Latin Common Turkic

Алаң Көңіл Ақпаны - 23

Total number of words is 4000
Total number of unique words is 2191
33.1 of words are in the 2000 most common words
47.2 of words are in the 5000 most common words
54.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
— Қайсысына, мырза? "Бэй-харбор мессенджер" тек бейсенбіде ғана
шығады.
— Əйтсе де бəрібір бірдеңе жасау керек қой.
— Əрине.
Біз онымен осындай ресми сөздермен пікір алыстық. Менің
білетінімді ол əлде білген де болар. Қалай десе де ол ақкөңіл адал
пейілімен алғаусыз алаң болып абыржитынын білдіргісі келгендей,
менің жүзіме жасқанбай қарағандай сыңай танытты.
— Егер біз əрекет жасамасақ, сайлауда бəрінің астан-кестені
шығады. Жаңа кандидаттар ұсыну керек. Біздің басқадай амалымыз
жоқ. Ескі достарға мұндай қиянат жасау, əрине, қиын, бірақ біздің мына
кілең
өсектен
өлген
немелерді
еркінсітіп,
есіртіп
қоя
алмайтынымызды олар білмегенде, олар түсінбегенде кім біледі, кім
түсінеді.
— Ал сіз олармен сөйлестіңіз бе?
— Олар қатты күйзелісте, төбеден жай түскендей жапа шегуде. Не
болғанын саралап, ой түзуге де олардың мұршасы болмаған. Марулло
қайтып келді ме?
— Ол өзінің орнына басқа біреуді жіберіпті. Мен дүкенді үш мың
долларға сатып алдым.
— Тамаша болған. Бүл су тегін. Ал қағаздары сізде ме?
— Иə.
— Егер əлдеқалай бірдеңе деп жүрсе, купюрлердің саны менде
жазулы.
— Ол ештеңе демейді. Оның өзінің де кеткісі келеді. Мұның бəрінен
ол əбден жерініп болған.
— Мен сіздің Маруллоңызға, сірə да, сенген жан емеспін. Не істеп, не
қойып жүргенінен де мұқым хабарым жоқ.
— Мырза, сонда сіздің ойыңызша, ол алаяқ па?
— Ол сауырын сипатпайтын шұнақ қу, жымын білдірмейтін барып
тұрған екі жүзді. Егер бар мүлкін, меншігін сатып үлгерсе, онда ол —
шылқыған бай. Алайда үш мыңға түскен дүкен — су тегін.
— Ол маған қашан да жылы қабақ, жақсы рай көрсетіп жүретін.
— Иə, солай болса, солай шығар. Ол кімді жіберіпті, ұяластарының
біреуі болар.
— Жоқ. Мемлекеттік шенеунікті жіберіпті. Марулло, білесіз бе,
маған алаңсыз сенетін.
— Бейкер басын ұстады — бұл ғадет оның ғұмырында болмаған
жəйт.
— Қалай бірден менің ойыма келмеген? Сіз, басқа кім болушы еді, ол
сіз ғана! Тəрбиелі тəуір отбасынан шыққан, оңды адам, дүкеннің иесі,
кəсіпкер, жұртқа сыйлы. Мұнда сіздің қас-дұшпаныңыз жоқ. Əрине, сіз!
— Мен не?
— Мэрге кандидат.
— Менің кəсіпкер болғаным сенбіден бері ғана ғой.
—Сіз мені шүбəсіз түсініп тұрсыз. Сіздің төңірегіңізде біз жаңадан
байсалды бір топ құрамыз. Дұрыс, бұл — оңтайлы жол орынды шешім.
— Азық-түлік дүкенінің сатушысынан қаланың əкімі — мэрі болуы
қалай?
— Хоулиді ешкім, ешқашан тек дүкеннің сатушысы ғана деп санаған
емес.
— Өзгені қайдам, мен өзім солай деп санағанмын. Мэри де солай деп
санаған.
— Əйтсе де енді бəрі басқаша болады. Өсектен өлген сүмелектер
суырдай індерінен шығам дегенде, біздің мұны жұртқа жариялап
жіберуіміз де əбден мүмкін.
— Менің мұны ойлануым, басынан аяғына дейін мұқият ойлануым
керек.
— Оған уақыт тапшы.
— Бұрын кімді көздеп едіңіздер?
— Бұрын деген ол қай уақыт?
— Муниципалитетті өрт шалғанға дейін. Жақсы, жарайды, кейін
сөйлесерміз. Сенбіде сəтті күн болды, жұрт дүкендегінің бəрін
сыпырып алып кетті. Таразы болмаса, сататын дəнеңе қалмады.
— Итен, бұл дүкенмен бірге сенің ісің оңға басатын сыңайы
байқалады. Менің саған берер ақылым: саудаңды шамаң келгенше
кеңейт те, кейін оны сатып жібер. Сіз қаладағы беделді адамдардың
бірі боласыз, ондай адамға сатып алушыларға қызмет көрсету
ыңғайсыз болады. Ал Дэнни қалай? Одан хабар-ошар бар ма?
— Жоқ. Əзірге тым-тырыс.
— Сіз оған бекер-ақ ақша бергенсіз.
— Иə, оныңыз рас. Мен оған жақсылық жасадым деп ойлап едім.
— Əрине, əрине.
— Бейкер мырза, мəртебелім, айтыңызшы осы, "Əсем Адэрге" не
болып еді?
— Не болғаны қалай? Ол өртеніп кетті ғой.
— Айлақта ма? Өрт қайдан шықты, мырза!
— Сіз де сұрайтын кезді тапқан екенсіз. Мен оның жайын
басқалардың айтуымен ғана білемін. Онда мен баламын - есімде жоқ.
Ескі кемелерге шылқыған киттің майы сіңіп қалған ғой. Бəлкім,
теңізшілердің біреуі шырпы тастап жіберген болуы да ғажап емес.
Сіздің атаңыз шкипер болатын. Ұмытпасам, ол жағада болған ғой
деймін. Алдында ғана кезекті сапардан оралса керек.
— Жүзу сапары сəтсіз болды.
— Иə, солай деп айтып жүрді.
— Қамсыздандыруды алу қиын ба еді?
— Тексеру əрқашан да жүргізіледі. Менің есімде қалғаны — ақшаны
бірден бермейтін сияқты еді, алайда біздер, Хоули мен Бейкерлер,
тиістісін толық алдық-ау деймін.
— Менің атам "Əсем Адэрді" біреулер өртеп жіберді деген еді.
— Құдай сақтасын, неге?
— Ақша алу үшін. Кит аулау кəсібі қожырай бастады емес пе?
— Оның бұлай деп айтқанын естісем, құлағым керең болсын.
— Естіген жоқсыз ба?
— Итен, сонда не дегіңіз келіп түр? Неғып сіз кенет көзімен
көргендер былай тұрсын, тіпті естігендердің өзі қалмаған естен кеткен
ескі оқиғаны жаратқанның жарық дүниесіне сүйреп алып шықтыңыз?
— Кемені өртеу деген сұмдықтың сұмдығы ғой. Бұл адам өлтірумен
бірдей. Қашан болса да қалай да бір күні мен оның килін су түбінен
көтеремін.
— Оның килі дейсіз бе?
— Қайда жатқанын мен білем. Жағадан небəрі жарты кабельтов
жерде жатыр.
— Оның сізге қажеті қанша?
— Ағашы шіріді ме, жоқ па, көргім келеді. Өйткені "Əсем Адэр"
Шелтер — Айлендтің еменінен соғылған ғой. Егер килі тірі болса,
демек, оның да өле қоймағаны. Егер сіз темір сандықтың ашылуына
бата бергіңіз келсе, онда сіздің де, сірə, баратын уақытыңыз тақап
қалса керек. Менің де дүкенді ашатын кезім болды.
Сол сəтте оның ішкі тетіктері істей бастады, ол тик-так, тик-так —
өзінің банкісіне қарай аяңдады.
Биттерстің келуін де, өзімше ойлаймын, мен күткен болсам керек.
Өйткені ол байғұсқа, шамасы, есіктің алдында аңдып тұруға тура
келді-ау деймін. Бейкер мырзаның кетуін тағатсыздана тосқан ол əлі
де сол маңдағы үйдің бұрышынан сығалап тұрған болуы да ықтимал.
— Бүгін сіз менің аузыма қақпақ болмайтын шығар деген үмітім бар.
— Оның қажеті қанша?
— Өткенде сіздің неге ренжігеніңізді мен түсінем. Менің əрекетім,
сірə, жөнсіздеу болды-ау, шамасы...
— Мүмкін, солай да болар.
— Енді қалай, менің ұсынысымды ақылға салып көрдіңіз бе?
— Əрине.
— Қалай деп ұйғардыңыз?
— Бестен гөрі алты пайыз тəуір-ау деп ұйғардым.
— Фирма бұған бармайды-ау деген күдігім бар.
— Өздері білсін.
— Мейлі, онда бес жарым-ақ болсын.
— Қалған жартысын сіз өз есеңізден қосасыз да.
— Ой-ой-ой! Мен сізді ашық ауыз аңқау ма деп ойлап қалып едім.
Сіздің түйені түгімен жұтар түріңіз бар ғой!
— Келіссеңіз осы, келіспесеңіз, жолыңыз бол сын!
— Жарайды, ал сонда қандай тапсырыс болады?
— Кассаның қасында тізім жатыр, бірақ ол əлі толық емес.
Мен жазған бір жапырақ қағазды ол қолына алды.
— Шамасы, сіз мені қармаққа мықтап түсірген түріңіз бар.
Сазайымды тартам ба деп қорқам. Ал толық тізімін бүгін алуға болмас
па екен?
— Дұрысы, ертең, ертең тізім толығырақ болады.
— Онда барлық тапсырыс сізге ауысады деп топшылау керек
шығар.
— Егер тіл табыссақ.
— Иə. Жарқыным, сіз өз қожаңызды ашса алақанда, жұмса
жұдырықта ұстап отырған түріңіз бар, "көп асқанға бір тосқан" дегенді
естуіңіз бар ма еді?
— Оны кезінде көре жатармыз.
— Ие-е, жарайды, ендеше, кезбе саудагерлердің күші көңілін күштеу
үшін, мүмкін, мен ертеңге дейін тағы айналып соғуға үлгеріп
қалармын. Бауырым сіз, еркек емес, мұз-мұнарасыз-ау деймін осы.
Мынадай, япырым-ай, келіншек тұрғанда!
— Əйелімнің құрбысы ғой.
— Міне, гəп қайда жатыр? Түсінікті. Жалтақтамай, жаутаңдамай
тайраңдап жүріп қыдыруға үйге тым жақын. Ішіне найза бойламайтын
сіз қу екенсіз. Мен мұны енді ұқтым. Алты пайыз! Əй-əй-əй! Ертең
азанда.
— Егер үлгерсем, əлде бүгін кешке қарай.
— Жоқ, одан да ертең азанда.
Сенбіде сатып алушылар топ-тобымен топырлап кетті. Сауданың
бүгінгі, сейсенбідегі қарқыны мүлде басқа болатын. Жұрт жайбарақат.
Олар қалада болған оқыс оқиғалар жайлы сөйлескісі келеді. Олар:
қандай өкінішті, жексұрындық, сұмдық, масқара деп даурығады, бірақ
сөйте тұра, соның бəріне таңырқай тамсанады. Біздің кентте мұндай
оқиғаның болмағаны əлдеқашан. Сонда да Лос-Анджелесте өтетін
демократиялық партияның съезі жайлы мəнəйім аузына алған бір
пенде табылсашы! Рас, Нью-Бэйтаун да республикалық дəрежедегі
қала, əйтсе де жалпы бізде көбіне-көп өзі жайлы, өз мүддесі жайлы
ойлайды. Мына қазір біз моласын таптап жатқан адамдарды бəріміз де
жақсы танимыз.
Сағат он екілер шамасында Стонуэлл Джексон дүкенге келді, өзі бір
түрлі əбден шаршап, діңкесі құрып тұрған жандай қабағы қатулы.
Мен май құйылған құтыны текшеге қойдым да, тұтамдай сыммен
ішінен тапаншаны іліп алдым.
— Міне, мынау, бастық. Осы айғақтан мені құтқарыңызшы. Менің
мазамды май ішкендей етіп болды.
— Бірдеңемен тазалап сүртіңіз. Мына қараңыз, көрдіңіз бе? Бұл
дегеніңіз баяғыда шыққан ескі "айвер-джонсон" ғой. Дүкенде отыра
тұратын сіздің біреуіңіз бар ма?
— Жоқ.
— Марулло қайда?
— Ол кетіп қалған.
— Сізге аз уақыт сауданы доғара тұруға тура келеді.
— Бастық, сондай-ақ не боп қалды?
— Мына бір шаруа... Əлгі Чарл Прайордың ұлы үйінен қашып кеткен
көрінеді. Ішетін салқын бірдеңе табылмас па екен?
— Қалағаныңыздың бəрі бар. Оранжад, крем-сода, лимонад, кокакола — қайсысы?
— Онда лимонад. Чарли біздің өзі біртүрлі қызық адам ғой. Оның
ұлы Том сегіз жаста. Бүкіл əлем өзіне қарсы деп ойлаған ол үйінен
қашып, қарақшыларға барып қосылуға ұйғарады. Чарлидің орнында
басқа біреу болса, жақсылап тұрып оның жонын тілген болар еді.
Чарлидің оған дəті шыдамайды. Жарайды, сонымен мына
лимондарыңызды ашасыз ба?
— Кешіріңіз. Мінекей, мархабат етіңіз. Чарли тамаша адам ғой, бірақ
бұл араға менің қандай қатысым бар?
— Өйткені оның тіршілігінің бəрі тосын, жұрттан өзгеше ғой. Ол
Томды бүл қыңыр қиялдан емдеудің оңтайлы жолы - оған қолұшын
беріп, көмектесу деп ұйғарса керек... Сөйтіп, олар азанғы асқа тойып
алған соң жастықты жамылғыға орап, түрлі-түрлі тамақты тау ғып
дайындапты. Əлдеқалай қорғануға қажет бола ма деп Том жапон
семсерін өзімен бірге ала кеткісі келген екен, бірақ сырықтай
сүйретіліп, жер-көкке сыймайды. Амалсыз найзаға келіседі. Чарли оны
машинамен қала сыртына жеткізіп салады да, ол сол арада сапарына
аттанады. Ал ол оны Тейлорлар шалғынының маңына — сіз оны
білесіз ғой, бұрын Тейлор мекенжайы тұрған тұсқа жеткізіп, түсіріп
кетіпті. Чарли бірден қайтып кете бермей, баласын сырттай
бақылайды. Ал ол болса, ең алдымен жайғасып отырып, алты сэндвич
пен пісірілген екі жұмыртқаны түгел соғып алады. Сосын буыншақтүйіншегін көтеріп, найзасын қолына алып, Тейлорлар шалғынынан
кесіп өтіп кете барады, Чарли кейін қайтады. Міне, осылай. — Оның не
жайлы айтқанын мен білем, мен білдім. Ақырына дейін тағатым
жеткеніне көңілім бірленгендей, «уһ» деп кеудемді керіп бір
демалдым.
— Сағат он бірдің шамасында бала өкіріп жылаған бойы жүгіріп
жолға шығады, бір машинаны тоқтатады, сол оны үйіне əкеп салады.
— Стони, мен кім екенін білдім. Дэнни.
— Амал нешік. Иə, сол Ескі үйдің астындағы апанда. Тек екі шөлмегі
ғана босаған бір жəшік виски, ұйықтататын дəрі салынған шыны
сауыт. Ит, сізге мұндай өтініш айтуға өзімнің де көңілімнің құлқы жоқ.
Ол сол арада ұзақ жатып қалыпты, содан да болар, беті біртүрлі.
Бəлкім, жабайы мысықтардың əрекеті шығар. Оның бір жерінде
тыртығы əлде белгісі бар ма еді, сіздің жадыңызда жоқ па?
— Бастық, мен оны көргім келмейді.
— Кімнің көргісі келеді дейсіз? Əйтсе де қалай, тыртығы бар ма еді?
— Сол аяғының тізесінен жоғарырақ жерде тыртық болуы тиіс... Ол
тікенек сымға аяғын остырып алған-ды. Жəне де, — мен жеңімді
түрдім, - өшпейтін етіп салынған мынадай жүректің суреті бар.
Сонау жалаңаяқ шаң түткен бала кезімізде екеуміз бірге
салдырғанбыз. Əуелі суретті ұстараның жүзімен тіліп-тіліп салдық та,
артынан сол араға сіңіріп сия жақтық. Əлі күнге дейін түр, міне,
көрдіңіз бе?!
— Дұрыс... бұл жарайды. Тағы қандай белгісі бар?
— Сынған қабырғасын алғаннан соң сол жақ бүйірінде қалған тағы
бір үлкен тыртығы бар. Кезінде ол өкпесі қабынып ауырған болатын,
онда қазірдегідей құрал-сайман болған емес, оған өкпенің көк етіне
жиналған сарсуды шығару үшін арнайы түтік қойған еді.
— Егер сынған қабырғасын алып тастаған болса, онда соның өзі де
жетіп жатыр. Ендеше, мен де қайтып бармаймын. Орындықта
жайбарақат жалпиып отыра бергенше коронерде қимылдап, бір əрекет
істесін де. Мына өзіңіз айтқан белгілер жөнінде ант етуге тура келеді.
— Мақұл Тек əйтеуір оның жүзін көруге мəжбүр етпесеңіз болғаны. Ол..
Стони, сіздің өзіңіз де білесіз ғой, ол менің досым болатын.
— Білем оны, Ит. Жұрттың не деп жатқанын естідіңіз бе, сізді қалаға
мэр болады екен деп гуілдесіп жүр.
— Естіп тұрғаным осы. Бастық... осы арада бір-екі минут бола
тұрыңызшы.
— Менің қауырт шаруам бар, кетуім керек.
— Мен қарсыға ұшып барып бірдеңе ұрттап келгенше, екі-ақ минут
аялдасаңыз, жетіп жатыр.
— Е! Енді түсіндім! Əрине, оған сөз бар ма! Жүгіріңіз, жүгіріңіз! Жаңа
мэрмен тату болғанға не жетсін!
Мен онда барып іштім жəне бір шөлмегін өзіммен ала келдім. Стони
кеткен соң қолыма түскен жарты жапырақ қағазға баспа əрпімен:
"екіде келемін" жаздым да, есікті жауып, перделерді түсірдім.
Тоңазытқыштың ар жағында тұрған қалпақтың бос қорабына барып
жайғастым да, сəл жасаң жасыл тартқан бұлыңғыр ымырттың бұйығы
құшағында өз дүкенімде — өзімнің меншікті дүкенімде тапжылмай
ұзақ отырдым.
ХІХ тарау
Үшке он минут қалғанда мен қапталдағы есіктен шығып, бұрыштан
айналып банкке көтерілдім. Өзінің кəдуілгі темір торында отырған
Морфи аядай терезенің көзінен бір буат ақшаны, чекті, сары пакет пен
толтырған ордерді қабылдап алды. Сосын банк кітапшасының ашық
бетінің арасына тарақтап саусағын басып отырып, ұсақ сандарды
моншақтай тізіп, өрнектеп жаза бастады. Кітапты ұсынғандай
ишаратпен маған қарай ысырды да, бейнебір басы айналып, көзі
қарауытқандай беймаза сыңаймен сұқтана қарады.
— Мен оны айтқым келмейді, Итен. Сіздің досыңыз болғанын білем.
— Рахмет.
— Асықпасаңыз болмайды, əйтпесе əйгілі ақыл-ой тресімен қарсы
ұшырасып қалуыңыз кəдік емес. Əйтсе де ашқа тартқан кешке
тартадының кері болды. — Кім білсін, əлде Морфи хабарлап үлгерген
шығар. Күңгірт əйнекті есік ашылды да, əдеттегідей сыңайы, ширақ, ақ
шашты Бейкер мырза байсалды түрде:
— Итен, сіз маған кіріп шықсаңыз қайтеді?! — деді.
Артқа қалдырып, алысқа сілтеудің қажеті не? Мен оның алагеуім
аядай бөлмесіне кірдім. Ол менің соңымнан тіпті есіктің кілтін де сырт
еткізбей ақырын ғана жапты. Кабинеттегі үстел үстіне жабылған
шынының астында бір парақ қағазға телефон сандары тізіліп
жазылыпты. Оның арқалығы биік креслосының қасында келушілерге
арналған егіз бұзаудай екі кресло түр. Олар да отыруға ыңғайлы, бірақ
директордың креслосына қарағанда сəл аласалау да əрі жатағандау.
Мен отырғанда Бейкер мырзаға төменнен жоғары ақшиып қарағандай
болдым, ал бүл мені өтініш айтып жалбарынған жандай жайсыз
жағдайға душар етті.
— Қайғылы жағдай.
— Иə-ə.
— Бірақ бұған өзіңізді жалғандағы жалғыз кінəлі деп санамай-ақ
қойыңыз. Шамасы, тағдырдың жазуы осылай шығар.
— Болса болар.
— Сіздің досыңызға жақсылық жасағыңыз келгеніне күмəнім жоқ.
— Мен оған айығуға септігін тигізер деп ойлаған едім.
— Əрине.
Өшпенділік ақтарылған өттей өзегіме құйылып, өртей бастады,
тіпті өн бойымды буып, тынысымды тарылтқаны сондай, мен
кеудемді кернеген кектен гөрі жаныңды жейтін жосықсыз жиіркенішті
сезінгендей болдым.
— Мұның мəн-мағынасы, қайғылы қаза болғанын айтпағанда, бұл
өзі кейбір қиын жағдай, келеңсіз жəйтке себепкер болатын түрі бар.
Оның туған-туысқандары бар ма еді, сіз білесіз бе?
— Меніңше, жоқ.
— Ақшасы бардың əрқашан туысқандары табылады.
— Оның ақшасы да болған жоқ.
— Бірақ банкке кепілдікке салынбаған Тейлордың шалғыны бар
ғой.
— Солай ма еді? Иə-ə, шалғын мен апандағы аядай ін.
— Итен, біз өзіміздің округке қызмет ететін əуежай салғымыз келеді
деп сізге айтып едім ғой. Тейлорлар шалғыны тақырдай теп-тегіс. Егер
біз оны қолға түсіре алмасақ, онда анау дөң-төбелерді қопарып
тегістеуге тура келеді, ал бұл дегеніңіз миллиондаған долларға түседі.
Енді көрмейсіз бе, егер мұрагерлер шықпаған күннің өзінде де сот
арқылы əрекет жасауға мəжбүр боламыз. Бұған айлар кетеді.
— Түсінікті.
Ол бұрқан-тарқан болды.
— Сізге тук те түсінікті емес. Сіздің қайырымдылығыңыздың
арқасында бұл жердің бағасы шырқап кетейін деп отыр, тіпті оған
маңайлай алмайсыз. Мен осы кейде бұл жалғандағы ең қатерлі жандар
қайырымдылар болар ма деп ойлап қаламын.
— Бір есептен сіздікі де жөн шығар. Мен дүкенге барайын.
— Дүкен енді сіздікі ғой.
— Иə, шынында солай. Бұған əлі үйренісе алмай жүрмін. Ұмыта
берем.
— Бір сіз ғана мұны ұмытып жүрген жоқсыз. Сіздің оған бергеніңіз
Мэридің ақшасы болатын. Енді онымен оның қош айтысуыңа тура
келеді. Сіз оны құр далаға лақтырып тастадыңыз.
— Дэнни менің Мэриімді жанындай жақсы көруші еді. Ақша соныкі
екенін ол білген-ді.
— Ол сылтау, жұбаныш бола алмайды.
— Мен оның қалжыңы болар деп ойлағам, сонда ол маған мына бір
қағаздарды қалдырып кеткен болатын, — бешпентімнің ішкі
қалтасынан бетінде түзу сызығы бар екі тарақ қағазды алдым, —
əлдеқалай осындай жағдай бола қалса, көрсетуге қажет болар деп оны
бірнеше апта бойы жанымнан тастамай, əдейі қалтама салып
жүргенмін.
Бейкер мырза қолына алып, өз үстелінің үстіндегі əйнектің бетіне
жайып, қыртыс-тыртысын жазды. Сосын оны оқуға кірісті, сол сəтте-ақ
оның сол жақ құлағының сырғалығынан төменгі бұлшық еттері
бүлкілдеп, құлағы ебедейсіз ербеңдей бастады. Сосын бір жерінен ши
табам ба дегендей оларды қайта сүзіп шықты.
Сол иттің баласы еңсесін көтеріп, ежірейе қарағанда шатынаған
көзінен үрейдің ұшқыны атқылап тұрды. Қазір оның алдында бұрын
өмірде бар екені үш ұйықтаса түсіне кірмеген бөгде адам отыр еді. Осы
бейтаныс жанның ыңғайын тауып, ықыласына ие болу үшін оған қасқағым сəттің өзі-ақ жетіп жатты, бірақ қалай дегенмен ол əйтеуір,
ойдағыдай биіктен көрінді. Бейімделді.
— Сонда сіз қанша сұрайсыз?
— Елу бір пайыз.
— Немене?
— Корпорацияның немесе бірлестіктің, əйтпесе сіздерде болатын
басқа да қауымдастықтың үлесінен.
— Бұл деген адам күлетін нəрсе ғой.
— Сіздерге əуежай керек. Оған ыңғайлы бірден-бір алаң менің
меншігімде.
Ол көзілдірігін қолына алып, қағаз орамалмен бипаздап сүртті де,
қайта киді, бірақ менің жүзіме қарамады. Ол айналаға көзін жүгіртіп
алақтай қарады, бірақ онда маған орын табылмады. Ақыры сəл іркіліп
барып:
— Өзіңіздің не істегеніңізді, Итен, сіз білдіңіз бе?
— Иə.
— Ал қазір сіз өзіңізді қалай сезінесіз?
— Бір қағазға зорлап қол қойдыру үшін бір шөлмек виски апарған
адам өзін қандай сезінсе, шамасы, мен де өзімді сондай сезінетін
болармын
— Мұны сізге оның өзі айтты ма?
— Иə, өзі айтты.
— Өтірікші.
— Мұны өзі де мойындады. Маған сенбе деп оның өзі де мені
ескертті. Бəлкім, бұл қағаздың бір шикі жері бар шығар? — Мен
қолымды созып үстелдің үстінде жатқан қаламмен жазылып,
умаждалып қалған екі тарақ қағазды алдым да, ортасынан екі
бүктедім.
— Шикілік жөніндегі сіздің айтқаныңыз дұрыс, Итен. Бұл
құжаттардың күмəні жоқ, жазылған айы, күні көрсетілген,
куəландырылған. Мүмкін, ол сізді жек көрген болар? Бəлкім, шикілік
сізді моральдық жағын аздырып, азғындатуда болар?
— Бейкер мырза, менің туыстарымнан ешкім кеме өртеген емес.
— Біз сізбен əлі əңгімелесерміз, Итен, біз сізбен бірге кəсіп
жасаймыз, ақша жасаймыз. Шалғынның айналасындағы дөң-төбелерде
əлі-ақ кент орнайды. Енді сізге қалай да мэр болуға тура келеді.
— Жоқ, мырза, бола алмаймын. Мүдделер қақтығысы — ұятқа
қалдыратын ұнамсыз нəрсе. Бұған өзінің өкінішті тəжірибесінде көзі
жеткен талай адам қазір өмірі өксіп, опық жеуде.
Ол күрсінді — көмейінде тұрған күдігін нақ қазір мазалаудан
жасқанғандай ақырын ғана абайлап күрсініп қойды.
Мен орнымнан тұрдым да, жалыныштының жалпиған жұмсақ
креслосының иілген биік былғары арқалығына қолыммен сүйендім.
— Мырза, менің жұрт ойлағандай сүйкімді сүмелек емес екенімді
мойындасаңыз болды, қайта сабаңызға түсіп, салиқалы кейіпке келесіз.
— Не істеп жүргеніңіз жайлы маған неге айтпадыңыз?
— Сыбайластар қауіпті.
— Демек, сіз қылмыс жасағаныңызды мойындайсыз ғой?
— Жоқ. Қылмыс — басқа біреулердің жасаған ісі, сол қылмыс. Мен
иесі болсам да дүкенді ашатын уақыт өтіп барады.
Менің қолым есіктің тұтқасына тиер-тиместен ол жаймен:
— Маруллоны көрсеткен кім? — деп сұрады.
— Мырза, мен сіз боларсыз деп топшылаймын. — Ол орнынан атып
тұрды, бірақ мен шығып есікті жаптым да, өз дүкеніме оралдым.
XX тарау
Қонақ
қабылдағанда
немесе
əлдебір
салтанатты
сəтті
мерекелегенде жарқылдап көзге түсуге келгенде, менің Мэриімнен
асқан қабілетті жанды бұл жалғанда табудың өзі қиын. Құдды
құбылып, ұшқын шашқан гауһар тастай құлпырған оның мерекелік
мезетке берерінен одан өзінің алары əлдеқайда басып жатады.
Жанары шоқтай жанып, əп-сəтте ақсия күлуге əзірлігін əйгілеп тұрған
емірене жымиған еріндері кез келген келеңсіз əзілдің де шырайын
шығарып,
əсерін
шындайтындай.
Бейкүнə
сауық
кештің
табалдырығын Мэри аттағанда оған қатысушылардың бəрі лезде
түлеп, өздерін аялы да ақылды сезінетін-ді, əділін айтсақ, шынында
нақ солай. Мэридің бар берері де осы ғана, ал одан артықты өзгелер де
одан талап етпейді.
Мен дүкеннен келгенімде, бүкіл Хоулилер үйі мерекедегідей жайнап
тұр екен Түрлі-түсті пластмассадан жасалған жалаушалар тізбегі
төбедегі люстрадан бастап, қабырғалардың жоғарғы жағына айнала
жүргізілген ою-өрнекті карнизге дейін тартылыпты. Баспалдақтың
жақтау тұтқасынан төгілген алақандай ашық бояулы əдемі
жалаушалар үй-ішінің салтанатты сəніне сəн қосып тұр.
— Сонда мұны ненің құрметіне дейміз?
— Бəрінің, жақсылық атаулының бəрінің құрметіне дейміз.
Дэнни Тейлор жайлы ол естіді ме, жоқ па, оны білмеймін. Мүмкін,
əрине, салтанатты сəтімізде оны шақырған жоқ, бірақ ол ұзап кетпей,
үйдің маңында əрлі-берлі сенделіп жүрді де қойды. Кешірек қалай да
оған шығуым керек болатынын мен білдім, əйтсе де оны үйге
шақырғаным жоқ.
— Бейнебір шығармасына Эллен сыйлық алған сияқты, — деді
Мэри. Егер атағы шығып, өзі əйгілі болып жатса, ол тап бұлай
марқайып, мақтанбас еді. Көрдің бе, міне, қандай тамаша торт
пісіргенін. Төрт жарты қарыс биік, өзі аппақ, бетінде қызыл, жасыл,
сары, көгілдір жəне қызғылт алуан түсті əріптері бар — "қаһарман" деп
жазылған екен. Түскі асқа тұздықты қуырылған тауық болады, ал
тұздық ішек-қарын мен жентектелген картоптан жасалған.
— Қандай тамаша, қымбаттым, ғажап! Ал біздің əйгілі жас періміз
қайда?
— Білесің бе, ол да танымастай өзгеріп кеткен. Ол ваннаға
шомылып жатыр, түскі асқа киініп келеді.
— Қандай айтулы күн десеңізші, сəуегей Сивилла! Керемет
болғанда, қашар балалап, əйтпесе көкте жаңа комета жарқырап
жүрмесе, неғылсын! Түскі астың алдында ванна қабылдау деген, бұл не
керемет десеңші!
— Сен қайта киінбейсің бе? Менің сақтаған бір шөлмек шарабым бар
еді, бар болғаны отбасымыздың мөлтек қуанышы екеніне қарамастан,
мүмкін, соны салтанатты түрде жанға жайлы қошаметті сөз, жақсы
тілек айтып ішерміз деген бір өзімше ойым болған. Ол өзінің мерекелік
мəз көңілімен үй-ішін дүрліктіріп, дүбірлетіп жібереді. Айналама қарап
үлгермей жатып, менің өзім де сол салтанатты шеруге қатысу үшін
ванна қабылдауға жанталасып, жоғарыға жүгірдім.
Алленнің бөлмесінің қасынан өтіп бара жатып мен есігін қағып едім,
іштен мыңғырлаған дауысты естіп, ішке кірдім.
Аллен қолындағы алақандай айнаның көмегімен өзінің қырындаған
кейпін қарсы тұрған айнаға түсіруге əлектеніп жатыр екен. Мүмкін
Мэридің кірпігіне арналған тушын алған болар, əйтеуір сондай қара
бояумен ернінің үстіне қияқтай мұрт тартыпты, қасын қалыңдатып,
бояп, оны ібілістің иілген қасындай етіп, сонау самайына қарай созып
апарып, ұшын иіп тастаған. Мен кіргенде ол айнаға қарап арсыз
алаяқтың көлгірсіген жəдігөй күлкісіне салып, езуін ыржитып тұр
екен. Мойнында бетіне бұршақтың суретін салған менің көк көбелек
галстугім. Өзінің мына жосықсыз қылығының үстінен шыққаныма ол
иненің жасуындай қымсынған жоқ.
— Жаттығу жасап жатырмын, — деді ол айнаны үстелдің үстіне
қойып жатып.
— Балам, мына абыр-сабыр аласапыранда саған, шамасы, сен менің
мақтанышым болдың деп айтуға мұршам да келмеді ғой деймін.
— Ж-жа... бұл əлі бастамасы ғой.
— Ашығын айтсам, мен сені жазушы ретінде, тіпті президенттен
төмендеу боларсың ба деп ойлап едім. Мен қайран қалдым,
қуаныштымын. Ал енді əлемнің алдында сен өз еңбегіңді қашан оқып
бермексің?
— Жұмада, төрт отызда барлық станциялар бойынша хабар
беріледі. Нью-Йоркке ұшып баруға тура келеді. Арнаулы ұшақпен.
— Ал сен жақсы дайындалдың ба?
— Иə-иə, тырысып жатырмын. Бұл бастауы ғана ғой.
— Бүкіл еліміз бойынша не бары бесеу-ақ, ал сен солардың бірісің!
— Барлық станциялар жұмыс істейтін болады, — деді ол. Шөкімдей
мақтамен мұртын сүрте бастады, бір қызығы, оның қолында кірпікке
қажетті тушь пен сүрменің, опа-далаптың — косметикалық заттардың
бəрі болғаны мені айран-асыр қалдырды.
— Біздің отбасында осыншама тосын жəйттер жəне бəрі бір мезетте
болып жатыр. Мен дүкенді сатып алдым, сен естідің бе?
— Иə. Естідім.
— Жалаулар мен туларды жинаған кезде сенің маған көмегің керек
болады.
— Сонда қалай?
— Мен саған айтып едім ғой. Маған дүкенде көмектесесің.
— Жоқ. Көмектесе алмаймын, — деп ол қолындағы айнамен тісін
қарай бастады.
— Көмектесе алмайсың ба?
— Мен "Біздің студияда", "Менің мамандығым" жəне "Құпия
қонақтар" деген хабарларға қатысамын. Сосын таяуда "Миыңды қауза"
деген викторина басталады. Бəлкім, бұл хабарды шетелге де шығаруы
ықтимал. Сонымен, өзің де көріп отырсың ғой, менің зəредей уақытым
қалатын емес, — ол пластмассадан жасалған шағын шөлмектен
желімдей жабысқақ бір сұйық затты баттастырып шашына жақты.
— Демек, сенің болашағың алаңсыз болды ғой?
— Иə, солай болатын шығар. Бұл бастауы ғана.
— Бүгін мен жорық жолына шықпай-ақ қояйын. Біз бұл жөнінде
кейін тағы сөйлесеміз.
— Осында Ұлттық Радиохабар компаниясынан біреу сені сұрап,
қайта-қайта телефон шалды. Мүмкін, олардың келісімшарт жасасқысы
келетін болар, ал менің жасым əлі кəмелетке толмаған ғой.
— Балам, сен осы мектеп жайлы ойлайсың ба?
— Егер келісімшарт жасасса, онда оның қажеті не?
Мен бөлмеден атып шығып, сыртқы есікті жаптым да, ваннаға
кірген бетте асыға-аптыға мұздай суды ағытып жібердім, мұздай су
бүкіл денемнен өтіп, тұла бойымды буып, қалшылдатқан адуын
ашудың аптығы əбден басылғанша соның астында селт етпей сілейген
күйі тұрдым да қойдым. Мен одан жуынып-шайынып, мұнтаздай боп,
Мэридің иіс суынан ат шаптырым айналама жұпар шашып
шыққанымда, бойым сергіп, сабама түсіп, сабыр тапқандай сыңай
кештім. Түскі асқа бірер минут қалғанда Эллен келіп менің кресломның
жақтауына жантайды да, содан сырғып түсіп, тіземе отырып
мойнымнан құшақтады.
— Мен сені жақсы көрем, — деді ол. — Шынында қызық қой, ə?
Шынында Аллен азамат емес пе? — Мұны мен өзгенің барын кере
алмайтын, жоғын бере алмайтын іші тар, қызғаншақ та, аздаған
арамдықтан да құралақан емес деп санаған, əлі он екіде бір гүлі
ашылмаған қыз айтып отыр.
Дастарқандағы жеміс-жидектің дəмін татар алдында мен тост
көтеріп, өзіміздің жас батырдың атына жылы лебіз білдіріп, бақыт
тілеп, қошамет сөзімнің соңында былай дедім:
— Алаңжарлы көңіліміздің ақпаны артта қалды. Баламыз Иоркпен
бірге бізге жадыраған жаз келді.
— Бұл Шекспир, — деді Эллен.
— Дұрыс айтасың, тентегім, сонда бұл қайдан, оны айтқан кім жəне
ол қашан айтқан?
— Қаперімде жоқ, — деді Аллен. — Оны жаттауды жаны жақсы
көретіндер біледі.
Мен Мэриге ыдыс-аяқты асханаға апаруға қолұшын бердім.
Қуанышы қойнына сыймай жайнап жүр.
— Ренжіме, — деді ол. — Ол əлі тоқтасады, жолын табады. Бəрі
ойдағыдай орнына келеді. Олармен сабырлырақ, ұстамдырақ болуға
тырыс.
— Құп болады, Гральдық менің құмырам.
— Нью-Йорктен бір адам телефон шалды. Алленге байланысты
болса керек. Міне, керемет! Оған ұшақ жіберетін көрінеді. Енді
дүкеннің сенікі болғанына əлі көңілім сенбейді. Сосын, бүкіл қала гулеп
жүр, сен мэр боласың ба?
— Жоқ, болмаймын.
— Мен оны барлық жерден естіп жүрмін.
— Менің мұндай мүмкіндікпен сыйыспайтын істерім болады. Ал
қазір мен кетемін. Жаным, мен бір жерге барып, кешікпей қайтып
келем. Менің біреулермен кездесуім керек.
— Сенің сатушы болмағаныңа мен енді өкінетін шығармын. Бұған
дейін сен кешке үйде болатын едің. Əйтсе де егер əлгі адам тағы
телефон соқса, не істейміз?
— Күте тұрады да.
— Оның күткісі келмейді. Сен кеш ораласың ба?
— Білмеймін. Бəрі істің оралымына байланысты.
— Дэнни Тейлордың қайғылы қазасын айтамын. Шекпеніңді алуды
ұмытпа!
— Иə, ауыр қайғы.
Ауыз үйге шығып қалпағымды кидім, неге екенін қайдам, əйтеуір
пілдің аяғында тұрған Қарт шкипер дің сыңар мүйіз сəнді таяғын
қолыма алдым. Кенет қасыма Эллен жетіп келді.
— Сенімен бірге баруыма бола ма?
— Жоқ, бүгін болмайды.
— Мен сені аса жақсы көремін.
Мен қызымның жəудіреген жанарына жасқанбай қарадым.
— Мен де сені жақсы көремін Мен саған асыл бұйымдар əкеп
берейін, айтшы, кəне, сенің қандай қалауың бар?
Ол мырс ете қалды.
— Таяқпен барасың ба?
— Иə, ит-құстан қорғану үшін, қажет болар, — шойдай шоқпармен
қолымдағы алдаспандай алдымды орай сермеп қалдым.
— Сен көп жүресің бе?
— Жоқ, тез ораламын.
— Саған таяқтың қажеті не?
— Үрейі ұшып, сəндік үшін, кербездік пен зорлық үшін. Атам
заманнан мирасқа қалған қаруға деген құштарлық қой.
— Мен сенің келуіңді күтемін. Ал қызғылт тасты мен алсам қайтеді?
— Мені күтіп сарсылудың қажеті жоқ, інжу-моншағым, қызғылт тас
дейсің бе? Əлгі бойтұмар ғой? Əрине, болады.
— Бойтұмар деген не?
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алаң Көңіл Ақпаны - 24
  • Parts
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 01
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2293
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 02
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2241
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 03
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2172
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 04
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2424
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 05
    Total number of words is 4119
    Total number of unique words is 2311
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 06
    Total number of words is 4007
    Total number of unique words is 2225
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 07
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 2286
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 08
    Total number of words is 4057
    Total number of unique words is 2309
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 09
    Total number of words is 4081
    Total number of unique words is 2266
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 10
    Total number of words is 4016
    Total number of unique words is 2207
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 11
    Total number of words is 4150
    Total number of unique words is 2203
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 12
    Total number of words is 4105
    Total number of unique words is 2308
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 13
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2262
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 14
    Total number of words is 4017
    Total number of unique words is 2434
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 15
    Total number of words is 3985
    Total number of unique words is 2473
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 16
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2362
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.3 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 17
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2332
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 18
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2366
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 19
    Total number of words is 4056
    Total number of unique words is 2301
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 20
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2350
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 21
    Total number of words is 4064
    Total number of unique words is 2417
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 22
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2315
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 23
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2191
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 24
    Total number of words is 4021
    Total number of unique words is 2343
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 25
    Total number of words is 657
    Total number of unique words is 503
    40.1 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.