Latin Common Turkic

Қазақ солдаты - 16

Total number of words is 4067
Total number of unique words is 2018
35.8 of words are in the 2000 most common words
50.4 of words are in the 5000 most common words
57.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
«өз бақылауынан» өткізбекші. Осы келіспеушілігіміз созылып бара жатқан
соң, мен амалсыз арыз беріп, комиссияға түсуді талап еттім. Содан бері бас
араздығы бар адамдарша əрең ғана бас изесеміз... Менің қысылып бара
жатқаным Вася Гришин сауығып болды деп танылып, бүгін-ертең майданға
қайтқалы жатыр. Оның тізесіндегі жарасы ашыла беріп, менен көп кейін
босанғандардың тізімінде келіп еді. Енді ол сауыққан, мен сауықпаппын!..
Майданда жақын дос, жақсы жолдастарыңнан онсыз да тез айрыласың.
Қазір мен Васядан айрылғым келмейді. Мүмкін, екеуімізді бір күні
жөнелтсе, бір бөлімде кездесерміз. Бақ бергенде, біздің бөлімде барып
қосылуымыз да мүмкін ғой!
Қарағандыда өткен алғашқы күндерім өте жақсы басталған еді. «Апам
жүріп кетті, курсым біткен соң, өзім де келем, — деп Ақбота телеграмма
берді. «Ақбота — тчк... Сүйемін — тчк... Обязательно — тчк...» — деген
ұп-ұзын құйрығы да бар. Ақботаның келем дегені бір басыма жетіп жатқан
қуаныш болғандықтан, мені сүйіп жатқан Ақбота ма, телеграф па, оны
тексерткен де жоқпын...
Соның артынан төрт күннен кейін апам келіп қалды. Жаурынымдағы
оғымды алып қолыма бергелі екі жеті өтіп, мен өз аяғыммен жүріп кеткен
кезім еді. Апам мені коридорда құшақтай алған бойы, үйдің екінші
қабатына көтеріліп, біздің бөлмеге кірді. Вокзалдан барып қарсы алған
Гуля бар жайды түгел айтса керек, шешем жылаған жоқ. Шұбар қоржыны
қандай толық болса, көңілі де қуанышқа сондай толы келген еді.
— Тұрып кеткенің нең, балам-ау... Оған əзір бола ма екен... — деп, бір
ғана қабағын шытты да, содан кейін уайым белгісін көрсеткен жоқ.
Мұнысы да маған емес, докторлар мен Гуляға айтқан кінəсі сияқты еді.
— Жоқ, апа, мен енді сау адаммын. Əшейін демалып жатқан жайым
бар, — дедім.
Апамның бояуы кеткен кəрі көзі анда-санда маған қадала қарап, өзі
білетін нысаналармен тексеріп жатқан сияқты. Бала жайында барлық
ананың өзіне ғана сенетін əдеті бойынша, тұла бойымды түгел барлап
шықты да, көзін сүртті:
— Жүрегім қобалжыған жоқ еді, — деді.
Бар ананың баласын жаманатқа қимайтын əдеті ғой, апам қорыққан да,
жылаған да сияқты. Бірақ одан арғыға ойын жібермеген. Əлдеқайда алыс
қиядан балапанның шаңқ етіп қалғанын естіген де, ұя басар, қамқор ана
жетіп келген. Апам, ауру адамның көңілін босатқысы келмегендей, өзін-өзі
ұзақ ұстап отырды да, менің сауыққаныма əбден көзі жетіп болғасын ғана
өз жүрегін ақтара бастады. Қой баласы — қозы, жылқы баласы — құлын,
құс баласынан — қарғам, бəрі де маған теңеліп жатыр. Тауық пен тышқан
балапандарынан басқаның бəріне де бір-бір теңеліп өттім, енді қайталана
бастады...
Шеше мен баланың ендігі беттері ішкі сорға қарай ауысып бара
жатқанын сезіп, Гуля шығып кетті. Енді неден бастар екен деп мен күтіп
отырмын. Ала қоржыннан ба, басқадан ба?..
Шешем адасқан жоқ. Қара барқыт камзолы мен көк барқыт жеңсіздің
қойын қалталарына мықтап салған бір құшақ жып-жылы хаттарды берді.
Ақбота жазған сөздер əлі суынбаған да, шешем ол сөздерді суыққа тигізбей
əкелген. Оқудан бұрын біраз уақыт кеудеңе қысып жатқың келетін
сияқтанады. Мен сол жағыма қисайып жатқан бойымда хаттарды
жастығымның астына қарай тартып қойып ем, өзінен-өзі ойлаған жеріме
тиді... Денем сол жылылықты сезінгендей болды.
Апам жүруге əзірлене бастаған соң-ақ Ақбота да күнде бір хат жаза
беріпті. Əр жазған хатында енді бір ауыз сөзі ұмыт қалғандай, ертеңіне
тағы біреуін жазыпты. Мен оған солдат ойын ашық айтып, мəселені үзілдікесілді түрде қоятынымды аңғарта жазып ем... Мына хаттар бəрі жиналып,
соған жауап берген. Əуелі аздаған тартынғандық бар. Енді біреулерінде
əйелге тəн ойнақылықпен дəмелендіру кезек ауысып келіпті де, ең соңғы
хатында уəдесін беріпті. Шешем почтальонға ұсап, барлық хатты бір-ақ
əкеп тапсырып отыр.
Мен бірінен соң бірін алып хаттарды оқып жатырмын да, шешем менің
көзіме қадалып, менің ойларымды оқып отыр... Ақботаның хаттарын
асыға-аптыға оқыған мен көп түсіндім бе, менің көзімнен апам көп түсінді
ме, оны осы күнге дейін айта алмаймын.
— Əуелі Ақбота екеуміз түйе жүннен мына бір жылы көйлекті тоқып
едік. Керек болар, ала бар деп, Ақбота мына біреуді де салып жіберді... Мен
қайдан білейін, өздерің білетін шығарсыңдар деп, ала келдім... — дейді.
Шешем енді «мен» демей «Ақбота екеуміз» деп сөйлейтін болыпты.
Реті келіп қалған жерге «өздерің білесіңдер» дегенді де қыстырмай
қалмайды. Шұбар қоржыннан түйнек-түйнек болып шығып жатқан
сəлемдемелердің əрқайсысын қолына алған сайын, Ақботаны да аузына бір
алып қояды:
— Байғұс бала жалғызсырап жүр ме, əлде неғып жүр... — деп,
əлдеқашан үй іші болып кеткендіктің белгілерін білдіреді.
Жылма-жыл жаңарып, жайқалып, əсем бір ағаштар өседі. Жазғытұрым
қаптап шыға келген жас бұтақтары мен жапырақтары ауырламайды да,
алаламайды да. Əр жапырағымен бірге жайқалып, бірге шаттанады. Көркем
ағаштың тəкаппар шайқалысы сол жаңа жапырақтар мен сол жаңа
бұтақтарының қуанышы ғой. Ана байғұс сол көркем ағаш сияқты.
— Ақбота қалай, өзіңді сыйлай біле ме? — дедім, шешімнің азды-көпті
күдігі болса, біржола жоғалсын деген оймен.
— Құлыным-ау, сол емес пе сүйенерім. Кейде, тіпті сенің бар-жоғыңды
ұмытып кетем, — деді шешем.
Шешеңнің ұмытып кеткені жақсы емес, əрине... Бірақ бұл Ақботаға
қояр кінə да емес еді.
Шешем Гуляның үйінде болды. Күн сайын Гулямен бірге келіп, ұзақ
отырып қайтады. Күн сайын Ақбота бірдемеден қысылып қалған жоқ па
екен деп, менен сұрайды.
— Жоқ, апа, тыныш жата бер, — деймін.
Бұл жаз белгілері білініп, терезелерге сүңгек тұра бастаған кез еді. Бір
жетіден кейін шешем қайтуға асыға бастады.
— Соғыс уақыты ғой, Қайрош... Жата бергенім ұнамас, — деді. Соғыс
уақыты ғой дегенді əдетіне сіңген сөздей айтқандығы сонша, мен
таңданған да жоқпын, қайталатқан да жоқпын.
Шешем «Қайрақты» колхозының бау-бақшалық егістерінің бригадирі
екен. Қарамағында дəл қырық төрт гектар жері болып шықты. Ватикан
«мемлекетінің» жері де қырық төрт гектар... Рим Папасы елші ұстағанмен
егін салмайды, жеуді біледі деседі, егуді білмесе керек. Сондықтан оның не
оратынын мен де білмеймін. Дегенмен бірдемені ору үшін бірдемені егетін
де болар... Менің шешем қырық төрт гектар жеріне бау-бақша егіп,
күздігүні соны жинайды.
— Жеріміз кінаратшылдау ғой, бабын таппасаң, оңай өнім бере
қоймайды, — деп те қояды. Сол баптың күні өтіп кете ме деген қауіппен
қайтуға асығып жүр.
Шешемнің соғыс уақыты ғой дегені мені де асықтырғандай болды:
«Енді біраз күн осында бола тұр», — дегім келді де, айта алмадым оны.
— Ақбота да жалғыз қалды ғой, — дейді апам. — Ылғи барып
тұрмасам, бала ғой əлі... Демалыс күнде ылғи колхозға қайтып келеді.
Баяғы өзің қашып барған балалар үйі бар еді ғой, оқулары сол үйде,
қақпасынан кіре бергенде саған кездесіп қалардай боламын да, жайраңдап
кеп Ақботам құшақтай алғанда, сені тағы да ұмытып кетем...
Шешем үйшілік бір қуаныш күйін дың-дың, қағып, ақырын-ақырын
менің құлағыма құйып кеткісі келеді.
— Оқуы бітетін уағы да жақындады. Мен бармай, шыға алмас...
Асығып жүрген шығар байғұс бала... — деп, маған тесіле қарайды.
Дəл аттанарда апам түбіт шəлісін басына мықтап орап, белін бекем
буынып алып:
— Қайрош-ау, Ақботаның оқуы немене осы? Өздерің ойласып па
едіңдер басында? Жел мен боран, қар мен жаңбырдың оқуы деген немене
болушы еді, өзі? — деді.
Шынында, Ақботаның немене оқып жүргені маған да анық емес еді.
Апам өз ойын бір қобалжуы бардай айтты. Сол қобалжу өз ішіме де кіре
бастаса да, апамның көңілін орнықтыру үшін — огородыңа жаңбыр
жауғызып берсе, жел мен боранды маңайыңа жолатпаса, сол аз ба, апа-ау!..
— дей салдым, қалжыңға айналдырып.
Ашып айтылмаған əрбір сөздің ар жағында қалтарысы болатынын
аңғаратын шешем одан арғы ойымды қазбалаған жоқ. Өз сөзімен өзіне
жауап бергеніме қанағат етпесе де, «өздеріңе ұнаса болғаны» дегендей ана
көзімен бір қарады да, орнынан тұрды.
— Ақбота сені күте білсін. Мына хатты өзіңе естіртіп оқысын, — деп
басыңқырай айттым да, уақыты болса, келіп кетер... — дегенді əдейі
босаңдау айттым. Бірақ, шешем менің нені баса айтқым келетінім менен
кем сезбесе керек.
— Үйге барысымен-ақ атандырармын, — деді.
Осымен шеше жүрегі де біржола орныққандай болып, сол күні жүріп
кетті. Ағашқа тағы бір жаңа бұтақ қосылды да ұзамай жапырақ жарады, ол
да өзімен бірге жайқалатын болады.
Шешем мен Ақботаға, елдегі апа-қарындастарға жіберейін десем солдат
бойында сұрғылттау түскен суретінен басқа еш нəрсесі жоқ екен.
Оларымның да шеттері мұжылып, шинельден тер өткендей кей жерлеріне
су өтіпті. Амал қайсы, жібергенім де сол-ақ болды.
Шешем аңғартқан аз қобалжу соңғы күндерде өсіңкіреп барады. Ақбота
оқуын бітірген соң, аудандағы ауа райын бақылап тұратын станцияға
бармақ еді. Тығыз түрде келіп қалған соңғы хатында «қайда жіберілерім əлі
белгісіз, бірақ саған бір барып қайтуға рұқсат берер деп сенемін» депті.
Осы қобалжу екі жетіге айналғанда, ендігі күтуімнің орны жоқтығына
да сене бастадым. Бөлмемізге келген əрбір хатқа үрке қарайтын
болғанымды байқадым. Осы халде қауіппен күткен сегізінші телеграмма
келді. Ақбота қысқа ғана «бара алмаймын» депті. Себебін айтуға дəті
шыдай алмағандай, бір ауыз сөз қоспаған. Əдетімізге айналып бара жатқан
«сүйемдер де» жоқ. Ақбота айтпаған «сүйемінді» бұл жолы телеграф та
қоспапты.
Не болды екен деген ой əлденеше құбылып, тұрақты жауабы табылмай
тағы біраз күн өтті. Ойға қонар тұрақты жауаптар аз емес, бірақ өзімнің
ойым тұрақтамайды. Енді «бара алмаймынның» орнына «бара аламын»
деген хабар күткендеймін. Олай болмаған күнде, Ақботаның бұған дейінгі
«барам», «сүйем» деп жазған сөздерінің бəрінің артына «алмаймын» деген
бір бəле жалғанып, бұрынғы боладының бəрін болмайдыға айналдырып
жіберетін сияқтанады.
Васяның босанатыны да менің осындай бір кезіме дəл келіп қалды да,
мен де майданға қайтуға асықтым. Аздап көңілсіздік кіріп, жүдеңкіреп те
кеткен болуым керек, госпиталь дəрігерлері о жер, бұ жерімді қайта
шұқылай бастады. Бас дəрігердің «өз бақылауымнан өткізем» дегені де
осының салдарынан туғаны анық еді.
Соңғы күндердегі үлкен ермегім майдандағы жолдастарымның жазған
хаттары. Еш нəрсені ашып айтпағанмен көңілдері көтеріңкі. Қимыл əзір
екінші белеске шыға қоймаса да ой ол белестен асып кетіпті. Володя
əртүрлі қалжың қосып жазады. Петр Ушаков мұртын өсіріп жіберіп еді,
сонау солтүстікте болатын мұртты бір бəле бар еді ғой қазір соған ұқсап
барады; мұндай суық жүзді, қабағынан қаһар түнерген солдатты өз көзім
көрген емес дейді. Ростов айқасы үшін біздің бөлімге бірталай абырой
қосылған сияқты. Володя өзі туралы еш нəрсе айтпаса да, маған деген
үлкен қуаныш барын аңғартады.
Володяның өзінің бір қуанышы мені тағы да асықтыра түсті. Партия
қатарына алынуды талап етіп, екеуміз арызды бір күні берген едік. Ростов
бір жайлы болғаннан кейін арызымыз қаралатынын екеуміз де сеніммен
күтетінбіз. Володя қазір партияға алыныпты да мен болсам мынау,
емделумен жүрмін...
— Жоқ, тез майданға жету керек!
Политрук Ревякин тура əмір бере жазады. Əр айқаста сенің орныңды
ешкімге бермей келдік, енді жетер, тез орныңа кел дейді.
— Өзің комсомолсың, осынша емделе бере ме екен! — деп қалжыңдап
та қояды. Бірақ қалжыңның өзі де маған əмірдей сезіледі.
Бөлмемізге сыя алмай коридорға шығып ем, сырттан Вася келе жатыр
екен. Лепіріп, екі-үш баспалдақтан бірақ аттайды. Ол Киров атындағы
шахтаның бір жаңалығын көруге кеткен еді, əлденеге тасып қайтыпты.
Мені иығымен соғып кете жаздап əрең тоқтады да:
— Мен біржола келісіп қайттым, Костя!.. Берлиннен кейін тура
Қарағандыға келетін болдым! — деді, аптыға сөйлеп.
— Кіммен келістің?
— Кіммен?!.. Жоқ, келіскен жоқпын... митинг болды...
Маған сөз беріп еді, мен уəде бердім! — деді. — Сен Қарағанды деген
жердің немене екенін білемісің? Жоқ, білмейсің... Мен де білмеймін... Ал,
сен қайтесің?
Шынында да, соғыстан кейін мен қайтемін осы? Жер бетіндегі өмірде
құйын, дауыл, соғыс, нөсер сияқты халдердің бəрі өткінші. Оның ар
жағында үлкен сарынымен өмір жатыр. Жер денесін шіміріктіре келіп
соғылатын əрбір снаряд ауыр-жеңіл жара салмақ. Сол жара көздің
соқырындай, мұрынның пұшығындай болып, өшпей орнында қала бермек
пе? Жоқ, қала алмайды.
Мен əр істі өз уақытында істеу керек деп ойлаймын. Қазір соғыс
уақыты. Мен де өз орнымда сияқтымын. Қазір азамат борышы не деп
сұраса, мен қару асынуда дер едім. Керек болып қалса, ол қаруды мен кейін
де тастағым келмейді. Бірақ өткінші — өтеді. Ол кезде, қаруын тастамай
жалғыз сопайып қалған адам мен де болмаспын. Қай қару керек болса,
қолыма соны алармын.
Мен жауап бермей кідіріп қалған соң, Вася күте алмай бөлмеге қарай
кетті. Мен əр баспалдақта бір ойға кездескендей баяу қозғалып үйдің
астыңғы қабатына қарай келе жатырмын. «Соғыстан кейін мен қайтемін?»
деген сұрау кең өмірдің əр жерінен маған бір орын іздегендей, ойымды
сүйреп əлдеқайда əкетеді. Шалқып, шіреніп Каспий көз алдыма келеді. Түс
болды деп салған шахта айғайлары маған Каспий үніндей естіледі. Гурьев
— Қарағанды, Гурьев — Қарағанды деген жазу шұбартып барлық
қабырғаларды алып бара жатқандай болады. Алтынмен жазылған,
қызылмен де жазылған, қара сырмен де жазылған... Кішкене бір кабинетке
кіргендей боламын. Самайына ақ кіре бастаған, қара мұртты, денелі жігіт
аты-жөнімді сұрайды... Қысқа-қысқа айтып жатырмын...
— Иə, келген жұмысыңыз?...
— Шахтаға жұмысқа түссем бе деп едім.
— Бұрын көмірде болып па едіңіз?
— Жоқ, сондықтан да көмірдің қара жұмысынан бастағым келеді.
— Курсқа түсіп, бір мамандық алуыңа да болады.
— Жоқ, мен əр нəрсені əліп-биінен бастайтын əдетім бар еді. Курсты
кейін көре жатармын...
Қара мұртты жігіт азырақ таңқалғандай, оның таңқалғанына мен де
таңданғандаймын... Ерсі көрінетін немене айттым оған? Мен не істесем де
түгел біліп істегім келеді. Мен солдат тамын, офицер демін. Бірін біліп,
бірін білмесем, мен өзімді бұл екеуінің бірі де емеспін дер едім.
Біреу бұл сабақты өткен шығар, біреу өтпей-ақ жеткен шығар. Онда
менің не жұмысым бар, мен басынан бастап түгел өткім келеді...
Болашақтың осындай бір суретін өз ойыммен жасап келе жатып, бас
дəрігердің кабинетіне кіріп кеткенімді аңдамай да қалыппын. Бас дəрігер
толық денесімен дөңгелене қозғалып, орнынан тұрды да:
— Қане, билеп жібер!.. Құттықтаймын. Жолдасыңнан қалмай қайтатын
болдың майданыңа... мə! — деп, төрт бүктеген бір қағазды қолыма ұстата
салды.
Тапочканың табанымен сырлы еденді сылп-сылп еткізіп, дəрігердің
тілегін орындай бастап едім, ол менің, аяқтауыма қараған жоқ, басын маған
қарай бір изеді де шығып кетті. Менің ойым біржола сауыққанымды аңдату
еді, онымның керегі болмай қалған екен.
Дəрігерлер деген бір қызық қауым болады. Ауруың қатты болған сайын
сен оған көбірек ұнайтындай, айналып, үйіріліп қасыңнан кетпейді. Сені
көрінгеннен қызғанып, өліп-өшіп үстіңде жүреді. Саған келетін хаттар мен
телеграммаларда көңілсіздік жоқ па екен деп, оны да қадағалай жүреді.
Ауру кезіңде сен бір еркесің. Орынсыз ауыр айтып қалғаныңды да
елемейді. Үйіңде не жай бар екен жақсы көретін қызың бар ма еді, ол не
жазыпты, соның бəріне ортақтасып кетеді. Қайғы-қуанышыңа еріксіз
еншілес болып алады. Бірақ мұның бəрі де жазылды деген қортынды
шығарғанша ғана. Сауықтым дегенше, дəрігер үшін бар қызығым
таусылды, бағам біржола түсті деп есепте. Енді сенің қайғы, қуанышыңның
бар-жоғы оған түкке керек емес. Бірнеше ай қарауында болып, достасып
кеткенің, басталған бір əңгімелеріңді аяқтағың келетіні, — енді оның бірдебірі қызықтыра алмайды дəрігерді. Енді ол сенен гөрі «қызығырақ» ауруға
ауысып кетті. Сен жəбірленбей қала бер, жəбірленсең де қала бер...
Бас дəрігер маған да осыны істеді.. Майданға қайтасың деп қуантты да,
содан кейін менің бар-жоғымды біржола ұмытқандай, өз жұмысына кетіп
қалды. Маған қалай болса солай тапсыра салған телеграмының қандай
хабар əкелгенінде жұмысы да болған жоқ. Билеп жібер дегенді де əшейін
əдет бойынша айтқан екен.
«Сүйемін — тчк,.. Гурьев— тчк» деген таныс тіркеулері» не қарап
телеграмның Ақботадан екенін таныдым. Балалар үйіндегі ескі əдет
бойынша, ішімнен «қуаныш үстіне қуаныш!» деп тұрып ашып қалып ем,
тап осы үйдің алдына жау снаряды түскендей, жүрегім солқ етіп қалды.
— «Бүгін майданға жүріп кеттім, адресімді үйден білерсің, апама
жіберермін», — депті Ақбота.
«Адресімді үйден білерсің, апама жіберермін» деген сөздер, əрине,
жылы тиеді Ақбота екеуміз бір үйдің адамы болып қалған сияқтымыз. Бір
үйдің адамдарының мұндай түрін бұрын көрмесем де іштей бірталай
ұқсастық тапқандай болам. Бірақ жауын мен желдің командирі, жылы мен
суықтың начальнигі майданға не үшін тартып кетті екен? Бұрын мен
барлық хаттарымның басына осы сияқты ұлықтаулар қоюшы едім, бұдан
былай кім деп атамақпын? Кім болып кетті екен? Жолдас автоматчик деп
жазам ба, болмаса, жолдас пулеметчик деймін бе? Тоғыз емес тоқсан
торапты соғыс жолдарының қай тарауынан іздер екемін енді?..
Бас дəрігер асығыс басып кіріп келді де:
— Міне қорытындымыз... Енді боссыз, оң сапар болсын! — деп, бір
тарақ қағазды қолыма ұстатты да, артынан ере келген əйел дəрігерге қарап:
— Операция столына Кубышкинді салыңыз! — деді.
Ертең ертемен Вася екеуміз сауыққан жаралыларды майданға жөнелтіп
тұратын жерге келдік. «Жел мен жауынның командирі жау төбесінен
найзағай түсірем деп кетті ме екен құйын соқтырам деп кетті ме екен?»
деген ой əлі арылмай бірге келе жатыр. Ақботаға əрі риза, əрі наразы
сияқтымын. Азамат борышы дегенді есіме алғанда риза болып келе
жатамын да, ерлі-зайыпты болған жағымыз есіме түсіп кеткенде ешбір
салтқа сыйғыза алмаймын.
Жазылған жаралыларды майданға жөнелтіп тұратын жердің комиссары
аға политрук Тарасенко деген жігіт екен. Мен одан өз бөліміме қайтаруды
қадала сұрап, себептерімді айттым:
— Өз бөліміңе қайтуды сұранудың себептері таныс қой сізге. Бірімізгебіріміз жан-тəнімізбен қарыздар болып кеткен бір топ жауынгер едік. Көрер
түсіміз бөлек болмаса, ұйқымыз да бір еді. Осы бір қырсық кездесіп,
жараланып қалмағанда, ендігі партияға алынбақ едім. Достасып кеткен
жолдастарымнан айырмай, өз бөліміме жіберсеңіз екен — дедім. Сөзімді
бөлгізбейін деп, ойлап келген ойымды бір-ақ түйдек етіп, тез айттым.
Тарасенко мені көгалжым көзімен бір ғана шолып етті де:
— Қайда болса да өзіміздің бөлім емес пе, — дей салды.
Емделуде жүргенде едəуір айырылыңқырап қалған əскерлік əдеттерді
бойыма қайта жинап, денемді ширатып алдым. Балтырымнан бастап
ширатылып келе жатқан бұлшық еттер киім біткенді кернеп бара жатқанын
сезем. Сымдай тартыла қалу əскер үшін мақтаныш емес, тəртіпке жатады.
Гвардиялық дивизияның солдаты белгісінен ғана танылмай, əскерлік
мүсінінен де танылуға тиісті.
Тарасенконың оң қолы шолақ екен. Сау қалған сол қолымен менің
қағаздарымды ыңғайсыздау аударыстырып отырды да:
— Жолдас аға сержант, командирлер курсына барасың, — деді.
— Жолдас аға политрук, өз бөлімімнен басқа жерге барғым келмейді!
— дедім, барлық дос-жолдастарымнан бір-ақ айрылып қалам ба деп
ышқынып кетіп. Дауысым əскерден гөрі балалық шағыма лайық, төзбестік
бір мінезді байқатып қалғанын өзім де аңғардым.
Берлин алынып, соғыс біткеннен кейін мен соғыс академиясын бітіруге
де уəде бергелі тұрмын. Мұным ойын да емес, өтірік те емес.
Бірақ əр жауынгерден күнде естіп жүрген сөзіне Тарасенко таңданған
жоқ. Оқ нөсерінен басын көтере алмай жатқанда да біздің жауынгерлер
Берлинге қашан жетер екеміз деп жатады. Шегініп келе жатып белуардан
батпақ окопқа құлай кеткенде де ол үмітпен айрылған емес. Ол
қатынаспаса Берлин алынбайтындай, əр жауынгер өз сапарының шетін
Берлинге апарып тірейді. Мүмкін, оң қолынан айрылып, осында
келгенінше, Тарасенконың өзі де солай ойлаған шығар. Сондықтан менің
Берлиннен кейін соғыс академиясын бітіруге де уəде берейін дегенім оны
таңдандыра алмады.
— Қазақстан командир дайындау керек пе, жоқ па? — деді Тарасенко.
— Əрине, керек, — деп бастадым да аяқ жағына, — мен белім
командирі едім, — дегенді қыстырып та жібердім.
— Орта білімің бола тұрып, осы күнге дейін неғып офицер болмай қала
бергесің? Мұның болмайды. Курсқа барасың! — деп, Тарасенко менің
қағаздарымды тағы бір аударыстырып қойды. Даусы қаталданып,
көзқарасы салқындап барады.
Əлі де сау күніндегі əдеттерін ұмытып болмаған оң қолының шолақ
білегі белбеуге қыстырып қойған жеңін бір түртіп қалды. Бұрынғы əдеті
бойынша, қаламды алуға созылғысы келеді. Байқап қалмадың ба дегендей,
Тарасенко маған қарағанда, мен соны пайдалана қойып, ең соңғы айлашарыққа жармастым:
— Менің өз бөліміме қайтуымның қандай қажеті барлығын мына
хаттардан да көруіңізге болады, — деп, жолдастарымнан келген бір құшақ
хатты Тарасенконың алдына жая салып, — ең болмаса біздің политруктің
хатын оқыңызшы... — дедім.
— Мына біреуін бір əйел жазған екен... Əлде, политругін, əйел ме еді?
— деді Тарасенко, ең үстіңгі, Ақботадан келген бір хатқа қиғашырақ қарап
отырған бойы. Көзінің алды азғана жымың, етіп қалды.
— Кешіріңіз, жолдас комиссар, — деп мен Ақботаның хатын тез кейін
тартып алдым.
Адам мінезінде сыр қандай көп, əңгіменің бетін осы əйел хаты өзгертті.
Комиссардың көзі жылы шырай беріп, мырс етіп қалды. Енді даусы да
жұмсарған сияқты.
Əйел мен бала соғыс адамдарының жүрегін тез босатады. Олардың əйел
мен бала жайын көп əңгіме етпейтіндері де, əңгіме ете қалса, елтігендей
болатындары да сондықтан. Мен бұл жайды да құр өткізгім келмей:
— Политрук болмағанмен майданға жүріп кетіпті əйелім... — деп,
Ақботаның соңғы телеграммасын Тарасенкоға ұсындым. Көрсеткім келіп
Ақботаның суретін де суырып алдым қалтамнан.
Тарасенко телеграмды оқып шықты да:
— Бəрібір, екеуің бір бөлімде емессіңдер ғой, — деді.
Содан кейін, менің ыңғайымды тани кетіп, үнсіз ғана қолын суретке
созды.
Көзі жаудырап, дененің бір мүсінін жасырмай, жеңіл шұбар көйлекпен
жаздыгүні түскен сурет комиссарға да ұнағаны байқалады. Ішімнен:
— Ақботаның аяғына мін тағып көрші! — деп тұрмын. Шынымды
айтсам, əйелдің аяқ мүсіні деген өз басымның, қадала қарайтын, ең бұрын
көретін нəрсем. Сонымды барлық еркектің мінезі шығар деп ойлап тұрмын.
Тарасенко суретті өзіме қайтарып беріп жатып:
— Жау оғынан қалай қорғай алар екенсің?.. — деді.
— Өзі қорғай алар деп сенемін, — дедім.
Осымен ешбір нəтижеге келе алмай, əңгімеміздің бұл саласы да
аяқталып қалды. Тарасенко əйтеуір менің көңілім үшін аударыстырған
болып отырғанмен хаттардың біреуін де оқыған жоқ. Дос жолдастары кім
екен дегендей, адрестерін ғана шолып отыр.
— Мына Ревякин деген кім, политрук емес пе? — деді бір кезде, көзінің
ақ-қарасымен бірдей маған тесіле қарап.
— Иə, жолдас комиссар, аға политрук, — дедім.
— Аты кім? Миша Ревякин емес пе?
— Тап соның өзі, жолдас комиссар!.. Михаил Иванович Ревякин.
— Соғылған Миша Ростовта екен ғой!..
— Тап солай, жолдас комиссар! Ростовта!..
— Ол екеумізді ескі достар деуге болады.
— Тап солай, жолдас комиссар!..
Соңғы жауабымның орынсыз екені айқын болса да, абайсызда оны да
айтып қалдым... Тарасенко онымды аңдап қалғандай көзін маған бір жалт
еткізді де, үндемеді, жымия отырып Ревякиннің хатын түгел оқып шықты.
— Орныңды өзіңе сақтап отырмыз, тез кел дейді, ə? Ие, ол солай
жазады...
— Тап солай, жолдас аға политрук.
— Харьковта курсты бірге бітіріп едік. Өзі Курскінікі. — Тап солай! —
дедім тағы да, Ревякиннің қай жердікі екенін білмесем де.
Ревякиннің ойынды-шынды əмір бере жазған хатын оқыған сайын, əр
сөзінен өзіне таныс мінез тауып, Тарасенко бірдеме деп қалады, мен де
оның сөзін мақұлдай түсем. Кейде мен мақұлдап үлгіре алмай қалсам,
Тарасенко өзі мақұлдап:
— Тап Мишаның өзі! Хаты өзіне қандай ұқсап тұр! — деп қояды.
Егер бұл басқа бір Ревякин болып шықса да, мен де бұл бет алысымнан
қайтар емеспін. Өйткені, Тарасенконың əлпетіне қарап, Ревякин арқылы өз
бөліміме баратыныма сене де бастап едім. Бақытыма қарай, біздің политрук
Ревякин Тарасенконың шын досы болып шықты.
— Өзгеңді жинап қойып, бірден Ревякин қайт деп жатыр десең ғой, мен
əлдеқашан көнем! — деді Тарасенко. — Отырсаңшы өзің.
Жауынгер жолдастарыма қосылатыным да, партияға алынатыным да,
күдік біткеннен арылып, жүрегім де орнына түсті. Бірақ Тарасенконың
соңғы айтқанына лайықты жауап таба алмай тағы да — тап солай... — дей
салдым отыра беріп.
— Егер сені Миша керек қылып жатса, өз орныңа-ақ жіберейін... Бар...
Менен хат ала бар, — деді Тарасенко.
— Ал, қане, Мишаның жайын айтшы. Не істеп жүр? Түгел айт!..
Осымен бар мəселем өз ойымдағыдай шешілетін болып, екі сағаттан
артық отырып қалдық. Ревякин жайында не білсем, мен соларымды жіпке
тізгендей етіп, шұбатып айта бердім де, Тарасенко жаңағы маған ұсап:
— Тап өзі! Тап солай!.. Политругіңнің бар мінезін қайдан біліп
қойғансың өзің? — деп, таңданумен болды.
— Бір төсекте бірге жатып жүрген əйелі де ерінің сырын мұндай біле
бермейді! — деді бір уақытта.
— Сұр шинельдің астында біріңді-бірің тез ұғады екенсің, — дедім мен
енді ойыма ие бола бастап. — Майданда сөз бен ісің, қылығың мен мінезін,
қатар жүреді де, бəрі де көз алдыңда болады ғой, жолдас комиссар...
— Сен Ревякинді осынша жақсы білсең, оның сені қандай жақсы
білетінін хатынан көріп отырмын. Сəлем айт Мишаға, сені партияға алуға
мен де кепілдік берем, деп айтты де!
— Рахмет, жолдас Тарасенко!
Өз жұмысым оңына бет алғаннан кейін, мен Вася Гришиннің, жайына
көштім. Манадан бергі əңгімемізден Тарасенконың өмір тарихы да біраз
аңдалып қалып еді. Бұрын Донбасс жұмыскері, кейін партия қызметінде
сол Донбасста болыпты. Соғыстың алғашқы күндерінде Харьковта Ревякин
екеуі тоғыз айлық партия курсында оқыған екен сол курстан майданға
жөнелген. Қазір оң қолы шолақ, Қарағандыда отыр. Мұнда келгелі екі-ақ ай
болғанмен нағыз Қарағанды патриоты болып алған.
— Біздің Қарағанды қазір жау қолында қалған Донбастың орнын басып
тұр! Мұның болашағы əзір ойыңа да сыя бермейді! — деп қояды.
Оң қолынан айрылған адам, іштей өзін-өзі солдат қатарынан шығарып
қояды. Əзірге əскерлік жұмыста отырғанмен Тарасенко да солай екен. Ол
соғыс біткеннен кейін де осы Қарағандыда қалуға біржола бел байлапты.
Қазір əйелі мен баласы, кемпір шешесі де осында екен.
— Əйелім Киров шахтасында. Штейгер... Онда стахановшы əйелдердің
алты бригадасы бар, — деді Тарасенко. Енді маған Васяның тілегі де оңай
орындалатыны байқалды.
О да соғыс біткен соң Қарағандыға келмек, о да Қарағандының
болашағын ертегідей естіреді. Васяның осы жайларын айта келіп екеумізді
бірге жөнелтуді тілек еттім.
— «Қатынды жұмаққа жіберіп көр — сиырын да жетелей барсын»
деген орыстың бір мəтелі бар еді, тап соны істеп отырсың! — деді маған
Тарасенко.
Мен қалжыңға қалжыңмен жауап бердім:
— Өзбек ағаң баласы бір молладан «осы қазақ жұмаққа бара ма?» деп
сұрапты дейді. Моллаекең қазаққа жұмақты қимады ма, əлде қазақ
халқының асып кеткен діншіл болмағанына наразылығы бар ма, əйтеуір —
«жоқ, қазақ жұмаққа бармайды, ең əрі кетсе, босағасынан ғана сығалар!»
депті...
Қазақтың ойға алғанын орындамай қоймайтын əдетін білетін өзбек ағаң
баласы:
— Ендеше, қазақ барады екен жұмаққа... Қазақ сығалады дегенше —
кірді деңіз! — депті дедім...
Қазақ қалжыңымен онша таныстығы жоқ Тарасенко біраз күліп алды
да, əшейін қалжыңнан шын бір қортынды шығарды:
— Ойға алғаны мен уəде еткенін орындауға қазақ халқының
тұрақтылығын күнде көріп отырмын. Майдандағы жиырма сегіздің ерлігіне
көмірде жиырма сегіз мыңдар жауап беріп жатыр,— деді. Содан кейін,
Васяны да шақырып алып, екеумізді бірге — біздің бөлімге жөнелтті.
Ертеңіне, бұл жолы да түнде, Вася екеуміз жүріп кеттік. Жазғытұрғы
жылы түн жұмсақ қана леп беріп тұр. Кен қоқымнан үйілген қырқалардың
көгілдір оттары жылт-жылт етіп, етектегі ұсақ жұлдыздармен араласып,
көзіңді алысқа сүйреп əкетеді. Өрмекшінің ауындай жиі түскен темір жол
табандары вокзалдың өзін əлденеше орап кеткен сияқтанады. Паровоз
үндерінде тыным жоқ, алды-артың мен оң-солыңнан қатарласа, қосақтаса
шығады. Қыбыр-қыбыр қозғалған көмір артылған вагондар өре жөнелген
мыңдаған жылқыны есіңе түсіреді. Бүйірінен буын бұрқыратып қалған
паровоз астынан қарасаң, темір жол табандары ай сəулесі түскен үлкен бір
көлге ұқсап, шеті-шеті аңдалмайтындай əсер етеді. Бұған қарш-құрш
қаржасқан вагон үндері мен ышқына шыққан ысқырықтар қосылып,
Қарағанды вокзалының тынымсыз үртіс өмірін кез алдыңа əкеледі.
Əр кездегі əдетінше, тез басып, ұршықтай үйіріліп Гуля келіп қалды.
Түнде кететінімізді айтып, күндіз барып қоштасып кетіп едік.
— Екіде тағы жаралыларды қарсы алатын едік. Сендерді тағы бір көріп
қалайын деп, ертерек келдім, — деді Гуля.
Поезд лықсып қап жөнеле бергенде терезеден Гуляны тағы да көрдік.
Кішкене саусақтарын тез-тез сермеп, вагонмен қатарласып біраз жер жүрді
де, ағараңдап кейіндей берді. Аз қысыңқы көздері мен тез-тез сермелген
саусақтары бүкіл майданға сəлем айтып жатқандай еді. Мүмкін, өзінің
жарына да біз арқылы сəлем айтып жатқан шығар. Кім біледі, кездесіп те
қалармыз... Қара қағаздарда да қаталықтар болады ғой... Болады, болады,
бауырым!..
3
Егер мен жазушы болсам, біріне-бірі ұқсас уақиғаларды қайталамаған
болар едім. Əсіресе, əскердің кейін шегінуі сияқты ең бір көңілсіз
нəрселерді қайталаудан қашар едім.
Амал не, соғыс жазушымен де, оқушымен де есептеспейді,
қайталағысы келсе — бөгелмейді де. Өзі бұлдыр алыс заманнан бері жасап
келе жатқанмен шындап келгенде, мінезге де бай емес. Шабуыл, я шегіну,
қырылу, я қыру, жеңу, я жеңілу сияқты екі жақтың халін қарама-қарсы
көрсететін екі-ақ түрлі жайы бар. Айларға созылып тең-тарта тұрған табан
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Қазақ солдаты - 17
  • Parts
  • Қазақ солдаты - 01
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2163
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 02
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2108
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 03
    Total number of words is 4133
    Total number of unique words is 2092
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 04
    Total number of words is 4064
    Total number of unique words is 2142
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 05
    Total number of words is 4112
    Total number of unique words is 2242
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 06
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2201
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 07
    Total number of words is 4110
    Total number of unique words is 2267
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 08
    Total number of words is 4062
    Total number of unique words is 2201
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 09
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 2058
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 10
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2113
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 11
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 2030
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 12
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2154
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 13
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2144
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 14
    Total number of words is 4063
    Total number of unique words is 2149
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 15
    Total number of words is 4032
    Total number of unique words is 2124
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 16
    Total number of words is 4067
    Total number of unique words is 2018
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 17
    Total number of words is 4089
    Total number of unique words is 2187
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 18
    Total number of words is 4047
    Total number of unique words is 2190
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 19
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2162
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 20
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2182
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 21
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2106
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 22
    Total number of words is 3985
    Total number of unique words is 2066
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 23
    Total number of words is 3821
    Total number of unique words is 2014
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 24
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2066
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 25
    Total number of words is 1652
    Total number of unique words is 1004
    41.0 of words are in the 2000 most common words
    55.3 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.