Latin Common Turkic

Алаң Көңіл Ақпаны - 24

Total number of words is 4021
Total number of unique words is 2343
32.4 of words are in the 2000 most common words
45.1 of words are in the 5000 most common words
53.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
— Сөздіктен қара. Қалай жазылатынын білесің бе?
— Бой-тұм-ар.
— Жоқ. Бой-тұр-ар.
— Ал сенің өзің айтшы, сонда бұл не?
— Сөздіктен тауып оқысаң, жадында жақсы сақталады. — Ол мені
қапсыра құшақтады да, қысып тұрып, қайта жіберді.
Түн ортасының сызды тынысынан, көп қайнаған тауықтың
қоймалжың сорпасындай дымқыл ауасынан денем тіксініп, едəуір
ширағандай сезіндім. Шегіршінді көшесіндегі қау боп өскен қалың
жапырақтарға жасырынған шамдардың төңірегіне түскен жарық
сəулесі сəл көмескі тартып, күлгінденіп, шаншыла шашырай құйылып
тұр.
Жұмыс істейтін ер адам əдетте айналадағы əлемді күндізгі жарықта,
табиғи түрде сирек көреді. Сондықтан да ол жаңалық хабарлар мен
əлдебір болған оқиғалар жайлы деректерді жұбайы арқылы алады.
Қайда не болғанын, бұл жайлы кімнің не дегенін, міне, сол біледі, сол
айтады, бірақ соның бəрі оның ойы мен ұғымының, болмысы мен
түйсік-түсінігінің елегінен өтеді, өңделеді, өзгереді, ер адам жарық
дүниені, күйбеңі көп күнделікті тіршілік əлемін ол əйелінің көзімен
көріп, соның айтуымен қабылдайды. Бірақ мұның есесіне кешке дүкені
мен кеңсесі жабылған соң, ол бір пəс болса да мойны босап, ерлер
əлемінде өмір сүретін болады.
Мен сыңар мүйіздің азуынан жасалған сəнді таяқты қолыма алып
жүргенді, оның көзінде Қарт шкипер ұстаған күмістен құйылған
салмақты айнадай жылтыр жұмыр басын алақанымда сезінгенді қатты
ұнатамын.
Сонау ерте-ертеде, менің өмірім күндізгі тіршілік дүниесінде өтіп
жатқан кезде абыр-сабыр əбігерлік əбден қажытқан қайсыбір сəттерде
мен жайқалған жасыл шалғынға қонаққа аттанушы едім. Бұрынғы
алып, енді құрт-құмырсқа, күйе-қоңыздармен бірдей балауса көкке
бетімді басып, тұмсығымды тығып, бауырымды төсеп, шексіз рахатқа
бөленетінмін. Қаулап өскен қалың шөптің бұла тоғайында мен тіршілік
дүниесін мүлде ұмытатынмын — əрине, бұл да қалжыраған тəннің,
қажыған жанның ғажап тыныштығы.
Əлдебір сонда барсам, өмірдің, уақыттың, дөңбекшіген теңіздің
қайтуы мен тасуының толассыз жөңкілген толқыны менің астанкестені шыққан ішкі жан дүниемнің қым-қуыт құрыс-тырысын
жазатындай бүгін тым кеш те болса ескі айлаққа, оңаша баспанама
соғуға аңсарым ауып, ынтықтым да тұрдым.
Мен Бас көшеге жедел жеттім, "Фок-мачтаның" жанынан өткенде
көшенің арғы бетінде тұрған өз дүкенімнің жасыл пердесін жолжөнекей көзім шалғаны болмаса, оған бұрылып соққаным жоқ. Өрт
бөлімшесінің алдында полиция машинасында шиқандай қып-қызыл
боп, шалшыққа аунаған шошқадай терге малшынып, алпамсадай жуан
Вилли отыр екен.
— Тағы да аң аулауға шықтың ба, Ит?
— Иə-иə...
— Дэнни Тейлордың қазасы аянышты болды. Жақсы адам еді.
— Иə-ə. Сұмдық болды, - дедім де, мен жүріп кеттім. Бір-екі машина
зулатып мені басып озды, бірақ көшеде қыдырған тірі жан көрінбеді.
Ыстықта қыдырып, терге малшынуға кім ынтық дейсің.
Ескерткіштің жанынан ескі айлаққа бұрылдым, алыстан бірнеше
яхта мен балық аулайтын кемелердің зəкіріне қондырылған жарығы
жарқырап көрінді. Біреу Порлоктен шығып, маған қарсы жүрді,
жүрісіне, тұлғасына қарап оның Марджи Янг-Хант екенін бірден
таныдым.
Ол жолымды кесіп, алдымнан қарсы шығып тұра қалды. Қапырық
кеште де жаныңа жақын келсе, салқын самал есетін əйелдер де болады.
Бəлкім, маған солай болып көрінген де шығар, өйткені жүргенде оның
үлбіреген сиса көйлегінің етегі, көңілге демесе, сəл көлеңдегені көзге
шалынды.
— Сіз шынында мені іздеп жүрген боларсыз, — деді ол. Сөйтті де,
жайында жайлы жатқан шашын жөндеп қойды.
— Сіздің олай деп ойлауыңыздың мəнісі қалай?
Ол бұрылып менің қолтығымнан ұстады да, қатар жүр дегендей
саусағымен ишарат етті.
— Маған ылғи осындайлар тап болады. "Фок-мачтада" отыр едім,
сіздің өтіп бара жатқаныңызды көзім шалып қалды, мені іздеп жүрген
болар деген үмітті ой келді. Кварталды айналып, міне, алдыңыздан
шықтым.
— Менің қалай қарай баратынымды қайдан білдіңіз?
— Білсем бұйырмасын. Əйтеуір алдыңыздан шықтым, бар болғаны
осы. Есіттіңіз бе? Шілік қой. Бұл — ыстық пен тымырсықтың жаршысы.
Итен, саспаңыз, қазір салқын саяның аясына кіреміз. Əлде қаласаңыз,
біздің үйге барайық. Мен сізге — ынтыққан ыстық ықыласты сұңғақ
бойлы сұлу келіншектің қолымен биік бокалға құйып, салқын, əйбат
шəрбат ұсынамын.
Мен өзімді салалы саусақтардың қау боп өскен қалың ырғайдың
аясына ілестіріп баруына ықыласты ыңғай таныттым. Айналада
жамырай жайылған жатаған бір сарғалдақ гүлдер түн төрінде шоқтай
жанып, жарқырап жатты.
— Міне, мынау менің үйім — сауық сарайы мен гаражы.
— Əйтсе де неге мен сізді іздеп жүр деп ойладыңыз, соны
айтыңызшы?
— Мені немесе мен сияқты бір пендені іздеген боларсыз. Сіз, Итен,
сүзеген бұқалардың жекпе-жегін көргеніңіз бар ма?
— Соғыстан кейін бір мəрте Арледе көргем.
— Оны қызықтауға мені екінші күйеуім ертіп барушы еді. Ол өзі
қатты ұнататын, айтулы əуесқой болатын. Сүзеген бұқалар шайқасын
мен жаужүрек болғысы келетін қоян-жүрек қорқақтар үшін əдейі
жасалған деп білемін. Егер сіз бұқалармен айқасты өз көзіңізбен көрген
болсаңыз, бұның соқырға таяқ ұстатқандай сырын айтпақ-ақ түсінесіз.
Жекпе-жек майданда матадор қолындағы шекпенін бір сілкіп тайып
кеткен кезде көзіне қан толып, өлердей өшіккен бұқа алдынан
алдақашан жалтарып кеткен азаптаушысын жайратып салуға жан сала
ұмтылатыны есіңізде ме?
— Иə, есімде бар.
— Не істерін білмей, жан-жағына жалтақтап дағдарып қалатыны,
тіпті кейде əлдекімнен жауап күткендей абыржып, алаңдап тұратыны
есіңізде ме? Міне, сондай сəтте оған жылқыны айдап салу керек,
əйтпесе оның жүрегі жарылып, опат болады. Өйткені өшін алу үшін ол
қарағайдай мүйізін қатты бірдеңеге қадауы керек. Міне, мен сондай
құнажынмын. Маған да, міне, сондай — абыржулы, алаңжарлы,
өмірден орнын таппаған, торыққан-зарыққан еркексымақтар тап
болады. Егер олар əлдеқалай маған мүйізін қадаған күнде де, бұл —
жарияға жар салар жеңіс емес. Сосын қайтадан қанжар мен семсерден
қорғана жатуға болады.
— Марджи!
— Тұра тұрыңыз. Мен кілт іздеп жатырмын. Сіз оған дейін
ырғайдың иісіне рахаттана тұрыңыз.
— Бірақ менде əлі жеңістің желігі басылып үлгерген жоқ.
— Солай ма еді? Шекпеніңіздің дал-далы шыққан болар? Жерге
таптаған шығар?
— Оны қайдан білесіз?
— Еркектердің мені немесе мен сияқты басқа бір Марджиді қай
уақытта іздейтінін мен білем. Абайла, алдыңда тар баспалдақ бар.
Маңдайшаға төбеңді соғып алып жүрме. Жарық жағатын тетік мына
тұста.
— Сауық сарайы, күндізгідей көзге ұрмайтын жарық, муксустың
мүңкіген иісі... күннің көзі сығаламайтын тұңғиық теңіз.
— Сіз шынында да нағыз сиқыршы сияқтысыз.
— Бұрын оны білмейтіндей-ақ! Елсізде елеусіз қалған бейбақ
сиқыршы. Терезенің алдына, мына араға отырыңыз. Мен желдеткішті
қосам да, өзім жұрт айтқандай үстіме жеңіл бірдеңе іліп, сосын сіз
миыңызды шайып, сыныңызға келу үшін биік бір бокал мұздай сусын
əкеп ұсынамын.
— Мұндай көңіл оятар көсем сөзді кімнен естіп едіңіз?
— Жадыңызға түспеді ме?
— Сіз оны жақсы білуші ме едіңіз?
— Оның əлдебір мүшесін білгем. Еркектердің əйелдер білетін
мүшесін айтам. Кейде оның бар іске алары сол ғана болады, иə, тек сол
мүшесі ғана. Дэнни де дəл солай-ды. Ол маған адал көңілімен сенуші
еді.
Бұл бөлме — бейнебір басқа бөлмелердің естелік альбомындай —
астарлы сөздің мəтініндей ана жерде, мына тұста шашылып жатқан
басқа өмірдің, бөгде тіршіліктің сынығы. Терезеге қондырылған
желдеткіштің үні сыпсыңдап сыбырлағандай еміс-еміс естіледі.
Көп кешікпей ол үстінде көгілдір түсті, ұзын да кең құдды көбіктей
көпіршіп тұрған мол бой көйлек киіп, өзімен бірге аңқыған əтірдің
алапат жұпар иісінің ақша бұлтын ілестіре келді. Мен сол хош иісті
ауаны құныға жұта бергенімде ол:
— Қорықпай-ақ қойыңыз. Менде мұндай иіс су бар екенін Мэри
білмейді. Міне, марқамат етіңіз — джин мен хинна ішімдігі. Хинна
деген аты болмаса, мұнда қоспа жоқ, тек ауыздың дəмін алу үшін
бокалдардың ернеуіне тигізіп, ырымын ғана жасаған. Ал мынау
қоспасыз таза джин. Егер бокалдағы мұзды шайқап араластырсаңыз,
сондай бір салқын сусын ішкендей боласыз.
Сыра ішкендей бір бокалды дем алмай сіміріп салдым, джиннің ішке
түскен бойда алаулап ала жөнелген ыстығы менің иығымнан асып,
одан əрі төменге қарай, саусақтарымның ұшына қарай ағылғанын,
денемнің
бармақтай
жері
қалмай
инемен
шабақтағандай
дызылдағанын сезіне бастадым.
— Сізге қазір қажет боп тұрғанының өзі осы еді, — деді ол.
— Иə, солай-ау шамасы.
— Мен сізден енді айбұқадан айтулы сүзеген бұқа сомдаймын. Сіз
өзіңізді жеңімпаз сезіну үшін аздап дегендей бұлданып, бұрқанып, сес
көрсетсеңіз, соның өзі де жетіп жатыр. Бас жіп үзбейтін байлаулы
баспақтай болғаннан гөрі бұқаға бұл да жөн болатын шығар. — Мен
ашылған жəшіктердің ырсиған ізіндей жырылған, кесілген, əбден
тамтығы қалмаған қолымның айқыш-ұйқыш тордай тартылған
тыртықтарын қарап отырдым да, бір пəс тазалығына ешкім тамсана
қоймайтын тырнақтарыма назар аудардым.
Үйге кірерде тақтай төсектің үстіне қойып кеткен менің сəнді
таяғымды ол қолына алды.
—Сізге өз жоныңызды өзіңіз қамшылаудың қажеті болмас деймін.
— Сіз менің жауымсыз ба?
— Нью-Бэйтаунның əйгілі əйлеңкесі, мына мен сізге жаумын ба?
Менің үнсіз ұзақ түйіліп қалғаныма ол ыңғайсыздана бастады.
— Асығар ештеңе жоқ, — деді ол. — Жауап айтуға уақыт жеткілікті,
бүкіл өмір алда. Ішіңіз тағы да.
Мен оның қолынан шүмпілдетіп құйылған бокалды алдым, бірақ
аузым, тілім кеуіп қалғандықтан, сөйлер алдында одан бір жұтып,
таңдай жібітуіме тура келді, əйтсе де қолқама əлдененің қабығы
кептеліп қалғандай қақалып-шашалып əзер сөйледім.
— Менде сіздің қандай бұйымтайыңыз бар?
— Бəлкім, менің сізбен əуей-ашына болғым келетін шығар?
— Өз жарын жанындай жақсы көретін пақырмен бе?
— Мэри ме? Сіз оны мүлде білмейсіз.
— Мен оның нəзік үріп ауызға салғандай сүйкімді, кейде сəбидей
аңғал дəрменсіз екенін білемін.
— Дəрменсіз дейсіз бе? Жо-оқ, ол шақпақ тастай шымыр. Сіздің
моторыңыз өшкен соң да ол тəңірдің талай таңын қарсы алады. Ол
шағаладан аумайды, желдің өр өтін пайдаланып, аспанда қалықтап
жүреді, қажетсіз кезде қанатын əсте сермемейді.
— Мұныңыз жалған.
— Ел басына күн туар əлдеқалай ауыр заман болса, бұл қасіретқатерден ол аман қалады, ал сіз тірідей отқа өртеніп кетесіз.
— Менде сіздің қандай бұйымтайыңыз бар?
— Шынымен-ақ мені айналдыруға ең болмаса əрекет жасамайсыз
ба, осы? Шынымен-ақ осы өзегіңізді өртеген өшіңізді ең болмаса, мына
мұңлық Марджидан алғыңыз келмей ме?
Мен ішіп отырған бокалымды үстелге қойдым, бірақ ол арбаған
абжыландай оны шапшаң қағып алып, темекі тұқылын салатын тайпақ
ыдысқа қойды да, түбі тиіп, ылғал болған тұсты ол алақанымен сүртті.
— Марджи! Мен сіздің қандай жан екеніңізді білгім келеді.
— Алдамайсыз ғой! Сіздің ерлігіңіз жайлы менің не ойлайтынымды
білгіңіз келетін болар.
— Сіздің нендей жан екеніңізді білгенде барып қана менде қандай
бұйымтайыңыз бар екенін түсіне аламын.
— Сіздің мұныңызды шындық деуге де болар ма? Саяхаттың құны
бір-ақ доллар. Мылтықты қолға алып, фотоаппаратты мойынға асып,
Марджи Янг-Ханттың өткені мен бүгінін қызықтауға сейілге шығамыз.
Мен сүп-сүйкімді қыз бала едім, ақылды, бүлдіршіндей бұла бойжеткен
болдым, секектеп жүріп биге əуестендім, бірақ оным əбігерліктен
аспады, кейін тағдыр қосып тұрмысқа шықтым. Ол мені сүйгенде де есі
кетіп құлай сүйді. Ақылды қыздар үшін бұл дегеніңіз аршылған алтын
кенінің көзі ғой. Биге бұрыннан ынтығым құрып, өңменім үзіліп
тұрғаны белгілі, ал жұмыс — ту сыртыңнан қадалған қанды қанжар.
Мен отаспай тастап кеткен кезде оның есі шығып, есеңгіреп қалғаны
сондай, тіпті ол байғұс құжатқа қайта күйеуге шығу жөніндегі тарауды
қосуды қазыдан талап етуді де ескермеді. Басқа күйеуге тидім, біз
өмірді өшіміз кеткендей отқа да, суға да салдық, ол өліп өмірем қапты.
Бірақ, міне, жиырма жылдан бері əр айдың алғашқы жұлдызында
жаңылмай чек келіп тұрады. Осы жиырма жылдан бері өзімнің
тəңірдей табынушыларымнан сыйлықтар қабылдағаным болмаса шоп
басын сындырған жан емеспін.
Жиырма жыл! Бұған сену де қиын, əйтсе де шындық. Əрине, мен
баяғы балаусадай бүлдіршін қыз емеспін.
Ол өзінің аядай асханасына барып, алақанына салып үш түйір мұз
əкелді де, бəрін бокалына тастап жіберді, сосын үстіне джин құйды.
Тынымсыз былдыраған елгезек желдеткіш тасқын су қайтқан соң
жайдақ судай жалаштанып қалған теңіз қайраңының иісін бөлмеге
баяу себелеп тұрды. Ол ақырын ғана:
— Итен, сіз көп ақшалы боласыз, — деді.
— Сіз бəрін біліп қойдыңыз ба?
— Ең ізгі жақсылардың өзі сол баяғы арсыздар ғой.
— Айта беріңіз.
Ол құлашын жайып қолын сілтей бергенде, ұстап тұрған бокалы
ұшып кетіп қабырғаға тиді де, ішіндегі мұздар иірілген асықтай
үстелдің үстіне келіп түсті.
— Өткен аптада менің "қайран ғашығым" табан астында ауырып,
қалпақтай ұшты. Ол пыраққа мініп, бақи дүниеге аттанса, онда бұдан
былай чектен бидамақ болуға тура келеді. Мен қартайдым, шөп басын
сындырмайтын жанаяр жалқаумын, содан зəрем жоқ, үрейім ұшады.
Сіз менің келешекке сақтаған қорымсыз, алайда мен сізге алғаусыз
сенуге əлі де именемін. Өйткені сіздің əдеттен тыс үркін ойын
бастауыңыз ғажап емес. Қапелімде сүттен ақ, судан таза болып шыға
келуіңіз мүмкін. Менің сізге үрейім ұшып, зəрем зəр түбіне кетеді деп
айтып отырғаным да сол.
Мен орнымнан көтерілдім, аяғым өзімдікі емес, тіпті бір жақта
жатқандай сал болып, дірілдемесе де, кəдімгідей сарығып қалғанын
сезгендей болдым.
— Сонда сіз неден үміт етесіз?
— Марулло да менің көңілдес досым болатын.
— Түсіндім оны.
— Сіздің менімен төсек бөліскіңіз келмей ме? Мен төсекте түлеп
кетемін. Мұны мен айтпаймын-ау. Білетін жұрт айтады.
— Жоқ, оған зауқым жоқ. Оған бару үшін сізді өлердей жек көру
керек.
— Міне, сол себептен де мен сізге сенбеймін.
— Сіз бен біз кейін бір жөнін келтірерміз. Мен Бейкерді жек көремін.
Бəлкім, соны құшағыңызға аларсыз?
— Соны айтуға аузыңыз қалай барды! Джимнің сізге əсері болмады
ма деймін?
— Жалпы жайбарақат кезде, əрине, эсер етеді.
— Сіздің Дэнниге не істегеніңізді Бейкер біле ме?
— Иə.
— Оған қалай қарады?
— Əдеттегідей, салқын сабырмен қабылдады. Əйтсе де оған ту
сыртымды тосуға батылым бармас еді.
— Сізге ту сыртын беретін жан тек Альфио болуға тиіс-ті.
— Бұл не деген сөз, сонда?
— Бұл сонда тек менің аңғарғаным ғана деген сөз болады.
Шошымай-ақ қойыңыз, мен оған айтпаймын. Ол — менің досым.
— Мен сіздің сырыңызды ұға бастадым-ау деймін. Сіз семсерді
сескенбей сермеу үшін өзегіңізде өшпенділік отын лаулатып
жатырсыз ғой деймін. Ал сілтер семсеріңіз шолақ па деп қорқам,
Марджи.
— Мен мұны білмейтіндей! Бірақ мен өзімнің сезімтал сергектігіме
үміт артам, Ит.
— Мақұл онда, сіздің сол сезімталдығыңыз не дейтінін маған да
айтып, ой бөлісуге қалайсыз?
— Жарайды. Хоулилер əулетінің он ұрпағы бекерге күйдіріп,
бейкүнə мүйіздей-мүйіздей əбден қажып, райдан қайтқан кезде сіз енді
өзіңізді өзіңіз суға салған арқанмен сыптыртып, арқа етіңіз арса,
борбай етіңіз борша болғанда, жараңызға жан ұшырып тұз себе
бастайтыныңызға менің бəс тігуіме болады.
— Егер ақыры бəрібір солай болады екен, ендеше, сіздің бұған
қандай қатысыңыз бар?
— Тартқан қасірет-шерін, шеккен жапа-зарын айтып, мұңын шағар
сізге де бір пенде керек болады, міне, сондай міндетті адал атқара
алатын досыңыз, бұл жалғанда жалғыз мен ғана бола аламын.
Құпияның жүгі ауыр, Итен. Ал сізге бұл онша қымбатқа түсе қоймайды,
бар болғаны болмашы пайыз ғана.
— Əйтсе де былай болсын: мен жүрейін!
— Құйылған джиніңізді тауысып ішіп кетіңіз.
— Жоқ. Тəбетім алмайды.
— Итен, түсіп бара жатқанда маңдайшаға соғылып, маңдайыңыз
жарылып қалмасын, байқаңыз!
Баспалдақтың орта тұсында ол мені қуып жетті.
— Таяғыңызды əдейі қалдырып бара жатырсыз ба?
— Жоқ. Құдай сақтасын.
— Міне, таяғыңыз. Мүмкін, бұл сіздің өзінше жасаған құрбандығы
болар ма деп ойлап қалып едім?
Көшеде күн сіркіреп тұр екен, жаңбырлы түнде ырғайдың иісі
айырықша аңқып, айналаға жұпар шашады. Аяғым тəлтіректеп, əзер
басып келе жатқанымда сыңар мүйіз таяғымның көп пайдасы тиді.
Жуан Виллидің автомобилінің отырғышында бір буда қағаз орамал
жатқан-ды, ол сонымен терлеген мойны мен бет-аузын сүртеді.
— Ал мен оны білем! Бəс тігесіз бе?
— Ұтылғым келмейді.
— Ит, бері қараңызшы, осында "крайслер" мінген, қасында
жүргізушісі бар бейтаныс біреу сізді іздеп шарқ ұрып жүр.
— Оған не керек екен?
— Білмедім. Менен көзіңізге түспеді ме деп сұрады, бірақ мен сіз
жайлы тіс жармадым.
— Вилли, жаңа жылға сыйлығыңыз менің мойнымда.
— Аяғыңызға не болған, Ит?
— Карта ойнап отырып қалыппын, сарыққан ғой.
— А-а, құмырсқа жорғалағандай шымырлай ма? Егер əлдеқалай ол
ұшыраса қалса, сізді үйіне кетті деп айтайын ба?
— Ертең таңертең дүкенге келсін.
— "Крайслер-империал", абажадай, ұзындығы жүк вагонындай ғой
иттің.
"Фок-мачтаның" алдында, тротуарда Джой тұр екен, өзі біртүрлі
сылбыр, үсті-басы малмандай.
— Ал мен сізді бір шөлмек салқын сусын əкелу үшін Нью-Иоркке
тартып кеткен екен деп ойлап едім.
— Күн тым жанып кетті. Батылым бармады. Барып бірдеме жұтып
шығайық, Итен. Неге екенін қайдам, мен мүлдем болбырап, болдырып
тұрмын.
— Ыстық қой, зауқым соқпай тұр, Морфи.
— Сыра ше?
— Сыра мені одан бетер жандырып жібереді.
— Бұл қандай өмір! Күні бойы омалып банкіде отырып шығасың —
барар жер, басар тауың жоқ. Тіпті тілдесуге тірі жан табылмайды.
— Сізге үйленген жөн болар.
— Онда бүл күніме де зар боламын ғой.
— Бəлкім, сіздікі де жөн шығар.
— Жөн болғанда қандай. Үйленген адам, əсіресе баспақтай басы
байлаулы адам — бұл жалғанда жалғыздықтан жапа шегетін сол
байғұс.
— Оны сіз қайдан білесіз?
— Мен ондайларды көріп жүрем ғой. Нақ қазір сондайлардың біреуі
көз алдымда тұр. Бірер шөлмек салқын сыра аламын да, Марджи ЯнгХанттың менімен көңіл көтеруге зауқы соқпас па екен, барып аужайын
байқап көремін. Ол əдетте кеш жатады.
— Морфи, меніңше, ол қалада жоқ-ау деймін Егер жаңылмасам,
менің əйеліме ыстық əбден басылғанша өзінің Меньде бола тұрғысы
келетінін айтты ғой деймін.
— Ендеше, ол Марджиді қарғыс атсын! Жарайды онда, оған зиян —
барменге пайда. Зая кеткен жайсаң жайлы зарлы хикаямды соған
айтып берейін. Оны ол да тыңдамайды ғой. Ал қайыр, Ит. Тəңірім жар
болсын. Мексикада осылай сəтті сапар тілейді.
Несіне Джойға өтірік айттым — менің алаң көңілімнің абыржуын
айтақтай түскендей сыңар мүйіз сəнді таяқ жаға жолға тоқ-тоқ тиеді.
Ол жарияға жар салмайды. Өйткені бұл оның бастаған ойынын
бұзады. Ол саусағын гранатаның тежегішінен алғысы келмейді. Неге
олай — онысын мен білмеймін.
Мен Бас көшеден Шегіршіндіге бұрылғанымда Хоулилердің
байырғы ескі үйінің жанында тұрған жүк вагонынан гөрі кəдімгі
катафалк — табыт машинаға көбірек ұқсайтын, бірақ жалтырап
тұрмаса да өзі қап-қара, үстіне сіркіреп жауған жаңбыр тамшылаған,
тас жолдың көлкіп жатқан лайсаң майлы батпағы шашыраған
абажадай "крайслер" қарауытып көзге шалынды. Бұлыңғыр шыныдан
оның шамының жарығы сəл бұлдырап көрінеді.
Шамасы, тым кеш болып кетсе керек. Шегіршінді көшесіндегі түнгі
ұйқының құшағында тыныстаған үйлердің самсаған терезесімен жылт
еткен жарық көрінбейді. Мен малмандай су болдым, жығылғанға
жұдырық дегендей, оның үстіне абайсызда аяғымды суға тығып
алдым. Аяғымдағы кебісім аттап басқан сайын шылқ-шылқ етіп, су
бүркіп келеді.
Алдыңғы бұлыңғыр əйнектен жүргізушінің бас киімін киген біреудің
ербеңдеген елесі ғана көрінеді. Мен арбиған əлгі алып машинаның
жанына келіп, тықылдатып терезесін қақтым, ол сол заматында
зырылдап төмен қарай зулай жөнелді. Кондиционер ден ескен салқын
ауаның қоңырсыған күлімсілеу иісі бетке ұрғандай бірден мүңк ете
қалды.
— Мен Итен Хоулимін. Сіз мені іздеп жүрсіз бе? — мен оның
тістерін, біздің көшедегі шамның жарық сəулесі алагеуім автомобиль
кабинасының ішіне түсіп, айрықша жарқ еткізген тістерін ғана көрдім.
Есік өзінен-өзі ашылып кетті де, "крайслерден" денесі ашаң, сəнді
киінген еркек шықты.
— Мен "Данскам, Брок жəне Швин" теледидар студиясынан келіп
едім. Сізбен сөйлессем деймін, — ол бұрылып жүргізушісіне қарады. —
Бұл арада емес, басқа бір жерде. Сіздің үйге кіруге бола ма?
— Несі бар, жүріңіз. Біздің үйдегілер түгел ұйықтап жатқан шығар.
Егер сіз ақырын сөйлесеңіз, ештеңе ете қоймас... — Қалың шалғынның
ортасынан тартылып тас төселген жолмен маған ілесе жүрді. Ауыз
үйде шам жанып тұр екен. Мен кірген бетте сыңар мүйіз таяқты
əдеттегідей пілдің аяғына салып қойдым.
Сосын барып, отырар жердегі серіппесі селдіреңкіреп қалған өзімнің
абажадай кресломның арқалығындағы кітап оқуға арналған шамды
жақтым.
Үйдің іші тып-тыныш, бірақ əдеттегідей мажырасын тыныштық
емес, əлде бір беймаза алаңдаушылықтың секемі сезілгендей. Мен
жоғарыға, екінші қабатқа орналасқан жатын жайдың есігіне көз
тастадым.
— Тым кеш оралуыңызға қарағанда бір маңызды шаруа ұстап
қалған болар сізді?
— Иə.
Енді ғана оның түсін көрдім. Бұл беттен тынымсыз жыпылықтап,
түртінектеп, тіксіне қалған көзден қайран жоғы аян, тек тістер ғана
өктем өкілдікке ие болғаны байқалады.
— Біз жариялауды жөн көрмейміз. Өзіңіз де білесіз, биылғы жыл аса
ауыр болды. Викторинаға байланысты шыққан жанжал біздің
аяғымызды аспаннан келтірді, онымен қоймай конгрестің комиссия
жөніндегі оқиғасы да оңай тиген жоқ. Амал жоқ, аяқты аңлап-аңлап
басуға тура келеді. Қазір айрықша қатерлі шақ.
— Əйтсе де сіз қандай шаруамен келгеніңізді, мүмкін, айтарсыз?!
— Сіз "Мен Американы сүйемін" деген тақырыпта жазылған
балаңыздың шығармасын оқып па едіңіз?
— Жоқ, оқыған емеспін Мені қайран қалдырғысы келді.
— Қайран қалдырды да. Біз қалайша бірден байқамағанымызды мен
мүлде түсінбеймін, бірақ, амал қанша, менбенің аты мəнбе. Ол маған
көгілдір папканы ұсынды. — Сызылған тұстарын оқып көріңіз.
Мен креслоға отырып, папканы аштым. Сөздері əдеттегі жазу
машинкасына ма, əлде болмаса сондай əрпі бар жаңа баспахана
машинасының біріне басылған ба екен, бірақ, əйтеуір жиегіне қара
қаламмен айқыш-ұйқыш баттитып тұрып жазып тастапты.
Итен Аллен Хоули Екінші
МЕН АМЕРИКАНЫ СҮЙЕМІН
Адамның жеке басының даралығы деген не? Үлкейткіш шынысыз
көзге ілінбейтін атом, ғаламат ғалам бетіндегі иненің жасуындай дақ
қана, бастауы да жоқ, баяндалуы да жоқ, ұғымнан тыс, шексіз
мəңгіліктің қас-қағым сəтінің жылт еткен жасыны ғана, бу боп желмен
ұшып кететін түпсіз тұңғиықтың шыңырауында тұнған тамшы су ғана;
əп-сəтте өзінің бастапқы тозаңына айналатын құмның елеусіз
қиыршығы ғана. Міне, осы бір құртақандай, осы бір ұсақ, осы бір
өткінші, осы бір тірлігі тұтам жіптей тапшы, өмірі оралымға келмейтін
қысқа манжу мақұлық ғасырлар бойы қапысыз қасқайып тұратын ұлы
ұлттың алға ұмтылған ұлан-асыр айбынды қозғалысына, мына өмір
озғанша, мына дүние тозғанша дəуірлейтін біздер əкелген, біздер
сомдаған, біздер шыңдаған бұла ұрпақтарға өзін қарсы қоюға қалай
ғана дəті бармақ?!
Бүкіл алғаусыз ақ ниет, ыстық ықыласымызды елімізге аударып,
оны болашақ қауіп-қатерден қорғап, өзіміздің адал да риясыз отаншыл
сезімімізді əлемге паш етейік! Туған еліміздің игілігіне, соның
мүддесіне өзін құрбан етуге əзір болмасақ, біздің, біз сияқты
басқалардың да құны не тұрады?
Мен дəптерді түгел аударып, парақтап шықтым, барлық жерде де
баттиған қара сияның қалдырған ізін көрдім.
— Танисыз ба?
— Жоқ. Бірақ сұмдық құлаққа таныс. Өткен ғасырдан болар ма екен...
— Дұрыс айтасыз. Генри Клей. 1850 жылы сөйлеген сөзі.
— Ал қалғандары ше? Олар да Клейден бе?
— Жоқ. Əр жерден жұлып-шымқып теріп алған. Оның ішінде
Даниель Вебстер де, Джефферсон да, тіпті құдайдың өзі кешірер,
Линкольннің екінші мəрте сөйлеген сөзінен де шағын үзінді бар.
Мұның бəрі байқаусыз қалай өтіп кеткеніне мен таң қаламын. Шамасы,
шығармалардың көп, жүзден астам болуынан шығар. Құдайға шүкір, не
де болса əйтеуір уақытында көріп, ұстап қалдық. Көрдіңіз бе, міне? Əлгі
Ван Дореннің17 əйгілі оқиғасынан кейін...
— Бала жазбағаны бірден көрініп тұр.
— Қалай болғанын түсінсем бұйырмасын. Өйткені егер ашық хат
болмағанда бəрі бəз қалпында қала берген болар еді.
— Ашық хат дейсіз бе?
— Бетінде Эмпайр-стайт-билдинг бейнеленген ашық хат.
— Оны кім жіберген екен?
— Аты-жөні жазылмаған.
— Қайдан жіберіліпті.
— Нью-Иорктен
— Маған көрсетіңізші?
— Əлдебір күтпеген қолайсыз жағдай бола қалса, қажет болар деп
оны темір сандыққа салып қойдық. Əйтсе де сіз ондайға бармассыз деп
ойлаймын?
— Сонда сіздің менде қандай шаруаңыз бар?
— Маған сіздің болған іс болды, бояуы сіңді деп бəрін ұмытқаныңыз
керек. Егер сіз соған келіссеңіз, біз де солай ештеңе болмағандай бəрін
ың-шыңсыз қалдырамыз.
— Мұны ұмыта қою оңай емес.
— Тыңдаңызшы, мен сізге енді аузыңызды бағып, бізді келеңсіз
жағдайға душар етпесеңіз болды деп айтып отырмын. Жыл аса ауыр
болды. Президенттік сайлаудың қарсаңында айғай-шу көтеруге сылтау
табылады.
Мен əдемі көгілдір папканы жаптым да, оны өзіне қайтардым.
—Ешқандай келеңсіз жəйт болмайды.
Қосарлай тізілген гауһар моншақтай тістері жарқ-жұрқ ете қалды.
— Мен де осылай болар деп ойлап едім. Біздің о жақтағылар да
солай деген-ді. Мен сіз туралы сұрастырып көргем. Сіздің
құжаттарыңыз, сіз жөніндегі пікірлер жақсы екен. Сіз сыйлы,
салауатты отбасыдан шыққан көрінесіз.
— Оныңызға рахмет! Мен де сіздің жағдайыңызды түсінем. "Жабулы
қазан жабулы, қалаймыз солай қалуды" дегеннің кері ғой?
— Менің сізді мынау алаңжарлы, абыржулы күйде қалдыруым
əбестеу болар. Сіз, асылы, ренжи көрмеңіз. Мен хабар жəне байланыс
бөлімінде істеймін. Біз бірдеңе ойлап табармыз. Стипендия бола ма...
əйтпесе тағы сондай бірдеңе қарастырармыз. Лайықты бірдеңе
табылар...
— Шынымен-ақ кесірлі кеселдің дабыл қағып, ереуіл жариялап,
еңбекақысын көтеруді талап еткені ме? Жоқ. Барыңыз, жөніңізді
табыңыз, өтінем сізден.
— Біз бірдеңе ойлап табармыз.
— Оған күмəнім жоқ.
Мен оны шығарып салып, қайтып келіп кресло ма отырдым да,
шамды өшіріп, өз үйімнің тынысына құлақ түрдім. Ол жүрек
соғысындай, бəлкім, менің жүрегім мен ескі үйдің елесінің сыбдыры
болар, əйтсе де бірқалыпты лүпілдеп соғып, бейжай тыныстап жатты.
Киелі тас жатқан шкафқа барып, бойтұмарды қолыма алуға аңсарым
ауды. Мен орнымнан тұрып ілгері аттадым.
Əлдебір тосын тықыр мен бейнебір үріккен құлынның оқыс
кісінеген даусын құлағым шалғандай болды да, артынша бəрі лезде
тына қалды. Мен су-су кебісіммен баспалдақпен шылпылдап кетіп
бара жаттым. Мен Элленнің бөлмесіне кіріп, шамды жақтым. Басы
жастықтың астында, ол өзі сейсепке оранып, бүк түсіп жатыр екен.
Жастықты жаймен көтере бергенімде, ол шап етіп жармаса кетті де,
менің қаттырақ қарпуыма тура келді. Езуінен сілекейдей қан шұбырып
тұр екен.
— Ваннада тайып кеттім.
— Көріп тұрмын. Қатты соғып алдың ба?
— Жоқ, қатты емес.
— Былайша айтқанда, бүл менің шаруам емес қой?
— Мен оны абақтыға отырғызбасын деп едім.
Аллен өз бөлмесінде, төсектің шетінде шолақ ыштанымен отыр
екен. Оның көзі... Менің көз алдыма қашып кеп бұрышқа жан
сауғалаған, өзіне щеткадан төнген қатерден қалайда қорғануға əзір
айбат шеккен тышқанды елестеткендей болды.
— Оңбаған өсекші.
— Сен бəрін естідің бе?
— Мына жексұрынның не істегенін естідім.
— Ал сен өзіңнің не істегеніңді естідің бе?
Бұрышқа тықсырылған тышқан шабуылға шықты.
— Онда тұрған не бар. Бəрі солай жасайды. Біреудің жолы болады,
біреудің жоқ.
— Сен соған шынымен сенесің бе?
— Сен не, газет оқымайсың ба? Бəр-бəрі бірі қалмай — сонау
жоғарыдағыларына дейін солай жасайды. Газет оқы. Аспанға ұшып,
ақша бұлтқа қона бастасаң, бəрін қойып, газет оқы! Мұны бəрі жасайды,
кезінде сен өзіңе де талай істеген боларсың. Бəріне мені күстаналап,
ағаш атқа мінгізудің қажеті жоқ. Өзімнен басқа өлмесе тұрмасын.
Маған мына жексұрынның сазайын тартқызып, өшімді алсам болды.
Мэриді ұйқыдан ояту оңай емес, əйтсе де бұл сапар ол ұшып тұрды.
Бəлкім, əлі көзі ілініп үлгермеген де болуы ықтимал Ол Элленнің
бөлмесінде төсегінің шетінде отыр екен. Көшедегі шамның жарығында
көлбеңдеген жапырақтардың көлеңкесі тынымсыз ұшып-қонған
көбелектей жыпылақтап жүзінде ойнайды. Ол бейне жартастай,
тасыған теңіздің асау толқынына қаймықпай қарсы тұрған алып
жартастай. Шынында да солай. Ол — шақпақ тас, ол — мықты,
мызғымас, таймас тірек.
— Итен, сен жатасың ба, ұйықтайсың ба?
Демек, ол да бəрін естігені.
— Əзір жатпаймын, қуанышым.
— Тағы бір жаққа барасың ба?
— Иə. Қыдырып қайтам.
— Кеш қой. Жату керек. Көшеде жаңбыр жауып тұр. Бармасаң
болмай ма?
— Иə. Болмайды. Менің бір жерге қалай да соғуым керек.
— Шекпеніңді ал. Əйтпесе тағы да ұмытып кетесің.
— Жарайды, аяулым!
Мен оны бетінен сүймедім. Басын бүркеніп қасында əне бір шикі
өкпе жатқанда оны сүюге батылым бармады. Алайда мен қолымды
иығына салып, бетін сипадым, ол шақпақ тастай шымыр қалпында
сыбысын сездірмей сіресіп жатыр екен. Мен сақал қыратын бəкінің
алмалы жүзінің бір қорабын алуға ваннаға əп-сəтте кіріп шықтым.
Мен оның айтқанын екі етпей шкафтан жауында жамылатын
шекпенімді іздеп, ауыз үйде сəл бөгелдім, кенет, əлдене астан-кестені
шыққандай, жосықсыз абыр-сабыр жүріс естілгендей болды да,
артынша қорс-қорс мұрнын тартып, өксіп жылаған Эллен есіктен шыға
келіп, маған құшағын жая ұмтылды. Қан сорғалаған мұрнын кеудеме
тығып, ол мені екі қолымен тас қып қапсыра құшақтады. Оның балаға
тəн балғын денесі қалтырап, қалш-қалш етіп тұр. Мен оның кекілінен
алып, басын кейін бұрдым.
— Мен де сенімен бірге барамын.
— Ақылсызым-ау, саған баруға болмайды ғой. Одан да жүр, асханаға
барайық, бет-аузыңды жуайық!
— Мені өзіңмен бірге ала кет. Мен білем, сен қайтып келмейсің.
— Қайдағыны қайдан шығарасың осы, сен қалақай? Əрине, қайтып
келемін. Мен қашан да қайтып ораламын. Бар да, төсегіңе жатып
үйықта. Өзіңе де оңдысы сол ғой.
— Сонымен, мені ертпейсің ғой?
— Сені ол жаққа жібермейді. Жеті түнде ішкі көйлекпен дірдектеп
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алаң Көңіл Ақпаны - 25
  • Parts
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 01
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2293
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 02
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2241
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 03
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2172
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 04
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2424
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 05
    Total number of words is 4119
    Total number of unique words is 2311
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 06
    Total number of words is 4007
    Total number of unique words is 2225
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 07
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 2286
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 08
    Total number of words is 4057
    Total number of unique words is 2309
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 09
    Total number of words is 4081
    Total number of unique words is 2266
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 10
    Total number of words is 4016
    Total number of unique words is 2207
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 11
    Total number of words is 4150
    Total number of unique words is 2203
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 12
    Total number of words is 4105
    Total number of unique words is 2308
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 13
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2262
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 14
    Total number of words is 4017
    Total number of unique words is 2434
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 15
    Total number of words is 3985
    Total number of unique words is 2473
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 16
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2362
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.3 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 17
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2332
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 18
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2366
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 19
    Total number of words is 4056
    Total number of unique words is 2301
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 20
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2350
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 21
    Total number of words is 4064
    Total number of unique words is 2417
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 22
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2315
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 23
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2191
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 24
    Total number of words is 4021
    Total number of unique words is 2343
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 25
    Total number of words is 657
    Total number of unique words is 503
    40.1 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.