Latin Common Turkic

Алаң Көңіл Ақпаны - 19

Total number of words is 4056
Total number of unique words is 2301
32.6 of words are in the 2000 most common words
46.4 of words are in the 5000 most common words
54.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
шытырман шиесін түйген неткен қиямет күрделі құбылыс еді
десеңізші!
Шегіршінді көшесінің қиылысынан қылт етіп бір көрініп, Бейкер
мырза сол тепеңдеген қалпымен дыңғырап-зымырап отырып банктегі
қасиетті қызметін адал атқаруға алаңсыз тартқанында мен дүкеннің
алдындағы тротуарды сыпырып жүргенмін. Сосын үйреншікті
əдетіммен есікке кіреберісте тұрған жайма текшелерге қауындарды
жайғастыра бастадым. Сол кезде банктің алдына бұрындары
шығарылған сырты оққағар сауытпен қапталған абажадай жасыл түсті
автомобиль келіп тоқтады. Командостарша киінген қарулы екеу
шанақтан ақша салынған сұр қапшықтарды банкке тасыды. Арада он
минуттай өткенде олар қашып келіп дөңгелекті бекіністеріне отырып,
жосыта жөнелді. Шамасы, олар ақшаны Морфидің мұқият санап
шығуын, ал Бейкер мырза оны өз көзімен көріп, тексеріп, тілхат
бергенше тосқан болса керек. Ақшамен айналысу — əрине, əбігері шаш
етектен ауыр жұмыс. Егер Морфи бөтен біреудің ақшасынан жаны
жапа шегіп, əбден мезі боласың десе, онда, əрине, оның əлегі де аз
болмағаны. Қапшықтардың қармысына қарағанда банк мереке
қарсаңындағы қауырт та қарбалас күндері қомақты мөлшерде ақша
жөнелтуді межелеп жатқаны. Егер де мен қатардағы қарапайым
тонаушы болсам, дəл сол күнді оңтайлы күн деп санаған болар едім.
Амал қанша, мен қатардағы тонаушы емеспін. Мен Джой сияқты өзім
сыйлайтын танысымның мəртебелі мектебінен өткен жанмын. Егер
зауқы соқса, тонаудың түбін түсірген, міне, сол болар еді. Ең болмаса өз
теориясын іс жүзінде сынау үшін болса да, оның бағын байқап
көрмегеніне менің таңым бар.
Дүкенге жұрт таң атпай дүмеп келіп жатты. Маған тіпті күткенімнен
де ауыр тиді. Күн аяусыз-ақ апшыны қуырып тұр, үп еткен жел жоқ,
қысқасы, ауа райы кез келген адам ойланбай-ақ қаланың сыртына
демалуға аттанып кетуге əзір болатын ауа райының нағыз өзі еді.
Сауда жасайтын текше алдында көштей шұбатылған кезек тізілді. Енді
не болса, о болсын, мен үзілді-кесілді ұйғардым. Маған қалай да бір
көмекші керек. Егер Алленнен ештеңе шықпайтын болса, оны қуып
жіберем де, орнына бөтен біреуді аламын.
Сағат он бірлер шамасында Бейкер мырза дүкенге келді. Ол асығыс
екен. Сатып алушылардан кешірім сұрап, мен қойма-бөлмеге бардым.
Ол менің қолыма екі конвертті ұстата салды, біреуі үлкен, ал
екіншісі одан кішілеу. Асығып тұрғандықтан сөзді стенографиямен
жазғандай етіп қысқа қайтарды.
— Том Уотсон бұл істі "алаңы жоқ, таза" деді. Салым жөнінде
білмейді. Жоқ болар деп топшылайды. Міне, мынау — құжаттар.
Кушорлердің саны көшіріліп жазылды. Мынау — толтырылған чек.
Тек қолтаңбаңызды қойыңыз. Асығыстығым үшін, Итен, ғафу етерсіз.
Істі бұлайша жүргізу менің көңіліме қонбайды.
— Демек, қалай болғанда да сіз маған бағыңды базарға салып сынап
бақ дейсіз ғой?
— Итен, сайтан алғыр, осының бəрінен соң мен...
— Ғафу етіңіз, мырза, ғафу өтінемін! Сіздің айтқандарыңыз əбден
орынды, — мен чекті қойыртылған сүт салынған жəшіктің бетіне
қойып, сия қаламмен қолтаңбамды қойдым.
Бейкер мырза қанша асығып тұрса да, чекке қалай қол қойылғанын
қалт жібермей қадағалауды ұмытпады.
— Əуелі екі мың ғана ұсынып, аңлысын аңлап көріңіз, содан кейін
екі жүзден үстеп, бағаны бірте-бірте көтеріңіз. Есепшотыңызда бар
болғаны бес жүз доллар қалғанын, əрине, білетін шығарсыз. Қосымша
ақша іздеп əлек болудан Алланың өзі сақтасын!
— Егер бəрі ойдағыдай оңынан болып жатса, дүкенді кепілдікке
қойып несие алуға болмай ма?
— Əрине, болады, бірақ қарыздың қайырым пайызының өзі-ақ қыпқызыл шиедей ғып жеп қояды ғой.
— Мырза, сізге риясыз ризалығымды қалай айтып жеткізудің ретін
таппай тұрмын.
— Итен, əңгімеге ұйып, алдауына түсіп қалып жүрмесеңіз болғаны,
оның арбауына, мəймөңкесіне көнбеңіз. Ол əрине, бұлбұлша сайрайтын
болады. Бұл жөнінен италиялықтар алдына жан салмайды, шетінен
ділмар. Сіз əуелі өз қамыңызды ойлауыңыз керек, мұны əсте
жадыңыздан шығарушы болмаңыз.
— Жасаған барлық жақсылығыңыз үшін көп-көп рахмет.
— Жарайды, əйтпесе мен енді кетейін, — деді ол, — ерсілі-қарсылы
ағылған машиналар қаптап кетпей тұрғанда ертерек тас жолға жетіп
алсам деймін, — алды-артына қарамай асығыс дүкеннен атып шыққан
ол жаймаға қойылған əрбір қауынды қайта-қайта қарап сипалақтап
жүрген Уиллоу бикемді қапелімде қағып кете жаздады.
Уақыт озса да, дүкендегі абыр-сабырдың басылар түрі əлі
байқалмайды. Көшедегі қабынған қапырық, шыжыған ыстық бейне
адамдардың апшысын қуырып, жүйкесін жұқартқандай, жайсыз əсер
етуде. Тіпті олар мереке демалысқа емес, қайдағы бір қасіретті табиғи
апатқа дайындалып жатқандай деген күдікті көңілге келеңсіз ой
келеді. Алдында уəделескендей орайын тауып Морфиоге сэндвич
апарып беруге қанша оқталсам да, мына абыр-сабырда бəрібір оның
ретін келтіре алмаған болар едім.
Тауар сатып, оған жұрттан ақша алып қана қоймай, бір жағынан қып
еткенді қалт жібермей, сауысқандай сақ болу да қажет. Сатып
алушылар арасында көзің тайса, бірдеңені қағып кетуді теріс
көрмейтін жылпос жолаушылар да, кездейсоқ келімсектер де
жеткілікті. Тіпті алғысы келмесе де, өз еркінен тыс алғанын аңғармай
қалатын сұғанақтар да табылады. Оның бер жағында оған соның керегі
де жоқ. Əйтсе де олар жеңсік тағамдарға: қаздың бауырынан істелген
паштетке, уылдырыққа, дəмделген, тұздалған саңырауқұлаққа сұмдық
өш келеді. Сол себептен де Марулло маған мұндай тауарларды сатып
алушылар кіре алмайтын сауда орнының ар жағында ұстауды
аманаттай айрықша тапсырған болатын. Сұғанақты ұрлық үстінде
қолға түсіру — саудаға көлеңке тастайды деп маған өсиетін айтатын.
Жанжал, толқу-дүрбелеңдер жұрттың бəрінің қолы таза болса да,
пиғылы арам болуынан да шығар. Шығынның есесін өзге сатып
алушылар өтеуін жөн көретін болар. Егер мен əлдебіреулердің
қайсыбір текшеге жымысқы жылыстап жақындағанын байқасам, əдейі
даусымды көтеріп: "Міне, мынау дəмделген көкөністер— коктейлі
ішуге ең тəуір, ең арзан шайнама» деймін. Мен оның арам пиғылын дəл
тапқандай ондай аларманның талайы селк етіп шошынғандай лезде
есін жиып, райынан қайта қояды. Бұл істің жаныңды жəбірлейтін жері
де — күдіктену. Жұрттың бəрінен бірдей күдіктенуді жаным жек
көреді. Мұның өзі, əділін айтқанда, бір адамның мың адамға топырақ
шашқанымен бірдей ғой.
Барған сайын іш пыстырып, зықыны шығарған күн бəз-баяғы өгіз
аяңмен мимырт сылбыр өте берді. Сағат бестен кейін дүкенге аға
констебль Стони келді, асқазанын жара жайлап кеткендей қырым еті
жоқ, тыриған арық, түксиген түрі де адам аярлық, өңі сатқақтан
тұрғандай сап-сары. Ол дүкеннен əдетте теледидардың жарнамасынан
түспейтін құрамында деревня тұрғындары жанышқан еттен жасайтын
бифштекс, бұқтырылған сəбізі, картоптан істелген бөкпені бар түстік
асқа деген құрама сатып алды. Мұның бəрі күні бұрын пісіріліп
тоңазытылған, арнаулы алюминий жəшікке жайғастырылған-ды.
Мен оған:
— Бастық, сізге не болған? Шілденің шыжыған ыстығы соққандай
ұсқыныңыз келіспейді ғой?
— Жоқ, о не дегеніңіз? Менің хəл-жағдайым жақсы. — Əйтсе де
түрінен адам шошырлық.
— Түстік асқа арналған екі құрама берейін бе?
— Жоқ, біреу. Зайыбым қонаққа кетті. Ал полицейлерге мереке
бұйырмаған.
— Амал қанша!
— Бəлкім, осылай болғанының өзі де оңды шығар. Айналада болып
жатқан мына аласапыранда үйде омалып отыру да оңай шаруа емес
қой.
— Сіз бір жаққа барып қайтты деп естіп едім?
— Оны кім айтты?
— Вилли.
— Одан да өзінің добалдай тілін добардай тісінен шығармағаны
мақұл еді ғой.
— Ол басы артық бөтен сөз айтқан жоқ.
— Ойлауға оған ақылды кім беріпті. Торға түспеуге санасы жетіп
жатса да, соған да шүкіршілік.
— Пешенеге жазылғаннан ешкім қашып құтыла алмайды, — дедім
мен де əдейі.
Əсері мен күткеннен əлдеқайда асып түсті.
— Итен, сонда сіз не демексіз?
— Əншейін, бізде заңның көбейгенде тіпті бастан асып кеткенін,
əлдеқалай тəртіп бұзушы атанбау үшін түшкіруге зəрең ұшатынын
айтқаным ғой.
— Иə, мұның рас. Бəрін біле бермейсің...
— Айтқандайын, басеке, сізден сұрайын деп едім... мен дүкеннің
ішіндегі текшелерді жинастырып жүргенде бір тапанша, əбден тот
басқан ескі тапанша тауып алып едім, Маруллоға айтсам, менікі емес
деп ат-тонын ала қашады, ал мен де оны көріп отырғаным осы. Енді
соны не істеуім керек?
— Егер рұқсат қағазын жөндегіңіз келмесе, онда маған тапсырыңыз!
— Мақұл ертең ала келейін, үйде жатыр, оны керəсін май құйылған
қалбырға салып қойып едім. Мұндай жағдайда, Стони, сіз не істеген
болар едіңіз?
— Əлдебір қолайсыз іске қатысы жоқ па екен, соны тексереміз де,
ондайдан аулақ болса, мұхитқа лақтырып жібереміз, басқа не істейміз,
бары сол.. Бастапқыдай емес, оның ептеп сергіп, көңілденгені сезіледі,
ал өзім жайлы да дəл солай деп айтуым екіталай. Өйткені бүгін ұзақты
күні бойы миың қайнап, аузыңа түсерліктей апшыны қуырған атайман
ыстық болды.
— Осыдан екі жылдай бұрын біздің штаттың бір жерінде қаралған
қылмысты іс есіңізде бар ма? Тəркіленген қару-жарақтарды сатқан
полицейлер жазаға тартылып еді ғой. Стони қолтырауынға тəн
тоңмойындықпен, қолтырауынға тəн жымысқы күлкімен жымиып
күлді.
— Бұл апта маған аса ауыр тиді, Ит. Азапты апта болды. Байқаймын,
сіз мені қағытып қалжыңдағыңыз келетін тəрізді, соның қажеті жоқ.
Осы аптаның ішінде мен сізсіз де сазайымды əбден тарттым.
— Мақұл басеке, онда мен қойдым. Ал қоғамның инабатты мүшесі
сізге қол ұшын бере алмай ма? Мəселен, сізбен бірге былай қағып
жіберуге?
— Əттең-ай, мүмкіндік болып жатса, оған не жетсін? Мен нақ қазір
есім танғанша ішіп, өлердей мас болғаннан басқаны қаламаған болар
едім.
— Ендеше, неге солай етпеске?
— Сіз шынымен ештеңе білмейсіз бе? Əйтсе де сіз оны қайдан
білейін деп едіңіз. Егер соның бəрі қайдан шыққан, неге жасалған пəле
екенін менің өзім де біліп жатсам, онда бір сəрі ғой.
— Сіз не деп кеттіңіз?
— Ештеңе емес. Менің айтқанымның бəрібір құлағыңыздан кіріп,
екінші құлағыңыздан шығып кететін болсын Жо-жоқ, оның қажеті жоқ.
Өйткені сіз Бейкер мырзамен көңілі жақын, достас адамсыз ғой, қалай,
ол бір жаңалық ойлап тапқан жоқ па?
— Басеке-ау, оның бəрін білетіндей мен онымен ауыз жаласқан
айрылмас дос емеспін ғой.
— Марулломен ше? Сол Маруллоның өзі қазір қайда жүр?
— Нью-Йоркке кеткен. Өзінің артриті жөнінде білетін біреулермен
ақылдасқысы келеді.
— О, Жаратқан ием, жар бола гөр! Түсінсем бар ғой, садағаң кетейін.
Түкті де түсінбеймін. Егер болмашы бір сілем сезілсе, мен қайда
шабуылдауды білген болар едім.
— Стони, сіз адам ұғып болмайтын бірдеңелерді шатып кеттіңіз ғой.
— Оныңыз рас. Мен шынымен көпіріп көп сөйлеп кеттім.
— Өзімді өзім мақтағым келмейді, егер сіз ой бөліскіңіз келсе, онда...
— Жо-жоқ. Əсте ондай ойдан аулақпын. Ешкім мені аузына сөз
тұрмайды деп айта алмайды, ешкім де айыптай алмайды. Бəрін
ұмытыңыз, Ит. Əбден шаршап, қалжырағандықтың əлегі ғой, бұл.
— Стони, менен қауіптенбей-ақ қойыңыз. Онда не болып еді...
Қазылар алқасы болды ма?
— Сіз біледі екенсіз ғой?
— Шет жағасын естігенім бар.
— Оның аржағында тағы не тұр?
— Прогреске қамқорлық.
Стони менің жаныма тақап келіп, өзінің құрыштай қолымен
қарымнан қыжына қысқанда ауырғаны сондай, тіпті əзер шыдадым.
— Итен, — деді ол сұстанып, — сіз қалай деп ойлайсыз, мен жақсы
полицеймін бе, əлде жоқ па?
— Тамаша полицейсіз.
— Шама-шарқым келгенше шапқылап жүріп бəрін тындыруға
тырысамын, Ит, өз басын қорғау үшін адамды жолдастарын ұстап
беруге итермелеу, қинап-қыстау — осы да жөн бе?
— Меніңше, жоқ, жөн емес.
— Меніңше де, жөн емес. Бұлай əрекет ететін билік орнын мен
сыйламаймын. Егер мен өзім істеп жүрген қызметімді қастерлемейтін
болсам, онда менің жақсы полицей болуым да екіталай ғой, бəрінен
бұрын менің жаныма бататыны да, Ит, міне, осы.
— Басеке, сіз абайсызда əлде бірдеңеден тосылып қалдыңыз ба?
— Заңның көптігінен əлдеқалай түшкірсеңіз де амалсыздан соның
біреуін бұзасыз деп əлгінде ғана сіздің өзіңіз айттыңыз емес пе? Міне,
енді қарап жүріп қара басқанын көрмейсіз бе? Солардың бəрі менің өз
жолдастарым ғой, əйтсе де, Ит, мұны ешкімге тісіңізден шығармай-ақ
қойыңыз.
— Жо-жоқ, о не дегеніңіз, тіл-аузым тасқа! Ау, басеке, сіз мына түстік
асқа алған тағамдарыңызды ұмытып барасыз ғой.
— Иə-иə, — деді ол, — үйге барып, аяғымды шешіп тастап
теледидар көрем, телефильмдердегі полицейлерден үйренем, өнегеүлгі аламын. Білсеңіз, осы бар ғой, кейде үйде оңаша отырып
демалғанның өзі де оңды. Жарайды, Итен, көріскенше!
Стони — тамаша жігіт. Ол — жақсы полицей. Апырым-ай, бұл сілем
қайда апарар екен өзі?
Мен көшедегі жаймаларды ішке кіргізіп, дүкенді жабуға енді
ыңғайлана бергенімде, қапелімде Джой Морфи жетіп келді.
— Тезірек! — дедім де, мен екі есікті бірдей жауып, жасыл
перделерді түсірдім. — Ақырын сөйле!
— Соншама не боп қалды?
— Күтпеген жерден тағы біреулер келіп, ананы-мынаны сұрап,
əурелеп жүрер.
— Ə-ə! Мен сізді енді түсіндім. О, құдайым-ау, осы мереке дегенді
көрмесем деп едім. Адамға тəн азғындық атаулының бəрі нақ осы кезде
андыздап кететінін қайтерсің?! Азанмен аптығып алаөкпе болып
аласұрады да, үйге сүлдерін сүйретіп зорға жетеді.
— Мен мына жерді жинастырып болғанша салқын сусын ба, бірдеңе
іше тұруға қалай қарайсыз?
— Қарсы емеспін, сыра бар ма еді?
— Алып кетуге табылады.
— Қам жемеңіз, мен оны мұнда емес, тысқа шығып ішемін.
Қалбырын ашып берсеңіз болғаны.
Мен қалбырдың қақпағына үш бұрышты екі тесік жасадым. Ал ол
қолына тиген бойда басын кекшитіп тұрып бір тамшысын қалдырмай
лық еткізіп көмейіне құя салды. «Уф!» деп бір күрсінді де, босаған
қалбырды текшеге қойды.
— Сейсенбіде мына біз де қала сыртына шыққалы жатырмыз.
— О, байғұстар! Қайда бармақсыздар?
— Əлі анық айта алмаймын. Ол үшін біз əлі қызыл кеңірдек болып
қиқылдасып үлгерген жоқпыз.
— Қалада осы тосын бірдеңе болып жатқан тəрізді. Одан сіздің
хабарыңыз жоқ па?
— Онда есіме салыңыз.
— Менің өзім де ештеңе білмеймін, əйтсе де əйтеуір бірдеңе болып
жатқанын ішім сезеді. Менің көк желкем құрыстап жүр. Бұл — қалт
кетпейтін ырым. Бəрі əбігерге түсіп, абыржулы.
— Бəлкім, сізге солай болып көрінген шығар?
— Солай да болуы ғажап емес. Əйтсе де Бейкер мырза мереке
күндері ешқашан қаладан тысқа шыққан емес. Енді, міне, қаладан
кеткенше жанығып, табанына нақ бір шоқ басқандай дызақтауда.
Мен күлдім де:
— Ал сіз өз тіркеу кітаптарыңызды тексеріп көрмедіңіз бе? — дедім.
— Шынын айтсам, тексеріп көрдім.
— Мұныңыз қалжың болар?
— Мен шағын бір кенттегі пошта бастығын білуші едім. Шашы
сабан түстес сап-сары, өзі көзілдірік киетін, кемиек, алқымының
астында жұдырықтай жемсауы бар Ральф деген боқмұрын бала соның
көмекшісі болып істеді. Міне, сол Ральф анау-мынау емес, қыруар сома,
яғни екі жүз мың доллардай тұратын марка ұрлаймын деп қолға түсіп
қалды. Ол түк те істей алмады, қысқасы, бір сөзбен айтқанда, боқмұрын
сүмелек болып шықты.
— Сонда сіз əлгі маркаларды оның өзі ұрлаған жоқ еді дегіңіз келе
ме?
— Онда тұрған не бар? Ұрлады ма, ұрламады ма, əңгіме онда емес
қой, ең бастысы — ол ұсталып, қолға түсті. Ал мен əрқашан сақтық
сақтаймын, ешқашан қапылыс қолға түспеймін.
— Əлде сол себептен де сіз осы күнге дейін үйленбей, бойдақ
жүрген боларсыз?
— Онда тұрған не бар, сайтан алғыр, бəлкім, бір есептен солай да
шығар!
Мен алдымдағы алжапқышты шешіп, оны орап-орап кассаның
астыңғы жəшігіне апарып салдым.
— Кез келген адамның бəрінен күдіктену, Джой, абырой əпермейтін
іс. Онымен айналысуға менің қолым тимеген де болар еді.
— Банкте мұнсыз мүмкін емес. Бір мəрте жазатайым жаңсақ
бассаңыз болды, шаруаң шалқайды дей бер, басқасын қойшы, біреуге
сыбырласаң болды, соның өзі де жетіп жатыр.
— Сіз осы шынымен жұрттың бəріне күдікпен қарайсыз ба?
— Бұл араға, əрине, түйсік араласады. Егер болмашы бірдеңенің
сыбысы шықса, менің сезімтал түйсігім дабыл қағады.
— Əйтсе де бүйтіп қалай өмір сүруге болады? Сіз, шамасы,
қалжыңдап отырған шығарсыз?
— Қалжыңы қалжың-ау, бірақ мен сізден: егер əлде бірдеңе есіте
қалсаңыз, яғни, əрине, маған қатысы бар бірдеңе есіте қалсаңыз, мені
де құлаққағыс етуді ұмытпағайсыз.
— Мен білгенімді жұрттың бəріне жасырмай айтуға əзірмін.
Соңдықтан да болар, ешкім маған ештеңе айтпайды. Сіз де үйге
барасыз ба?
— Жоқ. "Фок-Мачтаға" соғып тамақтанып шығуға зауқым соғып тұр.
Мен сырттағы жарықты өшірдім.
— Тар көшемен шықсақ, қалай қарайсыз, қарсы емессіз бе? Мен сізге
сэндвичті ертең ертемен, жұрт топырлап кетпей тұрып əзірлеп
қоярмын. Біреуін ірімшікпен, біреуіне қара нан мен шошқаның сүр
етіне салат қосып, үстіне балқаймақ құйсам қалай көресіз, дұрыс бола
ма? Сосын бір құты сүт деп едіңіз ғой...
— Сізге, асылы, банкте жұмыс істеген жөн еді, — деді ол.
Тегі соқа басты бола тұрса да, жанды жейтін жалғыздық тауқыметін
ол отбасылы адамдардың ешқайсысынан айрықша артық тартқан да
емес. Біз мейрамхананың алдында қоштастық, осы бір сəт, шіркін,
күйкі күншілдік күйігі ішімді жалап өткендей болды. Үйде не болып
жатқанын мен ешкім айтпай-ақ, көз алдыма айқын елестетуіме əбден
болатын еді. Мен қателеспеген екенмін, өйткені Мэри алдағы
сапардың бағыт-бағдарламасын бастан-аяқ, түп-түгел ойластырып
қойыпты. Монток мүйісіне тақау тұста жатыпішер жалқаулардың
жұпыны ғана бір баспанасы — қазіргі заманғы ересектерге арналған
бақташылар кинофильмінің үлгісімен салынған шағын малшылар
ауылы бар-ды. Оның көз тартып, көңіл қызығарлық бір қасиеті — ол
өзі Америкадағы көненің көзіндей нағыз ранчо — малды ауыл. Техас
деген бұл дүниеде тегі атымен жоқ кездің өзінде-ақ мұнда сатуға мал
өсірілетін Жер Грамотасын сонау ертеде олардың иелеріне Карл
Екінші өз қолымен тапсырса керек. Бұл жерде Нью-Йорк тұрғындарын
азықтандыруға арналған мал бағылады да, бақташылар құзырлы
қазылар алқасы сияқты белгілі бір мерзімге жеребе тастап, мұқият
іріктеп алынады екен. Қазір, əрине, оның қаңқиған қаңқасы ғана
қалған. Əйтсе де əлі күнге дейін шалғында əукесі жер сызған, жотасы
жұмыр қоңды сиырлар жайбарақат жайылып жүргенін көресің.
Жолаушыларға арналған оңаша үйдің бірінде қонып шығу жөніндегі
тосын ой да Мэридің таңсық көңілінің көзін тапқандай қатты ұнағанды. Эллен тура Нью-Йоркке тартып кетіп, сондағы қонақ үйлердің
біріне түсуді, Таймс-скверде екі күн еркін сайрандап, сағынған мауқын
басуды қалайды, ал Аллен болса, ешқайда аттап шыққысы жоқ. Өзі
туралы жарияға жар салып, өзіне өзге жұрттың назарын аудару үшін
оның əманда қолданатын үйреншікті əдісінің бірі бүл
Жолға шығар сапар алдындағы абыр-сабырдан үй-ішінің тұп-тұнық
ауасының өзі де толқып тұрғандай еді. Көлгірсіп егіл-тегіл еңіреген
Эллен моншақтаған көз жасын іркусіз төгуде. Зығырданы қайнап,
əбден шаршап, сілесі қатқан Мэридің бет-жүзі шиедей қып-қызыл
болып
кеткен.
Аллен
қолындағы
шақадай
шағын
радиоқабылдағышынан: "Сен мені сүйдім деп ең өзеуреп, сөйте тұра
аямадың, қорладың, жұдырықтай жүрегімді таптадың, азабыңа көнер
деп" махаббат мұңын ащы дауыспен қайта-қайта қайталаған əншінің
жантүршігерлік зарлы жоқтауын түйіле тыңдаған күйі тапжылмай,
жұрттың бəрінен əдейі оқшау отыр.
— Құрып кетсінші, мен қазір бəрінен безіп кетуге əзірмін, — деді
Мэри.
— Олар саған көмектесіп жатырмыз деп ойлайды.
— Олардың əдейі осындай жан төзгісіз жағдай жасағылары келеді.
— Маған ешқашан ештеңе істеуге болмайды, — деп міңгірледі
Аллен.
Аллен қабылдағышты бар даусымен аңыратып қойып еді:
"...Сорлы менің жұдырықтай жүрегімді аямай сен таптадың" деген
дауыс үйдің ішін азан-қазан ғып басына көтерді.
— Сүйікті менің сəбеней сəбірім, осы біз соларды үйдің астындағы
қараңғы қамбаға қамап тастап, демалысқа оңаша екеуміз ғана тартып
тұрсақ, қайтер еді?
— Мен бұған қарсы болмас та едім, — сүйген сорлы жүректің
күйіктен күңіренген гүрсілінен бұны менің естуім үшін оған бұл
сөздерді өңешін жыртып бар даусымен айғайлап айтуына тура келді.
Кенет мені адуын ашу қысты. Барып ұлымды желкеден алып,
сүйген сорлы жүрегімен қоса еденге салып аяғыммен таптамақ болған
қатыгез, қияс пиғылмен əй-шəйға қарамай адымдай басып, қонақ
бөлмеге ұмтылдым. Бірақ табалдырықтан аттай бергенімде, мұңды
музыка қапелімде тым-тырыс тына қалды: "Арнаулы хабарлама жасау
үшін біз музыкаға үзіліс жариялаймыз. Бүгін күндіз Нью-Бэйтаун мен
Уэссекс округінің бірсыпыра жауапты жұмыстағы лауазымды
адамдары өздерінің қызмет бабын пайдаланып, қиянат жасауға
барғандары үшін, айталық, көше тəртібін бұзғандардың айыппұлына
байланысты қулық-сұмдық жасап, пара алғандықтары, құрылыстар
мен қаланы көріктендіру жұмыстарын саудаға салғандары үшін
айыпталып, қазылар алқасы алдында жауап беруге шақыру қағаз алды,
— деген шағын хабар берілді. Міне, енді бəрі: мэр, əкімшілік, қазылар
— түгел күйрейді, мен аса бір алаң көңіл өкінішпен тыңдадым, тегі,
тыңдадым да, тыңдамадым да деуге болады. Мүмкін, олар айтылған
айыпқа қатысты болмауы да ықтимал, бірақ соның бəрі болғалы
қашан, болары болып, бояуы сіңіп кеткен, керек десе, мұны
жамандыққа жорудың өзі де жосықсыз. Ал егер айыпты болмаған
күннің өзінде де олардың алдағы сайлауға дейін ақталып үлгермесі
анық. Сосын "қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан" демекші,
дəлелденбеген айыптың өзі де адамның бетіне əрқашан шіркеу болып
тұрары хақ. Сонымен, енді олардың шаруасы бітті дей бер. Бəлкім,
мұны олардың өздері де ұққан болар. Мен хабарламада Стонидің есімі
де аталар ма екен деп құлағымды түріп-ақ тыңдадым, бірақ аталмады.
Асылы, өзі көзге түспей, көлеңкеде қалыс қалуы үшін ол өзгелерді
көгендеп берген, орға итерген болса керек. Əрине, бұдан кейін оның
ішкі жан дүниесінің жай таппай, астан-кестен болуын түсіну, анау
айтқандай шешуі шие жұмбақ болмасы сөзсіз. Мэри босағаға сүйеніп
тұрып тыңдады.
— Пəлі-пəлі! — деді ол — бізде мұндай істің болмағаны қашан! Итен,
сен осының бəрін рас деп ойлайсың ба?
— Онда тұрған дəнеңе жоқ, — дедім мен, — əңгіме бұл арада расжалғанында емес.
— Ал Бейкер мырза не дейді екен, сұрар ма еді өзінен.
— Ол демалуға кетті. Оның хəлі қалай екенін білер ме еді?
Өзіне кесір жасағанына өкпелеген Аллен ызаланып орнынан бір
отырып, бір тұрып, өзінше қыр көрсетіп, қопаң-қопаң етті.
Радио тыңдау, тамақ ішу, одан соң ыдыс-аяқты жуу араға килігіп
кетті де, алдағы сапар жөніндегі əңгіменің желісі үзіліп қалды сосын
оны қайта бəз қалпында іле-шала сабақтаудың, тіпті əлдебір
мəселелерді шешуге, əйтпесе айқай-дырдуды, ебіл-себіл еңіреуді енді
одан əрі ұластырудың мəні де, сəні де кеткені айқын аңғарылғандай
болды.
Біз төсекке жатқан бетте қапелімде менің туда бойым түршігіп қоя
берді. Жазғы түннің жылы болуына қарамай алдын ала ойластырылып
жасалған қатыгездіктің қапылыс сұмдық соққысынан қалшылдап
кеттім.
— Сүйіктім-ау, сенің денең құсеттеніп кетіпті ғой, — деді Мэри, —
вирусты тымаумен ауырып қалғаннан саумысың өзің?
— Жоқ, жаным. Əншейін əлгі байғұстар қалай болды екен деп ойлап
жатырмын. Олардың күнін басқа бермесін!
— Қойшы, Итен. Өзгенің қасіретін өз мойныңа артып нең бар!
— Көрмейсің бе, міне, амалсыз арқалауға болады екен.
— Сенен осы, сірə, жөні түзу іскер адам бизнесмен шыға қоймас осы.
Итен, сен аңқылдаған, ақкөңіл жансың. Бұл қылмыста сенің өз
басыңның кінəсі жоқ қой.
— Қайдам. Бəлкім, əлде біздің бəріміз де кінəлі шығармыз.
— Түсінсем бұйырмасын.
— Қуанышым-ау, соны менің өзімнің де түсініп жатқаным шамалы.
— Егер оларды қалдырып кететін біреу болса ғой.
— Қайталап айтшы, кəніки, күміс көмей Күнікей, сен не дедің?
— Мерекені сенімен оңаша өткізгім келіп-ақ түр. Екеуміздің солай
өткізбегенімізге не заман!
— Осындайда жалғызбасты бір қарияның болмауы қандай өкінішті.
Əлде, мүмкін, сен бірдеңе ойлап табарсың? Оларды белгілі бір
мерзімге тұздап немесе сүрлеп қоюға мүмкіндіктің болмағаны қандай
ғазауат. Мэри, аруым менің, кəне, бір амалын табуға бар қажырқабілетіңді жұмсап көрші. Бейтаныс жерде сенімен оңаша болуға мен
өлердей ынтықпын. Екеуміз белес-белес құмды төбелердің арасында
қол ұстасып қыдырған болар едік, түнде анадан туған нəрестедей тыр
жалаңаш суға шомылар едік, мен сені папортниктен жасалған
мамықтай төсектен тербеп оятқан болар едім.
— Ардақтым менің, асылым, мұның бəрін мен түсінем ғой. Саған
ауыр екенін де білем. Мен білмейді деп ойламай-ақ қой.
— Жарайды, онда менің қойныма кіріп, қаттырақ қысып, құшақтап
жат. Кел одан да екеуміз бірге мұңдасайық, бірге ойласайық.
— Сен əлі дірілдеп жатырсың ғой. Тоңдың ба?
— Мен лапылдап жанып та, қалтырап тоңып та жатырмын, мен
толып та, солып та жатырмын, əбден қалжырап, халім бітті...
— Мен қалайда бірдеңе ойлап табамын. Сөз жоқ, табамын. Мен,
əрине, оларды жақсы көремін. Əйтсе де...
— Иə-иə, ал мен онда алаңсыз өзімнің көбелек-галстугімді таққан
болар едім.
— Егер оларды абақтыға қамап қойса ше?
— Бұл əрине, табылған ақыл болар еді.
— Жоқ, əлгі адамдарды айтамын. Қазылар алқасы алдағы
сейсенбіден ерте болмайды, ал сайлау бейсенбіде өтеді. Мұны да
есептеген болар.
— Итен, не деген қыңырсың. Бұл саған жараспайды. Сенің қалжыңы
жоқ, шынымен айтқаныңды мен ерніңнің емеурінінен танып тұрамын
Расында, сенің қыңыр езу қырсығың ұстай бастаған екен, енді біз
қалайда қала сыртына шығуға тиіспіз. Сенің қалжыңыңды мен білем,
ал мұның қалжыңға үш қайнаса сорпасы қосылмайтыны шындық.
Мен шошып кеттім. Сондай-ақ менің жүзімнен, үнімнен əлде оғаш
бірдеңе сезіліп тұрғаны ма? Бұған ырық беруге əсте болмайды.
— Тышқан, тышқан! Маған күйеуге шықшы!
Бұған Мэри:
— Ох-ох-ох! — деп жауап қатты.
Менің үркін үрей зəремді алды, қапелімде менің бет-жүзімнен
бейтаныс бірдеңені байқап қалды ма екен? "Көз — адам жанының
айнасы" дегенге менің сенуден қалғаным қашан? Мен өз өмірімде бетəлпеті ағылшындар сияқты, ал мінезі адуын бетпақтардың талайын
кездестірдім. Əрине, адамның қадір-қасиетін айтқызбай танитын
табиғат берген ғажап қабілеті бар жандар болар, бірақ ондайлар тым
сирек, некен-саяқ қана ұшырасады. Ал жалпы адамдар əдетте өз
бастарынан басқаны коп аса ойлай бермейді. Ата тегі Шотландиядан
шыққан бір əйелден естіген əңгімем жадымда жатталып қалыпты.
Желкілдеген жасөспірім қыз күнінде оған өзіндей өзге құрбылары
сияқты айналадағы жұрттың бəрі аңтарыла, онда да ала көзімен
айыптай қарағандай болып сезінетін де, содан қымсынып,
қысылғандықтан жүзі от боп жанып, алаудай албыртып кететін,
əйтпесе шарасыздықтан есі шығып, егіліп жылайтын болса керек.
Бірде оның бұлайша қасірет тартып жүргенін байқаған байсалды
шотландық қарт атасы: "Жұрт жек көреді деп, сен осы, несіне көз
жасыңды көл ғып төгіп жүрсің? Олар сені неғылсын, ойламақ түгіл
көздеріне ілмейді!" деп зекіпті. Сол сөз оның дертіне дауа болғанға
ұқсайды. Осы əңгімеден кейін мен де жан-жағыма жалтақтауды қойып,
есімді жиып, еңсемді көтере бастадым. Өйткені қарттың айтқаны
алғаусыз ақиқат еді. Əйтсе де əдетте өзі аялап өсірген гүлдердің
сабатты саясын сағалайтын Мэри де əлде бірдеңені құлағы шалып,
əлде бірдеңенің лебін сезгендей болды білем. Ал бүл арада қатер бар,
өйткені тəңірдің атар таңы əлі алда ғой.
Егер менің жоспарым бүге-шігесіне дейін ойластырылған қалпында
үркін пайда бола қалған болса, онда мен оны қисынсыз деп біліп, оған
бас қатырып əлек болмас та едім. Есі кірген ересек адамдар əдетте
олай жасамайды, бірақ сол ересек жандар көбіне-көп жат көзден
жасырып, құпия ойын ойнайды. Ал менің бұл жоспарым Джой банк
тонаудың тəсілін талдап-таратып, алдыма жайып салған сəттен
басталды. Ойын əбден зеріккен көңілімнің бір пəс болса да селт етуіне
септігін тигізді, ал кейін бəрі де: Аллен өзінің маскасымен, дəретханада
суы сарылдап ағып тұратын кеспек, тот басқан тапанша, алдағы
мереке, Джойдың есік құлпының ұңғысына тыққан қағазы өз-өзінен
қиысын, кəдімгідей қиюласып, жымдасып жатты. Ойнай жүріп мен
уақытты да бағамдап, жаттығулар жасап, бəрін өлшеп-пішіп тиянақтай
бердім. Өйткені полицейден атыса қашқан тонаушы да бір кезде бала
болды, ойыншық мылтықпен атысып үйренді, енді сол өнерін ол іс
жүзінде қолданбаса, əрине, өкініші өмір бойы ойдан кетпес еді.
Менің бүл ойынымның қай уақытта ойын болудан қалғанын дөп
басып айта алмаймын, бəлкім, дүкенге өзім қожа болуым ғажап емес
екенін, сауда-саттықты қалыпты жүргізу үшін ақша қажет боларын
түйсінген кезде ол ойын болудан қалып, жүзеге асар шындыққа
айналған шығар. Оның бер жағында, кінəратсыз жасалған жоспарды іс
жүзінде сынап, байқап көру жөніндегі жəдігөй ойдың əзəзіл арбауы
тағы бар. Ал бұл жоспардың қылмыстық қырына келер болсақ, мұның
өзі адамға емес, ақшаға қарсы жасалған қарекет қой. Бұдан ешкім залал
тартпайды, зардап шекпейді, ақша қамсыздандырылған. Адамдарға —
Дэнниге, Маруллоға қатысы бар істер, əрине, қылмысты болатын. Егер
мен батылым барып, соны істеген болсам, оған қарағанда бұл ұрлық
түкке тұрмайды. Оның бер жағында бұл өзі бір-ақ мəрте жасалатын
шаруа.
Бұдан соң ешқашан қайталанбайды. Бүкіл дайындық жұмысы, оның
жай-жапсары, жүзеге асырар мерзім мөлшері — бəрі-бəрі ұсақ-түйегіне
дейін мінсіз талданып, тиянақталып жасалған, міне, сол кезден былай
қарай ол зеріккен көңілді аулайтын ойын болудан қалды да, ойыншық
мылтықты бала кенет енді қолындағы нағыз қару екенін сезінді.
Əрине, бұл арада белгілі бір дəрежеде қатер де бар екені күмəнсіз,
əйтсе де көшені кесіп өткенде де немесе тіпті саялы ағаштың арасында
қыдырып жүргенде де сол қатерден араша бола алмайсыз ғой. Менің
бойымды қорқыныш үрейі билеген жоқ деп сенімді түрде айта аламын.
Өйткені мен сан мəрте жаттығулар жасау арқылы одан əлдеқашан
арылдым. Мен бар болғаны, əдетте жаңа қойылым сахнаға шығар күні
театрдың елеусіз бір қалтарысында тұрған актерде болатындай
елгезек толқудай ғана бірдеңе сезгендей болдым. Ал нағыз байыпты
ойындардағы сияқты болуы ықтимал ағаттықтардың бəрі ескеріліп,
алдына қажетті шаралар белгіленген-ді.
Күткендей беймаза түн болмай, керісінше қайта төсекте дөңбекшіп
түс көрмей, жайлы жатып, жақсы ұйықтап шықтым, тіпті ұйықтап
қалып əдеттегіден кеш ояндым. Тамылжыған тылсым таңды ой
құшағында өткізсем деп аңсаған едім. Алайда мен көзімді ашқанда
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алаң Көңіл Ақпаны - 20
  • Parts
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 01
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2293
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 02
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2241
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 03
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2172
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 04
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2424
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 05
    Total number of words is 4119
    Total number of unique words is 2311
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 06
    Total number of words is 4007
    Total number of unique words is 2225
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 07
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 2286
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 08
    Total number of words is 4057
    Total number of unique words is 2309
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 09
    Total number of words is 4081
    Total number of unique words is 2266
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 10
    Total number of words is 4016
    Total number of unique words is 2207
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 11
    Total number of words is 4150
    Total number of unique words is 2203
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 12
    Total number of words is 4105
    Total number of unique words is 2308
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 13
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2262
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 14
    Total number of words is 4017
    Total number of unique words is 2434
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 15
    Total number of words is 3985
    Total number of unique words is 2473
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 16
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2362
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.3 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 17
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2332
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 18
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2366
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 19
    Total number of words is 4056
    Total number of unique words is 2301
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 20
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2350
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 21
    Total number of words is 4064
    Total number of unique words is 2417
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 22
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2315
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 23
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2191
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 24
    Total number of words is 4021
    Total number of unique words is 2343
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 25
    Total number of words is 657
    Total number of unique words is 503
    40.1 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.