Latin Common Turkic

Алаң Көңіл Ақпаны - 16

Total number of words is 4070
Total number of unique words is 2362
30.9 of words are in the 2000 most common words
44.3 of words are in the 5000 most common words
52.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
"кемшілігі" — кеңпейілділігі, мейірімділігі еді. Нью-Бэйтаунда, тіпті
елде бүкіл Уэссек округінде болып жатқан істерден өзгелердің бəрінен
де оның əлдеқайда көбірек хабардар болуының сыры да, бəлкім,
осында шығар, əйтсе де оның білгенінің бəрі шашау шықпай, сол
қалпында оның жадында жатталған күйі қалды - солай болуға тиіс те
еді, солай болды да, өйткені ол бұл мəліметтерден бас пайдасына
жаратарлық ештеңе өндіре алмады. Басқа жағдайларда Марджи
қолына түскен ештеңеден ешқашан зиян шеккен емес.
Итен Аллен Хоули жөніндегі бұл күрделі ой оған бейсауат,
бейқарекет зеріккен сəтте күтпеген жерден тұтқиыл келген еді. Бұл
арада бір есептен Итеннің пікірі де жөн, өйткені ол өзінің бағын —
əйелге тəн ақыл-айласының құдіретін қалай да бір сынап көргісі
келген арам пиғылын айтпаса да, көңілінің көзге түспес түкпірінде
ұстағаны ақиқат. Оның қолдауы мен қолпаштауын аңсағандар кəдуілгі
сəмсіреген сүмелектер тобынан-ды. Олардың көпшілігі өздерінің
қарадай қауқарсыз белінен байғұс аттап кеткен жарымжан байғұстық
сезімнің шырмауынан шыға алмай, жыныстық кемтарлықтың
тауқыметін тарты жүрген бейбақтар. Олармен əмпей-жəмпей болу да
оған əлдеқайда жеңіл: аз-кем көңілдерін аулап, орайы келгенде
орынды бірер сөз арнаса, соған да тəнті, отасқан жарының құлдық
бұғауына қарсы қайта бүлік шығаруға соның өзі жетіп жатыр. Мэри
Хоулимен достасуы — əрине, алғауы жоқ адал достық бола тұрса да,
бұл бірте-бірте оның назарын Итенге, əдеттегіден тыс, өзгеше зардап
шегіп, зəбір көрген, жігерін құм етіп, қайрат-қажырын жасытқан
əлеуметтік-экономикалық сəтсіздіктің құрбаны болған адамға аудара
бастады, іс-қарекетсіз, махаббаттан мақұрым, əлпештеген сəбиі жоқ,
тұлдырсыз тұқия өмірінде енді үрдіс үміттің нышаны пайда болды:
осы бір адамның жаралы жанына шипа тауып, оның алдына айқын,
соны нысана қоюды мақсат етті. Бүл ойын еді, соның өзінде əлдебір
мейірімі түсіп мүсіркегендіктен ғана емес, қайта əулекі əуесқойлықтан,
іші пысып, зеріккендіктен еріккеннің ермегі үшін шешуге зауқы соққан
ми қатырар шым-шытырық шытырман есеп сияқты ойын еді. Итен
оның əуейі боп жүрген еркектерінің бəрінен əлдеқайда артық. Оны өз
қанатының астына алып, қамқорлығына бөлесе, əрине, оның абыройы
асып, мерейі үстем болары ақиқат, ал дəл қазір ол бұған ауадай зəру.
Əсілі Итеннің ішкі жан дүниесіндегі түбегейлі өзгерістерді тұңғиық
терең түсінген де жалғыз сол ғана болса керек, əрине, ол бұған да
қатты шошынып қалды, өйткені осы өзгерістерге ол өзін кінəлі деп
білді. Тышқанның желкесіне желкілдеген арыстанның жалы бітті.
Марджи жеңі ішіндегі буылтық-буылтық бұлшық еттері білеуленгенін,
көз жанарында шарасыздық көлеңкесінің тосыла бастағанын сезінді.
Талай таңдар толған мейірімді табиғат ана жөніндегі өзекті
ойларының алаулаған апатты тұмақтай Хиросиманы милықтай
жапқанын білгенде кісіге қиянаты жоқ момақан Эйнштейн де өзін дəл
осындай сезінген шығар-ау!
Марджи өзінің Мэри Хоулимен көңілі жақын сыбайлас болғанына
қарамастан оған пəлендей бір тосырқаушылық та, есіркеушілік те
сезінген емес. Əйелдер əдетте басқа түскен бақытсыздыққа көнтерілі
келеді, əсіресе, егер ондай қасіретке өзінен өзге əйел душар болса, одан
да бетер көнбістілік танытады.
Ескі айлаққа жақын маңайда көптен күтімсіз қалып, байырғы
төркінінен айрылып, көрер көзге қораштау тартқан, сонда да болса,
сыны кетсе де əлі сиқы тая қоймаған ескі бақтың ортасында
айдаладағы ақ отаудай аядай аппақ үйшік тұр. Сол үйде Марджи ЯнгХант алдындағы əсем айнаға еміне еңкейіп, өзінің қалт жібермес
қаруына ұмсына үңіліп жатты, иіс май, опа-далап, тартылған алуан
түсті бояулар мен найзадай кірпіктеріне сіңген сүрменің көлеңкесінде
көлегейленіп, назардан тыс жасырын тұрған айқыш-ұйқыш əжімдері
мен əрі кетіп, ажары тая бастаған аяулы жүзін аршып əбігерленіп
жатты. Күн ашық, жел тынық, жайма шуақтың өзінде жағадағы жақпаржақпар
жартастарды
сабалап
жататын
тасқынның
тасыр
толқынындай жосылып, қатыгез жылдар жайсыз тақап қалды. Кемкемдеп келіп жеткен кексе шақтың қорғанар өз қару-жарағы, өз құралы
бар, рас, сындарлы тəжірибе қажет екені даусыз, ал оның бəрін
ойдағыдай меңгеру - əзір, амал не, оның еншісіне тие қоймаған үлес.
Жайнаған жастықтың жайсаң бейнесін кескіндеуге арналған жəдігөй
жалған əсемдік ойраны шығып, шаңырағы шатынап, ортасына түсіп,
аянышты да əжуалы хəлге душар етіп, дүйім əлеуметтің алдында
масқараламай тұрғанда қалайда жедел де шұғыл жүзеге асырған жөн.
Бүл арада жеңістің сыры, əрине, оның ешқашан, ең əрісі жат көзге
шалынбай, өзі оңаша қалған кездің өзінде де берекесіз сылбырлыққа
бой бермей шындалған шымыр пысықтығында болса керек. Қазір
айна алдында отырып, ол сыңайын сынап байқайын деп бір пəс екі
езуін жимай еркіне жіберіп, қабағын түйіп, кірпігін қағып, көзін жұмды.
Басын төмен тұқыртты, кемсиген иегінің астында біліне бастаған жұпжұмсақ бұғалығының үстінде мойынға салған шылбырдың сілеміндей
созылған жолақ қалды. Айнадағы бейне əп-сəтте жиырма жылға
жасамыс тартқандай болды да, алдағы күндердің аяздай қарыған
сезімінен тұла бойы түршігіп кетті. Өзіне тиген кесімді мерзімді тым
ұзаққа созып жіберді. Кəрілікті қапысыз қарсы алу үшін əйелге əдейі
жабдықталған көрмедей көркем жайма аясында алаңсыз отырып
шашы ағарып, мама қаздай мамырлап толысатын, жырқылдапсұңқылдап, сараңдықпен сыбайласатын жамыраған жарық, жəдігөй
бейне, жасанды əлем, қара мақпал қажет, оған қоса əлпештейтін бала,
адал махаббат, кəдімгі қамқорлық, айтқанына көніп, айдауына жүретін,
артық-ауыз сөзі жоқ байсалды бай керек, əйтпесе соның бəрінен бұрын
оған банкте жатқан алаңы жоқ жесірдің қомақты үлесі болса, сол керек.
Егер қалайда бір қаусаған кəрі-құртаң болса да, оның қиюы қашып,
қынуы кеткен сал сүйектерін сылап-сипап, аялап-уһілеп бəйек болып
жүретін біреу болмаған жағдайда соқа басы сопиып қартайған əйел —
жұртта қалған тозған тулақтай, тағдырдың тауқыметін тартқан
мүсəпір бейшара.
Кенет үрейдің ыстық қоясы көмейіне кептелгендей сезінді. Былай
қарағанда, ол алғашқы күйеуімен бір жағынан ғана бақытты болды, ол
өзі қыжылы жоқ, қуыс кеуде ынжық жан болатын, оның осы əлсіз
жағын, айтары жоқ, шебер пайдалана білді. Оның қайтар қарымы жоқ,
адал да ақпейіл ынта-ықыласы соңдай, тіпті ол кейін онымен
ажырасқан кездің өзінде де оған екінші мəрте тұрмысқа шыққан
жағдайда алимент төлемеуге құқықты екенін ескертуді де ойлаған
емес.
Ал екінші күйеуі оның өз қаржы-қаражаты бар деп ойлады,
шындығына келгенде, дəп со лай да еді. Дүние салғанда ол оған көк
тиын да қалдырған жоқ, əйтсе де алғашқы күйеуінен алатын
алиментінің арқасында тарлық-тапшылық көрмеді, жақсы киінді, не
ішем, не жеймін деген жоқ, қалағанын қапысыз жасап жүрді. Ал бірінші
күйеуі қайтыс болса ше! Көмейге кептеліп, өзекті өртеген үрейдің
түпкі төркіні қайда жатыр? Күні-түні қыр ізінен қалмай жанын жеп,
жігерін қажытқан, тозаққа салып жүрген aласапыран азапты түстердің
шығар тегі, міне, қайда? Келіп тұратын ор айдың чегі ақырғы болуы да
əбден ықтимал ғой!
Қаңтарда оны Мэдисон-авеню мен елу жетінші көшенің кең
қиылысында жолықтырдым. Ол қартайып, қалбалақтап жүдеп
қалыпты. Бүл жалғанның өткінші де опасыз екенін ойлап, жаны жай
таппай жапа шегіп жүрсе керек. Егер алжыған кəрі қақпас опат болса,
онда ақша да келуін тоқтатады. Міне, сол себептен де оның өмірін
тілеп, жаратқанға жан-тəнімен жалбарынатын жарық дүниеде жалғыз
пенде де сол еді.
Міне, енді сол мыжырайған, жанары жасық, үн-түнсіз безірейген
мылқау бейне санасының төрінде қазір пайда болып, өзекті өртеген
үрейді көмейге қайта тықпалағандай. Егер сол хайуан қазаға ұшыраса
ше ...
Марджи қас-қағымдай сəт айнаның алдында селт етпей сілейіп
қалды да, бойында ширыққан бүкіл ерік-жігерін жинап, бар
пəрменімен атылған найзадай шалт серпілді. Иегі оқыс ошаң ете түсті,
бұғақта білеуленген қатпардың ізі де қалмады, жанары жанып ұшқын
шашты, бет-жүзіңдегі жосылған жолдай қыртыстар маңдайдан əрмен
асып барып бас сүйегіне сұғына кептелді, бүкшиген кеудесі, қушиған
иығы жазылып қаз-қалпына түсті. Отырған орнынан ұшып тұрды да,
еденге төселген түкті кілем үстінде ұршықтай үйіріліп биледі. Жалаң
аяғының башпайларындағы алқызыл бояу алаулап көзге шалынды.
Əзір əлі кешікпей тұрғанда қалайда асығу, асығу, жеделдету керек...
Ол қабырғадағы шкафтың есігін ашты да, көргеннің көз жауын
алатын үлбіреген матадан тігілген көйлегін, төртінші шілдедегі
мерекеге сəрпездеп, сақтап жүрген өкшесі біздей туфли, кигенде
көрінбейтін, денеден білінбейтін өрмекшінің торындай жіңішке
жіптен тоқылған шұлығын алды. Бойын буып бейжай еткен беймаза
енжарлықтың əп-сəтте емге нышаны да қалмады. Ол əдетте, іске
кірісер алдында пышағын қайрап жалаңдаған қасапшыдай ширақ
қимылдап, шапшаң киіне бастады, байқау үшін пышағының жүзін
ауық-ауық бармағымен сипаған қасапшы тəрізді ол да арагідік
алдындағы айнаға сынай, сұқтана қарады. Асықса да аптығар емес,
əйтсе де асықпауға жəне болмайды, өйткені еркектер сарсылып
күткенді, сірə да, ұнатпайды, əрине, аяғы сымға тартқандай түп-түзу,
қолына кіршіксіз аппақ қолғап киген, сүйкімді сымбаты бар, ауызға
үріп салғандай, өз бойына өзі кəміл сенімді сыйлы қауымның келбетті
келіншектеріне тəн кермаралдай кербездікпен екі аяқты еріне басып,
еркелей қылымсу кейін де ешқайда қашпайтыны күмəнсіз. Ол осылай
жанынан жылыстап өткенде мойнын бұрып, көзін сүзіп, телмеңдей
қарамаған сол маңда еркек кіндік болған жоқ. Ең əрісі, үш тонналық
машинасына толтыра тақтай тиеген "Ағайынды Миллерлер"
фирмасының жүргізушісі таңданғаны сондай, тіпті танауы делдиіп,
көзі ежірейіп еліре ысқырды, ал жоғарғы сыныптың екі оқушысы нақ
Родольфо Валентиноның өзіндей көзін сығырайта жұмып, аузын
тамсана ашып, шұбырған сілекейлерін шашала-қақала əрең жұтты.
— Керім-ə? — деп сұрады біреуі.
Ал екіншісі кеудесін керіп бір күрсінді.
— Ой-хой!
— Сен қалай осы...
— Ой-хой!
Басқа жақты қайдам, Нью-Бэйтаунда əдепті əйелге көшеде көз сүзіп,
бұлайша бейбастақ сергелдең болып жүру əбес саналады. Əдепті əйел
үйден белгілі бір жерге баруды, яки түкке арзымайтын ұсақ-түйек
болса да əлдебір мақсатты көздеп шыққаны абзал. Бас көшенің
тротуарында ақ жолақ пен əр қадамын табыстырғандай дəлдеп,
ақырын басқан Марджи ұшырасқан таныстарымен басын шұлғып,
ілтипатпен амандаса отырып, солардың əрқайсысына ойша өзінше
сипаттама бергені қаперіне де келген жоқ.
Холли мырза — бір емес, талай жылдан бері несиеге өмір кешіп
келеді.
Стони — сөз жоқ, мықты еркек, алайда полицейдің жалаң айлығына
немесе оның алатын зейнетақысына қандай əйел күн кешіп, өмір сүре
алады?
Гарольд Бек — оның жеке үйі бар, тіпті одан бөтен тағы да
жылжымайтын меншігі де бар, бірақ ол ақылы ауысқан есалаң жəне
мұны оның өзінен басқаның бəрі біледі.
Макдоуэлл — "Мырза, сізді көрмегелі көп заман болды. Милли
қалай?" Жоқ, шотландық — айтары жоқ, барып тұрған шық бермес сұм
сараң, айықпас ауру əйелінің жанынан бір адым аттап шықпайды, ал ол
болса мəңгі өлмейтін, ажал алмайтын ауру жандар санатына жатады.
Сонысымен тұрмай, ол ішмерез. Оның есеп-қисап жағы — жұрттың
бəріне құпия.
Қажыған қабағы мен жасық жанары айықпаған Рональд Рэндолф
коктейль ішуге келгенде таптырмайтын сыбайлас серік, аласы да,
шаласы да жоқ, тіпті мас болып мəңгі жатқанның өзінде де
сырбаздығын шаң шалмаған кəнігі джентльмен, əйтсе де оның да бір
"əттеңі" бар, егер бардың биік керме-үстелінің алдында отырып,
отбасының ұйыған береке-бірлігі жайлы армандағанда болмаса, оның
жар болуға да, ер болуға да ебі де, кері де жоқ.
Герольд Люс — оны "Тайм" журналын шығарушының туысқаны
деседі, сонда оны кім айтады? Оның өзі айтады. Екі сөздің басын қоса
алмайтын миғұлалығына негізделген оның ақылды деген жалған
атағы демесе, түксиген түсі суық тұйық адам.
Эд Уонтонер — суайт, жылпос, қолының жымысқысы бар алаяқ,
арамза. Ұзынқұлақтың айтуына қарағанда, айла-шарғысын асырып,
амалын тауып қомақты қаржы жинап алған болса керек, оның да əйелі
бір аяғы жерде, бір аяғы көрде, бірақ Эд жалғанда тірі жанға сенбейді,
ең əрісі қашып кетер деп қауіптенгендіктен өзінің итін де шынжырлап
қояды.
Пол Стрэйт — жергілікті республикашылардың басшысы. Оның
əйелін Беттерфляй деп атайды, əйтсе де бұл жұрттың қойған лақап
атағы емес, оның өзінің шын есімі. Шоқындырғанда есімін солай
атаған. Полдың онда Нью-Йорктің республикашыл губернаторы болып
нағыз дүрлеп тұрған кезі. Ол өзі қаланың қоқыс қордасының меншік
иесі, сонда тасылып төгілген қоқыстың əрбір кеспегінен жиырма бес
центтен төлемақы алады. Қоқыс төгілген қорданы егеуқұйрықтар
жайлап кетіп, қалаға қатерлі қауіп төндіргенде Пол соларды атуға
ықылас білдіргендерге рұқсат қағаз сатуды ұйымдастырып, жалға қол
шам, оқ-дəрі мен мылтық үлестірді деген де қауесет бар. Қазіргі
президентке егіздің сыңарындай ұқсас болғандықтан да талайлары
оны Айком деп те атайды. Алайда Дэнни Тейлор ақитып бір ішіп
алғанда "келбетті" деудің орнына "Керкетті Пол" деп айтып қалған еді.
Содан бері сол атақ шайырдай жабысты оған. Енді көзі жоқта елдің бəрі
сыртынан оны басқаша емес, тек солай деп қана атайды.
Марулло — соңғы кезде ол неге екенін қайдам, жүнжіп, тым жүдеп
жүр. Жүзі қуқыл тартқан, қан-сөлі жоқ. Ал көз жанары ішіне ірі
калибрлі мылтықтың оғы тиген адамнан аумайды.
Өз дүкенінің жанынан ол мойнын бұрмай өте шықты. Ал Марджи
көшеден шұғыл бұрылып, бұлқынған асау бөксесін бұраңдатып,
дүкенге қиқиып қылымсып кірді. Итен сəнді шалбар, күнқағары
тылтиған қалпақ киген қырма сақал жасамыс қараторы бір кісімен
сөйлесіп тұрған. Жасы қырықтарды шаужайлап қалған, денесі таптұйнақтай ширақ, шымыр, сөзі пысық, іске де ұсынықтылығы
байқалады. Бейнебір Итеннің тамағын тұтқан тосаң жоқ па екен,
көрейін деп ұмтылғандай ол сатушы текшенің үстіне ұмсына
асылыпты. Марджи кірген бетте:
— Сəлем! Е, байқаймын, сіздердің қолдарыңыз тимей жатқанға
ұқсайды, жарайды, кейінірек келермін, — деді.
Егер əйел атаулы бос уақытын қайда жұмсарын білмей қапылып
жатса, ең абзалы, оған банкке барғаны жөн: онда берекесіз болса да
ақталуға жарарлық қашан да кəкір-шүкір бірдеңе табылары күмəнсіз.
Марджи арғы жаққа өтті де, мəрмəр мен тат баспайтын құрыштан
соғылған күмбездің астына келіп кірді.
Оны көрген Джой Морфидің қуанышы қойнына сыймай ақсия
күлгенде, кассаның алақандай терезесінің бүкіл темір торын жасын
түскендей жарқыратып жіберді. Айнала ақжарқын күлкі, айнала
аңқылдаған ақпейіл, қалауыңша қарық болар каркаллази ойын-сауық,
үйлену туралы үкілі үміттің сыбысы да сезілмейді. Марджидің оны о
баста бойдақ болып жаралған, бойдақ болып өмірден өтеді, бірақ өзінің
табиғатына опасыздық жасамайды деген пайымдауы əбден орынды.
Өйткені қос төсектей қосарланған лақаты бар бейіт Джойдың
маңдайына жазылмаған.
— Мырза, айтыңызшы, сіздерде буы бұрқыраған, жап-жас жаңа ақша
бар ма?
— Ғафу өтінем, бикем, қазір қарап көрейін. Бір жерде бар болуға
тиіс. Қанша алғыңыз келеді?
— Мүмкін болса, алты унций, — ол ақ шегірен сумкасын ашып,
кітапшасын алды да, жиырма долларға чек жазып ұсынды.
Джой мырс етіп күлді. Марджида оның көңілі бар, оған ұнамайтын.
Онша жиі болмаса да анда-санда онымен оңаша барып түстеніп, кейін
кешке бір төсекте түнеп те шығатын. Əйтсе де ол оны əзілдің астарын
түсінетін сырбаз сыбайластығы үшін артықша сыйлайтын Ол оған:
— Янг-Хант бикем, сіз кезінде Мексикадағы əйгілі Панчо Вильидің9
сыбайлас серігі болған менің бір танысымды еске түсірдіңіз. Сіз ондай
адамды білуші ме едіңіз?
— Естісем бұйырмасын.
— Жарайды, мəселе онда емес. Сол танысым бірде маған мынадай
ойы ұшқыр, сөзі өткір күлкілі қызық əңгіме айтып берді. Панчо
солтүстікке ығысып барғаннан соң, станокқа басып ақша жиырма
песолык қағаз ақша шығара бастапты. Содан боратып, көп
шығарғандықтан оның өз адамдары мүлде санауды қойыпты, əділін
айтқанда, олардың көпшілігі жөнді санауды да білмейді ғой. Сөйтіп,
енді ақшаны таразыға тартып алатын болса керек.
Марджи оған:
— Джой, сіз осы естелігіңізді айтпасаңыз, көңіліңіз əсте көншімейді
ғой деймін, сірə, — деді.
— Янг-Хант бикем, о не дегеніңіз, құдайдан қорықсаңыз етті, онда
мен əлі белім бесіктен шықпаған кезім ғой. Бүл əншейін күлкі үшін
айтыла салған хикая да. Сонымен не керек, оған өзі қара нəсілден болса
да, үріп ауызға салғандай сүп-сүйкімді келіншек келіп былай дейді:
"Генералым-ау, менің күйеуімді айыптап, аттырып тастадыңыз, бес
баламен мені жесір қалдырдыңыз, айтыңызшы, кəне, халықтық
революцияны сонда осылай жасай ма екен?" Қазір мен мына есепқорытындысын шығарғандай Панчо да сол заматында да қорытынды
жасайды.
— Джой, сіздің кепілдікке қойған салымыңыз жоқ.
— Оны білем. Өйткені "бұра сөйлеген күлмекке жақсы" демекші, бұл
да күлкі үшін айтыла салған əңгіме ғой. Десе де, сонда Панчо
адъютантын шақырып алып: "оған бес кило ақша өлшеп бер!" деп
бұйырады. Онысы анау-мынау емес, бір құшақ қағаз болып шығады.
Ақшаны сыммен буып, жас келіншектің қолына береді, ол арқалап
үйіне кетеді. Кенет адъютанты Панчоға келіп, қолын шекесіне қойып
тұрып:
"Генералым менің (оларша: ми грал) оның күйеуін атқан жоқпыз
ғой. Ол онда мас болатын. Біз оны əзірше түрмеге жауып қойғанбыз!"
деп мəн-жайды баяндайды. Ал Панчо болса ұзап бара жатқан жас
əйелдің ізінен қалшиып қарап қалады. Əлгі сөзді естігенде ол: "Дереу
оны қабырғаға қойыңдар, жесір байғұсты алдауға болмайды ғой" депті.
— Джой, сіз сұмдық адам екенсіз.
— Айтпақшы, бұл күлкілі əңгіме болған оқиғаға негізделген. Менің
бұған еш күмəнім жоқ, — ол ұсынған чекті қолына алып əрі аударып,
бері төңкеріп қарады. — Сізге жиырма, елу, жүз долларлық па, қандай
ақшамен берейін?
— Мүмкін болса, ширек — бес долларлықпен.
Екеуі де көргеніне қуанышты жандай көңілді еді, сүзілген сүттей
əйнегі бар есіктен Бейкер мырза сығалады.
Бұл арада да қалтарыс, қаға берісте қалған мүмкіндіктер бар-ды.
Кезінде Бейкер мырза қарапайым болса да көрсетілген ілкі ілтипаттың
сыңайына қарағанда көңілдегі көлеңкелі дəмеге мегзейтін елеусіз
түрде оған қарыз беруді ұйымдастырған болатын. Ал Бейкер мырза
бұл — доллар мырза. Əрине, оның некелі жары бар, бірақ бұл күнəкар
дүниенің Бейкерлерін Марджи бес саусағындай біледі. Егер олар
əлденеге ықыласы ауып, ынтық болса, ар-ұяттың алдында ақталу
деген, тəйірі, сөз болып па?! Өткенде ол мұның пəтін қайырып дұрыс
жасады. Ендеше, оның əлі саннан да, санаттан да шығып қалмағаны.
Джойдан алған бес долларлық төрт қағазын сумкасына тығып,
ақшашты банкирмен жүздесуге енді оқтала бергенде əлгінде Итенмен
əңгімелесіп тұрған бейтаныс кісі банкке кіріп келді де байсалды
қалпымен баптана басып, жанынан жанай өтті, қойнынан алып
карточкасын көрсетті, сол мезетте оны Бейкер мырза кабинетіне
шақырды. Ол кірген бойда есік те жабылды.
— Ал қош болыңыз! — деді Марджи.
— Мұндай сөзді есту жəне де оны Уэссекстің айдынды аруының
аузынан есту өксігі өшпес өкініш-ақ, — деді Джой, — əлде бүгін кешке,
бəлкім, тағы дидарласармыз? Бірге отырып түстенерміз, би билерміз,
бұйырса, тағысын тағылар?!.
— Бүгін менің қолым бос емес, — деп ыңғай бермеді.
— Мына бір осқырынған сылқым кім өзі?
— Туды-бітті көріп тұрғаным осы. Банк тексеретіндерге ұқсай ма,
қалай өзі? Мен осындай состиған ұсқындарды көргенде əрқашан:
өзімнің ала жібін аттамаған адал жан болғаныма шүкіршілік етем, ал
есептің төрт амалын меңгергенім үшін Тəңіріме одан да артық мыңмың ризашылығымды айтам.
— Джой, біле-білсеңіз бар ғой, мына сіз сияқты күйеулерінен өзге
түгіл періштенің өзі ат-тонын ала қашқан болар еді.
— Бар мəзір, жоқ май, мəртебелім.
— Жə... Жолыққанша...
Шықты да жол-жөнекей Маруллоның дүкеніне соғып, есігінен
сығалады.
— Сəлем, Итен!
— Сəлеметсіз бе, Марджи!
— Əлгі шікірейген бейтаныс кім өзі?
— Сіздің сиқырлы асыл тасыңыз бар емес пе?
— Құпия тыңшы ма?
— Одан да өткен. Қызық, осы жұрттың бəрі неге полициядан
қорқады? Тіпті ешқандай кінə-кінəраты болмаса да бəрібір. Əйтеуір
полицияның төбесі көрінгеннен көңілің бір түрлі тіксініп, денең
түршігіп қоя береді.
Сонда қалай, əлгі кəкірейген бұйрабас тыңшы болғаны ма?
Солай болмағанмен, соған қоңсылас, федералдық тергеу бюросынан
деседі.
— Итен, сіз не бүлдіріп қойып едіңіз?
— «Бүлдіргенің» қалай? Мен бе? «Бүлдіргені» несі?
— Ол мұнда не бітіріп жүрген?
— Мен оның өзімнен не сұрағанын ғана білемін, ал оған не керек
екенінен хабарым жоқ.
— Сонда сізден ол не сұрады?
— Маруллоны мен көптен білем бе? Бұл арада менен бөтен оны
білетіндер бар ма? Нью-Бэйтаунда қашаннан бері тұрады?
— Ал сіз қалай жауап бердіңіз?
— Мен майданға кеткенде ол мұнда жоқ еді, онымен қайтып
оралғанда осында жолықтым. Мен зиян шегіп, құлдырап құрдымға
кеткен кезде ол өзінің осы дүкеніне ие болды. Мені өзіне қызметке
алды.
— Оның мұнысын сіз қалай деп ойлайсыз?
— Бір құдайдың өзі білсін.
Марджи оның жанарынан жалтарып, тура қарамауға тырысты. Ол
əңгіменің төркінін түсінбейтін аңғал жандай болуды жөн көрді. Қызық,
шынында да мына шелтиіп шікірейген неме мұнда не бітіргелі келді
екен?
Кенет ол əдеттегідей сөз арасында елеусіз айта салғанда əлдеқалай
секем алып, тіпті сезіктеніп қалды.
— Марджи, сіз маған иланбайсыз ба? Бір ғажабы, шыңғырған
шындықты айтсаң, онда саған тірі жан сенбейді.
— Шындық дегеніңіз, Ит, алуан түрлі болады ғой. Егер түстік асқа
тауық пісірілсе, онда отырған жұрттың бəрі сол тауық етін жейді, бірақ
біреуге төстің ақ еті тисе, енді біреуге қоңның қоңыр еті нəпақа болады.
— Мұның рас. Шын сөзім. Марджи, бұл менің көңілімді қатты
алаңдатты. Мен істеп жүрген жұмысымнан айрылып қалғым келмейді.
Мəнəйім, Альфио бірдеңеге душар болса, онда мен жұмыссыз, далада
қаламын.
— Жақын шамада сіздің қыруар ақшаңыз болады ғой, оны
ұмыттыңыз ба?
— Қашпаған қара сиырдың уызындай, қолда жоқты қиялдаудың өзі
де қисынсыз ғой.
— Итен, мен кейбір жəйтті сіздің есіңізге салғым келеді. Бұл дəп
пасханың қарсаңында, көктемде болған-ды. Сонда дүкенге келіп
кіргенімде сіз мені иерусалимдік қыз деп атаған едіңіз.
— Иə-иə, қасиетті де қасіретті жұма күні болатын.
— Демек, сіз ұмытпаған екенсіз. Ендеше, мен қазір оны білемін.
Бұл Матфейден болатын. Əрі сұлу, əрі сұмдық.
— Иə.
— Сіз неғып оны қапелімде ойыңызға түсірдіңіз?
— Бұған аяулы Дебора апай кінəлі, ол жаза баспай жылына бір
мəрте ежіктеп жаттатып, əбден менен өлердей өшін алушы еді. Сол
дəстүр əлі күнге дейін алаңсыз жалғасын тауып келеді.
— Сіздің бұл қалжыңыңыз болар. Ал анада сіз бұлай қалжыңдамаған
болатынсыз.
— Қалжыңдағаным жоқ. Қазір де қалжыңдау қаперімде болған емес.
Ол сəл сергігендей болып, іле үн қатты:
— Байқайсыз ба, менің сəуегейлігім, сірə, шындыққа айнала
бастады-ау деймін
— Бəлкім, солай да болар.
— Ендеше, сіз менің алдымда қарыздар болдыңыз да.
— Мақұл.
Оны қашан өтеу ойыңызда бар?
Менімен бірге мына қоймаға кіріп-шығуға зауқыңыз соқпас па екен?
— Одан мəнді бірдеңе шыға қояр деп əсте ойламаймын.
— Ə... солай ма?
— Иə... Солай, Итен, Сіздің мына өзіңіз де ондай ожар ойдан ат
шаптырым аулақсыз. Сіз осы өміріңіздің ішінде тура жолдан бұра і
артып, сынық сүйем қия басқан жан емессіз.
— Оның несі бар, байқап көруге болады.
— Əлдеқалай аңсарыңыз ауған күннің өзінде де сейіл құрып,
сергелдеңге түсіп жүру сізге о бастан бұйырмаған, ондай опасыздық
сіздің қолыңыздан келмейді де.
— Үйренуге болмай ма?
— Сізді не риясыз махаббат, не өзекті от боп шалар өшпенділік қана
үйрете алуы ықтимал алайда мұның қай-қайсысы да ұзақ сонар,
тауқыметі көп, түкке арзымайтын əрекет.
— Бəлкім, сіздің айтқаныңыз жөн болар. Бірақ сіз оны қайдан
білесіз?
— Қайдан дері бар ма, əйтеуір білем - бітті емес пе!
Ол тоңазытқыштың есігін ашып, ішінен екі шөлмек кока-кола
сусынын алды да, лезде жылумен тершіп кеткен біреуінің аузын ашып,
Марджиге ұсынды, өзіне қалған екінші шөлмекті ашуға əрекет жасап
жатып:
— Сонда сіз менен не қалайсыз? — деді.
— Сіздей еркек бұған дейін менің қармағыма ілініп, қолыма түскен
емес. Мүмкін, мен өзіңді сондай сүйетін немесе сондай жаныңды
күйдіретін не екенін сезіну үшін тəжірибе жасап, сынағым келетін
болар.
— Сіз сиқыршысыз ғой. Бір ысқырсаңыз болды, дүлей дауыл соғады.
— Мен ысқыра білмеймін. Бірақ стакан суға ылаң салар шағын
дауыл шақыруға өзге еркектерге қабағымды қақсам, соның өзі де жетіп
жатыр. Ал сіздің сезіміңізді қалай тұтатуға болатынына менің əзір
ақылым да, айлам да жетпей жүр.
— Бəлкім, сіз шақпағыңызды шағып, тұтатын үлгерген боларсыз?
Ол шімірікпей сұсты сыңаймен оның басынан аяғына дейін сұқтана
сүзіп қарай бастады.
— Алғауы жоқ, адал жасалған құрылыс, — деді ол — жұп-жұмыр,
жұп-жұмсақ, нып-нығыз, жанға жайлы, жүрекке жылы, сүп-сүйкімді.
— Сіз оны қайдан білесіз? Қолыңыз менің денеме тиіп көрген емес.
— Ал егер қолым тиді дегенше — аман тұрғанда жан сауғалаудың
жайын ойлай беріңіз.
— Ғашығым менің!
— Жарайды, оны қоя қойыңыз. Бұл қоныс ол иіске ұқсамайды деуші
ме еді, қалай еді? Өзгені арбауға сиқырымның қаншалықты құдіретті
екенін пайымдауға менің өз даңғойлығым да жетіп жатыр. Сіз өзіңізге
не қажетін айтыңызшы. Сіз сымбатты, салауатты əйелсіз, бас
пайдаңызды білетін де жансыз. Осы сізге не керек, кəне, адалын
айтыңызшы.
— Мен сіздің болашағыңыз сəтті болатыны жайлы болжам айттым
жəне де менің сол айтқандарым айна-қатесіз келе бастады, білем.
— Енді сіз содан өз үлесіңізді алуға дəмелі боларсыз?
— Солай-ақ делік.
— Міне, мұныңыз шындыққа жанасады, — ол жаратқанға
жалбарынғандай жанарын төңкеріп төбеге қарады. — Мэри, менің
жанымның жалғанда жалғыз əміршісі, — деді, — маған, мына жапа
шеккен жарыңа, өзіңнің сүйіктіңе, өзіңнің адал досыңа бір көз қиығын
салшы, мені қара ниет қастандықтан, менің жан дүниемді жайлап
алған жəне де жаттың өшпенділік арам пиғылынан қорғай гөр. Мен
сенің аяушылық арашаңа жан-дəрменіммен зəрумін. Өйткені ер
адамның құмарлығы мен құштарлығының құдіреті ақылдан асқан
ғаламат, оған мына шексіз-шетсіз тіршілік ғаламына ұрығын себу
ғасырдан ғасырға қалып келе жатқан қасиетті атамұра. Orapra me10.
— Ой, мұндай залым болармысыз, Итен!
— Солай-ақ болсын. Бірақ мүлəйімсіген мүттəйімдер де жетіп жатыр
емес пе?
— Мен сізден қорқайын дедім. Бұрын ондай байқалмаушы еді.
— Сонда бұл неліктен деп ойлайсыз?
Кенет оның жанарынан бажайлағыш балгер — сиқыршының əлпеті
айқын айшықталғандай болды да, ол осы бір құбылысты қалт
жібермей, көзі шалып қалды.
— Марулло.
— Маруллосы қалай?
— Оны мен сізден сұрап отырмын.
— Сəл сабыр ете тұрыңыз. Бес жұмыртқа, бір орам май, солай ма?
Кофе керек емес пе?
— Бір құтысын бере салыңыз. Үйде тұрсын, артық болмас. Ал мына
қалбырдағы еттер тəуір ме? Асап-асап жеуге келе ме?
— Дəмін татып көрген емеспін. Бірақ алушылар жетіп жатыр.
Бейкер мырза, қазір, бір пəс. Бейкер бəйбіше осы қалбырдағы еттерді,
консервілерді алды ғой деймін. Қалай дейді?
— Оны білмедім, Итен. Мен алдыма əкеп қойғанды жеймін. Янг-Хант
бикем, сіз күннен күнге төлежіп, құлпырып барасыз!
— "Жақсы сөз — жан семіртер" демекші, жылы сөзіңіз үшін көңілім
риза, көп-көп рахмет!
— Бұл мақтау емес, бұл — мөлтілдеген мөлдір шындық. Сондай-ақ
сіз əрқашан сымбатыңызға сай сəнді киінесіз.
— Мен де сізді көрген əзірде солай деп ойлаған едім, сіз, əрине,
көргеннің бəрі аузын ашып, көзін жұматындай асқан сұлу емессіз, бірақ
тігіншіңіз он саусағынан өнері тамған кереметтей ісмер жан болса
керек.
— Бəлкім, одан да гөрі, оның бағасына қарағанда шығар.
— Адамды оның өзіндік мəн-мəнері даралайды, — дегенді осы кім
айтып еді? Енді оны өзгертіп: "кез келген үлгіде, қалаған тұрғыда
адамды тігінші жасайды" деп айтқан жөн.
— Жақсы тігілген бешпенттің бір міні бар: ол кисең тозбайды.
Мынаны менің де кигеніме он жылдан асып барады.
— Ə... қойыңызшы, Бейкер мырза, ол деген, əсте мүмкін емес қой,
Бейкер бəйбішенің денсаулығы жақсы ма?
— Шүкір, шағынуға шамасы жетерлік. Янг-Хант бикем, сіз осы неге
оның көңілін аулап, келіп тұрмайсыз? Сырласар сыйлас жан таппай іші
пысады. Біздің мына аға ұрпақта кісімен тіл тауып, сыпайы сөйлесе
білетіндер некен-саяқ қой. Ал əлгі айтқан мəн-мəнер жайлы
айтылғандар Ункхэмнен11 қалған сөздер Винчестр колледжінің
атойлайтын ұраны болған
Ол Итенге бұрылды.
— Мынадай керемет жəйттерді білетін жəне бір нақ осындай
банкирді Америкадан маған, кəне, тауып беріңізші?
Қысылғаннан Бейкер мырзаның жүзі қызарып кетті.
— Əйелім "Ұлы ғажайыптарды" жаздырып алып тұрады. Кітапқа
жаны құмар. Сіз қалайда оның көңілін аулап келіп тұрыңыз.
— Ілтипатыңызға рахмет, ықыласыммен барып тұрамын.
Хоули мырза, менің алғандарымды дорбаға салып қоя тұрыңызшы,
мен қайтарда соғып алармын.
— Жарайды, бикем.
— Айтары жоқ, асқан сүйкімді əйел — деді Бейкер мырза.
— Ол менің Мэриіммен сырлас, сыбайлас.
— Итен, əлгі бір жолаушы шенеунік сізге соқты ма?
— Иə, соқты.
— Соған осы не керек болды екен?
— Білмедім. Менен Марулло жөнінде сұрады. Мен оған қалай жауап
берерімді білмей дал болдым.
Бейкер мырза қарманған мəнжəміне іліккен теңіз шаянының сөлін
сорып, қабыршағын қайта шығарып тастайтын жалмауыз балдыр
теңіз анемонындай Марджидің өзін есеңгіреткен елесінен енді-енді
есін жия бастағандай болды.
— Итен, сіз əлгі Дэнни Тейлорды көрмедіңіз бе?
— Жоқ, көрмедім.
— Қайда екенін білмейсіз бе?
— Жоқ, білмеймін.
— Менің оны тауып алуым керек еді. Сіз оның қайда болуы мүмкін
екенін де білмейсіз бе?
— Мен оны соңғы рет көргенім, мə, əлгі қашан еді... Ə, ұмытпасам,
мамыр айында ғой деймін. Сонда ол емделуге барам деп жүрген-ді.
— Қайда барады, білмейсіз бе?
— Қайда баратынын айтқан жоқ. Тек қана тағы бір мəрте емделіп
көргісі келетінін айтты.
— Əлде мемлекеттік емдеу орындарының біріне баратын ойы
болар?
— Жоқ, мырза, сірə, олай емес-ау деймін. Ол менен қарызға ақша
сұрап алды.
— Қанша?
— Мен сіздің мұныңызға түсінбей қалдым, мырза.
— Иə, иə, ғафу етіңіз, Итен. Сіздер ескі достарсыздар ғой. Кешіріңіз.
Ал əлгі сіз берген қарыздан басқа оның тағы да ақшасы бар ма еді?
— Меніңше, бар ғой деймін.
— Қанша екенін білмейсіз бе?
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алаң Көңіл Ақпаны - 17
  • Parts
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 01
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2293
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 02
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2241
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 03
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2172
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 04
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2424
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 05
    Total number of words is 4119
    Total number of unique words is 2311
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 06
    Total number of words is 4007
    Total number of unique words is 2225
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 07
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 2286
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 08
    Total number of words is 4057
    Total number of unique words is 2309
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 09
    Total number of words is 4081
    Total number of unique words is 2266
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 10
    Total number of words is 4016
    Total number of unique words is 2207
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 11
    Total number of words is 4150
    Total number of unique words is 2203
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 12
    Total number of words is 4105
    Total number of unique words is 2308
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 13
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2262
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 14
    Total number of words is 4017
    Total number of unique words is 2434
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 15
    Total number of words is 3985
    Total number of unique words is 2473
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 16
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2362
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.3 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 17
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2332
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 18
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2366
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 19
    Total number of words is 4056
    Total number of unique words is 2301
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 20
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2350
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 21
    Total number of words is 4064
    Total number of unique words is 2417
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 22
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2315
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 23
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2191
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 24
    Total number of words is 4021
    Total number of unique words is 2343
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 25
    Total number of words is 657
    Total number of unique words is 503
    40.1 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.