Latin Common Turkic

Алаң Көңіл Ақпаны - 22

Total number of words is 4060
Total number of unique words is 2315
32.9 of words are in the 2000 most common words
47.6 of words are in the 5000 most common words
54.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Біз тамақтандық, кофе іштік, содан соң тағы да кофе іштік. Менің
Мэриім арқасын жастыққа сүйеп, мажырасын төсекте отырды, оның
ажар-əлпеті өзінің қанасынан шыққан қызына қарағанда əлдеқайда
балаусадай балғын да бейкүнə жандай болып көрінеді. Біз екеуміз
оңаша үйде жайлы жатып, жақсы ұйықтап шыққанымызды
əдептіліктен аспай, сыпайы ғана сыр ғып шерттік.
Мен сыр сандығымды ашар сəттің сағаты соқты.
— Жайғасып жайлы отырып ал менің айтатын жаңалығым бар, олар
сүйінішті де, күйінішті де.
— Тамаша! Сен мұхит сатып алған боларсың?
— Марулло бəлеге тап болды.
— Не болды?
— Бұдан көптеген жылдар бұрын астыртын Америкаға келген
көрінеді.
— Онда тұрған не бар?
— Енді оны еліне қайтарып жібергелі жатыр.
— Айдап жібере ме?
— Иə.
— Бұл деген сұмдық қой.
— Иə, жақсылығы шамалы.
— Енді біз қайтеміз? Сен не істейсің?
— Біз ермектен айрылдық. Ол дүкенін маған, турасын айтқанда,
маған емес, саған сатты. Өйткені ақша сенікі ғой. Оған өз мүлкін сатып,
ақшаға айналдыру керек, ол маған ылғи да қайырымдылық көрсетіп
жүретін. Шынын айтқанда ол маған небəрі үш мың долларға су тегін
беріп отыр.
— О, жасаған! Демек... сен енді дүкеннің иесі болдың ғой?
— Иə.
— Сатушы емессің? Сен енді сатушы емессің?
Ол бетін жастыққа басып, өксіп-өксіп жылады, мойнындағы
қамытынан құтылған құлдай өкірді.
Мен оның сыланып-сипанып болуын тосып, қуыршақ үйдің аядай
кіреберісіндегі аядай сəкіге барып отырдым, сəлден соң ол жуыныпшайынып, бипаздап шашып таранып, желбегейін киіп, ақырын есікті
ашты да, мені шақырды. Бір ғажабы, ол құлпырып мүлдем жан
танымастай боп өзгеріп кетіпті, шамасы, оның көз үйренген кəнігі
қалпына қайта оралуы екіталай болса керек. Бұл айтпаса да айдан
анық. Мұны кекшиген кейпі, кекірейген басы, тосын түр-тұлғасы
əйгілеп түр. Енді оның еңсесін көтеріп жүруіне əбден болады. Өйткені
біз де "əжептəуір сыйлылар мен сыпайы адамдар" санатына қайта
қосылдық.
— Ал Марулло мырзаға қолұшын беруге болмай ма?
— Əй, қайдам!
— Бұл өзі қалай болған іс? Кім тауып оны ұстатып жүр?
— Білмеймін.
— Ол өзі тəуір адам еді. Бүл əділетсіздік қой. Өзін қалай ұстайды
екен?
— Абыройын төкпей, лайықты ұстайтын көрінеді.
Біз өзіміз көптен аңсағандай жағада жайсын қыдырдық, құмға
отырдық, ұлудың алабажақ бармақтай қабыршақтарын тердік, əрине,
оларды балаша мəз боп бір-бірімізге көрсеттік, ғаламат ғаламдағының
бəрін жаратушы өзін əдейі біз мақтасын деп күткендей мына дана
табиғаттың дарқан құбылыстарына теңізге, мөлдір ауаға,жайнаған
жарыққа, кешкі салқын самалдан қызуы қайтып, саумалдай сабатқа
шомған күнге асқан іңкəр сүйсініспен қарадық.
Мэри əлденеге алаңжарлы болатын. Меніңше, оның үйге қайтқысы
келетін сияқты. Барып өзінің жаңа мəртебелі жағдайын жұртқа жария
етіп, өзінше бір мақтанып, масайрағысы келеді-ау, сірə, сондай-ақ
əйелдердің өзіне оқыс сүқтана, состия қарағанын көріп рақаттану
ниетінен де кет əрі емес, ол тіпті Бас көшедегі байырғы таныстарының
сəлемдесу сəтіндегі сарының сиқырлы сырын қалт жібермей қапысыз
білуге де құштар. "Таршылық-тапшылықтың тауқыметін тартқан Мэри
Хоули байғұстан" қазірдің өзінде оның бойында көз шалар дəнеңе
қалмағаны айдан анық. Ол енді алаңы да, аласы да жоқ кəдімгі Итен
Аллен Хоули бикем болды. Мен оны аялап, қалай да осы қалпында
сақтауға тиіспін. Біздің бұл сапарға шығуымыздың мəнісі де ол осы
күнді оңаша осында өткізуді жөн көрді, өйткені оның ақысы алдын ала
төленіп қойылған еді, бірақ ұлу қабыршақтарын саусағымен саралап
теріп отырған кездің өзінде де олар емес, ол бізді алдымызда күтіп
тұрған жарқын күндерді көз алдына елестеткен болатын.
Біз торкөзді дастарқан жайылған асханада тамақтандық. Менің
Мэриімнің мəнері мен оның өзін-өзі өнегелі ұстай білуі Көртышқанның
арам көңілінің астан-кестенін шығарды. Оның күнəні көш жерден
сезетін жарамсақ жампаңдаған қоңқиған қолағаштай жалпақ мұрны
енді жампиып бір жағына жантая қалыпты — біздің үстелдің қасына
келіп, Хоули бикемді телефонға шақыратынын жəдігөй жалбақпен
хабарлаған сəтте оның қаралы көңілі түнектей түнеріп кетті.
— Біздің қайда кеткенімізді кім білуі мүмкін еді?
— Кімі қалай? Əрине, Марджи! Мен оған айтпауға амалым қалмады.
Өйткені балалар сонымен бірге қалды ғой. Ой! Тосын бірдеңе болып
қалмаса жарар еді?.. Ол көзіне, қайда бара жатқанына қарамайды ғой.
Жалт-жұлт етіп жыпырлаған жұлдыздарша қалш-қалш қалтырап
қайтып келді.
— Сен қанша ойлансаң да бəрібір ешқашан таба алмайсың!
— Айтпасаң да мен таптым, не де болса əйтеуір жақсы жаңалық.
— Ол «Сіздер жаңалықты естідіңіздер ме? Радио тыңдадыңыздар
ма?» деді. Жайлы хабар екенін даусынан бірден сезе қойдым.
— Алдымен не болғанын айтсаңшы, даусы жайлы сонсоң айта
жатарсың.
— Жоқ, мен соған əлі де сеніңкіремей тұрмын.
— Мүмкін, мен сенермін. Кəне, айтшы, көрейік!
— Аллен мақтаған пікір алыпты.
— Кім-кім? Аллен бе? Мəссаған!
— Əлгі бəйгеге жолдаған шығармасына. Күллі Американың түкпіртүкпірінен мақтаған пікір жіберіпті.
— Мүмкін емес.
— Иə-иə... Барлығы бес мақтау пікір — жүлде сағат пен
теледидардың алдына шығып сөйлейді. Көрдің бе, қандай екенін?
Біздің отбасынан да əйгілі адам шықты.
— Жо-жоқ, менің миыма қонбайды. Демек, соғып жүрген сары
уайымның бəрі көлгірсу, жəдігөйлік болғаны. Нағыз алаяқ, алдаушы.
Ендеше, оның адал сорлы жүрегін ешкім таптамағаны ғой?
— Келекелемей-ақ қой. Одан да ойла! Біздің баламыз — бүкіл
Құрама Штаттарында бес баланың бірі болып мақтау пікірге ие болды
жəне де теледидардан...
— Сағат ше! О л уақытты айыра біледі.
— Итен, егер сен келекелеуіңді қоймасаң, сені жұрт өз баласын өзі
көре алмайды, қызғанады деп ойлап қалуы мүмкін ғой.
— Мен қайран қаламын. Сөзге келгенде оның генерал
Эйзенхауэрден асып тұрғаны шамалы деп ойлаушы едім. Өйткені
Аллен үшін көзге көрінбейтін сиқырлы біреу жазбайтын болар.
— Білем, білем, Ит. Сенің оларды бір-біріне арандатып айдап
салудан басқа білер ойының жоқ. Əділін айтсақ, оларды сен
шолжаңдатасың, кəне, енді шыныңды айтшы, оған шығарма жазуға сен
көмектестің бе?
— Мен бе? Көмектестім бе? Жоқ. Керек десең, маған көрсеткен де
жоқ.
— Онда соған да шүкір. Өйткені шығарма шынымен сенікі болса,
пəлденіп, тұмсығыңды көтеретін боларсың деп ойлап едім.
— Жоқ! Десем де, менің бұған миым жетпейді. Бұл — біздің өз
балаларымызды мүлде білмейтініміздің алғаусыз айғағы. Ал бұған
Эллен не дейді екен?
— Төбесі көкке екі-ақ елі жетпей жүрсе керек. Марджи қатты
толқығандықтан аузына сөз түспей қалыпты. Газеттен, теледидардан
келіп сұхбат алатынға ұқсайды, ол өзі теледидардан сөйлейді екен
Марджи бізді өз үйіне шақырып жатыр. Міне, енді біздің
отбасымыздан да əйгілі біреу шықты. Итен, теледидар сатып алу
керек.
— Сатып аламыз. Ертең азанмен дүкенге барам. Айтқандайын,
тапсырыс берсең, өздері-ақ əкеледі екен ғой.
— Мұндайда тартынып қалуға... Ой! Итен, дүкен енді сенікі екені
тарс есімнен шығып кетіпті. Жо-жоқ, сен əлі ештеңе түсінбей отырсың.
Əйгілі адам!
— Біз онымен бір үйдің ішінде, бір шатырдың астында сыйысып
тұра алатын болармыз деген үмітім бар.
— Оның қуанышына көлеңке түсірме! Үйге қайту керек. Олар сағат
жетіден он сегіз минут өткенде пойызбен қайтып келеді. Соған дейін
біз үйде болуымыз керек. Оларды қалай да қарсы алуға тиіспіз.
— Жəне тоқымнан пісіруді де ұмытпа.
— Əрине, пісіремін.
— Қағаздан желбіретіп əдемі əшекейлер жасап қойған жөн болар.
— Сен мұны қызғанышпен қыңыр тартып айтып отырғаннан саусың
ба?
— Жоқ, одан саумын. Бірақ мен осыған қайран қалып отырмын.
Қағаздан жасалған желбіреген əшекейлер көрер көзге көрікті болады.
Үйдің ішінің ажарын айшықтап, сəнін келтіріп тұрады.
— Бірақ соны үйдің сыртына ілудің қажеті бола қоймас. Бұл тым
алапаш болып кетіп жүрер. Марджи айтады, мүмкін, бізге ештеңе де
білмегендей болған дұрыс, бəрін өзі айтсын дейді.
— Жоқ, мен бұған қосылмаймын. Ол бізге өкпелеп қалуы ықтимал.
Мұның өзі біз бұған мəн бермегендей, елемегендей болып шығады.
Жоқ, одан да оны қуанышпен қызу құттықтап, алдынан тоқымнан
алып шығып, сəн-салтанатпен қарсы алған жөн. Мен жарқылдап
ұшқын шашатын ойыншықтар сатып алған болар едім, бірақ, əттең-ай,
əттең десеңші, айналадағының бəрі жабылып қалғанын көрмейсің бе?!
— Мүмкін, дүңгіршектердің бірінен табылар.
— Иə-иə, əлде, бəрі сатылып кетпесе, үйге бара жатқанда жолжөнекей қарармыз.
Мэри мінəжат қылғандай күбірлеп, басын иді.
— Сен дүкеннің иесісің, Аллен — əйгілі, осының бəрі бір мезетте
болады деп кім ойлаған? Итен, тезірек қайтайық. Олар келгенше біз
үйге жетуіміз керек. Неғып, сен осы біртүрлі түксиіп тұрсың?
— Қапелімде басыма қияс бір ой сап ете қалып, көңілімді
абыржытып жібергені — біз осы өзгелер жайлы жөнді дəнеңе білмейді
екенбіз. Оқыс төс сүйегімнің астынан бірдеңе бүріп, іш-өзегімді
суырып əкете жаздады. Бала кезімде жаңа жылды қарсы алып, алатопалаң шапқылап ойнаудың орнына мен де аяқ астынан "бұрыш
жедіге" шалдығып, шат-шəлекей болып қалатын ескі əдетім есіме түсе
кетті.
— Не, не деп кеттің?
— Дебора апай менің осындай "сырлас дертім" ұстап қалғанда маған
"weltschmerza"14 деуші еді, бұл менің соның ырғағына орай тапқан
үндес ұйқасым болатын.
— Ал ол не деген сөз?
— Бұл сенің молаңды қаздар таптап жүр деген.
— Е, солай де! Жоқ, құдай сақтасын. Өйткені мұндай күн біздің
ғұмырымызда əзір болған емес қой. Егер оны лайықты атап өтпесек,
бұл біздің тарапымыздан барып тұрған доңыздық болары сөзсіз. Ал
енді сен қабағыңды ашып күлші, бірақ бұрыш жемей-ақ қой. Бұл өзі
масқара ғой. Бұрыш жегені несі? Барып ақшасын төлеп кел. Мен
жиналайын.
Мен баяғы төрт бүктеліп, шиыршықталған ақшадан төледім де,
Көртышқан мырзадан сұрадым.
— Сіздердің дүңгіршектеріңізде от шашатын ойыншықтардан
қалғаны жоқ па?
— Бар болуы керек? Міне-міне, таптым. Сізге қанша қажет?
— Барын түгел беріңіз, — дедім мен. — Біздің баламыз əйгілі
адамдар санатына қосылып жатыр.
— Солай ма? Сонда мұны қалай деп түсінуге болады?
— Қаз-қалпында, белгілі бір ғана мағынада.
— Дик Кларк15 сияқты ма?
— Əлде Чессмендей16 шығар?
— Сіз қалжыңдайтын боларсыз.
— Ол теледидардан сөйлейді...
— Қайсы станцияда, қашан?
— Оны əлі менің өзім де білмеймін.
— Қалайда қадағалайтын боламын. Есімі кім еді?
— Мына мен сияқты ол да Итен Аллен Хоули. Біз оны Аллен деп
атаймыз.
— Сіз бен Аллен бикемнің мұнда келуі біз үшін үлкен абырой əрі
мақтаныш!
— Хоули бикем.
— Иə-иə, ғапу етерсіз! Біздің жаққа тағы да қайтып соғатын
боларсыздар деген үмітім бар. Мұнда талай-талай айтулылар мен
таңдаулылар келіп тұрады. Олар... мұнда тым-тылсым тыныштық
аңсап келеді...
— Бір батып, бір шығып алып, жыландай ирелендеген сыңсыған
сансыз машиналар тасқынына ілесіп, асықпай алтын жолмен
қайтқанымызда Мэри машинада селт етпей шіреніп отырды да қойды.
— Міне, сені мен енді біле бастадым, сүйіктім. Бейкерлер қайтып
оралды ма екен, əлде оралған жоқ па екен, сен айтшы, қалай деп
ойлайсың?
XVШ тарау
Менің ұлым өзін байсалды, байыптап ұстай білді. Ол бізді жасытып,
жерге қаратқан жоқ, қайта кеңпейілділік көрсетіп, кешірім жасады,
кегін қайтару, өшін алу ойында болған емес. Марапаттау, мадақты,
сондай-ақ біздің құттықтауымызды да ол менменсіп, танауын
көтермей, тым сызылып сыпайылық та танытпай, осылай болуға тиіс
деген сыңаймен табиғи түрде қабылдауға тырысты. Сосын мен
əкелген от шашатын елу шақты ойыншықтың атылып, жанып, ақылтақыл таусылуын күтіп жатпай-ақ орнынан тұрып қонақжайға барып,
креслоға жайғасып алып, өзінің радиоқабылдағышын қосты. Айтпаса
да біздің кінəміз кешірілгені айқын аңғарылды. Мынадай тосын
даңқты оның жасындағы баланың бұлайша сабырлы түрле салқын
қабылдағанын менің тұңғыш көруім еді.
Бұл өзі шынымен бір ғажап кеш болды. Егер Аллен мені өзінің ойда
жоқта атағының аспанға асқақтауымен айран-асыр қалдырса, Эллен де
одан олқы соқпастай қайран қалдырды. Талай жылғы байыпты
бақылауымнан түйгендеріме сүйене отырып, мен Эллен би кеш күйіппісіп, өліп-тірілсе де қалай да інісінің мына дақпыртын даттаудың бір
қисынын келтіруге əлек болатын шығар-ау деп топшылағанмын. Ол
менің бұл үмітімді ақтамады. Қайта Алленді дəріптеуді қолға алды.
Жаның жайлау жазғы кеште қалада кінəратсыз талғаммен
безендірілген алпыс жетінші көшедегі дағарадай кең бөлмеде зерігіп
отырып, еріккеннен ермек үшін теледидарды қосып, соңғы хабарды
тыңдаған сəтте диктордың кенет Алленнің айтулы жеңісі жайлы
жариялағанын аузының суы құрып тамсана əңгімелеген де, міне, осы
кəдімгі Эллен болатын, кімнің сонда не дегенін де, оның кескін-кейпін
де, олар қалай есі ауып, құлауға сəл-ақ қалғанына дейін де тамылжыта
сырдай шерткен де, міне, осы кəдімгі Эллен еді. Аллен болса, ар
жағында алаңсыз отырып апасының өзге де торт лауреаттармен бірге
оның теледидардан сөйлейтінін, миллиондаған көрермендер мен
тыңдаушылардың көз алдында өзінің əйгілі шығармасын оқып
беретіні жайлы мəнжүмəні шімірікпей тыңдап отыра берді. Сөз
арасында Мэридің қуанышқа толы жүрегінен жарып шыққан оһ-аһ та
естіліп жатты. Мен Марджи Янг-Хантқа көз қиығын тастадым. Ол
əнеугүні картамен бал ашқандағыдай томсырайып тұйық отыр екен
Кенет қонақжайға ымырттың күйбең күлгінімен ілесіп беймаза
тыныштық кеп орналасқандай болды.
— Амал қанша, — дедім мен. — Бұл арада сыбайластар қауымына
мұз салған сусын қажет болатын шығар.
— Эллен əкеледі. Эллен қайда өзі? Жаңа туған айдай ол тағы да зымзия жоғалып кетті ме?
Марджи Янг-Ханттың əлденеге тағаты
отырғаны сезілді. Ол креслодан тұрды.
таусылып,
ширығып
— Сіздердің отбасыларыңыздың қуанышы ғой. Мен кетейін!
— Марджи! Сіз де бұған қатыссаңызшы. Əлгі Эллен қайда кетіп
қалды?
— Мэри, менің шамалы шалдыққанымды мойындатып қайтесіз?
— Əрине, ол түсінікті ғой, қымбаттым! Біз тамаша демалдық. Мұның
бəрі мына сіздің арқаңыз.
— Бұлай болғанына менің өзім де ризамын. Бəрі əйбат болды.
Қандай тамаша!
Оның тезірек сытылып шығып кеткісі келді. Ол біздің адал
алғысымызды, Алленнің риясыз ризашылығын естіген бойда асығыс
шығып кетті.
Мэри ақырын ғана:
— Біз Марджиге дүкен жайлы ештеңе айтпадық-ау осы.
— Жарайды, жарайды. Оның шырайлы ұлы мəртебелісінің айдай
ажарына көлеңке түсіріп қайтеміз. Бүгін ол бірінші орында. Осы Эллен
қайда кеткен өзі?
— Ұйықтауға кетті, — деді Мэри. — Сенің мұның əдептілік, өте
орынды, сүйіктім. Аллен, сен бүгін қатты толқыдың ғой. Барып
жатсаңшы.
— Жоқ, осы арада біраз отыра тұрамын, — деді Аллен, моп-момақан
бола қалып.
— Сенің демалуың керек қой.
— Мен онсыз да демалып отырмын.
Қолдау күткендей Мэри маған қарады.
— Мықты бол мықты бол сын сағаты соқты! Сабайын ба? Əлде бізді
жеңіп масаттануыңа мүмкіндік берейік пе?
— Қойшы, ол əлі бала ғой! Оның демалуы керек.
— Оған демалыс емес, басқадай көп нəрсе істеу керек.
— Балалар жақсылап демалуы керек екені жұрттың бəріне аян.
— Сол жұртқа аяңдардың көпшілігі дұрыс емес. Діңкесі құрып
шаршағандықтан бала өліпті дегенді сірə да естігенің бар ма? Жоқ!
Ересек адамдар арасында мұндайлар да ұшырасады. Балалар
дегеніңіз — барып тұрған айлакер ағайын. Олар демалатын кезде
айтпасаң да өздері-ақ дем алады.
— Əйтсе де түнгі сағат бір болды ғой.
— Оның рас, қымбаттым, ертең ол сағат он екіге дейін қорылға
басады, ал біз алтыда атып тұрамыз.
— Сонда сен өзің кетіп, оны осы жерде қалдырасың ба?
— Оны жарық дүниеге əкелгеніміз үшін ол бізден өшін алуға тиіс
қой.
— Сенің не деп сандырақтап отырғаныңды түсінсем бұйырмасын.
Өшін алу дегенің не бəле?
— Кел одан да бəс тігейік, əйтпесе сен шамдана бастағанға ұқсайсың.
— Ашуланбағанда ше? Сенің айтып отырғаның — есуастың сөзі.
— Егер біз екеуміз жатқан соң жарты сағаттан кейін ол да ақырын
жүріп, абайлап барып ұясына кіріп ұйқыға кетпесе, мен саған қырық
жеті миллион сегіз жүз жиырма алты доллар сексен цент айып төлеуге
ант етемін.
Білсең бар ма, мен ұтылдым. Амал жоқ, енді айыбымды төлеуге тура
келеді. Біз жатар алдында қоштасқан соң отыз бес минуттан кейін
атақты баламыздың аяғы басқан баспалдақтың сықыры естілді.
— Сенікі жөн болғанын жаным жек көреді, — деді Мэриім менің. Ол
тың-тыңдап таң күзетуге де кет əрі емес-ті.
— Жарайды, мен қателесіппін, қымбаттым. — Мен бес минут
ағаттық жібердім. Бірақ оның жасында қандай болғаным əлі есімде.
Ол айтып ауыз жапқанша ұйықтап кетті. Элленнің аяғын мысықтай
андап басып баспалдақпен төмен түскенін ол естіген жоқ, мен естідім.
Мен қараңғыға көлбеңдеген қызыл даққа қадала қарап жатқам. Бірақ
мен оның ізінен бармадым, неге десең шкафтың жез кілтінің сырт
еткен дыбысын құлағым шалып қалды да, қызымның бойындағы
батареясына қуат құйып жатқанын бірден біле қойдым.
Қызыл даққа жан біткендей жайраңдап кетті. Ол орнында біресе
былай, біресе олай ойқастап, мен жіті назар аударам дегенше мүлде
көзден ғайып болды. Қарт шкипер де менімен жүздескісі келмей
жалтарғанды шығарды. Ол тіпті сонау... иə-иə, пасхадан бері маған
жоламай қойды. Ол əлгі "көгілдір көкте тұратын жан". Гарриэт апай
емес. Мен өзге түгіл өзіммен дүрдараз болып жүрген кезде Қарт
шкипер ешқашан келмек тұрмақ, маңымды басқан емес. Бүл менің
өзіммен өзімнің қарым-қатынасымның бейнебір белгілі дəрежедегі
төрешісі, əділет таразысы іспетті.
Сол түні мен оны қалай да келуге мəжбүр еттім. Мен төсектің шетіне
аяқ-қолымды созып шалқамнан түсіп, сіресіп жатып алдым. Сосын
бүкіл денемнің, əсіресе мойнымның, бұғағымның бұлшық еттерін
шиыршық аттырып ширатып, жұдырығымды тас қып түйіп, оны
бауырыма қысып, ішіме бастым, сөйтіп едім, ол келді — мен оның
сықсиған суық жанарын, тікірейген аппақ мұртын, бір кезде оның тас
көтерген толағайдай күшті болғанының жəне сол алып күшін аяусыз
жұмсағанының айғағындай еңкіш тартқан жауырынын айқын көрдім.
Мен оған ешқашан басына кимейтін фуражкасын — лакталған
кішкентай жылтыр күнқағары бар, маңдайына айқасқан қос зəкірді
бейнелейтін алтындаған "X" əрпі тағылған кəдімгі көк фуражкасын
зорлап кигіздім. Қарттың қарсылығына қарамай, оны ертіп əкеліп,
өзімнің оңаша орнымның қасындағы ескі айлақтың қираған жақтауына
еріксіз жайғастырдым. Онымен қоймай мен оған үйілген тастың үстіне
отыруға əмір еттім де, қолына сыңар мүйіздің аузынан істелген сəнді
таяқтың жұмыр басын ұстаттым. Бұл таяқпен қажет болса пілді соғып,
сілейтіп салуға да болатын еді.
— Маған керегі — əлденені өлердей жек көретін өшпенділік.
Есіркеу, мүсіркеу, ұғыну, түсіну деген — түкке тұрғысыз бос сөз.
Жанымды жыландай жалап күйдірген азаптан арылуым үшін маған
өзегім талғанша өшпейтін өшпенділік қажет.
Жадымда жатталған естеліктер бірінен соң бірі толассыз туындап
жатты. Бір оқиғаның есте қалған елеусіздеу сəті ойға оралса болды,
ілгері-кейінді, қалаған жағыңа ілкусіз ағыла беретін кинолентадағы
бейнелердей біріне бірі ұласып, көштей шұбап кете береді, кете береді!
Қарт шкипер тірілейін деді. Қолындағы сəнді таяғын көтеріп:
— Сонау.., — деді ол — толқын тосқыштың ар жағындағы үшінші
дөңісті шектеп алып, содан Порти мүйісіне дейін, одан əрі тасыған
теңіз толқынының ең биік тұсына дейін көтеріліп, түзу сызық жүргіз.
Сол сызықтың бойында жарты кабальтовтай жерде ол не оның өрттен
қалған қалдығы жатыр.
— Ал жарты кабальтов деген қанша қашықтық?
— Қаншасы қалай? Үш жүз фут қой. Теңіз тасыған кезде ол зəкірде
тұрған болатын. Сарсылған сəтсіз екі жыл Киттің майы мардымсыз
болды, май құятын кеспектердің жарым-жартысы қаңсып босқа жатты.
Ол түн ортасында өртенді, мен онда жағада едім. Май алаулап
жанғанда айнала түгіл қала да жап-жарық болып кетті. Лаулаған өрт
сонау Оспри мүйісіне сəл-ақ жетпей қалды. Жағаға жақын əкелуге
болмады, өйткені өрт кеме жөндейтін жайға ауысуы ықтимал еді.
Небəрі жарты сағаттың ішінде кеменің су бетіндегі тұлғасы түгел
жанып, күл-қоқыры мен бықсыған шаласы қалды. Ал оның килі мен
фальшкилі əлі күнше сол қалпында теңіздің түбінде жатыр. Олар
еменнен, кницалары да еменнен жасалған-ды, ал емен мына ШелтерАйлендтікі болатын.
— Өрт қалай шықты?
— Оны білмеймін, мен жағада болатынмын.
— Оны өртеудің кімге қажеті болды?
— Кімге дегені қалай? Əрине, кеменің иесіне.
— Оның иесі сіздің өзіңіз емес пе?
— Мен жарты кеменің иесімін. Ондай кемені өртеу менің қолымнан
келмеген болар еді. Оның шпангаутын.. шіркін-ай, қазір қандай
жағдайда екен, көрер ме еді...
— Алла разы болсын, енді бара беріңіз.
— Бұл өшпенділіктің жұмырына жұқ та болмайды, тым мардымсыз.
— Жоқтан жақсы ғой. Тоқтай тұрыңыз, мен осыдан байып алайын
бəлем, сосын қалайда оның килін теңіз түбінен көтеремін. Мұны мен
сіз үшін істеймін. Теңіз тасыған кезде үшінші дөңесті шек етіп Порти
мүйісіне дейін сызықты жүргіземін де, соның бойымен үш жүз фут
жерді өлшеймін. — Мен ұйықтағаным жоқ, ояумын, қолым қарысып
қалыпты. Қарт шпикер сағымдай сейіліп кетпеуі үшін жұдырығым
түюлі, бауырыма басулы болатын, бірақ жұдырығымды жазған бойдаақ мен шырт ұйқыға кеттім.
Перғауын түс көргенде ол өзінің түс жорушыларын шақырған, солар
оның патшалығында не болғанын, не болатынын талдап айтып
берген. Онда еш ағаттық жоқ, бəрі дұрыс, өйткені оның патшалығы —
оның өзі. Ал біреуіміз зауқайым түс көре қалсақ, біз де сарапшыларға
жүгінеміз, олар, əрине, біздің өзіміз болып табылатын елімізде не
болып жатқанын саралап айтып береді. Маған сарапшының керегі жоқ.
Өйткені қазіргі адамдардың көпшілігі тəрізді мен де сəуегейлікке де,
сиқыршылыққа да сенбеймін, əйтсе де кемінде жарты өмірім соларға
зая кетеді.
Көктемде Аллен қапияда қасірет шегіп тұнжырап жүрді де, құдіреті
күшті құдайдан, ата-анасы бізден ашынған өшін алу үшін кенет өзін
атеист-құдайсызбын деп жариялады. Мен оған "тым аптығып асыра
сілтеме, өйткені құдайсыздар қосынына қосылсаң, қара мысық
жолыңды кесіп өткенде ол пəлекетті аластап, сол иығыңнан асырып
түкіре алмайсың, баспалдақпен жүргенде үрейленуден қаласың, жаңа
туған айдан жақсылық тілеп жалбарына алмайсың" деп ақылымды
айттым.
Өзі көрген түстен үрейі ұшатындар, сірə да, көргендерінен танғысы
келіп, түс көрмедім деп өзеуреп, өзгені де, өзін де иландыруға
тырысады. Менің көрген түсімді түсіндіру онша қиын да емес, бірақ
одан оның үрейі де, қорқынышы да кемімейді ғой.
Біреулер арқылы болса да, əйтеуір ебін тауып Дэннидің өтінішін
маған жеткізді. Ол ұшақпен бір жаққа ұшқалы жатқанға ұқсайды. Сол
себептен де маған өзінің бірер тапсырмасын орындауды өтініш етсе
керек. Мэриге сыйлауға оған құлақшын қажет болыпты. Оның өзі жəне
де менің үйде киетін кебісімдей қоңыр түсті əрі қой терісінен істелген
күдеріден тігілген, бейсболдың каскеткасындай қалқиған күнқағары
болуға тиіс. Сосын тағы желдің жылдамдығын өлшейтін аспап
сұрайды, ол да кəдімгі зырылдап тұратын бармақтай темір
табақшалары бары емес, поштаның ашық хатындай жұқа картоннан
жасалған болғаны абзал. Жəне де ол жел өлшегіштің бамбукке
қадалғанын қалайды екен Сонымен қатар ұшар алдында ол менімен
жүздескісі, білдескісі келетінін қайта-қайта тапсырыпты. Мен оған
барарда Қарт шпикердің сыңар мүйіздің азуынан жасалған сəнді
таяғын ала кеттім. Ол ауыз үйдегі қолшатырлар қоюға арналған пілдің
аяғында тұрған-ды.
Осы пілдің аяғын бізге сыйлаған кезде оның сарғайып кеткен аюдай
арбиған тырнақтарын көріп, мен балаларға:
— Кімде-кім оның тырнағын шұқылайтын болса, сазайын тартады.
Түсіндіңдер ме? — дедім.
Менің сесімнен сескенген болса керек. Сондықтан да пілдің
тырнақтарын Мэридің бөлмесіндегі туалет үстелінен алған алқызыл
бояумен мен өзім бояуыма тура келді.
Мен Дэнниге жолығуға Маруллонның "понтиагімен" бардым.
Əуежай дегені Нью-Бэйтаунның пошта үйі болып шықты. "Понтиакті"
қойып сыңар мүйіздің азуынан жасалған сəнді таяқты артқы
отырғышта қалдырып, шығуға ыңғайлана бергенімде, ішінде
сүмірейген екі полицейі бар полиция машинасы жанай келіп тоқтай
қалды. Іште отырғандар:
— Отырғышқа олай тастап кетуге болмайды, — деді.
— Бұл сонда заңға қайшы келе ме?
— Білгірсігің келеді екен?
— Жоқ, əншейін сұрап жатқаным ғой.
— Ендеше, сізге айтылды ғой: олай қалдырып кетуге болмайды.
Дэнниді пошта үйінің арт жақтағы бөлмесінен таптым.
Поштамен жіберілген заттарды жинастырып жатыр екен. Басында
күдері малақай, қолында картоннан істелген жел өлшегіш, жүзі жүдеу,
ерні добардай кезерген, саусақтары құдды ара талағандай быртиып
ісіп кеткен.
Ол орнынан тұрып қолын ұсынды, менің оң қолым іркілдеген
резина сияқты жып-жылы бірдеңеге сүңгіп кетті. Маған ол өзі ауыр,
кілт тəрізді кішкентай бірдеңені ұстатты, алайда онысы кілт емес,
мінсіз жонылып, мұқият өңделген екі жақ қыры пышақтай қылпып
тұрған темірден жасалған зат болатын, алақанымның сезгені болмаса
соның не екенін анықтап қарағаным да жоқ, білмедім. Мен оны
құшақтап сүйдім, ернінің кезеріп, тобарсып кеткенін ернімнен ғана
сездім. Сол сəтте алқынып, бүкіл денем қара суық қарығандай
қалшылдап, ұйқыдан шошып ояндым. Таң жаңа сыз беріп, қылаулап
атып келеді екен. Суреттегі көгілдір көл айқын көрінеді, ал бірақ
тілерсектен су кешкен сиырдың сұлбасы əлі көмескі, мен болсам, оның
тілім-тілімі шығып кезерген ернінің тобарсыған сыңайын ернімнен
сезіп жаттым. Мен дереу орнымнан атып тұрдым. Неге десең, төсекте
жатып, əлгінің бəрін қайта ойлап, жанымды жадатқым келмеді. Кофені
демдемей тұрған бойда тура пілдің аяғын барып қарадым, сəнді таяқ
деп аталатын айбарлы шоқпар, əйтеуір, орнында екен.
Тамылжыған жазғы таңның осы бір тылсым сəті тым-тымырсық
ыстық болатын. Өйткені ерте жететін елгезек саумал самал əлі
желегін түріп желпи қоймаған. Бұлыңғыр көше татауы тарамаған
күмістей сəл алагеуімденіп, тротуарда адамдар бастан кешкен өткен
күннің сілеміндей алуан түрлі қоқыстар қобырап жатты. "Фок-мачта"
əлі жабық, əйтсе де менің де кофе ішуге онша зауқым соқпады. Мен тар
көше жақтан келіп, қапталдағы есікті ашып, дүкенге басымды сұғып
едім, тоңазытқыштың артында тұрған қалпақ салынған былғары
қорапты көзім шалды. Сол тұстан кофе салынған бір қалбырды алып
аштым да, ішіндегісін қоқыс тастайтын ыдысқа аудардым. Сосын
қойыртылған сүттің құтысын екі жерден тесіп, одан əлгі бос қалбырға
шамалы құйдым, барып бүйірдегі есікті ашып, жабылып кетпес үшін
астына сына қыстырдым да, табалдырықтың алдына сүт құйылған
қалбырды апарып қойдым. Мысық, əрине, көше жақта көз алмай аңдып
тұрған-ды, бірақ əбден əккі болған бəлекет мен дүкенге кіріп кеткен
соң барып қана сүтке ұмтылды. Есіктің босағасынан қарап тұрған мен
алагеуім əлі тарай қоймаған көшеде сұр мысықтың сылп-сылп сүт ішіп
жатқанын анық көрдім. Ол тояттап қалбырдан басын көтергенде оның
едірейген аппақ мұртынан сорғалап сүт тамшылап тұрды. Ол шоқиып
отырып, азанғы астан кейін тұмсығы мен аяғын асықпай бипаздап
жалай бастады.
Мен қалпақтың қорабын ашып, ішінен бірінің үстіне бірін қаттап
тізген өткен сенбіде кесілген чектерді алдым. Сосын барып банктің
сары пакетінен үш мың долларды шығардым. Дүкеннің кірісі мен
шығысын теңестіріп, ретке келтіргенше бүл үш мың долларды мен
əзірге қолдан шығармауға ұйғардым. Ал қалған екі мың долларды
қайтадан апарып Мэридің есебіне салу керек, мына үш мың долларды
мүмкін болған сəтте қайтарған жөн. Отыз қағазды санап мен өзімнің
жаңа əмияныма салдым, ол бар болғырың артқы қалтамды қампитып
жіберді. Сосын қоймадағы жəшіктер мен қораптарды алып шығып,
оларды ашып, қаңырап қалған текшелерге жайғастырып, тапсырыс
беру қажет-ау дегендерін тауар оралған қағазға жаза бастадым.
Босаған ыдыстарды тар көше жаққа шығарып қойдым, кейін жүк
машинасы келіп сол арадан алып кетеді, ара-арасында барып кофенің
қалбырына тағы да сүт құйдым, бірақ мұнда мысық қайтып жоламады,
əлде тояттады ма, əйтпесе əлде оған əманда ұрлап ішкен ұнай ма,
онысын кім біліпті?!
Бір күннің бір күнге ұқсамайтыны сияқты жыл да жылдан бөлек:
ауарайы басқаша, жөн-жосығы бөтен, көңіл күйі өзгеше. 1960 жыл
өзгеріс жылы болды. Мұндай жылдары санаңнан саңылау іздеген күдік
шіркін алаң көңілді арандатып, түрткілеп үрейді оятады да, іштен
жеген жегідей тымырсық наразылық тұтанып, ақыры буырқанған
бұзақы кекке ұласады. Мұндай бұлыңғыр бұлғақ жағдай тек менің өз
басымда ғана емес, тек Нью-Бэйтаунның тіршілік-тынысында ғана
болып қалған жоқ-ты. Бізді алда президент сайлауы күтіп тұрды, соған
орай əр көңілді алаңдатқан түйткіл тұстар, түсінісер жəйттер
табылары күмəнсіз ғой, міне, осындай оралымсыз ойлар орайласа,
бірімен-бірі селбесіп, үдей келе айбарлы абыржуға, үрейге ұласып
барып ызбарлы ыза-кекке, дүлей дүрбелеңге, тасыр толқуға айналды.
Бұлай біздің елде ғана емес, бүкіл əлемде үркін үрей дабылдап,
наразылық арындап, қайнаған кек қатерлі апатқа ақтарылар арна
іздеп, өршіген үстіне өршеленіп, өшіге түсті. Африка, Куба, Оңтүстік
Америка, Еуропа, Азия, Таяу Шығыс — бəрі-бəрі толассыз толқудан
жарыста кедергіден қарғыр алдында ширыққан бəйге атындай
қалтырап, қалшылдап тұрды.
Бесінші шілдедегі сейсенбінің айтулы күні бүкіл жыл бойғы
күндердің бəрінен де айбынды күн боларын мен білдім. Тіпті бар ғой,
соның бəрі қалай болатынын мен алдын ала білдім десем де, артық
болмас. Рас, бəрі менің ойымдағыдай болып шыққандықтан да енді
оны саралау да, тексеру де қиын.
Тық-тық етіп тыпылдап, уақытты мінсіз өлшеуге болатын он сегіз
тастан тұратын амортизациялы Бейкер мырзаның банк ашылудан бір
сағат бұрын тоқылдатып, дүкеннің есігін қағатынына мен күні бұрын
көрегендік жасаған болсам керек. Мен саудаға кіріспей жатып-ақ ол
жетті. Оны ішке кіргіздім де, есікті жауып алдым.
— Бұл не деген сұмдық? — деді ол. — Мен сапарға шығып кетіп
едім, мұндағы жағдайдан мүлде хабарым болсайшы? Əйтсе де
құлағыма тиген бойда шұғыл келіп жеткенім осы.
— Сіз не жайлы айтасыз, мырза?
— Не жайлысы қалай? Біздің кентте болған оқыс оқиға жайлы
айтам. Өйткені олардың бəрі менің достарым, менің байырғы
достарым ғой. Бір əрекет жасау керек шығар?
— Сайлауға дейін тек айыптау жарияланғаны болмаса, тергеу
жүргізілмейді.
— Білем. Бəлкім, бізге олардың айыбы жоқ екеніне адал сенімімізді
білдіріп, мəлімдеме жасаған жөн болар? Егер қажет болып жатса,
газетке ақысын төлеп, хабарландыру берген де артық болмас па екен?
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алаң Көңіл Ақпаны - 23
  • Parts
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 01
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2293
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 02
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2241
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 03
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2172
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 04
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2424
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 05
    Total number of words is 4119
    Total number of unique words is 2311
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 06
    Total number of words is 4007
    Total number of unique words is 2225
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 07
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 2286
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 08
    Total number of words is 4057
    Total number of unique words is 2309
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 09
    Total number of words is 4081
    Total number of unique words is 2266
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 10
    Total number of words is 4016
    Total number of unique words is 2207
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 11
    Total number of words is 4150
    Total number of unique words is 2203
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 12
    Total number of words is 4105
    Total number of unique words is 2308
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 13
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2262
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 14
    Total number of words is 4017
    Total number of unique words is 2434
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 15
    Total number of words is 3985
    Total number of unique words is 2473
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 16
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2362
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.3 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 17
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2332
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 18
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2366
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 19
    Total number of words is 4056
    Total number of unique words is 2301
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 20
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2350
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 21
    Total number of words is 4064
    Total number of unique words is 2417
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 22
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2315
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 23
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2191
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 24
    Total number of words is 4021
    Total number of unique words is 2343
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 25
    Total number of words is 657
    Total number of unique words is 503
    40.1 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.