Latin Common Turkic

Алаң Көңіл Ақпаны - 09

Total number of words is 4081
Total number of unique words is 2266
33.2 of words are in the 2000 most common words
47.2 of words are in the 5000 most common words
54.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
бəрін кесімді мерзімге жойса ше? Сонда көздеген мақсатқа жеткен соң
оларды қайта қалпына келтіруге болмас па еді? Өйткені бизнес - бүл
да соғыс қой, бүл даусыз ақиқат. Ендеше, бейбітшілік орнату үшін неге
онда жаппай соғыс жарияламасқа? Бейкер мырза мен оның
сыбайластары, əрине, менің əкемді атып өлтірген жоқ, бірақ олар оған
ақыл-кеңес берді, ал оның салған құрылысы құлап, опат болғанда өзге
емес, солар үшін шықты. Сонда бүл не, адам өлтіру емес пе? Сонда біз
бас иіп, бəйек болатын миллиондаған қазына байлық міз бақпас
мейірімсіздік, қаныпезер қатыгездік жасалмай, жиналуы мүмкін бе
еді? Əй, қайдам!
Егер мен барлық заңдар мен ережелерді уақытша жойсам, онда
менің тыртық-таңбасыз құтылуым əлбетте екіталай, əйтсе де менің
бастан кешкен барлық сəтсіздіктерімнен қалған таңбалардан
солардың несі олқы, несі оғаш болар еді. Өйткені өмір сүру — демек,
тыртық таңбадан əшекей тағынумен бірдей ғой.
Менің ой-толғаныстарымның бəрі алаң көңіл мен көлгірсіген
күдіктен жасалған үй төбесіне орнатылған желгезек болатын Бұл
дүниенің бастаушысы да, жоқтаушысы да біз емес. Əйтсе де егер мен
мына есікті айқара ашсам, оны қайта тарс жаба алам ба? Білмеймін. Өз
қолыммен істеп көрмейінше, оны біле де алмаймын Ал Бейкер мырза
білді ме? Сірə, соның басына сондай ой келе қойды ма екен? Қарт
шкипер "Əсем Адэрді" Бейкерлер қамсыздандыру құны үшін өртеді
деп ойлады. Мүмкін, міне, осы жағдай да, сондай-ақ əкем ұшыраған
қырсық та Бейкер мырзаны енді маған қолұшын беруге итермелеген
де болар. Əлде оның тыртығы осы болмас па екен?
Менің басымнан кешкен жəйттерді қаптаған кішкене буксир
қайықтар олай да, бұлай да шыр айналдырып, əрі итеріп, бері тартып
əлек-шəлегін шығарған үлкен кеменің үркін қимылымен ғана
салыстыруға болады. Солармен толқынның айтқанына көніп,
айдауына жүрген кеме енді жаңа бағытты бетке ұстап, қазандағы буды
көтеруге тиіс. Əмір айтатын капитан мінберінде тұрып, өзіңе-өзің:
"Қалай қарай жүзу керек екенін енді мен білемін. Демек, оған қалай
жүзіп баруға болады, онда қай тұста су асты жартастары бар, жүзу
сапарына ауарайы қолайлы бола ма?" деуің керек.
Нағыз қатерлі найза тастардың бірі — бұл мылжыңдық. Даңққа
зарыққан, тіпті əйтеуір кез келген даңққа ынтығу, тіпті ол жеңіліске
душар еткен болса да мейлі, қаншама адамдар өзгелер опасыздық етем
дегенше өздеріне-өздері опасыздық жасап жатты. Андерсонның
құдығы, бұл жалғанда сенуге болатын жалғыз адам, міне, осы
Андерсонның ертегісіндегі құдық қана.
Мен Қарт шкиперді шақырдым: "Осы бағытқа бет алуға бұйырасыз
ба, осы ұстаған бағытым дұрыс па, мырза? Бұл мені барар жеріме
адастырмай апара ала ма?"
Қарт шкипер маған əмір етуден түңғыш рет бас тартты. "Өзің шеш
бəрін Біреуге пайдасы болғанның басқа біреуге залалы тиеді, алдын
ала бəрін болжай алмайсың".
Қазымыр қарттың маған бірдеңе деуіне əбден болатын еді, бірақ кім
білсін, одан ештеңе өзгере қоймауы да ықтимал ғой. Ақыл айтқанды біз
жаратпаймыз, бізге қажеті — мақұлдап бас шұлғу.
VII тарау
Мен оянғанда, менің ұйқышыл маубас кемпірім — Мэри əлдеқашан
төсектен тұрып кетіпті, ал асханада кофе қайнап, шошқаның қоң еті
қуырылып жатыр екен. Солардың қолқа қытықтар хош иісі маған да
жетті. Қазалы жандар қайта тірілер қандай ғажап күн десеңші! Бəрі
көгілдір-жасылды алтындай жайнап тұр. Бұдан артықты əсте де таба
алмассың. Жатын бөлменің терезесінен шөптің де, ағаштың да, бəрбəрінің қалай көктеп-көгеріп, түлеп келе жатқаны айқын көрінеді. Бұл
мереке үшін жылдың аса бір қолайлы кезеңін белгілеген. Мен өзімнің
жаңа жылға сыйлаған желбегейімді, аяғыма туған күнге алған
сыйлығым — туфлиімді кидім. Сосын ваннадан Аллен қолданып
жүретін шайырдай жабысқақ далап тауып алдым да, шашыма əбден
сыбастырып жақтым, сұмдық болғанда, əлгі пəле щетка мен тарақтан
кейін басымның құйқасын резеңке қалпақ кигендей жиырып, күйген
терідей тырыстырып тастады.
Пасха күнгі азанғы ас — нағыз той, дастарқанда құймақ, жұмыртқа,
табада айналасы қаусыра қуырылған шошқаның сүбесінен бастап,
алуан түрлі кілең дəмді тағам қойылған нағыз той. Мен ақырын
абайлап келіп, Мэридің жібекке оранған бөксесін шапалақпен шарт
еткіздім де:
— Kyrie eleison! Жаратқан нем жар болсын! — дедім.
— Ой, — деді ол. — Сенің қасыма келгеніңді білмей қалдым. —
Сосын түркі қиярларының бейнесімен өрнектелген менің желбегейіме
қарап тұрып. — Саған жарасады екен, — деді ол. — Сен неғып мұны
сирек киіп жүрсің?
— Қай уақытта киетін едім? Бұған дейін əсте бір реті келмеді ғой.
— Шын айтам, əдемі екен, — деді ол.
— Оған таңданатын несі бар? Оны мына сенің өзің таңдап алдың ғой.
Мына ғажап иісті сезбей балалар əлі ұйықтап жатыр ма?
— Жо, жоқ. Олар аулаға шығып, боялған жұмыртқаларда жасырып
жүр. Қызық, сонда Бейкер мырзаның не ойлағаны болды екен?
Мұндай тосын, əнтек жəйттер əманда мені абыржытып, алаңдатып
тастайтын əдеті.
— Бейкер мырза, Бейкер мырза... Ə, иə! Сірə, ол менің болашағымды
жөнге салуды ойлаған болар.
— Сен оған айтып па едің? Бал ашу жайлы.
— Қымбаттым-ау, жоқ, əрине. Мүмкін, əлде оның өзі аңғарған
шығар. — Содан соң мен сөзімді салмақтап, байсалды сөйлеуге көштім,
— Бері қарашы, күлшетайым, сен менің есеп-қисапқа деген асқан
қабілетім бар екеніне күмəнданбайсың ғой?
— Сен неғып қапелімде мұны сұрай қалдың? Ол табадағы құймақты
аударыстырып жатқан болатын, енді соның біреуін пышақтың ұшына
іліп алып, қолын созған күйі селт етпей, селтиіп тұрып қалды.
— Бейкер мырза сенің ағаңның ақшасын айналымға салуды мақұл
санайды.
— Ал егер Бейкер мырза...
— Тоқта, сабыр ет! Мен олай жасағым келмейді. Ақша сенікі, сенің
болашағыңның кепілі.
— Əйтсе де аяулым менің, Бейкер мырзаның айтқаны жөн болар.
— Менің оған күмəнім бар. Менің білетінім, кезінде менің əкем де
солай деп ойлаған болатын. Міне, соның салдарынан мен Маруллоға
жұмыс істеп жүрмін.
— Əйтсе де бар ғой. Бейкер мырза...
— Сен менің ойыма қосыласың ба, сүйіктім.
— Əрине. Əрине.
— Бəр-бəріңе ме?
— Сен тағы да əжуалана бастадың ба?
— Алғауы жоқ, имандай шыным?
— Жарайды, солай-ақ болсын. Бірақ Бейкер мырзаға шүбə келтіру...
Ол.. ол деген...
— Ол — Бейкер мырза. Ол бізге не ұсынар екен, біз тыңдап көрейік,
ал содан соң... Əзірге бүл ақшалар банкте қалай жатқан болса, солай
жата берсін.
Аллен рогаткадан атылғандай асханаға аптығып кіріп келді.
— Марулло, — деді ол. — Марулло мырза келді. Саған келіп тұр.
— Тағы неге келді, — деп Мэри аң-таң қалды.
— Жарайды шақыр, үйге кірсін.
— Мен шақырдым. Ол сенімен аулада сөйлескісі келеді.
— Итен, мұнысы несі? Желбегеймен шықпайсың ғой аулаға. Бүгін —
пасханың алғашқы күні.
— Аллен, мені əлі киінген жоқ деп сен Маруллоға барып айт.
Кейінірек соғар. Ал егер тығыз бір шаруасы болса, менімен оңаша
сөйлескісі келсе, онда мен оны көше жақ есіктен кіргізіп алайын.
Аллен шығып кетті.
— Оны сонша не қыстап барады екен, түсінбеймін. Əлде, мүмкін,
дүкенді тонап кеткен шығар?
Аллен аптығып қайтып келді.
— Көше жақ есікке қарай кетті.
— Əйтеуір, не де болса сенің азанғы асыңның астан-кестенін
шығарып жүрмесе болғаны да. Естідің бе, сүйіктім?
Мен бүкіл үйді өктей өтіп барып, көше жақтағы есікті аштым.
Кіреберісте пасхаға арналған мінəжатқа баруға бар тəуірін киіп
тыраштанған, ал оның ең тəуірі: үстінде жұқа матадан тігілген қара
костюмі мен қалтасынан сағатының сом алтыннан соғылған
шынжырын салбыратып қойған жеңсіз кеудешесі бар Марулло
шертиіп тұр. Қара қалпағы қолында, жүзінде сəл ыржиған жасаң күлкі,
онысы зекігенде жасқанған иттің тісін ырситқанынан əсте аумайды.
— Кіріңіз!
— Жоқ, — деді ол. Тек бір ауыз сөзім бар. Əнебір сүмелек саған
қосымша табыс табуды ұсыныпты деп естідім бе осы?
— Солай ма?
— Мен сені оны қуып шығыпты деп естідім.
— Оны кім сізге жеткізіп жүр?
— Айтпаймын. Болмайды, — ол тағы да жымың етіп күлді.
— Жарайды, сонымен не дейсіз? Əлде сіз мені одан бекер бас
тартқан екенсіз деген емеурін танытқыңыз келе ме?
Ол ілгері ұмсынып, шап беріп менің қолымнан ұстай алды да,
қолпаштап құрмет көрсеткісі келгендей біресе жоғары, біресе төмен
қайта-қайта сілкілей бастады.
— Сен азаматсың, — деді ол ақыры.
— Бəлкім, ол бар болғаны маған аздау ұсынған болар?
— Күлме! Сен азаматсың. Айтарым осы ғана. Жарайсың! — Ол
қампиып тұрған жан қалтасына қолын салып, бір түйіншекті суырып
алды. — Мə, мынаны ал. — Сосын мені иығымнан қағып, қымсыныпқысылғаннан елеңдеп есі шығып, əй-шəйге қарамай жалт бұрылып,
асығыс кетіп отырды. Оның быртиған бір тұтам қысқа аяқтары тыптып етіп жорғалап, қатырма жағасы қысқан шиқандай қып-қызыл жуан
желкесінің оғаш қатпарлары білеуленіп шығып тұрды.
— Иə, не деп жүр?
Мен қолымдағы түйіншекке көңіл аудардым. Боялған қызыл
жұмыртқа тəрізді етіп істелген түрлі-түсті мəмпəси екен. Біздің
дүкенде оның шіренген бір шыны құтысы бар.
— Балаларға əкелген сыйлығы болар, — дедім мен.
— Марулло ма? Сыйлық əкеліп жүр ме? Мүмкін емес.
— Десе де...
— Мұнысы қалай? Бұрын ол ешқашан мұндай істемейтін еді ғой.
—Мені жақсы көргендіктен шығар?
— Бəлкім, мен бəрін білмейтін болармын.
— Қазоты-ау, мына жарық дүниеде біз екеуміз білмейтін сегіз
миллион зат бар. — Асхана есігінің алдында аңырған балалар бізге
үрке қарап қалыпты. Мен оларға қолымдағы қалтаны ұсындым. — Бұл
сендерді жақсы көретін бір адамның жіберген сыйлығы. Тек азанғы
асты ішкенше шыдай тұрыңдар.
Шіркеуге барар алдында біз киініп жатқанда Мэри:
— Əйтсе де бұл арада нендей сыр бар екенін білгім келеді, — деді.
— Сен Маруллоны айтасың ба? Қымбаттым-ау, соны менің де білуге
құштар екенімді сенің алдыңда мойындауға тиіспін.
— Бір қалта арзан мəмпəси...
— Бұл оның қарапайымдығының куəсі болар.
— Ұқпаймын.
— Оның əйелі қайтыс болған. Туған-туысқандары жоқ, қарақан қара
басы. Жас ұлғайып, кəрілік тықсырып келеді. Мүмкін, əлгі, бəлкім,
жалғыздық құрғыр жанын жадатқан да.
— Өмірде ол біздің есігімізді ашқан емес. Жалғыздықтан əзір жаны
елегізіп жүргенде, одан еңбекақыңа қосымша сұра. Бейкер мырзаның
есігін ашпайды ғой. Мен, тіпті бір түрлі қымсынып, қысылып қалдым.
Мен егін даласындай ерекше сəндендім: үстіме парға жыртылған
қара жердей өзімнің азалы қара костюмім мен шағылысқан күн
сəулесінің шалығы жүзінде ойнағандай етіп əбден крахмалданған ақ
көйлегімді киіп, бұршақтай ұсақ дөңгелегі бар көбелек галстугімді
тақтым.
Марджи Янг-Хант бикем неменеге əлек болып жатыр екен? Өзінің
əжесі сияқты сиқырлап жатыр ма? Марулло соның бəрін қайдан білген?
Яки Биттерс мырза — Янг-Хант бикеме, ал Янг-Хант бикем Марулло
мырзаға жеткізген — ең дұрысы, осы болар. Хант бикем, мен сізге
сенбеймін, мен сізден қашан да күдіктенемін. Неге екенін қайдам, оны
өзім де білмеймін, бірақ, əйтеуір Хант бикемді мен əсте ұқпаймын.
Басымда бытысқан осындай қойыртпақпен қаңғалақтап, пасхаға
орай өңіріме қадайтын бір тал ақ гүл іздеп, өзіміздің баққа шықтым. Үй
іргетасының бұрышы мен жаппа қамбаның жатағандау есігінің
аралығындағы шағын алаңда қазандықпен іргелес жатқандықтан жер
қыртысы қысқы күннің қызуы шамалы шуағына да бусанатын біздің
бір алақандай аялы орнымыз болушы еді. Сол жерде бұрын менің атабабамның бейітінің басында қаулап өсіп тұратын, кейін сол зираттан
осында көшіріліп отырғызылған ақ шегіргүл өседі. Мен содан
арыстанның тұмсығы тəрізді құртақандай үш тал гүлді таңдап алып,
өңіріме қададым да, өзімнің сүйіктіме арнап тұп-тура бір уыс (он екі
тал) гүлді үзіп алып, оны солғын жасыл жапырақтармен əшекейлеп,
кəмпиттің күміс қағазымен түбін орап, құндақтап тастадым.
— Қандай ғажап! — деді Мэри. — Тоқта, қазір мен оларды өңіріме
қадап алып, осы күйімде шіркеуге барам.
— Бұл алғашқы, ең алғашқы шыққаны, ақ құсым менің. Мен сенің
адал құлыңмын Христос қазадан қайта тірілді. Алла жаратқан əлемінде
бəрі ғажап!
— Қойшы, аяулым. Бұл қасиетті əжуалайтын бұнда дəнеңе жоқ.
— Сен шашыңа не пəле жасағансың?
— Ұнай ма?
— Ғажап, ғажап! Əрдайым осылай таранып жүр.
— Ал мен саған ұнамайды ғой деп қорқып едім. Марджи сені тіпті
көңіл аудармайды деп еді, жоқ, сен көңіл аудардың ғой. Мен енді оған
көресісін көрсетем! Ол — Эостраның (Ежелгі тевтондықтардың көктем
құдайы) жыл сайын көктемгі сыйлығы. — Гүлді вазаны төбесіне
көтерді. — Ұнай ма?
— Ғажап, ғажап!
Содан соң жас ұрпақты — олардың құлағын, мұрнын, аяқкиімін
қарау басталды. Олардың бұрқанған дүлей қарсылығына қарамай,
ұсақ-түйекке дейін түгі қалмай түгел тексерілді. Аллен шашын
шылқыта майлап, ақыры кірпігін қағуға шамасы келмей қор болды.
Оның кебісінің сірісі жалтырап сүртілмей қалды, бірақ соның есесіне
шөкім кекілін əбден жан аямай ұйпалақтаса керек, онысы енді
маңдайының үстінде бұйра-бұйра болып едірейіп тұр.
Біздің Эллен — қыздар арасындағы қырдың қызыл гүлі. Оның
бойындағы көзге ілінердің бəрі — көңілге қонымды, бəрі орынды. Мен
сəтті жүрісімді жəне бір қайталағым келді.
— Эллен, — дедім мен. — Сен шашынды жаңаша таранған
сияқтысың. Саған əбден жарасып тұр. Мэри, қымбаттым, сен мұны
қолдайсың ба?
— Ол бойын таранып-сылана бастаған сияқты, — деді Мэри.
Үй ішіміз бақ ішіндегі жалғыз аяқ жолмен тізіліп, Шегіршінді
көшесіне қарай бет алды. Шегіршіндіден біз өзіміздің шіркеу,
Кристофер Ренне сол күйі "көрсетпей сұрап алынған" қоңыраулы ақ
мұнарасы бар өзіміздің байырғы шіркеу тұрған Порлок көшесіне
бұрылдық. Біз тасқын сулы өзенге келіп құйдық, енді əйел біткен
бірінің қалпағына бірі сұқтана қарап, əбден рақаттануына қолайлы
жағдай туды.
— Мен пасхада киетін қалпақтың үлгісін ойлап таптым, — дедім. —
Өзі қарапайым ғана, алдыңғы жағына кəдімгі ұсақ лағыл тастан
моншақтар тізілген шытақ тағылған маңдайды жарқыратып ашып
тұратын алтыннан соғылған айшықты сəукеле.
— Итен, — деді Мэри қатқыл үнмен, — зəуқайым естіп қойса ше!
— Иə-ə, бұл үлгі, сірə, қолдау таба қоймайтын болар.
— Сен бар ғой, сұмдық екенсің! — деді Мэри, өзім жайлы өзімнің
ойым да онша жетісіп тұрмаған-ды. Сұмдық деген — бұл əлі
шүкіршілік қой. Қалайда сол сəтте маған: егер Бейкер мырзаның
алдырған шашын айтып мақтасам, ол бұған қалай қарар еді деген
тосын бір ой сап ете қалды?
Біздің отбасымыздың жылғасы басқа жылғаларға ұласты,
ондағылардың бəрімен салтанатты түрде сəлемдесті, содан соң əлгі
жылғалар түгел қосылып, тұтас бір ауқымды ағын болып, Фома
əулиенің епоскопальдық шіркеуіне құйыла бастады.
Менің ұлыма да өмір құпиясының сырын ашар күн (əрине, оның аян
екеніне күмəн жоқ) туғанда əйелдердің тарануы дегеннің не екені
жайлы пайымдаулардың аужайын қайымдап жеткізуді ұмытпасақ
жарағаны. Бұл орайдағы жанға жайлы жылы сөздермен қаруланған
оның жұдырықтай жүгірмек жүрегі не қалағанын қапы жібермей қағып
алары да, əрине, даусыз. Əйтсе де "сақтықта — қорлық жоқ",
ескерткеннің де артықтығы болмас. Олардың итеруге, төмпештеуге,
аунатуға, жұлқылауға қалағаныңның бəрін істеуге көнеді, тек əйтеуір,
сəндеп тараған сиқын бұзбаса болғаны. Бұл дəрісті игерген соң ол қара
тұрмақ, ханға сəлем бермейді.
Бейкерлер біздің алдымызда ғана баспалдақпен жоғары шығып
келеді екен, біз олармен сыпайы ғана сəлемдестік.
— Шайға келіңіздер, күтеміз.
— Жарайды, əлбетте, Мейрам мерейлі болсын!
— Мынау шынымен Аллен бе? Жігіт болып қалыпты! Мэри-Эллен
де. Танымастай өсіп кетіпті.
Бала күніңнен барып жүрген шіркеуден сенің жүрегіңе жылы,
жаныңа аяулы қашанда бірдеңе табылары хақ. Мен Фома əулие
шіркеуінің киелі бұрыш-қуысын түгел білем, оның қасиетті иісқоңысына дейін бəрі маған аян Мына кеспекте шомылдырып, мені
шоқындырған, анау шарбақтың жанында алғаш рет тəңірге тізе бүгіп,
мінəжат еткенмін, енді мына орындықта қанша жылдан бері Хоулилер
отырып келе жатқанын бір құдайдың өзі білсін, ал бұның бөрі ойдан
шығарылған көпірме сөз, кенеусіз бейне емес. Менің бойыма бала
жастан діндарлықты терең сіңірсе керек. Өйткені менің өзім жасаған
арамдығымның бəрі əлі есімде жəне олар анау айтқан аз да емес. Қажет
десе, бəлкім, мен өз есімімнің алғашқы əрпі шегемен сызып жазылған
жердің бірін қалдырмай түгел тауып көрсетіп берген де болар едім. Біз
Дэнни Тейлор екеуміз иманшарттың бетіне құрастырылғанда, айтуға
аузың бармайтын масқара əдепсіз сөз шығатын əріптерді түйреуіштің
ұшымен шабақтап жазып жатқан үстімізден түсіп, Уилер мырза ұстап
алғанда, əрине, ол үшін мықтап тұрып сазайымызды тартқызған
болатын, бірақ соның есесіне басқа еш жерде сондай əдепсіз сөздер жоқ
екеніне көз жеткізу үшін оған барлық иманшарттар мен əнұрандарды
парақтап қарап шығуына тура келген еді.
Бірде кітап текшесінің тақ жанындағы мына отырғышта жан
түршігерліктей оқиға болды. Сол жылы мен шіркеуде дін
қызметшісінің ізіне ілесіп, крест көтеріп жүріп, шырылдаған дауыспен
шырқап əн салатын қолбала едім. Содан бір күні басы піскен пияздай,
бірақ онда менің көзіме əулиенің киелі ақ сəулесіндей болып көрінген
бір ақ жарқын қарт епископ біздің шіркеуде құдайға құлшылық ету
жорасын өткізді. Міне, сонда мен əн аяқталған бойда қолыма көтерген
кресті апарып өз орнына қондырдым, бірақ қуаныштан көңілім
шалқып, есім шығып, еліріп жүргенде ұяның құрсауын бекітуді
ұмытып кетіппін. Сұмдық болғанда, екінші өсиет аяқталған сəтте
жезден соғылған əлгі ауыр крест шайқалып кетті де, діндар қарттың
қасиетті тақыр шекесіне сарт ете қалды. Бауыздалған сиырдай
епископ сол тұрған жеріңде мұрттай ұшты, ал мен болсам, əкесінің аты
Хилл өзгелер өзін Сасық деп атайтын, əнді менен əлдеқайда даусыз
нашар айтатын балаға өз қызметімді өткізуге амалсыз көндім. Ол енді
антрополог батыстағы штаттардың бірінде істейді. Осы бір тосын
оқиға — ізгілік пе, əлде зұлымдық па, бəрібір, əйтеуір, жалаң ниет
етудің əсте жеткіліксіз екеніне көзімді жеткізіп, көңілімді сендірді. Бəрі
сəтіне, əлде сəтсіздігіне, тағдырға, басқаша қалай деп атасақ та, мейлі,
тек соған тəуелді, соған бағынышты болса керек.
Біз мінəжатты ақырына дейін тыңдадық, мінəжат соңында бізге
Христос шынымен өлген жерінен қайта тірілді деп жариялады. Осы
сөздерді естігенде ылғи да менің тұла бойым тітіркеніп, түршігіп
кетеді. Мен дұға оқып, қасиетті дəм татып жатқан жерге ақ адал
көңіліммен бардым. Аллен мен Мэри-Эллен шіркеу аясына əлі
қабылданбаған-ды, мінəжаттың ақырына таман олар қипақтап жанжағына алақтап қарай бастады да, содан ала көзбен алая бір қарап,
олардың аптыққан алаң көңілін басуға тура келді. Мэридің қатулы
қабағы түнергенде, оның оқты көзі жастықтың жасаң менмендік
сауытын жарып өтуді шыбын құрлы көрмес еді. Сосын біз күншуаққа
шықтық, мұнда тағы да қол алысу, сəлемдесу, тағы да мерекемен
құттықтау, қол алысу, сəлемдесу қайта басталды. Шіркеуге кіреберісте
жолығып тілдескендермен біз қайта шүйіле шүйіркелесіп, құлшына
құттықтастық, ал бұл да сол баяғы əдеп-ғұрыптың сенің көзге ілініп,
құрметке ие болуыңды іштей аңсаған үнсіз үмітіңді əйгілейтін кəдімгі
айтулы əдептіліктің айғағындай əсте де ада болмас əдет-ғұрыптың
жалғасы еді.
— Қайырлы таң, қалай, аман-сау жүріп жатырсыздар ма?
— Шүкір, рахмет сізге, Қалай, анаңыз бақуат па?
— Қартайып келеді ғой. Амал қанша, жас ұлғайған сайын ауру да
əуес бола береді екен. Сіз сұрап жатыр деп айтып барармын.
Былай қарағанда, бұл сөздерде тұрған дəнеңе жоқ, олар тек көңілдің
көздеушісі ғана. Біздің іс-əрекетімізді танытатын не — ой-пiкір ме?
Əлде олар сезімнің салдары да, ал ой-пікір тек соларды оқта-текте
жүзеге асыруға көмектесуші ғана ма? Күн шұғыласы құйылып тұрған
көшедегі біздің шағын шеруімізді жаға жолдың жарық тұсын баспауға
тырысқан Бейкер мырза бастап келе жатты; бұл жағынан қарағанда
бұдан жиырма жыл бұрын дүние салған оның анасына қасиетті
қабірінде алаңсыз жата беруіне болатын еді. Ал қатарында оның
кібіртіктеген кикілжіңді аяқ алысына оңтайын тауып, орайласуға
ұмтылған жекше жорғалаған майда жүрісті Анемия — өзі шүйкедей
ғана көзге қораш, əйтсе де ақырдан жем шоқып, қолға үйренген
күйкентайдай теспе көз Бейкер бəйбіше келе жатты.
Менің ұлым Аллен апасының қасында қатар жүріп келе жатты, екеуі
де бірін-бірі білмейтін бейтаныс жандай көрінуге тырысады. Менің
байқауымша, қызым оны жек көреді, ал ұлым болса, оны ; атарға оғы
жоқ. Олардың арасы өмір бойы осылай қалуы да мүмкін, алайда олар
сезімдерін көлгірсіген кенеусіз сөзбен көлегейлеуді өлі-ақ үйренетін
шығар. Қарындасым қарағым, жаным менің, жарым менің: бер оларға
азанғы ішер тамағын — бүтін күйде піскен жұмыртқасын, қиярын,
шірне мен жаңғақ қосып жемделген сэндвичін, кеспек иісі бұрқыраған
қызыл алмасын əрқайсысының қолына ұстат та, жібер оларды жөніне,
мына кең дүниеде өссін-өнсін, өркендесін, көбейсін.
Мэри солай істеді де. Оралған үлесін алып, олардың əрқайсысы
өзгеден оңаша өз құпия өлкесіне оқшауланды.
— Мінəжат саған ұнады ма, жаным?
— Иə, ұнағанда қандай! Мен шіркеуде болғанды ұнатам. Ал сен..
шынымды айтсам, — дінге сенесің бе, əлде сенбейсің бе, көбіне
күдіктене берем. Рас айтам! Сенің кейде қалжыңың бар осы...
— Орындығыңды жақындатшы, — меңлі туған меңлі айым!
— Түстік асты ысытуым керек.
— Сенің түскі асың түленге жем болсын!
— Міне, сенің қалжыңың ылғи да осылай келеді. Менің айтып
отырғаным да осы ғой.
— Түскі ас кепиеті соғатын киелі емес. Сыртта күн сəл жылылау
болса, мен сені қайыққа отырғызып алып, сосын екеуміз сонау толқын
тосқыштың ар жағына асып кетіп балық аулаған болар едік.
— Бүгін бізді Бейкерлер қонаққа шақырды. Айтпақшы, Итен, сен осы
дінге сенесің бе, жоқ əлде сенбейсің бе? Соны сен өзің анық білесің бе?
Сосын сен осы маған неге қайдағы-жайдағы сұмпайы аттарда тауып
қоясың? Ең болмаса анда-санда өз есімімді атасаң қайтеді?
— Тағы да қайталап айтып, құлағыңның құртын жегім келмейді.
Бірақ менің жан жүрегімде сенің есімің қоңыраудай күмбірлеп түр. Мен
діндармын ба? Бүл не деген сауал? Никей нышанындағы əрбір
айшықты сөзге жармасқым келген жəне де оны кəдімгі кешігіп
жарылатын минадай асты-үстін аударып-төңкеріп қараған кездерім,
сірə да, болды ма? Жоқ. Маған мұның түкке қажеті жоқ. Бірақ қайран
қаларлық бір жəйт бар, Мэри! Егер менің жаным мен тəнім дінсіздіктен
қауыздағы бұршақтай қурап қалса, онда: "Жаратушы жаппар ием мен
ештеңеден таршылық, тапшылық көрмеймін. Ол мені құнарлы
топырақтан жаратып өсірген" деген сөзді естігенде менің асқазаным
аяз шалғандай мүздап, жүрегім аласұрып асаудай тулап, басымда
лапылдап жалын лаулауы күмəнсіз.
— Түсінсем бұйырмасын.
— Ақылдым. Мен де түкке түсініп жатқаным жоқ. Жарайды, ендеше,
былай делік: адамның сүйегі шеміршектей майысқақ əрі иіп, сомдауға
келетін сəби шағында мені кішкентай крест тəрізді епископтың
жəшігіне салып жатқызып қойыпты, менің денем, міне, соның ішінде
қалыптасқан. Жұмыртқаның қауызынан шыққан балапандай менің сол
жəшіктен крестке ұқсап жарып шыққаныма енді таңдануға бола ма?
Сен байқайсың ба, балапанның денесі де біршама жұмыртқаға ұқсайды
ғой.
— Сен тіпті балаларға да қай-қайдағы сұмдықты айтасың.
— Маған — олар да... Эллен кеше кешкісін ғана менен: "Көке, қашан
біз байимыз?" деп сұрады. Бірақ мен оған: "Көп ұзамай біз байитын
боламыз, ал сен тапшылыққа төзімің жетпейтіні сияқты, байлықты да
көтере алмайсың" деп білгенімді айта алмадым. Бұл — ақиқат. Жарлы
кезде қызғаныш оның жанын жейді. Байыған кезде ол, көріп тұр əлі,
танауын аспанға көтереді. Ақша мұндай дертті айықтырмайды, тек
оның білінер белгісін, сипатын ғана өзгертеді.
— Сенің өзіңнің туған балаларың жөнінде осылай ойлайсың ғой! Ал
сонда мен туралы не айтасың?
— Айтарым — сен менің қуанышымсың, менің аяулымсың,
тұмандай бұлыңғыр өмірімнің жылтыраған отысың.
— Сен, сірə, мас болған шығарсың! Шынымен ішіп алған адамға
ұқсайсың!
— Дəл солай.
— Оның өтірік. Əйтпесе мен сезген болар едім ғой.
— Сен əлі-ақ сезесің, қымбаттым!
— Осы саған не болған өзі?
— Əһə, демек, сезіледі екен ғой! Иə, бірдеңе болуда. Өзгеріс, өзгеріс
болғанда қандай, менің жан дүниемнің бəрі, қарғыс атқыр, қаһарына
мінгендей бұрқанып тұр. Саған дүлей дауылдың ошағынан шетшалғайдағы жуасыған толқындар дүрмегі жетіп жатыр.
— Итен, мен сенен қорқайын дедім. Имандай шынымды айтам. Сен
танымастай тағы боп кеткен сияқтысың.
— Менің қанша мəрте марапатқа не болғаным есіңде ме?
— Медальдарың ба? Соғыстан əкелген?
— Оларды тағылық үшін, жабайылық үшін берген. Адам өмірін
қиюды қаламайтын мендей жан бұл жалғаннан əсте табылмайды. Ал
майданда мені қайтадан жəшікке зорлап тықты. Уақыт берілген əрбір
қас қағым сəт адам деп аталатын тірі жанды өлтіруді талап етті жəне
мен сол талапты орындадым.
— Онда соғыс жағдайы еді жəне отан үшін солай істеу қажет болды.
— Уақыт қашан да, əйтеуір ерекше болады. Оның құзырына
берілсең, үлесіңнен айрыласың. Мен батыл айлакер, жаужүрек, нағыз
айтулы солдат болдым. Қысқасы, соғыс уақытының қиын-қыстау
жағдайына мейлінше бейімделген болсам керек. Бəлкім, менің қазіргі,
бүгінгі күнге де содан кем түспейтін икемділік пен ептілік танытуым
да əбден ықтимал ғой.
— Сен өзі бірдеңе айтуға мені алдын ала əзірлеп жатқанға ұқсайсың
ғой?
— Иə! Өкінішті болса да амал жоқ. — Аузымнан шыққан сөзімдегі
кешірім сұраған назалы үнді менің өз құлағым да шалады. Ал мұның
жəдігөй жалбаң екеніне, əсте күмəнім жоқ.
— Барып тамақты əзірлейін.
— Мынадай аста-төк азанғы астан кейін тағы да тамақ жайлы
ойлаудың өзі күнə.
— Жарайды, онда осы арадағылардан бірдеңе қарбыт. Бейкер
бəйбішенің басындағы қалпағы қандай екенін сен байқайсың ба?
Шамасы, Нью-Йорктен əкелінген болар.
— Ал шашына не пəлекет жасап алған өзі?
— Сен де байқап қалдың ба? Шашы мүлде көкпеңбек болып кетіпті.
— Түлетіп тілін қайтадан Израильдей халықтың. Асырып даңқын
аспанға сəулесіндей жарықтық.
— Жылдың осындай кезеңінде Марджидің неғып Монтокке барып
қайтқысы келе қалды екен?
— Ол азанғы ауаны тəуір көреді ғой.
— Жоқ. Ол ерте тұрып дағдыланбаған жан. Бүл жөнінен мен оны
ылғи келемеждеп жүрем. Марулло неғып балаларға жұмыртқа сияқты
мəмпəси əкеп берді екен, мұнысы, қалай десе де, көңілге оғаш көрінеді
де тұрады.
— Сен бұл екі оқиғаны бір-біріне байланысты деп ойлайсың ба?
Марджи таңсəріден төсектен тұрады, ал Марулло балаларға мəмпəси
əкеп береді.
— Сайқымазағыңды қоя тұршы.
— Менің қалжыңым емес. Бұл сапар сайқымазақтан аулақпын. Егер
мен саған құпия түрде бірдеңе айтсам, сен оны тісіңнен шығармауға
уəде бересің бе?
— Тағы да қалабай-қалжың.
— Жоқ.
— Онда уəде берем.
— Меніңше, Марулло Италияға кеткелі жүрген болар деймін.
— Сен оны қайдан білесің? Саған өзі айтты ма?
— Жоқ. Олай емес. Мен кейбір деректерді салыстырам. Салыстырам.
— Ендеше, дүкенде сен бір өзің қалатын боласың ғой? Онда саған
жəрдемшілікке біреуді алуың керек шығар.
— Өзім-ақ үлгеремін.
— Сен онсыз да бəрін өзің істеп жүрсің. Көмекші алуға тура келер.
— Есінде болсын, бұл əлі піспеген мəселе, мұның бəрін əзірге құпия
сақтаған жөн.
— Мен уəдемді бұзбаймын.
— Бірақ ишарат жасайсың ғой.
— Жасамаймын, Итен, оллаһи, шын сөзім.
— Сен өзіңнің кім екеніңді білесің бе? Шекесіне гүл қыстырған
құртақандай көжексің.
— Ендеше, асханаға өзің ие бол Мен барып таранып-сыланып, киініп
алайын.
Ол кеткен соң мен креслоға жарбиып жайғаса беріп едім, құлағыма:
"Жаратқан ием, өзіңнің құлыңды бетінен жарылқасын, азат еткейсің"
деген тосын бір жұмбақ үн естілгендей болды. Міне, сол-ақ заматында,
оллаһи, ұйықтап кеттім. Тура отырған жерімде, қонақ бөлмеде қия
жардан түпсіз түнек шыңырауға құлдырап құлап түстім. Мұндай
жағдай менің басымда сирек ұшырайды. Сол сəтте мен Дэнни Тейлор
жайлы ойлағандықтан, менің түсіме Дэнни Тейлор кірді. Біз ол екеуміз
кіші де емес, үлкен де емес, бірақ есейген ересек болсақ керек, біз
солардың ескі үйлерінің іргетасы мен ескі қамбаның апаны əлі үңірейіп
жатқан суалған көлдің тақтайдай тегіс табанымен жүріп келеді
екенбіз. Шамасы, жаз болар, жаздың жаңа басталған шағулы шағы
болар, өйткені ағаштардың жасыл жапырақтары əлі нəрінен
айрылмаған, ал шөп біткеннің бəрі өз салмағын көтере алмай иіліп
қалыпты. Мұндай күнде сен өзің де денеңе тосын қоң біткендей,
көңілің желігіп, масайрағандай сезінесің. Дэнни бағанадай биік те
сымбатты арша ағашының арасына кіріп кетті. Оның даусы бір түрлі
су астынан шыққандай күмбірлеп, жаңғырығын естілді. Сосын мен
ғайыптан оның қасында тұрғанымды көрдім, ал ол болса, кенет
бұлдырап мұздай ери бастады да, ақыры мүлдем жоқ болып кетті.
Астаудан асып төгілген сұйық цементтей қос қолыммен уыстап алып,
оны төбеге үйкелей бастадым, бірақ ештеңе өндіре алмадым. Дэннидің
нағыз мəн-мəтіні менің саусақтарымның арасынан сусып ағып кетті.
Біздің көрген түсіміз қас қағымда өте шығады деседі. Ал маған көрінген
мына түс, ұшы-қиыры жоқ ұзыннан-ұзақ үздіксіз көріне берді. Мен
Дэннидің қасында көбірек күйбеңдеген сайын, ол да тез-тез ери берді.
Мэри оятқан кезде мен діңкем құрып қалжырағандықтан алқынып,
əзер дем алып отырдым.
— Көктемнің "...жіңішкенің үзілер" ашөзек шағы ғой, — деді ол. —
Бұл соның алғашқы белгісі. Балауса қыздар бой жетер шақта, сонау бір
жылдары мен де бас алмай ұйықтайтын болған соң, ақыры шешем
Грейди докторды шақырып əкелді. Ол қарап, ұйқы дерті болар деп
болжаған, сөйтсе, мен көктемде шұғыл өсе бастаппын.
— Тапа-тал түсте мен сұмдық түс көргенім бар. Мұндай түсті досым
түгіл, дұшпаныма да тілемес едім.
— Мұның бəріне мереке қарсаңындағы əбігерлік кінəлі. Тұршы!
Барып жуын, таран. Аяулым, сенің қажып жүргенің түріңнен-ақ көрініп
тұр. Бір жерің ауырмай ма? Шамалыдан кейін шығамыз ғой. Сен екі
сағат ұйықтадың. Сірə, ағзаң талап еткен болар. Бейкер мырза не
ойлады екен, білер ме еді!
— Əлі-ақ білесің, жаным. Бір сөзін қалт жібермей мұқият
тыңдаймын деп маған уəде бер.
— Ал егер ол сенімен оңаша сөйлескісі келсе ше? Кəсіпкер адамдарға
əйелдердің қатысуы кесірін тигізеді ғой.
— Түк те жоқ, төзсін, əңгімеге мен сенің қатысуыңды қалаймын.
— Мұндай істен менің тəжірибем жоқ екенін өзің де білесің ғой.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Алаң Көңіл Ақпаны - 10
  • Parts
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 01
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2293
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 02
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2241
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 03
    Total number of words is 4072
    Total number of unique words is 2172
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 04
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2424
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 05
    Total number of words is 4119
    Total number of unique words is 2311
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 06
    Total number of words is 4007
    Total number of unique words is 2225
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.7 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 07
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 2286
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 08
    Total number of words is 4057
    Total number of unique words is 2309
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 09
    Total number of words is 4081
    Total number of unique words is 2266
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 10
    Total number of words is 4016
    Total number of unique words is 2207
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 11
    Total number of words is 4150
    Total number of unique words is 2203
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 12
    Total number of words is 4105
    Total number of unique words is 2308
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 13
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2262
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 14
    Total number of words is 4017
    Total number of unique words is 2434
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 15
    Total number of words is 3985
    Total number of unique words is 2473
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 16
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2362
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.3 of words are in the 5000 most common words
    52.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 17
    Total number of words is 4044
    Total number of unique words is 2332
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 18
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2366
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 19
    Total number of words is 4056
    Total number of unique words is 2301
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 20
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2350
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 21
    Total number of words is 4064
    Total number of unique words is 2417
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 22
    Total number of words is 4060
    Total number of unique words is 2315
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 23
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2191
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 24
    Total number of words is 4021
    Total number of unique words is 2343
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Алаң Көңіл Ақпаны - 25
    Total number of words is 657
    Total number of unique words is 503
    40.1 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.