Latin Common Turkic

Қазақ солдаты - 19

Total number of words is 4061
Total number of unique words is 2162
33.3 of words are in the 2000 most common words
49.5 of words are in the 5000 most common words
56.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
түсетін кездеріміз де болады. Əрқайсымыз əр түрлі сын, əр түрлі тілектер
айтып, кейде тіпті қияға тартып кетеміз. Кавказ етегінде өткен тоғыз айлық
өмірді бір ғана суретке сыйғыз деп қысамыз.
Сережаның бұл салып отырған суретінің атын «Қоштасу» деп, күні
бұрын қойып беріп едік. Онымыз Кавказбен өзіміздің қоштасқан Теректің
бойы еді. Терек өзені жаудың барып тірелген де жері, кейін қарай жөңкіле
қашқан да жері.
Қазбек пен Каспийдей екі қарттың ерке қызы Терек тастан-тасқа
секіріп, тулап жатты. Суық тас құшақтан құтылып, Каспийдің шалқар
кеудесіне жетуге асыққандай, ышқына жұлқынып, есіліп ағады. Көбік
атып, шапшып шашыраған көгілдір су жыртылған көк жібекке ұқсайды да,
тастан тасқа секіріп бара жатқан ерке сұлудың, жарқылдаған сирағы
көрініп кеткендей болады.
Əр асуында мың түрлі ертегісі бар, қиясына қыран ұялаған Кавказды да,
асау сұлу Теректі де біз сол қоштасарда ғана көз тоқтатып көріп едік. Оған
дейін Теректі қарындасымыздай қорып, жауға суын таттырмадың та, бірақ
өзіміз де көз тоқтатып қарай алған жоқпыз. Əр қиясы алдырмас қамалымыз
болған құж тауды да сол қоштасарда ғана көргендей едік.
Теректі жазған ұлы ақын анау бір қан күрең құздың төбесінде тұрып
көргендей болады. Кейде ойланып, басын кеудесіне салып тұрған ақынның
өзі де көрініп кетеді. Көз талдырар көркем таудың күміс қырқаларынан
сырғып кеп түскен ақын көзі құйындай екпінмен ағып жатқан асау өзенге
қадалған. Өзен ағысын азғана тыңдасаң, ақын жазған өлеңнің ағысы да
есіңе түседі. Көптен бері есіңе алмаған сөздер түйдек-түйдегімен ойыңа
оралып, ырғағына еріксіз ыңылдап үн қосасың.
Таңертеңгі күн сəулесі тау қойнына ұрланып қана, ұялып қана кіріп
келе жатты. Суық түксиген қоңыр құздардың бойы жадырап, қабағы да
жылына бастады. Күн сəулесі əуелі алып жоғалардың бүйіріне түсіп еді,
енді кəрінің жонын сипай, кеудесіне қарай өрледі.
Суға бір түсіп, қайтып шықпай қойған пілге ұқсаған қара қошқыл кесек
бір жартастың үстіне шығып алып, Володя:
— Лермонтов қандай ұлы ақын болған, жолдастар!.. Ақын берген бар
сипат дəл сол күйінде тұрған жоқ па!.. Ұлы ақын Терекке де дəл осы
жартастан қараған болу керек. Айналаны қараңдаршы, айнытпай салған
бейне емес пе! Көңіліңе салынған өрнек, көз алдыңа сол күйінде келіп
тұрғандай!. .— деп, көзі жасаурап, айнала қаранып, тұрып қалды.
Бұл жаңа жылдың таңертеңінде еді. Кавказ бен Терекке қанша қадалсақ
та, біз сол ақын айтқаннан арғыны көре алмадық. Еркін бейнелермен
берілген ақын жыры өз ойымыздан асып түсе берді. Тегінде, ұлы жырға
іліккен нəрсені өз көзіңмен көріп тұрғанда да одан асырып бейнелей
алмасаң керек.
Лермонтов, Пушкин жырларына мен ең əуелі Абай арқылы кездестім.
Жолсыз шөлейт далалардан асып, айсыз қараңғы заманнан асып, ұлы жыр
қазақ даласына жетті. Сол заманда ақынға ақынның үн қосуы жай ма еді?
Екі қиянда жатқан екі ақынның үндері қалай қосыла кетті? Елінің мұңында
ұқсастық болмаса, ой өрісінің беті бір болмаса, ақын үндері де қосыла алар
ма еді? Жат ақынды жат ел қалай ұғына алар еді?
Сережа қырға шығып кетіп, шашылып жатқан жау қанжарының бірін
тауып əкеліп, күрең жартасқа Лермонтовтың суретін сала бастады. Əуелі
қанжардың ұшымен сызып, ақынның бет бейнесін жобалап алды да, ұзамай
шақ-шұқ ұрып, тасты оя бастады. Оның суретші екенін де біз сол жерде
көрдік.
Көптен бергі əдетімізше, Володя екеуміз бір ғана қарасып қалдық та, екі
шақпақ тасты алып, күрең жартастың екі бүйіріне тұра қалдық. Арамен
тілгендей тегіс бір жеріне Кавказға арнаған ескерткішімізді жаза бастадық.
Мен жазарымды бұрынырақ жазып болып, Володяның қасына келсем, о
да соңғы ноқаттарын қойып жатыр екен. Екеуміздің жазғанымыз да бір
болып шығыпты. Құж жартастың бір бүйірінде Лермонтовтың өз өлеңі тұр:
— А Терек прыгает, как львица, С косматой гривой на хребте...
Володя осылай басталатын бес жол өлеңді жазыпты, Тастың екінші
бетіне мен де осы өлеңнің Абай қолынан шыққан аудармасын жазып ем:
— Асау Терек долданып, буырқанып, Тауды бұзып жол салған, тасты
жарып, Арыстанның, жалындай бұйра толқын — Айдаһардай бүктеліп, жүз
толғанып...
Енді аңдасам, манадан бері қанша тесіле қарасам да, осы Абай айтқан
Теректі көріп тұр екемін. Өз көзіммен көріп тұрған Терек алдымда жатыр.
Бірақ сипатын өзімше айтуға бір теңеу таба алмай, айналып Абайға келе
бердім.
— Арыстанның жалындай бұйра толқын — Айдаһардай бүктеліп, жүз
толғанып...
— — Талай белдің ар жағында жатып, қараңғы түнде даусынан таныған,
Лермонтовпен бірге күрсінген жөн сұраспай құшақтаса кеткен қазақтың
ұлы ақыны, — деп, жолдастарыма Абайды таныстырдым.
Менімше Абайға қатты əсер еткен ақын Лермонтов сияқты. Өз
заманына қайғырып, болашақ үшін мұңайғанда, кектеніп кеп жалын
атқанда, дандайсыған тағылыққа лағынет айтқанда Абай Лермонтовпен
үндес:
— Жартасқа бардым,
Күнде айғай салдым.
Одан да шықты жаңғырық...
сияқты ұлы күрсіністің төркіні Лермонтов сарынымен бір жерден
шығады. Жолдастарға осыны айттым.
Бір жағында Лермонтов, екінші бетінде Абай тұрған Кавказдың көп
жартастарының бірі енді бір қасиетті ескерткіштей болып қалды. Жау
əскерін кейін қайтарып, шұбыртып айдай жөнелген жеріміз де осы жаға
еді.
Жазғытұрғы арық-тұрақтай шұбыртып, бір ізбен айдап, тұтқындарды
жөнелттік. Ағылған танкы мен машиналардың, алдыңғы жағы белдерден
асып кетсе, ұзын құйрығы Кавказ қияларында көрінеді. Алып таудың əр
аңғарында танкы боталап жатқандай, көптігіне өзіміздің көзіміз
сүрінгендей еді. Содан бергі тоғыз ай біздің бір түйдек өткізген кезеңіміз.
Тең-тартқа түсетін кездерді біржола артқа тастап, жауды тықсырып
айдаумен келдік. Əлдеқашан уақыты жеткен толықтандыруға да қолымыз
тигені осы-ақ. Басқа бөлімдердің əлдеқашан тағып алған погондарын да біз
осы арада тағындық.
Жас суретшіден біз осының бəрін бір-ақ көрсет деп талап етеміз. Өз
басымыздан түйдек өткен бір кезең, бір суретке сыйып, тоғыз айды тұтас
қамтып тұрса екен дейміз... Сурет заңынан гөрі біздің «заңымыздан»
көбірек ығысқан жас суретші көз жетпес кең даланы алыпты да, көп
нəрсені сыйғызуға тырысыпты. Ұзын-құйрықтанып, танкы мен машина
лектері құлап келеді. Бұрқыраған қар, будақтаған түтін де көрінеді.
Жоғарыда қайтадан қаздай қанаттасып самолеттер өтіп барады. Машина
үстіндегі солдаттардың жаңадан киініп, погондарын тағып алғандары
байқалса, тас түбіндегі біздің бөлім алба-жұлба. Шинельдердің оқ жырып
кеткен жыртықтары да көрініп тұр. Сондықтан Сережаның суреті көп
нəрсені ұсақ-ұсақ қамтып, есте қаларлық еш нəрсені кесек айта алмай
қалыпты. Біздің ананы айтпапсың, мынаны көрсетпепсің дегеніміз осыған
əкеліп соқтырған: əрі көп, əрі ұсақ — бірін-бірі жауып та кеткен.
— Осындай танкы бола ма екен! — дейді Володя. — Танкы емес,
тарақан ғой мыналарың!.. Кавказ солқылдағандай болды-ау деп осыларды
айтып па ек?
— Суреттің жалпы бір жайылымы болады да, нақтылы тақырыбы
болады, Володя... Нақтылы тақырып өзіміздің жартас қой... Өзгесі сол
күннің жалпы жайын баяндайтын нəрселер... Оларға онша қадалма... —
дейді Сережа, мұғалім алдында тұрған баладай қысылып. Енді даусына да
діріл кіре бастапты. Көзі тұрақтай алмай, қыдыра қарайды. Шынында, осы
суретті өзі де ұната алмай отыр, бірақ əзір мойындар емес. Көзқарасы
«осыған əкеліп соқтырған өздерің!» деп тұрса да аузы оған барар емес.
Кінəлы болса, өзі болғысы келіп, салған суретін жақтай береді.
— Өзіміздің жартас? Осы ма, сол жартас! — дейді Володя танымай
қалғандай, таңданып.
— Біздің жартас осындай ма еді? Мынауың Лермонтов айтқан жартас.
Көшіріп алыпсың да, өзіңнен еш нəрсе қоспапсың!..
Кавказды бəріміз де Лермонтов айтқан сипатта көргенімізді Володя
аузына да алғысы келмей тұр. Өз көргенімізді біз кейінірек ажыратып
алғамыз...
— Жолдас суретші, өзіңе тəн творчестволық бағытыңды көре алмай
тұрмын... Сіз ұлы суретшінің тұтқыны болып қалғансыз. Мұның атын
біреуден... көшіріп алу дейді. Бұл ұзаққа апармайтын тұйық жол. Суретші
өмірді өз көзімен көріп, өз бояуымен көрсете алуы керек, — деп, Володя
байырғы сыншыларға еліктегендей, үнін де қоңырлатып, қолдарын сілтеп
сөйлей бастады.
Сережа бұл қалжыңды аңғарса да, оның ар жағында бірталай шындық
жатқанын сезініп, бұрынғысынан да қызарыңқырап кетті. Əлде ғана,
қалжыңсыз талас кезінде, суретші көп нəрселерді мойындағысы келмей
отырса, енді мойындап бара жатқаны байқалады. Шаншып алатын істігі
бар «сын» үстірт айтылса да шаншудай қадалып еді, ауыр айтылған достық
сын суретшінің ойына қона қалды. Бұл күнге дейін сын көрмеген Сережа
манадан бері айтылған сындарды өзінше екшеп алып, енді Володя айта
алмаған көп нəрселерді өзі міней бастады:
— Менің творчестволық жолым бірталайдан бері окоп, айқастар
арқылы өтті ғой... Осыны ойлап жүрді деймісің. Менімше, бұл суреттен
іске татитыны «Қоштасу» деген аты ғана. Өзгесін түгел өшіру керек, —
деді орнынан тұра беріп.
— Жолдас суретші, сізде үлкен дарын барлығы даусыз... Сіз əлі үлкен
еңбектер жасайсыз... Əзірше жолдастық сын көбірек керек... Кел, отыр,
қосылып жасап көрейік, — деп, Володя Сережаны құшақтап алып, екеуі
суретке бірге еңкейді. Енді, шанышқы да жоқ, қалжың да жоқ, екеуі бірге
ойласып, бірге қиналысып тұр.
— Сен мына бір жігітіңді қалай салғаныңды байқаймысың? Мұның
тұп-тура Печоринге ұқсап кетіпті... Өзімізге таныс жігіт қой. Печоринге
ұқсайтын түгі де жоқ... Онша бір сұлу жігіт десек, жала болар еді... Біз
реализмнен шықпауымыз керек. Өзі қандай болса, сондай етіп көрсетейік.
Сұлу болмаппын десе, құдайына өкпелесін! Есіңде ме, үстінде қырық
жерінен оқ тескен шинелі бар еді... Кейбір жерін машина үстінде бірге
жамасып бергеміз... — дейді Володя.
Мен бұл айтып отырғандары менің жайым екенін сезбегендей, өз
жұмысыммен болып отырмын. Жаңадан қосылған жауынгерлерімнің
қандай сыннан өткендерін біліп алуым керек. Аяқталмаған хаттарым бар...
Дивизиямыз енді жаңа жағдайда болады. Менің, ойымды осылар босатпай
отыр.
— Василисаның тарихқа кіріп қалғаны сұлулығынан емес, Сережа...
Наполеон сияқты өз заманында алып көрінген қолбасшыға ерлерше қарсы
тұра алғандығынан. Қазақ солдатының бейнесін дəл көрсетейік!.. Өз
бейнесін дəл бере алсақ, бізге көркемөнер де өкпелемес, əйелі де өкпелей
алмас, жүз Печорин тобығынан да келе алмас! — деп, Володя маған тура
тиерлік белгілер бере сөйлеп отыр.
«Əйелі де өкпелей алмас» деген сөз тағы да Ақботаны еске түсіреді.
Осы араға келгелі, Ақботаның хаты үш-төрт күн ішінде келіп қалатын
болды. Бұрын бір жетіде алушы едім. Олай болса, арамыз бірталай
жақындаған сияқты. Арамыз жақындаған сайын ерлі-зайыпты жағымыз да
беки түскендей болады. Бірақ дəл қай майданда жүргенін біле алғаным
жоқ. Мен қадағалап сұрасам да ол айқын жазбайды. Соған қарағанда аса
бір бүркеп ұстайтын бөлімде жүрген сияқты. Бұл жерде де күн өте ыстық,
өрік, мейіз пісіп тұр дегеніне қарағанда, Ақбота да осы оңтүстік
майдандарының бірінде жүр.
— Міне, міне, қазақ солдатының жүзі енді айқындала бастады, — дейді
Володя...
Сыртта күй ойналып қалды. Тез киін, тез шық!..
Кавказда капитан атын алған Мирошник, погондары жарқ-жұрқ етіп,
ротаға түгел команда беріп тұр. Даусы да жарқылдап шыққандай болады.
Гүжілдеген ауыр самолеттер жер тарпып, бізді шақырып тұрғаны айқын.
Жұлынып ұшқан шөп пен жапырақ... Əр самолеттің, арт жағында құйын
бар сияқтанады. Қуара бастаған шөптер жерге баурын төсей жұлқынады.
— Оң жағынан бір-бірден!..
Бізбен бірге капитан Ревякин мінді, Мирошник басқа самолетте.
— Сережа, суретің аяқталды ма?..
— Жоқ, жолдас лейтенант.
— Соғыстан кейін аяқтайсың да...
— Əрине!
Самолет жерден тік көтеріліп, тура оңтүстікке қарай бір-ақ тартты...
6
Түндегі үлкен айқаста не болып жатқанын түгел жазу түгіл, түгел
ұғынудың өзі қиын. Суреттеуі қиынға соғатын жағдайды оңай ұғылсын
деп, таныс нəрселерге теңеп, мөлшерден тыс екендігін аңғарту үшін тамұқ
сияқты ешкім білмейтінге тартатынымыз да осыдан болу керек. Бүгінгі
түннің айқасы да сондай бір теңеуі қиын сұрапылдардың бірі еді.
Қараңғы түнде тұтас балқып, қып-қызыл болып жанып, гүрс-гүрс құлап
жатқан үлкен қаланы ешнəрсеге теңеуге болмайтын сияқты. Қабат-қабат
биік үйлер темірдей балқып, қағаздай жұқарып барып, құздай қопарыла
қулайды. Жанып жатқан қала əлі оқ боранының астында. Үшінші түн
осымен өтіп барады. Құрғақ желден құлаштай шалқыған от теңізі көз
жетер жерді түгел басып, шып-шып қайнағандай көрінеді. Өзің тұрған
жерден басқаның бəрі от құшағында қалғандай сезіледі.
Сол жағымызда тынбай күрсініп жатқан теңіздің үстіне жұмсақ бір биік
қара тау орнап қалғандай. Қалың қара түтіннен бір жұлдыз жылт ете
алмайды. Қою түтін кернеп кеткен аспанның бір бүйірі іскен сияқтанып,
бозалаңдап қана ай бары сезіледі.
Снаряд пен миналар қаладан да, қалаға қарай да жосылып атылады.
Əрбір жерге соғылған снаряд əуелі бір үлкен-үлкен от жапырағы бар ши
түпке ұқсап кетеді де, лезде бұрқырап-будақтаған шаң-топырақ болып
аспанға атылады. Күндіз көрген жазық жерің қазір бір қара ормандай, я
болмаса, тау шатқалындай өркеш-өркеш көрінеді.
Біздің оң жағымыздан бір жанар тау пайда болғандай. Бұйра қара көк
түтін шымыр-шымыр қайнап, от өзеніндей ағылып жатыр. Бұл жанып
жатқан көл-көсір етіп салған цемент заводы. Бүгінгі кешке дейін завод
маңайы екі жақтың аралық шегі еді. Завод маңына адам аяқ салуға болмаса
да, екі жақтың снаряд, миналары да сол араға ұйлыға төгіліп, сүзісе
жарылып жатыр...
Володя Толстов осы қалада туған. Əкесі бұрын осы заводтың
жұмыскері екен. Қазір қайда екенін ешкім білмейді. Менің туып-өскен
қалам осы деп, сағынышын да, қуанышын да қалдырмай айтатын Володя,
бүгін қатты күйзелісте жүр. Түн ішінде қаланың қай жері жанып, қай жері
біржола жоғалып жатқанын танып күйзеледі.
— Анау Пионерлер сарайының тұсы... Мынау жанып жатқан Мəдениет
сарайы болса керек... Музей... Театр... Парк...
Заводтың ар жағында, əрі қаратып тізіп қойған топ-топ алып пілдерге
ұқсап бозғыл түсті жақпар тастар көрінетін еді. Одан əрі күнгей беттің
күрең қия тастары бірінің иығын бірі баса көтеріліп, едəуір биік тауға
айналып кеткен. Күндіз бұл түтін астында үнсіз қарауытып, қимылсыз
қалғып тұрған жота еді. Қазір сол бөктерге үлкен бір қала орнап қалғандай
жарқырайды. Жүздеген үйлердің электр шамы жарқ етіп бірге жанып, лып
етіп бірге сөніп тұрғандай. Біздің ауыр зеңбіректер бүгін түні сол жотаға
орнап қалыпты. Бұрын құлаштап алыстан ұрса, қазір қос қолдап жақыннан
төмпештеп, жаудың оңтүстіктегі берік бір қорғанысын талқандап жатыр.
Біз теңізді жағалап қалаға əрең жақындап келеміз. Ракеталар жарқ етіп
қалғанда қырқа жондары көк бұйрадай күңгірт жылтылдап, қаракөк
толқындар көрініп қалады. Толқын білеуленіп ірі көрінгенмен бүгін
дыбыссыз төңкеріліп жатқандай. Қазіргі есітілер үн айқас гүрсілі ғана.
Кеше бір қарбалас үстінде қаланың теңіз жақ бүйірінен бір топ су əскері
десантқа түсіріліп еді. Үш сағаттан кейін сол топпен арамыздағы байланыс
үзілді. Қазір біз сол маңайды барлап қайтуға келеміз. Қала үстіндегі от
топанының күштілігі сонша, дəл қасына келмесең қай жерде не болып
жатқанын аңғара алмайсың. Адам от ішінде тұрып соғысып жатқандай
сезіледі.
Адам өлігі мен ат өлімтігінен аяқ алып жүре алмай келеміз. Алдыартымызға топ-топ етіп түсіп жарылып жатқан зеңбірек оқтары... Бір
өліктен бір өлікке жылжып, бір шұңқырдан шығып, екінші шұңқырға
жылжып түсіп, бес километрдей еңбектедік. Шұңқырдан тырмысып шыға
берген жолдастарың жағаға тырмысып шығып бара жатқан бақаға да ұқсап
кетеді.
Беліме байлап алған екі ұзын арқаным бар... Ұзындығы дəл жиырма
метрден. Арқанның біреуінің ұшы Самедтің белінде, енді біреуінің ұшы
Володяның белінде... Қала маңайының ой-шұңқырын жақсы білетін Володя
анда-санда арқаннан тартып қалып, «былай жүр» деп белгі беріп қояды.
Жіңішке арқан əрі сыбыс шығармай сөйлесуімізге жарайды, əрі бірімізденбіріміз айрылып қалмау үшін керек еді.
Тынымсыз жарқ-жұрқта жыпырлап жатқан адам өліктері орындарынан
бір-бір қозғалып қалғандай, əлдеқайда еңбектей жөнелгендей болады.
Талай солдат қалаға келе жатып өлген талайы қаладан бізге қарай келе
жатқан бетінде өлген... Көбі шалқасынан жатыр. Сол өліктердің арасында
кесірткедей жорғалап біз келе жатырмыз. Жарық арт жағыңнан түскенде
бар өлік қалаға қарай еңбектей жөнелгенде көрінеді. Жарық оң жағыңнан
түссе, бар елік баурымен жер сызып, теңізге қарай бір қозғалып қалады. Оқ
кімді, қай жерде түйреп тастады, сол жерінде қалдырып кеткен. Біріне-бірі
ұмтылған екі жақтың солдаты аралас құлап, қазір сол аралас күйінде
жатыр. Дəрінің ащы исіне өліктердің борсыған, сасыған иістері араласып,
дем алғызбай келеді. Адам үшін ең бір жаман иіс — осы өлік исі. Қарны
қампиып, екі аяғы астында жатса, енді екі аяғы серейіп жатқан жылқының
исі де ондай жеркентпейді. Амал жоқ, сол сасық өліктердің бірінен-біріне
жеткенше жан таласа ұмтыласың. Мұрныңды жеңіңмен басып, сол өліктің
баурына тығыласың. Алақаның əлсін-əлсін қанға тиеді, тізеңнен өткен
қанды денең сезініп, тітіркеніп қояды.
Оң жағымда келе жатқан Володя арқанды тартып қалып, «Тоқта!» деген
белгі берді. «Немене?» дегенді сұрап, арқанды мен де екі рет қағып
қалдым.
— «Бері кел!», «Тез, тез!»...
Самедке «тырп етпе!» деген белгі бердім де, өзім Володяға қарай
кеттім...
Тағы бір қарны қампиған ат өлімтігінің бауырында баладай ғана боп
бүрісіп бір солдат жатыр. Володя соның үстінен шығыпты.
— Неге шақырдың? — дедім, арқаннан ұстап жылжыған бойым,
Володяның қасына келіп.
— Алдымызда ғана неміс барлаушылары жатқан көрінеді.
— Алдарыңда... Шұңқырда отыр... Елу-ақ метр жерде, — деді, дірілдеп,
əрең шыққан дауыс. Жаралы солдат əр бір үнді əлде қай жерінен əрең
қысып шығарып жатқандай болады. Бірақ өзі ойдағысын айтып қалуға
асығып жатыр.
— Өзің кім едің?
— Барлаушымын.
— Ауыр жараланғанбысың?
— Екі аяқ... жəне шатымда бір жерім у құйғандай ашиды...
Ауыр жараланған жауынгерге кездесіп, түк жəрдем бере алмау деген ең
бір қиын хал. Алып та кете алмайсың еш қайда хабар да бере алмайсың.
Жер бауырлап жатып, жарасын таңып бердік. Жаралы солдат өз өмірінен
үміт етпесе де, майдан өмірінен қол үзе алмай жатыр:
— Жау барлаушылары мана, іңір кезінде келіп еді. Енді ілгері аттауға
қорқып, шұқырда отыр... Жаңа ғана темекі тартқан иістері келді... Қасына
барыңдар да, бас салыңдар... — дейді.
— Сен енді шыдап бақ, жата тұр... Қайтарда ала кетерміз, — дедім.
— Жарайды... Рахмет. Əуре болмай-ақ қойыңдар, мен үшін
айналмаңдар, — деді жаралы. — Бірақ мені аттың қарнына сүйеп,
отырғызып кетіңдерші. Бүгінгі түнді көріп отырайын. Енді мен бəрібір
жауынгер емеспін... Түн немен тынар екен көріп өлейін... Түнгі айқасты
көріп отырайын тым болмаса...
Жаралы жауынгердің əр сөзі ортасынан үзіліп, барлық дыбысы
қырылмен шығады. Кеуіп қалған еріндер біріне-бірі тимей, жақындап қана
қайтатынын сезесің. Енді жауынгер еместігін білсе де, соңғы айқастың
немен тынарын көзімен көргісі келіп жатыр. Өлімін бұлдап, орынсыз
еркелік те етпейді. Өлімнен қорқып, бұғатын да емес. Жалғыз ғана ойы
көрген-білгенін бізге түгел айтып, үйінен аттанғанда не үшін аттандым деп
білсе, соны түгел көргісі келеді.
Біз оны өлген аттың қарнына сүйейік деп орнынан қозғағанда, қанға
малшынған денесі жылп етіп, жеп-жеңіл сырғыды. Аузына су жұтқызып,
бір сауыт суды қойнына тығып беріп, қасына «Беломор» папиросын
қалдырдық.
— Папирос емес, бар болса, махорқа қалдырыңдар... өзім орар едім...
Ішім де пысып барады, — деді жаралы. Мен оның кескінін көргім келіп
қанша үңілсем де қарауытып кеткен жүзіне, бетіне батып кеткендей көзіне
жарық дұрыстап бір түспей қойды.
Жаралыны осы күйде қалдырып, айтқан шұңқырына үшеуміз үш
бүйірінен жақындадық. Бұл түнде дыбысымыз естілер деп қауіптенерлік те
емес еді. Автомат, пулемет атылғаны жас баланың алақан
шапалақтағанындай ғана естіледі. Барлық басқа дыбыс зеңбірек арсылынан
жасқанғандай, бүгін біржола бұғып қалыпты.
Бірінші кезек берілген Самед шұңқырдың жиегіне барып, азғана бұғып
жатты да көтеріле беріп:
— Иə, ханнан, иə маңнан! — деп қалып, шұңқырға бірінші гранатасын
тастап жіберді.
— Сталинград шаһарында сізді біз осылай ұрғанбыз! — деп қалып,
екінші гранатасын тастады. Сонымен шұңқырдан естілген ыңырсу,
ыңыранулар та тынды. Володя гранатасын беліне қайта байлай бастады.
Бізге жаңадан ғана қосылған жауынгер Самедтің əрқилы мінезі
барлығын байқасам да «иə ханнан!» дегенін естіп тұрғаным осы еді.
— Ол неменең? — деп, келер күні сұрағанымда, Самед баладай
ыржиып:
— Кім біледі оның немене екенін... Хожа Насреддин ханның уəзірін
арбаның арысымен ұрғанда осыны айтып ұрыпты ғой, əйтеуір... — деді.
Қалаға теңіз жағынан түсірілген десант əлі арпалысып жатқанын
байқадық. Теңіздің дəл жағасында өршеленіп ұшқан оқтар, ерсілі-қарсылы
тасталған гранаталар сол арпалысты танытты. Едəуір жақындағанмен дəл
қасына бара алғанымыз да жоқ. Екі арамызда таяқ тастам етіп, жиі-жиі
қазылған окоптар толы жау əскері еді. Алысқа сілтеген минометтер,
пулеметтер де аттатар емес. Сіңбіріп алғылары келсе де, біз жақ бетке
оқтан боран, оттан шымылдық құрып қоятын немістер бұл айқасқа барын
салып, баса қимылдап жатқандары байқалады.
Десант туралы бұдан молырақ хабар алу мүмкін емес еді. Володя
манағы шұңқырға да, жаралы жауынгерге де тұра бастап əкелді. Сол сүйеп
кеткен бойымызда жауынгер əлі отыр екен. Көзі ашық, денесі қатты бір
ышқынған күйі ширығып, тастай болып қатып қалыпты. Қарсы алдынан
түскен жарыққа ашық қалған көздер күңгірт қана жылтырап, қайғықуанышты аңғармайтын болғанын аңдатады. Жаралы солдат өліп
қалыпты... Түнгі соғысты көріп отырып өліпті.
Барлаудан қайтып келсем, капитан Мирошник өз жаппасында жоқ екен.
— Сізді күткелі қашан!.. Жағадағы зеңбіректер штабына кетті. Теңіз
жарының астындағы үшінші үңгір... Оң қол жағында болады. Тез сонда
барыңыз, — деді телефонда отырған жігіт.
Біздің штабтардың біразы теңіз жағасындағы ескі уақытта алтын-күміс
қазып алған терең-терең үңгірлерде, біразы жағаның тіп-тік жарының
астында. Окоптар, траншеялар, штабтар біріне-бірі жалғасып, жердің бір
қабат бетін шимай-шытырман тілгілеп тастаған. Кейбір штабтар
жарқабақты тесіп, теңіз жағынан кішкене-кішкене терезелер шығарып
алған. Ондай терезелер күндіз теңіз бетін бақылауға қолайлы болса да,
түнде от жақсаң өзіңді де ұстап береді. Жаудың жылт еткенін аңдап қалғың
келсе, ең алдымен өзің жылт еткізбей отыр!..
Осындай қараңғы үңгірлердің бірі
зеңбірекшілердің штабы екен. Ыстық
Мирошниктің даусын таныдым:
теңіз жағасын қорғайтын
қараңғы үңгірде капитан
— Қазір-ақ келіп қалар, жолдас полковник... Кесімді уақыттан көп
кешікпейтін жігіттер еді, — деп, Мирошник біз туралы сөйлеп отыр екен.
Өзіміз туралы айтылған мақтауды естіп тұра беруге ұялып, мен де тез үн
қаттым:
— Жолдас полковник, капитан Мирошниктің əмірімен келіп едім,
рұқсат етіңіз... — дедім. Қараңғы үңгірде ешкімді көре алмасам да,
«полковник» деген атқа лайық честь беріп, сымдай тартылдым.
— Бұл кім? — деді бір дауыс.
— Барлау ротасының бірінші бөлімінің командирі лейтенант Сарталиев,
рота командирі капитан Мирошник жолдастың əмірімен келіп тұрмын, —
дедім, уставтың бір əрпін ауыстырмай баяндап. Өйткені, аға
командирлердің алдында мұндайдан сүрініп кетсең, Мирошник ізін
суытпай айдау беретін...
— Өй, тоқта!.. Тоқта, сен Костя емеспісің?! — деді, енді таныла
бастаған дауыс. — Көпірдегі досыңмын десеңші! О, шайтан!.. Сені
госпитальдан госпитальға көшіп жүріп, жоғалып кетті дегені қайда?..
Мирошниктің полковник деп отырғаны баяғы көпір басында кездесетін
майор Русаков екенін енді мен де танып:
— Жоғалғаным жоқ, жолдас полковник... Алдыңызда тұрмын! — дедім.
Қараңғыда созылып келген əлуетті қол менің сол жақ білегімнен ұстап
алып, қызуы бұрқырап сыртына шығып тұрған денеге апарып мені
жапсыра салды... Құшақтай алуға ұялсам да, бар денеммен жабыса түсіп,
мен де үнсіз тұрып қалдым. «Капитаның сезбесін» дегендей, білегімді тағы
бір қысып қойып:
— Ал, баяндай бер капитаныңа! — деді полковник.
Мен барлауда байқағандарымды қысқа ғана айттым. Арқаң жылы
құшақты сезініп тұрғанда даусың да дірілсіз шыға алмайды екен... Бірақ
полковник пен капитан ерсілі-қарсылы сұрап, көрген-білгенімді еріксіз төрт
аяғынан тік басқызды.
Полковник маған əуелі кесек-кесек алғыс айтып, аяғында:
— Əлі қызусың... Баласың... Сонша несіне жақындадың? — деді.
Полковниктің жүзіне əкелік бір белгілер шыға келгенін сезіп, бетіне
қанша үңілсем де, қараңғы үңгір еш нəрсені көрсетпейді. Көз алдыма баяғы
көпір басындағы майор келе береді.
Жұлқынып телефон гүлдір-гүлдір етіп қалды. Полковник бар денесімен
селк етіп, трубканы қолына алды. Мен бір адым кейін шегіндім.
— Иə, «Тула» тыңдап тұр... Жақсы, Ираклий Георгиевич... Қазір! — деді
полковник. Содан соң, жүзін Мирошникке қарай бұрғаны сезіліп: —
Генерал-лейтенант шақырып жатыр. Бес минутта қайтып келем. Отыра
тұрыңыз... Костя, сен де кетіп қалма! — деді.
Полковник шығып кетті... Менің есіме тағы да баяғы көпір түсті. Майор
Русаков добалдай қылып орап алған темекісін менің аузыма тыға салып еді.
Қарбалас үстінде шекісіп барып, достасып кетіп едік. Біздің бұл
жайымызға қанықтығы жоқ капитан Мирошник:
— Полковникпен қашан танысып жүрсің? — деп сұрады. Мен қалай
танысқанымызды айта бастағанда, үңгірден шыға бере «жат!» деп ақырып
қалған полковниктің қатты даусы шықты. Соған ілесе үңгірдің аузында
ғана жарылған снарядтың көгілдір оты үңгірдің ішін де бір жалап өтті. Енді
үңгірдің іші шаң мен ащы түтінге толып, түшкіртіп барады. Төбеге дүбірдүбір түсіп жатқан кесек тастардың дыбысы естіледі... Əлдеқандай
жамандықты сезінгендей, капитан екеуміз тына қалдық. Енді естілер тағы
бір үн болуға тиісті сияқтанып, үн шығармай, күтіп тұрмыз. Түскен
снарядтың гүрсілі мен дүбірі тарап, сырттан теңіздің ыңыранғаны да естіле
бастады. Сол кезде қорқып шыққан бір ақырың үн:
— Полковник... өлді! — деді.
«Өлді» деген сөзді күнінде жүз естіп, жүз айтып жүреміз. Соғыс
өмірінде бұл ең көп кездесетін сөздің бірі. Бірақ, сол сөздің қанша ауыр
салмағы барлығын осы арада ғана сезінгендей, капитан екеуміз де
орнымыздан қозғала алмай қалдық.
Айналасы он адамнан құралған бөлімім арқылы мен екі жылдың ішінде
алпысқа тарта жауынгермен жолдас болдым. Темекіні кезек сорып, сұр
шинельді кезек жұлқылап тартысқан жолдастарымның көбімен біржола
қоштастым. Талайының үйіне жаңағы сөзді амалсыз қосып, хат та жаздым.
«Өлді» деген сөзді тура айтпай, əр кезде басқа сөзбен аңғартушы едім. Енді
сол сөз еріксіз естіліп, бар мағынасымен айқын, кімді əкеткенін көз алдыңа
көлденең тосып тұр. Қараңғыда ақырын ғана естілген «өлді!» деген сөзді
бір рота үн қосып айғайлап айтса да, бұдан ауыр естілмес еді...
Ұзамай шабуылға көшкен жаяу əскердің алдыңғы жағында біздің рота
жөнелді. Үстімізде екі жақтың оқ пен оты бірдей қайшыласып тұр. Бар
өңештен бірдей оқ боратып, бізді жау атып жатыр. Алдымызды аршып беру
үшін басымыздан асыра атып, біздің жақ, боратып тұр. Өзіміздің жақтың
зеңбірек оқтарының ізін баса біз ентелеп келеміз. Кейде өзіміздің
зеңбіректердің оғы түсіп жатқан алаңға жақындап та қаламыз. Амалсыз
жата қалуға тура келеді. Есеппен мерзіммен атып тұрған зеңбіректер оқты
жылжытып ілгерілете түседі. Біз де тұра жүгіріп, ілгері ұмтыламыз.
Зеңбіректер мен жаяу əскерлер бір-ақ адамның əмірімен қимылдап
тұрғандай, бірін-бірі дəл кезінде тосып алып, ілгері қарай бірге аттап
барады.
Бұл жау қолының Қара теңіздің шығысындағы ең соңғы, ең үлкен
бекінісі. Сондықтан, жау аянбай жұлқысып, не бар зəрін ірікпей төгеді.
Жаңа ғана қасыңда келе жатқан жолдасың домаланып кейін қалып, оны
орнына жаңа бір дауыс естіледі.
Бұл жолы біздің жақ жаудың бар есебін шатастырып жіберді. Əдетте,
əуелі сөз «соғыс тəңірісі» зеңбіректерге беріліп, жаяу əскер содан кейін
ұмтылушы еді. Бұл жолы жаяу əскер зеңбірек оқтарымен жалғаса келе
жатыр. Мұндайды күтпеген немістер жаяу əскерге арнаған оқ боранын
біздің жағымызға төгіп, жақындап қалғанымызды кешірек аңғарды. Қолмақол бір келіп қалсақ, бізді шегіндіру деген болып көрмеген іс еді. Уралар
кезге жақындасақ найзамыздың ұшы да құтырынып кетеді.
Жаудың алдыңғы шебін бөгелмей-ақ төңкеріп тастадық...
— Иə, ханнан! — деген Самедтің, айғайы жиі-жиі естіледі. Айғайына
қосыла гранатасы жарылады.
Айғайсыз шабуыл да өрістей алмайды. Солдат кегін тұтатып отыру
үшін айғай керек. Оқ тиіп құлап түскен жауынгерің де «алға!» деп, бір
айғайлап қалады. Айғай соғыстың ең кəрі тəңірісі!..
Бөлімдер анда-санда араласып кетіп, жауынгерлерінен көз жазып
қалған кіші командирлер саған келіп:
— Ұр, Ваня!.. — дейді, əмір етіп...
— Өзің де ұйықтама! — дейсің...
Кейде есінің əмір беріп қалғаның да басқа бір бөлімнің жауынгері
болып шығады...
Алыстан салынған бір ұран əр жауынгерден өтіп, саған жеткенше
өзгеріп те кетеді. Кең жайылып келе жатқан жаяу əскердің бір қанатында
туған ұран екінші қанатына он өзгеріп барып қайтады...
Кейде солдат майданда құрбан болған дос жолдасын есіне алып:
— Гриша үшін!
— Коля үшін! — деп айғай салады. Мүмкін, жолдасының қайтпаған
кегін еселеп алар бір сəтке кездесіп қалған шығар.
— Ольга үшін! Нина үшін! — деген айғайлар шығады.
Əлдеқай солдат жау жеріне айдап кеткен жарын есіне алады. Əлдекім
хабарсыз кеткен қалыңдығын есіне алады. Мыңдаған солдаттың жүрегінде
мыңдаған жар да бар, қазір соның бəрі еске түсіп, біраз уақыт үстімізден
ылғи əйел кектері өтіп жатыр...
— Шура үшін!.. Соня үшін!.. Галя үшін!..
Қазір сол əйелдердің бəрі де бізбен бірге соғысып келе жатқандай
болып кетеді. Біреуінің кегін алып келеміз, біреуін сағынышпен еске
аламыз... Əйел атынан солдаттың жүрегі жылынып, қуатына қуат
қосылғандай болады.
— Женя үшін! (За Женю!) — деген айғай екі-үш ауыздан аман өтіп бізге
жақындап келеді. Ешкім өзгертпей, бір ауыздан бір ауыз қағып алып,
Самедке жеткізеді. Əр ісіне қалжыңы араласа жүретін Самед Женяны
«Женаға» айналдырып:
— За Жену! — деп, маған қарай жөнелтті...
Мұнысын маған қылжақтап айтқан «əйелің үшін!» деп те, көпке
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Қазақ солдаты - 20
  • Parts
  • Қазақ солдаты - 01
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2163
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 02
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2108
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 03
    Total number of words is 4133
    Total number of unique words is 2092
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 04
    Total number of words is 4064
    Total number of unique words is 2142
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 05
    Total number of words is 4112
    Total number of unique words is 2242
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 06
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2201
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 07
    Total number of words is 4110
    Total number of unique words is 2267
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 08
    Total number of words is 4062
    Total number of unique words is 2201
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 09
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 2058
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 10
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2113
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 11
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 2030
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 12
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2154
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 13
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2144
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 14
    Total number of words is 4063
    Total number of unique words is 2149
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 15
    Total number of words is 4032
    Total number of unique words is 2124
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 16
    Total number of words is 4067
    Total number of unique words is 2018
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 17
    Total number of words is 4089
    Total number of unique words is 2187
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 18
    Total number of words is 4047
    Total number of unique words is 2190
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 19
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2162
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 20
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2182
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 21
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2106
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 22
    Total number of words is 3985
    Total number of unique words is 2066
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 23
    Total number of words is 3821
    Total number of unique words is 2014
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 24
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2066
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 25
    Total number of words is 1652
    Total number of unique words is 1004
    41.0 of words are in the 2000 most common words
    55.3 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.