Latin Common Turkic

Қазақ солдаты - 18

Total number of words is 4047
Total number of unique words is 2190
34.6 of words are in the 2000 most common words
49.5 of words are in the 5000 most common words
56.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Осы етікпен Берлинге жетерміз деген ой кейде шын-ақ келіп қалады.
Вася жаңа формалы киімдерін киіп, орден медальдарын жарқыратып
тұрып қаз-қатар тағып алып, сыңғыр да сыңғыр, сықыр да сықыр еткізіп,
ұзын залды өрлей адымдап, отыра алмай жүр. Тыныққан, қырынған, сөз
жоқ, сұлуланып кеткен. Жақында жарығы жымыңдап, музыкасы ыңыранып
жатқан қала бақшасы болса, ендігі кетіп те қалған болар еді. Ол бұл маңда
жоқ... Сондықтан əрқайсымызға бір келіп, ойнақы сұраулар беріп, қалжың
іздеп жүр. Əйелің демей, қатының дегенді де қалжың туғызу үшін, маған
əдейі айтты.
Васяның əшейіндегі жинақтылығы бəрімізге де мəлім болғанмен қызу
үстінде ескі ботинкасын шығарып тастауды əлі ұмытып жүр. Тұмсық жағы
қыс бойы қасқыр кеміріп шыққандай ескі ботинкасының түсі сары болған
ба, қара болған ба, əлде тіпті ақ болған ба, оны қазір ешкім айыра алар
емес. Шөлдеген бақадай аузын ашып, маған қарап қатарласа қойыпты.
«Ескерткіш етерсің, өзіңде қалсын» деп, бұл ботинканы біздің шаруақор
старшина да алмай қайтарған.
— Ботинкаларыңның қарны ашып тұр білем, Вася... Бірдемені асатып
жіберсеңші, — дедім, қалжың іздеп жүрген жолдасыма. Вася кілт еңкейіп,
ботинкаларын алып, далаға шығып кетті. Бұл күнге дейін киіп келген
киімінен енді өзі де жеркенетіндей, саусақтарының ұшымен ғана ұстап
барады. Бала кезімде үйге кіріп кеткен бақаны шығарып тастарда мен де
осылай ұстайтын едім.
Васяға осылай бір «тойтарыс» беріп тастап, мен Гуляның хатына қайта
үңілдім. Васяның қалжың сұрауынан кейін, хаттың əрбір сөзі жан-жаққа
өре жөнелген құмырысқадай бытырап, ешбір сөздің мағынасын ұстатпай
қойды. Əрбір сөз: «Ие, осы сенің əйелің қайда?» деп тұрғандай көрінеді.
Шынында да менің əйелім қайда осы?.. Ақбота енді менің əйелім
екендігіне біржола сенген сияқтымын. Бұрынғы бойдақ күндегідей емес,
мінезіме де салмақтылық кіріпті. Үй жақта, ел жақта не жай болып жатыр
екен деп ойласам, Ақбота да есіме бірге түседі. Хатын алғанда болмаса,
басқа уақытта Ақботаны ылғи елмен бірге алам есіме.
Ақботаның менің əйелім екендігін жолдастарым да біржола дəлелдеп
сендіріп қойды:
— Бəрекелді!.. Мынадай хат жазған адам əйелің болмай, кімің болушы
еді!
— Мұндай сөздерді тек əйелің ғана жазады, əрине Факт!.. — деседі.
Жолдастарымның ішінде менен басқа үйленгені де жоқ. Əйелінің еріне,
ерінің əйеліне хатты қалай жазатынын көзімен көрген де біреуі жоқ. Сонда
да мұндай хатты əйелің ғана жаза алады дегенде бəрі де үйлі-жайлы
болатын адамдардай сеніммен айтады...
Шешем де менен гөрі Ақботаның жайын көбірек ойлайтын сияқты.
— Ер балаларға соғыс деген немене, Ақбота байғұс қайтып шыдап жүр
екен?.. Байғұс балаға жұмыстың бір ауыры кездеседі ылғи...
Маған Ақботаның адресін жібергеннен кейін, ендігі мен барып та
қайтқан сияқты көрінсем керек. Болмаса, екеуміз бір жерде жүргендей
көрінетін сияқтымыз. Ақботаны маған аманаттай тапсыра келіп:
— Сүт құйған қою шайды жақсы көретін еді... Соғыста айран мен
қымыз қайдан болсын... Əйтеуір жылы жақта жүрміз дегендеріңе
қуанамын, — дейді.
Екеуміз де бір соғыста жүрген соң, апам Ақбота екеумізді колхоздың бір
бригадасында жүргендей де көріп қалады... Бұл ойын мен де бұзғым
келмейді, əйтеуір көңілі тынышырақ болсын деймін. Ақботаның хат
жəшігінің номерінен басқа еш нəрсе білмесем де шешемнің ойына қобалжу
кірмесін деп, екеумізді екі жерде жүргенімізді əлі ашып жазған емеспін.
Жаңағыдай «нақты» тапсырмаларына: соғыс болған соң, шыдайды да деген
сияқты жалпылама жауап беріп келдім...
Вася қайтып келді де:
— Гуля не жазыпты? — деді.
— Сəлем айтыпты...
Енді Вася өз тумбочкасына барып, теріс қарап отыра қалып, оң иығы
бүлк-бүлк етіп, бірдемені тез-тез жаза бастады. Əрине, тоғыз айдан бері бір
хат жазбағанына ұялып, Гуляға хат жазып жатыр. Сəлем айтыпты дегенімде
сонысынан қызарып та кетіп еді, енді соны аршығысы келеді.
— Ферғана каналының қандай болып шыққанын көрдің бе Көрдің ғой,
ортақ старший сержант? Көрдіңдер ғой? — деп, елеуреп айнала қаранып,
бізге жаңадан қосылған жауынгер Самед Абдоллаев тыпыршып тұр.
— Əрине, көрдім, — деп мен Самедке қарадым. — Соғыс уақытындағы
ұлы еңбектің бірі екен!
Соғыстың ауыр кездерінде аяқталған Ферғана каналын кинодан бəріміз
бірге көріп едік. Мақта егісінің түсімін арттырып, жоспарын артығымен
орындап шығуға берген өзбек халқының анты да көрсетілген екен. Самед
туған елінің ерлігін жолдастары тағы бір еске алып, тағы бір мақтау айтса
екен дегендей болып тұр:
— Ұлуғ ант, ұлуғ ант! — деп бастады да, жастарымыз жастығымен
кəрілеріміз аппақ сақалымен берген ант! — деп аяқтады.
Мен Самедтің ойына түгел қосылдым да, өзім де мақтанғым келіп кетіп:
— Біздің Қарағанды қазір Донбасс ағасының орнын басып тұр!
Қазақстанның мысы мен қорғасынына теңелер жер дүние жүзінде бірдіекілі ғана екен! — дедім.
Теріс қарап, хат жазып отырған Вася кенет бұрылып:
— Тексерілуі бітсе, ешбір теңдесері болмайды! — деді.
Самед енді елеуреуін қойып, балаша жымиып қасыма келді де:
— Мақұл, ортақ Костя! Ешкім теңдесе алмас болғаны мақұл! — деді.
Осыған үнсіз серттескендей қол алыстық.
Васяның хаты шығыңқырамай отырғанын мен манадан сезіп отырмын.
Қарындашы тақтай тумбочканы шегелеп жатқандай тақ-тұқ жорытқанмен
екі-үш тарақ қағазды уқалап-уқалап еденге тастады. Поэмасы, я болмаса,
романы икемге келе алмай отырған ақын мен жазушы тап қазіргі Васяға
ұқсайтын сияқты көрінеді. Асығыс тықылдаған қарындаш, «ыс!» деп
қалған қалам, айналаң жапырақ-жапырақ ақ қағаз...
— Əлгі жаңа салынып жатқан завод жайында не айтыпты? — деді Вася,
орындығының төрт тұяғымен еденді сықырлата сызып, маған бұрылып.
— Бітіруге жақын қалыпты...
Гуляның хаты екеумізге бірдей арналып жазылса да, мен əлі өзім де
айрыла алмай, Васяға бере алмай отырмын. Хат оның қолына бір көшсе
болғаны, ол да маған қайтармайды. Өйткені, оның ішінде «өндіріс
мəселелері» бар...
— Əлгі бір əйгілі металл табылған жердің аты немене еді? — деді Вася.
Бет-аузы қызарып, көзіндегі манағы ойнақылық сөніп, əдемілеп тарап
қойған күрең шашының арасына саусақтары да талай барып қайтқаны анық
көрініп тұр. Уқаланған тарақ қағаздардың саны да көбейіп кетіпті... Көрші
бөлмеден біреу дамылсыз тықылдатып жатқандай, манадан бері қарындаш
та тыным тапқан жоқ.
— Қазір айтайын, — дедім, өзім де бірден есіме түсіре алмай қалып.
— Бірдеме деген өзен болу керек маңайында, — дейді Вася, менің есіме
тезірек түсіргісі келіп.
— Біреу емес, үшеу еді ғой... — дедім, əлі де аттары есіме түсе қоймай.
— Үш өзен бар ма еді?
— Жоқ, əйгілі металл табылған жер үшеу... Гуля солай демеп пе еді!
— Ту — деп, Вася қынжылып қалды.
Вася, əрине, Гуляға жүректен жарып шыққан сөздерден құралған, ішітысы бірдей əдемі келген хат жазғысы келеді. Қарағандының болашақ
инженері үстірт те болса, Қарағандының байлықтарын мадақтағысы келеді.
Түптеп келгенде, Гуляға арнайтын əдемі сөздері ұмыт қалып, геологиялық
лирика болып шығуы да мүмкін...
Жарқыратып таққан ордені мен медальдары сыңғыр-сыңғыр етіп, Петр
Ушаков қайтып келді. Майданда көбінесе тұнжырап жүретін Петяның қазір
басындағы пилоткасы да ыржың қағып тұрғандай.
— Кергітіп тұрып, ірі планға түсіп қайттық! — деді Петя, қалай
түскенін бар бейнесімен қайта бір көрсетіп, тұра қалып. Қара мұртының
астынан қаз-қатар тізілген ақ тістері де көрініп тұр, езу тарта əдейі тістерін
де көрсетіп түскен сияқты суретке.— Бар, Вася, сені де ірі планда түсіруге
шақырып жатыр!
— Ірі планда түскеніңді қайдан білдің! Кино аппаратының ішіне кіріп,
көріп шықтың ба? — деді, азырақ қызып отырған Вася Гришин.
— Қайдан білдің!.. О да сөз бе екен?.. Оператордың өзі айтты! Əрбір
орденің алақандай, гвардиялық белгің ат табанындай болып шығады деді!..
Бұл жігіттер бүкіл Отанға ірі планда көрсетілуге тұратын адамдар!
Киноға түсіріп алуға келген адамдарға біздің бөлім əшейін ұсынылған жоқ,
мыңдардың арасынан атап көрсетілді. Ерекше бір топ едік десек, онымызда
бойға сыймастық еш нəрсе жоқ та еді.
Қырық үшінші жылдың бірінші түнінен бастап, дəл осы
демалысымызға дейін əр кезде шабуылдың алдында болып келдік.
Шегінген кезде артта болсақ, шабуыл кезінде ылғи алдамыз. Жаяу да
жүрдік, машинаға да міндік, танкіге де міндік, керек десеңіз, жау
танкысыне да міндік. Бір кезде шапқан жауға қайрылып қарсы ұмтылсақ,
енді қашқан жауға ең бұрын жететіндердің ішінде келдік.
Қырық екінші жылдың толассыз кейістіктері қазір ұмытылып артта
қалды. Өйткені, қырық үшінші жыл кесек бір уақиғалармен басталып кетті
де, сол екпін əлі өсумен келе жатыр.
Атақты қырық үшінші жылдың жаңа күні əр бұлтқа бір жасырынбай,
отты кірпіктерін ұзын-ұзын найзадай етіп бұлтсыз таза аспанға сүйей,
Кавказ қырқаларына бір-ақ шығып қалғанын көрдік. Қалай сүріне, жасалажөнделе қашқан жаудың өлімтігінен аттап өтіп келе жатып:
— Жаңа жылың құтты болсын қарт Кавказ! — деп айғайламаған солдат
болған жоқ. Күміс жоталары күнге шағылысып, жүзі жадыраған құз Кавказ
əрбір солдатқа — осы беталысың баянды болсын! — деп тұрғандай еді.
Таңертеңгі көгілдір аспанды шоқтығымен тіреп тұрған ақбас Эльбрус
сол күнімізден көзін жазбаған əділ куəміз. Ұзақ тарихтың куəсі алып қарт
сол күнге теңерді көрді ме екен?.. Кавказдың əрбір қатпарына құртша
үймелеген жау қолын найзаның ұшымен түйреп алып, етекке қарай
құйындай қуып түсірдік. Жау қолы айлар бойында өрмелеп жеткен жерінен
бір күнде сыпырылып түсті. «Кавказ қарқыны» деп аталып кеткен сол
екпінмен əлі келеміз!..
Жаңа жылға кірер алдында, біз болған мен болашақтың шекарасына
жақындай бір халде едік. Сталинградты қоршап алған жау қолын сыртынан
қапсыра темір құрсау салынып қалды. Артқы күштерінен ажыраған жау
болат қоршауға алынды да, бар қақпа біржола жабылды. Бұл солдат
ойының оңай ұғатын нəрсесі. Сталинградқа кірген жыланың басы əлі тірі
болғанмен арт жағы темір табанның астында еді. Бір кезде, бар күшін
бойына жинап, жиырылған Москва бұл күндерде шірене серпіп, майдан
етегін батысқа қарай желпіп жіберген.
Жаңа жылды біз майор фон Крюгердің штабында өткіздік, яғни жаудың
штабында өткіздік... Бұрынғы паңдықтан баяғы əсемдіктен айрылып қалған
алты офицер бір жерге ғана ұйлығып, шамасы келгенше сыпайы отырды
да, біз дайын тұрған арақпен жаңа жылды қарсы алдық.
Солдаттардың тым құлдырай құлап бара жатқан рухын көтеру үшін
майор Крюгер жаңа жылды қарсы алуға ақтық өнерін салған екен. Фашизм
армиясы Кавказ белуарынан төмен құлағанда, солдатының, рухы бірге
құлағандығын біз əр түрлі белгіден танығамыз. Солдат рухы деген ең күшті
қару ғой, ол қолдан түсіп кетсе, автомат оның орнын баса алмайды. Əлде
бұл ақтық көрер жаңа жылы боларын сезінді ме, əлде шығыс майданы
ұзамай қайта күш алады деген жоғарғы жағының ағаш жағалтайларына
сенді ме, əйтеуір, бізді кернеп тұрған ашу мен ызаны қайната түсейін
дегендей, Крюгер мырза жаңа жылға көрнеу ерсі əзірленіпті.
Күн батысымен-ақ қызылды-жасылды ракеталар айсыз аспанға
шапшып атылып, қызылды-жасылды жарқырап оқтар жұлдыздай ағып бір
тоқталған жоқ. Өздерінен бұрын оқтары мас болғандай, тап бермеген келіп
тақалып тұрған бізде оқтарының да жұмысы жоқ, аспанды шимайлап,
есірген сонадай жоғарыда зуылдап жүр.
Кеше бұлар «Катюшаның» қосарлана, қанаттаса соққан отынан ыршып
етекке түсіп еді. Қосақтала-топтала, жалт-жұлт ұшқан «Катюшаның»
оқтары көп көкжалдың үйіріндей жөңкіліп, жосылып бергенде, бет
қаратқан жоқ. Бүгін, міне, мəз-мəйрам, жаңа жылды қарсы алудың от
жалынды белгілерін беріп жатыр. Мұндай мінезге қашқан армия түгіл,
қуып келе жатқан армия да бара бермейді.
Жаудың мұндай мінездеріне ызаланып кететін Петя сол əдетінше:
— Бұлары мазақ па, өжеттік көрсету ме? — деді кіжінген үнмен.
— Менімше тұтқынға түскілері келеді. Əйтеуір құтыла алмайтындарын
білген соң, мейрам күні тұтқынға алынған, ашылған абыройды мастықпен
жапқылары келеді. Бəс тігем осыған! — деп Володя өршеленді.
Мен екеуіне де қосылғым келмей:
— Бұл румын, венгер бөлімдері емес, — дедім.
— Иə, нағыз ақ кірпік фашистердің өз дивизиясы, мынау майор
Крюгердің штабы.
— Онда қалай деп ұғынасыз?
Біз осылай таласып тұрғанда қасымызға Ревякин келіп жорамалын
айтты:
— Кешегі күнге дейін жеңіспен келеміз деп білетін Крюгер мырза бір
күнде өзгере қалмаған шығар, жолдастар. Жау қолына жаппай толқу кірген
жоқ əлі, — деп, қортынды ретінде бір пікір айтып аз кідірді де: — Берлин
биылғы жаңа жылды былтырғыдан гөрі де басым мейрамдамақшы.
Сталинград алынды, Кавказға табанымызды біржола тіредік деп Геббельс
суайт күнінде үш рет хабарлап жатқан жоқ па!.. Крюгер мырза жаңа жылды
Берлин қалай мейрамдаса, солай, «жеңіспен» мейрамдамақ шығар, — деді.
— Жə, Берлин жалпы рухты көтергісі келсін, мынанікі предательство
емес пе! — деп, Петя Ревякинге қайта-қайта қадалды.
— Ие, өздері үшін предательство.
Түннің қоңырлана түсуің мейрамның қыза түсуін күтіп, Кавказдың көп
қалтарыстарының бірінде отырған жауынгерлер біраз уақыт предательство
жайын кеңесіп кеттік. Біраз қауымдар үшін бұл өте көп жасағандықтан
ескіріп, тозған түсінік екен. Көп қолданғандықтан бой əбден үйреніп, енді
жан ыршымайтын болса керек. Біздің жаңа қауым үшін бұдан жеркеніш сөз
жоқ. Сондықтан біз бұл сөзді танкыге бара қоймаған иттерімізге де
айтпайтын едік.
Менің ойыма қазақ тілінде осы сөздің атымен жоқтығы түсіп кетті.
Əрбір сөз өмірдің керегінен туса, біздің тілде «предательство» деген сөздің
өзі түгіл, мағынасын дəл аңғартарлық айырбасы да жоқтығына қуанып
кеттім. «Сатып кетті», «айнып кетті», «айырбастап кетті» деген сөздер,
əрине, ол емес. Оның үстіне бұл сөздердің өз төркіндері көрініп тұр. Бəрі
де сауда маңынан табылады. Кейбір сөздердің жоқтығына қынжылсаң,
бəлемен бірге туған сөздердің жоқтығына, я болмаса, аздығына қуанасың
да. Мен осы ойларымды Ревякинге айттым:
— Қазақ тілінде «предательство», «измена» деген сөздер жоқ! — дедім.
— Шын жоқ па?
— Шын жоқ!
— Тамаша екен мұнысы! Жоқ болса, жоқ болсын! Ендігі өмірімізде
керегі де болмас! — деп, Ревякин əр кездегі əдетінше жалпы қорытындыға
тартты.
Терең жыраның түбінде, үстіне үлкен сұр палатканы жамылып алып, екі
иығы кезек бүлкілдеп жатқан Мирошник тұра келді. Шырт етіп қол
фонарының сөнгені де естілді. Уқаланып, жұмсап қалған картасын
сумкасына салып жатып:
— Сарталиев, деревняның хал-жайын бір шолып қайтыңдар! — деді.
Крюгер мырза жаңа жылды қарсы алайын деп жатқан деревнядан біз
шегінгелі бір-ақ ай болып еді. Бір жетіге созылған итжығыс айқастарда он
шақты ғана үйдің бірді-екілі қабырғалары сау қалған еді. Қазір олардың да
біразы өшкен екен. Суырып алынған өңештей сорайып пештің қара күйе
шалған мойындары тұр. Қиып салынған ағаш үйлер тас-талқан болғанда,
қара шаруаның қалай болса солай үйе салған пештері көбінесе сау қалады.
Соғыста жиі кездесетін бір таңырқарың да осы.
Əрбір кесек тасының қалай жатқанын жақсы білетін деревнямыз көп
тексеруді де керек еткен жоқ. Бар өмірі алақандағыдай ұзын көшенің
бойында еді. Сау қалған қабырғалардың солтүстік бетінде асып қойған
электр фонарьлары жарқырайды. Ракета жарығында ереуілдеген адамдар
көрініп қалады. Бар мінезде мастық, қолды бірақ сілтеп қалып, мейрам
қызығына беріліп кеткендік бар. Біздің Мирошникке əкелген хабарымыз да
осы болды. Онсыз да алақанында тұрған жайды Мирошник те тəптештеген
жоқ.
— Жарты сағаттан кейін біздің жақтың оттарын көресіңдер... оған дейін
əзірленіп алыңдар! —деді Мирошник. Айтылған жарты сағаттан кейін біз
біріне-бірі қарама-қарсы келетін екі нəрсені көрдік. Бөлімшелерді өздері
бастап, командирлеріміз жорыққа жөнелгелі жатыр. Қиын бір жорыққа
аттанардағыдай бар нəрсені қайта-қайта тексеріп, қатал əмір беріп жүр. Оң
жағымызда жаңа келіп орналасып жатқан бөлімдер бары байқалады.
Сонымен қатар, етек таулардың үш жерінен біздің жақтың мейрам оттары
жарқылдай бастады. Жау отына жауап бергендей, қызылды-жасылды
ракеталар əлсін-əлсін атылып жатыр. «Жаңа жылды біздің штабтар да
осылай қарсы алғалы жатыр ма?» деген дүдамал ойлар келіп қалады.
Мейрам емес, қақпан шығар деп тағы ойлайсың. Менің бөлімшеме Ревякин
қосылып, деревняның батыс жағын орап кеттік. Мирошник бастаған екінші
бөлім жырадан шыққанша бізге еріп келе жатты да, бір жерде тік бұрылып,
деревняның оң бүйіріне қарай кетті. Бөлек-бөлек, жеңіл-жеңіл топтар
деревняның əр тұсынан қадалуға кетіп барады.
Ревякин анда-санда сағатына бір қарап қойып, бізді деревняға тым
жақын алып келіп еді. Оқ айқасар жерге келіп қалдық, Бірақ Ревякин
əлдененің сөзсіз болатынына сенген адамдай, ығыспай, шүбəланбай, əлі
ілгері кетіп барады.
Алғашқы үнін əдейі үшке бөліп «та-та-та, та-та, тат!» деп Мирошник
бөліміндегі пулемет белгі бергенде-ақ командасын беріп қалды. Тұс-тұстан
уралаған дауыстардың біразы бізбен қанаттаса жақын шығады да, біразы
əлі алыста екені байқалады. Жүгірген адамның қозғалысымен дауыстар да
солқылдап, біресе ойға түсіп кеткендей, біресе қыр басына көтеріліп бара
жатқандай естіледі.
Өзгені былай қойғанда, солдаттың белінде белбеуі болмаса да ол толық
солдат емес. Бүгін бар ойлары мейрамға ауысып кеткен фашистер бұл
жолы түк қарсыласа алған жоқ. Əрбір үйілген боқтықтың түбінен құлаған
қораның іргесінен қолдарын көтеріп тұра келген жау солдатында бұдан екі
ай бұрынғы ұсқын да қалмаған екен. Бастарын екі тізенің арасына тығып,
қолдарын көтереді. Автоматын шошайтып, сені атқалы отыр ма деп қалсаң,
ол шошайған қол болып шығады. Бұлар Кавказ беліне өрлей бастағанда əлі
айбынын жоғалтпаған еді. Кавказдан сырғи домалап құлап түскенде сол
ұмар-жұмардың ішінде айбын да кетіп жоқ болған сияқты. Бұған дейін нені
құдірет көрсе, енді сонысын ақысыз-пұлсыз аяғының астына тастай береді:
— Гитлер капут! Капут!
Бұлары енді баяғы «Тəуфиқ-бей!», «Тəуфиқ-бей!» сияқты құнсыз
естіледі. Бұл «капутты» бұдан алты ай бұрын айғайласа, мүмкін, біз де
қымбатырақ бағалаған болар едік. Қазір біз бұл соғыстың соңғы ноқатын өз
қолымыздан қойып қана тынатын сенімді белге шығып алған кезде ол
бағаны бере алмасақ керек.
Биылғы фашист солдаты былтырғы ожарларына өте аз ұқсайды. Не біз
ол ожарларын біраз қырып тастадық та, не болмаса ожарлық мінездерінің
басылатын уақыты жетіп қалды. Аптығы басылып, енді ойына үрей орнап,
күн санап күшейіп барады. Əрине, мұның, екеуі де бар. Қырдық та,
аптығын да бастық, үмітсіздік, үрей де кіргіздік ойына. Европа мен
Африкадан əкелген менмендік, енді өлімсіреп сөніп барады. Жаңа дүние
жаңа сабақтар берді. Біздің майданда бұл жай атақты қырық үшінші
жылдан басталды.
Сонымен жаңа жылды қарсы алар шекарада майыстырып əзірленген
үлкен столдың төрінде аға лейтенант Андрей Мирошник отыр. Сау қалған
екі қабырғаның ығына «ұйымдастырылған жаңа жыл столы» фонарь
жарығында құлпырып, қол бұлғап тұрғандай болады. Опырайып қалған
үлкен пештің аузында ұйлығып қана алты ұзын сирақ неміс офицерлері
отыр. Былтырғыдай емес, паңдық жоқ. Мойынсұнғандық бар. Жалпы
адамның əдеті бойынша үй маңайын сағалапты демесек, бұл маңайда үйге
ұқсарлық еш нəрсе қалмаған. Бұрышынан сөгіліп, шалғайласып кеткен екі
қабырғаның бірі ғана сау, екіншісі едəуір күйіп барып сөнген. Үйдің төбесі
де жоқ.
Ұзын сирақтарын шама келгенше баурына қарай қыса түсіп, алты
офицер шамалары келгенше сыпайы отыр. Молтақ тұмсығын офицерлерге
тосып, екі келте мұрын автомат төніп тұр. Автоматтардың қара танауына
көздері түсіп кетсе, офицерлер жүздерін тез бұрып əкетіп, біріне-бірі
ығысыңқырап, сығылысыңқырап қояды. Əрине қарсы алдыңнан автомат
төніп тұрғаны өте бір көңілсіз нəрсе... Алты офицердің ортасында əлі қыры
сынбаған фон Крюгердің өзі отыр. Бұл өзгелерінен гөрі əлі де өзін жоғары
ұстағысы келеді. Мирошник оны əдейі елегісі келмей, бірдеме сұрағысы
келсе, басқаларынан сұрайды. Крюгер мұндай елемеушілікке жəбірленіп,
бірталай уақыт қыр көрсеткен ірі мінезбен отырды. Бойындағы қарулары
мен қалтасындағы қағаздарын алғанда, мен де оны еркінірек дөңгелеттім.
Жарықтан алысырақ тұрып қалса, еріксіз ілгері бастырып, тым алғарақ
басып қалса, кейін шегіндіріп қойып:
— Əйтеуір қолыңды көтерген екенсің, дұрыстап көтер! Неміс офицері
соны да білмей ме? — деп, зекіп те қалдым.
Енді ол елемей қойған Мирошникке шағым көзімен қарай бастады.
Мирошник оны тіпті елейтін емес, стакандарға əдейі сыңғырлатып, əдейі
баппен мөлтілдетіп арақ құйып жатыр...
Қараңғы көшеде поезд күткен адамдардай ығы-жығы болып, неміс
солдаттары отыр. Отырыс-тұрыстағы солдатқа лайық айқын қозғалыстарды
бəрі де ұмыта қалып, босқын түріне көшіпті. Белбеулерін шешіп, бəрі де
желбегейленіп, иықтарына бір-бір түйіншек байлап алған. Тұтқын болып
армандарына жеткендей, мүсəпірлікке біржола мойын құйып, шама
келгенше тұтқынға ұқсағылары келеді.
— Біз бүгін бір оқ шығарған жоқпыз...
— Өз еркімізбен тұтқынға түстік...
— Өздерің көрдіңдер, автоматты лақтырып жіберіп, қолымызды
көтердік, — деп гу-гу етеді. Көздерінде жалыныш қана қалған.
— Біз енді жау емеспіз қару тасталды — жаулық та бітті... Енді бізге
тұтқынның міндеті мен правосын айтыңыз! — деп, көп дауыстар қатар
шуласып, бес-алты солдат Вася Гришинді ортаға алып тұр.
Абайсыз қарағанда, екі қияға бітер дейтін мінездер көбінесе бірге
бітеді. Рақымсыздық пен қорқақтық, менмендік пен жалыншақтық сияқты
мінездер шындап келгенде бірі биік қияға, бірі төмен жыраға бітпейді, егіз
өседі. Кешегі рақымсыздар, кешегі менмендер Васяға жалынып, айналыптолғанып тұрғанда, құйрығын бұлғаңдатып, бар денесімен бір ғана сипап
қалуды жалынып күтіп тұрған ит сияқты еді. Сондағы сұрайтындары ар да
емес, намыс та емес, бір ғана құнсыз жаны!
Жансауға сұрау сияқты оңай ойдың өзі бұларға енді ғана түсті. Бұл
күнге дейін бұлар біздің елдің төрі демей, босағасы демей ластап келген
айуандар. Жас жандар шырқырағанда, ақ сақалдардан жас шұбырғанда,
бұлардың құлағы оны естіген жоқ, көздері оны көрген жоқ. Қала мен
колхозды талан-таражға салғанда, біреудікі-ау деген жоқ. Адам баласының
бір аяры жас қыз, адал жар болса, ондайды бұлар білген жоқ. Енді міне,
өздері жалынады, бірақ адамша емес, итше қыңсылап жалынады. Салтақсалтақ, жирен сақал бір ұзынтұра Петрдің бір оң жағына, бір сол жағына
шығып, неше баласы барлығын түсіндіріп жүр. Қолын жерден жарты
метрдей көтеріп, баласының бойын көрсетіп:
— Айн!? — дейді. Петрдің зығырданы қайнап, денесі дір-дір етеді.
Ұзынтұраның онда жұмысы жоқ. Енді қолын жерден бір метрдей
көтеріп:
— Цвай?! — дейді. Қолын тағы да жоғарырақ көтеріп, — драй?! —
дейді.
Ызасы қайнап жүрген Петр шалқая беріп, жерден бір метрдей көтеріліп
алақаны төмен қарап тұрған қолды сарт еткізіп теуіп жіберді. Қол серпіп
жоғары көтерілді де ұзынтұра сол екпінмен шалқасынан түсті. Əлдекімнің
фонарь жарығынан қайыстай жылтыраған кір тізелері көрінеді.
— Командирлер, бері келіңдер! — деген Мирошник даусы естілді.
Арақ құйған, стаканды жоғары көтеріп, Мирошник бізді күтіп тұр екен:
— Қане, жолдастар, Москва сағаты қазір он екіні соғады. Құлақтарына
Кремльде соқтығысқан жеңіс бокалдарының сылдыры келсін. Бокалды
кіммен бірге көтеріп тұрғандарыңды көз алдарыңа əкеліңдер! Алыңдар!..
— деді Мирошник.
Таң соғыс үстінде де саспай атады. Біз ілгері жүріп кетуге қанша
асыққанмен əуелі жарқырап Есек қырған көтерілді. Одан кейін мөлт-мөлт
етіп Шолпан келе жатты. Шолпанның серпе тастаған етегіндей, сарыала
жібек таң білінді. Бұл күнге дейін бар дүние соғыс лебіне бағынышты
сияқты көрініп кететін еді, жоқ, оным қате екен. Дүние көркі өз орнында,
өмір үні соғыс үстінде де бар күшімен естіледі.
Сол таң атқалы біз кідіру дегенді көрген жоқпыз. Ылғи алға тартып,
Кавказ қырқаларынан ұзай бердік. Ақ жамылған қыс та артта қалды. Кавказ
құламасының алқызыл жайқалған жазғытұрғы əсем шағы да артта қалды.
Сталинград қазір жаудың түсіне де кірмеуі керек, кіре қалса, шошып
оянатын болар.
Содан кейінгі біздің бір тоқтаған жеріміз — аямпаз қыз Меридің
жаралы Грушницкийге қолынан түсіп кеткен стаканын əперген бұлағы еді.
Бірақ біздің ішімізде Печорин де жоқ, Грушницкий де жоқ. Біздің заманның
батырлары да, қыздары да басқа. Ескі заманның ерлері ақын арқылы көз
алдыңа бір ғана елестеп кетеді де, өз қасыңдағы ерлерден ығысқандай,
лезде жоқ болады. Танкылармен құр қол алысқан ерлер, машиналардан
жаяу озған ерлер теңдесерін өз заманынан ғана табатын сияқтанады.
Киноға ірі планда түсіріп алу үшін шақырылып жатқан Петр Ушаков,
Василий Гришин, Владимир Толстов, Самед Абдоллаев біздің заманның
батырлары еді!..
5
Вася суретке түсуге барғалы орнынан тұра берді. Гуляғa хат жазу үшін
қиналғаны сонша, екі қабақтың ортасынан тура түскен бір сызық пайда
бола қалыпты. Манағы əсем таралған шаштары үрпиіп, көз жанарлары
сөніп, суретке түсіретін бейне қалмаған.
Əрине, əйелге хат жазу деген қиын нəрсе... Əсіресе, көптен бері қалам
орнына қолына мылтық ұстап жүрген адамға қиын. Оның үстіне қарайып
қалмадым ба деп, өзің де сезіктене бересің. Еденде бұрқырап жатқан
жапырақ қағаздар Васяның бар азабын түгел көрсетіп жатыр. Осы бойымен
суретке түсуге барса, Вася бір ажарсыз жігіт болып шығуы мүмкін. Мен
ішкі қасиеттің қандай екені сыртқа да белгі беріп тұрады деп сенетін
адаммын. Сондықтан іші-сырты бірдей сұлу жолдасымның болмашыдан
ажары сынбасын деп, екеумізге жазылған Гуляның хатын қолына ұстаттым:
— Мə, сен сақта... «Əйгіліні» де сен ал, металды да сен ал!.. — дедім.
Вася хатты көзін жүгіртіп бір ғана шолып өтті де, жадырап сала берді.
Шашын жалт-жұлт тарап, көздері күлімдеп, билей басып, маған көзін бір
қысты да, шығып кетті.
Сергей Астахов бұл демалыс күндерін таусылмайтын бір азаппен
өткізіп келеді. Қашқан жаудың осы маңнан табылған көп қоймаларының
бірінен Сережа бір жолы əртүрлі бояу, бір бума кенеп құшақтап əкеліп еді.
Болашақ землемер қазір сурет салып əуреленіп жүр.
Сережаның суретшілікке бейімділігі землемерлер техникумына
түскеннен кейін байқалған екен. Бірақ екі қарындасы, бір інісі, жарымжан
шешесі жалғыз осының қолына қарап отырғандықтан техникумды тастап,
суретшілікке ауысып кете алмаған. Қазір соғыс барын да, өзінің солдат
екенін де ұмытып, суреттен басын көтермейді. Отыз шақты солдат жатқан
кең бөлменің бір бұрышын қып-қызыл ала бояумен суретке толтырып
жіберді. Өзі едəуір жүдеп те кетті.
Кейбір жолдастар бояу исін ұнатпаса да, көпшілігіміз ылғи қолдап,
мақұлдап келдік. Мұртын тікірейтіп старшинамыз кіріп келіп, бұл
немененің исі деп сұрай қалса:
— Терезені ашып едік, даладан келді... Осы бетте бір шіріген өлімтік
жатқан болар... — дейміз.
Өйткені, Сережа біздің ерекше бөлімнің басынан кешкен соғыстың
тарихын сурет арқылы жасап шықпақ...
Сережа салған бірінші суретті полк командиріме тарту еттік. Ол сурет
немістердің Кавказдан қашқан бір кезеңін көрсетуге арналған еді. Етек
таулардан құлай созылған кең далада үсіген асқабақтай өңсіз, сұрғылт
темір қалпақтар шашылып жатыр. Əр қалпақтың маңдайында өлім белгісі
— тарбиған қара бүйідей көрінетін свастика. Суреттің дəл бергі алдында
көзі үңірейіп ішке түсіп кеткен бір немістің басы жатыр. Үлкен қара құзғын
тұнжырай қарап басқа төніп отыр. «Мен шұқитын тағы бір көзің қалған
жоқ па?» дегендей, сенбей қарайды.
Бас пен құзғынға үрке қарап, бір топ жаяу, жау əскері өтіп барады. Бұл
топтың қазіргі шошынғаны артынан қуып келе жатқан біздің əскер емес,
осы қара құзғын сияқты. Немістің əр солдаты өзі де осындай күнге
кездесерін сезіп, шошынып қалған. 1812 жылғы Наполеон армиясының
қанын көрсететін бір суретті еске түсіреді. Бірақ бұл қазіргі босқындарды
дəл елестететін сурет еді. Полк командирі Сережаға үлкен алғыс айтып,
суретті қабылдады.
Сережа қазір екінші суретін салуға кірісті. Володя Толстов суретшінің
желкесінен төніп, сын айтып тұр:
— Мынауың немене өзі? Күн орнына жез леген тау орнына итарқа
салғанбысың? Мұның аты символизм болады, жолдас суретші! — дейді
Володя, ең бір шетін жерге жабыса сынап.
— Символизм?..
— Əрине!.. Екінші, таңертеңгі күн шұғыласы əуелі таудың қырқаларына
түсер болар... Ертемен қырқалардың өркешіне найзағай жарқылы ілегіп
қалғандай, жанып туратынын талай-ақ көрмеп пе ең? Бұл кезде тау
аңғарлары əлі қара көлеңке тартып тұнжырап тұратыны қайда?
— Бұл сыныңды қабылдаймын. Таңертеңгі мезгілді өзімше алып
кеткенім рас екен. Бірақ символизм дегенің артығырақ қой деп ойлаймын,
— дейді Сережа қысыла бастап.
— Артығырақ деп ойлаймын? Ендеше, бері қара, менің əр бояуыңның
нені айтып тұрғанын көрсетіп берейін! — деп, Володя сыңаржақ
сыншының қызуына қарай бой ұрып барады. Бірі кəдуілгі сынға түскен
суретші, бірі кəдуілгі сыншыға ұсап, бірі қысылғаннан қызарып, бірі
қызғандықтан қызарып барады.
Сережа рақымсыз сыншыдан қорғау тілегендей, көздерін тез-тез қағып,
бізге қарап қойып:
— Бейнелердің бəрін бірдей символизм десек, реализмнен не
қалдырамыз? — дейді.
— Жə, мынауың Терек өзені болсын. Мынаны арғы қабақтағы күрең құз
дейік. Сонда мына қайыршыларың кім, алба-жұлба?
— Е, ол тұтқындар емес пе? — дейді Сережа, сыншыны жеңер жерін
ұстай алғандай екілене сөйлеп. — Ол тұтқындар! Алба-жұлба емей, қандай
еді?
— Өшір тұтқындарды! Керек емес! Сен өзіміздің жігіттерді көрсет!
Көздері күнге шағылысып, екі белден бірақ-ақ аттап келе жатсын!..
— Екі белден бір-ақ аттап?.. Реализм сол болмақ па?
— Ой, сен теңеумен айтылған сөзге тап беретінің нең?
— Сондай теңеуді жаңа ғана символизм демеп пе ең?
— Мен айттым ба?
— Сен айттың.
— Сен өзің қызық екенсің!..
Жас суретші мен жас сыншы бірін бірі қырқылжыңдар тартатын
қиялдардан тоспай, таяу жерлерден тап-тап береді де, тез ілгесіп, тез
бөгелісіп қалады. Кейде теңеуді, кейде бейнелеуді символизм деп қалып,
оңай ұтылып, оңай құтылып отыр. Володяның үн симфониясына, бояулар
гаммасына қарай тарта алатын да жайы бар. Бірақ оны айтсам Сережа ойын
көріп қалар деп ол жаққа əлі аяқ басқан жоқ. Сонымен бірге, сөз жарыса
келе, қызып та алыпты.
Суретші байғұстың онсыз да ауыр толғағын бəріміз қосылып ауырлата
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Қазақ солдаты - 19
  • Parts
  • Қазақ солдаты - 01
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2163
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 02
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2108
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 03
    Total number of words is 4133
    Total number of unique words is 2092
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 04
    Total number of words is 4064
    Total number of unique words is 2142
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 05
    Total number of words is 4112
    Total number of unique words is 2242
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 06
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2201
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 07
    Total number of words is 4110
    Total number of unique words is 2267
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 08
    Total number of words is 4062
    Total number of unique words is 2201
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 09
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 2058
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 10
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2113
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 11
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 2030
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 12
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2154
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 13
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2144
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 14
    Total number of words is 4063
    Total number of unique words is 2149
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 15
    Total number of words is 4032
    Total number of unique words is 2124
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 16
    Total number of words is 4067
    Total number of unique words is 2018
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 17
    Total number of words is 4089
    Total number of unique words is 2187
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 18
    Total number of words is 4047
    Total number of unique words is 2190
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 19
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2162
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 20
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2182
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 21
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2106
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 22
    Total number of words is 3985
    Total number of unique words is 2066
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 23
    Total number of words is 3821
    Total number of unique words is 2014
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 24
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2066
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 25
    Total number of words is 1652
    Total number of unique words is 1004
    41.0 of words are in the 2000 most common words
    55.3 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.