Latin Common Turkic

Алаң Көңіл Ақпаны - 13

Total number of words is 3980
Total number of unique words is 2262
32.3 of words are in the 2000 most common words
45.9 of words are in the 5000 most common words
52.9 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
— Рахмет, жаным, — дедім, — сен аса сезімтал, сергек жансың. Бірақ
менің тап қазір сені қайықпен Нілде сейіл құрып, серуендеп қайтуға
шақыра алмайтыным өкінішті-ақ.
— Мен сенің қолың тимей, мұрныңнан шаншылып жатқаныңды
көріп тұрмын, — деді ол.
— Сенің де шаруашылығында тындырар іс жиналып қалған болар.
— Əрине. Міне, тізімі. Үйге қайтқанда осыларды ала кел Жарай ма?
Қазір сенің онымен əуреленуге қолың тимей жатқан шығар.
— Неде болса, əйтеуір, енді қатты пісірілген жұмыртқамен
қатырмасаң болғаны.
—Қатырмаймын, сүйіктім. Жыл бойы істемеймін.
— Пасханың бал татыған көмеші де шаужайлап қалар емес.
— Марджи бізді бүгін түстеніп кетуге "Фок Мачтаға" қонаққа
шақырды. Бізді қонақ етудің сəті бір түспей жүргеніне ол өзінің
өкінішін білдіріп жатыр.
— Несі бар, тамаша болған, — дедім мен.
— Ол қонақ қабылдауға үйінің тар екенін айтады.
— Солай ма?
— Мен сенің көңіліңді бөліп, жұмысыңа бөгет жасадым — деді ол
Маруллоның көзі қадалған күйі мен қолыма ұстап тұрған сары
конверттен əсте айрылар емес. Мен оны алжапқышпен жауып, ақырын
шалбарымның қалтасына салдым. Марулло банктің конвертін ə
дегеннен айнымай таныды. Қаланың қаңсыған қоқысын жайлаған
егеуқұйрықты сезген аңшы иттей секем алған оның селтиіп сіресе
қалғанын мен де аңғардым.
— Марулло мырза, əкелген кəмпитіңіз үшін мен сізге əлі
ризашылығымды білдіре алмай жүрмін. Балалар əбден қуанып қалды.
— Мен, əншейін мерекемен құттықтайын дегенім ғой, — деді ол. —
Сіз тіпті көктемдегіше киініпсіз.
— Иə, əйтсе де мұным онша орынды болмаған сияқты. Міне,
малмандай су болғаным, көрмейсіз бе? Мен жаңбыр жаумайтын шығар
деп ойлап едім, ал ол болса, қайта құйып кетті.
— Мэри, менің шекпенімді ал!
— Жетпей жатқаны енді сол ғана еді. Мұндай жаңбыр ұзақ
жаумайды. Ал сен алаңдамай өзіңнің сатып алушыларыңмен бола бер.
Дүкенге келуші жұрт үдей түсті. Бейкер мырза кеп соққан еді, бірақ
көштей шұбап кезекте тұрғандарды көрген соң ішке кірмей кетті.
— Кейінірек келермін, — деп дауыстады ол маған. Түске дейін
халық толассыз ағылып келді де, содан соң əдеттегідей сауда бірден
сап болды. Жұрт азанғы асын ішіп жатты. Көшеде жүріс-тұрыс та
саябырсыды. Сол бір күйбеңі жоқ, баршаға бірдей беймарал таңның
алғашқы алаңсыз сəті туды. Мен алдында ашылған картон қораптан
қалған сүтті іштім. Дүкеннен алғанымның бəрін мен жазып отырамын,
кейін түгел жалақымнан ұсталады. Марулло менің алғандарымды
көтерме бағамен есептейді. Бұл əрине, едəуір арзанға түседі. Əйтпесе
менің айлығыммен күн көру де екіталай.
Марулло қолын кеудесіне қаусырып, текшеге сүйенді, бірақ бəрібір
ауырған қолын ауырсынды; сосын қолын босатып жанқалтасына
салды, əйтсе де одан да жанына шипа таппады.
Мен оған:
— Көмегіңізге көп-көп рахмет, — дедім. — Мұндай топылған тобыр
бұрын сірə да болып көрген емес. Алайда мұны түсінуге де болар —
картоптан жасалған салаттың сарқытымен күн көре алмайсың.
— Балақай, сен жұмысты жақсы істейсің.
— Мен жұмысымды істеймін, басқаны білмеймін.
— Жоқ, ол ғана емес. Сен алушылардың көңілін таба білесің. Олар
сені жақсы көреді.
— Олар маған үйреніскендіктен шығар. Өйткені менің мұнда
істегенімде қай заман, — сол сəтте менің көкейіме бір кішкентай і
ана,тіпті бармақтай ғана барлаушы шар салып көру жөнінде тосын ой
сап ете қалды:
— Сицилияның шуағына жеткенше сіздің таңыңыз атып, айыңыз
батпай, тағатыңыз таусылып жүрген болар. Онда шыжыған ыстық.
Соғыс кезінде менің Сицилияда болғаным бар.
Марулло жанарын жалтарып əкетті.
— Мен үзілді-кесілді əлі шешкенім жоқ.
— Оныңыз қалай, неге?
— Арада көптеген уақыт өтті. Табандатқан қырық жыл Мен онда
қазір ешкімді танымаймын.
— Сіздің туған-туыстарыңыз бар емес пе?
— Олар мені танымайды, білмейді.
— Мен мылтықсыз, киім-кешек салған қапшықсыз Италияға бір
айымды қуана-қуана қиған болар едім. Рас, қырық жыл — қисапсыз
ұзақ мерзім. Сіз мұнда қай жылы келіп едіңіз?
— Мың тоғыз жүз жиырмасыншы жылы. Қаш-шан. Əлдеқашшан.
Шамасы, Морфи үстінен дөп түсті. Оның айтқаны айна-қатесіз дəл
келді. Осы солардың — банк қызметкерлерінің, кеденшілердің,
полицейлердің елден ерекше мұрнының шүйі болса керек? Мен
алдыңғыдан үріккендей жəне бір шар салып бағымды сынауға
ұйғардым. Жəшікті ашып, тапаншаны алдым да, оны сатушы
текшесінің үстіне қоя салдым. Марулло дереу қолын тартып алды да,
арқасына қайырып ұстады.
— Балақай, мынауың не?
— Сізге бір ақыл айтқым келіп еді. Егер сіздің рұқсатыңыз болмаса,
онда кеткен қатені дереу түзетіңіз. Салливэннің кесімімен (акт)
ойнауға болмайды.
— Мына тапанша қайдан шықты?
— Бұрыннан осында жатыр екен.
— Мен мұны өмірімде көрген емеспін. Менде тапанша, сірə да,
болған емес. Бұл сенікі.
— Жоқ, менікі емес. Мен де оны бұрын көрген емеспін. Алайда
бұрын оның біреудікі болғаны даусыз ғой. Енді, не десек те, оның бар
екеніне күмəн жоқ, ендеше, тиісті құжатын да жөндеу керек болар.
Оның өзіңіздікі емес екеніне сіз шүбəланбайсыз ба?
— Айттым ғой саған, оны көріп тұрғаным осы. Мен, жалпы, қару
ұстағанды жек көрем.
— Қызық екен, ұялы қылмыскерлер тобының мүшелері міндетті
түрде қарумен қандас-бауырлас болуға тиіс қой.
— Ұялы қылмыстың бұған қандай қатысы бар? Сен сонда, мені де
ұялы қылмыскерлер тобының мүшесі дегің келе ме?
Мен əдейі аңғармағандай сыңай таныттым.
— Сонда қалай, ұялы қылмыскер топқа сицилиялықтардың бəрі
қатыспай ма?
— Бұл не деген айуандық! Керек десең, мен солардың қосынында
кім бар екенінен де түк хабарым жоқ.
Мен тапаншаны қайтадан жəшікке тастай салдым.
— Көп жасағаннан емес, көп білгеннен үйрен, — деді ол. — Ал
турасын айтқанда, оның маған да қажеті жоқ. Əлде Стониге тапсырған
жөн болар ма екен? Оған тауарлар сіресіп тұрған текшелердің артынан
ойламаған жерден тап болдым деп айта салармын, кысқасы,
турасының өзі де солай болды ғой.
—Оны неғылсаң о қыл, — деді Марулло. — Мен оны өмірімде көрген
емеспін. Оның маған қажеті жоқ. Ол менікі емес.
— Жарайды, — дедім мен. — Тапсырамын, сонымен іс бітті.
Рұқсат құжатты Салливэн кесімі бойынша қайта жөндеу үшін
төлқұжат алуға кем дегенде анау-мынау емес, бір құшақ қағаз қажет.
Менің қожам шынымен қатты абыржып қалды. Мұның бəрі, əрине,
ұсақ-түйек болғанымен, соңғы кезде бір-біріне тым қабаттасып кетті.
Желкенді жайып, жел өтіне шұғыл бұрылған Нью-Бэйтаунның
мұрагер ханымшасы, кəрі қыз Эльгар бикеш дүкенге келіп кірді.
Эльгар бикеш арасын əдейі алшақтап тартқан қос қабат əйнекпен
айнала қоршалған оқшау үйде — оңаша əлемде тұрушы еді. Оны мұнда
келуге мəжбүр еткен небəрі оншақты жұмыртқа сатып алу і ғана. Ол
мені аяғын апыл-тапыл басқан бала күнімнен білетін, əйтсе де уақыт
озып, менің бойым өсіп, бұғанам қатып кеткені оның қаперіне де
келмейтін болса керек. Сыралғы сатушыдай кінəратсыз есептеп,
артығын адал қайырған ұсынықтылығыма мен оның тамсана
таңданғандай сыңай танытқанын аңғардым.
— Рахмет, Итен, — деді ол. Оның ықыласы кофе диірмені мен
Маруллоға бірдей енжар түсіп, елеусіз өте шыққаны жанарынан
көрініп тұрды. — Итен, атаңның денсаулығы қалай?
— Жақсы, Эльгар бикеш.
— Ақылдылық жасап, оған менің дұғай-дұғай сəлемімді айтып
баруды ұмытпағайсың.
— Құп болады, мэм, оған шүбəланбаңыз, мэм. — Мен оның уақыт
өлшемі жөніндегі түйсік-түсінігін түзеткім келмеді. Атам заманда
электрленгеніне қарамастан əлі күнге дейін, ол жексенбі сайын
қабырғадағы сағатты бұрап қоюдан əсте жаза баспайды. Əйткенмен де
ешқашан ертеңге өтпейтін ұшы-қиырсыз бүгінде осылай уақыт
шеңберінен тыс өмір сүру онша жаман да болмаса керек. Дүкеннен
шығар алдында ол кофе диірменге қарап, əлденеге игі емеурін
танытқандай иегін қақты.
— Аздап былай-ау, — деді Марулло саусағымен самайын нұқып.
— Оның ойынша ешкім өзгермейді. Ешкім ешқандай жағдайға
душар болмайды.
— Сенің əкең қайтыс болған ғой. Оның қайтыс болғанын оған
ұғындырып айтпайсың ба?
— Оған қалай ұғындырып айтсаң да, бəрібір, заматында ұмытып
қалады. Ол ылғи əкемнің денсаулығын сұрайды. Атамның
денсаулығын сұрауды таяуда ғана қойды. Тоқал ешкідей мыстан
кезінде онымен ашына болған деседі.
— Аздап солай-ау, — Марулло тағы қайталады. — Алайда уақыт
жөніндегі түсінік-түйсігі шатасып кеткен Эльгар бек-бикеш оның
абыржулы алаң көңілінің сабасына түсуіне септігін тигізді. Адам
əдетте біз ойлағаннан қарапайым əрі күрделі. Өзіміздікі дұрыс деген
тұста біз, əдетте ағат басамыз. Тəжірибесі мен дағдысына сүйене
отырып Марулло адамға əмірші — өктемдік, жарамсақ-жағымпаздық,
ұсынақты-іскерлік тұрғыдан қарауды бойында қалыптастырған
Əрине, көбіне осы үшеуі өмірде өзін-өзі ақтаған болар, сол себептен де
олар оның көңілінен шыққан да шығар. Əйтсе де менімен арадағы
қарым-қатынасының белгілі бір кезеңінде ол соның алғашқысынан бас
тартқанға ұқсайды.
— Сен тамаша жігітсің, — деді ол. — Сен нағыз доссың.
— Байырғы шкипер — менің атам «егер досыңнан айрылғың
келмесе, оны сынама» дегенді жиі айтушы еді.
— Асқан ақылды сөз.
— Ол ақылды адам болатын.
— Ал енді, балақай, былай: мен жексенбіде күні бойы, тіпті шіркеуде
болғанда да бəрін ойластырдым.
Мен қабылдамай қайтарып тастаған параның оның ойынан кетпей
жүргенін білдім, не сездім десем болар, енді мен оны сол қыр ізінен
қалмай қинап жүрген азаптан арашалап алғым келді.
— Сірə да, бəрі сол жомарт сый-сыралғы жөнінде болар.
— Əрине. — Маған сүйсіне қарағандай болды. — Ал сенің өзің де
ақылдысың.
— Сірə, онша ақылды бола қоймасам керек, əйтпесе, қожама емес,
өзім үшін істеген болар едім.
— Сен мұнда істегелі қанша болды, он екі жыл ма?
— Иə-иə, солай, олқысы жоқ, аттай он екі жыл! Тым ұзап кеткен жоқ
па, сіз қалай деп ойлайсыз?
— Сен өз қалтаңа бір мəрте көлденең түскен көк тиын салған
жоқсың, кітапшаға жазбай ештеңе де үйіңе əкеткен емессің.
— Адалдық — менің əміршім.
— Сен қалжыңға айналдырма. Мен шынын айтып отырмын, мен
білемін.
— Онда менің өңіріме медаль қадаңыз.
— Бəрі жымқырады — біреу көп, біреу аз — ал сен одан амансың.
Мен білемін!
— Əлде мен бəрін түгімен түгел жұтудың қолайлы сəтін күтіп
жүрген болармын?
— Сен қалжыңыңды қой. Мен шынын айтып отырмын.
— Альфио, сіздің қолыңызға гауһар тас түсті. Тым қатты
ысқыламаңыз оны, əйтпесе жасанды сыры ашылып қалуы ықтимал
— Мен сені іске серіктес етіп алсам, қалай қарайсың?
— Капитал қайда? Менің жалақым ба?
— Бір амалын табармыз.
— Онда мен өзімді-өзім тонамай, сізден ештеңе жымқыра алмай
қалам ғой.
Ол көңілдене күлді.
— Балақай, сенің ақылың бар. Сен онсыз да ұрлап жүрген жоқсың.
— Сіз менің не дегенімді естімедіңіз, білем. Мүмкін, мен бəрін бірден
көтеріп кеткім келген болар.
— Балақай, сен адал адамсың.
— Мен де соны айтам, сен адал болған сайын, саған сенім де
тамшыдай там-тұмдап суала береді. Альфио, көкейдегі көксеген
ниетіңді жат көзден жасырудың оңтайлы əдісі — шындықты шашау
шығармау екенін сіз білесіз бе?
— Сен не деп көкіп тұрсың?
— Өнерде ең бастысы — өнерді жасыру.6
Ол қайталап ернін жыбырлатты да, кенет қарқылдап күлді.
— Ха-ха-ха! Дəлелдеуді қажет еткенінің өзі де осы еді. Hie erat
demohstrandum.
— Салқын кока-кола ішуге қалайсыз?
— Маған жақпайды, мына жеріме, — ол қарнын алақанымен
шапаттап қойды.
— Асқазаныңыз ауырып əбігерге салардай сіз қартайып, қалжырап
тұрған жоқсыз ғой. Өйткені əлі елуге де келмеген боларсыз?
— Елу екідемін, асқазаным расында ауырады.
— Солай-ақ болсын, — дедім мен. — Демек, егер мұнда
жиырмасыншы жылы келсеңіз, онда сіз он екі жаста боласыз. Сонда
Сицилияда латын тілін ерте оқытатын болғаны ғой.
— Мен шіркеуде əнші болғанмын.
— Менің өзім де шіркеудегі хорға қатыстым, құдайға мінəжат ету
кезінде кресті көтеріп жүретінмін. Жарайды, ішпесеңіз өзіңіз біліңіз, ал
мен өзім ішем. Альфио, — дедім мен, — сіз менің іске қатысуымның
жай-жапсарын, жолын ойластырып көріңіз, сосын аржағын мен көре
жатармын Əйтсе де алдын ала ескертіп қояйын, менің ақшам жоқ.
— Ойластырамыз, ойластырамыз.
— Бірақ ақшам болады.
Назарын айрықша бірдеңе аударғандай ол менің жүзіме кірпігін
қақпай қадала қарады. Сосын барып ақырын ғана:
— Мен саған кəміл сенем, (Lo lo credo), — деді.
Даңқ дақпырты болмаса да, бойдағы қажыр-қайрат сезімі
буырқанғандай болды. Мен кока-кола шөлмегінің аузын аштым да,
ернеуіне ернімді тигізіп, шынының мойнынан асырып тура
Маруллоның көзіне қарадым.
— Сен тамаша балақайсың, — деп ол менің қолымды қысты да,
есікке қарай беттеді.
Кенет оны шақыруға бірдеңе мені түртіп қалғандай болды.
— Альфио, сіздің иығыңыз қалай?
Ол артына бұрылып состия қарады.
— Қазір ауырмайды, — деді ол. Сөйтті де: — Қазір ауырмайды, —
деп өзіне-өзі күбірлеп кете барды. Əлденеге абыржып алаңдағандай ол
ізінше қайтып оралды.
— Анау ақшаны сенің алуың керек еді.
— Қайдағы ақшаны?
— Əлгі бес пайызды.
— Неге?
— Алу керек. Өз үлесіңнің өтеуіне маған, қазір, шамалы кейін, тағы
аздап, там-тұмдап төлейтін боласың. Бірақ бес пайыз емес, одан алты
пайыз талап ет.
— Жоқ.
— Мен иə деп отырғанда, сен қалай жоқ дейсің?
— Альфио, оның маған қажеті жоқ. Егер маған қажет болса, онда мен
алған болар едім, бірақ маған қажет емес.
Ол ауыр күрсінді.
Күндіз жұрт дүкенге таңертеңгідей шұбырып коп келе бермейді,
бірақ бəрібір онсыз да істейтін жұмыс таусылмайды. Неге екенін
қайдам, əйтеуір сағат үш пен төрттің аралығында жиырма минуттай
ма, əлде жарты сағаттай ма, келушілер сиреп, сəл саябырлайтын сəт
болады. Содан соң екінші толқын — жұмыстан қайтарда жол-жөнекей
соғатын, əйтпесе түскі ас əзірлеуге түк таппай сасқалақтаған ұқыпсыз,
салақ əйелдер тобырының дүмеуі басталады.
Жұрт сəл саябырлаған тұста Бейкер мырза дүкенге келді. Бейнебір
керегі қолына өзі келіп түсетіндей, тіпті сатып ала гөр деп
жалбарынатындай біресе ананы ұстап, біресе мынаны тастап, не
аларын өздері де білмей, əбден əуре-сарсаңға түсіп жүрген тартыншақ
екі сатып алушының дүкеннен шығуын күтіп, ол тоңазытқыш
əйнегінің арғы жағындағы ірімшіктер мен шұжықтарды қарап, əрліберлі ұзақ жүрді.
Ақыры, əйтеуір, бірдеме сатып алды да, олар жөніне тайып тұрды.
— Итен, — деді Бейкер мырза. — Мэридің банктен мың доллар
алғанын сіз білесіз бе?
— Білем, мырза. Ол маған құлаққағыс қылған болатын.
— Ақшаның оған неге қажет болғанын да білесіз бе?
— Білгенде қандай, мырза. Ол құлағымның құртын жегелі бері
жарты жылдың жүзі болған. Əйелдерді сіз өзіңіз де білесіз. Тысы ептеп
қырылғаны болмаса, əлі əжептəуір жиһаз, ол жаңасын сатып алуды
ойлаған сəттен бастап адам отыруға болмайтын ескі-құсқыға айналды.
— Қазір сондай ақша шығаруды сіз есуастық деп санамайсыз ба?
Болашақта қандай болатыны жайлы кеше мен сізге айттым емес пе?
— Мырза, ақша оның өзінікі.
— Итен, əңгіме əлдебір қауіп-қатерлі саудагерлік жайында емес. Гəп
капиталды күдік-күмəнсіз сенімді етіп орналастыру жөнінде болып
отыр ғой. Сондай мыңға келесі жылы-ақ жиһаз сатып алған болар еді
жəне сондай мың артылып қалған болар еді.
— Бейкер мырза, мен оның өз ақшасын өзі жұмсауына тыйым сала
алмаймын.
— Десе де, сіздің оған мəн-жайды түсіндіруіңізге, сіздің оған жөн
сілтеуіңізге болар еді ғой.
— Сол жағы менің ойыма келмепті.
— Бұл — сенің əкең айтар жауап. Бұл — сүмірейген сүмелектің
жауабы. Егер сіз қойнынан бөзі, аузынан сөзі түсіп тұрған сүмелек
болмаған жағдайда ғана мен сізге қолұшын беріп, көмектесе аламын.
— Тырысып бағайын, мырза.
— Сондай-ақ оның жергілікті фирмалармен қарым-қатынас жасауға
онша құлқы жоқ сияқты. Қайдағы бір алыпсатар алаяқтардың бағаны
болмашы түсіргеніне қызығып, қыруар ақшасын қолма-қол төлей
салуы да ықтимал. Оны былай қойғанда, сол сатып алған затының
сапасы қандай болып шығарын кім білсін Мүмкін, мұнда ол азды-көпті
қымбатқа түсер, бірақ ең болмағанда, егер əлде-жəлде бір кінəрат бола
қалса, оны біреуден талап етуге болады ғой. Итен, сіз бұл араға
араласуға тиіссіз. Ақшаны қайта орнына салғызыңыз. Əйтпесе, оны тек
менің өзіме ғана сеніп тапсыратын болсын. Ол əсте ұтылмайды.
— Мырза, бұл ақша — оның ағасынан қалған мұра.
— Білем. Оны алуға келгенде мен өз білген ақылымды айтқан
болатынмын. Ол жəудіреген көкшіл көздерін төңкеріп, маған
жиһаздарды барып көргісі келетінін айтқан-ды. Сірəсі, қалтаға мың
доллар салып бармай, оны көруге болмайтындай-ақ. Егер бұған оның
ақыл-ойы жетпесе, онда сіздің ақыл-ойыңыз жетуге тиіс қой!
— Мұндай істен менің түйсік-түсінігім шамалы, Бейкер мырза,
əдетімде жоқ. Өйткені біз үйленгелі бері əсте ақшамыз да болған емес.
— Сондықтан да мен сізге мүмкін болғанша тезірек реттеуге кеңес
берем, əйтпесе қолдағы бардан айырылып қаласыңдар. Кейбір
əйелдердің аста-төк ысырапқа құштарлығы нашақорлықпен бірдей
болады.
— Мэридің ондай құштарлығы жоқ, мырза. Ол қайдан болсын онда?
— Жоқ, онда болады. Бір мəрте қан көрсе болды, өлімге адамның еті
үйрене бастайды.
— Бейкер мырза, сіз мұны əншейін айтқан боларсыз.
— Қапысыз шын сөзім.
— Мэри — бұл жалғандағы аса құнтты да ұқыпты əйел асылы, оған
өзгеше болу мүмкін де емес.
Осы тұста ол неге екенін қайдам, əйтеуір тас-талқан болды.
— Итен, мен сізден мұны күтпеп едім. Егер сіз бірдеңеге қолым
жетсін десеңіз, ең алдымен өз үйіңіздің қожасы болуға тырысыңыз.
Жаңа жиһаз алуға аз күн кідіре тұруға əбден болады.
— Мен кідіремін-ау, ол кідірмейді ғой. — Ақша дегенде
банкирлердің көз жанары құдды ренттент сəулесіндей өткір келеді
ғой, ол қазір менің қалтамда жатқан конвертті көріп тұр-ау деген
басыма тосын бір ой сап ете қалды. — Жарайды, Бейкер мырза, мен
оны көндіріп көрейін.
— Егер ол бəрін жұмсап қоймаса. Қазір өзі қайда, үйде ме?
— Автобуспен Риджхэмтонға барам деп жиналып жатқан.
— О, құдіреті күшті құдайым-ау! Əрине, енді мың доллар жер
жұтқандай жоқ болды дей бер!
— Бұл оның ақшасының бəрі емес қой, мырза.
— Мəселе онда емес. Ақшасыз сізге барар жер, басар тау жоқ.
— Ақшаны ақша жасайды, — дедім мен ақырын ғана.
— Дəл солай. Көкейіңізге мұны мықтап түйіп алыңыз, əйтпесе,
маңдайыңыздың соры арылмайды, осылай өмір бойы біреудің
дүкенінің есігінде өтесіз.
— Бұлай болғанына мен қатты өкініштімін.
— Өкінгенше оған өктем сөзіңізді тыңдатқаныңыз абзал.
— Əйел деген айтары жоқ айрықша жаралған халық қой, мырза.
Ақшаның қалай табылатыны жайлы күні кеше сіз өзіңіз айтып
бердіңіз, бəлкім, бұл оған жан қинамас оңай іс болып көрінген шығар.
— Ендеше, оның адасқан ағат ойын дереу сара жолға салыңыз.
Өйткені егер сіздің істі бастауға түгіңіз болмаса, онда ешқандай ақша
жөнінде ойлаудың қажеті болмай қалады.
— Мырза, салқын кока-кола ішуге зауқыңыз соқпай ма? — Ол
шөлмектің аузынан ішуге епсіз болғандықтан, қораптағы қағаз
стакандарды ашуға тура келді. Соның есесіне, ол сабасына тез түсті,
енді айбары басылып, алыста күркіреген күндей күңкілдеп, міңгірлей
бастады.
Көше қиылысындағы үйде тұратын екі негр əйелі келіп кірді, бұған
деген ашу-ызасын енді оған амалсыз, алдында тұрған кока-кола
қалдығымен қоса сіміріп жұта салуына тура келді.
— Жарайды, онымен сөйлесуді ұмытпаңыз, — деп ызалы түрде арс
ете қалды да, ол дүкеннен шыға жөнелді. Маған осының өзі бірдеңеден
сезіктеніп тулап жүргеннен сау ма екен деген көңілімде күдік елес
берді де, бірақ қисынсыз ойды сол заматында аластап тастадым. Жоқ,
ол бəрі өзі ойлағандай болып шықпағанын сезеді, ал мұндайға оның
төзімі жоқ, міне, соған ырқынан тыс ызасы келеді. Сен ақыл-кеңес
беріп əбігерленіп жүргенде, сол ақылыңа құлақ аспаса, əрине, сенің
адуын ашуың атойламауы екіталай.
Бұл негр əйелдер — сүйкімді жандар, сыпайы сатып алушылар.
Көшенің қиылысында бір топ қара нəсілді халық тұрады, бəрі де абзал
жандар. Олар мұнда сирек келеді, өйткені өздерінің дүкендері бар,
бірақ нəсілдік ынтымақтастық тым қымбатқа түспей ме екен деп
салыстыру үшін олар анда-санда бізге келіп сауда жасап тұрады. Бүл
екеуі сатып алудан гөрі саудаласуға бейім, мен олардың ниетін
түсіндім, сосын өздері көрер көзге көрікті əйелдер: аяқтары түп түзу,
шынардай бойы сұңғақ, сымбатты келіншектер, қараудың өзі бір
ғанибет. Бір ғажабы — бала кездегі тамағы тоқтық, уайымы жоқтық
адамның ағзасына ғана емес, сондай-ақ оның рухына да ерекше мəні
бар.
Дүкенді жабардың сəл ғана алдында мен Мэриге телефон шалдым.
— Бүгін мен кешігіңкіреп келермін, үкілім менің!
— Біз бүгін Марджимен бірге "Фок-мачтада" түстенетінімізді
ұмытпа!
— Мен түсіндім.
— Сен қанша уақыт кешігесің?
— Он-он бес минуттай. Теңіз жағасына барып, айлақтағы жер
сорғыштың қалай жұмыс істеп жатқанын көріп келуге зауқым ауып
тұр.
— Оның қажеті не?
— Сатып алсам ба екен деген ойым бар.
— Туу!
— Саған балық ала келейін бе?
— Егер жақсы камбала кездесе қалғандай болса. Қазір басқа ештеңе
таба да алмайтын шығарсың.
— Жарайды. Онда мен кеттім.
— Тек түртінектей бермеші, жарқыным. Сенің əлі жуынуым. киінуің
керек. Қалай десек те, "Фок-мачтаға" барамыз ғой.
— Оған алаңдама, аяулым менің, сұлуым менің. Саған мың долларды
ысырап етуге бергенім үшін мен де Бейкер мырзадан сазайымды
тарттым-ау.
— Қарай гөр өзін, кəрі қақсалдың!
— Мэри, Мэри! Қара жердің де құлағы бар!
— Сен оған айт, ол.. не деуді өзің де білесің ғой.
— Қой, оны! Онысымен тұрмай, сені ақылы кем, шолжаңға теңейді.
— Не дейді?
— Ал мені — сүмер, сүмелек, тағы сондай бірдеңе деп атайды.
Естігенде есімді шығарып, жүрегімді елжіретіп, өн бойымды
шымырлатып жіберетін өзінің сылқым да сиқырлы күлкісіне салып,
сықылықтап алды.
— Аңсап күтем сені, — деді ол. — Күтем, күтем, күтем! — Мұндай сөз
естіген еркекке не сын бар! Егер дəл солай болатын болса — шексіз
бақытқа бөленген мен трубканы іліп, телефонның қасында тынысым
тарылып, діңкем құрып, селт етпей сілейіп тұрып қалдым.Мен Мэриге
дейін өмірімнің қалай өткенін жадымда жаңғыртуға тырысып бақтым,
бірақ жадым ештеңе есіме сала алмады, онсыз өмірім қалай болар еді
деп қиялымды қинап көрдім, алайда қиялым да қазалы шеңбердегі
ұсқыны жоқ қисынсыз бірдеңелерді елестетті. Күн батыстағы дөңтөбелердің жиегінен əлдеқашан асып құлады, бірақ оның шырайлы
шұғыласын аумағы атшаптырым үлбіреген бұлт аялап бойына тартып
алып, шапағын айлаққа, толқын тосқышқа, одан əрі теңіз айдынына
себелей шашқанда дөңбекшіген толқынның желкілдеген жалы ақшылқызғылт реңге малынып түсті. Қайраңның тақ жиегінде андыздап
судан шығып тұрған кеме айлағының бағаналары — қыста
сықырлаған көк мұздың қысымынан қорғану үшін бас жағын
пилонның түріндей етіп əдейі тайпақтап жонып,темір құрсаумен
тартып тастаған үш бөренеден құралған бағаналар. Солардың бəрінде
қонған шағалалар тістері аппақ сүттей кіршіксіз, сұр қанаттары ықшам
жиналған, көпшілігі көнектей, мекиен болса керек, тырп етпей
тыныстап тұр. Бір қызығы, бəлкім,қаласа сатуына, əлде жалға өткізуіне
болатын солардың əрқайсысының өз меншікті орны бар шығар-ау,осы!
Бірнеше балықшылар қайығы жағаға шығарылып қойылған. Мен
балықшылардың бəрін білем, білгенде соларды мен өзім де білгелі
білем. Мэридің айтқаны келді. Камбаладан басқа оларда ештеңе
болмай шықты. Джо Лоғаннан тəуірлеу төртеуін сатып алдым, ол
балықтың етін судай тілгілеген өзінің өткір пышағымен оның ішін
жарып, аршып, тазалап болғанша мен соның ұсынақты қимылынан көз
алмай, қасында қарап тұрдым. Көктемде əңгімеге арқау болар жалғыз
тақырып бар: кумжа қашан келер екен? Соған орай айтылған: "Сирень
гүлдейді, кумжа дүмейді" деген нақыл сөз де бар. Əрине, оған иланып
қалуға да болмайды. Мен өзім өз болғалы əйтеуір естігенім ылғи:
"Кумжа əлі келмей жатыр немесе ол өтіп кетіпті" деген сияқты сөздер.
Ал ол өзі көргенде көздің жауын алатын əдемі, бітімі сүген балыққа
ұқсас көрер көзге келісті, тап-таза, аршылған ақ күмістей, нақ... нақ
күміс балық. Иісі қандай ғажап десеңізші! Міне, сол кумжа əлі келмепті.
Джо Лоғанға оның ең болмаса біреуін ұстау бұйырмағанға ұқсайды.
— Ал маған келсек, мен теңіз алабұғасын тəуір көрем, — деді Джо. —
Күлкің келеді! "Теңіз алабұғасы" десең қарамақ түгіл оған ешкім елең
етпейді де, ал оны "теңіз мекиені" десең, сатып алушылар тура додаға
түседі.
— Қызыңыз қалай, Джо, тəуір болды ма?
— Кейде əжептəуір болып көтеріледі де, кенет тағы қайталап
нашарлап қалады. Айықпас бір қасірет болды.
— Əрине, ауыр. Тілектеспін, тəуір болуына.
— Егер көмектесуге қолдан бірдеңе келіп жатса...
— Мен түсінемін, бейшара қызыңның жағдайына. Джо, міне, қағаз
қапшық. Балықты соған сала сад Джо, қызыңызға менен дұғай сəлем
дегейсіз.
Менен бірдеңе, яки əлде дəрі-дəрмек алуға дəмелегендей ниетін
сездіріп, ол менің жүзімнен көз алмай телміре қарады.
— Жарайды, Ит, сəлеміңді айтайын!
Толқын тосқыштан əріде гүжілдеген жер сорғыш жұмыс істеп
жатты, оның алып сорғышы теңіз түбінен лаймен қабыршақтарды
сорып алып, салға тиеулі өңештей кең түтіктерімен оны қимайыға
малшынған қара қожалақ дуалдан əрі асырып жіберуде. Қозғалыс
тетіктері мен зəкірдің шамы, ұзын сырықтың ұшындағы жанған екі
қызыл шар — жер сорғыштың жұмыс істеп жатқанын айнала төңірекке
айғақтауда. Алдана аппақ алжапқыш байлап, басына ақ қалпақ киген
өңі сұп-сұр сүреңсіз аспаз кеменің үстіне шығып жалаңаш шынтағымен
тұтқаға сүйенген бойы төменде астан-кестен болып, дөңбекшіп жатқан
лайсаң суға аңтарыла қарап тұрып, ауық-ауық борттан асыра шырт
түкіріп, шиіріп тастайды. Жел теңіз жақтан соғуда. Ол жер сорғышта
корида қосып, алмадан пісірілген тоқымнанның балдай тəтті
бұрқыраған иісіне араласқан лай мен өлген құрт-қыбырдың, шала
шіріген балдырдың қолқа қабар қолаңса сасығында аяусыз көміп-көміп
өтеді.
Шағын қайық батар күннің соңғы арайлы шұғыласында желкенін
жалт еткізгені сол-ақ еді, жағалаудың көлеңдеген көлеңкесі жалт еткен
əлгі қызғылт арайды жібермей, əп-сəтте сейілтіп, сіңіріп əкетті. Мен
шұғыл шегініп барып ескі яхта-клуб пен кіреберісіне қоңыр бояулы
пулемет қойылған Американ легионы үйінің жанынан солға қарай
бұрылып кеттім.
Уақыттың тым кеш болғанына қарамастан қайық аялдамасында əлі
қарбалас жұмыс жүріп жатты — қайықтарды шайырмен бояп, жазғы
маусымға əзірлік жасауда. Көктемнің əдеттегіден əлдеқайда кешігіп
келуі де "ашқа тартқан, кешке тартады" демекші, əрине, көп іске
кедергі жасап, кесірін тигізсе керек, енді соның есесін қайтаруға,
ағаттықтың орнын толтыруға асығулы сыңайлары аңғарылады.
Мен қайың аялдамасын айналып өтіп, сораң басқан алаңнан əрі
айлақтың аяғына дейін бардым да, сол арадан асықпай аяндап отырып
Дэнни лашығына қарай тарттым. Егер Дэнни менімен жүздесуге
құлқы болмаған жағдайда деп мен ертеден есімде қалған бір əннің
əуенін ысқырған болдым.
Меніңше, дəл солай болды ғой деймін Лашықта ешкім жоқ екен,
бірақ мен Дэннидің сол маңда бір жерде — қаулаған қалың сораңның
арасында, əйтпесе айналада шашылып жатқан жуан бөренелердің
біреуінің тасасында тығылып жатқанына басымды бəске тігуге
бармын. Мен кеткен бойда оның жасырынған жерінен шығарына
зəредей күмəнім де жоқ; мен қалтамнан сары конвертті алып
қабырғаға тақау тұрған оның баттасқан лас төсегінің үстіне тікесінен
сүйеп қойдым да, ақырын ғана: "Көріскенше, Дэнни, сəттілік тілеймін"
деп айту үшін ғана ысқырған əнімді үзіп, лашықтан тысқа шықтым. Сол
ысқырып əндеткен бойыммен қалаға қайтып оралдым. Порлоктің
бойындағы сəнді де салтанатты мекенжайлардың жанымен
Шегіршінді көшесіне түсіп, сонымен ақыры, байырғы Хоулилер үйінің
— өз үйімнің іргесінен бір-ақ шықтым.
Мен келсем, Мэриім дүлей дауылмен кəдімгі алыптарша арпалысып
жатыр екен. Айнала азынаған жел асау толқында алапат апатқа
ұшырап, қираған алуан сынықтар сеңдей соғылысып ығып барады, ал
ол болса аяғында туфли, үстінде ақ нейлон ішкөйлегі, сол сұрапыл
алай-дүлейді абыржымай, асқан ерлікпен, байыпты байсалдылықпен
басқарып жүр. Жаңа ғана жуған шашындағы бигудимен бұралған
жыпырлаған бұрымы емшекке таласып шүпірлеген шужың
торайлардың ауқымды ұясын көз алдыма ол елестеткендей болды.
Екеуміз соңғы рет мейрамханада қашан түстенгеніміз менің мүлде
жадымда жоқ. Қалтамыз көтермейтін болған соң бүл əдетпен біз
қоштасқалы қашан. Мэриді үйіріп əкеткен құйын шалғайымен
балаларды да шалып кеткендей. Ол балаларды тамақтандырып,
жуындырып, тапсырмалар беріп, оларын қайта ауыстырып, əбден
əбігерге түсуде. Асхананың нақ ортасында қаздиып кір үтіктейтін
тақта тұр, менің бүкіл қымбат киімдерім мұқият үтіктеліп,
отырғыштардың арқалығына ілініп қалыпты. Мэри бəрін бірден қосқабат істегенді тəуір көреді — тақтада жаюлы жатқан көйлекті бір
мəрте үтікпен жүргізіп өту үшін ол оған əр сот сайын жүгіріп барып
жүретін əдеті. Əрнеге алаңдап əбден абыржыған балалар да тағаттап
отырып ас ішуден қалған Əйтсе де оның айтқанына құлақ аспауға
батылдары бармайды.
Менің қонаққа киюге арналған делінетін бес костюмім бар, азықтүлік дүкенінің сатушысы үшін бұл онша бөтен емес. Мен
орындықтардың арқалығына ілулі тұрған бешпенттерімді кезекпекезек қолыммен ұстап көріп шықтым. Бізде əрбір костюмнің өзіне тəн
атауы бар: сия көк — ескі, қоңыр — Джорж Браун, сұр — Дориан Грей,
қара — қазалы, ал сұрғылт-қоңыр — көк азбан деп аталады.
— Менің қайсысын кигенім жөн болар екен, түн жарығым!
— Түн жарығым дейсің бе? О... о? Сабыр, сабыр, түстік — салтанатты
қонақасы емес əрі бүгін дүйсенбі. Меніңше, Джордж Браун, яки Дориан,
иə, дұрысы, Дорианды кигенің абзал болар, өйткені анау айтқан сəнді
болмаса да, бір көруге əжептəуір костюм ғой.
— Бұршақ суреті бар көбелек-галстукті тағам ғой, ə?
— Əрине.
Əңгімеге Эллен килікті.
— Көке, саған көбелек-галстук тағуға болмайды! Сен ондай жас
емессің.
— Бекер айтасың. Мен жаспын, көңілдімін, ұшқалақпын!
— Саған жұрт күледі. Менің сендермен бірге бармайтыным қандай
жақсы болған.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алаң Көңіл Ақпаны - 14
  • Parts
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 01
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2293
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 02
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2241
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 03
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2172
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 04
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2424
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 05
    Total number of words is 4119
    Total number of unique words is 2311
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 06
    Total number of words is 4007
    Total number of unique words is 2225
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 07
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 2286
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 08
    Total number of words is 4057
    Total number of unique words is 2309
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 09
    Total number of words is 4081
    Total number of unique words is 2266
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 10
    Total number of words is 4016
    Total number of unique words is 2207
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 11
    Total number of words is 4150
    Total number of unique words is 2203
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 12
    Total number of words is 4105
    Total number of unique words is 2308
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 13
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2262
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 14
    Total number of words is 4017
    Total number of unique words is 2434
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 15
    Total number of words is 3985
    Total number of unique words is 2473
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 16
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2362
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.3 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 17
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2332
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 18
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2366
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 19
    Total number of words is 4056
    Total number of unique words is 2301
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 20
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2350
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 21
    Total number of words is 4064
    Total number of unique words is 2417
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 22
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2315
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 23
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2191
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 24
    Total number of words is 4021
    Total number of unique words is 2343
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 25
    Total number of words is 657
    Total number of unique words is 503
    40.1 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.