Latin Common Turkic

Алаң Көңіл Ақпаны - 04

Total number of words is 4154
Total number of unique words is 2424
31.2 of words are in the 2000 most common words
45.3 of words are in the 5000 most common words
52.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
абайлап қимылдасаң, ұйқыдағы адамды əлдеқайда оңай оятып аласың.
Сонымен қатар мен ұйқыдағы адамдардың өзге біреудің ой-пікірін
сезіп-біле алатынына да кəміл сенемін. Менің дəретханаға баруым
керек деп іштей өзімді-өзім иландырдым да, соған əбден өзім сенген
кезде төсектен тұрып, тысқа шықтым. Сосын дəретханадан төменге
түсіп, киім-кешегімді ала барып, асханада отырып киіндім.
Мэри сайда саны, қырда ізі жоқ, қайдағы бөтен біреулердің
қасіретіне пұшайман жейсің деп екі күннің бірінде кінəлайды, əлде
онысы орынды да шығар, мүмкін, бірақ ол маған ұйқыдан оянып, мені
не жатын бөлмеден, не асханадан таба алмаған соң үрейі ұшып, бүкіл
үйді шарлап, əбден əлекке түсіп жүргендей болып көрінді. Мен қолыма
қаламды алып, үйдің шығыны тіркелетін кітаптың бір парағын алып
оған: "Бауырым, ұйқым келмеген соң, мен шамалы қыдырып қайтайын
дедім. Көп кешікпей келемін", — деп жаздым. Асханаға шам жаққан
бойда көзіне түсетіндей етіп, оны үстелдің нақ ортасына қойдым.
Сосын асхананың есігін ашып, мұрнымды шүйіріп тұрып дем алдым.
Күн суық екен, аяздағы ақ қыраудың иісі аңқиды. Мен пальтомның
жағасын көтердім де, теңізшінің тоқыма малақайын тартып құлағыма
түсірдім. Асханадағы электр сағаты зыңғырлап соғып тұр. Ол ширек
сағаты кем үшті көрсетеді. Ендеше, қараңғыда қызыл дақтың қалай
жайылатынын қарап, төрт сағатқа жуық тапжылмай жатқаным ғой.
Біздің Нью-Бэйтаун — əсем қала, байырғы кент, Америкада қала
атағына ие болған алғашқылардың бірі. Оның негізін қалаған
Елизаветаның заманында Еуропаның тыныштығын шайқап,
Кромвелдің кезінде Вест-Үндістанды еркін билеп-төстеген, ақырында,
таққа қайта отырған Карл Стюарттың кепілдік грамотасына ие болған
соң, солтүстік жағалауға орнығып, орын тепкен адуын да əпербақан,
тойымсыз ашкөз, қыңыр мінез қиянатшыл теңізшілердің ұрпағы,
əрине, олардың ішінде менің де ата-бабам бар екені күмəнсіз болса
керек. Егер ар жағын тереңірек қазбалар болсаң, олардың бойынан бірбірінен анау айтқан айырмашылығы шамалы қарақшылық пен
діндарлықтың ойдағыдай табысқанын байқауға болар еді. Аналар да,
мыналар да жауына мейірімсіз болатын, аналар да, мыналар да өзгенің
мал-мүлкіне өлімін салып өзеуреп тұратын. Олардың одағы өмірге
төзімді, мықты маймылдар ұрпағын əкелді. Мұның бəрін мен əкемнің
айтқандарынан білемін. Ол отбасының тарихын жақсы білетін,
айрықша ұнататын, ал мен ондай отбасының тарихына əуесқойлардың
өздері мақтан ететін ата тегінің əлгідей абзал қасиеттерін əрдайым
мирасқор бола бермейтінін байқадым. Менің əкем ақжарқын, кең
пейілді, мінезі биязы адам болатын, көп оқыған, тіпті оқымысты
дерлік, іс-əрекетке ебі жоқ, даналықтан да құралақан емес, қарапайым
ғана жан болатын Ол бір өзі Хоулилер мен Аллен жүздеген жылдар
бойы жинағанның бəрінен — жерден, ақшадан, қауымдағы абыройатақтан, алдағы болашақтан, жалаң атынан басқадан түгел жұрдай
болды; десе де, ол тек сол атын ғана айрықша қасиеттеп, қадір тұтты.
Əкем өзі "ұрпақтар мұрасы" деп санайтындарды маған ұғындыруды
тəуір көретін. Сондықтан да біздің ата тегіміз жайлы маған көп нəрсе
мəлім. Бəлкім содан да болар. Қазір менің кезінде түгел Хоулилер
əулетіне қараған оралымдағы, кварталдағы Сицилиялық саудагердің
дүкенінде сатушы болып қызмет істеп жүргенімде, бұған мен
қорланбайын-ақ дейім, бірақ болмайды, амалым жоқ. Бізді күйреткен
күйзеліс те, ауыр кезең де емес.
Мен егер Нью-Бэйтауын əсем қала еді деп айтпасам, мұның бəрі
қазір менің ойыма келмеген де болар еді. Мен Шегіршінді көшемен
солға емес, оңға бұрылдым да, лезде Бас көшеге қатарласа жарысып
жатқан Порлок көшесінен келіп бір-ақ шықтым. Біздің жуан констебль,
шүкəйттай Вилли дəл қазір Бас көшенің ортасындағы бір жерде
полиция машинасында қалғып-мүлгіп отырғаны да күмəнсіз, ал менің
онымен шүйіркелесуге зəредей зауқым жоқ. Қайдан бұлай тым кеш
келе жатырсың? Əлде бір айдай сұлу тауып алғаннан саумысың?
Шүкəйттай Виллидің іші пысады, өткіншілермен əңгімелескенді
ұнатады, кейін кімнің не айтқанын өзгелерге жеткізеді. Сөйтіп,
шүкəйттай Виллидің түнгі кезекте зеріккендігінің əлегінен бүкіл
қалаға тарап кеткен келеңсіз өсек-аяң да аз болмаса керек. Күндіз
кезекте тұратын констебльдің аты-жөні — Стонуолл Джексон Смит.
Бұл жұрт қойған лақап ат емес. Мұны оған шоқындырған кезде
Стонуолл Джексон қойған "Тастай қатты Джексон (ағылшын) — АҚШтағы азамат соғысының оңтүстік əскерінің генералы Томас Джонатан
Джексонды жұрт солай атаған, ал қазір енді оны əлде бір бөтен
Смитпен есте де шатастырмайсың. Неліктен екенін қайдам, əйтеуір,
қалада егер екі полицей болса, олар ылғи біріне-бірі мүлде зəредей де
ұқсамайтын болып келеді. Стони Смит, егер сіз одан бүгін қай күн деп
сұрасаңыз, ол сізге ант алған соттың алдында ғана жауап беруі мүмкін
Смит — қаладағы басты полициялық өкімет. Ол ісіне адал, жаңа
əдістердің бəрінен хабардар əрі Вашингтондағы ФТБ-ның (ФБР)
арнаулы мектебінен өткен. Менің ойымша, полицияның үлгісі осы:
ұзын бойлы, сөзге сараң, жанары темірдің сынығындай жалт-жұлт етіп
тұрады. Кімде-кімнің қылмыс жасау жөнінде қара ниеті болса, мен
соған Стониден атшаптырым аулақ жүр деп кеңес берген болар едім.
Шүкəйттай Виллимен кездесуден қашып Порлокке бұрылмасам,
мұның бəрі сірə да менің ойыма оралмас та еді. Порлок — Нью
Бэйтаундағы ең əдемі үйлер тұрған көше. Гəп мынада, он тоғызыншы
ғасырдың басында біздің бұл арада жүзден астам кит аулайтын
кемелер тұрған болар. Антрактидада əлде оңтүстік Қытай теңізінде ме,
əйтеуір, сондай бір жақта бір-екі жылдай жүзіп жүріп, сол кемелер аса
құнды кит майын тиеп, қайта оралатын. Ал жол-жөнекей жат жерлік
айлақтарға соғып, аялдауға тура келетін болғандықтан да олар
дəстүрлі жүктерінен тыс алыс сапардан бұрын көрмеген түрлі-түрлі
ғажап заттарымен қоса олардың рухани қазынасың, салиқалы ой,
салауатты пікірлерін де, тұрмыс-тіршіліктің тың жол, соны
соқпақтарын да санаға саралай түйіп ала келеді. Порлоктегі үйлерде
қытайлық бұйымдар қисапсыз көп. Сонымен қатар сол байырғы кеме
иесі — шкиперлердің кейбіреулерінің талғамы да тəуір болатын.
Олардың ақшасы да мол еді, үй салуға қамданған кезде олар сəулетшіні
сонау Англиядан əдейі алдыратын. Міне, сол себептен де Порлок
көшесінде Роберт Адам мен классицизм сəулет өнерінің ықпалы айқын
аңғарылады. Сол кездегі Англиядағы үрдіс осындай еді. Əйтсе де
жарты шеңбердей иіліп жасалған терезелер, каннелюрлары мен
дорилық бағаналары бар əрбір үйде сонымен бірге міндетті түрде
əуелде кемелердің қайтып келуін асыға күткен ары таза, адал
зайыптардың қиянға ынтыға көз тігулеріне арналған үйдің төбесіне
шығатын "Жесірлік жалғыз аяқ жолы" да болатын. Кей-кейде, бəлкім,
солай да болған шығар. Бірақ Хоулилер, сондай-ақ Филлипстер,
Эргарлар мен Бейкерлер — əлдеқайда əріден келе жатқан əулеттер.
Олардың бəрі бəз-баяғы қалпында Шегіршінді көшесінде, ерте
американдық үлгі саналатын шатыры биік, қабырғалары кемеге
арналған қалың тақтаймен қапталған үйлерде тұрады. Біздің үйіміз де,
Хоулилердің көне үйі де сондай. Үйлерге қанша жыл болса, айнала
өскен алып шегіршіндерге де сонша жыл.
Порлокте баяғы газ шамдар сақталған, бірақ оларға енді электр
лампасы қойылған. Жазда мұнда жан-жақтан келген саяхатшылар
қаптап кетеді, олардың айтуынша, кенттің керім сəулетін қызықтап,
"көненің хош иісін" сіміреді екен... Көңіл қытықтар хош иіс əлде тек
көненің көзінен ғана шыға ма екен?
Хоулилердің қандай жағдайда вермондық Аллендармен табысып,
туысқаны қазір менің жадымда жоқ. Шамасы, бұл 1776 жылғы
төңкерістен кейін болса керек. Ден қойса, əрине, оны анықтау да қиын
емес. Үйдің төбесінде жатқан қағаздардың арасында мұны
куəландыратын бірдеңе болуы күмəнсіз. Менің əкем қайтыс болған
кезде Мэри Хоулилер əулетінің тарихынан əбден-ақ мезі болғаны
сондай, мен ескі қағаздардың бəрін үйдің төбесіне шығарып тастау
жөніндегі оның тілегіне түсіністік таныттым. Өзгенің отбасы тарихы
бəлендей бас қатырып əуре болар жəйт те емес қой. Мэри керек десе,
Нью-Бэйтаунда туып өспеген. Оның туыстарының шыққан тегі —
ирландықтар, бірақ өздері католик емес. Осы жағын ол əрдайым
айырып айтады. Біз олстерліктерміз дейді. Мұнда ол Бостоннан келді.
Айтқандайын, жоқ, олай емес — Бостоннан оны мен алып келдім —
дұрысы, осы болар. Сондағы біз екеуміз, дəл қазіргідей, тіпті одан да
айқын əлі көз алдымда: үш күндік демалысқа келген үріккен асаудай
осқырынған, алаң көңіл əлегіне ширыға шытынаған кіші лейтенант
Хоули мен жайсаң жастығы соғыстың əсерімен əдеттегіден əлдеқайда
аяулы болып көрінген сүйріктей сүйкімді үріп ауызға салғандай
уылжыған, қырмызы қыр гүліндей шырайлы да жұпар иісі аңқыған
бүлдіршіндей қыз. О, жалған-ай, онда біз қандай сабырлы, жер қозғалса
былқ етпейтін қандай салмақты едік десеңші! Мен қаза болсам, ол өмір
бойы батырдың азалы аруағын ардақтап өтеді. Бəрі əлі сол баяғы
сарғыш мундирлі, сиса көйлекті миллиондар сияқты. Соның бəрі:
"Сүйікті Джон.."тағысын тағылар дегендей əдеттегіше сəлем
жолдаумен оп-оңай аяқталуы да ғажап емес еді. Бірақ Мэри шынымен
өзінің қалаулы қаһарманына алғаусыз адал болып шықты. Айшықты
əсем əріптермен моншақтай тізіліп көк сиямен жазылып, конвертке
салынған хат ізімнен үнемі ілесіп отырды; оларды бүкіл рота танитын,
неге екенін қайдам, мен үшін бəрі қуанушы еді. Мəнəйім мен əлдеқалай
оған үйленуді ойламаған күннің өзінде де Мэридің баянды
байсалдылығы айдай əсем де адал əйелдер жөніндегі ғасырлар асқан
асыл арманды ардақтау үшін де мені мұны істеуге мəжбүр еткен болар
еді.
Шегіршінді көшесіндегі Хоулилердің көне үйі үшін өзі туып-өскен
ирландық-бостондық топырағынан көшуге тура келген сəтте де ол сол
қалпынан өзгерген жоқ. Оны менің қолға алған ісімнің барған сайын
құлдырауы да, балалардың дүниеге келуі де, азық-түлік дүкенінде
сатушының қамытын кигелі бергі біздің мына тұрмыс-тіршілігіміздің
келешектен күдерсіз күйінішті хəлі де — ештеңе де өзгерте алмады.
Мен білемін, ол шыдамдылық шындаған, өзімшілдікпен күте
білетіндер санатынан. Десе де, қазір оның шындалған шымыр
шыдамдылығы да шым-шымдап суала, сарқыла бастаған сыңайлы.
Бұған дейін ол өзінің үкілі үмітін, толғаулы тілегін жайып салуға бара
бермейтін. Өйткені менің Мэриім — болмысында біреуді
келемеждеуге немесе жазғырып жамандауға қабілеті жоқ жан.
Тұрмыстың небір қиын-қыстау сəттерінде де оның еңсесі түсіп көрген
емес. Егер кей-кейде одан ашудың ащы запыраны шықса, бұл соның
өзінде оның табиғатына жат болғандықтан да, өкінішті оғаштық
болып көрінеді. Қырау түскен, көшедегі аяқ тықырымен ұласқан түнгі
ой да тынымсыз қалай тез заулайды.
Егер таңсəріде Нью-Бэйтаунның көшесін кезіп жүрсең, онда жат
көзден жасқанып жасырынудың əсте қажеті жоқ. Тек бұл орайда
қисынын тауып, бір қалжың айтуды қалт жібермейтін шүкəйттей
Вилли болмаса, таңғы сағат үште шығанаққа жақын маңда
ұшырасқандардың қай-қайсысы да мені құрулы қармақтарына бара
жатыр деп ойлап, елемей, іле-шала ұмытып кеткен болар да еді. Балық
аулаушылардың кейде үйдің тұз-дəмін əзірлеудің əдісі сияқты
қытымыр қызғанышпен қорғайтын өзіндік құпиясы болатыны белгілі,
бұған бəрі де айрықша түсіністікпен, ілтипатпен қарайды.
Көшедегі шамдардың жарығы түсіп, аяз қарып, қырау шалған көк
шөпті алаңдар мен жаға жол бейне ұсақталған алмас шашылғандай
жылт-жылт етеді. Мұндай жаға жолда басқан аяқтың ізі андыздап
жатыр, ал алғы жақта ешқандай із көрінбейді. Алғашқы жауған қарды,
əйтпесе жаңа түскен қырауды көргенде ерекше толқитын бала күннен
əдетім бар. Бейне жан баспаған жаңа дүниенің есігін ашқандай, мөлдір
таза, пəк те адал дүниеге алғаш жанасқандай жан жүрегіңді ғажап
шаттық сезімі кернеп, қуаныш құшағына алғандай сезінесің.
Əманда түнде кезгенді тəуір көретін мысықтар қашанда қырау
түскен жолмен жүруді ұнатпайды, бəстесіп сондай жолды жалаңаяқ
басқанымда табанымды шоқ басқандай қарып кеткендегі əлі есімде. Ал
қазір жылы шұлықтың сыртынан голош киіп, жалтырап жатқан
қыраулы тыңға қаймықпай із тастадым, Порлоктің Торкимен
қиылысатын тұсында, Хикс көшесіне шығатын велисопед зауытының
тұп-тура арт жағындағы тың жер де ұзыннан-ұзақ, айқыш-ұйқыш
жыбырлаған іздерге толы. Көшерін жел, қонарын сай білген қаңбақтай
қаңғып, сергелдеңге түскен Дэнни Тейлор қолды-аяққа тұрмайтын
беймаза аруақ сияқты. Дэнни — қаланың маскүнемі. Мұндайлар əр
қалада бар. Дэнни Тейлор — тəуір отбасынан, текті көне əулеттен
шыққан, бір əулеттің соңғы өкілі, білімді — осылай деп оның соңынан
қаншама жұрт өкінішпен бас шайқайды. Əскери-теңіз училищесінде ол
əлдеқалай бір қолайсыз жағдайға душар болса керек? Одан бері де
оның əлдеқашан есін жиятын уақыты болды. Ол ішкілікке салынып,
рəсуа болып жүр, ал Дэнни азамат қой, ендеше, оған бұлай етуге əсте
болмайды. Ішкілік үшін қайыр сұрау деген сұмдық қой! Абырой
болғанда, əйтеуір оны əке-шешесі кермейді. Əйтпесе бұл масқараның
ұяты оларды тірідей көрге тыққан болар еді, айтқандай олардың о
дүниелік болғаны қашан! Нью-Бэйтаунда бəрі осылай деседі.
Дэнни — менің жанды азабым, ол аздай, мені ар-ұятым тозақтың
отына салады. Мен оған қолұшын беруім керек еді. Рас, мен əрекет
жасап та көрдім, бірақ ондайға көнетін ол қайда? Дэнни менің туған
бауырымдай, онымен бірге өстім, біздің жасымыз да, бойымыз да,
күйіміз де — бəрі-бəрі де бірдей. Мен бауырымның қорғаны болуым
керек еді, ал мен оны қорғай алмадым, бəлкім, мені ар-ұятымның
азапқа салатыны да содан шығар. Бұл ретте өзіңді-өзің қанша
ақтағанмен, тіпті бұлтартпас деген уəжіңнің өзі де септігін тигізе
алмайды. Тейлорлар отбасы да Хоулилер, əйтпесе Бейкерлер сияқты
байырғы текті əулеттен. Балалық жайлы сейіл-серуен, ойын-сауық,
диркке сапар, жаңа жыл мерекесі жөніндегі менің есімде қалған
естеліктерім сияқты Дэнниді де өзімнің оң қолым тəрізді оны менен
айыруға болмайды. Егер біз екеуміз кейін де бірге оқығанда, мүмкін,
мұндай бақытсыздық болмас па еді? Бірақ мен Гарвардқа кеттім —
тілдерді еркін меңгердім, қоғамдық ғылымдардың барлық азбас асыл
қазынасын, ерен қадір-қасиетін тануға талпындым, көмескі тартпас
көне дүниенің еліктіріп есіңді алатын небір керемет құпиясын
қызықтадым, енді мына азық-түлік дүкенінде мүлде көк тиынға қажеті
болмай қалған кітап атты ғаламның ғұлама ойлары мен абзал ақылын
саралап, санама тоқыдым. Адам жан дүниесін арбап алатын осы бір
айбынды да айдынды жолда жанымда Дэннидің жүрмегеніне өмір
бойы өкініштімін. Бірақ та Дэнниді алдында өзі аңсаған теңізші
мансабы күтіп тұрды. Əскери-теңіз училищесіндегі бос орын оған біз
əлі шолақ ыштан киіп, шаң түтіп жүрген кездің өзінде-ақ алдын ала
əзірленіп, бекітіліп, қаперсіз қамтамасыз етіліп қойған болатын. Оның
əкесі мұны жаңа сайланған əрбір конгрессменге ескертуден əсте
жаңылмайтын
Үш жыл үздік үлгеріп, сонан соң шығып қалды. Жұрт оның əкешешесінің түбіне жеткен де осы деседі, қалай болғанда да, мұның
Дэннидің өзін өлмеші еткені айдан анық. Тек оның сүйретілген сүлдері
ғана қалды, миын шайқап шаю үшін көрінгенге қолын жайып тиынтебен сұрап жүрген сормаңдай, өмірін өксітіп, түн торыған сорлы. Ол
еңсесі түсіп, есеңгіреген күйі жападан-жалғыз, аяғын əзер көтеріп
ұзақты түнге тыным таппай, қала көшелерін кезіп, сенделеді де
жүреді. Миын шайқап алу үшін сізден ширек доллар сұраған кезде
оның жасық жанары өз бойынан таппаған кешірімді өтініп, жасқа
толып жаутаңдай қарайды. Ол кезінде Уилбурлардың меншігі болған,
енді иесіз қалған кеме жасайтын жердегі ескі лашықта түнейді. Мен
оның үйіне келгенін, əйтпесе үйінен шыққанын анықтау үшін еңкейіп
із кесіп қарадым. Байқаймын, ол əлі қалада, бір жерде қаңғырып
жүргенге ұқсайды, ендеше, оның кез келген жерде маған ұшыраса
кетуі де ғажап емес қой. Шүкəйттей Виллидің торға қамап қоюы да
екіталай. Одан не пайда?
Мен көңілім ауған емес, көптен таныс нысаналы жерді көздеп бара
жаттым. Мен бұл жер жайлы тіпті төсекте жатқанда-ақ ойладым, анық
көрдім, оның аңқыған иісін сездім... Кеме тоқтайтын ескі айлақ бүгінде
қаңырап бос жатыр. Кіреберіске жаңадан құрылыс салынып, толқын
тосқыш орнатылған соң Троица жалаңаш жартасының (риф) ақиған
азулары қорғап тұрған байырғы кеме аялдайтын атшаптырым
айдынды қайраң, құм басып, мүлдем суы о аязданып қалды. Енді
стапельдер де, көтерме көпірлер де, ішінде бөшкелер əулеті кит майын
құюға арналған кеспек жасап жатқан абажадай аумақты қоймалар да
жоқ, мəнерлеп қолдан ойып жасалған алуан түрлі əсем мүсіндер мен
безендірілген кит аулайтын кемелердің қаңқиған бушприттері
андыздап атой салып тұратын ұзыннан-ұзақ шұбалған кеме
айлақтары да жоқ. Бұлар ауа райының алуан құбылысына қарамай,
ұзақ жылдар толассыз жүзуге арналған үш мачталы, тік желкенді,
орнықты, мықты кемелер болатын. Артқы мачтаға контрт-бизаньда
бекітілетін, бам-кливер алмалы-салмалы болатын қосарланған
мартин-гик сонымен бірге шпринт гафельдің қызметін атқаратын.
Көз алғысыз жыпырлаған көп кеме тұрған ескі айлақты бейнелейтін
менің бір гравюрам бар, бояуы оңып кеткен дагеротиптерім де бар,
бірақ шынын айтсам, солардың маған қажеті де жоқ. Мен айлақты да,
кемелерді де бір кісідей білем. Атам оның бəрін өзінің сыңар мүйіздің
азуынан істелген əдемі таяғымен менің көз алдымда суретін салып
тұрып, əрбір атауды айтқан сайын кезіндегі Хоулилердің
аялдамасынан сақталып қалған қадалардың сынығына тоқылдатып
соғып отырып, терминдерді менің миыма құйған еді. Бурыл сақалды
менің шкипер атам қажырлы қатулы қарт болатын. Мен оны
кереметтей жақсы көруші едім.
— Кəне, — деуші еді ол мінберде тұрып, рупорсыз еркін естілетін
өзінің өктем үнімен, — кеме жасақталған желкен жабдықтарды атап
бер! Тек айқын естілетіндей етіп анық жауап бер! Мұрынның астынан
міңгірлегенді тыңдауға менің төзімім жетпейді.
Ал мен болсам, барлыққан бар даусыммен жауап беруге əлегім
шығып арам тер болам, сол кезде атамның мүйіз таяғы менің əрбір
сөзіме орай тоқылдап, нығарлап отырады.
— Бом-кливер, — деп айқайлаймын мен (тоқ) — кіші кливер (тоқ),
орта кливер, кливер (тоқ, тоқ).
— Қаттырақ!
— Фор-трюмсель, фор-бом-брамсель, фор брамсель, жоғарғы
брамсель, төменгі брамсель — əрқайсысынан кейін -тоқ-тоқ.
— Грот-трюмсель! (тоқ)
Жылдан-жылға ол кейде қажып, қалжырағандай көрінетін.
— Тоқта, — мен гроттарды тауысып болмай жатып, ол əмір етеді. —
Бизаньдарға көш. Қаттырақ!
— Құп болады, мырза. Крюйс-трюмсель, крюйс — брамсель, крюйсбрамстаксель, бегин-рей!
— Тағы да.
— Контра-бизань.
— Қандай жабдықпен?
— Гик жəне гафель, мырза.
Сыңар мүйіз сəнді таяқ су сіңді сына қалдығына тоқ-тоқ-тоқ соғыла
берді. Қартайған шақта құлағы естімей қалған соң, ол ызаланып
жұрттың бəріне мұрныңның астынан міңгірлейсің деп ренжитінді
шығарды.
— Егер не айтып тұрғаныңды білсең, яки ең болмаса білем деп
ойласаң, білгеніңді даусыңды шығарып анықтап айт, — деп
айқайлаушы еді ол.
Алайда өмір жолының ақырғы кезеңінде қарт шкипер құлақтан қала
бастаған болса, ал оның жады жөнінде мұны айтуға болмас еді. Ол бір
кезде Нью-*Бэйтаун айлағынан шыққан кез келген кеменің салмағы
мен жүзу шапшаңдығын сізге мүдіріссіз айтып бере алатын, сондай-ақ
оның қандай жүкпен қайтып оралғанын, сол жүктің қалай бөлінетінін
де шүбəсіз атайтын, мұның қызығы кит аулау кəсібінің алтын дəуірін,
дүбірлі күндерін оған өз көзімен көру бұйырмады, кеш қалды!
Жермайды (керосин) шалшық кəрəсін шамды — бықсық деуші еді.
Бірақ электрдің шығуын мүлде елең қылған да жоқ, бəлкім, сол кездің
өзінде-ақ бəрін басынан бəз кешкен ол жанына жақын жадында қалған
естеліктер əлемінде өмір сүріп жатқан да болар. Оның қазасы маған
онша ауыр соққы бола қойған жоқ. Кезінде қарт шкипер кеменің құралжабдықтары жөніндегі мəселеге байланысты мені қалай қатал
жаттықтырса, бұл орайда да солай шыңдаған болатын. Мен болған іске
іштей де, тыстай да тас түйін, болаттай берік болатынмын.
Қайраң мен құм басып қалған Ескі айлақтың шет жағында Хоулилер
аялдамасының орнында баяғыда тастан соғылған іргетас əлі сақталып
қалған, су қайтқанда ол абажадай арбиып көрініп тұрады, ал теңізден
арындап келген арыстан жал асау толқындар сол тас тұғырды
тынымсыз шайып жатады. Бұрыштан он футтай жерде, нақ сол арада
ені төрт фут, биіктігі төрт, тереңдігі бес фут келетін иіліп жасалған
шағын өткелек көпір бар. Мүмкін, бір кезде мұнымен ызаланған су
тартатын құбыр жүргізілген болса керек, бірақ оның құрлық жақтағы
тесігіне құм, ұсақ тас толып, бітеп тастаған. Менің баспанам, міне, осы
жасағанның жаратқан əрбір пендесіне қажет оңаша орын осы. Тек
шалқыған шығанақ жақтан болмаса, оның ішінен мені көру əсте мүмкін
емес. Ескі айлақ əлдеқашан көне жұрттай қаңырап қалған, ол арада тек
аққан жұлдыз ұшқынындай (венерок) жылтырап жататын ауызға əзер
ілінетін құртақандай теңіз жəндіктерін жинайтындар паналайтын
бірнеше ескі лашықтар ғана бар, қытымыр қыс келгенде солардың өзі
де қаңырап бос қалады. Оның бер жағында, молюска жинаушылар
ештеңеге əуестігі жоқ, алаңсыз, момын жандар. Олар белін жазып,
еңсесін көтеруді білмейді, ертеден кешке дейін бүкшиіп, бес бүктеліп
жағалауды кезеді де жүреді, кейде ұзақты күнге тіс жарып үн
қатпайды.
Қазір мен солай қарай бет алып барам. Мен əскерге аттанар
алдындағы қоштасар түнді, Мэримен қосылар үйлену тойының
қарсаңындағы толқулы түнді де, Элленге босанарда Мэри толғақ буып,
қатты қысылған қатерлі түнді де сонда оңаша өткіздім. Менің сонда
барып отыруға, майда толқынның шып-шып етіп тасқа қалай соғып
жатқанын тыңдауға, Троица жақпар тасының аюдай ақсиған жалаңаш
азуын көруге əйтеуір аңсарым ауып тұрғанын айқын сезіндім. Мұның
бəрін мен көз алдымда көлкілдеген қызыл дақтың аржағынан өктей
көріп, енді маған сол араға қалайда баруым керек екеніне күмəнім
қалмады. Бір өзгеріс — үлкен өзгеріс алдында мені солай еріксіз
еліктіріп тұратын-ды.
Қойнаудан əрі жағалауды бойлап Саут-девон орналасқан, самсаған
шамдардың жарығы жағаға бағытталған: бұл ақ пейіл, адал жандардың
ғашықтарға жасаған қамқорлығының айғағы, оларды бақытсыздық
қасіретінен қорғағысы келеді, енді олар өздеріне оңтайлы өзге жер
іздеуге мəжбүр болады. Əкімшіліктің нұсқауы бойынша шүкəйттай
Вилли өзінің кезекшілігі кезінде əр сағат сайын осы маңды айналып
өтуге тиіс. Қазір жағада ешкім де, тірі жан да көрінбейді, мұның өзі
тіпті əдеттегіден тыс тəрізді, неге десеңіз, бұл арадан қашанда
балықшылар арылмайды: біреулері балық аулауға бара жатады, басқа
біреулері қайтып келе жатады, үшінші біреулері қармағын салып
жағада қалқиып отырады. Мен əдеттегіше іргетастан асып түсіп,
өткелек тесікті тауып алдым да, қуықтай тар үңгірге кіріп жайғастым.
Орныма отырып үлгермей сол маңнан өтіп бара жатқан машинаның
гуілін естідім, сол түні əйтеуір сəті түсіп, мен екі мəрте шүкəйттай
Виллимен жүздесу əлегімен аман құтылып кеттім.
Былай қарағанда тас қуысқа тығылып, Буддаша малдас құрып
бүрісіп отыру мейлінше ыңғайсыз да, есалаң есуастық тəрізді болып
көрінуі ықтимал, бірақ осы тастар маған кедергі жасап, кесірін тигізіп
жатқан жоқ, мүмкін, əлде мен оларға кедергі жасап жатқан сияқты
болып көрінем бе екен? Мұнда мен келіп жүргелі не заман, тіпті менің
май құйрығым, мына тастың қалпындай түрге айналды. Ал есуастыққа
келер болсақ, мейлі, солай-ақ болсын, менің дей қарсылығым да жоқ.
Кейде есалаң есуастықты көрсең, есің шыққанша күлкіге көмілесің. Сол
себепті де мүсін-қуыршақ ойнағанда балалардың ішек-сілесі қатқанша
күлетіні де тегін болмаса керек. Кей-кейде сол нақұрыс есуастық
қалыптасқан дəстүрді тəрк етіп, əлде бірдеңені жаңадан бастауға
жəрдемдеседі. Мен жаным жадап, көңілімді алаңның ызғарлы
көлеңкесі шалғанда соның кесапаты сүйікті жарыма тимесе екен деп
əдейі бəрін қалабай-қалжыңға айналдырамын. Бұған дейін мен оны
амалын тауып алдап келдім, ал олай болмаған жағдайда, оны мен бұл
ғұмырымда ешқашан біле де алмаймын. Мен өзімнің Мэриім жайлы
білетінім де шамалы. Ең алдымен Мэри — осы мен туралы нені біледі
жəне нені білмейді, бұл жағынан зəредей хабарым жоқ. Оңаша баспана
жөнінде оның күдіктенуі де екіталай. Қайдан біледі? Мен ол жөнінде
ешқашан ешкімге тіс жарып айтқан емеспін Менің оған таққан
айрықша атауым да, ешқандай рəсімім де, сиқырлы дуалауым да жоқ.
Бұл бар болғаны оңаша отырып, өзінше ой толғауға оңтайлы орын.
Əсілі осы біз өзіміз сияқты өзге адамдар жайлы жарытып не біліп
жатырмыз. Ұқсайтынына ғана жорамал жасай аламыз. Міне, мен енді
жел өтінен қорғалған ықтасын оңаша орын — баспанада қылт еткенді
қалт жібермейтін шамдардың самаладай жарығында қараңғы түнгі
аспаннан түнеріп көрінген тулаған толқынның жарыса жетіп жағаға
құлағанына қарап. əркімнің нақ осындай оңаша орны бар ма екен,
əйтсе де соның əлгі əркімнің бəріне қажет пе екен, əлде оған зəру
жанның болмауы да ықтимал-ау деген ойларға жауап іздеп əлек болам.
Кей-кейде менің бейтаныс біреудің торға түскен тағыдай зарыққан
мұңлы шарасыз назарын қапелімде көзім шалып қалатын кездерім де
болады, бұл шарасыздық мұңы жабыққан жабырқаулы жанын
жұбатуға тыншытып, сабасына түсіруге зəредей болса да шипасын
тигізетін, жат көзден аулақ өзіңмен-өзің оңаша отырып, ненің не үшін
екенінің аужайын талдап тануға, құнарлы ой түюге игі ықпал ететін,
өзге өзекті жанға бұйырмаған айналуға келмейтін аядай қуысты аңсап
зарығу болатын. Əрине, менің ажалды аңсау əйтпесе өткенге оралу,
нəресте болып ананың құрсағында қайта жаралу тəрізді əртүрлі
тұрлаусыз теориясымақтар жайлы естуім бар, мүмкін, оны қайсы
біреулерге қолдануға болатын да шығар, бірақ, əсілінде күрмеуі шие
күрделі дүниені қарапайым қарадүрсін түрінде түсіндіру əдісі ретінде
қолдану демесе, оның маған телінер əсте қисыны келмейді. Егер менің
оңаша орнымда не істейтінімді сұрай қалса, мен оған ненің не үшін
екен аужайын талдаймын дер едім. Басқа біреу мұны мүмкін дұға
қылу, мінəжат ету деген болар ма еді, олай десе, өзінше оныкі де жөн
болар-ды. Бұл арада ой толғау деген онша орынды бола қоймас. Десе
де, мұны көз алдыңызға былай елестетуге болар: жел өтінде жаюлы
тұрған су сүлгі бірте-бірте дегдіп, қыртыс-қатпары жазылып,
кіршіктей боп ағарады. Жайлы ма, əлде жайсыз ба, қалай болғанда да
оңаша баспанада өзіммен-өзім өткізген уақыт əрқашан маған ықпал
етеді.
Бұл арада аужайын əбден ашып,түсініп алуды талап ететін кəнігі
мəселелер едəуір жиылып қалыпты, енді солар сабағын жаңылмастай
жаттап алған оқушылар сияқты көзге іліп, көңіл аударуды сұрап,
бірімен-бірі жарыса жапырлай маңырасуда. Алайда сол сəтте менің
құлағыма баяу зырылдаған мотор үні шалынды. Люгер, балықшының
қайығы. Оның аспалы шамының жарығы оңтүстікке Троица жалаң
жартасының ар жағына қарай жылжып бара жатты. Енді мен ол
жалаңаш жартасты сəтті айналып шыққанда ғана қайықтың қос
қапталындағы шамды — қызыл да, жасыл да шамды көре алатын
боламын. Шығанақ қойнауына кіретін тұсты əдетте жергілікті кеме
ғана алаңсыз таба алады. Қайраңға жете бере тоқтап, зəкірін тастады
да, екі ескекшісі бар жеңіл қайық жағаға қарай бет алды. Дөңбекшіген
толқынның пəрменімен үйірілген құмның сусылынан дүрліге үріккен
шағалалар шуылдай көтеріліп, көкке қалықтап барды да, сəлден соң
сол тұстағы судың тереңдік деңгейін белгілейтін қалқыма үстіне қайта
жапырлай қонды. Бірінші пікір — əманда айнымайтын ерніндегі
сиқырлы күлкісімен қазір ұйықтап жатқан өзімнің сүйіктім Мэри
жайлы ойлануым қажет. Оның ояна салып, мені əбігер болып іздегенін
жөн көрмедім. Десе де, егер ол іздеген күнде де мен оны қайдан
білмекпін? Екіталай. Менің ойымша, маған бүкпесіз, бəрін алғаусыз
ақтаратын сияқты болып көрінетін Мэридің, шындыққа жүгінер
болсақ, айтып жатқаны да шамалы. Ал енді мына байлық жөніндегі
мəселеге келейік. Мэриге сол байлықтың қажеті бар ма, əйтпесе ол
соған тек мен үшін ғана ынтық па? Мұның не үшін екені беймəлім,
əйтеуір Марджи Янг-Хант ойлап тапқан алдамшы байлықтың елесі
ғана болуы да бүл арада ешқандай бəтуаға алынбайды. Алдамшы
байлық шын байлықтан бір де кем емес, сірəсінде, байлық бір есеппен
əманда алдамшы келеді. Егер оған қажетінің өзі сол ғана болса, ақылесі бүтін кез келген адам айтарлықтай ақша жинауына əбден болады.
Бірақ əдетте оған ықылым ақша да қажет емес, ол мекер əйелге,
қымбат костюмге, əйтпесе айналадағы жəдігөй жұрттың ықылассыз
ілтипатымен құлдық құрметіне ынтық ондай пендені түзу жолдан
тайдыратын — міне, осы. Морган не Рокфеллер сынды қақсал, есепқисаптың майын езіп ішкен тұлғаларды алған бетінен адастыру, əрине,
пенденің қолынан келер тіршілік емес. Жоқ, оларға ақша, кəдімгі мына
ақша керек. Тек оған табынбайды, олар ақша табады. Ал кейін сол
ақшаны не істейді — міне, бұл мүлде басқа мəселе. Маған ылғи олар
өздері шақырған рухтан өздері өлердей қорқатын, енді содан құнын
төлеп құтылғысы келетін тəрізді болып көрінеді де тұрады.
Екінші пікір. Мэри үшін ақша дегеніміз — бұл жаңа перделер мен
балаларға білім беру мүмкіндігі жəне сəл де болса еңсесін елмен бірдей
көтеріп жүру, əділін айтсақ, мен үшін жұрттан ұялмай, қайта мақтанып,
марқайып жүру болып табылады. Ашынған кезде ол мұны өзі де
мойындаған болатын. Бұл рас.
Үшінші пікір. Маған осы ақша қажет пе? Жоқ-ə, түкке қажет емес.
Азық-түлік дүкенінің сатушысы болу маған аса ұнамайтыны да рас.
Əскерде менің капитан деген шенім болды, əйтсе де мен сол үшін
қандай борыштар екенімді білемін Офицерлік мектепке мені
ақылымның асып, талантымның тасып тұрғаны үшін емес, мата
даңқымен қыз өтердің кебін киіп, қайта біздің əулеттің атақ-абыройы
мен байырғы байланысы арқасында жолдама алдым.
Дегенмен мен тəуір офицер, кəдімгі үлгілі офицер болдым. Алайда
егер мен шынымен əмір етуді, өзгелерді айтқаныма көндіріп,
айдауыма жүргізуді, өз еркіме бағындыруды аңсаған болсам, онда
алдымда қия баспай құрдай жорғалағандарды көріп, мен, əрине, əскер
қатарында қалып, осы өткен уақыт ішінде полковник дəрежесіне
жеткен де болар едім. Ал менің қалғым келмеді. Соның бəрінен тезірек
құтылуға асықтым. Жақсы солдат соғыс жөнінде емес, шайқас жөнінде
ойлайды деген бар. Бұл енді қатардағы кəдімгі азаматтың шаруасы.
Төртінші пікір. Марулло кəсіп жасау дегеннің мəн-мəнісін маған жөн
түсіндірді. Демек, бұл дегенің — ақша табу, Джой Морфи де, Бэйкер
мырза да коммивояжерде нақ солай деді. Солардың бəрі де нақ осылай
турасын айтты. Ендеше, бұл неге менің бойымда жиіркеніш сөзімін
тудырып, аузымда құдды бір шіріген жұмыртқадай жылымшы жайсыз
дəм қалдырды? Сонда қалай, мен соншалықты жақсы, адал, əділ
жанмын ба? Əй, қайдам? Мүмкін, мен тым өркөкірек шығармын? Рас,
одан құралақан емеспін. Əлде мен бірдеңені қолға алып, өзінше істеуге
кəдімгі жалқау, елде жоқ жатыпішер жалқау болармын? Талайларға тəн
мұндай еріншек енжарлық — бұл артық-кемі жоқ айтулы жалқаулық,
əлдеқалай əрекет етуден, талпынып талаптанудан, толқын толғанудан
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алаң Көңіл Ақпаны - 05
  • Parts
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 01
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2293
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 02
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2241
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 03
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2172
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 04
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2424
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 05
    Total number of words is 4119
    Total number of unique words is 2311
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 06
    Total number of words is 4007
    Total number of unique words is 2225
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 07
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 2286
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 08
    Total number of words is 4057
    Total number of unique words is 2309
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 09
    Total number of words is 4081
    Total number of unique words is 2266
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 10
    Total number of words is 4016
    Total number of unique words is 2207
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 11
    Total number of words is 4150
    Total number of unique words is 2203
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 12
    Total number of words is 4105
    Total number of unique words is 2308
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 13
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2262
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 14
    Total number of words is 4017
    Total number of unique words is 2434
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 15
    Total number of words is 3985
    Total number of unique words is 2473
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 16
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2362
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.3 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 17
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2332
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 18
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2366
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 19
    Total number of words is 4056
    Total number of unique words is 2301
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 20
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2350
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 21
    Total number of words is 4064
    Total number of unique words is 2417
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 22
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2315
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 23
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2191
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 24
    Total number of words is 4021
    Total number of unique words is 2343
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 25
    Total number of words is 657
    Total number of unique words is 503
    40.1 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.