Latin Common Turkic

Алаң Көңіл Ақпаны - 12

Total number of words is 4105
Total number of unique words is 2308
32.4 of words are in the 2000 most common words
46.0 of words are in the 5000 most common words
53.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
мен Элленді көрдім. Одан бейнебір арайлап айшықты нұр тарап
жатқандай, əлде бұл оның үстінде түнде киетін ақ көйлегі
болғандықтан шығар. Жүзі көлеңкеде қалыпты да, ал иықтары мен
қолдары жарыққа малынып, жайнап тұр. Ол біздің отбасымыздың
қадір тұтатын қасиетті бұйымдары, былай қарағанда кəкір-шүкір
заттар: сыңар мүйіздің сүйегінен ойып, өрнектеп жасаған киттер, бүкіл
тобымен шанышқышылары отырған үлкен қайық, иілген морж мұрты
мен азуы; лакталған тұлғасы жалтырап тұрған, ал уақыт озып түрілген
желкендері мен керек-жарақтары, ажарынан айрылып, көркі көнерген,
шаң басқан "Əсем Адэрдің" кішкентай үлгісі қойылған əйнекті тұғыр
алдында тұрған еді. Онда кит аулайтын кемелерімен Қытайдың
төңірегіндегі суларды торып, тонаған байырғы шкиперлердің
Шығыстан алып келген қытайлық бұйымдары: қара сандал ағаштан,
піл сүйегінен жасалған мүсіндер мен əртүрлі ұсақ-түйек əшекейлер,
күлімдеген əлде маңқиған маңғаз құдайлар бейнесі, ештеңеге алаңы
жоқ, абыржудан əсте бейхабар, талайдан бері тəні су көрмеген
буддалар, гүлдер, қызғылт кварцтан, сабын тастан, тіпті нефриттен —
иə, иə, кəдімгі нефриттен ойып, айшықтап жасалған əсем де кірбіңі жоқ,
кіршіксіз тұнық судай мөп-мөлдір фарфор шыныаяқтар да бар. Көздің
жауын алатын, көңілдің күйін шертетін осы ғажап заттардың ішінде
сəл олақ қолмен дөрекілеу қашалса да кəдімгі — ойынға тоймайтын
тірі жануардай көрінетін кішкентай құлыншақтар сияқты құндылары
да болуға тиіс, бірақ бұлар күмəні жоқ, басқаша емес, кездейсоқ қолға
ілінген қисынсыз "олжалар" болса керек. Кит аулаушылар,
теңізшілерге жақсыны жаманнан айыру қайдан келсін? Бəлкім, менің
мұным жөн емес те шығар? Мүмкін, жақсыны жаманнан айырған да
болар? Рүмдіктердің бейнебір арғы аталарының тасқа басылған бет
əлпеті, нақ құпиялы қобдиша мен отбасының киесі, ал егер одан да
əрігірекке, тереңірекке үңілер болсақ — құдды айдан түскен асылтас
тəрізді бұл қобдиша мен үшін қашанда қадірі таймайтын қасиетті зат.
Ол ол ма, бізде су түбіне шөккен тұқымнан өскен мандрогораның
шілмиген шыңжау адамнан аумайтын томарлы тамыры да бар;
сондай-ақ екі жартыдан құрып тігілген — кеудесі маймылға, ал құйрық
жағы балыққа ұқсайтын нағыз су перісі де бар. Жылдар озған сайын
оның түгі түсіп, қырылып, түсі оңып, түрі кетіп мыжырайып, тігістері
арса-арса болып қалды, бірақ соған қарамай аюдай айбат шегіп,
ызалана ыржиған аузынан тізілген орақтай ұсақ тістері бəз-баяғы
кіршіксіз қалпында аппақ болып көрінеді.
Əр отбасының сірə да ұрпақтан ұрпаққа ұласып, оларды
рухтандырып, талаптандырып, аялап алға бастап отыратын өзіндік
бойтұмары, өзіндік мұрагерлік, мирасқорлық өнегесі болса керек.
Біздің бойтұмарымыз — қалай деп айтсам екен? — бұл өзі кварцтан ба,
əлде ямшадан ба, яки сабын тастан ба жасалған диаметрі төрт
дюимдей, биіктігі бір жарым дюимдей келетін түсі шыныдай
жалтыраған жылтыр тас қобдиша. Оның өн бойынан үзілмей, біріне
бірі ұласып, өрімдей өріліп отыратын өрнекті ирек бар жəне ол
құламадан құйылған мөлдір бұлақтай сылдырап, əлдеқайда асыға ағып
жатқандай. Иректің жаны бар-ды, бірақ оның басы да, аяғы да,
құярлығы да, бастауы да жоқ. Қолмен сипасаң, тас онша жылтыр да
емес, адам терісінің өңі тəрізді, алақанға сəл түрпідей тосаң тигені
болмаса əманда жып-жылы. Оның тереңіне үңілуге болады, десе де,
одан сəуленің жарығы өктеп өтпейді. Менімен қандас байырғы
теңізшілердің біреуі бұл тасты Қытайдан əкеліпті. Ол өзі сиқырлы
жанына жақын барсаң, айналдырып қарай бергің келеді, қолыңмен
ұстауға, саусақтарыңмен сипауға, алақанына алып бетіңе басуға
ынтығып тұрасың, осы жұмбақ бойтұмар біздің үйдегі əйнекті
қобдишаның ішінде тұрып жатыр. Бала кезімде де, жасөспірім
шағымда да, тіпті ержетіп, жігіт болған соң да оны үйден алып
шықпасаң болды, ұстап көруге, тіпті қолға алуға да кеңшілік
жасалатын Оның түр-түсі, оның өн бойындағы өзекті өрнектері мен
арқауы менің өз болмысымда, жан дүниемде болған өзгерістерге орай
құбылып отыратын. Бірде мен соған қарап тұрып, өзім ойша оны
əйелдің омырауы сияқты көз алдыма елестеттім. Сол заматында əлі
кəмелетке толмаған бала екеніме қарамастан, əлдебір жұмбақ сезім
менің өн бойымды өртеп, жанымды тосып тарығушылық жайлап алды.
Содан соң адамның миы айналып, шешуі қиын жұмбақ болды: сағасы
да, жағасы да жоқ бірдеңе толассыз төңбекшіп ағып жатыр — көз
жетер кеңістікте бастауы да, құярлығы да көрінбейтін, бірақ ақыры
оның өзін суалтып, сарқып тынатын, жауапты талап етпейтін бейнебір
өзімен-өзі томаға-тұйық сұрақтан əсте аумайды.
Қобдишаға көне жез құлып қондырылған, құлыптың ұңғысында
əрдайым жез кілт тұрады.
Менің ұйқыдағы қызым киелі тасты қос қолдап ұстап алып, оны
саусақтарымен сипап, тірі мақұлықтай аялады. Сосын оны өзінің əлі
қалыптасып үлгермеген балалыққа тəн, тұмса кеудесіне құшырлана
қысты, бетіне басты, сырғалығынан төмен апарып, үйірсек күшіктей
соған тұмсығын тығып бұйығандай ыңырсыған əуені əннен гөрі зарыға
күткен аңсарына енді ғана қолы жеткендей көңіл көншуін аңғартатын
сиқырлы сазбен күбірлеп, ақырын əлдилей бастады. Оның өн бойынан
тереңге тұнған соны сезім, бұла бір күш атойлап тұрғандай. Сондай бір
сəтте ол кенет қолындағы киелі тасты тастай салып, сындырып қояр
ма екен, əлде елеусіз бір жерге тығып, бізді əлекке түсіріп жүрер ме
екен деп менің зəремді зынданның түбіне жібере жаздады, бірақ,
əйтеуір, абырой болғанда, тап осы киелі тас оның қолында — аяулы
ана, сүйген жар, сүйкімді сəби кейпінде екені есіме түсе кетті.
Шошытып алмай қалай оятсам екен? Жалпы, ұйқысырап жүріп үй
кезетін айғарақтыларды оятудың осы не қажеті бар? Үрейлері ұшып
солардың өзі зардап шегіп жүрмей ме? Əйтсе де мұндай ұйқысырап
жүрген кезде солардың келеңсіз жағдайға тап болғанын менің өз
басым естіген емеспін, əрине, оларды тосын оятудың жөні бір басқа.
Ендеше, менің қызымның да ұйқысын бұзудың қажеті қанша? Өйткені
бұл азабы аттың қапталынан үрейіңді ұшыратын, жан шошырлық
жаман түс емес қой, қайта бұдан ол ояу жүрген шағында қиялымен
қисындай алмайтын ғажап бір сезімге бөленеді. Соның бəрінің
шырқын бұзатындай құдіретті маған кім берді? Мен ақырын ғана кейін
шегіндім де, өзімнің үйреншікті ұясы терең үлкен бақтағыма барып
отырдым да, асықпай əліптің артын тостым.
Алагеуім бөлме іші самаладай жамыраған жарықтың сəулесімен
құдды бейнебір дамылсыз ұшып, құйындай үйірілген құжынаған масашыбын-матағанның ұясындай жарқ-жұрқ етіп, ұшқындап тұрды.
Шындығында, менің көзімнің сəл ғана бұлдырағаны болмаса, ондай
оғаш ештеңе болмаса керек, дегенмен сол сезімнен қайтсем де құтыла
алмай-ақ қойдым. Ал менің қызым Элленнің шынымен арайлап ақ
сəуле шашып тұрғаны рас, ол жəне оның түнде киетін ақ көйлегінен
ғана тараған ақ сəуле емес-ті, сондай-ақ оның аппақ тəнінен таралған
сəуле еді. Қараңғы бөлмеде оның жүзін көру мүмкін болмайтын, бірақ
мен анық көрдім. Маған оның жүзі əлі бойы өсіп, бұғанасы қатпаған жас
қыздың да, ертеден келе жатқан ескіше ұғымда қалыптасқан қыздың
да бет əлпетін емес, қайта кемелденген, кəмелетке толған, бойжеткен
бикештің бейнесін айтпай аңғартқан сияқты болып көрінеді. Тіпті
оның еріндері де əдеттегіден тыс қасарыса қатты жымқырылған.
Эллен енді бұлжытпай бойтұмарды баяғы орнына апарып қойды,
əйнектің қақпағын жапты да, қобдишаның ұңғысында тұрған жез
кілтпен сырт еткізіп құлыпты бекітті. Сосын айналып барып менің
бақтағымның жанынан əрі өтіп, баспалдақпен жоғары көтеріле
бастады. Екі нəрсе менің көңіліме келді: біріншісі — оның аяқ алысы
маған əлі он екіде бір гүлі ашылмаған жас қыздан гөрі көңілі көншіп,
лəззат тапқан кəнігі əйелдің жүрісіндей болып көрінді, екіншісі —
аяғын аттаған сайын одан тараған айшықты сəуле бірте-бірте азая
бастағандай болды. Жарайды, мұның бəрі менің қисынсыз қиялымның
қиыннан қиыстырған тұрлаусыз жемісі делік, бірақ мен үшіншісіне —
оның аяғының астындағы басқыштардың сықырламағанына кепілдік
бере аламын. Сірə да ол ескі баспалдақ қыңқ етпейтін, аярлық
танытпайтын қабырға жақтағы жиекпен жүрген болса керек.
Бірер минут күтіп отырып, мен де орнымнан тұрып, соның ізінен
үйге бардым, оның көрпесін қымтана жауып, төсегінде бейжай
ұйықтап жатқанының куəсі болдым. Жүзі ұйқыдағы сəбидің жүзіндей,
аузымен дем алып тыныстап жатыр.
Мені төменге қайта түсіп, көне қобдишаны ашуға əлде бірдеңе
мəжбүр етті. Мен киелі тасты қолыма алдым. Онда менің қызымның
əлгіде аялаған тəнінің жылуы əлі тарала қоймаған екен.
Бала кездегідей мен оның толассыз құйылған бұлақтың тұнық
суындай
саулаған
иірілген
өрнекті
қатпарларын
жаймен
саусақтарымның ұшымен сипай отырып, кем-кемдеп көңілім сабасына
түскендей болды. Мен Элленнің өзіме жанымдай жақын екенін сездім.
Міне, енді оны менімен, Хоулилер əулетімен ұластырған қасиетті
бойтұмар ма, жоқ, əлде басқа ма, ол жағын біле алмадым.
IX тарау
Дүйсенбіде көктем аса аңғал ағаштардың жаңа алақан жайған
балапан жапырақтарын нөсерлеткен жаңбырмен сабалап, ызғарлы
долы желмен сілкілеп, оқыс опасыздық жасап, қаһарлы қысқа қайта
жалт беріп, жалтарып шыға келді. Көгалда арсыздыққа салынған
əдепсіз торғай тобырын тентек жел лезде ыдыратып жіберді, енді
табиғаттың сол қыңыр қиқарлығына ыза болған олар өзгеде кеткен
өшін өшіге шиқылдап, өрекпи шулап өңештен алуда.
Мен жел өтінде жалбыраған құйрығын жалаудай желбіретіп,
əдеттегідей өзінің азанғы серуеніне шыққан жирен Бейкер мырзамен
сəлемдестім. Ертеден білетін ескі досым жаңбырдан жасқанып, көзін
жыпылықтатты. Мен оған:
— Біздің ізгі достарша ілтипатпен жолығуымызға əбден болар еді,
— дедім. — Бірақ бұдан былай қарай сіздің жымиған күлкіңіздің
астарында күрес, бітіспес мүдделер қақтығысы жатқанын мəлімдеуді
өзімнің борышым деп санаймын, мен одан да асырып айтқан да болар
едім, алайда ол оз шаруасын тындырып, қауіпсіз жерге барып
сағалауға асықты.
Морфи тұп-тура шыға келді. Бəлкім, ол мені күтті ме екен? Əсілі
солай да болар.
— Ауа райы қандай ғажап! — деді ол. Оның арқауы резинадан
жасалған өткерме жібек сулығы біресе үрлеген қуықтай қампиып,
біресе малмандай тізесіне жабысып тұрды: — Сіз кеше менің
қожамның үйінде қонақта болды дейді ғой?
— Менің онымен ақылдасуым керек болды. Сіз оны айтасыз, біз
бірге отырып бірер шыныаяқ шай да іштік.
— Е, оған сөз бар ма!
— Ақылдасудың қалай болатынын білесіз ғой. Əдетте соның өзі
талабыңызға сай келгенде ғана сіздің көңіліңізден шығады.
— Ақшаңызды қайда салуды қарастырып жүрген боларсыз?
— Менің Мэриім жаңа жиһаз сатып алғысы келеді. Əйелге əлде
бірдеңе қажет бола қалса, өзінің бұл əрекетін алдымен ақшаны тиімді
орналастыру етіп көрсетуге тырысып əлек болатын əдеті ғой.
— Бұл əйелдердің ғана əдеті емес, — деді Морфи. — Менің өзім де
дəл сондаймын Ақша соныкі, міне, сондықтан да ол тиімді бір нəрсе
іздестіргісі келеді.
Бас көшенің бұрышындағы Раппа ойыншық дүкенінің алдында
тұрған қаңылтыр жарнама қалқанды тентек жел ұшырып түсіріп,
құдды автомобиль апатқа ұшырағандай төңіректі дүрліктіріп, оны тар
көше — табан жолмен салдырлатып-гүлдірлетіп қуалай жөнелді.
Сіздің қожаңыз Италияға кеткелі жүр деп естіп едім, айтыңызшы,
сол рас па?
— Білмеймін. Əлі күнге дейін сол жаққа бір барып қайтпағаны
қызық екен. Италиялықтар сондай-ақ бауырмал келеді ғой.
— Кіріп, кофе ішіп шығуға қалай қарайсыз?
— Менің əлі дүкенді жинастыруым керек. Мерекеден кейін
ертеңгісін əрқашан келушілер де үдеп кетеді.
— Жарайды, жарайды. Ұсақ-түйектің қажеті не! Бейкер мырзаның
жақын досына қалайда асықпай-саспай бір шыныаяқ кофе ішуіне
болатын шығар.
Ол мұны қағазға түсіргендегіден əлдеқайда зілсіз айтты. Қалаған
ойын ол қалайда кінəратсыз, достық сыңайда айтып жеткізе алатын.
Шамасы, бүкіл қалада жалғыз мен болармын — осы жылдар ішінде
"фок-мачтадан" таңертең бір мəрте кофе ішкен жан емеспін. "Фокмачтадан" кофе ішу — үйреншікті əдет, қалыптасқан дəстүр, бұл да
кəдімгі клубпен бірдей. Біз биік көтерме үстел алдындағы орындыққа
қонжиып отырып алдық, Линч бикеш — мен бір кезде онымен
мектепте бірге оқығаным бар-ды — кофе толы шыныаяқты
шайқалтпай бізге сыпайы ғана сырғыта салды. Əр шыныаяқтың
жанында кілегей құйылған бармақтай ыдыс, қағазға түрілген екі түйір
қантты соның ізінше бізге қарай асықша атып жіберді.
Линч бикеш, Линч бикеш. "Бикеш" оның есімінің құрамдас
бөлігіндей, оның өзімен біте қайнасқандай. Турасын айтсақ, оған бүл
жұрнақтан енді құтылу, əсте мүмкін де бола қоймас. Оның қып-қызыл
мұрны жылдан-жылға бұрынғыдан бетер қызара түсуде, əйтсе де
мұның əдеттегі арақтың əлегіне қатысы жоқ, қайта айықпайтын
тұмаудың тартқызған қасіреті.
— Қайырлы таң, Итен, — деді ол. — Немене, бүгін бір мереке бар ма
еді?
— Мынау ғой, болмай мені осында ертіп келген, - дедім де, сыпайы
болғансып сөз соңында Анни деп қосып қойдым.
Атылған тапаншадан шошығандай басын кекшең еткізді, бірақ
ізінше сөздің мəнін ұғып, жымиып күлді де, сенсеңіз бар ғой, қып-
қызыл мұрны да, басқа да оғаштықтары да сол баяғы бесінші
сыныптағы қалпында қайта көз алдымда тұра қалды.
— Итен, сені көргеніме қуаныштымын, — деді де, ол қағаз орамалға
мұрнын бір сіңбірді.
— Мен мұны естігенде өз құлағыма өзім сенерімді де, сенбесімді де
білмей, қайран-асыр қалдым, — деді Морфи. Сөйтті де, қанттың
оралған қағазын аршыды, оның лак жағып бипаздаған тырнақтары
жалтырап тұрды. — Міне, осылай басыңа қайдағы бір қисынсыз қыңыр
ойлар келеді де, кейін бойың үйренген соң олар басқаша емес, енді
табиғи сияқты етене болып кетеді. Бұдан соң сенің ағаттығыңа
иланудың өзі қиын.
— Сен не жөнінде айтып отырсың, түсінбедім.
— Соны менің өзім де ұғып жатқаным жоқ. Құрып кеткір мына бір
оралған қағаздарды қарашы, неге осы қантты бірден сауытқа салып
қоймайды екен?
— Тым көп алып қоймасын деп, əдейі үнемдеу үшін солай жасайтын
болар.
— Солай шығар.
— Мен бір сұмырайды білуші едім. Ол бір кездерде тек осы қантпен
ғана күн көріп жүрді. "Автоматқа" барып он центомға бір шыныаяқ
кофе алады да жартылап ішіп, үстіне толтырып қант салады, соны
қорек қылады, қалай дегенмен əйтеуір аштан өлмейсің. — Мен
əдеттегідей: қай жаста екені жұмбақ бет-аузы жылмиған, тырнағы
боялған, кірпідей түксиген сол жексұрын осы Морфидің өзі болмас па
екен деп күдіктеніп қалдым. Оның сөйлеген мəнеріне, сөзінің
қисынына, ойының өрісіне қарағанда, əрине, ол оқыған зиялы адам
сияқты, ал бірақ əдетте айтатын, қолданатын сөздері дөрекі, тым
қарадүрсін, адыр, анайы келеді, оның төменгі тобырдан шыққан надан
екенін аңғартып тұратын.
— Сіздің кофені бір түйір қантпен ішуіңіздің мəні сонда емес пе осы?
— деп сұрадым мен одан.
Ол мырс ете қалды.
— Əркімнің өз теориясы бар, — деді ол. — Ең сорлы деген жалаңаяқ
жарлы өзінің қалай тақыр кедей болғаны жайлы оз теориясын соғады.
Жолмен жүріп келе жатып, кенет тұмсығың тұйыққа тіреледі, өйткені
сен теорияға сеніп, жол бойындағы белгілерді елемедің. Нақ осындай
себеппен мен де, расында, сіздің қожаңыз жөнінде қалт жіберіп алдым.
Менің үйден тыс жерден кофе ішпегеніме де талай заман болған-ды.
Мына кофе онша емес екен. Əйтеуір ыстық та қаралығы демесе, оның
тіпті кофеге тəн дəмі де жоқ екен — көйлегіме төгіп алғанда, рас, оның
қаралығына əбден көзім жетті.
— Имандай шыным, сіздің не айтып отырғаныңызға түсінсем
бұйырмасын.
— Жалпы осы оспадар ойдың менің басыма қалай ұялағанын ұққым
келеді. Айтпақшы, əңгіме мынадан шыққан екен ғой: ол сонда менің
мұнда келгеніме қырық жыл болды деген-ді. Отыз бес əлде отыз жеті
жыл болса болар да, бірақ əсте қырық жыл бола қоймас.
— Мен, шамасы, осы миғүла болсам керек.
— Егер қырық жыл болса, онда бүл бір мың тоғыз жүз
жиырмасыншы жылға дөп келеді. Сен əлі ұққан жоқсың ба? Əсілі,
банкте істеген кезде адамды бір көрген бойда танитындай
сезімталдық қабілет болған жөн, сонда сен ол чекті ұсынған сəтте-ақ
қандай жарықтық екенін біліп отырасың. Содан барып бірте-бірте
машықтанасың. Кейін мүлде ойламайтын боласың. Бəрі өз қалпына
келеді, əйтсе де арагідік анда-санда қателесетін кездер де болады.
Мүмкін, ол шынымен жиырмасыншы жылдары келген де болар.
Бəлкім, мен қателесетін де болармын.
Мен кофемді ішіп болдым.
— Жүрейік, əйтпесе мен дүкенді жинауға үлгермеймін, — дедім мен.
— Сіз менен айлаңызды асырдыңыз, — деді Морфи, — Суыртпақтап
сұрағанда сізге ештеңе айтпаған болар едім. Ал сіз үндемейсіз,
сондықтан менің айтуыма тура келді. Жиырма бірінші жылы көші-қон
жөнінде алғашқы заң қабылданды.
— Онда тұрған не бар?
— Демек, оның мұнда жиырмасыншы жылы келуі ықтимал. Ал
жиырма бірінші жылы келуі екіталай.
— Ал сонда ше?
— Демек — менің бір ойым айтады, ол жиырма бірінші жылдан
кейін, бірақ астыртын жолмен келген болуы ықтимал дейді жəне олай
болса, оның туған отанына бармайтын себебі де сол болуға тиіс,
өйткені ол мұнда қайтып келуге қажет құжаттарды ала алмайды.
— Менің банкте істемегеніме құдайға шүкір!
— Ал онда менен гөрі сіздің пайдаңыз көбірек тиген болар еді. Мен
мылжыңдап коп сөйлеймін, қысқасы, егер ол баратын болса, онда
менің қателескенім. Тұра тұрыңыз, бірге шығайық. Кофе үшін мен
төлеймін.
— Сау бол Анни! — дедім мен.
— Келіп тұр, Ит. Сен тіпті келмейсің ғой.
— Келем.
Біз көшені кесіп өткен кезде Морфи:
— Сіз көші-қон мəселесімен айналысатын өкімет орындарымен
оның қарым-қатынасы жөніндегі менің жортақы жорамалдарымды
мəртебелі макароншыға айтпай-ақ қойыңыз, жарай ма? — деді.
— Менің оған айтып нем бар?
— Ал мен сізге неге айттым? Мына бір қораптағы қандай құнды зат?
— Храм сақшысы — серісінің қалпағы. Қадалған қауырсыны
сарғайып кетіпті. Өзін ағартуға алмай ма екен, білсем деп едім.
— Сіз осы масонсыз ба?
— Отбасының дəстүрі ғой, Джордж Вашингтон ұлы магистр болмай
тұрғанда-ақ Хоулилер масон болатын.
— Бейкерлерде де осы дəстүр бар ма?
Біз енді тар көшеге келіп түстік. Морфи банктің қапталдағы есігінің
кілтін іздеп, қалтасын қармана бастады.
— Мүмкін, біздің темір сандықты мəртебелі масондар алқасының
мəжілісі сияқты салтанатпен ашатынымыз да содан болар. Одан
айырмасы тек жағылған шырақтар ғана жоқ. Ал былай қарағанда
кəдімгі қасиетті діни рəсімнен аумайды.
— Морфи, — дедім мен, — бүгін сіз, неге екенін қайдам, осы бəріне
қыңыр қарайтын сияқтысыз. Пасха сіздің жаныңызға шүкіршілік пен
береке — бейбітшілік сезімін ұялатпағандай.
— Бір аптадан соң көрерміз, — деді ол. — Жоқ, шын айтам, сағат тілі
тоғызға тақағанда бəріміз жалаңбас жан ұшырып, жалғандағы
қасиеттінің қасиеттісі алдында қалшиып тұрамыз. Тура тоғызды
соққанда Бейкер əкей тізесін бүгіп, темір сандықты ашады, біз бəріміз
шытырлаған ақшаның Ұлы Құдайы алдында иіліп тағзым етеміз.
— Морфи, сіз қояншық боларсыз.
— Мүмкін, мен қояншық болсам, болармын. Ал қарғыс атқыр мына
құлыпты не етсем екен. — Оны кілттен басқаның бəрімен ашуға
болады. Оны көпке дейін қайта-қайта кілтпен бұрап, есікті аяғымен
теуіп, ашылғанша əбден əлекке түсті. Сосын қалтасынан дəретханаға
арналған қағазды алып, құлыптың кілт салатын ұңғысын тас қып
тығындап тастады.
Мен одан: мұның қатерлі емес пе деп сұрауға аз-ақ қалдым.
Ол мен сұрамай-ақ жауап берді:
— Əйтпесе бұл кесапат күтпеген жерден жабылып қалады. Темір
сандықты ашқан соң Бейкердің өзі барлық құлыпты тексеріп шығатын
əдеті. Менің күдігім жайлы Маруллоға айтып қоймаңыз, байқаңыз.
Ондай салымшылармен ойнауға болмайды.
— Жарайды, Морфи! — дедім де, мен жолдан өтіп, оз есігіме қарай
беттедім, ылғи да апас-қапаста дүкенге жылт етіп кіріп кетуге əзір
тұратын əккі мысықты іздеп, айналамды шолып, аз аялдадым, бірақ ол
бұл маңайдан көзге шалына қоймады.
Дүкеннің ішіндегінің бəрі құдды өзгеріп, бəрі жаңарып кеткендей,
маған біртүрлі бөтен сияқты болып көрінді, мен бұрын ешқашан көзге
ілмегендерімді көрдім, ал бұрын мені ылғи да ренжітіп
ашындырғандарды көре алмадым. Бұған таңырқарлық та дəнеңе жоқ.
Дүниеге, айналаңа басқаша көзбен, əйтпесе ең болмағанда өзге
көзілдірік киіп қарасаң болды — заматында көз алдыңа бұрынғыдан
бөтен де жаңа дүние келеді.
Түтік тұтқасының əлегінен дəретханада ылғи сарылдап су ағып
тұрады. Оны жөндеуге Марулло да асықпайды: өйткені су шығыны
сұраусыз, содан да болар, ол оған пысқырып та қарамайды. Мен қос
табақшалы ескі таразы тұрған дүкеннің алдыңғы бетіндегі бұрышқа
барып, сол арадан екі қадақтық гірдің тасын алдым. Гірдің тасын ағаш
тұтқаның үстінен асырып, дəретханадағы шынжырға байлап қойдым.
Су құйылды, бірақ тыйылмай одан ағып тұратын болды. Мен дүкенге
кіріп, сəл аңырып құлақ түрдім: нəзшайғышқа судың сауылдап,
сарылдап құйылып жатқаны естілді. Бұл дыбысты басқамен
шатастыру мүмкін емес. Мен гірдің тасын қайта ағытып алып,
бұрынғы орнына əкеп қойдым да, дүкенге оралдым. Менің
діндарларым текшелерде селт етпей сірескен күйі тұр. Бұл
байғұстардың қыбырлауға мұршасы жоқ. Азанғы асқа арналған
тағамдар қойылған алақандай текшеде тығылысқан қораптардан
тістері ақсиған Микки-Маусың ұсқыны (маска) бірден менің көзіме
түсе кетті. Ол менің Алленге берген уəдемді есіме салды. Мен жоғарғы
текшелерден тауар алуға арналған аша таяқты тауып алдым да, бір
қорапты іліп, көтерген бойда оны қоймадағы өзімнің шекпенім ілулі
тұрған жерге апарып қойдым. Қайтып келіп текшеге көз жібердім:
онда бұрынғыша тістері ақсиып тағы бір Микки-Маус қарап тұр.
Мен қаздай қаланған консерві қалбырларының ірге жағынан
қолыммен сипалап, ұсақ тиын-тебен салынған сұрғылт кенеп дорбаны
тауып алдым, сосын есіме түсіп кеткен соң, есте жоқ ерте кезден бері
жатқан сырты сыбасқан май ескі тапанша қолыма іліккенше қуысты
ақтарып қарай бердім. Бұл өзі əу баста күміспен күптелген, бірақ енді
күмісінің жұқанасы ғана қалған 38 калибрлі "айвер-джонсон" болатын
Мен оның оқшантайын ашып қарадым, одан талай жылдар жатып
əбден көгеріп кеткен патрондарды көрдім. Оқшантайдың сыбасқан
майы жентектеліп қалған, əзер айналады. Мен сол опасыз, əлде
кесапат ойыншықты кассаның астындағы жəшікке салдым да, таза
алжапқышпен орап, сосын белуарынан таспамен шандып, оның ұшын
əдемілеп тұрып бүктелген жиегіне қыстырдым.
Бұл жалғанның шоң-шонжарларының құзырымен қабылданған
шешімдер, адуын əрекеттер мен аламан ойлар жайлы ойланбаған,
толғанбаған пенде жоқ шығар? Міне, солардың бəрі парасатты ақылойдан, алғаусыз ақ ниет, адал тілектен туды ма, əйтпесе соларға біздің
бəріміз де өзімізге тамсана айтуға құштар кейбір əнтек жайлар, асау
арман, қисынсыз қиял есіңді алып, еріксіз еліктірер ертегі-аңыз кінəлі
ме? Өз қиялымның түкпірі қисындалып жүргізіліп жатқан ойынның
сол Морфи маған банкті тонаудың шарттарын тасқа басқан таңбадай
нақпа-нақ талдап-талдап айтып берген күннен басталғанын мен жақсы
білем. Оның айтқан əрбір сөзінің аужайын мен əдетте ересек адамдар
ескере бермейтін балалықтың бейкүнə аңғалдығымен сан-саққа
жүгіртіп, ұзақ уақыт əбден ойластырдым. Дүкеннің кəнігі тіршілігімен
шаужайласа қатар жүрген ойын, міне, осылай бастау алып, əрі кəдімгі
күнде күйбең тіршілікте болып жатқанның бəрі соның өзегімен табиғи
өріліп кеткендей болды: дəретханадағы істен шыққан тұтқа, Аллен
сұраған Микки-Маустың ұсқыны, темір сандықты ашу жөніндегі
əңгіме. Істің жаңадан ашылған бүге-шігесі, мəселен, есік құлпының
ұңғылыға тығылған қағаз орама — осындай өзгелері де қисынын
тауып, оған қиысып жатты. Ойынның бірте-бірте өрісі кеңейіп, өрнегі
күрделі бола түсті, десе де, бұған дейін соның бəрі қиялда қисындалып,
ойша өрбітілді. Дəретханада шынжырға байланған салдауыр гірдің сол
қиялда қисындалған бейкүнə ойынның шындыққа айналар алғашқы
айғақ-нышаны болатын. Екінші шындық — ескі тапанша еді. Ал мен
енді уақытты нақтылауды, анықтауды қолға алдым. Ойын ақиқатқа
айнала бастады.
Мен тілдері жалпақ, сандары балпандай əкемнің күміс сағатын хронометрін əлі күнгеше жанымнан тастамай келем — егер түрі сұлу
болмаса да, жүрісінің дəлдігі жөнінен бұл сирек кездесетін зат.
Ертеңгісін мен сыпырғышты қолыма алмас бұрын оны көйлегімнің төс
қалтасына салып қоям.
Тоғыздан бес минут бұрын есікті ашып, табан жолды сыпыратын
етіп уақытты алдын ала дəлдеп белгілеп қойғанмын. Бір ғажабы, сенбі
мен жексенбі күндері адам көргісіз боп, бəрін шаң басып қалады да,
жаңбыр жауса бітті, мидай аяқ алып жүргісіз лайсаң болады.
Біздің банк əкемнің хронометрінен аумайды — мүлт баспайтын
ғажап дəл механизм. Тұп-тура тоғызға бес минут қалғанда Шегіршінді
көше жақтан Бейкер мырза қылаң берді. Гарри Роббиг пен Эдит Олден,
сірə, оның келер жолын тосып тұрған болса керек. Олар "Фокмачтадан" атып шығып, жарты жолда соңынан қуып жетті.
— Қайырлы таң, Бейкер мырза, — деп дауыстадым мен.
— Қайырлы таң, Эдит, қайырлы таң, Гарри.
— Қайырлы таң, Итен. Бүгін сіз шаңсорғыш түтіксіз үлгере
алмайтын шығарсыз. — Олар банкке барып кірді.
Мен есіктің босағасына сыпырғымды сүйеп қойдым да, таразыдан
гірдің тасын алып кассаға келдім, оның жəшігін суырып ыңғайлап
қойдым, сосын бірқалыпты ырғақпен тез-тез пантомимо жасауға
кірістім. Дəретханаға барып, гірдің тасын шынжырға асып қойдым.
Алжапқышты көтеріп, шалғайымды түріп белбеуіме қыстырдым,
үстіме сулығымды киіп, қапталдағы есікке бардым да, оны абайлап
қана аштым. Хронометрдің тілі он екіге беттескенде ратушаның
мұнарасындағы сағат қоңырауын соға бастады. Мен жолдан өткенше
сегіз қадам, одан соң тағы да жиырма қадам жасадым. Мен қолымды
бұлғадым, аузымды ашпай он секунд күттім де, тағы да қолымды
бұлғадым. Мұның бəрін мен ойша пайымдадым — қолым қажетіне
орай қимылдап жатты, ал мен: əуелі жылдам-жылдам жиырма қадам,
сосын тағы да сегіз қадам жасадым. Мен есікті жаптым, сулығымды
шештім, алжапқышты төмен түсірдім, дəретханаға барып, сарқырап
ағып тұрған суды тыю үшін шынжырдан гірдің тасын ағытып алдым,
қайтып кассаға келдім, жəшікті жаптым, қалпақтың қорабын аштым,
содан соң қайтадан жаптым да, белдікпен тартып буып қойдым, сосын
кірер есікке қайыра келіп, сыпырғышты қолыма алдым да, сағатқа
қарадым. Тоғыз сағат екі минут жиырма секунд екен; жаман емес, бірақ
əлі де жаттығу жасаса, бəрін екі минуттың ішінде үлгеруге болатынға
ұқсайды.
"Фок-мачтадан" шыққан аға констебль Стони көшеден өтіп, бері
қарай бет алғанда, мен əлі табан жолды сыпырып үлгерген жоқ едім.
— Қайырлы таң, Ит. Маған жылдамырақ жарты қадақ май, бір қадақ
шошқаның сүр етін, бір шөлмек сүт пен он жұмыртқа бере қойшы.
Менің жұбайымның сақтық қоры сарқылып қалыпты.
— Құп болады, бастық мырза. Əйтсе де тіршілік қалай? — Мен қағаз
дорбаны ашып, оған қажет тағамдарды салып, жайғастыра бастадым.
— Рахмет, шүкіршілік, — деді ол. — Мен осыдан бес минуттай
бұрын кіріп шыққан едім, естідім, сіз дəретханада екенсіз.
— Қатты піскен жұмыртқаға тыңқиып тойып алсаң, əрине, солай
ертеден кешке дейін еріксіз отырасың.
— Шындықтың аты — шындық, — деді Стони. — Ол сондай пəлекет.
Демек, кəдеге асқаны. Кетуге ыңғайлана беріп ол:
— Сіздің досыңызға, Дэнни Тейлорға, не болған? — деді.
— Біле алмадым. Ол тағы да ескі əніне басып па?
— Жоқ-ə, бұрынғы күйі, тіпті үсті-басын тазалаған тəрізді. Мен
машинада отыр едім, ол келіп өзінің қолтаңбасын куəландыруды
өтіңді.
— Не үшін?
— Түсінсем бұйырмасын. Екі парақ қағаз ұсынды, бірақ бүктеулі
күйі ұстап тұрды да, мен не жазылғанын көре алмадым.
— Екі қағазға да ма?
— Иə. Ол екі мəрте қолын қойды, мен екі мəрте оның қолтаңбасын
куəландырдым.
— Өзі мас емес пе екен?
— Меніңше, мас емес. Шашын қиғызған, галстук таққан.
— Жарайды онда, олай болса, əміршім.
— Əрине, байғұс. Олардың бəрі де бірдеңеден əйтеуір үміт етеді ғой.
Жарайды, мен кетейін. — Ол асығыс кете барды. Стонидің жұбайы
өзінен жиырма жас кіші. Мен сыпырғымды қайта қолыма алып, қатып
қалған саз балшықтарды су ағатын арыққа қарай сыпырып құлата
бастадым.
Менің жан дүнием алай-дүлей, абыржулы, мүмкін, нені болса да
алғаш бастағанда дəл осылай күдікті де күрделі болатын шығар.
Мерекеден кейінгі күн жайлы менің айтқаным айна-қатесіз дұрыс
болып шықты. Қала тұрғындары түгел азық-түліксіз қалғандай. Ал
бізге көкөніс пен жеміс-жидекті əдетте түстен кейін ғана əкеледі,
сондықтан дүкенде ала қоятын мардымды ештеңе бола қоймады.
Əйтсе де сол қолда барының өзін де сатып үлгере алмай, əлек-шəлек
болып жаттым.
Марулло сағат ондардың шамасында келді, бір ғажабы, өлшеп, орап,
кассаға чек басып, маған белсене көмектесті. Біраздан бері саудасаттыққа оның қолы тимей жүрген. Соңғы кезде ол көбіне
мекенжайына жол-жөнекей соққан ағылшынның алпауыт жер иесі
сияқты, дүкенге басын сұғып көрген болып, сосын қалаған жағына
тайып отыратын. Ал бұл сапарда ол өзгеше сыңай танытып, дүкенге
түскен тауарлар салынған қораптар мен жəшіктерді ашуға
жəрдемдесіп, қолды-аяққа тұрмай жүгіріп, көп шаруа тындырды. Ол
маған əлденеге алаңдайтындай жəне мен айналып бірдеңе істеп
жатқанда сыртымнан сынағандай шұқшия қарайтын сияқты болып
көрінді. Сөйлесуге біздің уақытымыз да болмады, əйтсе де мен оның
зілді қабағын, жаутаң назарын сезгендей болдым. Оны мен бас тартқан
пара жөніндегі оғаш оқиға мазалайтын болар деген күдікті күмəнге
сайдым. Бəлкім, Морфидікі де жөн болар. Əлдебіреу ала жіпті аттамай
адалдық танытыпты дегенді естісе, оның осылай істеуіне мəжбүр
еткен арам пиғылды іздеп əлек болатын адамдар да аз емес қой.
"Бұдан оған келіп-кетер қандай пайда бар?" Өз өмірін картаға тігуге
дағдыланған дарақылардың өзегін өртейтін өресіз ой да, міне, осы
болар. Бұл ойға менің мырс етіп мысқылдай күлгім ғана келеді, бірақ
көлкіп, тіпті көпіршігі де шықпас үшін бұл мысқылымды көңілімнің
көзге түспейтін терең түкпіріне тығып қойдым.
Түкті сисадан сəнді етіп тігілген жаңа көйлегін киген Мэри он бірге
жақын дүкенге келді. Жаңа ғана қатерлі болса да қайырымдылық
жасап тастаған жандай, ал шынымен солай болғаны да рас-ты,
қуаныштан оның жүзі бал-бұл жайнап, толқып тұрған болатын Ол
маған қалың сары қағаздан жасалған конверт ұсынды.
— Əлде саған қажет болып қалар деп ойлаған едім, — деді ол. Сосын
əдетте өзі ұнатпайтын сүйкімсіз адамдарға жымиятын дағдысымен ол
құсша мойнын бұрып Маруллоға қарады да, салқын ғана сəл езу
тартты. Ал Марулло оған əу бастан-ақ онша ұнаған да жоқ, оған сене де
қойған жоқ. Мен мұны өзімше күйеуінің қожасы мен хатшысына қырын
қарайтын əйел біткенге тəн табиғи қиқарлық болар деп түйдім.
Мен оған:
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алаң Көңіл Ақпаны - 13
  • Parts
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 01
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2293
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 02
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2241
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 03
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2172
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 04
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2424
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 05
    Total number of words is 4119
    Total number of unique words is 2311
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 06
    Total number of words is 4007
    Total number of unique words is 2225
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 07
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 2286
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 08
    Total number of words is 4057
    Total number of unique words is 2309
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 09
    Total number of words is 4081
    Total number of unique words is 2266
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 10
    Total number of words is 4016
    Total number of unique words is 2207
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 11
    Total number of words is 4150
    Total number of unique words is 2203
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 12
    Total number of words is 4105
    Total number of unique words is 2308
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 13
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2262
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 14
    Total number of words is 4017
    Total number of unique words is 2434
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 15
    Total number of words is 3985
    Total number of unique words is 2473
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 16
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2362
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.3 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 17
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2332
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 18
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2366
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 19
    Total number of words is 4056
    Total number of unique words is 2301
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 20
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2350
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 21
    Total number of words is 4064
    Total number of unique words is 2417
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 22
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2315
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 23
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2191
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 24
    Total number of words is 4021
    Total number of unique words is 2343
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 25
    Total number of words is 657
    Total number of unique words is 503
    40.1 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.