Latin Common Turkic

Алаң Көңіл Ақпаны - 18

Total number of words is 4060
Total number of unique words is 2366
32.0 of words are in the 2000 most common words
45.1 of words are in the 5000 most common words
53.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
— Ал бұл сонда тым қымбатқа түспей пе? Мейманханасы жəне
басқада шығын-пығыны бар дегендей...
— Қымбат па, арзан ба, əйтеуір бұған біздің шамамыз келеді. Менің
құпия қорым бар.
— Əумесерім-ау, мен сенің қорыңды білем ғой. Əйтсе де ол бізге
машинасын неғып беріп жүр? Мен түсінсем бұйырмасын.
— Менің де соны түсініп жатқаным шамалы. Əйтсе де ол бізге
машинасын беріп отыр.
— Есіңде ме, ол пасхада балаларға мəмпəси, кəмпит əкеп беріп еді
ғой?
— Бəлкім, бұл қауқары кете бастаған кəріліктің қасіреті болар?
— Қызық екен, бізге неғып емешегі құрып жүр оның?
— Ту-у, бұл ойың ұяттау ұйғарым болды-ау. Мүмкін, оған біздің
ықыласымыз, инабатты көңіліміз қажет болған шығар?
— Оған дейін сан-сапалақ ұсақ-түйек шаруаларды тындырып
тастауым керек.
— Менің оған мысқалдай күмəнім болсашы!
Оның ойының қапелімде, аяқ астынан ашыла қалған алуан істің
қыртысын бульдозердей аудара бастағанын аңғардым. Мен оның
назарын түбегейлі аулақта қалдырдым. Солай болғанының өзі онды.
Азанғы астың үстінде мен екі шыныаяқ кофе ішем дегенше, ол
Шығыс Америкаға баруға арналған сейіл-сайран сапардың талайын
саралап, сараптап, жарым-жартысын жаратпай тастады. О, менің
байғұс бикешім, соңғы жылдар ол үшін онша сауық-сайранды,
қызығарлықтай бола қойған жоқ.
— Хлоя, мұны жасау дəл қазір онша оңай болмасын мен білемін де,
əйткенмен маған бір пəс көңіл бөліп, құлақ салшы. Маған ақшаны
ұтымды етіп орналастыру жөнінде ұсыныс жасап отыр. Соған сенің
ақшаңнан шамалы алсам ба деймін.
— Бейкер мырза мұны біле ме?
— Маған ұсыныс жасаған соның өзі.
— Онда алаңдамай ала бер. Қажетінше чек жаз да, ал
— Қанша керек екенін білгің келмей ме?
— Оның маған қажеті не?
— Сонда істің мəн-жайын білуге де сенің құлқың жоқ қой? Қанша
мерзімге, неше пайыз, келетін пайданың мөлшері қандай, тағы
сондайларды айтам да...
— Бəрібір менің оған түсініп жатқаным шамалы.
— Ықылас қойсаң, түсінесің.
— Ал менің соны түсінгім келмейді.
— Сен сияқтыларды Уолл-Стриттің перісі деп атауы тегін емес.
Қасарған қаталдық, өзеуреген өзімшіл, мейірім атаулыдан мақрұм
қалған қан шықпас қатыгездікке құлдық ұратын сидаң кəсіпкерлікке
тəуелді ақыл-ой адам жанын қаңтардай қарып, үркін үрейге
ұрындырады.
— Біз саяхатқа шығамыз, — деді ол — біз аттай екі күн сейіл құрып,
серуендейтін боламыз. — Енді оны қалай ғана сүймессің, қалай ғана
тағдырыңдай табынбассың?! — Өзіммен бірге дүкенге ала кету үшін
сүттің бос шөлмектерін жинай жүріп, мен: "Мэри деген кім екен, өзі
қандай жан екен" деп əндеттім.
— Ал сіздерде түстік асқа шығар кезде үзіліс болмаушы ма еді?
— Мен сізге бұрын да талай айттым ғой — үзіліс Джойға емес,
банкте болады.
— Мейлі ғой, қолыңыз қалт еткенде келіңіз онда.
— Рахмет, Хоули мырза, рахмет!
Сол күні таңертең мен текшедегі тізілген сарбаздарыма айтар
дəнеңе таппадым. Мен олармен сəлемдестім де, ізінше "Еркін
тұрыңдар" деп əмір еттім. Тоғызға бір-екі минут қалғанда мен
алжапқышымды байлап, сыпырғыны қолыма алып, есік алдындағы
тротуарды жаймен сыпыруға кірістім.
Бейкер мырзаның мүттəйімдігінде мін жоқ. Тіпті бар ғой, тербелген
сағат тіліндей тықылдап соғып тұрғаны естіледі десе болғандай, ал
оның ішінде сағат тетігі бар екеніне менің шүбəм де, күдігім де жоқ.
Сегіз сағат елу алты минут, сегіз сағат елу жеті минут — міне, оның
Шегіршінді көшесі жақтан төбесі көрінді, сегіз сағат елу сегіз минут көшеден кесіп өтті, сегіз сағат елу тоғыз минут — əйнекті есікке келіп
жетті, бірақ осы арада мен сыпырғымды көтеріп, кес-кестеп оның
жолын бөгедім.
— Бейкер мырза, мен сізбен тілдесейін деп едім.
— Қайырлы таң, Итен! Бір пəс шыдай аласыз ба? Менімен бірге
жүріңіз.
Мен ішке кірдім, бəрі тұп-тура Джой айтқандай — нағыз циркте
болатын рəсімнен аумайды. Сағат тілі тоғыз санымен тоғысқан сəтте
банктің барша қызметкерлері құрыштан құйылған сандықтың
алдында сіресіп сапқа тұрған еді. Батпандай болат есік сыңғырлай
сыртылдап, күңірене гуілдей бастады. Сосын Джой тақтаға жазылған
сиқырлы сандарды терді де, тұтқаны бұрады.
Ардақтының асқан қасиеттісі салтанатты түрде аспай-саспай маңғаз
қимылдап, байыппен баяу ашылды да, Бейкер мырза ақшалы
қапшықтардың мелшиген мылқау шашуына құшағын жайып,
қабылдай бастады. Мен болсам, киелі құпияның куəсі болар сəтті
зарыға тосқан тəңірдің жаңа ғана шоқындырылған жалпаң пендесіндей
арнайы қойылған қоршаудың аржағында аптыққан алаң көңілімді баса
алмай, əбден əлек болып тұрдым.
Бейкер мырза маған мойын бұрды.
— Сонымен, Итен, мен сенің не кəдеңе жарамақпын? Мен ақырын
ғана:
— Сізбен жат көзсіз, оңаша сөйлессем бе деп едім, ал оған дүкеннен
шыға алмай шерменде боп жүрмін.
— Сонда шұғыл шаруа ма еді?
— Солай ма деген қаперім бар.
— Егер уақыт тапсам, кейін сізге өзім соғармын. Тейлор жайлы
ештеңе біле алмадыңыз ба?
— Əзірге жоқ. Бірақ əр тұсқа əдейі қармақ құрып қойдым.
— Кіріп шығу жағын қарастырайын.
— Рахмет сізге, мырза. Мен оның келетініне шүбəланғаным жоқ-ты.
Айтқанымдай арада бір сағат өтпей, ол жетіп келді. Сауда жасап
жатқан сатып алушылардан босағанымша сыбысын сездірмей
сабырмен тосып отырды.
—Ал кəне, Итен, қандай шаруа, айта бер?
— Бейкер мырза, дəрігердің, адвокаттың, дін қызметшісінің кəсіби
құпиясы деген болады. Ал банкирде ше?
Ол миығынан күлді.
— Банкирдің өз салымшысының ісін талқыға салғанын, сірə,
естігеніңіз бар ма?
— Жоқ.
— Онда сұрап көріңіз, сонда білесіз. Соның бəрін былай қойғанда
Итен, мен сізге дос адаммын ғой.
— Білем. Неге екенін қайдам, мен əйтеуір əдеттен тыс бір түрлі
болып тұрғандаймын. Əйтсе де əділін айтсам, талай заманнан бері дəл
мұндай қолайлы сəт менің жолымда жолыққан емес.
— Қолайлы сəт дейсің бе?
— Бейкер мырза, мен бəрін бастан-аяқ бүкпесіз сіздің алдыңызға
жайып салғалы отырмын. Марулло қапелімде қолайсыз жағдайға тап
болыпты.
— Қолайсыз жағдай дегені қалай? Неғылған қолайсыз жағдай?
— Мырза, соның анық-қанығын менің өзім де жете білмеймін. Бірақ,
менің ойымша, əңгіме бізге оның астыртын жолмен келгендігіне
байланысты болса керек.
— Сіз оны қайдан білесіз.
— Мұны оның өзі айтқан-ды, əрине, ашық айтпаса да мəн-жайын
түсінерліктей етіп тұспалдап, ишаратпен аңғартқан болатын.
Маруллоны сіздің өзіңіз де білесіз ғой.
Оның миы үзік-шатық мəнбелерді жөпелдемеде іліп алып, бірін
бірге қосып, бəрін шоғырлап, лезде саралап, сарапқа сала бастағаны
бет-əлпетінен айтпай-ақ атойлап тұрғандай болды.
— Айта бер, — деді ол ізінше, — егер сен айтқандай болса, онда оны
қалай да жер аударады.
— Солай бола ма деген менің де көңілімнің күдігі бар. Бейкер мырза,
ол маған жаны ашитын, жылы қабағымен қарайтын, ақкөңіл адал адам,
мен оған зəредей қысастық істегім келмейді.
— Итен, сізге өзіңіз туралы да ойлаған жөн болар. Ал енді сонда ол
сізге не ұсынып отыр?
— Шынымды айтсам, соны ұсыныс деу де қисынсыз. Мұның бəрі
оның абыржып тұрғанда асығыс айтқан арқауы жоқ, аласапыран
ойларынан өзімше ұққанымды сүзіп алғандарым ғана. Əйтсе де, егер
мен оның қолына нақты бес мың доллар ұстата алғандай болсам,
бəлкім, дүкен менің меншігім болар ма еді?
— Сонда қалай, ол бəрін тастап зым-зия қашып кетпек пе? Жоқ, əлде
сіз оның анығын əлі білмейсіз бе?
— Анығын ашып айта алмаймын.
— Демек, өзіңізді сыбайлас ретінде айыптау қатерінен аулақсыз ғой.
Сізге ол ашықтан-ашық ештеңе ұсынған жоқ дейсіз бе?
— Ұсынған жоқ, мырза.
— Сонда сіз бес мың дегенді қайдан шығарып отырсыз?
— Бұл онша қиын емес, мырза. Дүкеннің барлық мүлкінің құны осы
шамалас болар.
— Мүмкін, ол мұнан арзандау бағаға да мақұл дер.
— Бұл да мүмкін.
Бейкер мырза дүкеннің бағасын кескендей оның ішін жіті көзімен
айнала қарап, шолып шықты.
— Егер жасаған болжамыңыз ағат болмаса, онда сіздің жағдайыңыз
тиімді болары сөзсіз.
— Мен мұндай істерге келгенде тым орашолақпын.
— Сіз өзіңіз де білесіз ғой, мен жең ұшынан жалғасқанды
жақтамаймын. Бəлкім, мен соның өзімен сөйлескенім жөн шығар?
— Қазір ол қалада жоқ.
— Сонда ол қашан қайтып оралады?
— Білмедім, мырза. Əйтсе де менің өзім де күмəнсіз емес екенім
жадыңызда болсын Бұл əншейін, егер менің қолымда нақты ақшам
болса, əлде ол соған келісер ме еді деген өзімнің көкейімде жүрген
көксеген дəмем болар. Өйткені ол маған өз жақынындай алаңсыз адал
көңілімен қамқорлық жасайды.
— Білем оны.
— Мен жақсылыққа жамандық жасаудан аулақпын.
— Ол əрине, басқа біреуге де сатуы ықтимал өйткені саудаласса,
оған он мың беруі ғажап емес.
— Онда менің мұным құр əурешілік — есек дəме болғаны да.
— Ал сөз айтпай жатып айнып шығуға асықпаңыз. Сіз өзіңіз жайлы
қам жегеніңіз абзал.
— Бұл — екінші кезекте ғой. Өйткені ақша Мэридікі.
— Солай-ақ болсын! Сонда сіз не қалайсыз?
— Менің мынадай бір ойым бар: мүмкін, сіз берілген күнін, ақшаның
сомасын көрсетпей əлгіге қажетті құжатты əзірлеп қоярсыз. Ал мен
ақшаны жұмада келіп алармын.
— Неге жұмада дейсіз.
— Бұл да менің шолақ ойымша жасаған болжамым, өйткені
мерекеде жұрттың бəрі қаладан сыртқа шығып кетеді ғой, — деген
сияқты күмілжіген бірдеңелерді уəж етіп айтқандай болдым. —
Сондықтан мен, мүмкін, ол жұмада кіріп-шығуы ықтимал деп
ойладым. Оның сіздерге салған ақшасы жоқ па еді.
— Қазір жоқ. Жақында ол өзінің есебіндегінің бəрін сыпырып алды.
Қайдағы бір акцияларды сатып аламын деді. Мен онысына онша мəн
бере қойғаным жоқ. Өйткені ол бұрын да солай жасап жүретін, кейін
салғанда ылғи да алғашқыдан артық əкеп с алатын, — ол
тоңазытқыштың үстінде тұрған əлем-жəлем ақита боянған сұлудың
шақшиған шағыр көзіне шақшия қарады, алайда оның жымысқы
жымиып арбаған жөгі күлкісіне еліккен шырай танытады. — Бұл істен
қия бассаңыз күйіп, күл боп кетуіңіз кəдік екенін сіз түсінесіз бе?
— Онысы қалай?
— Біріншіден, оны ондаған сатып алушы табылуы ықтимал
екіншіден, дүкен алған несиесіне сан мəрте өтеуге кепілдік ретінде
салынған болуы да ғажап емес. Бұл жөнінен оған кепіл болар дəнеңе де
жоқ.
— Ал егер округтік басқармадан сұрастырып анықтаса, қайтер еді?
Сіздің осыншама уақытыңызды алғанымды, Бейкер мырза,
кешіруіңізді өтінемін. Əйтсе де менің отбасыма деген адал көңіліңізді,
ыстық ықыласыңызды білгендіктен, ұялмай-қызармай соны
пайдаланып жатқанымды айыпқа бұйырмаңыз. Оның үстіне мұндай
мəселе жөнінде сізден бөтен менің ақыл қосар ешкімім де жоқ.
— Салым жөнінде мен Том Уотсон арқылы анықтау жағын
қарастырып байқайын. Итен, сайтан алғыр, мұның бəрі қат-қабат
қарбалас болып жатқанын көрмейсің бе? Менің өзім де сейсенбіге
дейін демалып қайтуға ертең жүргелі жатыр едім. Ал егер Марулло
шынымен алаяқ, əккі болса, басыңыз бір бəлеге қалғаны дей беріңіз.
— Ендеше, бұл істі шаталаспай тұрғанда "жабулы қазан жабуымен"
деп осы бастан аулақ болған абзал шығар? Бірақ, Бейкер мырза,
білсеңіз, мына сатушылық та əбден мезі ғып болды.
— Мен сізге одан аулақ жүр деп ақыл бергенім жоқ қой. Тек
"сақтықта қорлық жоқ" дегенді ғана ескерттім.
— Егер мен дүкеннің иесі бола қалсам, бəрінен бұрын Мэри бөркін
аспанға атып қуанған болар еді. Алайда сіздің айтқаныңыздың да жөні
бар. Оның ақшасын босқа шашуға болмайды. Менің ойымша, ең
дұрысы — федералдық өкімет орындарына барып, анық-қанығын
білген жөн болар.
— Онда сізге өзіңіздің тиімді жағдайыңызбен қоштасуға тура келеді.
— Неге?
— Егер оны жер аудару жайлы шешім шығарылса, онда ол өзінің
мүлкін арнаулы ресми уəкіл арқылы сатуға қақысы болады да, дүкенге
сіздің шамаңыз келмейтіндей баға белгіленуі ғажап емес. Өйткені сіз
оның шынымен қашан кеткелі жүргеніне кəміл кепілдік ете алмайсыз
ғой. Ендеше, сіз федералдық өкімет орындарына не айтарынан
хабарыңыз жоқ. Ол тізімге енді ме, əлде жоқ па, сіз оны да біле
алмайсыз ғой.
— Оныңыз рас.
— Сіз шынтуайтқа келгенде, ол жайында білеріңіз де шамалы. Сіздің
маған айтқандарыңыздың бəрі, бар болғаны долбар ғана. Ал ол уəж
бола алмайды, өзіңіз ойлап көріңізші, солай емес пе?
— Солай.
— Ендеше, олардың
қойғаныңыз абзал
бəрін
қозғамай,
қаз-қалпында
жиып
— Кім алары белгісіз, қомақты ақша əлдебіреулерге оғаш көрініп
жүрмес пе екен?
— Сіз "Маруллоның азық-түлік саудасын қаржыландыруға
арналған" деген тəрізді чекке бірдеңені жаза салыңыз. Əлдеқандай
күтпеген жағдай бола қалса, бүл ақтау құжатына айналып шыға келеді.
— Ал егер бұл əрекетімізден ештеңе шықпай қалса ше?
— Ақшаны банкке қайта əкеп саласыз, бар болғаны сол ғана.
— Тəуекелден қашудың қажеті жоқ дейсіз ғой сонда?
— "Тəуекел ет те тас жұт" деген бар емес пе?
— Əрине, тəуекелге де сақтықтың əсте артықтығы болмайды. Итен:
"Сақтықта қорлық жоқ". Тіпті жанында қомақты сома алып жүрудің өзі
де қатерлі.
— Мен сауысқаннан сақ болам!
— Менің бұл күндері сапарға шығып бара жатқаным өкінішті-ақ.
Құланның қасуына, мылтықтың атуы дөп келгендей, менің уақыт
топшылауым да қалтқысыз дəлме-дəл келді. Біз əңгімелесіп отырғанда
дүкенге тірі жан бас сұқпап еді, бірақ біз аяқтай бергенде үш əйел бір
қарт, екі бала лезде сау ете қалды. Бейкер мырза маған қарай еңкейіп,
жаймен сыбырлады:
— Мен айтылған əлгі соманы түгел жүз долларлық купюрлермен
əзірлеп, тіркеу сандарын белгілеп қоярмын. Сонда, егер оны ұстай
қалғандай болса, соңынан оларды сіздің қайтарып алуыңызға болады.
— Ол əйелдерге қарап байсалды байыппен бас иді де, қартқа қарап:
"Қайырлы таң, Джордж!" — деді де, жол-жөнекей балақайларды
басынан сипады. Бейкер мырза керемет кемеңгер адам ғой.
XIV тарау
Шілденің төртінші жұлдызы. Бұл күн он екі айды қақ маңдайдан
айрылған шаштай тең етіп екіге бөледі. Оның күні кеше ғана шаң басар
бір адам, ал күні ертең майлы ошақ, мүлде бөтен болғалы тұрған өз
өмірімнің асулы кезеңінің шекара шегін айшықтайтын айтулы күнге
айналары маған аян еді. Мен мүлт кеттім деп қайтып алуға болмайтын
бірнеше жүріс жасадым. Менің сыбайласым болуды аңсағандай уақыт
та, оқиғалар барысы да менің жоғымды жоқтап, талабымды қолдады.
Асылы, бірдеңе тындырғандай өзіме-өзім жақсы атты көрінейін деген
жəдігөй сезімді де жаныма жуытпадым. Қалай істеуге болатынын
маған еркімнен тыс ешкім жаныма жарып тыққан да жоқ, бəрін өз
ырқыммен ешкіммен еншілеспей өзім ойлап, өзім таптым. Бірақ соның
есесіне отбасының береке-бірлігі үшін, өз басымның ар-ұятым,
абырой-намысым мен бақытты болашаққа деген берік сенімім үшін
мен өзімнің өмірде ұстанған көзқарасымнан, бойға сіңген əдет-ғұрып,
мінез-құлқымнан əдейілеп аз уақытқа ауытқуға, айнуға мəжбүр
болдым. Əрине, мұндай іске мен өзімнің ет жақын туыстарымның
мүддесі үшін арымнан аттап, амалсыз бардым деп өзімді өзім
иландыруым да онша қиындыққа түспеуі де даусыз. Өйткені
шындығына келгенде, менің ар-абыройым да, қадір-қасиетім де
солардың береке-бірлігі мен бақытына балаған болашаққа деген
наным-сеніміне тəуелді ғой. Бірақ менің алдымда алғаусыз айғақталған
жалғыз ғана мақсат тұрды, оны жүзеге асырған күнде бұрынғы
дағдылы қалпыма қайта оралып, əдеттегі кейпіме түсеріме мен кəміл
сендім. Мұны орындауға болатынына да менің көңілімде түймедей
түйткіл болған емес. Өйткені мен кезінде майданда адам өлтіріп
жүрсем де, соңынан қанішер қарақшы болып кеткенім жоқ. Бəрі бірдей
аман-сау қайтып оралмасын біле тұрсам да, сарбаздарды барлауға
аттандырып жүрдім. Сонда да мен басқа сардарлар сияқты
құрбандықтың құлы болғанымды, сірə да, сезген емеспін. Мен соғыста
жасағандарым үшін масайрап мақтанған да, атойлап ақталған да,
кеңпейіл кешірген де жан емеспін Бұл арада ең бастысы бір ғана
мақсатта — соның бəрі не үшін болып жатқанын жəне сол мақсат
орындалған соң ақырғы нүкте қойыларына илана білуінде ғана
болатын. Алайда ол үшін өзің алдап-алдарқатпай, неге ұмтылып
отырғаныңды, көздеген мақсатың — келешекке сенім, ар-ұятың,
абырой-намысың — басқа түк те емес, іс тек осымен
тəмамдалатынына шүбəсіз сенімің болуға тиіс. Соғыс тəжірибесінен
менің түйгенім — ұрыс алаңында қаза болғандай əлде біреулердің
əлдеқалай кекшілдігінің, өлмей өшпес өшпенділігінің немесе қанішер
қатыгездігінің емес, олар белгілі бір мақсатқа жету жолында жасалған
талап-талпыныстың құрбаны. Мен сындарлы сəттерде сананы
сəулелендіретін ізгілікке, сүйіспеншілікке, бауырмалдыққа ақиқат,
шүбəсіз сенем.
Əйтсе де Дэннидің шимайлап жазған шым-шытырық парақтары мен
Маруллоның
жүрекжарды
алғысын
аңғартатын
аянышты
пайымдауларынан жаным жүдеп, жүрегім сыздап қоя берді.
Шешуші шайқас алдында адамдардың көңілі алабұртып, əдеттегідей
алаңсыз ұйықтай алмайды деген сөз бар. Мұны мен өз басымнан
кешірген емеспін. Ұйқы мені əй-шəйіме қаратпай, лезде меңдеп алады
да, аунап-қунаған құр аттай таңсəріде құрығынан босатып жібере
салады. Бірақ бұл сапар кірпігім ілінбей, қараңғыға қасарысып жатып
алдым. Өткенім өзіне өктем өңмеңдетіп жетелегендей болды. Мен
жаймен төсектен тұрып, моншаға шомылып, киіндім де, қабырғаны
бойлап баспалдақпен төменге түстім. Бір ғажабы — аяғым өзінен-өзі
мені қонақ бөлмедегі қобдишаға бастап əкелгендей күй кештім. Мен
оны ақырын аштым да, ішінен сипалап əйгілі қызғылт тасты тауып
алдым. Оны қалтама салып қойдым, сосын қобдишаны жауып
кілттедім. Бұл тасты мен бұған дейін өмірімде үйден алып шыққан жан
емес едім, тіпті күні кеше де оны осы сапар алып шығам деген ниетім
болған емес. Мен лезде өзіме жаттанды жолмен асханадан өктей өтіп,
түн құшағында мүлгіп, манаурап жатқан аулаға шықтым. Қора
төріндегі бұтақтары қау боп өскен алып шегіршіннің алақаны жалпақ
жапырақтары төңірегін түгел жауып кеткен. Егер Маруллоның
"понтиагі" менде болғанда өзімнің маужыраған мажырасын ұйқыдан
енді-енді оянып, серги бастаған алғашқы естеліктерімді арқалап, мен
Нью-Бэйтауннан шығанға шырқап кетіп отырған болар едім. Қалтама
салған қолымдағы денеме тиіп жылынған мына киелі тастың өн бойын
орап өтетін өзіндік ою-өрнектерін саусағымның ұшымен ғана мəпелей
сипай бастадым.
Мені бала күнімде Голгофқа жұмсап жіберген Дебора апай сөзге
келгенде, қай жағынан алсаң да, кəдімгі машинадан əсте аумайтын еді.
Бұл жөнінен ол иненің жасуындай бұлыңғыр, бұлдыр, екіұшты
болғанды бүкіл жан-тəнімен жек көретін де, менен де дəл соны талап
ететін. Сол бір егде тартса да еңсесі түспеген, еріншегі жоқ, ер көңілді,
аялы əйелдің бойында қаншама қажыр-қайрат болды десеңізші! Егер
қалайда, əйтеуір мəңгілікті аңсаған болса, менің жадымның нақ төрінде
сол апайым мəңгі сақталып қалды. Мен қазір таңғажайып ойлы-қырлы
қалтарыстары бар ою-өрнектерін саусағыммен сипалап, қасиетіне
қайран қалып тұрған осы киелі тасты қолымда алғаш рет көргенде ол:
— Итен, бұрын көз көріп, құлақ естімеген мына мұхит асып келген
ғажап дүние сенің бойтұмарың болуы ғажап емес, — деді.
— Бойтұмар деген — ол не өзі?
— Егер мен оны саған қазір айтсам, ол сенің бір құлағыңнан кіріп,
бір құлағыңнан шығып кетеді, одан да сөздіктен қара.
Алдымен түсініксіз сөздерді айтып алып, əрдайым ынтықтырып
қойып, артынан оның мəнін өздігімнен іздеуге мəжбүр ететін Дебора
апайдың шапағаты арқасында қаншама сөздер менің қолдану қорыма
қосылды. Кезінде мен оған, əрине:
— Сол маған керек еді! — деп қиқар жауап қатушы едім. Бірақ енді
менің сөздікті сүзіп шығарыма ол əсте шəк келтірмейтін де, содан соң
барып жаңа сөзді мен жадымда кəміл жаттап алуым үшін оның əрбір
əрпін айырып, тасқа басқандай тақпақтап тұрып:
— Бой-тұ-мар, — деп қайталап айтатын.
Ол қашанда сөз — ойдың мəйегі деп танитын да, сөзге ерекше мəн
беретін, игі ілтипат білдіретін Жақсы киімге салдыр-салақтық жасаған
қандай ашындырса, сөз қадірін білмегендерді құдіреті күшті құдайым
түйсіктен кемтар жаратқан мүсəпір жандар деп санайтын. Арада талай
жылдар өтсе де, мен "Бойтұмар" деген сөзі бар беті ашық тұрған
сөздікті əлі күнге дейін егіле есіме алып, көз алдыма елестететінмін
Араб жазуы менің көзіме соңында сиқырлы сақинасы бар иірім-иірім
иретілген əсем өрнек болып көрінетін. Грекшені қажу-жалығудың не
екенін білмейтін сол бəз-баяғы Дебора апайдың арқасында танып,
үйрендім. Планеталар мен жұлдыздар əлемінің ықпалымен
байланысты əдеттегі ұғымнан тыс құдіреттің күшіндей қасиетке не
болған бетіне үркін ою-өрнек, айшықтап өріп немесе мəнерлеп сурет
салынған тастар, əйтпесе басқа да сондай бір заттар санаға сіңген
наным бойынша көз-тілден, қайғы-қасіреттен сақтайды, болмаса
талап-талпынысын ойдағыдай табысқа жеткізеді деген үкілі үмітпен
адамдар оларды көбіне бойтұмар ретінде мойнына тағып жүреді.
Осыдан кейін маған адам ұғымынан тыс қасиетті күш жайлы,
"планета", "жұлдыздар сыры", "бойтұмар" сияқты сөздерді іздеп,
сөздікті сүзіп шығуыма тура келді. Ылғи да дəл осылай. Жіпке тізіп
жетелеген майрампаз қуыршақ сияқты бір сөзден соң əлде бірнеше сөз
туындап ұласып жатады.
Кейінірек мен одан: — Сіз өзіңіз бойтұмарға сенесіз бе? — деп
сұрағанымда ол:
— Мен сенем бе, əлде сенбеймін бе, мұның оған қандай қатысы бар?
— деп қарсы дау айтты.
Мен қолымдағы киелі тасты оған ұстата қойдым.
— Мынау өрнектер нені білдіреді?
— Бойтұмар менікі емес, сенікі ғой. Сен одан не күтсең, бұл өрнектер
соны білдіреді. Орнына апарып қой. Күні туғанда сенің бір кəдеңе
жарайды.
Қазір шегіршін жапырақтарының саялы сабатында жүріп келе
жатып мен оның жарқын бейнесін сол бəз-баяғы тірі күндегі бəз
қалпында ап-анық қарсы алдымнан ұшыраттым, міне, мəңгілік деген,
меніңше, осы болса керек. Ширатылған иірімдей иір-иір иректер шыр
айналып, шым-шытырық шұбалып барып, құдды бір басы жоқ,
құйрығы жоқ ирелеңдеген жыландай бұраңдап, бастауы жоқ, тоқтауы
жоқ иірімдей үйіріліп барып, қайта иіріліп, толассыз шұбалып жатты...
Бойтұмарды мен алғаш рет үйден алып шығып кеттім. Неге? Бəлежəледен қорғасын дедім бе? Əйтпесе, менің жолым болсын, жолыма
тілектес болсын дедім бе екен? Ал мен болсам адамның болмысынан
тыс тұрған құдіретті күшке — əулие-əмбиеге, жын-періге, көріпкелкиеліге, сірə да, сенбеймін, ал мəңгілік деген маған əманда өмірден
торыққан добал ойлы тоғышарлардың би қарекет керенаулығын ақтау
үшін ойлап тапқан тұрлаусыз жұбанышсымағы сияқты болып көрінеді.
Шығыста құланиектеніп білінген уыз таң — бұл енді кəдімгі
шынайы шілде, өйткені маусымның алтын шапақ арайы — шілдеде
жезге айналды. Мамырдың күптелген күмісі — қорытылған қорғасын
боп балқыды. Шілдеде жапырақ біткен түгел алпамсадай ауырлап,
сүліктей сəлденіп, жайыла, жазыла түсетіні рас. Құс біткен шілдеде
барылдап-қырылдап, құлықсыз қиқылдап, самарқау ғана сараң
шақырады, өйткені темір қанат, сары ауыз балапандар ұядан ұшуға
тынымсыз талпынады, қарбалас қанат қаға бастайды. Иə, шілде
үздіккен үміт кезеңі болудан қалса да, аңсағанның бəрі ақыр-тақыр
біткен шақ деуге де тым ерте. Жемісі піссе де əлі тіл үйірер дəмге
кенеле қоймаған, ажары да анау айтқандай мəз емес. Басындағы сары
ала шашағы төгілген жүгері собығы олақ қолмен олпы-солпы
орашолақ орала салған тұтамдай түйіншекке ұқсайды. Асқабақтың
сəнді сəлдесіне жаңа туған сəбидің əлі түсіп үлгермеген піштеу
кілдігіндей солғын гүлдің тəжі əлі жабысып тұр.
Мен Порлокке, жағасы жайлау, қойны құт, шалқып жатқан Порлокке,
келіп түстім. Арайлап атып келе жатқан жаңа таңның жарқыраған жез
кірпік сəулесі ақ балтыр қайындай аяғы əдемі болса да, қампиған
қарындары əзір құрсауға түсіп, құндақтала қоймаған сарқарын сақа
əйелдердей ажары сола бастаған қаулаған гүлдердің ауыр салмағынан
тал шыбықтай бойы сəл иілген алқызыл райхан гүлінің қомақты
шоғын аялай, аймалай құйылды.
Ментротуармен асықпай ақырын жүріп келе жатып ішімнен "қош
бол!" жоқ, "қауышқанша" емес, "қош бол!" дедім. "Қауышқанша" деген
сөзде үзілмеген үміттің жанға жайлы назды сазы сезіледі. "Қош бол!"
— қысқа қайрылған қатқыл сөз. Одан өткен мен келешектің
арасындағы əлжуаз дəнекерді қыршып тастайтын аюдай арбиған
азудың қарш-қарш қайраған ызалы шықыры естіледі.
Міне, ескі айлақ та көзге шалынды. Сонда мен осы неге "қош бол"
деп айттым екен? Білмеймін. Есімде жоқ. Айтпақшы, оңаша орныма
барғым келді, білем, бірақ қазір судың тасқын шағы. Оңаша орнымның
кілкіп тұрғанын теңіз жағасында өскен жанның бəрі біледі. Өткен
түнде мен Айды көрдім, бар болғаны төрт жаңасы ғана екен жəне ол
оташының сояудай сойдиған тебенінен аумайды. Əйтсе де менің аядай
құпия қуысымның құярлығына тура дөңбекшіген тентек толқындарды
айдап əкелуге оның күш-қуаты еркін жететін.
Дэнни Тейлордың лашығына соғудың қажеті шамалы, əрлі-берлі
жүрген Дэннидің аяғымен таптаурын болған көне соқпақты шөп басып
кеткені айқын көрінерліктей айнала əжептəуір жарық болды.
Ескі айлақтың айдынында жазға бейімделген жеңіл желқайықтар,
қаңқиған қайық жақтаулары, су қағар брезентпен жабылған құралжабдықтар қарауытып караңдайды. Ерте тұруға ерінбейтін елгезек
жандар кливерлерін, гроттары мен желкендерін қойып, теңізге шығуға
қамданып, қауырт қимылдап жатыр. Апас-қапаста асығыс тастай
салып, астан-кестені шыққан қайықтардың үстіне қабынан алынған
тау-тау аппақ желкендер алыстан бейне тосын тоналған ұялардай
көңілге күйсіз, көзге жұтаң көрінеді.
Жаңа айлақта да абыр-сабыр. Аялдамада əдетте ақшаның бетіне
қарамайтын, ал кешке қарай қайық толы балықтарын қоярға жер
таппай сасқалақтап, сілесі қатқан сыралғы балықшыларды, демалысқа
шыққан əуесқойларды күтіп алаңдаған, əбігерге түскен жалдамалы
қайықтар да айлақта сеңдей соғылысуда. Барлық қап-қанар, кəрзеңкесебет атаулы түгел аузы-мұрнынан шыққан, тіпті қайық табанында
үйілген тау-тау тригла, теңіз табаны, теңіз алабұғасы, шаншарлы
акула, осының бəрі тұншығып өліп, қоңсыған иісі қолқа қауып, ақыры
амалсыз суға лақтырылып, шулаған шағалаларға жем болғалы, ит
рəсуасы шыққалы тұр. Тұмсығының шүйі бар шағалалар да ұшып
келгелі қашан! Топырлаған ту-талақай басталар сəтті тағатсыздықпен
тамсана тосуда. Өзі тойса да көзі тоймайтын обырлықтарының
құрбаны болған балықтардың бұл тұқымы шағалаларға да таныс. Қапқап балықтың қабыршағын аршып, ішек-қарнын тазалауға кім
құлшына қояр дейсің. Ал балықты ақы-пұлсыз тегін беру — оны
аулаудан əлдеқайда қиын шаруа.
Кілкілдеп май жайылған айдын бетіне арайлап атқан таңның
аршыған жездей сары ала шапағы тарала бастады. Каналдың
сағасында селт етпей сіресе қалған алуан түрлі қалтқылар бейнебір
ұйқысын қимай мүлгіп тұрғанға ұқсайды, ал соның əрқайсысының
астында айнадай су бетінде солардың сыңары қалқиды.
Мен жалау қадалатын тұғырға дейін бар дым да, сол арадағы соғыс
қаһармандарына орнатылған ескерткіштің алдына аялдадым. Сонда
тасқа ойылып, күміспен күптеп жазылған тізімнен жалғыз тірі қалған
"Капитан И. А. Хоули" деген өзімнің аты-жөнімді тауып алдым. Соның
төменгі жағына отбастарына оралмаған нью-бэйтаундықтардың атыжөні алтын əріппен жазылған Көпшілігінің есімдері маған таныс, бір
кезде олардың өздерін де білгенмін. Онда бəрі де бізден артықшылығы
жоқ, қарапайым жандар еді, міне, енді олар бізден биік, аты-жөндері
күміс емес, алтын əріппен жазылғандар, артықшылықтарының өзі де
сол ғана. Бір сəт мен де солардың арасында болсам, қандай ғажап
болған болар еді деген маған өресіз ой тосын елес бергендей болды.
"Капитан И.А.Хоули" деп көлеңкесінен қашқан қорқақтар, сыныққа
сылтау іздеген сұмырайлар, аузынан сөзі, қолынан ісі түскен
былжыраған сүмелектер мен хас батырлар — алтын əріппен жазылған
тізімнің соңына менің де аты-жөнім айшықталып тіркелген болар еді.
Өйткені ұрыста тек батырлар ғана емес, көбіне қасқиып жауға қарсы
шапқан хас батырлар қаза табады.
Жуан Вилли машинамен ескерткіштің алдына келіп түсті де, артқы
отырғышта жатқан жалауды алып шықты.
— Сəлеметсіз бе, Ит? — Жалаудың сабын жез ұңғыға қадады да,
жалаудың өзін сырғытып ұзын сырықтың ұшар басына дейін шымшымдап көтерді, бірақ жалау жайылып желбіремей, дарға асылған
өліктей ұсқыны кетіп, солпиып салбырап қалды. — Ақтық демі бітер
сот алыс емес, — деді Вилли алқынған демін əзер тежеп, — өзінде түр
де, түс те қалмапты. Жə... енді бір-екі күн шыдаса, жаңасын əкеп ілеміз
ғой...
— Елу жұлдыздысынан болар, иə?
— Əрине, олар оңды нейлоннан жасалған, өзі үлкен, мынадан екі
есе, ал салмағы екі есе кем.
— Қалың қалай, Вилли?
— Жазғырудың жөні де жоқ сияқты. Əйтсе де мен сізге шағым
айтып, шағынып көрейін. Төртінші шілденің əбігері қашанда бастан
асып жататын əдеті ғой. Ал ол жексенбіден кейінгі күнге орайласса,
онда, əсіресе қала сыртында жазатайым жайсыз оқиғалар, апаттар,
мастардың майданы əдеттегіден екі есе асып түседі. Келіңіз,
отырыңыз, дүкенге дейін жеткізіп салайын.
— Жоқ, рахмет! Менің əлі поштаға соғуым керек, одан соң жолжөнекей дəмханаға кіріп, бір шыныаяқ кофе ішіп шығу да ойымда бар.
— Мақұл онда. Поштаға дейін жеткізіп салайын. Мен де сізбен бірге
барып кофе ішкен болар едім, бірақ əлгі Стони қабаған иттей арсылдап
беттен алып, төске шауып, əбден құтырып жүр. Қазір одан аулақ
болғанның өзі абзал
— Оған не болған?
— Сайтаным біліп пе, соны. Бір-екі күнге бір жаққа барып келіп еді,
содан бері қабағы ашылмай, аузы жабылмай қойды.
— Ол сондай-ақ қайда барып келіп еді?
— Білсем, бұйырмасын Бар білетінім — қазір оның жанына жуып
болмайды. Жарайды, поштаңызды алыңыз, мен тоса тұрайын.
— Əуре болмай-ақ қой, Вилли. Мен əлі хат жазып жіберуім керек.
— Жарайды, олай десеңіз, өзіңіз біліңіз, — ол кері бұрылып Бас
көшеге қарай жүріп кетті.
Пошта іші алагеуім екен, еденін таяуда ғана тазалап сүртсе керек, ал
есіктен кіреберіске: "Абайлаңыз, тайып жығылып жүрмеңіз!" деген
құлақтандыру іліп қойыпты.
Біздің дербес жəшігіміздің саны жетінші, біз оны пошта үйі
салынғалы бері пайдаланып келеміз.
Мен дискіден Г. 1/2 Р. деген дербес тіркеу белгісін теріп, жəшіктен
"Абонентке" арналған бір буат бағдарламалардың мазмұндамасы мен
көрер көзге көркем етіп жасалған жарнама парақтарын алдым. Қоқыс
жəшігіне тасталатын осы материалдардан басқа онда дəнеңе де жоқ
екен. Мен Бас көшенің бойымен "Фок-мачтаға" бет алдым, бірақ оған
жетер-жетпесте бастапқы ниетімнен айнып қалдым — кофе ішкім
келмеді ме, əлде ешкіммен жүздескім келмеді ме, оны өзге түгіл өзім
де білмеймін. Неге екенін қайдам, мəнəйім менің дəмханаға баруға
құлқым болмай қалды. Əйел ме, əлде еркек пе, бəрі бір, əйтеуір, адам
дегеніңіз - бойына қарама-қайшы ниеттер мен таланттардың
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алаң Көңіл Ақпаны - 19
  • Parts
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 01
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2293
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 02
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2241
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 03
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2172
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 04
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2424
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 05
    Total number of words is 4119
    Total number of unique words is 2311
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 06
    Total number of words is 4007
    Total number of unique words is 2225
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 07
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 2286
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 08
    Total number of words is 4057
    Total number of unique words is 2309
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 09
    Total number of words is 4081
    Total number of unique words is 2266
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 10
    Total number of words is 4016
    Total number of unique words is 2207
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 11
    Total number of words is 4150
    Total number of unique words is 2203
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 12
    Total number of words is 4105
    Total number of unique words is 2308
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 13
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2262
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 14
    Total number of words is 4017
    Total number of unique words is 2434
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 15
    Total number of words is 3985
    Total number of unique words is 2473
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 16
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2362
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.3 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 17
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2332
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 18
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2366
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 19
    Total number of words is 4056
    Total number of unique words is 2301
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 20
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2350
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 21
    Total number of words is 4064
    Total number of unique words is 2417
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 22
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2315
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 23
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2191
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 24
    Total number of words is 4021
    Total number of unique words is 2343
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 25
    Total number of words is 657
    Total number of unique words is 503
    40.1 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.