Latin Common Turkic

Алаң Көңіл Ақпаны - 15

Total number of words is 3985
Total number of unique words is 2473
30.8 of words are in the 2000 most common words
44.1 of words are in the 5000 most common words
51.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
балапандарын өргізуде, таңсəріден суда сүліктей сумаңдаған
ондатрлар (су тышқан) өзіне ұтырлы тұстан үйін қазу қамында жүрді.
Су қыраны көк жүзінде қияннан канат қақпай қалықтай қалыпты,
жемтігін көзі шалса, жебедей зымырап, іліп түсуге əзір, ал аққанат ақ
шағала қалықтап барып шолпанша, тарақшаны тырнағымен бүріп
алып, зулап көкке қайта шалқып кетіп, ішіндегі жемін шоқу үшін
оларды жерге қайта лақтырып, қабыршақтарының быт-шытын
шығаруда. Кейде тосын түкті елестей бұлаңдап, кəмшат суға сүңгиді,
үй қояндары шеткі жақын қарықтарға тұтқиылдан қарақшылық жорық
жасап, жайылып жүр, ал ақ тиіндер азанғы айдың бетінің шып-шып
еткен майда толқынындай құлдырап кенет кент көшелерімен жүгіртіп
өтеді. Қанатын қомдап қоқиған қырғауылдардың барлыққан даусы
айналаға атой салады. Қынаптан суырылған қос қылыштай көк құтан
шалшықта міз бақпай мөлиіп қалыпты. Өкініш өзегін өртеген жанның
азалы күрсінісіндей түн-түнде əупілдектің назалы даусы естіледі.
Нью-Бэйтаунның көктемі кеш шығады, оның жазы, ол да кеш
шығады жəне əдетте өзімен бірге жазы айрықша бір болмысы бөтен
дыбыстарды, бөгде, нəзік, уыз, үлбіреген самал хош иісті де ілестіре
келеді. Маусымның басында жапырақтар шөп-шалғындар, гүлбəйшешектер, тылсым жасыл ғалам құшағын айқара ашқанда екіндіге
қонған батар күннің бүгінгі тамылжыған арайлы шапағы кешегіге
мүлде ұқсамайды. Кешке қарай бөденелер өздерінің "быт-былдық,
быт-былдығын" айтады, ал мақпал түнді ешкі емердің жалбарынған
жалынышты үні күңірентеді.
Емен жапырақ жайып жайқала жасанып, сəнді сырғадай əсем
гүлдерін айнала жасыл шалғынға шашу ғып шашады. Қаланың
қаңғыбас иттері ұя-үйірімен орманға саяхатқа аттанады, əбден
масайрап, мастанған олар апталап қайтып соқпай, із-түзсіз жоғалып
кетеді.
Маусымда жаратылыс өміріне адал ауыл еркектері шөп шабады,
жерге тұқым себеді, көртышқан мен үй қояндарына, құрт-құмырсқа,
қоңыз, құстар мен басқа да өз еңбектерінің жемістеріне
сұқтанатындардың бəріне қарсы бітіспес майдан ашады. Ал əйелдер
райхан гүлдің бұйра-бұйра гүл жапырақшаларына қиыла қарап, жан
жүрегі елжіреп, емірене күрсінеді, жүздері мен тəндерінің өңі өзгеріп,
гүл жапырақтардың реңіндей албырап, көздері гүлдің күлесінен
аумайды.
Маусым — көңілді ай, салқын да шуақты, дымқыл да сағым ескен
сал ауа, бəрі дүркіреп түлейді, есесі кеткен ескі қайта жалғасын тауып,
таңдай тақылдатар тəтті мен өзек өртер ащы да, жасампаздық пен
жойымпаздық та қисындасып жаңаша өріс алар ай. Бас көшемен
тылтиған тар шалбар киген қыздар қол ұстасып, сенделіп серуендеп
жүр, иыққа асылған құртақандай радиоқабылдағыш олардың құлағына
махаббат жырын құюда. Тердің дəрі сататын дүкенінде зіңкиген биік
орындықтарда зерігіп отырған жасөспірімдер болашақ бетте қаптар
безеулердің кəміл кепілін сабан түтікпен самарқау сіміруде. Олар
қыдырған қыздарға сүзеген текеше ожырая қарап, мəнəйім
менсінбеген мінез сездіріп, керенау кескінмен кекесін əзіл тастап,
келеке еткен болады, бірақ сөйте тұра махаббат аңсап зарыққан ала
құйын іштерінде ит ұлып жатқаны олардың қаперінде жоқ.
Маусымда пысықай қарт жолай əйгілі "Эла жəне Сью-занға" яки
"Фок-мачтаға" соғып, бір саптыаяқ салқын сыраны сіміріп тастап, оған
қоса зауқы соқса, бір стакан вискиді қағып алады да, бұйыртса, одан əрі
тал түсте-ақ сілейіп тойып шығудың да ауылы алыс болмайды.
Сондай-ақ диірмен көшесінің аяғында сонау шығанда оқшау тұрған
есік-терезесі қымтап жабылған көзге қораштау жатаған үйге талтүсте-ақ машиналар бірінен соң бірі ұрланып келіп жатады, онда
қаланың əйгілі жезөкшесі Элес күн ауған соң, маусымның шақырайған
ыстығынан қажыған еркектерді қабылдайды. Ал толқын тосқыштың
аржағында зəкірде тұрған қайықта тербетіліп, көңілдері көтерілген
жұрт көк теңізден күнкөріске ырыздық сұрайды.
Маусым — жөндеу мен құрылыстар, жаңа жоспарлар мен соны ой,
тың жобалар айы. Цементтен соғылған шығыр мен алуан-алуан ұсақтүйек құрылыс жабдықтарын құмырсқадай қыбырлап, үйіне
тасымайтын ұқыпты жандар, қолына қалам алып, өзінше Тадж-Махал
тəрізді ғажап ескерткіштерді суретке салмайтын ұсынықтылар да
кемде-кем болар. Жаңа бояуы əлі жөнді кебе қоймаған жағада
жалтыраған оншақты қайық жатады, ал олардың иелері сірескен белін
саусақтарымен сипалап, өз қолымен жасалған жұмыс нəтижелеріне
риза көңілмен сүйсіне қарайды. Рас, өжет оқушыларды мектеп əзір өз
уысынан шығармай, мықтап ұстап отыр, алайда бүлік бұрқ етер сəт те
алыс емес, емтихан тапсырар тəңірдің таңы атқан бойда-ақ,
зарықтырған демалыстың алғашқы күні туғанша арындап айылын
жимайтын кəдімгі суық тию індеті іле басталар шақ та жабықтан
сығалап тұр.
Маусымда жазғы жаның құштар бал құрағы түлейді. "Төртінші
шілдеде біз қайда барар екенбіз... Бізге енді демалысты қалай өткізу
жөнінде ойластырған жөн болар". Маусым — бұққан бұла мүмкіндіктер
мен тұнған тосын қауіп-қатерлердің анасы: су астында аузын арандай
ашқан алып тасбақа барынан бейхабар үрпиген үйрек балапандары
беймарал жүзе береді, жасыл жапырағын жаңа жайған салатты аясыз
аңызақ аңдиды, помидорлар қоңыр бас көбелек құрт жетілгенше
бойлап өсіп қалуға ұмтылады, ыстық құмға аунап, күннің көзіне
күреңденіп қыздырынуды аңсаған отбасының лұғатты ата-анасы
құжынағанда жылқыны матайтын қарақұрым масаның есті алар есірік
ызыңын, ланды музыкасын, ұйқысыз өтер қапырық күндерді ұмытады.
"Биыл ма, бəлем, қалайда демалармын. Былтырғыдай сабылып əуресарсаңға түспеспін. Демалыс орнына доңғалақ үстіндегі екі апталық
азапқа, дозаққа айналдыруға енді балаларға ырық бермеспін-ау. Мен
жыл бойы еңбек еттім ғой. Бұл екі апта — мына менің еншім. Мен жыл
бойы еңбектендім". Алдағы демалыстың айшықты күндеріне
қарағанда, өткен естеліктер, əрине, сүреңсіз, сұрғылт болып көрінеді,
ал мына айрықша əлемнің осы бір айтулы кезеңінде əр нəрсенің
осылай ақыры қайыр болып аяқталғаны абзал ғой.
Нью-Бэйтаун ұзақ уақыт ұйқыда болып келді. Оны басқарғанның
бəрі оның саясатын, санасын, экономикасын атам заманнан бері
алаңсыз басқарып, əбден сілікпесі шығып ескірген, орнатқан тəртіптері
оралымға келмейтін мүгедек мешелге айналған. Мэр, əкімшілік, сот,
полиция — бəрі аспан айналып түссе де, ауыспайтын тұрақты. Мэр көк
тиынға керегі жоқ жабдықтарды қалаға сатады, соттар көше тəртібін
бұзғандарды айыптан арашалап шыр-пыры шығады, осыншама жыл
омалып отырғандықтан олар мұның заңға — ең болмаса заңның əрпіне
қайшы келетінін əлдеқашан ұмытып қалған. Бұлар да өзгелердей
кəдімгі қарапайым жан баққан жараңдар болғандықтан, өздері жасаған
іс-əрекеттің адамгершілік атты қасиетті ұғымнан ат шаптырым алыс
екені олардың қаперіне келмейді. Адамның бəрі қасиетті, қасиетсіз, тек
солардың бауырластары ғана.
Шуақты күндері жайсаң жаздың жанға шипа, жылы лебі де есті.
Көшелерде баласы жоқ жəне мектеп оқушыларының босауын тоспайақ, өздерінің жазғы демалысына шығуға мүмкіндігі бар сырттан келген
жолаушылар көріне бастады. Олар əдетте сапарға қайықтарымен, оған
керек моторларын тиеген тіркемелі машиналармен шығарады. Жолжөнекей жөпелдемеде дүкенге де соғады, оларды Итен сатып алған
антрекот, ерітілген ірімшік, қалбырдағы крэкеттер мен майшабақ
сияқты азық-түліктеріне қарап бірден айырады.
Салқын кока-кола ішіп шығу үшін дүкенге Джой Морфи келді, күн
жылығалы бері оның əдеті осы.
— Енді сізге сусын салқындататын сатуратур алу керек, — деді ол
тоңазытқыш жақты қолымен нұсқап.
— Сонымен бірге тағы да екі жұп қол өсіп шықса немесе бұршақтың
собығындай екі айрылатын болса... Джой тамыр, мен бұл дүкеннің иесі
емес екенімді ұмытпаңыз.
— Сіздің иесі болмағаныңыз нашар-ақ!
— Корольдер əулетінің азғындығы жайлы қайғылы хикаяны
тыңдағыңыз келе ме?
— Сіздің хикаятыңызды білем. Есеп кітабындағы кіріс пен шығысты
айыра алмаған соң, қосарланған есептің құйтырқысын жатпай-тұрмай
меңгеруге тура келді. Ақыры, əрине, қалай болғанда да үдесінен
шықтыңыз ғой.
— Содан тапқан пайдам қайсы?
— Дүкен өзіңіздікі болса, əрине, қыруар пайда тапқан да болар
едіңіз.
— Ал ол менікі емес қой.
— Егер соның қасынан сіз өз дүкеніңізді ашсаңыз, онда сатып
алушылар түгел сізге ауысқан болар еді.
— Сіз неге олай деп ойлайсыз?
— Жұрт өзі білетін таныс адамынан сатып алғанды тəуір көреді.
Мұны фирманың атағы деп атайды, ал бұның əрқашан іске септігі
тиеді.
— Əйтсе де ылғи да олай бола бермейтін сияқты. Мені бұрын да
бүкіл қала білетін-ді, бірақ менің сазға отырып, сазайымды тартуыма
мұның бөгеті болған жоқ.
— Бұл — аспан мүлдем басқа мəселе. Сіз өнім өткізушілердің қырсырын білмедіңіз.
— Мүмкін, солай да шығар. Менің соны əлі де біліп жарытып
жатқаным шамалы.
— Жоқ, сіз білесіз. Оны қалай үйренгеніңізді сіздің өзіңіз де
байқамай қалдыңыз. Алайда кілтипан онда емес, қайта сіздің өмірге
қазір де сол тақырға отырып, тауқымет тартқан адамның көзімен
қарауыңызда. Хоули мырза, бұлай етуге болмайды. Бұлай етуге
болмайды, Итен!
— Рахмет!
— Мен сізге тілектеспін. Марулло Италияға қашан жүргелі жатыр?
— Əлі білмеймін. Айтыңызшы, Джой, ол осы шынымен бай ма?
Жарайды, айтпай-ақ қойыңыз. Клиенттеріңіздің ісі жайлы сіздерге
айтуға болмайды ғой.
— Достық үшін ережені де ептеп бұрмалауға болады. Мен оның ісіне
байланыстының бүге-шігесін біле бермеймін, бірақ банктегі есебіне
қарағанда, ол сөзсіз бай адам. Оның сыртында ақшасы салынбаған жер
жоқ! Əр жерде жылжымайтын мүліктер, бос жатқан жер учаскесі, теңіз
жағасында саяжайы, бір қолыңның уысына сыймайтын бума-бума
салым қағаздар.
— Мұны сіз қайдан білесіз?
— Ол — біздің үлкен темір сандықты жалдаушылардың біреуі.
Кілттің біреуі онда, біреуі менде. Оқта-текте сыңар көзіммен сығалап
қоятын кінəмді мойындаймын. Амал қанша, бойға туа біткен əуестік
қой.
— Алайда оның əлдебір күдікті іске қатысы жоқ па? Өзіңіз де білесіз
ғой, əлгі газетте жазатын есірткі саудасы, зорлық-зомбылық жасау
сияқты істерді айтамын.
— Анығын айта алмаймын Ол бізге бəрін баяндай бермейді ғой. Бір
шамалы соманы алады, анда-санда əкеп салады. Сосын оның ақшасын
тағы қайда сақтайтынын мен білмеймін Білсеңіз, мен сізге нақты
ештеңе атағаным жоқ.
— Мен оны сізден сұраған да емеспін.
— Сыраны аңсап тұрғаным. Сізде сыра жоқ па, Итен?
— Алып кетуге арналған қалбырдағы сыра ғана бар. Менің оны
ашуыма, ішуге қағаз стакан беруіме болады.
— Мен үшін сіздің заңды бұзғаныңызды қаламаймын.
— Онда тұрған түк жоқ. Итен сыра құйылған қалбырдың қақпағын
тесті де, — егер бейсауат біреу кіре қалса, артыңызға жасыра қойсаңыз,
жетіп жатыр.
— Рахмет. Итен, сіз менің ойымнан шықпайсыз. Неге?
— Жалпы мен өзгенің ісіне араласқанды тəуір көрем, бəлкім, содан
да болар. Сəтсіздік адамның психикасына əсер етеді. Бұл өзі құдық —
құмырсқа құмда қазатын құрдым құпия құдық сияқты.
Төмен қарай құлдырай бересің, құлдырай бересің, ал одан өрлеп
шығу үшін орасан күш керек.
— Əйтсе де Итен, сіз күш-жігеріңізді жинап, талпыныс жасауға
тиіссіз. Сол құрдымнан құтылып шыққан соң сіз, əрине, жеңістің де ішкі
сезімге, психикаға əсер ететінін сөзсіз сезінеріңіз күмəнсіз.
— Сонда бұл да құрылған тұзақ па?
— Мүмкін, болса болар, бірақ өкіндірер опығы жоқ.
— Ал егер бір адам құлаған құдығынан шыққанда, басқа біреу оған
омақасып жатса, онда қалай болады?
— Алланың əмірі болмаса, аспаннан түймедей тұрымтай да
құламайды.
— Турасын айтқанда, сонымен, сіздің маған қандай ақыл беріп
отырғаныңызды түсінсем бұйырмасын.
— Сіз түгіл менің өзім де түсінбейміз. Түсінген болсам, бəлкім, өзіме
де кəдеге асқан болар ма еді? Банк кассирлерінің призенттікке өресі
жетпейді. Ал қарманса, қалтасынан көк тиын табылмайтын біреудің
өресі жетуі əбден ықтимал Қысқасы, менің айтар ақылым мынау:
орайы келді екен, есеңізді жібермеңіз. Ондай орайлы сəт өмірде
орайласа бермейді.
— Джой, сіз философ екенсіз. Финанс-философ екенсіз.
— Сіз күлмеңіз. Қашанда өз қолыңда жоқты ойлайсың. Жалғыздық
алуан-алуан ойға меңзейді. Адамдардың көпшілігі тоқсан пайызға
жуығы өткенімен, жеті пайызы бүгінімен өмір сүреді, сонда демек,
болашақтың үлесіне небəрі үш пайызы ғана тиеді деген де соз бар ғой.
Бұл жайында жұрттың бəрінен асырып ақылды айтқан Сзтчел Пейдж:
"Жалтақтап артқа қарай бермеңіз. Мүмкін, ізіңізге түскен қуғыншы бар
шығар". Жарайды, мен кетейін. Бейкер мырза ертең бірнеше күнге
Нью-Йоркке жүргелі жатыр. Сапар алдында абыр-сабыр болатын əдеті
ғой.
— Қандай абыр-сабыр?
— Оны біле алмадым. Əйтсе де мен келген қағаз-қатынастарды
реттеймін. Соңғы кезде ол Албаниден көптеген хат алып жүр.
— Саясат?
— Мен тек келген хат-хабарды ғана реттеймін, оларды оқымаймын.
Қалай, сіздерде ылғи осылай тым-тырыс па?
— Осы кезде ылғи осылай. Он минуттан соң тыныштық бұзылады.
— Ə-ə көрдіңіз ғой! Тəжірибе деген, міне, осы. Сіздің өзіңіз де сазға
отырып қалғанға дейін мұны білмегеніңізге мен бəс тігемін. Жарайды,
жолыққанша. Есіңізде болсын: "құдай деген құр қалмас, құлшынбаған
олжа алмас".
Бестен алтыға дейін сауда əдеттегідей қызу жүрді. Сағат тілін бір
сағат алға жылжытқан кент енді жазғы маусымға сай тіршілік ете
бастады. Итен көшеге шығарылған жеміс-жидек толы жайма
науаларын ішке кіргізіп, есікті жауып, жасыл пердені түсірген кезде
күн əлі көгілдір аспанның көкжиегінен едəуір биікте жарқыраған күйі
жайнап тұрған-ды. Ол үйге керекті азық-түлікті тізім бойынша жинап,
үлкен қағаз дорбаға салып жайғастырды. Сосын алжапқышын шешіп,
шапаны мен қалпағын киді де, сатушы текшесіне сүйеніп, текшелерде
тізіліп үнсіз тұрған өзінің діндар жамағатына көз тастады.
— Ешқандай мінəжат болмайды, — деді ол. — Бар болғаны Сэтчел
Пейдждің сөзін көкейлеріңе құйып алыңдар. Шамасы, маған да
"алаңдап артқа қарамау керек" деген қағиданы қаперіме қатаң ұстаған
абзал болар.
Ол əмиянынан бетіне сызық тартылған бір парақ қағазды алды да,
оны шағын балауыз пакеттің ішіне салды да, есікті қайта жапты.
Азық-түлік əкелушілерге əлдеқалай шұғыл тапсырма беруге қажет
болар деп əдейі сақтап жүрген кезінде əкелінген Манхэттен телефон
кітабын кассаның астындағы жəшіктің ішінде шаң басып жатқан
жерінен тауып алды. "Қ" (С) əрпі, Құрама Штаттар, Əділет
департаменті... Ол ұзыннан-ұзақ самсаған сандардың бойымен көшіқон жəне қоныстану қызметі — Б.А. 7-0300, кешкі, сенбі, жексенбі,
мереке. Ол 6-5888 деген сөздерге дейін жеткенше саусағымен төмен
қарай тере отырып сүзіп шықты.
Ол даусын көтеріп былай деді:
— Ол 65888 — OЛ — 6 5888, кешке қарай телефон шалуды өтінеміз.
— Қатарласқан консерві қалбырларына көз салмаса да сөзін соларға
арнап, — егер бəрі алғаусыз адал алаңсыз ашық болса, тірі жанға
зəредей залалы тимейді, - деп сөз соңында ойын үстеп, қосып қойды.
Итен дүкеннен бүйірдегі есік арқылы шықты да, оны артынан
мұқият жауып кетті. Азық-түлік толы дорбасын қолына алып, көшеден
кесіп өтті де, ол "Фок-мачта" мейманханасы мен мейрамханасы" деген
жарнамасы жарқырап тұрған үйдің есігіне қарай бет алды.
Мейрамханада топырлаған коктейль əуесқойлары, ал аядай ауыз үйде
жан жоқ, тіпті керек десе, күзетші де көрінбейді. Ол өзі ішке кірген
шыны есікті жауып, қолындағы дорбасын еденге қойды, қалтасындағы
бүкіл майда тиынын текше үстіне төгіп, ішінен он центтік монет
тауып алды да, қораптың саңылауына салып, "О" деген белгіні терді.
— Сізді тыңдап тұрмыз.
— Коммутатор ма екен? Мен Нью-Йоркпен сөйлесейін деп едім.
— Қалауыңыз болсын, сөйлесіңіз. Қажет санды теріңіз. — Ол қажет
санды терді.
Итен дорба толы азық-түлікті көтеріп үйге келді. Кештің мұндай
ұзақ болғаны да қандай жақсы. Ол көгалда қаулап өскен қалың шөпті
табанына тапталғанына қарамай кешіп жүре берді. Есіктен кіре берген
бойда қарсы ұшыраған Мэриді қапсыра құшақтап, шөп еткізіп сүйіп
алды.
— Аялы алақаным, — деді ол — көгал адам көргісіз болып кетіпті.
Егер соның шөбін шабуға Алленді жұмсасақ, қалай болар екен?
— Шынымды айтсам, соны білмеймін Қазір нағыз қызу, қарбалас
шақ қой, жылдың аяғы, алда емтихан.
— Қонақ бөлмеден шығып жатқан мынау қарқылдаған қарғаның
даусындай, барқыраған жан шошырлық неғылған гəрəмат?
— Көмейден күңірентіп əн толғауға жаттығу жасап жатқан Аллен
ғой. Мектептің қорытынды кешіне қатысады екен
— И-иə, байқаймын, айналып келгенде, көгалды да менің өзім
күзейтін болдым-ау деймін осы.
— Ренжіме, сүйіктім. Балалардың жайын өзің де білесің ғой.
— Там-тұмдап тани бастаған тəріздімін.
— Сенің көңіл-қошың болмай тұр ма? Бүгін жұмыс ауыр болды ма?
— Қалай десем екен. Жоқ, ауыр болмаған сияқты. Əйтсе де
таңертеңнен бері мен тіземді бүккенім жоқ, ал енді шөп шабатын
машинамен көгалды таптауға зауқым шамалы екені рас.
— Бізге көгалды күзеуге арналған моторлы шалғы сатып алған
теріс болмас еді. Джонсондардікі сияқты отырып алып жүре бересің.
— Бəрінен де бізге бағбан жақсы болар еді, ал екеу болса, тіпті
таптырмаған тамаша болар еді. Менің атамның үйіндегі секілді.
Отырасың да, жүре бересің. Ондай шалғын шабатын машина болса,
мүмкін, Аллен де көгалды күзеуден тартынбаған болар ма еді?!
— Балаға беталды ұрыса берме. Ол əлі он төрт-ақ жаста ғой. Бүл
жаста олардың бəрі сондай.
— Бала - ата-ананың қуанышы, қызығы дегенді кім ойлап тапты
екен?
— Əрине, сенің бүгін көңіліңнің қошы жоқ.
— Оны саған қалай десем екен. Мүмкін, солай да шығар. Ал мына
қарғаша қарқылдаған менің жынымды келтіреді.
— Аллен жаттығу жасап жатыр ғой.
— Мен оны естігенмін.
— "Ит ашуын тырнадан алады" демекші, өзгеде кеткен өшіңнің
егеуін одан алма.
— Жарайды, шамам жеткенше тырысып көрейін, əйтсе де бар ғой,
жалпы, соның зияны болмас та еді.
Итен қонақ бөлменің есігін итеріп қалып еді, қарсы алдында
аузында ысқырыққа ұқсаған құртақандай түтігі бар Аллен адам ұғып
болмайтын балпылдаған бірдеңелерді айтып, барлыққан даусымен
бақырып тұр екен.
— Мынауың немене өзі?
— Бұл көмейден гөй-гөйге басу. Есіңде ме, сен маған "Пиксидің"
қорабын əкеп беріп едің ғой...
— Ал сен оны жеп үлгергенсің бе? .
— Жоқ. Мен корнфлексті жек көрем. Жарайды, көкесі, менің
жаттығу жасауым керек.
— Үлгересің, деп Итен креслоға барып жайғасты. — Сен осы
келешегің жайлы не ойлайсың?
— Не жайлы?
— Келешегің жайлы деймін Əлде сендерге мектепте мұндай заттар
жөнінде айтпай ма? Келешек сендердің қолында дегенді айта ма?
Эллен ақырын ғана абайлап басып бөлмеге келді де, сыбысын
сездірмей мысықша бүктеліп, диванға жантая кетті. Ол сол заматында
қылпыған ұстараның жүзіндей алмас мысқылын көлегейлеп,
күмілжіген күлкісімен мырс ете қалды.
— Ол теледидардан көрінгенше асық, — деді ол.
— Оның несі бар, анада өзі он үш жастағы
телевикторинадан жүз отыз мың доллар ұтып алды ғой.
бір
бала
— Ал артынан мұның бəрі əдейі жасалғаны əшкере болды, — деп
пікір қосты Эллен.
— Бəрібір жүз отыз мың доллар соның өзінде қалды. Итен ақырын
ғана:
— Істің ар-ұятқа қатысты жағы сені алаңдатпай ма? — деп сұрады.
— Сонша ақша түрганда, ол деген не, тəйірі!
— Демек, сен мұны арамдыққа қоспайсың ғой?
— Онда тұрған не бар, бəрі солай жасайды.
— Сен осы алтынмен аптап, күміспен күптесе де, өзін өткізе
алмағандар жайлы, сірə, естігенің бар ма?
Демек, бұл ондайларда ар да жоқ, ақша да жоқ деген сөз...
— Амал қанша, "тəуекел ет те, тас жұт" деген бар ғой, тəуекел етуге
тура келеді. Тоқымнаңды кескенде əркез оның қиқымы түсетін
жағында тұрған ұтады.
— Ə-ə, сен солай дейсің бе, — деді Итен, — пəлсапа соққанның
орнына сен өзіңнің отырыс-тұрысыңды қадағаласаң етті. Қалай
отырсың, қарашы? Түзу отыр!
Балақай селк ете қалды, əкесі ойнап айтпады ма екен, қабағына
қарайын деп ол еңсесін көтерді, сосын өкпелегендей бұртиып, орнына
тіктеліп отырды.
— Мектептегі жай-жағдайың қалай?
— Бірқалыпты.
— Бұл не деген сонда, мен түсінбеймін. Жақсы ма, əлде жаман ба?
— Ал жақсы.
— "Алғаусыз" айтуға болмай ма?
— Жақсы.
— Сен өзіңнің Америкаға сүйіспеншілігің туралы шығарма жазбақ
болып едің ғой. Сенің əзірлігіңе қарағанда, шамасы, Американы апатқа
ұшыратқың келмейтін сияқты, білем.
— Апат қылғаны қалай?
— Арамдық жасай отырып, адал сүюге бола ма?
— Қойшы, көке, бəрі солай жасайды.
— Сенің ойыңша, бұл істің мəнін өзгерте ала ма?
— Бұнда тұрған ештеңе де жоқ. Ал шығарманы мен жазып бітіріп
қойдым.
— Өте жақсы, маған оқуға бересің бе?
— Мен оны салып жібердім.
— Əйтсе де сенде оның, шамасы, бір көшірмесі қалған болар?
— Жоқ.
— Ал егер ол жоғалып кетсе ше?
— Мен ол жағын ойламаппын. Көке, балалардың бəрі жазда
лагерьге барғалы жатыр, менің де барғым келеді.
— Оны біздің қалтамыз көтермейді. Жəне балалардың бəрі барғалы
жатыр деу де бекершілік.
— Əттең-ай! Біздің де ақшамыз болса ғой, - ол тізесінің үстіңде
жатқан өзінің қолына қарап қойды да, ернін жалап-жалап алды.
Одан көз алмай қадала қарап отырған Элленнің жанары да жіпсиіп,
сығырайып кетті.
Итен ұлына сынай қарап, жіті қадағалады.
— Оның ретін табуға болады ғой, — деді ол.
— Не дедің, көке?
— Жазда дүкенде жұмыс істеуіңе болады.
— Жұмыс істегені қалай?
— Яғни саған не істеу керек болатынын сенің білгің келеді ғой?
Тауарларды тасисың, оларды текшелерге жайғастырасың, еденді
сыпырасың, ал егер сенің үлгеріп жатқаныңды көрсем, бəлкім, онда
сатып алушылармен сауда жасауға қатысарсың.
— Ал менің лагерьге барғым келеді.
— Сенің жүз мың доллар ұтқың да келеді ғой.
— Мүмкін, мен шығармам үшін сыйлық алармын. Онда ең болмаса
Вашингтонға барар едім. Бір жыл алаңсыз оқудан кейін ол да болса
көңіл аулау ғой.
— Аллен! Адамның мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, ар-ұят, намысы,
сыпайылығы — жалпы осындай өзінің өзгелермен қарымқатынасында əр қырынан көрінетін қасиеттеріне байланысты
қалыптасқан белгілі бір ережелері бар. Ең болмаса, сөз жүзінде болса
да, саған солармен санаңды зерделейтін мезгіл жетті. Мен сені өз
қасыма дүкенге аламын, жұмыс істейсің.
Бала еліре еңсесін көтерді.
— Оған қақың жоқ.
— Не, не дейсің?
— Балалар еңбегі туралы заңды айтамын. Керек десең, он алты
жасқа дейін тіпті арнаулы дербес рұқсат алуға да болмайды. Сонда сен
мені заңды бұзсын дейсің бе?
— Сенің ойыңда, демек, ата-анасына қолғабыс ететін балалардың
жарым-жартысы құл да, жарым-жартысы қылмыскер болғаны ғой?
Итеннің адыр ашуы, рақымсыз ызасы баласына деген риясыз
сүйіспеншілігіндей адуын, тасыраңдап шыға келді.
— Көке, менің олай дегім келген жоқ еді.
— Мен де олай демеген болар деп үміттенемін. Бұдан былай да олай
демейтін боларсың. Мына жиырмадан асқан Хоулилер мен Аллендер
ұрпағы алдында ұялмайсың ба? Олардың бəрі — қауымда сыйлы
жандар. Бəлкім, бір кезде сен де солардай боларсың.
— Əрине, көке. Менің өз бөлмеме баруыма бола ма?
— Бар, онда.
Аллен еңсесі түсіп, енжар басып, баспалдаққа қарай бет алды.
Есік тарс жабылған бойда, Эллен аяғын көкке көтеріп, айқышұйқыш ербеңдете бастады, сөйтті де, есіне əлдене түскендей кілт
орнынан ұшып тұрып, бойын тіктеп, байыптап етегін тартып қалпына
түсірді.
— Мен Генри Клейдің8 сөйлеген сөздерін оқыдым. Сөйлегенде
сұңғыла шешен екен.
— Əйтпегенде ше?
— Оның сөйлеген сөздері сенің есіңде ме?
— Онша жадымда қала қоймапты. Мен оқығалы қашан!
— Маған ұнады.
— Мен айтар едім, қалай болған жағдайда да бұл оқушылар оқуға
арналмаған
— Ал маған қатты ұнады.
Сарсылған ұзақты күннің еңсені басқан ауыртпалығын əрең
көтерген Итен креслодан шүйіліп əзер түрегелді.
Асханаға келіп кіргенде, ол көзінен сорасы ағып, ашуға булыққан
Мэриге тап болды.
— Мен бəрін естідім, — деді ол. — Сен өзің не айтып, не қойғаныңды
білмейсің. Ол əлі қаршадай бала ғой.
— Естігенің дұрыс болған, көгершінім-ау, өйткені кейін кеш болады.
— Осы көгершінім деп көлгірсуді қойшы. Мен сенің балаларды
жəбірлеуіңе жол бермеймін.
— Жəбірлеуі несі? О, Жаратқан-ау, қайдағы жəбір!
— Ол — əлі ана сүтінің дəмі аузынан кетпеген бүлдіршін Не деп сен
оған дүрсе қоя бердің?
— Оқасы жоқ. Оның өзіне пайдасы тиеді.
— Сен осы қайдағы пайданы айтып отырғаныңды білсем
бұйырмасын. Баланы құрт-құмырсқадай таптадың да тастадың.
— Сенің мұның жөнсіз, бауырым. Мен оның өмірді өзінің осы бəз
қалпында сезінгенін қалаймын. Əйтпесе оның санасында ол жайлы
жалған ұғым қалыптаса бастағанға ұқсайды.
— Ал өмір туралы ой толғайтындай сен сонша кім едің?
Итен тіл қатпай теріс айналып, есікке қарай жүре берді.
— Сен қайда кеттің?
— Көгалдың шөбін күзеуге.
— Сен шаршап келдің ғой...
— Мен тынығып болдым, — қонақ бөлменің есігі алдында ебедейсіз
ербиіп тұрған Мэриге ол бұрылып шекесінен бір қарады да, —
адамдардың өзара бір-бірімен тіл тауып, түсінісуі қиын, — деді де,
табалдырықтан аттай беріп ернінің ұшымен елеусіз ғана жымиғандай
ишарат танытты.
Арада қас-қағым сəт өтпей қау боп өскен қалың шалғынды
зуылдатып орып бара жатқан моторлы шалғының бірқалыпты
зырылы естілді.
Шалғының зырылы есікке жете бере тына қалды.
— Мэри, — деп дауыстады Итен, — Мэри, көгершінім, сені сүйемін!
Қаулап өскен шалғынды əлгіден де ширақтау шапқан шалғының
зырылы қайта жалғасып, үдей түсті.
XII тарау
Марджи Янг-Хант оқығаны-тоқығаны көп, білімді де білікті, ақылды,
ақылды болғанда да өз ақылын сұқ көзді, суық сөзді өзгелерге қалай,
қашан сездірмей сыналауды ешкімнен сұрамайтын, келісті, сымбатты
əйел болатын. Оның күйеуінің бірі шілмиген шыңжау, екіншісі одан да
өткен шалажансар жандай болды, ақыры о дүниеге аттанып тынды.
Аңсары ауған ашына табу да оған оңайлыққа түспеді. Бір ғажабы,
ондайларды оның өзі тауып, өз қолымен сомдады, жиі-жиі телефон
шалып, хат жазып, құттықтау, сəлемхат жолдап, алдын ала мұқият
ойластырған тосын жүздесу-жолығулар ұйымдастырып, əлі босағасы
босаң, қабырғасы қалт-құлт еткен қатынастарды ылғи да шыңдап,
ширатып отырды. Ол сорпа пісіріп, науқастардың көңілін аулауды
ұмытпады, туған күндердің бəрін жадында ұстады. Осылай жасау
арқылы ол өзін өзгелердің жадында жаңғыртып отыруға тырысты.
Денесінің таралғы, қынама, қыпша бел өңінің кіршіксіз таза, жүзінің
əжімнен ада, тісінің тізілген маржандай аппақ болуы бұғағының
сəбидің сағағындай сызылып тұруы үшін ондай үрдіс көңіл бөлетін
қалада ырымға бірде-бір əйел табылмас еді. Оның қаржысының
қомақты бөлігін тырнақтары мен шашын күтуге, сыланып-сипануға
қажет, бетке жағатын түрлі иіс майлар мен сылау майлар жұтып
жататын. Əйелдер жағы əдетте: "Ол ойлағаннан əлдеқайда егде" десіп
күңкілдесетін.
Əлгі алуан иіс май, сылау-сипау мен дене тəрбиесіне қарамай, оның
омырауы тұмса тұлғасынан айрылып, омсырайып қалды да, ол енді
оны иілтіп, икемге келетін құрыш құрсауға салып тастады. Содан соң
олар тікейіп, едірейіп өзінің баяғы бəз қалпына енді. Ажарын əрлеу,
бет-жүзін, реңін ретке келтіру барған сайын есепсіз уақытты, ересен
еңбекті талап ете бастады. Оның шашы теледидардың косметикалық
фирмасы жарнамада бейнелегендей бұла бұрқырап бұйраланып
тұрады. Көз сүзген кезекті көңілдесімен қыдырғанда, түстенгенде,
билегенде ол əрқашан ақ жарқын көңілді, көмейі күлкіден босамайтын
əзілқой, от ауызды, ойнақы мінезді болып, қасындағысын еріксіз
еліктіріп, көзге ілінбейтін, əйтсе де тартса үзілмейтін тормен шырмап
тастайтын, əттеңі сол осы бір сан мəрте сынақтан өткен əдісті шебер
қолдана отырып, оның өзі одан əбден мезі болып, безері шыққанын
басқалар қайдан білсін. Біраз уақытты сарп етіп, біраз ақшаны
шығындаған соң егер сəті түсіп, оңтайлы ыңғайы келіп жатса, істің
ақыры, əдетте, төсекте табысумен тынады. Ал одан соң қол жеткен
жеңісті қайта баянды етіп, нығайту əрекеті басталады. Ерте ме, кеш пе,
төсек құрылған қақпанның қызметін атқаруға, ал оған түскен сыралғы
оның берекелі, бейбіт болашағын баянды етуге тиіс болатын. Бірақ,
амал қанша, сол үміттенген олжасы бар болғыр, ылғи да орайын
тауып, сырылған жібек тордан сытылып, шығып кетіп отырды.
Қырсыққанда оған көбінесе əйелі бар арамзалар, ауру-сырқау немесе
көлеңкесінен күдіктенген əйгілі алаяқ қулар тап болды. Көші озып,
күні өтіп бара жатқанын өзгеден бұрын Марджидің өзі əлдеқайда
айқын сезінді. Оның ежелгі сырласы, ескі досы — қолындағы мына
көнетоз карта да оған келешекте жан жұбатар, көңіл көншітер дəнеңе
де айтып бере алмады.
Марджи талай еркектермен танысып, көңілдес болды, солардың
арасында өз айыбының азабын арқалаған, өз өркөкіректəкаппарлығының тауқыметін тартқан, əйтпесе тағдырының
тəлкегінен торыққан жандар да бар-ды. Соның салдарынан, соның
ықпалымен оның бойында да бірте-бірте жұқпалы індет тарататын
паразиттерді жоятын кəсіби мамандардың табиғатына тəн жиіркеніш
сезімі белең алып, назарына іліккен, ілтипатына ие болған жандарға
деген мұқым мейірімсіздік оғаш қасиет қалыптаса бастады. Мұндай
адамдардың ынжықтығын немесе менмендігін олардың қытығына
тиіп, қыжылын қоздыру арқылы қалыпты қанасынан шығару да онша
қиынға соқпайды. Жəдігөй жалғандық — жан-тəнімен ұмтылған
олардың өздері, ендеше, əлдебір енжар есіркеу сияқты бұлдыр
бірдеңенің елесі болмаса, ондай жандармен табысқанда жеңістің жан
есіртер желігін, салтанатын əсте сезген емес, олар оның достары, оның
сыбайластары ғана. Мұңдас ретінде мүсіркегендіктен де солардың тек
достары ғана екенін ол сездірмеуге тырысты. Ол өз бойындағы бар
тəуірін аяған жоқ, соларға ұсынды, өйткені оз тарапынан олар да одан
пəлендей ештеңе талап еткен жоқ. Жан жүрегінің жат көзден
қалтарыстағы терең түкпірінде өз қылығымен қайымдас болмаса да,
олармен қарым-қатынасының сырын сыртқа теппей, құпия ұстады.
Оның қарым-қатынасы Дэнни Тейлормен дəл сондай болатын, Альфио
Марулломен де нақ сондай, аға Тонстебль Стонуолло Джексон
Смитпен, тағы басқа да бірсыпыра адамдармен де тап сондай болғанды. Олар оған, ал ол оларға сенді де, ал сондай болғаны жөніндегі
ақиқат ретіндегі құпия шарт оның кей-кейде жан сауғалап,
жəдігөйліктен тыныстар қаға беріс қалтарысы болды. Бұл достары
онымен именбей, жасқанбай алаңсыз ашық сөйлесетін-ді, олар үшін ол
да бейнебір Андерсеннің құдығы сияқты кінəрат тақпай, үнсіз ғана
ұқыпты тыңдаушы саналатын еді. Көпшілік адамдардың бойында жат
көзге шалынбайтын өзіндік жасырын кемшілігі болатыны белгілі, ал
Марджи Янг-Хантгың сондай жұртқа жария етуге жасқанатын
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алаң Көңіл Ақпаны - 16
  • Parts
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 01
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2293
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 02
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2241
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 03
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2172
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 04
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2424
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 05
    Total number of words is 4119
    Total number of unique words is 2311
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 06
    Total number of words is 4007
    Total number of unique words is 2225
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 07
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 2286
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 08
    Total number of words is 4057
    Total number of unique words is 2309
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 09
    Total number of words is 4081
    Total number of unique words is 2266
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 10
    Total number of words is 4016
    Total number of unique words is 2207
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 11
    Total number of words is 4150
    Total number of unique words is 2203
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 12
    Total number of words is 4105
    Total number of unique words is 2308
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 13
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2262
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 14
    Total number of words is 4017
    Total number of unique words is 2434
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 15
    Total number of words is 3985
    Total number of unique words is 2473
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 16
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2362
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.3 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 17
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2332
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 18
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2366
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 19
    Total number of words is 4056
    Total number of unique words is 2301
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 20
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2350
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 21
    Total number of words is 4064
    Total number of unique words is 2417
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 22
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2315
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 23
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2191
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 24
    Total number of words is 4021
    Total number of unique words is 2343
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 25
    Total number of words is 657
    Total number of unique words is 503
    40.1 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.