістерге қақпаны көрсетті. Немістер тұтқынға түсіп,
кəнігі болып қалғандай, я болмаса, бұл күйге іштей əзірленіп жүргендей,
екі-екіден қатарланып, секек-секек басып қақпадан шыға берді.
— Қаруларын жинап алыңдар, сарайды қарап шығыңдар! — деп,
артыма қарай бұрыла беріп ем, кеудемнен біреу темір сүйменмен түйіп
қалғандай болды. Атылған мылтық даусын естіген-естімегенімді əлі күнге
дейін анық білмеймін. Тас сарайдың қабырғалары құлап бара жатқандай
болды. Үйілген жүктердің ар жағынан маған тесіле қарап тұрған қара
шұбар жыланның басын көріп қалдым. Ысылдағанын да естігендеймін.
Өзім де құлай бердім, ышқынып атылған автомат даусын да анық естідім.
Бұл кім, Володя ма екен жыланды атып қалған деген ой бұлдыр ғана
елестеді де аяқталмады...
Есімді жинап, көзімді ашсам, манағы қарт жұмыскерге сүйеніп отыр
екемін. Арқамнан қапсыра құшақтап алыпты. Бурыл мұртынан темекі исі
мұрныма келеді.
— Е, міне осылай... Көзіңді аш, балам, — дейді, қоңыр дауыс.
Қарсы алдымда маған үңіле қарап, аузын ашып қалған күйде манағы
бала тұр. Мана бізге жүгіріп келгенде баланың жүзі қып-қызыл еді, қазір
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Қазақ солдаты - 15
  • Parts
  • Қазақ солдаты - 01
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2163
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 02
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2108
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 03
    Total number of words is 4133
    Total number of unique words is 2092
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 04
    Total number of words is 4064
    Total number of unique words is 2142
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 05
    Total number of words is 4112
    Total number of unique words is 2242
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 06
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2201
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 07
    Total number of words is 4110
    Total number of unique words is 2267
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 08
    Total number of words is 4062
    Total number of unique words is 2201
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 09
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 2058
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 10
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2113
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 11
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 2030
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 12
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2154
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 13
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2144
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 14
    Total number of words is 4063
    Total number of unique words is 2149
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 15
    Total number of words is 4032
    Total number of unique words is 2124
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 16
    Total number of words is 4067
    Total number of unique words is 2018
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 17
    Total number of words is 4089
    Total number of unique words is 2187
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 18
    Total number of words is 4047
    Total number of unique words is 2190
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 19
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2162
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 20
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2182
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 21
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2106
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 22
    Total number of words is 3985
    Total number of unique words is 2066
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 23
    Total number of words is 3821
    Total number of unique words is 2014
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 24
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2066
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 25
    Total number of words is 1652
    Total number of unique words is 1004
    41.0 of words are in the 2000 most common words
    55.3 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.