Latin Common Turkic

Қазақ солдаты - 11

Total number of words is 4036
Total number of unique words is 2030
35.8 of words are in the 2000 most common words
51.1 of words are in the 5000 most common words
57.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
баяндадым. Өткел жайын да айттым. Лейтенант ықлас қоя тыңдап, үстірт
кеткен жерлерімді бірер сұраумен анықтап алып отырды. Кейде менің
орысша сөйлеуім кедір-бұдыр шығып қалғанда лейтенанттың көзінде күлкі
ұшқыны жылт ете түседі. Бірақ ондай кезде де, кейбіреулерше, көзін бұрып
əкетпейді, тура қарап отырып күлкісін тыяды. Əрі əдемі, əрі дұрыс
сөйлейін дегенде көп сүрінетін бір əдет бар ғой, менде сол бар еді, сол
өңірге шығып кетіп барып əрең тоқтадым. Соңғы бір сөздерімді ажарлап
айтқым келіп, қанша сықпақтасам да ажарланбады.
— Отырыңыз!— деді лейтенант, мен орыс тілінің əртүрлі өткелдерінен
жүзіп, малтып, əрең өтіп болған соң. Отыратын орындық жоғын енді өзі де
есіне түсіріп, — я, орындық əзір жоқ... көсіле кет... Азырақ демал, — деді.
Мен Владимир Толстов деген жауынгерді шақырып алып, ерекше
тыңдауын өтіндім.
— Ерекше тыңдайтын неменесі бар? — деді лейтенант.
— Барлауға барып келіп еді.
Володя менен гөрі де бытыраңқы сөйледі. Бұрын баяндама жасап
көрмеген жас жауынгер көрген-білгенін ілгерілі-кейінді пайымдап, бірді
айтып келе жатып, екінші бірдемеге түсіп кетіп, аяқтай алмай қойды. Мана
маған айтқанда көп нəрселерге баға бере айтып еді, енді оның бəрін тастап,
келе жатқан жау танкыларының ішіне кіріп алды да, шыға алар емес.
Ұялшақтық істеп, фашист капитанын өлтіргенін айтпай қоя ма деп қорқып
ем, ойлаған жерден шықты... Ол туралы түк айтқан жоқ. Моншақтап,
терлеп те кетті.
— Не бар көргенім осы, жолдас лейтенант, — деп тұрып қалды.
— Болдыңыз ба?
— Болдым...
Мен Володяны шынтағыммен түртіп қалдым. Володя енді ғана түсініп,
тағы бірдемені айтқысы келіп еді, еріндері бір дірілдеп, бір ыржиып
жайылып кетіп, айтқызбады. Асығыс-үсігіс қалтасынан сары сапиян
əмиянді алып, лейтенантқа берді де, Володя екі адым шегініп барып тұрды.
Лейтенант капитан Корринидің қағаздарын түгел қарап болды да,
екеумізді де ойлы көзімен бір шолып өтіп:
— Рахмет, жолдастар. Барыңдар. Демалыңдар, қырыныңдар... — деді.
Əлуетті қолы, əлденеменеге уəде байласып тұрғандай, екеуміздің
қолымызды да қатты-қатты қысты. Мен ішімнен «əзірмін!» дедім.
— Сен неге мені алдап ұрдың? — деді Володя былай шыққан соң.
Дауысында əлгі қысылыстан қалған ба, болмаса, жаңадан келе жатқан бір
жəбір бар ма, əйтеуір діріл бар екен.
— Алдап ұрғаның қалай?
— Мен ауызба-ауыз баяндама жасай алмайтынымды білетін едің ғой?
— Иə, білем...
— Бəріміз де баяндамамызды жазып алмаушы ма едік, мектепте?.. Не
болды міне!.. Шатып шатпақтағаннан басқа түк айта алғаным жоқ.
— Алдымен мектеп кеңшілігін ұмытқаның жөн, — дедім, жарымы
қалжың, жарымы шын мағына бере сөйлеп. — Сен екеуміз бұл соғыста
жазба баяндама жасап жүруге уақытымыз да бола бермес, еш нəрсені
шатыстырған жоқсың, бəрін де айттың... Маған айтқаннан асырып
айтқаның да болды. Үйрене бер осылай...
— Танкылар туралы да айттым ба?
— Көп айтқаныңның өзі сол болды.
— Өзге жағы қалай шықты?
— Өзге жағын айтқан жоқсың...
Володя тұра қалды...
— Қысылмай-ақ қой... Бəрін де дəл-дəл айттың, — деп, көңілін
жұбаттым. Өйткені, көңілі тыншымай Володя ұйықтай алар емес еді.... Енді
міне, көңілі орнығып, көзі күлімдеп, қобалжу жоқ, қозғалақ жоқ, маужырап
ұйықтап кеткелі жатыр...
Бір кезде бəріміз бірдей оянып кетіппіз. Біреу бүйірімнен түйіп
қалғандай болып, Володяға:
— Немене? — дедім. Ол маған:
— Сен немене? — деп, жауап берді.
— Сенбісің? — деп Семен Володяға қадалып отыр да:
— Өзің ғой! — деп Сережаға қарайды.
Бір жаппада жатқан адамның бəрі осылай, біріне-бірі қарап қалыпты.
— Жер сілкініп тұр, — деді Володя, бəрімізден бұрын есін жиып.
Білте шам безгек болғандай қалтылдап тұр. Терең қазып, төбесін қабатқабат бөренемен жапқан жаппамыздың бұрыш-бұрышынан топырақ
суылдайды. Ауруханадағы «құм сағатының» құмы қалай жылжыса,
топырақ та солай жылжып, солай сусиды. Жаппамыз теңселіп тұрғандай,
астымыз дір-дір етеді.
Қатты ұйықтап қалған жастар жақын түскен снаряд даусын естімей,
жерді қатты нұқып қалғанын сезіп оянсақ керек. Жер бізді түйіп қалып
оятыпты.
Жүгіріп далаға шыға келсем, үш жерден аспанға атқан шаң-топырақ,
өркеш-өркеш болып, жерге қайта төгіліп келеді екен. Таң атып қалыпты.
Өкірген, ұлыған, гүрілдеген соғыс үні үстімізге келіп қалыпты. Немістер
оқты қыдырта төгіп, біздің қолдың қай жерде екенін анықтап жатыр. Жау
снарядтары бірте-бірте ілгерілеп, жақын түсе бастапты. Анадай жерде
тұрған сұлу бір қара емен бар еді, ауыр снаряд соның түбіне келіп ұрылды.
Емен шаң-топырақтан көрінбей бір кетті де, аздан соң бар жапырағынан
бір-ақ айрылып, сорайып қалды. Бұл жолы немістер алыстан ұратын
зеңбіректермен атып жатыр. Орман үстінде суылдап құйын өтіп бара
жатқандай естіледі. Кейде қамысты қирата жапырып ордалы қабан келе
жатқандай, кейде түнде ұшқан топ үйректің қанат қаққанындай ғана болып,
снаряд сынықтары ұшады. Үн де, снаряд та, ұшқындар да жақындап келеді.
Мен жаппаға қайта түсіп, жолдастарыма жайды айттым. Бəріміз де
құлағымызды сыртқа сала отырып, қару-жарағымызды асынып алдық.
Жаппаның аузынан жалтыратып тұрып тазалаған екі əдемі етік көрінді.
Одан кейін тізесінің қыры жойылмаған сұр шалбар көзге ілеге бергенде:
— Амансыздар ма, жолдастар! — деп, лейтенант Мирошник ішке түсті.
Мирошник жалғыз емес, қасында саяси басшымыз Ревякин бар екен.
Бəріміз орнымыздан тұрдық, екі иығымен төбені тіреп, оңтайсыз еңкейіп
Семен Зонин тұр.
— Демалдыңдар ма, тынықтыңдар ма? — деді Мирошник.
— Тынықтық, жолдас лейтенант, — деп, мен бəріміздің атымыздан
жауап қайтардым.
Политрук Ревякин бізге соғыс басталған күннен бері таныс еді. Əнеугі
жолы фашистік Германияның əр түрлі армандарымен таныстырып еді, бұл
жолы Смоленск төңірегіндегі айқастарға жалпы шолу жасап кеп,
жауынгерлердің өздері қортынды жасай аларлық босағаларға əкеп тіреп
қойды. Өзі оқытушы, əр ойын буалдыр айтпай, өресі жеткен жерге дейін
түсінікті сөйлеуге тырысатын адам. Ревякиннің бұл жолғы əңгімесінен біз
екі түрлі нəрсені берік ұстап қалдық. Неміс армиясы күн сайын бөгеліске
көбірек ұшырап, кейбір жерлерде бір жетінің ішінде бір адым ілгері аттай
алған жоқ. Екінші, біздің əскердің күн санап күші кіріп, тəжірибесі
молайып, кей аудандарда тұрақты табан тіреске қол жетіп қалған.
Көпір басында өткен күндерде біз соғыс хабарынан сырт қалып едік.
Қазір енді, жиналған ойымызды Ревякинге айтып, дүдамалымызды сұрап
алып жатырмыз. Фашист армиясының бет алған түрін мен төрт тармақты
темір айырға ұқсататын едім. Қазір соның төрт тармағы да тас кедергіге
тіреліп, əрі өте алмай, кейбіреуі майыса бастағандай көрінетін. Ілгері
басқан сайын тас кедергі күшейе түседі, тармақтар бір күні сынады...
Ревякинге осы ойымды айттым. Ревякин əуелі бəрін дұрыс деп бастады да,
тереңдете келе айырдан да, тас кедергілерден де еш нəрсе қалдырған жоқ.
Бір жағынан күнбатыс елдерінің бар қаруын сыпырып алып, армансыз
қамданып келіп соқтыққан Германия темір айырға ұқсамаса, біздің,
қарсылықты тас кедергіге ұқсату тіпті олқы екен. Ревякин баптап қана
тереңдеген сайын, айыр мен тас кедергі дегенімнің қандай дəрменсіз
замандардың қаруы екендігі есіме түсті...
Əңгіме аяқталғанша, сырттағы атыс та тоқтады. Мирошник пен Ревякин
екеуі біздің взводты сапқа тұрғызып, ағаштың қалың ортасына қарай алып
кетті. Онда бізді дивизия командирі, полковник Орехов күтіп тұр екен.
Орта бойлы, самайына бурыл кірген жаңа ғана толығa бастаған
полковник бізді анадайдан бақылап тұрды. Қасында тұрған əр түрлі əскер
бөлімдерінің командирлерінің ішінен əнеугі көпір басында кездесетін
зеңбірек полкының командирі, майорды таныдым. Майор полковникке
бірдемелерді қадағалап айтып, қолын шекесіне апарып, қоштасты да кетіп
қалды.
Полковник көзі əйелдің көзіндей тым əдемі, өңі көптен
ұйықтамағандықтан қуаң тартқан, ықшам киінген мүсінді адам екен. Біз
команда бойынша қатып-сіресіп тұр едік, полковник жақындап келіп:
— Мына көгалға отырыңдар, — деді.
Біз де отырдық, полковник баяу ғана сөзін бастады.
— Неміс армиясын көзімен көрмеген жауынгер, қандай жаумен кездесіп
қалғанын да дəл біле бермейді, — деп бастады полковник. — Біреу əрі
ойлап, біреу бері ойлап қалады. Жау күшті деп, өз күшіңді орынсыз төгу де
зиян, жау əлсіз деп, қапы кету де зиян. Жауымыздың қару-құралы бізден
анағұрлым басым. Əскері күнбатыс елдеріне оңай тізе бүктіріп, əлі беті
қайтпай келе жатқан əскер. Əскері де, қару-құралы да шабуылға бейімделіп
əзірленген... Қару-құралының басым жағы танкы мен əуе кемелерінде.
Қазір сол қару-құралды жоятын арнаулы бөлімшелер жасап жатырмыз.
Қарама-қарсы майданда ғана емес, жаудың өз ішіне де кіріп соғысуымыз
керек. Арнаулы бөлімшелер қай түрмен болса да жаудың техникасын
құртуға тиісті жəне... нағыз мағынасындағы барлаушылар да солар болады,
— деп, полковник бəрімізді сыдырта бір қарап өтті.
Полковник жаңа бір сөйлем қосқан сайын, əлгі айтқан арнаулы
бөлімшелерінің міндеттері де кеңейе түседі. Мұндай бөлімшелердің атын
əрі ойлап, бері ойлап, ешбір уставтан таба алмай отырмын... Бірақ
полковник мұны əлдеқашаннан белгілі бір нəрседей етіп айтып отырған
соң, бізге де онша қиын-қыстау көрініп отырған жоқ. Солдат деген жұрт
командир сөзіне сеніп үйренсе ғана ойдағы жерден шығады. Ал, сендіре
алу — командирдің міндеті. Кейде командирді — əкесі, солдатты — баласы
деп те айтады. Мұның жақсы жағы — əкелік пен балалық сияқты, мəңгілік
ардақты сезімді қозғайды. Бірақ əке бола білу де қиын, бала бола білу де
оңай емес. Полковник Орехов осы аңғарды байқап сөйлеп отыр. Артық
уəде, айғай ерлікті тілемей, барлық жайды бар салмағымен алдымызға тегіс
жайып салды да, бəрімізге ортақ міндеттерді айтты.
Əлі біз солдат болып та жетілгеніміз жоқ. Сондықтан мынау бір бейбіт
жиналыс, аздан кейін полковник «қане, кім сөйлейді?» деп сұрайтындай, я
болмаса, «қарсыларың жоқ па?» дейтіндей көрініп кетіп отыр. Бірақ
полковник оны сұраған жоқ:
— Бірінші бөлімшенің командирі етіп, ысылған, сыналған жолдас,
сержант Боринды тағайындаймын, — деді. Бүкіл бір взвод болып, ысылған
командирді көруге айнала қарасып қалдық. Өзіміздің арамыздан күнге
күйген күрең жүзді, шегір көзді жас жігіт тұра келді. Ығыспай, жасқанбай
тез тұрды. Бірақ көзінде «жаңағы айтқан сыналған, ысылған командир
дегеніңіз мен боламын ба?» деген сұрау да тұр еді. Полковник оған
«отырыңыз», — деді.
— Екінші бөлімшенің командирі етіп, асқан барлаушы, ескі шекараның
ескі қызметкері, аға сержант Сарталиевті тағайындаймын, — деді
полковник.
Мен бе, басқа біреу ме деп мен таңырқап қалдым. Сарталиев деген
татар да, өзбек те болуы мүмкін. Оның үстіне, мен əлі аға сержант емеспін.
Полковник аға сержант дегенді жаңылысқан адамша айтқан жоқ, сенімді
айтты. Бірақ дивизиядағы барлық сержант пен аға сержантқа дейін біле
беру қиын да нəрсе... Сондықтан мен тіпті ыңғайсыз халге түсіп қалмайын
деп, орыннан жылжып отыру мен тұра берудің арасындағы бір дүдамал
қозғалысты жасадым...
— Отыра беріңіз, жолдас аға сержант, отыра беріңіз, — деді полковник
маған тура қарап. Аталған менің атым екеніне енді ғана көзім жетіп,
орнымнан атып тұрдым.
— Ал, жолдас Ревякин, бұларға тым болмаса бір-бір комсомол
ұйымдастырушысын бер, — деді полковник жалынғандай, жымия сөйлеп.
— Бəрі де жас жігіттер, онсыз көңілсіз болар...
Ревякин комсомол ұйымдастырушыларының аттарын атады: маған
Володя Толстов кез болды. Сол күнгі менің үлкен қуанышым да сол еді.
Енді нағыз майданға аттанғалы тұрғанымызда, біріміз командир, біріміз
комсомол ұйымдастырушысы болып, Володя екеуміздің бір бөлімге кез
болғанымыз тағдырдың бұйрығы емес екенін білсем де, себебін түсіне
алмай тұр ем, оны да полковниктің өзі ашып берді: екеуміздің кеудемізге де
өз қолымен «Өжеттік үшін!» деген медаль қадады.
Əшейінде оңай айтыла беретін «өмірлік дос», «өмірлік жолдас»
дегендер нағыз жан берісер сынға түсе бермейді. Ал, қатар тұрып алысқан
екі жауынгер бірінің жанын бірі əр күнде он рет алып қалады десек,
онымыз жалған да болмайды. Сондай қысылшаңды бір күн бірге өткізген
екі жауынгер, жоғары антты айтыспаса да өмір мен өлім арасында
сынасқан достар болады. Володя екеуміздің, арамыз осындай еді. Оның
үстіне, лейтенант Мирошник менің аз күн болса да сыр алысқан
жігіттерімді өзіме берді. Семен Зонин деген ертегінің батырларындай емес
пе! Бір өзін алып, бір батальонға қарсы ұмтылсаң, тайынармысың!
Бəріміздің ішіміздегі нағыз əскер мінезді адам — Петр қандай! Ішкі бір
сырдың күйіндей Сергей ше!
Күн бойы дүние жүзінде қорқыныш дегеннің бəрін еске алмай жүрдім.
Уілдеген гуілдеген гүрсілдеген деген немене ол? Не болғаны үн ғой! Солай
емес пе? Жау қару-құралымен күшті болса, біз жеңіп шығатын сенімімізбен
ұлы идеямызбен күштіміз. Жаудың бірлігі — күште болса, біздің күшіміз
— бірлікте!
Арнаулы бөлімдерге арнаулы қару-құрал беріп, лейтенант Мирошник
бізді өзі шығарып салды. Кешке жақын майданның алдыңғы шебіне келіп
тоқтадық. Биік белесті маңдайға ала, ұзын орманның өн бойын өрлей
қазылған окоптардың алдыңғы жағына танкы ататын зеңбіректер орнапты.
Құрыш маңдайды көздеп ату үшін зеңбіректер ағаш жамылып, алға шығып
алып, алдындағы биік белді аңдып отыр.
Енді ілгері басу үшін, біз барлаушының, іңір қараңғысын тосып
отырмыз. Жүріс-тұрысымызды қанша өзгерткенмен күндіз жүре берсең
батысқа қарай беттеген бейсауат тоғыз адам жау көзіне де тез шалынады.
Ағаш жиегіне жасырына орнаған зеңбіректер баяғы таныс майорым
Русаковтікі екен. Ол мана полковниктің қасында бір көрініп қалғанда біздің
дивизиядан екенін біліп, талай кездесерміз-ау деген ой келіп еді, енді міне,
кездесіп те қалдық.
— Амансыңдар ма, ескі достар! — деп, майор Петр Григорьевич
Русаков ағаш арасынан кездесе кеткенде біз де қуанып қалдық. Өзі де
қатты қуанып:
— Майданда екі рет кездесіп қалу деген немене, білемісіңдер? Ол көрге
кіргенше достық деген сөз! — деді. Володя екеумізді ерекше құттықтап
тұрып, менің жағама тағы бір қызыл үшбұрыш қосылғанын көріп:
— Қап, білмей қалғаным-ай! Болмаса, көпірде көрсеткеніңді айтып,
полковникке арыз ететін едім, — деді қалжыңдап.
Сонысына қарағанда, менің алғашқы алған медалім мен аға сержант
болғаныма майор Русаковтың қатынасы бар-ау деп ойладым.
Бізді көріп қалжың айтып тұрғанмен майордың іші қазандай қайнап
тұрғаны байқалады. Соғыстың алғашқы күндерінде талай командирдің
шашын жұлып жылардай бір қиынға кездескені бар. Сол ауыр хал қазір
майордың басында еді. Жаудың танкілі лектері, үстіне киген құрышы аз
болғандай, бейбіт жұртты оқ қағар қылып алдына салып, айдап келе жатыр.
Мыңдаған бала-шаға, кемпір-шал артына бұрылса, желкесіне төніп тұрған
көк найзаны көреді де, тағы ілгері аттайды. Дүниеде мұндай зұлымдыққа
барған ешбір əскер болған емес. Сонша қару-құралмен қиқулап құлақ
тұндырған мақтанмен келе жатқан жау, бейбіт халықтың артына тығылады!
Халдың, ауырлығы да осында. Майордың алысқа сілтейтін ауыр
зеңбіректері кейін шегініп қарап тұр да, жауды маңдайдан атар
зеңбіректерімен ғана күтеді.
— Тəңірі жарылғасын, аға сержант, — деді майор жалынғандай үнмен,
— жігі ашылған жерін бір анықтап берші! Менің барлаушыларым зеңбірек
жетер жердің бəрі бейбіт жұрт, неміс танкылары сол жұртпен аралас
қозғалып келе жатыр дейді. Міне екі күн бойы оқ шығара алмай отырмын!
— деді, қатты назаланып.
Неміс зеңбіректері алыстан атқылап, боратып оқ төгіп жатыр. Біздегі
«соғыс тəңірілері» бейбіт жұртты аяп, үн шығара алмай тұр. Біздің
зеңбіректер жаудың, қолын көпір үстінде, өткелдерде, жол бойларында
тосып атуға болар еді. Өзге Нəрсе тапшы болса да, зеңбірек оғы жеткілікті
еді. Бірақ амал жоқ, найзалы жауды сен қамшымен күтіп отырғандайсың.
Көпір біткенді қиратып тастауға тағы болмайды. Əр көпір ең алдымен
өз еліне пайдалы. Танкылы, машиналы жау қолдары алдын орап кетіп, əлі
жете алмай келе жатқан əскер бөлімдері де бар. Жалпы дүрлігіс-дүрмек
үстінде, жау қолы басып қалған жердің бейбіт халқы əлі шығысқа қарай
жылжып барады, əлі сиреген жоқ. Үлкен күрең жолдармен жау лектері келе
жатса, қақтықпай-соқтықпай, сай-салалармен қатар жүріп келе жатқан
біздің əскерлер де бар. Қысқасы, біздің зеңбіректердің алдында кедергі көп.
Мұның бəрі де майор Русаковтың айтқан күйзелісі еді. Сондықтан мен
ол кісіден:
— Қысқасы, жау мен елдің жігін ашып бер деп бұйырасыз ғой, жолдас
майор? — деп сұрадым.
— Аға сержант, сіз менің қарамағымда емессіз, мен қайдан бұйыра
алайын... — деп, майор күліп қойды. Екеуміз бір ғана қарастық та түсініп
қалып, қол алыстық.
— Ал, оң сапар болсын, тірі қайтыңдар! — деді майор.
— Жақсы, майор жолдас, тірі қайталық... Өлгісі келмейтін бір адам бар
деп есітсеңіз, ол менің жауынгерлерім, — дедім.
— Сен мені күншығысқа қарай өткізбей көп бөгеп едің, мен сені
батысқа қарай бөгемей өткізейін! Бар!.. Бұл жолы медаль емес, орден
алатын болып қайт! — деді майор, қолымды қатты қысып.
Мен үндемей ғана ішімнен уəде еттім... Майордың жүзінде уəде алмай
тынбайтын қатты күйініш бар еді. Осындай адамдар бізге күйініш-қуаныш,
достық-жолдастық, бірлік-теңдік деген нəрселермен ойнамауды үйретті.
Өзім демей, біз деп, ерлік дақ емес — егіз, білекте емес — жүректе деп
үйретті.
Барлаушылар «таңы атып» іңір қараңғысы түсе, біз жүріп кеттік.
9
Жазғы түн өлі даланы күзетіп жалғыз қалғандай. Егін маңайында əн де
жоқ. Бақша арасында күлкі де жоқ, иесіз қалған поселкелерде үн де жоқ.
Қалың түскен шықта жосылып жататын із де жоқ. Əні мен сəнінен
айрылып, жас жесірдей мұңайған жазғы түннің өзі ғана қалыпты.
Алыста қалған жолдармен əлі ағылып жатқан жұрт дыбысынан біз де
құлақ үзбей келеміз. Бұл өңірдің тұрғын халқы түгел жол бойында.
Дағдылы еңбек шарасынан шығып қалған күйінішті
ашуланысып қалып, оңай айғайласып қалып келеді.
жұрт
оңай
Бұл түнде бізден асығыс келе жатқан адам болмасқа керек. Бірақ тура
жолмен жүре алмай, қайдағы қалыстарды іздеп, бұраң жүріп келеміз.
Шығысқа қарай ағылған жұртқа қарсы жүру мүмкін емес. Бұл жұрттан
ығыспай-ақ, қабырғаласып кете берер ең ол жұрттың ішінде жаудың
барлаушылары келе жатпағанына кім кепіл? Жауды аңқау көру — өз
аңқаулығың болады. Осындай қалың жұрт батысқа қарай ағылып бара
жатса, сол көптің бірі боп біз қандай оп-оңай араласып кете берер едік! Сол
сияқты, сырт киімді өзгертіп киіп, жаудың барлаушылары да қаптап-ақ,
араласып келе жатқан болу керек. Жолға жоламауымыздың себебі де осы.
Күдікті көрінген жерлерден жорға дуадақтай бұғып етіп, жұрт келе
жатқан жолдардан бұрылып кетіп, көп уақытымызды өлтіріп келеміз.
Иесіз қалған колхоз бақшалары төгіліп тұр. Пісіп қалған алма мен өрік
топ-топ етіп үзіліп түседі. Мейіз ағып барады. Ең аяғы күзетші иттердің де
үргені естілмейді. Бидай бастары біріне-бірі асылып, иіле бастаған.
Аяңдап кеткенде алдымызда отыратын Семен Зонин, еңбектегенде ең
артта қалады. Екі метр ұзын бойы оралымға да келе бермейді, арқасында
мықты бір нардың жүгі жəне бар. Сондықтан ол даусыз бір нақылды əлсінəлсін еске салып келе жатыр:
— Уақыт жағынан ұтылып келе жатырмыз-ау, жолдас аға сержант... —
деп бастайды да сөз аяғын, — біздің ұтылыс, жау үшін ұтыс демейтін бе
еді? — деп тындырады. Мұнысы еңбектеуді қойып, сау аяңдап кетейік
дегені екенін түсіне қалып, Петр оған:
— Басқамыз тұрсақ, тұрайық,... Бірақ, Семен саған тұруға болмайды,
көзге түсіп қаласың. Одан да, отырмай, еңбектей бер, — дейді.
— Түнде бұқсаң, күндіз қайтесің, жерге кіріп кетемісің? — деп, Семен
де Петрді қаси сөйлеп, сөз аяғын оңтайсыз орап əкеліп,— қорыққаныңнан!
— деп бітірді.
— Біздің уақыт түн ғой, Семен... Көзге түсіп қалсаң, арқаңдағы жүкті
тым болмаса алға қарай бір лақтырып жібер... — дейді Петр.
— Саған қарай ма?
— Ие, маған қарай.
— Астында қалып жүрмейсің ғой?..
Күш жағынан онымен ешкім таласа алмай қалады. Семен кеңкілдеп
күліп жібереді де:
— Ендеше келіңдер... Бəрің арқама мініңдер. Сонда тезірек жетеміз, —
деп тұра берген түйедей шұбатылып, еңбектей жөнеледі.
Сол жағымызда теңіз жатқаны сезіледі. Өзі де көрінбейді. Толқын
дыбысы да естілмейді, дымқос ауадан тұз исі келеді. Батыс жақта əр жерде
жанған үлкен өрттердің мұнары қосылып, енді бір үлкен теңіз өртеніп
жатқандай көрінеді. Кей жерлерді жау өртеп келеді, енді бір жерлерді жау
қолына түсірмейін деп, тұрғын елдің өзі өртеп кетіп барады.
Біз бақылап келе жатқан үлкен жолдың үстінде əскер бөлімдерінің ауыр
қозғалысы сирей бастады. Гүрс-гүрс басқан əскер адымы да естілмейді.
Ағаш доңғалақтардың тықылы мен ағаш арбалардың сықыры ғана естіледі.
Бұл əлі ағылып жатқан бейбіт жұрт пен əскер бөлімдерінің жүктері. Бір
жерінде маң-маң басып кемпірдің өгіздері де кетіп бара жатқан шығар.
— Жұмыртқаламай, құр сылаңдап... — деп анда-санда тауығына ұрсып
қойып, кемпірдің өзі де кетіп бара жатқан шығар...
Бұдан бірнеше күн бұрын жұрттың қозғалысында бір асығыстық бар
еді, қазір ол жоқ. Ұзыннан-ұзақ шұбатылған қалың көп баяу қозғалады.
Жұрт əрі шаршаған, əрі қорқу дегенге бойы үйреніп алған сияқты. Ағаш
арасында, саяларда ұйлығып ұйықтап жатқан топ-топ адамдар кездеседі.
Үйінен шыққанда үйіп тиеп алып шыққан нəрселері де енді жеңілденіп
қалыпты.
— Анау көпірдің шуы! — деді сақ құлақ Петр.
— Келіп қалғанбыз ба?
— Келіп қалғанымыз.
— Оң жағымызда, не базарда болатын, не кемпір аузында болатын у-шу
бар екен. Көбінесе, басым шығып жатқан адам даусы. Əйелдердің қарғыс
айтқанда шығатын ащы дауыстарына араласа, қысқа-қысқа зекіп қалған
еркек даусы келеді.
Бұлтты қабағы тұнжырап, таң да біліне бастады, нысанаға алған көпірге
біз де жетіппіз. Өзеннің арғы бетінде оңтүстікке қарай созылып, үлкен
деревня жатыр. Бау-бақшалары солтүстікке қарай созылып, алыста
қарауытып көрінген қалың орманға барып тіреліпті. Деревняда үн де жоқ,
от та жоқ. Жалғыз ғана ұлыған иттің үні естіледі. Оған жауап берген ит
жəне жоқ. Айналаны анықтау үшін, жата қалып қарадық.
Шабуылмен келе жатқан неміс армиясын біз тосар жер осы өзен, осы
кемпір. Бізден кейін қару мен қару əңгімесі басталады. Жау танкылары
иықтап келе жатқан бейбіт жұртты бөліп əкетер шекарамыз да осы.
— Немістер! — деді Петр жатқан бойы.
— Қайда? Қане?
— Жерді тыңда!
Жерге құлағымды тосып ем, дəл астымыздан ауыр қол өтіп бара
жатқандай, жер дүңк-дүңк етеді екен. Тас жолмен келе жатқан танк
лектерінің дүрсіл-гүрсілі басыңды көтерсең естілмейді де, құлағыңды
жерге тоссаң айқын естіледі. Ауыр қолдың жат үні айқын танылып қалды.
Манадан алаңсыз келе жатсақ, енді бірінші рет айқас шегіне жетіп
қалғанымыз бəрімізді бір уыс қылып, үркердей жинапты. Командир əмірін
күтіп жолдастарым маған қарайды да, алғашқы бергелі тұрған əмірімнің
аумағын
анықтай
алмай,
мен
тұрмын.
Сасыңқырап
қалып,
тапсырмаларымды тым көп беріп, екі жауынгерімді көпір маңайын барлап
қайтуға жібердім.
Көпірден бес шақырымдай жоғары, қызылды-жасылды оттар
жарқылдасып қалды. Əр жерден аспанды сызып, ақ оттар, сары оттар
жауап беріп жатыр.
— Ақылдасып жатыр... — деді Зонин өзіне-өзі айтқан үнмен.
Алғашқы абыржудың əсері болу керек. Мен одан:
— Нені ақылдасады? — деп сұрадым...
Жау қолының алдыңғы лектеріне кездесіп қалғанымызда енді дау жоқ
еді. Тоғыз жауынгерге лайық айқас жобасын жасап алу керек болды. Біз
жау жарықтары көрінген тұсты қағазға түсіріп алып жатқанымызда, жол
бойын қуалай атылған қызыл оттар беріректен басталып, шұбап əрмен
асып кетті. Зонин маған қайтарар жауабын енді ойлап тапқандай:
— Көпірден өтуге болмайды, «тоқтаңдар!» десіп жатыр, — деді.
— Мүмкін...
Көпір маңайын барлауға кеткен екі жауынгердің бірі Петр Ушаков бар
жайды түгел байқап келді. Көпірге келіп тірелген жау қолы жоқ, сиреп
қалған жаяу жұрт өтіп жатыр екен.
— Азған-тозған түрлеріне қарағанда осылар соңғы топтар болу керек,
— деді.
— Қанша екен? — деп сұрады Володя.
Ұнатпаған сұрауға оқыс жауап беретін əдеті бойынша, Петр:
— Бір базар! — деп, бір-ақ қайырып тастады.
Жауынгерлерімнің көз қарастарындағы «ал, қайтеміз?» деген сұрау əлі
жауапсыз тұр. Қазір қараңғыны жамылып барып, танкылы лекке көлденең
барып тисек, бір-екеуін алып қаламыз. Қасқыр оқ тиген жерін бір қауып
қалады, артына бұрылады. Ол екі арада бейбіт жұрт иықтап келе жатқан
жаудың жігін де ашып алады. Зеңбіректердің жолы да ашылады...
Жолдастарыма осы ойымды айтып ем, Толстов бір-екі сұрау беріп
барып мақұлдады да, қолма-қол құмартып жүрген Петр Ушаков:
— Дарынды қазақ халқының алдына басымды иемін! — деді. — Бір-бір
байлам граната мен танк өртейтін шөлмек лақтыратын жерге жетсек,
көрерміз еңбектеніп! — деп, құтырынып кетті.
Үлкен-үлкен танкылар үйдей қарауытып, күркілдеп, зіркілдеп бергі
қырға шығып қалды. Еңкейіп сығаласаң, жалғыз-жалғыз мүйізге ұсап,
зеңбірек мойындары көрінеді. Əлде немене кедергі болып, енді ілгері
аттамай, иіріліп тұр. Уақыт тез өтіп бара жатқандай, біз тым баптанып
кеткендейміз.
— Костя, дүниеде сендей бақытты командир көргенім жоқ! Жоям
дегенің көзін жұмып, жол үстінде иіріліп тұр! — деп, Петр Ушаков менің
білегімнен қысып-қысып қояды.
Толстовтың ойланып мақұлдағаны, Петрдің тым қызып мақұлдағаны,
жаңағы ұсынысымның бір балаң жері барлығын айтып тұрғандай еді.
Қайта ойлансам, көпірді жауға аман қалдырып, азғантайға қызығып тұр
екенмін.
— Жоқ! — дедім, жолдастарыма, — алғашқы ұсынысымды қайтып
аламын. Екі жүз танкының екеуіне қызығып, жүз тоқсан сегізін өткізіп
жіберуге болмайды! Ұзағырақ өмірі бар, үлкенірек кедергі жасап көрейік.
Кеттік!.. Жардың астымен жүріп отырып көпірге келдік. Көпірдің астына
дəрі қойып жіберіп, аспанға ату онша қиынға да соғатын емес екен.
Зониннің арқасындағы жүгі мұндай екі көпірді жоқ қылуға жетеді. Жауды
осы жерде бір бөгей алсақ, бүгін дегені ертеңге қалады. Бір айда он бес
бүгін, он бес ертең бар. Бөгеуің келіссе, бір айда он бес күн ұтып шығасың!
Ол он бес күнде біз күшейе түсеміз, жау əлсірей түседі. Менің есебім осы
еді. Жолдастарым бұл ойыма түгел қосылды.
Бұдан бірнеше күн бұрын мұндай көпірді қанымызбен жанымызбен
қорғайтын едік. Енді міне, қара көлеңкені жамылып кеп, аспанға атудың
қамын істеп жатырмыз. Неғұрлым күл-талқаны шығып, аспанға қарай
жоғары атсын дегендей, астына дəрі сыналап жатырмыз. Амал қайсы, екеуі
де ел үшін!
— Өзі бір əдемі көпір екен. Онша бүлдірмесек қайтер? — дейді Семен,
қол тиірменнің тасындай кесек дəріні көпірдің төсек темірлеріне байлап
жатып.
— Үндеме, Семен! Немістер өз қолдарымен қайта жасап береді, əлі.
Тағы біреуін əкел, — дейді Петр.
— Темірі біздің Сталинградта жасалған шығар, танығандай болып
тұрмын,— деп Семен дəріні нығарлай түседі.
— Болды! — деді Володя Толстов ақырын ғана.
— Қош бол, көпір! Құның, Гитлердің мойнында! — деп, Зонин тұра
берді.
Үн жоқ, орнымыздан тұрып, кейін шегініп барып, түп-түп болып өскен
тал мен тікеннің арасындағы шұқырларға бұқтық. Шақыр-шұқыр қозғалып,
ілгері басқан танкылардың зіркілінен тас көпір қалш-қалш етеді. Ағаш
жапырақтары безгек болғандай дір-дір етіп тұр.
— Жақсы көпір екен ə? — деп, Семен манағы ойынан жарыла алмай,
маған қарайды.
— От беретін мен болам! — деді Петр. Онысы Семенге берген
жауаптай шықты.
— Ие, сен боласың!
Енді бір абайласам, жігіттер тас-түйін, түнеріп алған екен. Айқас кезеңі
өз əмірін айтып, жауынгерлер оқпен бірге өздері де атылатындай, жинақы
тұр.
«Сарқыраманың ар жағында сылдыраманың бер жағында» деген сияқты
өздері ғана анық ұғатын жұмбақ сөздермен радиошы Женко штабқа хабар
беріп жатыр...
— Жау танкылары келіп қалды. Өзім дірілдеп барам деп айт! — дейді
Петр, Женкоға қалжыңдап.
— Біздің танкылар болып жүрсе қайтеміз? — деді Володя.
— Біздің танкылар!.. — деп, Петр көзін бір жарқ еткізді де, от беретін
орнына кетті. Сергей Астаховты ұзын ақ қайыңның басына шығып, жау
жағын бақылап тұруға жібердім де, радиошыны бір қыр кейін барып жатуға
қайырдым. Екі пулеметшімді қабақта егін арасына қалдырғанмын.
Танкылар көпірге жүз метрдей жақындап келіп тоқтады. Күркілдеп,
қырылдап, ауыр дем алып, біздің ғасырдың алыптары алдымызда тұр.
Жермен бірге дірілдеп, біз жатырмыз. Бір кезде алдыңғы танкы легінен
бөлініп шығып, көпірге қарай беттеді. Ақырын жылжып кеп, темір
табанымен көпірдің əрбір сүйем жерін байқап басып, бері қарай өтіп
келеді. Мұның жау танкысы екенін анық білсек, сол арада жайратып, көпір
үстін бөгеп тастауға да болар еді. Толстовтың əлгі бір сөзі ойға дүдамал
салып, қашан анықтағанша қимыл жасамауға ұйғардым.
— Жақындап барып, танкінің белгілерін байқап кел! — деп, Толстовты
жұмсадым. — Бірақ менің əмірімсіз ешбір қимыл болмасын! — дедім.
Көпірді байқауға шыққан танкы көпірден аман өтіп кетті де, сыңар
табанымен шырқ айналып, артына бұрылып, төбедегі қақпағын ашты.
Қақпақтан шұбар жыланның басындай жарқырап, адам басы көрінді.
Көпірден қорықпай өткеніне масаттанып, шұбар жылан артындағыларына
ірі дауыспен сөйлеп тұр.
— Алло! Алло! — деп айғайлайды. Арт жақтан да əлде не деп жауап
беріліп жатыр. Басқа жағдайда бұлардың не сөйлескенін шала ұғынар
немісше тіл менде де болатын еді, қазір танкылардың гүрсілінен бір ауыз
сөзін аңғара алмадым.
Петр, əрине, əмір күтіп, қалшылдап, ызаланып отыр. Бір топ талдың
тасасынан Толстов та маған қарай қолын ербеңдетеді. «Сенің ақылыңның
түстен кейін келетін бір əдеті бар» деп, Шегеннің мазақтайтыны да еске
түседі. Көпірден аман өтіп кеткен танкыға қарай жылжығысы келгенін
білдіріп, сол жағымда сұлап жатқан Семен де аяғымен ұсақ тастарды
асықтай сыртылдатып маған қарай ысырып қояды. Жоқ, жолдастар,
асықпаңдар! Бұл жолы құланның қасынуына, менің, басуым да дəл келеді!
Қазір, қазір, қазір...
Көпірден өткен танкы тағы да сыңар табанымен шыр айналып, оп-оңай
бұрылды да, тас жолмен ілгері қарай жүріп кетті. Көпірдің қауіпсіздігін
білген соң, артқы танкылар да іркілмей қозғалып, ұбақ-шұбақ көпірге
таянып келеді. Алдыңғы біреуі көпірдің ортасынан аса бергенде, екінші
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Қазақ солдаты - 12
  • Parts
  • Қазақ солдаты - 01
    Total number of words is 4151
    Total number of unique words is 2163
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 02
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2108
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 03
    Total number of words is 4133
    Total number of unique words is 2092
    37.8 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 04
    Total number of words is 4064
    Total number of unique words is 2142
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    51.9 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 05
    Total number of words is 4112
    Total number of unique words is 2242
    35.2 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 06
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2201
    37.4 of words are in the 2000 most common words
    52.7 of words are in the 5000 most common words
    61.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 07
    Total number of words is 4110
    Total number of unique words is 2267
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 08
    Total number of words is 4062
    Total number of unique words is 2201
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 09
    Total number of words is 4108
    Total number of unique words is 2058
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 10
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2113
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 11
    Total number of words is 4036
    Total number of unique words is 2030
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 12
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2154
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 13
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2144
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 14
    Total number of words is 4063
    Total number of unique words is 2149
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 15
    Total number of words is 4032
    Total number of unique words is 2124
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 16
    Total number of words is 4067
    Total number of unique words is 2018
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 17
    Total number of words is 4089
    Total number of unique words is 2187
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.7 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 18
    Total number of words is 4047
    Total number of unique words is 2190
    34.6 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 19
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2162
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 20
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2182
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 21
    Total number of words is 3969
    Total number of unique words is 2106
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 22
    Total number of words is 3985
    Total number of unique words is 2066
    35.9 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 23
    Total number of words is 3821
    Total number of unique words is 2014
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 24
    Total number of words is 3977
    Total number of unique words is 2066
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Қазақ солдаты - 25
    Total number of words is 1652
    Total number of unique words is 1004
    41.0 of words are in the 2000 most common words
    55.3 of words are in the 5000 most common words
    60.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.