Latin Common Turkic

Қазақ солдаты - 24

Total number of words is 3977
Total number of unique words is 2066
34.9 of words are in the 2000 most common words
48.5 of words are in the 5000 most common words
55.9 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
басымызды жерге тигізуге уақыт жоқ.
— Апыр-ау, бұл қайда жоғалып кетті? — деп, Петр тынышсыздана
бастады.
— Өліп қалмаса, келер уақыты болып еді ғой.
— Бекер жіберген екеміз...
Əңгіме Егор жайлы еді. Егор су əкелем деп кеткелі екі сағат болды. Əлі
жоқ. Ешбір белгісіз кетіп барады...
Күн бойғы арпалыстан кейін, бар суды бір-ақ ішіп салғамыз. Беті
жабулы ақ шелекте азғана су бар екен жарты стаканнан əрең жетті. Суды
бөлуші Самед болды да, Петр бақылап отырды. Ешкімнің сусыны қанған
жоқ. Аузымыз əлі желімдей былжырап отыр.
Содан кейін Егор тұра келіп, су əкелуге рұхсат сұрады. Енді міне,
оралмай кетті.
— Судың қайда екенін анық білетін бе еді өзі?
— Анық білетін.
— Кеше түнде сол суға түсіп те кеттім деген.
Күндізгі толас кезінде біз айналаны түгел шолып, белгілеп алғамыз.
Поселкенің біз жақ бетінде сайдың табанында жатқан суды бəріміз де
көргеміз. Сусап жүргенде көзіміз қайта-қайта түскен. Бекіністің картасында
да ол жерде бұлақ барлығы анық көрсетілген. Егор кетерінде бəрін анықтап
алып еді.
Егер бұлақты немістер күзетіп тұрса, Егор жанжалсыз кейін қайтпақ та.
Егор көзге түсіп қала ма деп, ол кеткелі ракета да атылған жоқ. Бірақ Егор
əлі жоқ...
Біз білетін Егор өжеттік дегенді де үстірт түсінбейтін адам еді. Қара
шаруаның ұқыптылығы, айла-тəсілі деген сияқтылар бойынан табыла
беретін. Сырт қарауға аңқау көрінгенімен ар жағы қырық-қалта, айлалы да
тəсілді болатын. Көп жыл ағаш арасында өскендіктен жер бетінің ойшұқырына да зирек еді.
Сусыз қалар болсақ, ертеңгі күніміздің хəлі не болары бəрімізге де
түсінікті еді. Сондықтан Егордың су əкелем дегеніне ешкім қарсы болған
жоқ. Су тауып алуға жалғыз қолайлы шақ түн ғана.
Егор орнынан күлімдеп тұра беріп:
— Потому что без воды.
— И ни туды, и ни сюды... —
дейтін белгілі əнді ыңылдап, кетіп отырды.
Қалған тоғыз жауынгердің тағы бірінен айрылсақ, мұнымыз
дивизияның бір батальонынан айрылғаннан кем тимейді бізге. Бір
майданымыз үштің бірінен айрылғандай батады.
Адам қуаныш үстінде қайғырып, қайғы үстінде қуана алмайды. Сол
сияқты, ауыр халдің үстінде қалжың мен күлкің де келмейді. Бірақ ойыңды
сол бір қара ноқатқа тіреп қойып отыра берсең, қарадай жұтағаныңды
білмей де қаласың. Мұндай жайдан талай бірге шығып үйреніскен Петр
маған:
— Костя, а, Костя!.. — деді.
Мана маған бірінші рет «командир жолдас!» деп сөйлесіп, басқа
жолдастарға соғыстық тəртіп жолын көрсетіп жіберген де осы Петр еді.
Енді міне, оңаша отырған кезімізде төрт жылдан бергі ескі əдетімізге басып
«Костя!» деді. Біз, əрине, сақал-шашты қырау басқан кезде де «Петя,
Костя» десіп жүретін жолдастармыз.
— Костя, қалай ойлайсың, біз Берлин көшесіне де өзге бөлімдерден
бұрын кірер ме екеміз?..
— Неге бұрын кірмейміз, бұрын кіреміз, əрине!..
— Ойын емес, ойласып көрейікші... Біздің əскер шегінген кездерінде біз
ылғи артта болатын едік қой, солай емес пе еді.
— Ие, солай болатын.
— Шабуылға көшкеннен бері ылғи алда келе жатқан жоқпыз ба?
— Ие...
— Олай болса, осымыз біздің ерекшелігіміз болад та...
Шегіну кезінде артта жүрсек, шабуыл кезінде алда жүрсек, жауға ең
жақын жүретін біз болғанымыз да!..
Петрдің не айтқалы келе жатқаны айқын болса да, қызынып бұл айтқан
əңгімесі тез аяқталып қалмасын деп, мен:
— Содан соң!.. — дедім.
— Содан соң... Берлиннің төбесіне Совет туын бірінші болып
орнататын да біз болармыз? — деді Петр қызыңқырай сөйлеп. — Ол күні
біз құстай ұшпаймыз ба!.. Шетінен бір кіріп алған соң, ортасына қарай
зырламаймыз ба Берлиннің!..
— Тап осы қорғанның төбесінде тұрған туымызды апарып, Берлиннің
төбесіне шанышсақ, тіпті қызық болар еді! — дедім мен, Петрға еріп,
қызып кетіп. — Дал-дұлы шыққан, талай айқасты көрген ту, денесінде мың
жарасы бар жауынгердей құрметтелер еді!..
— Ие, ту мен жауынгер денесіндегі жара өзінен өзі құрметті белгілер...
Бірақ ол жат жер ғой... Мына біреу жырым-жырым болған туды шаншып
қойған кім деп, маршалдардың біреуі сұрап жүрсе сен тайқақтамаймысың?
— Тайқақтайтын не бар? Адымдап шығамын да:
«Жолдас Совет Одағының маршалы, бұл туды шанышқан ерекше
бөлімнің жауынгері Совет Одағының Батыры Петр Ушаков!» деймін.
— Е, ойың əлдеқайда екен Костя!.. — деп Петр ысқырып қалды.
Мұнымыз қалжың көрінуі де мүмкін. Бірақ, жауынгердің əр түрлі
арманы осындай қалжыңдар арқылы да байқалып қалады. Осындай
қалжыңдардың қайрақ болып, ұлы арманға жетелейтіні де болады... Біреу
əлі түк өндірген жоқсың деп ызаңды келтіру арқылы қамшылайды, енді
біреу қолыңнан келеді деп, сенім беру арқылы қамшылайды. Мен сол сенім
беру жағында жүретін адаммын. Петрға да со мінезді көрсеттім.
Күзетті ауыстырып келген Володя:
— Қуаныштарың бар ғой бір!.. Əлде Егор қайтып келді ме? — деді.
— Біз Берлинді алып жібердік! Төбесіне туымызды шаныштық!..
Фашизм жерленді біржола! —деп, Петр көтеріле сөйлеп жауап берді. Қазір
ол ауыр халімізді ұмытып кеткендей еді.
— Фашизм жерленді деймісің? — деді Володя қалжыңсыз жауап бергісі
келіп, — неміс фашизмі жерленер. Ол даусыз. Бірақ фашизм деген сөздің
мағынасы буып байланған салы, я болмаса, «қара бура» екен. Капитал
дүниесі жерленіп болғанша ол салыны талай байлап, буар əлі. Өте асығып
кетпеңдер...
— Олай болса, Берлин алынғаннан кейін де автоматың мойныңда
болсын деймісің?
— Біразымыз автоматты тастамаспыз да... Əзір ұстармыз...
— Мен үйге қайтқан түні егінге шығып кеткім келіп отырса, жоқты
айтып көңілімді бұзғанын көрдің бе... — деп, Петр ренжіп қалды.
— Əзір соғыса тұрайық, — деді Володя. — Бұ да сол еңбек. Отанымыз
қандай еңбекке шақырса да біз əзірміз ғой. Соғыс дегенді кəсіп етейін дер
мен де жоқпын. Еңбек күндеріңді осыдан жина деп отырған Отанымыз да
жоқ. Бірақ əзір соғыса тұрайық... Мүмкін, қазіргі күнде еңбектің үлкені осы
болар...
Сырттан тақ-тұқ етіп автомат, пулемет тықыры естіліп қалды.
Тыпыршып, булығып, тез-тез атылып жатыр.
— Басталды білем!.. — деп, Петр атып тұрды. Бəріміз де орнымызға
бардық.
Бұл жолғы шабуыл емес, басқа екен... Теңіз жақтан үсті-үстіне атылған
ракета жарығында қолында шелегі, Егор еңкелеңдеп жүгіріп келеді. Арт
жағынан қуа жіберілген ракеталар бірте-бірте қорғанға жақын түсе
бастапты. Əр тұстан атқан автомат, пулемет оқтары жарқ-жұрқ етіп, Егорды
жазғытұрғы сонадай буып келеді. Жаман дос — көлеңке, ракета жарығынан
Егорды айнала қашып, баурына тығылады. Көзге бір ілегіп қалған соң,
тақтайдай жазыққа жата кетудің пайдасыздығын жақсы білетін Егор бір
адым болса да ілгері басқысы келіп, екі жағына кезек бұлтарып, ұшып келе
жатыр...
Петя мен Вася екі пулеметпен Егордан əрірек жерді ата бастады. Бірақ
қай жерді ату керектігі байқалар емес. Жапа-жалғыз талауға түсіп қалған
жолдасыңа жəрдем етер түк шараң жоғына ыза болып бармағыңды
шайнайсың. Көріп тұрсың, істей алар түгің жоқ. Егор он шақты жау
солдатының ортасында қалса, жалғыз барып айқаса түсуге сескенбес едің.
Мынау бір жүйкеңді кесетін жай болды...
Траншеяның төменгі етегіне дейін Егорға жиырма-ақ аттам жер
қалғанда, өзі бір жаққа, шелегі бір жаққа ұшып кетті. Егор əшейін сүрініп
құласа, қолындағы шелегінен айрылмас та еді, жараланды-ау деп қалдық.
Егор орнынан тұра салып, бұрылып барып шелекті алып қайта бері қарап
жүгірді. Көлеңкесі шайқалаңдап кетіпті... Траншеяға сүйретіліп келіп əрең
жетті де, əуелі шелегін тастап жіберді. Содан кейін асылып барып, өзі
құлады. Жақындап келіп төбеге тірелген ракета жарығы Егордың бір аяғы
траншеяның ернеуінен шығып қалғанын əлсін-əлсін көзіңе көрсетеді...
Өлгені де...
Жарық та сөнді... Атыс та тоқтады... Айналамыз жазғытұрғы жұмсақ
қараңғылыққа шомды. Сол қараңғыда траншеяның, ернеуінен шығып
жатқан Егордың аяғы көз алдыңнан кетпейді...
— Сегіз жауынгер қалғанымыз да... — деп, Вася күрсініп жіберді.
Қалғанымыз сегіз-ақ... Енді санауға да аузың барар емес...
Шелекті алып, Володя келді. Беті жабық қалайы шелек үш жерінен
тесіліпті де, азғана су түбінде ғана шылдырайды. Бір жолдасымыз осы бір
ұрттам су үшін өлді, бұл бізге қымбатқа түскен су, оңайлықпен ұрттай да
қояр ма екеміз...
— Қысылшаңда қалғанда ойына не келді екен... — деді Вася.
Егор ойына не келгенін ісімен мінезімен көрсетті! Үсті-басын оқ тесіп
кетсе де, траншеяға əуелі өзі қарғып түспей шелектегі суды түсірді емес пе!
Осынысы əлі де алдымызда алыстар тұрған бізді ойлағаны да. Қалжыраған,
таңдайы кепкен жолдастарым бір тамшыдан болса да су жұтсын дегені де.
Қолынан ұшып кеткен шелекке бұрылып бармай, жүгіре жөнелсе, мүмкін,
өзі тірі қалар еді. Бірақ Егор өзін ойлаған жоқ, бізді ойлады! Аяқталмаған
алысты, жақын сезілген жеңісті ойлады!
— Теңіз беті алай-түлей шығар... Өкіріп жатыр ғой!.. — дейді Володя.
Атыс жоқ. Түн тағы тыныштанып қалды. Теңіздің, аунақшып жатқан
дыбысы бізге де анық естіліп тұр. Бұлт кешегіден гөрі қалыңдап, етегімен
төбені сипай кетіп, төмен көшіп барады.
Егор туралы бірдеме айтар ма екен деп, бəріміз Володяға қарап,
бірталай үнсіз отырып қалдық. Сұрауға аузымыз бармай отыр.
— Катер қайықтар жағаға жақындай да алмайды, — деді Володя.
Бұл түннің əкеле жатқан жақсылығы жоқтығы айқындала берді. Бүгін
түнде теңіз арқылы десант келер қаупі болса, немістер бізді тыныш
отырғызбас еді. Түн бойы бос үреймен əурелеп, таң ата оп-оңай қолға
түсіргілері келеді. Жауынгер жүзіне тағы да жүдеулік кіре бастады.
Петя пулемет оқтарын санап шығып:
— Жаңа елу жетісін шығарып жіберіппіз... — деді.
Жауынгерлердің жүдей қалғанын көріп, Володя көңіл көтеретін бір
жорамал айтты:
— Қара теңіздің сырын мен жақсы білем... Таң ата тоқталады, — деді.
Володяның манадан жағалатып жүргені арт жақтан келер жəрдем жайы.
Біз тым əлсіреп кетпей тұрғанда десант келіп қалса, тұяқ іліккен төбеге
біржола бекініп қалар едік деп ойлайды. Бұл бəріміздің ойымыз. Соғыста
бірдемеге мұрындық бола алмаған, басқаларға ой туғыза алмаған жеке
ерлік, далаға атылған оқпен бірдей. Біздің мұнда айқасып жатқанымыздың
аяғы кесек бір қимылға апарып тіремесе, о да сол, босқа атылған оқпен тең.
Володя жəрдем келе қоймаса, қырылып қалады екеміз деп қайғырып
жүрген жоқ, əріректі ойлап күйзеліп жүр.
Жырым-жырым болған туымызды алып Самед бекініске келді:
— Сабағын оқ қырқып, жел сындырып түсірді, — деді. Енді қайта
жалғастырып таңып жатыр. — Сен гвардия туысың, шыдап бақ! — деп
қояды...
Таң ата тағы да ауыр соққының астында қалдық. «Фердинанд» деп
аталатын бес зеңбірек жылжып келіп қарсы алдымызға тұра қалды да,
біздің бекіністі қарауылға байлап алып, бес жүз метр жерден талқандай
бастады. Тəжірибелі инженерлердің салған бекінісі əлсіз жеріне снаряд
түсірмейтін сияқты. Төбесі темір мен тас, қарсы алдында оққағарлары бар.
Зеңбіректер бақылауға қалдырылған саңлауларды көздеп атып бір бүйірін
ойып барады.
— Қопарып тастауға бел байлаған екен... — дейді Вася. Зеңбіректердің
əуелі бекіністі «шешіндіріп», содан кейін талқандап тастайтынын талай
көргеміз. Үсті-үстіне ұрғыштап, балшықты біраз шашады да, оқты
бекіністің іргесіне дəлдеп қадай береді. Бекініс əуелі «шешінеді», содан соң
талқан болады.
Төбемізде ең кемінде екі-үш қатар темір жол табаны бар. Араластырыла
құйылған тас əлі шатынаған жоқ. Бекіністі саңлау тұстарынан қирата қою
да арзанға түспейді. Көзге арнап қана қалдырылған төрт елі сызаға зеңбірек
оғы дəл тие қоюы да тəуекел-ақ. Бірақ отырған үйіңді біреу мың пұт
балғамен маңдайдан ұрып, біреу іргесін қопарып жатса, о да бір шыдам
керек ететін нəрсе...
Төбенің екінші бүйіріне мүйіздерін тоса, үш «жолбарыс» танкісі келіп
тұра қалды. Жауап берер жай жоқ, өңіміз бұзылып, ызаға булығып барамыз.
Пулеметпен танкіні ату деген ағаш оқпен пілді атқанмен бірдей. Тақтайдай
жазықта тұрған танкілер граната лақтырар жерге жақындатпайды. Окоптан
қылқитып-қылқитып бастарын шығарып, қарғаның балапанындай болып
жаяу əскер де қоршап отыр.
Дамылсыз қашап, дəлдеп ұрып жатқан зеңбірек оқтары бекіністің,
жанды жерлеріне жақындап қалғаны байқалады. Кейде бақылауға арналған
саңлауларға бұрқырап шаң кіріп кетеді, кейде қабырғадан ұшып түскен
ұсақ-ұсақ тас сынығын көріп қаласың.
— Солтүстіктегі пулемет ұясы талқанданып қалды, — деді Гришин
менің құлағыма айғайлап.
— Пулеметші тірі ме?
Вася басын шайқады, мен енді жетеу-ақ қалғанымызды түсіндім...
— Теңіз тынышталды... Бірақ еш нəрсе көрінбейді, — дейді Володя
ымдап.
— Несін қарайсың... Түнге дейін күтпей-ақ қой... — дегім келіп,
Володяны саусағыммен шақыра бергенімде бəріміз де жалп етіп құлап
түстік...
Бекіністің дəл түбіне салынған мың пұт мина жарылғандай, табанымыз
бір дүңк етіп қалып көтеріліңкіреп кетті де, алып ұрды. Жоғары қарай
жұлқына бұрқыраған қара топырақ қайта құлап, бар саңлауды бітеп
тастады. Бекініс іші қап-қараңғы. Жараланған ешкім жоқ. Жарық қылып
жіберсем, жолдастарым бірінен соң бірі тұрып, маған қарай келе жатыр.
Бекініс бұрыш-бұрышынан шатынап жарылып кетіпті.
— Шығыңдар тез!
Ортадағы сенімді бекіністі тастап, əр жердегі пулемет ұяларына, жабық
траншеяларға көшуге тура келді. Бекініс «шешініп» болып, енді
талқандауы ғана қалған. Пулемет, гранаталарымызды алып, ең төменгі
ұңғыларға қарай кеттік.
Бізден кейінірек келіп төменге түскен Петр:
— Бекініс қирады... əдемілеп көтеріп алып, аударып тастады, — деді.
Бекіністі қиратып болған соң зеңбіректер де тоқтады. Енді біздің жайды
білгілері келгендей, бір рота солдат қорғанды айнала қоршап алып,
жақындап келеді. Шабуыл емес, əшейін ғана ұстап алғылары келгендей,
қаз-қатар қозғалып, атпастан келе жатыр.
— Пулемет!.. От!..
— Зеңбірек топанның тұсында бірталай оғымыз жанымызға қалды
ғой... Енді біраз атысуға болады, — дейді шаруақор Петр.
Біз төбеде, жау етекте, біз тасада, жау ашықта... Біз оларды көздеп
атамыз, олар бізді көрмей атады. Бұлай кездесіп қалғанда, талай кегіңді
алып та қаласың. Зеңбірек төмпешінің тұсында еңсесі түсіп кеткен
жауынгерлер бір жасап қалды. Əлі түк шығыны жоқ, əлі көп екен деп
ойлату үшін, төрт пулемет, үш автоматтан бірдей аңыраттық, жер беті
шұбартып, кек бірталай алынып қалды.
Жаудың жаяу əскері тез шегініп, окоптарына барып бұқты. Біздің, өлітірі екенімізді байқау үшін ғана бой көрсеткен жаяу əскер бізбен атысқан да
жоқ, төбені алуға ұмтылған да жоқ.
Енді «Фердинанд» зеңбіректері мен «Жолбарыс» танкілері
бұрынғысынан гөрі де жақындап келіп, қатарласып жатыр. Біздің қай тұста
отырғанымызды анықтап алған соң, енді төбенің сол жағын қопармақ.
Онда біз оң жақ бүйірге кетеміз де.
Біздің қазіргі паналап отырғанымыз екі пулемет қоятын орны бар,
шығыс беттегі ұя еді. Бұл орталық бекіністей берік емес, бес-алты
түйгіштегеннен қалар жайы жоқ. Əйтеуір, жабық баспана.
— Жолдас командир, «Фердинандтың» адамдары қарауылға қонып тұр.
Снайпер мылтығын бері əперіп жіберсінші, — деді Петр, қолын артына
қарай созып, көзін саңлаудан алмай отырған бойы. Мен қолына мылтықты
ұстаттым. Петрдің сырт жағынан бақылап тұрған Самед:
— Оң жағындағысы командир, сол жағындағысы оқтаушы... — деді.
Петр алғаш атып қалғанда, Самед «құлады!» деді де, екінші атқанда:
— Тиген жоқ, — деді.
Петр екінші оғының тимей кеткеніне намыстанғандай, мұрты
дірілдеңкіреп, ұзағырақ көздеп қалды. Бірақ үшінші рет ата алған жоқ.
Мылтығы оң жақ қолтығының астынан сусып, жерге түсті. Самед «Петя!»
деп қалды, шалқасынан құлай берген Петрді құшақтай алып. Петяның
бұралған сымдай ширатылған денесі босап, басы сылқ түсіп кетті.
Маңдайының дəл ортасында жалғыз қара мең көрінеді. Оқ маңдайдың
ортасынан қадалыпты. Əлі бір тамшы қан шыққан жоқ...
— Петя, Петя!.. Қош, ер Петр!..
«Фердинандтар» қақ қасымызға келіп алып, бірнеше рет дүркірете атты.
Төбенің бұл жақ беті оңай қалтылдай бастады.
— Батыс жақтағы пулемет ұясының саңлауын жауып тастады, — деді
Вася Гришин келіп. Телефон алдақашан быт-шыт болып, енді бірімізгебіріміз келіп хабарласатын болғамыз.
— Пулеметтер түгел төбеге шығарылсын. Траншеяның түйіскен жеріне
орналасайық, — дедім.
— Бұзылып қалған орталық бекіністі енді атпас. Мен байқап келейін! —
деді Володя.
— Бар...
Отырған ұямыздың көзі сығырайып, қараңғыланып барады. Көзің
сығырайған соң, көрер дүниенің де апшысы тарылып, алақандай ғана жер
көрінеді. Кеше кешке Егор су алуға барған бұлақ суы күміс теңгедей
болып, күнге шағылысып жатыр. Орал суы қандай жарқырайтын еді,
шіркін, деген ой келе қалыпты. Каспий қандай шалқып жататын еді!..
Батыс пен шығысымыздан зеңбіректерімен атқылап жатып, жау
солтүстігімізден жаяу əскерін жіберіпті...
— Солтүстіктен төбеге өрмелеп келеді, — деді Самед.
— Траншеялардың түйіскен жерінде, төбеде тосамыз! Гранаталарды сол
араға шығар! — дедім.
Ақтық минуттарымызға арналған «граната» деген сөз де айтылып
кетті...
Володя жүгіріп келіп:
— Десант! Десант! — деді де, кірпіктерін қағып-қағып жіберді.
— Теңіз бетінде айқас!.. Қара теңіз өртеніп бара жатқандай, — деген
айғайлар əр жерден шығып қалды.
Төбеге шығып алып, бірімізге-біріміз:
— Десант, десант! — деп айғайлаймыз. Бəріміз көріп тұрған нəрсені
бірімізге-біріміз нұсқап көрсетіп жатырмыз...
Біздің төбе алыстан қараған адамға тұтана бастаған жанартау сияқты
көрінетін болу керек. Төбеміздегі шаң топырақтан аспан көрінбейді. Дəл
үстімізге нөсер бұлты келіп қалғандай түнеріп тұр. Топырақ шаңы етек
жақта сирегірек. Теңіз бетіндегі айқастың от-жалыны көрінбегенмен Қара
теңіз ескі айнадай көмескіленіп болса да көрініп жатыр. Осы шаң боранда
бізді желкеден басқалы, сол жағымыздан жаудың жаяу əскері өрмелеп
келеді.
— Шыда, Самед!.. Вася, оң жағыңа қара!..
— Отан үшін, ел үшін!..
— Иə, ханнан!.. Сталинградта біз былай ұрғамыз сендерді!
— Граната, граната, жолдас командир!..
— Костя, граната!..
Əр түрлі айғай араласа шығады. Команда қайсы, ұран қайсы, оны
аңғарып болар емес. Етектен өрмелеп келе жатқан сұр қоңыздарға граната
да лақтырылып жатыр, пулемет те жұмсалып жатыр...
— Оңтүстіктен өрмелеп келеді, жолдас командир!..
— Володя, ұмтыл!..
Траншеяларымыздың төменгі жағы жаудың қолында, біз ығысып төбеге
ғана жиналып қалдық. Пулемет енді жер бетін емес, төбенің қырқа жиегін
ғана атқылап отыр. Əр жауынгердің қасында граната, қолында автомат...
Кейбіреуіміз граната мен пулеметті кезек жұмсап отырмыз. Бізге қарай
лақтырған жау гранаталары да жақын түсе бастады. Автомат оқтары
төмендеп төбені сипай кетіп жатыр. Жабық бекіністердің бəрін тастап үш
сала болып келіп түйіскен траншеяның айрығына тақалып келеміз...
Айрыққа жеткенде соңғы қолма-қолға да кіргеніміз...
Самедтің қасындағы жауынгер гранатасын лақтырып қалды да, өзі де
жыраның ернеуіне шалқалай асылып барып, былқ етіп түбіне түсті. Төбесі
қылт етіп қалған жау əскерін Самед автоматының түбімен ұрып қалды.
— Самед, шыда! — дедім. Төрт-ақ жауынгермен қалғанда осыдан басқа
жəрдемім де жоқ еді беретін.
Жаудың жаяу əскері солтүстігіміз бен оңтүстіктен төбенің, иығына
асылып алып, енді бір аттап төбеге шыққалы тұр. Біз бес жауынгер екі
жаққа қарап алып, төбенің ұшар басын ғана қорғауға қалдық. Енді етекте
не болып жатыр, төбеге қанша əскер өрмелеп келеді, оны көре алмай кеттік.
Жақындап келе жатқан теңіз бетіндегі айқас қана айқынырақ сезіледі.
Бізді атқылап тұрған зеңбіректер де тына қалды, жаудың жаяу əскері де
төбеге қарай лап берді. Граната гүрс-гүрс жарылады. Пулеметтеріміз
төбенің шашын алып жатқан ұстараға ұқсап кетеді. Беліміздегі бір-бір
гранатадан басқа қорымыз сарқылып барады. Енді аянарымыз да, аярымыз
да қалған жоқ.
Самед гранатасын лақтыра беріп шалқасынан түсті. Айналасында
арадай ызыңдаған оқтар, бырт-бырт жарылған граната сынықтары Самедті
жауып кетіпті. Бет-аузы біреу пышақтап кеткендей, қызыл қан, оғы
таусылған автоматын құшақтаған бойы Самед траншеяның түбіне түсті.
Жүзі күлімдеп, тағы бір қалжың айтқысы келіп жатқандай...
— Самед, Самед!
— Самед үшін!
— Петр үшін!
— Капитан үшін!
...Төбеге келіп түйіскен траншеяның үш тармағында үш-ақ адам
қалдық: Василий Гришин, Владимир Толстов, Қайырғали Сарталиев...
Вася, Володя, Костя... Былай санасаң да үшеу, олай санасаң да үшеу... Жау
əскері төбеге бір шығып алса, соңғы минут дегеніміз онша ұзаққа созыла
алар ма екен... Он шақты гранатамыз қалыпты, екі пулемет, оқсыз қалған
автоматтар... Темір қалпақ қылт етіп қалса-ақ, бір граната шығын болады.
Жау жағының гранаталары төбеге жиі-жиі түсіп, борс-борс жарылады. Бізді
сақтап тұрған терең ұңғылар ғана.
Осындай тығырыққа таянған кезімізде теңіз жақ беттен үртіс көтерілген
«ура» естілді, шаң-бораны еш нəрсені көрсетпесе де, «ура» есіп, күшейіп
келеді.
Пулеметтердің кеудесінде жаны болса, суырып алып көзіне көрсетердей
халге жетіппіз. Оң, жақ білегімнен бүйі шағып алғандай болғанын мана
сезіп едім, енді оң аяғым орнынан қозғала алмай қалыпты. Етігімнің
табанына толып жатқан сүлік түсіп кеткендей, əлде қай бақайымның
жеркенгені сезіледі. Білегіме бүйі əлі жабысып тұрғандай көріп, жеңімді
бір-екі рет сыпырып та қалдым. Бүйі түсер емес...
Вася мен Володя қатты қысылып барады. Айғайлары тым жиі, тым ащы
шығады. Бір-біреуі оңдармен алысып, өлім барын ұмытып кеткен сияқты.
Мұндайда командирдің қатардан шығып қалғаны ауыр əсер етеді. Дəл осы
қысылшаңда жараны елей қалсам, одан үлкенге ұшырайтынымыз да анық.
Екі қолымды пулеметтің құлағына тастай қылып жапсырып алдым да,
айғай салдым:
— Володя!.. Вася!.. Самед! Ұр!.. — деп өлі-тірісіне бірдей команда
бердім. Бұл жерде үшеуіміздің дауысымыз бірдей шығып тұруы — ең
үлкен арқа сүйеу сол ғана еді. Самедтің қаза болғанын Вася мен Володя
көрген де жоқ-ты.
Пулеметінің оғы таусылып, Володя маған қарады. Қасымда қалған екі
гранатаны оған беріп, өзім пулеметке қайта еңкейдім.
— Костя! Мұнда көшейік! — дейді Володя қопарылып қалған
бекіністің, кесек тастарын нұсқап.
Мен жараланғанымды білдірмейін деп, пулеметімді құйрығынан сүйрей
əрең жылжып кесек тастардың арасына бардым. Артымнан бір қызыл
жылан ере келе жатқандай қан сорғалап шұбалып етегіме оралып келеді.
Сол қызыл жылан содан кейін қайда барсам да соңымнан қалмай ере берді,
ере берді... Опырылып құлаған бекіністің өркеш тастары берік пана
боларлық екен. Мен жылжып сол тастардың арасына көштім.
«Ура» жақындаған сайын, төбеге түскен гранаталар да сирей бастады.
Енді қызу айқас теңіз бен аралыққа ауды. Жаудың жаяу əскері біздің
төбеден сыпырылып түсіп кеткені байқалды. Теңіз жағасының ескек желі
төбенің үстіндегі қара боранды етегімен желпіп, ысырып əкетіп барады.
Мешел баладай астымен жылжып кетіп бара жатқан «Фердинандтар»
көріне бастады. Манадан гүрілін естігеніміз болмаса өзін көре алмаған
самолеттер де көзге ілікті. Біздің төбеміздің батысы мен шығысын
бөріктіре бомбылап жүр. Аспанға ақ орамал лақтырғандай, шаңқ-шаңқ етіп
зеңбіректер тұр.
Біз қауіп-қатерден құтылып қалыппыз. Енді, келе жатқан десантқа
жəрдем беруді ойлап, ракета ата бастадық. Жырым-жырым болса да
ығыспай желбіреп, қызыл туымыз тұр. Əлде қай түкпірде қалған
ракеталарды тауып алып, балаша қуанып, үсті-үстіне атып, танкі
тізбектерін, зеңбірек топтарын нұсқап жатырмыз.
Вася мен Володяның көз қарастарында «Самед қайда?» деген сұрау тұр,
ол сұрауды бергізгім келмей:
— Біз енді үшеу-ақпыз... Қазір жүздерге айналамыз... Кешке дейін
мыңдарға айналармыз, — дедім.
«Ура» толқыны етекке келіп тірелді. Аяғы саулар атып тұрып:
— Ревякин! Ревякин... Костя, бері кел! — дейді, өздері траншеямен
төмен ұмтылып бара жатып.
Оң аяғым бөрене сияқты жансыз сезіледі. Күпшектей болып ісіп, етіктің
қоншын кернеп барады. Сау күнінде аяқтың да салмағы барын кім ескерген
енді төмен тартып қозғалтпай қойыпты. Володя артына бұрылып:
— Сен немене, жараланып қалғанбысың! —деді.
Жолдастардың алдынан қарсы жүгіре алмағаныма мен жылап жіберген
екемін.
— Вася, бері кел, Костяны көтеріп ала түсейік! — деп, Володя менің
қасыма келді.
— Жоқ, бара беріңдер...
Төбенің басына басқалардан бұрын Ревякин шықты. Қырандарым,
сұңқарларым деп, қатты айғайлап келеді. Жарқын жүзі күлгенмен көзінде
жас бар... Ревякин қасына келіп тұрған Вася мен Володяны бір-бір
құшақтап:
— Өзгелерің қайда? — деді.
Володя мені нұсқады.
Ревякин балапанының үстіне келіп қонған ақиықтай қарғып кеп қасыма
түсті де қанатын жая құшақтай алды:
— Қырандарым! Ерлерім!..
Ревякиннің көзі əлдекімдерді іздеп, айнала қарайды. Бұл минутта көзіңе
ілікпеген жолдастарың жоқ болғаны да, капитан... Мирошник, Самед, Петр,
Егор, Зонин тағы басқаларымыз жоқ енді... Қалғанымыз осы-ақ, үшеуақпыз, жолдас капитан...
— Қай жерің, Костя? —деді Ревякин.
— Аяғым...
— Ештеңе етпейді!
— Өзім де солай ойлаймын...
— Өзге жаралыларың қайда? — деді Ревякин, көзіне түспей тұрған
жолдастардың жайын сұрамауға шыдай алмай.
— Басқа жаралымыз жоқ... Жаралы жалғыз мен ғана... — дедім.
Ревякин біресе туымызға, біресе өзімізге қарап тұрып:
— Отан бұйрығын орындадыңдар. Рахмет, достарым! Төбенің айналасы
неміс бейітіне айналыпты. Рахмет, ерлерім! — деді.
11
Біз келіп бекінген төбенің айналасы бірте-бірте өзіміздің қолға ауа
бастады. Біздің жаяу əскерлер алғашқы кезде төбенің етегіндегі окоптарда
еді, қазір жылжып əрірек кетті. Кейбір түндерде отыз метр, кейбір түндерде
елу метр əрірек барып қонады. Совет жерінің өз иесі келіп, күн санап
іргесін бекіте түсіп жатыр.
Босанған жері əлі де кең емес. Кей күндері кеміп те қалады. Бірақ
қазығымыз берік қағылып, орныға түсеміз. Қазір біздің екі қорған бар.
Бірінде десант дивизиясының штабы, бірінде біздің полктың штабы. Екі
қорғанның арасы да біздікі. Теңіз бетіне кемелерін тізіп, су жолын немістер
бекітіп тастағанмен жаға біздің қолда. «Егор бұлағы» əлдеқашан ішкі аудан
болып қалды.
Азық-түлікті аспаннан күтетін күндер де өтіп барады. Теңіз кемелері
жау шебін бұзып-жарып келіп, əскер де түсіріп кетеді, азық-түлік, қаруқұрал да түсіреді. Теңіздегі «темір қақпа» біздің кемелер келе жатқанда
оңай ашылып кететін болды.
Төбенің айналасына жеңіл самолеттер де келіп қонып жүр. Ұзақ отыра
алмаса да, тал түсте қонып, тал түсте ұшып кетеді.
Қорғанның асты көше-көше... Штаб, госпиталь, электр станциясы,
азық-түлік, қару-құрал қоймалары түгел жер астында. Төбенің ірге
жақтары түгел пулемет, миномет ұялары деседі. Бұрын бір ғана бекініс
болған биік қорған қазір айқыш-ұйқыш салынған араң алдырмас қамалға
айналған. Газет те шығады, радио да сөйлейді. Ыстық шай сұрауыңа да
болады.
Жер астындағы госпиталь бөлмесінде біз жеті жаралы жатырмыз.
Тыншу да, ыстық та... Дəрі-дəрмектің, терлеген дененің иістері араласып,
іштегі аз ауаны ауырлата түседі. Орыс тілінде «ергежейлі» аталып кеткен
кішкене ғана электр шамы біресе қызарып, біресе көзі шығып кеткелі
тұрғандай шатынай жарқырап, мазаңды алады. Ең үлкен ермегіміз радио.
Құлағыңа жапсырып алған екі қара дөңгелек Москва хабарын сыбырлайды.
— Қырық төртінші жылы, апрельдің бесі күні Керчь қаласының
сыртынан...
Бұл əрине, біздің жай. Біз оны ең əдемі салынған əндей тыңдаймыз.
Алдыңғы күні берілген бір хабардың тұсында мен ұйқтап жатыппын. Сол
хабар басылған «Правда» газетін бүгін жүзінші рет оқыған шығармын... бір
оқып шығып, шинелімнің қалтасына саларын да, қайта суырып алам...
Совет Одағының Батыры деген атақ алған жігіттердің тізімі Абдоллаев
Самедтен басталыпты... Жарлықтың барлық сөзін жатқа біліп алғандай
болсам да, көзім қайта-қайта сүзіп шығады. Төрт жыл бірге соғысқан
жолдастарымның аттарын көргенде, көз алдыма өздері де бірге келеді.
Үлкен қара көздерінде əр кезде бір ой тұратын капитан Мирошник,
қазір кіріп келіп, неге жатырсың, жаралану ұят емес пе дейтіндей көрінеді.
Кейбір адамның өлгенін көзіңмен көрсең де, ойың біржола көнбей қоятыны
да болады екен!
Андрей Мирошник бізді жас демей, үлкен істердің тізгінін өз
қолымызға беріп, сеніп қалушы еді. Шыжымсыз, арзан ақыл — ұсақ
кіжіңсіз, қанатың болса, еркін сермеп өсіп едік.
Самедтің атына көзің ұзақ тоқтап, оралып соға береді. Самед қасыңда
жүрсе, соғысу да жеңіл, өлу де орынсыз сияқты көрінуші еді. Жаның
жүдеген бір жайды байқап қалса, Самед бір қалжың айтып, ұмыттырып
жіберер еді...
— Алла тағаланың екі жамағаты болыпты... — дегені еске түседі.
Таманьнан аттанар алдында, еркек-əйелдің жайын айтысып қалжыңдасып
отырғанымызда, Самед:
— Адам атаң мен Хауа анаң да қу болған!.. — деді...
— Неге, неге? — деп ортаға алғанымызда:
— Бүкіл ғаламдағы ең үлкен двигательді — жүрек моторын сол екеуі
ашқан ғой, екеуі де орысша, қазақша хат танымайтын неграмотный надан
болған... — дейді күлдіру үшін, жарым-жартысын əдейі орысша айтып.
Петр Ушаковтың аты жаныңа ерекше батады. Мен оған «Берлин
төбесіне мына туды шанышқан Совет Одағының Батыры Петр Ушаков!»
деймін дегенде:
— Е, ойың əлдеқайда екен ғой! — деп, ысқырып жіберіп еді.
Дəл сол жерде қалжың ретінде айтсам да, Петяның ер жауынгер екеніне
əлдеқашан көзім жеткен болатын. Шынында, біздің ішіміздегі нағыз соғыс
адамы сол Петр еді. Батыр аты бір адамға жарасса, Петрға жарасатынына
өз қара басым ертеден сенулі едім.
Ең жақын достарымның ішінен ендігі тірі қалған — Володя мен Вася да
сол тізімде, Володя екеуміз тіпті қатар тұрмыз.
Мана таң атысымен Володя келіп кетті... Алдыңғы күні көппен бірге
көрген у-шудың ішінде бірімізді-біріміз бір құттықтағамыз. Енді оңашада
еркін бір құшақтасалық дегендей, көзіміз жылтырап, үнсіз ұмтылысып
қалдық. Құшақтасып жатып, бірімізді-біріміз бүйірден түртіп-түртіп,
нұқып-нұқып қойдық... Ол немене дескеніміз деп сұрасқанымыз да жоқ.
Аузымыз айта алмасты жанмен тəнмен айтысқанымыз еді онымыз. Ол
көзін менен жасырады, мен одан жасырам...Тегі, жылаған болуымыз
керек... Батыр атансақ қайтейік, бұл біздің əрі сақылдап күліп, əрі
кеңкілдеп жылардай бақытты бір минутымыз еді.
Газетке қарай беретін тағы бір себебім бар... Бұл менің ең қымбат
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Қазақ солдаты - 25
  • Parts
  • Қазақ солдаты - 01
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2163
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 02
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2108
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 03
    Total number of words is 4133
    Total number of unique words is 2092
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 04
    Total number of words is 4064
    Total number of unique words is 2142
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 05
    Total number of words is 4112
    Total number of unique words is 2242
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 06
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2201
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 07
    Total number of words is 4110
    Total number of unique words is 2267
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 08
    Total number of words is 4062
    Total number of unique words is 2201
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 09
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 2058
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 10
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2113
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 11
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 2030
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 12
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2154
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 13
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2144
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 14
    Total number of words is 4063
    Total number of unique words is 2149
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 15
    Total number of words is 4032
    Total number of unique words is 2124
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 16
    Total number of words is 4067
    Total number of unique words is 2018
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 17
    Total number of words is 4089
    Total number of unique words is 2187
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 18
    Total number of words is 4047
    Total number of unique words is 2190
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 19
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2162
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 20
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2182
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 21
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2106
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 22
    Total number of words is 3985
    Total number of unique words is 2066
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 23
    Total number of words is 3821
    Total number of unique words is 2014
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 24
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2066
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 25
    Total number of words is 1652
    Total number of unique words is 1004
    41.0 of words are in the 2000 most common words
    55.3 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.